Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/10
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан          
5/2012   
МАМЫР
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Айша ӘЛІМЖАНОВА, Шәмша 
БЕРКІМБАЕВА, Роза БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, 
Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар 
ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия        
ОРАЗБАЕВА, Күлпәш САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге  көмек
Назира КЕКІЛБЕКОВА.       Қазақ мақал-мәтелдерінің синтаксистік 
                                                    ерекшеліктері...................................................................3
Айнұр ЕСІМОВА.                   Қазақ тілі сабағында қолданылатын 
                                                    әдіс-тәсілдер.....................................................................8
В  помощь учителям
Айгерим ТОГЖАНОВА.        Формирование межличностного общения учащихся
                                                     развитие творческих навыков через языковые и 
                                                     речевые игры.................................................................11
Айжан ТОКСАМБАЕВА.       Эффективные методы обучения..................................17
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  әдебиеті
Айымгүл ЖҰМАҚАНҚЫЗЫ. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.......23
Толғанай ҚАБДЫҒАЛИЕВА.  Абайды білмек парыз ойлы жасқа.................................26
Бағлан ДАЙЫНБЕКҚЫЗЫ.    Ауыз әдебиеті – халық шежіресі...................................32
Екатерина ҚАУЫСҚЫЗЫ,
Нұржамал СЕРІКҚЫЗЫ.         Жарық жұлдыз.................................................................34
Білім  негізі  –  бастауышта
Айнұр ЕСЕНБЕРЛИНА.         «Қазақшаңыз қалай?»...................................................43
Сәбира МАЙҚАНОВА.                 Сөздік қоры мол көктем................................................47
Арайлым БАТИБАЕВА.               Сөйлем және дене тәрбиесі..........................................49
Сәуле ЖҰРЫНТАЕВА.                   Дұрыс сөйлеу мен үлкенді сыйлау...............................53
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  тілі
Сұлушаш ҚАДЫРҚЫЗЫ.      Ауызекі сөйлеу тілінде – Қорқыт................................57
Гүлнара МУСИНА.                  Себеп-салдар және топтау үстеулері.........................59
Сапура МАДИЕВА.                  Жаңа сөзді Ертөстік.....................................................63
Айсұлу ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.   Тілге шешен табиғат....................................................69
Индира НҰРЖАНҚЫЗЫ.       Ауызекі тілі қуатты ауыл шаруашылығы..................72
Лаура ҚАҺАРМАНҚЫЗЫ.     Дұрыс сөйлеуге дағдыландырған билер...................75
Гүлжиян БАЙЗОЛЛАҚЫЗЫ. Сауатты сөйлеткен – біздің Отанымыз.....................80
Нұргүл ШАЙМҰРАТОВА.       Тілі құнарлы Құрманғазы..........................................83
Салтанат КӘКІМҚЫЗЫ.        «Денсаулық» елінде – етістік түрлері........................88
Самал БАҚЫТҚЫЗЫ.             Мемлекеттік өнеркәсіптегі жақсыз сөйлем..............92
Бейбіт ӘБЕНҚЫЗЫ.                 Салалас құрмалас сөйлем..........................................96
Дәмежан ЖАНБЕКОВА,               
Өмірсерік ҚОШАНОВ.            Тіл ұстартқан Тәуелсіздік..........................................98
Жаңыл ХАКІМЖАНОВА.       Тілі бай отырарлық ғалым.......................................104
Раушан ЖАҚСЫҒҰЛОВА.      Балаға ат қойғыш анықтауыш.................................107
Сәрсен БЕЙСЕНОВ.                  Бәйгеге қатысқан антонимдер.................................112
Шырын ЖИРЕНОВА.               Зат есімді пысықтау.................................................114
Ғылыми  ойлар  отауы
Рысқаным СӘЛІМҚЫЗЫ.      Тілді лингвомәдени аспектіде оқытудың 
                                                       әдістемелік негіздері................................................116
Білім  сынағында
Зәуреш ӘБЕНҚЫЗЫ.                9-сыныпқа арналған емтихан билеттері................124
Ануза ЖҮСІПОВА.                    Жай сөйлемнің жаттығу жұмыстары.....................128
Айнагүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ. Тест сауалдары........................................................135
Балабақша  бағында
Айм САРСЕНБАЕВА.                «Әке мен бала» әңгімесі.........................................138
Сәтті  сағат  ойыны
Венера МАМЕТЬЯРОВА.         XXI ғасыр көшбасшысы.........................................140
Поэзия  әлемінде
Зәуре АМАНЖОЛҚЫЗЫ.         Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің аудармалары.......142

3
Мұғалімдерге көмек
Назира КЕКІЛБЕКОВА,
 Шымкент қаласының
Хамза атындағы 
№42 мектебінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІң 
СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ойға ұста, сөзге ділмар шешендер халық даналығын пайдаланып 
қана қоймай, белгілі бір уақиға үстінде айтылған аталы, ақылды 
сөздерімен оны байытып, дамытып та отырған. Біздің ділмарлық 
шағын жанрды, яғни, мақал-мәтелді зерттеу айдыны етіп алуымыз 
да  сондықтан.  Қазақстанда  Кеңес  өкіметі  орнаған  алғашқы 
жылдарынан  қазақ  ауыз  әдебиетінің  үлгілері,  нұсқалары  жүйелі 
түрде  жиналып,  зерттеліп,  жариялана  бастағаны  белгілі.  Қазақ 
фольклористері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Б.Кенжебаев, 
М.Ғабдуллин, тағы басқа ғалымдар халық шығармасының басты 
жанрлары:  тұрмыс-салт  ертегілері,  мақал-мәтелдер,  әңгімелер 
нұсқаларын жинап зерттеуге, жариялауға көңіл бөлді.
Соның  нәтижесінде  фольклорлық  шығармалар  зерттеу 
объектілеріне  айналды.  Көптеген  монографиялық  еңбектер 
жазылып, жариялануымен жаңа сатыға көтерілді, жанр табиғатын 
тереңдей түсетін зерттеулер жазуға ауысты.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым 
—  ШоқанУәлиханов.  Ш.Уәлиханов  пен  И.Н.Березин  мұрала-
рында XIX ғасырдың 50-жылдарында ел аузынан жазып алын-ған 
екі  жүзден  аса  мақал-мәтел  сақталған.  Сол  уақыттан  бері  қазақ 
мақал-мәтелдері  әр  түрлі  жинақтарда,  нұсқаларда  жарияланып 
келеді. Оны жинап жариялаушылар: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, 
Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Ф.Плотников, Н.И.Гродеков, Ә.Ә.Диваев, 
Н.Ф.Катанов, т.б.

4
Қазақ  мақал-мәтелдерін  соңғы  жылдары  арнайы  зерттеген 
ғалымдардың  бірі  –  Рахметолла  Сәрсенбаев.  Оның  «Қазақ 
мақалдары 
мен 
мәтелдерінің 
лексика-стилистикалық 
ерекшеліктері»  /1964/  дейтін  кандидаттық  диссертациясында 
мақал-мәтелдердің құрылымы, лексикасы, стилистикасы қаралып 
талданған.
Мақсаттары мен міндеттері:
1. Қазақ   тіліндегі   мақал-мәтелдерді   қазіргі   қазақ   тілінің 
 
фактілерімен салыстыру:
- мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздердің байланысу тәсіл-
дерін, орналасу тәртібін анықтау;
-  мақал-мәтелдердегі    негізгі      ойды  тиянақтауда  баян-                      
дауыштардың орынын, олардың жасалу тәсілдерін анықтау;
-  мақал-мәтелдердің  сөйлем  түрлеріне  қатысты:  хабарлы, 
сұраулы,  бұйрықты  сөйлем  түріндегі,  мақал-мәтелдердің 
құрмалас сөйлем қызметін атқаруындағы, олардың құрамындағы 
тармақтардың  бір-бірімен  салаласа,  сабақтаса  байланысу 
тәсілдеріндегі ортақ және ерекшелік жақтарын анықтау.
2. Мақал-мәтелдердің  стильдік  қызметін,   ерекше  жақтарын 
айқындау.
Мақал-мәтелдер,  әдетте,  сөзге  сараң,  құрамы  ықшам 
болатындықтан, жай сөйлеуде толық айтылуға тиіс мүшелер түсіп 
қала береді.Осыған байланысты бұлар, көбіне, толымсыз сөйлем 
күйінде ұшырап отырады. Мысалы:
1) Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
2)  Сыйға – сый, сыраға – бал.
3)  Көптің қолы – ұзын.
4)  Елдің күші – селдің күші.
5) Азған денеге ауру үйір.
6)  Тілде бар да, істе жоқ.
7)  Басы – аман, малы – түгел.
8)  Балық жаны – суда.

5
9)  Асыл  –  тастан,  ақыл  –  жастан  деген  сияқтылардың  не 
бастауышы,  не  баяндауышы  түсіп  қалып  айтылып  отырады. 
Алайда,  мақал  мен  мәтел  синтаксисі  басқа  сипатты  поэтикалық 
шығармалардағы  құрмалас  сөйлем  түрлерінен  айырықша  болып 
отырады. Бұлардың құрамында құрмалас сөйлем түрлерінің бәрі 
бірдей  кездесе  бермейді.  Олардың  ішінен  жиі  кездесетіндері  — 
жалғаулықсыз салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың кейбір 
түрлері (шарты, салыстырмалы бағыныңқылы).
Мақалда салалас құрмаластар екі жай сөйлемнің қатар айты-
луынан  пайда  болады  да,  мағына  жағынан  параллелизм  ұста-
нымында  құрылады.  Қазіргі  қазақ  тілінде  жалғаулықсыз  салалас 
құрмалас сөйлем, негізінен, мақал мен мәтелдің құрылысына тән 
сипат деп ойлаймыз. 
Ал,  бұлардың  құрамында  жалғаулықты  салалас  құрмаластың 
кездеспеуі,  жиі  қолданыс  таппауы  олардың  ықшамдылығына, 
жинақты айтылуына және ырғақ, ұйқас, үйлесім  тәрізді   көркемдік   
құрылымына   байланысты.
Бірақ,  мақал  мен  мәтелде  поэзияға  тән  көркемдік  құры-
лымның  бәрі  бірдей  бола  бермейді,  бар  болғанның  өзінде  де 
кейбір өзгешеліктерімен шектеліп отырады. Мәселен, мақал мен 
мәтелдердің  ырғағы  құрамындағы  сөздердің  буын  санына  қарай 
емес, олардың морфологиялық тұлғаларының ұқсас болып жарыса 
қолданылуы арқылы да жасалады:
Келін болдым, енеге жарымадым,
Ене  болдым,  келінге  жарымадым  –  дегендегі  болдым, 
жарымадым  сөздерінің  қайталанып  жұмсалуы  ырғақ  пен  ұйқас 
жасауға  дәнекер  болып  тұр.  Мақал-мәтелді  салалас  құрмалас 
сөйлемдерді құраушы жай сөйлемдердің семантикалық табиғаты 
да  ерекше  болады.  Әрбір  жай  сөйлемдегі  баяндалатын  оқиғалар 
өзара мағына жағынан ұқсастық немесе қарсылықты, кейде, тіпті, 
алғашқы сөйлемдегі ойды соңғы сөйлем жалғастырушы ретінде де 
құрала береді. Мысалы:

6
1)  Ұста пышаққа жарымас,
      Етікші етікке жарымас.
2)  Малды тапқанға бақтыр,
      Отынды алғанға жақтыр.
3)  Тура ағаш – үйге тіреу,
     Тура жігіт – елге тіреу.
4) Біздің тілі – батыр,
    Ердің қолы – батыр.
5) Ылдисыз өр болмайды,
    Қапысын таппас ер болмайды,–  
деген  мақалдарда  бірінші  және  екінші  компоненттердің  ұқсас-
тығы жайында айтылса,
1) Жақсылық – ағаш басында,
    Жамандық – аяқ астында.
2)  Еңбек шақарды түзетеді,
     Еңбексіздік оны жүдетеді,–
дегенде  екі  құбылыстың,  оқиғаның  бір-біріне  қарама-қарсы 
тұрғандығын  көрсетеді.  Мағыналық  жағынан  ұқсас  не  қарсылас 
келіп құралатын салалас құрмалас сөйлем тек мақал мен мәтелдің 
өн бойына тән құбылыс екені мәлім.
Ал,  мақал-мәтелді  салалас  құрмалас  сөйлемнің  алғашқы 
компонентінде айтылған ой соңғысында толықталып, айқындала 
түсіп отырады.    
«Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Ит үрер, керуен көшер.
Құлақ  не  естісе,  ауыз  соны  айтады»    деген  мақалды 
сөйлемдердің  алғашқы  компонентіндегі  мағынаның  соңғыда 
жалғастырыла  толықтырылуы  басқа  мақалды  салалас  құрмалас 
сөйлемдерде  ұшырамайды.  Н.К.Дмитриев  мұндай  мақалды 
салалас  құрмалас  сөйлемдерді  семантикалық  табиғаты  жағынан 
қарастыра  келіп,  оларды  сабақтас  құрмалас  сөйлем  қатарына 

7
жатқызады.  Ол  бұл  туралы  былай  дейді:  „сохраняя  форму 
независимых  (сочиненных)  предложений  они  по  содержанию 
равняются подчиненным”. Жоғарыда келтірілген мысалдар, шын 
мәнінде,  салалас  құрмалас  сөйлем  (оның  ішінде  жалғаулықсыз) 
болып саналады.
Мақалда  құрмалас  сөйлемнің  екінші  бір  түрі  —  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдер  де  кездеседі.  Оның  ішінде  шартты 
бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлем  түрінде  ғана 
жұмсалатыны байқалады.
1)  Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
2)  Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болар.
3)  Сөздің басы – қатты болса, аяғы – тәтті болар.
4)  Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.
5)  Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын.
Мақал-мәтелдер пішіні жағынан хабарлы, лепті, сұраулы сөй-
лемдерді еске түсіреді, бірақ бұл сыртқы ұқсастықтары ғана. Ішкі 
мағынасына, сөздерінің мәніне қарап жай сөйлемдер мен мақал-
мәтелдерді  ажырату  қиын  емес.  Мақал-мәтел  жай  сөйлемдерден 
терең оймен, көркем тілімен, қалыптасқан құрылысымен, әлденеше 
қайталанып, кұлаққа сіңген танымдылығымен дараланады.
Қорыта  айтқанда,  мақал-мәтелдерді  қазіргі  қазақ  тілінің 
фактілерімен  салыстыру,  ондағы  сөздердің  байланысу  тәсілдері, 
орналасу  тәртібі,  негізгі  ойды  тиянақтауда  баяндауыштардың 
алар орыны арнайы мысалдармен келтірілген. Мақал-мәтелдердің 
құрмалас сөйлем қызметін атқаруындағы, олардың құрамындағы 
тармақтардың  бір-бірімен  салаласа,  сабақтаса  байланысу 
тәсілдеріндегі ортақ жақтары да мысалдармен дәлелденген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мақал-мәтелдер. А., 2007. 
2. С.М.Исаев. Қазіргі қазақ тілі. А., 2003.
3. Ә.Қайдар. Халық даналығы. А., «Толғанай», 2004.
4. Р.Әміров. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі. А., 1983.

8
 Айнұр ЕСІМОВА,
Алматы қаласындағы
«Тұран» мектеп-лицейінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Кез  келген  қоғамның  дамуы  оның  ғылым  саласы  мен  оқу 
жүйесіне  тікелей  ықпал  ететіні  белгілі.  Қазіргі  кезде  қоғамдық-
әлеуметтік  өмірде  болып  жатқан  құндылықтарды  қайта  қарау 
мен күрделі тоғысу үдерістері мектептегі оқу жүйесіне де әсерін 
тигізуде.  Оқушыларға  білім  беру  жолында  пәнаралық  байланыс 
іске  асырылып  қана  қоймай,  материалды  меңгеру  барысында 
интеграцияланған оқу үлгісі де жолға қойылған. Бұл – оқушының 
қажетті  материалды  жеке-жеке  салаларға  жіктемей,  тұтас 
игеріп,  толық  қабылдауына  мүмкіндік  жасайды.  Материалды 
интеграциялық  меңгере  оқыту  дегеніміз  –  оқу  жүйесіне  жаңа 
педагогикалық  технологияның  енуіне  себепкер  болу.  Жаңа 
технология сабақты қызықты әрі сапалы жүргізудің жинақталған 
тәсілі  болуымен  қатар  әр  пәннің  жете  меңгерілуіне  септігін 
тигізеді.  Қазіргі  мектептердің  қайсысы  болмасын  ата-ана  мен 
оқушы  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  ұтымды  технологияны 
іске асыруға тырысады.
Жаңа  дәуірдің  жан-жақты  дамыған  адамын  тәрбиелеу  оңай 
емес,  ол  үшін  мұғалімге  үлкен  ізденудің,  оқытуды  ізгілендіру 
аспектілерін  пайдаланып  жүзеге  асырудың  мәні  зор.  Жаңашыл 
педагогтардың идеясымен жұмыс істей білу – әр ұстазға қойыла-
тын талаптардың бірі.
Егеменді  еліміздің  болашағы  –  бүгінгі  мектеп  партасындағы 
оқушылар.  Оларды  заман  талабына  сай  жан-жақты,  білімді, 
өз  бетімен  білуге  талпынатын,  өзінің  ой-тұжырымы  бар  етіп 
тәрбиелеу  үшін  сабақ  түрлері  құрылысын  жетілдіру,  оқытудың 

9
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану – бүгінгі күннің талабы.
Қазіргі  заман  мұғалімі  қоғамдық  дамудың  деңгейінен 
көрінетін,  оның  әлеуметтік  парызына  жауап  беруді  көздейтін, 
жаңалыққа сергек, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық, 
адамгершілік тұрғыдан  шеше  алатын,  жаңашыл  ойлау  дағдысын 
меңгерген  маман  болуы  керек.  Оқушылардың  дүниетанымдық 
ойлау  қабілетін  активтендірудегі  қолданылатын  түрлі  әдіс-
тәсілдердің маңызы зор.
Жаңашылдықпен жұмыс істеп, оқытуды ізгілендіру мақсатында 
мұғалім жан-жақты дамыған заман талабына сай адам тәрбиелей 
алады,  оқушының  дүниетанымдық  қасиетін  дамытады,  оқыту, 
білім берудегі білім сапасын көтеруге қол жеткізеді.
Жаңа,  пайдалы  ізденістердің  бірі  –  қазақ  тілі  пәнінде  жүзеге 
асырылатын  сатылай  кешенді  талдау.  Сатылай  кешенді  талдау 
қазақ тілінің барлық салаларын (фонетика, лексика, морфология, 
сөзжасам,  синтаксис)  жүйелі,  сапалы  меңгертумен  қатар,  басқа 
пәндермен тығыз байланысты оқытуды да көздейді. Бұл әдіс өткен, 
қазіргі,  кейінгі  материалдарды  өзара  бірлікте  игеруге  мүмкіндік 
береді.  Сатылай  кешенді  талдау  арқылы  оқушының  қабылдауы, 
есте сақтау қабілеті өседі, ойлау, сөйлеу дағдысы қалыптасады, өз 
бетінше ізденіспен еңбек етуге талпынады. Нақты айтар болсақ, 
сатылай  кешенді  талдау  оқушының  шығармашылық    қабілетін 
арттырады, уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тірек-схемалар 
арқылы  тұжырымдап  айтуға  дағдыландырады,  шығармашылық 
ізденісіне  жол  ашады.  Әдістің  кім-кімге  де  берері  мол,  атап 
айтқанда,  оқушы  грамматикалық  сауаттылыққа  қалыптасады, 
талдауда  белгілі  бір  жүйеге  сүйенумен  қатар  сөздік  қорын 
дамытып,  қазақ  тілінде  тез  сөйлеуге  машықтанады.  Дыбыстарға 
математикалық  тәсілмен  мінездеме  беруге  және  теңдеу  арқылы 
дыбыстың қасиетін айқындауға, бөлшек тәсілін тиімді пайдалануға, 
сөйлеуде де, жазуда да жинақы, дәл жауап беруге дағдыланады.
Сонымен  қатар  қазақ  тілі  сабағындағы  тақырып  барысында  
жаңа  сөздердің  мағынасын  оқушыға  дұрыс,  көңілге  қонымды 

10
жеткізудің  өзі  –  үлкен  бір  тәсіл  деуге  болады.  Яғни,  бұл  жерде 
көрнекіліктің қажеттігін айтуға болады, мысалы, сызба, жұмбақ, 
ойын түрі болсын, жеткізілген элементтің сапасы қашан да жемісті 
болмақ.  Сонымен  бірге  сөйлем  арқылы  түсіндірудің  өзі  оқушы-
ның  ойына  ізденіс  салады,  салыстырмалы  ойларды  туындатады. 
Диалог – сұхбат арқылы оқушы бір-бірімен байланыста болады.
Егер  техникалық  оқу-құралдарын  пайдаланар  болсақ, 
оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  артады,  көру  арқылы 
есте сақтау қабілеті де зерек болады. Шынымен де, құрғақ сөзбен 
өткізілген  сабаққа  қарағанда,  диафильм  көрсетіліп,  күйтабақ 
тыңдалып,  фотохрестоматиялар  қараған,  сөзжұмбақ,  жаңылтпаш 
арқылы  өткізілген  сабақ  нәтижесі  жоғары  екені  сөзсіз,  себебі, 
ол – ұстаз үшін жетістік, оқушы үшін есте қалар көрініс, ертеңгі 
сабаққа  деген  қызығушылықтың  оянуы.  Жаңа  заман  талабына 
сай,  теория  жағынан  да,    тәжірибе  жағынан  да  озық  қаруланған 
мұғалім  сабақтың  сапасын  арттыра  алады,  оқытуға  жағымды 
себеп тудырады.
Қазіргі  таңда  интерактивті  тақта  –  мұғалім  үшін  де,  оқушы 
үшін  де  қолданыстағы  үлкен  жетістік  деп  айтуға  әбден  болады. 
Себебі,  уақыт  үнемделеді,  жан-жақты  байланыс  бар,  тақырыпқа 
қатысты толық ақпарат алуға мүмкіндік бар, дәлелмен жеткізілген 
мәліметтің оқушы санасына ұялары анық. 
Еліміздің  болашағы    -  бүгінгі  мектеп  оқушысы  болса,  сол 
оқушыға қазіргі заман талабына сай білім беріп, санасын сапалы 
қылу  –  ұстаздың  міндеті.  Бүгінгі  талапқа  сай    оқытудың,  қыр-
сырын,  жаңа  әдіс-тәсілін  пайдалана  білу  –  мұғалімнің  қан-
жығасында.  Өзіндік  ұстанымымен,  білімімен  мұғалім  оқушыны 
сын  тұрғысынан  ойлауды  көздейтін  ойшыл  азамат,  заман  тала-
бына сай білім алған тәрбиелі адам дайындай алады.
Ш.Монтескьенің  сөзімен  айтар  болсақ:  «Адамдар  да  өсімдік 
тәрізді  жақсы  күтілмесе  жайнап  өспейді».  Яғни,  бүгін  не  ексек, 
ертең  соны  оратынымызды  ұмытпайық.  Сара  жолды  саралай 
алатын  ұрпағымызға  бүгіннен  сапалы  білім  мен  тәрбие  бере 
алмасақ, ертеңгі күніміз жеңісін таппасы анық.

11
В помощь учителям
Айгерим ТОГЖАНОВА,
учитель казахского языка и литературы
средней школы №24
г.Темиртау
Карагандинской области.
ФОРМИРОВАНИЕ 
МЕЖЛИчНОСТНОГО ОБщЕНИЯ 
УчАщИХСЯ, РАЗВИТИЕ 
ТВОРчЕСКИХ НАВЫКОВ чЕРЕЗ 
ЯЗЫКОВЫЕ И РЕчЕВЫЕ ИГРЫ
«Развить  заложенные  в  человеке    способности,  не  дать  им 
погибнуть – это значит укрепить духовные силы человека, помочь 
ему  в  исканиях  самого  себя,  собственной  сути.  Обнаружить  и 
развить его глубинные стремления. Способность – это важнейшая 
цель  образования»,-  сказано  в  Концепции  развития  среднего 
образования в Республике Казахстан.
Поэтому  главная  цель  уроков  казахского  языка  -  развитие 
индивидуальных  способностей  детей,  их  творческого  мышления 
ассоциативной  фантазии,  воспитания  духовного  мира.  Каждый 
ребенок на уроке казахского языка может выбрать для себя ту форму 
речевой  деятельности,  которая  подталкивает  его  к  проявлению 
творческой индивидуальности: разговор в виде диалога, анализ – 
рассказ, впечатления в рисунках или пересказ.
В  младших  классах  дети  очень  стараются  делиться  своими 
мыслями и пониманием темы в виде пересказа. А в старших классах 
больше присутствует рассказ – анализ и диалог. Для проведения 
физминутки в младших классах мною продумано несколько игр, 

12
которые  не  только  позволяют  отдохнуть,  но  и  сближают  детей, 
организуя их и развивая творческие способности.
В  средних  классах  при  чтении  и  переводе  тем  пробуждается 
ассоциативная  фантазия.  Они  в  след  за  учителем  же  начинают 
сочинять рассказ. А в старших классах дети уже самостоятельно 
анализируют услышанное,  разбирают по пунктам и часто стараются 
использовать  диалог.  Нередко  ребята  работают  самостоятельно 
парами и группами. Находят решение поставленной перед ними 
задачи,  обсуждают  ее  в  группах  и  анализируя  предлагаемый  
вариант выносят единое обоснованное мнение.
Как  показала  практика,  одним  из  основных  средств 
преподавания казахского языка являются языковые игры, которые 
способствуют  активации  учащихся  на  занятиях  развивают  их 
речевую  инициативу.  Игровая  форма  работы  дает  возможность 
повторить и закрепить усвоенные лексические единицы и типовые 
фразы,  разнообразность  форм  урока  и  поддерживать  внимание 
учащихся на уроке.
Чтобы заинтересовать учащихся провожу игры.
Одну  и  ту  же    игру  можно  проводить  несколько  раз  (путем 
подставки новых лексических единиц).
1.  Новую  игру  начинаю  в  роли  ведущего,  а  затем  эту  роль 
передаю хорошо подготовленному ученику.
2.  На  первом  этапе  приучаю  учащихся  комментировать  свои 
действия.
3. Придаю игре характер соревнования для того, чтобы от игры 
наибольший эффект.
4. Снабжаю играющих различными красочными аксессуарами, 
предметами,  пособиями  для  возбуждения  интереса  учащихся  к 
игре.
5. Использую следующие лексические единицы и выражения, 
которые помогут  мне провести игру на казахском языке.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал