АҢдатпа 8-бет 3-бет



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/5
Дата25.05.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5

АҢДАТПА

8-бет

3-бет

ҰЛТТЫҚ КОДТЫ САҚТАУ – 

ҰЛТТЫ САҚТАУ

ӘЙЕЛ 


ҚЫРЫҚ ШЫРАҚТЫ

Орайы келген әңгіме



(Соңы 3-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая газета»

«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып жатқанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» 

ЖШС дүң гір шек тері және Алматы қаласын­

дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры­

ңызға болады.

(Соңы 5-бетте)

Көктемнің үш айы да мерекесіз емес. Сәуірде сәл сая­

быр ситыны болмаса, наурызы мен мамыры күнтізбе­

де қызыл датадан кенде емес. Мамыражай мезгіл 

саналатын мамырдың алғашқы он күндігінде үш мейрам 

кезекпе­кезек келеді. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні 

жайлы уақыты келгенде ой қозғай жатармыз. Жалпы, 

бұл екеуі мәндес, бір­бірімен тарихи сабақтас. Өйткені, 

от кешіп, кеудесін оққа тосып Отанын қорғағандар мен 

бүгінгі бейбіт мемлекеттің тыныштығын кірпік қақпай 

күзетушілердің мерекесі мәндес емей немене? Екеуінен 

де саяси астар таба алмайсыз.

«ЕГЕР ҰЛТТЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҮШІН 

КҮРЕСЕ АЛМАСАҚ, ОНДА 

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН 

ТӨМЕНДЕТІП АЛАМЫЗ»



Смағұл ЕЛУБАЙ, 

жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері:

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани 

жаңғыру» мақаласында айтылған «ұлттық код» 

сөзін әркім әр тұрғыдан бағалауда. Сіздің түсіні-

гіңізде ол не?

– Президент Нұрсұлтан Әбішұлының «Бола-

шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық 

мақаласында қолданылған ұлттық код термині, 

қысқаша айтқанда, тілден, діннен, тарихи санадан, 

күнделікті тұрмыстан құралатын біздің жалпы 

менталитетіміз. Ол әрбір ұлтта бар нәрсе және 

еш қандай ұлт бір-бірін қайталамайды. Әр ұлттың 

тарихы, тағдыры әртүрлі болғаннан кейін, оның 

менталитеті де, тілі мен тарихи санасы да, әлемді 

қабылдауы да әртүрлі. Сондықтан, ұлттық кодты 

рухани мәдениет тің жиынтығы деп түсінемін.

ТАТУЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ 

ДӘРІПТЕЛЕТІН МЕРЕКЕ

Құрметті оқырмандар!

Баршаңызды  1  мамыр  –  Қазақстан  халқының  бірлігі 

күнімен құттықтаймын!

Бұл  –  бейбітшілік  пен  келі­

сім,  бірлік  пен  достық  секілді 

құн дылықтар  дәріптелетін  ең 

маңызды  мерекелердің  бірі. 

Мемлекет  басшысы  тәуел сіз ді­

гі міздің  алғашқы  жыл дары нан 

бастап  бірлігі  бекем  ел  болуға 

үндеп  келеді.  Халқы мыз дың 

бірлігі  –  біздің  жарқын  жетіс­

тіктеріміздің  кепілі,  ұлты  мен 

діни  наным­сеніміне  қара мас­

тан,  еліміздің  әрбір  азаматы 

болашағы  біртұтас  ұлт  құруға 

атсалысуда. 

Ұлтаралық  келісім  –  қоғам­

дық  өмірдің  көптеген  сала сын­

дағы мемлекеттік органдар мен 

әлеуметтік институттардың сали­

қалы  әрі  тиянақты  қызме тінің 

жемісі. Бұл ретте Қазақстан халқы ассамблеясының алар орны 

ерекше. Дәл осы институт еліміздегі тұрақтылықты нығайтудың 

жаңа  тәсілдерін  үнемі  ұсына  отырып,  респуб ликадағы  осы 

ауқымды  жұмысты  үйлестіріп  отыр.  Жоғарғы  Сот  Қазақстан 

халқы ассамблеясымен бірлесіп, елімізде өзара түсіністік пен 

келісім  негізінде  көптеген  даулы  мәселелерді  шешудің  тиімді 

құралы болып табылатын медиация институтын жүйелі дамытып 

келеді.


Еліміздің сот жүйесінде 28 ұлт өкілінен құралған судьялар 

мен  сот  қызметкерлері  жұмыс  істеуде.  Олардың  барлығы  да 

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  жалпы­

әлемдік  стандарттарына  сәйкес  ел  аумағында  заң  үстем дігін 

қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Қазақстандық сот тар дың 

халықаралық рейтингтерінің жыл сайынғы артуы мен тұр ғын­

дардың соттарға деген жоғары сенімі осы табысты қызметтің 

тікелей нәтижесі болып табылады. 

Құрметті достар! Осынау мейрам күндері әрбір шаңырақта 

мерекелік дастарқан жайылып, ағайын­туыс пен дос­жаранның 

басы  қосылып,  жақсы  тілектер  айтылып,  көтеріңкі  көңіл  күй 

орнау дәстүрге айналған. 

Баршаңызға зор денсаулық, құт­береке, толайым табыстар, 

елімізде келісім мен ынтымақ нығая берсін деп тілеймін!  

 

Қайрат МӘМИ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

№32 (2957) 28 сәуір 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

«БІРЛІКТІҢ КИЕЛІ БЕСІГІ»


2

№32 (2957) 

28 сәуір 2017

zangazet@mail.ru



құқық

Жоғарғы Сот

Оң қадам

ҚазаҚстандыҚ делегация 

Кореяда

А

стана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев Л.Гумилев 

атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне  

дәріс оқыды. Іс-шараға оқытушылар құрамы, ҚР Жоғарғы Соты-

ның жанындағы Әділет академиясының магистранттары, құқық 

қорғау органдарының өкілдері, студенттер қатысты.  

Қазақстан республикасы Жоғарғы 

сотының  төрағасы  Қайрат  Мәми 

бастаған  делегацияның  сеул  қала-

сына (оңтүстік Корея) ресми сапары 

басталды.  делегация  құрамында 

Жоғарғы соттың судьясы асқар смай-

лов, астана қалалық сотының төраға-

сы тілектес Бәрпібаев және Жоғарғы 

сот  жанындағы  соттардың  қызметін 

қамтамасыз ету департаменті басшы-

сының  орынбасары  Әсия  Қасенова 

бар. 

Іссапар шеңберінде қазақстандық 



делегация Кореяның Жоғарғы сотын-

да болып, онда осы соттың төрағасы 

янг сынг-тэ мырзамен кездесті. Кез-

десу  барысында  Қ.Мәми  кореялық 

әріптестерімен  ынтымақтастықтың 

жоғары деңгейін және өзара іс-қимыл 

орнатқан жылдар ішінде қалыптасқан 

екі  жақты  қарқынды  байланыстың 

сенімді  мәмілегерлік  сипат  алғанын 

атап өтті. 

Жоғарғы сот төрағасы Қазақстан-

дағы  конституциялық реформа шең-

берінде орын алған өзгерістер, соның 

ішінде,  Ұлт  жоспарын  іске  асыру 

аясында еліміздің сот-құқық саласын-

дағы жаңашылдықтар туралы әңгіме-

леп  берді.  солардың  қатарында  ол 

үш сатылы сот жүйесіне көшу, жұмыс 

істеп жүрген және үміткер судьяларға 

қойылатын  талаптардың  күшейгенін, 

инвестициялық  сот  ісін  жүргізу  мен 

Халықаралық  кеңестің  құрылғанын 

және т.б. атап өтті. 

Қ.Мәми  дауларды  шешудің  бала-

малы  механизмдерін  енгізу  бойын-

ша  тәжірибе  алмасудың  тиімділігін 

айта  келе,  қоғамдағы  әлеуметтік 

тұрақтылықты қамтамасыз етуге және 

соттардың жүктемесін азайтуға мүм-

кіндік  беретін  басым  міндеттердің 

бірі  ретінде  татуластыру  рәсімдерін 

енгізудің  оң  нәтиже  бергенін  айтты. 

Кореяның ақпараттық технологиялар 

саласындағы жетекші жағдайын айта 

келе,  қазақстандық  делегация  осы 

бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту-

ге мүдделілік танытты. 

янг сынг-тэ мырза, өз кезегінде, 

өзара ұтымды серіктестік қағидатына 

негізделген  қазақстандық-кореялық 

қатынасты  нығайтуға  ықпал  ететін 

ынтымақтастықты одан әрі тереңдету 

қажеттігін тілге тиек етті. ол кореялық 

тараптың  қазақстандық  әріптестер-

мен  сот  ісін  жүргізу,  соның  ішінде, 

сот  әкімшілігі  саласына  ақпараттық 

технологияларды  енгізу  бойынша 

жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге 

дайын екендіктерін жеткізді. 

сапар  шеңберінде  қазақстандық 

делегацияның Конституциялық соттың 

төрағасымен, Бас прокурормен, заң-

герлік зерттеулер және біліктілікті арт-

тыру институтының ректорымен кез-

десулері, сондай-ақ, Корея Жоғарғы 

сотының  ақпараттық  технологиялар 

орталығының  жұмысымен  танысуы 

жоспарланған.



Қазақстан Республикасы  

Жоғарғы Сотының баспасөз 

қызметі  

«2016 жыл Қазақстан сот жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңінің бас-

тамасы болды. Ұлт жоспарын тәжірибе жүзінде іске асыру қамтамасыз 

етілді. республика судьяларының VII съезі өткізілді, онда сот жүйесінің 

болашақтағы даму басымдықтары айқындалды», – деп атап өтті тілектес 

Бәрпібаев.  

сот төрағасы тыңдаушыларға судья лауазымына кандидаттарды ірік-

теудің, біліктілік талаптары мен тетіктерінің қатайтылғанын айтты.  одан 

басқа,  төраға  Қазақстан  республикасы  Президентінің  2016  жылғы  18 

ақпандағы Жарлығымен Қазақстан республикасының Жоғарғы соты жа-

нындағы Әділет академиясы құрылғанына тоқталды.  

«академияның құрамына Жоо-дан кейінгі білім беру институты, Ғылы-

ми зерттеу орталығы, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін  қайта 

даярлау, біліктілігін арттыру  орталығы,  Әкімшілік қамтамасыз ету қыз-

меті кіреді. академия қызметінің негізгі бағыттарының бірі магистратура-

да болашақ судьяларды дайындау болып табылады» – деп төраға сөзін 

толықтырды.  сондай-ақ, жиында 15 баптан тұратын жаңа судъялардың 

әдеп кодексі талаптары түсіндірілді. 

дәріс барысында алқабилер сотын қолдану саласын кеңейту, соттар-

да айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, прокурор-

лардың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту, 

инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізуді құру туралы мәселелер 

жан-жақты талқыланды.  сот төрағасы студенттерге сот ісін жүргізудегі 

жаңа ақпараттық технологияларды да таныстырды.

– сот жүйесіне заманауи техникаларды енгізу сот ісін жүргізуді жеңіл-

детеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, жемқорлықты төмендетуге, 

қызметкерлердің  азаматтармен  байланысын  кемітеді,  азаматтардың 

уақыты мен қаражатын үнемдейді, ел тұрғындары үшін сот жүйесінің  

барынша айқындығы мен қолжетімділігін арттыра түседі, – деді тілектес 

Бәрпібаев.  



Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

сот төрағасы 

студенттер арасында

Кез  келген  жұмыстың  нәтижелі 

болуы оның сәтті ұйымдастырылуына 

тікелей байланысты. Жоғары көрсет-

кішке қол жеткізу үшін жоспарды пы-

сықтап,  қызметті  қадағалап  отырған 

пайдалы.  Биылғы  жылдың  алғашқы 

тоқсанын  қорытындылау  барысын-

да  талдықорған  мамандандырылған 

ауданаралық  әкімшілік  сотының  жұ-

мыс сапасының артқанын байқадық. 

Әкімшілік  сот  талдықорған,  текелі 

қаласы,  ескелді,  Көксу  ауданынан 

түсетін әкімшілік құқықбұзушылық ту-

ралы істерді заң талабына сай қарай-

ды. 2017 жылдың 1-тоқсанында сотқа 

594 әкімшілік іс түсті. 

осы кезеңде 583 тұлғаға қатысты 

әкімшілік  іс  қаулы  шығарумен  қара-

лып, 287 адамға 9 млн 075 мың 176 

теңге  әкімшілік  айыппұл  салынып, 

оның  7  млн  теңгесі  өндірілді.  2016 

Есеп

айыппұл өндіруде ілгерілеу бар



жылдың 1-тоқсанында 622 адамға 11 

млн 514 мың 75 теңге әкімшілік айып-

пұл салынып, оның 3 млн теңгесі ғана 

сотта  өндірілгенін  ескерсек,  биылғы 

жылы  мемлекет  пайдасына  айыппұл 

өндіруде  ілгерілеудің  бары  байқала-

ды.  Бұл  сот  орындаушылармен  әр-

дайым  дөңгелек  үстел,  семинарлар 

ұйымдастырудың  нақты  нәтижесі. 

Бұдан бөлек, 121 адам әкімшілік қа-

маққа  алынып,  112-сі  көлік  құралын 

басқару  құқығынан  айырылды.  ел 

заңнамасын  бұзған  7  азамат  мем-

лекет  шекарасынан  тыс  шығарылса, 

бітімгершілікпен 30 іс аяқталды. 

Мерзімінен асып қаралып жатқан 

әкімшілік істер қатаң бақылауға алы-

нып, заң талабына сай шешім шыға-

рылады.  сот  актілерінің  уақытылы 

орындалуы  апта  сайын  талқыланып, 

әр  судья,  сот  отырысының  хатшысы 

орындалған  және  орындалмаған  сот 

қаулылары бойынша есеп береді. осы 

аралықта  БаҚ-пен  тығыз  байланыс 

орнатылып, насихат жұмыстары жүй-

елі жүргізілді. 

2017  жылдың  қаңтарынан  бастап 

сотқа түскен 594 әкімшілік істің 518-і 

«сот кабинеті» сервисі арқылы қабыл-

данған. Бұл көрсеткішті келешекте 100 

пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 

осыған  орай,  талдықорған  маман-

дандырылған  ауданаралық  әкімшілік 

сотында  «сот  кабинетіне»  арналған 

арнайы бөлме және алматы облыстық 

сотының  соттар  әкімшісі  тарапынан 

арнайы  компьютер  бөлініп,  құзырлы 

органдарға әкімшілік істерін «сот каби-

неті» арқылы жіберуге барлық мүмкін-

дік жасалған. 

сотта қаралатын әкімшілік істердің 

көпшілігі жол-көлік оқиғаларына қаты-

сты болғандықтан, соңғы кездері ішкі 

істер органдары лауазымды тұлғала-

рының құқықбұзушылығына қатысты 

істердің  көбейіп  кеткенін  атап  өткен 

жөн. Мысалға, сот қаулысымен ӘҚБ-

тК  608-бабының  1-бөлігі  бойынша, 

яғни,  көлік  құралын  алкогольдік  ма-

саң күйде басқарғаны үшін полиция 

подполковнигі  Б.,  полиция  кіші  сер-

жанты М., полиция сержанты Ғ. деген 

азаматтардың  әрқайсысына  3  жыл-

дық мерзімге көлік құралын басқару 

құқығынан  айыру  жазасы  тағайын-

далған.  ал  полиция  майоры  К.  Қр 

ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігі бойынша 

полиция қызметкерінің талабын орын-

дамағаны  және  де  алкогольді  масаң 

күйін куәландырудан өтуден жалтарға-

ны үшін оған қатысты әкімшілік іс бой-

ынша сот қаулысымен 2 жыл мерзімге 

көлік  құралын  басқару  құқығынан 

айыру жазасы тағайындалған. 

елбасының  «Қазақстан-2050» 

стратегиясында  «тәртіпсіздікке  мүл-

де  төзбеушілік  принципін  енгізу» 

мін деттелген.  осыған  орай  ұсақ 

бұзақылықтарға  бейжай  қарамау 

қа жеттігін  мектеп  оқушыларына, 

сту денттерге  түсіндіріп,  заңнама  та-

лаптарынан хабардар етуді дәстүрге 

ай налдырдық.

Н.ҚАРАБАЕВ,

Талдықорған мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының 

төрағасы

Ж

емқорлық дейтін жегіқұрт-

тың  жұлынға  кіріп  алға-

ны  сондай,  ел  экономикасының 

дамуына  кедергі  келтіріп,  бар-

мақ басты, көз қыстылардың ұй-

ымдастуымен қаншама мемлекет 

қаржысы желге ұшты десеңізші.  

Жемқорларға  қатысты  заң  қанша-

ма  қатқылданып  жатса  да,  одан  үркіп 

жатқан шенділерді көп байқай қоймайсың. 

Керісінше, екі күннің бірінде пара алыпты, 

мемлекет қаржысын талан-таражға салып-

ты  деп,  қаржы  полициясының  құрығына 

түсіп,  қолдарына  кісен  салынып  жатқан-

дар аз емес.  Бұған Мемлекет қана күрес 

ашып қоймай, бүкіл қоғам болып майдан 

ашқанда ғана нәтижеге қол жеткізуге бо-

лады. сыбайлас жемқорлықтың кез келген 

көріністеріне  мүлдем  төзбеушілікті  және 

қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қа-

зақстан республикасы Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл агенттігінің алматы облысы бой-

ынша департаменті «Парасыз болашаққа. 

Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

форум  өткізді. елбасының  бастамасымен 

ағымдағы  жылдың  31  қаңтарындағы  Қа-

зақстан  халқына  арнаған  «Қазақстанның 

үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қа-

білеттілік» атты Жолдауының 5-басымдық 

бағыты  және  Бес  институционалдық  ре-

Акция

сыбайлас 



жемқорлыққа 

қарсы форум 

өтті

Мемлекет басшысының әр жолдауы ел өміріне жағымды 



өзгеріс әкелуімен құнды. «Қазақстан – 2050» стратегия-

сы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген 

атпен таныстырылған жолдауды қазақстандық заңнамаға 

тың серпіліс берген құжат деп бағалаймыз. Өйткені, дәл 

осы жолдауда берілген тапсырмалардың негізінде күштік 

құрылымдарға, құқық қорғау саласына түбегейлі өзгеріс-

тер жасалып,  Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыс-

тық атқарушылық және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 

кодекстер әзірленіп, қолданысқа енгізілді. 

осы  жолдауда  қоғамда  тәртіпсіздікке  «мүлде  төзбеу-

шілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігі атап өтілген бола-

тын. Бұл әкімшілік заңнамаға жаңа өзгерістер енгізіп, көше 

тәртібін сақтамай, айналасын ластағандарға айыппұл салу 

арқылы ұсақ құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін 

қаперге салуды мақсат етті. 

соттарды, прокуратураны, әділет, ішкі істер органдарын 

және  арнаулы қызметтерді жаңғырту халықтың құқықтық 

сана деңгейін арттырғанда ғана жағымды нәтиже беретіні 

белгілі. осыған орай, жолдау талаптары ескеріле отырып, 

барлық құқық қорғау органдарының функциясы, құрылымы 

мен саны оңтайландырылды. Қызметтік құрамның сапасын 

жоғарылату үшін аттестациядан өткізу тәртібі дәйектеліп, ол 

бүгінде білікті мамандарды іріктеудің тиімді тетігіне айналып 

үлгерді. сондай-ақ, стриатегиялық құжат экстремизм мен 

терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарла-

маны  әзірлеуге бастамашы болды. Жемқорлыққа қарсы 

заңды жетілдіріп, қаржы және салық саласындағы бірқатар 

қылмыстарды  қылмыстық  сипаттан  арылту  бойынша  да 

жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік қызмет халыққа тиімді 

қызмет көрсетуі үшін барлық құқық қорғау органдары жа-

нынан қоғамдық кеңестер құрылған. 

2050 жылға дейін әлемнің бәсекеге қабілетті отыз озық 

елінің біріне айналуды мақсат еткен Қазақстанда отандық 

кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің амалдары да барынша жа-

салған. Кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруге, қызметіне кедергі 

келтіруге тосқауыл қойылған. Бұл өз ісі арқылы мемлекет 

дамуына үлес қосып отырған азаматтар үшін үлкен қолдау.

А.ИСАЕВ,

Алматы қаласы бойынша ҚСжАЕА 

басқармасының бөлім прокуроры

Қадағалау

негізсіз тексеруге 

жол берілмейді

форманы іске асыру бойынша «100 нақты 

қадам» – Ұлт жоспарының 13-қадамын жү-

зеге асыру бағытында жемқорлыққа қар-

сы  ұйымдастырылған  акция  талдықорған 

қаласындағы  политехникалық  колледж 

алаңында  өтті.  Бұл  форумның  мақсаты  – 

акцияның облыстың басқа да аймақтарына 

таралып,  мобильді  топ  жұмысын  кеңінен 

насихаттау.

 облыс деңгейінде және аудандар мен 

қалаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

мобильді топтар құрылып, көшпелі қабыл-

даулар ретінде жұмыстарын жүргізгендер, 

департамент жанынан құрылған мобильді 

топ  алматы  облысының  ескелді,  Көксу 

аудандары мен текелі қаласында көшпелі 

қабылдаулар өткізіп қайтты. ал, облыс ор-

талығы талдықорған қаласында мобильді 

топ күнделікті жұмыс жасауда.

Мобильді  топ  мүшелері  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізіп,  сыбайлас  жемқор-

лық көріністері немесе мемлекеттік қызмет 

алу  барысында  кедергілерге  тап  болған 

жағдайда  қалай  әрекет  ету  туралы  кеңе-

стер беріп, тұрғындардың өзге де мәселе-

лері бойынша қабылдау жүргізуде. 

Бұл  науқан  облыстың  әр  елді  мекенін 

қамтып, жылдың соңына дейін жалғасатын 

болады. Форум аясында «адал Ұрпақ» ерікті 

мектеп клубтарының белсенділері өнерлерін 

көрсетті. сонымен қатар, колледж студент-

тері  флешмоб  жасап,  жастар  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ұрандар 

жазылған шарларды аспанға ұшырды.

Форумда департамент басшысы серік-

бай  нұрғисаев,  облыстық  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы ермек Келемсейіт және 

«алма  тВ»  кабельді  телеарнасы»  ЖШс 

директоры  Берік  Бекбатыров  сөз  сөй-

леп,  аталған  бастаманың  облысымыздың 

әр  елді  мекені  мен  әр  азаматына  жетіп, 

қоғамға  пайдасын  әкелетін  шара  екенін 

атап өтіп, жиналған жастарға белсенділік 

көрсетіп, елін сүйер, парасыз болашақтың 

иесі болуға шақырды.

«Парасыз  болашаққа.  Бірге!»  акция-

сының  облыстың  басқа  да  аймақтарына 

таралуы  үшін  эстафета  ретінде  аудан, 

қалалардың  әкім  орынбасарлары  мен 

бөлім  басшылары  қабылдап  алды.  Фо-

рум аяқталысымен департамент жанынан 

құрылған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

екі  мобильдік  топ  Қаратал  және  Кер-

бұлақ аудандарына жол тартты. сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мобильді топтарға ар-

найы безендірілген автокөліктер бөлінгенін 

айта кеткен жөн.

Қоғам  болып  азаматтық  белсенділікті 

арттыра отырып, құқықтық білімді игерудің 

арқасында парасыз болашаққа бірге қадам 

басуымыз қажет! 



Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

   «Заң газеті»

  алМаты оБлысы



3

zangazet@maiI.ru



№32 (2957) 

28 сәуір 2017

ҚОҒАМ

Бүгінгінің бас тақырыбы

Түйткіл

ҚОРДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ 



ТҮГЕНДЕУГЕ ҚАҚЫМЫЗ БАР

(Соңы. Басы 1-бетте)

«БІРЛІКТІҢ 

КИЕЛІ БЕСІГІ»

Рухани жаңғыру

Ал  кеңестік  биліктен  «тәбәрікке» 

қалған  1  мамыр  жайлы  бұлай  айту 

қиындау.  Олай  дейтініміз,  ұлттар 

ара сын дағы достық пен ынтымақ тас­

тықты  «жағы»  талмай  насихаттаған 

Кеңес  Одағында  бұл  күн  бастапқы­

да  «Интернационал  күні»  аталған. 

Компар тия интернационализм идео­

ло гиясы  арқылы  одақ  құрамын­

дағы  он  бес  республиканың  ұлтын 

«будандастырып»,  бір  кеңес  халқын 

жасағысы  келді.  Екі  ұлттың  өкілінен 

құралған  интернационал  отбасылар 

насихаты  соның  дәлелі.  Кейіннен 

«Еңбекшілердің  халықаралық  ынты­

мақ тастығы  күні»  деп  аты  өзгерді. 

Бәлкім, бұл 1 мамыр әлемнің көптеген 

елінде  еңбек  немесе  еңбекшілер 

мерекесі  ретінде  тойланғандығынан 

болар.  Компартия  қанша  жерден 

одақты  оқшау  мемлекет  еткісі  кел­

генімен, жаһандық үрдістің ыңғайына 

жығылмай тұра алмаса керек. Бірақ, 

аты өзгергенімен, заты өзгере қойған 

жоқ. Мамырдың 1­інде бүкіл одақтас 

республикалар  халқын  қолдарына 

қызыл  жалауша  ұстатып  көшеге 

шеруге, яғни, парадқа шығарып, бір 

үйдің баласы секілді өмір сүріп жат­

қандай етіп көрсетуге тырысып бақ­

қаны есте. Ақыры одақтың шаңыра­

ғы  ортасына  түсіп,  ортақ  өгіз ден 

оңаша  бұзау  артық  екенін  тарих тың 

өзі  дәлелдеді.  Ел  мен  ел  дос тықта, 

серіктестікте  болғанымен,  ешқашан 

«екі  жарты  бір  бүтін»  демек ші,  бір 

халыққа айнала алмасын айғақтады.

Кеңестік билік кезінде халықтардың 

ортақ  мерекесі  саналған  1  мамыр 

одақ  құлаған  соң  оның  мұрагеріне 

баланатын  Мәскеу  үшін  кәдімгідей 

саяси мәселеге айналғаны бар. Көр­

шіміз ресми түрде бұл күнді Көктем 

және  еңбек  мерекесі  деп  өзгертіп, 

қазіргі ұстанған саясатын қолдайтын 

ұрандармен шара өткізеді. Ал өткенді 

көксеуші  партия  мен  ұйымдар  кері­

сінше  қарсы  шерулетеді.  Сөйтіп, 

бұрынғы  шеруі  –  парад  (мерекелік 

көңіл күйде – С.О) болса, кейінгісі – 

митингіге айналып, компартия тұсын­

да  халықты  тұтастырады  деген  1 

мамыр бүгінгі күні көршіміздің ішіне 

жік сала жаздаған жайы бар.  

Қазақстан да бұл датаны мереке­

лесе,  ол  кешегі  кеңестік  биліктің 

шек пенінен  шыққандығынан  емес, 

тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдас­

тықтың  бір  (һәм  белсенді)  мүшесі 

болғандығынан. Себебі, жаңа әңгіме 

барысында  1  мамыр  өзге  мемле­

кеттерде де еңбек мейрамы ретін де 

Олардың инвестициялық табы­

сына  қатысты  аталмыш  қордың 

ресми сайтына берілген мәліметтер 

нақты  жағдайға  сай  емес.  Бұл 

әңгіме осы аптада өткен Парламент 

Мәжілісінің  жалпы  отырысында 

ақжолдық  депутаттар  тарапынан 

шықты. Өз партияластары атынан 

Үкімет басшысына сауал жолдаған 

депутат Екатерина Никитинскаяның 

айтуына  қарағанда,  зейнетақы 

салым дарын  бір  жағынан  инфля­

ция  жұтып  жатса,  біраз  қаржысы 

бюд жеттің  жыртығын  жамауға, 

басқарушы компаниялардың жоғын 

бүтіндеуге беріліп жатыр екен. 

Мұның  нақты  мысалы  ретінде 

депутат  Бірыңғай  жинақтаушы 

зейнетақы  қорының  ресми  сай­

тын дағы  2015  жылда  зейнетақы 

қоры  активтерінің  өсімі    жайлы 

мәліметтерді  ортаға  салды.  Оның 

айтуынша, бұл көрсеткіштер  шын­

дыққа  еш  жанаспайды.  Мәселен, 

2015  жылы  БЖЗҚ  портфелін дегі 

мемлекеттік  компаниялардың 

баға лы  қағаздары  201  млрд  тең­

геге  артыпты.  Солай  бола  тұра 

олардың  бағалы  қағаздарының 

пайыздық орташа мөлшері өспей,  

осы дағдарыс кезінде мемлекеттік 

компаниялар  жылда  зейнетақы 

ақшасын  6,7 пайыз өсіммен  алған. 

Ал,  БЖЗҚ­ның  ресми  сайтын­

да  берілген  ақпаратқа  сәйкес 

салым шылардың  есепшоттарына 

бөлінген  зейнетақы  активтерінің 

табыстылығы  15,65  пайыз  бол­

ған.  Алайда,  зейнетақы  активтері 

портфеліндегі бірде­бір қаржылық 

құрал  10,66  пайыздан  жоғары  

табысты иеленген жоқ. Яғни,  атал­

мыш  активтердің  15,65    пайыз 

өсуі  жайлы  хабар  еш  шындыққа 

жанаспайды.

Екатерина  Сергеевнаның  ай­

туынша, БЖЗҚ­ның есебіне сәйкес 

2015 жылдың қорытындысы бойын­

ша  активтерді  басқарудан  түскен 

табыс 761 млрд теңге болса, оның 

452  млрд  теңгесі  ұлттық  валю­

таның  құнсыздануынан  шетелдік 

валютамен  операциядан  түскен 

кіріс. Солай бола тұра одан төленіп 

жатқан міндетті төлем көлемі артып 

бара  жатыр.  Мәселен,  зейнетақы 

активтерін  басқару  үшін  алынған 

комиссия  3,1  млрд  теңге  болса, 

Ұлттық  банктің  әмиянына  түскен 

бұл  төлем  көлемі  16,2  млрд  тең­

геге  жетіпті.  Былтыр  зейнетақы 

активтерін  басқарудан  түскен 

табыс  8,5  пайыздық  инфляция 

жағдайында  небәрі  7,95  пайыз 

болды.  Бұл  –  қордың  айқын 

зиян  шегуі  деген  сөз.  Бірақ,  оған 

қол  салу  сонда  да  тыйылмаған. 

Салымшылардың  қаржысынан 

басқарушы  компанияларға  33,6 

млрд  теңге,  банк­костодиандарға 

2,2  млрд  теңге  сыйақы  төленіп, 

БЖЗҚ­ның  әкімшілік  шығындары­

на  13,6  млрд  теңге  жұмсалған. 

Депу тат  сонымен  қатар,  қордың 

дефольттық  қағаздары  бойынша 

қарыздарының да өте баяу қайта­

рылып,  проблемалық  облигация­

лар  бойынша  негізгі  сомалардың 

есептен  шығарылып  жатқанына 

алаңдаушылық білдірді.

Оның  айтуынша,  зейнетақы 

активтерін  басқару  жөніндегі  ше­

шімдер қоғамға түсініксіз қағидат­

т а р   б о й ы н ш а   қ а б ы л д а н а д ы . 

Осының салдарынан салымшы лар 

қаржысының  тағдыры  тұманға 

айналып  отыр.  Мұндай  жағдай 

Міндетті медициналық сақтандыру 

қорының  да  басына  түсуі  әбден 

мүмкін.  Сондықтан,  Бірыңғай 

жинақтаушы  зейнетақы  және 

Мін детті  медициналық  сақтан­

дыру  қорларының  инвестициялық 

бағ дарламалары  мен  олардың 

есептілігі, қаржыларының мақсат­

қа  сай  жұмсалуы  жөніндегі  қор 

басшыларының  дербес  жауап­

кершілігі  заңнамалық  түрде  бекі­

тілуі керек.

Депутаттардың бұл мәлімдемесі 

шындыққа  сай  келетін  сияқты. 

Өйткені,  осының  алдында  ғана 

БЖЗҚ  жанынан  құрылған  Қоғам­

дық  кеңестің  төрағасы  Досым 

Сәтбаев  бастаған  бір  топ  кеңес 

мүшелері ұйым құрамынан шығып 

кеткен  еді.  Өздерінің  бұл  қадам­

дарын  олар  қор  жұмысының 

ашық тығын,  жариялылығын,  тиім­

ділігін қамтамасыз ету тұрғы сында 

басшылықпен  ортақ  тіл  табыса 

алмағандығымен  байланыс тырған 

еді.  Сонымен  қатар,  саясат тану­

шының  айтуынша,  мемлекет­

тік  органдар  Қорға  бай ланысты 

тиісті сауалдарға жауап бермейді, 

жүргізіліп  жатқан  реформалар 

тиімсіз.  Ал,  өз  кезегінде  қарсы 

тарап бұл түсініспеушілікке кейбір 

сарапшылардың қордағы жинақтау 

жүйесін ғана емес, жалпы қызметті  

қадағаламақ  болғанын  себеп 

еткен  болатын.  Осы  тұста  «егер 

барлығы заңдылыққа, талапқа сай 

болса, қор басшылығын бұл әрекет 

неге  алаңдатады?»  деген  заңды 

сұрақ  туады.  Демек,  БЖЗҚ  қоры 

жұмысын  жұрт  көзінен  жасыруға 

себептер бар. Сондықтан Үкіметтің 

депутаттар сауалына назар салып, 

нақты  шаралар  қабылдауы  кезек 

күттірмейтін мәселе.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал