Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/10
Дата10.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан        
4/2013    
СӘУІР
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Басшылыққа алар тірегіңіз
Баянғали ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.     Ана тіл – арым, иманым.........................................3
Қазақстан Республикасының                                                                              
Білім және ғылым министрлігі
Съездің ұйымдастыру комитеті.  Ақпараттық хабарлама..........................................13
Сиезге сіңімді сыйлықтар
Жанат АЙТБАЕВА,                        Грамматиканы меңгертудегі жаттығу
С.ҚАЙЫРБАЕВА.                           жұмыстарының тиімділігі ..................................16
Шолпан ТҮКТІҒҰЛОВА,              8-9-сыныптарға арналған құрмалас
Ұлжалғас ЖИРЕНБАЕВА.            сөйлемдердің үлгілері..........................................19
Ботакөз ҚОЖАХМЕТОВА.           6-сынып оқушыларына арналған қазақ 
                                                             әдебиеті пәнінен жұмыс дәптерінің 
                                                            16-19-беттері..........................................................25
Әлия МҰҚАТАЕВА.                        Диалект және әдеби тілді қолдану 
                                                             нормалары.............................................................30
Қызықты грамматика
Гүлнұр ОСПАНОВА.                      Грамматикалық жаттығулар................................35
 
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Нұргүл ШАЯХМЕТОВА.               Тіл дамытқан құдірет – туған жер.......................40
Бақыт МУТАИРОВА.                     Сөздік қоры мол Қазыбек шешен.......................44
Жібек ТІЛЕУҚАБЫЛОВА.           Сөйлеу мәдениетін қалыптастырған 
                                                             алғашқы қазақ газет-жұрналдары.......................48
Салтанат ОРАЛҚЫЗЫ.                  Құрмалас сөйлемде – Ыбырай Алтынсарин......54
Роза БЕКЕШОВА.                           Сауатты сөйлем құратқан – 
                                                             әл Фараби еңбектері.............................................59
Махаббат ДЮСЕМБАЕВА.            Етістіктің шақтары...............................................64
Дина БАЛМҰХАНОВА.                  Жаңа сөздер және тұңғыш Елбасы.....................68
Алмагүл ФАЗЫЛОВА.                    Есімдікті қайталауда –
                                                             «Табиғатты қорғау» тақырыбы...........................72
Бір тақырыпқа 
– 
екі мақала
Ардақ МАРАТҚЫЗЫ.                     Дұрыс сөйлеуге үйреткен Астана.......................75
Ләззат ЕРСАРИНА.                         Дұрыс сөйлеуге үйреткен Астана.......................80
Білім негізі 

 бастауышта
Анар ДАЙЫРОВА.                           Жаңа сөздерді меңгерткен – менің бөлмем.......88
Жұмабике ОРАЗБАЕВА.                  Ауызекі сөйлеуге дағдыландырған 
                                                              Қазақстан..............................................................92
Тиыштық ӘБЕТАЕВА.                    Жіктік жалғауын оқытқан шын дос...................97
Сабақта 
– 
М.Мақатаев
Меруерт ТАБЫЛҒАНОВА.             Шығармашылыққа баулыған 
                                                              «Үш бақытым»..................................................102
Назгүл БОЛАТБАЙ.                         Сөйлеу мәдениетінде – 
                                                              жанға жақын жырлары......................................107
Сыныптан тыс тәлім
Арайлым СЕРІКБАЕВА.                 Құрғақ сөзге жоқ ұлттық салт-дәстүр.............112 
Балжан ТОЙКЕНОВА.                     Тіл тағдырын ойлатқан – ел мен жер..............115
Білім сынағында
Гүлмира ӘЛІМЖАНОВА.               11-сыныпқа арналған бақылау 
                                                               диктанттары.......................................................123
Қарлығаш ТАГИМАНОВА.            ҰБТ-ға дайындық кесте....................................131
Ептілік сабағы
Айнұр НАҒАШЫБАЕВА.                Тың сөз бен қимылға бай акробатика.............141

3
Басшылыққа алар тірегіңіз
Баянғали ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, 
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру 
ұлттық орталығы АҚ 
Астана қаласы бойынша 
педагог қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институты 
Мұғалімнің кәсіби дамуын 
педагогикалық-психологиялық қолдау 
кафедрасының доценті.
АНА ТІЛ – АРЫМ, ИМАНЫМ
(орыс тобындағы қазақ студенттеріне арналған 
элективті (таңдаулы) курс бағдарламасы)
Пікір берушілер: 
Т.М.Артықова  –  п.ғ.к.,  доцент,  С.Бәйішев  атындағы 
Ақтөбе университетінің аға оқытушысы;
Н.Садуақасов  –  ф.ғ.к.,  доцент,  Ақтөбе  мемлекеттік 
педагогикалық институтының аға оқытушысы.
Бұл  бағдарлама  университеттің  1-курс  студенттеріне 
(орыс  тобында  оқитын)  арналған.  Бағдарлама  ұлты 
қазақ  балаларының  ұлттық  танымын  өз  ана  тілінде 
қалыптастыруды  көздей  отырып,  ұлттық  тәрбие  арқылы 
ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Астана  қалалық  Білім  беру  жүйесіндегі  кадрлар 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғы-
лыми кеңесінде мақұлданған. Хаттама № 22, 05.05.2010 ж.
Түсінік хат
Ана  тілін    ардақтау  –  әрбір  адамның  міндеті.  Ана  тілін 
еркін  меңгеру  –  ұлт  сипатын  сақтаудың  басты шарты.  Бұл 
басқа ұлт тілдерін меңгеруге бөгет жасамайды. Қайта шетел 

4
тілдерін меңгеруге пәрменді көмек жасайды. Сондықтан да 
орыс тобында оқитын ұлты қазақ студенттерді ұлтымыздың 
тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін 
жете білуге баулу негізінде осы 
«Ана  тіл  –  арым,  иманым»  деген  тақырыпта                
элективті  курстың  бағдарламасы  жасалып  отыр.  Бұл 
бағдарламаның  басты  мақсаты  –  студенттерге  ұлтжан-
дылық,  отансүйгіштік,  ұлттық  тәрбие  беру.  Студенттердің 
қазақ  тілі  мен  әдебиетіне,  қазақ  халқының  мәдениеті  мен 
өміріне  сүйіспеншілігін  арттыру,  шығармашылықпен                                                                                                                    
жұмыс  жасауға  бейім  студенттерді  баулу,  олардың  тіл 
байлығын байыту, өз ойларын еркін, орамды тілмен жеткізе 
білуге  дағдыландыру.  Студенттерді  ізденіске,  ғылыми 
зерттеулерге  баулу,  өз  ынтасымен  білімін  толықтыруға 
жетелеу. 
Бағдарлама он бөлімнен тұрады:
1. Мен – қазақпын.
2. Отаным – алтын ордам.
3. Қазақстан – көне қоныс.
4. Даналар сөзін жатта.
5. Қазақты әлемге танытқан зиялылар.
6. Ұлттық салт-дәстүр – тәлім-тәрбие көзі.
7. Қазақ халқының ұлттық саз аспаптары.
8. Қазақ – өнерлі халық.
9. Тарих көшіменен әрі асу.
10. Қазақ – осы.
Бағдарламаның  соңында  қысқаша  әдістемелік  нұсқау 
және  осы  бағдарламамен  жұмыс  жасау  барысында 
пайдалануға болатын әдебиеттер тізімі берілген. Элективті 
курстың  тақырыптық-күнтізбелік  жоспары  қазақ  әдебиеті 
мен Қазақстан тарихы пәндерімен байланыста құрылды. 
Бағдарлама  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды. 

5
Танымдық материалдар
1.  Элективті  курстың  тақырыбы  мен  мақсат,  мін-    
деті туралы жалпы мағлұмат (әр тақырыпқа шолу, 1 сағ.).
2.  Мен  –  қазақпын  (Ана  тілінің  қадір-қасиеті;  қазақ 
тілі  туралы  ой-пікірлер,  бір  бәйтерек  бұтағымыз,  туыс 
тілдер, қазақ тілін зерттеуші ғалымдар, тіл білімінің негізін 
салушылар туралы. 3 сағ.).
3.  Отаным  –  алтын  ордам  (Қазақстан  Республикасы 
жөнінде,  «Кір  жуып,  кіндік  кескен  жер»  туралы  толғаныс, 
туған  жердің  қадір-қасиеті;  Қазақстан  мемлекетінің  негізгі 
заңдары,  рәміздер,  елдегі  саясат,  қалалар,  Қазақстан 
табиғаты, кинотеатрмен байланыс жасап, туған жер туралы 
киноға бару, талқылау. 3 сағ.).
4.  Қазақстан  –  көне  қоныс  (Көне  Отырар,  Түркістан, 
т.б.  көне  қалалар,  тарихи  ғажайыптар,  мұражайлар, 
хандар,  билер,  даналар,  тарихи-өлкетану  мұражайларымен 
байланысқа шығып, саяхаттар жасау, т.б. 3 сағ.).
5. Даналар сөзін жатта (Халық ауыз әдебиеті; батырлар 
жыры,  шешендік  өнер,  аңыздар,  Шығыс  ойшылдары 
(Мұхаммед  әл  Хорезми,  Ғаббас  әл  Жауһари,  әл  Фараби, 
Ахмет  Иассауи,  Әбу  әли  Ибн  Сина,  Жүсіп  Баласағұни,  
Махмұт  Қашқари,  Омар  Хайям,  т.б.  Көне  түрік  әдебиеті; 
қазақ халық поэзиясы. Поэзия кешін ұйымдастыру. 3 сағ.).
6.  Қазақты  әлемге  танытқан  зиялылар  (Қазақ  тари-
хын  зерделеушілер,  қазақтың  әдет-ғұрыптары,  қазақ  елі 
туралы  өзге  ұлттардың  пікірлері,  олардың  қазақ  тіліне 
қосқан үлестері, т.б. Ғаламтормен жұмыс. 3 сағ.).
7.  Ұлттық  салт-дәстүр  –  тәлім-тәрбие  көзі  (Қазақ 
отбасы,  жеті  ата,  ұлттық  тәрбие,  туыс-жекжат  қарым-
қатынасы,  қазақтың  тойлары,  ырымдары,  дәстүрлері,  ата 
кәсібі, ұлттық тағамдары, киімдері, ойындары, бұйымдары, 
қонақ күту рәсімдері, тыйым сөздер, т.б. Қазақтың тойына 
қатысу, ой бөлісу. 3 сағ.).

6
8.  Қазақ  халқының  ұлттық  саз  аспаптары  (Ұлттық 
аспаптардың  шығу  тарихы,  қасиеті  мен  құдіреті,  киесі, 
қазақтың  күйшілері,  әншілері,  ақындары  мен  жыраулары, 
т.б. Дәстүрлі ән-күй кешіне бару. 3 сағ.).
9.  Қазақ  –  өнерлі  халық  (Халық  өнерін  зерттеушілер, 
жалғастырушылар, өнер адамдары, т.б. Өнер адамдарымен 
кездесу  ұйымдастыру,  театрмен  байланыс  жасау,  қойы-
лымдар тамашалау, ой бөлісу. 3 сағ.).
10.  Тарих  көшіменен  әрі  асу  (Қазақтың  құнды 
шығармаларын  насихаттау,  дамыту,  ұрпаққа  жеткізу,  солар 
арқылы  ұрпақты  рухани  жағынан  байыту  (әдебиет,  мә-
дениет, өнер, тарих, т.б.), тәуелсіз мемлекетіміздің әлі талай 
асулардан  өтуіне  қызметтер  істеуге  арналған  жұмыстар. 
Шетелден  білім  алған  қазақ  азаматтарымен  кездесу 
ұйымдастыру. 3 сағ.).
11.  Қазақ  –  осы  (Қазақ  халқын  кең  көлемде  тану, 
білу,  құрметтеу,  өз  Отанын  сүю,  ұлтжандылық  қасиетті 
қалыптастыру,  «Мен  –  қазақпын»  деп  әр  уақытта  елінің 
болашағы  үшін  қызмет  істей  алатын  ұрпақ  тәрбиелеу). 
Элективті курс бойынша портфолио дайындау. Мемлекеттік 
тіл туралы байқауларға, жобаларға қатысу. 3 сағ.).
Орыс тобындағы  қазақ тілі пәні бойынша элективті 
курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары
№ Бөлім-
дер
Тақырыптың мазмұны
Шығ. 
жұмыс-
тар
Тіл 
дамыту  Сағ. 
1
Кіріспе 
сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен 
мақсаты, міндеті туралы 
жалпы мағлұмат.
Әңгі-
мелеу.
1

7
2
Мен – 
қазақ-
пын.
Ана тілінің қадір – 
қасиеті; қазақ тілі туралы 
ой-пікірлер, бір бәйтерек 
бұтағымыз, туыс тілдер 
туралы, қазақ тілін 
зерттеуші ғалымдар, 
тіл білімінің негізін 
салушылар, т.б.
Тақырып 
бойынша 
иллюс-
трация-
лар.
Әңгі-
мелеу.
3
3
Ота-
ным – 
алтын 
ордам.
ҚР,  «Кір жуып, кіндік 
кескен жер» туралы 
толғаныс, Қазақстан 
мемлекетінің негізгі 
заңдары, рәміздер, 
елдегі саясат, қалалар. 
Кинотеатрмен байланыс 
жасап, туған жер туралы 
киноға бару, талқылау.
Тақырып 
бойынша 
альбом 
дайын-
дау.
Әңгі-
мелеу.
3
4
Қазақ-
стан – 
көне 
қоныс.
Көне Отырар, Түркістан, 
т.б. көне қалалар, 
тарихи  мұражайлар, 
хандар, билер, даналар. 
Тарихи-өлкетану 
мұражайларымен 
байланысқа шығып, 
саяхаттар жасау.
Тақырып 
бойынша 
буклет 
дайын-
дау.
Сұхбат.
3
5
Дана-
лар 
сөзін 
жатта.
Халық ауыз әдебиеті
Шығыс ойшылдары 
(Мұхаммед әл – Хорезми, 
Ғаббас әл – Жауһари, 
Әл Фараби, Ахмет 
Иассауи, Әбу әли Ибн 
Сина, Жүсіп Баласағұни, 
Махмұт Қашқари, Омар 
Хайям, т.б.), көне түрік 
әдебиеті, қазақ халық 
поэзиясы. Поэзия кешін 
ұйымдастыру. 
 
Ертегілер 
бойынша 
иллюс-
трация 
жасау.
Әңгі-
мелеу.
3

8
6
Қазақ-
ты 
әлемге 
таныт-
қан 
зиялы-
лар.
Қазақ тарихын 
зерделеушілер, қазақтың 
әдет-ғұрыптары, қазақ елі 
туралы өзге ұлттардың 
пікірлері, олардың қазақ 
тіліне қосқан үлестері, 
т.б. Ғаламтормен жұмыс.
Эссе 
жазу.
Мән-
жазба.
3
7
Ұлттық 
салт-
дәстүр 
– 
тәлім-
тәрбие 
көзі.
Қазақ отбасы, жеті 
ата, ұлттық тәрбие, 
туыс – жекжат қарым 
– қатынасы, қазақтың 
тойлары, ырымдары, 
дәстүрлері, ата кәсібі
ұлттық тағамдары, 
киімдері, ойындары, 
бұйымдары, қонақ күту 
рәсімдері, тыйым сөздер, 
т.б. Қазақтың тойына 
қатысу, ой бөлісу.
Тақырып 
бойынша 
альбом 
жасау.
Сұхбат.
3
8
Қазақ 
халқы-
ның 
ұлттық 
саз 
аспап-
тары.
Ұлттық аспаптардың 
шығу тарихы, олардың 
қасиеті мен құдіреті, 
киесі, қазақтың 
күйшілері, әншілері, 
ақындары мен 
жыраулары, т.б. Дәстүрлі 
ән-күй кешіне бару.
Тақырып 
бойынша 
альбом 
жасау.
Әңгі-
мелеу.
3
9
Қазақ – 
өнерлі 
халық.
Халық өнерін 
зерттеушілер, 
жалғастырушылар, өнер 
адамдары, т.б. Өнер 
адамдарымен кездесу 
ұйымдастыру, театрмен 
байланыс жасау, 
қойылымдар тамашалау, 
ой бөлісу.
Өнер 
адамдары 
туралы 
мате-
риал-
дар 
жинау.
Әңгі-
мелеу, 
ән 
жаттау, 
шыр-
қау.
3

9
10
Тарих 
көші-
менен 
әрі асу.
Қазақтың құнды 
шығармаларын 
насихаттау, дамыту, 
ұрпаққа жеткізу, солар 
арқылы ұрпақты 
рухани жағынан байыту 
(әдебиет, мәдениет
өнер, спорт, тарих, т.б.), 
тәуелсіз мемлекетіміздің 
әлі талай асулардан 
өтуіне қызметтер 
істеуге арналған 
жұмыстар. Шетелден 
білім алған қазақ 
азаматтарымен кездесу 
ұйымдастыру. 
Қазақ-
станға 
сен 
қандай 
үлес 
қоспақ-
сың?
Әңгі-
мелеу.
3
11 Қазақ – 
осы.
Қазақ халқын кең 
көлемде тану, құрметтеу, 
өз Отанын сүю, 
ұлтжандылық қасиетін 
қалыптастыру, «Мен 
- қазақпын» деп әр 
уақытта елінің болашағы 
үшін қызмет істей алатын 
ұрпақ тәрбиелеу. Курс 
бойынша портфолио 
дайындау. Мемлекеттік 
тіл туралы байқауларға, 
жобаларға қатысу, т.б.  
 
Мән-
жазба
немесе 
курстық 
жұмыс.
4
Бар-
лығы:
32
Қысқаша әдістемелік нұсқау
Элективті  курста  дамыта  оқыту  технологияларын, 
интерактивтік  әдістерін,  басқа  да  оқытудың  жаңа,  әр 
түрлі  әдістерін  қолдану  оқушылардың  шығармашылық 
белсенділігін  дамытудың  бір  факторы  болып  табылады. 
Мұндай  сабақтардың  ерекшелігі  өзіне  деген  сенімділігін 
арттырады,  өзін  еркін  ұстай  білуге  баулиды,  оларды 
шығармашылық  жұмысқа  бағыттайды,  қызығушылығы 
мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына 

10
ықпал етеді. Сабақ барысында әр студент өзіндік тұжырымы 
арқылы  жаңа  материалды  саналы  түрде  игереді.  Сабақтың 
қызықты,  тартымды  өтуі  оның  дұрыс  ұйымдастырылуына, 
жоспарлануына 
байланысты. 
Сабақта 
жүргізілетін 
жұмыстардың түрлері ауысып,  түрленіп отыруы – міндетті 
шарттардың бірі. Әрбір жұмыс түріне берілетін уақытқа да 
ерекше  көңіл  бөлу  қажет,  өйткені  бір  жұмыс  түріне  уақыт 
көп бөлінсе немесе жиі қайталанып отырса, ол студенттерді 
жалықтыратыны сөзсіз. Сондықтан оқытушы сабақты дұрыс 
жоспарлауға,  оны  түрлі  әдіс-тәсілдермен  әсерлі  өткізуге 
ерекше мән беруге тиіс.
Көрнекі құралдар сабақтың ұтымдылығын арттыратыны 
белгілі. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты 
көрнекіліктер  көптеп  шығарылып  жатыр.  Осы  тақырыпқа 
байланысты  шығып  жатқан  әр  түрлі  плакаттарды, 
буклеттерді, электронды материалдарды пайдалану арқылы 
сабақты түрлендіруге болады. Студенттерге шағын шығарма, 
мәнжазба,  курстық  жұмыс  жазғызу  барысында  газет  – 
журнал материалдары да кеңінен пайдаланылады. 
Техникалық құралдардан фильмоскоп, үнтаспа қолдануға 
болады.  Қазақтың  ақын-сазгерлерін  өткен  кезде  олардың 
шығармаларын үнтаспадан тыңдату өте қолайлы. 
Элективті курста оқытушы жаңа материалды студенттің 
бұрын алған біліміне сүйене отырып беруі керек. 
Сонда  студенттердің  бұрын  алған  білімі  қайталанып 
отырылады да, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік туады. 
Элективті  курсқа  арналған  арнайы  оқулық  жоқ.  Керекті 
материалдарды  оқытушы  өзі  жинақтап,  іріктеп  алады. 
Сондықтан оқытушы материал жинақтаған кезде мәтіндердің 
тілінің  жеңіл,  жатық  болуын,  көлемінің  студенттердің  жас 
ерекшелігіне  сәйкес,  рухани  құндылықтарға  толы  ұлттық 
тәрбие  беру  арқылы  ұлтжандылыққа  тәрбиелеуге    бола 
алатынын ескерген жөн.

11
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. «Қазақ кім?» деген сауалға толық жауап бере білу;
2. Тілді терең меңгеру; 
3. Қазақ халқының зиялыларын жақсы танып білу;  
4.  Қазақ  халқының  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрлері  жайлы 
жетік білу;
5. Қазақ халқының тарихы мен тарихи тұлғаларын жетік 
тану;
6. Отан, туған жер, елдің қадір-қасиетін жүрегімен сезіне 
білу;
7. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, білу, 
түсіну;
8. Кез келген еркін тақырыпқа шығарма жаза білу;
9. Шығармалардан үзінді оқу;
10. Мәнерлеп  оқудың қыр - сырын жақсы меңгеру;
11. Шығармаларды талдай білу;
12. Өнер ордаларымен байланыс жасау;
13. Халықтың ауыз әдебиетін терең білу;
14. Сауатты жаза білу;
15.  Өз  елінің  ұлтжанды  да  білікті  азаматы  болатынына 
сену.
Элективті  курсқа  берілген  мәтіндерге  қойылатын 
талаптар:
Мәтіндер  оқу  үрдісінің  талабында  көрсетілген 
тақырыптарға  сай,  республиканың  өміріне,  мәдениетіне, 
тарихына,  халықтың    салт-дәстүріне  байланысты 
тақырыптарға құрылуы тиіс.
Әр  мәтін  өтілген  лексика-грамматикалық  минимумға 
сай болуы керек, бірақ студенттердің сөздік қорын молайту 
мақсатында  лексикалық  материал  бірте-бірте  енгізіліп 
отырылады, оның көлеміне мән берілуі керек. 
Мәтіннің    тәрбиелік  жағына  көңіл  бөлінгені  жөн. 
Мазмұны тартымды, тілі жеңіл, түсінікті болуы шарт. 

12
Мәтіндер жеңілден ауырға қарай іріктеледі. Мәтіндерде 
Қазақстан, оның мәдениеті, әдебиеті, тарихы, салт- дәстүрі, 
қазақ  ақын-жазушылары,  ғалымдары,  сазгерлері,  тарихи 
тұлғалары,  өнер  қайраткерлері  туралы  толық  мағлұмат 
беріледі. 
Элективті курс бойынша студенттердің алған білімін 
тексеру жұмыстарының түрлері:
1. Тест сұрақтарына жауап алу;
2. Оқылған мәтінге аннотация жаздыру; 
3. Әр түрлі диктанттар жазғызу (шығармашылық, терме, 
сөздік, графикалық, т.б.);
4.  Берілген  жоспар  бойынша  шығарма  жазғызу 
(«Қазақтың ұлттық ойындары», «Ұлттық қолөнер», «Менің 
Қазақстаным», т.б.);
5  Әр  тақырып  бойынша  құрастырылған  сұрақтарға 
жазбаша жауап алу;
6. Сурет, тірек сөздер бойынша шағын шығарма жаздыру;
7. Берілген тақырыптар бойынша мәнжазбалар, курстық 
жұмыстар жаздыру, қорғату.  
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ж.Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы. А., «Білім», 2003.
2. Ә.Жәнібеков. «Жолайрықта». А., «Рауан», 1995.
3. С.Алтаев. «Шығыстың тәтті тағамдары». «Қайнар», 87.
4. А.Жүнісов. «Бабалар дәстүрі». А., 1992.
5. Б.Төтенаев. «Қазақтың ұлттық ойындары». «Қайнар», 
1994.
6. А.Жұбанов. «Замана бұлбұлдары».
7. Х.Марғұлан. «Қазақтың қолөнері». А., «Өнер», 1987. 
8. 
Ж.Кәрменов. 
«Халық 
әндері 
мен 
халық 
композиторларының  әндері».  А.,  «Өнер»,  1990.    «Білім»,  
2003.
9. «Қазақтың зергерлік әшекейлері». А., «Өнер», 1990.
10. «Ағаш ою». А., «Өнер», 1994.

13
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал