Адасқан ұл туралы нақыл әҢгіме міне, Иса тағы да мына бір нақыл әңгімені



жүктеу 55.14 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі55.14 Kb.

ҚҰДАЙДЫ ТАНУДЫ Ң 

ЖОЛЫ


АДАСҚАН ҰЛ ТУРАЛЫ НАҚЫЛ ӘҢГІМЕ 

...Міне,  Иса  тағы  да  мына  бір  нақыл  әңгімені 

айтып берді: 

“Бір адамның екі ұлы болды. Бірде кенже ұлы: 

–  Әке!  Сіздің  қайтыс  болғаныңызды  күттірмей­ақ, 

маған тиісті мұрамды қазір берсеңіз, жақсы болар еді! 

– деді 


Әкесі  келісіп,  өзінің  меншігіндегінің  бәрін  екі 

ұлына бөліп берді. 

Сонымен  арада  біраз  уақыт  өткенде,  кенже  ұлы 

өзінің  мүліктерін  жинап  алып,  алыс  жерге  кетіп 

қалды.  Ол  жерде  ойын­күлкінің  қызуымен  ол  өзінің 

қаражатын  қалай  ысырап  етіп  алғанын  байқамай 

қалды. 

Оның  қолында  көк  тиыны  да  болмай  қалғанда, 



сол  елде  ашаршылық  басталды.  Ол  қиын­қыстау 

жағдайға түсті. 

Ол 

жергілікті 



бір 

тұрғынға 

шошқа 

бағуға 


жалданды. 

Жігіттің 

ашыққаны 

соншалық, 

тіпті 

шошқаларға  беретін  жуындының  өзі,  оған  сондай 



дәмді  болып  көрінді.  Бірақ  соның  өзін  оған  ешкім 

бермеді! 

Ақырында ол есін жиып:


–  Мен  бұл  жерде  аштан  өлейін  деп  жүрмін,  ал 

әкемнің  қаншама  жалшылары  қарындары  тойғанша 

тамақ  іше  алады!  Әкеме  барайын  да  оның  алдынан 

өтейін. “Әке, Құдай алдында да, Сіздің алдыңызда да 

күнәға  баттым!  Сіздің  ұлыңызбын  деп  аталуға, 

лайықты  емеспін.  Мүмкін,  мені  жалшыларыңыздың 

қатарына ала алатын шығарсыз!” – дейін. 

Сөйтіп,  ол  әкесіне аттанып  кетті.  ...Ол  үйіне жете 

бергенде,  оны  көріп  қалған  әкесі,  алдынан  жүгіріп 

шығып, құшағына қысып, маңдайынан сүйді. 

– Әке! – деді оған ұлы. – Құдай алдында да, Сіздің 

алдыңызда  да  күнәлымын!  Сіздің  балаңызбын  деп 

аталуға лайықсызбын... 

Бірақ әкесі қызметшілеріне: 

–  Тезірек  жақсы  киім  әкеліңдер!  Оны  киіндіріп, 

қолына  алтын  жүзік  салыңдар!  Және  бордақыланған 

өгізшені  сойыңдар.  Той  жасап,  көңіл  көтереміз. 

Өйткені  менің  ұлым  өлген  еді,  тірілді.  Жоғалған  еді, 

табылды! – деп бұйырды. 

Сөйтіп, үйінде мерекелік той жасады...


Ал ол кезде үлкен ұлы далада жұмыс істеп жүрген 

болатын.  Ол  жұмыстан  қайтып,  үйіне  жақындай 

бергенде, қызып жатқан тойдың үстінен шықты. 

– Бұл не? – деп сұрады ол қызметшіден. 

– Ініңіз қайтып келді. Әкеңіз оны аман­есен көргені 

үшін,  бордақыланған  өгізшені  сойдырып,  той  жасап 

жатыр! – деді ол. 

Тұңғыш  ұлының  өкпелегені  сондай,  тіпті  үйге  де 

кіргісі келмеді. Әкесі шығып, оны шақырды. 

Алайда үлкен ұлы оған: 

–  Мен  сізге 

қаншама  жыл  бойы  қызмет  етіп, 

әрқашан  тіліңізді  алып  жүрдім!  Ал  сіз  маған 

достарыммен  той  жасау  үшін  бір  рет  те  өгізше 

тұрмақ,  лақ  та  берген  жоқсыз.  Ал  мынау  жеңіл 

жүріспен барлық байлығын шашып, құр қол келсе, сіз 

оған 


бола 

өзіміздің 

ең 

жақсы 


өгізшемізді 

сойғызғансыз! – деп жауап берді. 

Бірақ әкесі оған былай дейді: 

–  Балам!  сен  әрқашан  да  менің  жанымдасың, 

сөйтіп  мендегінің  бәрі  –  сенікі  болады.  Ал  қазір  біз 

қалайша  қуанып,  шаттанбаймыз:  өйткені  сенің  туған 

інің  өлген  еді  –  қайта  тірілді!  Жоғалған  еді  ­  қайта 

табылды.” 

Лұқа жазған Ізг і хабар 15­т арау


Исаның  әңгімелерінің  нақыл  әңгімелер  деп 

аталыну себебі, олар әрқашан да астарлы мағынада 

айтылып,  жай  әңгімелердің  мазмұны,  шын  мәнінде, 

тереңірек ойларды білдіретінінде. 

Үстірт  қарағанда,  бұл  нақыл  әңгіме  сүйіспеншілігі 

мол әке мен бірбеткей жігіт туралы секілді. 

Алайда  егер  мұқияттау  қарасақ,  біз  әңгіменің 

Құдай  мен  адам  арасындағы  қарым­қатынас  жайлы 

екенін  түсінеміз:  қайткенде  біз  Құдаймен  қайта 

табыса аламыз. 

Әкесінің  үйіне  қайтқан  жігіттің  жолы  –  біздің 

Аспандағы Әкемізге баратын жолымыз емес пе?! 

Келіңіз,  осы  жолдың  кезеңдерін  қарастырып 

көрелік.


Бірінші кезең 

Құдайдың ниет ін, т үпкі ойын білу 

Жігіт  өзін  сүйетін  әкесінің  үйінде  өсті.  “Ұлдарым 

өсіп,  ер  жетеді,  сонда  оларға  өз  мүлкімнің  бәрін 

мұраға  беремін”,  –  деп  асыға  күткен  әкені  көз 

алдымызға елестетуге болады... 

Құдай  да  солай.  Ол  –  тек  құдіретті  де  бәрін 

білетін,  мәңгілік  және  таусылмайтын,  киелі  де  адал 

ғана  емес.  Ол  сондай­ақ  бізді  шексіз  сүйеді.  Дүние 

жүзінде  ешбір  әке  Оның  сүйгеніндей  сүйе  алмайды. 

Біздің  әр  біреуімізге  Ол  ағыл­тегілінен  қуанышты  да, 

жан тыныштығын да, бақытты да береді. 

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Ал Мен (Иса) адамдар шынайы өмірг е ие болсын 

және  өмірі  рухани  иг ілікке  т олы  ағыл­т ег іл  мол 

болсын деп келдім. 

Жохан жазған Ізг і хабар 10:10 

Сонымен,  Иеміз  Иса  Мәсіхке  дег ен  сеніміміз 

арқылы 


ақт алғандықт ан, 

Оның 


арқасында 

Құдаймен т ат умыз 

Римдікт ерг е арналған хат  5:1 

АДАМ 


ҚҰДАЙ

Екінші кезең 

Күнәнің не екенін т үсіну 

Сол  жігіт  іспетті  біз  де  Әкеміздің  нұсқауларын 

ұстанбай,  өз  бетімізше  өмір  сүргіміз  келіп,  өз 

жолымызбен 

кеттік. 

Құдайдың 

және 

біздің 


арамыздағы  күнә  деп  аталатын  шыңырау,  барған 

сайын тереңдей және кеңейе берді. 

Біз қанша қаласақ та, Оның бізге дайындап қойған 

сол  бір  биік  бақытына  қолымыздың  жетпегеніне 

таңдануға  болады  ма?!  Біліммен  де,  дінмен  де, 

істерімізбен де жете алмаймыз! 

АДАМ 

ҚҰДАЙ 


игі істер 

дін


КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Адамдарға т  үзу болып көрінет ін жолдар бар; 

бірақ олардың аяғы өлімг е әкеледі. 

Нақыл әңг імелер 14:12 

Бәрі 


де 

күнә 


жасап, 

Құдайдың 

өздеріне 

белг ілег ен ұлылығынан құр алақан қалды. 

Римдікт ерг е арналған хат  3:23 

Күнәнің  берет іні  –  (мәңг ілік)  өлім,  ал  Құдайдың 

берет ін  сыйы  –  Иеміз  Иса  Мәсіхпен  т ығыз 

байланыст ағы мәңг ілік өмір. 

Римдікт ерг е арналған хат  6:23


Үшінші кезең 

Иса Мәсіхт ің не үшін келг енін т үсіну 

Біз  Құдайды  ұмыттық,  бірақ  Ол  бізді  бір  сәтке  де 

ұмытпайды  және  сүюін  тоқтатпайды.  Ол  әрдайым 

бізді 


Өзіне 

қашан 


қайтып 

келер 


екен 

деп 


төзімділікпен күтеді. 

Оның  Өзі  бізді  бөліп  тұрған  шыңыраудың  үстінен 

көпір  салғанына,  міне, екі мың жылдай  уақыт болды. 

Бұл көпір – Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх. 

Әкесі  Ұлын  жерге  біздің  күнәларымызды  өз 

мойнына  алу  үшін,  сөйтіп  біздің  Оған  қайта  келе 

алуымызды мүмкін ету үшін жіберді. 

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Дегенмен,  әлі  де  күнәкар  болып  жүрген  кезімізде 

біз үшін  Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай 

бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді. 

Римдікт ерг е арналған хат  5:8 

АДАМ 

ҚҰДАЙ 


МӘСІХ

10 

Мәсіх  те  әділ  бола  тұра,  әділетсіздер  үшін  азап 

шекті. 

Ол 


бізді 

Құдаймен 

табыстыру 

үшін 


күнәларымызға бола біржола өмірін қиды. 

Пет ірдің 1­ хат ы 3:18 

Иса:  “Жол,  шындық  және  шынайы  өмір  Менмін. 

Мен  арқылы  болмаса,  ешкім  де  Әкеге  бара 

алмайды”, – деді. 

Жохан жазған ізг і хабар 14:6



11 

Төртінші кезең 

Тәубег е келу және сену 

Жігіт  өзін  сүйетін  әкесінің  алдында  және  Құдай 

заңының  алдында  күнәлы  екенін  түсінгенде,  келесі, 

шешуші  қадамды  жасауы  керек  болды.  Ол  жазаны 

мойнымен  көтеруге  дайындалып,  сонымен  қатар 

кешірім алуға үміттеніп, үйіне аттанды. 

Сонда  тиісті  жазаның  орнына,  оған  әкесінің  өзіне 

деген сүйіспеншілігі ағыл­тегіл төгілді... 

Осындай 

қадамды 


бізге 

де 


жасау 

қажет: 


Құдайдың  сүйіспеншілігіне  жауап  ретінде  тәубеге 

келіп,  Мәсіхке  сену  керек,  яғни  Ол  салған  көпірмен 

Әкемізге қарай қадам жасауымыз керек. 

АДАМ 


ҚҰДАЙ 

МӘСІХ


12 

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Тәңірг е сиынған әркім құт қарылады. 

Римдікт ерг е арналған хат  10:13 

Енді  уақыт   жет іп,  Құдай  Пат шалығының  жер 

бет іне  орнайт ын  кезі  т аяп  қалды!  Теріс  жолдан 

қайт ып, Құдай жолына т  үсіп, Ізг і хабарға сеніңдер! 

Марқа жазған Ізг і хабар 1:15 

Құдайға  бет  бұрып,  тәубеге  келуге,  Одан  кешірім 

сұрауға  өзіңнің  сөздерің­ақ  жеткілікті,  тек  олар  сенің 

шынайы және маңызды шешіміңді білдірсе болғаны, ­ 

мысалы, былай: 

Құдірет т і Тәңір 

Менің  күнәларымды  кешіре  г өр.  Сенің  Ұлың  Иса 

Мәсіх 

мен 


үшін 

айқыш 


ағашт а 

өліп, 


менің 

күнәларымды  Өзінің  Қанымен  өт ег еніне  және  Оның 

өліден  қайт а  т ірілг еніне  сенемін.  Мәсіхт і  өзімнің 

Құт қарушым және Тәңірім деп қабылдап, Оның жолына 

т үсемін.  Менің  әлсіз  сенімімді  нығайт а  г өр.  Менің 

өміріме  еніп,  оны  өзг ерт .  Саған  алғысымды  айт ып, 

Сені даңқт аймын, Ұлы Құдай, Аумин. 

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Оны  қабылдап,  Оған  сенім  арт қандардың  бәрін 

Ол  Құдайдың  рухани  балалары  болуға  құқықт ы 

ет т і. 

Жохан жазған Ізг і хабар 1:12 

Өйт кені  Құдай  адамзат т ы  сондай  қат т ы 

сүйг ендікт ен, 

Өзінің 

жалғыз 


рухани 

Ұлын 


құрбандыққа  берді.  Енді  Оған  сенуші  әркім  жаны 

т озаққа т  үспей, мәңг ілік өмірг е ие болады. 

Жохан жазған Ізг і хабар 3:16


13 

Әрине  Құдайдың  жанұясындағы  өмір  бұрыңғы  “алыс 

жерлердегі” өмірден ерекше айырмашылықта болады. Құдай 

үшін өмір  сүру ­ өзің  үшін өмір  сүруден әлдеқайда өзгеше. 

Қиындықтар  мен  реніштердің  болуы  даусыз.  Бірақ егер  біз 

шын  жүректен  оның еркіне  сай өмір  сүруге  тырыссақ, онда 

Оның қатысы да, сыйы да, шапағаты да күннен күнге біздің 

өмірімізге елеулірек болып, ене бастайды. 

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ: 

Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы 

өмірге  ие,  ал  Онымен  байланысы  жоқт а  шынайы өмір  де 

жоқ. Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендікт ен мәңгілік 

өмірге иесіңдер. Оған сенім арт қан сендердің соны білулерің 

үшін бұларды жазып от ырмын. 

Жоханның 1­хат ы 5:12­13 

Сонымен,  біреу  Мәсіхпен  т ығыз  байланысса,  сол  – 

жаңадан  жарат ылған  адам.  Ескі өмірі  кет іп,  міне,  жаңасы 

пайда болды! 

Қорынт т ықт арға арналған 2­хат  5:17


14 

Осы беттерді оқи отырып, сіз жүрегіңізбен Құдайдың 

дауысын  естімедіңіз  бе?  Егер  естісіңіз,  онда  Құдай 

сізбен  сөйлеседі,  демек,  уақыты  жетті,  сөйтіп  енді  осы 

баяу  үннен,  Исаның  осы  мәңгілік  сөздерінен  жалтара 

алмайсыз: 

“Құдайдан  сұраңдар,  сонда  Ол  сендерг е  береді; 

іздеңдер,  сонда  т абасыңдар;  есікт і  қағыңдар,  сонда 

сендерг е  ашылады.  Себебі  сұрай  берг ен  әркім  алады, 

іздей берг ен т абады, есік қағып т ұрғанға ашылады.” 

Мат ай 7:7­8 

Құдай тек құдіретті де киелі, мәңгілік және адал ғана 

емес,  сондай­ақ  Ол  бізді  шексіз  сүйеді.  Дүние  жүзінде 

ешбір  әке  Оның  сүйгеніндей  сүйе  алмайды.  Ол  біздің 

әрқайсымызға  қуанышты  да,  жан  тыныштығын  да, 

бақытты  да  ағыл­тегіл  молынан  береді  және  Өзіне 

баратын шынайы жолды да көрсетеді. 

Енді  сіз  үшін  жаңа  өмір  басталды  –  Мәсіхтегі  өмір. 

Құдай  сізді  ешқашан  қалдырмайды.  Дегенмен  Онымен 

байланысыңыз  күннен  күнге  нығайа  беруі  үшін,  не 

істеуіңіз  керек?  Күнде  Киелі  кітапты  оқыңыз.  Жиірек 

сиыныңыз, 

өйткені 

сиыну 


– 

сіздің 


Құдаймен 

сұхбаттасуыңыз.  Басқаларға  Мәсіх  жайлы  айтыңыз! 

Сізге  мына  кітапша  да  көмек  берер  деп  үміттенеміз! 

Сенушілермен  қарым­қатынаста  болыңыз,  қауымға 

барып тұрыңыз. Мәсіхшілерге лайықты өмір сүріңіз. 

Сізге  Тәңіріміз  ақ  батасын  беріп,  шапағатын 

жаудырсын! 

Мекен­жайымыз: 

050031 Алмат ы п/ж 68 

“Шығыс сәулесі”






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал