АҢдатпа 3-бет 2-бет



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

АҢДАТПА

3-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№42 (2968) 6 маусым 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ 

ҚҰЛШЫНЫСЫ ҚУАНТАДЫ

ХАНТАЛАПАЙҒА ТҮСКЕН ҚАРЖЫ 

ҚАЗЫНАҒА ҚАШАН ҚАЙТАДЫ?

Тағдыр


(Соңы 8-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» 

ЖШС дүң гір шек тері және Алматы 

қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы 

жазы лу ла ры ңызға болады.

(Соңы 5-бетте)

Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық державалардың бірі. 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы арқылы осынау тарихи мүмкіндікке қол 

жеткізген еліміздің ғарыштық әлеуетіне қатысты айтылатын сын 

аз емес. Соның бірқатары едел-жедел ғарыш әлеміне сапар шеккен 

«KazSat» сериялы қазақстандық байланыс серіктеріне бағытталып 

жатады. Әсіресе, олардың алғашқысының жоғалып кетуі, еліміз-

дің ғарыштық қызметін түрлі күдіктерге тіреп қойған. Тіпті, қыруар 

ЖАМАН 

АУРУДЫ 

ЖЕҢГЕН 

ЖАЗУШЫ

Бүгінгінің бас тақырыбы

Мінбер

2016 жылдың 21 қарашасында республика судьяларының VII съезінде  Қазақ стан 

Судьяларының жаңа Әдеп кодексі қабылданғаны белгілі. Жаңа заң нама бұдан бұрынғы 

кодекс сияқты Қазақстан Республикасының Консти туциясын, «Қазақстан Республикасының 

сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Біріккен Ұлттар 

Ұйымы Бас Ассамблея сының «Сот орган дары тәуелсіздігінің негізі қағидаттары» туралы 

қарар ларын, Бангалорда қабылданған Судья тәртібінің қағидат тарын басшы лыққа ала 

отырып дайындалған.

ҚАЗЫНЫҢ ҚАТЕЛЕСУГЕ 

ҚАҚЫСЫ ЖОҚ

«Өмір сүргім келеді» деген кіта-

бымен халыққа кең таны мал болған 

жазушы Жанар Әбді шова әңгімелерін-

де  рак  дер тіне  шалдыққандардың 

өмірге деген құштарлығын бейнелейді.

Шынымды  айтсам,  «Өмір  сүргім 

келеді»  –  менің  жан  даусым.  Ракты 

обыр дейді, мен бұл атауға қарсымын. 

Құлаққа түрпідей тиіп, өмірден күдер 

үздіреді. Алланың сынағы болар, ракпен 

ауырдым. Ота жасатып, жаным қалды. 

Ауырып жүрген кездерімде, өмір мен 

өлім туралы көп ойландым. Өлім туралы 

үкімді естіген қылмыскерлер қандай 

күйде болатынын білмеймін, мен рак 

екенімді естігенде, қатты күйзелдім. Сөй-

тіп жүріп, тәубеге кел дім. Бір күн жарық 

дүниені көргенімнің өзі үлкен бақыт 

екенін сезініп, өзімді сабырға шақырдым. 

Құран Кәрімді қолыма алдым. Бұл да бір 

Алланың сыны екенін жан-дүниеммен 

түйсіндім. Құранның ғибратына жүре-

гіммен бой ладым. Пешенеме жазылған 

тағ дырға риза болуға тырыстым. 

Кітабым арқылы Алла тағала әйел-

дерді нәзік етіп жаратқанын, оған еркек-

тің демеуі қашан да қажет екенін жет-

кізгім келді. Қазақ қыздарының бақыты 

– ер-азаматтарға байланысты. Себебі, 

елге де, әйелге де, үйге де еркек ие болуы 

керек.  Сондықтан,  әңгімемді  «Еркек 

үйдің егесі. Еркек осы дүниенің иесі, 

қожайыны болуы міндет» деген идеямен 

жазамын. Әйел қанша жерден алтын бас-

ты болса да, одан бақыр басты еркектің 

артық екенін айтқым келеді. Бүкіл техни-

ка, мәдениет, өнер, бәрі қазақша сөйлесе, 

қазақ тілінің шоқтығы биік болса деп ар-

мандаймын. Мұның барлығы ер-азамат-

тарымыздың осал болмауын талап етеді.



қаржыны жұтып жатқан бұл сала қажет емес  деген сөздер де 

айтылған уақытында. Кеше Парламент Мәжілісінде  Палата 

спикерінің орынбасары, депутат Гүлмира Исимбаеваның жетек-

шілігімен өткен Үкімет сағатында естіген әңгімеміз жоғарыда 

айтылғандарды жоққа шығарғандай болды.

Ақпарат


Әрине, жаңа Кодекстің өзіндік ерекшеліктері 

бар,  біріншіден,  құжаттың  мазмұны  кеңейді, 

алдыңғы  кодекс  9  баптан  тұрса,  жаңа  қабыл­

данған  Кодекс  15  баптан  тұрады.  Екіншіден, 

судья ларға іс жүргізу мәдениеті мен моральдық­

әдептілік  тұрғысынан қойылатын жаңа талаптар 

енгізілді.  Мақсат  –  Ұлт  жоспарындағы  заңның 

үстемдігін  қамтамасыз  ететін  сот  жүйесі  мен 

судьялар  корпусын  жаңаша  қырынан  дамыту, 

судьялардың  біліктілігін,  тәуелсіздігін,  объек­

тивтілігін, адалдығы мен теңдігін, құзыреттілігі 

мен  ұқыптылығын,  олардың  сот  ісін  жүргізу 

мәдениетін,  қызметінде  және  тұрмыста  әдеп 

нормаларын  қатаң  сақтауын  одан  әрі  арттыра 

түсетін және әдепсіз көріністерге жол бермей­

тін мүлтіксіз таза келбеті мен қасиетін қалып­

тастыру.

Сот билігінің беделі сот жүйесінде атқарылып 

жатқан  жұмыстарға  ғана  емес,  көп  жағдайда 

судьялар  корпусын  құрайтын  әрбір  судьяның 

жүріс­тұрыс мәдениеті мен жеке келбет­қасие­

тіне байланысты. 

ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДА 

БІЛІКТІ МАМАНДАР ТАПШЫ



Халық көрмені көруге 

ынталы

Қонақтар арасында жүр гізілген сауал­

наманың қорытындысы «EXPO­2017» көрмесi 

кезiнде шетелдiктердiң елорда маңындағы  

Бурабайға, Ақмола және Қарағанды облыс­

тарына баруды көздейтіндігін көрсетіп отыр. 

«ЕХРО көр месіне келетін шетелдік мейман­

дардың 91 пайызы шарадан хабардар екен­

дігін  көрсетті.  Олардың  көбі  қонақүйлерге 

орналасып, елорда да кем дегенде бiр­екi күн 

болып, көрме ге баратындарын айтқан», – дедi 

ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары 

Р.Дәленов.

Сауалнама қазақстандықтар арасында да 

жүргiзiлген.  Сауал нама нәтижесiнде, барлығының 

көрменi бiлетiнi, 40 пайызының көрмеге баруға, ал 

68 пайызының билет сатып алуға дайын екендiгi 

анықталды. 

Е.КАМАЛ

Сирия келіссөздері 

жалғасады

Бұған  дейін  бұқаралық  ақпарат  құрал­

дарында 12­13 маусым күндері Астана қала­

сында  Сирия  мәселесін  реттеу  бойынша 

кезек ті келіссөздердің өтетіні туралы ақпарат 

тараған болатын. Жоспар бойынша, кездесуге 

Ресей, Түркия мен Иран қатыспақ. Аталған 

мемлекеттердің шақыруымен Сирия үкіметі мен 

қарулы оппозиция келе алады. Сондай­ақ БҰҰ 

мен бақылаушы елдер де шақырылады. Мамыр 

айында өткен соңғы кездесуде кепілдік беретін 

мемлекеттер  Сириядағы  деэскалацияның 

төрт аймағын құру туралы меморандумға қол 

қойған. Астанадағы кезекті кездесуде құжатты 

іске  асыру  шаралары  пысықталмақшы»,  – 

деп  атап  көрсетті  Сыртқы  істер  министрі 

Қ.Әбдіраxманов. 

С.ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Балалар демалысын 

киіз үйде өткізеді

Павлодар облыстық Білім беру басқар­

масы  тәрбие  жұмысы  және  қосымша 

білім  беру  бөлімінің  бас  маманы  Сәуле 

Нұрғалиеваның айтуынша, биыл бұл өңір­

дегі 2264 оқушы өздерінің жазғы дема лыс­

тарын киіз үйде өткізеді екен.

– Балаларды этномәдени тәрбиеге, ұлттық 

салт­дәстүрге, фольклорға тарту мақсатында, 

маусым–тамыз  айлары  аралығында  380 

оқушының  қамтылуымен  Качир  ауданында 

«Ауыл», Май ауданында «Ұлы дала елі» және 

Шарбақты ауданында «Ата­бабаларымыздың 

салт­дәстүрлері» атты киіз үй лагерьлері жұмыс 

істейді. Бұдан басқа, үш қала мен жеті ауданда 

1884 оқушы үшін киіз үй элементтері бар 16 

лагерь ашылады. Жалпы, облыс аудандарының 

ауылдық аймақтары әкімдіктерінің қолдауымен 

28 киіз үй орнату жоспарланып отыр, – дейді 

Сәуле Нұрғалиева.



К.ӘКІМБЕКҚЫЗЫ

2

№42 (2967) 

6 маусым 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Шара


ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ ТЕГЕУРІНІ МЫҚТЫ

Дөңгелек үстел

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ 

ҚҰЛШЫНЫСЫ ҚУАНТАДЫ

Қайырымдылық акциясы

Бар жақсылық балаларға



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ СОТЫ

Әскери  соттың  судьялары  мен  қызметкерлері  халықаралық 

балаларды қорғау мерекесіне орай алты баланың анасы Гүлизаға 

көмек  көрсетті.  Жалғызбасты  ана  балаларымен  бірге  қиын 

материалдық жағдайда, баспанасы жоқ, қазіргі уақытта елорданың 

шетінде  бөлме  жалдап  тұрады.  Сот  қызметкерлері  отбасыны 

бірінші қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен, төсек заттарымен 

және ойыншықтармен қамтамасыз етті. 

Әскери  соттың  судьясы  Қ.Сихимбаев  балаларды  мерекемен 

құттықтап,  өз  сөзінде  қайырымдылық  акцияларын  өткізу  дәстүрге 

айналғанын  және  судьялар  балалар  үйі  мен  балаларға  арналған 

оңалту  орталықтарына  барып,  әртүрлі  қайырымдылық  акцияларын 

жүргізетіндігін  айтып  өтті.  Сот  әкімшісінің  басшысы  Н.Байтілесов 

қайырымдылыққа  бөлінген  қаражаттың  бір  бөлігі  әскери  соттарда 

жиналған макулатура есебінен екенін атап өтті. 



ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Халықаралық  балаларды  қорғау  күні  –  әлемнің  түкпір-түк-



піріндегі  балаларға  қуаныш  сыйлайтын  мейрам  ғана  емес, 

кішкентай  балалардың  құқығын  қорғап,  оларға  қамқор  болуға, 

әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мереке. Осы күні облыстық 

соттың  судьялары  және  Маңғыстау  облысы  бойынша  Соттар 

әкімшісінің басшысы Меңді Епенова науқас балаларды мерекемен  

құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер ұсынды.

Аталған  іс-шара  Маңғыстау  облыстық  сотынан  бастап,  аудандық 

және оған теңестірілген соттардың барлығында өз жалғасын тапты. 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен 

Қызыл орда  облысы  соттарының  ұжымы  «Атамекен»  отбасылық 

үлгідегі  балалар  ауылының  балаларын  мерекесімен  құттықтап, 

Астана қаласында өткізілетін «Экспо-2017» саяхатына барып қайту 

үшін қаржылай көмек көрсетті. 

Бүгінгі  күні  Сарыарқа,  Оқжетпес,  Үшқоңыр,  Байқоңыр,  Ақжайық, 

Ұлытау,  Жетісу  деп  аталатын  жеті  тұрғын  үйден  тұратын  отбасылық 

үлгідегі  балалар  ауылында  51  бала  тәрбиеленіп  жатыр.  Сот  ұжымы 

балаларға  бақытты  балалық  өмір,  ашық  аспан,  жарқын  болашақ, 

әрқашан халқымыздың патриот перзенттері болып өсулеріне тілектестігін 

білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ

Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасының қызметкерлері 

Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйіне барып, бала-

ларға өз құттық тауларын жеткізді. 

Ақтөбе облыстық сотында сотқа 

дейінгі іс жүргізудегі азаматтардың 

конституциялық құқықтарын қорғау 

аясындағы тергеу судьясының 

міндеттері талқыланды. Дөңгелек 

үстел жұмысына судьялар, тергеу 

судьялары, құқық қорғау орган­

дарының басшылары мен бейне­

байланыс арқылы аудандық 

соттардың төрағалары мен тергеу 

судьялары қатысты.

Басқосуда облыстық сот төрағасы 

Мұратғали  Әкетай  Ұлт  жоспарының 

«Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету» 

бөлігін  жүзеге  асыру  аясында  тергеу 

судьясы  өкілеттігінің  кеңейтілгенін 

атап  өтті.  Бұл  олардың  сотқа  дейін-

гі  қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу  кезін-

де  адамның  бостандығы  мен  конс-

титуциялық  құқықтарына  негізсіз 

шек теудің  алдын  алуды  қамтамасыз 

етуге бағытталған. Төрағаның айтуын-

ша, 2016 жылдың қаңтарынан бастап 

олардың құзыреттері алу, іздеу, жеке 

іздеу,  тексеру  сияқты  төрт  процестік 

әрекет бойынша қосымша санк ция лау 

тұрғысынан  айтарлықтай  кеңейген. 

Мұндай қолдау тергеу судьясы инсти-

туты өз тиімділігін дәлел дегеннен кейін 

беріліп отыр. 

Мұратғали Әкетай сотқа дейінгі іс 

жүргізу  барысындағы  кемшіліктерді 

талқылау және оларды алдағы уақытта 

болдырмау, сондай-ақ, тергеу судьясы 

өкілеттігіне  байланысты  мәселелерді 

шешу  бойынша  ортақ  тәжірибені 

дамыту мақсатында облыстық соттың 

бастамасымен  шаралар  өткізу  әлі 

де  жалғасатынын  жеткізді.  Өйткені, 

мұндай  басқосулар  тергеу  судья ла-

рының ортақ пікір алмасып, жұмысты 

жүйелеуіне көмегін тигізеді.

Облыстық соттың судьясы Нұриля 

Сатыбалдина  қылмыстық  қуда лау 

органдары  тарапынан  жол  беріле-

тін  процестік  заңнама  талап тары ның 

бұзылуына,  азамат тар дың  консти-

туция лық құқықтарын шек тейтін кейбір 

тер геу әрекеттерін санк циялау кезінде 

тер геу  судья ларын да  туындайтын 

өзекті мәселе лерге тоқталды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша 

дөңгелек үстел қатысушыларына сотқа 

дейінгі  іс  жүргізу  кезінде  туындайтын 

өзекті мәселелерді шешуге және қыл-

мыстық  қудалау  органдарының  заң-

нама талаптарын бұзуының алдын алу 

бойынша ұсыныстар әзірленді. 



Ақтөбе облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Ақмола облысы №2 Қараөткел 

орта мектебінің үш оқушысына 

қылмыскерлерді ұстауға көмек көр­

сет кендері үшін жергілікті полиция 

қызме тінің басшысы бағалы сыйлық 

тап сырды. Балаларды марапаттау 

рәсімі мектеп ауласында барлық 

оқушылардың алдында салтанатты 

жағдайда өтті.

9-сыныпта оқитын Жансерік Бақыт-

жан мен ағайынды Аян және Темірлан 

Пышинскийлердің  мектеп  оқушылары 

арасында  аңыз  болып  таралған  ерлігі 

биыл  көктемде  болған  еді.  Астана 

маңындағы  Қараөткел  ауылының  тұр-

ғындары бір-бірін жақсы таниды. Кеш-

кілік  уақытта  көшеде  ойнап  жүрген 

балалар ауылдастарының үйіне бөтен 

КІШКЕНТАЙ БАТЫРЛАР

Марапат


адамдардың кіргенін көріп, сезіктенеді. 

Үйге кешкі уақытта есіктің құлпын ашып 

кірген  әлгі  бөгде  жандар  бір  уақытта 

сөмкеге салынған заттарды алып, сол 

маңайдағы көше бұрылысында тұрған 

БМВ маркалы автокөлікке отырып жүріп 

кетеді.  Олардың  соңынан  аңдыған 

балалар білдірмей ұялы телефондарына 

машинаның суретін түсіріп алады. 

Кейін  белгілі  болғандай,  Астана 

маңындағы  ауылдарға  барып  ұрлық 

жасап жүрген екі қылмыскер сол күні 

Қараөткел  ауылы  тұрғынының  үйінде 

болмағанын  пайдаланып,  бағалы 

бұйымдар  мен  ақшаны  ұрлаған.  Кел-

тірген  залал  мөлшері  1  миллион  тең-

геден асады. Десе де, ұрылардың бұл 

жолы  жолдары  болмады.  Қыл мысты 

іздестірген  полиция  қыз меткерлеріне 

балалар  өздері  келіп  болған  жайды 

айтып, ұялы телефонға түсірген суретті 

берді. Кейін ол сурет ұрыларды ұстауға 

көмегін  тигізді.  Ұрлықты  кәсіп  еткен 

екі  қылмыскер  қолға  түсті.  Бұдан 

бұрын да талайды зар қақсатқан қыл-

мыскерлердің  үстінен  іс  қозғалып, 

тергеу абақтысына қамалды. 

Целиноград  аудандық  жергілікті 

полиция  қызметінің  басшысы  Ермек 

Медеубаев  балаларға  өз  қолымен 

бағалы  сыйлық  тапсырып,  қыл мыс-

керлерді ұстауға көрсеткен көмегі үшін 

алғысын айтты. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ



Халықаралық балаларды қорғау күні Батыс Қазақстан облысы 

қылмыс тық  істер  жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық 

сотының  судьясы  Нұрлан  Губашев  бастаған  Соттар  әкімшісінің 

қызметкерлері дәстүр бойынша балалар ауылына ат басын бұрып, 

тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. 

Кездесу бары-

сында балалар 

үйінің ұжымымен 

танысып, кішкентай 

бүлдіршіндердің 

концерттік 

қойылымын 

тамашалады. 

Прокуратура 

қызметкерлері 

естелік сый лықтар 

беріп, бір қуантып 

тас тады. 



Астана 

қаласы 

прокуратурасының 

баспасөз­қызметі

Ақпарат алуға, таратуға әркімнің-ақ 

мүмкіндігі бар дегенімізбен, түймедейді 

түйедей етіп көрсету арқылы қоғамдық 

дау  тудырып,  атын  шығарып  қалғысы 

келетіндер қазір жоқ емес. Оған қоса, 

ақпараттың қазанында қайнаған дүние-

нің  бәрі  шындыққа  жанасады,  тек-

серіл ген  деп  тағы  айта  алмайсың. 

Алматы  қаласының  прокуратурасы 

осы олқылық тың алдын алуға бекінген 

секілді. 

Ж а қ ы н д а   қ а д а ғ а л а у ш ы   о р г а н 

«Алматы ашық қала, қоғам және БАҚ-

пен қарым-қатынас үшін» тақырыбында 

кездесу  өткізді.  Оған  есімі  елге 

белгілі  блогерлер  мен  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдері  түгел 

шақырылған.  Алматы  қаласының 

прокуроры  Ғабит  Миразов  тізгінін 

ұстаған  дөңгелек  үстелге  қалалық 

Әділет департаментінің бастығы Гүлнәр 

Кокобаева, Ішкі істер департаментінің 

бастығы  Серік  Күдебаев,  Төтенше 

жағдайлар  департаментінің  бастығы 

Серік  Әубәкіров  және  басқа  да  мем-

лекеттік  органдардың  жетекшілері 

қатысты. 

Кездесуді  жүргізіп  отырған  қала 

прокуроры  бізге  БАҚ  өкіл деріне  не-

ғұрлым ашық, жақын болғысы кел ген-

дей  көрінді.  «Қарсы  болма саңыз дар, 

сіздермен  БАҚ  өкілі  емес,  әріптес 

ретінде  сөйлескім  келеді.  Өйткені, 

атқаратын  жұмыстарымыз  белгілі  бір 

жерлерде  бір-бірімен  бай ланысты 

болмай  тұрмайды.  Осыдан  ай  бұрын 

Алматы қаласының про куратурасында 

алдағы  уақытта  сіздермен  кездесіп, 

барлық құқық қорғау органдары бас-

шыларының  қатысуымен  атқарылған 

шаралар мен алда жасалуы тиіс ауқымды 

жұмыстарды  талқылаймыз  деп  уәде 

берген болатынмын. Бүгін сол бойынша 

бас  қосып  отырмыз  және  мұндағы 

мақсат біреу ғана, ол өзара әрекет ету 

мәселелерінің  бірлескен  шараларын 

әзірлеу.  Сондай-ақ,  азаматтардың 

құқықтық  сауатын  арттыра  түсуге 

арнал ған жұмыстарды белгілеу», – деді 

Ғабит Төреұлы. Ашықтық, жариялылық 

Елбасы  жүктеп  отырған  бүгінгі  күннің 

басты  талабына  айналып  отырғанын 

ескерсек,  бұл  басқосудың  бір  себебі 

ашыла түсетіндей. Екіншісі, елге дұрыс, 

шынайы,  тексерілген  ақпараттарды 

ғана  тарату.  Қала  прокуроры  осы 

мәселеде БАҚ өкілдері мен блогерлер-

ді  бірлесе  жұмыс  істеуге  шақырды. 

Онысын  да  түсінуге  болады.  Өйткені, 

кейде  аталмыш  мәселеде  құзырлы 

органдардың  беделіне  көлеңке  түсіп 

қалып жататыны жасырын емес. 

Сонымен  қатар,  кездесуде  Алма-

ты  қаласының  прокуратурасы  бір 

жаңалығымен  бөлісті.  Яғни,  алып 

шаһар дан алғаш болып Құқық қорғау 

қызметтерінің  орталығы  ашылмақ. 

Орталық  жобасын  Алматы  қаласы 

прокурорының  орынбасары  Жандос 

Өмірәлиев таныстырды. Түсініктірек болу 

үшін тілге тиек ете кетейік, бұл Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығына  ұқсас 

дүние.  Алайда,  мұнда  көпшілікке  тек 

құқықтық қызметтер ғана көрсетіледі. 

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен 

құқық  қорғау  органдарының  өзара 

байланысын  дамыту,  жетілдіру  мәсе-

лелеріне  арналған  жиында  таныс-

тырылған  аталмыш  жобаның  өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Сәйкесінше,  оған 

түрткі болған себептерді де білдік. Бұл 

жайлы  «Біздің  саралау  және  талдау 

жұмыстары  көрсеткендей,  халыққа 

құқық  қорғау  органдары  көрсететін 

қызметтерде бірнеше мәселелер бар. 

Ол  кей  арыздардың  ұзақ  қаралуы, 

жеке  қабылдаулардың  көңілден  шық-

пауы  және  басқа  да  жағдайлар. 

Осыларды  ескере  келе,  еліміз  Бас 

п р о к у р о р ы н ы ң   т а п с ы р м а с ы м е н , 

қолдауымен Алматы қаласынан Құқық 

қорғау  қызметі  орталығы  ашылмақ. 

Қазіргі таңда Алматы қаласы прокура-

турасының  жанынан  оның  ғимаратын 

салу  жұмыстары  басталып  та  кетті. 

Орталықтың  ерекшелігі,  азаматтар 

өздеріне  керекті  барлық  құқықтық 

қызметті бір жерден ала алады. Бүгінде 

ондай қызметтің 50 түрі жоспарланып 

отыр. Ол орталықта тек прокуратураның 

ғана  емес,  ішкі  істер  органдарының 

д а   қ ы з м е т к е р л е р і ,   а д в о к а т т а р , 

нотариустар  мен  медиаторлар  да 

болады.  Орталықты  осы  жылдың 

қыркүйек  айында  ашуды  жоспарлап 

отырмыз.  Бұл  бұған  дейін  еш  жерде 

болмаған  алғашқы  бастама.  Сондай-

ақ, орталықтың атауына қатыс ты түрлі 

ұсыныстар бар және олар дың барлығы 

қарастырылады.  Алайда,  мұндағы  ең 

басты мақсат – азаматтарға өздерінің 

құқықтарын  қорғау  мәселелерінде 

жағдай жасау, мүмкіндігінше олар үшін 

бұл мәселені оңай әрі қолжетімді ету», 

–  деді  Алматы  қаласы  прокурорының 

орынбасары Жандос Өмірәлиев. 

Атауға  қатысты  сөз  болып  отыр-

ғаны,  кездесуде  адвокат  Жангелді 

Сүлейменов  мұның  жақсы  бастама 

екенін  айта  келе,  орталықты  «Құқық-

тық  көмек  орталығы»  деп  атауды 

ойластыруды  ұсынған-ды.  Адвокат 

ә р і   б л о г е р д і ң   с ө з і н е   с ү й е н с е к , 

«құқық  қорғау  қызметі»  деу  заңдық 

тұрғыдан  құптала  бермейтін  термин. 

Ал  орталыққа  қайта  оралсақ,  жоба 

шындыққа  айналса,  өзін  құқықтық 

мәселелер  мазалаған  азаматтар 

шаһардың  әр  тарапына  шапқылап 

табалдырық тоздырмай, бар сұрағына 

«бір  терезе»  қағидаты  бойынша  бір 

жерден жауап ала алады. 

Айтпақшы,  орталық  ғимараты  за-

ман ауи  технологиямен  жабдықталған 

«Open  Space»  үлгісінде  шыны  қабыр-

ғалардан  тұрғызылмақ.  Қалалық  про-

куратура  өкілдерінің  сөзіне  сенсек, 

бұл  құқық  қорғау  органдары  жұмыс-

тарының  ашықтығын,  жария лылығын 

бейнелейді-мыс.  Қалай  болғанда 

да,  құзырлы  органның  жаңа лығымен 

бөлісіп, ақпарат май данында тізе қосып 

қимылдасақ  деген  құлшыныстары 

қуантты. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал