АҢдатпа 8-бет 5-бет



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/7
Дата22.02.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСЫРЫН ӘҢГІМЕЛЕРДІ ЖАСЫРЫП 

ТЫҢДАУ ӘДЕТКЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Ойталқы


АҢДАТПА

8-бет

5-бет

(Соңы 3-бетте)

№70 (2848) 29 маусым 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

СЪЕЗД — СОНЫ ӨЗГЕРІСТЕР 

АЛДЫНДА СОҢҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ 

САРАПТАУ


«ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУДЕ 

АЯНЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ»



ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ 

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН АЛУҒА РҰҚСАТ  БЕРУ КЕРЕК ПЕ?



Б

ірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатты салымшылар зейнет жасына жетпей-ақ 

алуы мүмкін. Бұлай топшылауымызға ҚР Ұлттық банкінің өзі себепші болып отыр. 

Яғни, Сингапур, Малайзия секілді елдердің зейнетақы жүйесін зерделеген қаржы-

герлер зейнет жасына жеткеннен кейінгі өміріне қажетті ақшаны жинап қойған салымшы-

ларға уақытынан бұрын қордағы ақшасын алуына рұқсат ету мәселесін ойластырып 

жатқан көрінеді. Идеяның дұрыс, бұрысын талқыға салған едік... 

Жақсымбет ӘБІЛОВ,

Алматы қаласы Зейнеткерлер құқығын 

қорғау қоғамының комитет төрағасы:

– Зейнетақы қорындағы қаражат – халықтың 

өз ақшасы. Сондықтан, билік оған қатысты 

қандай шешім қабылдаса да тікелей салымшы-

лармен ақылдасуы тиіс. 

Айдар ӘЛІБАЕВ, 

Қаржы тұтыну одағының төрағасы:

– Мені зейнетақы қорындағы қаражатты 

банктердің жағдайын жақсартуға беріп, ал са-

лымшылардың өз ақшасын өзі басқара алмай 

отырғаны қынжылтады. 

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ 

ТӨРАҒАСЫ 

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ 

ӨТКІЗЕДІ

2016 жылғы 30 маусымда сағат 10.00 мен 

17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот 

жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі 

және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету 

мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы 

Т.Бәрпібаев интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселе-

лер қарастырылатын болады:

– Астана қалалық сотының, аудандық және 

оған теңестірілген соттардың қызметі;

– жеке және заңды тұлғалардың сот төрелі-

гіне қолжетімділігін қамтамасыз ету

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;

– сыбайлас жемқорлық көріністерінің ал-

дын алу мәселелері; 

– электрондық – ақпарат сервистерін пай-

далану;


– кадрлық саясат.

Астана  қаласы  соттарының  қызметіне 

қатысты  барлық  сұрақтар  мен  өтініштерді 

азаматтар  Астана  қалалық  сотының  ресми 

сайтының http://astana.sud.kz/rus/node/add/

question  сілтемесіне  жібере  алады.  Барлық 

сұрақтар мен өтініштерге жауаптар сол күні 

Астана  қалалық  сотының  интернет-ресур-

сында орналастырылатын болады.

Астана қалалық сотының 

баспасөз қызметі

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ЖИЫН БАСТАЛДЫ

Елордада  «Энергетика  секторындағы 

сандық  технологиялардың  рөлі  мен  оның 

Қазақстанның  экономикалық  трансформа-

циясына  әсері»  тақырыбында  халықаралық 

конференция басталды. Онда энергетика са-

ласындағы сандық технологиялардың қазіргі 

жай-күйі мен дамуы, республикадағы қайта 

қалпына келетін энергия көздерін пайдалану 

жолдары талқыға түсті. «Қазір әлемнің эко-

номикалық инфрақұрылымы тағы да транс-

формацияға ұшырап отыр, осылайша, инду-

стрияланып жатқан елдер экономикалық да-

мудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып отыр. 

Сондықтан, сандық технологиялардың эконо-

микадағы рөлі мен экономиканың трансфор-

мациялануы Қазақстан үшін де маңызды», –  

деді конференцияны ашқан Конрад Аденауэр 

атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі ди-

ректоры Томас Хельм.

Т.ИБАШЕВА

Біздің қоғамда заң шығару да, оны орындамай, аяқсыз қалдырып кету де оңай 

шаруаға айналып тұр. Ал, заң шығарушы орган әдетте заңдарды айқай-шу ат-

танмен қабылдаттырып, қоржынын босатқаннан кейін оның орындалуын бақыла-

майды. Ел аумағындағы заңдардың орындалуын мемлекет атынан қадағалайтын 

прокуратура органдары да бұл мәселеге сүлесоқ қарайды.

Орайы келген әңгіме



(Соңы 4-бетте)

Съезд қарсаңында



Жанат ЖАЙЛАУБАЙ, 

Алматы гарнизоны әскери 

сотының төрағасы:

«СОТ 


ХАТТАМАСЫН 

ҚОЛМЕН ЖАЗУ 

ҚОЛДАНЫСТАН 

ШЫҚТЫ»


– Ұлт жоспарының нақты 

өмірдегі қолданысын бағамдай-

тын сәт те жақындап қалды. 

Ендеше, маңызды құжат негізінде 

қолданысқа енгізілген заңдар, 

жаңа реформалар сот саласының 

жұмысына қаншалықты әсер етті 

деп ойлайсыз? 

Қазіргі уақытта елімізде жүр-

гізіліп жатқан сот-құқықтық ре-

формалардың нәтижесі өз жемісін 

берді деп айтуға толық негіз бар. 

Адамдардың әділ сот төрелігіне 

деген сенімі уақыт өткен сайын 

артып келеді. 

Сот билігінің бұрынғы бес са-

тыдан қазіргі үш сатыға ауысуы да 

қарапайым жұрт үшін сот төрелі-

гінің қолжетімділігін қамтамасыз 

ету мақсатындағы оң өзгерістер 

деп айтуға болады. Өзінің құқығы 

бұзылды деп ойлаған кез келген 

азамат алдымен сотқа жүгінетіні 

заңдылық.  Бұл  –  бүгінгі  жүр-

гізіліп отырған мемлекеттік сая-

саттың оң нәтижесі. Ал, қоғам 

алға ілгерілеген сайын судья ның 

кәсіби біліктілігіне деген талап 

күшейе түспек. Сонымен қатар, 

бүгінгі күні судья мәртебесі Ел-

СУДЬЯ ӘДЕБІ КОДЕКСІ — 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРАТЫН 

ЖАҢАШЫЛ  ЖОБА

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл ширек ғасыр толады. 

Әрине, бұл адам баласының ғұмырымен есептегенде әжептәуір 

уақыт болғанымен, тарихи жылнама өлшемімен алып қарасақ, 

аса ұзақ мерзім емес. Десек те, «Елге бай құт емес, би құт», «Тура 

биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деп философиялық 

ой түйген бабалар сөзінің бүгінгінің билеріне берер тәрбиелік 

мәні мен тағылымы ерекше деп ойлаймын.

көшіріп алынып, тықпаланатын мұндай құжаттар-

дың ғұмыры тым қысқа болатындығын айтады. 

Кезінде халық қалаулыларының қатаң талқысынан 

өткенімен, шын мәнінде іске аспай, «өлі» заңдардың 

қатарын көбейтіп отырған құжаттардың қара-құра-

сына қарап, әлгіндей пікірлердің растығына күмән-

дана алмайсың.



Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


Осындай саны бар да сапасы жоқ заңдарға тал-

дау жасап жүрген мамандарымыз, қоғамдағы ой-са-

наның ерекшелігі ескерілмей, өзге мемлекеттердің 

мыңдаған ғасырлық тәжірибесінен дайын күйінде 

басының 2000 жылғы 25 жел-

тоқсанда қол қойған «Қазақстан 

Республикасының  сот  жүйесі 

мен судьяларының мәртебесі ту-

ралы» Конституциялық заңымен 

белгіленгені баршаға аян. Одан 

бергі жылдарда аталған заң үнемі 

жетілдіріліп, судьяның доғарысқа 

немесе зейнет жасына толуына 

байланысты оларды әлеуметтік 

қорғау мемлекет тарапынан үнемі 

қолдау тауып келеді. 

Ата Заңымызда көрсетілген-

дей, Қазақстан Республикасында 

сот төрелігін тек сот қана жүзеге 

асырады. 



(Соңы 5-бетте)

2

№70 (2848) 

29 маусым 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Оң қадам 



Игі іс

Сот пен әкімдік 

меморандумға қол қойды

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Өткен сенбіде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын 

дамыту бойынша сот пен әкімдік арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға 

қол қойылды. Іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, облыстық соттың төрағасы 

Нұрсерік Шәріпов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев, облыстық 

соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы 

және өзге де сот саласының қызметкерлері қатысты. Алдымен облыстық соттың 

ғимаратын аралап көрген қонақтар мұражай мен кітапхананың, сот мәжіліс залдарының 

жұмысымен, электронды іс жүргізудің ерекшеліктерімен танысты. 

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды іске 

асыру мақсатында Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов пен Ақмола 

облысының әкімі С.Кулагин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол 

қойды. Шара облыстың судьялар корпусының, облыс әкімдігінің, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының, медиацияны дамыту орталығының, адвокаттар коллегиясының, 

нотариалдық палата мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қызылорда  облыстық  соты 

Байланыс және ақпарат қызмет­

керлері  күніне  орай  өткізілген 

«Сот репортері» шығар машылық 

байқауының  қорытындысын 

жариялады. 

Аталмыш сайыс соттардың қызметі 

туралы  азаматтардың  ақпарат  алу 

деңгейін  көтеру,  олардың  тартыс-

ты  оқиғаларды  құқықтық  әдіспен 

шешуге  сенімін  арттыру,  сондай-

ақ,  қоғам  игілігіне  жұмыс  істеп 

жатқан  Фемида  қызметкерлерінің 

ауыр да мәртебелі еңбегіне бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  назарын 

аудару  мақсатында  жыл  сайын 

ұйымдастырылады.

Шарада  Қызылорда  облыстық 

сотының төрағасы БАҚ өкілдерін төл 

мерекесімен құттықтап, шығарма-

шылық  табыс  тіледі.  Сонымен 

қатар,  Н.Қайырбеков  баспасөз 

өкілдеріне кез келген ашық өтетін 

сот процесіне қатысуға болатынын, 

баспасөз қызметінің ашықтық пен 

жариялылықта жұмыс атқаратынын 

жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша 

судьялардың кезектен тыс өткізілетін 

Дода

БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 

Алаяқ 

жазасын алды

Қазіргі  таңда  бөтеннің  мүлкін 

жымқыру,  алаяқтық  қылмыстары 

өршіп тұр. Аталған құқықбұзушылыққа 

Қылмыстық кодекстің 190-бабында 

жауапкершілік белгіленген. Алатау 

ауданында соңғы бес айда алаяқтыққа 

қатысты 419  іс сотқа дейінгі тергеп-

тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген. 

Бұл жалпы қылмыстардың жетіден бір 

бөлігі болып табылады. 

Алаяқтық жасап, жауапқа тартылған 

азамат тың бірі Тойшыбаев жақында 

сот  үкімімен  тиісті  жазасын  алды. 

Ол  2013  жылы  желтоқсан  айында 

А.Абдуманаповамен танысады. Әйел 

әңгіме  барысында  ұлының  жоғары 

оқу орнына түсуі қажет екенін айтқан 

болады.  Мұны  естіген  Тойшыбаев 

пайда табуды ойлап баланы өзі жұмыс 

істеп жүрген «Гончаров атындағы Қазақ 

автомобиль-жол» академиясына алып 

келуді ұсынады. Бұл ұсынысқа қуана 

келіс кен А.Абдуманаповаға Тойшыбаев 

ұлының  құжаттарын  және  243.000 

теңге алып келуді сұраған. Бұл аздай, 

тамыз айында құжаттар мен ақшаны 

алған ол 2015 жылдың мамыр айында 

диплом алып беремін деген желеумен 

А.Абдуманаповадан  930.000  теңге 

алған. 

Жақында Алматы қаласы Алатау 



аудандық сотының үкімімен Тойшыбаев 

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 1-тар-

мағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға 

бас бостандығынан айырылған бола-

тын. Оған ҚК-нің 63-бабы қолданылып, 

тағайындалған жазасын шартты деп 

есептеп, сол мерзімге пробациялық 

бақылау тағайындалды.  



Н.ЗАКИРЖАН,

Алматы қаласы Алатау 

аудандық прокуратурасының бөлім 

прокуроры 

БАСПАНАНЫ ТІРКЕУДЕ 

БЕЙҚАМДЫҚ ТАНЫТУҒА 

БОЛМАЙДЫ


– Меморандум мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 

айтылған идеяларына толықтай сай екендігін айтып, дауларды реттеудің сотқа 

дейінгі және соттан тыс институттарын жан-жақты дамыту, белсенді түрде енгізу, 

сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, сондай-ақ, алқабилерге 

үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру мәселесінде өзара әрекеттестікті күшейтуге 

мүмкіндік береді. Бітімгершілік – судьяның алтын шешімі. Әрине, ол үшін халықтың 

құқықтық сауатының жоғары болуы да өте маңызды. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат 

құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргіземіз. Судьяларымыз әділдіктің ақ 

туын жоғары ұстауға мүмкіндіктері де, білімі мен біліктілігі де жетеді. Облыстық 

соттардың ішінде жұмыс сапасы жағынан республикада үшінші орын алуымыз 

осының дәлелі бола алады, – деді өз сөзінде сот төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы. 

Бүгінгі шараның маңыздылығына айрықша тоқталған облыс басшысы Бейбіт 

Бәкірұлы өз ойын төмендегіше жеткізді:

– Бүгінгі тарихи күн  елдің ынтымағы мен ауызбіршілігін арттыруға үлкен үлес 

қосады деп ойлаймын. Қазақ халқы үшін бітімге келу ең ұтымды шешім болып 

есептелген. Ал, судьялар үшін халықтың сеніміне ие болу маңызды мәселе. Бұл үшін 

жан-жақты жағдай жасалған. Жаңа Нұрсерік Кәрімұлының жұмыс бөлмесіне кіргенде 

барлық сот мәжіліс залдарында өтіп жатқан процестерді бейнебақылау арқылы 

бақылап отыру мүмкіндігі барына көз жеткіздім. Әр істің артында адам тағдыры 

тұрғанын ескерсек, қазылардың шешім қабылдауда қателесуге болмайтыны айтпаса 

да түсінікті. Бүгінгі қол қойылатын меморандумның арқасында алдағы уақытта 

татуласқан тараптардың саны бүгінгіден әлдеқайда артатынына сенімдімін. 

Жалпы, судьяларға да, шенеуніктерге де дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Рас, 

кейде атқарушы билік тарапынан қателіктерге жол беріліп, ол сот арқылы түзетіліп 

жатады. Ол қателіктер экономикалық, тұрмыстық дауларға ұласуы да мүмкін. Өйткені, 

ондай жағдайда халықтың құқына қол сұғушылықтар орын алады. 

Жиын барысында Меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары 

туралы облыстық соттың татуласу рәсімі бойынша үйлестіруші судьясы Нұрлан 

Биболов баяндама жасаса, облыстық шешен-ингуш этномәдени орталығының 

төрағасы Хасан Бациев Меморандумның оң нәтиже беретініне сенімділігін білдірді.   



Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Ақмола облысының әкімі С.Кулагин өз сөзінде облыстық сот пен Ақмола 

облысы әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға 

қол қою ең алдымен қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз еудің 

конституциялық принципін жүзеге асыруға және мемлекет өмірінің маңызды 

мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті. «Татуласу рәсімдері институты, 

нақтырақ айтсақ, медиация құқықтық дауларды реттеу әдісі ретінде, қоғамдық өмірде 

ерекше маңызға ие. Қылмыстық істерге қатысатын алқа билерді тиісті әрі уақытылы 

іріктеу бойынша соттардың жұмысы, әкімдіктердің алқа билігіне үміткерлер тізімін 

сапалы құрастыруына байланысты», – деді С.Кулагин.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс әкіміне облыс орталығы мен 

аудандарда медиация кабинетін ашу бойынша атқарылған жұмыстар үшін алғысын 

білдірді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға сот ісін жүргізудегі ақпараттық 

технологияларды насихаттау сұрақтарын шешудегі өзара әріптестігі мен көрсетілген 

қолдаулары үшін ризашылығын білдірді. 

– Бүгін облыста ынтымақтастық бойынша өте маңызды құжатқа қол қойылады. 

Бұл құжат медиация институтын белсенді ендіру мен жан-жақты нығайтуға, халықтың 

қолайлылығы үшін сот ісін жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдана 

отырып, алқа билігіне үміткерлер тізімін қалыптастыру мәселесі бойынша өзара 

әрекеттесуді күшейтуге арналған, – деді облыстық соттың төрағасы. 

Облыс әкімі басқосу соңында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен 

мүдделерін қорғауға арналған барлық бастамаларды толық қолдайтынын айтты. 

«Бұл Ақмола облысында медиацияны қолдану, сондай-ақ өзара белсенді қарым-

қатынас жасау бойынша шешімін табатын өзге де мәселелерді әрі қарай  дамыту 

бойынша тың серпін беретін маңызды оқиға болмақ», – деді Н.Әбдіқанов.



Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

VII съезіне Қызылорда облысы судья-

ларының  дайындығы  мен  өзіндік 

ұсыныстары, сот саласындағы жаңа 

технологиялар бойынша түсірілген 

сараптамалық бейне материалымен 

1  орынды  Қызылорда  қоғамдық 

телеарнасының тілшісі Бүркітбаева 

Гүлнұр иеленді. 2 орынға «Халық» 

газетінің тілшісі Есімова Гаухарайдың 

судья лауазымының қиын тұстары 

бейнеленген очеркі лайық деп табылды. 

Ал,  3  орын  аудандық  «Толқын» 

газетінің тілшісі Әйтімова Лаура мен 

облыстық «Кызылординские вести» 

газетінің тілшісі Манабаева Айнагүлге 

бұйырды.

Оқ бойы озық шыққан журналистер 

арнайы диплом және бағалы сыйлық-

тармен марапатталды.



Қызылорда облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Пәрмен 


арманы  орындалды.  Қазақ  ССР 

Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бұл 

заң 1990 жылғы 1 шілдеден бастап 

күшіне енгізілді. Міне, содан бері 

Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің 

дамуы,  оқытылуы  мен  қолданыс 

аясының  кеңеюіне  және  ресми 

мекемелерде іс жүргізуді қазақшаға 

көшіруге қатысты түрлі бағдарлама 

қабылданып, өзге ұлт өкілдерінің де 

мемлекеттік тілді меңгеруіне барынша 

жағдай  жасалып  келеді.  Мәселен, 

мемлекеттік  мекемелерде  қызмет 

ететін азаматтарға мемлекеттік тілді 

үйрету курстары тегін жүргізіледі. 

Бұл жерде ең бастысы, тіл үйренем 

деген ниетіңіз болса болғаны. Сол 

сияқты, қазақ тілін білетін өзге ұлттың 

азаматтары арасында түрлі байқау-

лар ұйымдастыру да әдемі дәстүрге 

айналып  отыр.  Бұл  1997  жылы 

Тұғыр


ТІЛІ БІРДІҢ — ТІЛЕГІ БІР

Қазақстан Президенті бекіткен «Тіл 

туралы» Заңның жемісі екені даусыз. 

Яғни,  аталған  заңның  4-бабында 

«үкімет мемлекеттік мәртебесі бар 

қазақ тілін азаматтардың еркін және 

тегін  меңгеруіне  қажетті  барлық 

ұйымдастырушылық, материалдық-

техникалық  жағдайларды  жасауға 

міндетті» деп көрсетілген. Жалпы, 

мемлекеттік тіліміздің тұғырының 

берік әрі биіктей түсуіне Ата Заңымыз 

зор ықпал еткенін айта кетпеске болмас. 

Себебі, Қазақстан Республикасының 

1993 жылғы қаңтарда қабылданған 

–  Конституциясында  мемлекеттік 

тіліміздің мәртебесі тағы да нақты-

ланды.


Жандос БЕКСҰЛТАНОВ,

Түрксіб аудандық әділет 

басқармасының басшысы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәр-

тебесін алғанына ширек ғасырдан 

асты. Еліміз өз тәуелсіздігін алмас 

бұрын  1989  жылы  Қазақ  ССР 

Жоғарғы  Кеңесі  «Тіл  туралы  заң» 

қабылдап,  осы  заң  аясында  қазақ 

тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. 

Осылайша, халықтың көптен күткен 

Қарап отырсақ, жеңіл жолмен баюды, тез арада табыс табуды 

көздейтін жандардың аңдитыны – баспана, жылжымайтын мүлік. 

Өйткені, баспанаға қатысты қылмысқа тәуекел еткендер бір сәтте мол 

қаржыны қарпып қалады. Сондықтан, жылжымайтын мүлікті тіркеу 

мәселесіне атүсті қарамау керек. Алаяқтар көбінесе азаматтардың 

құқықтық сауатсыздығын, сенгіштігін, қорғансыздығын, құжатқа 

жауапсыз қарауын өз мүдделеріне пайдаланады. Яғни, қыруар 

қаржыға алынатын баспананы тіркеуде ешкімге сенім артуға, 

қолхатсыз қадам жасауға болмайды. Сонымен қатар, жылжымайтын 

мүлікке қатысты құжаттарға да жауап тылықпен қарап, қауіпсіз 

жерде сақтаған дұрыс. Кейде азаматтардың осындай бейғамдығын 

пайдаланып құжатын ұрлап, оны өзгеге сатып жіберетіндер де 

табылады. Әрине, заңсыз жасалған келісімшарттың түбін қазса, 

шикіліктің анықталары анық. Бірақ, баспананың маңдай теріңмен 

табылған дүние екенін дәлелдеудің өзі қаншама уақытты алады, 

жүйкені жұқартады. 

Әрі қазіргі кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу де 

бұрынғыдай ұзақ уақыт алмайды. Нотариус та келісім рәсімделгеннен 

кейін 1 күн ішінде кез келген жан өз құқығын әділет органдарында 

тіркеуге мүмкіндік алып отыр. Келісімге қол қойылғаннан кейін 

нотариус сатып алушының жазбаша келісімімен өзінің электронды 

цифрлы қолтаңбасымен құпталған құжаттарды «Е-нотариат», яғни 

бірыңғай нота риалды ақпараттық жүйенің бағ дарламасы арқылы 

аумақтық әділет органына жібереді. Қазір бұл жаңалық жер-жерде 

жан-жақты түсіндірілуде. Өйткені, отандастарымыз өз құқығын біліп, 

өзгеге есе жібермеуі керек.



Жамила ТАҒАТОВА,

Алматы қаласы Әділет департаменті мұрағат бөлімінің 

қызметкері

№70 (2848) 

29 маусым 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Камила ЫСҚАҚОВА, «Заң газеті»

Ойталқы


ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ 

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН АЛУҒА РҰҚСАТ  БЕРУ КЕРЕК ПЕ?



Айдар ӘЛІБАЕВ, 

Қаржы тұтыну одағының төрағасы: 

Жақсымбет ӘБІЛОВ,

Алматы қаласы Зейнеткерлер құқығын қорғау 

қоғамының комитет төрағасы:

Қарапайым  өзгерістердің 

өзін дер кезінде халыққа айтып 

түсіндіру болашақ зейнеткер-

лердің құқығын аяқасты етпеу­

мен  тең.  Сонда  ғана  халық 

өздерінің  табан  ақы,  маңдай 

терімен  жинаған  ақшалары-

ның сенімді қолда екеніне көз 

жеткізеді.  Ал,  енді  сол  қара-

жатты зейнет жасына жетпей 

алуға келсек, бұл ойланатын 

мәселе.  Себебі,  болашақта 

салымшылардың  қордағы 

жинағының  мөлшері  тікелей 

оның зейнетақысының көлемі-

не әсер етуі мүмкін. Егер бүгін 

ақша керек деп, бар жиған­тер-

геніңізді алып қойсаңыз, қар-

тайғанда кімге алақан жаясыз? 

Осы  жағын  да  ескеру  қажет. 

Әрине,  бұл  мәселе  әркімнің 

жеке  басына  қатысты.  Оның 

үстіне, қордағы ақшаны алуға 

рұқсат берсе, бірінші кезекте 

төмен  және  орташа  жалақы 

алатын  азаматтар  ақшасын 

алуға асығады деп ойлаймын. 

Өйткені, көпшілігінің басында 

несиесі  бар  немесе  баласын 

оқытуға  ақша  жеткізе  алмай 

отыр.  Ал,  жалақысы  жоғары 

кісілерде ондай мұқтаждық жоқ. 

Бірақ, ақшаны жұмсау мақса-

тында емес, пайда көру үшін 

алсаңыз, әңгіме басқа. Пайызы 

жоғары депозит ашып көбей-

туіңізге  немесе  кәсіпкерлікке 

салып  еселеп  алуыңызға  да 

болады. Өз басым, жинақтың 

өзіме жеткілікті бір бөлігін қорда 

қалдырып, артығын алар едім. 

Менің білуімше, зейнетақылық 

аннуитетінде осындай мүмкін-

дік  қарастырылған.  Әйелдер 

50 жасында, ерлер 55 жасында 

жеткілікті  қаражатты  жинап 

үлгерсе,  алуларына  болады. 

Жалпы, қолданыстағы заң бо­

йынша азаматтардың қордағы 

зейнетақы жинағы адам қайтыс 

болса, немесе шетел азамат-

тығын алған жағдайда уақты-

сынан бұрын ғана беріледі. 

Бұл  сұрақтың  астарында 

үлкен әлеуметтік мәселе жа-

тыр.  Ең  бастысы,  салымшы-

лар  ұтылмауы  тиіс.  Мемле-

кеттің де зейнетақы қорының 

тұрақтылығын  сақтап  қалуы 

маңызды. 

Бірыңғай зейнетақы жинағын зейнетке 

шыққанға дейін пайдалануға да қарсымын. 

Бұл қаражат адам қартайып, өзінен күш­куат 

кеткенде қажетіне жарататын жеке ақшасы. 

Бір бөлігін шығарып ала салатын депозит 

емес. Бұл – әлеуметтік қаражат. Зейнетақы 

қорындағы қаражат мәселесі сонау 1998 жыл-

дан бері сөз болып келеді. Қорға жиналған 

аз ғана қаражатты алуға ниеттілердің қатары 

сол жылдары да болған. Себебі, халық бұл 

жүйенің мәнін әу баста да, қазір де түсінбей 

әлек. Түсіндіріп жатқан да ешкім жоқ. Қазір 

қорда әжептәуір қаржы бар. Бірақ, бірыңғай 

зейнетақы қорына қатысып отырған халықтың 

80 пайызға жуығының жинаған ақшасы 700 

мыңға жетер­жетпес. Яғни, 60­120 мың теңге 

жалақымен қанша жинаймын дейсің? Әрине, 

банктердің бірінде істесек, басқаша есептер 

едік. Әзірге айдан­айға жалақысын әрең жет-

кізіп жүрген жұртшылық зейнетақы қорындағы 

мардымсыз жинағына көз салмай­ақ қойға-

ны абзал. Ұлттық банк төрағасы шетелдік 

тәжірибеге сүйеніп отыр. Бірақ, біздің елдің 

зейнетақы жүйесі мен Сингапур немесе Ма-

лайзияның зейнетақы жүйесі салыстыруға 

келмейді. Бұл елдер халқының менталитеті 

де, экономикасы, саясаты да бізге ұқсамайды. 

Өндірісі дамыған, шағын және орта бизнесінің 

әлеуеті мықты, халқының өмір сүру деңгейі 

жоғары елдер. 

Сосын, біз қызығып отырған Сингапур 

сыбайлас  жемқорлық  дегеннің  не  екенін 

білмейді. Ал, біз бұл жағынан көш бастап тұр-

мыз. Қанша жерден күрессек те, жең ұшынан 

жалғасқан жемқорлықты жеңе алмай келеміз. 

Кейбір мемлекеттермен өзімізді салыстыру 

үшін, заң билігін орнатып, жеке меншікке 

қол сұғылмауын қамтамасыз ету керек. Қазір 

зейнетақы қаржысына қол салуға тосқауылды 

алып тастасақ, арты жақсы болмайды.

Бүгінгінің бас тақырыбы

ЖАСЫРЫН ӘҢГІМЕЛЕРДІ 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал