АҢдатпа 6-бет 4-бет



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/6
Дата01.02.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІ ҮМІТТІ 

АҚТАМАДЫ


Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы

Ойталқы

АҢДАТПА

6-бет

4-бет

(Соңы 4-бетте)

№65 (2843) 17 маусым 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

«ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯҒА 

МҰҚТАЖДЫҚ БАР»

БАЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН 

ЖАСАУ — ӘР ӘКЕНІҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 



МОРАЛЬДЫҚ КОДЕКС КЕРЕК ПЕ?

Б

елгілі заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 

елімізге «моральдық кодекс қабылдайтын кез келді» деп дабыл қағады. Заңгер 

бұл ұсынысын соңғы уақыттағы азаматтардың бір-бірінің ар-намысына тиіп, 

әдептен асуының жиілеуімен байланыстырған. Мойындау керек, заңгердің тілге тиек 

етіп отырған мәселесі күннен-күнге ушығып барады. Алайда, оны арнайы заңмен 

реттеу мүмкін бе?

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, 

адвокат:

– «Екі заңгер болса, үш түрлі көзқарас бо-

лады» деген сөз бар. Моральдық кодекс керек 

деп дабыл қаққан әріптесімнің ойы осының 

кері болып тұр. 

Серік ӘПЕНОВ, 

заңгер:

– Бір қарағанда, қызық ұсыныс екен. Деген-

мен, осындай жағдайға жеткеніміздің өзі бүгінгі 

қоғамның бет-бейнесінің қандай екенін 

байқатқандай. 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДІ 

ЫНТАЛАНДЫРУҒА 240 МЛРД ТЕҢГЕ 

БӨЛІНБЕК


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 

жаңғырту  жөніндегі  ұлттық  комиссия  қыз-

метінің  аралық  қорытындыларына  арналған 

кеңес  өткізді.  Кеңес  барысында  кәсіби  мем-

лекеттік  аппарат  қалыптастыру,  заңның 

үстемдігін  және  елдің  экономикалық  өсімін 

қамтамасыз  ету  мәселелері  талқыланды. 

Кеңес қорытындысында Қазақстан Президенті 

экономикалық  өсімді  ынталандыру  үшін 

Үкіметке  2016  жылдың  екінші  жартысында 

қосымша  240  млрд  теңге  бөлуді  тапсырды. 

Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу 

есебінен  бөлінетін  ресурстар  шағын  және 

орта  бизнесті  қолдауға,  жеке  тұрғын  үй 

құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жү-

зеге  асыру  ісіне  жұмсалады.    Бұдан  бөлек, 

қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобалар-

ды іске асыруға, соның ішінде ауылдық елді 

мекендердегі  тұрмыс  сапасын  жақсартуға, 

Құрық  портындағы  паром  өткелін  аяқтауға 

және елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. 

Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа 

жұмыс  орнын  ашуға  мүмкіндік  беріп,  эконо-

микалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін 

тигізеді.  Қабылданып  жатқан  шаралардың 

тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономи-

калық өсім деңгейіне қосымша 0,4 % болады 

деп болжануда.



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

АВТОМАГИСТРАЛЬДАРДЫҢ 

ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жыл соңына дейін Қазақстанда «Астана-

Теміртау», «Алматы-Талдықорған», «Алматы-

Қорғас»  автомагистральдарының  құрылысы 

аяқталады.  Бұл  туралы  ҚР  Инвестициялар 

және  даму  министрлігінің  Автомобиль  жол-

дары  комитеті  басшысының  орынбасары 

Сайранбек  Бармақов  мәлім  етті.  «Ең  ал-

дымен біз «Астана-Теміртауды» іске қосамыз, 

«Алматы-Талдықорғанды» аяқтаймыз, сосын 

«Алматы-Қорғасты»  да  толық  аяқтаймыз. 

Үш тас жол қараша-желтоқсан айында, жыл 

соңына  дейін  іске  қосылады  деп  жоспарлап 

отырмыз», – деп мәлім етті С.Бармақов. Оның 

айтуынша, автомагистральдар төрт жолақты, 

кей  тұстарында  алты  көлік  қатар  өтетіндей 

кең болады. Еске сала кетсек, биыл елімізде 

1111 шақырымға созылған 46 жол нысанының 

құрылыс-жөндеу жұмыстары жасалуда, жыл 

соңына дейін соның 420 шақырым жолы пай-

далануға беріледі.

С.ОРЫНБАСАР

Осыдан үш жыл бұрын отандық экономикадағы күрделі ахуалды сауықтыру мақса-

тында  Мемлекет  басшысының  арнайы  тапсырмасымен  құрылған  «Бәйтерек»  холдингі 

өзіне  артылған  үмітті  ақтамады.  Бүгінде  бұл  ұйым  тек  банк  пен  бюджет  арасындағы 

тиімсіз делдал ғана болып отыр. Парламент Мәжілісінде палатаның Қаржы және бюджет 

комитеті өткізген «Бәйтерек» холдингінің экономиканы әртараптандыру, инвестиция тар-

тып, кластерлерді дамытудағы рөліне арналған отырыста депутаттар тарапынан осындай 

мәлімдеме жасалды. 

Сәті түскен сұхбат



(Сұхбат 5-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Көкейкесті



Бақтияр ӨНЕРБАЕВ, 

Алматы облысы әкімінің 

орынбасары:

«ЖАСТАР – 

ЕЛДІҢ 

ҚУАТ-КҮШІ»



Оқта-текте  қоғамның  қо-

ламтасына от тастап, маздатып 

қоятын өлім жазасы төңірегін-

дегі ой-пікірлер арада жылдар 

жылжып, ғасырлар озса да, әлі 

күнге бір тоқтамға маңдай тіре-

ген  емес.  Соған  қарамастан, 

әлем мемлекеттерінің көзқара-

сын екіге жарып отырған өлім 

жазасы ғаламның 58 елінде сол 

баяғысынша қолданылып келеді. 

Әшейінде демократиялық қағи-

далар  жөнінен  өзгелерге  жөн 

айтып, жоба сілтеуге құмар алып 

АҚШ-тың кейбір штаттарында 

өлім жазасына кесілгендерді қас 

қағым сәтте о дүниеге аттанды-

ратын электр орындықтары күні 

бүгінге дейін тынымсыз жұмыс 

істеуде. Франциядағы ауыр қыл-

мыс  жасағандардың  бастары 

гильотина пышағы арқылы ша-

былса,  кейбір  мемлекеттерде 

өлім  жазасына  тартылғандар-

дың  тамырына  улы  инъекция 

жіберіледі.  Мына  іргеміздегі 

Қытайдың қылмыстық заңнама-

ларының 10-15 бабында тек өлім 

жазасы  ғана  қарастырылған. 

Бұл елде жемқорлықтан бастап, 

есірткі қылмысына дейінгі ара-

лықтағы  әрекеттерге  барған-



ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ СОҢЫ ӨКІНІШПЕН 

АЯҚТАЛСА... КІМ ЖАУАПТЫ?



Ақтөбедегі лаңкестік топтың қанды әрекеттерінен кейін 13 жыл бойына тілін тістеп 

тұрған өлім жазасы төңірегіндегі қайшыласқан пікірлердің тамырына қайтадан қан 

жүгіре бастады. Турасын айтсақ, «қылмыс жасаған адамды өмірінен айыру қажет пе, жоқ 

па» деген сауал тек Қазақстанда ғана емес, әлем мемлекеттерін талас-тартысқа жетелеп, 

ойландырумен келеді. 

Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


дардың өмірін қорғасын оқ пен 

дардың қыл арқаны жалмайды. 

Өлім жазасы қай мемлекетте 

қандай тәсілмен жүзеге асырылса 

да, оның түпкі мағынасы бәрібір 

Жаратқан иемнің жұмыр басты 

пендесіне  берген  өмірін  қию 

деген ұғыммен сабақтасып жа-

тады. Сондықтан да, қамшының 

сабындай келте ғұмырды кейбір 

мемлекеттердің өзгелерге сабақ 

болсын деген мақсатпен саналы 

түрде өз қолымен өшіретіндігіне 

жан-тәнімен қарсы адамдар аз 

емес. 

«Жалпы, квазимемлекеттік сектордың мінде- 



ті – мемлекеттің қаржысын экономикаға жеткізіп 

қана қоймай, оның қалай пайдаланылып, қандай 

тиімділікке қол жетіп жатқанын қадағалап, оның 

қайтарымдылығын қамтамасыз ету,  нақтылай 

айтқанда, экономиканы дамытып, оның шығыс 

бөлігінің ұлғаюына қол жеткізу. Өкінішке қарай, 

бүгінде мұндай пәрменді іс-қимыл  бірде-бір ква-

зимемлекеттік сектор нысанынан байқалмайды.  

Біз сіздерде табыс барын көріп отырмыз, бірақ, оны 

сіздер мемлекеттің ақшасына делдал болу арқылы  

тауып отырсыздар», – деп атап өткен еді осы ретте 

жиын тізгінін өз қолына алған аталмыш комитет 

төрайымы Гүлжан Қарақұсова. 

 


2

№65 (2843) 

17 маусым 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Түйткіл


Дөңгелек үстел

Пікір


Жаңа Азаматтық процестік 

кодексте  татуластыру  рәсім­

дерін сот тәжірибесінде тиімді 

қолданудың жан­жақты тетіктері 

жасалған. Құжат қолданысқа 

енгізілген сәттен бастап оның 

насихат жұмыстарына айрықша 

мән берілді. Республикадағы 

с от   ұ ж ы м д а р ы   м ед и а ц и я 

кабинет терінің  ашылуына 

мұрын дық  болып,  медиатор­

лардың белсенділігін көтеруге, 

судья­медиаторлар жұмысымен 

таныстыруға, партисипативтік 

тәсілдің  ерекшелігін  түсін­

діруге  барынша  тырысып, 

кешенді  жұмыстар  жүргізіп 

жатыр. Көпшілік ынтымақтаса 

атсалысып  жатқан  маңызды 

шарадан Ырғыз аудандық соты 

да  шет  қалған  жоқ.  Таяуда 

жергілікті медиаторлардың, ішкі 

істер қызметкерлерінің, адвокат­

тардың қатысуымен дөңгелек 

үстел  ұйымдас тырылып,  он­

Сауатсыздық 

сергелдеңге салады

Қоғамдағы іргелі реформалар, экономикадағы өзгерістер, 

халықаралық байланыстың жолға қойылуы мемлекетте жаңа 

заңнамалардың жасалуына түрткі болуда. Қазақстан сияқты 

жас,  тәуелсіз  республиканың  аяғынан  нық  тұруы  үшін, 

дамудың тұрақты динамикасына түсуі үшін уақытпен қатар, 

батыл шаралардың қолға алынуы кезек күттірмейді. Және 

ол шаралардың заңдық тұрғыдан бекітіліп отыруы құқықтық 

мемлекетке тән жағдай.

Айталық, бізде «Заңдарымыз неге өзгеріске түсе береді? Неге 

біз құжаттарды қайта жасауға құштармыз?» деген сауалдар жиі 

қойылады. Заңды жасау жұмыс жоқтықтан қолға алынатын іс емес. 

Бұл қажеттілік. Қоғамның сұранысын өтеуге деген мұқтаждықтан 

туған бастама. Рас, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған 

заңдардың өзге елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасалғаны, 

ондағы негізгі ұсыныстар айтылғанда өз мамандарымыздан 

гөрі шетелдік сарапшылардың пікіріне басымдық берілгені 

талас тудырмады. Дегенмен, теорияның тәжірибемен, көшірме 

заңдардың жергілікті халықтың менталитетімен қабыспайтыны 

байқалған алғашқы сәттен­ақ бізде құқықтық құжаттарға 

өзгерістер енгізу орын алды. Ал, заңға бір емес, екі емес, 

бірнеше рет түзетудің енгізілуі оның қадірін кетіріп, салмағын 

азайтады. Соған орай, соңғы жылдары негізгі заңдарды қайта 

қабылдап, құқықтық мәселелерді кедергісіз шешудің тетіктерін 

қалыптастыруға батыл қадам жасалып жатыр.

Азаматтық процестік кодекстің қайта жасалуының себебін 

де осы тұстан іздеген жөн. Кодекстегі басты жаңалық саналатын 

тараптарды  татуластыру,  сот  сатыларын  оңтайландыру, 

ашықтық, қолжетімділік принципін сақтау, сот отырыстарын 

заманауи технологиямен қамтамасыз ету, сотта өкілдік ету 

секілді мәселелер бұған дейін де заңгерлер арасында жиі 

талқыланып, көтеріліп жүрген тақырып болатын. Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Азаматтық сот ісін жүргізуді 

жаңғырту қажет. Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің 

тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және 

заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс», – деген 

тапсырмасынан кейін заңгерлер, судьялар арасында талайдан 

бері талқыланып келген көптеген маңызды мәселелер кодекс 

жобасына негіз болды. Осылайша көпшілік талқысынан өткен 

заң бүгінде азаматтық іс жүргізу саласындағы бұған дейін орын 

алып келген талай түйткілді мәселелердің оң шешімін тауып, 

үшінші билік пен қарапайым халық арасындағы байланысты 

нығайтуға, сенімді арттыруға септігін тигізіп жатыр. 

Соның нәтижесінде қазір республиканың барлық соттарында 

тараптарды татуластыру арқылы біткен істер саны артуда. 

Біздің Қаратал аудандық сотында да медиаторлардың, судья­

медиаторлардың көмегіне жүгініп ортақ келісімге келіп жатқан 

жандар аз емес. Сондай­ақ, партисипативтік келісімнің санын 

көбейту мақсатында қорғаушылармен де түсіндіру жұмыстары 

тұрақты жүргізілуде.



Н.СЕРИКОВА,

Медеу аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Сырт  көздің  сот  туралы 

түсінігі әртүрлі. Көпшілігі сотты 

дауын айтып келген екі тараптың 

мәселесін таразылаушы, ақиқатын 

айтушы деп біледі. Алайда, соттың 

функциясы тек төрелік айтумен 

шектелмейді. 

Рас, қазының ең бірінші мақ­

саты – кез келген істі талдағанда 

с а лқынқандылық  т анытып, 

көңіл күйдің жетегінде кетпей, 

екі тарап риза болатындай әділ 

шешім  қабылдау.  Содан  болса 

керек, судьяны мантиясын киіп, 

әділет балғасын қолына алып, үкім 

айтушы деген көзқарас бұрыннан 

бар. Бұған ешкімнің дауы да жоқ. 

Дегенмен, қазылар жоғарыдағы 

негізгі қызметінен басқа, халыққа 

туралықтың,  сабырлылықтың, 

пара сат тылықтың, кісіліктің үлгісі 

де бола білуі керек. 

Басқа  сала  қызметкерлері 

тиесілі  жұмысын  атқарғаннан 

кейін  өз  қалауымен  жүреді. 

Көп шілік ортасында өзін еркін 

ұстайды,  көңіл  көтеруде  өзіне 

шектеу қоймайды. Кейде шарша­

ғанын айқайлап, жылап, билеп 

басатындар да табылады. Мұндай 

қасиеттер судьяға жат. Өйткені, 

ол мантиясын кигенде де, ман­

тия сын  шешкенде  де  соттың 

беделін, соттың абыройын ойлап 

тұруы тиіс. Бір судьяның оғаш, 

оспадарсыз  әрекеті  бүкіл  бір 

құрылымның  абыройын  түсір­

еді. Қазіргі қолданыстағы Әдеп 

кодексінде  де,  алдағы  съезде 

қабыл данғалы отырған жаңа Әдеп 

кодексінде де судьяларға қойыла­

тын талаптар мен шек теулердің 

қатаңдатылуы  соны  аңғартса 

керек. 


Сондай­ақ,  қазақстандық 

қазылар    қарапайым  халықты 

құқықтық сауаттандыру тұрғы­

сынан да көп еңбектенеді. Бұл 

қызмет олардың негізгі функция­

сынан кейінгі уақытының бәрін 

Сот – мәртебелі орын. Сондықтан, оған 

кірудің нақты талаптарының болуы, ғимаратта 

тәртіптің сақталуы заңдылық. Даудың ақ­

қарасы анықталатын сот процесіне іске тікелей 

қатысы бар жандардың тексеруден өткеннен 

кейін ғана жіберілетіні бұлжымас қағида. 

Әрі заң алдында азаматтар қаншалықты тең 

құқылы болса, сот залына кірерде де тараптарға 

ешқандай артықшылық жасалмайды. Процеске 

қатысушылардың барлығы ғимаратқа кіру 

тәртібіне сай толықтай тексеруден өткізіліп, 

тыйым салынған заттардың жоқ екеніне көз 

жеткізілгенде ғана төрелік алаңынан орын 

алады. 


Жоғарғы  Соттың  талабына  орай,  2010 

жылдан бері республика соттарында бір реттік 

талондар беру жолымен азаматтар ғимаратқа 

кіргізіледі. Мұндай талондар іске қатысы бар 

тұлғалар үшін емес, қызығушылық танытқан 

сырт  адамдарға  ұсынылады.  Сондай­ақ,  

Премьер­министр мен Президент Әкімшілігі 

басшысының тапсырмасына орай, сот мәжіліс 

залдарына смартфон секілді артық заттарды 

алып кіруге де қатаң тыйым салынған. Бұл 

өзгерістің барлығы ақпараттық қауіпсіздікке 

қылау түсірмей, ашықтық принципін бұзбау 

мақсатында қолға алынған. Және мұндай 

тыйымнан  судьялардың  өзі  де,  процеске 

қатысатын сот қызметкерлері, прокурорлар 

СОТТЫҢ ЖҰМЫСЫ 

ҮКІМ ШЫҒАРУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ



ТӨРЕЛІК АЛАҢЫНА 

КЕЛГЕНДЕРДІҢ БӘРІ ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ

мен адвокаттар да шет қалмаған. Шындығына 

келгенде, заманауи технологияны қолдану 

іске қатысатын азаматтардың көңілін бөліп 

уақытын  алатыны,  назарын  басқа  тұсқа 

аударатыны жасырын емес. Ал, смартфонды 

сот отырысын жазу үшін қолдандым деп ақталу 

артық. Себебі, қазір республикадағы барлық 

сот мәжіліс залдары жоғары сапалы дыбыс­

бейнежазба құрылғыларымен қамтамасыз 

етілген. Отырыс толықтай таспаға жазылады. 

Әрі  оны  өзгертуге,  қысқартуға  болмаса 

редакциялауға ешкімнің қақысы жоқ. Тараптар 

сот отырысы аяқталғаннан кейін таспаларды 

сұратып, қайта қарап шығуға мүмкіндік алған. 

Сондықтан, смартфонды ұстау үшін жалған 

сөйлеудің керегі жоқ. Біз, сот судьялары, бұл 

таспалардың еш өзгеріссіз сақталатынына 

кепілдік бере аламыз. Тек тараптар таспа­

ны  алып,  қайта  қарау  арқылы  өздері 

Пайым


Көпшілік медиацияның 

тиімділігін түсіне бастады

билбордтар  көптеп  ілінуде. 

Е г е р   е р ­ а з а м а т т а р   б а л а 

алдындағы  жауапкершілігін 

сезініп,  али ментін  тұрақты 

т ө л е п   т ұ р ғ а н д а   м ұ н д а й 

жарнамалар бой көтер мес те 

еді. Алайда, сот орын даушылар 

арнайы қаржы бөліп, билборд 

дайындағанда сол өз ұл­қызына 

қажетті  қаржыны  беруден 

қашып  жүрген  жандарға  ой 

салып,  баласын  тірі  жетім 

еткендердің санасына қозғау 

салуды мақсат тұтқан болатын. 

Десек те, алиментке қатысты 

берешектің кемімей отыруы бұл 

бағыттағы жұмыстарды әлі де 

жандандыра түсуді қажет етеді. 

Құзырлы  орындар  тара­

п ы н а н   а л и м е н т ке   қ ат ы с ­

т ы   қ а р ы зд ы   д е р   ке з і н д е 

қайтартудың тетіктері заңдық 

тұрғыдан жасалып та жатыр. 

Берешегі барлардың аты­жөні 

жария етіліп, олардың шетелге 

шығуына  шектеу  қойылған. 

М ұ н д а й   то с қ ау ы л  д а рд ы ң 

қарастырылып  жатқанынан 

қ а р ы з ы   б а р   ж а н д а р д ы ң 

барлығы  хабардар.  Бірақ,  өз 

баласына  ақша  бермеу  үшін 

дүние­мүлкін жасырып, жұмыс 

орнын  айтпай,  мекенжайын 

көрсетпей, түрлі қитұр қылыққа 

барып жүрген қашқын әкелер 

жауаптылықтан  жалтару дың 

әдіс­тәсілін  әбден  меңгеріп 

алған.

Бала – бауыр етің. Тек сол 



періштелердің  қамсыз  өмірі 

үшін  қашқын  әкелердің  неге 

еңбек  етіп,  қаржы  бергісі 

келмейтіні  жаныңа  батады. 

Қазір  жалғызбасты  аналарға 

көмек ретінде мемлекеттік қор 

құру мәселесі көтеріліп жатыр. 

Қордан  берілетін  қаржының 

ж а рт ы ке ш   от б а с ы л а рд ы ң 

жыртығына жамау болатыны 

к ү м ә н с і з .   Б і р а қ ,   қ а ш қ ы н 

әкелердің міндетін неге мемлекет 

өз мойнына алуы керек? Бүгінгі 

қоғамды  ойлантып  отырған 

мәселе де осы.

Бала тағдырына алаңдамағандарға 

қалай ой саламыз?

да  дауды  бітіммен  аяқтауға 

қатыс ты мәселелер көпшілік 

талқысына салынды.

Жалпы, қоғамда түрлі талас­

тардың  туындап  жата тыны 

белгілі. Бірақ, соның барлығын 

сот  арқылы  шешу  міндетті 

емес. Татуластыру рәсімдерін 

қолдану азаматтар үшін де, сот 

үшін де тиімді. Сотқа тиімді 

болатыны  бітімгершілікпен 

бітетін істер азаматтық істер 

санын азайтады. Сол арқылы 

судья лардың жүктемесі кеміп, 

басқа  істерге  көбірек  көңіл 

бөлуге, бос уақытында ізденуіне 

жол ашылады. Сонымен қатар, 

тарап тарды татуластыру азамат­

тар арасындағы сыйлас тықты 

сақтауға да ықпалды. Болмашы 

нәрсе үшін жақы ныңды жатқа 

айналдыру, көршіңді қас жау 

ету кімге керек? Міне, сотқа 

арыз жазбас бұрын, жұртшылық 

осыған мән беруі керек. Мүм­

кіндік  болса  араағайынның 

көмегіне, ақсақалдар алқасының 

тал қы сына  салсын.  Болмаса 

медиаторларға, судья­медиа тор­

ларға жүгінсін. Қалай болғанда 

да кез келген адам өз дауының 

ауыр салдарсыз, ұрыс­керіссіз, 

бітіммен шешілуіне мүдделілік 

танытқаны жөн. 

Ырғыз  аудандық  сотында 

2015  жылы  6  қылмыстық  іс, 

2016  жылы  9  қылмыстық,  3 

азамат тық іс медиация тәрті­

бімен қысқартылған. Әрине, бұл 

көрсеткішпен көңіл толтыруға 

болмайды. Дегенмен, қазіргі 

насихат жұмыстарының жақ­

сы жолға қойылуы, азамат тар­

дың  дауды  ортақ  келісіммен 

аяқтағанда  салықтың  қайта­

рылып беріле тінінен хабардар 

болуы жақын уақытта медиа­

цияның  көмегімен  шешімін 

табатын істердің санын өсіреді 

деген ойдамыз. 

Асқар БИСЕНҒАЛИ,

Ырғыз аудандық сотының 

төрағасы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ



Берікбол СӘМЕНОВ,

Алматы қаласы Әділет 

департаменті бастығының 

орынбасары

Қазір ірі қалалардың, облыс, 

аудан  орталықтарының  көр­

некі жерлеріне көзі жәудіреп 

әкесіне алақан жайып тұрған 

балалар дың суреті бейнеленген 

Сот сөйлесін

күмәнданған  тұсты  анықтап,  шындыққа 

көз жеткізе алады. Осы жерде бұқаралық 

ақпарат құралдарында жаңа технологияның 

озық үлгілерін қолдануға қатысты түйткілдің 

туындауы  заңды.  Журналистер  дыбыс­

бейнежазу  құрылғылары  арқылы  кейде 

сот залынан тікелей репортаж жасауға, сот 

отырысынан жедел, шынайы ақпарат беруге 

тырысып жатады. Қазіргідей бәсекелестік 

дамыған заманда әріптестерінен алда тұру 

үшін журналистердің оқиғалардан шынайы 

хабарлама  жасағаны  дұрыс.  Алда  тұруды 

мақсат еткен журналист бұл туралы соттан 

алдын ала рұқсат алуы керек. 

Сот  ашық  өткізіледі,  ешкімге  кедергі 

жасалмайды  деген  қағида  бұрыннан  бар. 

Дегенмен, егер даулы мәселесі таразыланып 

жатқан қос тараптың бірі қарсылық көрсетіп, 

қандайда бір сурет, бейнематериал дайындауға 

келісім бермесе,  судья іске журналистерді 

қатыстыра алмайды. Тек мұны төртінші билік 

өкілдері ақпарат құралдарына қойылған кедергі 

деп түсінбегені ләзім. Өйткені, сот үшін ең 

алдымен дауға қатысушы тараптардың пікірі 

маңызды. 



А.ИХЛАСБАЙҚЫЗЫ,

Жетісу аудандық №2 сотының судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

алады  десек  қателеспейміз. 

Соңғы жылдары әріптестеріміз 

жоспарлы түрде ашық есік күн­

дерін,  қоғамдық  қабылдаулар, 

тұрғын дармен кездесулер өткізіп, 

әкімшілікпен  бірлесе  отырып 

арнайы дәрістер ұйымдастырып, 

халықтың құқықтық мәдениетін 

қалыптастыруға, жаңадан қабыл­

данған заңнамаларды түсіндіру 

арқылы  жұртшылықтың  біл­

местіктен  зардап  шекпеуіне 

көмек  көрсетуде.  Осындай  бір 

шара жақында Алматы облысы 

Еңбекшіқазақ аудандық сотында 

да  қолға  алынды.  Алдын  ала 

хабарландыру арқылы тұрғын­

дардың басын қосып, аудандық сот 

ғимаратында өткізілген ашық есік 

күнінде сыбайлас жемқорлықпен 

күрес, сыбайластыққа байланысты 

қаралып жатқан істер, жемқорларға 

жәрдемдесуден қалай сақтанудың 

жолдары айтылды. 

Бір қуанарлығы, қазір азамат­

тарда өз білімін көтеруге, біл­

мегенін  үйренуге  деген  ынта 

басым. Бұған ашық есік күнінде 

анық көз жеткіздік. Шараға қатыс­

қандардың айналасына қызығу­

шылық танытып, судьяның кеңесін 

тыңдап, ризашылығын білдіріп 

қош  айтысып  кететін  күндері 

қазір  алыста  қалған.  Бүгінгі 

жұрт өзін қызықтырған сұрақты 

жасырып қалмайды. Осы жолы 

да «Жемқорларға берілетін жаза 

неге әртүрлі?», «Қанша теңге пара 

болып саналады?», «Жемқорлық 

туралы  ақпарат  бергендердің 

қауіпсіздігі, құпиялығы сақтала 

ма?», «Қазір қандай шулы істер 

қаралып  жатыр?»,  «Лауазым­

ды  тұлғаларға  қатысты  істер 

қаралғанда  судьяларға  қоқан­

лоқы  жасайтындар  бола  ма? 

Ондай жағдайда қандай шаралар 

қолданылады?»  деген  сияқты 

көптеген  сауалдар  ортаға  тас­

талып, оған жауап берілді.

Иә, осы сұрақтардың ыңғайы­

ның өзінен­ақ қарапайым азамат­

тарда  жемқорлыққа  қатысты 

біржақты пікірдің қалыптасқанын 

аңғару  қиын  емес.  Көпшілігі 

сыбайластыққа  байланысты 

тағайындалатын жазаның әртүрлі 

болуын сотталушының беделімен, 

ықпалымен  байланыстырып 

жатады.  Алайда,  заң  еліміздің 

барлық  тұрғындарына  ортақ. 

Жемқорлар  ысырап  қылған 

ақшасының көлеміне, айыбының 

жеңіл­ауырлығына,  кінәсін 

мойындағанына,  келтірілген 

шығынды орнына толтырғанына 

қарап  жазасын  алады.  Бүгінде 

биліктің ең жоғары сатыларында 

жүрген  азаматтар  да  қазына 

қаржысын  жымқырып  сенімге 

қиянат жасаса, қылмысына сай 

жазасын алып жатыр. Сондықтан, 

азамат тардың  ел  заңдарының 

туралығына күмәндануы орынсыз. 

Біздің құқықтық түсіндіру шара­

ларын өткізудегі мақсатымыз осы 

жұртшылықтың әділ төрелікке 

деген  сенімін  қалыптастыруға 

бағытталған.  Мұндай  шаралар 

тұрақты өткізілетін болса, бұл 

мақсатымызға да жететін күн алыс 

емес.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал