АҢдатпа 4-бет 2-бет



жүктеу 0.56 Mb.

бет2/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ж.ЖАРМАХАНБЕТОВ,

Алматы қалалық ҚСжАЕА басқармасының 

аға прокуроры

Пәрмен 


Дөңгелек үстел

Балқаш қалалық сотында «Бала құқықтары туралы» Конвенция талқыға 

түсті. Дөңгелек үстелге Балқаш қалалық сотының судьялары, қалалық 

прокуратураның прокуроры А.Күлпеисов пен жергілікті полиция қызметі 

басшысының орынбасары Р.Ильдебаев қатысты.

Сот төрағасы Н.Сыздықов өз сөзінде бала құқықтары декларациясында 

қаралған талаптар мен нормаларға ерекше назар аударды. Бала құқығының 

қорғалуы анасының құрсағында жатқан кезден басталады. Жарық дүниеге 

келіп 18 жасқа жеткенге шейінгі барлық құқықтар ұлттық заңнамада да анық 

көрсетілген.

«Бала құқықтары туралы» Конвенцияға қатысушы мемлекеттер әрбір бала 

мен  оның  ата-анасының,  қамқоршысының  нәсіліне,  түр-түсіне,  жынысына, 

тіліне, дініне, саяси көзқарасына, ұлттық, этникалық, әлеуметтік шығу тегіне, 

мүліктік  жағдайына,  денсаулығына  байланысты  қандай  да  бір  кемсітусіз 

барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.

Жиынға қатысушы тараптар күнделікті жұмыста туындайтын мәселелерді 

көтеріп, Конвенция талаптарының іске асу барысын саралады.

Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Бастама

Қорытынды



3

zangazet@maiI.ru



№26 (2951) 

7 сәуір 2017

ҚОҒАМ

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫН КҮШЕЙТУ 



ҚАТЕРДІ СЕЙІЛТЕ МЕ?

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛ!

Білген жөн

Семинар


КЕРЕК ДЕРЕК

«ЗАҢДЫЛЫҚ» 

ҚЫЛМЫСТЫҚ 

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ 

САПАСЫН 


АРТТЫРАДЫ

Куәгерлердің  айтуынша,  жарылысқа 

қара мастан  пойыз  бекетке  келіп  бір-ақ 

аял даған.  Машинист  пойызды  тоннельде 

тоқтатса, зардап шеккендерге көмек қолын 

созу қиынға соғатынын санаулы сәтте сана-

сына түйгендіктен тоқтамаса керек. Бұл да 

ерлік.  Өкініштісі,  оқиғаның  салдары  зар-

дап  шеккендермен  шектелмеді.  Жойқын 

жарылыс 14 адамның өмірін жалмады. Оның 

11-і  сол  жерде  мерт  болса,  қалғандары 

жедел жәрдем көлігінде, ауруханада алған 

жарақат тарынан жан тапсырған. Елуге жуық 

адам жараланған.

Бастапқыда тарихи шаһардың тынышын 

кетірген жарылысқа қатысты барлық нұсқа-

лар  қарастырылатыны  айтылды.  Әл-әзірге 

ешқандай  лаңкестік  ұйым  оны  мойнына 

алмаса да, көп ұзамай-ақ билік теракт деп 

таныды.  Күдіктінің  аты  да  белгілі  болып 

үлгерді. Бір қызығы, күдіктінің есімін Ресейдің 

арнайы  қызметтерінен  бұрын  бұқаралық 

ақпарат құралдары жариялаған. Көрші елдегі 

әріптестердің  аталмыш  ақпаратты  қайдан 

алғанына  бас  қатырмастан  бұрын  мұндай 

қадамдарына  қайран  қалғанымызбен, 

әуелгіде  қазақстандық  азаматты  күдікті 

ретінде көрсеткендері көңілге кірбің түсірмей 

тұрмады.  Кейіннен  Санкт-Петербургтегі 

жоғары  оқу  орындарының  бірінде  оқитын 

Максим  Арышев  күдікті  емес,  керісінше 

оқиға  кезінде  дәл  сол  вагонда  болған 

жарылыс  құрбаны  екенін  Қазақстанның 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті де, Сыртқы істер 

министрлігі  де  ресми  мәлімдеді.  Сонда 

да, Ресейдің метрода елді қанға бөктірген 

жауды  Орта  Азиядан  іздегендегі  «үміті» 

ақыры  ақталды.  Олай  дейтініміз,  күдікті 

ретінде  небәрі  жиырма  жас  шамасындағы 

Қырғызстанның  тумасы,  Ресей  азаматы 

Акбаржон  Жалиловтың  аты  аталды.  Шыны 

керек, бәзбір ресейлік оппозициялық пиғыл-

дағы партиялардың пікірінше, Санкт-Петер-

бург метросындағы жарылысты биліктің өзі 

ұйымдастырған-мыс. Мақсат елде етек алған 

наразылық  митингілерінен  көптің  назарын 

басқа жаққа аудару екен. Кім біледі... Әрине, 

бұл біздің емес, Ресей билігі мен құзырлы 

органдары бас қатыруы тиіс мәселе. 

Алайда, мұның бізден де етек-жеңді қым-

тауды  қажет  ететін  тұстары  бар.  Өйткені, 

терактіден  басы  бүтін  адамыз  дей  алмай-

мыз.  Ол  Қазақстанның  да  тәуелсіздік 

тарихына  қара  таңбасын  салып  үлгерген 

зобалаң.  Сондықтан  болар,  көрші  елдің 

метросындағы  сойқаннан  соң  ел  Үкіметі 

мен құзырлы органдарынан маза қашқаны. 

Сөзімізге солтүстіктегі қоңсымыздан жеткен 

суық  һәм  қайғылы  хабардың  ертеңіне 

Үкіметте өткен отырыс пен отырыстан кейін 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  төрағасының 

орынбасары Нұрғали Білісбековтің бірқатар 

мәлімдемелер  жасағаны  дәлел.  «Жау  жоқ 

деме, жар астынданың» керімен осындайда 

бір алашапқын боп қалатын әдетіміз баяғы. 

Әуелгісі,  қауіпсіздік  шаралары  күшейтілді. 

Республика  аумағындағы  барлық  күштік 

құрылымдар мемлекеттік шекарада, ондағы 

өткізу  бекеттері  мен  көлік  нысандарында 

және  басқа  маңызды  орындарда  қатаң 

тексерістер жасауға тапсырма алған. Алматы 

метросы бірінші кезекте. Жерасты пойызы 

жолаушыларының  сөмкелерін,  заттарын, 

қол  сөмкелерін,  портфельдерін  арнайы 

құрылғымен тексеріп қана қоймай, алматылық 

полицейлер  вагондарда  иісшіл  иттердің 

Таныстырылып отырған «Заңдылық» жобасы-

ның  мақсаты  –  Сотқа  дейінгі  тергеп-тексерудің 

бір ыңғай  тізілімі  мен  сот  органдарының  «Төре-

лік»  ақпараттық-талдамалық  жүйесін  инте-

гра циялау  есебінен  қылмыстық  процестің 

сапасын  арттыру.  Зейнетақы  төлеу  жөніндегі 

мем ле кеттік  орталықты  қоса  алғанда,  өзге  де 

базалармен  интеграциялану  күтілуде,  соның 

нәти жесінде  барлық  қажетті  деректер  берілетін 

болады.  Бағдарлама,  мәселен,  қылмыстық 

құқық  бұзушылық  жасалған  күнгі  ай лық  есептік 

көрсеткішті  ескере  отырып,  айып пұл  мөлшерін, 

кәмелетке  толмағандарға  жаза  тағайындаудың 

ерекшеліктерін  немесе  жазаны  сіңірудің  дұрыс 

тәртібін, т.б. анықтай алады.

«Заңдылық»  жүйесін  іске  асыру  қылмыстық 

сот  төрелігінің  сапасын  арттыруға,  тиімсіз  құжат 

айналымы мен қылмыстық істерді тергеу мен сотта 

қарау  барысындағы  процеске  қатысушылардың 

заңбұзушылық  бойынша  шағымдарын  азайтуға 

бағытталған.  Жоба  барлық  ұйымдастырушылық 

рәсімдер аяқталған соң 2017 жылдың шілдесінде 

қолданысқа енгізіледі.  

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов 

аталған жүйе туралы айта келе, бұл жоба бірыңғай 

сот практикасын қалыптастыруға және қылмыстық 

процестің  ашықтығын  арттыруға,  судьялар  мен 

прокурорларға – қылмыстық заңнама нормаларын 

қолданудың дәлдігін тексеруге мүмкіндік беретіндігін 

атап өтті.  Жобаны Астана қаласының прокуроры 

Б.Дембаев  пен  10-шы  Департаменттің  басқарма 

бастығы А.Аталықов таныстырды.

Жоғарғы Сот жанындағы Департамент басшысы-

ның  орынбасары  Қайрат  Елібаев  электронды 

сот  ісін  жүргізуді  дамыту  туралы  айта  келе,  сот 

жұмысына заманауи ақпараттық технологияларды 

одан әрі енгізудің жаңашылдықтары мен келешегі 

туралы ақпарат берді.

А.Рахметулин  кездесуді  қорытындылай  келе, 

оған қатысушыларға жобаны қызықты әрі мазмұнды 

таныстырғаны үшін алғысын білдіріп, «Заңдылық» 

жобасын  қолданысқа  сәтті  енгізу  қылмыстық  сот 

төрелігінің сапасын арттыруға, тиімсіз құжатайналымын 

азайтуға және қылмыстық істерді тергеу мен сотта 

қарау барысындағы процеске қатысушылардың заң- 

бұзушылық бойынша шағымдарын азайтуға мүмкіндік 

беретіндігіне сенім білдірді.

Семинардан кейін елорда судьяларының кеңесі 

өтті. Жиында қылмыстық істер бойынша сот төре-

лігін  жүзеге  асыру  қызметінің  қорытындылары 

тал қыланды. А.Рахметулин кеңесте сөйлеген сөзін-

де  өткен  жылмен  салыстырғанда  осы  жылдың 

бірінші тоқсанында Астана соттары судьяларының 

әрекетіне  қатысты  түскен  арыз-шағымдардың 

жал пы саны 19,8 пайызға азайғанын атап өтті. Ол 

істер ді қарау барысында халықаралық шарттарды 

қолдану қажеттігі туралы өзінің тапсырмасын еске 

салып, ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы соттар 

жұмысының  осы  мәселе  бойынша  оң  нәтиже 

көрсеткенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, 170 іс 

халықаралық шарттар қолданыла отырып қаралған 

немесе бұл барлық аяқталған істердің 19,5 пайызын 

құрайды. Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін 

жүзеге асыру сапасын одан әрі жақсартудың нақты 

бағыттары анықталды.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

ҚАЗАҚСТАНДА 5 СӘУІРДЕН 

БАСТАП «ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛ 

ДЕ – МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК 

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ 

АНЫҚТА!» АТТЫ ЕМХАНАЛАРҒА 

ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ. 

БҰЛ ТУРАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЛЯЗАТ АҚТАЕВА 

МӘЛІМДЕДІ.

«Емхана – ол қандай да бір мед-

циналық  көмек  алу  үшін  «кіреберіс» 

болып табылады. Онда шын мәнінде 

тіркелген-тіркелмегеніңізді  тексеру 

маңызды.  Өйткені,  кейбір  азаматтар 

бір  қалада  тұрғанымен,  мекенжайы 

басқа жерде тіркелген. Мұндай жағ-

дайларда  медициналық  қызмет  көр-

сету  бойынша  қиындықтар  туын-

дауы  мүмкін.  Осыған  байланысты, 

5  сәуір  мен  31  маусым  аралығында 

әрбір тұрғын әлеуметтік медициналық 

сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін 

анықтауы керек», – деді Л.Ақтаева. 

Өз  кезегінде,  «Әлеуметтік  меди-

циналық  сақтандыру  қоры»  КЕАҚ 

басқарма төрағасы Елена Бахмутова 

тіркелу  науқанының  ерекше  маңыз-

дылығына тоқталып өтті. Бұл міндетті 

әлеуметтік медициналық сақтандыру 

(МӘМС)  жүйесін  енгізуге  дайындық 

шараларының бірі болып табылады.

«Қазірден  бастап  өзіңіздің  қай 

санатқа  жататыныңызды  анықтап 

алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: 

мем лекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, 

өзіңіз бе? Осыны білу қажет», – деп 

түсіндірді Е.Бахмутова.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қ о р   т ө р а ғ а с ы   М Ә М С   з а ң ы 

бойынша,  әлеуметтік  жағынан  аз 

қам тылған  15  санаттағы  азаматтар 

үшін  жарнаны  мемлекет  төлейтінін 

жет кізді. Азаматтарды алғашқы меди-

циналық-санитариялық көмек көрсету 

ұйымдарына  (бұдан  әрі  –  АМСК  ) 

тіркеу тұрақты немесе уақытша тұра-

тын жері, жұмыс, оқу орны бойынша 

жүргізіліп,  дәрігерді  еркін  таң дау 

жүзеге  асырылады.  Ұйымдар  аза-

маттар  жеке  өтініш  білдірген  кезде 

тіркеуді жүзеге асырады. 

«Емхананы  таңдау  кезінде  меди-

циналық  қызмет  көрсету  үшін  оның 

сіздің  үйіңізге  орналасу  бойынша 

аумақтық  жақындығын  ұмытуға  бол-

майды.  Емхананың  жақын  орна-

ласуы  сізге  және  сіздің  учаскелік 

дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге 

шақыру кезінде сізге ол уақтылы және 

сапалы қызмет көрсете алады», – деді 

Медициналық  көмекті  ұйымдастыру 

департаментінің  директоры  Ажар 

Төлеғалиева.

Сонымен  қатар,  Денсаулық  сақ-

тау вице-министрінің айтуынша, аза-

маттарды  емханаға  тіркеу  МӘМС 

жүйесіне  қатысу  үшін  өте  маңызды. 

Өйткені,  сақтандырылған  азаматтар 

медициналық  сақтандыру  пакеті 

аясында  медициналық  қызметтер 

паке тіне қол жеткізеді.

Еліміздің  әр  тұрғыны  емханаға 

тіркелу  науқаны  аясында  бастапқы 

медициналық  ұйымға  тіркелгенін 

тексерумен қатар, өзінің категориясы 

туралы  мәлімдеуі  қажет.  Сіз  кімсіз, 

жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, 

өзін-өзі қамтушы азамат, әлде ресми 

ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ КОМИТЕТІНІҢ 2017 

ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ АҚПАРАТЫ БОЙЫНША 17 МЛН 635 МЫҢ 937 АДАМ 

ТІРКЕЛГЕН. 

ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ 

КӨМЕК КӨРСЕТУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ САНЫ – 479, ОНЫҢ ІШІНДЕ, ҚАЛАЛЫҚ 

– 268, АУЫЛДЫҚ – 211, ЖЕКЕМЕНШІКТЕГІСІ – 97.

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІ КӨЛЕМІ ШЕҢБЕРІНДЕ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖЕТКІЗУШІЛЕР – 1043, ОНЫҢ 

ІШІНЕН 70,4 ПАЙЫЗЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР.

кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз 

болып тіркелмеген жұмыссыз азамат-

сыз ба? Ертең сақтандырылған адам-

ның  мәртебесін  және  оған  қатыс-

ты  қажетті  медициналық  көмек  алу 

кезінде қиындықтар туындатпау үшін 

барлығын  қазір  анықтау  маңызды 

болып  табылады.  МӘМС  жүйесіне 

қатысу  туралы  барлық  ақпаратты, 

жар налар мөлшері және төлеу схема-

ларын  учаскедегі  медициналық  қыз-

меткерден білуге болады.

Тіркелу үшін әрбір тұрғын емханаға 

жеке басын куәландыратын құжатпен 

келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуы 

керек.  Ешқандай  атаулы  анықтама 

талап етілмейді. Тіркеу өтініш түскен 

күні  жүзеге  асырылады.  Емханаға 

тіркелудің  екінші  тәсілі  интернет 

пайдаланушылар  үшін  ыңғайлы.  Ол 

үшін  «Электронды  үкімет»  (еgov.kz) 

порталы  арқылы  электрондық  құжат 

нысанында  азаматтың  мәліметтерін 

көрсете  отырып  сұрау  салу  қажет. 

Емханадағы  жауапты  қызметкер 

электрондық  сұрау  салуды  тиісті 

ақпараттық жүйелерден алады және 

тіркеу  туралы  талонды  ресімдейді. 

Тіркелгені жөніндегі ақпаратты «еgov» 

порталындағы  «Емхананы  таңда» 

бөлімінен анықтауға болады. Сондай-

ақ,  азамат  тек  бір  ғана  емханада 

тіркеле алады.



К.ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

де  көмегіне  жүгінуде.  Санкт-Петербург 

метросындағы  жарылыстың  дақпырты 

басылып,  соңы  саябырсығанша  Алматы 

метрополитеніне  тыныштық  болмайтыны 

даусыз. «Сақтықта қорлық жоқ».

Дегенмен, бейбіт күнде берекені қашы-

ра тын қылмысқа қарсы күрес мұндай бірер 

апталық  айғайы  басым  шаралардан  гөрі, 

жүйелі әрі тұрақты түрде тоқтаусыз жүргі-

зілетін  ақпараттық-насихаттық  жұмыс-

тармен әлдеқайда жемісті болмақ. Өкініштісі, 

Қазақстанда  ондай  жұмыстар  әлі  қарқын 

алмаған.  Салдарынан  жат  ағымдардың 

жетегінде  кететіндер  көбеймесе  де,  азай-

май отыр. Бұл біздің жорамал емес, қауіп-

сіздігімізге  жауапты  орган  өкілінің  сөзі. 

«Радикалды  ағымдарға  қарсы  насиxат 

жұмыстары  баяу  жүргізіледі.  Бүгінде  осы 

шаралармен  мектеп  оқушылары  мен  сту-

денттер  қамтылған.  Алайда,  жұмыссыз 

жүрген  жастар,  маргиналды  топтар  және 

тағы  басқаларды  радикалды  ағымдарға 

қарсы  насиxатпен  қамту  көрсеткіші  10 

пайыздан аспай отыр. Осыған байланысты 

ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту 

керек.  Алдымен  радикалды  идеялар  мен 

көзқарастарға  берілгендер  арасында  ол 

жұмысты  кеңінен  жүргізген  жөн.  Сөйтіп, 

экстремистік  идеологияның  әлеуметтік 

негізін  бұзу  қажет.  Әсіресе,  салафизмнің 

жақтастары арасында түсіндіру шараларын 

күшейткен дұрыс. Себебі, дәл осы идеология 

жаңа  радикалды  топтардың  негізі  болып 

саналады»,  –  дейді  Үкімет  отырысында 

ҰҚК  төрағасының  орынбасары  Нұрғали 

Білісбеков. 

Айта кетерлігі, ҰҚК-нің бұл мәлімдемелері 

аталмыш бағытта мүлдем жұмыс жасалмай 

жатқанын білдірмейді. Былтыр 12 лаңкестік 

акцияның  жолын  кескен  құзырлы  орган 

Ресейде үш терактіні болдырмауға болысқан. 

Нұрғали Білісбеков өзі басты қатерге санаған 

салафизм  ағымы  өкілдерінің  арасында 

радикалды  көзқарасынан  бас  тартқандар 

да  барын  жеткізді.  «2016  жылы  дәстүрлі 

емес  діни  ағымдардың  жетегінде  еріп 

кеткендердің 32,1 пайызына қатысты алдын 

алу  жұмыстары  жүргізілді.  Терроризмге 

және экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік 

бағдарламасын  жүзеге  асыру  барысында 

90,7  пайызы  қамтылды.  Мақсатты  жұмыс-

тардың арқасында Қазақстанда салафиттік 

жамағаттың  70  жетекшісі  мен  белсендісі 

қазақстандық  қоғамның  құндылықтарына 

оң көзқарас танытып, қоғам өміріне қайта 

оралды»,  –  деген  ол  шетелде  лаңкестер-

дің  сапында  соғысуды  «мұрат  тұтқан»  91 

қазақ стандықтың  ұсталғанын  да  жеткізді. 

Одан  бөлек,  81  студент  елге  қайтарылса, 

шет  мемлекеттердің  діни  оқу  орындарына 

түспек  болған  177  отандасымызға  атал-

мыш  «арманымен»  қош  айтысуға  тура 

келген.  Өткен  жылы  12  лаңкестік  акцияны 

болдырмағандарын  айтқан  ҰҚК  төраға 

орынбасары  тек  Ақтөбе  мен  Алматыдағы 

терактілердің  жолын  кесе  алмағандарын 

мойындады.

Нұрғали  Білісбеков  мәлімдемесінде 

тілге тиек еткен «жұмыссыз жүрген жастар» 

мәселесіне  аз-кем  тоқталмай  кетуге  бол-

майды.  Діни  сауатсыздық  пен  рухтың 

әлсіздігін  былай  қойғанда,  ел  ішіне  лаң 

салатындардың  әрекетін  тек  әлеуметтік 

жағдаймен  байланыстырмасақ  та,  негізгі 

себептердің бірі сонда. Екі қолға бір күрек 

таппай  сенделген  жастар  «жасыл  қағаз-

дың»  сиқырымен  жат  ағымның  ұйығына 

түседі. Ал ол ұйықтың түбі тұйық. Одан тек 

«жанкештілік» жасап қана шыға алады. 

Басы ашық нәрсе, терроризмнен шекара-

сы қорғалған, шебі мықты ешкім жоқ. Азуын 

айға білеген АҚШ та, Батыс та. Оған өткен 

айда Лондонда болған теракт айғақ. Ресейді 

көріп отырмыз. Мұнымен «түйені жел шай-

қаса,  ешкіні  аспаннан  ізде»  дегенді  есте 

тұтып,  қос  қолды  көтеріп  беріле  салайық 

дегелі тұрғанымыз жоқ. Алайда, лаңкестікке 

қарсы күрес кешегі жоңғарға немесе фашис-

терге  қарсы  күрестен  әлдеқайда  қиын 

болып  тұр.  Себебі,  бұл  ашық  соғыс  емес. 

Бес қаруын асынып, шекараңды баса-көктеп 

ешкім  кіріп  келмейді.  Арамызда  жүріп-ақ 

арам  ойын  іске  асырады.  Сірә,  бағзыда 

бабаларымыз «іштен шыққан жау жаман» деп 

бүгінгі жарылыс жасағыштарды айтып кетсе 

керек. Түбі, терроризм – жұмысқа, террорист 

–  мамандыққа,  теракт  –  ол  (немесе  олар) 

ұйымдастыратын іс-шараға айналып кетпесе 

жарар еді. Бәлкім, айналып та қойды. 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»

4

№26 (2951) 

7 сәуір 2017

zangazet@maiI.ru



ТҰҒЫР

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ БИІК МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Президентіміз жыл сайын халық­

қа  дәстүрлі  Жолдауын  арнайды. 

Жол дау лардағы нақты бағыттар мен 

тап сырмалар елдің экономика, әлеу­

мет,  денсаулық  сақтау,  білім,  т.б. 

салалар  хал­ахуалын  жақсартуда. 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы  қар­

саңында  биылғы  Жолдау  ерекше 

сипат алып отыр. Онда елбасы  «Бүгін 

мен  Қазақстанды  Үшінші  жаңғырту 

жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің 

жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қам­

тамасыз ететін экономикалық өсімнің 

жаңа  моделін  құру  қажет»  деп,  елді 

жаңа  серпіліске  дайын  болуға,  оны 

жүзеге асыруға үндеді.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстанның 

үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік»  Жолдауында  сот  жүйесі­

не  деген  сенімнің  одан  әрі  артуына 

қол жеткізу қажеттігі мен судьялардың 



ЖЕКЕМЕНШІКТІ 

ҚОРҒАУ ШАРАСЫ 

АРТУДА

Мемлекет басшысының сөзімен айтсақ, биылғы Жолдаудың басты 



міндеті – еліміздің Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. 

Яғни,  бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын­қатерлермен күрес жоспары 

емес,  болашаққа,  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  мақсаттарына 

бастайтын сенімді көпір. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» база­

сында  өткізіледі  және  бес  негізгі  басымдықтан  тұрады.  Мәселен, 

бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және 

сыбайлас жемқорлықпен күреске негізделген. Соған сай, Үкімет үшінші 

жаңғырту  аясында  ЭЫДҰ­ның  озық  тәжірибелері  мен  ұсынымдарын 

имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. 

Елімізде жекеменшікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның 

заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүр­

гізілуде. Елбасы Үкіметке «Атамекен» ҰКП­мен және азаматтық қоғам­

дастықпен бірлесіп, жекеменшік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты 

бүкіл  заңнама  ревизиясын  жүргізуді  тапсырды.  Қоғамға  қауіптілігі 

жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан 

арылту да басты назарда тұр. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете 

алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. Қоғамда, әсіресе, діни 

қарым­қатынас  саласындағы  радикалды  көзқарасқа  байланысты  кез 

келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру да үлкен мәселе. 

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық 

тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысын ұйымдастыру 

қолға алынуда. 

Өскелең  ұрпақты  рухани­адамгершілік  рухында  тәрбиелеу  үшін 

қосымша қадамдар жасау қажеттілігі туды. Елбасы бұл іске мемлекеттік 

емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігін 

айтты. Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру. Үкіметке 

мемлекеттік сатып алу жүйесіне орталықтандырылған қызмет қағидатын 

енгізу  тапсырылды.  Елбасы  квазимемлекеттік  секторда,  табиғи 

монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу 

шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру қажеттігін айтты. 

Жолдауда сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізуге ерекше 

басымдық берілген.



Нұрлыбек СЫЗДЫҚОВ,

Балқаш қалалық сотының төрағасы

Биылғы  Жолдауда  ел  дамуына  тың 

қарқын  беретін  жаңа  бағдарлар  ұсы­

нылды.  Ондағы  негізгі  басымдықтың 

бірі  экономиканың  технологиялық 

жаңаруы  болмақ.  Ол  еліміздің  эконо­

микалық дамуының инновациялық өзе­

гіне  айналып,  бәсекелестік  қабілетін 

арттыра  түседі.  Цифрлық  технология­

ны  қолдану  арқылы  құрылатын  жаңа 

индустрияларды  өркендету,  маңызды 

міндет.  Бұған  қоса  Елбасы  Үкіметке 

Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды, 

оған бизнес қоғамдастығының өкілдерін 

кіргізуді және 1 қыркүйекке дейін әкім­

дер,  бизнес  өкілдерімен  бірлесіп,  Бір­

ыңғай  экспорт  стретегиясын  әзірлеуді 

тапсырды. Биыл республикалық маңызы 

бар 4400 шақырым автожол құрылысы 

мен  қайта  жаңғырту  жұмыстары  жүр­

гізіледі.

Елбасы  тапсырмасына  орай,  «Нұр­

лы  жер»  тұрғын  үй  бағдарламасы 

іске  асырылып,  алдағы  15  жылда  1,5 

миллион  отбасы  тұрғын  үймен  қам та­

масыз етіледі. Әлемдік сұраныс бәсең­

деп  кеткен  кезде  жаңа  нарықтарға 

шығып,  өнім  жеткізу  аумағын  кеңей­

туді,  минералдық­шикізаттық  базаны 

кеңейтіп,  геологиялық  барлау  жұмыс­

тарын  белсенді  жүргізу  де  назардан 

тыс  қалмады.  Бұл  салаларды  одан  әрі 

дамыту  ісі  шикізатты  кешенді  түрде 

қайта  өңдеуді  тереңдете  түсумен 

ұш тас тырылмақ.  Осыған  орай,  жыл 

соңы на  дейін  «Жер  қойнауы»  туралы 

жаңа кодексті қабылдап, салық заңна­

маларына  қажетті  өзгерістер  енгізу 

тапсырылды. Екінші басымдық негізінде 

бизнес­орта  түбегейлі  жақсартылады.  

Бүгінде  Үкімет  нәтижелі  жұмыспен 

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал