Адамға екі нәрсе тірек тегі



жүктеу 0.88 Mb.

бет1/8
Дата10.09.2017
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

                                   



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 

       МЕКТЕБІНДЕ 

   Казахский язык и литература 

               в русской школе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

БАСЫЛЫМ

   2001 жылдың



  қаңтар айынан        

10/2014   

ҚАЗАН

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Алланың әмірі болған соң, 

сабырлық қылған жөн шығар

                                                       

Көңіл айтулар....................................................3



Тиімді әдіс  баршаға ортақ

Дәмежан ЫСҚАҚОВА.                     Ақпараттық-коммуникациялық

                                                               технологияның тиімділігі................................15



Дария КӨПШІЛБАЕВА.                  Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға

                                                               арналған жұптық әңгіме..................................20



Бақыт СЕГІЗБАЕВА.                        Ойын технологиясын қолдану арқылы 

                                                                баланың тілін дамыту......................................23   



Мұғалім мінбесі

Зәуре ҚАҚАБАЕВА.                           Тілге деген сүйіспеншілік..............................26

Әйгерім КЕШУБАЕВА.                     Бейбіт ел боламын деп... ...............................30

   


Бастауыш білім бағанасы

Ғалимам ҚАМАЕВА.                         Астаналар.........................................................34

Гүлмира САҒАТӘЛІҚЫЗЫ.            Дәрігерде..........................................................40

Үміткүл БИСЕМБАЕВА.                  Азық-түлік дүкенінде......................................44

Жұлдызай ШОЙБЕКОВА.               Жылдың төрт мезгілі.......................................46

Сұлушаш АХМЕТЖАНОВА.           Алматы.............................................................50

Алмагүл АХМЕТҚАЛИЕВА.            Менің сүйікті ісім – гүл өсіру........................55

Индира МҰРАТОВА.                          Дауыссыз дыбыстар........................................60

Әдеби кеш

Гүлшат МЫРЗАХАТОВА.                 Ерлік ешқашан ұмытылмайды!.....................66

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Күнбала СЫҒАЕВА.                           Менің e-mail поштам......................................73

Майра БЕЙСЕБЕКОВА.                    Сән әлемі.........................................................77

София ҒАБДУЛЛИНА.                       Мезгіл үстеу....................................................84

Элмира ҚҰНДЫБАЕВА.                    Етістіктің қалау райында – 

                                                                 Әбілхан Қастеев.............................................90



Білім сынағында

Алтынай АХМЕТҚЫЗЫ.                  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

                                                                 тақырыбындағы деңгейлік тапсырмалар.....95



Ақерке СЫЗДАҒАЛИНА.                  Қазақ тілі пәнінен 9-сыныпқа арналған

                                                                 тест сұрақтары..............................................104



Майра ЖОЛДЫБАЕВА.                     Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау..................118

Тәрбие сағаты

Бақыт ЖҰМАШЕВА.                         Қазақ халқының салт-дәстүрлері................130

Сыныптан тыс жұмыс

Тоты ЖАЛИЕВА.                                 Білімді мыңды жығар... ..............................134

Алланың әмірі болған соң,

сабырлық қылған жөн шығар

ҚАЗАҚ ТІЛІНІң ҚАМҚОРЫ

Қазақтың  асыл  азаматы,  дарынды  ақын,  журналист, 

баспагер Зернебек Шілдебайұлының тосын қазасы Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  журналистикасы  үшін,  қазақ  

әдебиеті мен мәдениеті үшін, ұлттық білім беру жүйесі үшін 

және ол кісіні жақсы білген барша қауым үшін орны толмас 

ауыр  қайғы болды.

Зернебек Шілдебайұлы – туған халқын, ана тілін шексіз 

сүйетін  отаншыл,  ұлтжанды    ұлағатты  Тұлға  еді.  Өзінің 

саналы  ғұмырында  қазақ  тілі,  қазақ  халқы,  Қазақстанның 

Тәуелсіздігі,  ұлттың  ұрпағы,  жас  ұрпақтың  сапалы  білімі, 

парасатты  тәрбиесі  жолында  тынымсыз  еңбектенді.  Туған 

халқының  тағдырына  қатысты  осы  биік  құндылықтар  қай 

салада жүрсе де оның жүрегін тербеді, қаламына қуат берді.  

Зекең  мектепте  мұғалім,  «Білім»  қоғамында  жауапты 

хатшы,  «Мектеп» баспасында редактор, аға редактор, Алматы 

облыстық  «Жетісу»  газетінде  тілші,  «Қазақстан  мектебі» 

жұрналында    ғылыми  редактор,  бөлім  редакторы,  «Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті» және  «Ұлағат»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінің  бас  директоры  қызметтерін  абыроймен 

атқара  жүріп,  қашан  да  өзінің  өмірлік  ұстанымына  адал 

болды, жоғары  адамгершілігіне, асқақ азаматтығына  шаң 

жуытпады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» журналдарының 

ішкі  мазмұнына  талапшылдықпен  қарай  отыра,  әрбір 

журналдың  мұқабасын  қазақ  халқының  біртуар  асыл 

перзенттерінің, ұлы Тұлғаларының үлгі-өнегесін дәріптеуге, 

насихаттауға  пайдаланды.  Олардың  әрқайсысына  өзінің 

жүрекжарды жырын арнады. 


4

5

МҰРА ЕТІП ҚАЛДЫРДЫң 



КІСІЛІКТІ

Қайран Зекем! Мен білетін қылшылдаған қырықыңызды, ел 

ағасы елуіңізді, асқаралы алпысыңызды қазақ тілінің қасиетін 

қастерлеумен  өткіздіңіз.  Сонау  нарық  қысқан  жылдары 

өзіңізбен  тағдырлас  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналын 

бауырыңызға  басып,  қорғап  қалған  табандылығыңызды 

қалың оқырманыңыз ұмыта қоймас. Биліктен үмітіңіз үзілген 

шақтарда  журналыңызды  жеке  қорғадыңыз.  Қорғап  қана 

қоймай,  оның  ғылыми-педагогикалық  деңгейін  Ғылыми 

кеңестер мойындайтын дәрежеге жеткіздіңіз. Қазіргі филология, 

педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттарының 

түгелге  жуығы  алдымен  Сіздің  сараптамаңыздан  өтті  десем, 

артық айтпаған болар едім. Солардың бәріне шын жүрегіңізбен 

ақжол тілейтінсіз. Ақындық жүрегіңізбен қолдау көрсететінсіз. 

Осыдан  болар-ау,  бір  өлеңіңізде  ...Бәріне  өзін  жауапты 

сезінеді, Менің мынау жүрегім жұдырықтай,- депсіз.Үлкенге 

деген құрметіңіздің, кішіге деген ізетіңіздің өміріңіздің соңғы 

күніне  дейін  бәсеңдемеуі  де  сол    жүрегіңіздің  пәктігінен 

ғой.  Шексіз  сапарға  қоштаспай  аттануыңыздың  өзі  де  сол 

жүрегіңізге түскен салмақтың ауырлығынан ба екен?! Әлде біз 

байқамаған шығармыз. Бір өлеңіңізде  Бір қалыпты соқпайды 



бұрынғыдай жүрегім // Бәлкім, ерте тоқтайды, соны ойлап 

жүдедім,-  дегеніңізді  ескермегенімізге  өкінеміз.  Мүмкін, 

бұл  ақындығыңыздан  адамгершілігіңіздің  жоғары  екендігіне 

мойынсұнғандықтан  болар.  Мүмкін,  бұл  үнемі  күлімдеп 

тұратын  келбетіңізден  басқа  қалпыңызды  көрмегендіктен 

болар. Ширек ғасыр жаныңызда жүріп біреуге ренжіп, ауыр сөз 

айтқаныңызды  байқамаппын.  «Кемшілік бәрімізде  бар»  деген 

ұстанымыңыздан жаңылмадыңыз. Бұның бәрі айналаңызда алқа 

топ құрып жүретін інілеріңіз бен достарыңыз үшін тәлім-тәрбие 

«Ақша, атақ жолында адам күллі есін

Жоғалтумен азапты өмір сүрмесін!

Бәрімізді Мемлекеттік тілімнің

Қасиетті киесі ұрып жүрмесін!.., - дер жырлаған Зернебек 

Шілдебайұлы  қазақ  тілінің  шынайы  жанашыры,  қажырлы  

қамқоры еді.

Жыл  сайын  Білім  және  ғылым  министрлігі  өткізетін 

мектеп  оқушыларының  республикалық  Абай  оқуларына, 

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің конференцияларына, 

семинар-кеңестеріне  үзбей  қатысып,  жоғары  деңгейде 

өткізілуіне өзіндік үлес қосып отыратын. 

Ауырып жүргеніне қарамастан, осы жылғы мамыр айында 

Таразда  өткен  қазақ  тілі  мұғалімдерінің  Республикалық 

кеңесіне,  Жидебайда  өткен  XV  Абай  оқуларына  ақырғы 

рет  қатысып,  үздік  мұғалімдер  мен  талантты  оқушыларға 

журналының арнайы сыйлықтарын тапсырып, бізбен мәңгіге 

қоштасқан екен.

Хош  болыңыз,  қазақтың  біртуар  перзенті,  ана  тілінің 

жалынды жыршысы – ардақты Зеке!

Сіздің  мейірбан,  жарқын  жүзіңіз,  «елім,  жерім,  тілім»,- 

деп  соққан  үлкен  жүрегіңіз,  имандылықпен  өрілген  өрелі 

жырларыңыз, ерен еңбегіңіз халықтың есінде сақталады.

Аяулы  Зекеңмен  қинала  қоштаса  отырып,  марқұмның 

отбасына,  туған-туыстарына,  дос-жарандарына  қайғырып 

көңіл айтамын.

Зернебек  Шілдебайұлының  жаны  жаннатта,  иманы 

салауат болсын!

Роза БАТТАЛ,

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

           министрлігінің Бас сарапшысы.


6

7

екенін енді білдік. Әйтпесе, ...Заңын осы өмірдің түсінбедім, 



шапағатым  тигендер  сырт  айналды,-  деп  күйзелмес  едіңіз 

ғой.  Соңғы  кездері  «Ұлылар  ұлағаты»  айдарымен  толғаулар 

жазып,  ұрпағымыздың  бабалар  тағылымынан  үлгі  алуын 

армандадыңыз. Әр келгеніміз сайын Асанқайғыға, Қорқыт атаға, 

Махамбетке арнаған толғауларыңызды шабыттана оқитынсыз. 

Журналыңызда  оқырмандарыңызға  ұлы  тұлғалардың  өмірін 

өз  қолтаңбаңызбен  үлгі  етуден  танбадыңыз.  Осы  арқылы 

өз  өміріңіздің  де  өзгелерге  үлгі  болғанын  байқамаған  да 

шығарсыз, жан аға! Соңында өзіңіз Жұлып берер жарымсың 

өзегімді,-  деп  бағалаған  Бәтима  әпкеміз,  Дүниеге  шыр  етіп 

сен  келгенде,  Жырға  толып  кетті  ғой  кеудем  демде,-    деп  

қуанған  Зерделі  мен  Арманым  сол  –  ортаңа  сыйлы  болсаң, 



ән  салады  кеудемнің  ет-жүрегі,-    деп  шаттанған  Ғанидай 

ұлдарыңыз  барда  тіршіліктегі  сапарыңыздың  аяқталуы 

мүмкін емес. Қазақ деген қалың оқырманыңыз барда өзіңізге 

деген  сағыныштың  да  шексіз  екендігі  рас.  Қоштаспай  кетті 

дегеніміз  болмаса,  соңғы  сөзіңізді  ...Мен  де  өтермін,  бірақ 

та  артқыларға//  Мұра  етіп  қалдырам  кісілікті,  -  деп 

бір  өлеңіңізде  айтып  та  қойған  екенсіз,  бауырым.  Кісілі-                                                        

гіңіздің  ұрпақтан  ұрпаққа  өнеге  болатынына  сенеміз,                                                                                

абзал аға, асыл дос!



Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ,

       филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

ХАЛЫҚТЫң АЗАМАТЫ ЕДІ

«Жазмыштан  озмыш  жоқ»,  –  дейді  халық  даналығы. 

Мейірімсіз ажал туралы суық хабарды естігенде, тағы да «бүгін 

барсың,  ертең  жоқ»  деген  қазақи  қарапайым  философиялық 

тұжырымды  ойлап,  өмірдің  бейопа  екендігін  аңғарасың. 

Әрине, кеше ғана сау-саламат жүрген адам аяқ астынан өмірден 

озғанына қарап, адам баласы ғұмырының соншама қысқалығы 

есіңе түседі. Мұны арабтар, діндарлар «тағдырулла» (алланың 

берген  тағдыры)  дейді.  Расында  солай.  Болмаса  кеше  ғана 

арамызда  жүрген  еді,  бүгін  жоқ.  Түс  көргендей  күй  кешесің. 

Марқұмның  бейнесі,  өзің  білетін  оның  ғұмыр  тарихының 

белестері,  мінез-құлық,  адами  игі  қасиеттері  көз  алдыңнан 

өтеді. Өлді деуге де қимайсың... 

Зернеш-Зернебек  жақсы  азамат  еді.  Ақкөңіл,  ақжарқын, 

адал,  ешкімге  жамандығы  жоқ  жан  болатын.  Ол  ойлы  ақын, 

жақсы  редактор,  білгір  ұйымдастырушы  болып  қалыптасты.                                                                                                                             

Өзі  ашқан  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналын  жиырма 

үш  жылдан  астам  басқара  жүріп,  оның  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  орыс  мектебінде»,  «Ұлағат»  атты  қосымшаларын 

ұйымдастырды.  Бұл  басылымдарды  нарықтық  заманның 

қиындықтарына қарамай шығарып, педагогикалық қауым мен 

ата-аналар жұртшылығының сенімді серігіне айналдырды. 

Онымен осыдан біраз күн бұрын сыныптас досы Қален мен 

Клараның  қызы  Алуаның  тұрмысқа  шыққан  тойында  бірге 

болып,  бір  столда  отырған  едік.  Жанында  асыл  жары  Бәтима 

болды. Маған сонда Қаленге арнаған өлеңінің кейбір жолдарын 

оқып берген еді.  Оған өлеңінің жақсы жазылғанын айтқанмын. 

Ол  үнсіз  жымиып,  рахметін  айтқан.  Содан  кейінгі  естігенім 

мынау суық хабар...

Мұндайда  баяғы  жас  кездегі  ескі  таныстық  тарихы  көз 

алдыңа  келеді.  Оны  мен  сонау  1972  жылдардағы  студенттік 

шақтан  білетінмін.  Біздер  бұрынғы  С.М.Киров  атындағы 

(қазіргі  әл-Фараби)  Қазақ  ұлттық  университетінің  филология 

факультетінде үш-төрт курс жоғары оқыдық. Біз төртінші курста 

оқып  жүргенде  З.Шілдебаев  деген  студенттің  факультеттің 

«Жас  қалам»  атты  қабырға  газетінде  өлеңі  жарияланғанын 

байқағанмын. Есімде қалғаны өлеңі тәп-тәуір еді. Бірінші курс 

студенті екен. 3-4 жыл жұмыс істеп, еңбек өтілімен келіпті деп 

еститінбіз.  Оқта-текте  ұшырасып  қалғанда  жылы  амандасып 

жүрдік. Жылдар жылжып өтті.

   

   


 

8

9

Содан  біз  оқуымызды  тәмамдап,  сол  кездегі  Оқу 



министрлігінің ресми жолдамасымен қызметке елге кеттік. Өз 

басым жолдамамен талап етілетін екі жылдық еңбек мерзімін 

бітірген соң, ол замандағы дүмді саяси ұйым КПСС мүшелігіне 

өтіп,  Алматыдағы  Ы.Алтынсарин  атындағы  педагогикалық 

ғылымдар  институтына  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі 

мамандығы бойынша (сол тұстағы тәртіп бойынша) төрт жылда 

бір рет берілетін жалғыз орынға аспирантураға қабылдандым. 

Бұл 1975 жылдың жазы болатын. Сол жыл Кеңес Одағы атты 

алып  империялық  ел  бойынша  «Әйелдер  жылы»  деп  аталған 

болатын. Мен үшін бұл жыл құтты жыл болды. Өйткені, өмір 

жолымдағы 3-4 мәселе осы бір жылда шешімін тапты. Біріншісі 

–  партия  мүшелігіне  өтуім,  екіншісі  –  аспирантураға  түсуім, 

үшіншісі  –  Алматыға  қызметке  орналасуым,  төртіншісі  әрі 

ең маңыздысы – үйленіп, отбасы құруым болды. Үйленгенде, 

Зернебектің ауылы – Жамбыл облысындағы Талас ауданының 

қызымен көңіл қостым. Міне, оған да келесі жылы қырық жыл 

толады екен. 

Содан  өмір  өтіп  жатты.  Мәскеуде  кандидаттық 

диссертациямды  ойдағыдай  қорғап,  Білім  министрлігінде 

әр  түрлі  басшылық  қызметтер  атқарып  жүрдім.  Оқта-текте 

педагогикалық басылымдарға мақала беріп тұрамын. Министр 

Ш.Шаяхметовтың  кеңесшісі  қызметінде  жүрген,  сондай  бір 

күндерде бастығым жаңадан «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналын 

ашу, оны ұйымдастыру жөнінде маған тапсырма берді. Содан 

соң іс-сапармен Мәскеуде өтетін бір Одақтық жиынға барғанда 

армяндық (Ашот Аветисян) әріптестеріммен кездесіп, олардан 

үлгі үшін «Армян тілі мен әдебиеті» журналының 5-6 данасын 

ала келдім. Енді бас редактор, орынбасар әрі жауапты хатшы 

қызметіне өзім білетін адамдардан сұрастыра бастадым. 

Осы  тұста  Зернебектің  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

журналына  бас  редактор  болуы  есте  қаларлықтай  әңгіме 

болды.  Алдында  ғана  Жамбыл  облысының  Талас  ауданынан 

«Қазақ  университеті»  баспасына  белгілі  журналист,  қарымды 

қаламгер  Серік  Әбдірайымұлын,  Ы.Алтынсарин  атындағы 

Педагогика  ғылымдары  институтына  (қазіргі  Ұлттық  білім 

академиясы)  танымал  әдебиетші-ғалым,  профессор  Жанғара 

Дәдебаевты  директорлық  қызметке  ұсынып,  екеуін  де 

министрліктің  алқасынан  өткізген  соң,  тиісті  орындарына 

тағайындаған  болатынбыз.  Ал  жаңа  ашылатын  журналға 

Бас  редакторлыққа  үшінші  адамды  да  (Зернебекті)  Талас 

ауданынан ұсынуды ыңғайсыз көріп, оны «Бастауыш мектеп» 

журналының  қызметкерлігінен  болашақ  журналдың  Бас 

редакторы  орынбасары-жауапты  хатшы  қызметіне,  өзімнің 

курстас  досым  –  филология  ғылымдарының  кандидаты 

(кейіннен  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 

болған), фольклорист-ғалым, Семей өңірінің тумасы Болатжан 

Абылқасымовты  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналына  Бас 

редакторлық  лауазымға  ұсындым.  Ол  Ұлттық  академияның 

М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында  аға 

ғылыми  қызметкер  еді.  Жалақым  аз  деп  жүретін.  Журналда 

оған қарағанда еңбекақысы едәуір жоғарылау болатын. 

Министр Болатжанды түс қайта шақырып, жеке қабылдады. 

Ұзақ сөйлесті. Кездесу министрге өте жақсы әсер қалдырыпты. 

Тіпті,  мені  оның  артынша  шақырып  алып,  «мынау  жігіт  өте 

жақсы кандидатура екен. Білімі қандай, ақыл-ой, өзін-өзі ұстауы 

қандай! Келбет қандай, келіс қандай!» деп әбден мақтады. Мен 

де марқайып, кешке үйге қайттым. Ертесіне таңертең жұмысқа 

келсем, қызметтік кабинетімнің жанында Болатжан күтіп тұр. 

Қыс  кезі  еді.  Мен  шешініп  орныма  жайғастым.  Қарсыдағы 

орындықта Бөкең басы салбырап отыр. 

«Қалай жағдай?» деген сұрағыма, ол орысша бір ұят  сөзді 

айтып жіберді де әрі қарай:

- Мына жұмысыңды түнімен ойлап, ұйықтай алмадым. Бұл 

– менің қолым емес. Менің өмірімнің мәні – ғылым, фольклор. 

Қаным  басыма  шапшып  тұр.  Өлтірейін  демесең,  мені 

мынадан босат. Болмайды... Жоқ журналды қалай шығарамын. 

Істемеймін, – деп қарап тұр. Мәссаған!


10

11

- Бұйрық шығып қойды ғой... Министр қол қойып қойды. 



Сені  әбден  мақтады.  Мә,  бұйрығың,  –  деп  үстел  үстіне  қол 

қойылып, мөр басылған бір парақ қағазды тастадым.

- Жоқ, істемеймін...Өлсем де істемеймін, рахмет!

- Қой, ұят болады. Маған ыңғайсыз. Жас бала емессің ғой...

- Жоқ, болмайды дедім ғой, бол-май-ды!

Ол алған бетінен қайтатын түрі жоқ. Нілдей бұзылып тұр. 

- Онда министрге өзің барып, өзің айт, бұл шешіміңді. Мен 

айта  алмаймын.  Кеше  сені  жер-көкке  сыйғызбай  мақтаған 

адамға,  қалайша  айтамын.  Басқа  емес...  министрге,  –  деймін 

мен.


Ол  көнді.  Сонан  оны  министр  қабылдағанда  «Орныңа 

кімді  ұсынасың?»  деуі  мүмкін.  Сонда  сен  «журнал  жұмысын 

жақсы білетін» өз орынбасарың Зернебекті айт деп үгіттедім. 

Ол  қуанып  кетті  де,  үшінші  қабатта  отыратын  министріміз 

Шайсұлтан  Шаяхметұлының  кабинетіне  кетті.  Бір  уақытта 

«Айттым,  бітті...  дұрыс  болды  құтылғаным...  Зернебекті 

ұсынып кеттім», – деп Болатжан қайта келді. Ізінше министрдің 

тікелей телефоны шырылдап кетті. 

- Келіп кет, – деді арғы жақтан бастығым. Даусы  қатқылдау 

шықты.


-  Бардым.  Министрім  көңілсіз  отыр.  Ашуланған  да  кейіп 

танытады.

- Анауың сөзінің бәтуасы жоқ адам ғой деймін. Кеше ғана сөзі 

тәуір секілді еді. Бүгін басқаша сөйлейді. Оңбаған ғой... Бүкіл 

жұртты ақымақ етіп... Жарайды барсын. Орнына орынбасары 

әрі жауапты-хатшысы Зернебек Шілдебаев дегенді атады ғой... 

Ол қандай адам? Білесің бе?

-  Иә,  білемін,  жақсы  ақын.  Жаман  жігіт  емес.  Бұрында 

«Бастауыш  мектеп»  журналында  бөлім  редакторы  болған. 

Газеттерде жұмыс істеп ысылған журналист, – дедім.

Министр  Зернебекті  шақырып,  қабылдауына  ертіп  әкелуді 

тапсырды. Шақырдым. Екеуміз министрге кірдік. Шәкең төрде, 

біз  екеуміз  алдындағы  кішкене  үстелде  қарама-қарсы  қарап, 

министрдің сөзін күтіп отырмыз. Ол кісі қолындағы Зернебек-

тің іс-қызмет құжаттарын қарап отырып, маған қарап:

- Ой, мынауың да Жамбыл облысының Талас ауданынан екен 

ғой. Бұл – үшінші адам. Қандай бәлең бар бұл ауданда?– деді.

-  Мен  қайдан  білейін...  Туған  жеріне  кім  қарапты.  Сіз 

өзіңіз «шақыр» деген соң, шақырдым. Өзіңіз біліңіз, – дедім, 

білмегенсіп жорыта.

Ол кісі Зернебекке қарап:

- Ақынсың ба? – деді.

Ол:

- Иә, ақынмын аға, – деп жауап берді сабырмен.



- Сатира жазасың ба, жоқ әлде лирика жазасың ба?

- Лирика жазамын, – дейді Зернебек.

- Лирик болсаң жақсы екен. Жарайсың, онда келістік, алқа 

жиналысына  шығарып,  бұйрығын  бере  бер,  –  деп  тапсырды 

министр.

Сөйтіп,  Зернебек  министріміз  Шайсұлтан  Шаяхметовтың 

қабылдауынан Бас редакторлық қызметті алып шықты. Бұл – 

1991 жыл болатын. Осылайша ол жұмысын бастап кетті. Содан, 

жоғарыда  атағанымыздай,  жиырма  үш  жылдан  астам  уақыт 

бойы Бас редактор болып еңбек етті.

Міне, бүгін сол Зекеңнен қапыда айырылып, өкініп қалған 

жайымыз  бар.  Сұм  ажал  ойламаған  жерден  тағы  бір  абзал 

азаматымызды,  жақсы  ақынды,  қарымды  қаламгерімізді 

арамыздан  жұлып  алып  кетіп  отыр.  Алланың  бұйрығына  еш 

амал жоқ. «Жаның жәнатта болсын, нұрың пейіште шалқысын, 

Зеке!» дейміз оған.



                    Бақтияр СМАНОВ,

                            ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал