АҢдатпа 8-бет 7-бет (Соңы 11-бетте)



жүктеу 1.17 Mb.

бет1/11
Дата02.02.2017
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ақпарат

Тәуелсіздікке тарту



АҢДАТПА

8-бет

7-бет

(Соңы  11-бетте)

№105/1 (2883/1) 24 қыркүйек 2016

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

СОТ ӘДІЛДІГІ — 

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ОТАНДЫ СҮЮДІҢ 

ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

СОТ БИЛІГІНІҢ ТАРИХЫ МЕН 

БҮГІНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 

АШЫЛДЫ


Астана қаласында «Қазақстандағы сот билігі: 

тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көр-

менің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Экспозиция 

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  және  Қазақстан 

Республикасы  судьяларының  VІІ  съезіне  ар-

налған.


Көрменің ашылуына Жоғарғы Соттың төраға-

сы Қайрат Мәми, Жоғарғы Сот органы алқалары-

ның төрағалары, Астана қаласының соты және 

Әскери сот судьялары қатысты. Сонымен қатар, 

Судьялар одағының, жоғары оқу орындарының, 

мемлекеттік органдардың, Ұлттық мұражайдың 

басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, Бас ре-

дакторлар  клубының,  БАҚ  және  халықаралық 

ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қ.  Мәми  көрменің  ашылу  рәсімінде  іс-ша-

раның  мақсаты  республика  аумағында  ежелгі 

дәуірден бастап, қазіргі күнге дейінгі сот төрелі-

гінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты көрсе-

туге, оның тарихи мұрасымен таныстыруға және 

жас  ұрпақты  патриоттық  тәрбиелеуге  бағыт-

талғанын атап өтті.

Экспозиция  негізі  үш  бөлімнен  тұрады: 

«Ежелгі  дәуір,  орта  ғасыр  және  революцияға 

дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық 

пен  сот  билігі»,  «Қазақстанның  жаңа  тарихи 

кезеңіндегі сот-құқық жүйесі» және «Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы сот 

жүйесінің қалыптасуы мен дамуы».

Ұсынылып  отырған  экспонаттар,  құжат-

тар,  фотосуреттер  мен  бейнематериалдар 

Ұлттық мұрағат, Орталық мемлекеттік мұрағат, 

Президент  мұрағаты  және  Тұңғыш  Президент 

мұрағатынан жинақталған. Сондай-ақ, Жоғарғы 

Сот мұражайының материалдары да қойылды.

Көрмеге қазақ биі шапанының үлгісі және 

оның төсбелгісі, Қазақ хандығының қалыптасу 

кезеңін белгілейтін материалдар қойылған. Бұл 

кезеңде  мемлекеттік  билікпен  қатар,  билер 

сотының  заң  базасы  да  қалыптасқанын  атап 

өту  қажет.  Сондай-ақ,  көрмеде  1993  жылғы 

Конституцияның  түпнұсқасы  және  Елбасының 

қолы қойылған сот жүйесінің жұмысы бойынша 

заңдардың көшірмелері ұсынылды. Тәуелсіздік 

жылдарындағы  сот  билігінің  дамуына  ерекше 

назар  аударылған.  Атап  айтқанда,  судьялар 

съездері, Ұлт жоспарын іске асыру нәтижелері, 

электронды сот төрелігін енгізу барысы, Жоғарғы 

Соттың халықаралық қызметі және т.б. Көрмеге 

барлығы  210  фотосурет  пен  50  экспонат  қо-

йылған.

Көрме  жұмысымен  Тәуелсіздік  сарайында 



ағымдағы  жылдың  7  қазанына  дейін,  яғни, 

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі 

өтетін  күнге  дейін  танысуға  болады.  Көрмені 

жоғары оқу орындарының профессорлық-оқы-

тушылар  құрамы  мен  студенттер,  мектептің 

жоғары сынып оқушылары, ҮЕҰ мен жастар ұй-

ымдарының өкілдері тамашалайды деп күтілуде.

ҚР Жоғарғы Сотының 

баспасөз қызметі

ӨК ТҮРІКТЕН ТАРАҒАН ЕҢ АЛҒАШҚЫ САҚ, ҒҰН ТАЙПАЛАРЫ МЕН ОНЫҢ ЖАЛҒАСЫ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ САН ҒАСЫРЛАР БОЙЫ КӨШПЕЛІ ҒҰМЫР КЕШІП, 

АТ ҮСТІНДЕ ӨМІРІН ӨТКІЗДІ. ЖЕР ҮШІН, АЗАТТЫҚ ҮШІН ДАМЫЛ ТАППАЙ КҮРЕСІП, КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАУ ҮШІН ҚАНШАМА БАТЫР-

ЛАР МЕН БОЗДАҚТАР ҚЫРШЫН КЕТТІ.  ТҮН ҰЙҚЫСЫН НАЙЗА МЕН ҚАНЖАРҒА СҮЙЕНІП, АТ ТОҚЫМЫН ЖАСТАНУМЕН ӨТКІЗГЕН АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ 

«ЖАУ ЖОҚ ДЕМЕ, ЖАР АСТЫНДА» ДЕП ҚЫРАҒЫ ЖАТАТЫН. ТІПТІ, СОЛ БЕЙБІТШІЛІКТІ АҢСАУМЕН КӨЗ ШЫРЫМЫН АЛМАЙ ӨТКЕН ТҮНДЕР ҚАНШАМА?! 

ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК, ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ІРІЛІ-ҰСАҚТЫ 200-ДЕЙ КӨТЕРІЛІС БОЛҒАН ЕКЕН. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЗАТТЫҚ ҚАНДАЙ ҚИЫН, ҰЗАҚ ЖОЛМЕН 

КЕЛГЕНІ ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН, ТАРИХИ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕРДЕН БІЗГЕ ЖАҚЫН ТАНЫС. СОЛ АЗАПТЫ, АУЫР КҮНДЕРДІҢ БІРІН ДЕ КӨРІП, СЕЗБЕГЕН БІЗДЕР, 

БҮГІНГІ ЖАСТАР МЕН БАЛАЛАР ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ!

Орайы келген әңгіме



(Соңы 5-бетте)

Дау мұраты — бітім



–  Судьялардың  Әдеп  кодексінің 

жобасымен таныстыңыздар. Жалпы, 

судья әдебі дегенді қалай түсіндірер 

едіңіз?

–  Қазан  айында  кезектен  тыс 

өтетін  Судьлар  съезінде  Судьялар 

одағының  Орталық  кеңесі  Әдеп 

кодексін  қабылдауды  жоспарлап 

отыр. Жобада көп мәселе көтеріл-

ген.  Әдепке  келсек,  сот  әдебі  де-

геніміз  –  судьяның  өзін-өзі  қатаң 

тәрбиелеуі, кез келген ортада өзін 

ұстай білуі. Негізі, судья біреулер-

мен  аралас-құралас  болған  кезде 

адам  таңдауы,  яғни,  арандап  қал-

мауы керек. Өйткені, істер бойынша 

онымен танысқысы келетін мүдделі 

адамдар  болады.  Кодексте  оның 

іске әсер етуі мүмкін екені 26-бап-

пен анықталған. Бұл жақсы өзгеріс. 

Мысалы,  аталған  бапта  «Судья 

оның беделіне зиян келтіруі мүмкін 

мәмілелер жасаудан тартынып, жеке 

танысулар  мен  қарым-қатынас тар 

кезінде  абай  болғаны  жөн»  деп 

жазылған. Одан кейін қоғамдық не-

месе судьяны сынға алған БАҚ-тар-

дағы пікірлер шешім шығаруға кері 

әсерін тигізбеуі керек. 



ЕДИАЦИЯ  СӨЗІ  АҒЫЛШЫН  (ALTERNATIVE  DISPUTE 

RESOLUTION, ADR)  ТІЛІНДЕ  КЕЗ  КЕЛГЕН  ДАУДЫ  ОҒАН 

ЕШҚАНДАЙ  ДА  ҚАТЫСЫ  ЖОҚ  ҮШІНШІ  БІР  АДАМНЫҢ 

–  МЕДИАТОРДЫҢ  АРАЛАСУЫ  АРҚЫЛЫ  АЛЬТЕРНАТИВТІ 

ТҮРДЕ  РЕТТЕУ  ДЕГЕН  МАҒЫНАНЫ  БІЛДІРЕДІ.  ДЕМЕК, 

МЕДИАТОР ДЕГЕНІМІЗ – ӨЗАРА ЖАНЖАЛДАСУШЫ НЕМЕСЕ 

ДАУЛАСУШЫ  ТАРАПТАРДЫҢ  АРАСЫНДА  ОРЫН  АЛҒАН 

ДАУЛЫ  МӘСЕЛЕЛЕРДІ  ОЛАРДЫҢ  ӨЗДЕРІН  ҚАТЫСТЫРА 

ОТЫРЫП ТАРАПТАРҒА ТИІМДІ ЖАҒДАЙДА ШЕШУДІ ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРАТЫН МАМАН. 

(Соңы  9-бетте)

Ербол ЖАНҒАЗИН, 

Павлодар облыстық сотының 

қылмыстық істер жөніндегі 

алқа төрағасы:

«СУДЬЯҒА 

СЫНИ ПІКІРЛЕР 

КЕРІ ӘСЕРІН 

ТИГІЗБЕУІ 

КЕРЕК»


М

К

Медиация әдісі өзге елдер-

де  50  жылдан  бері  кең  қолда-

нылып  келеді.  Мәселен,  да-

мыған  батыс  мемлекеттерінде 

отбасылық  болмаса  тұтынушы 

мен сатушы арасындағы сияқ-

ты  түрлі  салаларда  туындап 

жа татын  ұсақ  келіспеушілік-

тердің 80-90 пайызы медиация 

әдісімен шешіледі екен.

Медиация ұйымы – мемле-

кеттік  органдардың  жүйесіне 

кірмейтін, коммерциялық емес, 

өзін-өзі  қаржыландыратын, 

өзін-өзі  құратын  ұйым  болып 

табы лады.  Оған  қарамастан, 

ме диа ция  мемлекеттік  орган-

дарға,  оның  ішінде,  әсіресе, 

сот  жүйесіне  септігін  тигізеді 

деген  ойдамыз.  Қазіргі  кезде 

сот  өндірісінде  істер  көздеген 

жүк темеден  әлдеқайда  көп, 

осыған  орай,  медиация  жүк-

темені төмендетудегі ең тиімді 

шешімдердің бірі екені анық.

Қазақ  халқында  ежелден 

бері барлық дау-дамай, ел ара-

сындағы,  ру  ішіндегі  кикілжің, 

келіспеушілікті  шешетін  би-

лер  соты  болған.  Даудың  әділ 

төрелігін  айтып,  шынайы  ше-

шендігімен  көрінген  билерді 

ел  ерекше  құрмет  тұтатын. 

Би лер  де  дауды  ханға  жеткіз-

бей, ушықтырмай, бейбіт жол-

мен  шешіп  отырған.  Бірақ, 

ме диа цияны  билер  сотымен 

ша тастыр маған жөн.

Медиация – жалпы, даулар-

ды шешудің балама әдісі. Яғни, 

медиаторлардың негізгі міндеті 

–  дауласушы  екі  жақты  сот қа 

дейін  ортақ  шешімге  кел тіру, 

анығын  айтқанда,  екі  жақтың 

пікірін  үйлестіру.  Қазақстан 

Республикасында  бұл  әдістің 

қолданыла бастағанына бірша-

ма уақыт болды. Алғаш қолдана 

бастағанда  қазақстандық  құ-

қық қорғау өкілдері бұл әдіске 

таңыр қап,  тіпті,  жатырқап  қа-

рағаны  да  рас.  Дейтұрғанмен, 

медиацияның  қолданыс  аясын 

кеңейту әлі де болса тиісті дең-

гейде емес. Оған бірден-бір се-

беп – жалпы халықтың, дәлірек 

айтсақ тараптардың «Медиация 

туралы»  заңнан  бейхабарлығы 

болмаса медиаторға деген се-

німсіздігі. 

МЕДИАЦИЯНЫ БИЛЕР СОТЫМЕН 

ШАТАСТЫРМАҒАН ЖӨН

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


СОТ БИЛІГІНІҢ ТУЫ 

ТӨМЕН ТҮСПЕСІН!

Сонымен,  медиация  деген 

не, медиатор кім бола алады?

 Медиация – бұл дауға ана-

лиз  жасап,  қарым-қатынасты 

реттеу  үрдісін  жүргізуші,  дау-

ласу  үстіндегі  екі  тараптың  да 

қажеттіліктерін  қанағаттанды-

ратындай  шешім  қабылдауға 

ұйытқы болатын делдал арқылы 

дауды шешу әдісі.

2011  жылдың  5  тамызында 

Қазақстанда даулы жағдайлар-

ды шешу медиациясының жаңа 

формасын енгізуге негіз бол ған 

«Медиация туралы» заң күші не 

енді. Медиация – бұл медиа тор 

деп аталатын бейтарап үшінші 

жақтың  қатысуымен  дау ласу 

үстіндегі  екі  тарапқа  да  тиімді 

ше шім, келісім  қабылдау үрді-

сі. Қол даныстағы заңға сәй кес, 

дау лы жағдайларды сотқа дейін 

рет теу міндетті болып саналады.

«Медиация туралы» заң елі-

міздің  заң  жүйесіне  жаңашыл 

өзгеріс енгізіп, дауды шешудің 

тағы бір тиімді жолын айқында-

ды.  Сонда  медиация  дегеніміз 

не?  Медиация  процесін  жүзе-

ге  асырушы  медиаторлар  де-

геніміз кімдер? Олар кез келген 

дау-дамайды  шешуде  қандай 

рөл атқарады? 

Медиаторға  судьяның  өкі-

леттігі  берілмеген,  ол  шешім 

қабылдай  алмайды  және  та-

раптарды өз шешімін орындау-

ға  міндеттемейді.  Ол  келіс-

сөздердің  тиімді  жүргізілуіне 

көмектеседі  және  оларды  қа-

жетті арнаға жетелейді. 


2

№105/1 (2883/1) 

24 қыркүйек 2016

zangazet@maiI.ru



Ынтымақтастық нығаяды

Меморандум

Шара

Пәрмен


ҚҰҚЫҚ

Жастар жемқорлыққа қарсы

Кездесу


КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ

КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙДІ



Қос азаматтықпен жүргендер 

жауапқа тартылады

Тәртіп


ЖОЛДАҒЫ ЖҮГЕНСІЗДІК 

ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

Апталық

Дауларды  сотқа  дейінгі  және  соттан  тыс  реттеу  институт­

тарын  жан­жақты  дамытуды  белсенді  енгізу,  ақпараттық 

технологияларды  сот  өндірісінде  кең  қолдану,  сонымен 

қатар,  алқабилерге  кандидаттардың  тізімін  қалыптастыру 

мақ сатында  Балқаш  қалалық  сотының  төрағасы  Нұрлыбек 

Сыздықов  пен  Балқаш  қаласының  әкімі  Александр  Аглиулин 

өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

«100  нақты  қадам»  –  Ұлт  жоспарында  Елбасы  сот  жүйесін 

жаңғырту  бойынша  11  мақсатты  қадамды  көрсетіп,  соттың 

қарауына жататын даулар санын азайту маңыздылығын, медиация 

және бітімгершілік рәсімдерін дамыту, бұл іс бойынша тараптарға 

дауды  қысқа  мерзімде  ең  аз  материалдық  және  моральдық 

шығындармен  шешуге  мүмкіндік  беру  мәселесіне  назар  аударған 

еді. Бүгінде соттар тарапынан осы тапсырманы мейлінше сапалы 

орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Әкімдік жанында ашылған медиация кабинетінің артықшылығы, 

ол азаматтарға дауды шешу және татуласу үшін басқа елдімекенге 

бармай-ақ  медиаторларға  жүгіну  мүмкіндігін  береді.  Медиацияға 

жүгінген азаматтар сот шығындарынан босатылады, себебі, сотқа 

талапты берген жағдайда міндетті мемлекеттік баж салығын және 

өкілдің қызметін төлеудің қажеттігі болмайды.

Меморандумға  қол  қою  салтанатты  рәсіміне  Балқаш  қаласы 

әкімдігі  аппаратының  өкілдері,  қалалық  соттың  төрағасы  және 

бас  маманы,  сондай-ақ,  қаланың  прокуроры  Д.Нуркеева,  Балқаш 

қаласының ІІБ МПС инспекторы А.Калиашев, В.Дергунов атындағы 

заң кеңесінің адвокаты Р.Роженцев, Балқаш қаласының өнеркәсіп 

және кәсіпкерлер одағының атқарушы директоры А.Аларин мен БАҚ 

өкілдері қатысты.



Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 

баспасөз қызметі

Осы  мерекеге  орай  Батыс  Қазақстан  облыстық  ІІД 

Әкімшілік  полиция  басқармасында  мерекелік  іс-шара 

болып  өтті.  Салтанатты  шараға  көпбалалы  Еролеевтер 

отбасы, сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқару кезінде 

қаза болған Берікқали Каженов, Болат Исағалиев, Айғали 

Алиханов секілді азаматтардың жұбайлары қатысты. 

Алғашқы сөз алған БҚО ІІД бастығының орынбасары, 

полиция полковнигі Талғат Ахаев қатысушыларды осынау 

мерекемен  құттықтап,  қызметтің  қиын  сәтінде  қатерге 

қарсы тұрып, ерлік көрсете көз жұмған қызметкерлердің 

жұбайларына  «Офицердің  жұбайы»  төс  белгісін  тарту 

етіп,  құнды  сыйлықтармен  марапаттады.  Осынау  төс 

белгі алты бірдей баланы дүниеге әкеліп, ардақты ана, 

аяулы жар атанған Айжол Еролеевтің жұбайына  да тарту 

етілді. 


– Отбасы, ошақ қасында бала тәрбиелеп, онымен қоса 

тәртіп  сақшысының  аяулы  жары  бола  білу  –  бұл  үлкен 

ерлік. Жарының ерте-кеш келгеніне қарамай, көңілін тауып, 

отбасының ұйытқысы болып отырған аяулы аналарымызға 

ризашылығымызды білдіреміз. Әрине, бұл күні қуанамыз 

да, мұңаямыз, себебі, арамызда бірқатар әріптестеріміздің 

болмауы  көңілімізді  ортайтады.  Қиындыққа  мойымай, 

төтеп бере білген қызметкерлердің бүгінгі күні артында 



Таяуда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемле­

кеттік университетінде облыстық ІІД Жергілікті полиция қыз­

метінің  мұрындық  болуымен  «Нөлдік  төзімділік.  Кәмелеттік 

жасқа  толмағандар  арасындағы  құқықбұзушылықтар  мен 

қылмыстардың  алдын  алу»  тақырыбында  студенттермен 

кездесу ұйымдастырылды.

Өзекті  тақырып  бойынша  өткен  конференцияда  құқық- 

бұзушылықтардың,  олардың  ішінде  жемқорлықтың  алдын  алу, 

қоғамда  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  және 

сыбайластыққа қарсы білім беру мәселелері қарастырылды.

Шараға  қатысқан  Сыбайлас  жемқорлық  профилактикасы 

басқармасының  басшысы  Н.Жахин  «Жастарға  жемқорлыққа 

қарсы  тәрбие  беру  –  Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимылдың  маңызды  факторы»  тақырыбында  баяндама 

жасап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәніне 

студенттердің ерекше назарын аударды.

«Елдің  болашағы  саналатын  жастарды  жемқорлыққа  қарсы 

оқыту – қоғамдағы жемқорлықты мүлдем жоюға мүмкіндік беретіні 

сөзсіз.  Сондықтан,  осы  мақсатта  арнайы  әзірленген  «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін студенттердің зор 

қызығушылықпен оқығаны маңызды», – деді Нұрлан Жахин.

Ал  оқытушылар  болса,  аталмыш  сабақты  жүргізу  барысында 

дәріс оқу, семинарлар және тренингтер, пікірталастар, коучингтер 

өткізумен  қатар,  оқытудың  өзге  де  интерактивті  әдіс-тәсілдерін 

пайдалана алатын болады.



Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің 

баспасөз қызметі

Жыл  басынан  бері  облыста  Қазақстан  Республикасының  аза-

маттығын  жоғалтқан  400  адам  тіркелді.  Орын  алған  фактілер 

көрсеткендей, олардың барлығы өкілетті органдарды азаматтығының 

ауысқаны туралы хабардар етпеген. Қолдарында шет мемлекеттің 

және  Қазақстан  Республикасы  азаматтығының  құжаттары  бар 

азаматтар  елге  қайта  оралып,  олардың  кейбіреуі  Қазақстан 

азаматының құқықтарын және бостандықтарын (зейнетақы мен басқа 

да  әлеуметтік  жәрдемақыларды  алу,  ҚР  кәсіпорындарында  жұмыс 

істеу,  тегін  білім  алу,  медициналық  қызметтер  алу,  атыс  қаруын 

алып жүруге рұқсат алу және оны ұзақ мерзімге сақтауға берілетін 

рұқсатты ұзарту, ҚР аумағында ұзақ мерзімде болу) пайдаланады. 

Бұл өз кезегінде мемлекетіміздің заңнамасына қайшы.

СҚО  ІІД  Көші-қон  полициясы  басқармасының  қызметкерлері, 

«қос азаматтықтың» болуы және Қазақстан құжаттарын пайдалану 

әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет 

мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған 

күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу 

фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 

немесе  Қазақстан  Республикасының  шет  елдердегі  мекемелеріне 

хабарлауға  және  Қазақстан  Республикасы  азаматының  паспортын 

және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті екенін естен шығармау 

қажет.


Заңнамада  белгіленген  мерзімдерде  шетел  азаматтығын  алу 

фактісін хабарламау – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 

айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге 

әкімшілік  жолмен  шығарып  жіберуге  әкеп  соғады.  Сондай-ақ, 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 

496-бабына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  азаматтығынан 

айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын 

және жеке куәлігін пайдалануы – жеке тұлғаларға 100 айлық есептік 

көрсеткіштен  300  айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі  мөлшерде 

айыппұл салуға әкеп соғады.



СҚО ІІД Көші­қон полициясы басқармасы

Ағымдағы  жылғы  қыркүйектің  19-

21-і  күндері  аралығында  рес публика 

көлемінде  «Автобус»  профилактика-

лық  іс-шарасы  өткізілуде.  Аталған 

іс-шараның  мақсаты  –  көлік  жол-

дарында  жолаушылар  мен  жүк терді 

тасымалдаумен  айналысатын  көлік 

жүргізушілері  арасында  тәртіпті 

арттыру.


Іс-шара аясында облыс көлемінде 

көліктік  бақылау  басқармасы,  Мем-

ле кеттік  кірістер  комитеті  өкілдерінің 

қатарынан  мобильді  топтар  жасақ-

талып,  көліктің  жасырын  бағыттарын 

анықтау  (бағдарларда,  соңғы  аялда-

маларда,  белгіленбеген  тұрақтарда), 

бұл  ретте  алдын  ала  және  кезең-

кезеңімен, оның ішінде рейс алдында 

(ауысым  алдында)  жүргізушіні  меди-

циналық  қарау,  олардың  еңбек 

және  демалыс  режимін  сақтауын 

қамтамасыз ету бойынша тексерістер 

жүргізілді. 

Шараның  2  күнінде  жүргізілген 

рейдтік  жұмыстар  барысында  қоғам-

дық  көлік  жүргізушілерімен  орын 

алған 220 әкімшілік құқық бұзушылық 

тіркелсе,  оның  1-еуі  –  көлік  құралын 

алкогольдік, есірткілік және уытқұмар-

лық  масаң  күйде  басқару  бойынша 

(ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), 14-і - көлiк 

құралдары  жүргiзушiлерінiң  бел-

гiленген  жүру  жылдамдығын  арттыру 

дерегі  бойынша  (ӘҚБтК-нің  592-

бабы),  15-і  –  азаматтық-құқықтық 

жауап кершілігін  міндетті  сақтандыру 

жөніндегі  немесе  тасымалдаушының 

жолаушылар  алдындағы  азаматтық-

құқықтық  жауапкершілігін  міндетті 

сақтандыру  жөніндегі  сақтандыру 

полисі жоқ жүзгізушінің көлік құралын 

басқару дерегі бойынша  (ӘҚБтК-нің 

612,1-бабы), 7-еуі – тиісті рұқсатсыз 

қайта  жабдықталған  көлік  құралын 

б а с қ а р у   б о й ы н ш а   ( Қ Р   Ә Қ Б т К -

нің  590,7-бабы)  1-еуі  –  жол  жүрiсi 

қағидаларында  тыйым  салынған  

жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта 

жүруге арналған жағына шығу (ӘҚБтК-

нің  596-бабы,  3-бөлігі),  9-ы  –  жаяу 

жүргiншiлерге  немесе  жол  жүрiсiнiң 

өзге  де  қатысушыларына  жол  беру 

талаптарын орындамау фактісі (ӘҚБтК-

нің  600-бабы,  1-бөлігі)  бойынша  заң 

бұзушылықтар  орын  алған.  Барлық 

заң  бұзушылықтар  бойынша  хаттама 

толтырылып,  тиісті  әкімшілік  шара 

көрілді.

Қызылорда ОІІД­нің 

баспасөз қызметі

ЖУЫРДА  ҚЫЗЫЛЖАР  АУДАНЫНЫҢ  ОРТАЛЫҒЫ 

БЕСКӨЛ АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫ  ТІЛДЕРІНІҢ  XVIIІ  ОБЛЫСТЫҚ  ФЕСТИВАЛІНІҢ 

АШЫЛУ  САЛТАНАТЫ  ӨТКІЗІЛІП,  ОНЫҢ  БАРЫСЫНДА 

ӨҢІРДЕГІ  ТІЛДЕРДІ  ДАМЫТУ  ІСІНЕ  ЗОР  ҮЛЕС  ҚОСЫП 

ЖҮРГЕН  БІРҚАТАР  АЗАМАТТАР  ОБЛЫС  ӘКІМІ  ЕРІК 

СҰЛТАНОВТЫҢ ҚОЛЫНАН АЛҒЫСХАТТАР АЛДЫ. ОЛАРДЫҢ 

ҚАТАРЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ 

МАМАНЫ НҰРБАЙ СӘБИТОВ ТЕ БАР. 

Білікті  маман  он  жылға  жуық  ауылда  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып,  дарынды  түлектерді 

даярлапты.  Олардың  арасында  аудан  көлемінде,  облыс 

көлемінде  өткізілген  байқауларға  қатысып,  жүлделі 

орындарды  иеленген  өрендер  де  бар  екен.  Ұлттық 



О т б а с ы   –   а д а м 

бала­сының­өсіп-өнер,­

қаз­тұрып,­қанат­қағар­

о ш а қ ­ қ а с ы , ­ а л т ы н­

бесігі­ ғана­ емес,­ ол­

–­ шағын­ мемлекет.­

Қазақстан­ Респуб­ли-

ка­сының­ Президенті­

Н.Назарбаев:­ «Отба-

сын­да­ адам­ бойын-

да­ғы­ асыл­ қасиеттер­

ж а р қ ы р а й ­ к ө р і н і п ,­

қалыптасады.­ Отан-

ға­деген­ыстық­сезім­

жа­қындарына,­ туған-

туысқандарына­ де-

ген­ сүйіспеншіліктен­

басталады»,­ –­ деді.­

Ел­басының­ Жар­лы-

ғы­мен­ қыркүйектің­

е к і н ш і ­ ж е к с е н б і с і­

От­басы­ күні­ болып­

жария­ланғаны­ бел-

гілі.

ұрпағы қалып отыр. Ендігі жерде, әкелері көре алмаған 

бар  өмір  қызығын  балаларына  тілейміз,  –  деп  лебізін 

жеткізді БҚО ІІД Ардагерлер кеңесінің орынбасары Мақсот 

Қастуғанов. 

Қатысушылар  арасынан  сөз  алған  көпбалалы  ана  – 

Сабира Еролеева департамент басшылығына, жолдасының 

әріптестеріне  ризашылығын  білдіріп,  отбасы  атынан 

кіші  ұлы  мен  қызының  орындауында  әдемі  би  ұсынды.  

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларымен жол қауіпсіздігінің алдын 

алу мақсатында өткізілген түрлі шаралар кезінде қолдау 

көрсетіп, демеушілік танытып келе жатқан және бұл шараға 

да  әр  отбасына  ерекше  сыйлықтарымен  келген  «Батыс 

Капитал Лимитед» ЖШС менеджері Елена Кармеева ханым 

ІІД басшылығы атынан Алғысхатпен марапатталды. 

Одан  департамент  қызметкерлері  көп  жылдан  бері 

жол үстіндегі тәртіпсіздікпен күресу жолында қызмет етіп 

келген батальонның бес қызметкерін салтанатты жағдайда  

құрметті еңбек демалысына шығарып салды. 

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.   




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал