Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/9
Дата15.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
   Казахский язык и литература 
               в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан        
6/2013   
МАУСЫМ
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге көмек
Майдаш ТЕМІРЖАНОВА.                Ақпараттық технология – 
                                                                  қазіргі заман талабы.........................................3
Шынар МЕДЕУБАЕВА.                     Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін
                                                                  қолданудың тиімділігі....................................10
Шолпан ҚАСЫМОВА.                        Қабысудың негізі – 
                                                                  аналитикалық сөйлемдер...............................22
Мұғалім мінбесі
Зұлқия ҚАППАСОВА.                        Тілге құрмет – елге құрмет.............................29
В мире педагогики
Бибинур КИСИКОВА.                         Методические основы использования
                                                                  видеоматериалов на уроке 
                                                                  иностранного языка........................................32
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Гүлзат БАҚТЫБАЕВА.                       Асан қайғы.......................................................36
Өрікбай АРЫНОВ.                               Ы.Алтынсарин. «Бай баласы мен
                                                                  жарлы баласы»................................................39
Майра ҚАЛДЫБАЕВА.                       Абайдың табиғат лирикасы...........................46
Колледж кеңістігінде
Толқын ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА.             Киім стилінің түрлері мен шартты 
                                                                  бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.........49
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Майра БЕЙСЕБЕКОВА.                      Шоқан және француз тілі..............................57
Айгүл АҒЗҰМОВА.                               Сан есімнің түрлері........................................70
Гүлжәмила ҚАЛМАҒАМБЕТОВА.   Ауызша сөйлеу мәдениетінде –
                                                                   Қаныш Сәтбаев..............................................75
Айнагүл ЖҮЗІКЕЕВА.                          Грамматикасы қызықты Қазақстан..............79
Гүлайна ДУЛАТБАЕВА.                       Жаңа сөздермен де қуантқан Астана...........93
Жайнагүл ЖҰМАБАЕВА.                    Етістіктерді қайталау.....................................97
Жанна СҮЛЕЙМЕНОВА.                    Сын есімді алып кит.....................................101
Оқытудағы жаңа бетбұрыс
Карима МАДАЛИМОВА.                    Тілді деңгейлік тұрғыдан оқыту 
                                                                   мәселесі........................................................105
Білім сынағында
Айша КУДАРБЕКОВА,                        Септік атаның кеспе
Зураш ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.                қағаздары......................................................113
Айгүл ТӨЛЕГЕНОВА.                         ҰБТ-ға дайындық.........................................116
Сыныптан тыс сабақ
Альмира НҰРСОЛТАНОВА,              Салауатты
Нұргүл ҚАЙДАРОВА.                           өмір салты....................................................125
Анар АТАҒОЖИНА.                              Қазақ тілінің білгірі.....................................133
Лейла КУДРЕЕВА.                                 Қазақ тілі – ғылым мен поэзия тілі............136

3
Мұғалімдерге көмек
Майдаш ТЕМІРЖАНОВА,
Павлодар облысының
Ақсу қаласындағы 
№4 орта мектептің 
мұғалімі.
АҚПАРАТТЫҚ  ТЕхНОЛОГИя – 
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияла-
рын  меңгеру.  Оқытудың  жаңа  технологияларының 
бірі  –  ақпараттық  технология.  Ақпараттандыру 
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді 
оқушылар  даярлау  –  мұғалімнің  басты  міндеті  болып 
табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  үдерістерінің 
қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа  технологияны 
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі  заманда 
әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.
Елімізде  білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  қолдану  –  басты  мақсат  болып  отыр. 
Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа 
ақпараттық,  коммуникациялық  технология  және  білім 
беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Ақпараттық    технология  –  мұғалім  мүмкіндігін 
күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. 
Компьютер  мүмкіндіктері  психология  мен  дидактика 
тұрғысынан  талданып,  керек  кезінде  педагогикалық 
талаптарға сай қолданылуы керек. 

4
Білім  беру  жүйесіндегі  қайта  құрулардың  негізгі 
субъектісі  –  мұғалім.  Қазіргі  мектепке  шығармашылық 
ізденіс  қабілеті  дамыған,  ақпараттық  технологияларды 
жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан  мұ-
ғалімдер қажет. Мұғалім тек өз пәнінің терең білгірі ғана 
емес,  тарихи-танымдық,  педагогикалық-психологиялық 
сауатты,  саяси-экономикалық  білімді  және  ақпараттық-
коммуникациялық  білім  мен  технологияны  жан-жақты 
меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуы керек.
Компьютерді  мұғалім  қосымша  материалдар,  әр 
түрлі  анықтамалық  мәліметтерден  ақпараттар  беру 
үшін  көрнекі  құрал  ретінде  пайдалана  алады.  Мұғалім 
ақпараттанушы  емес,  оқушының  жеке  тұлғалық  және 
интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен 
жоғары  құзырлылықты,  ұйымдастырушылық  қабілетті 
оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  өзгерістеріне 
лайық  бейімдеуді,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын 
дамыту бағыттарын талап етеді. 
Ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет 
өзі-нің кез келген нақты формасында тиімдірек орында-  
лады, адам өркениетті бола бастайды. 
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компью-
тер  де  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи 
құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды 
компьютерлердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену  –  
бүгінгі  күннің  кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселелерінің 
бірі. 
Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияларды 
пайдалану  әр  оқушыға  өз  білімін  көтеру  тиімділігін  де 
арттырады.  Бұл  бірінші  кезекте  сандық  түрде  жазылған 
ақпараттарды  пайдалану  кезінде  қажетті  мәліметтерді 
оңай  табуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезде  көптеген 

5
әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды 
түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі 
бір  сыныпта  ғана  емес,  сонымен  бірге  қашықтықтан 
оқыту  үрдісі  де  дамып  келе  жатыр.  Ол  үшін  Интернет 
желісіне  қосылған  компьютер  керек.  Қашықтықтан 
оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған 
оқулықтарды  қарап  отырып  білім  алғысы  келетін 
адам  өзі  ізденіп,  жауаптарын  салып  жібереді.  Немесе 
бірлескен  телеконференцияларға  қатысады.  Оқытудың 
бұл түрі анағұрлым арзан әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, 
тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. 
Ақпараттық  технологияны  бәсекеге  қабілетті  ұлттық 
білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін 
әлемдік  білімдік  ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану 
негізгі мәнге ие болып отыр. 
Ақпараттық    технология  есептеуіш  техникасымен 
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, 
электрондық  оқулықтарды,  интерактивтік  құралдарды 
қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 
оқыту бағдарламаларына негізделеді. 
Оқушылардың  ақпараттық    технологиялар  көмегімен 
қалыптасатын  және  жүзеге  асырылатын  ойлау  қабілеті 
бұрынғы  технологиялар  арқылы  берілетін  ойлау 
жүйесінен  өзгеше  болатындықтан,  ойлау  қабілеті 
мен  психикалық  функциялардың  басқа  да  жақтары 
қайта  қарастырылуы  тиіс.  Компьютерлік  техниканың 
дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға 
қолдану,  білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту  формалары 
мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. 
Компьютерлік  техниканы,  интернет,  телекоммуни-
кациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық 
құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды 

6
оқу  үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын 
көрсету.  
Жаңа  ақпараттық  технологияны  қолданып  оқытуды 
ұйымдастыруда  кедергі  келтіретін  басқа  да  негізгі 
факторлар болады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  дүниежүзілік  озық 
тәжірибелерге  сүйеніп  жаңа  типті  оқыту,  әр  оқушының 
қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, 
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен 
сапасын жоғарылатуды көздейді.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі 
емес.  Ол  –  өткенді  таразылап,  өмірдің  мәнін  жаңаша 
түсінуге,болашақты барынша дұрыс анықтайтын уақыт.
Ақпараттық  технология  саласындағы  жетістіктерді 
пайдаланып,  білімнің  жаңа  деңгейі  мен  сапасына  қол 
жеткізуге  ұмтылатын  ұстаздар  еңбегі  қарқынды  даму 
үстінде.  Қазақстан  Республикасы  ғылыми-техникалық 
дамудың  негізгі  белгісі  қоғамды  ақпараттандыру                
болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі  таңда  жаңа  әлеуметтік  жағынан  қорғанған  
адам  –  технология  және  нарық  талабына  сай  терең 
білімді,  жан-жақты  адам.  ХХІ  ғасыр  –  ақпарат                                                                                                           
ғасыры  болғандықтан  оқушыларға  компьютерлік 
сауаттылық  қажет.  Ал  бұл  сауаттылықтың  алғашқы 
баспалдағы  мектептен  басталады.  Мектеп  қабырғасы-
нан  теориялық  біліммен  қатар  практикалық  білімнің                            
алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  ақпараттық 
технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық 
технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам 
сұранысына  сай  өзінің  өмірлік  іс-әрекетінде  дербес 

7
компьютердің  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана 
алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.
Ақпараттық  технология  (information  technology)  –
біріншіден: обьектінің, үдерістің немесе құбылыстың күйі 
туралы  жаңа  ақпарат  алу  үшін  мәліметтерді  жинақтау, 
өңдеу,  жеткізу  тәсілдері  мен  құралдарының  жиынтығын 
пайдаланатын үдеріс.
Сонымен,  ақпараттық  технология  ұғымы  –  өңделген 
ақпаратты  пайдаланушыға  жинақталған  түрде  жеткізу 
әдістерін,  құрылғыларын,  элементтерін  қамтитын 
жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу 
технологиясы болып табылады.
Мемлекеттік 
бағдарламада 
оқу 
үдерісінде 
педагогикалық  және  ақпараттық  технологияларды  
кеңінен  пайдалану  –  жалпы  білім  беруді  дамытудың  
басты бағыттарының бірі.
Қазіргідей  әлемдік  ғаламдану  үдерісі  кезінде  
ақпараттар  ағымынан  адам  баласы  өзінің  ұдайы  дамып 
отыруына  керекті  ақпаратты  саралап,  пайдалана 
білу  –  бүгінгі  уақыттағы  басты  мәселе.  Осыдан  кейін 
туындайтын  мәселелердің  бірі  –  жастарға  сапалы  білім, 
саналы тәрбиені орта мектепте білім беру ісін оқытудың 
жаңа  инновациялық  әдістерімен  толықтыру,  оқытудың 
жаңа  технологияларын  іздестіру,  оқушыны    ақпаратты 
талдай  білуге,  ақпараттық  технологияларды  тиімді 
пайдалана  білуге  үйрету.  Ақпараттық  технологияларды 
игеру  қазіргі  заманда  әрбір  жеке  тұлға  үшін  оқу  және  
жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір 
адам үшін қажетті шартқа айналды.
Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшеліктеріне  оның 
ілгерілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу 
мүмкіндіктерін  дамыту  ақпараттық  технологияларды 

8
қолданумен жүзеге асады.
Оқушылар 
ақпараттық 
технологияның 
кейбір 
элементтерін  жеке  шығармашылықта  да  пайдаланады. 
Олардың  бір-біріне  деген  әсерін  де  байқауға  болады. 
Заман  ағымына  қарай  күнделікті  сабаққа  видео,  аудио 
қондырғылары  мен  теледидарды,  компьютерді  қолдану 
айтарлықтай  нәтижелер  беруде.  Кез  келген  сабақта 
электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың 
танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логи-
калық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашы-
лықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты 
оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. 
Бұл  нұсқаның  жетістігі  оны  компьютер  жадында  сақтау 
мүмкіндігі,  оны  компьютерлік  желілер  арқылы  тарату 
болып табылады.
Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен 
бiрге,  жалпы  өмiрдiң  сипаты  мен  құндылықтар  жүйесi 
басқадай түрге ендi. Яғни, бұл дегенiңiз шығармашылық 
қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен қажеттiлiк 
жоғары  деңгейде  болады  деген  сөз.  Осы    мектептердің 
материалдық  және  технологиялық  базасы  болып 
компьютерлiк  техника  мен  компьютерлiк  желiлер, 
ақпараттық  технологиялар  және  телекоммуникациялық 
байланыс  негiзiндегi  түрлi  жүйелер  қалыптасады. 
Сонымен  қатар,  өзiндiк  ақпараттық  инфрақұрылым 
түзiледi.  Оның  негiзiнде  озық  электрондық  техника 
көмегiмен  кешендi  түрде  ақпарат  өндiрiледi,  өңделедi, 
сақталады және пайдаланады.
Қазақ  тілі  сабағында  жаңа  ақпараттық  технология-
ларды пайдалану оқушылардың сөздік қорын молайтып, 
сөйлеу 
тілінің 
грамматикасын 
қалыптастырып, 
дыбыстарды  дұрыс  айтып,  диалогтік  сөйлеудің 

9
қалыптасуына,  түсінгенін  айта  білуге,  сауатты  жазуға 
дағдыландырады,  дүниетанымын,  ой-өрісін  кеңейтуге, 
өмірге  деген  көзқарасын  дамытып,  шығармашылық 
қабілетіне  жол  ашады.  Оқушылардың  сөйлеу  тілін 
жетілдіреді.  Тілдің  грамматикасын  білу  арқылы 
оқушылар  бір-бірімен  сөйлесуді,  сұрақ  қоюды  үйренеді. 
Олардың  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін  өздерін  қоршаған 
заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр,не көріп отыр, олар 
не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай 
туғызу  қажет.  Ауызекі  сөздің  жалпы  міндеті  –  сөздің 
мағынасын  түсініп,  оны  өз  сөзінде  дұрыс  қолдану  және 
сөз қорын молайту. Әр сыныптың бағдарламасына қарай 
оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттап, сол 
сөздерді  қатыстырып,  сөйлем  және  мәтін  құрастыруды 
үйренеді. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық 
технологияларды  қолдану  –  басты  мақсат  болып  отыр. 
Ол тек қана техникалық құрал емес,сонымен бірге жаңа 
ақпараттық,  коммуникациялық  технология  және  білім 
беру  жүйесіндегі  сабақ    берудің  жаңаша  әдісі  болып 
отыр.  Ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру 
үшін  білім    беру  саласында  бірнеше  міндеттерін  шешу 
керектігі  атап  көрсетілді:  компьютерлік  техниканы, 
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және 
телекоммуникациялық  құралдарды,  мультимедиялық 
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану 
арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар еліміздің 
болашағы  –  жарқын,  білімді,  парасатты,  өз  ана  тілінде 
еркін  сөйлеп,  өз  елін,  халқын,  мәдениетін  шетелге 
таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып 
шығуы  керек.  Компьютерлік  телекоммуникациялар 
бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.

10
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  М.М.Жанпейісова.  Модульдік  оқыту  технологиясы 
оқушыны дамыту құралы ретінде. А., 2002.
2.  Р.Сұрауымбетова.  «Білім  беру  деңгейін  көтеруде 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі».
3.  Б.А.Әлмұхамбетова,  М.А.Ғалымжанова.  «Білім 
беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруда 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  қолда-
нылуы».
4. «Педагогикалық альманах» жұрналы. №3, 2009.
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы. №6, 2004.
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы. №6, 2009.
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы. №4, 2011.
   
   
 
Шынар МЕДЕУБАЕВА,
Астана қаласындағы
№53 мектеп-лицейдің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН 
ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫң 
ТИІМДІЛІГІ
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі. Олай болса  жаңа бағдарлама бүкіл оқу орындарының  
алдына  қазақ  тілін  жан-жақты  меңгерген,  көркем  әдеби 
тіл  нормаларын    терең  игерген  жастарды    тәрбиелеп 
шығаруды міндет етіп қояды. 

11
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында 
«2030  жылға  қарай  Қазақстан  Орталық  Азия  Барысына 
айналады  және  өзге  дамушы  елдерге  үлгі  болады»  деп 
сеніммен  айтылған.    Сонымен  бірге  «Біз  Қазақстанның 
барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне 
деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»    делінген. 
Демек,  Қазақстанның  болашағы  зор  болса,  мемлекеттік 
тілдің атқаратын рөлі мол. Мемлекеттік тілдің дамуы мен 
болашақта өсіп-өркендеуі де, ең бірінші, тіл мамандарына 
байланысты. Әр пән мұғалімінің міндеті – қазақ халқының 
салт-дәстүрі,  мәдениеті,  тарихы,  әдет-ғұрпының  өзіндік 
ерекшелігін  ұғындырып  қана  қоймай,  мемлекеттік  тілде 
еркін сөйлей алу дәрежесіне жеткізу.  Өзге ұлт өкілдерінің 
қазақ  тілін  жақсы  меңгеріп,  қызметте  де,  өндірісте 
де    қазақ  тілінде  сөйлеп,  мемлекеттік  тілде  іс-қағаздар 
жазуына ықпал ету. 
Өзге  ұлтты  мектептерде  қазақ  тілі  мамандарының 
көздейтін  мақсаты  –  оқушыларды  қазақша  сөйлеуге,  өз 
ойын  біреуге  түсіндіре  алатын,  мемлекеттік  тілді  жетік 
біліп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Бұл міндетті іс жүзіне 
асыруда  сыныптық  сабақтың  шешуші  рөл  атқаратыны 
белгілі. Мен өзімнің іс-тәжірибемде өзге ұлтты мектепте 
балалардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін 
қазақ  тілі  сабағында  ойын  түрлерін  көбірек  пайдалану 
арқылы өз мақсатыма жеттім.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  – 
қазақ  тілінде»  және    «тіліміздің  мемлекеттік  қызметте 
де,  өндірісте  де    білім  беруде  орыс  тіліндей  болып 
қолдануы үшін қолдан келгенінің бәрін істеу керек» деген 
тұжырымдары бар.
Бұл  істегі  басты  тұлға,  әрине,  біз-  мұғалімдерміз. 

12
Мұғалімдер  алдындағы  отырған  балаға  әр  түрлі  әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы білімді жүйелі де терең беруге 
тырысады.
Бірақ  оқушылар  мектепте,  ата-аналар  қызметте  орыс 
тілінде сөйлейді. Ал, өзге ұлт өкілдері әлі де қазақ тілінде 
сөйлеуге  тырыспайды,  сондықтан  да  оқушыларды  қазақ 
тілінде сөйлету – ең маңызды мәселе.
Мақсаты:  қазақ  тілі  сабағында  ойын  технологиясын 
қолдану  арқылы  басқа  ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді 
меңгерту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
1.  Оқушыларды  оқыту  және  тәрбиелеу  барысында 
ойындық 
технологиялардың 
педагогикалық, 
психологиялық 
және 
әдістемелік-дидактикалық 
негіздеріне теориялық талдау жасауды жүзеге асыру;
2.  Қазақ  тілі  сабағында    қолданатын  ойындарды 
жүйелеп, түрлерін анықтап, ойындарды өткізу жоспарын 
құру;
3.  Ойын  технологиялары  арқылы  оқушы  тұлғасын 
дамытуға  байланысты  тәжірибиелік  жұмыстың  теория-
лық үлгісін жасау;
4.  Тәжірибе  негізінде  қазақ  тілін  оқытуда  ойын 
технологияларын қолданудың тиімділігін анықтау.
Болжамы:  Егер  пән  мұғалімі  мен  оқушылардың 
бірлескен  жұмысы  әдістемелік  тұрғыда  қамтамасыз 
етіліп, қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын технологиясын 
әр тақырыптарына сай түрлендіріп, оқу-тәрбие үрдісінде 
қолданса,  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығы 
артады. 
Қазақ  тілі  сабағында  ойын  түрлерін  қолдану  не 
береді? 
-  Білімді  меңгеруге,  шеберлікті  қалыптастыруға     

13
ықпал жасайды;
-  Ой  әрекеттері  тәсілдерін  дамытуға  және 
қалыптастыруға мүмкіндік береді;
-  Баланы  дамытады,  ізденімпаздыққа,  шеберлікке 
баулиды;
-  Оқушылар  грамматикадан  сыныпта  оқып, 
үйренгендерін ойын арқылы қайталап бекіте түседі;
- Жауапты тез тауып, тапқырлыққа дағдыланады;
- Сөздік қоры молаяды;  
-  Сонымен  қатар  болжамыма  сәйкес,  ойын  техноло-
гиясы  өзінің  дамуы  бойынша  үлгерімі  нашар  балаларға  
да оң әсер етеді.
Тәжірибені теориялық негіздеу.
Ақын-педагог Мағжан Жұмабаев өзінің педагогикалық 
еңбегінде:  «Баланың  қиялы,  әсіресе,  ойында  жарыққа 
шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда 
бала  жанындағы  әсерлер  пайдаланады.  Айналасындағы 
тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы 
біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады, шырпыларды 
тізіп-тізіп  көш  жасайды,  балшықтан  мал  жасайды, 
қуыршақтан  қыз  жасап    таныстырады,  яғни,  сөйлетіп, 
диалог құрады. Жас бала жалқы ойынды, жалғыз ойнауды 
жақсы көреді.
Әлі  тілі  еркін  жетілмегендіктен  ол  басқа  балалармен 
қатынаса алмайды. Ал, енді, өскен сайын жалпы ойынды, 
бірігіп  ойнауды  жақсы  көре  бастайды.  Жалғыз  ойнаса, 
іші  пысады.Жалпы  ойын  баланың  тілінің  өркендеуіне 
көп пайда тигізіп, ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, күліп,  
былдырлап  сөйлей  береді.  Жалпы  ойынмен  жалпы 
тұрмысқа, яғни, басқа адамдармен бірігіп тұруға үйренеді, 
өзінің  сөзін,  тілін  біреуге  тыңдатып,  басқаның  тілегін, 
сөзін  өзі  тыңдап,  қысқасы,  біріккен  тұрмыстың  бірінші 

14
шарты – жалпы заңдарды орындап, атқарып үйренеді. Ал, 
енді  жалқы ойын, яғни, жалғыз ойнау баланың алаңғасар, 
еліктегіш  болмай,  өз  ісіне  ынталы,  тиянақты  болуына 
пайдалы. Бірақ осы екі түрлі ойынның екеуінің де кемдік 
жағы  бар.  Ылғи  жалғыз  ойнап  үйренген  бала  тағы, 
менменшіл  болып,  көппен  бірге  ойнап  үйренбеген  бала 
алаңғасар,  тиянақсыз,  еліктегіш  болып  шығуы  мүмкін. 
Абзалы – осының екеуін кезекпен ауыстырып отыру.
Осы  екі  түрдің  қай  түрімен  болса  да  ойнап    отырған 
баланың  ойынын  бақылауға  тәрбиеші  міндетті.  Бірақ 
бақылаймын  деп  бүлдіріп  алма.  Бүлдіріп  алу  былай 
болады:  «Былай  ойна!»  деп  бұйырса,  баланың  ойыннан 
ынтасын суытып аласың. Баланың ойынына үлкен адам 
кіріссе, балаға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың 
өз  ісі.  Баланың  ойынына  кірісуші  болма.  Баланы  бір 
нәрсені  бүлдірмес  үшін  тек  шеттен  бақыла.  Есте  болу 
керек,  бақылау  деген  сөз  –  қарауылда  тұрған  солдаттай 
қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сөз емес, олай тұрсаң, 
бала  ойнай  алмайды.  Егер  баланың  ойынына  қатысқың 
келсе,  өзің  бала  болып  қатыс.  Яғни,  ойындарына  бөгет, 
оралғы  болма.  Балалар  сенің  ересек  адам  екеніңді 
сезбейтін дәрежеде болсын»,- дейді.  Ал, К.Д.Ушинский 
алғашқылардың  бірі  болып,  ойын  бала  үшін  тек  қана 
көңіл  көтеру  емес,  оның  дамуы  мен  өзіндік  өзектенуіне 
жол ашатын белсенді әрекет түрі дегенді атап көрсеткен. 
Яғни, оқыту ойындары ойынға қатысушыларды мақсатқа 
сай  сол  ортаға  бейімдейді.  Осы  оқыту  ойындарының 
мақсатты  бейімділігіне  келер  болсақ,  оны  Г.К.Селевко 
былайша суреттейді: 
-  Дидактикалық:  ойлауды  кеңейту,  танымдық 
мақсаттар, алынған білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды 
практикалық  әрекетке  қолдану,  еңбектік  дағдыларды  

15
жалпы білімдікке дамыту;
-  Тәрбиелеуші:  еріктілікті,  дербестікті  тәрбиелеу, 
нақтыланған  адамгершілік,  эстетикалық,  көзқарастық 
ұстанымдарды  қалыптастыру,  ұжымда  болу  ептіліктерін 
үйрету;
- Дамытушы: ойлауды, есте сақтауды, сөйлеуді, назар 
аударуды  дамыту,  балама  табу,  талдау  және  синтездеу 
ептілігі,  елестету,  қиялдау,  шығармашылық  қабілеттер, 
эмпития, рефлекстер, тиімді шешімдер қабылдау ептілігі, 
оқу әрекеттерінің уәждерін дамыту;
-  Әлеуметтеуші:  қоғамның  құндылықтары  мен 
нормаларына қатынасу, ортаның жағдайларына бейімделу, 
өзіндік  реттеу,  оқу,  әңгімелесу,  психотерапия  деген 
салаларға бөлінеді. 
Ал,  «Білімдегі  жаңалықтар»  №3/15-індегі  мақаланы 
қарастырсақ,    шәкірттің  ақыл-ойы,  парасаты  ұлттық 
салт-сананы  сіңіру  арқылы  байи  түседі.  Адамның  жан 
дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп, 
тіршілік  етуі  әр  түрлі  іс-әрекеттермен  шұғылдану 
барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы 
–  ойын  әрекеті.  Баланың  психикалық  даму  үрдісінде 
ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы 
заманғы тәлім-тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе 
болып  саналады.  Ойын  әрекетінде    баланың  денесі  мен 
ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаны тани біледі.
Ойын  –  қоғамдық  тәсілді    меңгеру  мақсатында, 
ситуациялық  жағдайда,  бағытты  түрде  іскерлігін 
көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Әр 
сабақтың  алдына  қойған  міндет-мақсатына  орай  оның 
ішкі  құрылысы  да  белгілі  оқушыға  әрдайым  жаңалық 
білдіруге, жаңа материалды жеке түсіндіріп, саналы түрде 
меңгеруге, оны пысықтап, бекітуге бағытталуға тиіс.                                                      

16
Оқыту  әдістерін  түрлендіру  –  сабаққа  қойылатын 
негізгі, басты шарттардың мақсаты мен мазмұнына орай 
туады,  сабақты  оқыту  үдерісінде  мұғалім  қолданған  әр 
түрлі озат әдістер баланың ақыл-ойын, ынтасын, зейінін 
дамытады.  Қазақ  тілін  оқытатын  мұғалімдердің  басты 
мақсаттарының бірі – оқушының оқу, таным белсенділігін 
арттыру  болып  табылады.  Оқушыны  пәнге  қызықтыру, 
ынталандыру  мақсатында  сабақтың  дәстүрлі  емес  түрін 
жиі қолдану қажет.
Сабақтың бұл түрі жеке оқушылармен жұмыс жүргізу, 
тапсырма  беруде  олардың  қабілетін  алуға    мүмкіндік 
береді.  Мұғалім  қарапайым  тілдік  құрылымның  жаңа 
түрлерін  күнделікті  сабақта  ойын  жаттығулары  түрінде 
қолданып,  оқушылардың  білімін  толықтырып  отырады. 
Сабақта  орынды  қолданылатын  ойын  элементтері 
оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, 
іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал