Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



жүктеу 2.84 Kb.

бет1/23
Дата06.09.2017
өлшемі2.84 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

з
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ 
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың өмірі 
 
 
 
 
 

 
МЕККЕ КЕЗЕҢІ 
 
 
 
 
 
 
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим 
 
Алматы 2003
 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

ББК 86.3 
  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы 
А24
                                             
   Сараптау комиссиясы мақұлдаған
 
 
 
Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл  тәжі  Мұхаммед 
пайғамбардың өмірі.  Мекке  кезеңі. 
 
 
ІSBN 9965-00-438-2 
 
 
Адамзаттың  асыл    тәжі  –  Аллаh Тағаланың сүйікті құлы, 
әрі    елшісі  Хазіреті  Мұхаммед 
(с.а.у.)
  екендігі  даусыз.  Соңғы 
пайғамбар  Хазіреті    Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
  Меккедегі  өнегеге 
толы өмірі  жайлы баяндалады. 
 
 
 
 
 
02
)
05
(
00
0403000000
A

 
 
 
 
 
 
ББК 86.3 
 
ІSBN 9965-00-438-2 
 
 
© Ибрагим Д.О.,2002 
 
 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

 
 
МАЗMҰНЫ 
 
АЛҒЫ СӨЗ  ……………………………………………………….  6 
FИБPAT  - ҒҰМЫР  ………………………………………………  8 
 
I   ТАРАУ 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ   
ДҮНИЕГЕ  КЕЛГЕНГЕ  ДЕЙІНГІ  ТАУАРИХ   
Жалпы әлемнің және адамзаттың  халі   …………………………  14 
Арабстанның жағдайы  ………………………………………….. 
17 
Пәк шежіре ………………………………………………………. 
29 
Хазіреті   Абдуллаhтың  үйленуі  және өлімі  …………………… 
42 
Піл  оқиғасы ................................................................................... 
45 
  II   ТАРАУ 
МҰХАММЕД  ПАЙҒАМБАРДЫ Ң   БАЛАЛЫҚ  ШАҒЫ 
Пайғамбарымыздың дүниеге келуі  .............................................. 
52 
Пайғамбарымыз дүниеге келген   сәттегі  қилы-қилы  оқиғалар ...  55 
Пайғамбарымыздың сүтанасына табысталуы  …………………..    60 
Пайғамбарымыздың туған шаңырағына қайта оралуы …………  73 
Хaзpeті  Әминаның мәңгілік  сапарға аттануы  …………………...   75 
Хaзpeті  Мұхаммед атасы Әбдімүттәліптің   
қамқорлығында  …………………………………………………….  79 
Пайғамбарымыз көкесі  Әбу Тәліптің  қолында   ………………..  84 
Шамға  сапар   ………………………………………………………  89 
III   ТАРАУ 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ  ЖАСТЫҚ   ШАҒЫ 
”Хылфул фудул” қоғамының құрылуы …………………………  96 
Пайғамбарымыз екінші  рет Шам жолында  …………………….  98 
Пайғамбарымыздың Хaзіpeті  Хадишамен үйленуі  …………… 
102 
Пайғамбарымыздың Зәйд ибн Харисаны азат етуі …………… 
107 
Пайғамбарымыздың Хaзpeті  Әлиге  қамқорлығы ……………. 
112 
Қағбаны жөндеу ………………………………………………... 
114 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

 
IV   ТАРАУ 
ХAЗІPETІ  МҰХАММЕДКЕ  ПАЙҒАМБАРЛЫҚ    
МІНДЕТІНІҢ  ЖҮКТЕЛУ І 
Ғайыптан естілген  дауыстар ……………………………………..  120 
Дүниенің сұлтаны-Хира  үңгірінде  ………………………………  122 
Уахидың  біраз уақыт толастауы,  кейіннен  қайта  келе бастауы .    128 
V  ТАРАУ 
АЛҒАШҚЫ  МҰСЫЛМАНДАР  ЖӘНЕ   
ОЛАРДЫҢ  БАСЫНАН  КЕШКЕНДЕРІ 
Ең  бірінші  мұсылман- Хaзіpeті  Хадиша  ………………………….  132 
Хaзіpeті  Әлидің  мұсылман болуы  ………………………………..  133 
Хaзіpeті  Әбу Бәкірдің  мұсылман болуы ………………………….  137 
Хaзіpeті  Біләл  Хабашидың  азапталуы ……………………………  141 
Хaзіpeті  Осман мұсылмандар қатарында  ………………………..  145 
Талха  ибн Убайдуллаhтың  мұсылман болуы ……………………  147 
Халид  ибн Саидтың  Исламға кіруі  ………………………………  149 
Саад  ибн Әби Уаққас  та – мұсылман ……………………………  151 
  Әбу Зәрр Ғифаридің иманға келуі  ………………………………. 
155 
Аллаһ жолындағы  азап та тәтті   …………………………………  160 
 
VI   ТАРАУ
 
ХAЗІPETІ   МҰХАММЕДТІҢ    
ПАЙҒАМБАРЛЫҒЫН  ПАШ  ЕТУІ 
Ұлы  істің  кіріспесі  …………………………………………………  166 
Ағайынның басын қосқан екінші  жиын  …………………………  169 
Сафа төбесінен айтылған  үндеу  ………………………………….  172 
Пайғамбарымызға жасалған  зұлымдықтар  ………………………  175 
Хaзіpeті  Мұхаммед пен мұсылмандар  Дарул Әркамда    ……….  185 
Хaзіpeті  Әбу Бәкірге  жасалған қиянат   …………………………..  186 
Ясир отбасының басынан кешкендері   …………………………..  189 
Мүшріктердің   Әбу Тәліпке  арыздануы …………………………  194 
Хабашстанға  хижрет  ………………………………………………  202 
Хaзіpeті  Хамза мұсылмандар қатарында  ………………………...  204 
Мүшріктер  ұсынысы ……………………………………………...  210 
Хaзіpeті  Омар-қырқыншы мұсылман …………………………….  215 
Хабашстанға  екінші  көш ………………………………………….  223 
Хазіреті  Әбу  Бәкір  мен Үбәй  ибн Халаф ……………………….  233 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

Муғжиза:  айдың екіге  жарылуы …………………………………    237 
Мұсылмандарға қарсы бойкот  ………………………………….  239 
Қайғыға  толы  жыл  ……………………………………………… 
245 
Пайғамбарымыздың Хaзіpeті  Айшамен некелесуі …………… 
254 
Пайғамбарымыздың Хaзіpeті  Сәудамен үйленуі ……………….  258 
Пайғамбарымыздың Тайфқа сапары  ……………………………  260 
Исра және Миғраж муғжизалары  ……………………………….  265 
Өзге  тайпаларды  Исламға шақыру  ………………………………  270 
VII   ТАРАУ 
ИСЛАМ  ШЕҢБЕРІНІҢ  КЕҢЕЮІ 
Мәдиналық  алғашқы  мұсылмандар ………………………………  274 
Бірінші  Ақаба келісімі  …………………………………………….  278 
Екінші  Ақаба келісімі   …………………………………………….  281 
Хижрет  бағыты - Мәдина …………………………………………  286 
Омар бастаған мұсылмандардың көші …………………………..  289 
Дарун-Нәдуаның қорқынышты  қаулысы ………………………..  290 
Пайғамбарымыздың хижреті   …………………………………….  292 
Құба мешіті  және алғашқы  хұтбалар  …………………………….  306 
Пайғамбарымыз Мәдинада  ……………………………………….  312 
Мекке кезеңін  түйіндейтін  болсақ  ……………………………….  316 
Пайдаланылған  әдебиеттер  ……………………………………….  323 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

 
А
дамзаттың  ардақтысы 
 
Біз  бәріміз  де  Құдайдың  құлы, Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
 үмметі 
болғанымыз  үшін  ерекше  шүкіршілік  етсек  керек?!  Біздің 
пайғамбарымыз  Аллаһтың  соңғы  елшісі,  ең  сүйікті  құлы, бүкіл 
әлемге түсірілген Құран кітаптың иесі,  олай болса, Мұхаммед те 
күллі ғаламның пайғамбары екендігі даусыз. 
Аллаһтың  құдіретімен  айрықша  жаратылған  жанның 
туғаннан  өмірден  өткенге  дейінгі  өмірбаянын  әрбір  мұсылман 
көкірегіне  түйіп,  көзінің  қарашығындай  сақтап  білсе, нұр үстіне 
нұр  болары  хақ.  Өйткені  мүбарак  пайғамбарымыз  адам 
баласына аса қажетті екі дүниенің пайдасы мен зиянын жібекке 
тізген  меруерттей  етіп  мөлдіретіп  толғап  айтқан. Мұхаммедтің 
(хадис)  –  киелі  сөздерінің  әр  лебінен  шипа,  пенденің  ауыр 
жолына  тура  бағыт-бағдар  сайрап  тұр.  Осы  саладағы 
олқылығымызды  толтырарлықтай  дер  кезінде  екі  том  кітап 
жазған  (Мұхаммедтің  өмірбаяны)  Дамира  Өмірзаққызы 
Ибрагимге ризамыз. 
Бір ескерер мәселе, пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деген 
атының  өзі  жан  баласы  қызығарлық  «мақтаулы»  деген 
мағынаны  береді.  Бұл  жөнінде  біз  сөз  етіп  отырған  қолжазба 
кітапта былай делініпті: «Дүниенің сұлтаны – пайғамбарымыз 
туылған  сәтте  атасы  Әбдімүттәліп  Қағбаның  жанында 
Құрайыштың  ақсақалдарымен  бірге  әңгіме-дүкен  құрып 
отырған. Сүйінші хабар оған жетті... Торсық шеке немересін 
құшағына  ала  салып  емірене  аймалады...  Ұлы  Әбу  Тәліпке 
ұстатып тұрып: «Осы баланы саған аманат еттім, мәртебесі 
биік,  ерекше  құрметке  бөленетін  жан  болады»,-  деді. 
Шаранаға  ат  қою  құрметі  атасына  берілді,  атасы 
ойланбастан:  «Мұхаммед  болсын»-  деді.  Арабтарда  жаңа 
туған сәбиге ата-бабаларының атын қою рәсімі ежелден бар, 
көпшіліктің «Неге аталарымыздың бірінің атын қоймадың?» 
деген сауалына атасы: «Ұлымның өмірінің ғибратты да баянды 
болып, Аллаһ тарапынан да, адамдар тарапынан да мақтауға 
лайық болғанын қалаймын»,- деп жауап берді...» Осы кішкентай 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

ғана  үзіндінің  өзінен  пайғамбарымыздың  туа  салып  жұрттың 
назарына іліккенін  көреміз.  
Мұхаммедтің  бүкіл  тірлігі  адам  баласына  үлгі-өнеге, 
ғылымға  толы.  Бұл  Аллаһтың  нұры  жауған  киелі  жанның 
істеген әрбір ісі, сөйлеген әрбір сөзінде (хадис) мүлтік жоқ таза, 
айрықша  шындығымен  ерекшеленеді.  Дамираның  осы  біз  сөз 
етіп отырған екі том дүниесі мүбарак жанның адам қызығарлық 
сыртқы  сұлу  бейнесін,  ішкі  жан  тазалығын  барынша  қаз-
қалпында  қазақтың  айшықты  тілімен  жеткізуге  тырысқаны 
көрініп  тұр.  Бұл  еңбекті  оқи  отырып,  пайғамбарымыздың  биік 
пайым-парасатына,  алғырлығына,  ақылының  түпсіз  тереңдігіне, 
досына адалдығына, әсіресе сабырлылығына дән риза боласыз. 
Мысалы, Бәдір соғысында қасында азғана сахаба, қару-сайманы 
да  мардымсыз,  көлік  те  жоқтың  қасы.  Жасанған,  мұздай 
қаруланған,  өзінен  бірнеше  есе  көп  жауға  қарсы  тұру  қандай 
қиын.  Бұл  жағдайды  оқып  отырып,  біз  күйіп-пісіп  жанымызды 
қоярға  жер  таппадық,  ал  Мұхаммед  болса,  өзін  салмақты  да 
сабырлы ұстайды, өзім білем, «айттым бітті, кестім үзілді» деп 
тұрған  жоқ,  қайта  жолдастарымен  ақылдасып,  қиын  істің 
түйінін  оңай  шеше  білді.  Аллаһтың  арқасында  алынбайтын 
қамалды алды, жеңілмейтін жауды жеңді. Жұрт айтса сенбейтін 
даңқты жеңіске ие болды. 
Дамира  Пайғамбарымыздың  муғжизаларының  («Құран 
Кәрім»,  «Миғраж»,  «Құбыланың  өзгеруі»)  кереметтігін  де 
түсінікті  тілмен  әдемі  баяндаған.  Ол  жан-жақты  ізденген,  көп 
оқыған,  пайғамбарымыздың  «бесіктен  бейітке  дейін  ғылым 
үйрен»  деген  өсиетін ұстанған, ары да, жаны да таза жан екен. 
«Адамзаттың  асыл тәжі» еңбегінің ендігі жерде ел-жұрты оқып 
қызығын  көрсін,  Аллаһ  еңбегін  жандырсын,  алдағы  жақсы 
істеріне де сәттілік тілеймін. 
 
Сәрсенбі Дәуітұлы 
Филология ғылымының докторы, 
Д.А.Қонаев атындағы университеттің 
профессоры, Жазушылар одағының мүшесі. 
 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

 
 
 
Ғ
ибрат - ғұмыр 
Адамзаттың  асыл  тәжі,  екі  дүниe пайғамбары-Аллаh 
Тағаланың  сүйікті  елшісі  Хазіреті  Мұхаммед  (сaллaллahy 
aләйhи ya cәллaм) екендігі  даусыз.  
Ол  өзіне  дейінгі  бүкіл  пайғамбарлардың  жоғары 
қасиеттері 
мен 
ұлы 
жолын 
жалғастырушы, 
толықтырушы әрі тәмамдаушы ретінде келді.    
Ол  келмес  бұрын  дүниенің  халі  мүшкіл,  адамзат  өмірі 
түнекте болатын.  
Оның  нұры  күллі  ғаламға  сәуле  боп    төгілді.  Хазіреті 
Мұхаммедтің  келуімен  көңілдерді  перделеген  қараңғылық 
серпіліп,  саналарды  тұмшалаған  тұман  сейілді.  Иман 
кәусарына  қаныққандар  жаратылыстың    мәнін  ұға 
бастады.  
Небары  жиырма  үш  жыл  ішінде  Ол  екі  дүниeдe 
өшпейтін,  өлмейтін  киелі  мұра  қалдырды.  Арадан  он 
төрт  ғасыр  өтсе  де,  Оның  мирасын  жүрек  түкпірінде 
сақтаған  түрі  мен  тілі  басқа  бір  жарым  миллиардтан 
астам  үмметінің  қатары  күннен    күнге  көбейе  түсуі  – 
осының айғағы. Оның үмметі күн сайын есімін атап, Оған 
салауат  айтып  қана  қоймай,  өмір  жолын,  мінез-құлқын 
өнеге етіп келеді.  
Әрбір  адам  өз  бойынан  табылуын  қалайтын  сабыр, 
ұстамдылық, 
қанағат, 
дархандық, 
кішіпейілділік, 
батылдық  сияқты  көркем  мінез-құлықтар  бар.  Бұл  — 
адамды  нағыз  адам  ететін  асыл  қасиеттер.  Ардақты 
қасиеттердің,  әсем  мінез-құлықтың  барлығы  бойынан 
табылатын  өнегелі  тұлға  екі  дүние  пайғамбары 
Мұхаммед 
(с.а.у.)
  екендігіне  шүбә  келтірмейтініміз  ақиқат. 
Оның    жоғары  керемет  көркем  мінез-құлық  иесі  екендігі 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 

Аллаh  Тағаланың  қасиетті  кітабы  Құранда  былайша 
сипатталады.  “Сен  үшін  түгесілмейтін  қазына  бар. 
(Өйткені)  Сен  керемет  көркем  мізез-құлыққа  иесің.” 
(Қалам сүресі,4-аят)   
Құран  “Аллаh  Расулының  бойында  сендерге  үлгі 
боларлық  керемет  қасиеттер  бар”  (Ахзаб  сүресі,  4-аят) 
деу  арқылы  барша  мұсылмандарды  Одан  өнеге  алуға 
үндейді.  Иә,  шындығында  да  оның парасат-пайымы, өмір 
жолы,  сөзі  мен  әрбір  әрекеті  біз-мұсылмандар  үшін 
таптырмас  үлгі.  Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
  өзі 
де  “Мен  тек  жоғары  көркем  мінез-құлықтың  үлгісін 
көрсету  үшін  жіберілдім”  деп  бұл дүниеге келу мақсатын 
нақтылай түседі.  
Оның  мінез-құлқын  Аллаh  Тағала  мадақтаған.  Өзіне 
дейінгі  діндерді  тәмамдап  толықтырушы  исламның 
негіздері  жазылған  Құранды  түсірген  кезде  ондағы 
айтылғандарды  іс  жүзінде    адамзатқа  паш  ету  үшін 
Аллаh  Мұхаммед  пайғамбарды  таңдаған.  Құранда 
баяндалған  ғажайыптардың  бәрін  пайғамбарымыздың 
өмірі  дәлелдей  түседі.  Пайғамбардың  айнымас  серіктері-
сахабалар  Хазіреті  Айша  анамыздан  Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
 
мінезі  жайлы  айтып  беруін  өтінгенде  ол:  “Сендер 
Құранды  оқыған ба едіңдер? Оның мінез-құлқының өлшемі 
– Құран ғой” деп жауап берген екен.  
Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
  өмірі  барша 
әлеуметтік және қоғамдық топтың өкілдері  үшін өнегеге 
толы.  Айталық,  әрбір  дәулетті  адам  хижретінен
1
 
бірнеше  жылдан  кейін  бүкіл  Арабстанға  әкім  болып, 
молшылыққа  кенелген,  алайда  бар  дүниесін кедей-кепшікке 
үлестіріп берген пайғамбарымызды өнеге тұтуы керек. 
                                                 
1
 Меккеден  Мәдина қаласына  көшкеннен кейін 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
10 
Жанашыр  ешкімі  жоқ,  халі  мүшкіл,  бауыр-туысы 
тастап  кеткен  жарымжан  кісілер,  Меккеде  адам 
айтқысыз  азаптарға  душар  болып,  өз  ағайындарынан 
жәбір көрген пайғамбарымызды есіне алып, қиыншылыққа 
мойымауы тиіс. 
Тәрбиеші,  ұстаздар  мешітінің  ауыз  бөлмесінде  бүкіл 
жауапкершілігін  өз  мойнына  алған  шәкірттеріне  дәріс 
беріп, 
тәрбиелеген 
шапағатты 
пайғамбарымызды 
әрдайым жолбастаушы деп білгені дұрыс.  
Ал  әрбір  шәкірт  Аллаhтан түскен Құранды Жебірейіл 
періштенің  құзырында  отырып  оқып-үйреніп,  іске 
асырған Аллаh Расулынан өнеге алуы керек.  
Әрбір  жеңімпаз  әскербасы,  саны  аз  әскерімен  ұлы 
жеңістерге  қол  жеткізген,  Меккені  алған  тұста 
кішіпейілдігінен          басын  барынша  иген пайғамбарды үлгі 
етуі қажет.  
Әрбір 
саудагер 
жұбайы  Хазіреті  Хадишаның 
саудасына  көмектесіп,  сауда-саттықта  қара  қылды  қақ 
жарған әділ пайғамбарымыздан сабақ алғаны дұрыс.  
Жетімдіктің  зардабын  тартқан  әрбір  адам  ана 
құрсағында  әкесінен,  алты  жасында  аяулы  анасынан 
айырылып тұл жетім қалған Расулаллаhтың
2
 өмірін өнеге 
тұтуы керек.  
Әрбір  жасөспірім  намыс  пен  әдептің  үлгісі,  шыншыл 
да турашыл Хазіреті Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
 өмір жолын үлгі 
деп білсін. 
Халыққа  уағыз  айтып,  адалдыққа  насихаттайтын 
әрбір  адам  мешітте  сахабаларына  шешен  де  көркем 
тілімен  ақиқатты  ұғындырған,  тура  жолға  бағыт 
сілтеген,  дүйім  жұртты  ұйытқан  Аллаhтың  сүйікті 
құлы-Мұхаммедтен 
(с.а.у.)
  өнеге алғаны дұрыс.  
                                                 
2
 Аллаһтың  елшісінің 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
11 
Біз  –  бақытты  ұрпақ  екі  дүние  пайғамбары 
Мұхаммедтің 
(с.а.у.)
  үмметі  болуды  нәсіп  еткен  Аллаhқа 
мың  да  бір  шүкірімізді  айтып,  пайғамбар  жолынан 
адаспауды,  оның шапағатына бөленуді тілейміз. Өйткені, 
адамзат Оны  тануға мәжбүр.  
Оны  танып  –  білмей,  өмірлік  принциптерінен  үлгі 
алмаған  жағдайда  рухтар  семіп,  өмірден  түңілу  пайда 
болады.  
Айналамыздағы  қаптаған  проблемалардан  арылудың, 
тынығудың бірден бір жолы – рухқа иман нәрін егу.   
Осынау  ұлы  тұлғаның  өмірі  жайлы  қалам  тарту  –  
бақытты  міндет.  Қазақ  деген  ғажап  халықтың 
руханиятын 
асқақтатуға, 
ұзақ 
жылдар 
бойы 
ұмыттырылмақ  болған  ұлттық  құндылықтарымызды 
жаңғыртуға  тамшыдай  да  болса  үлес  қосу-қасиетті 
борыш.  
Имандылық бастауы – дін десек, мәдениет – діннің бір 
тармағы. Дін мен ділді нығайту мақсатымен дайындалып,  
оқырман  қолына  тиіп  отырған    кітаптың  рухани  кем-
кетікті  толтыруға  пайдасы  тиіп  жатса  еңбектің 
ақталғаны.  
Осы  туындының  жарыққа  шығуына  септігі  тиген 
баршаға алғысымды білдіріп: 
“Уа, құдіреті күшті Жаратқан Аллаh !  
Жер  жүзіне  тыныштық,  адамзат  баласына  иман 
байлығын  нәсіп  ет.  Елімізді  шарапатыңмен  есірке.  Екі 
дүниеде  халқымыздың  жүзін  жарқын  етіп,  Хазіреті 
Мұхаммедті 
(с.а.у.)
  шапағатшы  қыл.  Әмин”  –  деп 
аяқтағым келеді.  
 
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим 
Алматы. 
 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ 
 ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІНГЕ 
ТАУАРИХ 
 
 
 
 
 
 
 
I ТАРАУ 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
14 
 
 
 
Ж
АЛПЫ ӘЛЕМНІҢ ЖӘНЕ  
АДАМЗАТТЫҢ ХАЛІ 
 
Біздің  эрамыздың алтыншы ғасыры аяқталуға  жақын.  
Бұл  ғасыр  –  адамзат  әлемінің  күпір  мен  азғындық 
атаулыға  құшақ  жайған  заманы.  Күштінің  әлсізді  қанауы, 
дәулеттінің  жарлы-жақыбайға  әңгір  таяқ  ойнатуы  осы 
шақтың  үлесіне тиген. 
 Хазіреті  Мұхаммедке 
(с.а.у.)
  пайғамбарлық  түскенге 
дейінгі 
жалпы 
жер 
жүзінің 
және 
адамзаттың 
руханиятының  деңгейін  білуде  пайда  бар.  Сонда  ғана 
Расулyллаһтың  адамзат  баласын  қалайша  рухани,  пікір 
түнегінен,  саяси  шытырмандардан  және  қоғамның  қою 
қараңғылығынан,  азғындықтан  аз  уақыт  ішінде  алып 
шыққанын  бағамдай аламыз. 
Ол  тұстағы ең мықты мемлекеттер мыналар: Византия, 
Иран,  Мысыр,  Үндістан,  Александрия,  Месопотамия, 
Қытай, т. б.  
Бұл елдердің  қай-қайсысында да: 
А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын.  
Белгілі  бір  сенімнің  болмауы  адамзат  руханиятын 
шөктіргені  сондай,  азғындықтың  небір  түрі  етек  алып, 
адамдардың  адам  атауынан  басқа  қасиеттері  жойылып 
біткенді.   
Барша  болмыстың  Жаратушысын  танымағандықтан, 
адамдар  табиғат  құбылыстарына  табынып,  Аллаhтың 
әміріндегі  жер  мен  көкке,  жұлдыздарға,  Ай  мен  Күнге 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
15 
сыйынып,  рухтан  ада    тақтай  мен  тастардан  жасалған 
пұттарға сәжде қылатын.  
Адамзат  баласының  ар-ұжданы,  рухы  Аллаhқа 
иманнан  мақұрым  қалғандықтан  “Бар  жаратылыс  иләһи 
құдіреттің  нәтижесі”  деуді  білмей  әбден  адасқан,  ақылды 
орынды  қолданбау  салдарынан  көз  байланып,  көңілдер 
тұмшаланған.  
Иман,  рух  байлығы  деген  қазыналардан  ауылы  алыс 
қалған  бұл  байғұстар  бір  сөздің,  бір  кітаптың  жазушысы, 
ойлап  шығарушысы  болатынын,  кішкентай  иненің  де 
ұстасыз жасалмайтынын біле тұрып, мыңдаған сырға толы
керемет  жіңішке  есеппен  жаратылған  мына  дүниенің 
жаратушысы  бар  дегенге  сенбейтіндей  дәрежеде парықсыз 
еді… 
Осындай  мүшкіл  халдегі  дүние,  тәухид
3
  сеніміне, 
Аллаhтың  барлығы  мен  бірлігін  паш  етіп,  соған  илануға 
үндеушіге  аса мұқтаж болатын.  
Күпірлік  пен  азғындықтан  арылудың  жолын  көрсетіп, 
бағытын  сілтейтін  жолбастаушыға  деген  қажеттілік,  күллі 
әлемнің  пайғамбарға  зәрулігі  күн  өткен  сайын  сезіле 
түскен.  
   Ә) Барлық жерде адамдар таптар мен топтарға 
бөлінді 
   Иләһи  өлшемдерден  мақұрым  адамзат  бай  –  кедей, 
күшті-әлсіз,  қожайын-құл,  ақсүйектер  мен  қаралар  болып 
көптеген  топтарға  бөлінді.  Бай  мен  кедейдің,  билеуші  мен 
бағыныштының  арасындағы  айырмашылық  жер  мен 
көктей  еді.  Билік  басындағылар  мен  қарапайым  халық 
арасындағы  алауыздық  шегіне  жеткен.  Үстем  топтағылар 
қарапайымдарды жансыз заттан төмен көретін.   
                                                 
3
  Аллаhтың бірлігіне  сенім. 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
16 
Б)  Бұл  елдердің  қай-қайсысында  да  құлдыққа  алып-
сату қағидалары бар еді.  
Адам  –  құрметті,  қадірлі  тіршілік  иесі.  Мұның 
астарына үңілу  тек ақиқат иман  арқылы жүзеге асады.  
Имандылықтан  ада,  көңілдерін  кір  шалған  сол кезеңнің 
адамдары  адамзаттың  жер  бетіндегі  ең  тұғырлы  тұлға 
екенін  аңдамақ  былай  тұрсын,  оны  алып-сататын  мүлікке 
есептеп, жабайы күйге ене бастаған.  
Құлдың  айуаннан  төмен  саналатыны  да  аз  емес. 
Қожайын  құл  мен  күңіне  ойына  келгенін  жасауға  құқылы 
болған.  
Осынша  азғындықтан  алып  шығар  тұлғаға  адамзат 
әлемі  зәру еді.  Бұл қажеттілік  күн сайын біліне  түсті.   
В) Діндер, мәзхабтар арасындағы алауыздық 
Христиан  дінін  ұстанатын  елдерде  христиандықтың  
Иса  пайғамбар  арқылы  келген    түпнұсқасы,  яғни  бір 
жаратушыға  сенім  жойылып,  үштік  (үшқұдайшылық  – 
тәслис сенімі)  жайлай бастаған-ды.  
Дін  басылары  Хазіреті  Исаның  дініне  ойдан  небір 
толықтырулар енгізіп  жан-жаққа тартып бақты.  
Әсіресе,  Шығыс  Рим  империясында  дін  атын 
жамылып,  зұлымдық  пен  азапты  арттырғандар  көбейе 
түсті.   
Иранда  сол  кездегі  үстем  дін  —  маздеизмнен  бас 
тартқандар  не  діни  ғұрыпқа  мойынсұнбағандар  аяусыз 
жазаланатын.  Көз  ою, асу, таспен шөкелеу, ас-сусыз аштан 
өлтіру  дағдыға   айналған.  
Г) Ол дәуірде адамгершілікті ауызға алудың өзі – ерсі 
Имандылық  жоқ  жерде  адамгершілік  туралы  сөз 
қозғаудың 
өзі 
ерсі. 
Ар-намыс 
аяққа 
тапталып, 
нәпсіқұмарлық    адамдардың  басты  машығына  айналған. 
Ұрлық,  жезөкшелік,  адам  өлтіру  жайлаған  қоғамда  адамзат 
атты  ұлы  есім  жойылғандай.  Мысалы,  Византия 

Адамзаттың асыл тәжі  
 
 
17 
императорының  өз  қарындасымен  үйленуі  –  азғындық 
емей не?!  
Иә,  адамзат  –  жетім,  дүние  –  мұңлы.  Жер  жүзі  азалы 
алып    алаң  іспетті.  Адамдар  бір-біріне  дұшпан,  мәнсіз 
тірліктен  жеріп  жансыз мақұлық кейпіне енген.  
Жолбастаушысы  жоқ  тұлдыр  қоғам  ащы  өксікке 
булыққан.  Барша  әлемді  шірктің
4
,  надандық  пен  күпірдің 
қара  қошқыл  бұлты  басқан.  Дүние  осы  бұлтты  ысырып, 
сәулеге  кенелтетін  Нұрлы  тұлғаға  зәру.  Сол  бақыт  нұры 
түскенде  ғана  адамзаттың  назырқанған  көңілі  шалқып, 
кемерінен  тасары,  жылаңқылықтың  орнын  жайдарылық 
басары сөзсіз  еді.  
Адамзат  та  жаратылысының,  жалған  дүниедегі 
жолаушылығының  мәнін  ұғып,  Аллаhты  танып,  иман 
келтіріп,  ғибадат  етудің  қажеттілігін  түсініп,  баянды 
бақытқа  қол жеткізіп,  тірліктің  тұтқасын ұстар еді. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал