АҢдатпа 5-бет 4-бет



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

5-бет

4-бет

(Соңы 2-бетте)

№144 (2922) 23 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

егемендік есейткен 

құрылым

заңнама тілінің тәлімгері



Мерейтой

(Соңы 5-бетте)

Сарап


Ел құрмЕтінЕ 

бөлЕнгЕн жан



кәсіби оқытудың 

әлемдік тәжірибесі



Баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 6-бетте)

Еліміз сот жүйесінің арда-

гері Назым Таңатарқызы Су-

ханова мерейлі жасқа  толып 

отыр.  Саналы  ғұмырының 

жарты  ғасырға  жуық  уақы-

тын осы салаға арнаған  Назым 

Таңатарқызының өмірі кейінгі 

жастар үшін өнегеге толы. Ар-

дагердің мерейтойы қарсаңында  

уақытында бірге қызмет етіп, 

саланың ыстық-суығын бірге 

көрген әріптес інісі, Қазақстан 

Республикасы Жоғарғы Соты-

ның судьясы, Құрмет орденінің 

иегері Бағлан Мақұлбеков біздің 

газетімізге Назым Суханованың 

еңбек жолы, тағылымға толы 

ғұмырының өзіне белігілі қыр-

лары жайлы лебізін білдірген еді. 

Төменде сол әңгімені назарла-

рыңызға ұсынып отырмыз.

Назым Таңатарқызы Қазақстан Рес­

публикасының  сот жүйесіндегі белгілі 

есім. Ол кісінің өнегеге толы еңбек 

жолын тек сот жүйесінде қызмет етіп 

жүрген  азаматтар  емес,  жалпы  Қа­

зақстан жұртшылығы жақсы  біледі деп 

ойлаймын. Қазір Қазақстан Республи­

касының сот жүйесінде  шамамен 2600 

cудья қыз мет етеді. Ресми деректерге 

сүйенсек, сол судьялардың  шамамен 

50  пайыздан астамы әйелдер. Жалпы, 

судьялық қызметтің жауапкершілігі 

және  қиындығының салмағы айтпаса да 

түсінікті. Ер азаматтармен қатар күрделі 

де жауапты қызметті атқарып жүрген  

нәзік жандылардың барлығы мақтауға 

тұратын жандар. Әйтсе де, олардың 

арасында Назым Таңатарқызының орны 

ерекше.Өйткені, сот саласында өте ұзақ 

еңбек еткен адам. 

 Кеше Жоғарғы Сотта Қ.Мәмидің төрағалығымен кезекті жалпы отырыс болып өтті. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа 

төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық кеңестің, Бас прокуратураның, министрлік-

тер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. 

Ақпарат


ИрАн бАСШыСы 

реСмИ САпАрмен келДі

Қазақстанға Иран Ислам республикасының пре-

зиденті Хасан рухани ресми сапармен келді. Астана 

Халықаралық  әуежайында  Қр  Инвестициялар 

және  даму  министрі  Жеңіс  Қасымбек  пен  Қр 

Сыртқы істер министрінің орынбасары  Ақылбек 

камалдинов қарсы алған Иран басшысы Ақордада 

елбасы нұрсұлтан назарбаевпен кездесті. бір-

біріне өз елдерінің Үкімет мүшелерін таныстыру, 

арнайы дайындалған мінберге көтеру және екі 

елдің  әнұрандарын  ойнату  секілді  салтанатты 

рәсімдерден соң Қазақстан мен Иран басшыла-

ры шағын құрамдағы келіссөздер өткізді. Одан 

соң  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер  жүріп, 

екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қою 

жоспарланған.

Т. ИБАШЕВА

«прОбАцИя турАлы» 

зАң ҚАбылДАнДы

парламент  Сенатының  жалпы  отырысында 

«пробация  туралы»  заң  қабылданды.  елімізде 

пробация  шартты  түрде  бас  бостандығынан 

айырылғандарға  қолданылып  келсе,  жаңа 

Қылмыстық-атқару кодексінде пробацияға ілінетін 

адамдардың  қатары  шартты  түрде  мерзімінен 

бұрын  босатылғандармен  және  сот  әкімшілік 

бақылау орнатқан сотталушылармен толыққан. 

Қылмыстық кодекстің 44-бабы бас бостандығынан 

айыру жазасын қылмыстық жауапкершілікке теңе-

ген және де осындай жазаға кесілген адамдарды 

бір  жылдан  жеті  жыл  уақытқа  дейін  бейімдеу 

керектігі жазылған. енді Қазақстанда сотқа дейінгі 

пробация және абақтыдағы пробация түрлері пай-

да болды. Сотқа дейінгі пробацияда күдікті адамға 

әлеуметтік-құқықтық көмек берілсе, абақтыдағы 

бейімдеу шараларын пробация қызметімен бірге 

қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі 

бірге дайындайды. 



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

АлмАты мұрАЖАйы АШылДы

Алматыдағы тарихи-өлкетану мұражайы Жетісу 

өлкесінің тарихи-мәдени саласын қамтитын 40 

мыңға жуық экспонаттан тұратын жаңа мұражай 

болып қайта ашылды. танымал шеберлердің тари-

хи бұйымдары, қолданған заттары мен әр дәуірде-

гі мәдени, нумузматикалық құралдары қойылған 

мұражайдағы 11 залда Алматының кешегісі мен 

бүгіні тарихи құжаттармен, мұралармен берілген. 

«бірнеше күн бұрын жұмыс сапарымен осында 

келген елбасыға Алматының 1000 жылдығы тура-

лы ЮнеСкО-ның қарарын көрсеттік. тәуелсіздіктің 

негізгі құжаттары Алматыда қабылданды. Ғимарат 

1892 жылы салынған. бұрын балалар үйі болған. 

Ғимаратқа реконструкция жасап, ашып отырмыз. 

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін жаңа 

технологияларды пайдалана отырып тарихымыз-

ды көрсеттік», – деді мұражайдың ашылуында 

қала әкімі бауыржан байбек.



Е.МҰРАТ

Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­

тың «Қазақстан жолы – 2050: Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Қазақстан халқына Жолда­

уында таяудағы 2­3 жылда ду­

альды, техникалық және кәсіптік 

білім берудің ұлттық жүйесін қа­

лыптастыру да қазіргі уақыттың 

талабы екендігі айтылды. Үстіміз­

дегі жылдың 1 желтоқсанында 

Елбасы «Қазақстанның жастар 

форумында» тек кәсіби білімнің 

арқасында жұмысшы жастарды, 

еңбек адамын тәрбиелеп шығару 

керектігін, сол бағытта барлық 

мемлекеттік саясатты жүргізетін­

дігін жеткізген болатын. «Ал, 

келер жылы тегін кәсіптік білім 

беру жүйесі іске қосылады. Бұл 

жұмыссыз жүрген 58 мың жасқа 

екі қолға бір күрек тауып беруге 

септігін тигізбек», – деген Елбасы 

жұмысшы кәсібін жандандыруға 

көңіл бөлді. Осы себепті, қоғам 

мен нарықтың маманға қойыла­

тын міндеттерімен бірге, көтеріл­

гелі отырған білім саласындағы 

кәсіби оқыту мәселесі де уақыт 

талабына сай өзгеріске ұшырады. 

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі 

кәсіби білім салаларының тәжіри­

бесін, перспективалық жолда­

рын талдап, негізгі ұғымдарын 

анықтап, отандық үлгілерімен са­

лыстырып, ғылыми ортаның бер­

ген тұжырымдары мен ұсыныс­

тарын айқындай келе, отандық 

кәсіби білім беру жүйесіне тиімді 

енгізу жолдарының сатылық құ­

былыстарын айқындайды. Соған 

қарай, сапа мәселесінде белгілі 

бір құндылықтар мен ортақ объ­

ективтік құбылысын қарастыру 

осы зерттеу мақаласының негізгі 

мәселесі болып табылады. 

Қазақстан  қандай  әлемдік 

кәсіби  білім  беру  тенденция­

ларын жасақтап, дамытуы тиіс 

деген  мәселеге,  мемлекеттің 

білімділігінің сапасын бағалау 

жөнінде Нобель сыйлықтарының 

иегерлері  С.Ананд  пен  А.Сен 

білім беру деңгейін елдің эконо­

микалық даму деңгейіне қарай 

түрлендіруді ұсынды. Олар өз 

пікірлерінде, «Для Казахстана 

приемлемым был бы пока затель 

– процент населения, лишенный 

воз можности получить должное 

образование,  востребованное 

на рынке (среднее, профессио­

нальное, средне­специальное, в 

будущем и высшее)», – деді.

Кәсіби  білімнің  сапасын 

анықтайтын тетіктер туралы тал­

дағанда логикалық тұрғыдан әу­

елі мән­мағынасын, сипаттама­

сын, проблемалылығын, оның 

ықпал ету факторларын айтпай 

кетуге  болмайды.  Профессор 

Күмісбек Өстемировтің айтуын­

ша, Кәсіптік білім – белгілі бір 

жүйеде кәсіп бойынша алынған 

білім, білік және дағды жиын­

тығы, және оны тиісті кәсіптік 

ортада пайалана білудің ереже­

лері мен нормалар тәртібі. Ал, 

кәсіптік оқыту – оқушы мен ин­

женер­педагогтың кәсіп бойынша 

ғылыми техникалық ілімді игеру 

мен кәсіби білік, дағды қалып­

тастыруда бірлескен іс­әрекеті. 

Кәсіптік мектеп – болашақ білік­

ті жұмысшыларды дайындайтын, 

оқытатын  және  тәрбиелейтін 

кәсіби білім беру жүйесіндегі 

оқу орны. Ал, сапа дегеніміз – 

белгілі бір материалдық және 

рухани қажеттіліктерді қанағат­

тандыруға  мүмкіндік  беретін 

пайдалы қасиеттердің жиынтығы 

болып шығады. Осыдан шығатын 

басты мәселе – кә сіби білімнің 

сапалылығы. Нақты осы ұғым­

ның түп­мағынасын ашу үшін 

оның кешенді факторларымен, 

оны құрайтын сипаттамаларына 

жете назар аудару керек. Сон­

да ғана ғылыми түсініктің аясы 

кеңейіп, қарастырылатын кәсіби 

білім беру сапалық мазмұнының 

құрылымын көруге болады. 



Еліміздің тәуелсіздік жылдары өз алдына білім саясатын жүргізу тізгіні 

қолына тигелі күрделі жаңа өзгерістерге толы қадамдарды жасау қажет-

тілігі туындады. Солардың ішінде кәсіби оқытудың барысы күн тәртібінен 

түскен емес. 

сот ісін жүргізу тілі заңды 

шешім шығаруға ықпал етеді



2

№144 (2922) 

23 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Судьялар 25 отбасын 

қамқорлығына алды

Игі іс


БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУ – 

САУАПТЫ ІС

Семинар


Өткен аптада Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері, аудандық 

мәслихат депутаты Данияр Айтбаев бастаған ақ халатты абзал жандар Тәу-

елсіздік қарсаңында сауапты іс ұйымдастырды. Олар аудандағы мүмкіндігі 

шектеулі балаларға сый-сияпат жасап, бір қуантып қойды. Сол күні көңілі 

жарым балалар шат-шадыман болып, риясыз жадырап күлді. 

Егер жер бетінде бір бала шын қуанса, көктегі мың періште шаттанатын 

көрінеді. Бала күлкісін ешбір нәрсе алмастыра алмайды. Себебі, ол – шынайы. 

Жасандылықтан ада. Бала десе көз алдыңызға құлдыраңдап ойнап, езуінен күлкі 

арылмай жүрген бақытты періште елестейтін шығар? Дегенмен, өкінішке қарай, 

бұл дүниеде тым сирек күлетін балалар бар екен. Олар – мүмкіндігі шектеулі, 

яғни, туабітті, жүре келе пайда болған кемістігі бар бейкүнә балалар. Осының сал-

дарынан, олар өз қатарларымен еркін араласа алмай, қоғамнан жырақтап қалды. 

Ойласаңыз, жүрегіңіз ауырады.  

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай білікті басшы Данияр 

Айтбаев басқаратын Төлеби аудандық емханасының ұжымы қамкөңіл балаларға 

арнап «Алтын жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Сол күні 

таңертең баласын жетектеген ата-аналар аудандық Мәдениет үйіне қарай ағылды. 

Көп өтпей концерт залында ине шаншыр орын қалмады. Ең бірінші болып сөз 

сөйлеген аудан әкімі Бұқарбай Парманов:

– Балаларды қуанту – сауапты іс. Бұл дүниеде бала қуанышынан асқан ештеңе 

жоқ. Осы мақсатта біз ауданда ғаріп жандарға арнап қайырымдылық акцияларын 

жиі өткізіп тұрамыз. Өз тарапымыздан бөлек, жеке кәсіпкерлерге де ұсыныстар 

айтып, оларды да сауап ты іс жасауға шақырамыз. Ал, Данияр Айтбаев басқара-

тын емхана ұжымы ешкімге салмақ салмай, өз қалталарынан қаржы шығарып, 

балаларға зор қуаныш сыйлап отыр. Осы жерде біз азаматтық танытқан Данияр 

бауырымызға алғысымызды білдіреміз. Ол осы акцияны ұйымдастыру арқылы 

өзгелерге үлгі көрсете білді. Сөз соңында, ел ішінде халқына әрқашан қол ұшын 

созуға дайын жомарт жандар көбейе берсін дегіміз келеді, – деп балаларға сал-

танатты түрде сыйлықтар табыстады. Аудан әкімінен соң сөз кезегін алған түрлі 

лауазым иелері Данияр Сапаралыұлының өткізіп отырған игі ісін қолдайтын-

дарын айтып, оған өз разылықтарын білдірді. Бұған дейін ауданда көбіне жеке 

кәсіпкерлер қайырымдылық шараларымен айналысып келсе, енді емхана қыз-

меткерлерінің тыңнан түрен салғанын қуана хабарлады. Өз кезегінде бас дәрігер 

Данияр Айтбаев: 

– Бұл «Алтын жүрек» қайырымды лық акциясын емхана ұжымы бір кісідей 

жұмыла отырып ұйымдастырды. Аталған акцияны ел Тәуелсіздігінің 25 жыл-

дығы қарсаңында өткізгенді жөн көрдік. Себебі, Тәуелсіздіктен асқан бай лық 

жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздікті баянды етіп ұстап тұру – оны 

алғаннан да қиын екенін айтқан болатын. Сондықтан, қасиетті де қастерлі Тәуел-

сіздікті ертеңгі ел болашағы – балаларға кеңінен насихаттаған маңызды. Біз бүгін 

балаларға сый жасап қана қоймай, бойларына ұлттық болмысты сіңіруге тырыс-

тық. Бала – өмір мәні. Онсыз өмір жоқ. Балалар ешқашан назардан тыс қалмау 

қажет. Біз оларға әрқашан жағдай жасап, қолдау көрсетіп отыруымыз керек. Мұн-

дай қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деп сөз 

саптады. Сосын, ішіне түрлі ойыншықтар, білім алуға қажет құрал-жабдықтар 

мен қыстық киімдер салынған сыйлықтарды балаларға үлестіріп берді.

Емхана ұжымы балаларға тек сый-сия пат жасап қана қоймай, бір сәт кон-

церттік іс-шара арқылы көңілдерін аулауға тырысты. Емхана басшылығының 

шақыртуымен ауданға облыстық Қуыршақ театрының әртістері, цирк өнерпазда-

ры келді. Олар ертегі кейіпкерлерін сомдап, қызықты көріністер қойды. Әлгін де 

ғана көңілсіз отырған балалар әп-сәтте жадырап, жүздері бал-бұл жай нап кетті. 

Кейбірі сахна төрінен табылып, әртістермен бірге ойын ойнады. Ән айтып, би 

биледі. Зал ішінен шынайы шат күлкілер естіліп жатты. Әсіресе, әді лет тілік 

пен шынайы достықты наси хат тайтын «Әзілкеш ата» қойылымы балар ды бір 

серпілтіп тастады. Бауыр еті бала лары нын қуанышқа бөлеген емхана ұжы мына 

ата-аналар өз алғыстарын жау дырды. «Басты байлық – денсаулық» екенін айтып, 

емхана басшысына зор денсаулық тіледі. Бұл қайырымдылық акциясы жұртты 

мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырды.



Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ



Ақмола облысының соттары «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 

игі іс» ұранымен қайырымдылық шараларын өткізді. Ақмола об-

лысы аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары 

балалар үйлері, көпбалалы және аз қамтылған, қиын жағдайдағы 

жанұялар, емделуге мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер, аз 

қамтылған зейнеткерлер мен қарт адамдармен жүздесті. 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 

жылдығына байланыс ты рақымшылық жасау туралы» заңға 

орай, Шығыс Қазақ стан облыстық сотында заңды қолдану 

мәселелерін талқылауға арналған семинар сабағы өткізілді. 

Қ.М.Чакпантаев өз сөзінде: «Мемлекет басшысы 2016 жылы 

13 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуел-

сіздігінің жиырма бес  жылдығына байланысты рақымшылық 

жасау туралы» заң қабылдап, ол заңды күшіне енді. Аудандық 

және оған теңестірілген соттардан аталған заңды қолдану 

жөніндегі сұрақтар түсуде, осыған байланысты біз осы заңды 

практикада қалай дұрыс қолдануды талқылауға арналған се-

минар ұйымдас тырдық», – деді.

Семинар барысында судьялар рақым шылық туралы ак-

тінің дәл және бір іңғай қолданылуын қамтамасыз ету, оны 

практикада іске асыру мәселелерін талқылады. «Рақым-

шылық заңын қолдануға адамдардың  бірнеше санаттары жа-

тады. Оның ішінде қылмыстық теріс қылық және онша ауыр 

емес қылмыс жасаған тұлғалар саны да кіреді. Олар толық 

жазадан босатылады, ал, қаралудағы істер қысқартылады.  

Пробациялық бақылауға алынған орта дәрежедегі қылмыс 

жасаған тұлғаларға және шартты түрде жаза тағайындалған 

адамдарға рақымшылық жасау қолданылады. Ауырлығы 

орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сот-

талған адамдарға жазасының өтелмеген бөлігі айыппұлға не 

бас бостандығын шектеуге ауыстырылады. Сонымен қатар, 

рақымшылық ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сот-

талған адамдарға қолданылады. Олардың осы заң қолданысқа 

енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің бес тен 

бірі қысқартылады», – деді судья А.И.Лукьянов.

Семинардың қорытындысында аталған заңды қолдану 

бойынша, облыстың аудандық және қалалық соттарына жол-

данған тиісті ұсынымдар қабылданды. 

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының баспасөз қызметі

Соттар ұжымы көмек пен қолдауды мұқтаж ететін 25 бала мен жанұяны 

қамқорлықтарына алды. Судьялар әрбір балаға, әрбір жанұяға және қарт 

адамға қолдан келгенше көмегін беріп, олардың емделуіне материалдық жәр-

дем, сондай-ақ, азық-түлік, жылы киіммен, көмірмен қамтамасыз етті, пәтерді 

жинау мен аулаларды қардан тазалауға көмектесіп, балалар үйінде мерекелік 

концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.

Балалар қуанышы, қарттар мен көп балалы ата-аналардың алғысы, жақ-

сылыққа деген сенімі – игі істер істеуге тұрарлық дүние. Облыс соттары қай-

ырымдылық шарасын жалғастыруда. 



Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Заңды қолдану жайы талқыланды

Бүгінгінің бас тақырыбы

Жалпы отырыстың жұмысын аша 

келе, Қайрат Мәми отырысқа қатысушы-

лардың назарын Республика судьялары-

ның VII съезінде Мемлекет басшысы 

айқындаған құқықтық айқындылық дең-

гейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот 

практикасын қалыптастыру міндеттерін 

іске асыру қажеттігіне аударды. Жоғарғы 

Соттың нормативтік қаулылары дәл осы 

міндетті шешуге бағытталып отыр. 

Күн тәртібіне сәйкес, Жоғарғы Сот-

тың бес нормативтік қаулысының жоба-

сы талқыланды. «Сот ісін жүргізу тілі 

принципін қолданудың кейбір мәсе-

лелері  туралы»  нормативтік  қаулы-

сының жобасын ұсына келе, Қ.Мәми 

қылмыстық қудалау органдары әдетте 

тергеу іс-шараларын жүргізу және құ-

жаттарды әзірлеу барысында орыс тілін 

қолдануға басымдық береді. Осы ретте, 

олар қылмыстық қудалауға тартылған 

адамдардың сот ісін жүргізу тілін жет-

кілікті білмейтіндігіне мән бермей, қыл-

мыстық-процестік заңнама талаптарын 

бұзады. Төраға сот ісін жүргізу тілін 

еркін таңдау принципін қатаң әрі нақты 

сақтау сот қорғауының қолжетімділі-

гін қамтамасыз етіп қана қоймай, істің  

мән-жайын дұрыс анықтауға, заңды 

әрі негізделген сот шешімін шығаруға 

ықпал ететіндігін атап өтті. Сондықтан 

да, осы саладағы құқық қолдану мәселе-

лерін түсіндіру сот практикасы үшін зор 

маңызға ие.  

Жоғарғы Сот судьясы Б.Мақұлбеков 

осы  нормативтік  қаулының  жобасы 

Жоғарғы Соттың бастамасымен әзір-

ленгенін атап өтті. Судьяның пікір-

ін ше,  Азаматтық  процестік,  Қыл-

мыс тық  процестік  және  Әкімшілік 

құқық бұзушылықтар туралы кодекстер-

де сот ісін жүргізу туралы мәселе толық 

қам тылмаған. Азаматтық істер бойынша 

тараптар, тергеуде жүрген адамдар мен 

сотталушылардың өздері көп жағдайда 

сот ісін жүргізу тілі принципін сақтамай-

тындығы, сот ісін жүргізу тілін таң дауға 

қатысты олардың өз құқықтары мен 

бостандықтарының  бұзылуына  жол 

берілетіндігі айтылды. Нормативтік 

қаулыдағы басты мәселелердің бірі – 

АПК-нің 14-бабы талаптарына сәйкес, 

сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою 

арызы берілген тілге байланысты сот ұй-

ғарымымен белгіленеді деген қағидадан 

туындайтындығын түсіндіреді.

Жоғарғы Сот төрағасы «Соттардың 

қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық 

құқықбұзушылыққа дем берушілік үшін 

жауаптылық туралы заңнаманы қол-

дануының кейбір мәселелері туралы» 

нормативтік қаулының маңыздылығын 

айта келе, бұл жоба 2016 жылы 5 тамыз-

да Президент әкімшілігінде өткен кеңес 

қатысушыларының  экстремизм  мен 

терроризмге қатыстылық үшін жауап-



СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТІЛІ ЗАҢДЫ ШЕШІМ 

ШЫҒАРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

тылықты күшейту туралы шешіміне сәй-

кес әзірленгенін атап өтті. Ол Мемлекет 

басшысының қазіргі таңда терроризм нің 

қаупі біздің халықаралық қауіпсіздік 

туралы түсінігімізді түбегейлі өзгерт-

кені туралы айтқан ойын еске салды. 

Бұған  әлемде,  Алматы  мен  Ақтөбе 

қала ларында соңғы кездері орын алған 

оқиғалар дәлел болып табылады. Қ.Мә-

ми терроризм мен экстремизм актілеріне 

демберушілік пен қатыстылық үшін 

жауап тылық туралы заңнаманы дұрыс 

әрі  біркелкі  қолдануды  қамтамасыз 

етуге бағытталғандықтан, аталған нор-

мативтік қаулының сот практикасы үшін 

маңызы зор екендігін атап өтті. Норма-

тивтік қаулының жобасын таныстыра 

келе, Жоғарғы Сот судьясы Әбдрашид 

Жүкенов жоба қылмысқа қатыстылықты 

анықтап, оның негізгі түрлерін, бірқатар 

адамдардың қылмысты хабарламағаны 

және оны күнібұрын уәделеспей жасыр-

ғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа 

тартылмайтындығы туралы конститу-

циялық қағидатты түсіндіреді. Норма-

тивтік қаулыда адамның әзірленуі өзіне 

нақты белгілі болған немесе жасалған 

қылмыстық құқықбұзушылық туралы 

фактілерді хабарламағандығын, осылай-

ша өзінің азаматтық және моральдық бо-

рышын орындамағандығын анықтаған 

жағдайда судьялар жеке қаулы шығару 

арқылы осы мәліметті тиісті ұйымдар-

дың  назарына жеткізуге құқылы екен-

дігі көрсетілген. Адамның әзірленіп 

жатқан немесе жасалған қылмыстық 

құқықбұзушылықтар туралы нақты бел-

гілі ақпаратты уақтылы хабарлау арқылы 

сот төрелігіне көмектесудің барлық жағ-

дайларында соттар жеке қаулы шығару 

арқылы  тиісті  ұйымдардың  алдына 

аталған адамды көтермелеу қажеттігі 

туралы мәселені қоюы керектігі айтыл-

ды. Қылмысты жасырып қалу, қылмыс 

жасаған  адамның  қылмысты,  оның 

құралдары мен қаруларын, қылмыстың 

іздері мен өзге де дәлелдемелерді жасы-

ру тәсілдері ұғымдарының мәні ашып 

көрсетілді. 

Жоғарғы Сот судьясы Денис Шипп 

«Соттардың Қазақстан Республикасы 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 

кодексінің Жалпы бөлігін қолдануының 

кейбір мәселелері туралы» нормативтік 

қаулыны таныстыра келе, Әкімшілік 

құқықбұзушылықтар туралы заңнама 

құрамы мен ондағы халықаралық шарт-

тардың орны, ӘҚБтК-дегі олқылықтың 

бар екендігін атап өтті. Нормативтік 

қау лы  соттарға  осы  олқылықтарды 

сот төрелігі туралы конституциялық 

норма лармен және адам мен азамат-

тық  құқық тары  туралы  Әкімшілік 

құқық бұзу шылықтар туралы заңнама 

принцип терімен толықтыруға ұсыным 

береді. Соттарға заңсыз қаулыны қайта 

қарау бырысында сот сатысы осы қау-

лыны орындаумен байланысты болуы 

мүмкін еместігін түсіндіреді. Ескерту 

өндіріп алудың жеткілікті шарасы болып 

табылатындықтан, кез келген қосымша 

өндіріп алу Ерекше бөлімнің баптары-

ның санкцияларында көзделген өзге де 

негізгі өндіріп алуды, мәселен әкімшілік 

айыппұлды тағайындау барысында ғана 

қолданылуы  тиіс  екендігі  айтылды. 

Нор мативтік қаулы құқықбұзушылық 

субъектілерінің жекелеген санаттарына 

әкімшілік қамауға алуды қолданудың 

мүмкін еместігі жағдайында, егер ӘҚБ-

тК-нің 42-бабының 2-бөлігінде негізгі 

әкімшілік өндіріп алу ретінде осындай 

өндіріп алу шараларын қолдануға жол 

берілетін болса, қосымша өндіріп алуды 

қолдануға болатындығын түсіндіреді. 

Бұған қоса, жобада өндіріп алудың өзге 

де шараларын қолдану, арнайы құқықтан 

айыру мерзімдерін есептеу, жеке кәсіп-

керлер мен заңды тұлғалардың қыз-

метіне тыйым салу немесе тоқтатуды 

тағайындау тәртібі түсіндірілген. 

Жоғарғы  Соттың  судьясы  Ерден 

Әріпов  «Қазақстан  Республикасы 

Қыл мыстық кодексінің 6-бабын қол-

дану жөніндегі сот практикасы тура-

лы» норма тивтік қаулының жобасын 

таныс тырды. Жоба қылмыстылықты 

немесе әрекетті жазалауды болдыр май-

тын, басқаша айтқанда, қылмыстық 

құқықбұзушылықты жасаған тұлғаның 

жағдайын жақсартатын заңдар, декри-

минализациялау ұғымдарын, сондай-ақ, 

жауаптылықты немесе жазаны жеңіл-

дететін нормаларды түсіндіреді. Нор-

мативтік қаулыда сотқа дейінгі тергеу 

органы, бірінші, апелляциялық және кас-

сациялық сатылардағы соттар өздерінің 

қарауында жатқан қылмыстық істер бой-

ынша кері күшке ие заңды тікелей қол-

данатындығы айтылған. Осы ретте, егер 

жаңа қылмыстық заң қылмыстылықты 

немесе әрекетті жазалауды болдырма-

са, онда ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 

6-тармағына сәйкес, іс қай кезеңде қа-

ралып жатқандығына қарамастан, осы 

негіздер бойынша өндірістен қысқар-

тылуға жатады. Осы орайда, егер адам 

жасаған әрекет неғұрлым ауыр қылмы-

стық құқықбұзушылық санатына ауысса 

немесе қылмыстық құқықбұзушылықты 

жасаған адамның жағдайын басқаша 

ауырлатса, онда қылмыстық заңның кері 

күшінің болмайтындығы туралы түсін-

дірме беріледі. 

Жоғарғы  Соттың  судьясы  Ербол 

Рахымбеков «Соттардың қылмыстық 

істерді қысқартылған тәртіппен қарауы 

туралы» нормативтік қаулының жоба-

сын таныстыра келе, сот төрелігінің 

тиімділігін арттыру кез келген мемле-

кеттің табысты дамуының қажетті шар-

ты болып табылатындығын атап өтті. 

Е.Рахымбеков «Заңнамада болған, бірақ 

жаңа ҚПК-нің 2014 жылы күшіне енуіне 

байланысты өзгерістерге ұшыраған сот 

тергеуінің қысқартылған тәртібін жоға-

рыда аталған жағдайға қол жеткізетін 

тәсілдің бірі» деп атап өтті. 

Нормативтік қаулының жобасын-

да, атап айтқанда қандай құқық бұзу-

шылықтың айтарлықтай және басты 

сот талқылауын тағайындауға кедергі 

жасайтындығы, басты сот талқылауында 

анықталған қандай кемшіліктер сотқа 

оларды жою үшін істі прокурорға жібе-

руге негіз беретіндігін түсіндіреді. 

Жалпы  отырысқа  қатысушылар 

нор мативтік қаулылардың жобаларын 

талқылады,  оларға  ұсыныстар  мен 

ескертпелер енгізді. Аталған қаулылар 

редакциялық түзетулер енгізілгеннен 

кейін жалпы отырыста бекітілетін бо-

лады. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал