АҢдатпа 4-бет 2-бет



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/6
Дата04.02.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

4-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№6 (2931) 24 қаңтар 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ 

САПАСЫНА 

БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

КІНӘҢДІ МОЙЫНДАП, 

КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ – ЖАЗЫҚТЫ 

БОЛЫП ШЫҒУ ДЕГЕН СӨЗ

Орайы келген әңгіме



(Соңы 8-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 2-бетте)

Кеше  Астанада  көптен  күткен  Сирия  мәселелері  бойынша 

келіс сөз басталды. Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған Таяу 

Шығыстағы қантөгісті тоқтату үшін Сирияның 15 оппозициялық 

партия өкілі осы елдің Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілі  

Башар Аль Джафари бастап келген үкіметтік делегациясымен бір 

үстел басына отырды. Олармен бірге Біріккен Ұлттар Ұйы мы ның 

Сирия бойынша арнайы уәкілі Стаффан де Мистура, Ресей, Түркия 

және Иран мемлекеттерінің үш адамнан тұратын делегация өкілдері 

де осы жиында бас қосты. Ресей делегациясын Ресей Федерациясы 

«ІШКІ ТӘРТІПТІ 

БҰЗҒАНДАР 

ЖАЗАСЫЗ 


ҚАЛМАЙДЫ»

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Қорытынды



Қ

азақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми жұмыс сапарымен 

Алматы облысына келіп, облыстық соттың кеңейтілген кеңесіне қатысты. Алматы 

облыстық сотының 2016 жылы атқарған жұмысы таразыланған жиынға аймақ әкімі 

Амандық  Баталов,  облыстық  мәслихат  хатшысы  Серік  Мұқанов,  Алматы  облысының 

прокуроры  Ғабит  Миразов,  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  Алматы  облысы  бойынша 

департаментінің басшысы Сәбит Құрманғалиев, облыстық  IIД басшысы М.Ұрұмханов, 

«Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы 

Ж.Кенжеғұлов,  облыстық  соттың  төрағасы  Мейрамбек  Таймерденов  пен  аудандық, 

қалалық соттың төрағалары, судьялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Президентінің Сирия мәселелерін реттеу бойынша арнаулы өкілі 

Александр Лаврентьев, Түркия мен Иран делегациясын олардың 

Сыртқы  істер  министрлерінің  орынбасарлары  Седат  Онал  мен 

Садек Хусеин Джабери Ансари бастап келді. Келіссөзге Америка 

Құрама  Штаттарынан  арнайы  ат  терлетіп  ешкім  келмеді.  Бұл 

жиынға еліміздегі осы мемлекеттің тұрақты елшісі  Джорд Крол 

қатысты. 

Әбдірахман ӘБДІЛДИН, 

Қылмыстық атқару жүйесінің 

Алматы қаласы бойынша 

департаментіне қарасты 

ЛА-155/1 тергеу абақтысы 

бастығының күзет және 

режим жөніндегі орынбасары, 

әділет подполковнигі:

–    Ендігі  жерде  тергеуде 

жүре тін дердің  басым  көпшілігі 

шаһардың сырт жағындағы ЛА-

155/18 изоляторына жіберіледі 

деп ес тідік. Айтыңызшы, бүгінгі 

күні тер геу абақтысында қанша 

адам ұсталынуда?

–  Жалпы,  тергеу  абақтысын 

көшіріп,  орнына  жаңа  тұрғын  үй 

салады-мыс, басқа мекеме болады 

екен деген тәрізді алыпқашты әң-

гіменің шыққанына да едәуір уақыт 

болған. Оның анық-қанығын жоға-

рыдағы  жауапты  орындардың  ла-

уазымды басшылары айтпаса, біз 

біле алмадық. Былайша айт қанда, 

ол тергеу абақтысы басшы лығының 

өкілеттігіне  енбейтін  мәселе.  Ал, 

тергеу  абақтысындағы  тергеуде 

жүргенін, шаруашылық жасағында 

қызмет  атқаратынын  қосқанда, 

бүгінгі  күні  барлығы  300-ге  жуық 

адам  бар.  Рас,  бұрынғыдай  адам 

қабылданып  жатқан  жоқ.  Абақты 

қазір басқа өңірлерден жеткізілетін 

сотталғандардың уақытша аялдай-

тын  орнына  ғана  айналып  отыр. 

Осы жерден олар басқа колония-

ларға жөнелтіледі.

АСТАНА ПРОЦЕСІ 

ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

Шарада  облыс  соттарының 

атқарған  жұмысы,  сот  төрелігін 

жүзеге  асырудағы  заңдылық-

тар  бойынша  облыстық  соттың 

төра ғасы  Мейрамбек  Таймер-

денов баяндама жасады. Судья лар 

одағының облыстық филиа лының 

жетекшісі,  Судья  әдебі  комис-

сиясының  төра ғасы  Болатбек 

Загиев қазы лар әрекетіне қатыс-

ты  азамат тардан  түскен  өтініш-

ша ғым дарды  қараудың  нәтижесі 

туралы  баяндап  өтті.  Жиында 

Көк су  аудандық  сотының  төра-

ғасы  Қайрат  Иманханов,  Еңбек-

ш і  қ а з а қ   а у д а н д ы қ   с о т ы  н ы ң 

төра йы мы  Венера  Тохтарбаева, 

ма мандандырылған  аудан ара-

лық  экономикалық  сот ының  жас 

судьясы  Гауһар  Қасымбаева, 

Қылмыстық  істер  жөнін дегі  ма-

мандандырылған  аудан ара лық 

сотының  төрағасы  Берік жан 

Байжүнісов  атқарылған  жұмыс-

тардан  хабардар  етті.  Мін бе ге 

көтеріліп, баяндама жаса ған билер 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тың 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспа рын-

дағы  көрсетілген  міндет тер  мен 



Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы:

«СЫНАҚТАН ӨТПЕГЕН 

СУДЬЯЛАР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТЕДІ»

тапсырмаларды  жүзе ге  асыру-

да,  сондай-ақ,  судья лар дың  VII 

съезінде Әдеп кодексінің қабыл-

данып,  сот  қыз меткерлерінің 

жүріс-тұрысы мен кескін-келбетіне, 

жұмыста  және  жұмыстан  тыс 

уақытта  өзін  ұстауына  қатысты 

талаптың күшей гені атап өтілді.

 

Сот сараптамасы қызметі 



Әділет министрлігіне 

берілетін болды

ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық 

заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары 

жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында 

«Сот-сараптама  қызметі  туралы»  заң  жобасы 

қаралды. 

Жоба ҚР құқық қорғау жүйесін дамытудың 

2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ-

дарламасын жетілдіруге бағытталған. «Жаңа заң 

жобасы аталмыш саладағы заңнаманы жетілдіру 

бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру 

аясында жасақталып отыр. Біріншіден, барлық 

сарапшылық функцияларды Әділет министрлігінің 

құзырына шоғырландыру. Біз аталған заң жоба-

сында  Әділет  министрлігінің  қызметін  толық 

жазып  көрсеттік.  Бұрын  сарап шылық  қызмет 

Денсаулық сақтау және Әділет министр ліктерінің 

құзыретінде болып келсе, қазір ол функциялар 

бір министрлікке беріледі. Екіншіден, біз заң 

жобасында жаңа талаптарға сай келетін, жаңа 

түсініктер енгіздік. Үшіншіден, заң жобасы жаңа 

Қылмыстық-процессуалдық кодекспен, Азаматтық 

кодекспен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодекспен сәйкестендірілді. Себебі, қолданыстағы 

сот-сараптамасы туралы заңда кейбір нормалар 

өзге  жаңа  заңдарға  қайшы  келеді»,  –  деді  ҚР 

Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының 

директоры  Исидор  Борчашвили.  Оның  сөзі 

бойынша, заң жобасының басты мақсаты – сот 

сараптамасы қызметін жетілдіру, оны xалықаралық 

деңгейге жеткізу.



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

Дүниежүзі қазақтарының V 

құрылтайына қызу дайындық 

басталды

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төраға-

сының  бірінші  орынбасары  Талғат  Мамашев 

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы биыл жазда 

Астана қаласында өтеді деп мәлімдеді. 

Мамашев  мырзаның  айтуынша,  биылғы 

қ ұ р ы л т а й д ы ң   е р е к ш е л і г і   –   E X P O   2 0 1 7 

халықаралық  көрмесінің  аясында  өтуі.  Яғни, 

бұл жолы әлем қазақтары халықаралық көрме 

аясында бас қосып, Астананың төрінде қонақ 

болмақ. Құрылтайға 30-дан аса мемлекеттен 300-

ден астам қандастарымыз келеді деп күтілуде. 

Сондай-ақ,  құрылтайда  салтанатты  жиындар, 

дөңгелек үстелдер, мәдени-спорттық шаралар 

өтетін болады. Ұйымдастырушылар бүгіннің өзінде 

қызу дайындықты қолға алған. Естеріңізге сала 

кетсек, әлем қазақтары алғаш Алматыда бас қосса, 

екінші құрылтай киелі Түркістан қаласында өткен 

болатын. Кейінгілері Астанада өтті. 

К.ЫСҚАҚОВА


2

№6 (2931) 

24 қаңтар 2017

zangazet@maiI.ru

Қорытынды

Оң қадам


ҚҰҚЫҚ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы:

«СЫНАҚТАН ӨТПЕГЕН СУДЬЯЛАР 

ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТЕДІ»

Негізгі баяндаманы жасаған облыс­

тық  соттың  төрағасы  Мейрамбек 

Таймерденов  Ұлт  жоспарын  жүзеге 

асырудың  тетіктеріне  тоқталып,  ай­

мақтағы барлық сот залдарының үн­

бейнежазу  құрылғыларымен  толық­

тай қамтылғанын тілге тиек етті. Өт­

кен  жылы  Алматы  облысында  40173 

азаматтық  іс,  шешім  шығарумен 

22 783 іс қаралған. Сырттай іс жүргізу 

тәртібінде  шығарылған  шешімдердің 

саны  қысқарған.  Былтырғы  жылы 

сырттай  іс  жүргізу  тәртібімен  60 

шешім  шығарылса,  2015  жылы  бұл 

көрсеткіш  1157  шешімді  құраған 

болатын. Есептік кезең ішінде облыс 

соттарымен медиация тәртібінде 1850 

азаматтық іс, партисипативті рәсімде 

6 іс аяқталған.

Былтырғы жылы 4384 қылмыстық 

іс  аяқталған.  Оның  ішінде  2054  іске 

үкім шығарылып, барлығы 2 371 тұлға 

сотталған.  Оның  ішінде  728  тұлға 

бас  бостандығынан  айырылса,  707 

тұлға  бас  бостандығын  шектеуге 

сотталып,  224  адамға  шартты  жаза 

тағайындалған. Сондай­ақ, 424 жаза­

ланушы  қоғамдық  жұмысқа,  261 

айыппұлға, 3­уі түзету жұмыстарына 

тартылған.  Медиация  тәртібімен 

қарастырылған  істердің  саны  артып, 

облыс  соттарымен  931  қылмыстық 

іс  қаралған.  Қолдағы  деректерге 

сүйенген  облыстық  сот  төрағасы 

есептік  кезеңде  18  711  әкімшілік 

іс  қаралғанын,  бұл  былтырғы  жыл­

мен  салыстырғанда  3890  іске  аз 

екенін  мәлімдеді.  Сонымен  қатар, 

электрондық  сот  төрелігін  енгізудің 

нәтижесінде  мешін  жылы  облыс 

соттарында  барлығы  41  674  талап 

арыз  тіркелген.  Оның  30  658­і  «Сот 

кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы 

түскен.  Осындай  негізгі  деректерді 

алға тартқан Мейрамбек Таймерденов 

былтырғы жылдың жағымды жетістік­

терге толы болғанын айтты.

Жиында сөз алған Судьялар әдебі 

комиссиясының  төрағасы  Болат­

бек Загиев өткен жылдың 12 айында 

комиссия қарауына 22 судья ға қатыс­

ты  шағым  түскенінен  жұрт шы лық­

ты  хабардар  етті.  Тексеру  нәти  жесі 

бо йынша  2  шағымдағы  уәж  нақ  ты­

ланып, Судья әдебі кодексінің та лап­

тарын бұзған 2 судьяға қатысты шара 

қолданылған.

Басқосудың  мәртебелі  қонағы  – 

Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми 

өз сөзінде билік тармақтары арасында 

өкілеттіктерді  қайта  бөлу  бойынша 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған 

жұмыс тобының алғашқы қадамдарын 

таныстырды. 

– Жалпы алғанда, үш сатылы сот 

төрелігі  жүйесі  сәтті  іске  қосыл ды, 

судьяларды  іріктеу  мен  ілгерілету 

жүйесі  айтарлықтай  қатаң датылды. 

Сот  жюриінің  жұмысы  реформа лан­

ды.  Жоғарғы  Сот  жанынан  инвес ти­

ция лық  дауларды  қарайтын  маман­

дандырылған алқа, Сот төрелігі ака­

демиясы  мен  халықаралық  кеңес 

құрылды. Тергеу судьяларының, алқа­

билер  сотының  құзыреті  неғұрлым 

кеңейтілді. Азаматтық істер бойынша 

прокурорлардың сотқа қатысуы қыс­

қартылды.  Судьялардың  жұмыста 

және қызметтен тыс уақыттағы жүріп­

тұруын  нақты  регламенттейтін  жаңа 

Судьялық  әдеп  кодексі  қолданысқа 

енгізілді.  Жаңа  ақпараттық  техно­

логиялардың,  соның  ішінде  барлық 

сот  залдарын  үн­бейнетіркеу  жүйе­

лерімен  толықтай  жарақтандыру 

нәтижесінде  соттардың  қызметі  не­

ғұрлым  ашық  әрі  айқын  бола  түсті, 

– деген еліміздің бас биі үшінші билік­

тегі ұтымды істерді ұқсата білген әріп­

тестеріне ризашылығын білдірді.

–  Жаңа  Азаматтық  процестік 

кодекс пен қылмыстық заңнама тиім­

ділігін  көрсетуде.  Мұны  статис тика­

лық  көрсеткіштер  айқын  дәлел деп 

отыр.  Республика  бойынша  барлық 

азаматтық  істердің  59,2  пайызы  

жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібімен 

қаралады.  Медиацияны  қолдана 

отырып,  аяқталған  істердің  саны  үш 

есеге  артты.  Дауды  шешудің  бала­

малы  тәсілдері  шамамен  екі  есе 

жиі  қолданылды.  Прокурорлардың 

қатысуымен  қаралған  істердің  саны 

шамамен  төрт  есеге  азайды.  Рес­

публика  бойынша  сотқа  дейінгі 

жедел детілген  тергеу  тәртібімен 

қарал ған  қылмыстық  істердің  саны 

14  пайызға,  келісімдік  іс  жүргізу 

тәртімен аяқталған істер 10 пайызға, 

қысқартылған  тәртіппен  қаралған 

істер 2 еседен көп мөлшерге артты. 

Ақтау үкімдерінің саны 19,2 пайызға, 

алқабилердің  қатысуымен  қаралған 

қылмыстық  істер  11,9  пайызға 

көбейді, – деген Қайрат Мәми  қолға 

алынған  реформалардың  тиімділігін 

де назардан тыс қалдырмады. 

«Судьялардың VII съезінде Мем ле­

кет  басшысы  сот  қызметінің  басым­

дықтары  адамның  құқықтарын,  биз­

нес  пен  мемлекеттің  заңды  мүд­

делерін  құқықтық  қорғаудағы  сот­

тардың  рөлін  арттыруға  бағыт тал­

ғанын айтты. Кез келген рефор маның 

ең  басты  мақсаты  заң  үстемдігін, 

құқыққа қайшы әрекеттер үшін жаза­

ның  бұлтартпаушылығын  қамта ма­

сыз  ету,  мемлекет  пен  оның  аза­

мат тарының  неғұрлым  жайлы  өмір 

сүруіне  негіз  болатын  құқықтық 

режим ді қалыптастыру болып табыла­

ды.  Дәл  осы  ұстанымдар  бойынша 

біз  өткен  жылғы  жұмыстың  нәтиже­

лерін  бағалауға  тиіспіз.  Алдымызда 

құқық тық  реформаның  жаңа  кезеңі 

тұр»,–  деген  Қайрат  Әбдіразақұлы 

елі міз дің  сот  жүйесінің  жұмысына 

жобаланған  реформаларды  талапқа 

сай  жүзеге  асыру  керектігін  айтып, 

осы бағытта сот қызметкерлері білік­

тілігінің  жоғарылығын,  халық аралық 

стандарттарға  сай  талап тардың 

толық  атқарылатынын  атап,  Алматы 

облыстық  соттарына  сот  төрелігін 

жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты 

міндеттер жүктеді.

Жаңа шарттар билердің кәсібилігіне 

талапты күшейтті.  Былтыр 1220 судья 

кәсіби  шеберлік  сынынан  өткізіліп, 

олардың  басым  бөлігі  өз  біліктілігін 

көрсетті.  Ал,  арнайы  сынға  түскен 

Алматы  облысындағы  77  судьяның 

төртеуіне  біліктілігін  арттыруға  және 

сынақтан  қайта  өтуге  тапсырма 

беріл ді.  Екі  судьяға  қатысты  қызмет 

саласын ауыстыру ұсынылды. Төраға 

биылғы  жылы  сынақтан  жақсы  баға 

алмаған  судьялардың  қызметінен 

босатылатынын  да  ескертті.  Алқалы 

жиынды  қорытындылаған  Қайрат 

Әбдіразақұлы Алматы облыстық соты­

ның жұмысына сын­ескертпелерін де 

айтты.  Мәселен,  Қылмыстық  істер 

бойынша  апелляция  жұмысының 

сапасы нашар. Осы кемшілікке орай, 

облыстық сот төрағасына 8 ескертпе 

хат жіберілді. Оның бесеуі қылмыстық 

істерге  қатысты.  Ал,  үшеуі  әкімшілік 

істерге байланысты жазылған екен.

Сот  қызметкерлерінің  алдында 

үлкен жауапкершілік тұрғанын айтқан 

Жоғарғы Сот төрағасы Елбасы ұсынған 

бағдарламаларды  толық  жүзеге 

асыруға күш салу керектігін тағы бір 

мәрте  айта  келіп,  Алматы  облыс­

тық  сотының  мешін  жылы  атқарған 

жұмыстарына  тиісті бағасын берді.

Алқалы жиында сөз алған Алматы 

облысының  әкімі  Амандық  Баталов 

Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиге 

өңірде  қаралып  жатқан  істер ге 

байланысты  соттар  алқасын  құру­

ға  облыс  әкімдігі  тарапынан  бар­

лық  қолдау  көрсетілетінін  атап  өтті. 

Қазақстан  Республикасының  Прези­

денті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  заң­

ның  басымдылығын  қамтамасыз 

ету  жөніндегі  тапсырмасын  орындау 

мақсатында  2016  жылы  дауларды 

сотқа  дейін  және  соттан  тыс  реттеу 

институтын  белсенді  енгізу  және 

жан­жақты дамыту, сот ісін жүргізуде 

ақпараттық  технологияларды  кеңі­

нен  пайдалану  бойынша  өзара  іс­

қимылды  нығайту,  сондай­ақ,  алқа­

билерге  кандидаттардың  тізімін 

қалыптастыру  мәселелері  бойынша 

ынтымақтастық меморандумы жасал­

ған  болатын.  Осы  меморандум 

шең берінде  әкімдік  үшінші  биліктің 

жұмы сын  жандандыруға  барынша 

атсалысып  келеді.  Облыстық  сот 

төрағасы  Мейрамбек  Таймерденов 

өңір  басшысына  17  судьяға  баспана 

бөлгізгені үшін үлкен алғысын жеткізді. 

Жиын  соңын  түйіндеген  Алматы 

облыстық сотының төрағасы Мейрам­

бек Таймерденов өз атына айтылған 

сын­ескертпеден  нәтиже  шығара­

тынын, енді мұндай кемшілік терге жол 

бермеуге  күш  салатынын    жеткізді. 

Сондай­ақ,  осы  жиында  облыс  әкім 

Амандық Баталов Жоғарғы Сот төра­

ғасы  Қайрат  Мәмидің  алғысхаты мен 

марапатталды.

                                                                              

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

«Заң газеті»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Сот  құрылымдары  жаңа  заңнамалар­

ды  түсіндіруде,  азаматтардың  құқықтық 

сауатын  көтеруге  қатысты  жобаларды 

жүзеге  асыруда  үнемі  бастамашылық 

танытып  келеді.  Жақында  осындай  бір 

маңызды  жиын  Алматы  қаласы  Медеу 

аудандық №2 сотында ұйымдастырылды. 

Сот  төрелігін  жүзеге  асыру  мен  сотқа 

дейінгі тергеу сапасын таразылауды мақсат 

еткен  дөңгелек  үстелге  Медеу  аудандық 

прокуратурасының,  аудандық  ІІБ­нің 

қызметкерлері  мен  судьялар  қатысқан 

болатын.  Басқосуға  бұл  тақырыптың 

таңдалуы тегін емес. Себебі, сот төрелігінің 

сапалы жүргізілуі тергеу сапасына тікелей 

тәуелді. Шала тергелген, шикі зерделенген 

істер  соттың  жұмысына  үлкен  кедергі 

келтіреді.  Мұны  құзырлы  орындар  біл­

мейді  емес.  Аталмыш  мәселе  оқтын­

оқтын сөз болып, ескертулер жасалғанына 

қарамастан,  жекелеген  қызметкерлердің 

біліктілігінің төмендігінен, жауапсыздығынан 

қателікке  жол  берілетіні  рас.  «Илегеніміз 

бір  терінің  пұшпағы»  болғандықтан,  біз 

құзырлы  орын  өкілдерінің  басын  қосып 

кемшіліктерді  ашық  айтуға,  оларға  жол 

бермеудің,  қателіктерді  болдырмаудың 

тетіктерін  бірге  табуға,  мәселені  бірге 

шешуге тиіспіз.

2016 жылғы сот жұмысын саралағанда 

байқағанымыз, судьялардың сот  төрелігін 

жүзеге  асыру  және  сотқа  дейінгі  тергеу 

жүргізу кезінде Қылмыстық ­процессуалдық 

және  Қылмыстық  кодекс  нормаларының 

бұзылуы орын алды. Өкініштісі сол, сотқа 

келіп түскен қылмыстық істер қылмыстық­ 

процессуалдық заңның талаптарына сәйкес 

келмейді, яғни, істерді тергеу кезінде сотқа 

дейінгі  тергеу  органы  жағынан  және  бұл 

істермен  танысу  кезінде  прокуратура 

жағы нан  өрескел  қателіктер  жіберіледі. 

Қыл мыстық істердің парақтарының нөмір­

ленбеуі, іс тізімдемесінің мазмұнмен сәйкес 

Зияткерлік меншікті 

қорғау міндет

Тараз  қаласында  Жамбыл  облыстық  әділет  депар­

таментінің  ұйымдастыруымен  «Қазақстан  Респуб­

ликасының  кейбiр  заңнамалық  актiлерiне  зияткерлiк 

меншiк  саласындағы  заңнаманы  жетілдіру  бойынша 

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жоба­

сының тұжырымдамасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. 

Оған  Жамбыл  облыстық  әділет  департаменті  бас­

шысының  орынбасары  Ж.Шалдаров,  облыстық  соттың 

судьялары  М.Қасымов,  Г.Сыздықова,  жоғары  оқу 

орындарының  және  ғылыми  қоғамдастықтың,  Жамбыл 

облысы  бойынша  кәсіпкерлер  палатасының  өкілдері, 

тексерілген  патенттік  және  кәсіпкерліктің  субъектілері 

қатысты. 

Заңнаманың мақсаты зияткерлік меншікті қорғау сала­

сында  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйы­

мының стандарттарына өту бойынша жүйелі жұмыс атқару 

болып табылады. Жасалған талдау елдің бәсекелестікке 

жоғарылату  үшін  зияткерлік  қызметтің  жетістіктеріне 

негізделген  индустриалды­инновациялық  жүйені  дамы­

тудың  қажеттілігін  куәландырады.  Осы  орайда,  заң 

жобасымен  Қазақстан  Республикасында  зияткерлік 

меншік құқығын қорғау және сақтау мәселелерін реттейтін 

бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілуде. 

Жамбыл облыстық сотының судьясы М.Қасымов өзінің 

баяндамасында  Азаматтық  кодексіне  тауар  таңбасы 

иеленушінің құқық бұзушыдан келген шығынының орнын 

толтыру,  талап  ету  құқығы  бойынша  толықтырулар 

енгі зілуде  екенін,  бұдан  бөлек,  құқық  иеленуші  келген 

шығынның  орнына  құқық  бұзушыдан  тауар  таңбасын 

заң сыз пайдалану кезінде түскен пайданы өндіре алатын­

дығын атап айтты. 

Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.Сыздықова заң 

жобасы құқықтық олқылықтарды, қарама­қайшылықтарды 

жоюды қоса алғанда, ғылыми­техникалық прогрестің және 

еркін бәсекенің дамуына бағытталған зияткерлік меншік 

саласындағы  заңнаманы  одан  әрі  жетілдіру,  сондай­

ақ,  әкімшілік  кедергілерді  тудыратын  нормаларды  жою 

мақсатында әзірленгендігін жеткізді. 

Іс­шараның  соңында  тыңдалымның  қатысушылары 

пікір лерімен алмасып, жалпы заңнаманың жобасы мақұл­

данды. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал