АҢдатпа 4-бет 2-бет



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

4-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№26 (2951) 7 сәуір 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

ӘДЕПТЕН ОЗҒАН 

СУДЬЯ ЖОҚ

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ БИІК 

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Сәті түскен сұхбат



(Соңы 5-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 3-бетте)

Тағы да теракт. Бетін аулақ қылсын, Қазақстанда емес. Бірақ, 

дұшпанның да басына тілемейтін жайт қашанғыдан құдайы 

көршіміз, одақтасымыз Ресейде болды. Санкт-Петербург 

қаласында қара халық қанға боялды. Жерасты пойызының 

вагонында 3 сәуірде түс қайта жасалған жарылыс жаһан 

«ЗАҢ ХАЛЫҚТЫ 

ӘРІ-СӘРІ ЕТПЕЙ, 

МӘСЕЛЕСІН 

ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ 

ТИІМДІ ШЕШУ 

ШАРАЛАРЫН 

ҚАМТУЫ КЕРЕК

»

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Семинар


Құдайберген ЕРЖАН, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

депутаты:

Шараға  Бас  прокурордың 

орын басары Марат Ахметжанов, 

Астана қаласы сотының төрағасы 

Тілектес  Бәрпібаев,  Құқықтық 

статистика  және  арнайы  есеп 

комитетінің  төрағасы  Бағдат 

Мусин,  Астана  қаласының  про-

куроры  Болат  Дембаев,  елор-

даның  судьялары,  бас  әскери 

және  көліктік  прокуратура  өкіл-

дері  қатысты.  А.Рахметулин  іс-

шараны  аша  келе,  кез  келген 

маңызды  жаңғырту  секіл ді 

авто маттандыру  жүйесін  енгізу 

күрделі процесс болып табыла-

тындығын  атап  өтті.  Сот  жүйе-

сінде соттарды заманауи техно-

логиялармен  қамтамасыз  ету 

және  ақпараттық  жүйелерді 

сапалы  сүйемелдеу  бағытында 

біршама  жұмыстар  атқарылды. 

Соттар  жұмысы  сот  төрелігінің 

ашықтығы  мен  қолжетімділік 

деңгейін едәуір арттыруды көз-

дейтін  корпоративтік  теле фо-

нияны,  қолжетімділікті  бақылау 

мен  басқару  жүйесін  және  сот 

процестерін  үн-бейнетіркеу-

ді  дамытуға  бағытталған  озық 

жоба ларды енгізу арқылы жұмы-

сын жандандыруда.   

«Бүгінде  әрбір  азамат  сот 

органдарына  «Сот  кабинеті» 

сервисі  арқылы  жүгіну  мүмкін-

дігіне  ие,  осы  жүйе  арқылы 

тұрғындар тарапынан 1 млн 300 

А

стана қалалық сотында Жоғарғы Соттың Бас прокуратурамен бірлесіп жасаған 

«Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін қолдану бойынша семинары өтті. 

Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай 

Рахметулин жүргізді. 

мыңнан  астам  өтініш  берілді. 

Ұлт  жоспарының  20-қадамын 

орындау  мақсатында  барлық 

сот  отырысы  залдары  үн-бей-

не тіркеудің  заманауи  жүйе лері-

мен  жарақтандырылды.  Бей-

не байланыс  барлық  өңір лер-

ді  бір  сот  отырысының  шең-

бе рінде  қашықтықтан  бір ік -

тіруге  мүмкіндік  береді»,–  деді 

А.Рахметулин. Ол көпте ген мем-

лекеттік  орган дар дың  дерек-

тер  базасын  инте гра ция лау-

ға  ықпал  еткен  сот  орган да-

ры ның  «Төрелік»  жүйе сінің 

енгізілгені туралы да айтып өтті. 

Аталған  базаларды  қолдана 

отырып  судья  істерді  қарау 

үшін қажетті барлық ақпаратқа 

(мүлік, автокөлік, тіркеу, банктік 

есеп-шоттар  және  т.б.  туралы 

мәліметтер)  ие  бола  алады, 

бұл  өз  кезегінде,  процестерді 

неғұрлым  жедел  өткізуге  мүм-

кіндік береді.



«ЗАҢДЫЛЫҚ» ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ 

ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫН 

АРТТЫРАДЫ

жаңалықтарының басты тақырыбына айналды. Оқиға жайлы 

қысқа қайырсақ, Санкт-Петербург метросының «Сенная площадь» 

және «Технологический институт» бекеттерінің арасында жүріп 

келе жатқан пойыз вагонында жарылғыш зат іске қосылған.

– Құдайберген Төлепұлы, Пар-

ламент Мәжілісінде «Жер кодексіне 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы» заң жобасының қаралып 

жатқанынан хабардармыз. Сіз осы 

құжат бойынша құрылған жұмыс 

тобының мүшесі екенсіз. Жер мәсе-

лесі қазақтың ең жанды жері. Атал-

мыш заң жобасы осы жағдайды 

қаншалықты жеңілдете алады? 

Жалпы, жаңа құжат бойынша қан-

дай мәселелер шешімін таппақ?

– Жаңа құжат бойынша қамтылып 

жатқан  мәселелер  көп.  Олардың 

негізгілері: қолданыстағы жерлерді 

мемлекеттің қажетіне қайтып алу 

және бұл жағдайда жер пайдала-

нушының  құқығын  сақтап  қалу, 

яғни, азаматтардың оған жұмсаған 

шығынын өтеу, басқа аймақтан баға-

сына сай келетін жер телімдерін беру 

сынды билік пен тұтынушылар ара-

сындағы қарым- қатынасты қоғам-

дық кеңес арқылы реттеу, қорғаныс, 

қауіпсіздікке байланысты, шекара 

маңында орналасқан жерлерді пайда-

лану мүмкіндігін құқықтық тұрғыда 

дәйектеу, тағысын тағылар. Заң жо-

басында сонымен қатар жер бөлінісі, 

оны пайдалануға қатысты үрдістерді 

жеңілдету ұсынылды.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫН 

КҮШЕЙТУ ҚАТЕРДІ СЕЙІЛТЕ МЕ?



Қазақстандық 

БАҚ пен «ВВС» 

меморандумға 

қол қойды

ҚР  Ақпарат  және  коммуникациялар 

ми нистрі  Дәурен  Абаев  Ұлыбритания  мен 

Солтүс тік Ирландияның біріккен корольдігіне 

жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide 

басшылары  Шон  О  Хара  және  Сергей 

Становкинмен кез десті. 

Тараптар  екіжақты  ынтымақтастықтың 

болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру 

мүмкіндігін талқылады. Кездесу нәтижесінде 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуни­

кациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпо­

рациясы арасындағы меморандумға қол қойылды.

Меморандум  аясында  редакциялық  жос­

пар ларды  алмасуға  бағытталған  бірлескен 

жоба ларды іске асыру, дөңгелек үстелдер өткізу, 

ұлттық  және  аймақтық  БАҚ  үшін  лекциялар 

ұйымдастыру,  сонымен  қатар  Қазақстанның 

туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету 

жоспарланған.

Сонымен қатар, меморандумда негізгі бағыты 

цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу аясында 

қазақстандық телеарналардың техникалық дамуы 

бойынша бірлескен кеңес беруді жүргізу, ақпарат 

мен тәжірибе алмасу болып табылатын жұмыс 

тобын құру қарастырылады.



ҚазАҚПАРАТ 

Ескірген жүргізуші 

куәлігі үшін емтихан 

алынбайды

     


Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі 

өткен  жағдайда  қайта  емтихан  тапсыру 

жойыла ды. Бұл туралы кеше ҚР Парламенті 

Мәжілісінде  «Жол  қозғалысы  туралы»  ҚР 

заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын 

талқылау барысында депутат Қанат Мусин 

мәлім етті. 

Оның атап өтуінше, бастапқыда Мәжіліс 

депутаттары аталған заңға енгізілуі тиісті 120­дан 

астам түзетуді қарастырған. Нәтижесінде оның 

55­і қалып отыр. «Өйткені, түзетулердің біразын 

депутаттардың өздері кері қайтарып алды. Жұмыс 

тобының талқылауы барысында да түзетулердің 

бірқатары қабылданған жоқ», – деді Қанат Мусин. 

Депутаттың айтуынша, заңда жол жүрісі ережесін 

бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, 

құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге  

фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, 

күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген 

кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып 

тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері 

тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолау­

шылардың  көліктен  шығуға  тыйымды  алып 

тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі 

өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру 

талабын алып тастау көзделген.



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

2

№26 (2951) 

7 сәуір 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Талап


Дерек пен дәйек 

Студенттер 

сот жұмысымен танысты

Шара


Атырау облыстық сотында Жас судьялар кеңесі мен колледж студент­

терінің бірлескен іс­шарасы ұйымдастырылды. 

Бұл күні облыстық соттың сот мәжілісі залында болашақ заңгерлер мән-

жайын өздері құрастырып шыққан қылмыстық іс бойынша оқу-қойылымдық 

сот  процесін  өткізді.  Судья,  прокурор,  адвокат,  сот  приставы,  сотталушы, 

жәбірленуші, куәлер рөлінде студенттердің өздері ойнады.

Жас  актерлердің  өнеріне  қатардағы  жас  судьялар  З.Хамидуллина, 

Ж.Хабаров,  Г.Турганова  әділқазылық  етіп,  оң  бағаларын  берді.  Олар 

студенттерді бірінші саты сотында қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер 

бойынша сот өндірістерін жүргізу тәртібімен толығырақ таныстырып өтті. 

Судьялар  мен  студенттердің  кездесуі  сұрақ-жауап  түрінде  жалғасты. 

Студенттер судьялардың жеке және қызметтік өміріне қызығушылық танытты, 

өз  кезегінде  судьялар  нақты  жауаптар  беріп,  қызықты  сәттерімен  бөлісті. 

Судьялар болашақ әріптестеріне ел Конституциясындағы соңғы өзгерістер, 

Елбасының  Жолдауын  және  кейбір  іс  санаттары  бойынша  сотқа  дейінгі 

дауды міндетті түрде медиация тәртібімен реттеу туралы заң жобасы туралы 

түсіндірді. Шара соңында студенттер облыстық соттың мұражайын аралап, 

Қазақстандағы сот жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Бала құқығы мінсіз қорғалады

Шикіліктерді шешудің 

тиімді механизмі



Қызылжар аудандық сотында дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу 

бойынша  пилоттық  жобаны  түсіндіру  мақсатында  жиын  өтті.  Шараға 

прокурорлар, кәсіби емес медиаторлар және этномәдени бірлес тіктердің 

өкілдері қатысты. 

Судья  Г.Бексұлтанова  өз  баяндамасында  сот  іс  жүргізуінде  бітістіру 

рәсімдерінің  маңыздылығына  қатысушылар  назарын  аударды.  Келесі 

баяндаманы  жасаған  судья  Д.Даирова  Жоғарғы  Сот  төрағасының  өкімімен 

2017 жылғы 26 қаңтарда «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды 

(жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша 

пилоттық жобаны icкe асыру туралы ереже» бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ, 

ережеде қолданылатын негізгі ұғымдарға, пилоттық жобаның мақсаты мен 

міндетіне, пилоттық жобаның өткізу принциптеріне, жобаның қатысушыларына, 

жобаны жүзеге асыру, медиацияны өткізу тәртібіне, медиацияны өткізуді қажет 

ететін даулар санатына түсініктеме берді. 

Кездесу шеңберінде прокурор А.Ромаш сөз сөйлеп, қазіргі кезде медиация 

қоғамдық келісімді нығайтудың және әртүрлі әлеуметтік қарама-қайшылықты 

азайтудың,  даулар  мен  шикіліктерді  шешудің  тиімді  механизмі  болып 

отырғанын атап өтті

 

Қызылжар аудандық сотының баспасөз қызметі

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Медиаторлар белсенділігі жоғары



Байзақ аудандық сотында 2017 жылдың 1­тоқсанын қорытын дылаған 

жиын  өтті.  Оған  сот  төрағасы  Д.Тасыбаев,  соттың  кеңсе  мең герушісі 

А.Узбекова,  қорғаушылар,  Байзақ  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кіріс 

басқармасының,  «Сарыкемер»,  «Бәйтерек»  ауылдық  округтерінің, 

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері және медиаторлар қатысты.

Кездесуде сот төрағасы жасалған жұмыстардың статистикалық деректерін 

берді.  Есепті  кезеңде  274  азаматтық  іс  қаралып,  169  шешім  шығарылған, 

2  азаматтық  іс  бітімгершілік  келісіммен,  медиация  тәртібімен  20  іс,  1  іс 

партисипативтік  келісіммен  қысқартылған,  71  арыз  бойынша  сот  бұйрығы 

шығарылған. Сонымен қатар, 32 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс, 173 тұлғаға 

қатысты 173 әкімшілік іс қаралған. Медиатордың қатысуымен 11 қылмыстық 

іс  қаралған.  2017  жылдың  3  айында  сырттай  іс  жүргізу  тәртібімен  істер 

қаралмаған.

Пресс-конференция барысында сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына 

қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын 

көтеру және істерді уақтылы қарау екендігін атап өтті.



Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 

Халықаралық  талаптарға  сай  озық 

тәжірибе мен саясатқа негізделген сот 

реформасын іске асыру өзінің жағымды 

нәтижелерін  беруде.  Сол  жағымды 

жетістіктің  бірі  –  сот  корпусының  кәсі-

билігін арттыру мәселесі деуге болады. 

Бүгінде  жоғары  білім  алған  кез  келген 

талапкер  судьялық  қызметке  өте  ал-

май ды. Себебі, үшінші билік өкілдеріне 

қойылатын талап заман ағымына сәйкес, 

жылдан-жылға  күшейіп  келеді.  Яғни, 

жаңадан  тағайындалған  судьялар  үшін 

сынақ  мерзімі,  кадрларды  іріктеудің 

карьерлік  моделі,  психологиялық  те-

тілеу,  полиграф  аппаратында  зерттеу 

ӘДЕПТЕН ОЗҒАН СУДЬЯ ЖОҚ

енгізілді. Судьялыққа кандидаттар үшін 

жұмыс  өтіліне  қойылатын  талаптар 

қатаңдатылды.  Судьялыққа  кадрларды 

іріктеу  көпшіліктің  назарында  өтеді, 

яғни, іріктеудің барлық кезеңдері БАҚ-та 

жариялануда,  бұл  процеске  Қоғамдық 

кеңестер де тартылуда. 

Судьялардың  өзіне  жүктелген  мін-

деттерді  жауапкершілікпен  атқаруы 

олардың ар тазалығына, келбеті мен ел 

алдындағы  беделіне,  тәртібіне  тікелей 

байланысты. Сондықтан, арнайы судья-

лардың Әдеп кодексі жасалып, қабыл-

данған.  Мұндай  заң  алғаш  рет  1996 

жылы  қабылданса,  арада  жиырма 

жыл  өткен  соң,  заңның  заман  талабы-

на  сай  болуы  үшін  аталған  кодекстің 

жаңа  нұсқасы  өткен  жылғы  судьялар 

съезінде көпшілік талқысына ұсынылды. 

Жаңа Әдеп кодексі судьялардың кәсіби 

қызметі мен тұрмыстағы жүріс-тұрысы 

үшін  моральдық  жауапкершілігін  арт-

тырудағы  маңызы  зор  құжат  болып 

табылады. 

Елбасы  судьялардың  сот  төрелігін 

тек  заң  мен  ар-ожданды  басшылыққа 

ала  отырып  шығаруға  тиіс  екендігін 

айтқан  болатын.  Себебі,  кешегі  күннің 

би-қазыларының да, бүгінгі судьялардың 

да  бір  міндеті  бар,  ол  –  өздерінің 

кәсіби  біліктілігін  ұдайы  арттырып, 

антқа  адал  болып,  моральдық  бейнесі 

мен  адамгершілік  ұстанымын  жоғары 

қоя  отырып,  абыройы  мен  беделіне 

нұқсан келтірмеу. Яғни, шын мәніндегі 

«қара қылды қақ жарған би» деген атқа 

лайық болу. Судьялардың осы айтылған 

талаптарды қатаң сақтауы қазіргі кезде 

барлық соттарда арнайы құрылған Сот 

әдебі (этикасы) жөніндегі комиссияның 

құзыры мен бақылауында.

Маңғыстау облыстық сотында Қазақ-

стан  Республикасы  Судьялар  одағы 

орталық  кеңесінің  Маңғыстау  облысы 

бойынша  филиалы  жанынан  Судья 

әдебі  жөніндегі  комиссия  құрылған. 

Атал ған  комиссия  судьялардың  Әдеп 

кодексінің талаптарына қайшы әрекет-

теріне  қатысты  жеке  және  заңды 

тұлғалардан  түскен  арыз-шағымдарды 

қарап,  сот  саласындағы  тәртіпті  қада-

ғалайды.  Судьялардың  сот  төрелігін 

жүзеге  асыру  жөніндегі  қызметінің 

сапа сы бойынша және кадрлық әлеуетін 

жақсарту мақсатында мониторинг жүр-

гізеді, әдістемелік ұсыныстар негі зінде 

жергілікті  соттарға  талдау  жасайды. 

Атап  кететін  жәйт,  Маңғыстау  облысы 

бойынша  судьялардың  өрескел  әре-

кетке  барып,  өздеріне  тән  әдептің 

шегінен  шыққаны  туралы  деректер 

жоқ.  Бұл,  сөз  жоқ,  көңіл  қуантарлық 

жағдай.  Себебі,  тәртіп  қатайып,  талап 

күшейген сайын, судьялар да өздерінің 

жауапкершіліктеріне  аса  мән  беріп, 

ортақ абыройдың биігінен табылуға күш 

салуда.  Маңғыстаулық  судьялардың 

сот  билігінің  беделін  түсіретін,  өзінің 

жоғары  мәртебесіне  зиян  келтіретін 

және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде 

оның  әділдігі  мен  бейтараптығына 

күмән тудыратын жағдайлардан бойын 

аулақ  ұстауын  басшылық  та  ұдайы 

қадағалауда. Сонымен қатар, мемлекет 

атынан  шешім  шығару  құзыретіне  ие 

қазылар «Қазақстан Республикасындағы 

сот жүйесі және судьялардың мәртебесі 

туралы» конституциялық заңда көздел-

ген талаптарды да қатаң сақтауы тиіс. 

Себебі, бұл заңда сот төрелігін әділ де 

тура атқару үшін судьялар мәртебесі заң 

жүзінде жеткілікті айқындалған. 

Қазының бейнесі 

тек кәсіби қабілетімен 

өлшенбейді

Республика судьяларының VІІ съезінде судьялардың 

жаңа Әдеп кодексі қабылданғаны белгілі. Құжат «Судья-

ның  мінез-құлқының  әдеп  қағидаттары»,  «Кәсіби 

міндеттерін атқару кезіндегі судьялардың мінез-құлқының 

әдеп  қағидалары»,  «Судьяның  отбасы  мен  тұрмыстағы 

мінез-құлқының  әдеп  қағидалары»  атты  тараулардан 

тұрады. 


Жаңа заңнаманың жобасы – бес институционалдық 

реформаны  іске  асыру  жөніндегі  «100  нақты  қадам»  – 

Ұлт  жоспарының  19-қадамын  орындау  мақсатында  сот 

корпусы мен құқықтанушы ғалымдардың ой-пікірлері мен 

көзқарастары және халықаралық құжаттардың ережелері 

негізінде әзірленген болатын. Бұл кодекс заман талабына 

сай судьяларға қойылатын жаңа талаптардың қатаңдығын 

аңғартады. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама-

ларына  назар  аударсақ,  оларда  судьялар  тарапынан 

жасалатын кейбір әрекеттерге тікелей тыйым салынатыны 

жөнінде талаптар мен санкциялар жоқ. Ал, «Сот жүйесі 

мен  судьялардың  мәртебесі  туралы»  конституциялық 

заңда әдепке байланысты көптеген мәселелер қамтылған 

және олардың барлығы сот қызметкерлері үшін маңызды. 

Құжат  қазақстандық  қазылар  туралы,  сот  құрылымы 

туралы  оң  пікір  қалыптастыруды  көздейді.  Маманың 

жағымды бейнесі тек кәсіби қасиеттерімен ғана өлшен-

бейді. Сол себепті сөз болып отырған кодекстің басты 

міндеттерінің  бірі  –  сот  саласы  қызметкерінің  мінез-

құлқының  және  өзге  адамдармен  қарым-қатынасының 

оңды болуын қамтамасыз ету. 

Шын мәнінде әрбір судья сот отырысында өзін әдепті 

ұстап,  процесті  мәдениетті  түрде  жүргізуі  тиіс.  «Бір 

құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, бір судьяның 

әдепсіз  қылығына  бола  бүкіл  сот  беделіне    теріс  пікір 

қалыптасатыны мүмкін екендігін естен шығармаған ләзім.  

Мысалы,  құжатта  «Судья  өзінің  абырой-беделін 

түсі ре тін  орындарға  барудан  қашқақтап  жүруі  қажет»  

делінген. Бұл судьяның көңіл көтеретін орындардан аулақ 

жүруі  қажеттігін  міндеттейді.  Себебі,  судьяның  бүгінгі 

келбеті ондай орындармен сәйкеспейді. 



Талант ТІЛЕП,

Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы  

Соңғы уақытта қай салада болмасын,  

гендерлік теңдік, гендерлік саясат тер-

миндерін  жиі  кездестіретін  болдық. 

Елімізде бұған қоса «Тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың профилактикасы туралы» 

заң  да  қабылданған.  Оған  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  жанындағы 

Әйелдер  істері  және  демографиялық 

саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс 

істейтіндігін қосыңыз. Сондай-ақ, 1998 

жылы  Қазақстан  БҰҰ-ның  Әйелдерге 

қатысты кемсітудің барлық нысандарын 

жою туралы конвенциясына қосылған. Бұл 



Хамида КАЖЕНОВА,

Маңғыстау облыстық сотының 

судьясы, Сот әдебі жөніндегі 

комиссия төрағасы

Гендерлік теңдік



НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ ЕРЕКШЕ

аталған заңдар тек нәзік жандыларды ғана 

емес, отбасының басқа да мүшелерінің 

теңқұқықтылықтарын сақтап, тұрмыстағы 

қысымды  бол дырмауға  ықпал  ететіні 

сөзсіз.  Біз  бұдан  елімізде  гендерлік 

саясаттың жолға қойылғандығын көреміз. 

Бүгінде  мемлекеттік  гендерлік  саясат 

базалық  гендерлік  заңдарға  және 

Мемлекет  басшысының  Жарлығымен 

бекітілген  Қазақстан  Республикасында 

2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік 

теңдік  стратегиясына  сәйкес  жүзеге 

асырылып келеді. 

Гендерлік  теңдікті  жүзеге  асыруда 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  да  үлесі 

бар. Олардың шамамен 300-і әйелдер, 

отбасы  және  балалар  мәселелерімен 

айналысады  екен.  Тіпті  ҮЕҰ-ның  қыз-

метін  ынталандыру  үшін  Азаматтық 

қоғамды  дамыту  тұжырымдамасы  мен 

«Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 

туралы»  Заңы  да  қабылданған.  Қазіргі 

таңда  Парламентте,  Парламент  Мәжі-

лісінің  вице-спикерлігінде,  орталық 

атқару  ұйымдары  аппаратының  жетек-

шілігінде, аймақтар әкімінің орынбасары 

қызметінде  ел  игілігі  үшін  қызмет  етіп 

жатқан  нәзік  жандылар  жетерлік.  Ал, 

Маңғыстау облысы бойынша барлығы 84 

судья қызмет етсе, соның 36-сы әйелдер 

екен. Қорыта айтқанда, қазақ әйелдерінің 

қоғамдық  және  саяси  өмірге  белсенді 

араласуы еліміздің көшбасшылық және 

жаңашылдық  тұрғысынан  дамуына 

үлкен ықпалын тигізіп отырғанын жоққа 

шығара  алмаймыз.  Дегенмен,    басты 

көшті  ер  азамат  бастайтынын  естен 

шығармағанымыз абзал деп ойлаймын. 

 

Гүлмира СҮЙЕУОВА, 



Ақтау қаласы мамандандырылған 

әкімшілік сотының судьясы

Қорыққан балалар 

қорлықты жасыруға 

мәжбүр

Өркениетке ұмтылған елде ана мен баланың құқығын 

қорғап,  қамқорлық  көрсетуге  айрықша  мән  беріледі. 

Себебі,  кез  келген  елдің  жеткен  биігі  анаға  жасалған 

қолдауға,  балаға  берілген  мүмкіндікке  қарап  өлшенеді. 

Қазақстанда  да  ана  мен  баланың  дер  кезінде  құқықтық 

көмек  алып,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  құрбанына 

айналмауы басты назарда.

Десек те, мемлекет тарапынан қолға алынған игі істер ана 

мен балаға қарсы жасалған әлімжеттік деректерін азайтып, 

қылмыстарды кемітуге пәрменді болмай тұр. Қорғансызға 

қол жұмсауды ұят санамайтын жандар қоғамда әлі де бар. 

Әлсізге тырнағын батырғысы келетін арсыздардан ешбір ел 

ада деп айта алмаймыз. Өкініштісі сол, ана мен балаларға 

қарсы  жасалған  қылмыстардың  көпшілігі  жұртқа  жетпей 

жатады. Себебі, әйелдер отбасындағы озбырлықты сыртқа 

шығарудан  қысылса,  қорыққан  балалар  өзіне  жасалған 

қиянатты жария етпеуге мәжбүр. Әсіресе, жақындарының 

жыныстық  зорлығына  ұшыраған  балалар  өз  мәселелерін 

кімге  айтып,  кімнен  көмек  күтерін  білмей,  күйзеліске 

ұшырайды. 

Кәмелетке  толмағандарды  зорлық-зомбылықтан  сақ-

тандыру  мақсатында  қолға  алынған  іс-шаралар  аз  емес. 

Мысалы,  елімізде  балалар  үшін  арнайы  сенім  телефоны 

жұмыс  істейді.  Жасөспірімдердің  сенім  телефонын  пай-

даланып  туыстарынан,  таныстарынан  жасырған  сырын 

жария етуге мүмкіндігі бар. Сонымен қоса, кәмелетке тол-

мағандар құқығын таптағандарға заң да, жаза да қатаң. Бас 

прокуратура тарапынан жасалған талдауға сүйенсек, мұндай 

қылмыстардың орын алуына отбасы институтының әлсіреуі, 

моральдық-адамгершілік  деңгейінің  төмендеуі;  зорлық 

әрекеттерін жасауға бейімділік, психикалық дені сау емес 

адамдарды айқындау бойынша ішкі  істер мен денсаулық 

сақтау  органдарының  өзара  қатынасының  нашарлауы; 

оқу  орындарында  арнаулы  алдын  алу  жұмыстарының 

жеткіліксіздігі; порнографиялық және зорлық-зомбылықты 

насихаттайтын  интернет-сайттардың  негативтік  әсері 

ықпалын  тигізіп  отыр.  Бүгінде  осы  түйткілдерді  шешіп, 

жасөспірімдердің  құқығын  қорғауға  қатысты  жұмыстар 

мейлінше жетілдіріліп отыр. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал