Абильбекова Б. Т. Нурсеитова А. А



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/12
Дата07.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
Практикалық лингвистика кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
Абильбекова Б.Т. Нурсеитова А. А. 
 
Қазақ тілі 
(қарапайым деңгей ІІ бөлім) 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қостанай,  2017 
 
 


 
ӘОЖ 811. 512. 122
 
КБЖ 81.2 қаз - 923 
 А 12  
Пікір жазғандар:  
Жүрсіналина  Гүлжанат  Құрмашқызы  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
тілдік даярлау орталығының директоры 
 
Қайыпбаева  Айжамал  Қайыпбайқызы,  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
тіл және әдебиет теориясы  кафедрасының доценті  
 
Иісова Эльмира Әділханқызы филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай 
мемлекеттік  педагогикалық    институты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының 
доценті 
 
 
     Автор: Б.Т.Абильбекова   Практикалық лингвистика  кафедрасының  аға 
оқытушысы, А.А.Нурсеитова А.А. Практикалық лингвистика  кафедрасының  
аға оқытушысы, гуманитарлық  ғылымдарының  магистрі  
 
 
 
 
  А 14 Б.Т.Абильбекова    
Қазақ  тілі.Оқу  құралы,  деңгейлік  оқу-әдістемелік  кешенінің      негізгі  оқулығы  
(қарапайым  деңгей)  Б.Т.Абильбекова,  А.А  Нурсеитова  -  Қостанай: 
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2017 – 115б. 
 
 
 Оқу  құралы    барлық  мамандықтарда  оқитын  студенттерге  арналған.  Оқу 
құралында  деңгейлік  оқу-әдістемелік  кешенінің    барлық  лексикалық 
тақырыптары  қамтылған  және  сонымен  қатар  грамматикалық  жаттығулар  мен 
тапсырмалар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары берілген. 
 
ISBN 978-601-7387-22-8                                           ӘОЖ 811. 512. 122 
                                                                                            КБЖ 81.2 қаз - 923 
 
   А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  
оқу-әдістемелік кеңесінде 14.06 2017ж. № 4  хаттамасымен   бекітілген.  
 
 
ISBN 978-601-7387-22-8                               © А.Байтұрсынов атындағы Қостанай           
          мемлекеттік университеті, 2017


 
Мазмұны
 
 
 
 
 
№ 
Тақырып 
Бет              Грамматикалық минимум 
Бет 

Университет - білім ордасы 
 

Сұраулық шылау. Жіктік есімдігі. 
Бұйрық рай. Жедел өткен шақ. Жіктік 
жалғау.Тәуелдік жалғау. 
105 

Менің мамандығым – менің 
болашағым

 
16 
Тәуелдік жалғау.Ілік септік. Сілтеу 
есімдігі. Есептік сан есім. Көмекші 
сөздер. Ауыспалы осы шақ. 
107 

Қазақстандағы білім беру 
жүйесі 
26 
 
Тәуелдік жалғау(ортақ тәуелдеу). 
Ауыспалы өткен шақ. Барыс септік. 
Көптік жалғау.  
108 

Танымал ғалымдар 
31 
Ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ. 
Тәуелдік жалғау. Тәуелді септеу. 
Үстеу. 
110 

Әлемдік білім беру кеңістігі 
33 
Ауыспалы келер шақ. Мақсатты келер 
шақ. Қалау рай. Болымды және 
болымсыз етістік.  
112 

Театр өнері.  Өнер шеберлері
.  
  37 
Сын есім. Жатыс септік. Ауыспалы 
осы шақ. Қалау рай. Есімдік. 
115 

Аралық бақылау жұмысы 
48 
 
 

Ұлттық экомәдениет 
52 
Сын есім. Сын есімнің 
шырайлары.табыс септік. Тәуелді 
септеу. Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы. 
116 

Қорықтар мен ұлттық 
парктер. 
 
57 
Сын есім. Қатыстық сын есім. 
Бұрынғы өткен шақ. Жіктік жалғау.  
118 
10 
Кезеңдік  бақылау жұмысы 
 
63 
 
 
11 
Менің Отаным – Қазақстан
 
 
64 
Тәуелді септеу. Шығыс септік. Модаль 
сөздер. Шылаулар.  
119 
12 
Ел басқару жүйесі. 
(Президент. Парламент. 
Үкімет) 
74 
Тұйық етістіктің септелуі
тәуелденуі. Барыс септік. Реттік сан 
есім. 
120 
13 
Экономика. Ішкі және 
сыртқы сауда 
84 
 
 
14 
Ұлттық валюта 
88 
Шартты рай. Шылаулар.көмектес 
септік. Бөлшектік сан есім. 
Етістіктің шақтары. 
121 
15 
Еліміздің қауіпсіздігі. 
Халықаралық ұйымдар 
90 
Сын есім шырайлары. Бұрынғы өткен 
шақ. Есімше. Көсемше.  
121 
16 
Қазақ халқының тұңғыш 
ғалымы – Шоқан Уәлиханов. 
96 
 
 
17 
Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын –
Абай. 
103   
 


 
 
Алғы сөз. 
 
 Қазір  таңда  барлық  сала,  техника,  білім,  ғылым  өркендеп,  өсіп,  жаңа 
үлкен  бетбұрыстарға  жол  ашуда.  Еліміздің  өркендеп,  өркениетті  ел  болуына 
тіліміздің,  соның  ішінде  мемлекеттік  тілдің  ықпалы  зор.  Сондықтан  да,  әр 
саналы азамат мемлекеттік тілді ауызекі тілде ғана сөйлеп қана қоймай, іскери, 
ресми  тілде  де  сөйлеп,    тіл  мәртебесін  көтеруі  тиіс.  Бүгінгі  студент,  ертеңгі 
үлкен маман. Жақсы маман болу үшін, өз кәсібімен бірге мемлекеттік тілді де 
меңгеріп, үйренуі  қажет.  Ол үшін, студент өз бетінше  сабақта,  сонымен қатар 
сабақтан тыс уақыттарында тілге деген белсенділігін арттыруы керек. 
 
Жазылып отырған оқу құралы  В1— негізгі қарапайым деңгейге арналған 
және  типтік  оқу  бағдарламасы  нагізінде  құрастырылған.        Оқу  құралы  тіл 
үйренушінің  қарым-қатынасқа  түсу  салаларын  ескере  отырып,    сөйлеу 
әрекетінің      4  қағидатына  (  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым) 
негізделген,  сонымен  қатар  коммуникативтік  жағдаяттар  компоненттері, 
контекспен 
байланыстылығы, 
тіл 
бірліктерінің 
қолданыстағы 
қызметі,сөйлеудің  прагматикалық  ерекшеліктері,  сөйлемдегі  сөздердің  орын 
тәртібі  мен    сөйлемінің  өзіндік  ерекшеліктері,    сөздердің  семантикалық 
тіркесімділігі    басшылыққа  алынған.  Қазіргі  таңда  тілдік  құзіреттілікті 
қалыптастыру 
коммуникативті-функционалдық 
грамматика 
тұрғысынан 
қарастырылуда.  Тіл  бірліктерінің  қолданыстағы  қызметі,  белгілі  бір  мағына 
түрлерін  жеткізу  функционалдық  грамматика  арқылы  жүзеге  асады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда,  ең  басты  мақсат  –  тұрмыстық,  әлеуметтік  тақырыптардағы   
мәтіндер  негізінде  тіл  үйренушілердің  сөйлеу  біліктілігін  жетілдіру, 
лексикалық  қорын, грамматикалық  білік  дағдыларын қалыптастыру,  қазақ  тілі 
грамматикасы  туралы  білімін  дамыту.Диалог  жүргізе  алу  құзыреті,  яғни 
әңгімені бастау, қолдау мен аяқтауға арналған тілдік құрылымдарды меңгеру. 
 
Қазіргі таңдағы  кредиттік оқу технологиясы студенттің өз бетінше білім 
алуына,  ізденуіне,  ақпаратты  молынан  жинақтап  қолдануына  және  әртүрлі 
бақылау жұмыстарын тиімді пайдалануына бағыт-бағдар береді. Осы жағдайды 
ескере  отырып,  оқу  құралын  білім  алудың  модуьдік  технология  жүйесіне 
бағыталған,    әр  лексикалық  тақырып  таспа  арқылы  тыңдалады  және  
тақырыптық модульден кейін аралық бақылау жұмыстары және Казтест жүйесі 
бойынша әр лексикалық тақырыпқа тест тапсырмалары ұсынылды. Лексикалық 
тақырыптарда  қарастырылатын  грамматикалық  бірліктер  мен  сөздік  қор  оқу 
құралының  соңында  «Қосымша»  деген  айдармен  берілді  яғни  тіл  үйренуші 
қажеттілік туған жағдайда осы айдардан мағлұмат ала алады.   Бұл оқу құралы 
студенттердің  сөздік  қорын  байытып,  сөйлеуге  дағдыландырады.  Оқу  құралы 
коммуникативтік  әдіс,  сын  тұрғысынан  ойлау,  сонымен  қатар  ой  шақыру, 
проблемалық жағдаят туғызу, схема арқылы жұмыс істеу тәсілі, іздену сияқты 
әдіс-тәсілдерге  негізделіп  жазылған.  Оқу  құралы  тіл  үйренуші  қауым 
студенттермен бірге оқытушыларға да көмек болары анық. 
 
 


 
 
Білім. Оқу орындары. Мамандық. 
 
Университет - білім ордасы. 
 
Қазақстандағы білім беру жүйесі. 
Әлемдік білім беру кеңістігі 
Адам және табиғат егіз
 
 
 
 
Мәдениет. Өнер. 
Адам және табиғат егіз 
 
 
 
Өнегелі ғұмыр. Тарихи тұлғалар. 
Қазақ  халқының  тұңғыш  ғалымы – Шоқан Уәлиханов. 
Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын –Абай. 
 
 
 
 


 
 
Қазақ әліпбиі 
 
Қазақ тілінің әліпби жүйесі үш кезеңді басынан өткізді. 
      1-кезең: 1929 жылға дейін араб графикасы қолданылды. 
      2-кезең: 1929-1940 жылдарды латын графикасы болды. 
      3-кезең:  1940 жылдан бастап кирилл графикасы пайданылады. 
 
Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. 
 
Қазақ тілінде тән дыбыстардың саны – 9.  
 
Дауысты дыбыстар: (Гласные звуки в казахском языке)
 
Дауысты дыбыстар түрлері 
Виды гласных звуков
 
Тілдің қатынасына қарай 
По подъему языка 
Жақтың қатынасына қарай 
По положению челюсти 
Еріннің қатынасына қарай 
По участию губ 
жуан 
твердые
 
жіңішке 
мягкие
 
ашық 
открытые
 
қысаң 
сжатые
 
еріндік 
губные
 
езулік 
нелабиализованные
 
а,о,ы,ұ,э,у
 
ә,ө,і,ү,е,и
 
а,ә,е,о,ө,э
 
ы,и,і,у,ұ,ү
 
о,ө,у,ұ,ү
 
а,ә,е,э,ы,і,и
 
 
Дауыссыз дыбыстар: (Согласные звуки в казахском языке)  
Дауыссыз дыбыстар түрлері 
Виды согласных звуков
 
Ұяң 
Звонкие
 
Қатаң 
Глухие
 
Үнді 
Сонорные
 
б,в, г, ғ, д, ж, з
 
к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ
 
й,р,л,м,н,ң,(у)
 
 
 
 


 
Университет – білім ордасы
 
 
Тыңдаймыз. Оқимыз 
Сөздік  қор
.
Университет  құрамында,күндізгі  және  сырттай  оқу  нысаны,оқу 
зертханалары,  зертхана,  мұражай,  шеберханалар,шығармашылық  қабілет, 
сұранысқа 
ие, 
зияткерлік 
клубтар,халықаралық 
жобалар,университет 
серіктестері,жатақхана,дебат 
орталығы,бакалавриат, 
магистратура, 
докторантура,ауылшаруашылық,  кредиттік  жүйе,іс-тәжірибеден  өту.  қаулы, 
басқару,  деңгей,  ғылыми  дәреже,  ғылыми-зерттеу,  ғалым,  ғалымдар  шақыру, 
студенттерді алмастыру, тамақ ішу орындары, зияткерлік клубтар, әдістемелік. 
 
Ой түрткі
 
а)Білім не үшін қажет? 
ә)Жоғары білімді  болу міндетті ме? 
б)Білім  қандай мүмкіндіктер береді? 
в)Білім алу оңай ма, қиын ба? 
г)Оқу орындарын қалай таңдайсыз? 
 
1.
Мәтінді тыңдап, оқыңыз, аударыңыз. 
                                   Университет – білім ордасы.
 
1939  жылдың  21  тамызында  «Қазақ  педагогикалық  училищесінің  негізінде 
Қостанай  мұғалімдер  институтын  құру  туралы»  қаулы  қабылданды. 
Жаратылыстану  және  физика-математикалық  екі  жылдық  екі  факультетте 
студенттер білім алды.  Институттың бірінші  директоры болып  Ибраев  Даулет 
тағайындалды.1944 жылдың 17 маусымындаҚостанай мұғалімдер институтына 
Қазақ халқының батыры Амангелді Иманов есімі беріледі. 
Жарты  ғасырдан  артық  даму  тарихы  бар  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы 
Қостанай  мемлекеттік  университеті  1992  жылдың  тамыз  айында  Қазақстан 
Республикасы  Министрлер  кабинетінің  қаулысы  негізінде  Қостанай 


 
педагогикалық  институты  базасында  құрылған.  1996  жылы  университетке 
Ахмет  Байтұрсынов  есімі  берілді.2000  жылы  Қостанай  мемлекеттік 
университетіне  Қостанай  ауылшаруашылық  институты  қосылды.  2004 
жылдың  наурыз  айында  университет  құрамынан  Қостанай  педагогикалық 
институты бөлініп шықты. Әр жылдары Қостанай мемлекеттік университетін 
Зұлқарнай 
Алдамжар 
Алдамжарұлы 
(1989-2001),  Қолдыбаев 
Сапар 
Абдуғалиұлы    (1994-1995),  Валиев  Хусаин  Хасенович  (2001-2008),  Наметов 
Асқар  Мырзахметұлы(2009-2015)    басқарды,    2015  жылдың  қазан  айынан 
бастап  университетті  техника  ғылымдарының  докторы,  профессорВалиев 
Хусаин Хасенович басқарып келеді. 
Университет құрамында жеті факультет бар: гуманитарлық-
әлеуметтік, 
ақпараттық 
технологиялар, 
инженерлік-
техникалық,  тарих  және  құқық,  экономика,  аграрлық-
биологиялық, ветеринария және мал шаруашылығы. 
Күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша орыс және қазақ тілдерінде 
3000-нан  астам  студент  еңбек  нарығында  сұранысқа  иебірнеше  мамандық 
бойынша  оқиды.  Оқыту  кредиттік  технология  бойынша,  үш  деңгейде 
(бакалавриат,  магистратура,  докторантура)  оқытылады.  Университетте  36 
кафедра бар. Дәріс және семинар сабақтарынбілікті, тәжірибелі200-ден астам 
ғылыми дәрежесі бар оқытушылар мен магистрлер және 20-дан астам ғылым 
докторлары  жүргізеді.  Кейбір  пәндерді  оқыту  үшін  еліміздің,  Ресей  мен  алыс 
шет елдердің академиялық институттары мен ғылыми-зерттеу институттарынан 
белгілі ғалымдар шақырылады. 
Академиялық  мобильдік  аясында  әр  студенттің  қазақстандық  және 
шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  оқуға  және  іс-тәжірибеден  өтуге 
мүмкіндіктері  бар.  Сондай-ақ  ҚМУ  «Темпус»,  «ДААД»    сияқты  көптеген 
халықаралық  жобалар  мен  студенттерді  алмастыру  бағдарламаларына 
қатысады.  Университет  серіктестері  –    белгілі  
Италия,  Германия,  Финляндиия,  Австрия, 
Испания, Польша, Чехия университеттері. 
 
Университеттте  6  оқу  ғимараты,  оқу 
зертханалары, мұражай, шеберханалар, жаттығу, спорт және акт залдары, тамақ 
ішу  орындары,  медициналық  орталық  және  студенттерге  арналған 
жатақханалар бар. 
 
Сонымен  қатар  ҚМУ-да  әр  түрлі  шығармашылық  қабілеттері  бар 
студенттерге  де  барлық  жағдай  жасалған.  «Жас  өркен»  студенттер  театры, 
«Өнер»  студиясы,  зияткерлік  клубтар,  «Ахмет  ұрпақтары»  дебат  орталығы, 
студенттік  құрылысшылар,  ветеринариялық,  экологиялық  отрядтар  мен  басқа 
да ұйымдар жұмыс істейді. 
Бүгін  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті  – 
Қазақстандағы ірі оқу орындарының бірі, Қазақстанның солтүстік аймағындағы 
жетекші жоғары оқу орны, ғылыми, әдістемелік және мәдени орталық болып 
табылады. 
 
Білім 

түпсіз 
тұңғиық  
Білім– инемен  
құдық қазғандай 


 
Жазамыз
 
2.Мәтінде  қарамен жазылған сөздерді аударып, сөйлем құрыңыз. 
 
 
Оқимыз. Сөйлейміз
 
3.Берілген сөйлемдерді оқып, үлгі бойынша орындаңыз. 
Үлгі:Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. 
-Иә,  дұрыс  айтасыз,  Сол  кезде  университет  «Мұғалімдер  институты»  деп 
аталған. 
-Жоқ, қателесесіз, ....  
1.Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. 
2.Ең  алғаш  институттың  негізін  физика-математикалық  және  жаратылыстану-
географиялық факультеттер қалаған. 
3.Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. 
4.Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді. 
5.Университетте  37  кафедра  бар,  160-тан  астам  ғылыми  атақтары  мен 
дәрежелері  бар  оқытушылар,40  ғылым  докторы  мен  профессорлары  дәріс, 
семинар сабақтарын жүргізеді. 
6.Университетте 35-тен астам мамандық дайындайды. 
7.2009-2010  жылдары  университетте  «инновациялық-білім  беру»  және 
«экономикалық зерттеу»  орталықтары ашылды. 
8.Қазіргі  таңда  университетте  білім  берудің  барлық  үш  жалпы  қабылданған 
деңгейлері 
бакалавриат-магистратура-докторантура 
бойынша 
дайындық 
жүргізеді.   
9.Университетте студенттердің шығармашылық және жеке қабілеттерін дамыту 
үшін «Жас өркен» театры, «Өнер» студиосы және «Бадрисафа» атты халықтық 
аспаптары оркестрі мен би ансамблі жұмыс істейді.  
10.Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті-
Қазақстанның алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттерінің бірі. 
 
Жазамыз. Сөйлейміз 
4.Берілген  етістіктерді  мәтіннен  тауып,  мағынасын  аудара  отырып, 
қарапайым сөйлем құрыңыз. 
Қабылдау,білім  алу,тағайындалу,есімі  берілу,құрылу,  қосылу,  бөлініп  шығу, 
басқару,  оқу,  оқытылу,сабақ  жүргізу,  шақыру,қатысу,жағдай  жасау,  жұмыс 
істеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 

10 
 
 
  5.Төмендегі сызбаны пайдаланып, мәтіннен сөз тіркестерін теріп  
жазыңыздар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.Мәтіннен университет тарихын баяндайтын сөйлемдерді табыңыз. 
Мысалы: 
1944  жылдың  17  маусымында  Қостанай  мұғалімдер  институтына  Қазақ 
халқының батыры Амангелді Иманов есімі беріледі. 
 
7.Берілген  сұрақтарғамәтін бойынша жазбаша жауап  беріңіз. 
–Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы 
қашан қаланды? 
________________________________________________________________ 
– Сол кезде университет қалай аталған? 
________________________________________________________________ 
– Ең алғаш институттың негізін қандай факультеттер қалаған? 
________________________________________________________________ 
–Оқу ордасы университет мәртебесін қай жылы алған? 
__________________________________________________________________ 
–Ахмет Байтұрсынов есімі қай жылы берілді? 
________________________________________________________________ 
–Университетте  неше  кафедра  бар  және  кімдер  дәріс,  семинар  сабақтарын 
жүргізеді? 
________________________________________________________________ 
–Университетте қанша мамандық дайындайды? 
________________________________________________________________ 
–2009-2010  жылдары  университетте  қандай  ғылыми-зерттеу  орталықтары  
ашылды? 
________________________________________________________________ 
–Қазіргі  таңда  университетте  білім  берудің  қандай  деңгейлері  бойынша 
дайындық жүргізеді? 
________________________________________________________________ 
–Университетте студенттердің шығармашылық және жеке қабілеттерін дамыту 
үшін қандай жұмыс атқарылады? 
________________________________________________________________ 

 
Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті 
Қазақстан бойынша қандай орын алады? 
Зат есім+зат есім 
Университет 
студенті..................
................................
................................
.............. 
Сын есім+зат есім 
Дебат орталығы...... 
.................................
.................................
.................................
.................................

Зат есім+етістік 
Ғалымдар 
шақырылады.........
................................
................................
................................
............... 
 
 
 
................................
... 
 

11 
 
 
 
8.Сөйлемдердің қазақ тіліндегі баламасын мәтіннен табыңыз.
 
Внастоящее  время  Костанайский  государственный  университет  им.  Ахмета 
Байтурсынова  –  это   один  из  крупных  вузов  Казахстана,  является  ведущим 
учебным,  научным,  методическим  и  культурным  центром  Северного  региона 
страны.  В  структуре  университета  –  семь  факультетов.  Обучение 
осуществляется  по  трехуровневой  системе:  бакалавриат  –  магистратура  – 
докторантура PhD.
 
 
Тыңдаймыз. Оқимыз. Сөйлейміз
 
9.Мәтінді аударып, негізгі мәтінге ақпарат ретінде әңгімелеңіз. 
2012  жылғы  республикалық  рейтинг  нәтижесі  бойынша  университет 
Қазақстан  Республикасының  жоо  негізгі  рейтингінде  6  орын  алды.  2010-2011 
оқу жылында университетте қашықтықтан білім беру технологиясы енгізілді. 
2000 жылдан ҚМУ көпсалалы журнал  «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, 
идея,  инновация»  басылып  шығарылады,  2009  ж.  ауыл  шаруашылық  және 
ветеринариялық  ғылымдар  бойынша  диссертациялар  нәтижелерін  басып 
шығаруға ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді. 2012 жылы   ISSN 
(ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) сериалды басылымдарды тіркеу Халықаралық 
орталығында  тіркелді. 1972  жылдың  8-ші  желтоқсанында  Қазақстан  ОК  мен 
Қазақ  ССР-ның  Министрлер  Кеңесінің  №  630  қаулысымен  Амагелді  Иманов 
атындағы  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институты  КСРО-ның  50 
жылдығы институты деп аталады. 
Бүгінде ЖСК-ның құрамына университеттің 17 студенттік құрама кіреді: 

 
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ің «Жас Отан» МК бөлімі; 

 
«Мәңгілік ел жастары. Серпін - 2050» клубы; 

 
ҚМУ КВН қозғалысы

 
«Жайдарман» клубы; 

 
«Ахмет ұрпақтары» дебат клубы; 

 
«Спарта» интеллектуалдық клубы; 

 
«Арулар Отауы» отбасылық құндылықтар клубы; 

 
«Артемида» қайырымдылық ұйымы; 

 
«ҚМУ СҒЗЖ» ғылыми-зерттеу клубы; 

 
Ұлтаралық студенттік ассамблея; 

 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша студенттік кеңес

 
Студенттік баспасөз қызметі; 

 
Студенттер үйінің студеттер кеңесі; 

 
«Жастар ТВ» студенттік теле-радио; 

 
«Жасыл  Ел»  жастардың  еңбек  жасақтарының  штабы  және  студенттік 
құрылыс жасақтар; 

 
«Ақындар алаңы» ақындар клубы; 
 

12 
 
Жазамыз. Сөйлейміз 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал