АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/6
Дата27.02.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

6-бет

3-бет

(Соңы 8-бетте)

№3 (2928) 13 қаңтар 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

АЗАМАТТЫҒЫҢДЫ АЛУ 

АЗАТТЫҒЫҢА 

ҚАУІП ТӨНДІРМЕСІН

ІРІ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ 

ДАУЫН ШЕШУ ОҢАЙ ЕМЕС

Сұхбат

(Соңы 4-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


–  Анар  ханым,  «Қазақстан 

Рес пуб ликасының  кейбір  заң 

актілеріне экстремизм және терро­

ризмге қарсы күрес мәселе лері 

бойынша өзгерістер мен толық­

тырулар енгізу туралы» заң негі­

зінде уақытша тіркеу және тіркелу 

міндеттілігі дәйектелді. Бұл шара 

не үшін қажет болды? Осы жөнінде 

қысқаша түсінік беріп өтіңізші.

– Әрбір азаматтың өзі тұратын 

жерінде күнтізбелік он күн ішінде 

тұрақты  тіркелуі  бұрыннан  бар 

өлшем.  Аталмыш  заң  негізінде 

тәжірибеге  еніп  отырған  өзгеріс 

уақыт ша келген орны деген ұғыммен 

дәйектеледі. Осыған орай «Халықтың 

көші қоны туралы» заңның 1-бабында 

уақытша тіркеу орны деген ұғымға 

түсініктеме бере отырып, 51-бабының 

екінші тармағына тұрақты тіркелген 

орнынан шықпай, келген жеріне  он 

күн ішінде  уақытша тіркелу міндеті 

енгізілді. 

Уақытша тіркелу не үшін  қажет? 

Мәселен, тұрақты тіркелген жері бар 

қаншама азаматтар басқа облысқа 

немесе Астанаға іс сапармен немесе 

басқа да қажеттілікпен келсе, көбіне 

пәтер жалдап тұрады. Бірақ, оған 

тіркеуге тұра алмайды.



Бүгінде  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі  барша  спортсүйер  қауым 

қазақ жерінде өтетін Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиаданың 

алауы жағылатын күнді тағатсыздана күтуде. Ал, қазақстандықтар 

байрақты бәсекенің ақырғы дайындық барысын пысықтап жатыр. 

Сонымен,осы жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында 

Алматыда  өтетін  қысқа  Универсиадаға  әлемнің  55-тен  астам 

елінен 2 мыңға тарта  спортшы қатысады. Жарыстар 8 нысанда 

спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олар тау шаңғы спорты, биатлон, 

«ЗАҢНАМАДАҒЫ 

ӨЗГЕРІС 

ТІРКЕУ ІСІН 

ЖЕҢІЛДЕТЕДІ»

 

Ақпарат



Бүгінгінің бас тақырыбы

Түйткіл


А

ймақта  мемлекеттік  қызметшілерге  берілетін  қызметтік  баспананың  тұрғын  үй 

қорын  құру  мәселесі  өткір  тұр.  Бұл  жайында  Мемлекеттік  қызмет  істері  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 

департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

АРМЫСЫҢ, УНИВЕРСИАДА!

шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, 

сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен 

жүгіру  спорты,  шайбалы  хоккей  (еркектер  және  әйелдер 

арасында) және кёрлинг. Барлығы 543 медаль ойнатылмақ. Ал, 

Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші мен 600-ге жуық 

ұлттық техникалық мамандар жұмылдырылады. 

Анар ЖОМАРТОВА, 

Ішкі істер министрлігі 

Көші­қон полициясы 

департаментінің 

аға инспекторы:

ҚЫЗМЕТТІК БАСПАНАҒА 

СҰРАНЫС КӨП

Шығыс  Қазақстан  облыстық 

Энергетика  және  тұрғын  үй-

коммуналдық  шаруашылығы 

басқармасына  Өскемендегі 

ұйым дардан  мемлекеттік  қыз-

метшілеріне  қызметтік  баспана 

бөлуді  сұраған  40  хат  түссе, 

Семейден 100 хат тіркелген. 

Б а с қ а р м а   б а с ш ы с ы н ы ң 

орынбасары  А.Қайрақанованың 

берген мәліметтеріне сүйенсек, 

2011-2016  жылдары  облыс 

орталығында  мемлекеттік  қыз-

метшілерге  347,  Семей  қала-

с ы н д а   5 7   қ ы з м е т т і к   п ә т е р 

берілген.  Баспаналар  жеке-

шелендіруге  жатпайды.  Ағым-

дағы  жылдан  бастап  620  мың 

шаршы метр көпқабатты үйдің, 

2 1   м ы ң   ш а р ш ы   м е т р   ж е к е 

баспананың  құрылысы  жүріп 

жатыр.  Баяндамашы  барлық 

сұраныстарды  қанағаттан-

дыру  мүмкін  еместігін,  бүгінде 

бюджеттен  екінші  рыноктағы 

баспаналарды  сатып  алуға 

қаражат бөлу мәселесі қаралып 

жатқанын айтты. 

–  Бұл  –  өте  өзекті  мәселе. 

Облыста  мемлекеттік  қызмет-

шілерге  берілетін  қызметтік 

баспананың  тұрғын  үй  қорын 

құру  қажет.  Бөлінген  қызметтік 

баспаналарды  комитеттердің 

аумақтық  құрылымдарының 

балансына өткізіп, кейінгі жөндеу 

жұмыстарын солардың есебінен 

жүргізсе,  бұл  өте  тиімді  болар 

еді. Сіздер алдағы уақытта осы 

мәселені  қолға  алыңыздар,  – 

деді  Шығыс  Қазақстан  облы-

сы  бойынша  мемлекеттік  қыз-

м е т   і с т е р і   ж ә н е   с ы б а й л а с 

жем қорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

д е п а р т а м е н т і н і ң   б а с ш ы с ы 

Бахтияр Камалов.



Азамат ҚАСЫМ,

«Заң газеті»

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 

ОБЛЫСЫ

Марат Тәжин жаңа 

қызметке тағайындалды

Ақорданың  баспасөз  қызметі  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Жарлы­

ғымен Марат Тәжин Қазақстан Респуб ликасы 

Президентінің әкімшілігі басшы сының бірінші 

орынбасары қызметіне тағайындалғаны туралы 

хабарлады. 

«Марат  Мұханбетқазыұлы  Тәжин  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  әкімшілігі  басшы­

сының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, 

ол  Қазақстан  Республикасының  Ресей  Федера­

циясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қыз­

метінен  босатылсын»,  –  делінген  Елбасы  Жар­

лығында.  Марат  Тәжин  Қазақстанның  РФ­дағы 

Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін 2014 жылдан 

бері атқарып келді.



Қазақ журналистерінің 

ұйымы құрылды

Журналистердің кәсіби тұрғыда жан­жақты 

дамуына,  білімін  жетілдіруіне  және  бәсе кеге 

қабілеттілігіне ықпал ету мақсатында Қазақ­

станда қазақ журналистерінің жаңа бір лестігі 

құрылды. 

«Қазақтілді  кәсіби  журналистер»  қоғамдық 

бірлестігі  өкілдерінің  айтуынша,  «Бірлестік 

мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар және 

қаржылық  институттармен  бірге  тақырыптық 

дәрістер өткізу арқылы журналистердің салалық 

білім  деңгейін  көтеруге,  маңызды  ақпараттарға 

қолжетімділігін арттыруға ықпалдасады. Жалпы, 

бірлестіктің басты мақсаты – қазақ журна листерінің 

кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру». 



Уақытша тіркеуге 

тұрушылар көбейіп келеді

«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік кор­

порациясы директорының орынбасары Шоқан 

Әбділманов  жаңа  заңнама  талабы  бойын ша 

уақытша тіркеуге тұрушылардың қатары көбейіп 

келе жатқанын мәлімдеді. 

«Ағылған халық легіне қызмет көрсетіп үлгеру 

үшін белгілі бір уақыт қажет. Дегенмен, процесс 

басталып кетті. Біз таңертеңгі 8­ден және демалыс 

күндері де жұмыс істей бастағанымызды ескертсек 

те, бізге жүгінген адамдардың арта түскені бай­

қалады.  Уақытша  тіркеу  бойынша  электронды 

анықтамаға сұраныс, негізінен, Алматы мен Астана 

сынды  үлкен  қалаларға  тиесілі.  Өзге  өңірлерде 

мұндай  дүрбелең  жоқ.  Шымкент,  Қарағанды 

және  Павлодарда  да  жәрдемақыға  байланысты 

электронды қызметке сұраныстың өскені байқалады. 

Қалған өңірлердегі ахуал бақылауда тұр», – деді 

директор орынбасары.



2

№3 (2928) 

13 қаңтар 2017

zangazet@maiI.ru

Кездесу

Көмек


Шара

Депутаттар ел арасында



ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ЖАСТАРҒА САБАҚ

РАҚЫМШЫЛЫҚ – 

ЖАҢА ӨМІР БАСТАУЫ

Оң қадам

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  әкімі  Жансейіт  Түймебаев  ҚР  Парламенті 

Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровпен және Сенат депутаты Әли 

Бектаевпен кездесті. Басқосуда тараптар елімізді, оның ішінде оңтүстік өңірді түрлі 

салалар бойынша дамыту жайын талқылап, пікір алмасты.

Таяуда Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша 

ауданындағы  Нагорное  селосының  33  жастағы 

тұрғыны  7  жасар  баласын  ертіп,  тас  жолға  жету 

үшін жаяу жолға шыққан. Алайда, ақ түтек боранның 

салдарынан адасып кеткен.

Ол өз күшімен жақын маңдағы елді мекенге жетпек 

болған.  Мұнысынан  түк  шықпайтынын  байқаған  соң, 

«112»  нөміріне  хабарласуды  жөн  көріпті.  «Баламның 

қатты жаурап қалғанын байқадым. Денесі қалшылдай 

бастады. Қолыма алып бір шақырымдай жүрдім. Жолға 

жете  алмайтынымды  түсіндім»,  –  дейді  көз  жасын 

сүртіп отырған Венера Великанова. 

ТЖД қызметкерлерінен келген хабарламаны алған 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай  қабылданған  «Рақымшы­

лық  жасау  туралы»  №27­VІ  Заңы 

шалыс  қадам  басқан  талай  жанды 

қиындықтан  құтқаруда.  Мәселен, 

Қызылорда  облыстық  ішкі  істер 

департаментінің  мәліметінше,  заң 

аясында тоқтатылуға жататын қыл­

мыстық  істер  мен  теріс  қылық­

тардың  тізіміне  217  адам  ілігіп, 

қыл мыстық істер өндірістен тоқта­

тылған. 

Тәуелсіздік  тарихында  10­шы 

мәрте қолданылып отырған рақым­

шылық  негізінде  ауыр  емес  және 

ауырлығы орташа қылмыстар үшiн 

сотталғандарды қылмыстық жазадан 

босатады.  Нақтырақ  айта  кетсек, 

бұл рақымшылық шеңберінде кәме­

леттік жасқа толмағандарды, жүкті 

әйелдерді,  кәмелетке  толмаған 

балалары  немесе  мүгедек  бала­

лары  бар  әйелдерді,  сондай­ақ, 

кәмелетке  толмаған  балалардың 

жалғыз ата­анасы болып табылатын 

ер адамдарды, I, ІІ және IIІ топтар­

дағы  мүгедектерді,  елу  жастағы 

және  ол  жастан  асқан  әйелдерді, 

алпыс жастағы және ол жастан асқан 

ер адамдарды, Ұлы Отан соғысының 

қатысушылары  мен  мүгедектері 

және  оларға  теңестірілген  адам­

дар,  әскери  және  (немесе)  интер­

националдық  борышын  орын дау 

кезiнде  қаза  тапқан  әскери  қыз­

метшiлердiң  жесiрлерін,  бұған 

қоса,  күйеулерi  соғыс  мүгедектерi 

және  оларға  теңестiрiлген  адам­

дар  болып  табылатын  әйелдерді 

жаза дан  босату  көзделген.  Ал, 

террористік­экстремистік бағыттағы 

қылмыс тар,  азаптаулар,  қайта 

қыл мыс  жасаған,  қылмыстық  топ­

тар  құра мында  қылмыс  жасаған 

және  заңда  көрсетілген  басқа  да 

санаттағы  қылмыстарға  қатысқан 

азамат тарға  рақымшылық  жасау 

қолданылмайды.

Қызылорда  облыстық  қылмыс­

тық атқару жүйесі департа менті нің 

ақпаратына  сәйкес,  бүгінгі  күні 

облыстағы  түзеу  мекеме лерін­

дегі  және  пробация  қыз меті нің 

есебінде  тұрған  барлық  соттал­

ғанның  жеке  істері  зерде леніп, 

түзеу мекемелеріндегі 112 соттал­

ғанға,  пробация  қыз ме тіндегі  446 

сот талғанға    «Рақым шылық  жасау 

туралы»  заңы  қолдануға  жата­

тын дығы  анық талған.  Оны  жүзеге 

асыру  үшін  қазіргі  таңда  жергілік­

ті  соттарға  174  сотталғанның  іс­

құжаты ұсынылған.

Сонымен  қатар,  заңға  сәйкес, 

жазасының өтелмеген бөлігін қыс­

қарту  жайын  айта  кетсек.  ҚАЖ 

департаментінің мәліметінше, жаза 

мерзімінің  жартысы  қысқартылуға 

жататын  сотталғандар  түзеу  меке­

мелерінде жоқ. Бұл жеңілдік проба­

ция  қызметіндегі  9  адамға  қол­

данылуы  мүмкін.  Ал,  жазасының 

өтелмеген  бөлігінің  төрттен  бірі 

қысқартылуға  жататындар  саны 

түзеу мекемелерінде – 12, пробация 

қыз метінде – 183 адам. 

Қазіргі уақытта елімізде бас бос­

тандығынан айыру орын дарында 36 

мыңға жуық адам жазасын өтеу де. 

Рақымшылық  бойынша  1800­ге 

жуық  адам  бостандыққа  шығуы 

мүмкін.  Бес  мыңының  жазалары 

қысқар тылмақ.



Нағымжан САУЯЕВ,

«Заң газеті»

ҚЫЗЫЛОРДА 

«СЕРПІН» СЕНІМДІ 

НЫҒАЙТТЫ


«Ресоциализация:  Сен  қоғамға 

керек сің!»  жобасы  аясында  облыстық 

прокуратураның  бастамасы  бойынша 

жергілікті  атқарушы  органдар  тара­

пынан  пробация  қызметі  бөлімдері 

есебіндегі  сотталғандарға  әлеуметтік 

карталар  әзірленді.  Сол  карталарды 

зерделеу  қорытындысына  сай  әрбір 

сотталғанның  әлеуметтік  қажеттілігі 

айқындалған  болатын.  Осылайша 

солтүстік  аймақтарға  қоныстандыруға 

бағытталған  «Серпін»  мемлекеттік 

бағдарламасы  бойынша  Сарыағаш 

аудандық пробация қызметінің есебінде 

тұрған  Арайлым  Толқын  отбасымен 

бірге  Солтүстік  Қазақстан  облысы 

Айыр тау  ауданы  Жалғызтау  ауылына 

қоныс аударды. Онда өзі және жұбайы 

жұмыс пен, баспанамен қам тылды. 

Бүгінгі күнге дейін басқа аумақтарға 

қоныс аударуға ниет білдірген 2,5 мың 

адамға  қатысты  әлеуметтік  карта­

лар  жер гі лікті  атқарушы  органдардың 

қарауында.

Облыстық прокуратураның бастама­

сымен  пробациялық  бақылаудағы 

соттал ғандарға  лайықталып  «Бизнес 

жоба сы»  әзірленіп,  бизнесті  жүргізу 

мен  ұйымдастыру  және  жеңілдетілген 

несие  алу  бойынша  өткізілген  іс­

шаралар  нәти жесінде  пробациялық 

бақылаудағы  Б.Сапарқұл  мал  өсіру 

үшін 3 млн 700 мың теңге жеңілдетілген 

ауылшаруашылығы несиесін алуға қол 

жеткізді.

Сонымен қатар, бизнесті жүргізу мен 

ұйымдастыру  бойынша  алған  білімінің 

нәтижесінде пробациялық бақылаудағы 

Е.Төлеметов көкөніс өсіру жылыжайын 

іске қосты.



Оңтүстік Қазақстан облыстық 

прокуратурасының 

баспасөз қызметі 

С у д ь я л а р д ы ң   V I I 

съезінде  Елбасы  сот 

жүйесіне  жаңа  негізгі 

міндеттер  жүктеді,  олар 

–  заң  үстемдігін  қам­

тамасыз  ету,  тиісті  сот 

к о р п у с ы н   қ ұ р у ,   с о т 

iстерiн  қараудың  бір­

ы ң ғ а й   т ә ж і р и б е с і н 

қам тамасыз  ету.  Сон­

дай­ақ,  облыстық  сот­

тың  төрағасы  рес пуб­

лика  соттарында  қол­

данылып  жатқан  за­

м а н а у и   а қ п а р а т т ы қ 

тех но логиялар  туралы, 

ҚР  Жоғарғы  Сотымен 

соң,  Тайынша  ауданы  ІІБ  бастығы  Петр  Мартынюк 

шұғыл  дабылмен  бүкіл  жеке  құрамды  аяғынан  тік 

тұрғызды.  Аталған  факті  бойынша  бірден  жергілікті 

атқарушы  органдарға,  жұртшылық  өкілдеріне  хабар 

берілді. Шұғыл түрде полицейлерден құралған жедел 

топтар жол талғамайтын 6 автокөлікпен іздеуге аттанды. 

Оқиға  орнына  қалың  қарды  жарып  өту  үшін  қар 

тазалағыш  көліктер  жеткізілді.  Сондай­ақ,  іздеу 

жұмыстарына  полицейлер  мен  ТЖ  қызметкерлерінен 

бөлек, қар кешкіш техникалары бар жергілікті аңшылар 

да  қосылды.  Ауыл  тұрғындарын  іздеу  жұмыстары 

төрт сағатқа жуық уақытқа созылды. Кешкі сағат 10­

дар  шамасында  қар  кешкіш  техника  мінген  полиция 

полковнигі  Петр  Мартынюк  жас  қызметкер  Дмитрий 

Бизиковпен  және  Леонидовка  селосының  тұрғыны 

Вячеслав  Кондратюкпен бірге ауыл арасындағы жолда 

келе жатқан әйел мен оның баласын тауып алды. 

«Олар қар үстінде жатты. Анасы баласын құшағына 

алып жатыр екен. Баласы ес­түссіз болды. Біз оларды 

тез арада техникаға мінгестіріп алдық», – дейді Петр 

Владимирович.  Ол  анасы  мен  баласын  жол  үстінде 

күтіп тұрған көліктерге отырғызып, аудандық ауруханаға 

жеткізді.  Қазіргі  уақытта  бүлдіршін  реанимациялық 

бөлімнен шығарылды. 

«Кешегі  күнді  есіме  алсам  көзіме  жас  үйіріледі. 

Қатты қорықтым. Барлығына, әсіресе, АІІБ бастығына, 

оның қызметкерлеріне алғысым шексіз», – дейді Венера 

Сергеевна. Айта кету керек, аман қалған оларды үйінде 

тағы екі баласы асыға күтіп отыр.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, 

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД 

баспасөз қызметі

Департамент  бастығының  тапсырмасына  сәйкес, 

қала көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалатын 

қылмыстардың  алдын  алу  мақсатында  жергілікті 

полиция  қызметкерлері  ішкі  істер  органдарының 

есебінде  тұрған  кәмелетке  толмаған  жасөспірімдер 

үшін  (ата­аналарының  рұқсатымен)  Қызылорда  

қалалық  ішкі  істер  басқармасының  уақытша  ұстау 

изоляторы және әкімшілік қамау орындарына экскурсия 

ұйымдастырып,  оларды  жазасын  өтеп  жатқан  адам­

дардың тыныс­тіршілігімен таныстырды.  

Аталмыш шараның негізгі мақсаты кәмелетке тол­

мағандардың  арасында  орын  алатын  құқық  бұзушы­

лықтардың алдын алу, ойланбай жасалған іс­әрекеттің 

салдарын  түсіндіру,  сондай­ақ,  олардың  құқықтық 

сауаттылығын арттыру болып табылады.

Шара  барысында  кәмелетке  толмаған  балалар 

тергеу  изоляторын  аралап,  онда  қамауда  жатқан 

тұлғалардың  жасаған  қателіктерінің  салдары  қандай 

болатынын  өз  көздерімен  көріп,  заң  шеңберінде 

кеңестер алды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 

әр  қадамды  ойланып  жасау  қажеттігін  түсіндіріп, 

жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап 

берді. 


Айта  кетерлік  жайт,  жыл  басынан  бері  әртүрлі 

дең гейдегі қылмыстық әрекеті немесе құқық бұзушы­

лықтары үшін 314 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі 

істер  органдарының  есебіне  алынды.  Барлығымен 

дерлік тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облыстық ішкі істер 

департаментінің баспасөз қызметі

Жоба


ҚҰҚЫҚ

Сенатор Бектас Бекназаров соңғы уақытта Парламентте жерге, ауыл шаруашылығына 

қатысты заң жобалары жиі талқыланып, елге қажетті заңнамалар қабылданып жатқанын 

айтты. Бұл маңызды құжаттардың, әсіресе, ауыл шаруашылығына басымдық берген 

өңірлер үшін әсері зор. Сондықтан да, сенаторлар экономикасы ауыл шаруашылығына 

бейімделген Оңтүстік Қазақстан облысын аралап шығуды мақсат тұтқан екен. 

Елге  қажетті  заң  жобаларының  халыққа  тиімді,  пайдалы  жақтарын  анықтап­білу 

үшін  шаруа  қожалық  өкілдері  мен  кооператив  қожайындарының  пікіріне  құлақ  асу 

мақсатымен келген халық қалаулылары Түркістан қаласы мен Қазығұрт, Төлеби және 

Сайрам аудандарында болып, көпшіліктің пікірін тыңдамақ. Төрт күндік іссапар кезінде 

жергілікті  тұрғындардың  салаға  қатысты  ой­ұсыныстары  тыңдалып,  ол  жаңа  заң 

жобаларын талқылауда ескеріледі.

Халық  қалаулыларының  оңтүстікке  арнайы  сапарын  оң  қабылдаған  облыс  әкімі 

Ж.Түймебаев  күнгей  өлкенің  ауыл  шаруашылығына  басымдық  берген  өңір  екенін, 

осыған байланысты көптеген ірі жобалардың іске асырылып, дұрыс нәтиже беріп келе 

жатқанын атап өтті. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысының жылыжай, бау­бақша, мақта 

шаруашылығы сынды салаларда республикада көш бастап келе жатқанын алға тартқан 

аймақ басшысы жұмысшы топты алдағы уақытта атқарылатын жаңа бастамаларымен 

таныстырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты А.Жайыл­

ғанова облыстың  судьялық корпусымен кездесу өткізді. Заңнама және сот­құқықтық 

реформа  комитетінің  мүшесі    А.Жайылғанова  өзінің  заң  шығарушылық  қызметі 

туралы жиналғандарға қысқаша айтып берді. Сондай­ақ, ол коллекторлық қызмет 

туралы заңның әзірленіп жатқандығына тоқталды. Заңның жобасы оған ұсыныстар 

енгізу үшін Мәжіліс сайтында жарияланғандығын да атап өтті.

Депутаттың  ойынша,  Ұлт­

тық  банк  әзірлеген  нор ма­

лардың  қарыз  алушы лар­

дан  қарызды  қайта  өндіріп 

алған  кезде  төнетін  қауіптер 

деңгейінің  едәуір  төмен­

дейтіндігін айтып, заң жобасы 

осы нарықта ашық, өркениетті, 

құқықтық өріс қалыптастыруға 

жол  ашатындығын,  сөйтіп, 

мем лекет  коллекторлық  қыз­

метті  бақылауға  мүмкін шілік 

алатындығын,  ал,  борыш­

к е р л е р   к р е д и т о р л а р д ы ң 

талап тарын  даулау  құқығына 

қол  жеткізетіндігін  де  айтты. 

Мәжілісмен  судьялардың  өз­

дерінің  көтерген  мәселелері 

де назардан тыс қалмайтындығын және  олардың сот­құқықтық реформасының заң 

шығару комитетінде талқыланатындығына  сендірді.

Шығыс  Қазақстан  облыстық  сотының  төрағасы  Досжан  Әміров  заң  шығарушы 

орган  өкілінің  судьялармен  кездесуінің  маңыздылығын  атап  өтіп,  осындайда  заңды 

қолданудағы  өзекті  мәселелер  талқыға  түсетіндігіне  ерекше  тоқталды.  Сондай­ақ, 

депутаттың адал және мінсіз еңбегіне алғысын білдіріп, заң шығару қызметінің жемісті 

болуын тіледі.



Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Ақтөбе  облыстық  сотында  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаты Абай Тасболатовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Ақтөбе облыстық 

сотының төрағасы Мұратғали Әкетай елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал