АҢдатпа 4-бет 2-бет



жүктеу 0.56 Mb.

бет6/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

отырған адамның жалған сөйле-

генін қалай анықтайсыз?

–  ескерте  кететін  бір  жайт,  по-

лиграфологиялық зерттеулер бары-

сында  қызметкердің  жеке  басына 

емес,  тек  қызметтік  міндеттеріне 

ғана  қатысты  сұрақтар  қойылады. 

мәселен,  колонияның  немесе  тер-

геу абақтысының қапасынан есірткі 

заттарының табылуы, қызметкердің 

Айсұлу ЖЫЛҚЫБАЕВА, 

Қылмыстық атқару жүйесінің Алматы қаласы бойынша департаменті 

кадр тобының инспектор-полиграфологі:

«адамнан жасырғаныңды 

аППараттан жасыра алмайсың»

Ж

асалған қылмыстың дәрежесі мен қоғамға қауіпсіздігіне қарамастан 

кінәліні түзеу мекемесінің тезіне салып, бірыңғай жазалаумен шектеу 

сияқты кеңестік жүйеден қалған қасаң қағиданы түбегейлі өзгертіп, демократия-

лық қоғамға тән балама жазалардың тетіктерін қалыптастыру мәселесі ел тәуел-

сіздігінің алғашқы жылдарында-ақ көтеріле бастаған еді. Өйткені, өмір тәжірибесі 

мен нарық заманының талабы түрме халқының санын әрі қарай көбейтудің мағы-

насыз әрі әлдеқашан күні өткен жүйе екендігін көрсете бастады. 

бұл сөзімізді статистикалық мәліметтердің өзі де растайды.  қолдағы бар 

көне деректерге жүгінсек, өткен ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде әр-

бір 100 мың қазақстандыққа 676 жазасын өтеушіден келген екен. бұл қазіргі 

жағдаймен салыстырғанда 2,5 есе көп деген сөз. ал 90-жылдардың басында 

әрбір жетінші адам еліміздегі түзеу мекемесінде жазасын өтеген. тек 1975 – 

2000 жылдар аралығында ғана әрбір 35-қазақстандық темір тордың ар жағында 

болып қайтқан. олардың әрбір он сегізіншісі 18 бен 50 жастың аралығындағы 

адамдар  болатын. осы  көрсеткіштердің  өзі  ғана  түрме  халқының  санын  әрі 

қарай еселеп көбейтіп, мемлекет қаржысын шығындаудың күні өтіп, қоғам да-

муын тежей бастаған факторлардың бірі екендігін аңғартса керек. сондықтан 

да мемлекет басшысының 2009 жылғы 24 тамыздағы жарлығымен бекітілген 

2010-2020  жылдарға  арналған  құқықтық  саясат  тұжырымдамасында  қоғам-

нан  оқшаулаумен  байланысты  емес  балама  жазаларды  тәжірибеде  кеңірек 

қолдануға басымдық берілді.  ал 2011 жылдың 18 қаңтары күні қабылданған 

«қазақстан республикасының қылмыстық жазаларын одан әрі ізгілендіру және 

балама жазаларды күшейту жөніндегі кейбір заңдық актілеріне толықтырулар 

мен  өзгерістер  енгізу  туралы»  заңында  қоғамнан  оқшаулаумен  байланысты 

емес  қылмыстық-құқықтық  шараларды  қолданудың  ауқымын  кеңейтудің 

маңыздылығы атап көрсетіліп, елімізде мұндай жауапты істі жүзеге асыратын 

мамандандырылған қуатты органды құрудың қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. 

соның нәтижесінде бұрынғы қылмыстық атқару инспекциясының қызметін 

заман  талабына  сай  жаңа  бағытта  атқарып,  сотталған  адамдарға  құқықтық 

көмек  көрсетіп,  олардың  білім  алып,  белгілі  бір  мамандықты  меңгеріп,  жұ-

мысқа  орналасуына  көмек  көрсететін  пробация  қызметі  өмірге  келді. қазір 

пробациялық қызметтің іргесі жылдан-жылға бекіп келеді.  былтырғы жылдың 

30 желтоқсаны күні елімізде алғаш рет «Пробация туралы» заң қабылданды. 

21 бапты қамтитын жаңа заңда пробациялық қызметті жүзеге асырудың нақты 

тетіктері мен жолдары қарастырылған. заңның «Пробацияны жүзеге асырудың 

түрлері» деп аталатын 5-бабында сот үкімімен пробациялық бақылаудың есебі-

не алынғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, олардың тағайын далған 

жазаларды орындаудағы жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының полиция қызмет-

керлерімен бірге қадағаланатындығы көрсетілген. Әлеуметтік-құқықтық көмек 

деп отырғанымыз бұл жазасын өтеушілерге медициналық жәрдем беру, орта 

білім алуына және белгілі бір мамандықтың түрін меңгеріп, жұмысқа орналасуы-

на, ел заңдарында белгіленген тәртіппен әлеуметтік жәрдемақы алуын қамтитын 

кешенді шаралар. біздіңше, бұл өте тиімді жүйе. 

заңдық тұрғыдан қарағанда да бүгінгі Пробациялық қызметтің қоғамымыз-

ға тигізетін пайдалы жағы осында болса керек. соның нәтижесінде осы кезге 

дейін өз үстемдігін жүргізіп келген бас еркінен айыру сияқты жазалардың саны 

азайып,  оларды  шартты  түрдегі  жазаға  тарту,  бас  еркінен  шектеу,  айыппұл 

мен қоғамдық жұмыстарға тарту секілді балама шараларды қолдану қалыптаса 

бастады. мәселен, өткен жылы алматы қаласындағы аумақтық пробациялық 

қызметтің бақылауынан 3295 адам өткен.  бұл өткен жылмен салыстырғанда 

біршама артық. Әлеуметтік тегіне қарай жіктесек, олардың 513-і әйелдер, 9-ы 

кәмелет жасқа толмаған жасөспірім болған. 

«Пробация туралы» заң қабылданып, қолданысқа енісімен «жұртшылықты 

жұмыспен қамту туралы» заңының 5-бабының талаптарына сәйкес түзеу ме-

кемесінен босап шыққан тұлғаларды жұмыспен қамту мәселесі де жанданып, 

оларды жұмысқа орналастыру үшін белгілі бір мамандық түріне даярлау және 

қайта даярлау жұмыстары қолға алынды. осы мерзім аралығында алматы қала-

сының аумағындағы пробациялық қызметтің ықпалымен 1025 адамға әлеумет-

тік-құқықтық көмек көрсетілді. қазіргі таңда пробациялық бақылаудың есебінде 

1988  тұлға  тұр,  олардың  56  жергілікті  атқару  органдарының  көмегімен,  ал, 

1823-і өз бастамасымен жекелеген мекемелерге жұмысқа орналасқан. бұдан 

тыс, қалалық прокуратураның «сотталғандардың еңбегі қоғам игілігі үшін» деп 

аталатын жобасы негізінде есепке алынғандарды аумақтық пробация қызметі 

шаһардың көшелері мен бас иесіз аумақтарын тазалау жұмыстарына тартып, 

қаладан тысқары жерлерге 120 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарын шығаруға 

көмектескен. 

 Пробациялық қызметтің бүгінгі жетістігі осындай, ал, оның ертеңгі келеше-

гінің бұдан да зор болатынына сенім зор. 



 Әділбек ДҮЙСЕНБАЙ, 

 Алматы қалалық прокурорының

 аға көмекшісі, әділет кеңесшісі

астана  қаласындағы  ец-166/1 

мекемесінің  шаруашылықпен  қамта-

масыз  ету  жасағында  елуге  жуық 

сотталған бар. олардың әр күні таңғы 

тексерістен басталады. күн мен түн-

нің теңелген Ұлыстың ұлы күнінде де 

солай  болды.  мекеменің  тәрбие  ісі 

жөніндегі  бөлім  қызметкері  жазасын 

өтеушілерді  наурыз  мейрамымен 

құттықтап,  бостандыққа  шығулары-

на  тілек  білдірді.  бұдан  кейін  жасақ 

жанындағы  демалыс  және  өзін-өзі 

тәрбиелеу секциясы даярлаған «нау-

рыз-думан» концерттік бағдарламасы 

көпшілікке ұсынылды.

жұмыстан  тыс  уақытта  дайын-

далып,  наурызда  тағдырластарына 

көтеріңкі  көңіл  күй  сыйлаған  секция 

мүшелерінің бұл әрекеті көңіл сүйсін-

теді. «наурыз-думан» әнімен ашылған 

концерттің басында мекеме басшысы-

ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

сапарбек  күспекұлы жиналғандарды 

мерекемен құттықтады. күспеков на-

урыз  мейрамының  тарихына,  маңыз-

дылығына тоқталып өтті. концерт ба-

рысында лирикалық әуендермен қатар 

көңілді әндер де шырқалды. орындау-

шылардың  шараға  тыңғылықты  дай-

ындалғаны байқалады. мерекелік кон-

церттен соң арқан тартыс, дойбыдан, 

үстел үсті тенисінен сайыстар болды. 

сотталғандар  мекеменің  тәрбие  ісі 

жөніндегі  бөлім  қызметкерлеріне  та-

маша демалыс үшін ризашылықтарын 

білдірді. 

Бақытжан ШЫНБАТЫРОВ,

ЕЦ-166/1 мекемесіндегі

арнайы контингент арасындағы

 тәрбие жұмысы бөлімінің 

жасақ бастығы

кең байтақ еліміздің жер-жерінде сән салтанатымен 

тойланған  әз  наурыз  мерекесі  –  қылмыстық  атқару 

жүйе сінің алматы қаласы бойынша департаментіне қа-

расты ла-155/13 мекемесінде де лайықты аталып өтілді. 

лары  жауап  беруші  адамның  сау-

сақтарына  кигізіліп,  зерттеуден 

өтушінің көңілінде күдік-күмән қал-

мас үшін процесс бастан аяқ бей-

нетаспаға  жазылып  алынады.  ең 

алдымен  зерттеуден  өтетін  қыз-

меткерге  құқықтары  мен  полигра-

фологиялық  тексерудің  ережелері 

түсіндіріледі.  одан  кейін  сынақтан 

өтуші мұндай зерттеуге өз еркімен 

келіп отырғандығын бекітіп, декла-

рацияға қол қояды. егер маманның 

сырқаты  бар  болса  немесе  жарты 

жыл бұрын ағзасына ота жасалын-

са, жүйкесінде сәттік ауытқулардың 

нышаны  байқалса,  ондай  адамның 

зерттеуден  өтуін  басқа  уақытпен 

алмастырамыз. Полиграфологиялық 

зерттеу  тағайындалған  адамның 

процестің арасында үзіліс жариялап, 

демалуға да құқығы бар. тәртіп бой-

ынша полиграфологиялық сынақтан 

өтетін мекеме қызметкеріне ол ту-

ралы бір тәулік бұрын хабарланады. 

осы уақыт ішінде тексеруден өтуші 

денсаулығында  кінәраты  болса,  ол 

жөнінде  анықтама  тапсыруы  тиіс. 

бір  адамды  полиграфологиялық 

тексеруден өткізудің ұзақтығы ша-

мамен  екі  сағаттай  уақытты  қажет 

етеді. Полиграфологиялық зерттеу-

ден өтуге ынта білдірген адам өзіне 

қойылған сұрақтардың мәнін толық 

түсініп, негізгі талаптармен келіскен 

жағдайда  ғана  тексеру  жұмыстары 

басталады.

–  Полиграфологиялық  зерт-

теуден  қандай  жағдайда  өтуге 

болмайды?

– ауру-сырқауы бар немесе жүй-

кесінен ауытқушылықтардың ныша-

ны байқалған адамдар ғана зерттеу-

ден  өтпейді.  айталық,  қалыпты 

деңгейінен көтерілген немесе төмен 

түсіп  кеткен  қан  қысымы  адамның 

көңіл күйіндегі өзгерісті тап басып, 

анықтауға мүмкіндік бермейді. 

–  Кейде  тәжірибеде  қолдан 

жасалған  жалған  банкноттарды 

да  ақша  тексеретін  аппараттар-

дың  байқамай  өткізіп  жіберетіні 

бар. Өтірік айтып отырған адам-

ды полиграфологиялық құралдың 

да анықтай алмай, қапыда қалуы 

ықтимал ғой?

 – ондай күдікті де жоққа шығара 

алмаймыз.  зерттеуге  келген  адам 

аурушаң болса, ондай қызметкердің 

аумалы-төкпелі көңіл күйіне қарап, 

оның дұрыс не бұрыс сөйлеп отыр-

ғанын анықтау қиын. десе де, бұл 

жерде біз тек аппараттың көрсеткен 

нәтижелерін ғана негізге алып қой-

маймыз, оны өз қорытындымызбен 

салыстыра отырып, байлам жасай-

мыз. рас, өмірде шындықты айтпай 

қалуға  тырысатындар  көптеп  кез-

деседі. мәселен, тексеруден өтуші 

қызметкер  әріптесінің  пара  алған 

әрекетін біле тұра ішіне бүгіп қалуға 

тырысқанымен,  оның  сол  сәттегі 

көңіл күйін білдіретін жүрегінің соғы-

сы мен қан тамырындағы өзгерістер 

жалғандығын  бәрібір  әшкерелеп 

береді. Полиграфологиялық зерттеу-

лердің нәтижесіне талдаулар жасау 

барысында ең алдымен сол процесті 

басқарып отырған психолог маман-

ның да пікірі ескеріледі.

– Қазір қоғамымызда полигра-

фологиялық  зерттеулер  кеңінен 

қолданыла бастады. Осы жүйені 

бүгін қол ұстасып, ертең шаңырақ 

көтеретін  жас  жұбайлардың  мі-

нездерінің сәйкестігі мен сәйкес-

сіздігін анықтау ісіне де қолдануға 

болар  ма  еді.  Әлде  жар  таңдау 

әркімнің жеке тірлігі ме?

– өз басым полиграфологиялық 

зерттеуді отау құратын жастар ара-

сында қолдануға болмайды дер едім. 

солай бола тұрса да болашақ жарын 

сондай «детоктор лжи» аппаратының 

тексеруінен  өткізетіндер  бар  деп 

естимін.  себебі  біреудің  оғаш  мі-

незін біле тұра ұнату не ұнатпау ол 

әркімнің жүрек қалауымен шешілетін 

мәселе. сондықтан, біз де өз тәжіри-

бемізде  зерттеуден  өтушінің  жеке 

тағдырына қатысты сұрақтарды қой-

маймыз.  олай  жасауға  құқығымыз 

жоқ.  кейде  «есірткі  пайдаланасыз 

ба?» деген сауалға шамданып, «ол 

менің жеке мәселем ғой» деп жата-

тындар бар. ол дұрыс емес, себебі 

қызметкерге  есірткіні  пайдалануға 

ешкім құқық бермеген.



– Әңгімеңізге рақмет!

 Пікірлескен 

Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

міндеттерін талапқа сай орындамауы  

немесе  өкілеттігін  асыра  пайдала-

нып,  заңсыз  сыйақы  алуы  тәрізді 

құқықбұзушылықтар төңірегінде әң-

гімелер қозғалады. осындай тексеру 

жұмыстары  арқылы  маманның  өз 

міндетін  қалай  орындайтындығына 

байланысты ақиқатты анықтаймыз.

– Жауап берушінің ішкі сырын 

ашпай, жалған сөйлеуі де мүмкін 

ғой?

– мүмкін. алайда, бүгінгі заман-

ның  аса  жетілдірілген  құралдары 

арқылы маманның қызметіне қалай 

қарайтындығын, жұмыс барысында 

қандай  адамдармен  қандай  қа-

рым  қатынасқа  түскендігін  немесе 

өкілеттігін асыра пайдаланып, нен-

дей  кемшіліктерге  жол  бергендігін 

анықтауға  мүмкіндік  мол.  кімнің 

жалған сөйлегендігі, кімнің ақиқатты 

айтып отырғандығы зерттеу үстінде 

алақандағыдай анық көрініп тұрады. 

бір сөзбен айтқанда, арнайы құрал 

мен ондағы мәліметтерді жіті бақы-

лап  отыратын  маманды  алдау  өте 

қиын. 

– Сонда сіздердің қабылдаған 

шешімдеріңіздің  белгілі  бір  заң-

дық күші бола ма?

– ол тек кепіл, кеңес беру сипат-

тамасын  ғана  қамтиды.  заңдық 

тұрғыдан  қарағанда  полиграфоло-

гиялық  шешімнің  қызметкерді  жұ-

мыстан шығаруға да, шеттетуге күші 

жүрмейді.  тек  зерттеу  арқылы  ал-

дыңа келген адамның қандай маман 

екендігін, оның қандай кемшіліктерге 

жол бергендігі туралы деректерді күн 

ілгері анықтап, мәлімет түзіп отыра-

мыз. мекеменің психолог мамандары 

да дәл осындай сипатта баға береді. 

кейбір  мемлекеттерде  полиграфо-

логиялық зерттеулердің заңдық күші 

бар. ондай елдерде полиграфолог 

маманның қабылдаған шешімі бой-

ынша қылмыс жасағанын жасырған 

адам жауапқа тартылады. ал бізде 

полиграфологтың шешімі әзірге он-

дай күшке ие емес. кім біледі мүмкін, 

келешекте оның тәжірибеге енгізілуі 

де ғажап емес шығар.

– Полиграфологиялық зерттеу 

белгілі бір қондырғылардың көме-

гімен жүргізіледі деп естідік.

–  арнайы  құралдың  қондырғы-

Жиын

колониядағы 



наУрыз

мекеме  бастығы,  әділет  подполковнигі  р.габибов 

келген  қонақтар  мен  мекеме  қызметкерлерін  наурыз 

мейрамымен құттықтап, колония ұжымының отбасыла-

рына амандық тіледі. бұдан кейін сөз алған сотталған-

дар  арасындағы  тәрбие  жұмысын  жүргізу  бөлімінің 

бас тығы, әділет майоры б.намазова көпшілікті мекеме 

бастығының мерекелік марапаттау бұйрығымен таныс-

тырды. 

жиынның  соңы  жазасын  өтеушілердің  концертіне 



жалғасып, қызықшылыққа келген көпшілік наурызкөже-

ден дәм татты.

 М.КӘКІМЖАНОВ, 

ЛА-155/13 мекемесі  бастығының тәрбие жұмысы 

жөніндегі орынбасары

мереке тартымды өтті




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал