Аға, биыл «Қызыл кенші» газетінің 80 жыл дығы ғой. Соны атап өтсек деп едік



жүктеу 19.93 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі19.93 Kb.

- Аға, биыл «Қызыл кенші» газетінің 80 жыл-

дығы ғой. Соны атап өтсек... - деп едік. 

Жезді қалашығының әкімі Серік Сайлаубе-

кұлы Әбжановтің осы бір жағымды хабары мені 

ұ

мытыла бастаған, бейнелеп айтқанда, парағы 



сарғыш тарта бастаған тарих қойнауына жете-

легендей болады. 

«Қызыл кеншінің» ізбасары «Еңбек жолы» 

газеті редакциясының табалдырығын атта-

ғаныма осы жылдың 21  қарашасында аттай 

50 жыл - жарты ғасыр болған екен. Бұл менің 

еңбек кітапшама жазылған ресми дата. 

Қ

азақ Совет энцикпопедиясының 7-томын-



дағы деректерге сүйенсек, «Қызыл кенші» 

1931 жылдың 7 қарашасынан шыға бастаған. 

Оның тұңғыш редакторы  қазақтың кеңестік 

әдебиетінің классигі - ақын Әбілдә Тәжібаев. 

Газеттің сол кездегі тарихын Әбілдә ағамыз 

өзінің «Есімдегілер» естелігінде, осы өңірдің 

қ

ызыл қаламгері атанған Әбілхасен Әмірәлин, 



өлкетанушы Сүтемген Бүкіров, Қарсақбай та-

рихы жөнінде қажымай қалам тербеп жүрген 

қ

адірменді ағамыз - Өмірбек Мұқанов өз шы-



ғармаларында біршама айтты. 

Мен атағалы отырған редакторлар тізімінің 

толық еместігін мойындай отырып, орайы кел-

генде Қарсақбай, Жезқазған, Жезді аудандық 

газеттері редакторларының есімдерін еске 

ала кетейін Олар - Әбілдә Тәжібаев, Айтбай 

Хангелдин, Әбділхасен Әміралин, Махамбет 

Түсіпбеков,  Қапар Ахметов, Байдәулет Жап-

паров, Әбдуәли Нысанбаев, Тоқан Әбуғәли-

ев, Бұқпа Әшімов, Ишанбек Жауыртаев, Сейт-

баттал Кенебаев, Бақыт Сейтжанов, Жанболат 

Мұқанов. 

Жоғарыда есімдері аталған редакторлар-

дың өзіммен  қызметтес болғандарының  қай-

қ

айсысы болса да менің қаламгерлік қадамы-



мның сәтті болуына ерекше ықпал етті. Ал, 

редакцияның ішкі жұмыстары - газетті безен-

діру, шығарма жанрларын меңгеру ісінде ма-

ған ұлағатты ұстаз болған кісі - Сапабек Мыр-

затов. Әсіресе, оның газет макетін жасаудағы, 

сатираның өткір жанры - фельетон жазудағы 

шеберлігі маған өмірлік сабақ болды. Мен 

ол кісіден алған тәлім-тәжірибемді шама-шар-

қ

ым жеткенше Советбек Бөлегенов, Жүрсін Ер-



манов, Батырбек Мырзабеков, Асанәлі Тәліпов, 

Мағзұмбек Машайықов, Сұлтан Әлиев, Болат 

Дәулетяров, Бәтнияз Қалиев сияқты ізбасарла-

рыма үйреттім. 

Ұ

лытау журналистерінің  ұстаханасы -



«Қызыл кенші» және оның жалғасы болған газет 

редакцияларынан бүгін де  қазақ журналис-

тикасының кесемсөзшілері (публицистері) 

Нұрмахан Оразбеков, Жүрсін Ерманов, Батыр-

бек Мырзабеков, Шамхан Рахметов сияқты 

ақын-жазушылар шыққанын мақтанышпен ай-

туға болады. Осы тұста кезінде «Еңбек жолы», 

«Еңбек туы», «Октябрь туы», «Жезді өңірі» 

газеттерінің қара жүгін қажымай-талмай көтер-

ген қаламдастар еңбегін де ерекше атап өткен 

жөн сияқты. Айтқазы Нұрбеков, Хамит Балша-

беков, Маман Ементаев, Әбсаттар Жәнібеков, 

Мәлік Алтыруов, Әлібек Әбдірәшев сынды 

қ

аламгерлер  қажетті жерінде көрер таңды 



көзімен атырып, өздеріне жүктелген жауап-

кершілік үдесінен шыға білді. Олардың  қа-

ламынан туған шығармалардың шырқы бұ-

зылмай, шынайы  қалпында жарық көруі үшін 

баспагерлер Бейсенкүл, Хафиза, Шәйза, Тыныш-

тық, Рая, Зейнехан, Секерхан сияқты әріп 

терушілер, бет жасаушылар қажырлы еңбек етті. 

Әр жылдары баспахана басшылары болған 

Келесбек Сансызбаев, Хасен Дүйсенбеков және 

Серік Байсаринов аудандық газеттің әрі көркем, 

кейде тіпті сан-алуан түсті болып шығуына өз 

үлестерін  қосты. Газет басшылары Елемес 

Оспанов, Абдолла Өмекешев есімдерін де 

орайы келгенде атап өткен орынды болар. 

«Газет - халық айнасы» десек, сол «айна-

дан» аудан өмірінің жарқырап көрінуіне жергі-

лікті тілшілер қосқан үлес үлкен. Тұрсын Мау-

дарбеков, Нұркамал Ақдәулетов, Ибадат 

Қ

ылышбеков, Апбаз Қаражігітов, Тәшен Есім-



сейтов, Сапарғали Кентаев, Әбікен Машахаев, 

Әнуарбек Досжанов сияқты жергілікті  қа-

ламгерлер өздері еңбек етіп отырған ортадан, 

ел ішінен жылдам хабарлар жеткізіп тұрды. Қа-

пелімде есімдері еске түспей  қалғандарынан 

кешірім сұрай отырып, олардың бәріне де араға 

біраз уақыт салып, тағы да бір алғысымызды 

айтамыз. 

Осы естелікті жазу үстінде ойға келіп отыр, 

бұл өзі кейін, кеңінен толғайтын тақырып екен. 

Ғұмыр жетсе, оның да сәті түсер. Әзірге айта-

рым - осы ғана. 



Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ, 

Қ

азақстан Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты. 

Сарыарқа. - 2011. - 23 желтоқсан (№51). - 3 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал