Абыралы: айтылмаєан аќиќат



жүктеу 5.42 Mb.

бет1/41
Дата14.09.2017
өлшемі5.42 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Бїгінгі нґмірде:

ЖАЋАНДЫЌ ЖАЅА 

ЖАЄДАЙЄА ЖАУАП

4-5-беттер

Ќиындыќтар ќўрсауы 

жазылар емес

7-бет

Абыралы: 



айтылмаєан аќиќат

8-бет


Жаѕа белестерге 

жетелейді

12-бет

№232 (28710)

3 ЖЕЛТОҚСАН

БЕЙСЕНБІ

2015 ЖЫЛ

ҚР ПРЕЗИДЕНТIНIҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚОҒАМДЫҚ ПIКIРГЕ САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

АҚПАРАТ КѲ ЗДЕРI*:

қазақстандықтар 

Жолдау-2015 

жылдың ең 

маңызды оқиғасы 

деп санайды

қазақстандықтар 

2015 жылдың 30 

қарашасында 

ҚР Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың 

Жолдау жасағанынан 

хабардар

қазақстандықтар 

ҚР Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың 

Жолдау-2015-те айтқан 

шараларын қуаттайды 

жəне қолдайды

Теледидардан қарады –

Газеттен оқыды –

Интернеттен оқыды –

Жолдау мазмұны туралы достарымен/

əріптестерімен əңгімеден білді –

Радиодан естіді –

Жолдаудың уақытылы 

жəне көкейкесті екенін 

атап көрсетеді

Жолдауда айтылған 

шараларды жүзеге 

асырудың өзі үшін жəне 

өз отбасы үшін оң əсер 

ететініне сенімді

ел Президенті айтқан 

шаралардың жаһандық 

экономиканың дағдарысты 

көріністеріне қарсы тұруға жағдай 

жасайтынына сенімді

Жолдау-2015 өз 

күткендеріне сəйкес келеді 

деп есептейді

* Респонденттер жауаптың біреуден артық нұсқаларын таңдай алды   

Телефон арқылы сауалнаманы «Əлеуметтік-саяси зерттеулер институты» ҚҰ 2015 жылдың 30 қарашасынан 2 желтоқсанына дейін жүргізді.

Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қалалар мен ауылдар тұрғындарынан 1120 адам қатысты.

Іріктеу есебі барысында ел тұрғындарының негізгі əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары ескерілді, сондай-ақ, іріктеу қатесі 3% құрайды. 

Сергей ДЬЯЧЕНКО, 

Парламент Мəжілісі 

Төрағасының орынбасары

«Нұр Отан» партиясы 

фракциясы жетекшісінің 

бірінші орынбасары.

Елбасының  Жолдауы  бір 

мезгілде болашақты жəне бүгінгі 

шынайы  жағдайды  көздеген 

мазмұны  бай,  стратегиялық 

тұрғыдан терең, перспективалық 

жағынан  алысты  болжаған 

құнды  құжат  болып  табылады. 

Сондықтан  да  болар,  оны  қо-

ғам ерекше ықыласпен жəне зор 

үмітпен күтті. Əрине, бұл толық-

тай түсінікті себептерге, бірқатар 

сыртқы  факторларға  негізделген 

шынайылық деуге болады.   

Реформалар арќылы 

ґсіп, дамимыз

 Заманмен үндес заңғар басылым

Шəмша 

БЕРКІМБАЕВА.

Мен  қарапайым 

қазақ ауылында туып-

өстім.  Ауыл  балала-

рымен бір ге оқыдым. 

Бұл  өткен  ғасырдың 

50-ші  жылдарының 

бас  кезі.  Алапат 

соғыстан  кейінгі 

өте  бір  қиын  кезең. 

Мектептің шағын ғана бөлмесінің 

бір  бұрышында  қолдан-қолға 

ауы сып  əбден  ескірген  санаулы 

ғана  кітаптар  болушы  еді.  Сол 

бөлмеге жиі-жиі барамыз. Бірақ, 

ол  кітаптарды  негізінен  жоғары 

сынып оқушыларына береді. Мен 

төртінші сыныпта оқып жүргенде 

біздің үйге кішкене ғана балалар 

газеті  келіп  тұрды.  Аға-əпкем 

жаздырды  ма,  əлде 

м е к т е п т е н   б е р і п 

тұрды  ма,  ол  жағы 

қазір есімде жоқ. Бір 

сөзін түсініп, бір сөзін 

түсінбеймін,  бірақ 

түгел  оқимын.  Бір 

күні  апамның  жиен 

сіңлісі  күйеуімен 

қонаққа  келді.  Сол 

ағамыз шылым орауға 

газет  шетінен  жыр-

тып алыпты. Мен бағалы затым-

нан  айырылғандай  егіл-тегіл 

жылағаным есімде. Ана кісі əбден 

қысылып, үй ішіндегілер ұялып, 

кəдімгідей  сасқалақтап  қалған 

ғой. Айтайын дегенім, менің газет-

журналдарға қызығушылығымның  

бастауында  сол  кішкентай  ғана 

балаларға  арналған  басылым 

тұрған  шығар  деп  ойлаймын. 

Кішігірім  əңгімелер,  қысқа 

ертегілер  болушы  еді.  Өлеңдер 

мен  жұмбақ-жаңылтпаштарды 

жаттап  аламын.  «Не  оқыдың, 

қане, айта ғой», деген үлкендердің 

қолпаштауын мақтаныш көрем бе, 

қайталап айта берем. Ойлап тұрсам, 

нағыз тіл ұстартудың, əдебиетке 

қызығушылықтың  мектебі  екен 

ғой.  Кейінірек үлкен мемлекеттік 

қызметке кел

 

генде «Ұлан» газеті 



арқылы  еліміз дің  оқушы  жаста-

рына  «Ай на лайын  балалар»  деп 

сөз арнау ға мүмкіншілік туғанына 

қуандым. 

Ата-аналар, ұстаздар қауымы 

балалардың неше түрлі өсек-аяң 

өріп жүрген интернетті қазбалай 

бермей,  кітап  оқуға,  балаларға 

рухани азық ұсынатын өздерінің 

басылымдарын оқуға баулығаны 

абзал.  Бұл  əдетке  айналса, 

үлкен  классик-жазушылардың 

кітаптарын өздері  іздеп оқиды. 

Ўлт ўстазы

 Жолдау жүгі

Оймақтай ой

Дүниедегі барлық 

кереметтерді адамның 

табанды, сүйікті еңбегі 

жаратқан.

     

Максим ГОРЬКИЙ.

Кездесу  барысында  сауда-

эко номика,  мұнай-газ,  ауыл 

ша  руашылығы,  көлік  жəне  ға-

рыш  салаларындағы  ынтымақ-

тас тықты  нығайту  мəселелері 

талқыланды.

Тараптар  күн  тəртібіндегі 

мей лінше  өзекті  халықаралық 

мəсе лелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Ни дер-

ланд  біздің  еліміздің  маңызды 

серіктесі  болып  табылатынын 

атап өтті.

–  Біз  осымен  төртінші  рет 

кездесіп  отырмыз.  Менің  был-

тыр Сіздің елге сапарым жемісті 

болды,  оның  қорытындыларын 

мен жоғары бағалаймын. Сіз 2010 

жылы Астанада өткен Еуропадағы 

қауіпсіздік жəне ынтымақтастық 

ұйымы  саммитіне  қатыстыңыз. 

Нидерланд  Корольдігі  біздің 

елге  салған  инвестиция  көлемі 

жөнінен ЕО елдері ішінен бірінші 

орын алады жəне Қазақстанның 

маңызды  сауда  серіктестерінің 

бірі  болып  саналады.  Біз  Сіз-

дің  сапарыңызды  екіжақты 

қарым-қатынастарды  жаңа  са-

палы  деңгейге  көтеруге  деген 

ұмтылыс ретінде қабылдаймыз. 

Сіздің  Нидерланд  іскер  топта-

ры  өкілдерін  ерте  келгеніңіз 

де  маңызды  жайт  болып  отыр, 

–  деді  Мемлекет  басшысы.

Өз  кезегінде  М.Рютте  Қа-

зақ стан  жүзеге  асырып  жатқан, 

əсіресе,  экономиканы  əртарап-

тан дыруға  бағытталған  «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын 

ескергенде, ынтымақтастық үшін 

кең  ауқымды  мүмкіндіктер  бар 

екеніне тоқталды.

Сондай-ақ,  Нидерланд  Пре-

мьер-министрі  қараша  айын-

да  Роттердам  қаласында  «Ас-

тана»  алаңының  салтанатты 

түр де  ашылғаны  елдеріміздің 

арасындағы  достық  қарым-

қаты насты нығайтудың жарқын 

айғағы екеніне назар аударды.

Ынтымаќтастыќќа 

ыќылас їлкен 



Кеше  Үкімет  басшысы  Кəрім  Мəсімов 

елімізге ресми сапармен келген Нидерланд 

Премьер-министрі  Марк  Рюттемен 

кездесті.  Премьерлер  екі  ел  арасындағы 

экономикалық  ынтымақтастық  бағыты 

бойынша екіжақты келіссөздер жүргізді.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Кездесу барысында біз негізінен экономикалық 

ынтымақтастық  мəселелерін  талқыладық.  Яғни, 

мұнай мен газ саласында «Royal Dutch Shell» компа-

ниясымен дəстүрлі өзара іс-қимыл бар. Инновациялар 

саласында  өте  маңызды  ынтымақтастық  орнаған, 

атап  айтқанда,  бұл  Назарбаев  Университеті  мен 

«Phillips»  компаниясы  арасында  технологиялық 

паркті дамытуға қатысты. 

Нидерланд – еліміздіѕ 

маѕызды сауда серіктесі

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанға 

ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-

министрі  Марк  Рюттемен  кездесті,  деп  хабарлады  Прези-

денттің баспасөз қызметі. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Ұлт-

тық банк төрағасы Данияр Ақы шевты 

қабыл да ды, деп хабарлады Президенттің 

баспасөз қызметі.

 Д.Ақышев кездесу барысында Қазақстан 

Президентіне  қаржы  нарығындағы 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  жəне 

ұлттық  валютаның  күрт  ауытқуына  жол 

бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар 

жөнінде, сондай-ақ, айналымға номиналы 

20 мың теңгелік ақшаның енгізілгені тура-

лы баяндады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы 

Мем лекет басшысының Қазақстан халқына 

Жол дауында айтылған, соның ішінде қаржы 

инс ти туттарын басқару, инфляция деңгейін 

төмен дету, тиімді ақпараттық түсіндіру жұ-

мыс тарын жүргізу мəселелеріне қатысты 

тапсыр ма ларды  орындау  жұмыстары 

басталғанын айтты.

––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасы ќабылдады



(Соңы 3-бетте).

(Соңы 4-бетте).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 6-бетте).

ШИРЫЄАТЫН, 

ШЫЅДАЛАТЫН 

ШАЌ ТУДЫ


Ќазаќстан Республикасы 

Парламенті Сенатыныѕ Тґраєасы 

Ќасым-Жомарт ТОЌАЕВПЕН сўхбат

Ел  жұртшылығы  «Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  аху-

алда:  өсім,  реформалар,  даму»  деп  аталған  жаңа  Жолдаумен 

жан-жақты  танысып  жатыр.  Халқымыздың  қазіргідей  жау-

апты кезеңде, дер шағында жария етілген Елбасы Жолдауына 

мұндайлық қатты қызығушылық танытуы  заңды да. Президент 

Жолдауы – жылдың басты құжаты. Мемлекеттің бағыт-бағдарын 

айқындайтын, халықтың алдына жаңа міндеттер қоятын бұл 

құжат қағидаларының жүзеге асырылуы елдің күрделі əлемдік 

конъюнктура жағдайындағы  дамуының жаңа траекториясын 

айқындайды. 

Біз  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының 

Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Президент Жолдауының 

ел өмірінің жаңа бетбұрыс кезеңіндегі алар орны, оны орындауға 

қатысты туындайтын міндеттер туралы «Егемен Қазақстан» 

газетінің оқырмандарымен ой бөлісуін сұраған болатынбыз.  

–  Құрметті  Қасым-Жомарт 

Кемелұлы!  Əңгімеміздің  ба-

сында  мен  сізден  жалпы 

Елбасы  Жолдаулары  жайын-

да, олардың біздің өміріміздегі, 

барша  қазақстандықтардың 

тағдырындағы атқарар рөлі ту-

ралы айтып өтуіңізді сұраймын. 

–  Қазақстан  халқына  елдегі 

жағдай  мен  республиканың  ішкі 

жəне сыртқы саясатының негізгі 

бағыттары  туралы    жыл  сай-

ын  Жолдау  арнау  –  Мемлекет 

басшысының  аса  маңызды 

конституциялық міндеті. Осыдан 

жиырма  жыл  бұрын  бұл  міндет 

елдің  Негізгі  Заңына  жазылған 

болатын.  Содан  бері  Президент 

Жолдаулары  əр  жылдың  басты 

саяси оқиғасына айналып келеді. 

Елбасының мұндай бағдарламалық 

сөздері  ел  дамуының  болжамын 

жасауға  мүмкіндік  береді,  мем-

лекет  пен  қоғам  институтта-

рына  өз  қызметін  жоспарлауға 

жол  ашады,  адамдардың  ертеңгі 

күнге  деген  сенімін  нығайтады. 

Кезінде  Мемлекет  басшысы 

«Қазақстан-2030»  Стратегиясын 

1997  жылғы  қазанда  жасаған 

Жолдауының  шеңберінде  жария 

еткені  белгілі.  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы  да  халыққа  Елбасы 

Жолдауы арқылы жеткен болатын. 

– Президент Жолдауы сияқты 

аса маңызды құжатта бəрі де мəнді 

екені  белгілі.  Жылдың  басты 

құжатының  аталуында  да  көп 

мағына болмақ. Жолдаулардың 

«Қазақстан  экономикалық, 

əлеуметтік  жəне  саяси  жедел 

жаңару жолында», «Дағдарыстан 

жаңару  мен  дамуға»,  «Жаңа 

онжылдық – жаңа экономикалық 

өрлеу,  Қазақстанның  жаңа 

мүмкіндіктері»,  «Қазақстан 

азаматтарының əл-ауқатының 

өсуі – мемлекеттік саясаттың бас-

ты мақсаты» сияқты болып келе-

тіні есте. Биылғы Жолдау «Қазақ-

с тан жаңа жаһандық нақты аху-

алда: өсім, реформалар, даму» деп 

аталды. Бұл көзқарасты сіз қалай 

түсіндірер едіңіз? 

–  Қазіргі Сингапурдың негізін 

қалаушы Ли Куан Ю өзінің соңғы 

кітабында:  «Ұлттың  ұлылығы 

елдің  көлеміне  ғана  байланысты 

емес.  Адамдардың  ерік-жігері, 

жұмылушылығы, шыдамдылығы, 

төзімділігі, тəртіптілігі, сондай-ақ, 

олардың көшбасшыларының сипа-

ты – міне, ұлтқа тарихтан лайықты 

орын алып келетін қасиеттер осы-

лар» деп жазған болатын. Бүгінгі 

заманғы көшбасшылықтың сипаты 

туралы толғанған тұсында патриарх 

əлеуметтік бақуаттылық пен по пу-

лизмнің  ара-шегі  шайылып  бара 

жатқанын қынжыла айтқан еді. 


3 желтоқсан 2015 жыл

www.egemen.kz

2

(Соңы. Басы 1-бетте).

 Жолдау жүгі



–  Степан  Федорович, 

жалғыз  тұрады  екен сіз? 

Ауыр соғып жүр ген жоқ па?

–  Зайыбым  Екатерина 

Ми хайловамен  бір  шаңырақ 

астында  70  жыл  тұрыппын. 

90 жасқа үш ай қалғанда айы-

рылып,  содан  бері  қанатым 

қайырылғандай  күй  кешіп 

келемін.  Жалған  дүниеде 

күту мен жалғыздықтан асқан 

тауқыметтің  жоғын  анық 

сезінгендеймін.  Шүкіршілік, 

жас  тимуршылар  кө мектесіп 

тұрады.  Ардагерлер  кеңесі, 

биліктегілер  жиі  хабарласа-

ды. Адам алдымен өзіне сену 

керек. Күш-қайратым бойым-

да, əзірге.

– Балаларыңыз Ресейде 

тұрады  екен.  Көрші  елге 

көшу ойыңызда жоқ па?

–  Катя  екеуміз  үш  қыз 

өсіріп,  құтты  жер леріне 

қондырдық.  Алды  69-ға 

келіп,  немере  сүйді.  Талай 

шақырды.  Шынын  айтсам, 

ойы ма  кіріп  те  шықпайды. 

Туып өскен-жерім – Шал ақын 

ау данының  Новопокровка 

ауы лы.  Петропавлға  əке-

шешем  көшіп  келіп,  жас-

тайымнан  бауыр  бастым. 

Алғашқы  еңбек  жолымды 

осында бас тадым. Содан бері 

өмірімнің бір бөлшегіне айна-

лып кетті. Қалған ғұ мы рымды 

онсыз  елестете  алмаймын. 

Менің бір ғана Отаным бар! 

Ол–Қазақстан! Жүз ден астам 

ұлттар мен ұлыстар тату-тəтті 

тұрып  жатқан  атамекенімді 

ештеңеге теңгермеймін.



– Еңбек жолыңыз бастал-

май жатып қан майданға ат-

таныпсыз...

–  Мектеп  есігін  кешірек 

аштым.  1942  жылы  8  клас-

ты  бітір ген  соң  Петропавл 

атқарушы механизмдер зауы-

тына  жұмысқа  орналастым. 

Бір  жылдан  кейін  əскер  қа-

тарына  шақырылып,  Тамбов 

жаяу  əскер  училищесіне 

оқуға  жіберілдім.  Су во-

ров  ат қыштар  дивизия сы 

құрамында  пулеметшілер 

взводын басқара жүріп, соғыс 

жорығын  Прага  қаласында 

аяқтадым.  Сосын  əскери 

қызметім Прикарпатье əскери 

округінде  жалғасып,  1947 

жылы елге оралдым. Бұрынғы 

еңбектес əріптестерім құшақ 

жая қарсы алды.



–  Сіздің  бейбіт  өмірдегі 

жанқияр лық еңбегіңіз талай 

мəрте атап өтелгенін жақ  сы 

білеміз.

–  Атақ  қуғаным  жоқ. 

Жұрт   тан  қалмауға,  намыс-

ты  қолдан  бермеуге  тырыс-

тым. Саналы ғұмырымды бір 

ғана өндіріс орнына арнадым. 

Өткен ғасырдың 50-жылдары 

темір жонушы ретінде «Сапа 

үздігі»  атағын  алған  алғаш 

марапатымды  ұмытпаймын. 

Талай  жаңашылдықтарды 

өндіріске  ензігіп,  бір  қауым 

ізбасар дайындап шығардым. 

Өңіріме  тағылған  «Қызыл 

Жұлдыз»,  Еңбек  Қызыл 

Ту,  Октябрь  Революциясы, 

Ленин  ордендері  бейнет 

пен  зейнетке  толы  қимас 

күндерім  жайлы  ғажайып 

сырлар  шертеді.  «Петропавл 

қаласының  құрметті  азама-

ты»  атандым.  Азды-көп ті 

еңбегімнің  ескерілгеніне, 

ба ға ланғанына  шүкіршілік 

деймін. Қазір ғой еңбектің де, 

еңбек адамының да қадір-қа-

сиеті  азайып,  материалдық 

құн дылықтардың алға шығып 

кеткені.

–  Немере-шөберелеріңіз 

хабарласып  тұратын  шы-

ғар?

–  Əрине.  Хат-хабар  алу-

дың  нағыз  кемелденген  за-

маны ғой. 4 немере, 5 шөбере 

сүйіп  отыр ған  жайым  бар. 

Айтпақшы, 6 шөпшегімнің ең 

кішісі қазақ. 3 жаста. Камилла 

деген шөберем қазақ жігітіне 

тұрмысқа шығып, қазір Алма-

тыда  тұрады.  Отбасымыз 

–  көпұлтты.  Мəселен,  бір 

шөберем ұйғыр, келінім татар, 

күйеу балам корей...

–Тəуелсіз Қазақстанның 

Тұңғыш  Пре зиденті  жай-

лы  ағынан  жары лып,  ақ-

тарыла  айттыңыз.  Осы 

ойла рыңызды  газет  оқыр-

мандарымен  бөлісе  отыр-

саңыз.

–  Ол  бір  ғажап  сəттер 

ғой!  Мемлекет  басшысының 

облыстағы сапарлары кезін де 

жүздесіп,  ауызба-ауыз  сөй-

лесіп, жанымыз жадырап қа-

латын.  Солардың  ішінде  үш 

кез десу  жадымда  жатталып 

қа лыпты. Алғашқы жүздесуім 

егемендігіміздің  елең-алаң 

шағындағы  қиындықтармен 

тұспа-тұс келді. Кеңес Ода ғы 

ыдырап, ел ішін ауыр тұрмыс 

жайлаған  кез.  Еңсемізді 

тіктей  алмай,  іштей  торығу, 

келешекке  сенімсіздік  ба-

сым.  Осы  тұста  Нұрсұлтан 

Əбішұлының қайраткерге тəн 

болмыс-бітімін терең танып-

білгендей  болдым.  Алысты 

болжай  білетін  сұңғыла 

саясаткерлігі,  байсал ды  да, 

салмақты  шешім  қабылдай 

алатын  жедел  əрекеті,  адам-

дарды иландыра білу қасиеті 

ерекше  тəнті  етіп,  соңынан 

қалай  еріп  жүргенімізді  де 

білмей  қалдық.  Сол  жолы 

солтүстікқазақстандықтармен 

ашық,  емен-жарқын  əңгіме-

лесіп,  алдағы  жоспарлар-

мен,  бағдар ламалармен  ой 

бөліскен.  Əр  сөзі  сенімді 

шықты.  Жағдайды  анық 

білетінін,  көбімізге  таңсық, 

енді  ғана  сөздік  қорымызға 

ен ген нарық заңдарын терең 

меңгергенін байқатты. 

 Тағы бір жұмыс сапары-

мен  Қызылжар  өңіріне  кел-

генде қаһарлы қыс əлі кəріне 

мініп, күш алып тұрған. Соған 

қарамастан, петропавлдықтар 

Президентімізді  құшақ  жая 

қарсы  алып,  үлкен  құр мет 

көрсетті.  Өйткені,  Елба-

сымызды  сөз  бен  істің  ада-

мы  ретінде  əбден  танып 

қалған  едік.  Қарапайым 

жұртшылыққа  ең  керегі  – 

тамақтың тоқ тығы, көйлектің 

көктігі.  Экономикамыз  қар-

қынды  дамып,  өркениетті 

елдер  көшіне  қосылуға  бет 

алуымыз  болашаққа  деген 

берік сенімді бекемдей түскені 

аңғарылмай қалмаған. 

Елбасымызбен  соңғы 

кез  десуім  вокзал  жанында 

бой  көтерген  Мағжанның 

алып  ескерткіші  түбінде 

өтті.  Алдымен  ардагер-

лер  сапына  аялдап,  менің 

қасыма  тоқтай  қалды.  Қол 

беріп  амандасқаннан  кейін 

хал-жағдайымды,  отбасы 

амандығын  сұрады.  87-де 

екенімді, денешынықтырумен 

айналысатынымды  айтқа-

нымда, ризашылық кейіппен 

қос қолымен қапсыра құшақ-

тап,  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұ-

мыр  тіледі.  Көпшілік  аты-

нан  білдірген  алғыс  сөзімді 

мұқият тыңдады. 

Мен  үшін  мемлекеттік 

мере келердің  қай-қайсының 

болсын орны бөлек. Өзгелер 

секілді  Тұңғыш  Президент 

күнін əркез асыға күтемін. 



 Əңгімелескен

 Өмір ЕСҚАЛИ,

 «Егемен Қазақстан». 

Солтүстік Қазақстан 

облысы.

Естен кетпес 

кездесулер

Петропавл қаласының құрметті азаматы 

Степан Башкиров 20 қарашада 90 жасқа толды. 

Тың, сөзі нық. Сырт тұлғасына, жүріс-тұрысына 

қарап, тоғыз белесті еңсерді деуге қимайсың. Əлі 

күнге дейін саламатты өмір салтын серік етіп, 

спортпен айналысудан, қоғамдық кездесу-жиын-

дардан қала қоймаған. Біз оны əңгімеге тартып 

едік, шешіліп сала берді.

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 

арнаған  сөзінде  ешкімге  де  «қой 

үстіне  бозторғай  жұмырт қа-

лайтын»  заманды  уəде  етпейді, 

Елбасымыз  қазіргі  жағдайдағы 

туындаған  қиындықтарды  ашық 

айтып, сонымен бірге, аса күрделі 

проблемаларды  шешудің  жолда-

рын да нақты көрсетіп отыр. 

Сіз  жаңа  бұрынғы  бірнеше 

Жолдаудың  тақырыптарын  еске 

салып өттіңіз. Олардың əрқайсысы 

Қазақстанның жаңа тарихындағы 

нақты ахуалды толық күйде бей-

нелейді.  Өзгерген  жағдайға  орай 

Жолдаудың сөз саптауы да өзгеріп 

отыр. Əлемде ахуал тез құбылып 

тұр.  Соның  өзінде  де  Президент 

Жолдаудың  ой  қисынын  бас-

ты  мақсатты  –  Қазақстанның 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ел 

азаматтарының əл-ауқатын артты-

ру үшін елді жаңғыртуды дəйекті 

де, жүйелі түрде жүзеге асыратын-

дай етіп құра алып отыр. 

Осыдан үш жыл бұрын Қазақ-

станның ұзақ мерзімді дамуының 

негізгі мақсаты 2050 жылға дейін 

өркендеген  отыз  елдің  қатарына 

қосылу  деп  белгіленген  бола-

тын.  Одан  кейінгі  жыл  сайынғы 

Жолдаулар осы мақсатқа жетудің 

іс-шараларын  нақтылай  түсіп 

келеді.  Мысалы,  өткен  жылы 

Мемлекет  басшысы  жария  ет-

кен  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы 

инфрақұрылымды  жəне  елдің 

тұрғын  үй-комму налдық  шаруа-

шылығын  жаңғыр тудың  ұзақ 

мерзімді бағдарын белгілеп берді. 

«Өсім,  реформалар,  даму»  – 

Жолдаудағы  осы  үш  сөз  барған 

сайын  нашарлап  бара  жатқан 

жаһандық  жағдайға  қайтаратын 

шымыр да жұмыр жауабымыз. Бұл 

жай ғана сөз тіркесі емес, бұл жан-

жақты, тыңғылықты ойластырылған 

нақтылы  бағ дарлама,  оны  Елба-

сы мыз  қа зір гі дей  қиын  кезеңде 

əрбір  қазақстандықтың  жадында 

жаңғырып жүрсін деп ұсынып отыр.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал