Адамға екі нәрсе тірек тегі



жүктеу 0.87 Mb.

бет1/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

                                   



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 

       МЕКТЕБІНДЕ 

   Казахский язык и литература 

               в русской школе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

БАСЫЛЫМ

   2001 жылдың



  қаңтар айынан         

7/2014     

ШІЛДЕ

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Оқыту сапасы, көптілді және                                                                

билингвалдық білім жөнінде

                                                            Республикалық семинар-кеңеске 

                                                            қатысушылардың ұсыныстары.............................3

Мұғалімдерге көмек

Анар БАЙКЕНОВА.                       Сауатты жазу дағдысын дамыту..........................11

Майра БЕЙСЕБЕКОВА.               Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі...................18

Камила АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.      Ұлттық ойындарды қолдану – қазақ халқының

                                                            мәдениетіне жол ашу құралы..............................25

  

Тиімді әдіс  баршаға ортақ

Ләззат ЕСІМҚЫЗЫ.                      Орыс тілді аудиторияда білім сапасын

                                                            арттырудағы ұлттық ойындардың

                                                            тиімділігі................................................................40

Мұғалім мінбесі

Базаргүл КӨЛБАЕВА.                   Тіліміздің тағдыры – еліміздің тағдыры.............47

В мире педагогики

Асия АБЕНОВА.                             Использование модуля кембриджской 

                                                            программы в планировании серии

                                                            последовательных уроков «новые подходы».....53

Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Бақыт ӨТЕТІЛЕУОВА.                 Мұқағали музасында............................................62 

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Гүлназ ШҮЙІНШИНА.                Сын есімдер сыры – жыл мезгілдерінде.............71

Назым ИМАНҚҰЛОВА.               Ертегілер әлемі тіл дамытар................................73

Айтолқын МЕҢДЕКЕЕВА.          Астана – бас қала және сөз байлығы..................80

Тұрсынкүл ЖАППАРОВА.           Етістіктің райлары................................................90

Дәмежан ШАКЕРОВА.                  Етістіктер елінде – табиғат тамашасы................93

Сайыс сабағында

Дидар ЖАМАНҚАРИНА.             Саяси сауаттылық пен «Алтын бесік»................98

Білім негізі 



 бастауышта



Гүлайым ІЗБАСАРОВА.                Тіл ұстартқан оқу құралдары............................103

Ақмарал ЛЕСОВА.                         Сөзге бай менің киімдерім................................106      

Білім сынағында

Роза МАХАМБЕТОВА.                   Қазақ тілінен 3-сыныпқа арналған 

                                                             тест сұрақтары...................................................112



Сыныптан тыс тәрбие

Анар МҰҚАШЕВА.                         Тіл – халық жаны...............................................119

Гүлзағира ТАСТАҒАНОВА.          Тәуелсіздік тұтқасы...........................................125

Шынар ЖАҚАНҚЫЗЫ,

Гүлпаш ДӘУЛЕТКЕЛДІҚЫЗЫ.  Тәуелсіз ел ұланымыз........................................129

Бақытгүл НЕМЕРЕНОВА.            «Ұлттық құрама»...............................................138

Шәкірт шабыт шағында

Жұлдыз БЕРДІБЕКОВА.                Фариза апа. Абайға арнау..................................142

Оқыту сапасы, көптілді және билингвалдық білім 

жөнінде

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-

КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 

ҰСЫНЫСТАРЫ

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің    2014    жылғы  21  сәуірдегі  №  115 

бұйрығы  негізінде  Білім  және  ғылым  министрлігі 

Жамбыл    облыстық  білім  басқармасымен  бірлесіп 

осы жылғы 15-16 мамыр күндерінде Тараз қаласында 

жалпы  білім  беру  ұйымдарында  қазақ  тілі  мен 

әдебиетін  оқыту  сапасын  арттыру,  көптілді  және 

билингвалдық  білім  беру  мәселелеріне    арналған 

Республикалық семинар-кеңес өткізді.  



Республикалық  семинар-кеңесті  өткізудегі 

мақсат: 

-    Елбасының  «Болашақтың  іргесін  бірге 

қалаймыз!»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

білім  беру  саласына  жүктелген  алдағы  жылдарда 

мектеп  бітірушілердің  барлығы  (100  пайызы)  

мемлекеттік  тілді  біліп  шығу  қажеттігі  жөніндегі 

тапсырмасын орындау;  

Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық  жаң-

ғыру  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  жалпы  білім 

беретін  мектептердің  оқу  үдерісіне  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 



4

5

тәжірибесін  ескеріп,  қазіргі  заманғы  әдістемелер 



мен технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын 

орындау; 

- Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, 

бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауындағы  білім  берудің  сапасын  жақсарту, 

Мәңгілік  Елімізбен  бірге  Мәңгілік  тілге  айналған 

ана  тілімізді  ұлттың  ұйтқысы  ету  жөніндегі 

тапсырмаларын жүзеге асыру;  

-  Қазақстан  мектептерінде  ХХІ  ғасырда  қазіргі 

заман талаптарына сай қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде 

білім  беру,  ұлттық  тілдегі  мектептердегі  көптілді 

және  билингвалдық  оқыту  жүйесінде  жүргізілген 

жұмыстардың  жайын  және  осы  саладағы  өзекті 

мәселелерді талқылау;

-  Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқыту,  көптілді 

және  билингвалдық  білім  беру    сапасын 

арттыру          мақсатында  мұғалімдерді  халықаралық 

тәжірибемен,  еліміздің  дарынды  ұстаздарының 

озық  әдістемелерімен  таныстыру,    өзара  тәжірибе 

алмасуларына жағдай жасау.      

Республикалық  кеңес  жұмысына  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігінің,  облыстық  әкімдіктің, 

Еуропадағы  қауіпсіздік    және  ынтымақтастық 

ұйымының,  «Өрлеу»  ұлттық  біліктілікті  арттыру 

орталығы  филиалының,  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

республикалық  жұрналының  өкілдері,  еліміздің 

ұлттық, 

мемлекеттік 

 

университеттерінің 



оқытушылары,  облыстық,  Астана  және  Алматы 

қалалары  білім  басқармаларының,  облыстық 

біліктілік  арттыру  институттарының  мамандары, 

Жамбыл 


облыстық 

білім 


беруді 

басқару 


органдарының  басшылары,  тілші,  әдебиетші 

ғалымдар,  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің, 

жалпы  білім  беретін  ұйымдардың,  республикалық 

мамандандырылған  дарынды  балаларға  арналған 

мектеп-интернаттарының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің мұғалімдері   қатысты. 



І.  Кеңестің  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының 

базасында 

өткен 


пленарлық 

мәжілісінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрлігінің бас сарапшысы  Р. М.Баттал-

дың  еліміздің  жалпы  білім  беру  ұйымдарында 



қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқыту,  көптілді  және 

билингвалдық білім беру  мәселелері туралы, Жамбыл 

облысы  әкімдігінің  Білім  басқармасы  басшысының 

орынбасары Ж.Е.Бекбатырованың облыстың жалпы 

орта  білім  беру  саласында  атқарылып  жатқан 

жұмыстары  туралы  баяндамалары,  сонымен 

қатар  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  жұрналының 

бас  редакторы  З.Шілдебайұлының,  Е.Бөкетов 

атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің 

профессоры, ф.ғ.д. Ж.Қ.Смағұловтың, Абай атындағы 

Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінің  

доценті,  ф.ғ.д.  Н.Ә.Ілиясованың,  Тараз мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының 

филология 

факультетінің  деканы,  ф.ғ.к.  А.Н.Тұрарованың, 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 

университетінің профессоры Н.Ш.Алметовтің, қазақ 

тілі  оқу-әдістемелік  кешендерінің  авторы,  әдіскер 

С.С.Жұманованың,  Алматы  қалалық  А.Розыбакиев 

атындағы  №  153  мектеп-гимназия  директоры 



6

7

Ш.Н.Умаровтың,  Астана  қаласындағы  Назарбаев 



Зияткерлік мектебінің мұғалімі Қ.Е.Бешімбаеваның, 

Астана  қалалық  Білім  басқармасының  әдіскері 

М.Ә.Әбуованың,  Қарағанды  қазақ-түрік  лицейінің 

мұғалімдері  А.А.Игенова  мен  Г.Ә.Егінбаеваның 

қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытудың,  көптілді  және 

билингвалдық  білім  берудің    өзекті  мәселелері 

жөніндегі баяндамалары тыңдалып талқыланды.

II.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті    пәні  мұғалімде-

рінің   республикалық,  облыстық  конкурстарының 

бірнеше  дүркін  жеңімпазы  Б.Т.Әділов  «Қазақ 

әдебиеті пәнін жүйелі оқыту арқылы жас ұрпақты 

отаншылдыққа тәрбиелеу» тақырыбында шеберлік 

дәрісін  жүргізді.

Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 

ұйымының  сарапшысы  А.П.Стоянова  «Көптілді 

білім  беру  жағдайында  мемлекеттік  тілді 

оқытудың  ерекшеліктері»  (Особенности  изучения 

государственного  языка  в  условиях  полиязычного 

образования)  тақырыбында  шетелдік  тәжірибелер 

бойынша  тренинг өткізді.

  Шымкент  қалалық  Ю.Сареми  атындағы  №107 

мектеп-гимназия 

директоры 

Б.У.Нұралиевтің 

«Ұлттық тілде оқытатын мектепте көптілді білім 

беруді  енгізудің  2013-2015  жылдарға  арналған  іс-

қимыл жоспары» аясында мектепішілік жоспарлау 

мен ұйымдастыру жұмыстары» атты тәжірибелік 

тұсаукесері өткізілді.  

ІІІ.  Семинар-кеңестің  екінші  күні  -  16  мамырда 

Тараз қаласындағы қазақ тілінде оқытатын № 53 орта 

мектептің, орыс тілінде оқытатын №1 гимназияның, 

аралас тілде білім беретін №12 мектеп-гимназияның 

базаларында жүргізілген секциялық мәжіліс жұмысы 

аясында  Жамбыл,  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстары  мен  Алматы  қаласының  тәжірибелі 

мұғалімдерінің  ашық  сабақтары,  сыныптан  тыс 



түрлі  шығармашылық  шаралар,  пікір  алысулар  

жүргізілді.  



ІV.  Кеңес  жұмысын  қорытындылау  мақсатында 

«Қазақ тілі мен  әдебиетін  оқыту үдерісіне қазіргі 

заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу 

және  көптілді,  билингвалдық    оқыту    мәселелері» 

тақырыбындағы  Дөңгелек    үстел    отырысы  

өткізілді. 

Семинарға қатысушылар республикалық семинар-

кеңестің  ұйымдастырылуы  мен  өткізілуі  теориялық 

және практикалық тұрғыда жоғары деңгейде өткенін 

атады. 

Семинар-кеңестің  пленарлық  және  секциялық 



бөлімдеріндегі  пікір  алысулар  мен  талқылауларды 

қорытындылай  келе,  республикалық    семинарға  

қатысушылар  ұсынады:

Қазақстан  Республикасының  Білім және ғылым 

министрлігіне,  облыстық, Астана және  Алматы 

қалалық    білім  басқармаларына,  Республикалық 

мамандандырылған мектеп-интернаттарға:

1. Елбасы тапсырмасына сәйкес орыс, өзбек, ұйғыр, 

тәжік  тілдерінде  оқытатын  мектеп  бітірушілерінің 

қазақ тілін толық (100 пайыз) В

деңгейінде  меңгеруін 



қамтамасыз  етудің    іс-шаралар  жоспарын  бекітіп, 

жүйелі  жұмыс  жүргізсін.    Жыл  сайын  сәуір-мамыр  

айларында Министрлікке есеп беріп отырсын.


8

9

2. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер-



дегі  мемлекеттік  тілді  халықаралық  стандарт 

негізінде  деңгейлеп  оқыту,    Елбасы  тапсырмасына 

сәйкес  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес 

білім  беру  ұйымының  тәжірибесін  ескеріп,  қазіргі 

заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу 

жұмыстарын қатаң бақылауға алсын.

3.  Қазақ  тілінен  басқа  тілде  оқытатын 

мектептерді  мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  оқыту 

бағдарламаларымен,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің 

оқулықтарымен, оқу-әдістемелік құралдармен  толық 

қамтамасыз етсін.   

4.  Қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  оқу  кабинеттерін 

мультимедиалық, 

лингофондық, 

интерактивтік 

құрал-жабдықтармен,  электронды  оқулықтармен 

жарақтандыруды  жалғастырсын.

5.  Ұлттық  тілді  мектептер  мен  сыныптарда  осы 

жылғы  1  қыркүйектен  ғылым  негіздерін  көп  тілде 

және  билингвалдық  үлгіде  оқытуды  қамтамасыз 

етсін.

6.  Пән  мұғалімдері  үшін  пән  мен  тілді  кіріктіре 



оқыту  әдістемелері  мен  технологиялары  бойынша 

коучингтер, тренингтер ұйымдастырып өткізсін.

7.    Көп  тілде  білім  беретін  мұғалімдер  біліктілік 

арттырудың  деңгейлік    курстарына  кеңінен 

тартылсын.

8.    Ұлттық  тілді  мектептер  мен  сыныптарда  осы 

жылғы  1  қыркүйектен  ұлттық  бірыңғай  тестілеу 

пәндері  математика,  Қазақстан  тарихы  5-сыныптан 

бастап  билингвалдық  тәсілмен,  яғни,  ана  тілі  және 

қазақ тілінде оқытылсын.

9. Озық тәжірибелер жинақталып таратылсын:

Республикадағы  қазақ  тілінде  оқытатын  мек-

тептердегі қазақ тілі мен  әдебиеті пәндерінің мұға-

лімдері  арасында  Ш.Смағұлов  атындағы  Алматы 

облыстық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімі Әділов Бақытнұр Тәліпұлының;   

Алматы облысы мен Алматы қаласындағы ұйғыр 

тілінде  білім  беретін  мектептер  арасында  Алматы 

қалалық  А.Розыбакиев  атындағы  №153  мектеп-

гимназияның; 

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 

өзбек тілді мектептер арасында Ю.Сареми атындағы 

№107 мектеп-гимназияның озық тәжірибелері.    

«Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық 

орталығына:

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  оқулықтарының,  оқу-

әдістемелік  кешендерінің  сапасын,  мазмұнын 

қазіргі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарымен 

сәйкестендіру жұмыстарын  іске асырсын.

«Өрлеу»  ұлттық  біліктілікті  арттыру  орталығы» 

акционерлік  қоғамына  және  өңірлер  бойынша 

филиалдарына:

1. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер-

дегі мемлекеттік тілді халықаралық стандарт негізін-

де  деңгейлеп  оқыту,    Елбасы  тапсырмасына  сәйкес 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім 

беру ұйымының тәжірибесін ескеріп, қазіргі заманғы 

әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу  бойынша 

арнайы курстар, семинар-тренингтер жүргізсін.


10

11

2.  Мемлекеттік  тілді  оқытатын  мұғалімдердің 



курстарында  Елбасы  тапсырмасына  сәйкес  орыс, 

өзбек,  ұйғыр,  тәжік  тілдерінде  оқытатын  мектеп 

бітірушілерінің  қазақ  тілін  толық  (100  пайыз)  В

деңгейінде  меңгеруіне ықпал ететін әдіс-тәсілдерді 



қарастырсын. 

3. Әрбір өңірде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың, 

ұлттық  тілді  мектептерде  көптілді,  билингвалдық 

білім  берудің  озық  тәжірибелері  зерттеліп, 

жинақталып  таралуына  мүмкіндік  жасайтын 

авторлық  шеберханалар,    панорамалық,  оn-line  

режиміндегі  және    виртуалды  сабақтар  мен  кәсіби  

шеберлік  байқаулары  жүйелі  әрі  жоспарлы  түрде  

ұйымдастырылсын.

4.  Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  қазақ  тілі 

мен  әдебиетін  оқытудың,  ұлттық  тілді  мектептерде 

көптілді,  билингвалдық  білім  берудің      сапасын 

арттыру  мәселелеріне  арналған  оқу-әдістемелік 

семинарлар, ғылыми- практикалық конференциялар, 

дөңгелек үстелдер ұдайы өткізілсін.

                   (Республикалық  семинар-кеңеске  

                   қатысушылар  қабылдаған.

                  2014  жылғы 16 мамыр).

Мұғалімдерге көмек

Анар БАЙКЕНОВА,

Шығыс Қазақстан халықтарының 

тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің                                                                                                         

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.                                                                                                           

Шығыс Қазақстан облысы, 

Өскемен қаласы.

САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН 

ДАМЫТУ

Мәдениеттіліктің  басты  белгісі  –  сауаттылық. 

Сауаттылық дегеніміз не? Біріншіден, ол сауатты оқи 

және жаза білу, грамматикалық қателерді жібермеу.

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесімен  айналысқан 

Д.Тұрсынов:  «  ....  оқушыларды  қалай  сөйлей  де, 

сауатты жаза да білуге, яғни,  ауызша тілін дамыту-

мен  қатар  жазбаша  тілін  де  бірге  ала  жүру  керек». 

Сондықтан  сөйлей  білу  қандай  керек  болса,  жаза 

білудің керектігі онан да артық. 

Оқушы  қазақ  тілінде  дұрыс  байланыстырып 

сөйлесе десек, ол дұрыс, қатесіз жаза да білуі қажет.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі 

мұғалімдерінің  өз  тәжірибесіне  сүйенген  пікірлері 

бойынша  құрғақ  сөздерді  жаттай  бергенше,  сол 

сөздермен жазба жұмысын, жаттығулар жүргізгенде 

оқушының  есте  сақтау  қабілеті  жақсы  дамиды.


12

13

Сондықтан  мектептерде  жазу  сабақтарын  дұрыс 



ұйымдастыру  қажет.  Ол  үшін  жазу  сабақтарына 

арналған жаттығулар көбірек болып, ол жаттығулар 

кездейсоқ  болмай,жүйелі,  жоспарлы  түрде  жүргі-

зілуі тиіс.

Сауатты  жазуға  үйрену  жұмысы  грамматикаға 

сүйенеді.  Мектепте  грамматиканы  оқыту  неғұрлым 

жақсы  жолға  қойылса,  оқушылардың  сауаттылығы 

да солғұрым жоғары болады.

Ал,  мысалы,  ережені  мүдірместен  айтып 

бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей 

алмаса,  оқушы  ережені  механикалық  түрде 

меңгерген болып шығады, ол білгендерінің сауатты 

жазуға пайдасы шамалы болады.Сондықтан балалар 

мұғалімнің  басшылығымен,  тіл  құбылыстарын, 

емле  ережелерін  бақылап,  талдауға,  оларды  бір-

бірімен  салыстыруға,  ой  жүгіртуге,  сиппаттауға,  өз 

беттерімен  жазған  жазу  жұмыстарында  қолдануға 

міндетті.

Қатемен жұмыс – сауаттылық кепілі.

Қазіргі  замандағы  оқу  үрдісі  қоғамдағы  даму 

талаптарына сәйкес келу керек.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушылары 

қазақша ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілінде де 

қателер жіберетіні жасырын емес.

Орыс  мектебінде  оқитын  балалар  сөйлем 

құрғанда, орыс тілінен қазақшаға аударғанда, жазба 

жұмыстарын орындағанда ұқсас қателер жібереді.

Өкінішке орай,кейбір мұғалімдер оқушы қатесіне 

онша  мән  бере  қоймайды  немесе  жай  ғана  түзете 

салумен шектеледі.

Жазудағы сауаттылық емле және тыныс белгілерін 

дұрыс қолдану.

  Мұғалімнің  міндеті  –  жазу  сауаттылығы  мен 

сөйлеу  сауаттылығын  бір  деңгейге  келтіру.  Сонда 

ғана біз мәдениетті, сауатты тұлға тәрбиелей аламыз.

Күнделікті  сабақ  барысында  кей  пәндерден 

үлгерімі  төмен  оқушылар  кездесіп  жатады.  Сондай 

оқушылармен қазақ тілі пәні бойынша жеке жұмыс 

түрлерін жүргізуге болады.

Оқушылардың  қазақ  тілі  заңдылықтарын  терең 

меңгермеуі,  мұғалімнің  қатемен  жүйелі  жұмыс 

жүргізбеуі  салдарынан  оқушыларда  дұрыс  сөйлеу, 

жазу  қалыптаспайды,  сол  себепті  қателер  жылма  – 

жыл қайталанып отырады.

Орыс  мектебінің  оқушылары  қазақ    тілі 

сабақтарынан  өзге  уақыттың  бәрінде  орыс  тілінде 

қарым-қатынас  жасайды.  Сөздердің  жазылуына 

мән  бермей,  сөздікпен  жұмыс  істемегендіктен, 

оқушының  қазақша  сауатының  нашарлығының  бір 

ұшы осында жатыр деп санауымыз керек. Оқушылар 

орфографиялық қателерді келесі себептен де жібереді:

1.  Сөздің  мағынасын  түсінбей,  басқа  мағынаны 

білдіретін немесе мағынасыз сөзді жазып қояды.

2. Қазақ тілі заңдылықтарын білмеу.

3.  Қазақ  тіліндегі  қосымшыларды  дұрыс   

меңгермеу.

Үлгермейтін 

оқушыларға 

қазақтың 

төл               

дыбыстары  ұ  мен  ү,  ң  мен  н,  ы  мен  і  дыбыстары 

арасындағы ұқсастықтар қиындық туғызады.



14

15

Сөзіміз  дәлелді  болуы  үшін  нақтылы  мысал 



келтірейк.  «Ң»  әріпін  алайық  та,  оның  қандай 

жағдайларда 

жазылатынын 

талдап 


көрейік. 

Оқушылар  алдымен  «Ң»  әріпімен  жазылатын  түбір 

сөздерді  есіне  сақтау  шарт.  Мысалы,  таң,  жеңіл, 

алаң, көлеңке, оңай, аң, т.б. Қандай қосымшалар «ң» 

әріпімен  жазылатынын  оқушылардың  есіне  салып 

отырамыз.

Олар мыналар:

1.  Ілік  септік  тұлғасындағы  сөздер,  мысалы, 

баланың, үйдің.

2.  Жіктік  жалғаудың  II  жағы,  мысалы,  оқисың

жүресің, оқушысың.

3.  Тәуелдік  жалғаудың  II  жағы,  мысалы,  үйің

қаламың, жұмысыңыз.

4.  Сын  есімнің  -ыңқы,  -іңкі,  -шаң,  -шең,  -аң 

жұрнақтары, мысалы, көтеріңкі, сөзшең.

Осы  әріптің  жазылуы  туралы  үнемі  қайталай 

отырып, тәжірибеде пайдалана білуге баулыған жөн.

Осы  қиындықты  жою  үшін  әр  сабақта  жаттығу 

жұмысынан  кейін  міндетті  түрде  оқушы  сөйлем 

ішінен  осындай  дыбыстарды  тауып,  сөздерде 

қолданылуына  мән  бергізіп,  әр  түрлі  жаттығу 

тапсырмаларын орындату керек. 

Мысалы: Төл дыбыстарды үйреткенде.

Ә  әріпі  сөздің  1-буынында,  жіңішке  сөздерде 

қолданылады.

Әже, әке, дәрігер, әрбір, т.б.

Тілде  Ә  әріпінің  осы  негізгі  ережеге  бағынбай 

қолданатын жерлері бар.

Мысалы: Сірә, мәрмәр, Күләш, т.б.

Осы  бағытпен  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды 

түсіндіру тиімді деп ойлаймын.

Төл  дыбыстарды  бекіту  мақсатымен  сабақта 

мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

«Кім жылдам?» ойыны.

1. Тек қана (а, е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер 

ойлап жазыңдар.

Мысалы: 

Ы (ыдыс, ыстық, ыдырыс);

І (ілгіш, ірімшік, тіршілік);

Е ( береке, текемет, ермек).

2.  Қай  жағынан  оқыса  да  мағынасы  өзгермейтін 

сөздерді ойлап жазыңдар. 

Мысалы:  нан,  қырық,  қазақ,  қызық,  ара,  кебек, 

кесек, қабақ, т.б.

3.  «Адасқан  әріптер»  ойыны.  Дыбыстарды 

тіркестіріп сөз жасаңдар:

1. Р, О, Б (бор);

2. А, Ш, А, Ғ (ағаш);

3. К, Т, Р, Е, М, Е (керемет).

Сауатты  жазуға  бағыттаудың  тағы  бір  жолы    –

оқушылардың  үндестік  заңын  толық  меңгеріп, 

қолдана  білуі.  Сабақта  мынадай  тапсырмаларды 

қолдануға болады:

Түбір  сөздерге  түрлі  қосымшаларды  қосып 

жазыңдар.


16

17

Үлгі: оқу + мен, оқу + ға, оқу + лық, оқу + шы.



Сөз, жер, ат, бас, қол, батыр. (-шы, -лық, -да, -ға, 

-мен).


Қарамен 

берілген 

сөздердің 

түбірлерін 

анықтаңдар.  Түбірдің  соңғы  дыбысының  өзгеру 

себебін түсіндіріңдер.

Үлгі: еңбегі – еңбек.

1. Еңбегі аздың өнбегі аз. 

2. Ердің атын еңбек шығарар. 

3. Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім. 

4. Кітап – білім бұлағы, бұлақ – өмір шырағы. 

5. Еңбек түбі – береке. 

6. Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады. 

7.  Білім  –  бақтың  жібермейтін  қазығы,  білімсіз            

бақ – әлдекімнің азығы. 

Оқушылардың  сауаттылығын  көтеруде  және 

бағалауда  диктант  түрлерінің  мәні  зор.  Сабақта  әр 

түрлі диктант түрлерін өткізуге болады.

Жаңа  сөздерді  бекіту  мақсатында,  көру,  есте 

сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында сөздік, көру 

диктантарын өткізген тиімді.

Оқушылардың  өтілген  материалды  қандай 

дәрежеде  игергендігін  анықтау  және  бекіту  үшін 

терме және бақылау диктанттарын өткізу пайдалы. 

Осы  диктанттардан  кейін  жіберілген  қателерді 

анықтап,  оқушы  қатені  неге  жіберді,  қандай 

тақырыптарды  толық  игермеген,  олардың  көп 

жіберетін  қателері  қандай  деген  сұрақтарға  жауап 

беру  үшін  үнемі  қатемен  жұмыс  жүргізу  қажет. 

Қатемен жұмысты мынадай тәсілмен жүргіземін:

Оқушы  қатесін  табады,  ережесін  анықтайды, 

дұрыс  жазу  емлесін  түсіндіреді,  басқа  мысалдар 

келтіреді. 

Бақылау  жұмыстарын  тексергенде  жұппен 

жұмыс  жасауға  болады.  Балалар  жұпта  бақылау 

жұмыстарын  бір-бірімен  салыстырып,  бір-бірінің 

қателерін  тауып  алады  және  бір-біріне  түсіндіреді. 

Бұл  ізденісте  қабілетті  оқушылар  үлгерімі  төмен 

оқушыларға көмектеседі, жұппен жұмыс жасалады. 

Оқушылар  қателерін  тауып  түзетеді,  теріс  жазған 

себебін  анықтайды,  ереже  шығарады,  дәлелдейді. 

Мұндай жұмыс тәсілі оқушыларды бірінің жауабын 

бірі  тыңдауға,  мәдениетті  қарым-қатынас  жасауға 

тәрбиелейді.

  Қорыта  айтқанда,  оқушының  есте  сақтау 

қабілетін,  сауатты  жазу  дағдысын  қалыптастыру 

үшін көшіріп жазу, ереже жаттау, әр түрлі граммати-

калық тапсырмалар қолдану, фонетикалық, морфоло-

гиялық  талдаулар  жасау,  диктант  түрлерін  жүргізу 

әдістері де өте тиімді.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал