АҢдатпа 8-бет 6-бет



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/6
Дата07.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

8-бет

6-бет

(Соңы 3-бетте)

№31 (2956) 25 сәуір 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ 

СОТ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҚАЛЫПҚА ТҮСТІ

«СУДЬЯНЫҢ ОҚИҒАНЫ 

ЖАРИЯ БАҒАЛАУЫНА 

РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ»

Орайы келген әңгіме



(Соңы 5-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая газета»

«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып жатқанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» 

ЖШС дүң гір шек тері және Алматы қаласын­

дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры­

ңызға болады.

(Соңы 4-бетте)

Еліміздің қорғаныс саласында білікті мамандарды 

даярлау  және  жаңа  жағдайларда  әскери  әрекеттерді 

жүргізудің жолдары мен әдістерін жетілдіру өзекті болып 

тұр. Бұл жөнінде кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет 

сағатында Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және 

«ҚАЛАМАҚЫ 

БӨЛУ 

ЖАСЫРЫН 


ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ 

АСАДЫ»


Бүгінгінің бас тақырыбы

Алқа


Майра АЙСИНА, 

Парламент Мәжілісінің депутаты:

Т

аяуда  ғана  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  жарияланған  Елбасының 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің рухани 

дамуы, оның ішінде, ұлт болашағы жайында маңызды мәселелер көтерілген 

болатын.

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДА 

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ 

ТОПТАСТЫРАТЫН КҮШ БОЛУЫ ШАРТ



– Майра Арапқызы, бір топ 

депутаттың  бастамашы лы­

ғы мен еліміздің кейбір заң на­

ма лық  актілеріне  мәдениет 

мә се лесіне байланысты өзгеріс­

тер мен толықтырулар енгізу 

тура лы  заң  жобасы  дайын­

далды. Мәжіліс депутаттары 

мақұл даған заң жобасы бүгінде 

Сенат тың қарауында жатыр. 

Бел гілі болып отырғандай, бұл 

заң жобасында  салаға қатысты 

көп тің көкейінде жүрген біраз 

мәселе шешімін тапқан сияқты.

–  Бұл  заң  жобасымен  жұмыс 

бесінші шақырылымда басталған 

болатын. Парламенттің бұрынғы де-

путаттары Нұрлан Оразалин, Мұрат 

Ахмадиев, Розақұл Халмұрадов аға-

ларымыз және мен бастамашылық 

жасап,  осы  құжат  дайындалған 

еді. Жалпы мәдениет мәселесінде 

шешімін күткен проблема өте көп 

қой.  Мәселен,  қаншама  жылдан 

жұмыс істеп келе жатқан цирктің 

жайы назардан тыс қалыпты. Тіпті, 

ол туралы біздің заң намаларымызда 

бір ауыз сөз айтыл май келіпті. Сол 

секілді мұражай қор лары да жетім 

баланың күйін кешіп келді. 

қауіпсіздік  комитетінің төрағасы, депутат Мәулен Әшімбаев 

мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ретте құзырлы орын 

«будандық соғыстар» мәселесіне айрықша назар аударып, 

еліміздің қорғаныс күштерінің сәйкес бөлімшесін дайындау 

шараларын күшейту керек.   

Ақпарат


Елбасы  мақаласында  қозғалған 

мәсе лелер  төңірегінде  Ш.Уәлиханов 

атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 

уни верситетінің  профессоры,  фило­

логия ғылымдарының докторы Сәбит 

Жәмбек,  облыстық  тарихи­мәдени 

мұраны қорғау және пайдалану орта­

лығының директоры Талғат Ыбыраев, 

облыстық аурухананың дәрігері, Көк­

ше тау қалалық медицина ардагерлері 

кеңе сінің төрағасы Болат Жанәділов, 

«Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетіл­

діру инсти туты дирек торының орын­

ба сары  Айсұлу  Кеңесқызы  және  об­

лыс тық тарихи­мәдени мұраны қор ғау 

және  пайдалану  орталығының  бөлім 

басшысы Серік Ысқақов өз ой­пікір­

лерін ортаға салған еді.  

– Мемлекет басшысының мақаласын­

да  көтерілген  ұлттық  бірегейлікті  сақтау 

мәсе лесі  сіздердің  ойларыңызша  қалай 

ше шілуі керек?

Болат ЖАНӘДІЛОВ: 

– Тәуелсіздігімізді алған ширек ғасырдан 

а с т а м   у а қ ы т   і ш і н д е   е л і м і з   к ө п т е г е н 

реформаларды  бастан  өткерді.  «Алды­

мен  экономика,  содан  кейін  саясат»  деген 

Елбасы  жүргізген  саясаттың  дұрыстығын 

уақыт  дәлелдеп  отыр.  Еліміз  осы  кезең 

ішінде ауыз толтырып айтарлықтай көптеген 

нәтижелерге  қол  жеткізді,  президенттік 

билік қалыптасып, демократиялық үрдістер 

орнықты,  сөйтіп,  тәуелсіз  Қазақстан  әлем 

қауымдастығынан  лайықты  орнын  алды. 

Осы  орайда,  экономика  деп  жүріп  рухани 

дамуды  ескермей  қалған  жоқпыз  ба?  Ұлт 

Көшбасшысының  мақаласында  көтеріліп 

отырған  мәселелер  осыдан  ширек  ғасыр 

бұрын  тәуелсіздігімізді  алған  алғашқы 

жылдарда  көтерілгені  орынды  болар  ма 

еді,  кешігіп  қалған  жоқпыз  ба?  –  деген 

ой  келеді.  Бірақ  та,  еліміздің  тәуелсіздік 

алған  жылдардағы  бастан  кешкен  қиын­

қыстау кезеңде рухани дамуды қолға алуға 

мүмкіндік  те  болмағанын  ұмытпауымыз 

керек. 


Көпұлтты  Қазақстан  қазір  ұлтаралық, 

дінаралық татулықты сақтап, тұрақты даму 

жолында алға басып бара жатқан ел. Десе 

де, бәсекелестік белең алған қазіргі заман­

да  дамыған  елдермен  бәсекеге  түсу  үшін 

рухани бірлік, оның ішінде. Елбасы көтеріп 

отырған  ұлттық  бірегейлік  керек.  Ұлттық 

код  дегенді  өз  басым  ұлттық  сипат,  өз 

ұлтыңның мәдениеті мен тарихын, дәстүрін, 

тілін  білу  және  сақтау  деп  түсінемін.  Ол 

үшін ең алдымен, ата тарихымызды жақсы 

білуіміз  шарт.  Жастарға  өз  тарихын  білуді, 

құрметтеуді  үйретіп,  ескі  дәстүріміздің 

жақсысын алып, жаманынан бас тартуымыз 

қажет. Ұлттық бірегейлігімізді сақтап, дамыт­

қанда ғана әлемнің озық елдерінің қатарына 

қосыла аламыз. 

Архив ұлттық тарихи 

зердені сақтаушы 

құнды ресурс

Астанада «Рухани жаңғырудың міндеттері 

контекстіндегі  архивтердің  инновациялық 

болашағы»  атты  республикалық  семинар-

кеңес өз жұмысын бастап, оған еліміздің бар-

лық өңірлерінен сала мамандары  қатысуда.

Семинар-кеңестің ашылу салтанатында сөз 

сөйлеген  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрі 

Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Мемлекеттік архив-

тер ұлттық ақпараттық-қоғамда маңызды орын 

алатын баға жетпес ақпараттық ресурс», – деп 

баға лады.

Іс-шара барысында семинар-кеңестің  арнайы 

қонағы Корея Ұлттық архиві бас директорының 

кеңесшісі Ким Джэпайонг «Электронды архивтер: 

Корея Ұлттық архивінің тәжірибесі» тақырыбында 

шеберлік сағатын өткізетін болады.

Екі күнге жалғасатын шарада архив ісі саласы 

бойынша түрлі шеберлік сағаттары, дөңгелек 

үстел, баяндамалар, кеңестер өтіп, осыған орай 

Елбасы  мақаласындағы  міндеттер  негізінде 

қорытынды шығарылмақ.

К.ӘКІМБЕКҚЫЗЫ

Өскеменде «Қара жаулықты 

ақ жаулыққа алмастырайық» 

атты акция басталды

Ұлтымыздың салт-дәстүрі – Ислам дінімен 

терең тамырлас. Аналарымыз басынан ақ жау-

лығын тастамаған. Өкінішке қарай, қазіргі 

таңда әйелдер қауымы арасында түрлі-түсті 

және қара жаулық тарту өріс алып барады.

Осыған байланысты ҚМДБ Өскемен өкіл-

дігінің  ұйымдастыруымен  Шығыс  Қазақстан 

об лыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Қара жау-

лықты ақ жаулыққа алмастырайық» атты акция 

өтті. Жиынға ардақты аналар, мешіт ұстаздары 

мен шәкірттері қатысты.

Жиында  ҚМДБ  Өскемен  аймағының  өкіл 

имамы  Ермек  қажы  Қасболатұлы  ақ  жау-

лықтың халқымыздың өмірінде маңызы ерек-

ше  орын  алатындығына  тоқталып,  ұлттық 

құн дылықтарымызды  ұрпаққа  аманат  етудің 

маңыздылығы жайлы ой қозғады. Шараға жи-

налған  әйелдер  қауымына  өкілдік  атынан  ақ 

жаулық үлестірілді.

Е.КАМАЛ


2

№31 (2956) 

25 сәуір 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Оң қадам


Бастама

Білген жөн

ШӘРІПОВ ШӘКІРТТЕРГЕ 

ДӘРІС ОҚЫДЫ

Кесел


КҮНӘНІҢ БІРІ – ЖЕМҚОРЛЫҚ

Дөңгелек үстел

Брифинг

« Е л б а с ы   2 0 1 6   ж ы л д ы ң   2 1 



қара шасында  өткен  республика 

судьяларының  VІІ  съезінде  «Сот 

жүйесін  реформалаудың  негізгі 

мақсаты  –  тәуелсіз  және  сатыл­

майтын сот билігін қалып тастыру. 

Бұл  жерде  судья лардың  адал­

дығы мен біліктілігі, сот төрелігінің 

әділет тілігі  мен  қолжетімділігі 

маңызды.  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

Жоспары құқық қорғау органдары 

мен  сот тар  қызметінің  барлық 

қырын қамтиды. Бұл реформаның 

басты  буыны  сот  билігі  болып 

табыла ды. Біз оны жаңғыртпасақ, 

басқа  шараларымыздың  пайдасы 

болмай қалуы мүмкін», – деген еді. 

Прези денттің бұл сөзінен қоғамда 

заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету­

де  сот  билігіне  артылатын  жүктің 

қан шалықты салмақты, жауап кер­

шіліктің  қанша лықты  биік  екендігі 

көрініп  тұр».  Бұл  Оңтүстік  Қазақ­

стан облыстық сотының төрағасы 

Нұрсерік  Шәріповтің  Шым кент­

тегі  Аймақтық  әлеуметтік­инно­

вациялық  университетінің  про­

фессорлық­оқытушы  құрамы  мен 

студенттердің алдында оқыған лек­

циясынан үзінді. Төраға, сондай­ақ, 

осы лекциясы барысында тәуелсіз 

еліміздің  тәуелсіз  сотының  бүгіні 

мен  болашағы  жайында  кеңінен 

әңгімелеп берді. 

Сонау бір жылдары өзінің жоғары 

оқу  орнында  студенттерге  дәріс 

беріп, лекция оқығанын еске алған 

төраға  бұл  күні  Ұлт  жоспарының 

«Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету» 

блогының сот жүйесін реформалауға 

қатысты  11  қадамына  жеке­жеке 

тоқталып, нақты цифрларды сөйлете 

отырып,  жан­жақты  баяндап  өтті. 

Қазақстан  сотының  халықаралық 

рейтингтегі дәрежесі мен деңгейін, 

позициясын сөз етті. 

Нұрсерік Кәрімұлы университет 

ұжымымен осынау кездесуі бары­

сында Елбасының жуырда жария­

ланған «Болашаққа бағ дар: рухани 

жаңғыру» атты стра тегиялық сипат­

тағы  бағдар ламалық  мақа ласына 

қатысты да өз ойын ортаға салып, 

ондағы  нақты  атап  көрсе тілген  6 

міндетке жеке­жеке тоқталып өтті. 

Кездесу барысында тыңдарман­

дар  тарапынан  бірнеше  сауалдар 

қойылып,  оған  тұшымды  жауап­

тар  берілді.  Облыстық  сот  пен 

Аймақтық  әлеуметтік­иннова­

циялық  университет  басшылығы 

бұдан  бұрын  да  бірлесіп  маман 

даярлау  мақсатында  меморан­

думға қол қойған болатын. Кездесу 

аясында  сот  төрағасы  жоғары 

оқу  орнының  заңгерлер  даярлай­

тын  факультеті  мүмкіндіктерімен, 

мате риалдық­техникалық базасы­

м е н   т а н ы с т ы .   О б л ы с т ы қ   с о т 

төрағасының студенттердің білімін 

жетілдіруде  үлкен  үлес  қосып 

отырғанын атап өткен университет 

құрылтайшысы Жарылқасын Оңал­

бек  профессор­оқытушылар  мен 

студент  жастар  атынан  алғы сын 

білдірді.   

Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН 

ОБЛЫСЫ 

Бақара  сүресінің  188­аятында:  «Араларыңдағы 



малдарыңды  (дүниені)  бұзық  жолмен  жемеңдер. 

Сондай­ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім 

жеу  үшін  билерге  апармаңдар»  деп  айтылған.  Яғни, 

асыл дініміздің өзі жемқорлықты жетпіс үлкен күнәнің 

бірі  ретінде  көрсетіп,  парақорлықты  қылмыс  деп 

бағалаған. 

Сыбайластықтың мемлекет дамуына тосқауыл қоятын 

жұлынқұрт  екені  қазір  де  жиі  айтылады.  Елбасының 

биылғы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  деп  аталатын  жолдауында  да 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  күшейтуге 

ерекше ден қойылған. «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық 

деңгейін  төмендету  бағытында  елеулі  қадамдар 

жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жем­

қорлықтың  салдарымен  күресуге  аударылып  отыр. 

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын 

анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет», – деген 

Президент құзырлы орындарға үлкен міндеттер жүктеді. 

Рас,  біз  кеңес  одағының  шекпенінен  шыққан 

мем лекеттер  ішінде  жемқорлыққа  қарсы  алғаш 

заң  қабылдаған  ел  екенімізді  мақтаныш  тұтамыз. 

Алайда,  мемлекет  қаржысының  жиі  талан­таражға 

түсуі,  миллиондардың  ұрлануы,  қызметін  асыра 

пайдаланушылар қатарының тыйылмай отыруы заңды 

ғана  қатайтып  қоймай,  кеселге  қарсы  иммунитетті 

де  қалыптастыру  керектігін  алға  тартады.  Ал,  мұны 

әр  сала  өз  қызметі  шегінде  жүзеге  асыруы  тиіс. 

Мәселен, қазақстандық сотта ең алдымен қазылардың 

адалдығына,  шешімді  тек  заңға  сүйеніп  шығаруына 

мән  беріледі.  Фемида  өкілдерінің  жұмыс  барысында 

тараптармен  тікелей  сөйлесіп,  келісімге  келуіне 

қатаң тосқауыл қойылған. Жалпы, судья сот отырысы 

барысында да өзін талапқа сай ұстап, екі тараптың біріне 

артықшылық беруден сақ болғаны жөн. Себебі, кейде 

судьяның жылы сөйлеуі, сұрақ қоймауы екінші тарапқа 

күдікті  көрініп,  соттың  шешіміне  деген  сенімсіздікті 

тудыруы мүмкін. Бұл кез келген қазының жұмыс бары­

сында ескеруі тиіс шарттың бірі.

Бұған қоса, азаматтардың да «парасыз іс бітпейді» 

деген  сыңайдағы  жағымсыз  көзқарасын  өзгертетін 

кез жетті. Ол үшін мектеп, жоғары оқу орындарында, 

мекемелерде арнайы жиындар өткізіп, кеселдің зиянын, 

салдарын  ұғындырғанның  пайдасы  зор.  Судьялар 

қауымы өз мекемесінде үнемі осындай насихат жұмыс­

тарына  көңіл  бөліп,  азаматтарға  құқықтық  кеңес 

беру ге  ынта  танытып  жүр.  Қарапайым  халықтың  сот, 

судья ларға  деген  түсінігі  алғашқы  қабылдаудан  бас­

талатындықтан,  сот  приставтарының,  кеңсе  маман­

дарының  келушілерді  ілтипатпен  қарсы  алып,  жол 

көрсетіп, барлық сауалдарына тыңғылықты жауап беруі 

міндеттеледі.  Мұндай  сапалы  қызмет  сот  жайында 

жағымсыз  пікірдің  қалыптасып,  жемқорлық  туралы 

ойлануына мүмкіндік бермейді.

Д.МАУКЕЕВ,

Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының 

төрағасы

Жазаны ізгілендіруге 

басымдық берілді

Жақында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсаны қорытындысы 

бойынша Ақмола облысының аудандық және оларға теңестiрiлген соттары 

брифинг өткізді. 

2017  жылдың  І  тоқсанында  Аршалы  аудандық  сотында  95  азаматтық,  131 

әкімшілік, 12 қылмыстық іс және сот актілерін орындау тәртібімен 92 материал 

қаралды. Сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 6 қылмыстық 

іс тоқтатылды. Тергеу судьясымен 12 өтініш хат қаралды. 1 азаматтық іс татуласу 

келісімін жасаумен тоқтатылса, 4 іс медиация тәртібімен қаралды. Есепті кезеңде 

1  құқықбұзушыға  ескерту,  39  құқықбұзушыға  әкімшілік  айыппұл  салынып,  47 

құқықбұзушы  әкімшілік  қамаққа  алынды.  25  құқықбұзушы  арнайы  құқықтан 

айырылып, 1 азамат Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді.

2017  жылдың  І  тоқсанында  Қорғалжын  аудандық  сотында  21  әкімшілік  іс 

қаралып, 7 құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл, 11 құқықбұзушыға әкімшілік қамақ­

қа алу, 3­іне көлiк құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Бұланды  аудандық  сотында  осы  кезеңде  172  азаматтық,  әкімшілік  және 

қылмыстық  істер  қаралды.  Тергеу  судьясы  17  материалды  електен  өткізген. 2 

қылмыстық іс медиаторлардың қатысуымен шешімін тауып отып. «Сот кабинеті» 

сервисі арқылы 162 электрондық талап арыз және 105 әкімшілік іс сотқа түскен.

2017 жылдың бірінші тоқсанында Зеренді аудандық сотында 170 азаматтық 

іс қаралды. Оның ішінде, 4 азаматтық іс татауласу келісімін бекітумен және 4 іс 

медиация тәртібімен шешілген. 20 қылмыстық іс қаралып, 1 іс медиация тәртібімен 

тоқтатылды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін арыздар да көбейген. Айталық, 

биыл 213 электронды талап арыз бен әкімшілік іс осы сервис арқылы түсті.

Еңбекшілдер  аудандық    сотының  да  алғашқы  тоқсанда  атқарған  жұмысы 

көңілден шықты. Есепті кезеңде мұнда 70 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 13 

іс медиация тәртібімен тоқтатылған. Пилоттық жоба бойынша 7 іс қаралды. 53 

азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның 3­еуі ескерту, 18­і айыппұл, 20­сы 

әкімшілік қамау, 9­ына арнайы құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Осының 

өзі  сот  құрылымында  жазаны  ізгілендіруге  ерекше  басымдықтың  берілгенін 

көрсетеді.



Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызмет 

жаңа талапқа жауап береді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  биылғы жолдауы «Қазақстанның 

үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  деген  тақырыппен 

жұртшылыққа  жол  тартты.  Құжатта  үшінші  жаңғыру  туралы  айтылған  соң 

алдыңғы  екі  кезеңге  баға  берілетіні  белгілі.  Жолдауда  тәуелсіздіктің  25 

жылында жеткен жетістіктер, кеткен кемшіліктер әділ көрсетілген екен. 

Расында екі жаңғыру кезінде Қазақстан адам танымастай өзгерді. Алғашқы 

жылдары тәуелсіз ел ретінде іргемізді бекітіп, тұғырымызды биіктетуге, ұлттық 

құндылықтарымызды  жаңғыртып,  ұлы  жобалар  жасауға  талаптанғанымыз  рас. 

Одан кейінгі жылдар еңсесін түзеген, қадамын нықтаған, әлемнің дамыған елдер 

көшіне ілесуге қам жасаған мемлекет ретінде талай игілікті істерді қолға алдық. 

Астана төрінде «ЭКСПО» халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатқан қазақ 

елін қазір білмейтін мемлекет жоқ. Және бүгінгі күнге дейін қауіпсіз орта, құқықтық 

мемлекет  қалыптастырған  Қазақстанда  өз  бизнесін  өркендетіп,  әріптестік 

байланысты  жолға  қойғысы  келетіндердің  көптігі  де  көңіл  қуантады.  Үшінші 

жаңғыру барысында Елбасы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 

ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды міндеттеп отыр. 

«Елде  3D­принтинг,  онлайн­сауда,  мобильді  банкинг,  цифрлық  қызмет 

көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да 

перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған 

елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа 

дарытты.  Осыған  орай,  Үкіметке  «Цифрлық  Қазақстан»  жеке  бағдарламасын 

әзірлеуді  және  қабылдауды  тапсырамын.  Біздің  заңнамамызды  жаңа  жағдайға 

бейімдеу  керек»,  –  деген  Президент  мемлекеттік  қызметтің  барлығын  жаңа 

талапқа бейімдеу қажеттігін атап өтті. Мұндай жаңғырулардың жаңа заңнамаларды 

жетілдірмей  алға  басуы  мүмкін  емес.  Ендеше,  Елбасы  тапсырған  заңнамалар 

базасын жетілдіруге баршамыз ат салысуымыз қажет.

 

Ж.УТЕГЕНОВ,

Алматы қаласы Әділет департаменті мұрағаттау және ауыртпалықтарды 

тіркеу бөлімінің басшысы

Жуырда Қызылорда облысының Әділет депар­

таментімен қалалық прокуратура, «қалалық жұмыс­

пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», 

«Қалалық  жұмыспен  қамту  орталығы»  бірлесіп, 

алимент төлемей жүрген борышкерлер және про ба­

ция есебінде тұрған азаматтарға «Бос жұмыс орын­

дары жәрмеңкесін» арнайы ұйымдастырды.

Аталған  жәрмеңкеде  10  мекемеден  48  бос  жұмыс 

орны,  3  мекемеден  6  бос  қоғамдық  жұмыс  орны 

ұсынылды.  Нәтижесінде,  екі  қолға  бір  күрек  таппай 

жүрген  14  борышкер  жолдама  алып,  жұмысқа  орна­

ласты.  Осылайша,  балаларына  берешек  ата­аналар 

қордаланған қарызынан құтылудың шешімін тапты. 

Қызылорда облысында алимент төлемдерін төлемей 

жалтарғандар саны бүгінде 8 мыңнан асады. Олардың 

әлеуметтік деңгейі әртүрлі. Кейбірі тұрақты жұмыстың 

жоқтығын  сылтауратса,  енді  бірі  жауапкершіліктен 

қашады. 


Заңды белшеден басқандар сытылып кете алмай­

ды. Борышкерлерден қарызды өндіру үшін сот орын­

даушылары  барлық  шараларды  қолданады.  Тіпті 

Тергеу судьясының 

өкілеттігі артпақ

Мұғалжар аудандық  сотында «Тергеу судьяларының өкілеттігін арттыру» 

тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.  Іс­шараға  аудандық  соттың  тергеу  

судьясы  Ж.Сейтжапаров,  аудандық  прокуратура  және  Қандыағаш  көлік 

прокуратурасының, аудандық ішкі істер бөлімінің, Қандыағаш станциясы ішкі 

істер желілік бөлімінің өкілдері және Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының 

қорғаушысы қатысты.

Шара  барысында  тергеу  судьясының  өкілеттігін  жүзеге  асыру  кезінде 

туындайтын  мәселелер,  атап  айтқанда,  сотқа  дейінгі  тергеу  барысы,  кепілді 

қолдану,  іздеу  жариялау,  күзетпен  ұстау,  сотқа  дейінгі  іс  жүргізу  барысында 

жәбірленуші  мен  куәнің  айғақтарын  сақтауға  қою  және  т.б.  өзекті  мәселелер 

талқыланды.  Сонымен  қатар,  Мемлекет  басшысының  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарының шеңберінде барлық тергеу қызметіне қатысты өкілеттіктерді тергеу  

судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету мәселесі қарастырылатыны айтылған. 

Қазіргі  таңда  тергеу  судьясы  сегіз  процестік  әрекетке  санкция  береді.  Сот 

бақылауын күшейту аясында жақын уақытта тергеу судьясына бірқатар қосымша 

өкілеттіктер беру көзделіп отыр. Бұған  қарауға, алуға, тінтуге және жеке тінтуге 

санкция беру жатады.

  Шара  соңында  қатысушылар  туындаған  мәселелер  мен  оларды  шешу 

тәсілдерін талқылап, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар шығарды.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал