Адамзаттың мәдени қалыптасу тарихында жеке тұлғалар мен адамдар



жүктеу 59.95 Kb.

Дата02.03.2017
өлшемі59.95 Kb.

332

Адамзаттың  мәдени  қалыптасу  тарихында  жеке  тұлғалар  мен  адамдар 

арасындағы қатынасты, қарым-қатынастың әртүрлі формаларын қалыптастыруда 

тәрбиелік және білім беру мекемелері маңызды орын алады. Білім мен мәдениеттің 

өзара байланысын арттыру принциптері туралы қазіргі кезде әртүрлі теориялар 

ұсынылған. Мысалы, ұлы этнограф М.Мид постфигуративті, кофигуративті және 

префигуративті  мәдениеттерді,  ресейлік  психолог  А.Г.  Асмолов  «қажеттілік 

мәдениеті» және «адамгершілік мәдениеті» теориясын, А.Б. Орлова «ересектер 

әлемі» және «балалар әлемі» қатынасына негізделген гуманистік білім теория-

сын ұсынады.[6].  

Қазақстан Республикасының мәдени тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген 

мәдениет теориялары кездеседі. Бұл жеке индивид өзіндік дамуын және ерекше 

мәдени контекстің қалыптасуына мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде әрбір адамның білім алу мүмкіндігі жоғары. Өркениеттің да-

муы мен сақталуы мәдениет пен білімнің дамуына, адамның қалыптасуын ойла-

умен, өнегелілікпен, ұлттық мәдени дәстүрмен, әлеуметтік мәдени тәжірибемен 

ұштастыратын  жаңа  мәдени  парадигмаларға    байланысты.  Білім  –  ол  дайын 

білімді алу ғана емес, ол ізденіс, саяхат жасау, жаңалық ашу, жеке және ұжымдық 

ізденіс. Білімді игеру – адамның зерттелетін әлеммен шынайы, тікелей қарым-

қатынасы. 

Жас  Қазақстан  өзінің  мәдени  гүлдену  сатысында  позитивті  әлеуметтік 

мәдени динамиканы болжауы тиіс, ғылым ресурстарын тиімді пайдалануы керек, 

білім беру әлеуметіне ерекше көңіл бқлуі тиіс. Себебі білімді адам мәдениетті 

дамыта алады, жоғарғы сатыдағы өркениетті елдер қатаына өз елін көтере алады. 

Сондықтан мемлекет мәдениет пен білімді жетілдіруге үлкен көңіл бөлуі керек. 

Мәдениет қоғамды модернизациялаудың және болып жатқан өзгерістерге 

адамдарды бейімдейтін шынайы фактор. Ал білім мәдениетті дамытудың өзегі 

болып саналады. 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Розанов Н.С. Методологические принципы ценностного прогнозирования//Со-

цально-философские проблемы обоазования. М., 1992

2. Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы // Егемен Қазақстан №254-256 

(24829) 15 тамыз 2007

3. Ионин Л.Г. Социология культуры. М., 1996

4. Орлова Э.Л. Динамика культуры и целеполагающая активность человека//Мор-

фология культуры. Структура и динамика. М., 1994

5. Крылова Н.Б. Культурология образования. М., 2000

6. Бейсенова Г.А. Образование-человек-культура//Адам әлемі. №4, 2001



ҚАЗІРГІ  ЖАСТАРДЫҢ  ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА 

ДІНШІЛДІК ФЕНОМЕНІ 

Сайлаубек қызы А.

Астана қ., Қазақстан

Әлемдік  өркениеттер  аясында  көп  ұлтты  және  көп  дінді  қазақстандық 

қоғамда дәстүрлі емес діндердің таралуы мен қызметіне орай туындаған қатерлі 

үрдіс объективті ғылыми зерттеуді талап етеді. Қазақстан қоғамының тұрақты да-



333

муы, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін тоталитарлық, деструктивті діни ұйымдар 

туралы мәселені зерттеу өзектілігі туындап отыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮ-ші сессиясында сөйлеген сөзінде өзінің 

ойын былай білдірді: «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы 

қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің 

қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің 

белсенді ұстанымы қажет етіледі.» [1, 2 б.]  

Дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  идеологиялық  және  басқа  да 

жұмыстарының нысанына жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар 

әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы 

ерекшеліктерге  ие.  Көпшілік  өмірдің  рухани  негіздерін,  өмір  сүрудің  мән-

мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. 

Қазіргі кезде жас адамдар өздерін дараландырып көрсетуге тырысады, бұл 

олардың  индивидуализмге  (даралыққа)  ұмтылысын  күшейтеді.      Индивидуа-

лизм  –  қазіргі  көптеген  қоғамға  тән  белгі.  Ол  тек  дәстүрлі  этникалық,  ұлттық 

құндылықтардан ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ұстанымдардан да бас тар-

ту қаупін тудырады. Дегенмен тұтынушылық қоғамда индивидуализмнің даму 

шегі  де  айқындалған.  Жалғыздықтың,  жатсынудың  қайғысы,  «қажетсіздігін» 

ұғынуы адамды өзін ыңғайлы сезінетін әлеуметтік қуыс іздеуге мәжбүр етеді. 

  Дәстүрлі  діндер,  ислам  және  христиандық,  қазақстандық  қоғамның 

қалыптасуында  мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болып отыр. 

Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін 

және  Қазақстандағы  қоғам  өміріне  оң  ықпал  етіп  отырғанын  атап  өткен  жөн. 

Дәстүрлі  діндер  арасындағы  қарым-қатынастың  конструктивті  сұхбат  жүргізу 

аясында  дамуы  қазақстандық  қоғамдағы  дінаралық  және  ұлтаралық  келісімге 

мүмкіндік туғызады, сондай-ақ  оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды 

факторы болып отыр.

Дәстүрлі  емес  діни  ұйымдар  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі 

жылдары кеңінен етек жая бастады және Қазақстандағы діни әр алуандықтың 

жаңа факторына айналды. Осы орайда ресейлік ғалым Е.Г.Балагушкиннің мына 

көзқарасымен  келісуге  болады:  «Әр  түрлі  құрамына  қарамастан  дәстүрлі  емес 

діндер өз тарапынан бірыңғай категорияны құрайды  – қарастырып отырған тарихи 

кезеңдегі  нақты  бір  қоғамның  дәстүрлі  дінінен  түбегейлі  ерекшеленетін  өзге 

діншілдіктің тұрпатты көрінісі. Олар діннің әлеуметтік қызметін қарқындатумен,  

көбінесе түбегейлі өзгертілген (әдетте дәстүрлі емес) діни ілімдердің негізінде 

құрылған  жаңашыл,  оппозициялық,  немесе  альтернативті  бағыттағы  жаңа 

әлеуметтік-діни  утопияларды  насихаттаумен  сипатталады.»  [2,10б.  –  Аударған 

А.С.]

Қазіргі  кезеңде  демократиялық  дискурсті  айқындайтын  діни  плюрализм 



діни жағдайды қиындатады және келесі мәселелерді туындатады. Біріншіден, ол 

демократиялық кеңістіктегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ұйымдардың қарым-

қатынасы.  Қазақстан  мұсылмандарының  рухани  басқармасы,  Орыс  православ 

шіркеуі мен дәстүрлі емес діни ұйымдар арасындағы сұхбат мүмкін бе? Бұл жер-

де әңгіме жай ғана формальды сұхбат жөнінде емес, консруктивті сұхбат жөнінде. 

Екіншіден,  бір  жағынан,  діни  сенім  бостандығына  кепілдік  беретін,  екінші 

жағынан, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға және 


334

деструктивті тенденциялардың алдын алуға бағытталған салмақты мемлекеттік-

конфессиялық саясат. 

Қазақстанның діни кеңістігінде дәстүрлі емес діни ұйымдардың белсенді 

таралуына  орай  тартыс  тудыратын  факторлар  да  жоқ  емес.  Олардың  белсенді 

таралуына әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер, индивидтің өмірдегі 

рухани  ізденістері  ықпал  етеді.    Оларды  ескермеуге  болмайды.  Гуманитарлық 

зерттеу  орталығының  (ГЗО)  мәліметі  бойынша  4-ке  жуық  пайызды  құрайтын 

дәстүрлі  емес  діндерді  ұстанушылар  санының  аздығына  қарамастан  [3,.46б.], 

олар өзге діни ұйымдарға қарағанда айтарлықтай белсенділігімен ерекшеленеді. 

Қазақстан аумағында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуының келесі 

себептерін көрсетуге болады. Сенім мен сенімсіздік аралығында күмәнданушы 

«дін төңірегіндегі» тұрғындар санының едәуір көп болуы. Мұндай «дінсымақ» 

адамдар дәстүрлі емес діндердің миссионерлері үшін қолайлы жағдай тудырады. 

Екіншісі, діни сауатсыздық, негізгі діни білімнің жоқтығы. Бұл қазіргі діни 

жағдайда  адамдардың  бағыт-бағдарын  бұрмалауға  және  оларды  діни  насихат 

жүргізуде  ыңғайлы нысанаға алуға мүмкіндіктер тудырып береді. 

Үшіншісі,  бұл  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  догмалық,  культтық, 

ұйымдастырушылық  ерекшеліктері.  Догмалық  тұрғыда  жаңа  діни  ағымдар 

жеңіл жол мен жауап іздеген бұқаралық тұтынушы қоғам адамының санасына 

негізделген  тиімді  догматтармен  ерекшеленеді.  Жаңа  діни  ағымдар  діннің  өз 

ішіндегі  дедогматизация  мен  секуляризация  үдерісінен  туындайтын  діннің  өз 

ішіне зайырлылықтың енуі тенденциясымен сипатталады, бұл қазіргі зайырлы 

қоғам  адамының  оларға  деген  қызығушылығын  тудырады.  Культтік  тұрғыда, 

діни қызметтің қазіргі адам талғамдарына жауап беретін, бір көзбен қарағанда, 

өзіндік демократтық пішіні айқындалады.

Ұйымдастырушылық  бағытта  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдар  өзінің  көп 

ошақты әлеуметтік кеңістігімен, дүниетанымдық плюрализммен  ерекшеленетін 

қазіргі қоғамның желілік құрылымына сәйкес. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың 

ұйымдастырушылық  құрылымы,  дәстүрлі  діндерге  қарағанда,  бұл  дүниедегі 

табыстар  мен  о  дүниедегі  жеңілдіктерге  бағытталған  нарықтық  қатынастарға 

анағұрлым  сәйкестелген.    Мысалы,  Қазақстандағы  жаңа  ағымдардың  басым 

көпшілігін протестанттық бағыттағы ұйымдар құрайды.  Бұл идеялар Қазақстан 

Республикасында  нарықтық  экономиканың  дамуы  жағдайында  адамдарды  аса 

қызықтырады.

Төртіншісі,  жаңа  діндерді  ұстанушылар  өз  миссионерлік  қызметін 

белсенді атқарады. Олар түрлі жағдайларға икемделіп, елдегі әртүрлі топтардың 

психологиялық ерекшеліктерін ескере әрекет ете алады. Олар жастарға, олардың 

ауыспалы  талаптары  мен  талғамдарына    баса  назар  аударыды.  Алматы  қ. 

«Қазақстан жастарына діни ұйымдардың ықпалы» атты тақырып бойынша ГЗО 

жүргізген зерттеулер «дәстүрлі емес» діндердің, соның ішінде жаңа протестанттық 

діни ұйымдар мүшелерінің басым көпшілігі жастардан құрылғанын анықтады. 

Бұл  феномен  былай  түсіндіріледі:  «Бұл  жерде  жастардың  бойына  тән  жал-

пы  қарсыластық  қасиет,  «басқалардан  ерекше  болуға  талпыныс»  ықпал  етеді 

(респонденттердің жауаптары бойынша). Сонымен бірге, жас адамдар «дәстүрлі 

емес»  діндер  тарапынан  жастарды  өздеріне  тарту  үшін  қазіргі  психологиялық 

технологиялар  қолданылатынын,  діни  ағымдардың  уағыздаушыларының  


335

психологиялық дайындығы жоғары екендігін атап көрсетті» [4, 30б. – Аударған 

А.С.]. 

Қазақстанда  жаңа  діни  ағымдардың  таралуы  аясында  сипатталған  діни 



плюрализм жағдайының болашақта дамуының қазақстандық қоғам үшін қандай 

салдары  болмақ.  Осы  сұраққа  орай  қазақстандық  зерттеушілерді  екі  топқа 

жіктеуге  болады.  Зерттеушілердің  бірінші  тобы,  атап  айтқанда  А.И.Артемьев, 

Я.Ф.Трофимов, аталмыш діни плюрализм демократиялық қоғамның   ажырағысыз 

белгісі  болып  отырған  діни  сенім  бостандығының  көрінісі  деп  есептейді.    [5, 

159б.]. 


А.Г.Косиченко,  В.Д.Курганская,  А.Н.Нысанбаев,  Г.Т.Телебаев  және 

т.б.  құралған  зерттеушілердің  екінші  тобы  аса  сақтықта  әрі  байыпты  пікірді 

ұстанады. Діни сенім бостандығы Қазақстан жерінде өздерін жария еткен діни 

ұйымдардың  ешбір  бақылаусыз  қызмет  жүргізуіне  мүмкіндік  беретін  діни 

саладағы  жүгенсіздікке  жол  беру  емес.  Еліміздегі  жаңа  діндердің  шетелдік 

миссионерлеріне айқарыла жол ашылуына, дәстүрлі емес діни ұйымдар санының 

көбеюіне барша мүмкіндіктерді тудырып отырған қазіргі жаһандану жағдайында 

мемлекетіміздің  конфессионалдық  қауіпсіздігі  мәселесі  туындайды.  Аталған 

зерттеулер  көрсеткендей,  тіпті  демократиялық  деп  танылған  елдердің  өзінде 

заңды  түрде  бекітілген  конфессиялар  теңдігі  олардың  іш  жүзіндегі  теңдігіне 

әр  кезде  толық  сәйкес  келе  бермейтінін  айқындайды.  Мысалы,  қазақстандық 

зерттеуші  Н.Ж.  Байтенова,  шет  елдердің  тәжірибесін  талдай  келе,  былай 

деп  қорытындылайды:  «Біздің  еліміз    жіктеу  әдісіне,  мысалы,  дәстүрлі  діни 

ұйымдардың және жаңа діни құрылымдардың түрлі құқықтық мәртебесін бекіту 

жүйесіне, негізделген жаңа діни құрылымдардың өсуі мен таралуын қадағалау 

мақсатында көптеген шараларды қолданып отырған еуропалық мемлекеттердің 

тәжірибесіне ерекше қызығушылық тудырып отыр.» [6, 242б.]. 

Бұл  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  қазақстандық  қоғам  үшін  тари-

хи,  мәдени,  өмірлік  маңыздылығына  байланысты,  бір  жақтан,  ислам  мен 

православиені, екінші жақтан, «дәстүрлі емес» діндерді теңестіру мүмкін емес. 

Сондықтан, әр түрлі діни ұйымдарға, олардың қызметін және оның қазақстандық 

қоғамның  рухани-өнегелілік  ахуалына  ықпалын  жан-жақты  зерттеу  негізінде, 

дифференциалды тұрғыда қараған жөн.

Бізге жаһанданудың басты түрткілерінің бірі  аксиологиялық, яғни өткен 

кезең  құндылықтарын  түбегейлі  қайта  қарау  екендігін  ескермеуге  болмайды. 

Көбінесе  бұл  тұлғаның  және  жеке  әлеуметтік  топтардың,  бірінші  кезекте,  жа-

стар  санасының  ауытқушылығына,  халықтың  мәдени  құндылықтарынан  қол 

үзуіне  әкеледі.  Сондықтан,  Қазақстандағы  дәстүрлі  емес  діндердің  таралуын 

діни  плюрализмнің  көрінісі  ретінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  қазақстандық 

қоғам өміріне және қазақстандықтардың санасына енгізілген жаңа идеологиялық 

ой,  қағидат  ретінде  қарастырған  жөн.  Бұл  жаңа  қағидаттар  рухани-өнегелілік 

үлгілерге қаншалықты сәйкес, олар адамның Құдайға жақындауына қаншалықты 

ықпал етеді, демек, олар қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін сақтауға не-

месе, керісінше, оны қиратуға, қаншалықты талпыныс жасайды деген мәселелерді 

зерттеу өте маңызды. 

Қазақстан Республикасында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуын зерт-

теу өзектілігі, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам тұтастығын 


336

сақтау,  жастардың  сыни  ойын,  жастар  ортасында  діни  толеранттылық  сананы 

қалыптастыру  мақсатында  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  идеологиясы  мен 

Қазақстан жастарына әсер ету тетіктерін зерттеудің объективті қажеттілігінен ту-

ындайды.

Жастардың  дін  саласындағы  сауаттылығын  мақсатты  түрде  арттыру 

жастармен  жұмыстың  аса  маңызды  бағыттарының  бірі  болуы  қажет. 

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясында сөйлеген сөзінде келесі жағдайды 

атап өтті: «Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің 

ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына дендеп енбей 

жатып  діндарлықтың  сәнге  айналғанын  көріп  отырмыз.  Адамдарды  қандай  да 

бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды. Сондықтан жастарға ерекше назар 

аудару қажет.» [1]. 

Дәстүрлі  емес,  оның  ішінде  деструктивті  бағыттағы,  діндер  өз  назарын 

қалың  қауымға  аударып  отыр,  олар  білім  беру  жобаларына  қатысып,  мәдени-

ағартушылық  ұйымдардың  қызметіне  араласады  және  танымдық  жағынан 

жастардың арасында қызығушылықты тудыра білу қабілетіне ие. Тек білім ғана 

еркін  және  жауапты  таңдау  жасауға,  қазіргі  әлем  ұсынып  отырған  үрдістерді 

қабылдауға немесе қабылдамауға жағдай жасай алады.  

Пайдаланған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. Ұлт тұтастығы  – біздің стратегиялық таңдауымыз//Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХҮ- ші сессиясында сөйлеген сөзі. Егемен Қазақстан, 27  қазан 

2009 ж. 

2. Е.Г.Балагушкин. Нетрадиционные религии в современной России. -М., 1999.

3. Косиченко А.Г., Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н., Бегалиев Н.К. Взаимодей-

ствие религий в Республике Казахстан.- Алматы: Центр гуманитарных исследований, 

Издательство «Искандер», 2006.

4.  Курганская  В.Д.,  Дунаев  В.Ю.,  Косиченко  А.Г.,  Подопригора  Р.А.,  Садовская 

Е.Ю., Чупрынина И.Ю. Влияние религиозных организаций на молодёжь в Казахстане 

(Научно-исследовательский отчет). – Алматы: Центр гуманитарных исследований, 2003.

5.  Артемьев  А.И.  Содержание  и  сущность  основных  религиозных  конфессий  и 

деноминаций как объект государственной политики в современном Казахстане// Нысан-

баев А.Н., Хамидов А.А., Косиченко А.Г., Колчигин С.Ю., Бисембаев  Ф.К., Сыроежкин 

К.Л., Артемьев А.И. Религия  в политике и культуре современного Казахстана. – Астана: 

Ел Орда, 2004.

6.  Байтенова  Н.Ж.  Новые  религиозные  образования  и  вопросы  националь-

ной  безопасности  //  Наука.  Философия.  Религия:  материалы  международной  научно-

теоретической  конференции,  посвященной  80-летнему  юбилею  КазНПУ  им.  Абая  и 

70-летнему юбилею академика АСНК, доктора философских наук, профессора Мурата 

Сабита. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008.



ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Макимбаева Ж.М.

Астана қ., Қазақстан

Исламдағы әйел мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы әйел мәселесінің та-

рихына қысқаша талдау жасап өтуге тиіспіз. Бүгінде ірі діни ұстанымға айналған 

христиандық, иудаизм, буддизм, ислам діндері өз қағидаларында әйел мәселесіне 



көп орын бөліп қарастырған.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал