Аға оқытушысы АҚселеу сейдімбектің "ТӘтті тіршілік" ӘҢгімесі




Дата11.03.2017
өлшемі32 Kb.

Серікбол СЫЗДЫҚОВ 

Абай атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық университетінің 

қазақ әдебиеті кафедрасының 

аға оқытушысы 

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ "ТӘТТІ 

ТІРШІЛІК" ӘҢГІМЕСІ 

Ақселеу Сейдімбектің "Тәтті тіршілік" әңгімесінің 

тақырыбының өзі оқырманға көп ой салады. Тіршілік. Ол 

несімен "тәтті" екен? Шығарма атауында философиялық 

астар бар.  Қазақта "Жаны мұрнының  ұшына келді" деген 

таным бар, "Жанын  қу шүберекке түйіп" деген де тіркес 

бар. Барлық жан иесі оны сақтауға тырысады. Шығарманың 

негізгі сюжетінде осы тіршілік ұғымының мәні ерекше оқиға 

негізінде ашылған және ол ұлтгық таныммен астасып жатыр. 

Ұлттық, мінез, әдебиеттегі характер дегенде бұндай көркемдік 

ерекшеліктер жазушы Ақселеу Сейдімбектің әңгімесінің тұтас 

көркемдік негізін  құрайды. Әңгіменің эпиологтық қызметін 

атқарып тұрған басталу оқиғасына назар аударайық: "Жаз 

жайлауымыз Шажағай, Шолақеспе өзендерінің  қос қаптал 

ұзына бойы болғанда, қыс қыстауымыз Қаратөбе деп аталатын 

еңселі жалғыз биіктің алқымы болатын.  Қаратөбе десе 

дегендей, алты ай қыста төңірегі қарабауырланып, ащылы-

тұщылы отының түбі көрініп жатушы еді... Онысы - бұл 

өңірдегі иығы шығыңқы тау болған соң бұлт тартып, желтең 

боп тұратындығынан. Ө-өй, әсіресе,  қар бекіп, күн суытып, 

малдың оты қиыңдаған кезде желі оңынан тұрып алып, екілене 

бір еседі дейсің:  қар былай тұрсын, тастың өзін бұршақтай 

боратып есіңді шығарады. Мұндайда шаруа баққан әкелеріміз: 

"Жарықтық, соқсын, бұл дегенің алтын күрек қой... Малдың 

тебінге тұяғы бойламай түлкі  құрсақ боп жүдеп  қалып еді, 


жақсы-ақ болды!" деп сүйсінген шырай танытатын. Сол 

"алтын күрек" жел биыл да қыс қаһарына мініп, қар бекіген 

кезде соғып еді. Апта бойы тынбастан қардың көбесін сөгіп-

ақ кетті.  Қаратөбенің ирек жасап, кесіліп жатқан  қалың 

қыртыс баурайы қарайып қалды. Тіптен, қар бекімей тұрғанда 

тоқ малдың бір-бір шалып өткен жайылымынан бұйра тарлау, 

май қара жусан, жібек көде сияқты өсімдіктер  қайта бас 

көтеріп, желмен желкілдеп өзіне шақырғандай еді" (1. 13,14). 

Жазушы - әр жанрдың табиғатын терең меңгерген суреткер. 

Мәселен, әңгіме сияқты шағын жанрда табиғатты кең 

суреттеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан жазушы "алтын 

күректен" кейін ашылған  қысқы жайылымдағы тіршілікті 

бірден баяндап кетеді: "Жайылым кеңейсе малшы пейілінің 

де кеңейетін  қашанғы әдеті. Сол күні өзгеше бір  қунақ 

көңілмен қарауымдағы отарды қара бауыр қыраттарға қаптата 

жайып жүр едім. Біраздан бері тынбай соққан жел де тынып, 

аспан жалтырай ашылып, ақпанның шытқыл аязы бой 

сергіткендей. Неше күндей орта құрсақ боп  қалған қойлар 

да жалаңаш жонға кенеше  қадалып, аузына іліккенін обып 

жатыр. Мұндайда  қойшы көңілі көкте,  қыстың онсыз да 

қысқа күнінің қалай өткенін білмей қаласың. Тек мынандай 

қалтарысы көп адырлы өңірде ойда жоқта ит-құстың мазалап 

кететіні бар. Соны ескеріп үйден тар  ұңғылы кішкене 

мылтығымды ала шыққанмын. Бұл бір тырс етіп  қана 

атылғанымен, оғы алысқа  ұшатын шымыр  қару. Бірақ 

шалғайдағы малшыда мұндай мылтықтың оғы тапшы. Менің 

де құрғақ жүрсін деп ішкі қалтама салған бес-алты-ақ оғым 

бар еді" (1.14). Тіршілік қамы осы шағын баяндауда мейлінше 

ұлттық колоритпен,  қ аны қ бояумен көрініс тапқан. 

Малшының мылтығын алып шығуы негізгі сюжетке 

интонациялық бағыт беріп тұр. Суреткердің өмірді жалған 

боямасыз, көркемдікпен шынайы бейнелеуі,  ұлттық өмір 



салтын нақты бере білу шеберлігі - даралық стилдің белгісі. 

Осындай шеберлік ұлттық характердің табиғатын ашуға жол 

ашады. Ол туралы ғалым Николай Александрович Гуляев 

былай дейді: "Главным фактором, определяющим 

н а ц и о н а л ь н о е своеобразие литературы, является 

национальный характер, рассматриваемый не изолированно, 

а в единстве со всеми формирующими его обстоятельствами, 

т.е. как органическая часть национальной жизни. Националь-

ный характер — категория общенациональная" (2.90). Ұлттық 

характер дегенде бір мәселеге ерекше назар аударған абзал, 

яғни,  ұлттық дегеніңіз жалпыхалықтық, бүкіладамзаттық 

деген түсініктерге апарады. Ол шектеулі таным емес. Ұлттық 

бет-бейнесі жоқ шығарма формалистік, схоластикалық үрдіске 

апарып соқтырады. 

Жазушы оқиғаны  қалай өрбітеді, енді соған назар 

аударайық: "Күн көзі иыққа шығып, сәске түс өлеті боп 

қалған. Ат үстінде тұр едім, отарымның тау жақ  қанаты 

жалт беріп ығысты да, әлде неге үрпие көз тігісіп  қалды. 

Қасқыр болса секем алған малдың қайрылып қарауына мұрша 

бермес еді.  Қой шетінің ығысып  қана тоқтап қалғаны мені 

де онша састыра қойған жоқ. Дегенмен, ит-құстың да айла-

шарғысы мол: отардың бір шетінен бой көрсетіп қана жасқап, 

екінші шетінен басып  қалатын әдеті болатын. Сақтықта 

қорлық жоқ, атымның ауыздығын салып, төңірекке көз 

жүгіртсем, жаңағы тау жақтағы жазаң бетте шоқиып бір түлкі 

отыр. Тапжылар емес, тап бір мына қаужаңдап жатқан қалың 

малды, оның шетінде оқшырайып тұрған мені  қызық 

көргендей. Өзінің де бауыр-пұшпағы көмірдей қара екен, әй 

бір сырқынды  қу боларсың деген ой келді.  Құла дүзде 

сарылып кеп жүретін  қойшыға ермек керек, мен де мына 

түлкіге немкетті қарай алмадым. Оның үстіне колхозымыздың 

қасқыр, түлкі,  қарсақ сияқты аң терісіне салық салып 



қыңқылдайтыны болатын. Сонсоң да жансыздап, астымдағы 

атты өкшемен ғана нұқи тебініп, түлкіге  қарай елеусіз 

жақындай түстім. Ондағы ойым: бәрібір мына тау-таста қуып 

бергеніммен  қойшының жаман тұғырына шалдырмай кетеді, 

онан да ұрымтал жерге келсе мылтықпен тырс еткізейін деген 

ниет еді. Асығатын не бар, астымдағы атты жүре жайылтып, 

гізгін тартпай-ақ, тақыммен  қағып түлкіге  қарай икемдей 

бердім. Дәл қазір менде артық-ауыс қимыл да жоқ" (1. 15). 

Суреткер мал бағып жүрген жастың өмірін соншалықты 

шынайы бейнелеген. Оның әккілігі түлкінің айласынан бір 

кем емес. 

Жазушы түлкі мен малшының арасындағы арпалысты, 

ұзақ әрі нақты суреттейді. Біріне бірі алдырмай, айласын 

асыруға ұмтылған харакеттері толымды суреттелген. Шығарма 

сюжеті ширығып келіп шарықтау шегіне жетеді. Екі арадағы 

арпалысты ширата суреттеп келіп шығарған көркемдік шешім 

де ерекше. Бұл оқыс сурет аңшылықтан хабары мол, халықтың 

өмір салтын ішінен білетінінің көрінісі. Осы далада мал бағып, 

аншылық жасаған адамды таң қалдыру оңай емес. Жазушының 

адресатқа ұсынып отырған ерекше шешімі қандай екен, енді 

соған көңіл бөлейік: "Айтқандай-ақ, әрі-бері тақым қаққан 

соң түлкі мен екі ара  қысқара түсті. Мұндайда түлкінің 

ашпысын  қуыра айқайға салып жіберсе, тыпырлап, жүгіре 

алмай қалатын әдеті болатын. Сол еске түсіп айқайға басып-

басып қалдым. Даусымның шығуы мұң екен, түлкі жанталаса 

тыпырлап, болмашы бөгелгендей болды да, іле ат бауырынан 

суырыла сытылып  ұзай берді. Тап бір менің айқайым 

тарыққан жанына демеу болғандай, айтқанша оқ бойы озып 

кетті... О-о, тоба! Түлкі оқ тиген аяғын көлденең тістеп 

алыпты! Енді созыла жүгіріп еркін көсіліп барады. Менің ат 

тізгінін тежемеске лажым қалмады. Әнеки, тәтті тіршілікке 

қараңыз" (1.17). Жазушы түлкінің әрекеті арқылы осы 



дүниедегі тіршіліктің қаншалықты асыл екенін көрсете білген. 

Малшының түлкіні одан әрі қумай тоқтап  қалуында үлкен 

философиялық астар жатыр. Қазақта "тіршілік иесі" деген 

ұғым бар. Бәлкім, сол барша тіршіліктің иесі оны тоқтатқан 

болар. Жазушы осы шағын әңгімесінде өмір-тіршілік циклінің 

мәңгілігіне бой  ұрған. Бұл - көшпелілер философиясының 

көркем сөз өнеріндегі көрінісі. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. А.Сейдімбеков. Тауға біткен жалбыз. А., "Жалын", 1979. 

2. Н.А.Гуляев. Теория литературы. М., "Высшая школа", 



1985. 

Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2010. - № 10. - 126-130 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал