АҢдатпа 8-9-беттер 3-бет



жүктеу 1.17 Mb.

бет1/11
Дата27.04.2017
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы



АҢДАТПА

8-9-беттер

3-бет

(Соңы  5-бетте)

№117/1 (2895/1) 22 қазан 2016

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

министрліктің дегеніне мектеп 

пен ата-ана көне ме?

қарыз бен несиені бір 

деңгейдегі ұғымдар деп 

қолдану қате

Әскерге баратындар іріктелуде

Қорғаныс министрі сәкен Жасұзақов ал­

маты  қаласы  Қорғаныс  істері  жөніндегі  де­

партаментінің қалалық жиын пунктіне жұмыс 

сапарымен барды. сапар барысында қорғаныс 

ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай 

мен «күз­2016» шақыру науқанының өткізілу 

барысымен танысты.

сапар  аясында  Қр  Қорғаныс  министрі 

мерзімді  қызметтегі  сарбаздарды  мұқият 

іріктеу және қазақстандық армияда олардың 

қатарын  ұлғайту  жөнінде  тапсырма  берді. 

Әскери бөлімдерге шақырылушыларды іріктеу 

және  тарату  кезінде  алған  мамандықтары 

ескеріледі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз 

қызметі

«Өрлеу» Қолдау кӨрсетеді

елордада «Өрлеу» жобасы аясында атау­

лы  әлеуметтік  көмек  беру  жалғасуда.  Жыл 

басынан бері 44 аз қамтылған отбасына (242 

адам)  ақшалай  көмек  көрсетілді.  Жұмыспен 

қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесуге 

44адам  (Шак  алушылар  арасында  еңбекке 

қабілетті халық ішінен немесе 91,6%)тартыл­

ды, оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол 

картасы» бағдарламасына қатысатын 42 адам 

тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«100  нақты  қадам»  –  Ұлт  жоспарының 

84­қадамын  іске  асыру  шеңберінде  астана 

қаласында  2015  жылғы  қыркүйектен  бастап 

әлеуметтік  келісімшарт  негізіндегі  «Өрлеу» 

жобасы жүзеге асырылуда. бағдарлама атау­

лы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға 

және  әлеуметтік  қолдаудың  белсенді  шара­

ларын пайдалану және масылдықтың алдын 

алу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін 

жаңғыртуға бағытталған. 



Астана қаласы әкімдігінің баспасөз 

қызметі

 

«Эйр астананың» үстінен іс 



Қозғалды

антимонополиялық органның «Эйр астана» 

аҚ әуе компаниясының жұмысына қатысты тек­

серу жүргізгеніне көп болмады. 

тергеп­тексеру басталғаннан бері монопо­

лияға қарсы орган әуе компаниясының атына 

ақпарат және құжаттарды ұсыну туралы 3 сfefk 

жолдағанболатын. алайда, оларға жауап беріл­

меген не толық көлемде жауап қайтарылмаған. 

осыған  орай,  монополияға  қарсы  органның 

тергеп­тексеру  жүргізіп  жатқан  лауазымды 

адамдары сұратылған ақпаратты ұсынбағаны, 

ақпаратты  толық  көлемде  ұсынбағаны  үшін  

«Эйр астана» аҚ­на қатысты әкімшілік іс қозға­

ды. 

Ұлттық экономика министрлігінің 

баспасөз қызметі

лі есімде, бала кезімізде ата-әжелеріміз: «жарыққа төлеген ақша адал, үйдің самаладай жарық болғанына не жетсін, осы жарықты кім ой-

лап тапса да, екі дүниенің рахатын көрсін», – деп отыратын. өйткені, біздің ата-бабаларымыз сығырайған шамның жарығымен іс тігіп, май 

шамның жарығымен кітап оқып, сауатын ашты. сондықтан да, олар ғылымның жетістіктерін жоғары бағалайды, қадірін біледі. заманның 

көші ілгерілеген сайын білім мен ғылым да бір орнында тұрмайды екен. бүгінде міне, жарық түгілі, адам жанына қажеттінің бәрі бар. күні 

кеше алғаш үй телефондары шыққанда таңғалған жұртшылық ертегідей көрінген сымсыз телефонға да үйренді. ол аз десеңіз, жаңа туған 

баладан еңкейген кәріге дейін сенсорлы смартфонның бетін сипап отырғаны. 

Сәті түскен сұхбат



(Соңы  7-бетте)

Тұтынушы құқығы



–  Кенжеәлі  Қоңыратбайұлы,  әң-

гіменің әлқиссасын институттың жай-

кү йінен бастасаңыз.

–  Институт  Қазақстан  мұсылман-

дары  діни  басқармасының  жанынан 

құрылып отыр. 



жаңа жыл басталысымен-ақ еліміздің барлық облысында коммуналдық 

қызмет ақысы қымбаттады.  атап айтқанда жылу, жарық және ауызсу үшін 

жұрт бұрынғыдан артық төлем төлейтін болады. мамандардың мәліметіне 

қарағанда  тариф  2020  жылға  дейін  өзгермейді.  монополистердің  бұл 

шешіміне әй деген әже де, қой деген қожа да болған жоқ. тәйт-тәйт деуі тиіс 

шенеуніктер «бағаның өсуі нарыққа сай» деп халықты сабырға шақыруда. 

(Соңы  13-бетте)

Кенжеәлі МЫРЗАБАЕВ

ҚМДБ Имамдардың білімін 

жетілдіру Ислам институтының 

директоры, «Төле би» мешітінің 

бас имамы:

«Теріс дінИ 

ағымдар 

ҚазаҚТың 

салТ-

дәсТүрін 



жоҚҚа 

шығаруды 

көздейді»

ж

ә

коммуналдық  төлемдердің 

қымбаттауы  тек  зейнеткер-

лердің ғана емес, сонымен қоса, 

қоғамдағы  әлжуаз  әлеуметтік 

топтың қалтасын қағатыны анық. 

өйткені, жылу, жарық, су, тіпті, 

кәріз  жүйесі  тарифтерінің  бар-

лығы бірдей қымбаттады. және 

бұл  алдағы  5  жылға  бекітілген 

баға. 

Табиғи монополияларды рет-



теу  және  бәсекелестікті  қорғау 

комитетінің  төрағасы  серік 

жҰманғарИн:  «Тарифтерді  5 

жылға  әдейі  жоспарлап  отыр-

ТарИфТі Тежеуге 

не кедергі?



Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» аҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШс дүң гір шек тері 

және алматы қаласын дағы «дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


«ЭксПо-2017» көрмесінің 

басТалуына 8 ай Қалды

 

Маңызды шараға дайындық қалай?

ұйымдар  электр  қуатын  тарату 

бағасын  көтерді.  Қр  үкіметінің 

«шекті тарифтерді белгілеу тура-

лы» 2009 жылдың 25 наурызын-

дағы № 392 қаулысына сәйкес, 

2015 жылдың қаңтарынан бастап 

солтүстіктегі  энергия  көздері 

бағаны 8,8 теңгеге дейін (10%), 

«алматы  электр  станциялары» 

аҚ  –  8,6  теңгеге  дейін  (5%), 

жамбыл  грЭс-і  –  8,7  теңгеге 

дейін  (2%)  көтеріп  отыр.  со-

нымен қатар, электр энергиясын 

«KEGOC» аҚ желілері арқылы та-

рату 33 пайызға, «ажк» аҚ өңір-

лік деңгей желілері арқылы та-

рату 4 пайызға өсті. сондай-ақ, 

электр энергиясын өндіру-тұты-

ну теңгерімін ұйымдастыру кВт/

сағатына 0,083 теңгеге көтеріл-

ді, бұл алдыңғы бекітілген тари-

фтен 22 пайызға жоғары.

ш ы м к е н т т і к т е р   ү ш і н   д е 

жаңа  жыл  жаңа  тарифтермен 

бас талды.  ағымдағы  жылдаң 

қаңтарынан  бастап  ауызсу  мен 

жарықтың  бағасы  өсті.  Төлем 

топтастырылған  негізде  төле-

нетін  болды.  мысалы,  3  текше 

метрге дейінгі көлемде су пай-

даланатындар 35 теңге 83 тиын-

нан төлесе, 3 текшеметрден ар-

тық көлемде су тұтынатындар 47 

теңге 75 тиыннан төлейтін бола-

ды. ал жарық бағасының өсуі та-

сымалға байланысты. жарықты 

70  квт-тан  кем  тұтынатындар 

үшін тариф – 11 теңге 28 тиын. 

бұл – қосымша құн салығынсыз 

ақы.  ал  70  квттан  140  кВТ-қа 

дейінгі көлемде тұтынғандар 14 

теңге 16 тиыннан төлейді. 

мыз.  бұл  бағаның  бірден  ша-

рықтап  кетуіне  жол  бермейді. 

Қазіргі  қызмет  ақысы  да  тым 

қымбат емес. нарыққа сай бо-

лып тұр. сондықтан, дүрлігудің 

қажеті жоқ» деген пікірде.

коммуналдық  ақы  тұтыну 

мөлшеріне  қарай  әр  облыста 

әртүрлі.


бүгінгі күні суды артық пай-

далану да шығын болары анық. 

бір  текше  метр  судың  құны 

бұдан  былай  44  теңге  болып 

бекітілді. жылу бағасы да едәуір 

көтерілген.

алматыда  энергия  өндіруші 


2

№117/1 (2895/1) 

22 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



Кеңес сот жұмысын 

қорытындылауға арналды

Дөңгелек үстел



ҚҰҚЫҚ

Заңгерлер одағында 

жаңа басшы

Конференция

«ДІН – ДОСТЫҚТЫҢ 

ДӘНЕКЕРІ»

Есеп

Маңғыстау  облыстық  сотында  кеңейтілген  кеңес 

өткізіліп,  жыл  басынан  бері  тоғыз  айда  атқарылған 

жұмыстар  қорытындыланды.  Аталған  шараға  Маң­

ғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, 

алқа төрағалары, облыс бойынша Соттар әкім шісі нің 

басшысы,  облыстық  соттың  судьялары,  бөлім  бас­

шылары  мен  мамандар,  аудандық  және  оған  теңес­

тірілген  соттардың  төрағалары  мен  судьялары  және 

кеңсе меңгерушілері қатысты

Кеңейтілген  кеңесте  жергілікті  соттардың  атқарған  жұмыс 

сапасы,  көрсеткіштері,  электронды  сервистердің  қолданылуы, 

судьялар мен мамандардың біліктілігін арттыру, сот жұмысының 

ашықтығы  мен  жариялылығын  қамтамасыз  ету  мәселелері 

жан-жақты талқыланды. Алғаш сөз кезегін алған облыстық сот 

төрағасы  Ж.Аланов  мемлекет  басшысының  «100  нақты  қадам» 

– Ұлт жоспарында соттарға жүктеген міндеттерін және Жоғарғы 

Сот төрағасының тапсырмаларын жергілікті соттардың абыроймен 

атқарғанын айтып, сот реформаларын жүзеге асыруда белсенділік 

танытқандары  үшін  ұжымдастарына  алғысын  білдірді.  Сондай-

ақ, төраға алдағы уақытта өткізілетін республика судьяларының 

жетінші съезі, онда көтерілетін мәселелерді де тілге тиек етті.

Осыдан кейін Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және 

әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы 

Марат Сабырбаев азаматтық істер бойынша деректерге тоқталып, 

есепті  мерзім  ішінде  азаматтық  істердің  саны  артып,  әкімшілік 

істердің азайғандығын атап көрсетті. 

Күн  тәртібіндегі  келесі  мәселе  бойынша  қылмыстық  істер 

жөніндегі  апелляциялық  алқа  төрағасы  Е.Қарабаев  сөз  алып, 

қылмыстық істер статистикасына шолу жасады. 

Сондай-ақ,  іс-шара  барысында  аудандық  және  оған 

теңестірілген соттардың төрағалары сөз кезегін алып, атқарған 

жұмыстарымен таныстырып, туындаған мәселелерді талқылады. 

Кеңес барысында соттарды ақпараттық қамтамасыз ету, кеңсе 

жұмысын  ұйымдастыру,  электронды  сот  жұмысы,  тағы  басқа 

мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. 

Шара соңында  Ж.Аланов соттарға нақты тапсырмалар беріп, 

сот төрелігін жүзеге асыруда сапалы жұмыс атқаруды міндеттеді. 

Маңғыстау облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Асқар  Тоқмағамбетов  атындағы  мәдениет  үйінде 

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғам­

дық  бірлестігінің  Қызылорда  облыстық  филиа лының 

кезектен тыс конференциясы өтті.

Байғанин  атындағы  облыстық 

балалар  кітапханасында  арнайы 

дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып, 

оған  №56,  №5,  №6  орта  мектептің 

жоғарғы  сынып  оқушылары  және 

«Болашақ»  көпсалалы  колледжінің, 

кооперативтік  колледжінің,  өнер-

кәсіптік-технологиялар және басқару 

колледжінің  студенттері  қатысты.  

Рухани келісім күніне арналған «Дін - 

Достықтың  дәнекері»  атты  дөңгелек 

үстелді  ұйымдастырудағы  негізгі 

мақсат – жастарды ұлтаралық достық 

қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу, 

дін,  жасөспірімдердің  діни  сенім  

туралы  түсініктерін  көтеру,  қазақ 

қоғамын  жайлап  бара  жатқан  түрлі 

келімсек  дүние  ағымдар,  олармен 

күресу,  сақтану  жолдары  турасында 

өзара пікірлесу болып табылады. 

Оқырмандар  назарына  «Әлемді 

құтқарушы  күш  –  рухани  бірлік» 

атты кітап көрмесі ұсынылып, толық 

таныстырылды. Халықтар достығының, 

татулығының  маңыздылығын  айқын-

дайтын  Қазақстан  халқы  Ассамб-

леясы  туралы  кітаптар,  Ақтөбе 

өңірінде тұратын әртүрлі ұлт өкілдері 

арасындағы  достықты,  қоғамдағы 

төзімділікті  нығайтуға  күш-жігерін 

бағыттап  жатқан  этно-мәдени  бір-

лестіктер  қызметі  туралы  «Арайлы 

Ақтөбе  –  ұлттардың  ұясы»  кітабы 

және  Ислам  дінінің  құндылығын 

көрсетіп,  терең  түсінік  беріліп, 

өркендеп  өскен  өскелең  ұрпақты 

жаһанданудың  жойқын  соққысына, 

тілсіздік  дертіне  ұрындырып  алмай, 

өз  ұлтының  мәдениет  мәйегінен 

алшақтамай өсуіне жол ашып, рухани 

құндылықтарымызды-кітапхана 

қорын дағы  діни  сауатымызды  көте-

ретін «Иман негіздері», «Ислам мәде-

ниеті»,  «Мухаммед  Пайғамбар», 

«Дін  және  ұлт»  кітаптары  жастарға 

насихат талды. 

Дөңгелек  үстелде  «Ұлы  Абайдың 

«Адам  баласын  заман  өсіреді,  кімде 

-  кім  жаман  болса,  оған  заман-

дас тарының  бәрі  кінәлі»  деген 

ұлағатты  сөзін  қалай  түсінесіз?  Ұлт 

тұтастығына  қауіп  неден?  18  қазан 

– Рухани келісім күні. Бұл мерекенің 

өзге ұлттар мен ұлыстар үшін маңызы 

қандай?  Ұлтаралық  татулықтың  кілті 

неде?»  деген  сұрақтар  төңірегінде 

оқырмандар  өзара  пікір  алмасты. 

Шарада  халықтар  достығы,  дін, 

әдет-ғұрып  тақырыбында  және  өзге 

діннің алдауына түсіп, жылан арбаған 

торғайдай  аянышты  хал  кешкен 

қандастарымыздың  күрделі  тағдыры 

туралы сөз қозғалды.

Шара қонағы «Аңсар» ақпараттық-

т а л д а у   о р т а л ы ғ ы н ы ң   б а с ш ы с ы 

Жандәулет  Сүлейменов  жастардың 

пікірін тыңдай отырып елімізде тұрып 

жатқан Қазақстанның біртұтас халқын 

құрайтын  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің 

арасындағы  ынтымақтастық  пен 

бірлікті  нығайтуда  діннің  алар  орны 

ерекше  екендігіне  және  дүниежүзін 

жайлаған  алауыздық  пен  қатыгездік 

адамзаттың  рухани  жұтаңдауынан 

болып  отырғанын,  жұмыр  жерді 

қақтығыс пен дағдарыстан құтқарудың 

бір  жолы  –  рухани  бірлік  пен  өзара 

келісім  екендігін  әңгіме  өзегіне 

айналдырып,  жиналған  жастардың 

сұрақтарына  жауап  бере  отырып, 

шараны қорытындылады.

Мемлекеттің  жастарды  тәрбие-

леуге,  тәні  сау  және  рухани  бай 

жастар  ортасын  қалыптастыру  үшін 

қолайлы  жағдайлар  жасауға  ерекше 

көңіл  бөлуі  өте  маңызды.  Діннің  ең 

асыл  мұраттарын  өмірлік  ұстанымға 

айналдыра  отырып,  заманауи  білім 

алуға  және  білікті  маман  болуға 

ұмтылу – елін сүюдің және оның нағыз 

патриоты болудың шынайы өлшемі.   

Шараға қатысқан мектеп мұғалім-

дері өзіндік тұлға болып қалыптасуда 

мектеп  оқушылары  үшін  осындай 

шаралардың  маңызы  зор  екендігін 

айтып,  кітапхана  қызметкерлеріне 

ризашылықтарын білдірді. 

Рухани  келісім  күніне  арналған, 

баршаны  ынтымақта  өмір  сүруге 

шақыруға  бағытталған  шара  арқылы 

біз  осылайша  жүректерге  жылылық 

ұялатып,  жұмыр  жерді  қақтығыс 

пен  дағдарыстан  құтқарудың  бір 

жолы рухани бірлік пен өзара келісім 

екендігіне тағы да көз жеткіздік. 



К.ИДРИСОВА,

Ақтөбе қаласы 

Н.Байғанин атындағы облыстық 

балалар кітапханасының бөлім 

меңгерушісі 

Халқымыздың  ұрпаққа  мұра  етіп 

қалдырған  қағидасына  сүйенсек, 

қылмыс жасау тәрбиесіздіктің белгісі 



Экологиялық  қауіпсіздік  мәселесі  елорда  үшін 

шешімін таппай отырған өзекті мәселелердің бірі. Осы 

салада  құқықбұзушылықтың  алдын  алу  және  жолын 

кесу  бойынша  жұмыстардың  тұрақты  жүргізілмеуі, 

жүйелі  бақылаудың  жоқтығы  жер  қойнауын  заңсыз 

пайдаланушылардың  артуына,  құқыққа  қайшы  іс­

әрекеттердің  көбеюіне  ықпал  етті.  Бұл  мемлекетке 

және  оның  экономикалық  мүддесіне  орасан  зиянын 

тигізді.

Көптеген жылдар бойы қаланың шетінде жер қойнауын 

заңсыз өңдеу, одан пайдалы қазбаларды алып, құрылыс 

материалдары ретінде қолдану жүзеге асырылып келеді. 

Сонау  2012  жылы  елорданың  әкімшілік  шекараларында 

жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну бойынша Комис-

сияның шешімімен кең таралған пайдалы қазбаларды (әрі 

қарай  –  КТПҚ)  өңдеуге  тыйым  салынған  болатын  және 

бұл  елорданы  дамытудың  Бас  жоспарына  қайшы  және 

мақсатқа  сәйкес  емес  деп  танылған  еді.  Сәйкесінше, 

әкімшілік аумақта жер қойнауын пайдалану бойынша кез-

келген қызмет заңсыз болып табылады. Соған қарамастан, 

заңсыз  өндіру  бойынша  елордада  54  орын  анықталған, 

оның жалпы ауданы 215 гектарды құрайды және бұл алаң 

306 футбол алаңына тең, карьерлерден 7,4 млн текше метр 

пайдалы қазба өндірілген.

Пайдалы  қазбаларды  заңсыз  өндіріп  алу  тұрғын  үй 

массивтерінің маңайына дейін, сондай-ақ ерекше мәдени 

құндылыққа  жататын  нысандарға  дейін  жеткен.  Осыған 

байланысты,  Астана  қаласы  прокуратурасы  арнайы 

жоба  әзірлеп,  бекітті.  Аталған  жобаның  басты  мақсаты: 

мемлекеттік меншік құқығындағы жерге және оның қазба 

байлықтарына  қылмыстық  қолсұғушылық  фактілерін  түп 

тамырымен жою, сонымен бірге, жер қойнауындағы қазба 

байлықтардың заңсыз өңделуінің жолын кесу немесе оны 

барынша азайту.

Сонымен бірге, табиғатты қорғау заңнамасы бойынша 

туындаған  мәселелерді  қала  прокуратурасының  сенім 

телефондарына  хабарлап,  (8–(7172)–712485,  712467)  

немесе  Астана  қаласы,  Қабанбай  батыр  даңғылы  31 

мекенжайына барып жеткізулеріңізге болады. 

Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  табиғатты 

қорғау  және  экологиялық  заңнаманы  бұзу  фактілерін 

115.kz  электрондық  порталына  хабарлауға  болады  және 

фото/бейне  жазбаларды  www.youtube.com/channel/

UCCfa40xxR5MORyMOtbjyixw әлеуметтік желісіне жіберсеңіз, 

бұлар бойынша да құқықтық баға беріледі.

Астана қаласы прокуратурасының 

баспасөз қызметі

болып  табылады.  Соның  ішінде  өзге 

біреудің  табан  ақы,  маңдай  терімен 

тапқан дүние-мүлкін ұрлап алу қылмыс 

әрі  үлкен  күнә  болып  есептеледі. 

Сондықтан да, халқымыз «Ұрлықтың 

түбі –қорлық» деп, жастарды жаман 

әдеттен  жирендіріп,  жақсы  істерге 

қарай ұмтылдырып отырған. Алайда, 

ел арасында бабаларымыздан қалған 

осы  аталы  сөзді  санасына  құйып 

өскендермен  бірге,  өзгенің  мүлкін 

ұрлап алуды кәсіп көзіне айналдырып 

алғандар да аз емес.

Мәселен,  үстіміздегі  жылдың 

мамыр  айында  Алакөл  аудандық 

сотында  өзгенің  мүлкін  ұрлағандар-

ға  қатысты  қылмыстық  іс  қаралды. 

Әңгімені  әріден  таратып  айтсақ, 

бұл  оқиға  былай  болған  еді.  Тергеу 

барысында  аты-жөндері  анықтал-

ған  ауыл  азаматтары  2016  жылдың 

мамыр  айында  өзара  сөз  байласып, 

Ж.  есімді  жәбірленушінің  үйінде 

жоқ  екендігін  пайдаланып,  бөтеннің 

мүлкін  жымқыру  мақсатында  бас-

панаға  қойманың  терезесі  арқылы 

еніп,  9  дана  алтын  сақина  мен  1 

дана  алтын  алқа,  барлығы  190  000 

теңгенің  алтын  заттарын  және  сол 

үйдің  ішінде  сандықта  болған  2  000 

000  теңгесін  қалталарына  басып, 

оқиға  болған  жерден  бой  тасалап 

қашып кеткен. Осы қылмыстың нәти-

жесінде,  сотталушылар  К.  және  Т. 

жәбірленушіге  барлығы  2  190  000 

теңге материалдық шығын кел тірген. 

Жақында  Алакөл  аудандық  соты-

ның  үкімімен  жоғарыдағы  азамат тар 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық 

кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі 

деп танылып, олар 3 жыл 6 ай мерзімге 

бас бостандығынан айырылып, Қыл-

мыстық  кодекстің  63-бабын  қол дану 

арқылы  сол  мерзімге  сынақ  мерзімі 

тағайындалды. 

Оңай  жолмен  олжа  іздеймін  деп 

жүріп  от  басқан  бұл  азаматтардың 

тағдыры  өзгелерге  сабақ  болса 

екен  деп  ойлаймыз.  Халқымыздың 

«Маңдай  термен  тапқан  нан  қашан 

да  тәтті  болады»  деген  нақылының 

өміршеңдігі де осында жатса керек. 

Шараға  сот  корпусы  тарапынан  Қызылорда  облыстық  сотының 

азаматтық  істер  жөніндегі  алқа  төрағасы  Қ.Адранов,  Қызылорда 

қалалық сотының төрағасы А.Бабатов, Қызылорда облысы маман-

дандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотының  төрағасы 

А.Дәуренбеков,  Қызылорда  облысы  бойынша  Соттар  әкімшісінің 

басшысы  А.Жұмамұратов,  орынбасары  С.Смағұлова,  судьялар, 

отставкадағы судьялар және облыстық соттың бөлім басшылары мен 

соттардың кеңсе қызметкерлері қатысты.

Жалпы, 2012 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан 

Заңгерлері одағының міндеті ведомстволық-корпоративтік тиістілігіне 

қарамастан заңгерлер қызметіне қатысты ортақ саясатты, бірыңғай 

стандарттарды әзірлеу, еліміздің барлық заң қоғамдастығын біріктіру 

және  мемлекет  алдында  тұрған  маңызды  құқықтық  міндеттерді 

шешуде оның ортақ тұғырнамасын жасап шығару болып табылады.

Конференцияда  Қызылорда  облысы  Әділет  департаментінің 

басшысы  Қалдыбек  Сапаров  «Қазақстан  заңгерлерінің  одағы» 

республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  Қызылорда  облыстық 

филиалының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, шара барысында 

Әділет  департаменті  басшысының  орынбасары,  Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда 

облысы  бойынша  департаментінің  басшысы  мен  Қызылорда 

облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 

судьясы баяндама жасады.

Жиын соңында бірқатар заңгерлерге одаққа мүше ретінде билет-

тері  табысталып,  төс  белгілері  тағылды.  Айта  кету  керек,  одаққа 

Қызылорда облысы соттарынан 173 маман мүшелікке кірген.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал