About hiv емнің жағымсыз жанамажағымсыз әсерлері



жүктеу 24.69 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі24.69 Kb.

Янссенның жомарт қолдауы арқасында 

www.pro-vich.info

 және 

www.about-HIV.



info

 желіні қалыптастыру мүмкінге айналды. Біздің демеушіміз желінің мәтіні 

мен мазмұнына рекдакциялық бақылау мүмкіншілігін иеленбеді. Осы желідегі 

барлық ақпараттар денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кеңесін 

орынын басу үшін емес, керісінше оларға көмектесуге бағытталған. Жеке 

мәселеңіз бойынша өзіңіздің емделуші дәрігеріңізге немесе командаңыздың 

денсаулық сақтау бойынша жауапты мүшесіне ақыл қосу мақсатында жүгініңіз. 

NAM aidsmap, Еуропалық ЖИТС –ті емдеу тобы, Еуропалық ЖИТС бойынша 

жәрдемдесу желісі, Шығыс Еуропа және Орталық Азияда АИТВ – пен өмір сүретін 

адамдардың одағы және ITPCru (Емдеуге дайындау бойынша коалициясы) өз – 

ара ынтымақтастығы. 

Қосымша ақпараттар алу үшін: 

www.about-hiv.info

;

 www.pro-vich.info



www.


aidsmap.com

   


Ұлыбританияда ресми тіркелген қайырымдылық қоры: 1011220

ABOUT

 

HIV

Емнің жағымсыз жанамажағымсыз әсерлері 

АИТВ-ты емдеуге қолданатын дәрілер басқа дәрі-

дәрмектер сияқты өмір сүру сапасын төмендететін 

жағымсыз әсерлер беруі мүмкін. Бұл жерде әңгіме 

жағымсыз әсерлер туралы жүреді.

Алайда АИТВ-тың ем беретін пайда қазіргі күнде 

оның жағымсыз жанамажағымсызәсерінен 

әлдеқайда маңыздырақ. АИТВ-тың емі сізге ұзақ 

өмір сүруге мүмкіндік береді. Ал егер де жағымсыз 

әсерлерді сезгіңіз келмегендіктен ғана емді 

бастамасыңыз онда қатерлі ауруларды жұқтырып алу 

қаупі тек қана өседі.

Қазіргі кездегі АИТВ емінде қолданатын дәрі-

дәрмектер бұрынғы заманға қарағандағы жағымсыз 

әсерлерге аз алып келеді. Қазір дәрі-дәрмектердің 

түрлері өте көп. Сіз және сіздің дәрігеріңіз сізге 

ықтимал болатын АИТВ – қа қарсы дәрі-дәрмектерді 

таңдау барысында, ем қабылдау кезінде болуы 

мүмкін қосалқы әсерлерді алдын ала ескертеді.

Сіз жағымсыз әсерлерді өміріңіздің ажырамас бөлігі 

ретінде қарастырмау керексіз.Бұл жайлы өзіңіздің 

дәрігеріңізге айтсаңыз онда ол сізге жағымсыз 

әсерлерден құтылуға көмектесетін қосымша дәрі-

дәрмек жазып беруі мүмкін.

Тағы бір нұсқа – ол сізге емнің жоспарын өзгерту. 

Бірақ та дәрігеріңізбен сөйлеспей дәрі-дәрмектерді 

қабылдаудан бас тартпаңыз.

 Емді қабылдағаннан кейін бірден    

 

 басталған жағымсыз әсерлер 



Көптеген жағымсыз әсерлер емді қабылдағаннан кейін 1-2 

аптадан соң басталады, өйіткені сіздің ағзаңыз күнделікті 

қабылдайтын дәрілерге үйреніп жатады. Уақыт өте келе сіздің 

ағзаңыз дәрі-дәрмектерге үйреніп кетеді соның арқасында 

жағымсыз әсерлерді оңай көтере алатын боласыз және олар сирек 

болатын болады.

Әдетте дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін бірінші апталарда 

кездесетін жағымсыз әсерлер – іш өту, жүрек айну, құсықтық, бас 

ауруы, ұйқымен болатын қиыншылықтар және көңіл-күйіңіздің 

болмауы,, бөртпе мен шаршау сезімідері.

Бұл кезде сіздің дәрігеріңіз сырқаттың белгілерін қадағалау 

мақсатымен сізге қосымша дәрі-дәрмек қабылдауға ұсыныс беруі 

мүмкін. Мысалы сізде іш өту ауруы жағымсыз әсер ретінде келсе 

онда сіздің хал-жағдайыңызды жеңілдету үшін арнайы іш өтуге 

қарсы дәрілерді қабылдау қажет.

Егер де сізді бұл мәселе бірнеше ай бойы мазаңызды алып жатса, 

онда бұл хабармен дәрігерге жолығуыңыз керек. Мүмкін сізге ем 

қабылдаудың жоспарын өзгерту керек болар.

 Аллергиялық реакциялар 

Дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін пайда болатын өте 

сирек кездесетін жағымсыз әсер ол аллергиялық реакция болып 

табылады. Бұндайға адамзаттың ең аз пайызы ұшырағанмен бұл 

реакция өте қауіпті.

АИТВ-қа қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдайтын 50 адамның ішінен 

1-ден кемі осындай емге деген аллергиялық реакциядан азап 

шегеді.


Егер сіз осындай дәрі-дәрмектердің бірін қабылдайын деп 

жатсаңыз онда сізге мүмкін аллергиялық реакцияның белгілері 

(мысалы бөртпе) туралы дәрігермен сөйлескен жөн. Абакавирды 

қабылдар алдында сіздің ерекше геннің (HLA-B*5701) иесі екенін 

білу үшін сізге арнайы қанның сараптамасын тапсыру қажет. 

Өйткені бұл дәріні осындай ген бар адамдарға қолдануға тыйым 

салынады.

Егер сізде аллергиялық реакция пайда болды деп ойласаңыз онда 

міндетті түрде дәрігерге қаралуыңыз керек.

 Ұзақ жағымсыз әсерлер 

АИТВ-ты емдеудің барлық артықшылықтарына қарамастан 

кейбір дәрі-дәрмектерді сүйекпен, жүрекпен, бауырмен және 



Янссенның жомарт қолдауы арқасында 

www.pro-vich.info

 және 

www.about-HIV.



info

 желіні қалыптастыру мүмкінге айналды. Біздің демеушіміз желінің мәтіні 

мен мазмұнына рекдакциялық бақылау мүмкіншілігін иеленбеді. Осы желідегі 

барлық ақпараттар денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кеңесін 

орынын басу үшін емес, керісінше оларға көмектесуге бағытталған. Жеке 

мәселеңіз бойынша өзіңіздің емделуші дәрігеріңізге немесе командаңыздың 

денсаулық сақтау бойынша жауапты мүшесіне ақыл қосу мақсатында жүгініңіз. 

NAM aidsmap, Еуропалық ЖИТС –ті емдеу тобы, Еуропалық ЖИТС бойынша 

жәрдемдесу желісі, Шығыс Еуропа және Орталық Азияда АИТВ – пен өмір сүретін 

адамдардың одағы және ITPCru (Емдеуге дайындау бойынша коалициясы) өз – 

ара ынтымақтастығы. 

Қосымша ақпараттар алу үшін: 

www.about-hiv.info

;

 www.pro-vich.info



www.


aidsmap.com

   


Ұлыбританияда ресми тіркелген қайырымдылық қоры: 1011220

ABOUT

 

HIV

Емнің жағымсыз жанамажағымсыз әсерлері 

бүйрекпен болатын қиыншылықтардың қаупін жоғарлатумен 

байланыстырады. Дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін оларды 

қадағалау үшін үнемі қан сарптамасын тапсырып тұру керек. 

Осындай сараптамалар сіздің ағзаңызда болып жатқан аздаған 

өзгерістер туралы айтып береді. Осының арқасында сіз және сіздің 

дәрігеріңіз емнің жоспарын өзгерту немесе өзгертпеуін шеше 

аласыздар немесе аса қауіпті қатерлердің алдын алу мақсатында 

басқа әрекет жасау керек екенін біле аласыз. Оған қоса сіз өз 

дәрігеріңізге бүкіл сізде болып жатқан ерекше симптомдар туралы 

айту керексіз. 

Кейбір АИТВ-дан қолданатын ескі дәрі-дәрмектер липодистрофия 

деген атпен белгілі жағымсыз жанама әсер тудыруы мүмкін. 

Бұл сіздің тұлғаңыздың және қандағы майдың өзгерістеріне 

алып келеді. Басқа бірнеше дәрі-дәрмектер сирек бірақ аса 

қауіпті– лактатацидоз деген жағымсыз әсерді тудыруы мүмкін. 

Қазіргі замандағы АИТВ-дан қолданатын дәрі-дәрмектер бұндай 

жағымсыз әсерлерді тудырмайды.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал