АҢдатпа 6-бет 2-бет



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата18.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

рақымшылық жасау – 

ізгіліктің белгісі

Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

6-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№139 (2917) 9 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

қара алтынға қол салған 

қылмыстық топ құрықталды

істі талқылауға дайындау 

апелляциялық сот 

алқасының міндеті



«Елімізде тоғызыншы рет жасалып отырған сотталғандарға рақымшылық елдегі 

қылмыстық ахуалды өршітпейді. Керісінше, Елбасының бастамасымен ең басты ме-

рекеміз — ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданып отырған бұл шешім 

қоғамды ізгілікке бастап, мемлекетіміздің іргетасын нығайта түседі». Осы аптада 

Парламент Мәжілісінде тұтастай мақұлданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсізді-

гінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қорғау 

кезінде еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді.

Сәті түскен сұхбат



(Соңы 5-бетте)

Алтын көпір



Ілияс Испанов, 

ақтөбе қаласының әкімі:

«Ақтөбе АтынА 

сАй қАлА 

болАды»


Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Сотының  төрағасы 

съездің ашылуында құттықтау 

сөз сөйледі. Ол іс-шараға қаты-

сушыларды съезд жұмысының 

басталуымен құттықтап, форум-

ның Ресейдің сот жүйесін және 

жалпы мемлекетті дамытудағы 

ерекше маңызды екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, жақында Қазақстанда 

республика судьяларының VII 

съезі өткені атап өтілді.

«Географиялық жағынан көр-

шілестігіміз және Ресей тарихы-

ның өткенімен ортақтастығымыз 

біз үшін халықаралық ынтымақ-

тастықтың барлық саласы бойын-

ша басты серіктестік пен одақтас-

тықтың негізі болып саналады. 

Біздің ресейлік әріптестерімізбен 

өте жақсы іскерлік және достық 

қарым-қатынастарымыз қалып-

тасқан, бұл біздің елдеріміздің 

соттары арасындағы өзара іс-қи-



қазақстандық 

делегация  бүкілресейлік 

судьялардың  IX  съезіне 

қатысты


Баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


қатысушыларға белсенді және 

жемісті  жұмыс,  форумда  алға 

қойылған сот төрелігін жетіл-

діру жөніндегі барлық міндеттің 

шешімін табуын тіледі. 

Бұған қоса, ағымдағы жылғы  

7 желтоқсанда қазақстандық деле-

гация Жоғары арбитраждық, ша-

руашылық, экономикалық және 

экономика (төрағалар кеңесі) са-

ласы бойынша дауларды шешетін 

өзге соттар төрағалары кеңесінің 

13-ші отырысына қатысты. 

Күн тәртібіне экономикалық 

даулар бойынша сот шешімдерін 

өзара тиімді орындау жөнінде 

төрағалар  кеңесіне  қатысу шы 

мемлекеттердің сот практикасын 

талдап қорыту туралы мәселелер, 

азаматтық және экономикалық 

істерді қарау бойынша бірыңғай 

процестік кодекс тұжырымдама-

сы туралы мәселелер қойылған. 

(Соңы 2-бетте)

мылды нығайтуға септігін тигі-

зеді», – деп атап өтті өз сөзінде 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының төрағасы. 

Сонымен  қатар,  Қ.Мәми 

Қа зақстан  Ресейде  жүргізіліп 

жат қан сот реформасына үлкен 

қызы ғушылық танытатынын, қа-

зақстандық сот төрелігі жүйесін 

жетілдіру ісінде озық практиканы 

пайдалану мүмкіндігін қарасты-

ру  үшін  ресейлік  тәсілдемені 

зерделейтінін айтты. Сот жүйе-

сіндегі ынтымақтастықты одан 

әрі дамыту екіжақты деңгейде де, 

көптарапты форматта да ортақ 

тұрақтылыққа қол жеткізуге, екі 

елдің заңдылығы мен құқықтық 

тәртібін нығайтуға септігін тигі-

зетініне сенім білдірілді. 

Сөз  соңында  Қазақст ан 

Жоғарғы  Сотының  төрағасы 

Бүкілресейлік судьялардың IX 

съезінің делегаттары мен форумға 

Т

аяуда  Жоғарғы  Соттың  төрағасы  Қайрат  Мәми  бастаған  қазақ­

стандық  судьялар  делегациясы  Бүкілресейлік  судьялардың  IX 

съезіне қатысты.

Форум Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің қатысуымен Мәскеу 

қаласындағы Одақтар үйінің Колонна залында өтті. Съезд төрт жылда 

бір рет өткізіледі және Ресей Федерациясының барлық субъектілерінен 

судьялар қоғамдастығының өкілдерін жинайды. 

«Таза қала, аппақ қала – ақтөбе» 

 деп тазалығымен ерекшеленіп 

келген қаланың соңғы жылдары 

сұрқы кетіп, балшық пен қоқысқа 

батқаны  жұртты  қынжылтып 

жүр ген. сондықтан да болар, Ілияс  

Испановтың ақтөбе қаласының 

әкімі ретінде жұмысқа кірісімен 

қала тазалығына үлкен мән беріп, 

соңғы кездері саябырсып қалған 

сенбіліктер мен таза бейсенбілерді 

қалпына келтіргеніне ақтөбелік-

тердің іші кәдімгідей жылыды. 

Тіпті,  желтоқсанның  басында 

жауған  қалың  қардың  асқан 

ыждағаттылықпен  тазаланып 

жатқандығын тұрғындар ілтипат-

пен атайды. Тазалық жағы ғана 

емес, қаланың экономикасы мен 

әлеуметтік саласында да оң тен-

денциялар байқалады. Әрине, қол 

жетпей, тезге салынбай жатқан 

жақтар да бар. Бәрін бір мезетте 

оң жолға қою мүмкін емес екенін 

ескере отырып, жас әкімнің жұ-

мысына бір шолу жасап шыққан 

болатынбыз.

«Жауапкершілік 

принципі» 

Қандай қала болсын сырттан келген 

адамның көзі ең бірінші оның  таза-

лығына түседі, соны тілге тиек етеді. 

Сол себепті де қала басшылығы  күн 

сайын, тіпті, сағат сайын қаланың са-

нитарлық  жағдайын  жіті  қадағалап 

отырады. 

Депутаттар сауалына жауап беру барысында Бас 

прокурор бұл рақымшылық  шарасы бойынша елдегі 

кримоногендік ахуалға ықпал етуі мүмкін ауыр немесе 

аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлердің бостан-

дыққа шықпайтынына назар аудартты. Яғни, оның ай-

туынша, бостандыққа шығатындар тек ауырлығы онша 

емес, жазатайым қылмыс жасап түрмеде отырғандар.

Ақпарат


СуАрмАлы Жерлер

 ҚАлпынА келтірілмек

Жыл соңына дейін Қазақстанның агроөнеркәсіптік 

кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  қабылдануы  шарт. 

Бағдарлама бойынша 2021 жылға дейін 610 мың 

гектар  жер  қалпына  келтірілмек.  Оған  277  млрд 

709 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы Орталық 

коммуникациялар қызметінде Қр АШм Су ресурстары 

комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді.

«Алдағы 5 жылда 610 мың га аумақтағы суарма-

лы жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру 

жоспарланып отыр. Оған 277 млрд 709 млн теңге 

бөлуді жоспарлап отырмыз. Ал, коллекторлық-дре-

наждық желілерді қалпына келтіруге 39 млрд теңге 

көлемінде қаржы жұмсалмақ. Оның 32 млрд теңгесі 

Ислам даму банкі арқылы бөлінеді», – деді коми-

тет төрағасы. Ислам Әбішев аталмыш мемлекеттік 

бағдарламаға қаржы қайдан алынатындығын айта 

кетті. Айта кетейік, Қр агроөнеркәсіптік кешенін да-

мытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы бойынша Алматы облысында – 127 

мың га, ОҚО-да – 99 мың га, ШҚО-да – 92 мың га, 

Жамбыл облысында – 86 мың га, БҚО-да – 40 мың 

га, павлодар облысында – 30 мың га, Ақтөбе облы-

сында – 29 мың га, Қызылорда облысында – 29 мың 

га, Қарағанды облысында – 28 мың га, СҚО-да – 28 

мың га, Атырау облысында 22 мың га жердің иррига-

циялық жүйесін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Е.Мұрат

ЖОлДАмА 544 үміткерге 

БерілДі

мемлекеттік хатшы  гүлшара Әбдіқалықованың 



басшылығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі 

республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

«еліміздің мерейлі мерекесі – тәуелсіздігіміздің 25 

жылдық мерейтойын атап өтуге санаулы ғана күн қал-

ды. Айтулы мереке аясында мемлекет басшысының 

жарлығымен «25 жұлдызды күн» белгіленді. Ал, осы 

7 желтоқсан еліміздің жарқын болашағы мен жастар-

дың кемел келешегіне арналған. Отырысымыздың 

осы күн қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні де бар. 

Өйткені, «Болашақ» бағдарламасы ел дамуына елеулі 

үлес қосып келеді. «Болашақ» бағдарламасы іске 

асырылып келе жатқан 23 жыл ішінде 9339 адам 

әлемнің  үздік  университеттерінде  оқып,  жоғары 

білім алған. президенттің «Болашақ» стипендиясы 

– Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесімен жедел 

интеграциялануын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік 

берген ұлттық жоба», –дейді г.Әбдіқалықова.

мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының 

бәсекеге қабілетті түлектері Қазақстанның одан әрі 

дамуы  мен  өсіп-өркендеуіне  маңызды  үлес  қоса-

тынын, сондай-ақ, елімізді әлемнің ең дамыған 30 

мемлекетінің қатарына қосуды басты мақсат еткен 

«Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға белсе-

не атсалысатынын айтты.

магистратурада  және  докторантурада  оқитын, 

сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік 

орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 

231 үміткерге комиссия шешімімен стипендия таға-

йындалды.

2016 жылы 544 адамға стипендия тағайындалды.



С.ОрЫНБаСар

2

№139 (2917) 

9 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Алтын көпір



(Соңы. Басы 1-бетте)

Оң қадам


 Пәрмен

Төрағалар кеңесінің құрамына 8 

мемлекеттің: Армения Республикасы, 

Беларусь  Республикасы,  Қазақстан 

Республикасы, Қырғыз Республика-

сы,  Молдова  Республикасы,  Ресей 

Федерациясы, Тәжікстан Республи-

касы және Украинаның сот жүйесінің 

бірінші басшылары кіреді. Сондай-ақ, 

кеңесші дауыс беру құқығымен кеңес-

ке  ТМД  Экономикалық  Сотының 

төрағасы мен Молдова Республикасы 

Жоғары сот палатасының төрағасы 

енген. 


Кеңес 2002 жылы құрылған, жылы-

на бір рет жиналады. Кеңесті құру-

дағы мақсат – мемлекетаралық ынты-

мақтастықты одан әрі дамыту және 

экономикалық даулар бойынша өзара 

тиімді құқықтық көмек аясын кеңейту. 

Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – 

өзге аумақтағы бір мемлекеттің сот-

тарының шешімін орындау бойынша 

күш біріктіру, шаруашылық заңдылық 

саласында және экономикалық даулар-

ды шешу кезінде сот өндірісінің норма-

лары бойынша тәжірибе алмасу болып 

табылады.



Гүлмира МҰХАНБЕТЖАНОВА,

Жоғарғы Соттың

 баспасөз қызметкері

Жақсы іс жалғасын тапсын

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев онлайн-форматта Шымкент 

гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізді. Сол күні Шымкент 

гарнизонының әскери сотына бейнеконференцбайланыс арқылы өз сұрақта-

рын қою мақсатымен гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің 

әскери қызметшілері келді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер тұрғын үй және еңбек қатынастары 

бойынша, заңнамалардағы өзгерістер жөнінде сұрақтарын қойды. Сонымен 

қатар, іс-шараға қатысушыларды сот жүйесіндегі өзгерістер, яғни, бес сатылы 

сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігіне көшу, әскери соттардың соттылығы 

және олардың басқа жалпы юрисдикциялық соттардан айырмашылығы туралы 

сұрақтар қызықтырды.

Әскери сот төрағасы С.Абдуллаев барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде 

жауап берді. Атап айтқанда, жаңадан қабылданған Азаматтық процестік кодекстің 

нормалары түсіндіріліп, істердің қаралу мерзімдері, азаматтық істер бойынша 

жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінің кеңеюі туралы айтылды. Бұған қоса, «Сот ка-

бинеті» сервисі арқылы талап арыздарды жолдау мүмкіндігі әскерилер назарына 

жеткізілді.

Сондай-ақ, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқық тары 

мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп 

жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен 

қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанына 

тоқталып өтті.

Қабылдау барысында С.Абдуллаев қатысушылардың назарына 2016 жылғы 21 

қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика 

судьяларының VII съезі өтіп, онда судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданғанын 

жеткізді. Оған қоса, бұл съезде соңғы жылдары сот жүйесінің, соның ішінде «100 

нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру тұрғысындағы даму қорытындылары 

шығарылғандығы, сондай-ақ, еліміздің сот-құқық жүйесінің одан әрі дамуының 

басымдықтары айқындалғанын айтып өтті.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігін 

ұсынғаны үшін алғыстарын айтып, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына 

тілек білдірді.   



ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облыстық про-

куратурасында 6 желтоқсан – Қазақстан 

Республикасының прокуратурасы күні-

не  арналған  салтанатты  жиын  өтті. 

Ел  Тәуел сіздігінің  25  жылдығымен 

қатар, биыл Қазақстан Республикасы-

ның прокуратурасына да ширек ғасыр 

толып отыр. Қос бірдей мерекеге орай 

ұйымдастырылған салтанатты шараға 

облыс әкімі Ж.Түймебаев пен облыс 

прокуроры И.Иманов, облыстық мәсли-

хаттың хатшысы Қ.Балабиев пен осы са-

лада еңбек еткен ардагерлер, сондай-ақ, 

Консультативтік Кеңес мүшелері мен 

қатардағы қадағалау органының өкілдері 

қатысты. 

Жиында  құттықтау  сөз  сөйлеген 

облыс прокуроры И.Иманов тәуелсіздік 

жылдарында өз қызметтерін мінсіз, адал 

атқарып,  жоғары нәтижелерге қол жет-

кізген сала қызметкерлерін  Қазақстан 

Республикасы Бас прокурорының алғыс-

хаттарымен, Қазақстан Республикасы 

Бас прокурорының Құрмет грамота-

сымен, «ҚР прокуратурасына – 25 жыл» 

мерекелік медалімен марапаттады.  Со-

нымен қатар, бірқатар прокурорға ар-

найы сыныптық шендер беріліп, І , ІІ, ІІІ 

дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаль-

дары және  І, ІІ дәрежелі «Прокуратура 

үздігі» төсбелгілері табысталды. Елдің 

тыныштығы мен игілігі үшін уақыт-

пен санаспай қызмет атқарып жүрген 

қызметкерлер бұл күні облыс әкімінің 

арнайы грамотасы мен алғысхатына ие 

болды. 

Жиында сөз алған өңір басшысы 



Ж.Түймебаев барша прокурорларды қос 

бірдей мерейлі мерекемен құттықтап, 

қадағалау  органы  қызметкерлерінің 

өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге 

асыру бойынша  міндеттерін ойдағыдай 

атқарып келе жатқанын жеткізді. 

Президент саясатын жүзеге асыру-

да, құқықтық мемлекетті қалыптасты-

рып, заңдылық пен құқықтық тәртіптің 

қамтамасыз етілуіне прокуратура қыз-

меткерлерінің қосқан үлестері ұшан-теңіз.

Жыл басынан бері қадағалау органы 

өкілдерінің қажырлы еңбегінің арқа-

сында облыста қылмыс саны 4 пайызға, 

алаяқтық қылмыс көрсеткіші 34 пайызға 

кеміген. 

Еліміздің  заңдарының  мүлтіксіз 

орындалуын қадағалап, ақиқаттың ақ 

жолынан  аттамаған  азаматтар  қай кезде 

де  құрмет  пен  беделге лайық.



Оңтүстік Қазақстан облыстық 

прокуратурасының баспасөз қызметі 

Салтанатты шара

ҚЫЗМЕТІН МІНСІЗ АТҚАРҒАНДАР 

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ 

БҮКІЛРЕСЕЙЛІК СУДЬЯЛАРДЫҢ 

IX СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қара алтынға қол салған 

қылмыстық топ құрықталды

Елдің амандығы мен қоғамның тыныштығына жауапты құзырлы орындар 

әсіредіншілдерді әлі де құрықтап бітпеген секілді. Бір жақта дін мен терроризмге 

қатысты бұған дейін ұсталғандарға сот үкімі шығып жатса, екінші жақта теріс пиғыл-

дылардың келесі тобын қолға түсіру операциялары жүріп жатады. Мәселен, жазда 

Ақтөбе мен Алматыда теракт жасағандардың жазаға кесілгеніне көп бола қойған жоқ. 

Бірер күннен бері ақпарат айдынында тағы да осы екі қаланың аты жиі ата-

лып, ел назарын аударды. Абырой болғанда, бұл жолғысы жаздағыдай кісі қаны 

төгілгеннен кейін барып әрекет ету емес, алдын ала қамдану. Ілгерідегі оқиғалар 

құқық қорғау органдарының «маңдайына» тиген-ау шамасы.

Сонымен, 7 желтоқсанда Ақтөбеде арнайы ірі операция өткізілді. Қандай 

да бір жаттығу немесе дайындық шаралары емес бұл. Шынайы операция. Қа-

уіпсіздігімізге жауапты комитеттің арнайы мәлімдемесін келтірсек әуелі. «7 жел-

тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

ұлттық бюросымен және Ақтөбе облыстық ІІМ-мен бірлесе отырып, мұнай ұрлау 

және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз саудасымен айналысқан ұйымдасқан 

қылмыстық топтың қызметінің жолын кесу бойынша ірі арнайы операция жүр-

гізді. Жедел-іздестіру шараларының барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген 

күдіктілер ұсталды, мұнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленді» 

делінген ҰҚК таратқан хабарламада. 

Брифинг

Бұдан былай судьяның балалары 

мен туған-туыстарының қандай да 

бір заңбұзушылықтары үшін жауап-

кершілігі қаралатын болады. Жаңа-

дан іске қосылған судьялардың Әдеп 

кодексіндегі өзгерістердің бірі – осы. 

Жуырда ел судьяларының кезектен 

тыс VII съезіне қатысқан Сыр еліндегі 

судьялар БАҚ өкілдеріне арнап брифинг 

өткізген болатын. Шараға спикер ретін-

де облыстық соттың судьясы, баспасөз 

қызметін үйлестіруші  Артур Наримов, 

съезд делегаттары – облыстық соттың 

судьясы Клара Қаниева, маманданды-

рылған ауданаралық экономикалық 

сотының судьялары Рысдәулет Шам-

шиев, Нұрлан Еламанов, Қызылорда 

облысының қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соты-

ның судьясы Асхат Сабыров қатысты.

Брифинг барысында жоғарыда ай-

тып  өткен  Әдеп  кодексі  тілге  тиек 

етіліп, оның негізгі принциптері туралы 

айтылды. Сонымен бірге съезд қоры-

тындысы бойынша республика судьяла-

АРҚАҒА БАРҒАНДАР АҒЫНАН ЖАРЫЛДЫ

рының алдына қойылған тың міндеттер 

талқыға салынды. 

Іс-шараны ашқан облыстық соттың 

судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші  

Артур Наримов аталмыш съездің «100 

нақты қадам – баршаға арналған қазіргі 

заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 

19-қадамын іс жүзінде орындау мақ-

сатында өткізілгенін айтып өтті. Ал, 

қылмыстық істер жөніндегі маман-

дандырылған ауданаралық сотының 

судьясы Асхат Сабыров судья әдебі 

кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер 

мен жаңашылдықтарды таныстырды. 

– Бұған дейін қолданыста болған 

Әдеп кодексі 9 баптан тұратын еді. 

Жаңа кодекс 15 бапқа жеткізілді. Елеулі 

өзгерістердің бірі ретінде бұдан былай 

судьялардың сот отырысы барысында 

діни көзқарасын, ұстанымын білдіруге 

рұқсат етілмейтіндігін айтуға болады, 

– дейді Қызылорда облысының қыл-

мыстық істер жөніндегі маманданды-

рылған ауданаралық сотының судьясы 

Асхат Сабыров.

Арқа төсінде өткен тарихи жиынға 

негізінде облыстан 7 делегат қатысқан. 

Солардың бірі, Қызылорда облыстық 

сотының судьясы Клара Қаниеваның 

айтуынша, Елбасы съезд жұмысы ба-

рысында еліміздегі сот жүйесінің ашық, 

әділ  болуына  баса  назар  аударған. 

Сондай-ақ, судья Рысдәулет Шамшиев 

Елбасының қоғамдағы өзгерістерге 

орай тұшымды ой, ұтымды пікірлер 

айтқандығын жеткізді. 

– Елбасы медиацияның сот жұмы-

сын жеңілдетіп, тараптардың бітімгер-

шілікке қол жеткізуіне ерекше үлес қо-

сып отырғандығын сөз етті. Сондай-ақ, 

бұл ел арасында бірлік пен ынтымақты 

қалыптастыруға, халықтың түсінісуге 

ұмтылуына негіз қалайтынын айтты, – 

дейді Клара Қаниева.

Елбасымен  кездесіп,  мантиямен 

ескерт кіш суретке түскен жас судья-

лардың қатарында Сыр өңірінен барған 

Нұрлан Еламанов та бар. Брифинг ба-

рысында ол:

– Елбасы жас судьяларға өзінің жар-

лығымен, сенім білдіруімен тағайында-

латынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет 

басшысының бәрімізге елге адал қыз-

мет етуге тілектестік білдіруі жұмысқа 

деген құлшынысымызды одан әрі арт-

тырды, – дейді. 

Қызылорда облысының соттарында 

қазіргі таңда 80 судья қызмет етеді. 

Олардың әділдіктің ақ туын төмендет-

пеуі халық алдындағы парызы. Ендеше, 

билеріміз осы сенім үдесінен шыға бе-

реді деген сенімдеміз.

Нағымжан САУЯЕВ

ҚЫЗЫЛОРДА

Комитет айтып отырған операция Ақтөбенің бірнеше ауданында қатар өткізіл-

ген. Негізгісі мұнай өңдеу зауытында жүргізілді. Басынан бақайшығына дейін 

қаруланған арнайы жасақ зауытты қоршауға алып, мұнай ұрлаумен айналысқан 

бірнеше адамды тұтқындаған болатын. Операция онымен біткен жоқ. Күдіктілер 

тұратын пәтерлерге де тінту жүргізілген. Олар ұрлаған мұнайды шекара асырып 

жібермейтіні белгілі. Сондықтан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолды болған мұнай-

ды заңдастырумен айналысқан кәсіпорындарды да тергеуден тыс қалдырмақ емес. 

Ал, бұқаралық ақпарат құралдарының һәм біздің де бұған арнайы тоқталып, 

реңк беруіміздің өзіндік себебі бар. Ол – оқиғаның радикалды салафиттермен бай-

ланыстырылуы. Өйткені, операция кезінде деструктивті діни ағым өкілдерінен 

құралған қылмыстық топ мүшелері қамауға алынғанын, олар мұнай ұрлаушы-

ларға «қамқоршылық» жасап отырғанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 

Ресми тиісті орындар келтірген деректердің бас-аяғы әзірге осындай, қысқа. 

Операцияның нақты мақсатын, жүргізілуін жан-жақты айта қойған жоқ. Тінту, 

тергеу амалдарының бәрі біткен соң мәліметтерді жариялауға уәде беріп отыр. 

Құқық қорғау органдары өткізген аталмыш шұғыл шараның салмағын артты-

рып, ел назарын аударған тағы бір тұсы бар. Олай дейтініміз, Ақтөбемен қатар, 

сол кезде Алматы қаласында да арнайы операция жүрген. Себеп – Ақтөбедегі қара 

алтын ұрлығы Алатау баурайындағы алып шаһардан басқарылып отырған-мыс. 

«Бақсақ, бақа екен» демекші, олардың басқарушысы қара жаяу адам емес көрі-

неді. Қылмыс әлемінде «төрт ағайынды» деген лақап атпен танымал топтың белді 

мүшесі Еркін Ізбасаров болып шықты. Күштік құрылымдардың күш салып жүріп 

көше бойынан оққағары және жүргізушісімен бірге ұстап жүргені де сондықтан 

болса керек. Бірнеше жыл бұрын жол апатына ұшырап, мүгедектер арбасына 

таңылған 50 жастағы Еркін Ізбасаров еркін күреске демеушілік етіп келген. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дегеніне сүйенсек, жетекшісі Алматыда 

құрықталған қылмыстық топ жүйелі түрде мұнай ұрлап саудалаудан түскен ақ-

шаға қару-жарақ сатып алып келген. «Қару-жарақты қайтпек?» деген сауалға 

жауапты олардың радикалды салафиттердің қолдаушысы болғанынан іздейтіндер 

де бар. Әрине, мұның бәрі құзырлы органның мәліметі мен соған орай жасалған 

түрлі қисындар. Тиісті органдар тергеу біткен соң алдағы уақытта ақ-қарасының 

түйінін тарқатары даусыз. Тек ресми мәлімдемелерге сену не сенбеу әркімнің өз 

ақыл таразысына байланысты. Бұрын «өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деуші едік, 

енді мұнайымыз да соның кебін кие бастағаны ма?! Бір анығы, не қытай алады, 

не қылмыстық топ ұрлайды, әйтеуір, қара алтынымыздың қара халыққа қайыры 

тимейтін болды. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал