Аға оқытушысы Шулгаубаева Г. С. және аға оқытушысы Савченко Н. К



жүктеу 0.9 Mb.

бет2/6
Дата22.04.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тақырып 2. Желілік ОЖ құрылымы 

Дәріс жоспары: 

1.

 

Желілік ОЖ құрылымы  



2.

 

Локалді ОЖ 



3.

 

Северлік бөлім 



4.

 

Клиенттік бөлім 



5.

 

Коммуникациялық құрылғылар 



Желілік ОЖ құрылымы  

Желілік  ОЖ  түсінігінің  астарында  ортақ  ереже – протоколдар  арқылы 

ақпарат  алмасу  мен  ресурстар  бөлісу  мақсатымен  байланысқан  жеке 

компьютерлердің ОЖ-лерінің жиынтығы жатыр. Қысқаша айтқанда, желілік 

ОЖ – желіде жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеке компьютерге 

арналған операциондық жүйе.  

 

 

16



 

Рис. 1.1. Желілік ОЖ құрылымы 

 

Жеке  машинаға  арналған  желілік  ОЖ  ішінде  бірнеше  бөлімдерді  атап 



өтуге болады (1.1 сурет):  

 



Компьютердің  локалдық  ресурстарын  басқару  құрылғылары: 

процесстер 

арасында 

оперативтік 

жалты 

тарату, 


процесстерді 

диспетчеризациялау  мен  жоспарлау,  мультипроцессорлы  машиналардағы 

процесстерді басқару т.б. функциялар.  

 



Өз  ресурстары  мен  қызметтерін  ортақ  пайдалануға  ұсыну 

құралдары – ОЖ  серверлік  бөлімі  (сервер).  Бұл  құралдар  файлдар  мен 

жазбалардың  ортақ  пайдалануына  қажетті  блокировкасын.;  желілік  ресурс 

атауларының  анықтамаларын  енгізуін;  өз  мәліметтер  базасы  мен  файлдық 

жүйесіне    жойылған  қол  жеткізуінің  сұранымдарын;  жойылған 

қолданушылардың сұраным кезектерін басқаруын қамтамасыз етеді. 

 

Жойылған  ресурстар  мен  қызметтерге  қол  жеткізу  сұранымының 



құрылымдары – клиенттік  (редиректор).  Бұл  бөлім  жойылған  ресурстарға 

қосымшалар  мен  қолданушылар  тарапынан  тану  мен  қайта  бағдарлау 

қызметін атқарады, және де сұраным локалды түрде келіп, желіге сервердің 

талаптарына  сай  өзге  түрде  жеткізіледі.  Сонымен  қатар,  клиенттік  бөлім 

серверлерден  жауап  түсуін  және  оның  локалды  форматқа  айналуына  ат 

салысады,  сондықтан,  қосалқы  бағдарламаға  локалды  және  жойылған 

сұранымдар бірдей дәрежеде.  

 



ОЖ коммуникациялық құрылымдары, бұлар арқылы желіде ақпарат 

алмасу  жүреді.  Бұл  бөлім  ақпараттың  алмасуы  мен  адресациясын,  желі 

бойынша  мәлімет  тасу  маршрутын  таңдау,  жеткізу  сенімділігін  т.б. 

қамтамасыз етеді. Нақты бір компьютерге арналған функцияға  байланысты  

оның ОЖ-де не клиенттік, не серверлік бөлімі ғана болуы мүмкін.  

 

Ұсынылатын әдебиет1,2,3,4,5,6,7,8,13 



 

 

 



17

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары  

1.Желілік ОЖ құрылымы  

2.Локалді ОЖ 

3.Северлік бөлім 

4.Клиенттік бөлім 

5.Коммуникациялық құрылғылар 

 

Тақырып 3. Біррангілік желілік және айқындалған серверлі операциондық 

жүйелер  

Дәріс жоспары 

1.

 



жұмысшы тобы мен өндіріс масштабы ОЖ-сі 

2.

 



Біррангілі желідегі ОЖ 

3.

 



Корпорациялық ОЖ 

4.

 



Жұмысшы тобы мен өндіріс масштабы және корпорациялық ОЖ 

 

Желідегі  компьютерлер  арасында  функциялардың  тартылуына 



байланысты  желілік  ОЖ  екі  классқа  бөлінеді:  біррангілік  және  екірангілік. 

Соңғысын айқындалған серверлі желілер деп те атайды. 

Егер  компьютер  желінің  басқа  қолданушыларына  өз  ресурстарын 

ұсынса, ол сервер ролін атқарады. Ал басқа машина ресурстарын қолданатын  

компьютер  клиент  болып  табылады.  Желіде  жұмыс  істейтін  компьютер 

клиенттің, не сервердің қызметін атқарады, немесе осы екеуінің де қызметін 

атқаруы мүмкін.  

Егер  серверлік  функциялардың  қайсыбірін  орындау  комьютердің 

негізгі  бағыты  болып  табылса,  мұндай  компьютер  айқындалған  сервер    деп 

аталады.Сервердің  қандай  ресурсы  бөлінетін  болатынына  байланысты  ол 

файл-сервер,  факс-сервер,  принт-сервер,  қосымшалар  сервері  деп  аталады. 

Айқындалған серверлерде оның функцияларын орындай алатын арнайы ОЖ-

ді  орнату  дұрыс.  Сондықтан  айқындалған  серверлері  бар  желілерде 

құрамына  серверлік  бөліктерінің  мүмкіндіктерімен  ажыратылатын  ОЖ-дің 

бірнеше нұсқалары кіретін операциялық жүйелер жиі қолданылады. Мысалы, 

Novell NetWare желілік  ОЖ-нде  файл-сервер  ретінде  жұмыс  істеуге 

бейімделген  серверлік  нұсқа  бар.  Айқындалаған  сервері  бар  желі  құруға 

бағытталған  ОЖ-нің  басқа  мысалына Windows NT операциялық  жүйесін 

келтіруге  болады.  Берілген  желілік  ОЖ-нің  екі  нұсқасы  да – Windows NT 

Server (айқындалған  сервер  үшін)  және Windows NT Workstation (жұмыс 

станциясы  үшін)  клиенттің  де,  сервердің  де  міндеттерін  орындай  алады. 

Бірақ  Windows NT  серверлік  нұсқасы  желінің  басқа  қолданушыларына  өз 

комьютерінің  ресурстарын  ұсынуға  көбірек  мүмкіндігі  бар,  себебі 

функциялардың үлкен жиынын орындай алады, клиенттермен бір уақыттағы 

қосылулардың үлкен мөлшеріне ие, желіні орталықтан басқарады, қорғаныс 

құралдарының  жетілдірілген  түрлерімен  жабдықталған.Айқындалған  сервер 

оның  негізгі  бағытымен  байланысы  жоқ  тапсырмаларды  орындау  үшін 

қолданылмайды,  өйткені  бұл  жағдай  оның  сервер  ретіндегі  жұмыс 

өнімділігінің  азаюына  әкеліп  соқтырады.  Осыған  орай Novell NetWare ОЖ-

 

18



нде  серверлік  бөлікте  қарапайым  қасалқы  бағдарламаларды  орындау  мүлде 

көзделмеген,  яғни  серверде  клиенттік  бөлік,  ал  жұмыс  станцияларында 

серверлік  компоненттер  жоқ.  Алайда  басқа  ОЖ-де  айқындалған  сервердің 

клиенттік  бөлігінде  қызмет  атқаруға  мүмкіндік  бар.  Мысалы, Windows NT 

Server  басқаруымен  қолданушының  қарапайым  бағдарламалары  жұмыс 

істеуі  мүмкін.  Ал  Windows NT Workstation ОЖ-сі  орнатылған  жұмыс 

станциялары айқындалмаған сервер қызметін атқара алады.   

Айқындалған  сервері  бар  желіде  барлық  компьютерлер  жалпы 

жағдайда  сервердің  де,  клиенттің  де  ролін  бір  уақытта  орындай  алуына 

қарамастан,  бұл  желі  функцианалды  симметриясыз:  онда  компьютердің  екі 

түрі болады –бірі, серверлік функцияларды орындауға арналған, және арнайы 

серверлік  ОЖ-нің  басқаруымен  жұмыс  істейтін,  ал  екіншісі  –негізінен 

клиенттік  функцияларды  орындайтын  және  ОЖ-нің  осы  бағытқа  сәйкес 

нұсқасының  басқаруымен  жұмыс  істейтін  компьютерлер.  Функционалды 

симметриясыздық 

аппаратураның 

симметриясыздығын 

туғызады 

айқындалған  серверлер  үшін  үлкен  сыйымдылықты  жедел  және  сыртқы 



жадылары бар қуатты компьютерлер қолданылады. Айқындалған сервері бар 

желінің  функциялық  симметриясыздығы  операциялық  жүйенің  және 

аппараттық симметриясыздығын туғызады.  

Біррангты    желілерде  барлық  компьютерлер  бір-бірінің  ресурстарын 

пайдалану  құқығымен  тең  дәрежеде.  Әр  қолданушы  өз  компьютерінің 

қандайда-бір ресурсын бөлінетін деп  жариялай алады, содан кейін  басқалар 

оны  қолдана  алады.  Мұндай  желінің  барлық  компьютерлерінде  бір  ОЖ 

орнатылады,  бұл  желідегі  копмьютерлердің  бәріне  тең  мүмкіндіктер  береді. 

Біррангты  желілер,  мысалы, LANtastic, Personal Ware, Windows for 

Workgroup, Windows NT Workstation ОЖ-нің базасында құрылулары мүмкін. 

Біррангты желілерде функционалды симметриясыздық пайда болуы мүмкін: 

кейбір  қолданушылар  өз  ресурстарын  басқалармен  бөліскісі  келмейді,  бұл 

жағдайда  олардың  компьютерлері  клиент  ролін  атқарады,  ал  басқа 

компьютерлерге 

администратор 

ресурстарды 

бірігіп 

пайдалануды 

ұйымдастыру  функцияларын  орнатқан,  яғни,  олар  серверлер  болып 

табылады,  үшінші  жағдайда,  қолданушы  өз  ресурстарын  басқалардың 

қолдануына  қарсы  болмаса  және  өзі  де  басқалардың  ресурстарын 

пайдаланғысы  келсе,  оның  компьютерінде  орнатылатын  ОЖ  серверлік  те, 

клиенттік те бөліктерді қамтуы керек.  

Біррангты  желілер  ұйымдастыру  мен  қолдануда  жеңіл,  бірақ  олар 

негізінен  сақталатын  информация  көлеміне,  оның  қорғалғандығына, 

пайдалану жылдамдығына көп талап етпейтін қолданушылардың үлкен емес 

жиындарын біріктіруде қолданылады. Бұл көрсеткіштерге деген талаптардың  

қатты  болуына  байланысты  екірангілі  желі  сәйкес  келеді,  мұнда    сервер 

қолданушыларды  өз  ресурстарымен  қамтамасыз  етуді  жақсы  орындайды, 

себебі  оның  аппаратурасы  мен  желілік  операциялық  жүйесі  бұл  мақсатқа 

арнайы құрастырылған.  

 

19



Жұмыс  жиындарына  арналған  ОЖ,  кәсіпорын  масштабы  желілеріне 

арналған ОЖ және корпоративті ОЖ. 

Желілік  операциондық  жүйелер  олардың  жұмыскерлік  топ,  кампус 

немесе  кәсіподақ  масштабындағы  желіге  арналғанына  қарай  әр  түрлі 

қасиеттерге ие.  

 



Бөлім  желілері – Ортақ  тапсырманы  орындайтын  қызметкерлердің 

кішігірім  тобы  қолданады.  Желінің  басты  мақсаты – қосымшалар, 

мәліметтер, лазерлік принтерлер мен модемдер сияқты локалды ресурстарды 

бөлу. Бөлім желілері әдетте жеке желілерге бөлінбейді. 

 

 Кампус  желілері – жеке  ғимарат  ішіндегі  немесе  бір  кәсіпорын 



шекарасындағы  бірнеше  бөлім  желілерін  біріктіреді.  Бұл  желілер,  бірнеше 

шаршы  шақырым  территорияны  қамтығанмен,  локалды  желілер  болып 

табылады.  Бұндай  делі  сервистері  бөлімдер  желілері  арасындағы 

байланысты, 

берілген 

кәсіпорын 

базаларына, 

факс-серверлерге, 

жоғарыжылдамдықты модемдер мен принтерлерге өтуді қамтамасыз етеді.  

 



Кәсіпорын  желілері  –  бөлек  кәсіпорын  территориясындағы  барлық 

компьютерлерді  біріктіреді.  Олар  қала,  облыс,  тіпті  континентті  де  қамти 

алады.  Бұл  өзге  қызметкерлік  топтағы,  бөлімдегі,  корпорация  штаб-

пәтерлеріндегі мәліметтермен байланыс орнатуға мүмкіндік туғызады.  

    Бөлім масштабындағы желіде қолданылатын операциондық жүйенің басты 

мақсаты – локалды  қорларды  бөлу  болып  табылады.  Әдетте  бөлім  желілері 

бір немесе екі файлдық серверден және 30 пайдаланушыдан  тұрады. Бөлім 

деңгейіндегі  тапсырмалар  жеңіл  болады.  Администратор  міндеттеріне  жаңа 

пайдаланушылар іздеу, жаңа түйіндерді инсталляциялау және бағдарламалық 

қамтаманың  жаңа  түрлерін  орнату  кіреді.  Бұл  желі  әдетте  бір  не  екі  ОЖ-ні 

пайдаланады.  Көп  жағдайда  бұл    айқындалған  серверлі  NetWare 3.x не 

Windows NT, Windows for Workgroups сияқты біррангілі жүйе.  

Бірнеше  бөлімдердің  локалды  желілердің  бір  ғимараттың  немесе 

ғимараттар топтарының ортақ желісіне біріктіру – эволюциядағы жаңа қадам 

саналады.  Оларды  кампустық  желілер  деп  атайды.  Кампустық  желілер 

бірнеше  шақырымға  таралады,  және  бұған  глобалды  біріктірулер  міндетті 

емес.Бұл желідегі ОЖ бөлім қызметкерлеріне басқа бөлімдегі кейбір файлдар 

мен қорларға қол жеткізуге мүмкіндік тудыру қажет.  Кампустық желілердің 

ОЖ-ге ұсынатын қызметтері файлдар менпринтерлерді бөлумен шектелмейді 

де,  факс-серверлерді  және  жоғарыжылдамдықты  модемдерді  пайдалануды 

қамтамасыз етеді.   Бұл желі ұсынатын маңызды сервистің бірі – мәліметтер 

базасында  ма,  әлде  микрокомпьютерлерде  екендігіне  байланыссыз, 

корпоративті мәліметтер базасына кіру болып табылады. Кампустық желілер 

деңгейінде  интергация  мәселесі  пайда  болады.  Жалпы  алғанда,  бөлімдер 

өздеріне  компьютер,  желілік  жабдықтар  мен  операциондық  жүйелердің 

түрлерін  әлдеқашан  таңдап  алған.  Кампустық  желілер  әртүрлі  текті 

компьютерлерді байланыстырса, бөлім желілері тек біртекті компьютерлерді 

пайдаланады. 

 Корпоративті  желі  айтарлықтай  ара-қашықтықтағы  кәсіпорындар 

желілерін 

байланыстырады. 

Ол 


локалды 

желілер 


немесе 

жеке 


 

20


компьютерлерді  байланыстыру  үшін (WAN links) глобалды  байланысын 

пайдаланады.  Корпоративті  желілер  пайдаланушыларына  кампустық    және 

бөлім 

желілеріндегідей 



қызметтермен 

қоса, 


мейнфреймдер, 

миникомпьютерлер  және  глобалды  байланыстармен  байланыс  сияқты  

қосымша  қызметтер  ұсынылады.  Файлдар  мен  принтерлерді  бөлумен 

байланысты  базалық  сервистермен  қоса,  корпорацияларға  арналған  желілік 

ОЖ 

пошта 


қызметі, 

коллективті 

жұмыс 

құралдары, 



жойылған 

қолданушыларды  қолдау,  факс-сервис,  дыбыстық  ақпаратты  өңдеу, 

видеоконференцияны  ұйымдастыру  сияқты  қызметкерліктер  тізімін  қолдау 

қажет. Корпоративті ОЖ белгілері:  



Қосымшаларды  қолдау.  Корпоративті  желілерде  үлкен  есептеу  қуаты 

қажет  күрделі    тапсырмалар  орындалады.  Мұндай  қосымшалар  бірнеше 

бөліктерге  бөлінеді,  мысалы,  бір  компьютерде  мәліметтер  базасына 

сауалнама әзірлейтін бір бөлігі, ал екіншіде файлдық сервиске сауалнаманың 

екінші  бөлігі  орындалса,  клиенттік  машиналарда  қосымша  мәліметтерді 

өңдеуді  жүзеге  асыратын  және  интерфейсті  ұйымдастыратын  басқа  бөлігі 

орындалады.  Бағдарламалық  жүйелер  корпорацияларына  ортақ  есептеу 

бөлігінің  көлемі  клиенттер  үшін  аса  үлкен  болуы  мүмкін,  сондықтан  егер 

оны  арнайы  жабдықталған  қуатты  компьютер – қосымшалар  серверіне 

жүктесе,  күрделі  есептеулерді  шешу  нәтижелі  болады.  Қосымшалар  сервері 

ОЖ-сі  есептеудің  жоғары  өнімділігін  қамтамасыз  етуі  тиіс,  олай  болса 

көпорамды  өңдеуді,  көптапсырмалылықты  мультипроцесстенуді,  виртуалды 

жадты және UNIX, Windows, MS-DOS, OS/2 бағдарламаларын қолдау керек. 

Бұл  жағдайда  желілік NetWare ОЖ-ін  корпоративті  өнімге  жатқызу  қиын, 

себебі    оның  талаптары  қосымшалар  серверіне  қойылатын  талаптарға  сай 

емес.  Дегенмен, Windows NT-дегі  универсалды  қосымшалардың  күшті 

қолдаулары    бұл  жүйеге  корпоративті  өнімдер  әлемінде  беделді  орынға  ие 

болуға әсер етеді.  



Анықтамалық 

қызмет. 

Корпоративтік 

ОЖ 

бір 


орталықтан 

басқарылатындай  түрде  барлық  пайдаланушылар  мен  қорлар  жайында 

барлық  ақпаратты  сақтай  білу  керек.  Корпоративтік  желі  өзі  жайлы  толық 

ақпаратты 

орталықтан 

сақтандыруға 

мұқтаж. (пайдаланушылар 

мәліметтерінен,  серверлерден,  қызметкерлерден  бастап,  кабельді  жүйеге 

дейін).  Бұл  ақпаратты  мәліметтер  базасы  ретінде  ұйымдастырған  ыңғайлы. 

Осы  база  мәліметтері  бірталай  желілік  жүйелік  қосымшаларға,  бірінші 

кезекте басқару жүйесіне  қажетті болуы мүмкін. Сонымен қоса, мұндай база 

электронды пошта, коллективті жұмыс жүйесі, қауіпсіздік қызметін,  желінің 

бағдарламалық 

және 


аппараттық 

қамтамасын 

түгелдеу 

қызметін 

ұйымдастыру үшін пайдалы. 

Идеал  түрдегі  желілік  анықтамалық  ақпарат    операциялық  жүйелерде 

көп  кездесетіндей,  ақпарат  сақтауға  арналған  мәліметтер  базасы  жиыны 

емес,  ортақ  мәліметтер  базасы  түрінде  болуы  тиіс.  Мысалы,  Windows NT 

ішінде  анықтамалық  мәліметтер  базасының  кем  дегенде  бес  түрі  бар. 

Доменнің (NT Domain Directory Service) басты  анықтама  құралы 

пайдаланушылар  жайлы  ақпаратты  сақтайды,  бұл  олардың  желіге  кіруінде 

 

21



қолданылады. Осы пайдаланушылар туралы ақпарат Microsoft Mail поштасы 

қолданатын    басқа  анықтамалық  құралында  да  сақталуы  мүмкін.  Төменгі 

деңгейдегі  адрестерді  қолданатын  танымал  үш  мәліметтер  базасы: WINS – 

Netbios-есімдердің  IP-адрестармен 

сәйкестігін 

орнатады, DNS 

анықтамалығы – домен  есімдерінің  сервері - NT-желісінің  Internet-ке 

қосылуна 

пайдалы, DHCP протоколының 

анықтамалығы 

желі 

компьютерлеріне IP-адрестерін 



автоматты 

түрде 


тағайындалуында 

қолданылады. Banyan (продукт Streettalk III) және  Novell (NetWare Directory 

Services)  фирмалары  ұсынған  анықтамалық  қызметкерліктер  идеалға 

неғұрлым  жақын,  олар  барлық  желілік  қосымшаларға  ортақ  анықтамалық 

құрал  шығарады.  Желілік  ОЖ  үшін  ортақ  анықтамалық  құралдың  болуы – 

оның корпоративтілігінің басты белгісі болып табылады.  



Қауіпсіздік.  Мәліметтер  қаіпсіздігі  корпорациялық  ОЖ  үшін  аса 

маңызды болып табылады. Бір жағынан, ірі масштабты желіде мәліметтердің 

деорталықтануы, пайдаланушылардың көптігі кесірінен желіге заңсыз түрде 

қосылу  мүмкіндіктері  көп.  Екінші  жағынан,  корпоративтік  бизнес-

қосымшалар  толық  корпорацияның  сәтті  жұмыс  істеуіне  ықпал  ететін 

мәліметтермен  жұмыс  жасайды.  Корпоративті  жүйелердегі  мұндай 

мәліметтерді  қорғау  үшін  әртүрлі  аппаратты  құрылғылармен  қоса, 

операциондық  жүйе  ұсынған  төмендегідей  қорғау  құралдары  қолданылады: 

сайлау  немесе  шендік  құқықтар,  пайдаланушылар  аутентификациясының 

күрделі процедуралары, бағдарламалық шифрлеу.  

 

Ұсынылатын әдебиет1,2,3,4,5,6,7,8,13 



 

СӨЖ-ға  арналған бақылау тапсырмалары  

1.

 

Кәсіпорын масштабтарының, қызметкерлік топтардың ОЖ-сі  



2.

 

Біррангілі желідегі ОЖ 



3.

 

Корпоративті ОЖ 



 

Тақырып 4. Процесстер және орамдар 

Дәріс жоспары 

1.

 

Процесстерді басқару 



2.

 

Процесстерді жоспарлау алгоритмі 



3.  Процесстерді жоспарлау процедуралары 

Процесстерді басқару 

Процесстерді  басқару  жүйесі  есептеу  машинасының  функциялануына 

тікелей  ықпал  ететін  Ож-нің  ең  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Процесс 

(басқаша  айтқанда,  тапсырма) – орындалып  жатқан  бағдарламаны 

суреттейтін  абстракция.  Ал  ОЖ  үшін  процесс  жұмыс  бірлігі,  желілік 

ресурстарды пайдалану тапсырысы ретінде танылады. Процесстерді басқару 

олардың  орындалуын  жоспарлайды,  демек,  процессті  уақытты  бір  мезгілде 

орындалу үстіндегі процесстер арасына таратады, олардың пайда болуы мен 

жойылумен  айналысады,  желілік  қорлармен  қамтамасыз  етеді,  процесстер 

арасындағы қарым-қатынасты сақтайды.  

 

22


Көптапсырмалы жүйедегі процесстің басты үш күйі:  

Орындалу – қозғалмалы  күйі,  осы  күйдегі  процесс  барлық  қажетті 

қорларға ие болып, процессор арқылы орындалады;  



Күту – Процесстің  баяу  күйі,  осы  кезде  процесс  өз  себептерімен 

орындала  алмайды,  белгілі  бір  оқиғаның,  мысалы,  енгізу-шығару 

операциясының  аяқталуын,  басқа  процессордан  ақпарат  алуын,  қажетті 

қордан босатылуын күтеді;  



Дайын  болу - Процесстің  баяу  күйі,  сыртқы  жағдайға  байланысты 

орындалу  мүмкіндігін  жоғалтады:  өзіне  қажетті  барлық  қорлармен 

қамтамасыз  етіогенімен,  жұмысқа  дайын  болғанымен,  процессордың  басқа 

процессті орындап жату себебінен жұмыс тоқтай тұруға мәжбүр.  

Орындалу  күйінде  бірпроцессорлы  жүйеде  тек  бір  ғана  процесс  өте 

алады,ал күту мен дайын болу күйлерінің әр-қайсысында – бірнеше процеес 

жүреді.  Өмірлік  цикл  дайын  болу  күйінен  басталып,  активация  кезінде 

процесс орындалу күйіне көшеді.  

 

Рис. 1. Көптапсырмалы күйдегі процесстің схемасы 



 

Процесстің  болу  ұзақтығында  оның  орындалуы  бірнеше  рет  үзіліп, 

жалғастырылуы мүмкін. Процесстің орындалуын жаңарту үшін оның ОЖ-нің 

күйін  бұрынғы  қалпына  келтіру  керек.  Ол  регистр  мен  бағдарламалық 

есепші, 

процессор 

жұмысының 

режимінен, 

ашық 

файлдарға 



нұсқаушылардан,  аяқталмаған  енгізу-шығару  операциялары  туралы 

ақпараттан т.б. көрініс табады. Бұл ақпарат процесстің құрамы деп аталады. 

 ОЖ-ге процесстерді жоспарлау үшін қосымша ақпарат қажет: процесс 

идентификаторы,  процесс  күйі,  процесстің  артықшылық  деңгейі  жайлы, 

кодтық сегменттің орналасуы туралы. Мұндай ақпарат процесс дискрипторы 

деп аталады.  

Процесс  дескрипторы    контекстпен  салыстырғанда  шапшаң  ақпарат 

сақтайды, бұл ақпарат процессті жоспарлауда тиімді. Процесс контексті тек 

үзілген процессті жаңғырту жағдайында ғана қолданылады.  

Процесс  кезегі  өз  тарапынан  жеке  процесстердің  тізімге  біріктірілген 

дискрипторы  болып  табылады.  Осылайша,  әр  дискриптор  құрамына 

көршілес  тұрған  басқа  дискрипторға  кем  дегенде  бір  бағдарлаушы  кіреді. 

Бағдарламалық  код  тек  Ож  оған  процесс  жасаннан  кейін  ғана  орындалады. 

Процесс тудыру – бұл :  

1.

 

берілген процессті суреттейтін ақпараттық құрылым (дескриптор 



мен контекст) құрастыру;  

 

23



2.

 

дайын процесстер кезегіне жаңа процесс дескрипторын қосу;  



3.

 

кодты сегментті оперативті жадқа немесе свопинг аймағына тиеу.  



Процесстерді жоспарлау алгоритмдері 

Процесстерді  жоспарлау  келесі  тапсырмаларды  орындау  болып 

табылады:  

1.

 



орындалып жатқан процесс үшін ауысу уақытын анықтау;  

2.

 



дайын процесстер арасынан орындалуға процесс таңдау;  

3.

 



«жаңа» және «ескі» процесстердің контексттерін ауыстыру.  

Бірінші  екі  тапсырма  бағдарламалық  құралдармен,  ал  екіншісі  белгілі 

деңгейде аппарат көмегімен шешіледі.  

Неғұрлым  көп  кездесетін  алгоритмдердің  екі  тобын  қарастырайық: 



кванттауға негізделген және приоритеттерге негізделген алгоритмдер.   

Кванттауға 

негізделген 

алгоритмдерге 

қарай, 

әр 


процесске 

орындалуына уақыт кванты беріледі, ал процесс ауысуы өтеді, егер:    

 

Процесс аяқталып, жүйеден шықса,  



 

Қателік туды,  



 

Процесс Күту күйіне өтіп кетті,  



 

Процессорлық уақыттың кванты бітті.  



Өз  квантын  бітірген  процесс  Дайындық  күйіне  өтіп,  процессорлық 

уақыттың жаңа кванты берілгенін күтеді, ал белгілі ережеге сай орындалуға 

кезектегі  дайын  процесс  таңдалынады.  Осылайша,  бірде-бір  процесс 

процессорды  көп  уақыт  бөгемейді,  осы  себептен  кванттау  уақыт  бөлу 

жүйелерінде  кеңінен  қолданылады.2  суретте  кванттауға  негізделген 

жоспарлау  алгоритмі  берілген.  Процесстерге  бөлінетін  кванттар  барлық 

процесстер үшін бірдей не әр түрлі болады. Бір процесске арналған кванттар 

белгіленген  көлемде  болып,  сонымен  қатар,  процесстің  ұзақтығында  өзгере 

де алады. Өз квантын толығымен жұмсай алмаған процесстер келесі кезекте 

жеңілдік  ретінде  компенсация  алуы  немесе  алмауы  да  мүмкін.  Дайын 

процесстер  кезегі  әрқилы  ұйымдаса  алады:  циклді  түрде, "бірінші  келгенге 

қызмет бірінші көрсетіледі "  (FIFO) немесе "соңғы келгенге қызмет бірінші 

көрсетіледі " (LIFO) заңымен.  

Алгоритмдердің келесі тобы процесс "приоритеті" түсінігін қолданады. 



Приоритет – бұл  есептеу  машинасының  қорларын  пайдаланғандағы 

процесстің ерекше артықшылық дәрежесін анықтайтын сан. Приоритет бүтін 

не  бөлшек,  оң  не  теріс  сандарымен  анықтала  береді.  Артықшылығы 

неғұрлым көп болса, процесс кезекте соғұрлым аз уақыт тұрады. Приоритет 

жұмыс 

маңыздылығына, 



төленген 

ақысына 


байланысты 

жүйе 


администраторы  арқылы,  немесе  белгілі  заңдылық  бойынша  ОЖ  арқылы 

тағайындалып, процесстің бар өмірі боына белгілі бір қалыпта болып, немесе 

өзгермелі  де  болады.  Өзгермелі  жағдайда  приоритеттер  динамикалық  деп 

аталады.  

Приоритетті  алгоритмдердің  екі  түрі  ажыратылады:  салыстырмалы 

приоритетті  қолданатын  және  абсолютті  приоритетті  қолданатын 

алгоритмдер.  

Екі  жағдайда  да  дайын  тұрған  процесстер  кезегінен  процессті  таңдау 

 

24


бірдей  жүреді:  ең  жоғары  приоритет  иесі  таңдалынады.  Орындалу  үстіндегі 

процесстің  ауысу  моменті  мәселесі  әртүрлі  шешіледі.  Салыстырмалы 

приоритетті  жүйелерде  процесс  Күту  күйіне  өтіп,  процессордан  өз  бетімен 

шыққанша  дейін  орындалады.  Абсолютті  приоритетті  жүйелердегі  активті 

процесстердің  орындалуы  тағы  бір  шарттан  тоқтау  мүмкін:  егер  дайын 

процесстер  қатарында  тағы  бір  приоритеті  активті  процесстікінен  жоғары 

процесс  пайда  болса.  Мұндай  жағдайда  тоқтап  калған  процесс  дайын  түрге 

көшеді.  На рисунке 2. показаны графы состояний процесса для алгоритмов с 

относительными (а) и абсолютными (б) приоритетами.  

 

Рис. 2.. Графы состояний процессов в системах  



(а) салыстырмалы приоритет; (б) абсолютті приоритет 

Көптеген  операциялық  жүйелерде  жоспарлау  алгоритмі  №№№№№№ 

построены  с  использованием  как  квантования,  так  и  приоритетов.  Мысалы 

жоспарлаудың негізінде кванттау тұр, бірақ кванттың үлкендігі не процессті 

дайын 

қатарлардан 



таңдау 

тәсілі 


процесстердің 

приоритетімен 

тағайындалады.  

Процесстерді  жоспарлау  процедураларының  екі  түрі  бар – 

 

ығыстыратын (preemptive) және ығыстырмайтын (non-preemptive).  



Non-preemptive multitasking – ығыстырмайтын  многозадачность  – 

процессті  жоспарлаудың  бұл  түрүнде  активті  процесс,  өзі  басқаруды 

операциялық  жүйенің,  басқа,  процесстерді  орындауға  дайын  процесстердің 

қатарынан таңдағанға бермегенше, өзі орындай береді.  



Preemptive multitasking - ығыстыратын  многозадачность  –  бұл  түрде 

процессордың  бір  тапсырмадан  келесі  тапсырмаға  көшуін  активті  процесс 

емес тікелей операциялық жүйе шешеді.  

Ығыстыратын  және  ығыстырмайтын  многозадачность – бұл  тек  қана 

приоритеттің  түрлері  емес.  Тапысрма  приоритеті  ығыстыру  да  ығыстырмау 

да жоспарлау тәсілдерінде не орындалу не орындалмауы мүмкін.  

 

25


Preemptive  және non-preemptive тәсілдерінің  негізгі  айырмашылығы 

тапсырмаларды  жоспарлау  механизмінің  орталықтандыруы.  Ығыстыратын 

многозадачности тапсырмаларды жоспарлау механизмі тікелей операциалық 

жүйеге  бағынышты,  құрушы  өзі  программаны  ештңені  ойламай  құрастыра 

береді. Бұл уақытта операциалық жүйе мынадай іс-әрекет атқарады: активті 

жұмыстың  жұмыс  бабынан  алынып  тасталған  уақытын  табады,  контектін 

есте  сақтайды,  дайын  тапсырмалар  қатарынан  келессісін  таңдап,  оны  іске 

қосады.  

Ығыстырмайтын  многозадачности  жоспарлау  механизмі  жүйе  мен 

қосымша 


программалар 

арасында 

бөлінеді. 

Қосымша 


программа 

операциалық  жүйеден  бұйрық  алады,  өзі  жұмыс  уақытының  аяқталуын 

анықтап, басқаруды ОЖ-ға береді, ал ОЖ тапсырмалар қатарын құрастырып, 

сол  қатардан  белгілі  бір  агоритммға  тиісті  сәйкес  тапсырманы  таңдайды. 

Мұндай механизм құрастырушыларға да, қоданушыларға да тиімсіз.  

Сондықтан  да  ОЖ  қызметтерін  ескере  отырып, non-preemptive 

операционды 

ортасына 

арналған 

қосымшаларды 

ойластыруда 

өз 


есептеулеріне  шамалы  бөліктерге  бөліп  орындайтын  қосымшаларды 

қалыптастыруымыз  қажет.  Программист  өз  бағдарламасынның  өзге  де 

қолданыстағы  бағдарламаларға  қарасты  "достастық"  қарым-қатынасын 

ескеріп, көп жағдайда оларға басқару тұтқасын ұсынуы қажет. Қосымшаның 

қарсы  ниетті  қарым-қатынасының  көрінісі – жүйенің  жалпы  құлдырауына 

алып  келетін  кідісі,  тежелуі  болып  табылады.  Шегеруші  көп  міндеттілікті 

жүйелерде мұндай жағдайлар кездеспейді, себебі ОЖ орталық жоспарлаушы 

механизмі  кідірістегі  есепті  орындалу  тізбегінен  дер  кезінде  шектеп 

тастайды.  

Шегеруші емес көп міндеттіліктің ең нәтижелі дерлік мысалы ретінде 

NetWare  сервер-жүйесін  қарастыруымызға  болады,  Мұнда    Шегеруші  емес 

көп  міндеттіліктің  салдарынан  файлдік  операциялардың  орындалуының 

жоғары деңгейіне қол жеткізілген.  

Дегенмен (UNIX, Windows NT, OS/2, VAX/VMS) қосымшалардың 

орындалуының  жоғары  өнімділігіне  бағдарланған  барлық  жаңа  заман 

перационды  жүйелерінде  шектеуші  көп  міндеттілік  орындалған.  Соңғы 

уақытта OS/2 Warp и Windows 95,98 іспеттес  үстелдік  жүйелер  қатарының 

ОЖ да кезек жетті. 

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі 1,2,3,4,5,6,7,8,13 



 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары  

1.

 

Үрдістерді басқару 



2.

 

Үрдістерді жоспарлау алгоритмдері 



3.

 

Үрдістерді жоспарлаудың іс-шаралары 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал