Қабылдаған: Жукенова. С. К көкшетау 2021 жыл Мазмұны



жүктеу 314.61 Kb.
бет7/8
Дата04.11.2022
өлшемі314.61 Kb.
#23334
1   2   3   4   5   6   7   8
Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы курсовой
Қорытынды


Оралхан Бөкей шығармашылығындағы айқын бір арна – еліктеу сөздердің қолданысы анықтау болды және шығармада адамның ортадан шеттеу, жатсыну, жалғыздық күйін шынайы, иланымды бейнелеудегі өзіндік қаламгерлік ұстаным, беталыс бағыты. Түптеп келгенде, бұл тұрғыда кеңіте зерттеуді қажет етіп жатқан мәселелер бар. Оралхан кейіпкерлері жалғыз жүргенімен жатбауыр емес, ортадан баз кешіп, жан баласын керек қылмай кеткен кісікиіктер де емес. Олардың жалғыздығы – жағдай тудырған сырттай жалғыздық. Курстық жұмыста О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасы еліктеу сөздердің қолданысы жайлы аспектіде қарастырылған. Көбіне көп тұспал, жасырын, ишара, меңзеу, жұмбақтап айту үлгілерінде берілген бұл туындыда автор адамның түпкі құпияларына батыл бару еркіндігін дарытуда елеулі еңбек жасаған. Аталмыш шығармада жалпыадамзаттық қасірет көлеңкесі, ХХ ғасырдағы өктем жүйе жұтқан қайырсыз жылдар өксігі, ұлттық сенделіс-дағдарыс, ұлы дүниенің тұтас құдіретіне қапысыз ынтығу серпіндері анықталды.
«Мәтінді «алдын ала ұғу» немесе «түсінбеу» деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы түсінудің логикалық сатылары екенін қайтақайта еске салатын герменевтиканың негізгі қағидаларын білген жөн. Қазіргі кездегі герменевтикалық теориялар мәтіндегі жасырын, құпия ишара, меңзеу түріндегі көркем ақпаратты танудың жолдарын қарастыруда. Автордың ойлау жүйесіндегі мифтік сананың, ұжымдық сананың, архетиптердің, әрқилы иррационал образдардың табиғатын зерттеуге деген қызығушылық басым».Осы тұрғыдан ойымызды өрбітсек, адам баласының жаратылыс жұмбағынан туындап, күні бүгінге дейін шешімін таппаған, табылуы мүмкін де емес жан жүйе болмысының ұлы құпияларына ынтыға үңілген Оралхан Бөкей – ой айтуға бейім жазушы. Қаламгердің оңаша күн кешетін кейіпкерлері ұдайы ой қамауында жүретіндігі иланымды. Өз кеудесін күйдірген өткір әлеуметтік, адамгершілік проблемалар ды жазушы кісікиіктеу табиғатымен дараланып отыратын кейіпкерлер шоғырында солардың іс-әрекет, ой-пайым, дүниетаным иірімдерінде көтеріп, қозғап отырды. Жазушы көксеген жан тазалығын, ар тазалығын, маңдай термен нан табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер, ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері өмірлік мұрат еткен.
«Атау кередегі» Нюра кемпірдің жалғыздық күйі – қарт адамның өмір көшінің соңындағы тына бастаған қалпымен де, баласы Еріктің қалауымен болған ортадан жырақтау жағдайымен де, тіпті қала берді, қаншама жерден қазақтың от анасы болғанымен де, діл, орта, арғы негіздер тұрғысынан да қылаң беруі тиіс жалғыздығы.
Нюра характерін шынайы шыңдауда жетіспей жатқан да нышандар бар. Тым қазақша ойланып, қазақша күйзелуі, қазақша мінез қалпы соншалықты иландыра да бермейді.
Нюра – науқас адам. Төсек тартып жатыр. Көбіне жалғыз қалады. Ондайда ой қамайды. Өткен-кеткен есіне түседі. Өткен өмір дегені «көппен көрген ұлы той» – сонау бір жылдардағы төңкерістің, ақ пен қызылдың, кәмпеске, ашаршылықтың заманы. Адамзатқа тажал болған соғыстың естелігі. Нюра кемпірдің ойы бітпейді. Ұзақ тарихты түгендеп шығады. Жазушы осы тәсілімен белгілі бір кезең, уақыттардың жалпы мінезін, қоғам, заман құрсауындағы адамдар мінезін ашады.
Заманның екпіні қатты уақыттарда да адамшылығын сақтап қалғандар өмір атты ұлы көшті үзіліп қалудан сақтауға септігін тигізгендер. Нюраның бітпейтін, таусылмайтын ойларынан арғы мен бергі, Алтайдың ой-қырын мекен еткен адам мінездері, кесек тұлғалар болмысы орын табады.
Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде бірнеше әлеуметтік өзекті күйді арқау етеді. Арғы тарих та, адамның ар алдындағы жауапкершілігі де, белгілі бір кезеңнің саяси, шаруашылық ахуалы да, жалпы адамзаттық адамсүйгіштік аңсар да – барлығы қосақабат тау арасындағы оқшау өмірдің ішті қазандай қайнатып жатқан өкініш, үміт, өтірік пен шындық, жақсы мен жаман, ақ пен қара араласқан өмірінің фонында айтылып ашылады. Жазушы көзбен көріп, жанымен сезініп отырған өз уақытының рухани дағдарыстарына, қазақ үшін қайырсыз болған қасіретті тұстарына қайырылып отырып, тау арасындағы оқшау өміріне дән риза омарташы Еріктің, оның сұлу да, сырлы келіншегі Айнаның анасы Нюраның, кездейсоқ келіп қосылған кешегі ержігіт – бүгінгі еңсесі түскен Тағанның тағдыр сырлары, әрекет, аңсарлары ауқымында көркемдік кеңістікке алып шыққан.



жүктеу 314.61 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет