АҢдатпа 8-бет 3-бет



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

8-бет

3-бет

(Соңы 5-бетте)

№44 (2969) 13 маусым 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

СӨГІС БЕРУ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА 

СЕС БОЛА АЛМАЙДЫ

САҚИНА САЛҒАН ІЗ

Орайы келген әңгіме

(Соңы 6-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» 

ЖШС дүң гір шек тері және Алматы 

қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы 

жазы лу ла ры ңызға болады.

(Соңы 4-бетте)

 Астана тағы да тұтас әлемнің назарын өзіне аударды. Көптен 

күткен күн де келіп жетіп, өткен жұмада ЭКСПО-2017 халықаралық 

көрмесінің тұсауы кесілді. Бұл салтанаттың көзге, көкейге сыйлаған 

әсерін сөзбен жеткізу қиын.

Елордамыздың аумағы 200 гектарға жуық жаңа алаңында сәулет 

өнерінің  инновациялық жетістіктерін өн бойына жинақтап бой 

көтер ген көрме қалашығының тұтас бейнесі керемет. Ресми түрде 

ашылу сәтінде жарқырап төгілген мың түрлі сәуле бұл алаңды тіпті 

қиял ғажайып ертегілер әлеміне айналдырып  жіберді. Алайда, ол 

ӘКІМДІК СОТТАРДЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫН



– Дінмұхаммед Ерғалиұлы, 

жұрт  аумақтық  прокуратура 

орган дарының  жұмысынан 

хабардар  болғанымен,  өзіңіз 

басқаратын Әуе-көлік прокура-

турасының  қандай  қызмет 

атқаратындығынан хабарсыз. 

Анығында, сіздер немен шұғыл-

данасыздар?

– Ата заңымызда көрсетілген 

қадағалау функциясы прокуратура 

органдарының  бәріне  де  ортақ. 

Мәселен, Әуе-көлік прокуратура-

сы Алматы әуежайынан ұшатын 

немесе қонатын ұшақтар мен он-

дағы мыңдаған жолаушылардың 

қауіпсіздігіне қатысты заң талапта-

рының орындалуын жіті қадағалап, 

кәсіпкерлер  мүддесін,  олардың 

конституциялық құқығының бұ-

зылмауын бақылайды. Бүкіл әлем 

жұртшылығын үрейде ұстап оты-

рған  экстремизм  мен  лаңкестік 

әрекеттерінің алдын алып, оның 

өріс алуына жол бермеу де бүгін-

гі өзекті мәселелердің бірі. Осы 

жұмыс тардың заңдылығын қадаға-

лап, талаптың бұзылуына жол бер-

меу Әуе-көлік прокуратурасының 

нігізгі міндеттерінің бірі саналады.



ертегінің заманауи сипаттағы ертеңмен, болашақпен жал-

ғасқан, табиғатпен біте қайнасқан өз философиясы бар еді. 

Ол – жаңғырған, жаңарған қуат көздері. Бірде от боп лаулаған,  

бірде су болып төгілген, бірде найзағайдай жар қыраған, 

бірде құйындай дөңгелеген фейерберк сәулелері қас қағым 

сәтте жүз құбылып, адамзатқа қоршаған ортаның құпиясын, 

тылсымын,  болмысын, құдіретін ұқтырғандай.

Ақпарат


Кеңесті  А.Мерғалиев  ашты.  Облыстық  сот 

төрағасы  жиынға  қатысушыларды  Қостанай 

облысы соттарының ағымдағы жылдың 5 айындағы 

сот  төрелігін  жүзеге  асыру  және  істерді  қарау 

барысындағы заңдылықтың сақталу нәтижелерімен 

таныстырды.  Бұдан  әрі  Қостанай  облысындағы 

Судьялар  одағы  филиалының  Судьялық  әдеп 

комиссиясының  төрағасы  Қ.Салмұхаметов 

өңірдегі судьялар дың іс-әрекетіне қатысты келіп 

түскен  өтініштер  мен  шағымдарды  қараудың 

нәтижесі туралы ақпаратпен таныстырды, сондай-

ақ,  Қостанай  облыстық  сотының  судьясы,  оқу 

бағдар ламаларының  үйлестірушісі  Г.Сейдах-

метова Оқу орталығының 2017 жылғы жұмысынан 

хабардар етті. 

Кеңестің  жұмысын  қорытындылай  келе, 

Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Мәми Ұлт жос парында 

көзделген  реформаларды  іске  асыру  бойынша 

сот жүйесі жұмысындағы жағымды көрсеткіштер 

туралы айтты. Сот төрелігі тұрғындар үшін ашық 

әрі қолжетімді бола түсті, судьяларды іріктеу мен 

мансаптық  ілгерілету  жүйесі  жетілдірілді,  жаңа 

институттар мен құқықтық актілер, соның ішінде 

Азаматтық процестік кодекс сәтті қолданылуда.



Дінмұхаммед СЕРІКБАЕВ, 

Қ.Р Бас прокуратурасының 

Алматы Әуе-көлік прокуроры:

«ТЕРГЕУ САПАСЫ 

ТЕРГЕУШІНІҢ 

ҚАБІЛЕТІНЕ 

БАЙЛАНЫСТЫ»

Кеңес


Бүгінгінің бас тақырыбы

Қ

останай облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылдың 5 айындағы атқарған сот төрелігінің 



қорытындылары шығарылды. Іс-шараға Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми, Қостанай облысының 

әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыстық 

соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, жергілікті соттардың судьялары қатысты. Бұған қоса, 

іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың басшылары, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері 

мен Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты.

Құрылыс материалдары

экспортқа шығарылмақ

Қазақстан  алдағы  уақытта  құрылыс 

ма териал дарын экспортқа шығаратын елге 

айналады. 

Бұл  туралы  кеше  халықпен  есептік  кез­

десуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму 

министрі  Жеңіс  Қасымбек  хабарлады.  Ол: 

«Құрылыс материалдарын жасау секторында, 

өңдеуде өсім 7 пайызды құрады. Қазақстанда 

көпқабатты үй салынғанда 70­80 пайыз өзіміздің 

материал  қолданылады.  Ал  жекеменшік  үй 

сал ған да  бұл  көрсеткіш  90  пайыздан  асады. 

Енді ол шетелге шыға ма, жоқ па? Шығады. 

Бүгінгі  күні  гипсокартон,  бояулар,  битум 

сынды  тауарлар  шығарылады.  Жыл  сайын 

экспортқа  шығарылатын  тауар  көлемі артып 

келеді. Болашақта Орталық Азияда осы саланы  

дамытып,  шетелге  құрылыс  материалдарын 

шығаратын мемлекеттердің біріне айналамыз деп 

жоспарлаудамыз», – деді.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ

14 мемлекеттік 

қызметші 

сынақтан сүрінді

Алматы  облысында  «Б»  корпусының 

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттес­

таттау жұмыстары аяқталды. 

Облыс  бойынша  сынаққа  барлығы  5514 

қызметші қатысса, сынақ нәтижесіне сай жер­

гілікті және орталық атқарушы органдардан 14 

маман жұмыстан босатылып, 71 қызметшінің 

лауазымы төмендетілген. ҚР Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­

қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша депар­

таментінің дерегіне сәйкес, 381 қызметшінің 

біліктілігіне сай қызметін жоғарылату ұсыны­

лыпты. Ал, қалғандары атқарып отырған лауа­

зымына сай деп танылған.



С.ОРЫНБАСАР

Үйір жылқы 

айыптұрағына қамалды

Атырауда қала көшелерінде бос жүрген 

үйірлі  жылқыны  ішкі  істер  саласының 

қызмет керлері қамауға алған. 

ІІД­нің  баспасөз  қызметі  жариялаған 

мәліметке сүйенсек, он үш жылқы, үш құлын 

қала  көшелерінде  емін­еркін  жүріп,  көлік 

қозғалысына  кедергі  келтірген.  Сондай­ақ 

көше бойындағы жасыл желектерге жайылып, 

қоршаған ортаға да айтарлықтай залал кетіріпті. 

«Үйір жылқыны айыптұраққа апаруға тура келді. 

Бүгінде жылқылардың иесі белгілі. Ол енді мем­

лекетке 45 380 теңге көлемінде  айыппұл төлеген 

соң ғана малын әкете алады», – дейді аймақтың 

ІІД баспасөз қызметі. 



К.ЫСҚАҚОВА

ӘЛЕМ НАЗАРЫ – АСТАНАДА



2

№44 (2969) 

13 маусым 2017

zangazet@mail.ru



құқық

Алтын көпір

Төраға тұрғындармен 

тілдесті


Билер сотын зерттеу 

кезек күттірмейді

Шараның негізгі мақсаты сот төрелігінің ашықтығы мен 

қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орна-

тып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру болып 

табылады. 

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын ала 

облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді. 

Интернет-конференция барысында 12 сұрақ түсті. Атап 

айтқанда,  тұрғындар  2016  жылғы  14  желтоқсанда  қол-

данысқа енген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау 

туралы»  заңын  қолданумен  байланысты,  шартты  түрде 

сотталу, сотта қылмыстық істерді процестік келісімде қа-

рау, сонымен қатар, азаматтық сот өндірісінде қаралған 

істер  бойынша  медиация  тәсілін  қолдану  мәселелері 

жөніндегі сұрақтарымен жүгінді. 

Интернет-конференция  барысында  облыстық  сот 

төрағасы  барлық  түскен  сұрақтарды  ұқыпты  қарап, 

әрқайсысына заңға сәйкес толық жауап берді. 



Ақтөбе облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Конференцияны  ашқан  университет 

ректоры  Абзал  Талтенов  барлық  қаты-

сушыларды  билердің  рөлі  мен  дәреже-

сінің  маңыздылығын  жан-жақты  талқы-

лауға,  жаңа  танымдарға  шабыт  беріп, 

жаңа зерттеулерге кеңістіктер ашып және 

де бүгінгі конференцияның түпкі мақса-

тына қол жеткізуге шақырды.

Содан  соң  сөз  сөйлеген  Атырау  об-

лыстық  сотының  төрағасы  Марғұлан 

Бектұрғанов  Елбасы  өзінің  бағдарла-

малық  құжатында  ХХІ  ғасырдағы  қа-

зақстандықтардың  ұлттық  сана-сезімін 

дамытудың  нақты  тетіктерін  ұсынғанын 

атап, қазақ халқының бай тарихи мұрасын 

сақтап қалудың маңызына тоқталды.

– Қазақтың билер соты – теңдесі жоқ 

жүйе. Билер сотының жағымды элемент-

терін тану және қалпына келтіру арқылы 

ұлттық  құндылық  ретінде  сақтап  қала 

аламыз. Бүгінде сот жүйесі көшпелі өр-

кениеттің  құқық  жүйесін  жалпымәдени 

құндылық  ретінде  тани  отырып,  теңдесі 

жоқ  билер  сотын  зерттеуді  әлем  жұрт-

шылығының алдына шығаруға талпынуда, 

– деді М.Бектұрғанов.

Секцияда судьялар, медиаторлар, про-

фессорлар мен жоғары оқу орындарының 

студенттері сөз алып, өз баяндамаларын-

да билер сотының рөлін тереңінен ашып, 

Конференция



А

тырауда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы-

ру» мақаласын бүкілхалықтық талқылау аясында «Билер соты – қа-

зақ қоғамының ұлттық құндылығы» атты көне дала институтына арналған 

ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға бастамашы болған Атырау 

облыстық соты конференцияны Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мем-

лекеттік университетінің қабырғасында ұйымдастырды.

Ақтөбе  облыстық  сотының  төрағасы 

Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен ин-

тернет арқылы тілдесті. 

Конференция  барысында  облыстың  бірнеше  тұрғы-

нынан  сауал  түсті.  Сұрақтар  қылмыстық,  азаматтық 

және  әкімшілік  істер  бойынша  сот  төрелігін  жүзеге 

асыруға  байланысты  болды.  Мәселен,  азамат  А.Фисун 

ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотталған 

Т.Вальковаға  қатысты  қылмыстық  іс  бойынша  сауал 

қойды.  Азамат  сот  тағайындаған  жаза  бойынша  сот-

талушыға  тиесілі  мүліктің  тәркіленуі  жәбірленушілерге 

келген  материалдық  шығын  өтемінің  кепілі  бола  ала-

тындығы  туралы  білгісі  келген.  Бұл  сауалға  төраға  іс 

бойынша материалдық шығынды өндіру туралы шағым 

азаматтық іс жүргізу тәртібімен қанағаттандырылғанын 

мәлімдеді.  Ал,  апелляциялық  саты  мүлікті  тәркілеуді 

сотталушыға қосымша жаза түрінде тағайындаған. Тәр-

кіленген  мүлік  материалдық  шығынды  өтеу  үшін  емес, 

мемлекет пайдасына өтеді. 

Лисаков  қаласының  тұрғыны  өзінің  үстінен  сотқа 

шағым жазған танысының бітімгершілікке келгісі келмей-

тіндігін баяндаған. Бұл мәселе бойынша Асламбек Аман-

гелдіұлы сотқа бітімгершілікке келу туралы өтініш жазуды 

ұсынды. Өз кезегінде, судья екі тарапты да медиаторға 

жібереді.  Егер  медиатор  екі  тарапты  да  бітімгершілікке 

келуге көндіре алмаса іс жалпы тәртіппен сотта қаралатын 

болады.

Келесі сауал иесі облыс аудандарының бірінде кәсіби 



емес медиатор ретінде халыққа тегін қызмет көрсетеді 

екен.  Оның  мәлімдеуінше,  аудан    орталығында  жұмыс 

істейтін кәсіби медиатордың тегін қызмет көрсететіні ұна-

май, кедергі келтіретіндер бар. Осыған орай, сауал иесі 

кәсіби медиатормен арада туындаған келіспеушілікті шешу 

жолын сұрады. 

Кәсіби емес медиатордың тұрғындарға тегін қызмет 

жасап  жатқандығына  ризашылығын  білдірген  төраға:  

«Сіздің  кәсібіңіздің  өзі  –  шиеленіс  түйінін  шешу,  қа-

рым-қатынасты қалыптастыру. Сондықтан, қалыптасқан 

жағдайды өз кәсіби тәжірибеңізді қолдану арқылы реттеу-

ді ұсынар едім. Егер бұл мүмкін болмаса заң аясында өз 

құқығыңызды қорғай аласыз», – деді. 

Әкімшілік құқықбұзушылық санатынан болған сауалды 

Рудный тұрғыны жолдапты. Ол  көлігін жолдасының басқа-

руына беріп, өзі қасында отырған. Осы негізде әкімшілік 

құқықбұзушылық  жасады  деп  танылған  ол  сот  қаулы-

сымен үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. 

Облыстық сот төрағасы заңды күшіне енген сот актісі 

талқылауға  жатпайтынын  мәлімдеді.  Егер  оны  әкімшілік 

жауапкершілікке тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне 

енбеген болса азамат оған қарсылық келтіре алады. Ал 

көлік жүргізу құқығын уақытынан бұрын қалпына келтіру 

шарасы заңмен қарастырылмаған. 

Интертен-конференция соңында төраға өз сауалдарын 

жолдаған облыс тұрғындарына алғысын білдірді. Түскен 

сұрақтар жауабы оның жеке болгында жарияланды. 

Қостанай облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Шара


Азаматтар 

белсенділігі артты

Халық көп тұтынатын қыз-

меттің  сапасына,  қызмет-

керлер  еңбегіне  қатысты 

әралуан пікірдің айтылатыны 

заңдылық.  Сондай,  жұмы-

сы  алақандағыдай  көрініп 

тұратын  жүйенің  бірі  –  сот 

саласы. 


Киген киімі, жүріс-тұрысы, 

сөйлеген сөзі, дауыс ырғағы-

на  дейін  назарда  тұратын-

дықтан  судьялардың  алғыс 

арқалайтын да, сынға ілінетін 

де кезі аз емес. Әрине, сын 

әділ болса, шынайы айтылса 

сөз басқа. Ал, сот процесінде 

мүлде  болмаған,  судьяның 

бірде-бір  талқылауына  қа-

тыспаған тұлғалардың кейде 

асыра  сілтеп,  әдептен  оза-

тын  жағдайлары  кездесіп 

қалады.  Әсіресе,  заңнан 

бейхабар  жандар  қазының 

әлі толық қарамаған, шешім 

шығармаған  ісіне  алдын 

ала  болжам  жасап,  сырттай 

ықпал  жасап  отырғандарын 

білмейді.  Себебі,  заңнама 

бойынша  шешім  шықпаған 

іске  қатысты  пікір  білдіруге 

қазының  ғана  емес,  жалпы 

жұртшылықтың қақысы жоқ. 

Бұл  бір  тараптың  мүддесін 

екіншісінікінен  артық  қою 

ретінде бағаланады. Әрі екін-

ші тараптың азаматтық мүд-

десін  аяқасты  етіп,  құқығы-

ның тапталуына жол ашады. 

Қазыға сырттай ықпал еткен-

дерге жауаптылықтың барын 

да  көпшіліктің  біле  бермей-

тіні  өкінішті.  Міне,  осындай 

дәлелсіз  сын  айтқандарды 

тежеп,  азаматтардың  сот 

жұмысына  қатысты  нақты 

ой-пікірін  білу  мақсатын-

да  Жоғарғы  Сот  тарапынан 

«Соттарды сырттай бағалау» 

жобасы іске қосылып отыр. 

Бұл  жоба  «Сот  кабинеті» 

сервисі  арқылы  тіркелген 

азаматтарға ғана қолжетімді. 

Яғни,  сотқа  ісі  түспеген, 

төрелік алаңындағы жұмысты 

өз көзімен көрмеген азамат-

тар  бұл  сауалнамаға  қаты-

сып, пікірін білдіре алмайды. 

Ал,  қазының  алдына  барып, 

ісінің ақ-қарасын анықтатқан 

тараптардың  сауалнамаға 

дәл  де  нақты  жауап  беріп, 

құрылымның  жандануына, 

кемшіліктерінің  жойылуы-

на  қосар  үлесі  аз  болмасы 

белгілі. 

Елбасы  Н.Назарбаев-

тың 

«Қазақстанның  үшін-



ші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

жолдауында  айтылғандай 

сот  жүйесіне  деген  сенім 

нығайып, кем-кетік жойылуы 

үшін  халықтың  пікірін  еске-

ру,  жұртшылықтың  берген 

бағасына  сараптама  жасау 

маңыз ды. Осы мақсатты тә-

жірибе жүзінде іске асыратын 

«Соттарды сырттай бағалау» 

жобасы 10 сәуірден 1 шілде-

ге дейін азаматтардың пікірін 

жинамақ. Көпшілік атсалыса-

тын жұмыстың сот қызметін 

жандандыруға  ықпалы  тиеді 

деп үміттенеміз.    

Г.ЖексеМбіновА,

Қаратал аудандық 

сотының судьясы

АЛМАТы ОБЛыСы

Билер салған сара жолды жалғастыру бағытындағы алғашқы із-

деністер 2011 жылы «Медиация туралы» заңның қабылдануынан 

бастау алады. Бітімге келудің баспалдағы саналған бұл заң тарап-

тарды татуластыру бойынша жүргізілген жұмыстарға жан бітірді. 

Медиация, медиатор деген сөздер халыққа таңсық болғанымен, 

сот тарапынан жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесінде 

бірте-бірте медиативтік келісімге келетіндер саны арта бастады. 

Заңның артықшылығы мен кемшілігі тәжірибеде аңғарылатыны 

белгілі.  «Медиация  туралы»  заңның  да  осал  тұстары  алғашқы 

жылдары айтарлықтай байқалды. Әсіресе, медиация деген жаңа 

терминнен гөрі бітімгершілік, келісім деген қазақы терминдердің 

қолданылмауы  заң  жасаушылардың  үлкен  қателігі  еді.  Оның 

үстіне, медиаторларды алдын ала дайындамай тұрып заңды қол-

данысқа енгізу бітімгершілік механизмдерін әлі де жетілдіру қа-

жеттігін алға шығарды. Осы кем-кетіктің бәрі кейіннен Азаматтық 

процестік кодексте толық ескерілген болатын.

Насихат,  түсіндіру  жұмыстарының  жандануы,  медиациямен 

істі қарауға медиаторлардан бөлек, судьялардың, адвокаттардың 

араласуына заңдық тұрғыда рұқсаттың берілуі бітімгершілікпен 

бітетін  істерді  көбейтті.  Ал,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының  төрағасы  Қ.Мәмидің  2017  жылдың  26  қаңтардағы 

өкімімен  «Даулардың  жекелеген  санаттары  бойынша дауларды 

(жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу 

бойынша» пилоттық жобасының іске қосылуы медиацияның мүм-

кіндігін кеңейткен еді. 2017 жылдың ақпан айында қолға алынып 

шілде айына дейін жалғасатын жобаның тиімді тұстары аз емес. 

Оның негізгі міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңей-

ту,  азаматтардың  сот  шығындарын  барынша  азайту,  халықтың 

соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып 

табылады.

Пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттары еріктілік, медиация 

тараптарының теңқұқықтылығы, татуластыру рәсімдерін жүзеге 

асыратын медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, медиация 

рәсіміне араласуға жолбермеушілік, құпиялылық және қолданы-

стағы заңнаманың талаптарына сай болуына негізделген.

Т.ШАкиров,

Медеу аудандық №2 сотының судьясы

АЛМАТы ҚАЛАСы

Көзқарас

Астана  қалалық  сотында 

«Заңдылық»  ақпараттық-тал-

дамалық жүйесін қолдану бой-

ынша  семинар  өтті.  Жоғарғы 

Соттың  Бас  прокуратурамен 

бірлесіп  жасаған  жобасын  сөз 

еткен жиынға Жоғарғы Соттың 

қылмыстық істер жөніндегі сот 

алқасының  төрағасы  А.Рахме-

тулин, Бас прокурордың орын-

басары  М.Ахметжанов,  Астана 

қалалық  сотының  төрағасы 

Т.Бәрпібаев, Құқықтық статис-

тика  және  арнайы  есеп  ко-

митетінің  төрағасы  Б.Мусин, 

Астана  қаласының  прокуроры 

Б.Дембаев, елорда судьялары, 

бас әскери және көліктік проку-

ратура өкілдері қатысты.

А.Рахметулин  іс-шараны 

аша келе, автоматтандыру жүй-

есін енгізу күрделі процесс бо-

лып табылатындығын атап өтті.

– Бүгінде әрбір азамат сот 

органдарына  «Сот  кабинеті» 

сервисі  арқылы  жүгіну  мүм-

кіндігіне ие, осы жүйе арқылы 

тұрғындар  тарапынан  1  мил-

лион 300 мыңнан астам өтініш 

берілді. Ұлт жоспарының 20-қа-

дамын  орындау  мақсатында 

барлық  сот  отырысы  залдары 

үн-бейнетіркеудің  заманауи 

жү йелерімен  жабдықтанды-

рылды. Бейнебайланыс барлық 

өңірлерді бір сот отырысының 

шеңберінде қашықтықтан бірік-

тіруге мүмкіндік береді, – деді 

А.Рахметулин. 

Ал,  таныстырылып  отырған 

«Заңдылық» жобасының мақса-

ты – Сотқа дейінгі тергеп-тек-

серудің  бірыңғай  тізілімі  мен 

сот  органдарының  «Төрелік» 

ақпараттық-талдамалық  жүй-

есін  интеграциялау  есебінен 

қылмыстық процестің сапасын 

арттыру. Бағдарлама, мәселен, 

қылмыстық  құқықбұзушылық 

жасалған  күнгі  айлық  есептік 

көрсеткішті  ескере  отырып, 

айыппұл  мөлшерін,  кәмелет-

ке  толмағандарға  жаза  тағай-

ындаудың  ерекшеліктерін  не-

месе  жазаны  сіңірудің  дұрыс 

тәртібін,  т.б.  анықтай  алады. 

«Заңдылық»  –  қылмыстық  сот 

төрелігінің  сапасын  артты-

руға,  тиімсіз  құжат  айналымы 

мен қылмыстық істерді тергеу 

мен сотта қарау барысындағы 

процеске  қатысушылардың 

шағымын  азайтуға  бағыттал-

ған. Жоба барлық ұйымдасты-

рушылық  рәсімдер  аяқталған 

соң  2017  жылдың  шілдесінде 

қолданысқа енгізіледі.

Бас прокурордың орынбаса-

ры Марат Ахметжанов аталған 

жүйе  туралы  айта  келе,  бұл 

жоба бірыңғай сот практикасын 

қалыптастыруға және қылмыс-

тық процестің ашықтығын арт-

тыруға,  судьялар  мен  проку-

рорларға  қылмыстық  заңнама 

нормаларын қолданудың дәлді-

гін тексеруге мүмкіндік беретін-

дігін атап өтті.  

Астана қалалық сотының 

баспасөз қызметі

XVII  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XVIII 

ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген 

атақты  үш  би  –  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке 

билер туралы сөз қозғады.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық 

келісім»  КММ  басшысы  Т.Аман-Турлина 

өз  сөзінде  сот  дауларын  шешудің  алып 

бөлігі  билердің  еншісіне  түскенін,  ал 

басқару  жүйесінде  олардың  сот  билігі 

биліктің  бастаушы  формасы  болғанын 

айтты.


– Құрамында Салық Зиманов болған 

отандық  ғалым-құықтанушылар  тобы 

қазақтардың  ежелгі  құқығына  қатысты 

орасан тарих шындығын қалпына келтіру 

мақсатында  күрделі  жұмыстар  жүргізді. 

Олардың көп жылғы зерттеулерін бағалау 

керек, – деді Т.Аман-Турлина.

Жұмыс  қорытындысы  бойынша  қа-

тысушылар «Жеті Жарғы» заңы негізінде 

ситуациялық жағдаяттарды шешіп, мем-

лекет тарихы мен Қазақстан құқығына ар-

налған бейнефильмді тамашалап, кітаптар 

көрмесімен танысты.

Жұмысты қорытындылай келе, М.Бек-

тұрғанов  бұл  конференция  ұлттық  код-

тың,  мәдениеттің  сақталу  жолындағы 

бірінші және өте маңызды қадам болатын-

дығын айтты.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал