Абдижамил Нурпейисов. Сонгы парыз



жүктеу 2.88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата04.11.2022
өлшемі2.88 Mb.
#23291
түріКнига
1   2   3   4
Ә.Нұрпейіс – Соңғы парыз
Әділбек Исламбек. Ми құрлымы мен қызметі
Екінші бөлім
Бел-Аранның ығында отырған балықшылар поселкасының орта
тұсындағы еңселі биік үйге қатарласа бергенде сен машинадан қарғып
түсіп едің ғой. Əлдене дегелі кабинадан мойнын созған шоферге
қ
айырылған да жоқсың-ды. Есікті асығыс ашып, кіріп барғанда, қызы
мен əйелі киініп жатыр екен. Сен табалдырықтан аттап кіре сала:
– Ей!.. Ей, барасың қайда, қайда мені тастап?– деп ойламаған жерден
ойнақыланып, қайдағы бір өлең жолы тіліңе орала кетті.
– Өзің көңілдісің ғой?
– Иə, көңілдімін... Көңілдімін, Бəтіш...
Бəкизат ыржалақтаған түріңді ұнатпай назарын тіктей түсті де,
көзін тайдырып əкетті; лəм деген жоқ; қызын жетелеп есікке қарай
беттей бергенде, сен дереу жолын кеселеп тұра қалдың:
– Бəтіш... айналайын, тоқташы. Қайда бара жатырсыңдар?
– Бала – оқуға, мен – жұмысқа...
– Жібермеймін.


– Есің дұрыс емес шығар.
– Иə, есім дұрыс емес. Оо-о!
Онсыз да қалай құтыларын білмей, шарасы құрып тұрған келіншек
пен кішкентай қызға, сол арада, шынында да, сен əлдебір ақыл-есі
ауысқан деліқұл, есерсоқ кісідей көзіңді алартып, аузы-басың да
қ
исаңдап, бас салып құшақтамақ болғансың-ды. Тұла бойың шырыш,
балық сасып түр. Үстіңдегі киімнен де бұларға мүлде беймағлұм басқа
ел, жер, судың, шөптің ию-қию исі аңқып кетті.
Кішкентай қыз тыжырынып, бетін бұрды.
– Баланы жібер. Оқуынан қалып барады.
Ə
ншейінде де ренішке бейім тұратын етшең ернін жымқырып апты.
Жазған басың сен оны кеш байқадың. Ана жақта өткен ауыр күндердің
бейнеті мен азабы артта қалып, енді, міне, үйге кеп қатын балаға
қ
ауышқан осы бір сəтте аржағынан асып-төгіліп жатқан ағыл-тегіл
қ
уаныштың, күлкінің дəл қазір қайсысы орынды, қайсысы орынсыз
шығып жатқанын да ойлаған жоқ-ты. Əлі де болса ыржалақтап күліп
Бəкизатты құшақтамақ боп, бауырына тартып еді-ау. Бəкизат бойына
жолатпай, кеудеңнен тіреп тұра қалды.
– Сыр бойы сауықшыл дейтін, қайта-қайта баруың жаман еді.
Солардан бірдеңе жұққан болды ғой.
– Иə, жұқты. Несін айтасың, сауық-сайранды салып қайттық.
Сырдариялықтардың да ойын-сауықтан басқа баққаны жоқ екен.
Қ
апелімде қол-аяғың қалжырап, тұрған жеріңе отыра кеткің келді.
– Папа...
Портфелін бауырына қысып алған қыз кеткісі кеп, жаутаң-жаутаң
қ
арап тұр екен.
– Айналайын, қызым-ау... сендерге не болды? Бəрің менен қашып...
– Папа, оқудан қалып барам.
– Оқуыңнан айналайын. Кішкентай балапаным менің. Тоқта, сен осы
ертеңгісін оқымаушы ма едің?
– Ол былтыр ғой...
– Иə, айтса да... Сен екінші класқа көшкен екенсің ғой.
– Папаң балықтан басқа не біледі дейсің. Қызым, бар... оқуыңнан


қ
аласың.
Кішкентай қыз қыңқылдап, екі иығының басын кезек қиқаңдата
бастады. Жиі тарақпен жылтырата тараған мөлдей қара шаштың бір
шекесінде үлпілдеген бантик. Омырауында үлпілдеген фартук. Бантик
те аппақ. Фартук те аппақ. Бауырына қысқан портфель болмаса, дəл
осындай үсті-басы үлпілдеген кіп-кішкентай əдемі қуыршақты бір
жерде көрген сияқты. Тек қайдан көргенін есіне түсіре алмай ойланып
қ
ап еді; кенет портфель ұстаған қызының қолына көзі түсті де, жүрегі
біз сұққандай шым ете қалды. Іштен үш саусағы кем туған сол
қ
олының орыны отқа күйгендей қызарып, терісі бүрісіп қалған екен.
"Айналайын, балам-ай! Балапаным-ай..." Бір сөз айтса аржағы аңырап
қ
оя беретіндей көзіне мөлтілдеп жас келіп қалды. Жалма-жан
қ
ызының алдынан есік ашып, мектебіне ұзатып салды.
– Бар-бар! Бара ғой, балам!
Кішкентай қыз бұта түбінен пыр еткен балапан құстай құлдырай
жөнелді. Бір үйдің бұрышынан айнала бере артына бұрылды.
"Айналайын, балам... балапаным". Көзінің алды жыбырлап, тамағы
бүлкілдеп қалды. Сол арада, бұл өз қылығынан өзі қысылып, абыржып
ə
пі-шəпісі шығып, ішке қайтып келсе, Бəкизат сыртқа шыққалы есікке
беттеп келеді екен. Қолыңды екі жағыңа жайып, жолын кеселеп тұра
қ
алдың.
– Саған, сірə дауа болмас,– деді Бəкизат басын шайқап.
– Пəтуа, дауа бізді қайтсін. Теңіз асып тентіреп жүрген кісінің қайта
диуана боп кетпегеніне шүкір.
Бəкизат сенің аяқ астынан назарың түсіп, налып қалған кескініңе
қ
арап тұрды да:
– Сол жақта қыстап қалар деп едім, Құдай оңдап, əйтеуір, келдің,–
деді.
– Кісілерді тастап кете алмадым.
– Бізді тастағанда жақсысың.
– Апыр-ай... үйге келгенде сен де кірпідей жиырылып...
– Бізге оңай боп жүр дейсің бе?
– Білем... сендерге де қиын. Соны ойлағанда... Əй, құрысыншы... Осы
жолы сендерді өзім де өлердей сағындым.
– Əй, қайдам.


– Маған сенбесең қасымдағы кісілерден сұра. Ал енді, Бəтіш... айтары
жоқ, сапарымыз сəтті болды.
– Жақсы бопты. Саған балық болса, қатын-баланың керегі қанша.
– Апырай, Бəтіш-ай... Балықшы бишаралардың тірлігін басқа білмесе
де, сен білуге тиіссің ғой.
– Ал, білдім. Сонда мен оларға не істеуім керек? Менің қолымда...
Бəкизат сөзін кілт үзіп, қабырғадағы сағатқа қарады да, əлденеге
асыға бастады.
– Басқа айтарың бар ма?
– Бір жаққа асығып тұрсың ғой?
– А!
– Бəтіш... Айналайын, өтінем... Бүгін қасымда бол, ешқайда кетпе!
Жарай ма?
– Жарайды... Жарайды,– деп Бəкизат арқаңнан қақты да,
қ
абырғадағы сағатқа қарады,– Ауылға келдің ғой. Енді ешқайда
кетпейтін шығарсың. Əңгімең қызық екен. Қалғанын кейін... Жарай ма,
кейін айтарсың.
Сен "жарайды" деп те, "жарамайды" деп те айтқан жоқсың. Əлденеге
жанары тайсақтап, сенен алып қашып жүрген келіншектен көзіңді
алған жоқсың. Жұмысқа барам дегені жай сөз екенін жүрегің сезіп тұр.
– Шай қойып іш. Тамақ... Тамақ холодильникте...
– Тамағы құрысын...
– Иə, аш емес шығарсың...
"Несін айтасың, тоқтықтан кекірігі азып тұр".
Бəкизаттың бұнан алып қашып тұрған көзі ар жағындағы айнаға
түсті. Айт-тойға баратындай үсті-басын сəндеп киініп апты. Бəрі де
анада демалыста болғанда астанадағы ателиеге тіккізген инеден жаңа
шыққандай əдемі, сəнді киімдер. Асығып тұрғасын ба, əлде құйындай
ұ
йытқыған əлдебір құпия сезім көкірегін алып-ұшырып бара жатқасын
ба, əйтеуір əне бір қыз кезіндегідей екі беті алаулап, етшең қызыл ерні
албырап құлпырып кетіпті. Жанары жалтылдаған шаралы қара көз
айнаға бір, өзіне бір қарап, бас-аяғын шолып етті. "Қайда асығып тұр?
Ə
лде, анадағы ренішін ұмыта алмай, бұған істеп тұрған кесірлік пе?
Солай ма? Сонда, шамасы бұның Сырдарияға барғанын кешірмеген


болды-ау? Ендеше, сен неге кекірейесің? Бұрын бұндайда ылғи
басыңды иіп, кешірім сұраушы едің. Тағы да иіл. Басқа кезде кінəң
болды ма, жоқ па, ал осы жолы кінəлісің. Осы жолы бірінші рет
Бəкизаттың дегенімен жүрмедің. Айтқанын істетіп үйренген келіншек
саған "Сырдарияға бармайсың"– деп үзілді-кесілді айтпады ма? Тым
құ
рыса, сен жазған сол арада ерке келіншектің шиыршық атқан ашуын
жылы сөзбен сылап-сипап жұмсартуды да білмепсің-ау. Жо-жоқ, білді.
Білді ғой.
Тек тілдесуден тайсалды. Егер, сол арада тілдескенде Бəкизат
ренішті үдетіп, талайдан бері құлағын сарсылтып келе жатқан
қ
ыңқылын қайта бастап: "Бұл жерде қимайтын не қалды? Су ашыды.
Балық құрыды",– дер еді; "жеті жыл көктен сыңар жаңбыр тамбай,
теңіз өңірінің қылтанағы күйіп кетті" дер еді; "теңіз қайтқалы жер
астының суы тартылып, бұрын күрпіп тұратын құдықтар түбі көрініп
жатыр" дер еді; "ел алды қоныс іздеп көше бастағалы қашан. Əзір
көшпегендер де қолайлы орын қамдап, ертең-бүрсікүні қозғаламыз деп
отыр" дер еді; "суы тартылған теңізге сен-ақ бауырың бітіп, талақша
жабысып алдың. Көре қал, ертең осы теңіз қаңсыған астаудай кеуіп
қ
алғанда көшкен елдің жұртында жалғыз үй төбеміз шошайып
отырармыз; сонда туған жерден не опа тапқаныңды көрермін" дер еді-
ау. Сен соны білдің. Сондықтан, шараң құрып бір күрсіндің де, теңіздің
арғы бетінде қостанып жатқан балықшыларға тартып тұрғансың-ды.
"Айналайын, барам да қайтам" деп едің-ау. Тым құрыса уəдесінде
тұрып, айтқан уақытта оралғанда бір сəрі ғой.
– Бəтіш... Кешір.
Бəкизат тағы да сағатқа қарады. Шыдамын тауысып шытынап
қ
алды. "Қайда асығып тұр екен?" Өзінен сұрауға батылы жетпеді.
Кінəсі болмаса да, кінəлі сезінетін əдетің, именшектеп басып қасына
бардың.
Именшектеп қарадың. Имене-имене қолыңды иығына салып едің;
Бəкизат иығын басқан зілдей ауыр салмақ астында шыдам тауып,
шытынбай тұр. Сосын ішің жылып кетті. Қорғалақ қол əлгіден кейін
батылданып, əлі де болса өңін суық ұстап, сыртын беріп тұрған
Бəкизатты бауырына тартып еді; бұл жолы да қарсылық болмады.
Қ
айта ұзақ жолдан арып-ашып келген азаматтың бұнан былайғы не
дегенінің бəріне қабақ шытпай көнетін сыңай танытты. Сосын сен де
бұрыңғыдай өліп-өшкен жоқсың. Онсыз да бар ісі оңына басып,
орайына келіп жатыр. Үй ішіне қауышты. Қызын көрді. Енді, міне...
Қ
ыс демей, жаз демей теңіз кезіп тентіреп жүретін қаңғыбас күйеуін
күте-күте екі көзі төрт болған жары құшағына кірді де, тып-тыныш
бола қап еді; үлпілдеп киінген мына келіншектің үсті-басынан сенің
дем алған тынысыңа жаңа ғана қауыз жарған жас гүлдің жұп-жұмсақ


жұпар исі келді. Сонан ба, əлде денеңе жанасқан əйел тəні шоқтай тиді
ме, ыстық қан кенет аттай ту лап алабұртып кеткен алпамсадай ірі
еркек енді əй-шəйге қарамай, бауырына тартып құшағына құшырлана
қ
ысып еді; Бəкизат сұлық қалпын бұзған жоқ; қан-сөлсіз жүзін жоғары
көтеріп, бұған бетін тосқан сияқтанды. Бетін тосқан Бəкизатқа бұ да
дереу иіліп, еңкейе бергенде, ар жағында тұрған айнаға көзі түсті де,
тіксініп қалды. Ерлі-зайыпты арасындағы парызды өтеу үшін əлде
қ
алай бетін тосқан əйелдің құр сүлдеріне жоғарыдан дүр қара біреудің
жүн-жүн беті жақындап төніп қалған екен. Бəкизат бойын дереу жиып
ала қойды.
Қ
айратты еркектің қарулы құшағынан есебін тауып сытылып
шыққанына қуанғандай, дем арасында тақтай еденді тық-тық басып,
есікке барып қалған екен...
Абажадай үлкен үй кенет қаңырап бос қалғандай. Дүниесі құрғыр бір
сəтте бар қызықтан айрылып, тірлік шіркін болса-болмаса да мəнін
жоғалтты да, бұл ілгері озбай, аяқ киім жатқан ауызғы бөлмеге сүлдері
құ
рып отыра кеткен еді-ау! Ащы тырнақ көкірегін осып алды. Қан
қ
ақсап бара жатқан басын қос шекеден қатты қысып, өзі де ұлыған
иттей ыңырсып отырған-ды. Əрине, анасы үйде жоқ; үйде болса
"жалғыз баланың" дауысын есіткен бойда жүгіріп келер еді ғой. Мал
қ
орада жүр ме екен? Көзінің түбі суырып, шекесі сынып барады. Төрге
озғысы келмеді. Есіл дерті теңіздің арғы бетіндегі балықшы қос.
Мынау өз үйі болмай, егер балықшы қосы болса ғой... бұл онда астына
төсеніш, үстіне жамылғы іздеп жатпай, аяғы жеткен жерге қисая кетер
еді-ау! Бұл байғұс қадірі қалмай бара жатқан осынау қос уыс тірлікте
қ
ай бір өзінің жанын күтіп, бап талғап еді!
Осы жолы да кім көрінгеннің қасына бір түнеп жүргенде, бұл, сірə,
ө
зіне бап тілеп, басының асты – биік, жамылғысының асты – жұмсақ,
жамылғысы – жылы болғанын ойлады ма? Осы қазір де өмірінің
жарым-жартысы балықшы қоста өткен сорлы сол дағды бойынша
отырған жеріне үстіндегі сырмақ күртенің бір шалғайын төсеп қисая
кеткісі келіп еді; бірақ, мына тілмен жалағандай сырлы еденге көзі
түсті де, ол ойдан да тез айныды. Миығына мысқыл күлкі шапты. О
бейшара!.. Бейшара!.. Мұның дəмесін қара. Бейшара-ау, тілмен
жалағандай мына тап-таза үй, жаңағы үріп ауызға салғандай
кішкентай қыз... əдейі айт-тойға баратындай желкілдеп киінген əлгі
ə
демі келіншек... бұның, бұл бейшараның ебіл-себіл түрі мен берекесіз
тірлігіне қандай қатысы бар? Үш қайнаса сорпасы қосыла ма?.. Ха-ха-
ха...
– Əй, балам...
Ту сырты түгел шымыр етті. Қасына кеп тоқтаған томашадай қара
кемпірді бас салып құшақтай алды. Кемпір де ботасына исінген кəрі


інгендей еміреніп кетті.
– Шаршағансың ғой. Қашан келдің?
– Жаңа...
– Қора жақта болып едім. Ботасынан айырғалы қараша інген суалуға
қ
арады. Желінін тартсам, уысым ақ орнына үрпіге толып кетеді.
Бауырында қанша тұрғанда бір шайлық сүтті шаққа алам. Бəрің
келдіңдер ме?
– Жоқ, өзім...
– Олар əлі сонда қалды ма?
– Үш-төрт күн шамасында келіп қалар.
– Ба-ба-а... Баба...
Сен жүгіріп келген баланы жерден көтеріп алғансың-ды. Əке
құ
шақтағасын қол-аяғын тыпырлатып бұрынғыдан бетер асыр салып
кетті. Ара-арасында мойнынан тас қып қысып алып, сілекей шұбырған
ернімен сүйіп қояды. Сорлы бала қуанса да, ренжісе де осылай өзін
тежей алмай қалатын, сірəдағысы.
– Апыр-ай, апа... мына балаң бұрынғыдан да нашарлап кеткен бе?
– Жоқты соқпа, баламның өзгерген түгі жоқ. Баяғы бір күйі.
– Ай, балапаным-ай... айналайын, балам-ай...
Ə
ке құшағында қол-аяғы тыпырлап жырқ-жырқ күліп жатқан
баланы бауырыңа тас қып қысып тұрсың. От басының осы бір қасіреті
кішкене жанасса да, сең соққыға жығылғандай жаның жапырылып
қ
алатын-ды. Міне, тағы да дем арасында діңкесі құрып, қасірет басқан
еңсе қара жерге тартып бара жатты.
– Əкең жолдан шаршап келді. Дем алсын. Бері жүр, балам,– деп,
кемпір ана бауырынан кемтар боп туған немересін қолынан жетелеп
ə
кетті.
* * *
Анасы шай əзірлегенше бұл моншаға барып келді емес пе. Бас-аяғын
апыл-ғұпыл шайып, парға бір кіріп шыққасын зіл тартып тұрған дене
демде жеп-жеңіл боп сала берген-ді. Бұл тек моншадан ренішті
көңіліне төтеннен тағы бір уайым жамап қайтты. Былай қарағанда өзі
түкке тұрмайды. Алғаш есіткенде "е, келсе келсін" деді. "Келмей
жүрген жері ме" деді. Осыдан кейін көңілі кəдімгідей тынышталып,


моншада есіткен оқшау хабар ойынан біржола ұмыт болған сияқты еді;
ү
йге келе жатқанда тағы да сол есіне түсті. Бұл жолы көңіліне
кəдімгідей күдік қашып: "апыр-ай, ə?" деп, əр кездегідей бүгін де жел
азынап, топырақ борап жатқан көшенің ортасында селтиіп тұрып
қ
алғанын кейін байқады. Байқаған бойда біреу-міреу көріп қалмады ма
деген оймен төңірегіне көзінің астымен білдірмей қарап еді, Құдай
оңдағанда көшеде өзінен басқа тірі жан жоқ екен. Тек көшенің арғы
бетінде опан-топаны шығып қираған бір топ үйге көзі түсті де, көңілі
құ
рғыр тағы да ит талағандай алау-далау болған еді-ау. Соғыстан кейін
есін жиып, еңсе көтере бастаған ел құрылысты шұғыл қолға алып,
бірінен бірі асырмақ боп бəсекелесіп салған шипірлі ақ үйлер көбейіп
еді; колхоз клуб, мектеп салып еді; теңіз шаршысына келіп тұрған сол
заманда баладай əлпештеген үйлер қазір, міне... Көзі тағы да көшенің
арғы бетінде опыр-топыр қирап жатқан үйлерін түсті. Санын жатқа
біледі: аттай жиырма бес үй. Бір шалдың бауырынан тараған ұрпақ
ө
се-өне келе жиырма бес үй болған. Балықшы поселкасы осы араға
алғаш орын тепкенде ағайынды жігіттер араларына көлденең кісі
кіргізбей, өздері ыңғайласып бір-біріне ірге тақай үй салған-ды. Енді
қ
азір есік-терезелері үңірейіп, опан-топаны шыққан жиырма бес үй
балықшылар поселкасының бір жағын бүтіндей үңірейтіп тастаған
екен.
Жиырма бес үй көшкенде бұл ауыл дəл бір өлік шыққандай
күңіренген. Сол күні бір үйдің ошағында от қанбаған. Бір жан теңізге
шықпаған. Балалар мектепке бармаған. Сол күні таң атар-атпаста
кеудесін сүйреткен кəрі-жас көтеріле көшеге шыққан еді; қатындар
ыдыс-аяғы араласып отырған көршісі көшіп жатқанда қайтерін білмей
қ
албалақтап қалған-ды.
Ə
сіресе бастас абысын-ажын бірін-бірі қимай, қит етсе жаулық
шетіне жармасып көзін сығып жатты. Қалып бара жатқан мұңдық
кетіп бара жатқан мұңдыққа қарай бір ысырылып жақындай түсіп,
əң
гімесін əуелі "қыз-ау" деп, не "келіншек-ау" деп бастап, осыған дейін
ə
не-мінемен айта алмай келген əйел сорлының қашанда көкірегі
дертіп, сыздап тұратын сыр мен мұңның шетіне шыға алмай, абыр-
жабыр арасында ақ жаулықтар əне жер, мына жерде бас түйістіріп
жатқаны. Сонан қашан басындағы жаулықтың екі шеті суланғанша
тырп етпейді. Тек ана жақта ырсылдап жүк көтеріп жүрген əлдебір
еркек ақырғанда ғана "ойбай, көтек" деп, соңғы баланың толғағында
жел ұстаған белі қиқаң етіп, кирелеңдеп тұрып жатқаны.
Ал балалар мəз; абыр-сабыр арасында санын шапаттап шауып жүр;
олар үшін бұнан асқан қызық жоқ; кеше ғана қаннен-қаперсіз жүрген
кісілердің бүгін жау тигендей, аяқ астынан бүлініп апыр-топыр көшіп
жатқаны балалар үшін айт-тойдан бір де кем емес. Бұл ауылдың
балалары кеше аяғы бірге шығып, тұсауын бір күнде кескен
құ
рбыларын іздесе кейін іздейді. Ал, қазір кететін балалар да, қалатын


балалар да мəз.
Осы ауылда ана жатырынан індетке шалдығып, кемтар боп туған
балалар көбейіп бара жатқан-ды. Ештеңеге түсінбесе де, мына
ə
бігердің арасында олар да аяққа оралып жүр. Қолы, аяғы кеміс
балалар балдағы сартылдап, шоқаң-шоқаң етеді. Соларды көріп
көкірегі құрғыр қарыс айырылып тұрғанда, көзі кенет он жасар балаға
түскен еді-ау. Ойға, қырға шапқылап жүріп көптен көрмеген еді; бала
ə
п-əдемі боп өсіп қапты; ат жақты боп-боз бетінде бір түйір қан жоқ
екен; осы ауылда бұның бала боп не күлгенін, не ойнағанын ешкім
көрген емес; өткен жылы шешесі қылтамақтан қайтыс болған көрші
ү
йдің кішкентай қызын қайда барса да қасынан тастамай жетелеп
жүреді.
Не екенін қайдам, бұл сорлыға осы ауылдағы есуас, деліқұлы
балалар өш; бір жолы бəрі жабылып жығып салып тепкілеп, ұрып,
сабап мəз боп жатқанда Бəкизат үстінен шығып арашалап апты, үйге
ə
келіп төсекке жатқызыпты да, өзі ас даярлауға ауызғы бөлмеге
шығып кеткен екен; сəлден соң қайтып келсе, бала басын көтеріпті.
Иегін алақанына сүйеп, белі бүгіліп мүлгіп қалған. Осы қазір ештеңені
көріп те, сезіп те отырған жоқ. Керек десе, ішке кіре сала не істерін
білмей, қолын көкірегіне қысып тұрып қалған оқытушы апайдың да
бар-жоғын сезбейтін сияқты. Бүкіл бар дүниеде тек өзі, сосын өзінен
басқа ешкім білмейтін əлдебір қасіретке жаны уланып, сабаудай кірпік
астынан ағыл-тегіл жас моншақтап бетін жуып отыр екен; Бəкизат
баланы бауырына қысып, құшақтай апты; тек, жұбатпапты; "неге
жыладың?"– деп те сұрамапты; неге жылайтынын бала басқа тұрсын
ата-анасына да тіс жарып айтпайды екен. Осы баланың ешкім ұрыспай,
ұ
рмай-соқпай, анда-санда осылай өз-өзінен мұңданып, бір жапырақ
жаны адам білмейтін əлдебір қасіретке уланып, ішінен егіліп ағыл-
тегіл жылайтынын бүкіл ауыл білетін-ді. Сол кезде балықшы ауылдың
жандары өздерін осы бала алдында кінəлі сезінгендей кəрі-жасы түгел
ішінен тынып отырған-отырған жерде шөкелеп бүк түсіп қалатын.
Жаудыраған жанарынан сорғалаған жас бетін жуып, моншақтап ағады-
ағады да, сонан бір кезде ешкім жұбатпай, өз-өзінен тиылатын. Бала
жасын тиғасын ертеден бері үн-түнсіз тас қып бауырына қысып
отырған Бəкизатқа "Апай, мен соңыра мектеп бітіргесін дəрігерлік
оқуға түсем, жаңағы балаларды емдеймін" депті...
Жиырма бес үй кешіп, бүкіл ауыл азан-қазан боп жатқанда
Байқоңырда ракета ұшқан ба, ауа райы аяқ астынан бұзылған-ды. Жел
көтерілген-ді. Топырақ борап, арты бірнеше күнге созылған қара
дауылға айналған еді-ау; көшетіндерден гөрі қара орында қалып бара
жатқандардың қабырғасы қаттырақ қайысатын сияқты. Түс ауып, күн
кештете бергенде жиырма бес үйдің жүгін тиеген жиырма бес машина
жүруге бет алып, бірінің соңынан бірі тізіліп тұра қалып еді, қалып
бара жатқандар көшіп бара жатқандарды бас салып, қолына іліккенін


құ
шақтап көрісіп жатыр:
– Көреміз бе енді, жоқ па, ойбай...
– Қараң қалғыр мына қара жұртқа бізді тастап қайда кетіп
барасыңдар, ойбай!..
Оқыс шыққан мына бір ащы дауыстан жас балалардың зəресі ұшып
кетті. Əй-шəй жоқ, бірін-бірі бас салып, аңырап қоя берген дап-дардай
кісілердің бұнысы əдепкіде əлде ойын, əлде шын екенін біле алмай,
ə
ркімге бір қарады. Бірінен босаған құшақ екіншіге жармасады. Ығы-
жығы ішінен қолына іліккенін бас салып құшақтай алады. Адам ұгып
болмайтын абыр-сабырдың, айқайдың, ойбайдың бір жерінен əкесін,
бір жерінен шешесін көреді. Олар да өздеріндей біреудің мойынын
құ
шақтап алған. Олар да аңырап бетін алып-салып жатыр. Ұрмай-
соқпай екеу-екеуден құшақтасып, жұлқынып жатқан мына азан-
қ
азанның арасынан еңкілдеген анасын, солқ-солқ еткен əкесін,
сыңсыған апасын көргенде өздерінің жылағысы келмесе де əлденеге
иегі кемсеңдеп, көзі жаутаңдап əркімге бір қарап тұрады да, кенет
бақырып қоя береді. Бұрын-сонды бұндайды көрмеген иттер үрудің де,
ү
рмеудің де есебін таппай, əркімге бір тығылып аяқ астында
қ
ыңсылап, сосын былайырақ шетке шығып алып аянышты үнін
аспанға шаншып ұли бастады. Ауыл у-шу. Азан-қазан. Теңіз
тартылғалы бұл жақтың халқы жыл құрғамай кешіп жатқанды. Бірақ
соның бəрін де бір үй, екі үйден, мықтағанда төрт-бес үй көшкесін дəл
бұндай бола қоймайтын. Ал мыналар тұтас отырған ауылдың бір
жағын ойсыратып ошарыла көшкенде, халық күңіреніп кетті. Бұл басу
айтып көріп еді, бірақ ешкім құлақ аспады. Сосын бұл:
– Неғып тұрсыңдар? Жүріңдер! Тез! Тез!– деп шопырларға ақырды.
Жиырма бес мотор дүр етті. Əуелі үстіне аппақ қудай шал мінген
машина қозғалды. Қалғандары соңынан тырнадай тізіліп шыққанда
жиылған жұрт та жапырыла қозғалып шаужайласып жүгіріп келе
жатты. Ауыл сыртындағы қоңыр жалға көтерілгесін əлгі үстіне аппақ
қ
удай шал мінген машина кілт тоқтады. Қалғандары да бірінен соң бірі
тоқтап жатыр. Кетіп бара жатқандар мен қалып бара жатқандардың
құ
шағы қайта айқасып, енді қоңыр жалдың үсті күңірене бастағанда...
кенет бұның оң құлағының тұсынан бір ащы айқай шыққан еді-ау.
Шекесін жарып жібере жаздаған сондағы əйел даусы əлі құлағында.
Сол есіне түссе, бұның кез алдына бетінен нұры таймаған ақ сары əйел
тұра қалады. Қолынан талай дəм татқан-ды. Арғы атасы Сыр бойының
аруақ қонған кəрі жырауларының бірі деп есітетін. Бірақ бұрын соң
текті жерден шыққанын білдірмей, күйбең шаруамен күн өткізіп
келген осы ауылдағы көп ақ жаулықтың бірі еді. Аруақты атасын бүгін
танытты. Оң иығынан оқыс шыққан мына дауыс жұртты бірден баурап
алды. Ажарлы ақ сары əйел жүк тиеген машина үстінде бетін құбылаға


бере жүгініп апты.
Қ
оңыр жал үстіндегі ала жабырдан дауыс оздырып айғайға
басқанда, жұрт сілтідей тынды. Көппен бірге бұ да құлақ салған-ды. "Ə"
дегенде "бұл не?"– деп қалды. Туған жерден тірідей айырылған
баяғыдағы біреудің зары ма? Əлде көзден бір-бір ұшқалы тұрған мына
адыра қалғыр ата-мекеннен айырылар сəтте ақ сары əйелдің
көкірегінен ақтарылып кеткен өз қасіреті ме? Соның қайсысы болса да,
ү
стіндегі қара мақпал бешпеттің сыртынан бұған қызыл түрме
белбеуді алдыңғы жағынан ұстап, екі бүйірін таянып апты. Əне бір
азаматын оң жаққа салған бейбақтай бетін құбылаға бұрған. Шарасы
жасқа толған көзін қыр басында иіріліп тұрған бір жанға салмай,
соқтырып ала жөнелген-ді; мүдірген жоқ-ты; тек бір зар мен бір
зардың арасында ілгері-кейін итініп қойған-ды; итінген сайын бірінен-
бірі асып түсіп жатқан көкіректегі гөй-гөй көмейден лақ-лақ
ақтарылып, "аһ, қайтейін" деп алып, келесі аңырағанда "береке, құт
дарыған балықшы елге келін боп түскенін термелеп ала жөнелді. Ата-
ене босағасын ақ тілекпен аттаған бұл бейбақ осы елдің үлкенін
сыйлап, кішіге құрмет көрсетпеп пе еді? Жар қызығын көріп, перзент
қ
ызығына қуанбап па еді? Бəрін айт та бірін айт: өз ұясын өзі бұзғаны
несі, ойбай?"
Кеуде кеңіп, көмей ашыла түсті. Адуын əйелдің айқайы қыруар
халық сілтідей тынып қалған қоңыр жалдың басынан сонау тас
төбедегі сабалақ сұр бұлт салбыраған түнеріңкі аспанға шаншылып
шыққан еді-ау! Ақ сары əйел дауыс салғанда ішінен тынған үлкен-кіші
дымы құрып, тек иықтарының басы селк-селк етіп қап тұрған еді. Ақ
сары əйелдің көмейінен түйдек-түйдек шығып жатқан сөздердің
жоқтау екені де, зар екені де белгісіз. Əйтеуір, жанға тиіп, жүрекке
шауып, аспан асты булығып тұншығып барады. Мүлгіп қалған жиын
ішінде тек əлгі ақ сары əйелдің тілі тақылдап, басы қақшақтай түседі.
Тағы бір тұста "аһ, қайтейін" деп алып, жас жуған жүзін осынау ақ пен
қ
ызыл арасындағы бейуақ кешке бұрып: "телегей теңіз, сірə,
тартылып, шалшық болар деп ойлап па ем, ойбай. Заңғар биік тау, сірə
мүжіліп, жапырайған төбе болар деп пе ем, ойбай?" деп, желдіртіп бара
жатыр еді, əлдеқайдан ашулы дауыс шақ-шақ етті:
– Əй, келін... Қой енді! Қой, жарқыным! Қой!
Бұл жан-жағына қарап еді, бірақ мына қоңыр жал басында иін
тірескен ығы-жығы халық арасынан Көткеншек Көшен көзіне түспеді.
Ə
йел жаулық шетімен аузын басты да, тұрған жеріне шөгіп отыра
кетті.
– Ақ сапар!
– Қане, қозғалыңдар!


– Қош! Қош!
– Көріскенше күн жақсы!
Жиырма бес үйді арқасына тиеп алған жиырма бес машина орнынан
ақырын қозғалды. Аппақ қудай шал алдыңғы машинада таяғына
сүйеніп отыр. Бірінің соңынан бірі шұбалған машиналар ақ пен қызыл
арасында шөбі күйген сүр даланың шаңдағын шұбалтып, күнбатысқа
маңдай түзеп зымырап барады. Көп ұзамай бір қырдан асып кетті.
Қ
арасы көзден үзілгенше қоңыр жалдың басында иығы салбырап
тұрып қалған үнсіз жиын тырп еткен жоқ; тек жаулық шетімен аузын
басқан əйелдер дауыс шығармай, тұншыға жылап егіледі...
Сонан бері екі айдың жүзі ауыпты. Сонан бері бұлар Сырдарияда
жүргенде Бел-Аран бауырындағы балықшылар ауылынан тағы да екі
ү
й бір, үш үй бір көшті. Бұл бір жақта ұзақ жүріп қап, ауылға қайтып
оралған сайын үй саны кеміп шығады. Бүгін ертеңгісін де конторда
отырған үстіне үш қария келді. Ішінде – Адай шал. Олар да көшеміз деп
міңгірледі. Бір Адай шалдың өзінде бауырынан ерген торт бала.
Төртеуі төрт үй. Əрине, ертең бөлтірігін ерткен бөрідей о да көшеді.
Олардан кейін де талай үйлер ұясын су алған құстай, əне-міне кешеміз
деп қанатын қомдап отыр. Күн көріс қалған жоқ. Көшпегенде қайтеді?
Құ
дай о бастан-ақ көзгелдектегі судай, құрылықтың қақ ортасында
бас-аяғы тұйық теңіз еді. Ене бауырын тартқылап емген екі емшектей
– екі дария аузынан қағылғалы кəрі теңіздің ендігі тағдыры тұйыққа
тірелді. Жиырма жылда суы он метр төмен түскен кəрі теңіздің қазір
шықпаған жаны. Əсіресе, биыл санаулы күні қалған үмітсіз науқастай.
Ақтық дем алқымға таялған үмітсіз науқасқа жиналған бақсы, балгер,
құ
шнаштай бал ашқан сəуегейлер көбейді. Жақында бір көріпкел
сəуегей он бес жылдан кейін телегей теңізден сыңар тамшы қалмайды
деп көкіп еді; кеше тағы бір сəуегей кітап ашқан ақ етек ишандай, бес
жылдан кейін теңіз екіге бөлінеді деді. Оған да шүкір. Із-түзсіз құрып
кетпей, кəрі теңіздің орнында көзгелдектей екі шалшық қалса да
жұбаныш қой.
Жиырма бес үй көшкен күні сен ауылдың сыртындағы қара жалда
жанарың жасқа толып, ұзақ тұрған едің-ау! Бұрын Бəкизат "көшейік"
деп қанша айтса да құлағына ілмеуші еді. Сол жолы алғаш рет
ə
йеліңнің қашаннан бері құлақ сарсылтқан қыңқылы кеудеңе жетім
күшіктей қыңсылап кірді де, шықпай жатып алды. Сонан кейін осы
ауылдан бір үй көшсе де əлгі жетім күшік кеудесінде қыңсылап қоя
береді. Бəкизат тұрсын, қарт ана да басқа жаққа қоныс аудару керегін
құ
лақ қағыс қыла бастады. Бұнысы, əрине, балалар басқа жақтан өріс
іздеп талпынып жатса, аяққа оралып бөксе басар болмайын дегені ғой.
Ертең Адай шал да көшеді. Осы даланың бөлтірігін ерткен кəрі
көкжалдай бауырынан өрген төрт баласын бастап, кең дүниенің бір
қ
иясына бет түзеп шыққанда, о да əке мен бала арасының жік түспес


бүтіндігін ойлайды-ау? Жə, сол бүтіндікті сен ойладың ба? Сенің ойыңа
келді ме сол?
* * *
Моншаға бара жатқанда сенің ойыңда дəнеңе жоқ еді-ау! Иə, қаннен-
қ
аперсіз киімін шешті. Мұп-мұздай тас еденді жалаң аяғымен жасқана
басып, түп жақта тұла бойы терге малшынып тұрған есікті ашып еді;
бірақ сырттан кірген бетте көк ала будың қай жағына қадам басарын
білмей аңырып тұрып қалып еді; біреу бұны леген ұстаған қолынан
тартты. Əдепкіде мынау моншаға əкесіне еріп келген бала ма деп
қ
алып еді; назарын тіктеп қайта Қарағанда... сыңар құлақ кісіні бірден
таныды.
– Есітіп жатырмыз. Балықты қырып салыпсыңдар. Дегендей...
Қ
айырлы болсын!
Бірдеңе деп міңгірледің; бірақ не дегеніңді өзің де білген жоқсың.
Моншаға барған сайын жалаңаш кісілердің арасында көрінгеннен
қ
ысылып бүгежектеп болатынсың; қазір де бір айдан бері көрмеген
ауылдастар қай жағымнан шығып қалады деп, ұятты жерін
алақанымен басып тұрған-ды.
Сары Шая:
– Сыралғыны кейін сұрармыз. Ал, Жəдігержан, айналайын...
көлденең кісі қатыстырмай, ағалы-інілі боп өзара оңаша сөйлесетін
тығыз шаруа болып қалды. Кəне, бері... бері шығып кетші! – дегенде,
сен:
– Қой... Қой, ақсақал...– деп ыршып түстің. Жалт беріп жөнеле
бергеніңде, о да құтқармай:
– Қалқам, тоқта!– деп жолыңды кес-кестеп тұра қалды.
– Есің дұрыс па?.. Сөйлесетін басқа жер таппағандай...
– Пішту! Қалқам-ау, сөйлесуге қайта осындай жер ыңғайлы ғой.
– Ақсақал... шаруаң болса, моншадан кейін үйге келіп айт.
– Сөз болғаныңа. Айдай аппақ жеңешем тұрғанда ол үйге мен былай
да бармаймын ба? Ал, қалқам, мынау кейінге қалдырмайтын тығыз
шаруа.
– Е, немене... Дүние өртеніп бара ма?
– Иə, қалқам, дүние өртенгелі тұр. Кəне, өзің бері... Бері жүрші.


Сары Шая шап беріп білегіңнен ұстады. Сен жұрттан қысылып өліп
барасың. Көк ала бу арасынан жуынып жатқан кісілер көріне бастады.
Біреулер бұған бас изеді. Таяу жерде тұла бойына сабын езіп, ақ
көбікке оранып алған еңгезердей біреу бұларға елең етіп, одырайып
қ
арады да, үсті-басын қайта ысқылап кетті.
– Ақсақал... жібер!
– Қалқам, болмайды. Шаруа бар.
– Не шаруа? Айтшы, сол құрғырды.
– Қазір білесің. Бері... бері жүр!
Қ
аның қайнап тұр. Бүйтіп қор болғанша қолыңдағы легенмен мына
сұмырайдың төбе жағы буланған ақ құйқа басына бір қойғың кеп тұрса
да, жұрт алдында шарылдап пəле қылар деп қорықтың...
Сары Шая білдірмей жымиып қойды. Ол енді əй-шəйге қаратпай
дедектетіп жетелей жөнелді.
Сары Шая бұған туыс. Өз басы суқаны сүймесе де, бірақ бұған
"қалқам", "қарағым-шырағым" деп, ал анасына "ақ жеңешем" деп іші-
бауырыңа кіре келгенде, бұл түгіл, анасы да осы пəлеге қалай "төрге
шық" деп рай беріп қалғанын білмейтін. Сонан ол төріңе шығып,
дəміңді татқасын үй ішінің қамқорын соғып, үлкен-кішіні айналып-
толғанып асты-үстіне түсе бастағанда, оған асымен бірге ықыласын да
беретін-ді. Енді, міне... жуынып жатқан тыр жалаңаш кісілердің
арасынан табанын жерге тигізбей дедектетіп жетелеп əкеле жатқан
ағасын атарға оғы жоқ. Бұл албастының ши қалпағы жел шақырғандай
етегі делиіп, кісіге ұқсап жүретіні киім кигенде екен. Бір құлағын анада
Көткеншек Көшен қыршып алғалы өзінде тіпті ұсқын қалмапты. Бір
басқа – бір құлақ. Мойны қылдай.
Денесі шілдей. Бір қолында леген. Екінші қолымен бұның білегінен
тас қып ұстап алған.
– Бері... бері жүр!
Ақыры бұны ыстық бу бұрқырап жатқан қара көлеңке жерге апарды.
Ə
уелі жан-жағына қарап алды:
– Ал, Жəдігержан, қамсыз қалма. "Аналардың" астанадағы азаматы
келе жатыр. Жаман хабар есіткесін жата алмадым. Алдын ала ескертіп
қ
ояйын, қамсыз қалмасын деп сені іздесем... моншаға кетті дейді.
Сары Шая бұған "естіп тұрсың ба?" дегендей қолынан тартып-
тартып қойды. Бұл басынан кешкен мына масқара өңім болмай, түсім
болғай деп тұр. Жəне қара тырнағына дейін күйіп тұрғасын ба,


ағасының "аналар" дегеннен басқа сезін есіткен жоқ. Бірақ əңгімені
"аналардан" бастағасын сөзін "біздермен" бітірерін біледі. "Аналары" –
Тілеу-Қабақ. Осы өңірдегі халықтың негізгі ұлтаны боп саналатын
іргелі үлкен ру, ал "біздері" бас-аяғы бес-алты үй кірме – Жақайым.
– Қалқам,– деді Сары Шая өзінен қол созым биік жігітке мойынын
созып. Даусын көтерейін десе, төңірегіндегі кісілер есітіп қояды деп
қ
орыққасын қаңылтыр шылапшынды түбін жоғары қаратып төңкере
салды да, үстіне қарғып шықты. Бұл балықшылар жиналысында да
ө
ститін. Жұрт қатарлы сөз алып мінбеге көтерілгенде, əрқашан бойы
жетпей, ақ қылшық төбесі тақтай кенерінен қылтылдап қалғанда,
табан астына қоятын бірдеңе іздейтін. Сондайда осы ауылдың қос уыс
жиналыс болса да жұрттан бұрын президиумға барып жарбиып
отырып алатын еңбек озатының құйрығының астындағы орындықты
жұлып алатын-ды.
– Ау, саған айтып тұрмын ғой? "Аналардың" астанадағы азаматы
келе жатыр ғой...
– Е, келсін. Бұрын да келіп жүрген жоқ па?
– Қалқам, бұл жолғы келісінің жөні бөлек.
Жүрегің дір етті. Осыған дейін қаперіңе кірмеген бір суық сезім
жүрегіне шауып шошып қалды. Жалаңаш кісілерден қысылып жерге
кіре жаздап тұрғанын да ұмытып кетіп:
– Жөні бөлегі қалай?– дедің.
– Ойбай-ау, ел ұлтаны олар емес пе? Қай заманда да көп көптігін
істеген. Осы жолы бұлар бізді көп бидай ішіндегі жалғыз арпадай
тұншықтырып, дегеніне жетпек. Жо-жоқ, қалқам, күлме...
– Бізге сонда не істейді?
– Бəрекелді, сөз болғаныңа. Ойбай-ау, бұлар сенің колхозға басқарма
болғаныңды көре алмай жүр ғой.
– Қой əрі! Жалпы жиналыста өздері ғой сайлаған.
– Онда абайламай, ет қызумен сайлап алып, естері енді кіріп жатыр
ғ
ой.
– Жə-ə...
– Қалқам-ау, сенің "жəң" қай "жə?" Ертең төңкеріп тастап, орныңа...
ана быдық ағасын қояды. Арқа тірейтін астанада анадай азаматы
тұрғанда бұндағы қос уыс халы қты басқара алмас деп пе едің?


– Қой əрі, неше, сірə, халық ойыншық болып кетсе де.
– Қоятыны жоқ. Қазіргі халық, айналайын інім, майы, суы құюлы
машина сияқты. Ондай халықты басқару үшін ақылдың керегі жоқ.
Тетігін тапса, көрінген тырқылдатып əкетіп жатқан жоқ па?
Қ
ара тырнағына дейін күйіп тұрса да, сол арада қалай күліп
жібергенін байқамай қалған-ды. Ол жаңа Əзімнің осында тұратын
быдық ағасын айтқанда, құдды кісіге шабатын бурадай орақ тұмсық ірі
қ
ара жігіт көз алдына тұра қап еді. Колхоз түгіл қарауындағы он шақты
кісі: "бізді мына пəледен құтқара көр. Өлетін болдық",– деп үстінен
арыз айтып келе бергесін, бір жолы онымен оңаша сөйлескені бар-ды.
Сонда ол бұған астындағы орындығымен көтеріліп кеп бетіне бетін
тақап отырған еді де, сосын түкірігін шашырата тұтығып: "ме-мен
деген... жұмысым жақсы деген. Те-тек сөз үйір деген",– демесі бар ма.
Онсыз да күйзелген халықты ендігі жерге сол быдық басқарса... Бірақ,
кім біледі, қойса бұ да "мен деген", "сен деген" деп те істеп кететін
шығар... Осы елі құрғырды кім басқармады. Кейінгі жылдары өзі де
талай бастықтың алдында болып жүр. Оларға тартылған теңіз,
күйзелген халық жөнінде жыларман боп зарын шағып жатқанда, ой,
заңғар-ай, иманы селт етсейші. Үстіне кіргеннен-ақ сазара қалады; сез
лəмін байқағасын түсін суытып ала қояды да: "Айттың ғой, кө-рерміз.
Ойласармыз. Ақылдасармыз" деп өздері машықтанып алған бес-алты
ауыз буынсыз, былқылдақ сөзбен шығарып салатын. Шынында да,
алдына келген кісіге əлгіндей бес-алты ауыз сөз төңірегінде сөйлесуге
шамасы келсе, обалы не керек, айналайын халық бастыққа онша
салмақ салгызбай, Сары Шая айтса айтқандай, "майы, суы құюлы
машинадай əркім-ақ тырқылдатып əкетіп" жүрген жоқ па?
Осы кезде бақыр ұстаған біреу жүгіріп барып лапылдап жатқан
пештің көмейіне шаж еткізіп су шашып жіберді.
Тағы шашты. Сары Шая бұған тағы бірдеңе айтқалы мойнын созып
келе жатқан-ды. Пеш көмейінен көтерілген көк ала бу бұның мына
жағынан құлағына аузын тақап қалған Сары Шаяны көміп жіберді. Өзі
көрінбесе де, есесіне енді бу арасынан біреу қылғындырып жатқандай
қ
ырылдақ дауыс естілді. Қырылдақ дауыс құдды бұзылған радиодай
қ
ытырлап құлағын тырнап барады. Бұл құлағын алып қашқан сайын
анау да бұған қайта-қайта төніп, бу арасынан балп-балп аузы,
безеңдеген тілі жынына тие бергесін, ертеден бері жібермей тас қып
ұ
стап алған қолын қатты жұлқып босатып алды. Сонан кейін Сары
Шаяны легенмен жасқап жуытпады. Апыл-ғұпыл жуынды. Асығыс
киінді. Əлгі пəле бір жерден шығып қала ма деп сасқалақтап жүріп
терін басуға да мұрсаты болмапты. Сыртқа шыққан бойда топырақ
суырған ызғарлы суық желден тітіркеніп ықтасынға тұра қалды.
Түймесін салғалы ауына апара берген қолы кенет ауада қалт тоқтап:
"Не шаруамен келе жатыр екен?"– деп ойлады. Ойламайын десе де,


Бəкизаттың анада астанада дем алып қайтқаны есіне түсе берді. Осы
бір тікендей қадалған ой үйге келе жатқанда да аяқ басысын ауырлата
түсті. Үйге кірер жерде есіне тағы да сол түсіп, "апыр-ай, ə?" деп,
есіктің тұтқасына соза берген қолын кейін тартып алды. Кір киімдерді
салған қалайы легенді қасына қойып, тақтай басқыштың бір шетіне
таман ысырылып отырды. Əлденеге мырс етіп, басын шайқады. Сары
Шая ойлағандай ол, əрине, бұларды "көп бидай ішіндегі жалғыз
арпадай тұншықтырып", аз ағайынға азар беруге келе жатқан жоқ
шығар. Бұны "тағынан" тоңқалаң асыру да ойында жоқ болар. Үлкен
ұ
лық орында отырған жігіт ауылдағы бұларға қол ластап қайтсін.
Сонда... Иə, сонда оны Құдайдың мына қақаған қара суығында жылы
орнынан қозғап, қыс ішінде қиянда жатқан бұларға əкеле жатқан...
сондай-ақ ол не шаруа? Бұл жақта оған тіреліп тұрған не бар? Ағайын-
тумалары аман. Аға-жеңгесінің шаруасы шаршысына кеп тұр. Рас,
азамат шырқап кетсе де, шығандағы ауылын ұмытқан жоқ. Туған
жерге жыл сайын бір соғады. Бірақ ол... бұрын елге қырда қызғалдақ
гүлдеп, көк жусан құлпырып түлеп тұрғанда, ылғи ерте көктемде
келуші еді ғой. Астананың ығына үйренген жігіт пəлендей алып-
жұлып бара жатқан шаруа болмаса, қиянда жатқан елден не алады?
Сонда... Бəсе, сонда оны не түлен түртті? Оны жұрттан бұрын Сары Шая
қ
айдан білді? Апыра-ай, ə? Жə, келсін. Жолы болғыш жігіттің қайығы
желге өрлеп тұрғанда, қай ісі қалай дерің бар ма?
Бұл ішке кіруге асықпады. Көңіліне алмайын десе де моншада
есіткен əлгі хабар ойынан кетер емес. Іші құрғыр оның тегін келе
жатпағанын сезді. Анада Бəкизат астанада болғанда... Тоқта, сонда
екеуінің арасында уəделескен бірдеңе болды ма екен? Əсіресе осы
күдік көкірегіне тікендей қадалып тұрып алды. Үй алдында терін
басып отырып, тағы да мырс етіп басын шайқады. Сары Шая қайдан
білді? Кімнен есітті? Иісшіл иттей тіміскілеп жүріп қыбыр-жыбырды,
жұрттан бұрын сол біледі. Көрдің бе, жаны қысылғанда жаңа қаңылтыр
легенге қарғып шыққанын. Жиналыста да солай. Ел алды боп келеді.
Ел алды боп жарыс сөзге жазылады. Бір сөйлегенге қанағат қылмай,
қ
осымша сөз сұрап, сұқ қолы шошаңдап отырғаны.
Қ
алай десе де, жиналыс жалықтырған жұрт Сары Шая сөйлегенде
бір көтеріліп қалады. Сары Шая үлкен бастықтарға тиіспесе де, меском,
профкомға тісі балғадай. Əсіресе, өткен жиналыста мескомның
мойнына мініп алды. "Жұрттан жинаған взностың үстінен жеді",– деді.
"Балықшыларға келген ботевка жең ұшынан жалғасып тамыр-
танысына кетіп жатыр",– деп соқты. "Əттең, əне бір заман болғанда ит
жеккенге айдатар едім" – дей берді де, "ит жеккен демекші" деп аяқ
астынан өз сөзін өзі айрандай ірітіп, əңгімені ит жөніне бұрып жіберді:
– Ойбай-ау, теңізім тартылып, халқым қиналып, бала-шағаға ас
тауып бере алмай отырғанда, бұл халық бір үйге бір ит аз дегендей
қ
азір екеу, үшеуден асырайтынды шығарды. Кісі қабатын зиянкес


иттер көбейді. Қабаған ит ұстаған балықшылар ендігі жерде жат
пиғылды зиянкес деп саналсын. Кəне, кім осыған қол көтереді,–
дегенде, жаңа ғана қалғып отырған кісілер көздерін ашып алып, ду
күлген-ді.
Қ
алай десе де, Сары Шая айтыпты, Сары Шая үйтіпті-бүйтіпті деген
неше түрлі қиян-пұрыс қылық осы өңірдің халқының аузында. Осы
жұрт онан азар да безер боп ат-тонын алып қашып жатады. Қолынан
келсе қайсы біреу оны қара жерге тығып жібергісі кеп қаны қайнап
тұрса, екінші біреу оған зəру. Өйткені бұл ауылда басқа былай тұрсын,
балаларға
аспан
астының
ілім-білімін
ү
йретіп
жатқан
ə
лгі
ө
шетілдердің қолынан келмейтін арызға, актіге, малға, жанға куəлік
жазарда қолы жүйрік. Ең əрісі қай статья, қай кодекс қандай қылмысқа
жататынын сол біледі. Баяғыда "алтын заң" шыққанда осы Сары Шая
СССР Конституциясын жұрттан бұрын жаттап алып, саяси оқу
жүргізем деп жалақтап шыққанда, қашанда теңіз қашағанын қуып
аулайтын кəсіпқор балықшылар қолға түспей сорлататын. Сол
жылдары Сары Шая Құдайдан күннің бұзылғанын тілейтін. Өйткені,
балықшылар дауылда теңізге шықпай, жағада тор-тұзақты тосаптан
тазартып жатады. Мұрны тосап исін жаратпайтын. Сары Шая
балықшылардың жел жағына шығып отырады. Ық жақта бұл не айтса
соған айран-асыр қап аузын ашып тыңдайтын кəсіпқой немелерге
"сталиндік алтын заңды" əлқисса ғып жатқа айтып беретін зеректігі
жұрттың есінде. Сонда оны тыңдаған кісілер жағасын ұстап: "Ойбай
бұның басы алғыр ғой. Тек сорлатқанда Құдай өзіне пəтуа бермеген",–
десетін. Иə, көп кісіге оның пəтуасыздығы бағын байлап жүргендей.
Ə
йтпегенде, осы ауылда қызыл тілге келгенде тірі жанға дес бермей,
сұқып тұратын сол. Тауып айтатын сол. Білікті сол. Білімді де сол. Тек
бір жан оның қайда оқығанын білмейді. Қанша оқығаны да белгісіз. Бір
жолы кісі басы құралған гу-гу жиында Сары Шая сұңқылдап отырған-
ды. Баяғыда, осындай алқалы жиында ата-бабалар бірінен бірі аруақ
асырмақ болғанда атын жарыстырып, итін таластырып, батырын
төбелестіріпті. Өз бойынан мұнан басқа артықшылық таппай
қ
ызылөңештеніп алған атаң қазақ қыза-қыза келе арғы тегінде сүйегі
ə
лдеқашан қурап қалған шалдарын салыстырып та түк шығара
алмағасын, қала көрген қазіргі жігіттер білім таластыратынды
шығарды. Сары Шая сұңқылдайтын əлгі жиында балықшы ауылдың
ши борбай жастары білім таластырып, бірі – КазГУді, бірі СаГУді
бітірдім деп қызыл шеке боп жатқанда, Сары Шая тұрыпты да "ал мен
Қ
ЖМ-ды бітірдім" деп қиқ етіп күліпті. Сонда жастар жағы онысы – қол
созым жердегі Құланды Жетіжылдық Мектебі екенін біліп жырқ-жырқ
күлсе, ал шалдар жағы тағы да жағасын ұстап:
– ҚЖМ дей ме, əй? Апыр-ай, ə? Ал мынау біз есітпеген оқу ғой?
– Иə, мынанікі мықтырақ оқу болды. Əйтеуір, осы жазған арыз да,
акті де жоғарыға өтімді еді-ау! – десіпті.


Шынында да, басқа шаруаға қырсыз Сары Шая қағазға жүйрік. Істі
болған кісілерге кассациялық шағым дейсің бе, қолхат, тілхат дейсің бе,
бұзатын іс, кайта қарайтын іс, ақтайтын, қаралайтын қағаз, соның
қ
айсысы болса да, құдды үнді шайын ішкендей танауының ұшы шып-
шып тершіп, рахаттанып кірісетін. Оның ықыласпен кіріскенін
көргенде арбалған торғайдай есі шығып отырған арыз иесі: "Е, Құдай
бере көр!"– деп бір көтеріліп қалатын. "Бұның бəрі тарих",– деп Сары
Шая қолынан шыққан қағаздың көшірмесін əспеттеп, темір сандықтың
түбіне тығып тастайды екен. Жəне жоғарыға жазған қағазды аяқсыз
қ
алдырмай, жауап алғанша үсті-үстіне жаза бергесін, ақыры бір күні ақ
істі қарайтып, қара істі ағартып шығарады екен. Ана жылы осы ауылға
басқарма боп сырттан келген жігітпен Сары Шая шиедей боп айтысып,
ақыры оны орнынан алғызғанда, құдды жау қашырған батырдай
күпсінген-ді:
– Ойбай-ау, текелік қылам дейді. Бұл елдің өзінің телісі мен тентегі
тұрғанда оны қалай басыма шығарып бақылдатам. Қызыл шеке боп
айтысқан бір жиналыстан кейін өзіне осылай қатарласып кеп
иығымды иығына сүйкей бердім де: "Үстіңнен ана жаққа қағаз
айдатайын ба? Комиссия шығартайын ба?"– деп едім. Бастықтың жаны
тəтті болмасын ба, жаңа ғана жалына қол апартпай тұрған неме сол
арада көрер көзге жуасып, алдыма түсіп құрдай жорғалай жөнелмесі
бар ма? Сөйтіп, айналайын, бұл ағаң басқарманы да бас білдіріп алған...
Сен сонда Сары Шаяның сөзіне ден қоймай, салғырт тыңдап едің-ау.
Қ
азір ойлап қараса, оның мына сөзінің ар жағында "сені де бас
білдірем" деп бұған қыр көрсеткен күш жатыр екен. Бұны бас білдіруге
құ
діреті жетер-жетпес, ал бірақ жаңа моншада жынына қанша тигенде
оған түк істей алмаған өзінің сол арадағы дəрменсіздігіне ызасы
келген-ді...
– Апа... қызың оқудан келмеген бе?
– Қайдам, о да кешігіп жатыр ғой.
– Бұл кезде оқу бітпеуші ме еді?
– Келетін уақыты болған, кім білсін, сенің əлгі қартайса да қайыған
іңгендей ыңырсуын қоймаған қайын енең үйіне əкетпесе...
Иə, сөйткен болды. Пақыр баланы сол қақсал бауырынан шығармай
ө
бектеп кетті. Көз ашқалы көріп келе жатқаны соның тізгіні мен
жетегі. Қаршадайынан қыз екенін құлағына құйып тастағаны
сонша,құп-құртақандай болып ап үйден аяғын қия басса үлпілдеп
киініп алады. Сондайда бұл өз қызын өзі танымай тосырқап қалатын.
– Əй, балам...


Ана даусы алыстан естілді. Сен суып кеткен шайыңды аузыңа апара
бергенсің-ді. Кеседен басыңды көтеріп, дауыс шыққан жаққа қарап
едің; көзің əуелі самаурынға түсті; бұрқ-бұрқ қайнаған ескі жез
самауырдың ығында иегін тізесіне қойып, бір шөкім боп отырған
томашадай кемпірді сосын көрдің.
– Еркек қостың жағдайы белгілі еді ғой. Шайың суып кетті. Кəне,
кесеңді бер!
Байқап отырсың: аузы берік ана аржағын ашып айтпаса да, жалғыз
баланың үйде ғана емес, түздегі өмірі де мəз емесін көкірегі сезеді.
Желтоқсанның кешегі қара суығында сылағы түскен қамыс қоста
талай түн дірдектеп тоңып шыққанын да сезетін шығар-ау? Əсіресе,
сол бір түн... Иə, сол түні таң алдында ауа райы шұғыл бұзылып, көктен
қ
ара нөсер құйып берген-ді. Қалжырап қатты ұйқтаған кісілер
алғашқыда түк сезген жоқ-ты. Сен тек қос самайдан сырғанап аққан
мұп-мұздай жылымшы бірдеңе тəніңді қарып бара жатқасын шошып
оянғасың-ды. Тула бойың дір етіп, тітіркеп қалдың да, үстіңе жамылған
су-су көрпеге иегіңді тығып ала қойдың. Қамыс қостың төбесі тулақ
сабағандай сатырлап тур екен. Қатты жел қара дауылға айналыпты.
Ə
лгіде тулақ сабаған долы қатындай дүсірлеген қара нөсер, енді қазір
ызалы аш иттер қосқа жабылып, іргеліктің қамысын тұс-тұстан
тырналап талап жатқандай. Əдепкіде төбеден бір-бірлеп үзілген
тамшылар бара-бара жеделдетіп, жел ызғыған қостың əне жері де,
тырс-тырс, мына жері де тырс-тырс...
Ұ
йқыдан берекет кетті. Жаурап ыңырсыған кісілер əр жерде қозғала
бастады. Тамшыдан зықың кеткесін, қол созым жерде жатқан біреудің
көрпесіне кіргенсің-ді. О да жаурап жатыр екен, жабысып құшақтай
алды. Бір тамшы булардың дəл көкірегі тұсынан тырс-тырс тама
бергесін астына шелек қойып едің-ау. Құрсын, қаңылтыр шелектің түбі
қ
аңғырлап ала жөнелмесі бар ма... Қасында тоқты қошқардай мекіреніп
жатқан бала жігітпен екеуара жамылған су-су көрпе не оған, не саған
жетпей, бір жақ бүйірі мұздап ашылып қала берген-ді.
Ұ
йқы арсыз ғой. Сүйтіп жатып көзі ілініп кеткен екен. Қанша уақыт
ө
ткені белгісіз, бір кезде дірілдеп оянса, кеудесін басқан əлдебір ауыр
салмақтан көкірегі қысылып барады екен. Əуелі бұның не екенін
білмеді. Сосын абайлап қарап еді, сүйтсе су толған шелек бағанағыдай
қ
аңғырламай, енді қазір əлгінде ғана іргені тырналаған көп ит құдды
суға бас қойып шылп-шылп жалап жатқандай... Сен мөймілдеп толған
шелекті сыртқа апарып төккенсің-ді. Сүйек сүйегіңнен еткен сол түнгі
суықты сен қазір де сезгендей денең тітіркеп қалды.
– Əлгіде жаман ағаң іздеп жүр еді, тапты ма?
– Иə, моншаға келді.


– Алып-жұлып бара жатқан ол не шаруа екен?
– Белгілі ғой... Қара аспанды қапылтып...
– Е, пəтшағар! Шырағым, сол пəледен аулақ жүрші. Кесеңді бер.
Шаруаңды айтпадың ғой. О жақта шаруаларың қалай болды?
– Апа, балықты жақсы ұстадық. Мынау балаңның табысы,– деп бел
ортасынан жіппен байлаған бір бума ақшаны алдына тастай салдың.
– Бұны қайтем. Келінге бер.
– Өзің жұмсарсың.
– Жоқ, айналайын. Былтыр берген ақшаң да солайымен қарап тұр.
Сан білмегесін, осы жаужегір көбейсе, басым айнала бастайды.
Осы үйдің əне бір бақытты кезіндегідей, сен сақылдап рахаттана
күліп едің-ау. Бірақ ұл бол, қыз бол жеңілтек, ыржақай кісілерді
жақтырмайтын қатал ана самауыр тасасынан түсін суытып қарағанда,
күлкіні кілт тия қойдың.
– Мен өлгесін не болсаң – ол бол, ал менің көзім тіріде, неше, сірə,
қ
атын Құдай болса да, бұдан былай төбеңе шығарғаныңды көрмейін.
– Апа-ау, марқұм əкем өле-өлгенше өзіңді төбесіне шығарғанда
ү
ндемеуші едің ғой?
Анасы есітпеді ме, ар жағына бұрылып, күйбеңдеп бірдеңе іздеп
кетті. Сонан бойын қайта тіктегенде кəрі ана кенет күліп:
– Жаман неменің сөзден тосқан жерін қарашы. Е, сондай-ақ сенімен
ə
кең тең бе еді? Ал, сенің ана шүйке басыңмен мен тең бе едім,– деді.
Ашусыз, зілсіз айтты. Сəл отырғасын сөзін сонан ары жалғап:– Бір
кезде бауырымнан шыққан бала болсаң да, бұл күнде, шырағым, біз
бала боп, сендер дана болған кез ғой. Құдай алмағасын сендермен
бірге əзір таң атырып, күн батырып, қара жерді қатар басып жүргенім
болмаса, кəрі анаңда ендігі ұрпақтың көшіне ілесер не қауқар қалды
дейсің. Көзім тіріде, өзіңе айтсам деген бір сөзім бар еді, балам,– деді.
– Иə, апа...
– Кесеңді бер...
Бұрын да ана мен бала арасында оңашада оны-пұны күңкілдесіп
қ
алатын ортақ əңгімелер болатын. Бірақ бұл жолғы əңгімесінің түрі
бөлек сияқты.
– Сендердің заманыңда біз түсінбейтін мінез көбейіп барады, балам.


Басқаны қайтейін, бауырларыңнан бізден құлқы мен мінезі бөлек
ұ
рпақ өсіп келеді. Олармен сөйлесетін тіліміз де басқа,– деді анасы.
"Мен жоқта балалардың тілі тиді ме екен?",– деп ойлап, ана сезінің
аржағын шыдамсыздана тосқансың-ды. 
– Біздің заманымызда кісінің қолымен істейтінді сендер көктемірге
істетіп қойдыңдар. Аспандағы құстарың – темір. Жердегі көліктерің –
темір. Тұтынған дүние-мүліктеріңе дейін темір. Аспан астымен
тілдестіріп отырған, үйде де, түзде де сырласың мен мұңдасың сол əлгі
таңның атысы, күннің батысы дамыл көрмей сарнайтын да тұратын
заржақ темір. Сиынарың мен сүйенерің темір болғанда, темірге
табынып, тірлігің темірге тəуелді боп отырғанда елжірек сезім
сендерді қайтсін. Көк темір құрсанған мына қаһарлы заманда азамат
қ
атты болмай, су тиген жабағыдай ылжырап тұрса... е, сонда сенің
кебіңді кимей қайтеді дейсің.
Қ
арт ана бетін ары бұрып, көзін жұмып селк-селк күлді. Бұл не?
Мысқыл ма? Анасы неге беті қатты заманның темірдей қатайып бара
жатқанын айтты? Əлде... бұл сыртта жүргенде от басында біреу-міреу...
– Апа, шыныңды айтшы, өзіңді біреу ренжіткен жоқ па?
– Ой, ақымақ балам-ай. Маған кім тіл тигізуші еді. Сенің қатының ба,
қ
айын енең бе?
– Қайдан білейін...
– Білмесең, жөніңе тыныш отыр. Көзім тіріде кісіден зəбір көрем деп
жүргем жоқ. Зəбір көрсем де балаға шағынбаймын. Сені туып едім деп
жатырын сəдеттейтін ана мен емес. Қартайған шағымда от көсейтін
көсеудей қысқа қолымды ұзарт деп те жалынбаймын. Саған айтпағым
басқа.
– Иə, апа...
– От басының тірлігі деп, бала-шағаға қарайлап омала берме. Сонан
соң туған жерім, кіндік қаным тамған топырағым еді деп, бұл
адыраның анасын бір, мынасын бір қимай жүріп, ақырында бейіт
күзеткен бəдіктей көшкен елдің жұртында қалып қойма!
– Апа-ау, өзің едің ғой, күні кеше ауыз ашсаң ата қоныс деп...
– Иə, айттым. Ата қоныстан кетсек, сүйегім көмусіз қалатындай
көргенім рас. Қайтейін, туған жері құрғырды қимаушы едім. Кешегі
бізден бұрын өткен шалдардың əр төбе басында қарақшыдай қалқиған
зиратына көзің түссе де көкірегі құрғырға тіл бітіп, осы елдің өткен-
кеткені ойыңа орала кетеді. Біз соған да мəз болатынбыз. Қай нəрсенің


де қадірі мен қасиеті басында бағы тұрғанда екен. Қазір осы жердің
мен қимайтын ештеңесі қалмапты.
Сен аң-таңсың. Өз құлағыңмен есіткен мына əңгімеге əлі де болса
сенер-сенбесіңді білмей, аңтарылып отырсың. 
– Шырағым, баяғының шалдары да бірдеңе білген ғой,– деп кəрі ана
бұған жүзін қайта тіктеді.– Солар еді ғой "у ішсең – руыңмен" деген.
Елің көшсе – сен де көш. Ендігі қалған тірлігіңде не көрсең де, кешегі
жақсы кезде теңізді бірге кешкен кісілермен бөле-жара көр. Жат жер
деп жүрексінетін не бар. О да осы қазақтың өздеріңдей маңдайдағы
бір-бір қарақтары өсіп-өнген, Баба түкті Шашты Əзізден бата дарыған
киелі қара жер емес пе? Көрерсің, ертең топырағына бір-екі аунап
тұршы. Сонан кейін, е, тəйірі, біз сияқты күні өткен біреу болмаса,
ө
здеріңдей келешегі алдағы азаматтың тұрған жері де туған жерден
кем боп па еді? Көк темірге канат бітіріп қойған мына заманда көшу,
тəйірі, сол баяғының жаман қатындарының үй аударып тіккенінен несі
қ
иын дейсің. Тек ендігі жерде қайда бет түзесең де, кəрі анаңды
көшіңнен қалдырмай, ала жүрсең болғаны.
Мынау, сірə, жалғыз бала теңіздің арғы бетінде жүргенде, түнде
кірпік ілмей тебіреніп жатқанда тапқан ақылы ғой. Күнде-күнде келін
жұмысқа, немере оқуға кетіп, оңаша үйде жалғыз қалғанда терезеден
түскен сары шуақта ұршық созып отырып та, түйе қорада қараша
інгеннің бауырында жабысып тұрып та талай-талай тебіренген болар-
ау. Сонда адам көкірегінде жуық арада өліп болмайтын осы бір туған
жердің топырағына бауыр басып, жабысып қалған жаны сірі сезімнің
тамырын, көз жасын кеудесіне тамшылатып отырып бір-бірлеп үзбеді
дейсің бе? Енді, міне, кəрі ана, бұған сол қиналғанын да сездірмей,
басындағы қақыра жаулықты қақшаңдата береді.
– Кешегі сендердің бала кездеріңде бұл теңізді біз де кезбедік пе.
Сонда теңіздің арғы бетінде қостанып жатқан балықшылар шөлдеп
бара жатса, əлі есімде, екі кісі жағаға біріне-бірі қарама-қарсы отыра
қ
ап, қолмен əрі-бері қазғанда, ар жағынан ішуге жарайтын кермек су
шығушы еді. Ал сол жерлерден қазір таңдай жібітер тамшы таппайсың.
– Теңіз тартылғалы жер астының суы алыстап кетті ғой.
– Теңізді айтасың, бұл елдің баяғыда мал жайылған қыр жақтың да
тұзы бетіне шығып кетіпті. Анада адайдағы қыз шақырып, қырдағы
түйе ауылға барғанда көрдім. Тамыры ащыға тиген шөп екеш шөп те
қ
ап-қара боп күйіп кетеді екен. Бұ да құдіреті күшті Құдайдың бізге
жіберген зауалы да.
– Жоқ, апа, бұл адамның ісі.
– Тəйт, əрі! Жер бетіне жақсылық жіберсе де, жамандық жіберсе де –


бəрі бір Алланың қалауымен болған.
– Жə, солай-ақ болсын. Бірақ осы заманның бір білгір ғұламасы теңіз
суы мен жер астындағы су сабақтас деген қисын айтады.
– Оны ғұлама болмай-ақ қатын басымызбен біз де білеміз. Басына
сəлде салмағаны болмаса, сол шіркіндерің баяғының құран ашқан
молласынан айырмасы шамалы. Сендердің ғұламаларың да қит етсе
кітап ашады.
Бүгінгі ана сені тіпті қайран қалдырды. Өзінің баяғыда жиынды
жерде бір жанды бетіне қаратпай өрлеп сөйлейтін отты шағын қайта
тапқандай. Басындағы қақыра жаулықты қайқайтып көтеріп алған.
Бағанағы бүкиген бел жазылып, баласының алдында омыраулап,
ө
ктем сөйлеп отыр. Ондайда даусы да дəл баяғы жас кездегідей
сампылдап шығады:
– Сол немелер білгір болса бұндағы халықтың жаз болса ауыз су
таппай, қатын-балалары шелегі даңғырлап дала кезіп кететінін неге
көрмейді? Осы ауылдың ортан қолдай жігіттері... Əне, əнекей, жұмыс
таба алмай, сенделіп жүр! Кеше адайдағы апаң келіп кетті.
– Олар əлі қырда отыр ма?
– Сөзімді бөлме. Үш үй елсіздегі бір ескі қораны жөндеп алыпты.
Ə
зір соның ығын лаждап отырған көрінеді. Олар да жаны сірі. Шыдай
береді. Адайдағы апаң айтады: өзімізге бəрібір-ау, балаларға жұмыс
табылмағаны жаныма батады дейді. Рас қой, жұмыссыз үйге кісі сия
ма? Аяғың жетіп жоғарыға барып жүресің, осы ауылдың басындағы
қ
иындықты неге айтпайсың?
– Ой, Құдай-ай! Апа сен де...
Күйіп кетіп шоқпардай жұдырықпен оз тізесін өзі қойып қалды.
Тыңдайтын құлақ болса, бұл айтпаған сөз бар ма? Бір жолы Қозы
Қ
арын: "балық... балық" деп жынына тие бергесін, бұ да шыдамаған-
ды. Былайғы кезде үндемей құтылатын жуас жігітке сол арада жігер
бітіп: "Балықты бюрода айтамыз. Активте айтамыз. Қос уыс
жиналыстың бəрін де айтатынымыз балық. Ал, халық сорлы қашан
аузымызға түседі"...– дей бергенде, жиналыс басқарып отырған Қозы
Қ
арын столды қойып қалды. Алдында жатқан күл салғыш шоршып
түсті. Кілмік көзге қаһар бітіп: "Жолдас, абайлап сөйле! Əлгі сөзің үшін
жауап бересің" деп еді, бұ да тайсалмай: "Е, берсем берем", деді; "кердің
бе, тілі шыға бастаған. Омай-ау, сонда халықтың жалғыз жан ашыры
сен болып, біз тек балықтан басқа түк білмейтін керең болғанымыз-
ау",– деген-ді...
– Ай, апа-ай... біз де айтып жатырмыз-ау. Бірақ... Əй, құрысыншы!


– Айтудың да айтуы бар. Бастықтың алдына барғанда сен, сірə,
марту басқан қатындай үнің шықпай қалатын шығар?
– Қайт дейсің, апа, нашар бала тапқан өзіңе ренжімесең, маған
ұ
рысқаннан не шығады.
Ана бұған алара қарады:
– Сен мұндар енді өзіңнің жамандығыңды анаңның жатырынан
көрейін дедің бе? Тоғыз ай, тоғыз күн көтергенде жатырындағы
баланың қандай екенін қай ана біледі дейсің. Сен жəне мен туғанда екі
шекең тоқпақтай сəби едің, ер жеткесін ащы көлден шабақ аулап жеп
жүрген ана, жаман Жақайым жігіттеріне тартып кетеріңді қайдан
білейін,– деді кəрі ана күліп. Əзілі ме, шыны ма, соның қайсысы болса
да күліп отырып көңілдегісін айтты.
– Қайт дейсің, апа. Жақсы болса да, жаман болса да балаң аянып
жүрген жоқ.
– Сөзінің сиқын. Қатын – ерге, ер – жерге қараған заман. Алдында ел
басшысы тұрғанда халық байғұс қиналса да жас баладай көзі
жаутаңдап, сенің аузыңа қарайды. Қайткені сол – қиналған халқыңа
ақыл тап, жөн сілте!
Қ
арт ана саңқылдаған даусын кенет кілт үзіп, сыртқа құлақ тікті.
Сүйткенше аттылы біреу тоң жерді дүңк-дүңк бастырып кеп үй алдына
тоқтады. Дүрс етіп аттан түсті. Сыртқы есік шалқалай ашылды. Осыған
дейін өз үйіндей еркінсіп келе жатқан еңгезердей біреу есік аша берді
де, аяғының астына қарап кілт тоқтады. Қара елтірі тымақ, қара елтірі
тон киген еңгезердей ірі кісі əлденеге аяқ астынан жүрексінгендей
табалдырықтан аттауын аттаса да, сонан ары аяғын баспай, төбесімен
ү
й тіреп тұрып қалды.
– Жезде, жоғары шық!– дедің сен.
Еңгезердей кісі ілгері басудың орнына кейін шегіншектей береді.
Наразы дауыста бірдеңе деп күңкілдеді. Дəл қазіргі түрі айнадай
жалтыраған сырлы еденді бір басса ана бөрене аяқ сереңдеп құлап
түсетіндей, ал бір құласа үйелеген түйедей сол орыннан енді қайта
тұра алмайтындай тізесі дір-дір.
– Ау, жездеке, есік алдында тұрып қалдың ғой. Былай, төрге шық!
Қ
онақ шал қос қолымен босағадан ұстады:
– Ой, енеңді ұрайын,– деді күлкісін əзер тежеп тұрған саған алара
қ
арап.– Төрге шық, төрге шық дейді. Төрге қалай шығам, қайқайып
басатын қазақтың қара жері болса екен, айдың күні аманда үйдің


табанын тақтайлап, мынау көк тайғақ мұздай жалтыратып қойғаның.
Сен күліп кеп оны қолтығынан алдың. Қонақ шал сонан кейін ғана
бойын билегендей боп:
– Апыр-ай, бұл үйге ендігі жерге табанымызды тағалап келмесек
болмас,– деді. Қанша келсе де, əдеті осы: төрге біреудің қолынан ұстап,
бөрене аяғын бір-бірлеп басып əрең шығады. Бұл келгенде балықшы
ауылдың балалары мəз. Шара табақтай жалпақ беті мен бүкіл
тамағының асты сақалға толған осы бір таудай шалдың сырлы еденді
басарда құдды мұзға түскен түйедей, аяғын əрең-əрең қозғап,
бүгежектеп қалатынын көргенде əсіресе мəз боп ішек-сілесі қататын.
– Басқа ермек болмағасын шешең екеуің ертелі-кеш тақтай
жалайсыңдар да отырасыңдар-ау, сірə!
Сен күліп төрге төсек салдың. Төсекке киімшең бойымен шыққан
қ
онақ əуелі тері тонын шешті. Сосын басынан тымағын алды. Аяғынан
кең етігін қолқ-қолқ шығарып, есіктен төрге дейін тілмен жалағандай
жалтырап жатқан еденнің қай жеріне тастарын білмей көтеріп ұстап
түр еді, сен қол создың:
– Маған беріңіз.
Қ
онақ шал етікті ұстата салды. Сонан соң демін бір алғандай жан-
жағына қарады да, самауыр жанында қақыра жаулығы қайқайып
отырған бастасына көз тастады.
– Қалайсың? Қуаттысың ба?
– Шүкір. Біздің ендігі тірлігіміз белгілі ғой: отырса да – тəуба, тұрса
да – тəуба.
– Қабағыңда кірбің бар ма, қалай?– деді қонақ шал бастасына қайта
қ
арағанда көзінің үстіне қолын көлегейлеп.– Келін, бала ренжітпей ме,
ə
йтеуір?
– Осыларды қойшы. Бұлардың қолынан кісі ренжіту де келмейді.
Көптен көрінбей кеттің. Үй ішің аман ба? Қызымыз қалай?
– Қыздарың қартайды ғой. Тісі жас, түсі тəуір бір сіңлісін іздеп
жүрмін.
– Тұтақ! Еркек шіркіннің кеудесін көтере алмай жүріп те
қ
артаймайтын көңілі-ай!
Ə
лгінде көрші үйден жүгіріп келген кішкентай екі бала босағаға
жабысып алған. Өздері тығылып тұрған тасадан басын бір шығарып,
бір тартып алып жылтың-жылтың етеді. Тор алдында теңкиіп жатқан


нар тұлғалы шал күлсе де, сөйлесе де жолы болып жымыңдаса қалады.
Осы шалдың тамағы астындағы қаба сақалға оқта-текте бес саусақтың
бесеуін бірдей сұғып жіберіп қышыр-қышыр қасығаны тіпті қызық.
Ондайда біріне-бірі: "Ана қара! Ана қара!" деп жырқ-жырқ күледі.
Қ
онақ шал оларға көз қиығын тастап жымиып қояды; бұл өзі осы
өң
ірге сонау колхоздасу тұсында келген кірме. Жасында тақымы
терден кеппеген ұры бопты дейді. Анау-мынау кісінің аяғы жетпейтін
қ
иян қашықта жатқан Қара-қалпақ, түркпен еліне қасына кісі ертпей,
жалғыз жортыпты деседі.
Бір жолы Каспий мен Арал арасындағы елсіз түзде жалғыз келе
жатқанда, ойда жоқ жерден өкпе тұстағы қоңыр жалдың астынан салт
атты біреу сумаң етіп шыға кепті дейді. Астындағы ат елең ете қалған
жаққа бұл бұрылмай, қабақ астында тұнжыраған суық көздің қиығын
тастаса... сіңірлі мықты ат үстінде үйелмендей боп біреу отыр екен
дейді. Сүр шекпеннің салақтаған ұзын жеңінен жуан дойырдың шеті
көрініпті. Ерден ердің сірə да қаупі бар. Бұл да бойын дереу жиып ап,
жең ішіндегі дойыр қамшыны уысына қысып ұстапты. Ат үстінде
ү
йелмендей боп отырған əлгі бейтаныс бұжыр қара кісінің өңменінен
ө
тіп бара жатқан жылан көзіне бұ да тайсалмай тура қарапты деседі.
Дүниеде ерлік пен ірілікті ғана құрметтейтін қанжығалы екі ұры сол
арада ат үстінде аз тілдессе де, бір-біріне рай беріп тарасқан екен
деседі.
Сонан күндердің бір күнінде Адай жігіттің басына зобалаң туып,
еліне сыймай қашып шығыпты. Барар жер, басар тау таппай тірлік
тығырыққа тірелгенде, Адай жігіттің есіне баяғыда құба жонда
кездесетін жылан көз бұжыр қара түсіпті-ау! Қоштасарда оның: "Мені
іздесең – Арал теңізінің батыс жағынан табасың", дегені есінде қапты.
Сол жылан көзді əрі-бері ойлап, ақырында аты да есіне түсіпті.
Кəлен...Иə, атым Кəлен деп еді-ау. Кəлен... Кəлен... Сонан бұл күн жүріп,
түн жүріп Кəленді табады. Əлімнің бір қызына үйленіп, үстіне үй
көтереді. Кішкентай қараша келіншектің етегінен қара сирақ балалар
бірінен соң бірі дүниеге келеді. Сонан кешегі колхоздастыру кезінде
Кəлен екеуі ел алды боп колхозға кіреді. Ел алды боп бір-бір қайық ау
алады. Сүйтіп, қыс демей, жаз демей көк теңіздің қашағанын қуып
аулап бергенде, о, дариға-ай... бұл екеуінің алдына бүкіл Аралдың арғы,
бергі бетінде жан түспей-ақ кеткен еді-ау!
Енді, міне, Кəлен дүние салды. Бұл қартайды. Бұның дəл өзіндей қол-
аяғы серейген төрт ұл түгел ер жетті. Күйеуге шыққан қыздарын
айтпағанда, Адай шалдың қара шаңырағы астынан өсіп-өнген төрт ұл
қ
азір төрт үй. Оқуға қыры болмағасын бастауыш мектепті бітірер-
бітірместе кəpi əкенің қолынан қос ескекті ала сала бəрі де
балықшылық кəсіпке түсіп еді; бұлардың сорына теңіз тартылды.
Балықтан басқа кəсіп бұл өңірде, сірə да, жоқ. Кəсіп іздеп қоныс


аударам, көшем дегендердің сен бəрін жіберіп жатырсың. Тек Адай шал
мен баяғыда осы колхозды өз қолымен құрысқан тағы екі шалды
кейінге ірке бергенсің-ді. Соларға бола ауданға қайта-қайта шапқылап
жүріп, түйе фермасын ұйымдастырды. Сонан бері қыс шығар-
шықпаста түйеші шалдардың үйін қырға көшіріседі. Қолы қалт етсе
артынан іздеп барады. Қара азық жеткізеді. Шай-суын үзбей апарып
тұрады. Жиі қатынап жағдайын жасап тұрғасын, басқарма дегенде
олардың да шығарда жаны басқа. Əсіресе, Адай шал дəн риза.
Салдырлақ машинаның шаңы бұрқ етсе болды, кемпіріне дауыстап:
– Əй, қайдасың? Бауырың келе жатыр, қазан көтер! Бол, бол!– деп,
ө
зі де жүк арасынан көрпе-жастық алып, əпі-шəпі боп жатқаны.
Ə
ншейінде əзіл-қалжыңға орашолақ аңқау шал бұнымен дастарқан
басында тақымдаса отырғанда сөзшең-ақ. Кісі аузына түспейтін
қ
айдағы бір қыршаңқы сөздерді тауып айтып:
– Əлімнен қыз алған Адай жалғыз мен бе екем? Бізден бұрын сенің
апаң, менің атам екі ел арасына ілгеріден із салып тастаған ғой,– деп
кеңк-кеңк күліп отырғаны.
Былтыр түйеші шалдар қара суық ызғырған қара жонда ықтырмада
ұ
зақ отырып қалған-ды. Бұл ауданнан оралып келген бойда
түйешілерді көшіріп əкелуге барса, кемпір-шалдар қарашаның қар
ызғары анық сезіле бастаған суыққа ұшырап, ығы кетіп жаурап отыр
екен. Бұл кешіккеніне кешірім сұрай бастағанда, сонда да осы Адай
шал əзіл-қалжыңмен жуып-шайып:
– Жəдігержан, кешіккен жоқсың. Дер кезде дегендей келдің. Жаман
жездең бұл арадан жылда апаңның сауыры бір-екі мұздамай, сірə да
көшкен емес,– деген-ді. Бұл да осы қарияның қасында отырса
ə
ншейінде көңілін лайлаған көп уайым, көп қайғыны ұмытып арқа еті
кеңіп сала беретін.
– Жезде, сөйле!– деп, сен қазір де қонағыңа көзіңнің қиығын
көлденеңнен тастап, əңгімеге жетелеп едің, бірақ Адай шал бүгін бір
түрлі бұйығы. Көңілсіз. Жаңа бұны көргенде əлдеқалай жадырай
қ
алған қабағы төрге жайғасқасын қайта тұнжырады. Сосын-ақ əңгімеге
қ
анша жетелесе де, ол бірақ аяғын баспады. Терге жайған көрпе
ү
стінде бір жастықты қолтығына басып дөңкиіп жатыр. Жалбыраған
қ
абақ астындағы көз жұмылып-жұмылып кетеді. Осы өңірдің халқын
қ
инаған жағдай оның да жүрегін сыздатып жатпады дейсің бе? Ол,
бəлкім, көші-қон жөні шығар? "Түйе фермасын ашып беріп жаман
жездеңе жағдай жасадың. Оныңа рахмет. Ал, бірақ... жаман жиендерің
от басында омалып отыр ғой. Оларды қайтеміз?" деп, бумы мен
ақылдасуға келді ме? Келген шаруасын қашан айтар екен деп, оған сен
де жалтақтап қарап қоясың. Бірақ Адай шал үнсіз. Сонан ол алдына
дастарқан жайғанда ғана басын көтерді.


– Басқа тамақтың ыңғайы болмады. Осыған ырза боласың.
– Ə, жарайды. Астың бəрі ас.
– Сыбағаңды кейін жерсің. Ал мынау келін əзірлеп кеткен екен.
Балалардың асы ғой. Өздері банта дей ме, панта дей ме, тілім де
келмейді.
– Апыр-ай, ə?– деп Адай шал да таң қалып, əр жер-əр жерінде айғыр
жалындай ұзын қыл жалбыраған үкі-түкі қасын желп еткізе жоғары
көтеріп алды. Сосын дастарқан шетін қайырып, алдына келген үйме
табаққа қарай итініп жақындай түсті.
– Банта дедің бе, əй? Өзі орыстың асы ғой?
– Енді кімдікі деп едің. Осы күні солармен асың да, аягың да
араласып кетпеді ме.
– Иə, бəсе!.. Қазақта бұндай ас жоқ қой,– деп Адай шал əлі де болса
мына бір суға түскен сұр тышқандай, өзі білмейтін түсі басқа тағамға
қ
олын созбай, біраз тосырқай қарап отырды. Қарны ашып келсе де,
бұрын соң татпаған тағамға тəбеті шаппағасын бірден қол созбай
одырайып отырды да: – Өзін қамырға ораған ба?– деп бастасына
бұрылды.
– Иə, қамырға ораған. Ауыз жарымайтын шұқымай бірдеңе.
– Апыр-ай, ə?– деді Адай шал басын шайқап.– Қамырды жаратпаушы
едім.
– Жездеке, іші – ет. Бұл пельмен деген сыйлы ас.
– Білмен дей ме, əй? Білмен?.. Білме-н?.. Апырай, ə?– деп, Адай шал
саған "шын айтасың ба?" дегендей əлі де болса сенімсіздене көз
тастады.
– Иə, пельмен. Іші – ет. Өте дəмді ас.
Адай шал ықылассыз отырса да, табаққа қол созды. Бақандай
саусақтар алдындағы үйеме табақ пельменнің əуелі бүйірі буланып
жатқан қомақтылауын ұстады. Ыссы пельменді алақанына салып олай
бір, бұлай бір аударыстырды. Қай жағынан қараса да көз алдынан суға
түскен сұр тышқан кетпей қойғаны. Тəбетін шаптырмай қойған
жиіркенішті сезімнен құтылғысы келді ме, қонақ шал алақанында
жатқан пельменнің сыртындағы қамырын жарып, ішіндегі мылжа-
мылжасын шығара малталап тастаған етті иіскеді. Иісінде де күдікті
бірдеңе бар сияқтанып: "апырай, ұшынып қалмасам қайтсін",– деп
ойлады. Бұған енді не істесем екен дегендей екі ойлы боп отырды да:


– Маған бір тас аяқ берші,– деді.
– Жездеке, алдыңдағы мына тарелке сенікі.
– Оны біліп отырмын. Маған осындай тас аяқтың тағы біреуі керек.
Бұл түрегеп барып шкафтан үлкендеу бір тəрелке алды да,
қ
онақтың алдына қойып "енді қайтер екен" дегендей көзінің астымен
бағып отыр. Қонақ шал құдды күреске түсетін кісідей, əуелі жеңін
шынтағына дейін сыбанып алды. Дастарқан басындағылардың бəрі
ө
зінің қыбыр еткен қимылын бағып отырғанын байқаса да, үй ішіндегі
бір жанға көңіл бөлген жоқ; үйеме табақ пельменнен тəрелкесіне мол
ғ
ып толтырып салып алды. Сонан соң тəрелкені өзіне таман тартып
алды да, алдындағы буы бұрқыраған пельменді ерінбей-жалықпай бір-
бірлеп сыртындағы қамырын жарып, етін бір тарелкеге, қамырын бір
тəрелкеге бөліп салды. Ет салған тəрелке төбесімен бірдей боп үйілді.
Бұрын бұндай өнімсіз шұқыншақ нəрсе істеп көрмегесін бе, ішпей-
жемей қара терге түсті. Əлі де болса астауынан жеріген малдай
ылжыраған етті əуелі танауының алдына əкеп о жағынан бір, бұ
жағынан бір иіскеді. Сонан кейін ғана бұның тағам екеніне көзі
жеткендей болғасын күректей қолымен көсіп алып асай бастады.
Қ
озының құйрық майын талмап жұтқандай, қылқытып жатыр. Мол-
молдан асаған мылжа ет шайнауға келмей, талмаса болғаны, өңешінен
ары қарай өтіп бара жатып тамағына дүрс-дүрс соғады.
Бұл үнсіз. Күлкіні күшпен тежеп, басын бауырына тығып алған.
Қ
онақтың өңеші дүрсілдей бастағанда бағанадан бері күшпен тежеп
отырған күлкі ішіне сыймай бүйірін бүлкілдете бастады. Адай шал
байқамаған сияқты. Адай шал əдетте ас ішкенде маңындағы қыбыр-
жыбырға көңіл бөлмейтін. Ыдыс босағасын тəрелке түбіндегі
тұздықты басына көтеріп бір ұрттады да, қасында түк көрмегендей
тымырайып отырған бұның алдына тарс еткізіп тастай салды.
– Ой, енеңді ұрайын. Қазақ жаманы орыс бола алмайды. Əлгі маған
қ
амырға орап берген көк жасығың не, өзі?
– Еттен істеген, осы заманғы астың бір түрі.
– Тек əрі! Асты қорлап... Етті шешеңе шайнатып жейтін өнерді
қ
айдан тапқансың? Кəне, бұдан басқа берерің бар ма?
– Енді шай береміз.
– Оныңа рақмет. Тіске тиетін басқа ештеңең жоқ болса, үйге барып
апаңның шайын ішем. Ал сау бол.
– Ay, жезде... Шаруа бар ма еді?


– Бары бар. Бірақ жолдан келіп отыр екенсің. Шаруамды кейін
конторыңа барып айтармын. Мені есікке жеткізіп салшы,– деді Адай
шал аяқ астында жалтырап жатқан сырлы еденді көргенде тағы да
тізесі дірілдеп.
Бұл аяғын баса алмай тұрған қонақ шалды қолтығынан алды.
Сыртқа шығарып, атқа мінгізіп сап қайтып келгесін газет қарады. Бірақ
бір айдан бері жиналған буда-буда газеттің аяғына шыға алмады.
Етектей беттерді сытырлатып арі-бері аударғасын ұйқысы келді. Не
ұғ
ып, не түйіп жатқанын өзі де білген жоқ. Бар білгені: берекеті кеткен
оттың басы сияқты осы дүниең де тыныштығынан айрылған. Ел
тізгінін ұстаған пысықай немелер халық басына қайдағы-жайдағы
итырқылжыңды үйіп-төгіп, берекеті кетіп тұр екен.
Күн орнынан шығып, ай орнынан туып, қара жер де өзінің
жаралғаннан бергі жалғыз кіндігінен зырқырап айналып, бұл əлем
батысы – батыс, шығысы – шығыс, бəз баяғы күйінен бұлжымай тұрса
да, халық сорлының қатер тоспай, ұйқысынан тыныш оянған күні
болмапты. Бұл айда да бұнан бұрнағы айлар сияқты төрт тараптың
төрт жағында да бір ел бір елге қодыраңдап күш көрсетіпті. Бір ел бір
елді алдапты. Жарты дүниеге əмірін жүргізіп отырған бір ұлы елдің
басшысы күні кеше ғана бас бостандығын алған Африкадағы бір елдің
басшысымен бауыры бітіп бара жатқандай, ауыз жаласып жүрген
сияқты еді; енді қараса, əлгі кіп-кішкентай кеше сержанттан
көтерілген шілтікей бастығы үлкен елден қару-жарақты үйіп-төгіп
алыпты да, көк тиын төлемей мұзға отырғызып кетіпті. Ал, мына бір
мұсылман елі бұлар теңіздің арғы бетінде балық аулап жүргенде
ереуілге шығыпты. Ереуілдеген халық бұлар қамау судың балығына
қ
арық боп жатқанда алтын тақта отырған патшасының аяғын
аспаннан келтіріпті. Сүйтіп, нелер ықылым заманнан бері шах билеген
елді ендігі жерде дін басы молда билейтін боп мəз боп жатыр екен.
Жə, мəз болсын пақырлар. Тек, басқа жақтың молдасы қалай
болатынын қайдам, а л осы ауылда молда араласқан бір іс оңына
баспаушы еді. От басынан берекет кеткенде, тым құрыса аспан асты
тыныш болса екен-ау. Кісіге о да жұбаныш болар ма еді.
Диванда қисайып жатқан-ды. Бір кезде айдай əлемнің ойдағы-
қ
ырдағы өсегін төрт бетке сыйғызып тұрған қолындағы газет кенет
ауырлап бара жатты. Көлдей газет бетіндегі жазулар да бұлыңғыр
дүниенің дəл өзіндей бұлдырап, алыстап барып-барып, ақырында
қ
олынан сусып түсіп кетті. Бұл оны сезбеді. Қолы қапталына сылқ
түсіп кеткенде ғана көзін ашып алды.
Ə
лдене сыбдыр етті. Сырттан біреу кірді ме? Өзі де əлденеге
абыржи ма? Аптыққан жүрегін əзер басып, қолынан түсіп кеткен
газетті жерден көтерді. Шала жабылған есіктің арғы жағына құлақ


тікті. Бірақ сырттан кірген кісінің аяқ басқаны сияқтанған əлгі дыбыс
бұл қанша тыңдаса да қайталамады. Есік сыртында аяғын бері баспай
қ
ойған біреу бар сияқты. Бəкизат па? Кешіккеніне қысылып тұр ма?
Аяғын ақырын-ақырын басып есікке барды. Мойнын созып қарап еді,
ешкім көзіне түспеді. Абажадай үй аңғал-саңғал. Өзінен басқа тірі жан...
Шынында да тірі жан жоқ па? Қызы əлгінде оқудан келген сияқты еді
ғ
ой? Ұлы да, анасы да үйдетұғын. Еркіне жібергенде ұлы бұған
ə
лдеқашан арсалаңдап жүгіріп кеп, əңкі-тəңкісін шығарар еді. "Əкең
жолдан шаршап келді" деп, оны тізгіндеп ұстап отырған анасы.
Ал қызы... Жүрегін ұстай алды. Бұрын бұндайы жоқты. Осы бар
болғыр кейінгі кезде сəл ренжісе де біз сұғып алғандай тыз етіп
шаныша қалады. Жүрегін алақанымен басып отырып, кішкентай
қ
ызын еске алды. Сорлы баланы аяйды. Əсіресе, нағашы əжесінің
қ
асында кетіп бара жатқанын көргенде күлерін де, жыларын да
білмейді. Бауырын жарып шыққан бала, о, тоба, бұнан гөрі кəрі
қ
ақсалдың аузынан түсе қалғандай. Үстіндегі үлпілдеген киімі солай.
Көшеде өзін ұстасы солай. Апыр-ай, қаршадай қыз кəрі қақсалдың
басқа жұрт байқай қоймайтын болмашы бірдеңесін қағып алып,
аудармай қайталап, ол аяғын ызылып басса, байғұс бала аяғын одан
бетер сызылтып жатқаны. Ол қақсал сақина толы саусағын саласын
шығара жайып тастап жұрт алдында жайқаңдап қол тастаса, е,
Жасаған... əлгі қаршадай қыз катар келе жатып дəл солай қайталайды.
Ең арысы баяғы жас кезінде жұртқа үлбіреген аппақ тамағын
көрсеткісі кеп тұратын кəрі қақсал əлі де болса сүйекке сіңген сол
дағды бойынша иегін ілгері созса, байғұс бала да оған қатарласа бере
көз қиығын білдірмей бір тастайды да, өзінің кіп-кішкентай иегін
дереу жоғары көтеріп ала қояды...
Бір жолы ренішін Бəкизатқа айтып еді, Бəкизат жатты да ашуланды.
– Менің шешем, əйтеуір, сенің көзіңе пəле боп көрінеді. Ол сорлы
отырса – опақ, тұрса – сопақ.
– Сенің шешеңде нем бар. Мен тек... баланың тəрбиесі...
– Е, немене... осы жасқа келгенше менің шешем қыз тəрбиелемей,
қ
уыршақ тəрбиелеп пе?
Иə, иə, есіне енді түсті. Кəдімгі қаладағы дүкендерде қос əйнектің
арасында тұратын қуыршақ бар емес пе? Қозы Қарын басқарған бір
жиналыста бұл қатты сыналып, ақ тер, көк тер боп шыққан екен-ау.
Аралдың ақ шандақ ұйтқып тұратын тар көшесімен келе жатқанда көз
қ
иығы кенет көлдей əйнектің ар жағында тұрған қуыршақ қызға
түскен еді ғой. Өз қызына егіздің сыңарындай ұқсап кеткені сонша бұл
қ
алт тоқтап, қуыршақтан көзін алмай қадалды да қалды. Аумайды-ау,
аумайды! Əсіресе, ана жылтырата тараған шашы мен кірпік қақпай
ү
ркектеп қарайтын көзі қандай аумайды. Ал ана топ-томпақ ерні


қ
андай аумайды. Құдды шырыны сыртына шыққан қызыл шиенің бір-
бір түйірін кəрі қақсал əдейі үзіп алып асты-үстіне бір-бірден бұлтитып
шанши қойғандай. Ғұмыр бойы қуыршақ тəрбиелеп дағдыланған кəрі
қ
ақсалдың кəнігі сиқыр қолы сорлы нəрестені анасынан тумай жатып
ү
сті-басын үфит-суфиттеп сипалап жүріп, сонан не керек өзінің
қ
ыздары сияқты бишара баланы да əп-сəтте қуыршаққа айналдырады
да шығарады. Сол сиқыр қол сонан кейін де тұла бойына тағы
бірдеңелерді түйреп, шаншып, қыстырып, байлап безендірген үстіне
безендіре түскенде, сен солардың арасынан өз қызыңды таба алмай
қ
алатынсың.
– Ой, айналайын, менің аузым бармай тұрғанды өзің айттың ғой. Иə,
қ
ызың қуыршақ... нағыз қуыршақ!
– Қызымның түгі жоқ. Қайта мамамның арқасында тəрбиелі десең
тəрбиелі, көргенді десең көргенді. Біле білсең, мені де, менің
апаларымды да тəрбиелеп өсірген сол кемпір. Сонда... Сеніңше, мен де,
менің апаларым да қуыршақ болдық па?
– Үйдеген кім?
– Айтпасаң да аржағы белгілі. Бізді не десең де еркің. Сен қалай
десең де, менің шешем... Балықшы ауылдың салпы етек, шұбалаң
жаулық жаман кемпірлерінен өлімтігі де артық.
– Е, солай де! Сүйтіп əлгі сары ала етек жаман кемпірлердің ішінде
біздің шешеміз кетті де.
– Кетсе қайтеді. Сенің шешең... Көзіңді алартпа. Үйтіп кімді
қ
орқытасың.
Сен аузыңа сөз түспей, тығылып қалғансың-ды. Іле-шала есік сықыр
етті. Бəкизат та, сен де жалт қарадыңдар. Ақырын ашылған есіктің ар
жағынан əуелі əйел сумкасы керінді. Тек əйелдің өзі көрінген жоқ; тек
күміспен көмкерген аузы сырт етіп ашылып, сырт етіп жабылатын
крокодил терісінен істеген осы бір елде жоқ сумканы салақтаған ұзын
бауынан сақина толы саусақтың ұшымен ғана ұстап, өзінен ілгері
оздырып кіріп келе жатты. Сен күліп жібере жаздағансың-ды.
Кəрі қақсал ілгері озбай есік алдында тұра қалды. Үй ішіндегілердің
түріне қарады. Сосын бір бұрышта тұнжырап отырған саған қарады.
Саған қарағанда темір инедей тікірейе-тікірейе қалған кірпік астынан
қ
адалған суық жанарға мысқыл шапты:
– Сендерге не болды? Еңбек Озаты неге түтігіп түр?
Сен соның ертеңіне салдырлақ машинаға отырып, Сырдарияға
тартып кеттің емес пе? Сонан теңіздің арғы бетінде жатқан


балықшылардың қасында бір ай болып үсті-басы кірлеп, сақал, мұрт
ө
сіп əбден жүдемеді ме. Алдында айқұшақ қауып күтіп отырған қатын-
бала бардай екі өкпесін қолына алып құстай ұшып келмеді ме. Иə,
келдің. Қарық болдың...
Бетіне ащы мысқыл шауып мырс етті. Енді, міне, ит талаған терідей
ырың-жырың өмірдің ақыры осылай болды да тынды. Əкесі ме еді, кім
еді, əлденеге налығанда о да əрқашан осылай мырс етіп: "Ақыры
дүниенің ырым-жырым" деп ыңырсушы еді-ау? Иə, бұл пəниде түбі
баянды не болған. Болдым, толдым деген төрт құбыласы түгел
кісілердің басындағы бақ пен астындағы тақтың да түбі белгілі еді ғой.
Ай мен күн астындағы не нəрсенің бəрінің, əрілесе, тіпті əлгі тақ пен
бақтың да ақыры болған. Тірлік бар жердегі құбылыстың бəрінде де
ақыр бар. Кейбіреулер осы күні дүниенің ақырын да көріп тұрған
сəуегейше сөйлеп жүр ғой! Ендеше өзіміз шексіз көретін көктегі күннің
ар жағындағы сонау ұшы-қиырсыз ғарыштың да барып-барып
таусылар шегі, ақыры болмасына кім кепіл? Адам ақылы жетпейтін не
бір алыптар мен қашықтықтардың бəрінің де ақыры болса, осы біз
ө
міріміздің соңындағы ақырғы атаулыдан неге зəреміз қалмай
қ
орқамыз? Ақырғы сағат. Ақырғы дем. Ақырғы қадам. Ақырғы дəм...
Соның бəрі сайып келгенде дүниеге келген əрбір адамның қуана-қуана
бастаған алғашқы қадамы, алғашқы сағаты, аблығып алған алғашқы
демі емес пе? Ендеше бұл жалғандағы басы бар нəрсенің бəрінде де
ақыр болу ықтимал ғой. Иə, кешегі жер дүниені алып жатқан телегей
теңіздің де бүгінгі ұрпақ ақырын көріп түр ғой. Кешегі соғыстан кейінгі
аз ғана уақытта аспан астындағы айдай əлемнің бір жерінде теңіз
тартылса, сонан бері қанша көл, қанша өзен сарқылса, жер азса, ауа
бұзылса осы ауылдың əлгі кір сақал шалдары айта беретін ақыр
заманның да онша қашық қалмағаны рас болмаса не қылсын?
Міне, көріп тұр: бүгін ертеңгісін үйден шыққанда, соңына салған
шұбалаң іздің де ақырғы қадамы аяқ астында жатыр. Зорығып
жығылған ат сияқты. Ақырғы атаулыда келешек жоқ, тек кешегісі ғана
болатынын бұл қазір ойлап тұр.
Бұрын бұл көк теңіздің қашағанын қуам деп таңның атысы, күннің
батысы қызыл танау боп жүріп оң мен солына қарауға мұршасы
болмапты. Бүгін бастан өткеннің бəрі ертең ұмыт бопты. Бұл жазған
күйкі тіршіліктің қамымен жанын жалдап жүргенде бастан кешкен
ө
мірдің қуанышы да, реніші де қалта түбіндегі жыртықтан түсіп қалған
қ
ара бақырдай қай жерде, қашан, қалай жоғалғаны жадында қалмапты.
Енді, міне... балықшылар аулының бет алдындағы аңыраған бет
ашықта үйіріне сыймаған кəрі құландай жапа-жалғыз тұрған кісіге
қ
айдағы-жайдағы үйір. Баяғыда бастан кешкендердің бəрі бүгін қайта
тіріліп жатыр. Тіріле сала ана бауырына жармасқан ашқарақ күшіктей
ө
ріп кеткен ой бұны талап жатыр, талап жатыр. Бұл да қабақ шытқан
жоқ. Бұл қайта: "Талаңдар. Түгін қалдырмай түтіп жеңдер",– деп əлгі


ө
ріп кеткен ашқарақ ойлар тұла бойындағы тамырларды жанын
шығара солқылдатып сора түскенін қалап тұрғандай.
* * *
Көше жақтан ат тұяғының дүбірі шықты. Иттер бара сала
шаужайдан ала кететіндей, шабалаңдап үре түсті де, жым болды. Сен
елең етіп сыртқа құлағыңды тіге қалдың да, терезеге ұмтылдың.
Ентелеп мойын созып, сыртқа көз тіктің. Қанша сығаласа да əйнектің
аржағынан қараңғы түн кептеліп көзіне тіреле берді. Көшенің арғы
бетіндегі үйде əбігер бар ма қалай? Қараңдаған біреулер аяғы жерге
тимей əрлі-берлі жосып жүр. Үлкен үйдің көшеге қараған торт терезесі
түгел самаладай. Қалбалақтаған əне біреу жүгіріп барып, қақпаны
ашты. Екінші біреу атты жетелеп қораға кіргізді.
Сары Шаяның айтқаны рас болды. Сол қайдан біледі? Жермен
тілдесетін бірдеңесі бар ма? Көрші үйде болып жатқан мына əбігер,
мына қауырт қимыл, жаны қалмай қалбалақтаған мына кісілер, əдетте
астаналық азамат келгенде ғана болатын. Иə, мына үйдің жандары дəл
осылай есі шығатын. Бірақ... Тоқта... Астаналық азамат елге бұрын
осылай келуші ме еді? Бұрын ол келгенде жарығы саулаған машиналар
гүжілдеп кеп үлкен үйге тұмсық тірей тоқтап жатушы еді ғой? Қасына
ерген қара-құра мол болатын. Сосын күні бұрын құлақтанған халық ол
келгенде алдынан жүгіріп шығатыны қайда? Бұл жолы неге ұрланған
кісідей алдын кештете үн-түнсіз келді? Бұндағы тума-туыстары да
оның жұпыны келісінен жүндері жығылып қорынғандай, бір түрлі
бүгежек пе, қалай? Əне, атты қораға тез кіргізіп, қақпаны теп-тез
жауып ала қойды.
Жоқ, бұл тегін емес. Бұнда бұлар білмейтін бір гəп бар. Сонда? Тоқта,
ол не гəп? Не-е?..
Түкке түсінген жоқсың. Тек əлгі ой аяқ басысыңды ауырлатып, үй
ішінде əрлі-берлі кезіп жүргенсің-ді. Кенет көзің қабырғаға ілген
суретке түсті де, кілт тоқтағансыңды. Мынау Бəкизаттың Қыздар
институтын бітірер алдында түскен суреті: қала сырты; қала сырты
болғанда да мынау жəне қаланың тау жақ беті; қыс; қар; қарға
малынған əлде бір жатаған ағаштардың бұтақтары майысып-майысып
тұр; сондай бір ағаштың астына басын бұғып еңкейіп кірген Бəкизат
бір иығымен терекке сүйеніп тұр; қарашығы ұшқындаған тостағандай
қ
ара көз маңынан əлде біреуді іздегендей кейінгі жағына қарап
жанары жалт ете бергенде... иə, иə, дəл сол сəтте біреу сырт жағынан
білдірмей кеп қыз сүйеніп тұрған теректі қатты шайқап сілкіп-сілкіп
қ
апты. Бұтақ басында жабағыдай ұйысқан көпсік қар үстіне сау-сау
төгіліп кеткен; Бəкизат қапияда үстіне сау еткен кардан қымсынудың
орнына, қайта соған рахаттанып, аппақ тістерін түгел көрсетіп
шаттана күліп жатыр!


Алғаш көргенде сен бұған мəн бермегенсің. Мəн бермегені былай
тұрсын, керек десе, қыздың сырт жағынан кеп теректі сілкіп қалған кім
деген ой басыңа да келмепті. Суретке оның өзі түспесе де, ілгері созған
қ
олының сағат байлаған білегі анық түсіпті. Сағатты да, қолды да
танып түр. Қайталап қараған сайын көңіл түбінде айтуға аузы бармай
тұрған бір күдігін растаған сияқты. Суретті қабырғадан жұлып алғысы
кеп оқтала түсті де, өзін əзер ұстап қалды. Жұмыссыз-əлімсіз осы кезге
дейін кешіккен əйелдің қайда жүруі мүмкін екенін жүрегі құрғыр сезуі
сезсе де, сен бірақ оны ойламақ түгіл, ойыңа алуға да дəтің жетпеген
еді-ау! Əлгінде оқудан келген қызынан сұрағысы кеп еді; кішкентай
қ
ыз ыңғай бермеді.
"Сары Шая қайда екен? Ол ғой, бəрін біледі", –деп ойлағанша
болмай, ауыл шетінен бір ит шəу етіп еді. Іле-шала қалған ит қосылып,
ə
лдекімді тірілей талап жейтіндей осылай қарай арсылдап келе жатты.
Кенет есік шапшаң ашылып, біреу ар жағынан "Кет! Кет, əй" деп
аяғына жармасқан иттерді шалғайымен жасқап, алау-далау боп кіріп
келді...
– Кісі жейді. Анада меском жиналысында айттым. Құртайық дедім
ғ
ой. Бірақ... Əй, сендерді қойшы. Сендер менің қай сөзімді тыңдап
едіңдер.
Есіктен зарлай кірген Сары Шая босағаға сылқ отыра кетті. Осы
байғұстың бойында ит сүймейтін бірдеңесі бар.
– Қабаған ит ұстағандарды қылмысқа тарту керек дедім... Күлетіні
жоқ, РСФСР-дың бір мың тоғыз жүз...
– Оны қайтесіз. Ал, енді... келгенің жақсы болды. Күтіп отыр едім.
Сары Шая саған таңдана қарады. Əншейінде, айтқанын күйіс
қ
айырған түйедей шала-пұла тыңдайтын мына неменің алдында кенет
бағы арта қалған себебін түсінді де, жымың етті. "Ə, күтіп отырсың ба?
Сен күшік, ағаңның қадірін енді білейін дедің бе?"
– Ал енді... айтқаның рас болды. Көршілер қиқуды салып жатыр.
"Тұра тұр. Қиқудың əкесі əлі алда"
– Шəке... бері жүр! Төрге шық.
"Тоқта, бала, мені əлі төбеңе шығарарсың".
– Ау, Шəке, не қып тұрсың? Бері... бері жүр!
– Ақ жеңешем, қайдасың?– деп, Сары Шая қырсық қылғанда, бері
баспай, ары жүрді.


– Мына сұмырай, суға кетіп бара жатқандай... баланы оятарсың.
– Ақ жеңеше... Жеңешеке, маған бірдеңе дедің бе?
– Ой, сиқыр.
– А-а?
Сары Шая қабағын ашпай отырған қара кемпірдің бір тізесін ала
жайғасты да, қойнынан кіп-кішкентай жалтырақ қорапша шығарды.
– Мынасы не тағы? Ары кет!
Сары Шая кейінгі жылдары: "Құлағымның мүкісі бар. Есітпейді",–
деп жүрді де, əне бір жолы қалаға барғанда осы темірді əкелген-ді.
Құ
лағына аппарат кигелі өнерді үдетті. Əсіресе кісі басы құралғанда
құ
дайы береді. Сыңар құлағының шұқыршағына жіп іліп, қойнынан
шығарған кішкентай аппаратты кім сөйлесе, соның аузына тосып
отырғаны. Кімге тосса, соның сөзі самбырлап қоя беретіні қызық.
Сондайда балаша қуанып, сөйлеген кісіні қаласа қостап, құлшына түсіп,
ал, егер, қаламаса қарсы боп, өзеурей түседі. Қызды-қыздымен
дедектеп жанына жетіп барады. Бауырына кіре түседі. Сұңқылдап
сөйлеп кетеді. Өзі сөйлегенде əлгі аппаратты қаласа қалтасына тыға
салады. Қаламаса сөйлесіп тұрған кісімен екеуінің арасында ұстап
тұрғаны. Ондайда алақанында жатқан темірдің бар-жоғын ұмытып
кетеді. Тек əлдебір жағымсыз сөз жанына батып бара жатса,
құ
лағының шұқыршағындағы жіптің шетін жұлып алады.
– Ел жатып қалғанда түн қатып, түсің қашып, басыңа не күн туып
жүр.
– Шаруа бар, ақ жеңеше. Шар-у-а!..
– Тұтақ! Əкім емес, түк емес, бұт пен сан арасында саған тірелген ол
не қылған шаруа?
Аппарат сырт етті. Құлағын шаяндай шағып алған кемпір сөзі сөне
қ
алды. Бажбық көзді де тарс жұмып алғанда осынау тас қараңғы
дүниеден ол енді түк көрмей, түк есітпей тас құлақ керең бола қалды.
– Балаң мені əкім қойып, мен, немене, ол берген əкімдікті үлгере
алмаппын ба?
– Əкімдік сенің не теңің.
– Е, əкім болсам теңелем де.
– Құдай кем жаратқанды əкім қып теңестіреді дегенді сендер ғой
шығарып жүрген.


– Ақ жеңеше, үйде отырғасын білмейсің. Қалаға баршы, əкімдікке
қ
олы жеткен əлдебіреулер тұп-тура үйірге түсетін айғырдай азынап,
əң
кі-тəңкінді шығарып жіберсін. Онан да сен мына күшігіңе біз сияқты
қ
асындағы қарашаларыңа қол ұшын бер, қатарыңа ал деп неге
айтпайсың?
– Тұтақ! Сені қасына ерткенде, кім ғып ертеді?
– Үлкенін қайтем, маған дүкеншілікті берсін. Дөңгелетіп жіберем.
– Қалай дөңгелететініңді анада көргенбіз,– деді кəрі ана күліп.
Айтса да сол жолы Сары Шаяның өмір бақи шыр жұқпаған үйі бұл
ү
ш ай дүкенші болғанда ішпегенін ішіп, кимегенін киіп күрпіп шыға
келді. Сары Шая да сол үш айда қайда барса да, қонатын жерде үйі
тазасын, асы дəмдісін, əйелі шырайлысын таңдап əлек шығарсын.
Дүкенші келе жатыр деген хабар дүңк етсе, ел іші: "Ойбай, қатын, құс
төсек, құс жастығыңды шығар. Бұл соққан қазір жер төсекке
жатпайтын бопты",– деп əбігерге түсетін. Дүкенші үйінің байлығын
көре алмаған балықшы ауылдың қатындары күндіз қызғаныштан іші
күйсе, түнде сол үйдің қалы кілем, болскей кереуеті түсіне кіріп
жүргенде... Сонан құрсын, Сары Шаядан не пəтуа шығатын еді, бір күні
Сары Шаяның мойнына ақша мініпті деп жұрт шу етсін. Сотталатын
болғасын үйдегі іліп алар лыпаны сатып, жылтырақтың бəрі жұрт
қ
олында кетсін. Бір пəледен аллалап əзер құтылған Сары Шая іле-шала
қ
айта күйленіп, от басы тағы да сары ала жиһазға толсын. Жұрт Сары
Шаяның байлығын айтып, ауыздарының суы құри бастағанда, баяғы
баяғы ма, бұл жолы мойнына коп ақша мінсін. Сотталатын болғасын
анадағыдай, бұл жолы тағы да дүние-мүлкін салып, үй іші қайтадан
ү
йітіліп шыға келсін. Осыдан кейін Сары Шая күйленіп келе жатыр
десе болды: "Сорлы сотталып кетпесе жарар еді",– деп балықшы
ауылдың зəресі кетіп отыратын-ды.
Кəрі ана күлкісін əзер басып:
– Қой, жарқыным! Артынан көтен төлеу төлетіп жататын
дүкеншілігіңді қоя ғой,– деп қолын сілкіді.
– Онда балаң мескомдықты алып берсін.
– Ол несі тағы? Оның да жейтін бірдеңесі бар ма?
Сары Шая құлағындағы аппаратты сырт еткізіп сөндіре қойды.
– Қой, əрі, неше, сірə, қызмет жерде жатса да,– деді қара кемпір.
– Ау, неге қоям? Сағым екеш сағым да бауырына іліккен бұтаны жер-
көкке сыйғызбай қалқитып көтермеуші ме еді. Сенің мына күшігің


басқарма боп тұрып та жаман ағасын жарылқап, халықтың төбесіне бір
шығаруға жарамады.
– Ой, сорлы! Сондағы дедігің халықтың төбесінде тайрақтау екен
ғ
ой?
– Е, несі бар. Тайрақтаймын. Халық төбесінде тайрақтап
жүргендердің менен несі артық? Коп болса, бағы артық шығар.
Сүйейтін кісісі артық шығар, ал ақылы артық дей алмассың. Қалайда,
бұл заманда жамандардың бағы жанып тұр ғой. Əне, көрмейсің бе...
сенің жаманың да бір елдің телісі мен тентегіне текелік қып жүр,– деді
Сары Шая шиқ-шиқ күліп. Қара кемпірдің сөздері, жанына батты ма,
орнынан тұрарда белінің құяңы ұстағандай кирелеңдеп əзер көтерілді.
Күйбең-күйбең төрге озды. Көңілсіз. Қабағы түсіп кеткен.
– Айтқанымның бəрі аумай-төкпей келді де қойды. Астанадан ұлық
інісі кеп, əне, жаман быдықтың бағы асып шыға келді.
– Оны білдік. Оның осы келісі... соның жөні қалай?
– Бағана моншада айтпадым ба? Ағасына жылы орын керек.
– Жоқ, ол емес... басқа... Сен оны білесің. Білуге тиіссің!
Сары Шая "білмеймін" деген жоқ; қайта білгенін бұлдағандай
бəлсініп көзін тас қып жұмып алды. Қазіргі түрі иегіндегі бірді-екілі
бозамық қылдың орнында бар-жоғын байқағысы келгендей, əр
қ
айсысын бір шымшылап жатыр. Сен оның көзін ашқанын
шыдамсыздана күтіп отырсың. Тақатың тақа таусылған бір тұста
саусақтарыңды бір-бірлеп сытырлата бастап едің, соны байқап қалған
Сары Шая тас қып жұмып алған көзінің əуелі біреуін ашты.
– Су кешкен оңай ма. Буыныңды суық алған ғой. Жаз шыққасын
тұзға түс.
Сен жынданып кете жаздадың. Түсіңнің қатты бұзылғанын көргесін
ғ
ана Сары Шая басын көтерді. Қолтығына басқан жастықты қоса
көтеріп, оң жағына қарай жамбастай берді де, шынтағына шеге
кіргендей шоршып түсіп, қайтадан сол жағына аударылып жатты.
Осыған дейін бір ашып, бір жұмып əлек қылған сап-сары көз жанарын
түгел көрсетті. Сосын сені өзінен төменірек орынға шақырып:
– Бала, бері кел,– деп астындағы төсеніш көрпенің шетін көрсетті.
Былайғы кезде бір айтқанын істете алмайтын інісі еді, енді бүгін
Патша Құдайдың өзі қол-аяғын жіпсіз байлап, алдына əкеп жығып
бергеніне ішінен тəубе қып насаттана түсті. Насаттанған сайын
сəдеттене түсті. Осы Сары Шая кісі басы құралған əне бір жиында:
"Өмірімде екі кісіні басқарып көрмесем де, осы ауылды басқарған


балалардың қапталынан қалған жерім жоқ. О да Құдайдың маған
берген бағы",– деген-ді. Құдай қылса қайтесің, енді бұ да Сары Шаяға
қ
апталымен бірге пейілін де беріп телміріп аузына қарап отыр.
– Мына жігіт залым боп шықты.– деді Сары Шая.– Көрдің бе, оның
бұрынғыдай қасына кісі-қара ерітпей, жалғыз келгенін? Жəне жұрт
көзіне түскісі келмей, түн жамылып келді-ау!
Сен осының сыбыр-жыбырын жаратпаушы едің, қайсыбір лажсыз
тыңдағанда да, миына түк кірмей, тек қытырлақ даусы құлақ тырнап,
құ
тылғанша асығатын-ды. Осы жолы мынаның аузынан шыққан сөзге
ықылас қойып отырғанын өзі сезбеді.
– Шынында да... осы келісі маған да бір түрлі көрініп тұр.
Түсінбеймін.
– Түсінбейтін түгі жоқ. Көптігіне сеніп отыр. Бұл араға əкім-қараны
араластырғысы келмегені сол. Көре қал, ертең колхозшылардың
жиналысын шақыртады. Бұндағы өздеріне қараған көп туысына қол
көтертеді. Бұл залым сүйтіп біздің аузымызға көп қолымен құм
құ
ймақшы. Ал, кəне... бұларға қарсы өзің не істеп жатырсың?
– Не істегені... қалай?
– Əй, қу бала. Білем, сен де қарап жатқан жоқсың. Олардың ішіне
жансызыңды салып қойып, үй іргесінен тамырын басып жатсың,– деді
Сары Шая шықылықтап.
– Жан-сыз? Ол не қылған жансыз?
– Хе-хе-е! Қу бала, айтпасаң айтпай-ақ қой. Бұндайда, əрине, сырды
сыртқа шашпаған дұрыс.
– Сыр? Ол не қылған сыр?
– Ə, қу бала. Жə, қайтесің. Сен, қалқам, онан да...
– Жоқ, тоқташы...
– Тоқтамаймын. Ойбай-ау, басымдағы бағымнан айрылғалы
отырғанда мен неге тоқтаймын. Құдайдың өзі айтқан жоқ па еді. "Ей,
пендем, Құдай болғанмен менде де басы артық ештеңе жоқ, тек
біріңнен біріңе алмастырып берем де отырам" дегені қайда?
Бұған сөзін өткізе алмағанда осылай бірде Құдай атын жамылып,
бірде кодекске жармасатын əдеті.
– Тоқта дейді ғой. Е, неге тоқтаймын. Əне, айналаңа қара. Текешік
қ
ылғысы келген қазіргі қазақ баласы бір күн де болса бастық болғысы


кеп əукесін салып жүрген жоқ па.
– Сонда бұл орын қай қазаққа жетеді?
– Ойбай-ау, жетпегесін таласат та.
– Талас аяғы – төбелес...
– Төбелес болса қайтеді?.. Төбелесеміз. Қызыл ала қан боламыз.
– Қой ақсақал...
– Неге қоям? Басымдағы бақты тірі отырып төбелессіз қалай берем.
Отырған орныңды осал деме. Билігің жүріп тұрғанда, айналайын інім,
сен бүкіл бір ауылдың патшасы екеніңді білесің бе? Жо-қ, сен басыңды
шайқама. Қасыңдағы ағайынға шерепетіңді тигізбесең тигізбе. Тек
басқармалық орында басың қарайып жүрсе болғаны.
О, қырт!.. Қырт! Осы қыртты сонша неге іздеді? Қашан келгенше
жаны қалмай, ширыққанына жол болсын? Ана жылы оқыған бір
кітапта өсер елде өнерлі азаматтар шықса, ал өшер елде əкімдер мен
осындай алаяқтар көбейеді деген еді-ау! Көрмейсің бе, бұрын бар-жоғы
байқалмайтын мына қырт қазір қайда барса да қалбалақтап алдынан
шығады. Кеңсеге барса, есіктен сығалап сол тұрады. Үйге келсе,
соңынан қыт-қыттап сол жетеді. Жиналыста да жұрттан бұрын сол сөз
сұрап, көп ішінде қолы шошаңдап отырғаны. Халық не біліп
айтатынын
қ
айдам,
осының
Судыр-Ахметке
шеше
жағынан
жақындығы бар екен деседі. Арғы аталарында нағашылы-жиенді ілік
шатысы болса болар, ал өз басы... осы сұмырай түлкімен туыс десе де
сенеді.
– Саған Құдайдың қарасуының кемі жоқ. Иə, қалқам, өзіңе қараған исі
Жақайымның кəрі-жасы – сен жат десең жатады, тұр десең тұрады.
Тіпті сен өл деші...
Деуін десе де Сары Шая "осы арам артық кеткен жоқ па" дегендей ақ
қ
ылшық шекесін қасып, ойланып қалды.
– Ал мен өл десем өлесің бе?
– Астафирилла... Иллаһи Ил Алла...
– Неге шошыдың? Өзің емес пе, жаңа...
– Иə, өзім ғой. Қайтейін айтқаным айтқан. Патша үшін кім басын
байламаған. Жаңа осында келердің алдында бізге қараған ағайын,
тума, құда-жекжаттың бəрінің үйін жағалап шықтым. Бəріне де:
"Қимылдайтын кез келді. Ал дегенде əзір отырыңдар",– деп, мен де
халқыңның бас-аяғын қамдап... бір шаруаңды бітіріп кеп отырмын,


шырағым.
– Əй!.. Əй, сен не деп бықсытып тұрсың? Есің дұрыс па?
– Дұрыс болғанда қандай. Тек, қалқам, басташы. Шаңырағын
ортасына түсіріп берейін.
– Сонда кімге қарсы бастауым керек?
– Кім болсын – аналар да. Құдайын ұмытып тұрған сол атаңның көрі
емес пе? Біз, айналайын, кірмеміз. Жер олардікі. Ел олардікі. Ендігі
жерде быдық ағасын басқарма қойып, үстемдікті өздері жүргізбекші.
О, бейшара! Бейшара! Өмір бойы аядай жерде іргесі ажырамай
келген азғантай халықты он екі жілікке бөлгенде не мұратына жетпек
екен?
– Аңғал інім, енді ұқтың ба? Санаңа бірдеңе жетті ме?
Санаңа не жетіп, не жетпегенін қайдам, қарсы алдында сөйлеген
сайын өңешін созып, өжектей түскен осы бір албастыны қақ тұмсықтан
қ
ойғың кеп кеткені анық еді!
* * *
Сол түні бұл шеккен азапты Құдай адам басына бермегей. Сары Шая
кетіп, жалғыз қалғасын бұл тіпті жерге сыймады. Анасы мен кішкентай
қ
ызы үшеуі ұрысқан кісіше үнсіз отырып ішкен астан кейін əрқайсысы
ө
з бөлмесіне кетіп, есігін жауып алған-ды. Абажадай үлкен үй жым-
жырт. Уақыт тіпті өтпей қойды. Көз қыры қайта-қайта қабырғадағы
сағатқа түседі. Қашан қараса да, қысқа тілі бір орыннан тапжылмай, бір
цифрды жастанып жатып алды да қойды. Тірі жан қыбыр етпей,
тылсымдай тына қалған үйде жалғыз осы сағат қана тық-тық... тық-
тық... Онсыз да не істерін білмей, шыдамы құрып тұрғанда, сағат екеш
сағат та бұны қылжақтай ма, таңдайын қаққан тентек баладай
тықылдап, жынына тиіп болды.
Ү
й ішінде көңіл бөлетін басқа ештеңе болмағасын бағанағы бір
құ
шақ газеттің қалған жағын қарап еді; бұнан да ой бөлетін ештеңе
таппады. Сосын киімшең бойымен диванға қисая түсті де, əлденеге
елеңдеп басын көтеріп алды. Əлдебіреудің ақырын басқан аяғының
дыбысы естілген сияқтанып еді; құлағын тігіп тыңдаса аблыға соққан
оз жүрегінің дүрсілі екен.
Аяғын ақырын басып анасы жатқан бөлмеге барып еді. Тарс жауып
алған есіктің ар жағынан дыбыс нышаны сезілмеді. Əрине, ояу.
Бишара, келін түсіргенде қандай қуанып еді; "өлгенім тіріліп, өшкенім
жанғандай болды" деп еді-ау! Келінін əлі де жек көрмейді; бұл үйдегі


бүліктің басы – қайын жұрттан; əсіресе, бет-аузы қан жалаған
қ
аншықтай, күнде – қыз атанып жүрген кəрі қақсалдан. От басының
тыныштығын ойлаған ана тіс жарып түк айтпаса да, ар жағында аузы
буулы талай арман жатыр: əсіресе келінінің екі баладан кейін құрсақ
көтермей, қысыр бойын күтіп отырып қалған бедеулігі жанына
батпайды дейсің бе? Айналадағы үйлерден қара домалақ балалар
тауық балапанындай шүпірлеп сыртқа шығып жатқанда əсіресе
қ
иналатын шығар-ау. "Апырай"– деп ойлайтын шығар-ау сонда.
Құ
шағында күйеуі жатқанда кеудесінде жаны бар əйел жыл сайын
жатырын бір жібітіп, құрт-ірімшіктің мəусіміндей үйді үпір-шүпірлетіп
қ
оймас па. Жарық дүниеге келетін нəрестенің өмірін байлаудан асқан
ауыр күнə бар ма? Соңыра о дүниеге барғанда жарық көре алмай, ана
жатырында жүрімі құрып кеткен əлгі балалар шуылдап алдынан
шыққанда не дейді? Жендет ананы шашынан сүйреп апарып дозақ
отына тастайтынына кəміл сенгені сонша, бесін намаздан кейін
жайнамазын жимай, мінажат дұға үстінде ұйып отырып, құдіреті күшті
Құ
дайдан келінінің пенделік білместігін кешіре гөр деп ұзақ-ұзақ
жалбарынатын.
Тумысыңнан арақ пен темекіге зауқың жоқ еді ғой. Сол арада сен
шофер баланың бір езуінде бықситын да жүретін ащы махоркаға
аңсарың ауып тұрғанын сезгенсің-ді. Кеңсірігің қаңсып бара жатқасын,
ə
детте қолын апарса уысы толып кететін қоңқақ мұрнын алақанымен
уқалап-уқалап жіберді.
Апыр-ай, күзгі түн қандай ұзақ! Қабырғадағы сағатқа қарап еді;
кішкентай тілі бағанадағыдан гөрі ілгері жылжыпты. Көзінен ұйқы
қ
ашып, сенделіп үй кезіп жүрген мына кісіге таңғалған сағат əлі сол
баяғыша
таңдайын
қ
ағып
тық-тық...
тық-тық...
Ə
р-берідесін
қ
абырғадағы орнын тастап бұның құлағына көшіп алды. Қоңырауы да
құ
лағының дəл ішінде ұрып жатқандай, миын шаға бастап еді;
шиыршық атқан жүйке енді сəл кідірсе де шарт үзілетіндей сезіп, өз
ү
йіне өзі симай сыртқа атып шыға беріп еді; кенет аяқ астына төсеген
ескі алашаға көзі түсті де, əлденеге қалшиып тұра қалды. Неге
бүйткенін өзі де білген жоқ-ты. Тек еңкейіп қайта қарағанда барып
мынау анасы пақырдың шалы бар кезде тірнектеп жиған азғантай
дүниеден қалған ескі көз екені есіне түсті. Сыздап тұрған жүрек біз
сұғып алғандай шым етті.


...Жасырақ кезде анасы жасыл шұғадан өрнек бастырған текемет
болатын. Оны төргі үйге сыйлы қонақ келгенде төсеп, қалған уақытта
жинап қоюшы еді; солардың бəрі осы оттың басындағы жандармен
бірге тозып, кəрі қақсал кірген-шыққан сайын аяғымен теуіп, шеттетіп
ысыра-ысыра ақырында сыртқа шығып қалды. Көрмеде қызықтауға
қ
ойғандай, бірінен бірі өткен мына бір импорт кілем, импорт стенка,
мақпал жабындыға малынған импорт диван арасында осы күні бұ да
ө
зін өгей баладай сезініп, отырса-тұрса да қысылып болатын.
Шынында да, Адай шал тайып жығыла жаздаған мына жалтыраған
тақтай еден, мына көз жауын алып жылтылдаған дүние-мүлік үсті-
басы балық сасыған бұған мүлде жат, мүлде лайықсыз екенін сезіп тұр.
Ө
зінің өмірде ғана емес, осы үйде де жалғыздығын қатты сезді.
Аңғал-саңғал үйде көңілі құрғыр құсаланып, аңдаусызда бір жерін сəл
түртіп қалса да аңырағалы тұрған-ды. Абзалы, аш бол, тоқ бол адам
жаны қашанда жетім ғой. Төңірегің толып, кейде осылай қараптан-
қ
арап жалғызсырайтын жетім кезің болады-ау! Əсіресе, сонда қиын.
* * *
Ү
йге симағасын сыртқа шығып еді; күндізгі қара суық қатая түскен
бе, қалай? Желең шыққан бойы тітіркеп кетті. Сен бірақ ішке қайтып
кірген жоқсың. Əлденеге Сары Шаяның қылығы қаныңды қайнатып
тұр. Бірақ жалғыз сол сұмырай ма? Шынына баққанда оны түн ішінде
мұздыаяқ қып безектетіп əкеткен құлқын қай қазақты қай заманда
қ
атынның қойнынан суырып алмап еді? Қай кез, қай заманда түн
тыныштығынан айрылған қазақтың басындағы уайым мен қайғы осы
елдің тұтас тірлігін ойлауға жетіп еді? Қара жерге қолдан егіп көк
шығармаған көшпелі елдің атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
келген ежелгі көкейкесті арманы – атқа міну. Бір биліктің басында
отыру. Ел көзінде елтең-селтең жүру. Өзі атқа мінбесе де, өзегінен
шыққан біреу жаман тұғыр үстінде жарбиып отырса – жары арманына
жеткені. Баяғыда Құдай қалаған бір бабасы сойыл ұстаса, қалған қара
тобыр топырлап соңына ерген. Сондағы бітіргені не? Күші тасып бара
жатса, көршілес отырған аз ағайынның үстіне қиқу ойнатқаны ма?
Соған шамасы келген бабасын кейінгі ұрпақ батыр деді. Аруақ тұтты.
Жорыққа аттанған жігіттер əлдеқашан сүйегі қурап қалған қабырдың
басына түнеп бата тіледі. Құрсақ көтермеген келіншек соңыра ізін қуар
ү
рім-бұтақ сұрады. Ата-баба аруағының шарапаты дəл сол ділгер боп
тұрған ұрпақтың көсегесін көгертті ме, жоқ па, бірақ аруағыңнан
айналып кетейін, жарықтық ата-баба өзінен кейінгілерге мінезін
аудырмай беріп кеткені ақиқат.
Көңіл құлазып тұр. Сүйек-сүйегінен өтіп бара жатқан суықты жаңа
сезді. Көп үй шамын сөндіріп жатып қапты. Мектеп терезелерінен де
жылт еткен жарық көрінбеді. Тек көшенің ары бетіндегі үлкен үй
асып-төгіліп жатқан қуаныштан түндігі желпілдеп тұр. Түннің бір


уақыты болғанына қарамастан мыналардың қуанышы аяқсыр емес.
Сəлем беруші ағайын əлі де ағыл-тегіл. Қора толы кісі. Əлдебіреу
ə
лдебіреуге айқайлап:
– Мен деген... Айттым деген. Асыңды болдыр деген. Ал, сен құрыған
деген... Маңдайыңа ыссы май тамсын деген...– деп күйіп-пісіп жатыр.
Сары Шая айтқан быдық – осы.
Қ
ар жауар алдындағы қара суық сүйектен өтіп барады. Бұл үйге
қ
арай бұрыла берді де, кенет көшенің арғы бетіндегі үлкен үйге көзі
түсті де қалшиып тұра қалды. Ақ жібек перде тұтқан самаладай
терезеге біреу жақындады. Кірпігін қағып қап, қайта қарап еді; шашын
тоқпақтай ғып желкесіне түйген əйел терезе алдына таман жақындап
келе берді. Сұлу мүсінін сырттағылар да қызықтасын дегендей, шам
жарығы шұғыласын аямай-ақ төгіп тұрған ақ жібек пердеге көлеңкесін
түсіре қырындай тоқтап еді; дəл сол сəтте келіншектің оңашаланып
шыққанын аңдып тұрғандай бір сұңғыла еркек сап етті. Келіншек
қ
атарласа берген еркекке еркелей мойын бұрды. Бұл көзін уқалап
жіберіп қайта қарады. Қолы қалтырап кетті. Бұл не, түс пе, ең бе? Əлде,
мынау да бұның осы күндері басынан кешіп жүрген түсініксіз өмірдің
жалғасы ма? Көкірек тола күдік қайдағы бір елеске жан бітіріп, жүрегін
тырнап жатыр ма? О да мүмкін ғой?
Қ
ар жауар алдындағы қара суық тұла бойын түгел жайлап алды. Тісі
тісіне тимей қалшылдап барады. Маңдайынан шыққан мұп-мұздай
терді үйге кіре бергенде байқап, есік алдына сəл бөгелді. Терін сүртер
жерде қалтырап кеткен қолын билей алмай, саусақтарының ұшы
секіре бастады. "Ауырып тұрған жоқпын ба?" деп ойлады. Құп-қу боп
түсі қашып кеткен бұған таңдана қарап тұрған қарт ананы байқамаған-
ды.
– Мынау үй у-шу боп кетті ғой, Əзім келген бе?
– Білмеймін. Келсе келген шығар.
– Екеуің бір жылы туып едіңдер...
– Апа, қайтесің. Онан да жатпайсың ба?
Ана назарын тіктеп еді. Қадала қараған кəрі жанар құдды қалтаға
түскен суық қолдай, жан дүниесін куыс-қуысын қалдырмай тінткілеп
барады. Бұл бойын жинап ала қойды.
Анасы шығып кеткесін де біразға дейін өзіне-өзі келе алмады. Кəрі
ана бірдеңе білетін сияқты. Əлгі сумақай бұның көзін ала бере
сыбырлап кетпесе не қылсын? Есіктен кірмей жатып "ақ жеңешелеп"
аңырап қоя бергенде-ақ, сол кəпірдің ішіне сыймай бара жатқан бір
пəле барын білген-ді. Анасына да бірдеңенің шетін шығармады ма?


Ашып айтпаса да, дүдамал бірдеңе тілінің ұшынан жасқаншақтап
қ
айтып еді ғой? Арам неме "жансыз" деп бұның қытығына тию үшін
ə
дейі кекеткен мысқылы ма? Бұның діңкесін құртқан дүдамалдың
бəрін ол сұмырай біліп келген болды-ау, шамасы? Ендеше ол білгенді
Бəкизат та біледі. Айт-тойға баратындай үлбіреп киінген себебі сенің
миыңа жаңа жетті. Мына жағдай көп нəрсенің сырын ашып, ана жолы
астанада демалыста болып қайтқалы жоқты сылтауратып, быдықтың
ү
йіне барғыштап кеткен себебіне енді түсінді. Ал, кəрі қақсалдың
болса-болмаса да... быдықпен ыдыс-аяғы аралас. Көшеде кездессе
бірін-бірі жаңа көргендей ауыздары жабыса қалатын...
Жаңа жел өтінде ұзағырақ тұрып қалған екен; суық алған денеден
шым-шым тер шығып, маңдайы, алақаны былжырап кетті. "Ауырып
қ
алмасам, не қылсын?" деп ойлады; тұла бойы дірілдеп, сүйек-сүйегі
сынып барады. Бұл өзі бұрын да төсек тартып жатып қалғанша
ауырғанын мойындамай, сүлдерін сүйретіп жүре беретін-ді. Жəне
бұның ауырғанын өзінен бұрын басқалар білетін. Бəкизат та қит етсе
бұның бойынан күдік шақыратын бірдеңелерді байқағыш; бұған: "неге
сол жағыңа қарай бересің?" деп жүрді де, бір жолы "сен осы сырқат
емессің бе?"– дегені бар. Бұл онша мəн бермей, "сау сияқтымын" дей
салған-ды.
Соның артынан екеуі қырдағы түйелі ауылға кетіп бара жатты. Ел-
жұртқа моллалығын мойындатқан шофер сол күні біреудің жаназасын
шығаратын болып, рөлге бұл өзі отырған-ды. Ақ шаңдақ бұрқыраған
жер реңі жылдағыдан да көрі биыл жұтаң көрініп, түйелі ауылға
жеткенше жалтақтап сол жағына қарап болған-ды.
Бəкизат:
– Əй, Жəдігер,– деді бұны ақырын түртіп,– неге сол жағыңа қарай
бересің? Əлде сол жағыңнан елес беретін бірдеңе тұра ма?
– Жоқ, жай...
– Жоқ, сен сірə, сырқат шығарсың? Атын ұмытып отырмын, сондай
бір психический ауру болады дейді. Асылы, дəрігерге көрін.
Бұл Бəкизаттың сөзіне құлақ аспай, күлген де қойған...
Ə
йелінің күдігі енді бұның өзіне де рас сияқтанып, сырқат болсам
сырқат шығармын деп ойлады.
Тоқ-та... Бұл жаңа терезе алдындағы елесті қай жағымен көрді? Оң
көзі ме, сол көзі болар? Иə, сол көзі. Ендеше, жаңағы көргені де, бұл
ойлағандай өңі де, түсі де емес. Бəкизат айтса айтқандай салқынын
салған бір пəле болып жүрмесін.


Басы шағып бара жатқасын маңдайын ұстап еді. Алақанына
былжыраған жылымшы бірдеңе тиді. Алақаны ма, əлде маңдайы ма,
күйіп тұр. "Ауырып тұрған шығармын" деген ойға көңілі ауды. Аудан
орталығына бара қалса, анада курорттан қайтқан Бəкизатты күтетінде
құ
мыра горшокке өсірген гүлді сұрап алатын өзінің таныс дəрігеріне
көрінетін боп іштей байлау жасаған еді-ау!
* * *
Бұл осы жігітпен екеуі түйдей құрдас еді; екеуі бір жылда туды;
онжылдықты бірге бітірді; институтқа бірге талаптанды; бірақ екеуі де
алғашқы экзаменнен құлап ауылға қайтып келді. Сол жылы екеуі
ə
скерге бірге алынды; мерзімін өтеген соң, əскерден екеуі де бір жылда
оралды; сонан... иə, сонан былайғы өмірдің талай шырғалаңын бастан
бірге кешкен-ді.
Тек кейін бақыт қуған бала жігіттердің өмір жолы екіге айырылып,
институт бітіргесін ол – астанада қалып, бұл – "Аралым, менің Аралым"
деп ауылға тартып отырды. Ол шырқап өсті. Оның өсетініне бұл
күмəнданған емес. Баяғы бала кезде балықшы ауылдың күнге күйген
қ
ара сирақтарының ішінде ұзын бойлы ақ сары бала жұрт көзіне
бұрын түсетін. Зейінді, алғырлығына сенгесін басқа балалардай
сарылып отырмай, сабақты жүрдім-бардым оқитын. Есесіне екі
бетінен оты шығып тұратын əдемі ақ сары бала кеп арасын киіп-
жарып əн салатын жерде тартынбай – əн салды, домбыра тартатын
жерде тартынбай – домбыра тартты. Балықшы ауылда үрдіс болмаған
биге де бұйығы балалар бірінің тасасына бірі тығылып баспай
қ
ойғанда, ол қара көзі жайнап бірінші боп шыққан-ды.
Сондайда жазатайым кейде даусы жетпей, кейде қолы келмей
қ
алғанда көлденең тұрған қыздар қараптан-қарап қысылып бетін
шымшып жатқанда, бұл жасу орнына қайта қара көзі шоқтай жайнап:
"дəнеңе қылмайды. Келесіде көкесін танытам",– деп едіреңдеп
тұратын; десе дегендей, келесіде əнді де, күйді де, биді де дұрыстап
алатын. Он жыл бірге оқығанда осы досының бала боп, сірə, тауы
шағылып, ажары қайтып мұқалғанын көрген емес. Тарих пəнінен
беретін ағайдан бүкіл бала зəресі қалмай қорқатын. Соғыста оқ тиген
оң көзін шынылап алғаннан кейін сабақ сұрағанда шатынап тұратын.
Петр патшаны өткенде өзі де Петр патшаға ұқсап, тертедей аяғына
қ
ара санын қаптыра ұзын қоныш етік киіп алатын. Ал Наполеон
жорықтарын өткенде табан астынан тағы бір күйге түсетін; Франция
императоры əдейі Арал балаларын қорқыту үшін тіріліп кеп, онсыз да
тарихшы ағайдың шатынаған шыны көзінен зəрелері ұшып, өзді-өзінің
партасында жым боп отырған қара сирақтардың қарсы алдында қос
қ
олын кеудесіне айқастырып тастап, қабақ астынан сыздана қарап,
қ
аталданып алатын тарихшы ағайдан екі алып қалғанда да бұл заңғар
басқа балалардай ұнжырғасы түсіп, танауын тартқылап көрген жоқ-ты.


Ертең шаруалар көтерілісін өткенде бəрібір бес аламын деп басы
қ
ақшақтап тұратын.
Институтқа түсерде бұл осы тұрған Алматыға тəуекелі əзер
жеткенде, ол Москваға жалғыз тартты. Бұл бірінші сабақтан құлап,
анасы берген азғантай ақшасын қала көрген қу мүйіздердің сырасына
сауғызып қайтып келсе, ол жарқылдап ауылда жүр. Ана қалтасы да,
мына қалтасы да будақ-будақ ақша. Сол жылы ата-аналар оқуға түсе
алмай қайтқан балаларға ренжігенде: "Өзіңдей Əзімге қарашы. Оқуға
түспесе де, ақшаны күреп қайтты",– деп ұрысатын.
Ол кездерде Əзім бұнан сыр бүкпейтін. Ішек-сілесі қата күліп
отырып ақшаны қалай тапқанын айтып бергенді: сөйтсе, бұ да бірінші
сабақтан құлапты. Əкесі берген азғантай ақшаны оны-пұныға жұмсап
қ
ойыпты; енді елге қайтайын десе, қалтасында бір тиын қалмапты; "ə"
дегенде сасуын сасса да, бірақ зерделі алғыр бала ақыл тауып сүйікті
көсемге хат жолдағысы кепті; бірақ ауылда оқыған бала Виссарионға
неше "с" жазу керек екенін білмепті, қасындағы балалардан сұрауға
арланыпты. Киоскаға барып газет сатып алып, өзін қинаған "с" əрпінің
сыласын тауыпты. Көсемге жазған хатқа іле-шала келген жауапта
Қ
азақстанның Москвадағы Тұрақты өкілдігіне баруға кеңес беріпті.
Онда барса, алдынан ыңырсып сөйлейтін арық қара шығыпты да,
сұраған ақшасын ұстата сапты. Тегін ақшаға қуаныпты. Тек былай
шыққасын жаңағы қалақ қараның қабақ шытпай бере салғанына қарап,
аз сұрағанына өкініпті. Сол өкініш ойынан кетпей қынжылып келсе...
Ө
зімен бір бөлмеде жататын секпіл бет, сары бала жылап отыр. Бұл
"не болды" деп сұраса, ту Қиыр Шығыстың қиян шетінен келген неме
емес пе, жаңа киоска алдында қызыл ала журналдың сыртында қылыш
асынған қолбасшы қызықтап қарап тұрғанда... "Ақшам... қалтамдағы
ақшамды..." деп аржағын айта алмай еңіреп қоя беріпті. Жүрегі зу ете
қ
алған Əзім ақша салған қалтасын ұстай алған еді...
Жаңа бұ да сол киоскаға соққан-ды. Бұ да ауылдағы қатындардың
күлдəрі көйлегіндей алабажақ журналды көрген. Журнал сыртында
сары ала қылыш асынған қолбасының қошқар тұмсығы мен əр
шалғысына уыс толғандай мұртына есі шыға қызығып қараған еді;
Сол күннің ертеңіне ол төсегінен тұра сала кешегі қалақ бет қараға
қ
айта барып: "аға, кеше... Сізден шыққасын киоскадан газет алайын
деп тұрсам..."– деп ақшасын ұрлатып алған секпіл бет баладан
аудармай кемсеңдей бастаған екен, қалақ қара: "қазақы бала, бала
емес",– деп басын шайқапты да, бұл жолы да бір уыс ақшаны ұстата
сапты. "Сүйтіп, айналайын, астанадағыларыңды да екі жеп биге
шықтым",– деп, Əзім сусылдақ шашын бір сілкіп қап, сақ-сақ күлген-ді.
Қ
анша десе де, баланың аты бала. Ол кезде бұлар ненің парқын
білген. Кейін ойлап қараса, құрдасы сол кезде де ағайын ағарып


алдыма түспесін, қарайып артымда жүрсін депті. Сонда соңына ерген
шуылдақ тобырдың аузында да, көзінде де бір өзі жеке тұрарын білген.
Халық назарынан шықпай елтең-селтең жүру оның ежелгі арманы еді.
Арманына жетті. Аты астана газеттерінен түспейді. Жиналыста сол
сөйлейді. Жиында соның аты үлкендердің аузымен аталып, қазақ
даласының бас-аяғына дабырайып тарап жатыр.
Халықтың не біліп айтатынын қайдам, рас болса, осы жігіттің
басына сөз айналып тұр деседі. Бұлар Амударияда тұщы суға құлаған
балықты қырып ұстап жатқанда, орталықта шығатын ғылыми
журналда Əзімді сынапты деп жүр. Аралдың əр жерде ауызға ілігіп
жүрген азғантай азаматы ажарлы жүргеніне кім қарсы. Тек оның "Арал
теңізінің халық шаруашылығына зияннан басқа пайдасы жоқ" деп,
жиналыс болса тепсініп шыға келетініне түсінбейді. "Амудария мен
Сырдарияны басқа жаққа бұрып əкету керек. Сонда осы өңірдің өрттей
ыстық күні мен аңызақ аптап желі қос жендеттей екі жақтан тиісіп
бергенде, Арал теңізінің жиырма жылда түбі көрінеді. Сосын теңіз
астынан босаған пəленбай құнарлы жерге түгенбай мақта егеміз, күріш
егеміз, ақшаңқан үйлер, сəулетті сарайлар саламыз, скверлер, алаңдар,
су атқылаған фонтандар мен жасыл ағаш саясында ғашықтар үздігеді.
Ит жетелеген əйелдер серуендейді. Баяғы ата-баба тұрсын, қазіргі
ұ
рпақтың түсіне кірмеген ұжмақ өмір соңыра осы теңіздің түбінен
босаған жерде гүл атады. Бүгінгі ұрпақ сол ұжмақты ақиқат көреді,
көргенді айтасың, сол ұжмақта тірлік кешеді, соған кепілмін" деп
ө
зеурейтін көрінеді.
Е, құдай, күші тасып бара жатса, қазақ даласы кімге жетпей жатыр.
Осынау тусыраған тұл дала ғасырлар бойы жарын тосқан
қ
алыңдықтай, иесін күтіп жатқан жоқ па? Соны игере алмай жатып, бұл
Құ
дайдың оны тартылған теңіздің түбінен босаған жерге көз сатқызып
қ
ойғанын қайтерсің. Біле білгенге бұл кəрі теңіз судан шабақ аулап
жеген казак баласы үшін көзі тіріде ана бауырынан тартқылап емер
екі емшектің бірі емес пе еді?
Жолы түсіп əне бірде астанаға бара қалғанда Арал проблемасы
жөнінде болып жатқан үлкен айтыстың үстінен шықты. Аузы-
мұрнынан шыққан үлкен залдың арт жағына кеп отыра кетті. Көзі
бірден Əзімге түсті. Нар қасқа жігіт приздомда маңқайып отыр екен.
Оның оң қолын ала бұл білмейтін дүр қара біреу жайғасыпты. Жыға
танымаса да, бірақ көрген бойда мына жуан қара көзіне оттай
басылды. Əзімнен көзін алып қайта қарағанда шырамытты. Баяғыда
оқу бітіріп келгенде өзін қабылдап отырып, шыбын қуалап кететін
Жуан Жақайымға ұқсайтын сияқты. Сол туысы бірдеңеден
кандидаттық қорғап, астанаға ауысып кетіпті деп еститін. Рас болса,
рас шығар. Əйтеуір, сонан бергі он үш жылда Аралға қанша барғанда
көзіне Жуан Жақайым түскен емес. Бұл анада Жуан Жақайым ғылым
кандидаты болды дегенге сенер-сенбесін білмеп еді; енді сондағы


жуан қараның астанаға келгесін аруағы көтеріліп, Əзімнің оң жағын
ала отыратындай қауқардың қайдан біткеніне сенер сенбесін білмей
ақылы дал боп отырғанда, Əзімнің кіріспе сөзін есіте алмай қалып еді;
қ
асында тесірейген түйме көз біреу отыр екен, жұрттың бетінен
жоғалтқан бірдеңесін іздегендей, анаған бір, мынаған бір қарап
отырған түйме көзден сен Əзімнің жанындағы жуан қара кім деп сұрап
едің, ол "Жəкең ғой" деді; деуін десе де, ол бұған "Жəкеңді білмейтін
сен өзің кімсің" дегендей тесірейген көзін тебен инедей қадап тұрып
алды. Сен шынында да, Əзіммен иықтасып отыруға жараған білдей
азаматты білмегеніңе ішіңнен ыңғайсызданып отырдың да, сəлден соң
екінші жағындағы ақ сары окымыстыға бұрылдың. Үстіндегі қыжым-
қ
ыжым костюм сияқты қыжым-қыжым көйлектің де өңірін ағытып
тастаған ақ сары оқымысты орындықтың арқасына шалқалап жатып
алыпты. Сенің мойын бұрғаныңды байқаса да, былқ етпеді. "Жуан қара
кім?" деген сенің сұрағыңа да жөндеп жауап бермей, бір танауынан
мырс етті. Сонан кейін жуан қараны мошқағаны, əлде мақтағаны
белгісіз, аузын аспандата шүйіріп, "ол анау-у ғой",– дегені. Сен онан
"анау қай анау" деп сұрай алмадың. Екі көршісінен есіткен екі ұдай
долбардың екеуіне де түсінбеді. Арал проблемасы жөніндегі пікір бұл
жақта да екіге бөлініп, бет ашысып алған екен. Түскі астың уақыты өтіп
кетсе де, иін тірескен ығы-жығы халық тырп еткен жоқ; тек
керілдескен қызыл шеке ұзаған бір кезде кеңсірігі қаңсып бара жатқан
біреулер көп арасынан сытылып шығып, есік алдында тұрып темекісін
шегіп болар-болмаста аяғын ұшынан басып өз орнына қайтып жатты.
Түстен кейін ұзын бойлы аққұба жас жігіт сөз алып еді; бірақ қарсы
жақ жер тепкілеп, ысқырып сөйлетпеді. Ыза болған жігіт ойының бас-
аяғын жинақтай алмай, қайта-қайта тұтығып қала берді. Жас жігітке
жаның ашып, аяп отырып, сен оның сөзін жөндеп ұға да алмағансың-
ды.
Тек ызалы жігіт əбден ашынған бір тұста қатты ақырып, көп
шуылдақтың аузына құм құйды да, сөзін жалғап кетті: Қазақстан мен
Орта Азия – халқының маңдайына біткен жалғыз теңіз əне тартылып
жатыр деді. Жарым жартылап тартылған теңіз түбінен жыл сайын
мың-мың тонналап ұшып жатқан түз қазірдің өзінде Қызылорда
облысы мен бүкіл Қара-қалпақ елін тұншықтырып, ауасы мен суын
улап, шөбі екеш шөбін көктемей жатып күйдіріп, ал халық сорлы,
бұрын-соң адам баласы есітпеген ем қонбайтын бейдауа індетке
ұ
шырап, келешек ұрпақтың тағдырын тұйыққа тіреп қойғаны анау
деді. Бүгін ішіп-жегеніне мəз болып, елінің ертеңін ойламайтын
осынау дардаңдаған есалаң адамдарға бұл Арал əлі де өзінің ақырғы
ү
кімін айтпай, артына сақтап отыр деді. Соңыра Арал əбден тартылар-
ау, тартылған теңіз түбіне төрт жарым миллиард тонна тұз тау боп
шөгер-ау. Сонда осынау алды-арты ашық ұлан байтақ далада сахара
шөлдің өрттей ыстық аптабы күн-күн, түн-түн аңырап соғып бергенде,
келешекте Орта Азия мен Қазақстанда кім аман қаларын бір Құдай


болмаса, басқа ешкім білмейді. Сендер мені сөйлетпей жер тепкілеп,
ысқырып жатсыңдар. Əрине, құлаққа жақпайтын сөзді тыңдап керегі
қ
анша. Бірақ, естеріңде болсын, келешекте адам баласының жер
бетінде болу-болмауы – табиғаттың болу-болмауына тікелей
байланысты",– деп аққұба жігіт сөзін бітіргенде, сен екі езуің екі
құ
лағыңда, орныңнан атып тұрып едің-ау. Басқалардан бұрын қызына
қ
ол соғып едің ғой. Ол аз дегендей, шартылдап жөнелген алақанға
"айналайын тусаң ту!" деп дауыс қосып қалып еді; сүйтсе, қасындағы
түйме көз тіпті есінен шығып кетіпті. Оның тебен инедей тесірейе
қ
алған көзін кеш байқады; "ə" дегенде қысылып қалса да, бірақ іле-
шала бұ да бойын билеп алды. "Мына енеңді ұрайын неге тесірейеді,
ə
й?"– деп, оны ішінен мықтап бір боқтаған еді де, тесірейген түйме
көзге бұл өзінің алақандай ала көзін мірдің оғындай қадап жалт қарап
еді; шамасы, қарсы сөз айтса, үстіне төніп қалған мына ірі қара кісі бас
салатындай түрі тым суық екен, түйме көздің жанары жасып, ықтап
бара жатып; "Подумаешь, көзін алартады еще",– деп міңгірледі.
Аққұба жігіт мінбеден түсіп, арт жақтағы өз орнына барып отырды.
Сен: "Айналайын інім, алдыңнан ақ күн тусын",– дедің ішіңнен. Тіл-
көзден аман болсаң, осы қазақтың маңдайындағы дыңдай азаматы
болғалы түр екенсің. Ана жақта суы тартылған теңіз бен шаруасы
күйзелген халықтың сөзін сөйлейтін жер бетінде сендей де жан бар
екен ғой. Оған да шүкір!"
Ақ құба жігіттен кейін сен кəдімгідей көңілденіп, жан-жағыңа сергек
көз тастап едің-ау. Назарың Əзіммен иық тіресе отырған жуан қараға
түскенде "апырай, ə?" деп ақылың дал боп ойланып қалдың. Жаңа бұны
"анау" деді. Анау болғанда сонда бұл қай анау?! Асылы, бұл Жуан
Жақайым болмас. Жуан Жақайым анада қапырық кабинетте азғантай
отырғанның өзінде қол-аяғына не бола алмай, шыбын қуалап кетпеді
ме? Ал, мынау... Ой, заңғар-ай, ертеден қара кешке қызыл шеке боп
жатқан айтыста қу тақтайда құйрығы ойылғанша отырғанда, қыбыр
етпеді. Тек қарсы жақтан біреу сөз алып Əзімді сынаса құты қашып
кетеді екен. Бастықтан гөрі сын оған қаттырақ батып, өзін қоярға жер
таппай қалады.
Ал, Əзім... Залым ғой, өзін жақсы ұстады.
Ү
лкен орында жүріп əбден ысылып алған. Жұрт алдында қимыл,
қ
озғалысының бəрі өлшеулі. Сөзі санаулы. Бас изесіне дейін басқа
жұрттан бөлек. Қарсыластар жағы сөйлесе де, жақтастар жағы сөйлесе
де бет өңінен бір нəрсе аңғарып болмайды. Ренішін де, ырзалығын да
ішінде сақтап, қоңыр көздің жанарын залдағы кісілердің үстінен асыра,
ə
лдебір жаққа, алысқа тастап, құрықтай мойны құрағытып қыбыр
етпей отыр. Ол тек шекесі қызып алған кісілер ешкімді тыңдамай,
шектен шығып дуылдап бара жатқан кезде ғана шылдыратып қоңырау
қ
ағады. Қалған уақытта өзінің əлгі бір сыртқа сыр шашпайтын


сабырлы, маңғаз қалпына ауысып, көзін тура алдына тігеді екен де,
қ
ыбырсыз қатып алады екен. Сол күнгі қызыл шеке айтыста сенің тағы
бір аңғарғаның: тіл-жағына сүйенген шешендердің Əзімге қай сөзі
жағып, қай сөзі жақпағанын сен көбіне-көп оның жанындағы ана жуан
қ
араның ыңғайына қарап аңғарғансың-ды. Əзімдей емес, жуан қараның
қ
уанышы мен реніші атанақтап сыртына шауып тұрады екен.
Шешендердің аузынан Əзімге жағатын сөз шықса, басқадан бұрын ала-
бөле жуан қараның жолы болып алақайлаған баладай, алақанын аямай
соқса, ал қарсыластар сөйлегенде қабағы түсіп, қалың беті қабарып,
желіндеп ала қояды. Ондайда жұрт жанын сала дуылдатып қол соғып
жатса да, жуан қараның ботқа беті бүлк етпей алақанын алақанына
ə
зер-əзер тигізіп ишаратын ғана істейді. Сен енді жуан қараның
ыңғайына қарап отырып, бұндағы кісілердің қайсысы Əзімге жақтас,
қ
айсысы қарсылас екенін қателеспей айыра бастағансың-ды.
Сен де өзіңше жаман-жұман бастықсың. Ауылда саған да жағынатын
жалпылдақтар жетеді. Бірақ, несін айтасың, айналайын, үлкен жер
ү
лкен турайды ғой. Мыналардың қай мінезі де түйелі адамдай көш
жерден көзге түсіп тұрады екен. Аққұба жігіттен кейін сен
жиналыстың аяғына қарамай ертерек кетіп қалғансың-ды. Есік
алдында қырма сақал біреу темекі шегіп тұр екен. Іштегі қызу қанды
кісілерден гөрі мынаның жүзі жылы көрінгесін, қатарласа бере онан
Ə
зімнің қасындағы жуан қараны сұрап еді; "институт директорының
ғ
ылыми жағын басқаратын орынбасары ғой",– деді; "аты қалай?"– деп
сұрап еді; Жəкең ғой,– деді. Мынаның берген жауабынан миына бəрібір
ештеңе кірмегесін: "Өзі қай жақтың кісісі?"– деп сұрап еді; "Əз ағаңның
жерлесі. Аралдан",– деді. Бұл күліп жіберді. Бетіне таңдана қараған
иман жүзді кісіге бұл лəм деместен сыртқа ата жөнелген еді; көшеге
шыға сала жынды адамша ішек-сілесі қата күліп келеді, күліп келеді,
күліп келеді. Оңнан да, солдан да кездескен кісілер: "есі дұрыс па?" деп
тосырқап таңдана қарап тұрды да, түкке түсінбей өтіп кетеді. Олардың
ешқайсысы сенің қаперіңе кірген жоқ, көшені басына көтере күлді-
күлді де, аяқ астынан кілт тиылды. "Апыр-ай,– деді ішінен,– ғылымы
құ
рғырдың да құны арзандап кеткен екен ғой".
Елге қайтып келе жатып та жуан қара есіне түскен сайын Əзімге
қ
алай жол тапты екен деп ойлады. Жерлестігін бұлдамаса, баяғыда
көргенде шыбын қуалап кететін Жуан Жақайымда ғылым басқара
қ
оятындай қабілет шамалы сияқты еді ғой. Əлде жүн тыққан қаптай
жуан дененің бір қалтарысында бұл білмейтін асылдың сынығы жатыр
ма?
* * *
Таң таяу еді; түн күзеткен бұл əлі көз шырымын алған жоқ;
тықылдап миын шаға бергесін қабырғадағы сағатты тоқтатып
тастаған-ды. Көшенің қарсы бетіндегі дырду да бұл кезде басылған; үй


де, түз де жым-жырт. Бəкизаттың келмесіне көзі əбден жетті; оны енді
күткен жоқсың; ойлаған да жоқсың; жоқ, ойламауға тырыстың; ертеден
бері ішіңді өртеген реніш пен ыза қазір қызғанышқа айналып, көкірек
түбінде қорғасындай ауыр салмақпен шөгіп алған-ды.
Бір орында тағат тауып отыра алмай, абажадай үлкен үйді ерсі-
қ
арсы кезіп жүрді де, кенет əлдебір ой көкірегін шарпып қалшиып
тұрып қалды. Осы жігіт келген сайын бұл неге берекеті кетіп, ішінен
азып, абыржып болады? Бəсе, сонысы не? Бəкизатты қызғана ма?
Ə
лде... Əлде осы жігіттің басындағы бағын көре алмай ма? Əй, қайдам...
Астана
аспанында
жарқыраған
жарық
жұлдызға
табынбаса
табынбаған шығар, тек оның басындағы бағын көре алмаған жері жоқ
еді ғой. Қазір тұрсын, бұл тіпті баяғы бала кезде де өзінен Əзімнің
артық екенін мойындамап па еді?
Ə
зімнің ақылы артық еді; енді бағы артты; ол кезде бұл екеуі
арасынан қыл өтпейтін дос еді; ақыл тоқтатпаған алаңғасар немелер
бұл дүниеде асыр салған ойыннан да басқа қызғаныш деген қызыл ит
болатынын қайдан білсін. Қызыл итті де, онан да басқа талай иттікті
бұлар білсе соңыра талай жылды артқа салғасын білер. Ал, ол кезде
құ
рдасы барған жерін пысымен басып, ұршықтай үйіре бастағанда, бұл
ылғи көз түспейтін елеусіз шетте қала беретін. Бұл, сірə, ол кезде оның
алдына түскісі келді ме? Ондай ой, сірə, басына келді ме? Ұзын бойлы,
ақсары жігіт екі иығын жұлып жеп тұрғанда екеуінің таңдауына түскен
не бір асыл мен жақсыға ішінен ынтығып тұрса да, бұл, сірə, таласпақ
түгіл дəмететін бе еді? Бəкизатқа да дəмеленді ме? Ақ сары əдемі жігіт
бір шекесіне қарай жығыла беретін сусылдақ шашын оқтын-оқтын
артына сілкіп қап, қара көзі ұшқындап тұрғанда Бəкизат түгіл, бұл, сірə,
осы өңірдегі беті жылтыраған бір қыздан дəме қылатын ба еді?
Ə
скерге бірге алынып, елге бір мезгілде оралған екі дос сол жылы
институтқа да бірге түсетін боп уəделескен. Институтқа түсер
алдындағы уақытты бірге өткізіп жүрген-ді. Бір күні... Сол өзі түс кезі
ме еді? Жоқ, екеуі түс ауа бергенде теңізге барған екен-ау. Жағада тірі
жан жоқ екен. Екі дос бұтында тыртиған бір-бір трусиден басқа киімді
сыпырып тастап, жиекте күнге қыздырынып отырғанда да Əзімнің
алдына шығу бұның ойында жоқ еді ғой! Иə, ойында жоқ еді. Сол кезде
де Əзім адам басына келмеген төтен бірдеңе тауып алатын да, бұны
ықтияр еркіне қаратпай, лақтырып соңына ертіп əкетіп бара жататын.
Сол кездің өзіңде адамды əй-шайға қаратпай, лақтырып үйіріп тұратын
бір пəлесі бар-тұғын. Мүмкін, ол сол баяғысынан əлі де өзгермеген
шығар? Өзгерген өзің боларсың?
* * *
Ой, дариға-ай!.. Өткен күнде белгі жоқ. Қазір ол күндер көрген
түстей көзден бір-бір ұшты да кетті. Шіркін, ол кездегі өмірдің несін


айтасың! Онда жарықтық кəрі теңіздің бағы басында. Күрпіген қос
дарияны қатар емген телегей теңіз қыста да, жазда да кенерінен асып,
ісініп, ыңыранып жатқаны.
Шіркін-ай, ол кезде бұл өңірдің кісілері қандай еді! Күнге күйіп, жел
қ
аққан, өңшең сіңір қара кісілер оқта-текте соғып тұратын лай балыққа
аулары майланғанда өлгенін білмей рухтанып кететін еді-ау! Қанаты
сатырлап ақ шағалалар да көк теңізде қиғылық ұрып жатқаны. Ақ пен
қ
ызыл арасында беттақтаймен бірдей боп балыққа толған қара
қ
айықтар біріне-бірі құйрықтасып келіп жататын!
Сонан бері... Иə, сонан бері, міне, жиырма жыл. Жиырма жылда ел
ө
згерді. Жер өзгерді. Ауа бұзылды. Осы елдің ішетін суы уға айналды.
Теңіз тартылды. Теңізге құятын екі ұлы өзеннен қайсы жылдары
сыңар тамшы да тамбай қояды. Суы шағын Сырдария түгіл, ағыны
қ
атты Амударияны айтсаңшы. Баяғы Македонский заманында
Жойқын атанған, өзі де жойқын десе жойқын дарияның толқыны ақ
езуленіп, екі жағасына бұрқырап ұрып жататын қатты ағысына қайық
салса шапқан аттай ала қашатын ағыл-тегіл суын кеше жарық
дүниенің жарым-жартысын билеп тұрған құдіретті ұлы елдің
басшылары кері ағызып, Қарақұмға – қара құрдымға бұрып əкетті. Бас
аяғы жиырма жылда теңіз жары ортасынан төмен түсіп, суы ашыды.
Азған теңіздің азғантай балығы кең далада құрық көрмей тағыланып
кеткен түз қашағанындай. Қашаған балықты қуып аулаған бұл елдің
ер-азаматы ебіл-себіл. Қыс демей, жаз демей теңіз кезіп тентіреп
жүргені əне!
Бұл өңір жиырма жылдан кейін осылай болып жатыр. Ал ертең ше?
Ертең тағы да жиырма, елу жыл өткесін теңіз əбден тартылар-ау.
Аққұба жігіт анада айтса айтқандай, тартылған теңіздің түбіне түз
айналып, Арал өңірінің аңызақ аптабы күн-күн, түн-түн азынап соғып
бергенде не болады? Арал тұзы қазір Қарақалпақ пен Қызылорданы
тұншықтырып жатыр. Сол тұз ертең... Ертеңгі күні Қарақалпаққа
көршілес жатқан елді тұншықтырмасына кім кепіл?
Жасаған Ие-ау, сонда осы елдің əлгі кір сақал жаман шалдарының
"Ақырзаман боларда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар"
деген сандырағы рас болғаны ма? Солар айта беретін сол
ақырзаманның басы осы болмаса не қылсын? Апыр-ай, бұрынғы қазақ
соны не біліп айтты? Құр сандырақ емес, аржағында қандайда бір
ақиқат шындыққа көзі кəміл жеткен сенім жатпаса қайтсін? Бəлкім,
ө
зінен кейін дүниеге келетін соңырағы ұрпақтың құлқы мен пиғылын
болжаған ата-бабаның көреген біреуі түптің түбінде бұл дүниені
апатқа ұшыратар катер қайдан келетінін көкірегі сезді ме? Ендеше,
осы ауылдың кір сақал жаман шалдары жер бетіндегі тірлікті ұстап
тұрған құдірет – ауа мен су екенін де білген болды-ау?! Өзінен кейінгі
ұ
рпаққа осы екеуін көздің қарашығындай сақта деген ескертпесі ме?


Солай ма? Ал, соны сақтай алдық па? Ауаны да, суды да құртпады ма?
Ірі қара кісі еңсесін тіктеді. Өзінен қол созымдай жерге келіп қонған
жұдырықтай сұр торғайға назар аударған жоқ. Соңында жатқан
шұбалаң ізден көзін ала бере, кеудесін кере күрсінді. "Аруағыңнан
айналайын, қайран ата-баба,– деді ішінен,– мал соңында қоңын күн
тесіп жүріп көп нəрсені көкірегің сезіпті-ау. Келер ұрпақтың құлқы мен
ындыны күндердің күнінде дүниені апатқа ұшыратпай тынбасын да
білген болдың-ау, сірə?"
* * *
Бүгін күні бойы алды-артында ығы жоқ ақ қар, көк мұзда екі
аяғынан сарсылып тұрған ұзын қара кісі қасына кеп қонған кішкентай
сұр торғайды əлі байқаған жоқ; торғай түнде жауған қардан кейін де
қ
абағын ашпай тұнжырап тұрған түсі суық дүниеде жалғызсырап,
бұны қара көріп келген-ді. Тарының түйіріндей көзін бұған қайта-
қ
айта тастады да, бауырын қарға басып тып-тыныш бола қалды.
Ұ
зын қара кісі артына бұрылып, бүгін ертеңгісін осында келерде
атын тұсап қалдырған жағаға назар салып еді; бұлтты аспан астында
мұнартқан осынау бұлыңғыр дүниеден жалғыз Бел-Аран бойын
асырып тұр екен. Бел-Аранға көзі түскенде көңіліне кенет баяғыдағы
бір елес оралып жүрегі құрғыр қатты шаншып кеткені: ол Əзім
екеуінің əскерден оралған кез-тұғын. Екі дос күнде-күнде Бел-Аранммң
сол анау теңізге қарап жарланып тұрған тұмсығының дəл астына
баратын да, суға түсетін. Сол күні де екеуі аппақ ақ қайраңда аяғын суға
созып қатар отырған еді-ау. Қазір түгіл ол кезде де Аралдың жынды
желінде мəлім жоқ-ты. Əсіресе сол күні жынды жел бабын таптырмай,
қ
ырық құбылып тұрған. Бірде пышақ кескендей сап боп тыйыла қалса,
іле-шала қайта көтеріледі. Жел көтерілсе, теңізде көк толқынды көкке
атып əупіре бастайды. Есірік желге толқындар еліріп, бірін-бірі қуалап,
ойнақтап кеп қыл жиекте егіз қозыдай қатар отырған екі достың
алдында бас игендей жалп-жалп жығылады. Қайсы бір өлермені жер
бауырлап созылып кеп бұлардың жалаң аяғын дəл табаны астынан
сүйіп ап қайта шегінеді.
Құ
рбы жігіттер суға бірден түсе қоймай ананы бір, мынаны бір
əң
гімелеп отырып, өздері бұрын-соңды көрмеген бейтаныс қыздың
қ
астарына келіп қалғанын кеш байқаған еді; онда да қыздың өзін
көрген жоқ; жағалаудың аппақ ақ қиыршық құмы іш толқынымен
алысып келе жатқан əлдебіреудің аяқ алысынан хабар беріп сықыр-
сықыр етті. Соған екеуі бірдей елең етіп жалт қарады да, көзін ала
алмай қатты да қалды. "О тоба!.. Тоба!" Бұнан гөрі Əзім есін бұрынырақ
жиды. Бірақ оның да түсі құп-қу. "Тоба!" "Тоба!" Тілін кəлимаға
келтіргендей, тағы да бірдеңелерді күбірледі. Сонан басқа сөзге оның
да шамасы келмей, тіл-жағы байланып қыбырсыз қатып қапты. Тіл


қ
атуға шамасы келмегесін қасында отырған бұның қолын сыртынан
тас қып ұстап, үнсіз қыса берген еді-ау!
Қ
ыз бұлардың халін байқады ма, жоқ па, белгісіз; байқаса да жоп-
жорта түк білмегенсіген сыпайылық па, бұларға деңгейлесе бере
миығынан бір күлді де, көз салмастан өте берді.
– О, тоба! То-ба!
– Аа?
– Ештеңе емес. Ал енді, ға-жап!
– Аа?
– Ға-жап!.. Ой, ғажап!..
– Иə, ғажап! Өзі су перісі емес пе?
– Су перісі дедің бе, əй? Шынында да өзі көктен түсті ме, жерден
шықты ма?
– Білмедім...
– Біздің ауылда бұндай қыз жоқ еді ғой? Мүмкін, сен...
– Жо-қ... Мен қайдан...
– Иə, сен қайдан білейін деп едің. Асылы, бауырым, бұл қызды
білмей-ақ қой.
– Жарайды...
Бір бүйірден қадалған сұғанақ көздердің сұғы өтті ме, бейтаныс қыз
жаңа бұлардың жанынан өте бергенде əнтек қысылып, аяғын абыржи
алғанда сусылдақ топырақ борап кеткен-ді. Аяқ астынан ұшқан бір
түйір топырақ ық жақта аузы ашылып отырған бұның көзіне түсті.
– Өзіңе де сол керек. Сонша сұқтанып нең бар еді? – деді Əзім күліп.
Бейтаныс қыз ұзамай, анадай жерге барды да, бұларға сырт айнала
бере шешіне бастады. Құрбы жігіттердің қырағы көзі байқап отыр:
мынау кім де болса қала тəрбиесін көрген. Бұнда келгеніне біраз
болған сияқты. Аралдың өрттей ыстық күні мен аптап желі аялаған жас
дене құдды балқыған мыс буына тотыққандай. Қос самайлығы
бұйраланған қалың шаш иығының басына түсіп кішкене қозғалса да
желк-желк етеді.
– Əй, жүр... Танысайық!


– Не-е?
– Жүр, танысайық!
– Қа-лай?
– Қалайы сол, барамыз да танысамыз...
– Жо-жоқ, өзің бар.
– Өзің бар дейсің бе, əй?
Бүйдеп өзіне, əлде бұған айтқаны белгісіз; қалайда əйтеуір оның да
осы қазір өзін қинаған екі ұдай ойдың қайсысына тоқтарын білмей,
іштей толқып тұрғаны байқалады.
Қ
ыз бұларға назар аудармады; ақыл-есі ауысқан кісідей аңтарылып
қ
алған екі ашық ауыз бұл дүниеде бар ма, жоқ па, оған бəрібір сияқты;
шашын артына қарай бір сілкіп тастап, теңізге бет ала берген-ді. Əдейі
осы сəтті тосқандай, қыр жақтан колхоз клубының маңдайшасындағы
сырыққа ілген радио қытырлады; іле-шала бір жас дауыс сызылтып əн
шырқады; мынау əн болса да заты биге келетін бұралған əсем саз екен.
Ə
зім орнынан атып тұрды. Оның неге бүйткенін білмесең де, сол арада
сенің əлденеге жүрегің дүрсілдеп қоя берген еді-ау!
– Ал, бала... Құдайға сиына бер. Мен кеттім.
Сен Құдайға сиындың ба, жоқ па, қазір есіңде жоқ; есіңде қалғаны:
теңізге беттеген қыз суға башайының ұшы тиер-тиместе кілт тоқтады
да, маңдайы аумай тұп-тура өзіне қарай келе жатқан жігітке бұрылып
қ
арады. Мына жігіттің он екі мүшесі əлдебір шебер қол ерінбей-
жалықпай бас-басына бір-бірлеп қашап істегендей мінсіз екен. Қыз
бас-аяғына асықпай көз жүгіртті де, бағанағы мысқыл күлкіні бетіне
қ
айта шаптырып, теңіз суына қымсынбай кіре берді. Өмір бақи есірік
желмен ерегісіп келе жатқан теңіз осы кезде күш шақырғандай қайта
ыңыранып, қара көк толқын ереуілдеп иық көтере бастаған-ды. Аспан
ала бұлт. Сонау алыста бірде қосылып, бірде аралары ыдырай сала
ыққа қарай жөңкіліп бара жатқан аудаң-аудаң ақ бұлттар бауырындағы
көлеңкесін өзінен аудырмай төмендегі теңізге түсіріп, теңбіл-теңбіл
көлеңке жал-жал толқындармен тербеліп шайқалып кетеді. Сен
аспанды да, аспандағы бұлтты да көрген жоқсың. Алакөз алақтап
біресе қызға қарады. Біресе досына қарады. Қайсысына қараса да алақ-
жұлақ көзде бір үрей, бір үміт кезек алмасып, жанары ешкімге
тоқтамады. Əлі де болса сенбей тұр. Əлі де болса, мынау досының
бұның алдында кейде өстіп ерсініп едіреңдеп-едіреңдеп барып
басылатын əдеттегі қыры сияқтанып еді. Жоқ!.. Жоқ, əй!.. Мынаған,
сірə, дауа болмас!


Сен де орныңнан атып тұрдың. Қатты толқығанда бір орында
құ
йрық басып отыра алмай, тұрып кететін əдеті. Досын жаңа
көргендей, оған қызыға қарап тұрды да, басын шайқады.
Қ
ыз қайырылған жоқ; түбіне дейін көрініп жатқан мөп-мөлдір суға
кеуделеп сүңгитіндей қолын ілгері созды; дəл осы кезде төбеден ауып
бара жатқан ақ шарбы бұлттың тасасынан күн шықты; шақырайған
ө
ткір сəуле көзін қарыды ма, қыз басын бауырына тартты; алақанымен
су іліп алып, денесін шылады; бұнысы суға бойын үйреткені ме деп
қ
алып еді; сүйтсе, жоқ... бұл кесір қыздың соңында су кешіп келе
жатқан жігіттің назарын аударғысы кеп əдейі істеген əдемі қылығы
екен; Əзім жете бергенде қыз құлаш ұрып жүзе жөнелді.
Шіркін, сол күнгі теңіз жағасы-ай! Аспан да көк; теңіз де көк; екі
арадағы ніл шайғандай көгілдір ауа тіпті көзге ілінбей күлің-күлің
етеді; құлаш ұрған қыз қолы көгілдір ауада шұғыл, шалт сермеген құс
қ
анатындай лып-лып; құлаш сермеген сайын кеудеден жоғары жағы
судан суырылып шығып-шығып кетеді;
Қ
ыз əлі артына бұрылған жоқ; теңіз өкіріп жатыр; қарсы алдынан
кеуде қаққан толқынға да қарамай қиқарланып алған өжет қыздың су
ішіндегі əрбір қимылы, əсіресе құлаш ұрып бара жатып оқтын-оқтын
күн сəулесіне кеудесін жарқ еткізе шалқасына аунап түскеніне дейін
ана жақта шырқап жатқан əн сазына бойы балқып бара жатқандай.
Артынан Əзім де жетті.
– Ой, жі-гіт!.. Ой, жаса!..
Осы бір ырзалық сөз аузынан қалай шығып кеткенін байқаған жоқ.
Қ
ызбен қатарласа сала құлаш ұра жөнелген досыңа қызыға
қ
арағансың; бірақ қызғанған жоқ-ты. Ал енді, қыз... айтары жоқ, ғажап!
Жігіттің де кемі жоқ! Бағана бір көргеннен-ақ екеуін Құдай əдейі бір-
біріне армап жаратқан екен деп қалған-ды. Енді қазір сыртынан көз
салып тұрып казинесі кең Құдайдың бұл екеуін бір-біріне есебін тауып
қ
алай кездестіргеніне таңданып тұрған едің-ау! Қыздың қасында кетіп
бара жатқан Əзім емес, бұның өзі сияқты мəз. Қызды қиялдады. Бұл
жалғанда өмір бақи жүрегі дауаламайтын батылдыққа бел буған
жолдасының жаңа ерлігіне сүйсінді. Тек, аржағында титтей қызғаныш
жоқ. Аржағында, тек... Əттең мен де Əзімдей болсам деген арман бар!
Ə
зімдей əдемі болса; алғыр болса; жүрегінің түгі бар батыр болса ғой!
Сонда бұ да Əзім сияқты балықшы ауылдың балаларын ұршықтай
ү
йіріп жүрер еді! Балаларды бастап теңізге барар еді. Суда шағаладай
шулап жүрген балаларға өзі бас болып жағаға жүгіріп шығып ыстық
құ
мға бауырын басып жата-жата қалғанда... Жоқ, ол суға əлі де түсе
қ
оймаған болса... Əлгіндегі Əзім екеуі сияқты бұлар да жағада əр
нəрсені бір əңгімелеп отырғанда... Иə, дəл сол кезде бұрын-соң
көрмеген бір бейтаныс қыз... Иə!.. иə, көктен түскені, əлде жерден


шыққаны белгісіз бір сондай ғажап сұлу қыз бұлардың қасынан өте
бергенде, жел ұшырған бір түйір топырақ бұның көзіне түссе... Қыз
соны көріп қалып, кілт тоқтай қалып "не болды?" десе... Бұл түк те
болмағандай "дəнеңе емес" десе; бұл сүйдесе де, бірақ қыз кетпей,
қ
асында тұрып алса... Сосын бұның құм түскен көзіне еңкейе бергенде
қ
ыздың ыстық демі бетіне тиіп, бұл ду ете қалса... Жоқ!.. Жоқ, Əзім
қ
ызармаушы еді ғой. Жəне ешкімнен қысылмайтын. Ендеше, бұ да
қ
ысылмауы керек. Қайта, қызға: "Жүр, суға түсейік!" деп сүйрелей
жөнелсе... Сосын бұлар да ана екеуі құсап өкірген теңізде, өжектеген
толқынның қарсы алдынан кеуде қаққан қарсылығын да бұйым
көрмей, қатарласып құлаш ұрып жүзіп бара жатса... Бұлар тіпті теңіздің
арғы бетіне шығып, жағада күнге қыздырынып жатып алса... Сонан,
тек ел жата... Жоқ, бұл тым кеш... Күн ұясына қонғанда екеуі қайтып
келсе, о, масқара! Ауыл у-шу. Бұларды іздеуге шыққан кісілер қайықты
суға салып, ескекке жаңа отыра берген абыр-жабырда...
Бұл кілт тоқтады. Елеңдеп құлағын ілгері тікті. Көк теңіздің əлдебір
жерінде қиғылық ұрып шаңқылдап жатқан шағалалар құдды бұларды
іздеуге шыққан əлгі кісілердің бір-біріне дауыстап, шаң-шұңдаған
ə
бігері сияқтанды. Анықтап айналаға көз салып еді; теңіз өңірінің əлгі
бір көңіл ашар ескек желі бағанағыдан гөрі сəл көтерілген бе, əйтеуір,
сыпыра жағалауды жиектеп ескен көк құрақ судырлап сөйлеп тұр екен.
Бала құрақ болғасын өздері албырт, елгезек. Теңіз беттен ескен
болмашы лепке де үпір-шүпір боп бəрі бірдей қуана бас шұлғып,
құ
нжыңдап жатыр. Ескек желден кішкене пəрмен болса, көре қал,
мыналар су шайған жұлығын қыл жиектің қайраңынан дереу суырып
алып, қазір-ақ жас балаша желмен бірге жарысып құлдырай
жөнелетіндей. Сонан кейін де ойынға тоймайтын өздерінің
ойнақылығына басып, құлдырап шапқылап бара жатып жел астында
бір-біріне бас иіп сыбдыр-сыбдыр, судыр-судыр сыбырласа ма, қалай?
Құ
лағын тігіп еді, сусылдақ немелер бұған күле ме қалай? "Мынау
бұнда не қып тұр дей ме? Өзінің есі дұрыс па? Ана Əзімге ұқсап
құ
рбысымен неге ойнап күлмейді?" деп мына судырлақтар аузы-
аузына жұқпай сумаңдай ма, қалай?
Сол арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді; құр қиялға əуейіленген өз
қ
ылығыңнан өзің ұялғандай, бетіңдегі берекесіз күлкіні дереу жиып
алып, жан-жағыңа қарап едің-ау. Сүйтсе, əлгінде өздері шешінген жерге
қ
айтып кепті; Əзім киініп апты; ал, қыз бір шаршы қызыл орамал
қ
олында желбіреп, анадай жерде ауылға бет түзеп кетіп барады екен.
– Ой, сен қайда жүрсің?– деді Əзім.
– Мен... Мен бе?... Осы арада... Өзің ше?
– Өзім қатырып танысып алдым.


– Қойшы?..
– Қоятыны жоқ. Əкесі бухгалтер екен. Бұрын қалада істепті. Сені мен
біз əскерде жүргенде, осында жұмысқа ауысқан көрінеді. Қыз биыл он
жылдықты бітіріпті. Алматыға оқуға бірге баратын болып келістік.
Құ
рдасыңның батылдығына əрі таң қалып, əрі ырза болғаның
сонша, сол арада аспанға қарап əуелете бір ысқырып жібергенсің-ді.
– Əй, сен неге мəз болдың?
– Мен бе? Жəй...
– Жүр, қуып жетейік. Таныстырайын.
– Жо-жоқ... кейін...
– Аты Бəкизат екен.
Қ
ыз атын ұмытып қалатындай, ішіңнен қайталағанда тіліңнің ұшы
құ
дды шоққа тигендей өртеніп кете жаздаған еді ғой. Сүйткен
Бəкизат...
Апырай, тағдыры құрғыр да қызық-ау!..
* * *
Сол жылы бұлар астанаға бірге барды. Абырой болғанда, үшеуі де
оқуға түсті. Үшеуі үш институтқа түссе де, бірақ бір-бірімен жиі
кездесіп жүрді. Əсіресе, Əзім мен Бəкизат күнде кездеседі. Жастар
кешіне, киноға, театрға барады. Анда-санда бұны да қасына алып,
ү
шеуі жұбын жазбай бірге қыдыратын. Оқуға түскен жылы бұған да
Бəкизатпен жиі-жиі кездесіп тұратын бір сылтау табылды: қалалық
комсомол комитеті шақырып жатыр дегесін бұл жүгіріп барса, бір топ
бейтаныс студент арасында Бəкизат та отыр екен. Бұны көргенде
қ
уанып кетті. Атып тұрып, жұрт көзінше бұны құшақтай алды...
Бұларды қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
қ
абылдады. Бастық деген аты болмаса, бұда бұлардың аз-ақ
алдындағы бала жігіт екен. Сонысынан өзі қысылатын сияқты.
Қ
абылдау кезінде өзін ересек көрсетуге тырысып-ақ бақты, сөйлеп
тұрып өз өзінен қайта-қайта қодиланып, иығын қомдап-қомдап қояды.
Соны байқап қалған Бəкизат төмен қарап күле жаздап, өзін əрең ұстап
отырды.
Ө
зін қала жастарының көсемі сезінетін пысық жігіт сөйлемес бұрын
ə
уелі графиннен стаканға су құйып ішті. Сосын қылғындырып
байлаған галстук мойнын қысып бара жатқасын тамағының дəл
астындағы бір түймені ағытып қойды, əңгімені сосын бастады.


Сондағы айтқаны: бақытты совет жастары... бақытты совет жастарына
көрсетіліп жатқан қамқорлық... партия сенімі... Сол ұлы сенімді
кірлетпей, абыроймен ақтау... коммунизмді жиырма жылдан кейін
кəміл көретін қазіргі ұрпақты тəрбиелеу баршамыздың борышымыз,–
деді де, өзін қала жастарының көсемі сезінетін жігіт осы арада кенет
қ
ынжыла қабақ шытты. Сосын түсін суытып: "қайсы инстутте сабаққа
айлап, апталап келмейтін қыздар бар көрінеді",– деді. Ата-ана ырқына
көнбей, бетімен кетіп жүрген қыздардың бұзық жолға түсе бастағаны
жөнінде милициядан астыртын қағаз түсті деді. Совет жастары деген
абыройлы атаққа кір келтіріп, бетімен кетіп жүрген бұзық қыздарға
ү
гіт-насихат жүргізіп, коммунистік рухта тəрбиелеу баршамыздың
мойынымыздағы парыз деді. Бəкизат пен бұған бетімен кеткен бес
бұзық қызды тəрбиелеу жүктелген еді; бұл қылжақбас Əзімге жақсы
болды: ол Бəкизатты "тəрбиеші апай" деп, бұны "тəрбиеші ағай" деп
жыл бойы бұл екеуіне күн көрсетпей, мазақтап болған-ды.
Бұлар күндіз сабақта. Лекция. Зачет. Емтихан. Түсте топырлап
буфетке барады. Құдайы қалаған күні қалтасын қағып бір бутерброд,
бір стақан шай алады: сосын кітап пен конспектіден көз айырмай, екі
ұ
рты бұлтылдап отырып жүрек жалғаса жалғап, ал Құдайы қаламаған
күні қайыс белбеуді қаттырақ тартып байлап алады да, күні бойы
зачет, экзамен тапсырып жанталасып жүреді. Сонан кейін күн батып,
қ
ас қарайғасын қолы босап, əлгі ата-ана ырқына көнбей, бетімен кетіп
жүрген бейбақтарды тəрбиелеуге шығатын.
Бəкизат бұны бірінші күні-ақ таң қалдырды. Оқуға қаншалық
ыждаһаты барын кім білсін, ал қоғамдық жұмыс десе құлшынып шыға
келетін пəлесі бар екен. Бұл болса, қаланың бетімен кеткен қыздары
түгіл, балықшы ауылдың бірдеңе десең беті ду ете қалатын бұйығы
қ
ыздарына да батылы жетіп сөз айта алмайтын. Сосын қоғамдық
жұмыстан ат-тонын ала қашатын. Əсіресе, əне бір пионер, комсомол
отырысын, əн-би кружогын, спорт кружогын жек көретін. Оларға
қ
атысқанша бұл ауылда да бір есебін тауып мектептің отынын жарып
беруге, класты жууға, ауланы сыпырып тастауға əзір тұратын-ды. Осы
жолы да Бəкизаттың ызасына тиіп болды. Басқасын қойғанда
Бəкизаттың пəлен уақытта кездесеміз деп уəделескен жерге ылғи
кешігіп келеді. Күте-күте екі көзі төрт болған қыз шыдамай, өзі іздеп
тауып алады да, түк демейді, тек сағатты көрсетіп, басын шайқайды.
Сосын сенің лекцияң бар ма, сабақ тапсырасың ба, жоқ па, біріне
қ
арамайды. Тіпті, құлақ аспайды. Солбырайған құлықсыз түріңе көзін
тастаса тастайды, тастамаса қолыңнан шап беріп ұстайды да, "ал
кеттік!" деп əй-шəйға қаратпай сүйрелеп ала жөнелуші еді.
Несін айтасың, ол күндер бұның ит-ыржыңмен өткен берекесіз
тірлігіндегі ең бір қимас кез еді ғой! Үсті-басына мұқият қарайтын
аппақ əдемі қыздың өзі түгіл, оның аяқ басысын алыстан танушы еді!
Қ
ара сүрік туфлидің қазықтай тақасын тақтай еденге қалай басып,


қ
ыдыңдап келе жатқан шымыр, ширақ аяқ алысын топырлаған көп
тұяқтың арасынан жазбай танитын. Орталық көшелерге жетпейтін
жарық қала шетінде қайдан болсын. Бұлардың сорына ата-ана ырқына
көнбей, бетімен кеткен əлгі қағынғырлардың бəрі шетте тұратын боп
шықты. Қала шетіндегі жапырайған аласа үйлер қараңғы түсісімен
қ
ақпасын тас қып жауып алады екен. Тастай қараңғы көшеде аяқ
жолын таба алмай, сүрініп-жығыла бергесін, Бəкизат бұны қолынан
тас қып ұстап алды. Көшеде жан жоқ. Əлде қалай кездескен бірен-
саран кісіден сұрап, ештеңе шығара алмаған қыз соқыр сəуле
сығараңдаған терезелерді қағады; тот басқан топса сықырлап, есік
ашылады:
– Кімсіңдер?
– Комсомол комитетіненбіз. Сіздің үйдің нөмірі қандай?
– Маңдайшада жазылған...
– Көрінбейді.
– Сендерге кім керек?
Құ
дай дес бергенде, іздеген қыздың дəл үстінен түсіпті. Бұлар
келгенде қыз кір жуып жатыр екен. Шынтағына дейін сыбанып алған
сабын-сабын қолын судан алып, еңсесін тіктеп еді; алды ашық
халаттың омырауынан əжептəуір бұлтиып қалған қарны көзге түсті.
– Кешіріңіз,– деді Бəкизат қызға бір, қолындағы тілдей қағазға бір
қ
арап,– Комсомол комитеті берген тізімде... Міне қараңыз... Сен... жоқ,
сіз...
– Жарайды, түсінікті...
– Көрдіңіз ғой? Міне, бірінші боп сіз тұрсыз. Саналы Совет
жастарына... əсіресе қыздарға тəртіпсіз... тəрбиесіз... қалай десем екен?..
Сен ренжіп қала ма деп, зəрең қалмай тұрған сын-ды жоқ, мына қыз
бұндайдың талайын керіп, еті өліп кеткен бе қалай? Су-су қолының
сыртымен көзіне түскен шашты кейін қайырып жатып:
– Бетімен кеткен десең де, тəрбиесіз десең де бəрібір. Іздеген
қ
ыздарың мен болам,– деді.
– Сіз... Сіз ата-ананы тыңдамай, үйден кетіп қала беретін көрінесіз
ғ
ой. Сонда... Айтыңызшы, қайда жүресіз?
– Бетімен кеткен қыз қайда жүруші еді. Оны сен білмей-ақ қой.
– Ал, милиция?..


– Үйге қонбай кеткесін, шешем милицияға айтыпты.
– Қазір қалай... Үйге қонасыз ба?
– Əрине... Күйеуім бар ғой.
– Демек... түзелген болдыңыз ғой?
– Түзелдік қой,– деп қыз бұлтиған қарнын сыртынан қағып-қағып
қ
ойды. Шыны ма, əлде өзін ығыр қылған сөзден мезі болғасын бұларды
ə
ншейін алдарқатып шығарып салғаны ма? Сен екі ұдай ойда кеттің.
Бəкизат тізім басында тұрған қыздың тұсына "түзеліпті" деп белгі
қ
ойды. Күзгі қара суықта қала шетіндегі тастай қараңғы көшелерде əр
ү
йдің есігін қағып, қағынғыр қыздарды іздеп жүруге сенің тіпті құлқың
жоқ. Қайтайық деп қанша қыңқылдасаң да, Бəкизат құлақ аспай қойды.
Тас қып ұстап алған қолыңды да босатпады. Бетімен кеткен
бейбақтарды коммунистік рухта тəрбиелемек боп қала шетіндегі
қ
иқы-жиқы қараңғы көшелерде салпылдап жүріп алған еді. Бұған салса,
қ
ағынғыр қыздардың бəрінің тұсына "түзеліпті" деп белгі қояр еді де,
тізімді комсомол комитетіне апарып берер еді. Сол күні де Бəкизат
ə
деттегідей жол бастап, əлде бірдеңелерді айтып, аузы тыным таппай
сөйлеп келе жатқан-ды. Соқыр терезеден сығыр сəуле жылтыраған
ү
йге жақындай бергенде қыздың дəл аяғы астынан мысық баж етіп ата
жөнелді. Бəкизат шошып қап шыңғырып жіберді. Жалт беріп, қос
қ
олын ілгері соза ұмтылған сенің құшағыңа құлай кеткен-ді. Сен қанша
жұбатсаң да, Бəкизат жуық арада өзіне-өзі келе алмай, талдырмаш нəп-
нəзік денесі дір-дір етіп бауырыңа жабыса түсіп еді-ау. Осыдан кейін
Бəкизат сені қасынан бір аттам жібермей, қос қолдап жабысып ұстап
алды.
– Қыздар өздері де түзеліп қалыпты ғой. Осы шаруаны енді қояйық,–
деп сен күлген едің де, сол күні Бəкизатты жатақханасына жеткізіп
салғансың-ды.
Сонан бері қанша заман. Оқу бітірді. Үйленді. Он үш жыл бірге өмір
кешті. Енді, міне, жас ортасына келгенде дəм-тұз жараспай, Тəңірінің
басқа түскен бұл тауқыметін де көтеріп алғалы тəуекел етіп тұр. Бір
кезде өлердей жақсы көрген сол əйелді осы қазір өз қолымен өлтіруге
пейіл боп қаның қарайып тұрып та, баяғыда құшағында дір-дір еткен
сол талдырмаш жас дене есіне түссе, əлі де жаны үзіле жаздайды. Бұл
не? Жігерсіздік пе? Намыссыздық па? Əлде, кім білсін, жуық арада өліп
болмайтын əлгі бір жаны сірі сезімнің əлі де болса үзілмей жатқан
ə
лдебір тамыры ма?
* * *
Қ
алайда, сол жылдар көңілді еді! Əзім астанада тұратын


құ
рылысшы ағасының үйінде жатқаны болмаса, көбіне жатақханада
жүреді. Ағасы астана тұрғындары "дворяндар ұясы" деп атайтын
бастықтарға мекен болған тыныш көшеде тұрады екен. Табыскер,
күйлі ағасы Əзімді мұздай қып киіндірді. Бұрын да ақсары əдемі жігіт
бас-аяғы сықиып киініп алғанда қыздар тұрсын, көшеде көзі түскен
көлденең жұрт бұрылып бір қарамай өтпейтін.
Астанаға келгелі Əзім қатты өзгерді. Ауылда əкесі ұрысса
ұ
рысқандай көті қоныс таппай, ұшып-қонып жүретін жеңілтек Əзім
астанаға келген күннен бастап біреу өзіне тиым салғандай көрер көзге
ө
згеріп, салауатты бола қалды.
Аузын ашса тек ағасын мақтады: ағасы атақты құрылысшы: Үлкен
Кісімен дос. Өзге түгіл, құрылыс министрінің өзі ағасының алдында
құ
рдай жорғалайды, бұлар Əзімнен құрылысшы ағасының қанша
ордені барын да біліп алған-ды. Бір күні сəті түсіп, бұл Əзімге еріп
ағасының үйіне барып еді. Ағасы үйде екен. Жұрттың бəріне солай ма,
ə
лде бұларды баласынды ма, əйтеуір Əзімнің соңын ала кірген бұған
бұрылып та қараған жоқ, тек көз қиығын тастады да, лəм деместен
сыздана басып аржағында тұрған креслоға барып отырды. Сонан кейін
де бұл Əзімге еріп талай барды. Бірақ соның бəрінде де ағасы үйде
болмады.
Ал, Əзім "жеңгем" деп таныстырған шінжау, арық əйелді сен
шынымен аяушы едің. Анада, өзің көретін мейлінше маңғаз, нағыз
еркектің жұбайы дегенге сен сенер-сенбесіңді білмей, жалтақтап қарай
бергенсің-ді. Қараған сайын мына бишара əйел анадағы еркектің
жарынан гөрі есіктегі малай қатынға көбірек ұқсаған еді де, қашан
кетер-кеткенше əлдебір аяныш сезімнен айыға алмай қоятын.
Астанаға келген күннен бастап Бəкизат сені қызбен таныстырам
деп əлекке қалды. Əзім екеуі ертіп киноға апарады, театрға апарады.
Кейде жастар кешіне бірге бара қалғанда, Бəкизат бұған үнемі бір
қ
ызды сыртынан көрсетіп: "Қалай?.. Ұнай ма?" деп мазасын алып
болатын. Былайғы кезде де сенің бірдеңең болмаса, бірдеңеңді күлкіге
айналдырып жүретін Əзімнің құдайы берді. Тұла бойыңнан түк
таппағанда əрі-берідесін аузыңды, мұрныңды қылжақтайтын жігіт. Бір
күні бұның жанына қатты бататын осал жерін ұстап: "Бəкизат қазір
кітап бетін ашуды қойды. Оқу жөніне қалды. Жатса-тұрса ойлайтыны –
Жəдігерді қызбен таныстыру", – деп жастарды қыран-топан күлдіріп
еді, құшағына кіріп жабысып тұрған Бəкизат қолын Əзімнің
қ
олтығынан босатып ала бере, "ну, ты!" деп оны итеріп қалды да, сырт
айналып кетті. Сонан кейін Əзімнің көзінше ештеңе айтпайтын болды.
Құ
пиясы болса, бұны оңашалап шетке алып шығады. Айтпас бұрын
ə
уелі жан-жағына қарап алады. Сосын өзінен қол созым биік жігітке
бойы жетпей бара жатқасын өкшесін көтеріп, құлағына құпиялап "бір
қ
ыз бар..." дей бастағанда, сен қайда кетеріңді білмей, құлағың дуылдап


ала жөнелетінсің. Жазғы каникулда да бұлардың жұбы жазылған жоқ.
Бел-Аранның ығында отырған балықшы ауылдан қырық шақырым
жерде, Орынбор жағалауы деп аталатын теңіз жағасында кен іздеген
геологтар тұратын. Басқа жерге қарағанда сол араның суы ала-беле
терең; түбі де аппақ ақ қайраң; ешқашан лай шалмай көз жасындай
мөлдіреп тұратын тұнық судың жағасына геологтар үш қабат үй салып,
асхана, дүкен ашып, жазда үй іштерімен демалатын.
Бірінші курсты бітірген жылы Əзім балықшы ауылдың жастарын
Орынбор жағалауына апарып, теңіздің су шайып жатқан жағасына екі
шатыр тікті. Бірінде – ер балалар, екіншісінде – қыздар. Ер балаларды
– Əзім, қыздарды Бəкизат басқарды. Қыздарын қатал ұстайтын кəрі
қ
ақсал "ə" дегенде Бəкизатты жібермей, əлек шығарып еді; епті Əзім
тілін тауып көндірді; соның өзінде кəрі қақсал қызын оңашалап, жеке
алып отырып құлағына көп нəрсені құйып, "ер балалар зұлым, қу
болады" депті; "жіліктің майын жұтқызғандай жылы сөз, жаудыраған
көзбен-ақ жас қыздардың жүйкесін құртады" – депті; "есіңде болсын,
аңғал қызым" депті кəрі қақсал кеткісі кеп қипақтай бастаған
Бəкизаттың бір қолына қағаз, екінші қолына қалам ұстатып: "жаз!"
депті: "ер балалармен екеуден-екеу кездеспе, бұл бір", – депті; "шарап
ішпе, əсіресе, шампан деген пəле бұрын-соң ішкілікпен əуестенбеген
жас адамның бірден басына шабады"– депті. "Шампанды татып алма,
бұл екі",– депті; сонан кейін де кəрі қақсал қызына тесірейе қарап
отырып, он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздар ата-ана көзінен
аулақта жүргенде өзінің абыройына кір келтірмейтін бұнан да басқа
тағы талай "үйтпе-бүйтпелерді" оқушы дəптерінің екі беті толғанша
жаздырыпты да, төрт бүктеп сыртынан су өтпейтін жып-жылтыр
бірдеңемен қаптап, мойнына тағып жіберіпті. Ақ жарқын ашық қыз
сырын сыртқа шығарғанша шыдамы қалмайтын. Осы жолы да ол Əзім
мен бұны шетке оңашалап алып шықты. Өзі көңілді, сықылықтап күле
береді. Қара көзі жайнаңдап, Əзім мен бұған кезек қарап:
– Мынау не? – деп мойнындағы жіп бауы бар жылтыр бірдеңені
көрсетіп еді.
– Бойтұмар ма? – деді Əзім.
Бəкизат басын шайқады.
– Ал... білсең, өзің айтшы!
– Бұл...Қалай десем екен?.. Бұнда менің... мамама берген антым бар.
– Не-е?.. Ант?..
– Күлме. Шын айтам.
– Түсінсем не дейсің...


– Түсінбейтін түгі жоқ. Ана жаққа барғасын қыздарға тиіспей,
тыныш жүріңдер. Əсіресе, се-н... Енді білдің бе?
– Бəтішжан... бұл қолдан келмейтін, қиын шаруа екен. Жарайды, оны
бара көрерміз,– деді Əзім күліп.
Көріп тұрсың – досыңның миына түк кірген жоқ; оның "бара
көрерміз" дегені де, барғасын "өзім білем" дегені еді; оның "өзім
білемінің" аржағында шынында да, өзге ешкім емес, тек оның өзі біліп,
ө
зі шешіп, өзінің білгенімен ғана жүретін жігіттің осы жолы да тек
ө
зінің қалауы болатынына нығыз сенім жатты; шынын айтқанда, қыз
сөзіне сен де мəн берген жоқсың; өйткені өзгені білмесең де, осы қызды
жақсы білетінсің: бұл өзінің апа, сіңлілеріне мүлде ұқсамайтын; ал
балықшы ауылдың жұрт алдында "ішімдегіні біл" деп жұмған аузын
ашпай, төмен қарап тымырайып алатын бұйығы қыздарына, болса-
болмаса да, ұқсамаушы еді; еркек алдында өзінің нəсілі əйел екенін ол,
сірə, бір сəт есінен шығарып көрген емес. Қашанда болса назданатын
жерде назданып, қылымситын жерде қылымсып, жанары шоқтанып
тұратын қара көзін жанындағы жұртқа жалт-жұлт тастап, жайраңдап
еркелеп тұратын; сен оның Əзім екеуіңе айтқан жаңағы сөзіне де онша
мəн бере қойған жоқсың-ды. Оны да осы қыздың тек өзіне ғана
жарасатын көп қылықтың бірі шығар деп қалғансың-ды. Сөйтсе, жоқ...
Шыны секілді. Орынбор жағасына келген сəттен бастап, Əзімнен
іргесін аулақ салып, бойын тартып ала қойды. Керек десе, Əзіммен
бірге киноға да бармады. Биге де шықпады. Орынбор жағасына келген
күні... Жоқ, ұмытпаса, соның ертеңіне Əзім құшақтамақ болғанда, қыз
жолатпай ыршып түсті. Ештеңеден беті қайтып көрмеген жігіт
құ
шағын ашып қайта ұмтылғанда, қыз оны кеудесінен тіреп тұра
қ
алды:
– Мынаны білесің ғой,– деді мойнындағы бойтұмарды көрсетіп.
– Ой, оны қойшы!
– Қоятыны жоқ, болмайды.
– Шешең көріп тұрған жоқ қой.
– За то Құдай көреді. Антты бұзған күнə.
Ə
зімнің қабағы түсіп кетті. Бұл оның көкірегінде көптен бері сары
уыздай шайқап жүрген арманы еді; енді соны дəл іске асырмақ
болғанда, кесір қыздың қырсығып көнбей қойғаны ызасына тиді.
Бəкизат оның көңіл күйін көрсе де, түк білмегенсіп қыздардан
жұбын жазбай қойған-ды. Тек бір жолы... Сол өзі ұмытпаса түс ауып,
күндізгі аптап ыстықтың беті қайтқан кез-тұғын. Суға ұзақ түскен
қ
ыздар мен жігіттер жағаға жүгіріп шығып, ыстық құмға бауырын


басып жата-жата қалды. Əзім анадай жерде газетпен бетін бүркеп
жатқан Бəкизатқа білдірмей, аяғын ақырын басып жақындап барды.
Бəкизат оны байқаған жоқ; тек Əзім газеттің бір шетін көтеріп, бетінен
сүйгелі ұмтыла бергенде, қыз атып тұрды.
– Болмайды.
– Бір рет...
– Жарты рет те болмайды. Ауылға барғасын, пожа-луйста.
– Орамал арқылы сүюге де болмай ма?
– Орамал-л?..
– Иə, орамал арқылы. Құдай біледі, шешеңе орамал арқылы
сүйіспеймін деп уəде берген жоқ шығарсың?
– Əй, бұл басыңа қайдан келді?
Екеуі қосыла күлді. Осыдан бастап олар орамал арқылы сүйісіп
жүрді. Əзім қызды сүйетін кезде əрдайым жанынан аппақ ақ жібек
орамал шығаратын.
Бұлар күнде-күнде тал түсте демалатын. Жігіттер палатканың
іргесін түріп тастап шахмат ойнайтын да, ал қыздар бұнда келгелі де
қ
ыз сырының шетіне шыға алмай, өзара сыбырласып, сықылықтап
күліп жатушы еді; бір күні түсте күлкі сап боп тыйыла қалды. Бірақ
ойын қызығына түскен жігіттер оны байқаған жоқ. Керек десе, сонан
бастап қыздардың күнде тал түсте палатканың сырт жағындағы ақ
шоқалақтың тасасына тығылып отырып ұрланып шарап ішіп, сосын
қ
ақалып-шашалып темекі шегіп жүргенінен де бейхабар еді; Тек,
ауылдан шығарда анасына ант берген Бəкизат бұған араласқан жоқ-
тын. Қыздарға сыртын беріп, теріс қарап отырып топыраққа əлде
бірдеңелерді сала бастаған еді де, кенет есіне не түскенін қайдам,
мойнындағы бойтұмарды ашып қарады. Көз жүгіртіп, асығыс оқыды.
Ө
зіне өзі сенбегендей, көзін уқалап жіберіп қайта оқығанда қуанып
кетіпті.
– Қыздар! Қыздар!– деп орнынан атып тұрды.– Қыздар, бері
келіңдер! Міне!.. Міне, қараңдар!– деп бойтұмардағы жазуды əр қызға
бір көрсетті.– Көрдіңдер ме? Міне!.. Міне, оқыңдар! Мамам "шарап ішпе.
Шампан ішпе" деген ғой. Ал... сыра ішпе деген жазу жоқ. Ал, кеттік!
Сыра ішеміз.
Сол күні Бəкизат сыраны қыздардың бəрінен көп ішіпті. Келесі
күннен бастап қыздар палаткаға сумка-сумка сыра əкеліп, жігіттерден
жасырып ішетін болыпты. Босаған бөтелкелерді дүкенге тапсырмай,


палатканың о жер бұ жеріне құмға көме беріпті. Сонан бір күні бұлар
ауылға кайтатын болды. Ойында ештеңе жоқ. Əзіммен бұл екеуі
қ
ыздарға көмектесіп палатканы жығып жатқан-ды. Əзім де, сен де аяқ
астында бұлтылдаған жұп-жұмыр бірдеңеге табандарың тайғанап,
құ
лап қала бергенсіңдер. Шалқалап құлаған Əзім əлгі құм арасында
бұлтылдаған тастай бірдемеге басын қатты ұрып алды. Ыңырсып біраз
жетті. Сосын жатқан жерін сипа лап, құм арасынан сыртында "Жигули"
деген жазу бар бос бөтелкелерді қазып алып жатып:
– Жəдігер, бері кел! Көр, мына софы қыздардың не істеп жүргенін,–
деді.
Қ
ыздарда үн жоқ. Əсіресе балықшы ауылдың қыздары бетінен от
шығып, бірінің тасасына бірі тығыла берді. Тек Бəкизат қыңған жоқ.
Қ
айта өзінің осындайда ештеңеден тайсалмай, қайсарланып кететін
ө
жеттігіне мініп, екі бүйірін таянып алды.
– Сен қыз тұра тұр. Осыдан ауылға барғасын көресің. ІІІешеңе айтам.
– Айта бер. Мамамның өзі кінəлі. Сыраны жазбаған.
Бұлар жүкті машинаға тиесе де, табан астынан айнып, тағы да бір
күнге ерулеп қалды. Бұған қыздар да, жігіттер де қуанып, даланы
басына көтере дуылдап дүкенге барды; бөтелке-бөтелке сыра
құ
шақтап, қосқа келді; палатка құрған жоқ; тор қалтадағы сыраларды
мұздатып суға салып қойды да, сол күні таң атқанша ашық аспан
астында сайранды салған еді-ау! Əуелі əн айтты; сосын биледі; күн
қ
ызуы қайтқан кешкі қоңыр салқында жарысты; жарыста бірінші
орынды қыздардан – Бəкизат, жігіттерден – сен алдың. Əзімнің
ұ
сынысы бойынша бірінші орын алған екеуді жарыстырып еді; қол-
аяғы жеп-жеңіл қағілез қыз салған жерден суырылып алға түсті.
Қ
ыздар мен жігіттер қыран топан.
Бəкизат жеткізер емес. Соңында арпаң-тарпаңдап келе жатқан бұған
жалтаң-жалтаң қарап, қол созым алда бара жатқан-ды. Кенет көзіне
тер құйылды. Дүние бұлдырап кетті ме, əлде Бəкизат екеуінің арасы
ə
лгіден де гөрі алшақтап ұзай бастады ма, бұл кірпігін қағып қап қайта
қ
арағанда жаңа ғана оқ бойы алда табаны жерге тимей құлдырап бара
жатқан Бəкизат қалай болғаны белгісіз, қапелімде басқа бейнеге
ауысып, қол-аяғы шидиген əлде бір кіп-кішкентай сап-сары қыз көз
ұ
шында бара жатты. Зырқырап бара жатып, жалт етіп артына
бұрылғанда, мынаның шүйкедей сары қыз екенін, əлде түлкінің күшігі
екенін айыра алмай қалды. Əсіресе біздей тұмсығы мен бір шөкім беті,
шикіл сарылығы түлкінің күшігі сияқтанып кетті. Шықылықтаған
күлкісіне дейін қас пен көздің арасында адамға айналған түлкі
күшігінің күлкісінен аумады да, бұл төбеге ұрғандай кілт тұра
жаздады; қол-аяғы, бүкіл тұла бойы дірілдеп əкетіп бара жатқан
денесін дереу билеп алды да, жүгіріп кетті. Мынаны кім де болса қуып


жетіп, қолға ұстап көргісі келді. Қол-аяғы шидей пəлеге жете
алмағанына намыстанып ызалана бастады. Тертедей сереңдеген ұзын
аяқ арпаң-тарпаңдап аннан-саннан бір тиеді. Бірақ жете алмады; тіпті
жеткізер түрі жоқ. Жеткізбесін білген қыз артына жалтақ-жалтақ
қ
арап, сықылықтап күліп, қол созым алда зырлады да отырды.
Көзіне тер құйылып, алқына бастады. Əлі құрып бара жатқанын
біліп, қарақшыға дейін қалай да қуып жеткісі кеп өкпесін қолына ала
өң
мендеп ұмтыла берген. Қыз да сол кезде тəсіл жасап ілгері созған
қ
олының саусағының ұшы тиер-тиместе бұғып қалды. Сен қолыңды
қ
апелімде жия алмай, екпініңмен ағып өтіп, қарсы алдыңда қауқиған
ə
лдебір бұта түбіндегі топырақты бұрқ еткізе бір аунап түскенсің-ді.
Көзің қарауытып кетті. Басың айнала ма, қалай? Өзіне өзі келіп те
ү
лгерген жоқ. Қыз күлкісі енді қасынан шықты. Түлкінің күшігіндей
бір пəле тағы да зырқырап қаша жөнелетіндей қорқып, сен апалақ-
құ
палақ атып тұрғансың-ды; үсті-басыңнан сау-сау төгіліп жатқан
құ
мды да қақпастан күлкі шыққан жаққа қарап едің... Сүйтсе, Бəкизат
екі бүйірін таянып апты. Қасыңда сықылықтап күліп тұр екен.
– Ой, сен... екенсің ғой? Ал, мен... мен шатасып.
– Ша-та-сқаның қалай?
– Басқа біреумен шатастырып...
– Басқа біреу? Кіммен?
– Өзім де түсінбеймін. Көзіме...
– Көзіңе не болды? Топырақ түсті ме?
– Жо-жоқ... Қос көрінді ме, білмеймін. Түсініксіз... Бір елес...
– Елес-с?
– Құрсын, қайтесің... Ал, енді... Керемет жүйрік екенсің!
Қ
ыздар мен жігіттер ана жақта əлі де қыран-топан. Əлі де улап-
шулап даланы бастарына көтеріп жатыр.
– Демалайық!
Сүйдеді де, Бəкизат өзінің қасынан саған да орын көрсетіп қарақшы
тіккен нар шоқалақтың күнгей бетіне отыра кетті. Ақ тер-көк тері
шығыпты. Екі беті алаулап қызарған. Екі иінінен ентіге дем алып
отырып, көз қиығын саған тастап қояды. Сосын сенің самайыңнан
саулап аққан терді ып-ыстық алақанымен сүртіп отырып:
– Жəдігер,– деді қыз.


– Аа?..
– Маған ренжіген жоқсың ба?
– Жо-қ...
– Иə, ренжіме. Мен қыздар институтында қысқа қашықтықтағы
жарыста екінші орын алғам...
– Талай жүйрікті көріп едім, ал, сен... айтатыны жоқ, керемет
екенсің.
Бəкизат сен білетін қыздардың ешқайсысына ұқсамаушы еді-ау!
Ə
ттең, не пайда, жұрты құрғыр осы бір бала мінезді, ақ жарқын елгезек
қ
ыздың таныса да, танымаса да жан біткенді жатсынбай, өз аяғынан
жайраңдап жетіп баратын жайдары мінезін түсінді ме? Біреуге
жеңілтек көрініп, ойы бұзықтар оңай олжалағысы келді. Соны өзі де
білді. Бір күні бұнан "Мен жеңілтекпін бе? Қалай ойлайсың, жігіттер
жеңілтек қызды жақсы көрмей ме?" деп сұраған-ды. Сен сонда қарсы
алдыңда аузыңнан шыққан сөзді аңдып көзі жаутаңдап тұрған қызды
ə
рі аяп, əрі жанын үзіле жақсы көріп едің-ау!
Сол күні бұл үйықтай алған жоқ. Ештеңе ойламайын деп көзін жұмса
да, бағанағы елес тіріліп, көз алдына қол-аяғы шидей мыршай сары
қ
ыз тұра қалады. Осындай біреуді білетін сияқты. Бірақ қанша ойласа
да, есіне түсіре алмады. Есіне түсіре алмаған сайын мазасы кетті. Жер
бетінде ең жақсы көретін қыз, бұлайша иманын ұшырып, басқа
құ
быжық бейнеге ауысқанына қайран. Бұл не? Бұнда не сыр бар?
Түн ортасы ауды. Ұйықтай алмай зықы кеткесін түрегеп, теңіз
жағалап жүріп кетті. Ай əлі тумаған. Айдай əлемді салбырап үстінен
басып тұрған қап-қара аспанда ине шанышатын орын қалмай
жыпырлаған жұлдыздар құдды жерге құлап түсіп, түп-түгел теңіз
түбінде жымыңдайтын сияқты. Сонау аспандағы жұлдыздар сияқты
теңіз түбіндегі мына жұлдыздар да сəт сайын бірі өліп, бірі тіріліп, ал
ағып түскен жұлдыздың орнына бұлардың да бір жас ұрпағы дереу
пайда боп, сəуле шашып, жер беті сияқты ту сонау айдай əлемде де
ө
мір жалғасып жатыр екен.
Түн құшағында түксиген теңіздің əрегірек бір жерінен əлдебір құс
қ
ырқылдады. Сен оған назар аударғанша болмай, мына жақта су шолп
етті. Дəл сол арадан тағы бір балық секірді. Сірə, жар сүйген жастар
жалғыз жер беті емес, су астында да жүрегін қолына ұстаған əлдебіреу
ө
ліп-тіріліп шоршып, секіріп жата ма? Кім білсін, солай болса солай
шығар. Тек, мынау да балықтардың ішіндегі бас терісі келіспеген біреу
болар-ау. Көрмейсің бе, бұл жазған да алдынан өтіп бара жатқан ақ
шабақты ұстамақ боп ұмтылғанда, оспадар қимыл жасап, су астынан
солаң етіп көтеріліп, шалп еткізе қайта құлап түсті. Осындай оңтайы


келіп тұрғанда бұның өзі де қолына түсіп тұрғаннан айырылып қала
беретін ебедейсіздігі есіне түсіп, езу тартып күлімсіреген еді-ау!
* * *
Оқу бітіретін жылы бір күні Бəкизатты іздеп ЖенПИ-дің
жатақханасына барсаң, төрт керуетті бір-біріне бүйірін тақап
тығылыстырып қойған бөлмеде қыздар толып отыр екен; күтпегесін
бе, Бəкизат қысылып қалды. Оның қысылғанын көріп, сен тіпті
ыңғайсызданып, бұрылып қайта шығып кетудің де есебін таба алмай,
есік алдында қипақтап-сипақтап тұрып қалғансың-ды. Көңілге
болмаса, Бəкизат көбіне-көп құрбы қыздар мына терте сирақ ұзын
қ
араны жігіті екен деп ойлап қала ма деп қысылатын сияқты. Əйтеуір
бұл есіктен басын сұқпай жатып:
– Жерлесім. Біздің ауылдың баласы,– деп таныстырып еді, бір кіп-
кішкентай тықылдақ қыз:
– Жігіт біткеннің бəрі сенің жерлесің болады,– деп, шағып алды.
Қ
алған қыздар көпе-көріне құптамаса да, іштерінен ырза болып, бір-
біріне көзінің астымен қарап жымыңдасып жатыр. Бəкизат оны
байқады ма, жоқ па, белгісіз. Байқаса да құрбылар алдында сыр
алдырмай, өзін əдепті ұстап:
– Бір мектепте оқыдық,– деп еді, жаңағы қыз жарқ етті:
– Бəлкім, бір партада қатар отырған шығарсыңдар?
Сол арада не түлен түрткенін қайдам, аузын бағып жөніңе қарап
отырмай:
– Жоқ, қатар отырған жоқпыз. Əзім екеуміз мектепті Бəкизаттан екі
жыл бұрын бітірдік,– деп, аузын жапқанша болмай, əлгі жырқылдақ
қ
ыз есікке жалт қарап:
– Кімді айтса сол келеді,– десін.
Шынында да, айқара ашылған есіктің аржағынан Əзім кіріп келе
жатты. Үй тола қыздарды көргенде көзі жайнап кетті. Сен есебін
тауып шығып кеткің кеп, есік жақта отырғансың. Əзімді көргенде атып
тұрып, қайта отырдың. Күлегеш қыз бұған да жырқ етті.
Ə
зім үй тола қыздарды шетінен бауырына бір-бір қысып, Бəкизатқа
ең соңынан мысық табандап жақындап келе берген-ді. Осы сəтті аңдып
отырған əлгі жырқылдақ қыз:
– Қыздар, көздеріңді жұмыңдар!– деп еді, қыздардың да тілегені осы
сияқты, жырқ-жырқ күліп, бəрі бір кісідей алақанымен бетін баса-баса
қ
алды. Сен өзіңнің қыз емес екенің есіңе түсіп, "мен қайтем?" дегендей


жаңағы жырқылдақ қызға қараған едің; ол саған да "көзіңді жұм"
дегендей дереу ымдай қойды. Өзің қаламасаң да, үй ішін ұршықтай
ү
йіріп отырған пысық қыз бұйырғасын лажсыз көзіңді жұмып едің,
қ
ылжақ қыз құлағыңа сыбырлап:
– Енді аша бер!– деді. Бұл жолы ол күлмесе де, бірақ сен көзіңді
ашқанда қалған қыздар қыран-топан күліп жатыр екен. Қайсы бірі
ішегі түйіліп, жастыққа бетін басып құлай-құлай кетіпті. Бəкизатты
құ
шағынан босатқан Əзім енді саған бұрылып, анадағы құрылысшы
ағасы сияқтанып аяғын сыздап басып жақындап қалған екен.
Амандасқалы орныңнан тұра бергеніңде, ол сенің иығыңнан басып
орныңа қайта отырғызды.
– Ау, бала,– деп, өзіне қарағанда сенің шынында да əлі бала екеніңді
білдіргісі келді ме, қайдам, арқаңнан қақты да, – ay, сені таба алмай
қ
алдық қой. Сүйтсе, сені іздесе, тек осында келу керек екен ғой,– деді
күліп.
– Қой, жоқты соқпа. Мен сабаққа да бармай, бір жеті үйде ауырып
жаттым ғой.
Ағыңнан жарылып шыныңды айтқансың-ды. Басқа кісі болса,
қ
ысылар ма еді, ыңғайсызданып кешірім сұрар ма еді, ал Əзім
құ
лағына да қыстырмады. Қайта, саған бұл арада да ұпай салғысы кеп,
аузынан бір сөз шықса жырқ-жырқ күліп жолы бола қалатын жəркелеш
қ
ыздарға қарап:
– Бұл осылай. Ал, бұған не дейсің,– деп еді, жəркелеш қыздар бұған
тіпті мəз.
Сен əлі де болса шығып кетудің есебін таппай, терлеп-тепшіп
отырғансың-ды. Жырқылдақ қыз қалайы шəйнекті бұрқылдатып шəй
ə
келді. Қастан шықпағыр Əзім:
– Іш, бала! Іш!– деп, ыстық шайды саған тыққыштап болды. Сен
кесеге аузыңды апара бергеніңде, Əзім:
– Шай ішпесе, басы ауырады. Ағаңның бала кезден сондай əдеті
бар,– деп, қыздарды тағы күлдірді.
Құ
рсын, қара терге түсті. Қалтасынан орамал іздеп таба алмады.
Соны байқап қалған Əзім:
– Жақсы болды, ағаң терледі, енді басының ауырғаны жазылады,–
деді де, онсыз да күлкіге булығып өліп отырған қыздардың көзінше
жанынан əтір иісі аңқыған жібек орамал шығарып, бұның тершіген
алақанына ұстата қойғаны. Іш жарғыш келгірлер ду күлді.


Сен сыртқа ата жөнелдің. Осыдан кейін жыл бойы Əзім мен
Бəкизатты көрген жоқсың. Тіпті, көргің келмеді. Жарайды, Əзім Əзім
болсын. Бəкизаттың жəркелеш қыздарға қосылып күлгеніне жол
болсын. Бəкизатқа ренжігенде есіне анада Орынбор жағалауындағы
жарыс түсті. Құрық бойы алға түсіп алып сықылықтап күліп бара
жатқан осы қыздың қас-қағымда əлдебір қол-аяғы шидей, мұрны
біздей мыршай сары пəлекетке ауысқаны қайдан тегін болсын? Бұнда,
қ
андай да бір сыр бар.
Сол күні түнімен ұйықтай алмаған-ды. Тек таң алдында көзі ілініп
кеткен екен, біреу бұған: "жүр, ойнайық!" дегені. Бұл жалт қарады.
Жаңа ғана есіне түсіре алмаған түлкінің күшігіндей біз тұмсық, секпіл
бет мыршай пəлені көргенде шошып оянып еді... Бəрі, бəрі есіне түсті.
Ол өзі баяғыда... Баяғы болғанда... ұмытпаса, бұның мектепке я барған,
я барайын деп жүрген бала кезі-тұғын. Сонда да жаңа түсіне кірген
түлкінің күшігіндей, кіп-кішкентай қыз бұны қолынан тартып... Жо-
жоқ, ол кейін болды. Оның алдында анасы бұған күлше пісіріп берді.
Қ
оламтадан жаңа шыққан ыстық күлше қолына тиген бойда бұл
сыртқа жүгіріп шыққан еді ғой. Иə, сыртқа жүгіріп шықты. Сосын, аш ит
қ
ыңсылап аяғына орала берді. Бұл нан ұстаған қолын артына
жасырып, бос қолымен итті жасқай бергені сол еді... шидей нəп-нəзік
саусақ бұның нан ұстаған қолынан тартты. Бұл ит екен деп қалған-ды.
"Кет! деп жекігелі жалт қараса, күнде-күнде өзімен бірге ойнайтын
кішкентай сары қыз: "жүр, ойнайық!" деп тұр екен. Бұл қуанып,
күлшені қызға ұстата салды. Қыз "қуып жет"" деді де, жүгіре жөнелді.
Тарпаяқ қара бала тұра қуды. Қашанғылары осы. Есіл-дерті ойнағысы
кеп екі көзі жайнаңдап тұратын секпіл бет, селеу шаш, мыршай сары
кіп-кішкентай қыздың іш пыстырып зеріктірмейтін бірдеңесі бар.
Жанына жуып кетсе, бұны не түртіп қашады. Не бірдеңесін алып
қ
ашқысы кеп қол-аяғы тақат таппай жыбыршып тұратын. Өзінің кіп-
кішкентай қағылез денесі де құстай ұшуға жаралғандай еді. Зырқырап
бара жатып, жалтақ-жалтақ қарап шықылықтап күледі. Шүйкедей
қ
ызға жете алмағанына бұл ызаланады. Қол созым алда аяғы-аяғына
жұқпай құлдырап бара жатқан кішкентай қыз ешқайда бұрылмай,
күнде-күнде өздері ойнайтын ауыл сыртындағы ақ құмға жеткенше
жүгіреді.
Қ
ыз құмға бұрын жетеді. Ақ шоқалақтың аржағына қалай асып түсті,
солай құлайды. Шалғайласа жеткен тарпаяқ қара бала топырақты бұрқ
еткізе кішкентай қызға қатарласа жығылып еді; аптығын басар-
баспастан нанға ауыз салды. Кішкентай қыз өз үлесін жалмаңдап бұдан
бұрынырақ жеп болды да, əлденеге ауыл жаққа мойын созып қарады.
Сосын бұған қарай ысырылды. Бүйірін-бүйіріне тақап қатарласып
жатты да, əлденеге тып-тыныш бола қалды. Ернін жымқырып тістеп
алған. Демін ішіне жұтып тымырайып жатты да, бұны шынтағынан
түртті. Ала көз қара басын көтеріп алды. Ойынға зауқы болмаса да,
тағы да бір жаққа жүгіреміз екен деп аузындағы нанды апалақ-құпалақ


асығыс жұтты да, жас ыршып кеткен көзі жаутаңдап кішкентай қызға
қ
арап еді, қыз "қазір... қазір" деді де, балағы салпылдаған күлдəрі
дамбалды жалма-жан аяғының басына қарай ысыра бастады. Жетесіне
бірдеңе жаңа жеткен қара бала қорқып кетті. Көзін жұмып, қайта ашып
алғанда кішкентай қыз дамбалды шешіп, ақ шоқалаққа арқасын бере
шалқалай құлапты да, енді бұны тосып жаутаңдап қарап жатыр екен.
Баланың есі шықты. Алақанымен бетін баса қалғанын біледі. Соның
аржағы... Аржағында не боп, не қойғанын бала білген жоқ-ты; тек
соның ертеңіне кешегі сұмдықты есіне алып еді: үйге қалай жеткенін
есіне түсіре алмады. Тек сырттан кіріп кеп, ес-түс жоқ төсекке
құ
лағанын біледі. Сол үстіне анасы кірді. Оны біледі. Анасы көрпе
астында дір-дір етіп жатқан бұны құшақтап "кім тиді?" деп еді; бұл
"жоқ, сұрама. Сұрама",– деді де, сосын "кетпе, кетпе! қорқам" деп
анасынан айырылмай, жабысып алды. Үлкен кісілердің əлгі бір "ақ пен
қ
ызыл арасында шайтан жүреді" дегені есінде қалған бала көзін ашуға
қ
орықты.
Көзін ашса, шам жақпай, бұрыш-бұрышқа қараңғы орнап, түксиіп
тұрған үлкен үйдің бір жерінде екі шекесінде екі тұлымшақ селтиген
сап-сары пəле тығылып тұрғандай. Анасы қалай кетсе, о да солай
қ
асына жетіп кеп "жүр, ойнайық!" деп сиқырымен арбап ауыл
сыртындағы ақ шоқалаққа ылықтырып алып кететіндей. Анасына
"Кетпе! Кетпе!" деп жабысып алған бала, бір кезде көзі ілініп кеткен
екен. Сол бойда түсіне көрші үйдегі күнде-күнде өзімен бірге
ойнайтын кішкентай мыршай сары қыз кіріпті. Бұл түсінде де дəл
өң
індегідей осы пəледен тезірек құтылғысы кеп əзерде-безер. Онан
құ
тылудың басқа амалын таппағасын қолындағы күлшесін беріпті.
Жаңа ғана қасында ауызы-басы бұлтылдап нан жеп тұрған кішкентай
қ
ыз бала, о, Жасаған... бұның назары сəл басқа жаққа ауып еді; о да
қ
апелімде басқа бейнеге ауысып, ор ауыз сары лаққа айналыпты.
Жеп тұрғаны да бұл берген нан емес, бір бау көк құрақтың
қ
ауылдырығын жалмаңдап сытыр-сытыр сыдырып жеп бола сала,
тағы да бұған көзін сатып телміре қапты. Бұл түкке түсінбей
таңданады. Лақ та соны байқады. Аржағында күдік қалдырғысы
келмегендей нағыз лақтың даусына салып "мəə-ə-ə" деді. Бұл бəрібір
сенер-сенбесін білмей, кірпігін қағып қап қайта қарап еді, көк құрақты
кіп-кішкентай аузы шүпілдеп сытыр-сытыр жеп тұрған жаңағы ор
ауыз сары лақ... жоқ, лақ дегені лақ емес, екі шекесіне екі мүйіздің көк
тұқылы қылтиған сары шайтан... шайтанның нағыз өзі... Бала шыр етіп
шошып оянған-ды.
* * *
Бəкизатты көрмегелі күз өтті. Онан қыс түсті. Міне, күлімдеп көктем
де шықты. Сонда Əзім екеуіне көңілі мықтап қалғаны сонша, кейінгі
кезде олардың осы дүниеде бар-жоғын да ұмытқандай есіне алудан да


қ
алып бара жатқан-ды. Тек сол күні... Айтса да, сол күн өзі қалай болып
еді? Неден басталып еді? Ұмытпаса... Иə, ұмытпаса сол күні
мемлекеттік емтиханға əзірлік басталған еді-ау? Бұл кітаптан түс
ауғанша бас көтерген жоқ; тек түс ауа бергенде басы сынып бара
жатқасын дем алғысы кеп сыртқа шығып еді. Көктемнің пышақ
жүзіндей өткір сəулесі көзін қарып алды. Бұл жасқанып, бетін бұра
бергенде көзі жатақхана алдында бір өзі жеке тұрған жалғыз терекке
түскен еді. Бəкизат пен екеуінің шырғалаңмен басталған шым-
шытырық тірлігінің түп басында осы теректің тұрғаны ақиқат! Тағдыр
ма, əлде Тəңірінің маңдайға жазғаны ма, əйтеуір үш қабат үйден бойын
асырып тұрған зəулім теректі көргенде, бұл жанарын ала алмай
арбалып қалған еді-ау!.. Апырай, деп ойлаған еді, осы терек күні кеше
басқаша еді. Күні кеше ылғал тартып ісінгені болмаса, тұла бойын
бершімек безге толтырып алған, құшақ жетпейтін қыжым-қыжым
күпшек, құдды, кəрі сиырдың қыртыс-қыртыс мойны сияқты еді-ау! Ал,
енді қараш, Ай мен күн астын қуантып, дүркіреп кірген көктемнің
құ
діреті мына кəрінің қасаң жанын қалай жібіткен! Кешегі бездер бүгін
бүр жарған. Кеше сонау құс ұшар биікте жел астында қалтыраған сып-
сидам
жалаңаш
бұтақтардың
бүгін
балапан
жапырақтарын
жыпырлатып бауырына толтырып ала қойғанын қарашы!
Судыраған жапырақ арасында пыр-пырлаған торғайларды əлі
көрген жоқсың. Бірақ осы пақырлардың тірлігіне көктем əкелген
мазасыз əбігерді жаның сезіп түр. Бұлар да ертең бауырынан өрер
болашақ ұрпақтың қамымен қапылып жүріп, біріне-бірі жаңа қауышып
жатыр ма? Мына кəрі сиырдың мойнындай қыжым-қыжым қара
теректің қай бұтағына ұя салу керек екенін ақылдасып, шықылықтап
соз таластырып жатпаса не қылсын? Тұла бойыңды анық сезе
қ
оймаған əлдебір қуаныш баурап, күлімсіреп тұрсың. Жылда-жылда
қ
ыстан аман шыққан сайын адамдар сияқты бұлардың да тірлік
қ
амына кірісетінін қайтерсің! Бұл не ғажап! Бір тұқым болып алып
жылдың төрт мезгілін адамнан бетер білетінін қайтерсің! Тіпті ай мен
жылдың қалай болатынын алдын ала болжауға келгенде, бұлар бізден
ə
лдеқайда сергек те сезімтал-ау. Көрмейсің бе, күнде-күнде сабақ,
сессия деп жанын жалдап жүріп көктемнің келгенін де білмей қапты.
Біз ғой, қит етсе адамбыз, жер тəңіріміз деп кеудеге ұрамыз. Сонда
дүние қадірін осы пақырлар құрлы білдік пе? Ертеңді ойладық па?
Қ
олына ойыншық түскен сотқар баладай, біз осы дүниенің басы-көзіне
қ
арамай, тек қиратып, тек сындырып, тек бүлдіргеннен басқа не
бітірдік? Ал мына пақырлар... Айналайындар-ай, өздері өмірге қандай
құ
штар! Құп-құртақандай болып алып осы пақырлардың жылда-
жылда дүние қапылып бара жатса да, өздерінің болымсыз тірлігіндегі
дағдылы əбігерінен жаңылмайтынын қайтерсің!..
Кəрі дүниенің жылда-жылда жастық шағына бір рет қайта қауышып,
қ
айта құлпырып түлеп шыға келген қуанышы, сол күні қолды-аяққа
тұрғызбады. Көкірек алып ұшып барады. Əлденені аңсады ма,


армандады ма, алып ұшқан көңіл əйтеуір бұны сол күні алды-артына
қ
аратпай, құстай ұшып трамвайға барған еді-ау! Баруын барса да, бірақ
ə
лгі алып ұшқан құс қанат көңіл аялдамада да аялдауға шамасын
келтірмей, жүгіріп ала жөнелген еді ғой! Неге асықты? Қайда асықты?
Кімге асықты? Білген жоқ. Тек үш қабат сары үйді көргенде алып
ұ
шқан жүрек аттай тулап ала жөнелген еді-ау! Бірақ, алдында əлде
бақыт, əлде сор күтіп тұрғанын білген жоқ-ты. Көшеде кездескен
кісілерді таныса да, танымаса да бас жоқ-аяқ жоқ ыржалақтап күле
беріпті. Тіпті "қайда барасың?" деген вахтер кемпірге дейін көзіне
жылы ұшырап, бұған да ыржың етіп күліпті де үш қабат үйдің үшінші
қ
абатына ұмтылыпты.
Құ
дай бұған басқаны бермесе де, сирақты берген. Тертедей ұзын аяқ
көстеңдеп екі басқышты бір аттап, жоғарыға ұмтылып келе жатты да,
кенет... төбеге ұрғандай қалшиып тұра қалды. Құрбы қыздар мен
жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан Бəкизатқа көзі түскен-ді. Сені
Бəкизат та көрген сияқты. Саған көзі түсер-түспесте кірпігін қағып
қ
алды. Тық-тық басып келе жатқан қара туфли күрмеу түскендей
кібіртіктеп бөгеле түсті де, қайта жүріп кетті. Қасындағы бір қызды
иығынан тартып, құлағына сыбырлап еді, сен анадағы тілі ащы
тықылдақ қызды бірден таныдың; оған не деп сыбырлады екен? Е, не
деуші еді; бұның сонда тершіген алақанына қыстыра салған Əзімнің
орамалын айтатын шығар?
– Айтпай-ақ қой. Түсінем ғой,– деді де, Бəкизат қапталыңа симай
тұрған қолыңды сыртынан ұстап ақырын қысты.– Сабаққа
дайындалып жатқан шығарсыңдар?
– Иə, солай... Ал, өздерің?..
– Бізде де сол. Жаңағы қыздармен читалкаға бара жатыр едік.
– Онда... Сен бара бер. Мен тек... былай... соғып кетейін деп...
– Келгенің жақсы болды. Енді кідіргенде өзім іздеп барғалы жүр
едім.
Сенер-сенбесіңді білмей, қызға күдіктене қарап едің. Шыны сияқты.
Бəкизат бұрын істемеген əдетін жасап, осы жолы бас-аяғыңа мұқият
қ
арады да, əлденеге ду қызарды.
– Сен де келмей кеттің...
– Иə, рас... Ке-шір.
– Оқасы жоқ. Ал енді... маған сондай қиын болып жүр, қиналып
жүрмін...


Бəкизат ерні дірілдеп, жас құйылып кеткен жанарын қайтерін
білмей, кірпігін сабалады да қалды.
– Бəкизат...
– Қайтесің. Көңіл бөлме.
Бұл, əрине, тегін емес. Бұның аржағында қыз жанын қан қақсатып
ауыртып тұрған қандай да бір себеп бар. "Үй іші аман ба екен? Бірақ
онда жасырмас еді, айтар еді ғой. Əлде... Əзім екеуінің арасы?.. Анада
Арал балаларының айтып жүргендері. Апыр-ай, сол рас болмаса не
қ
ылсын?"
Бəкизат сырт айнала бере көзін сүртті. Кідіріп барып қайта
бұрылғанда, құп-қу бетке күлкі оралды:
– Осы күндері біртүрлімін. Жүйкем құрып жүр...
Шынында да, қан-сөлсіз беттегі кірпіктер сабаудай боп ұзарып
жүдеп кетіпті.
– Жəдігер, кішкене... былай... былай бұрылшы!
Қ
ыз ойының ар жағын білмесең де, айтқанын екі етпей сырт
айналып бұрыла бергенсің-ді. Сүйтсе, бұл жаңа қыздарға жол бермек
боп қабырғаға жабысып тұра қалғанда арқасын ақ борға үйкеп алған
екен. Бəкизат арқасын қағып жатқанда, бұл басы айналатын
сияқтанды. Осының бəрі əлде түс, əлде өңі екенін біліп тұрған жоқ. Егер
өң
і болса, басынан кешіп жатқан мына халге нанар, нанбасын білмей
тұрғанда, Бəкизат "нан, нан" дегендей, бұған:
– Үсті-басыңа қарап жүрсейші,– деді.
Жасаған-ау, осы қыздың бұрын Əзімге қосылып жуас жігітті жүндеп
алғысы кеп тұратыны қайда? Сен түкке түсінген жоқсың. Түс көрген
адамдай, аң-таңсың. Мынау өңі емес, түсі боп жүрмесін. Егер, түсі болса,
онда басы да түсінде айналып тұрмаса не қылсын? Ендеше өңі қуарған
жүдеу қызды да түсінде көріп түр. Сондықтан, кенеттен килігіп жатқан
мына ағыл-тегіл қуаныш пен күдіктің үміт пен үрейдің қайсысына ден
қ
оярын білмей, қызға "сен айтып жіберші" дегендей жаутаң-жаутаң
қ
арайтын болар? Бірақ Бəкизат үнсіз. Өңі сынық. Жаңа ғана өңіріндегі
түймелерді тартқылап түр еді; енді қараса түймелерді тастай сала,
аяғындағы қылмиған қазық өкше туфлидің тұмсығымен табанның
астына түрткілеп кетіпті.
– Үйің... Үйіңнен хат аласың ба?
Бəкизат басын изеді. Кезін көтермей, кірпігін сабалап томен қарап
түрып қалды. Мына түрі қазір көңілін аулап жұбатпаса, еңіреп жылап


жіберетіндей. Бірақ сен не айтарыңды білген жоқсың. Қайсы бірде
темір керуетте түнімен кез ілмей, дөңбекшіп шығатын кездер
болатын. Сонда осы қызға кездессем айтар едім деп армандайтын
ағыл-тегіл əңгіменің дəл енді қолма-қол керек болған кезде бірі басына
келмегеніне таң қалып тұр. Қызды жұбататын жібі түзу бір сөз аузына
түспей сасқанда, əлгінде терек басына ұя салып əбігерге түсіп жатқан
жаңағы кіп-кішкентай құстардың өмірге құштарлығы есіне түсті. Соны
айтқысы кеп оқтала бергенде, Бəкизат:
– Арал балаларынан есіттім. Былтыр күзде шешең келіпті ғой,– деді.
– Иə... Иə, келді,– дедің əңгіменің басталғанына қуанып,– көп болған
жоқ. Қаланы бір күн аралатып едім, екінші күні беттемей қойды.
"Кентті жұрт қызық-ау. Шіркіндер, ерінбей-жалықпай тасты үйе
берген екен?" – деді.
Бəкизат ішек-сілесі қатқанша күлді; əрі-берідесін əлі құрыды ма,
ə
лде əдейі істеді ме, сілесі құрып бара жатқасын бұның иығына қолын
салып асылып тұрып күлгені. Бұл жолы да сен түкке түсінбей,
бағанағы түстің жалғасын көргендей аң-таңсың.
Бəкизат күлкісін əзер тыйды.
– Елге қайтарда апамның не дегенін білесің бе?
– Иə, не деді?
– Балам-ау, мына қаланың кісілері жұмыс істемей ме? Таң атса бəрі
көшеге шығып шапқылайды да жүреді ғой деді.
Соны айта сала қыздан бұрын бұл өзі күлді; былтырдан бері
шешесінің сөзін кімге айтса да, басқадан бұрын өзі күлетін боп жүрген-
ді. Бəкизат қайтадан ештеңеге зауқы шаппай, көңілсізденіп кірбиіп тұр
екен. Қолындағы кітап салған сумканы жоғары көтеріп бауырына қыса
түсті де, кідірмей қайта жерге түсірді. Сен ұмтылып қыз қолындағы
сумкаға жармастың.
– Биыл оқу бітіресің ғой?– деді Бəкизат.
– Иə, құдай қаласа...
– Құдай қаласа... енді үйленетін шығарсың?
– Ой, ол... Ол əзір болмайтын...
– Неге? Анаңа қолғанат керек емес пе? – деді де, Бəкизат бұған күлкі
тепсініп келе жатқан көзін қулана тастады. – Солай емес пе?
– Солайы солай ғой... бірақ оған...


Аржағын айта алмай, сол арада қыз алдында қызарақтап қала
берген едің-ау. "Не қылса да,– деп ойлағансың-ды,– əркімнің
басынатын бір кісісі болатыны ғой. Əзімнің алдында осы қыздың өзі
қ
ысылып, туфлидің тұмсығымен аяғының астын түрткілеп тұрғанын
талай көріп еді..."
– Үндеме, сені өзім үйлендірем,– деді Бəкизат. Енді тіпті еркінсіп,
арқаңа қағып-қағып қойды.
Бұған орай не деу керек екенін білген жоқсың да, əлгінде арқаңды
ү
йкеп алған аппақ ақ борды алақаныңмен ысқылап кеттің.
– Естимісің, Құдай қаласа, сені өзім үйлендірем.
– Кім?.. Кімге?
Ө
з даусы өзіне əзер жеткен сияқты еді, сүйтсе, Бəкизат естіпті:
– Қыз көп емес пе?
– Көбі көп қой, бір... бірақ... сол қызы құрғырлар...
– Іркілме, айт. Айта бер!
– Айтсам... Солар қайда?
– Қасыңда тұрған жоқ па,– деп Бəкизат та осы арада əзілге
жеңдірмек боп күлді де, бірақ ыңғайсызданды ма, іштей толқып іркіліп
барып,– ұнатсаң...– деп күлкісін кілт тыйып, көзінің астымен саған
қ
арады.
Сен болсаң, қыз аузынан құдды үкім есітетіндей есің шығып кеткен-
ді.
– Ұнатсаң... Иə, ұнатсаң маған-ақ үйлен.
Құ
рсын, құлақ қатты шыңылдап кетті. Таудай тулаған жүрек
кеудеде емес, құлақтың дəл түбінде дүрсіл сап жатқандай.
– Əй, Жəдігер... Есітіп тұрсың ба?
Иə, есітіп тұр. Басыңды изедің. Оны өзің біліп тұрсың. Əлдене
аяғыңның басына дүрс етіп құлап түсті. Башайың шым етіп ауырып
кетті. Ауырсынсаң да бірақ шыдам тауып сумкаңнан ақтарылып түскен
кітаптардың басқыштан төмен қарай сатырлап домалап бара
жатқанын көріп тұрсың. Бірақ бұның бəрі өңі емес, түсі болғандықтан
ба, тұла бойында дəрменсіздік бар. Бəкизатқа да жалтақтап қарап
қ
ойды. Өзі білетін Бəкизат болса, көре қал, ол тағы бір пəлені
шығарып: "Жігітім, кəне, жүр! Неке қиятын жерге барайық!" деп, жұрт


көзінше қолынан сүйрелеп пəле қылмаса қайтсін.
– Бəтіш... Бəтіш шын... Шын айтып тұрсың ба?
Жалғыз сен емес, Бəкизат та қатты қиналып тұрған сияқты.
Албыраған ерні əнтек дір етіп, аузын аша түсті де, тоқтап қалды. Ернін
тістелей береді. Қара көз шарасы кеңіп кенет жас толып кетті. Сен
сенер-сенбесіңді білмей, көзіңді тас жұмып, іле-шала қайта ашып едің.
О, Жасаған!.. Қас қағымда қалай өзгеріп кеткен! Əлдебір тəуекелге бел
буған қыздың жанары тайсалмай тура қараған көзінде əлгіндегі мұң да,
жаутаңдаған жалыныш та жоқ. Тек тəуекелге табан тіреген адамдарда
ғ
ана болатын тағдырдың салғанын сабырмен күткен шыдам бар. Оны
сен де көріп тұрсың. Оның не екенін де жүрегің сезіп тұр. Өзіңнен бір
саты жоғары тұрған қызға бір ырғып жетіп барғаныңды білген жоқсың.
Аблыққан дем алқымыңа тығылып:
– Бəтіш!.. Шын... Шын айтып тұрсың ба?– деп едің, шыдамы
таусылған қыз күйіп кетіп:
– Шын! Шын! Шын айтам!– деді де, келеңсіз неме жетеңе əлі де
жеткен жоқ па дегендей, тастай қып түйіп алған жұдырығымен сені
иығыңның басына ұрды-ұрды да, жылап жіберді.
Құ
рсын, сонан ары не боп, не қойғанын білген жоқсың. Қашаннан
бері сыртқа шықпай, іште булығып келген сезім ақтарылып кетті. Бұл
не? Адуын, ақ жын ба? Əлде құйынға айналып кеткен жынды сезім бе?
О-хо-ха-ха! Оқыс шыққан оспадар күлкінің оң-терісін де ойлаған
жоқсың. Тағы да сондай оғаш қимыл жасап жаныңда тұрған Бəкизатты
жас бала құрлы көрмей көтеріп алғансың-ды. Бəкизат құшағыңда қол-
аяғы тыпырлап: "Жібер! Жібер!" деп жатыр. Тақа болмағасын
жұдырығымен төмпештеп ұра бастады. Сен есіріксің бе, есалаңсың ба,
не боп, не қойғанын білмейтін сияқтысың. Бұның аяғы қайда апарады?
Неге соқтырады? Ойлаған жоқсың. Сол арада жүрегін кернеп бара
жатқан осынау шексіз шаттық, шексіз қуанышты тежемей, тіпті
тежегісі келмегендей əлі де болса қарқ-қарқ күліп құшағындағы қызды
жоғарыға жүгіріп алып шықты да, ізінше төмен түсіп, жаңа өздері
тұрған жерге əкепті. Неге бүйтті? Неге бүйткенін білген жоқ-ты.
Бəкизат құшағынан дік етіп ырғып түсті. Қызарақтаған бетіне
қ
апелімде қан ойнап, қара көздің жанары шоқтанып кетіпті.
Ə
йтеуір ұрыспады. Тек сенің онсыз да елжіреп тұрған іші-
бауырыңды егілте түскісі келгендей, қолыңның сыртына алақанымен
ақырын-ақырын ұрып еді-ау.
* * *
Бұның күні бойы екі аяғынан сарсылып тұрған жері – Тұщыбас
қ
олтығы. Бүгінгідей бүркеу күн түгіл əдетте ашық күндерде де о


басынан бұ басына көз жетпейтін осынау ішектей созылып жатқан
ұ
зыннан-ұзақ қолтықтың бір беті қашанда көк қатпар шың. Сол
шыңдардың барып-барып таусылар жері – Қаратүп. Оның аржағы
ұ
шы-қиырсыз ұлы теңіз. Ашық күндері аңқиып-саңқиып тұратын сол
биік шың қазір бас тоқсанның бұлыңғыр ауасында көз ұшында əзер-
ə
зер қылаңытады.
Ал Бел-Аран артта. Қыста да, жазда да теңізге шыққан балықшылар
ертеден кешке жалғыз жүріп қарасырағанда əрқашан артта қалған қара
жерге назар аударатын. Сонда осы жарықтық көзге түсетін. Бұ да осы
өң
ірдің қарақшылы түйесіндей көнекөз куəгері ғой! Əне, көрмейсің бе,
қ
ыс айларында арка беттен қадалып соғатын ызғырық суық желдің
жолын кес-кестеп бөгеп жатып алатын осы елдің ежелгі жанкешті
кəрісі. Бұл өңірде Бел-Араннан кейін көзге түсетін Қаражар. Ерте кезде
осы Қаражардың басында орыс байына жалданған қазақтардың жер
қ
азбалары бопты.
Қ
азір де сол кездегі адам мекенінің ізі сайрап жатыр: опырылған
апан. Қоқырсыған көң. Үйілген күл. Күл арасынан балық сүйектері
ақсияды. Қазіргі ұрпақ бұларға көз тоқтатпай тұсынан өте шығады. Тек
осы ауылдың көнекөз қариялары мына апандарды түстеп танып,
ə
рқайсысына ат қойып, анау – Кəленнің, анау – Мөңкенің, анау –
Достың, ал əне бір Қаражардың ұшар басынан құлап түсетіндей
кішілеу апан Судыр Ахметтің үйінің орны деп отырады. Берегірек
келіп қартайып дүние салған сол кісілер көзі тіріде Еламан мен Ақбала
ү
йінің орнын дəл бір киелі орындай қастерлеп, анда-санда кеудесін
сүйретіп баратын. Сүйеніп келген таяқты жанына қойып, өлі аруаққа
бағыштаған дұға ма, жүрек сыздатқан мұң, шер, əлде сағыныш па,
ə
йтеуір көкіректе қордаланған сезімді ескі жұртта қалдырып кететін.
Сондықтан болар-ау, əлі күнге балықшы ауылдың кəрі-жасы қолын
Қ
аражар жаққа сілтеп: "күн Кəлен үйінің тұсынан шықты" деп, немесе
"жататын уақыт болды, ай, əне, Еламан үйінің үстінен ауып барады"
деп, ал, ауа райын топшылаған біреулер "бұлт көбесі сөгілді-ау деймін,
жаңа бір жұлдыз Судыр Ахмет қазбасының төбесінен жылт етті" деп
отырғандары.
Жə, жер бетінде есіміңді еске алатын жалғыз кісі қалғанша жақсы
адамның аты өшпейтіні ғой. Ендеше кісі өміріне шек қойылғанға ренжу
қ
ажет пе? Құдіреті күшті Құдай бұл пəниде беттегі ажар мен бойдағы
қ
айратты, жүректегі жалынды сараң қатынның сығымына салып
мысқалдап өлшеп берсе берсін.
Кісі жасына қойылатын қатал шек, əрілесе əр ұрпақ, əр буынға, дəуір
мен дəуренге қойылса қойылсын, кісі басындағы дəурен сияқты кісі
бойындағы қажыр, қайрат пен кісі бетіндегі ажарда да өлшеу мен
мөлшер болса болсын. Сайып келгенде соның бəрі күні жеткенде
қ
айтарып алатын кемді күнгі қарыз ғана. Сондықтан тəн тозған.


Беттегі бояу оңған. Шоқ жайнаған көздің жанары сөнген. Үлбіреген
бетке əжім түскен. Ал соның бəрі баянсыз. Бəрі кемді күн көз алдар,
көңіл аулар өлшеулі болғанда, қайта осы мына адам бойындағы
сезімнің өмірі ұзақ. Күндердің күнінде жалындаған жастықтың да
түбіне жетіп титықтататын ит кəрілік қайрат пен ақылды да тасқа
шапқан қылыштай мұқалтып, түйтелеп тастағанда, қайта садағаң
кеткір кісі бойындағы сезімнің əрілесе уақытқа да іргесін
алдырмайтын беріктігін қайтерсің.
Неге екенін қайдам, Жəдігер бүгінгі кісілерден гөрі баяғыда өткен
пақырларды аяды. Олар адыра қалғыр атамекенді гүлдетем деп не
істемеді. Болашақ ұрпақ үшін ғазиз басты тауға, тасқа соқты. Жанын
жалдап қанын, терін төккенде нені тындырды? Ал бұлардың жүрісі
мынау. Бұлардан кейінгі ұрпақ не тындырады? Олардың күні не
болады?
Жəдігер күрсінді. Іштен шыққан дем бет алдын буландырып
жіберді. Аузын жапқан мұрттың сояудай-сояудай тікірейген боз қырау
талдары тереңнен шыққан демнен дір-дір етті. Күні бойы бір орыннан
тапжылмай сұлқ тұрған қалпынан қозғалып төңірегіне кез тастап еді,
қ
ай жағына қараса да ақ қар, көк мұз үстінде кез тоқтайтын қылау
болмағасын ба, назары тағы да соңында шұбалып жатқан ізге түсті.
Ə
лгінде бұл арада өзінен басқа ештеңе жоқ-тұғын. Енді қараса,
ə
лдеқандай кіп-кішкентай құстың ізі қар бетіне жыбыр-жыбыр түсіпті.
Ақ матаға төккен əлдебір ұсақ өрнектей үш тармақ із жыбырлап, бұның
ө
зінің ізінің бойымен біраз жарысып барған да, кенет жерге батып,
көкке сіңгені белгісіз, ғайып бопты. Бұл аң-таң. Бір темен, бір жоғары
қ
арады. Сүйтіп тұрып желдің көтерілгенін байқамапты. Алды-артында
ығы жоқ аңыраған ашық теңіз үсті ызғып түр. Жан-жақ шаңытып
мұнарта бастаған.
Жəдігер əлгі кішкентай құсты іздеп көк жүзін көзімен тінтіп түр еді.
Кенет кішкентай құс қасынан шықылықтады. Үркітіп алам ба деген
қ
орқынышпен көз қиығын аяғының астына тастап еді; сүйтсе, бір
шөже торғай бұл тұрған жерден ілгерілеп озып барып қоныпты. Қарға
баурын басып жатыр. Қозғалуға құлқы жоқ; тек бұның назары ауғанын
байқап мазасыздана бастады. Кішкентай құстардың тілімен ренішті
бірдеңелерді шықылықтады да, құдды жас бала қолынан түсіп кеткен
доптай баурын басып жатқан жерден қомп етіп ары қарай ырғып түсті.
"Не қылса да, бұл пақырды да жер бетіне сиғызбай жүрген бір қасірет
болды ғой. Өзі аш па, əлде ауру ма?"
Жел жұлмалаған арқа жүні үрпі-түрпі. Жəдігер ауру торғайды сол
көзінің ығымен бағып тұрғанын енді ғана байқап, əлденеге тіксініп
қ
алды. Бəкизат айтса айтқандай, бұның не көрсе де сол кезімен
көретіні қалай? Сол тегін бе? Анада да, колхозшылар жиналысында
сөйлеп тұрғанда да бұл дəл осылай жүрегі су етіп, аузындағы сөзінен


жаңылып қап еді-ау. Сонда да залда отырған жұртқа көзі түспей,
ə
лдене іздегендей жанары сол жағына жалтақтап қарай берген-ді.
Ə
депкіде нені іздеп тұрғанын білген жоқты. Сүйтсе, анада Көткеншек
Көшен қыршып алып, жерге түкіріп тастаған шұнақ құлағының
шұқыршағына жіп қыстырып алып, бұның аузынан шыққан сөзді
аңдып, бағып қалған жаман туысының төбе жағы буланған ақ құйқа
басына көзін тігіп алған екен. "Сырқат шығармын" деп ойлады. Тек
соны мойындатпай жүрген ит мінез болмаса қайтсін? Сол жолы сөзін
шаққа аяқтаған еді. Енді, міне, көрмейсің бе... Күн ұзын ақ қар, көк
мұзда аяғынан сарсылып тұрып та мезгіл-мезгіл ала көздің қиығы
жалт етіп, сол жағына қарап қап тұр. Бəкизат айтса айтқандай, əлгі бір
ылғи сол жағынан көрінетін елес бар болғаны ма? Əйтпесе, дəл осы
бүгін дүниедегі бар жамандық бір басына үйіліп-төгіліп, жапан түзде
аяғынан сарсылып тұрғанда басқа жақтан емес, тек бір жақтан, онда да
ү
немі сол жақтан ұрланып келе жатқандай болатын себебі не? Басқасы
басқа, ал мына торғай... бəсе, торғай екеш торғайға дейін неге бұның
сол жағына шықты? Ендеше осы торғай боп елестеп жүрген... Жəдігер
басына келген оғаш ойға мырс етіп күліп жіберді. Торғайдан көзін ала
бере, тағы да соңындағы ізге қарады.
* * *
Апыр-ай, тірлікте ізі оңалмаған адамның ісі де оңғарылмайтыны ма?
Мына ізге қараш. Бұл не деп тұр? Басы иығына түскен ұзын қара кісі
осы араға аяғын ілбіп басып келгені айтпаса да көрініп тұрған жоқ па?
Жалғыз бүгін бе, бұнан бұрын да бұның соңында осындай сілбу із
жатпаушы ма еді? Əсіресе күні бойы теңізден үсті-басы малмандай су
боп сілбулеп келе жатқанын көргенде, Бəкизат: "осы ауылдың өлмелі
шалы ма десем, сен екенсің ғой?"– деп күйіп-пісетін.
Шал демекші, жұрт бұған бала кезде де шын жасынан артық беретін.
Берегірек келгесін бұл тіпті кəрі көрініп, жасы кішілер түгіл,
қ
атарлары да бұны "шал" деді. Оған бұның құлағы үйренген. Тек
ə
йелінің көзінше кемсітпек болғанда қытығына тиетін. Əсіресе, əне
бірде Аралға барғанда таныс дəрігер Бəкизат екеуін қонаққа шақырып
еді; кеш барып, қысыла-қысыла келген бұларды бұйра бас жігіт күтіп
алып тұрып, бұған; "ақсақал, қызыңыз өзіңізден гөрі жеңгейге тартқан
ба, қалай?"– дегенде, бұл аузына қапелімде сөз түспеді де, көргенсіз
жігітке ала көзбен атып жіберердей ажырая қараған-ды. Қозы Қарын
бастаған аудан басшылары тұр екен. Дудар бастың кекесінін олар да
есітіп күлкіге булыға қапты.
Сен осы кештің өзіңе жақсы болмасын білдің де, келмей жатып кету
жағын ойлап есікке жақын отырғың кеп еді; дудар бас неме бұған:
"ақсақал, қарсы болмасаңыз қызыңыз жастардың қасына отырсын" –
деп, Бəкизатты төрге апарып, Қозы Қарынның дəл қасынан бір-ақ
шығарды.


Қ
озы Қарын сені шақырып алып:
– Əй, слушай, мынадай перизатты қала қауымына көрсетпей, тығып
ұ
стап жүргеніңе қарағанда, хе-хе-хе... сен, сірə, феодал болуың керек,–
деп еді, стол басындағылар:
– Ойбай, айтатыны жоқ, бұл нағыз феодал!
– Əсіресе əйелді қатты ұстайтын көрінеді,– деп бəрі қостай жөнелді.
– Ал, кəне, сен бұнда не қып жүрсің?– деді Қозы Қарын.
– Бір шаруамен...
– Ол не қылған шаруа?
– Шалғай жатқан ауылмыз ғой. Халықтың жағдайы...
– Халық? Балық қайда? План қайда?
– Е-хе-хе... Бұлар планды қайтсін. Планға басы ауыратын сіз ғой,–
деді тəшірейген қара жігіт.
– Иə, жастар жұмысқа немқұрайды қарайды,– деді Қозы Қарынмен
қ
атар отырған бурыл бас кісі.
– Нағыз рахат өмір осылардікі,– деді тəшір қара.– Ауыл жалықтырып
бара жатса, салып ұрып қалаға келеді. Жегені – ет, ішкені – арақ. Хе-хе...
Рахат!..
Қ
озы Қарын кекірейіп алған. Бағана осында келгенде бұлтиған
қ
арын үстіне саусақтарын айқастырып алған қолы сонан əлі жазылған
жоқ; кісі бетіне назарын тіктеп қарамайтын кілмік көздің дəл қазірде
қ
айда қарап отырғаны белгісіз. Алдындағы ас пен стол басындағы
кісілер түгіл сол жағындағы Бəкизатты, оң жағындағы өз əйелін көріп
те, біліп те отырған жоқ. Тіпті олардың бұл дүниеде бар жоғынан да
бейхабар сияқты еді; кенет Бəкизатқа мойын бұрды. Əуелі хе-хе-леп
күліп, сосын ақырын тіл қатты; əдетте сен шаруамен алдына барғанда
"балық..." "план" дегеннен басқа сөз аузына түспейтін бастықтың осы
жолы кəдімгідей аузы-басы қимылдап, сөйлеп жатқанына таң қалдың.
Сөйлегенде бұл не дейді екен деп тыңдап еді; кісі жаритын ештеңе жоқ
сияқты: "Ыдысыңа ас салып берейін" дей ме... "Прибор əперейін?" дей
ме?. Соны сұрамай, өзі біліп істесе, құдды қолы сынып, немесе аузы
қ
исайып кететіндей.
Енді бірде Бəкизаттың құлағына сыбырлап:
– Ас алыңыз. Фигурамды бұзып алам деп қорықпауыңызға болады,–
деп хе-хе-леп кетті.


Аржағында отырған əйелі қызарақтап, мазасы кете бастады:
– Саған не болды. Асың суып кетті. Мына жұрт саған қарап отыр ғой.
Ү
й иесі тост көтерді. Басқалар сияқты бұ да сөзін Қозы Қарынға
арнады. Өзінен бұрынғылардан мақтауын асырғысы келіп еді, бірақ
ойын жеткізетін оңтайлы сөз аузына түспеді де, абыржып сасып тұрып
"кемеңгер, данышпан басшымыз үшін... кəне, жолдастар, бəріміз
түрегеліп тұрып алып жіберейік"– деді. Соған ұқсас талай тост болды.
Осыдан бұрын да Қозы Қарынмен екі-үш рет қонақта болғаны бар.
Соның бəрінде де дастархан басындағы жұрт Қозы Қарынға есі шыға
елпілдеп жатқанда, ол кілмік көзін бір жаққа салмай, кекірейе түсетін.
Ол кекірейсе, қалған жұрт есі қалмай, асты-үстіне түсіп, өліп-тіріліп,
көз біткен осыны көріп, құлақ біткен осыны тыңдап, ықылас, пейіл тек
осының үстінде болатын. Қошемет, қолпаш тек соған айтылатын. Қол
соған соғылатын. Бұл күнде соған құлағы үйреніп алғаны сонша, осы
күні бұл өзін жер-көкке сиғызбай мақтаған əлгі көлгір жұрттың өтірігі
қ
айсы, шыны қайсы екенін айырудан қалған-ды.
Сол Қозы Қарынға сен қазір қайран қап отырсың. Оның əншейіндегі
паңдығы қайда? Оның ана тарақтап алған қолына бір жалпылдақ
жүгіріп барып пышақ, вилка ұстатқанша саусағы жазылмайтыны
қ
айда? Жоқ, бүгінгі Қозы Қарын бұрынғы Қозы Қарыннан мүлде басқа.
Ə
не, əдемі көршісі сөзден тартынып, тұйық отырғанына қарамастан
оған қайта-қайта еңкейіп алдына тəрелке ысырама-ау... Тəрелкесіне
тағам салғысы келеме-ау... "Ac адамның – арқауы, ас алыңыз!" дейме-
ау... Тағы бірде кекірейген бойын əдемі көршісіне қайта иді. Бұл жолы
лак жаққандай жылмиған жып-жылтыр əжімсіз бетіне күлкі жүгірді:
– Сіздей оқытушылар қаладағы мектептерге де керек...
– Əйел жайы белгілі ғой, азаматы қайда болса, біз де сонда боламыз.
– Жəдігерді де алдыруға болар еді. Бірақ, əне, өзі айтсын, планы
нашар.
– Демек, сылтау бар деңіз.
– Неге?.. Жоқ, бикеш... Шыдасақ, айналайын, планды белден басып,
ө
зіңді бұнда күйеуіңмен қоса алғыза аламыз. Солай ғой, ə!– деп Қозы
Қ
арын бурылбасқа қарап еді.
– Əрине, Сіз айтсаңыз... Қолыңызда ғой, алғызасыз да қоясыз,– деді
бурылбас.
Бурылбас бұрын бұндай емес-ті. Бұрын ол ешкімнің ығымен
жүрмейтін өз пікірі бар кісі болатын; қайсы бір келелі мəселе тұсында


оның тіпті Қозы Қарынға да қарсы шығып, қасарысып отырып алатын
көк беттігі жұртқа ұнайтын.
Пенсияға жасы келгелі бұл сорлының да қажыры қайтып, Қозы
Қ
арынның қас-қабағына қарайтын бопты.
Мына арадан тезірек кеткің кеп отыр. Апыр-ай, тостар қандай көп.
Жұрт не деген жəдігөй, көлгір. Ал мына жұртқа тос беріп отырған
бұжыр қара не деген көбік ауыз! Қозы Қарын болса-болмаса да
Бəкизаттың құлағына жабысып алған. Кілмік көзге кəдімгідей ұшқын
пайда боп, жанары тіріліп қапты. Бағанағыдай емес, қазір Бəкизат та
батылдана түскен бе, қалай? Қайта-қайта құлағына еңкейіп жатқан
Қ
озы Қарынға қарағанда оның да көзі шоқтанып, жанары жалт-жұлт
етеді.
– Бастықтың бəрі бір екен-ау. Жылы сөзбен алдап-сулап шығарып
салуға үйреніп алған.
– Жоқ! Жоқ, докажу... Алғызам дедім, алғызам.
Бəкизатқа қайтайық деп құлақ қағыс қылып еді, ол ұзын столдың
аржағынан қылжақтаған əлдебіреулерге күліп, сенің қыңқылыңа құлақ
аспай қойды. Амал қайсы, шараң құрып, жіпсіз байланып отырсың.
Бұндағы жұрт сенің бар-жоғыңды ұмытып кеткен секілді. Əлде қалай
ұ
мыта қоймағандар болса, олар да кеш бойы сұлу келіншектің бір
жағына түн орнатып түсі кірмей тұнжырап отырған сенің түріңе
тіксініп қарайды да, сосын көзін сенен тайдыра бере мырс-мырс
күледі.
Ал Қозы Қарын көңілді. Əрі-берідесін, ол тіпті аржағында аузы-басы
бұртыңдап отырған өз əйелінің ашуын да жыр демеді. Бұрынғыдай
емес, Бəкизатқа тіл қатқанда аузына да қайдағы бір қылжақ сөздер түсе
бастады:
– Анада осында астанадағы атақты жерлесіміз келді емес пе...
– Атақты? Ол кім?
– Əз-ағаңды айтам. Ой, ол керемет қой! Осында біраз дуылдаттық.
Бір отырыста, Əз-ағаң: "Жігіттер, өз əйелің сұлу болғаннан көрі,
көршіңнің əйелі сұлу болғаны дұрыс" деген-ді. Тауып айтқан жоқ па, а?
Ха-ха...
Байқап отырсың, дастарқан басындағы қайсы біреулер жымыңдап
саған қарап қапты. Сен көңіл бөлмеген сыңай аңғартып, сазарып
алғансың-ды. Қозы Қарын тағы да Бəкизаттың құлағына аузын
апарып:


– Сіз отырған дəл осы орында, сіздей болмаса да, өз заманында көл
шайқаған бір сары торы келіншек отырған-ды. Əз-ағаң сөз таппасын
ба, əлгі əйелдің бас-аяғына осылай бір қарады да, "əттең дүние-ай,
осыдан бес-алты жыл бұрын кездескенде туфлиіңізбен қоса жұтып
қ
ойғандай екенсіз" деп еді. Қалай, а?!
Мына сұм бұны саған тигізіп айтты. Жұтқалы тұрған тамақ
жұтқыншағыңда тұрып қалды. Шай ұрттап жібергелі ілгері созған
қ
олың кесені ұстай бергенде, қалтырап кетті де, коньяк құйған
рюмканы қағып, төгіп алды. Шыны шылдыр етті. Шүпілдете құйған
коньяк ақ дастарқанға лақ етіп ақтарылып, кісілердің үстіне
шашырады.
– Оқасы жоқ,– деді бурылбас.
– Где пьют, там льют;– деді Қозы Қарын күліп.
Осы кештің жақсылыққа апармасын жүрегі құрғыр сезген еді-ау.
Кеткің кеп əзер отырсың. Кетейік деп қыңқылдай бергесін бе, Бəкизат
келесіде тіпті сенімен ісі болмай, аржағында отырған Қозы Қарынмен
шүйіркелесіп кетті. Осы əйелдің қазіргідей кісі басы құралған жерде
еркектерге өзінің құдіретін көрсеткісі кеп, шайтаны қозып кететін
ə
деті бар. Сондайда əсіресе батылдана түседі, күлкісі сыңғырлап, қара
көзі жайнаңдап, жарқылдап шыға келгенде, е, ол кезде қандай ұстамды
еркек те өзін ұстай алмай қалатын-ды.
– Жігіттер, кəне билейік. Музыка... Музыка қайда?– деді Бəкизат.
– Маладес!... Ай, маладес! Кел, екеуміз...
– Жоқ! Əйеліңізбен билеңіз!
Сүйдеді де, Бəкизат өзін биге шақырып, емешесі үзіліп тұрған Қозы
Қ
арынды көрсе де, оған қайрылған жоқ; қайырылмақ тұрсын назарын
да салмастан бұрылып жүре берді. Сен əйеліңнің бұнысына ырза боп,
айызың қанып тұр.
Жаңа Қозы Қарынды көзіне ілмей, сырт айналып жүре берген
Бəкизат көп қонақтың ішінде қайдағы елеусіз біреумен билеп кетті.
Бір-екі айналғасын оны тастай сала, келесі бидің кезегінде əне-міне
пенсияға шығады деп жүрген бурылбаспен биледі.
Басқа ермек таппағасын сен альбомдағы суреттерді қарап
отырғансың-ды. Би бітті, ту сыртыңнан шыққан аяқ дыбысын есітіп
атып тұрдың.
– Қалай, саған көңілсіз болған жоқ па?
– Қайтайық!..


– Қой. Жүр, билейік!
– Аяғыңды басып...
– Апырай, бұндай да күйеужанды боларсыз ба?
Қ
озы Қарын анадайдан күлімсіреп келді де, əй-шəйге қаратпай
Бəкизатты биге əкетті. Кетіп бара жатып кілмек көздің қиығын альбом
қ
арап отырған саған тастады да, сосын Бəкизаттың құлағына еңкейді:
– Мына сабаз аяғыңды аз баспаған болар?
Бəкизат Қозы Қарынды итеріп жіберді. Оны сонан кейін бойына
жолатқан жоқ. Бірде қатарласып, бірде бетпе-бет қарама-қарсы тұра
қ
ап, бірін-бірі қайрап жанып жүр. Қозы Қарын құшақтайын деп
ұ
мтылса, Бəкизат сықылықтап күліп, оның кейде оң, кейде сол
иығынан айналып, құшағынан сытылып кете береді.
Құ
рсын, уақыт өтпей қойды. Сағатқа қанша қараса да, қастан
шықпағыр біреу аржақта сағаттың қысқа тілі түгіл, əншейінде аттай
шапқылап тұратын ұзын тілін де тырп еткізбей ұстап тұрғандай.
Тыныш кетті. Төзім таусылды. Тізеңде жатқан мақпал тысты
альбомның бетін құр ашқаның болмаса, көз тоқтатып қарап отырған
жоқсың. Өзің білмейтін əлдебіреулердің жұптасып екеуден, үшеуден,
төртеу, бесеуден шоғырланып түскен суреттердің ешқайсысына көңіл
аударған жоқ; олар да əдетте ығы-жығы қаланың көшесінде топырлап
ө
тіп жататын бейтаныс кісілердей.
– Келініңіз екеуміздің студент кездегі суреттер ғой.
Қ
асына кеп қатарласып тұра берген үй иесі жігітті жаңа байқады.
Альбомды сарт еткізіп жапты да, орнына апарып қойды.
– Жəдігер аға, мен де сіз сияқтымын. Жұрт билеп жатқанда мен де
сіз құсап альбом қараймын.
Шынында да, мына дəрігер жігіттің саған ұқсайтын бірдеңесі бар
сияқты.
Бəкизат ұзақ биледі. Екі беті алаулап қызарып алған. Пластинка
бітіп бара жатса, Қозы Қарынның құшағынан сытылып шығады да,
жүгіріп барып басынан қайта қояды. Бір рет қоярда қоймай сені де
сүйрелеп ортаға алып шығып еді, бірақ бір айналуға келмей "ой... ой,
аяғымды бастың"– деп, сені итеріп жіберді де, Қозы Қарынның
құ
шағына қайта кірді. Қапырық үйдің іші биден кейін тіпті қайнап
кетті. Бас-басына жетпегесін қатар отырған екі кісіге бір сүлгіден
тастаған-ды. Енді қараса, Бəкизатпен екеуіне тастаған сүлгіні Қозы
Қ
арын алып, терін сүртіп жатыр екен. Сен үндеместен сүлгіні оның


қ
олынан жұлып алып едің, Қозы Қарын саған кілмік көздің қиығынан
алара қарады. Сен де жасқанбай, алақандай ала көзің ақырайып қарсы
қ
арағансың-ды.
– Əй, мынау неге ажыраяды?
– Немене, қарауға болмай ма?
– Жоқ, жайдан жай ажырайған жоқсың. Білем, аржағыңда айта алмай
тұрған бірдеңең бар.
– Болса болар...
– Онда, давай айт!
– Несі бар. Айтсам айтам,– дедің де, сен атып тұрдың. Стол
басындағы ала-жабыр сап боп тиыла қалды. Жан-жақтан аңтарыла
қ
араған кісілердің сен бірде-біріне назар аудармай, Қозы Қарынға
жетіп барғансың-ды.
– Шынында да, сізге айтуға ыңғайы келмей жүрген бір шаруа бар
еді.
– Онда айтпай-ақ қой! Сенің шаруаңнан шаршадым.
– Жоқ, тыңдаңыз...
– Тыңдамаймын. Тым құрыса, қонақта отырғанда маза берші.
– Ана жақта халық ауыз судан қарап қалды...
– Е, сен енді... су мəселесін арақ ішіп отырғанда шешпексің бе?
Қ
озы Қарын кеудесін көтеріп, кеңк-кеңк күлді. Сосын: "Қалай, тауып
айттым ба?" деп қошемет тілегендей, стол басындағыларға қарап еді,
бастық не айтса да құлдық ұрып отырған қошеметшілер бас шұлғып
шу ете түсті:
– Мірдің оғындай болды.
– Қатырдыңыз.
– Иə, сазайын бердіңіз. Бəлем, өзіне де сол керек. ІІІаруа... Шаруа
деп... Ал шаруа керек болса...
Қ
озы Қарын көңілді. Тек он иығының тұсында түнеріп тұрған сені
ары итеріп:
– Бар... бар! Орныңа бар!– деп еді, сен тұрған жеріңнен тапжылған
жоқсың.


– Өтінем, бұрғышы жіберіңіз. Тез арада тұщы судың көзін таппасақ,
халыққа қиын болғалы тұр.
– Ау, анада тұщы судың көзін таптық... тұщы су шықты деп
шулағандарың қайда?
– Шығуы шыққан. Бұрғышылар бес жүз жетпіс метрден су шығарып,
халық қуанып, шалдар құрбандық шалып шуласқанбыз.
– Безобраз. Қазіргідей ет жоқта, бұлар, əйтеуір, бір сылтау тауып
мал сояды да жатады.
Бастыққа жақын отырған бурылбас дереу қостады:
– Бұлар бала піштірсе де, қой сойып құдай жолы беретін көрінеді.
Жын-шайтан, черт знает что...
– Безобраз. Сенің аулыңа бұрғышы емес, үгітшілер бригадасын
жіберу керек.
– Үгітші өзімізде де жетеді. Бізге бұрғышы...
– Бұрғышыны қайтесің, əлгі құдай жолының суы бар емес пе?
– Онан түк шықпады деп отырмын ғой.
– Жаңа су шықты дегенің қайда?
– Теңіз тартылғалы топырақтың құрамында тұз көбейіп, тұщы
судың көзі ары кетіп жатқан жоқ па. Басында біздің мəз болғанымыз,
шамасы, сірə, бір кездегі тұщы судың үзіліп қалған азғантай
сарқыншағы болуы керек. Бірер атқылады да, ертеңіне кермек татып
ащы суға айналып кетті.
– Құдай жолыны аз берген болдыңдар ғой.
Стол басы тағы ду күлді. Қозы Қарын сұлу көршісінен де қошемет
дəметкендей, Бəкизатқа бұрылып еді, Бəкизат көзін төмен сап тұйық
отыр. Əлгі бір қытықты əңгіме тұсында түсін бермей, өңін билеп қалу
оған да оңайға түскен жоқ-ты.
– Сонымен... бұрғышы жібересіз бе, жоқ па?
– Көрерміз.
– Жоқ, сіз...
– Əй, сені бұрын сөйлете алмаушы едік қой. Қарай ғой, өзі тіріле
бастады. Тамада, давай, келесі тосты осыған берші. Көрейік, сөйлесін.


Ішерін ішіп, жерін жеп, енді тек ермек қайдан табылар екен деп,
желеу іздеп отырған жұрт қуанып кетті. Қозы Қарынды қостап шыға
келді. Бұл ызалы еді. Тосыннан сөз бергенде аузына сөз түспей,
қ
олындағы рюмкаға қарап тұрып қалды. Стол басы сілтідей тына
қ
апты. Алғашында "не айтар екен" деп демін ішіне алып отырған
кісілер үнсіздік ұзағасын шыдамы таусылып, қозғалақтай бастады.
Қ
айсы бір шыдамсыздары қасындағы көршісіне бұрылып, аузына сөз
түспей, көзі алақтап, сасып тұрған бұны ымдап мырс-мырс күлді. Сен
Бəкизаттың да оты бетіне шығып отырғанын көрдің. Абдырап сасып
тұрғанда аузына қайдағы бір келіспеген сөз түсіп: "Қасиетті Кəрі Арал
ү
шін... Кəне, сол үшін... түрегеліп..." деп тоқтап қалды. Онсыз да өзін
ə
зер ұстап отырған кісілер қыран-топан. Əсіресе Қозы Қарынның
құ
дайы беріп:
– Маладес! Маладес!– деп, ішегі түйіліп жатып та бұны өп-өтірік
арқасына қағып-қағып қойды. – Маладес, Ай, маладес. Сенің, сірə, түнде
ұ
йықтап жатқанда да түсіңе Арал кіретін шығар? Ай, маладес! Маладес!
Айттым ғой, бұл Демоспен, Аралдың Демоспені, ха-ха-ха!
Сен қолыңдағы рюмка қалтырап бара жатқасын жалма-жан столға
қ
ойғансың-ды...
* * *
Ыстық астан кейін қонақтар сыртқа шықты. Біраз бой жазған соң
ішке қайтып кірсең би басталып кеткен екен. Бəкизат Қозы Қарынды
тастап, ұзақ уақыт бағана өздерін күтіп алатын ши борбай шегір көз
сыптығырмен биледі.
Неге екенін қайдам, осы шегір көз, ши борбай саған салған жерден
ұ
наған жоқ; əсіресе, оның жас шамасы өзімен қатар болғанына
қ
арамастан қонақтардың ішінде бұғағы, не қарны барлардың бəрін
"аға" деп, ал бұны біресе "ақсақал" деп, біресе Бəкизатқа əке ғып
қ
ойғаны тіпті жынына тиіп болды. Оны Бəкизат байқады ма, жоқ па
белгісіз, əлде əйел батылданғанда қаласа күйеуінен де айылын жимай
көзді жұмып жіберетін қайсарлық па?
Бағана байқаған-ды. Осы ши борбай əйеліңе ұнап қалған сияқты.
Столға отырғасын сенің көзіңді ала бере оған екі рет бұрылып қарады.
Алғашқы қарағанда сенің иығыңның тасасынан қара көздің жанары
жалт етіп қысқалау назар салып еді; екінші жолы қонаққа келер
алдында ерінбей-жалықпай əр талына бір-бірлеп бояу жағып,
күйлеген қаншықтың құйрығындай қолдан қайқайтып алған сабаудай
ұ
зын кірпік астынан назарын тіктеп, ұзағырақ қараған-ды.
Ө
й, өтіп бара жатқан өмір-ай!.. Сонан бері де... Тоқта, сонан бері алты
ай. Иə, аттай алты ай! Сол алты айда бұл қанша оқиғаны бастан кешті?
Сұм дүниенің адам түгіл, атан түйе көтермейтін ауыр бейнеті мен


азабын тартты? Мына жалғанда бұл ішпеген у мен дерт қалды ма?
Басқаны қойғанда, сонан бері сен Амударияда кісілеріңмен бір ай
қ
останып жатып, тұщы суға құлаған лай балыққа қарық болдың. Іле-
шала орталарыңды ойсыратып жиырма бес үй көтеріле көшті. Онан
қ
ырдан босқан қара құрттай киік теңіздің ащы суын ішіп, үйір-үйірімен
қ
ырылғанын көргенде қан жыламады ма? Онан Сырдария.
Қ
ылшылдаған қара суық. Ызғыған қамыс қос. Қатын-баланың көз жасы
ма... Əлде, ата-баба, аруақ қолдады ма, əйтеуір сəті түсіп қамау судың
балығына қарық болды. Сонан бұлар іші-сырты майланып, қуаныш
қ
ойнына симай қатын-балаға құстай ұшып келгенде... О, Тəңірі!.. Тас
бауыр тағдыр, саған мен не жаздым? Кісіге қылдай қиянатым болып па
еді? Мен шеккен азап пен мен көрген мазақ аз болып па еді? Бұрынғы
қ
айғыдан бүгінгі қайғы асып түсіп, адам көтермейтін зіл батпан салмақ
жанымды жаншып, жер қылғандай қорлап мен қай қылығымнан
жазықты болдым? Естимісің, Құдай! Уа, естимісің?
Жəдігер қалшылдап алақандай ала көздің шарасы жасқа толып, иегі
кемсеңдеп кетті. Ертеден бері жанын баурап, көзін арбап алған мына
ақ қардағы ізден назарын алып, бүгін ертеңгісін кеп тоқтаған бір
орында екі аяғынан сарсылып түр. Міне, түс ауды. Күн кешке тақады.
Бұл осылай тұра бере ме? Өзін қаумалап өріп кеткен мына ашқарақ
ойда шек бар ма? Бел-Аранның үстінде үйірілген суық сүр бұлттай бұл
байқұстың басын шырмап, жанын итке талатқандай азаптап, у үстіне
уды іше бере ме?
Апырай!.. Апырай, пəле неден басталды? Кімнен басталды? Сен бе?
Ол ма? Жоқ, онда кінə жоқ! Рас, ол астанада болғанда қыз кезінде
сүйген, əлі де сүйетін жігітпен... кемді-күн ойнап күлген азғантай
қ
ызығын көре алмай... ішің күйіп қызғанып... сорлы əйелді өлтіре
жаздадың. Бишара əйелді бетіне күле қараған еркектің бəрінен
қ
ызғанғаныңа жөн болсын? Аралда таныс дəрігердің үйінде қонақта
болғанда Қозы Қарын мен əне бір үрпек бас, шегір көз, сыптығырдан
қ
ызғанып бұлан-талан боп... Қырсық қылғанда, сол күні Қозы Қарын
мен ши борбай неменің Бəкизатты кезек-кезек биге шақырып, кенедей
жабысып алғанын қайтерсің. Бірақ, соған бола əйелді жазғыруға бола
ма? Билегенде не тұр? Қонаққа барған əйел мен еркектің билемей
қ
алған жері бар ма? Аузына арақ тисе, құйрығы құрт түскендей
қ
ылмыңдап қоя беретін əдет емес пе? Билемесе ішкен асы бойына
сіңбейтін жастар түгіл, алдына кебеждей қарын өңгерген осы күнгі
қ
азақтар да қойқаңдап ортаға түсе кететін боп жүрген жоқ па? Сол
жолы да бір-екі рюмка ауызға тигесін жастардан да бұрын кебеже
қ
арындар желігіп, тақтай еденнің шаңын бұрқылдатып ала
жөнелгенде-ақ бұның аяғы бір пəлеге апарып соқтырмай қоймасын
білген еді-ау! Түсі демде бұзылып түнере бастағанын елден бұрын
байқаған үй иесі шыбыжықтап қасынан кетпей қойды.


– Жəке,– деді бұған,– бір жерің ауырып тұрған жоқ па? Дəрі берейін
бе?
– Жоқ...
– Бəлкім, жүректің дəрісін?..
– Жоқ. Жоқ, ештеңенің керегі жоқ...
– Апырай, ə?..
Ə
лі де болса қалбалақтап қасыңнан кетпей қойған үй иесі жігіттен
құ
тылудың есебін таппағасын, сырт айнала бере Бəкизатқа бұрылып
еді, əйелі жаңа ғана қасында тұрған сияқты еді, енді қараса ши борбай,
сыптығырдың құшағында кетіп барады екен.
Е, Құдай, осыларды да еркекке теңестірем деп əлек боп жүрген
большевиктерде ес жоқ; еркекке теңесіп қайтеді? Əйел болғаннан есесі
кетіп жүрген ұрғашыны көрген жоқ; əсіресе Бəкизаттың еркектермен
теңесуге тіпті құлқы жоқ. Əне, басқа əйелдер есебін тауып түздегі
қ
ылығын күйеуіне білдірмей тасаға тығылып жасырып істесе, бұл
жазған ұрғашы екенін жұртқа жариялап болады. Оны сенен де
жасырған жоқ еді. Е, ол қашан етегі ашылмаған періште боп тымпиып
отырып еді? Аралда қонаққа барарда да соңыра қайткенде жұрт
назарын аударам деп əлекке түспеді ме? Сен: "ау, кеш қалдық қой,
болсайшы" деп асықтырғанда да, шар айнаның алдынан кетпей,
көлбеңдеп тұрып алмап па еді? Əуелі сояудай қып-қызыл
тырнақтарына қарады. Онан ақ борық саусақтарына, құлағына,
мойнына соңыра сұғанақ көздердің жанарын тартып жаутаңдатып
қ
оятын бар-бар жалтырақ пен жылтырақты тағып сəнденіп баққаны
қ
айда? Соның бəрі аз болғандай, енді бір кезде айна алдына ентелеп
отырып алып, осы жасқа келгенше сенің не атын, не затын білмей-ақ
қ
ойған қап-қара қоймалжың бірдеңені сабаудай кірпіктерге əрі-бері
жаққанда əр талы құдды күйлеген қаншықтың құйрығындай қайқайып
шыға келмеді ме? Сен: "келістің" деп кіржің етіп, қабағыңды қарс
жауып алдың. Жол бойы қасыңда қазық өкше туфлиді қыдың-қыдың
басып, құшағыңа кіріп жабысып алған əйелдің қара көзі жаутаңдап,
қ
айта-қайта жалтақтап қараған жанары да жаныңды жадыратпаған-
ды.
Оның үстіне ши борбай, сыптығыр неме кеш бойы құдды ешкі
емердей Бəкизатты баурына қысып, жабысып алды. Стол басында да
тар жерде тілмен айтуға болмайтын əлденені Бəкизатқа көзбен ымдап,
бірін жеткізіп, бірін жеткізе алмай əлекке қалып болды. Сен де соны
байқап, ыза мен қызғанышқа булығып, қашан кете кеткенше іштей
ə
бігерге түсіп болғансың-ды.
Стол басы ала жабыр. Бірінен кейін бірі тост көтеріп сұңқылдап


жатқан мына шуылдақтардың бір сөзі миыңа кірген жоқ. Тек əлдебір
желөкпе, қызбалау қонақ Қозы Қарынды мақтай келе: "ал, кəне, алып
жіберейік!" деп қынаулап дауыс көтергенде, стол басындағылардың
жаны қалмай атып-атып тұрғанын көріп, сен де орныңнан лажсыз
тұрғансың. Бірақ біріне – су, біріне – арақ құйған алдыңдағы рюмка,
фужерлердің қайсысын ұстарыңды білмей дағдарып қаласың. Жəне он
ү
ш жыл ескек, таяу болмаса, дəл мынадай қылмиған құмырсқа бел
шыны шөлмек ұстап дағдыланбаған қол қалтырап əлек-шəлек.
Көз қиығың Бəкизатта. Бұл жолы Бəкизат ұзын столдың аяқ
жағында отырған үрпек бас, ши борбайға көз қиығын да салған жоқ.
Ішіп-жеуден аузы босап, тағы бір үзіліске шыққан қонақтар тоқ
басқысы кеп əйел, еркек екеу-екеуден жұптасып биге түсе бастады.
Сен шам жарығы аз түскен ала көлеңкелеу шетте Бəкизатпен əлгі ши
борбай кəйтер екен деп тұрғансың-ды. Шиборбай шегір көзі
жылтыңдап жан-жағына қарады. Бəкизатты көріп жымың етті. Жетіп
барып, аяғындағы табанына балшық басқандай сіре қарыс бəтенкенің
ө
кшесін өкшесіне сарт еткізді. Үрпек басты қыз алдына сылқ еткізе иіп
биге шақырып еді, Бəкизат лəм деместен бұрылып жүре берді. Енді сен
жымың еттің. Көре қал, ол қазір қонақтардың ішінде елеусіз біреуге
барады. Əне, айтпады ма, май балақ қатыны екеуі бір шетте оқшаулау
тұрған жуан қара қазаққа барды. Жаңа столда отырғанда басынан
қ
алпағын алмаған-ды. Жəне етті жұрттың бəрінен көп жеген-ді.
Арақты да көп ішкен-ді. Енді қазір аузын ашып, азу тісін шұқып
тұрғанда, Бəкизат оған жетіп барды да, тісін шұқыған қолын тартып
алды.
– Ақсақал, ұят болады,– деп еді.
Жуан қазақ:
– Шырағым, оны біз қайдан білейік,– деді де, сосын қасында
басындағы жаулығының шетімен аузын басып тұрған əйеліне қарап,–
қ
атын, есіттің бе, тіс шұқыған ұят деп тұр. Қалаға келгенде есте
болатын нəрсе екен,– деді.
Бəкизат сонан кейін де қарап тұрмай, жуан қазақтың қабақтай
қ
арнын түртіп қап:
– Ағасы, жаяу жүру керек қой. Ал сіз, сірə, машинадан түспейтін
боларсыз?– деп еді.
Анау:
– Айналайын, оның рас. Əй, қатын, естимісің, мына бала көріпкелі
бар ма, дəл тапты,– деп мəз боп қасындағы дəл өзіндей қарынды
ə
йеліне қарап кеңк-кеңк күліп жатқанда, бұлардың сырт жағынан
жымсиып келген əлгі шиборбай, сыптығыр Бəкизатты шынтағынан


ұ
стап қатарласа берді:
– Ғафу етіңіз! Қарындас, биге шақырам.
– Мен, бəлкім, сізге апа болармын.
– Ой, жаса! Əй, қатын есіттің бе, мына қыз ақырында пəле боп
шықты. Жігітті қатырды.
Сүйдеді де, кеңк-кеңк күлді. Сосын кентті жұрттың үйтпе-бүйтпесі
есінен тарс шығып кетіп, тісін шұқығалы қолын аузына апара берген-
ді. Бəкизат шап беріп білегінен ұстай алды. Сосын қолын тырп
еткізбей темен басып тұрды да, қалпағы қоқырайған жуан ірі қазаққа
бойы жетпей бара жатқасын өкшесін көтеріп, оның құлағына бірдеңе
деп сыбырлап еді; жуан қазақ бұған да мəз болды. Бұл жолы да кеңк-
кеңк күліп əйеліне бірдеңе деп еді; əйел мырс етіп қолындағы
жаулықтың шетімен аузын баса қойды. Не дегенін сен есіткен жоқсың.
Бірақ не дейді дейсің, мықтағанда: "Əй, қатын, мынау маған тісіңе бір
қ
ойдың еті кірсе де шұқытпаймын. Қолыңды осылай ұстап тұрам
дейді"– деп, келеңсіз бірдеңені айтып кеңкілдейтін шығар.
Оның сөзі де, өзі де қаперіңе кіріп шыққан жоқ. Екі көзің əлі де
Бəкизатта. Сосын Бəкизаттың біресе оң жағына, біресе сол жағына
шығып ыңылдап жүрген əлгі шиборбай, сыптығырда. Қалай ыңылдаса
да Бəкизат көңіл бөлмей, бұрылып кетіп жүр. Бəкизат өзі ұнатқан
еркекті емешесін үзілтіп ынтықтыра түсу үшін де əдейі өститін.
Осындай көрсеқызар еркектердің ықыласын өзіне аударып алғанша
қ
ызық үшін арбап қылымсып бағады. Сосын оның ес-түсі қалмай
жүрегін ала жүгіргенін қалай көрді, солай өзгеріп сала беретін. Кейде,
ə
лгінде шиборбай, сыптығырға көңіл бөлмей қойғанындай діңкесін
құ
ртса, енді бірде онымен балаша ойнап "тю-тю!" деп сұқ саусағын
тұмсығының алдынан бір-екі безейді де, түк демей жөніне тартып кете
береді. Сондайда не істерін білмей жүйкесі құрып тұрып қалған əлгі
немеге, керек десе, бұрылып та қарамай, басы қайқайып кетіп бара
жатқан мына келіншек саған əрқашан көкте қыранға, жерде құмайға
ілдірмей, құйрығы бұлаң етіп шатқалға кіріп құтылып кете беретін
қ
ырдың қырық айлалы түлкісі сияқтанатын. Осы жолы да сүйтесің-ау
деп ішінен ырза боп тұрған-ды.
Жоқ, үйтпеді. Шиборбай, сыптығыр неменің құшағына күлімдеп
кірді де, екі қолын иығына салып билеп кетті. Сол күні жазбастан
сонымен биледі. Байқап тұр: сымпыс неме билеп жүріп аузын
Бəкизаттың біресе ана, біресе мына құлағына апарады. Ыстық дем
құ
лағын өртей ме, əлде еркек шіркіннің осындайда ұнатқан əйелге
емешесі үзілгенде не айтатынын білгесін бе, Бəкизат онан құлағын
алып қашады. Бірақ сымпыс жабысып алған. Əне, тағы да құлағына
төніп еді, Бəкизат бұл жолы тыңдауын тыңдады. Бірақ тыңдап
алғаннан кейін не əрі-не бері ештеңе демей, өзінің еркекті кейде ұзын


арқан, кең тұсаумен ұстағысы келгендегі əдетпен сықылықтап күле
берді, күле берді.
Қ
онақтар көңілді. Жаңа ғана дастарханнан тұрған кісілер ет пен
шайға іші-сыртын сықап алған. Бəрі де буы бұрқырап, қызара бөртіп,
билегені билеп, билемегендері үйездеген жылқыдай үйір-үйір боп,
анда да гу-гу, ду-ду, бұнда да гу-гу, ду-ду, сосын ха-ха... а-х-ха...
Солардың арасында жалғыз сен теріңе симай тырсиып алғансың-ды.
Есіл дертің мына дырду тезірек бітіп үйге қайту. Қызара бөртіп алған
мына қонақтар мен ана Қозы Қарын, сосын əлгі үрпек бас, шиборбай,
сыптығыр неменің қонақасыдан əлі де олқысы болса столға отыра
қ
алып тағы да толмаған жерін толтырып керелеп ішіп-жеп, тезірек
кетіп, тезірек үйге жету. Онан басқа ой басына келген жоқ. Шыдамы
құ
рып ширыққаны сонша бір орында тақат тауып отыра алмай сыртқа
шықты, ішке кірді. Іштегілер буы бұрқырап бабына келіп алған.
Қ
асына жақындасаң бəрінен еттің, арақтың, сосын тердің исі аңқып қоя
береді. Ана жақта ішетін, жейтіннің əлі де үйіліп тұрғанын көрген
кісілердің жуық арада тарайтын түрі жоқ. Сен бұрынғы бұрынғы ма,
енді тіпті шыдамың құрып кімге, қалай тиісудің есебін таппай
ширығып тұрсың. Осы жиын түбі бір тарап, түбі үйге бір жетсе,
табалдырықтан аттап ішке кірсе, бұл есікті ішінен тарс жауып алар еді
де, əй-шəйді қойып неке қағазды столға салар еді. К черту, ажырасады.
Иə, ажырасады. Бұдан артыққа төзер жай жоқ. К черту!


Иə, кіжінудей-ақ кіжінді. Бірақ... Сонан не шықты? Кіжінген күйі үйге
келді. Міне, табалдырықтан аттады. Үнсіз томсарып алған екеу ішке
кірді. Жаңа бір бүлікті бастағалы үйге жеткенше шыдамы қалмай
ширығып келсе де, бірақ үйге келгесін бұған бірдеңе көрінді.
Кереуіттің аяқ жағында тұрған орындыққа басын ұстап отыра кетті.
Бəкизат қасыңа кеп еңкейіп бетіңе қарады. Сосын қолын иығыңа сала
бергенде, сен қиқаң етіп, иығыңды тартып алдың.
– Əй, саған не болды?
– Аулақ!..
– Тіпті жазығым жоқ қой...
– Иə, сенде жазық болмайды.
– Не болды, айтшы. Əлде, жаңа қонақта саған ұнамаған бірдеңем
болды ма?
"Көрдің бе, түк білмегендей өп-өтірік мүлəйімсуін".
– Əй, қызғаншағым-ай,– деп Бəкизат кенет сықылықтап күлді.–
Жаңа мені біреуден қызғанған болдың ғой? Ту, қызықсың. Бала
секілдісің.
– Иə, бала қып алдаумен келесің...
– Қойшы. Сондағы қызғанғаның... Тоқ-та, ана... əлгі... əлгі сендердің...
қ
алай деуші едіңдер? Оған қойған аттарың бар еді ғой? А, я... Қозы
Қ
арын... Сол ма? Қойшы, сенің кез келгенге қызғанатын осы ит мінезің-
ақ шаршатып болды.
Бəкизат бұны мойнынан құшақтады да, сықылықтап тұрып қатты
күлді. Түсіңді бермей томсарғаның болмаса, сен бірақ бұл жолы
құ
шағына тартып, іші-бауырыңа кіріп бара жатқан əйелдің қолын
қ
аққан жоқсың-ды.
* * *
Соның ертеңі болар-ау, Бел-Аранның ығында отырған балықшы
ауылда ойда жоқ бір оқиға болған еді. Бұл күнгі ұрпақ тұрсын,
бұлардан бұрын баяғы ата-баба заманында да көк теңізге төр жайған
балықшы елдің тірлігінде болмаған, болмақ түгіл тіпті құлақ есітіп, көз
көрмеген сұмдық оқиға еді ол!
Аралдың басынан бағы қайтты дегенмен бұрын көк теңізге тор
жайғанда ау көзін азын-шоғын балық қағатын. Құрығанда күнделік
қ
азан қайнататын асымдық балық қағатын. Ал, сол жолы... Иə, сол


жолы бір күн, екі күн емес, қатарынан алты күн ау көзін дені дұрыс
балық түгіл, қылағай шабақ та қақпай қалған еді-ау!
Бағы жанбаса да, сағы сынбайтын сіңір қара жігіттер ерт
сөндіргендей қап-қара боп түтігіп кетті. Рахымсыз қатал тағдырдың
дəл өзімен тайталасып, бермесін тартып алғысы келгендей, олар
келесі бесінші күні тағы да таңмен таласа тұрып ертелете теңізге
шығып еді; кеше жайған қара торды қараған еді: бірақ кешегі, оның
алдындағы күндердей, бұл күні тағы да қара торды күрт шабақ та
қ
ақпаған еді-ау.
Сүйтіп, алты күнді артқа салған жұрт аң-таң. Бұл Арал Арал болғалы,
бұл өңірдің ер-азаматтары қолына бір таяу, қос ескек ұстап, қара
қ
айықты суға салып, талап қылған арғы-бергі заманда өмірі бастан
кешпеген сұмдық оқиға боп еді, жұрт теңселіп кетті:
– Тəңірге не жаздық?
– Не пиғылымыздан таптық? Кешегі қайғы мен қасіреттен бүгінгі
қ
айғы, қасірет асып түсіп жатқан бұл не пəле? Не сұмдық?
– Иə, бұл тегін емес, бұнда қандай да бір сыр бар.
– Апырай, бұл теңізге бірдеңе көрінді ғой! Жарықтықтың пиғылы
неге тарылды?
– Теңізге түк те көрінген жоқ,– деді Сары Шая. – Біз Құдайдың
қ
аһарына ұшырадық. Қой сойып, құдай жолы беру керек.
– Тəйт! Тəйт! Сен сұңқылдаққа не жоқ... Бұл Құдайдың кəрі емес,
балық бір жаққа ауған...
Сол күні сен үйге кеп, дастархан басында үнсіз ас ішіп отырып
ə
лгінде Сары Шаяға ақырған Көткеншек Көшеннің сөзі ойыңнан
шықпады. Балық бір жаққа ауған деді-ау? Ауғанда қайда ауады? Рас,
алапат аштықта, ақыр заман басына түскенде жан сауғалаған халық
жерін, суын тастап босатын. Жұт болған қуаңшылықта жайылымын
тастап мал, аң ауатын. Ал!.. Ал, бірақ... теңіз тірлігіне сыр-мінез бола
жүргенде, бұл, сірə, балық ауыпты деген сұмдықты есітпеп еді ғой.
Жəне... Жасаған Ие-ау, құрылықтың қақ ортасында, басы, аяғы тұйық
судың балығы ауғанда... бəсе, қайда ауды? Не себепті ауады?
Ө
тіп бара жатқан өмір-ай!.. Ойлап отырса, оған да алты айдың жүзі
бопты. Теңіз тартылғаннан бері аралдықтар үшін қай жылдың да оңып
тұрғаны шамалы еді. Соның ішінде биылғы жыл, əсіресе биылғы
жылдың кейінгі алты айы адам түгіл атан түйе көтере алмайтын,
бірінен бірі өткен қиындықтарды үйіп-төгіп жіберген еді-ау. "Ə"
дегеннен жыл беті қатты болды. Қыста қар жаумады. Жаз жаңбыр


тамбады. Көктем шығар-шықпаста оңтүстіктен соққан өрттей аптап
ыстық қылтиған қылтанақты күйдіріп жіберді. Осыған дейін де
қ
атарынан он жыл тамырына ылғал тимей, түбірі қара томарланып
күйіп кеткен жер биылғы қуаңшылықта əсіресе қатты азған-ды. Мал
тұяғы, аң тұяғы тисе де жер бауырынан сары шаң бұрқ ететін. Ал жел
тұрса, аспан мен жер арасы ала қиғаш бұрқырап ала жөнелетін.
Сөйтіп, аптап ыстық аспан астындағы тірліктің апшысын қуырып
тұрғанда, бір күні... Тоқта, сол өзі ау көзін алты күн балық қақпай
қ
ойған оқиғадан кейін болған ба еді? Ел іші енді қайтерін білмей
дағдарып отырғанда ауыл сыртындағы шөбі күйген сары даланың
сонау көз талатын алыс қиясынан бір шөкім шаң бұрқ еткен еді-ау!
Оны біреу көріп, біреу көрмеді. Сəлден соң əлгі шаң əр жерден бұрқ-
бұрқ көтеріліп, қапелімде қарамы үлкейіп, аспан мен жер арасында
сары лай тұтасып бірте-бірте бермен жылжып жақындап келе жатты.
Жақындаған сайын тысыр-тысыр тұяқ дыбысы шықты. Əзір көзге
көрінбесе де, танауына шаң толған əлде бір мақұлықтықтар қайта-
қ
айта пысқырады. Шаң тіпті жақындап жылжып келіп қалды. Лайсаң
шаң арасынан тұла бойын сап-сары лайға батырып алғандай қисапсыз
көп түз тағысы қылаң берді. Бəрі де басын жерге салып жіберген. Шаң
астында жоны бұлтылдап жосып келіп қалды. Ай мүйізді теке қара
қ
орым нөпірдің алдына түсіп жортып келе жатыр екен. Кенет көз
ұ
шында мөлдіреген көк теңізді көрді ме, əлде көкірегі сезді ме,
жорытып келе жатып, салбырап темен түсіп кеткен басын жерден
көтеріп алды. Селт етіп тұра қалды. Тосын қуаныштан тұла бойы дір
етті. Сосын, түк сезбей, соңында аңтарылып тұрып қалған қара құрым
киікке мойын бұрып, ешкіше маңырады да, тұрған жерінен ырғып-
ырғып түсті. Ағыза жөнелді. Соңында шаң жұтқан қара құрым азан-
қ
азан маңырап, ауыл сыртындағы қара деңді қыруар көп тұяқ
дүбірлетіп жосып ала жөнелді. Ауыл үстінен өткенде алдарынан өре
түрегелген иттерге де қарамады. Аң алып жүрген алымды иттер
аузына іліккенін алып ұрып жатыр. Осы араға ұзақ жолда оты, суын
ала алмай əлсіреп жеткен құралайдың лағын балалар қуалап, қатындар
иінағашпен ұрып алып жатыр. Ауыл үсті абыр-сабыр. Айқай-шу.
Шөлден қаталап өліп бара жатқан киіктер қырылғанына да қараған
жоқ. Тірілері өліктердің үстінен ырғып, балықшылар ауылының бет
алдындағы теңізге ұмар-жұмар, опыр-топыр түйдегімен ағызып келді
де, ащы суға бас қойды. Ащы су іштерін алып түсті. Онсыз да көнін
сүйреткен жануарлар іші-бауыры қатып, инеліктей мықшиды да
қ
алды.
Қ
ырдан құлаған киіктер сонда да теңізді тастап кетпей, шаңдағы
бұрқыраған сары далада үйір-үйір боп жүріп алды. Қанша жылдан бері
жаңбыр тамбаған қуаңшылық жер бетіне қылтиып көрінген шөп бұл
кезде тастай тікенге айналған-ды. Күні ұзын қылтанақты қуып жүріп
жайылған киіктердің кешке қарай тұмсығы құдды мысық тырнағандай


қ
ан жоса боп қалатын-ды.
Құ
рсын, айтары жоқ, қырда құстар, түзде киіктер қатты қырылды
ғ
ой. Қара құрттай киік қайда барса да қыбыр-қыбыр тұяқ құдды күл
шашқан баладай жер шаңын бұрқ-бұрқ көтеріп, сары лай ыдырамай
тұтасып тұрып алатын. Көзіне, құлағына шаң кірген киіктер жайылып
жүріп те басын шайқап пысқыра береді.
Теңіз жағасының түні – қапырық. Күні – өрттей ыстық. Жанына сая
таппаған түз тағылары жосып жүр. Күн қызған кезде топырақ қайнап
кетеді. Əсіресе сол кезде тұяқ екеш тұяқ шоқ басқандай шыдатпай,
төрт аяғын кезек көтеріп жаны қыдырып безектеп кетті. Қайсыбірі
қ
ырдың қырбық бұтасын паналап, бүйірін соғып ырс-ырс. Өрттей
ыстықтан өліп бара жатқан киіктер бір кезде лажсыз ауылға тығылды.
Малқораға кірді.
Қ
ара торға қылағай ілікпей, теңізден күдер үзген балықшылар сол
күні үйде жатып алған-ды. Сен де анада Көткеншек Көшеннің аузынан
шыққан жорамалдың жөнін ойлап: "басы-аяғы тұйық теңіз емес пе?
Балық ауғанда қайда ауады?" деп басың қатып жатқан-ды. Сыртта
арсылдаған ит даусы естілді. Жəне қора жақтан шығатын сияқты.
Қ
олға іліккен таяқты ұстап жүгіріп барса, қарала төбет киіктің текесін
жығып сап талап жатыр екен. Киік тұяқ серпуге шамасы келмей, шаң
жұтқан өкпесі сырылдап дір-дір етеді...
– Жəдігержан, қазан аузы жоғары. Пай-пай, мүйізі қарағайдай теке
екен,– деді əлдеқайдан сап ете қалған Сары Шая. Көңілді. Қиқ-қиқ
күледі. – Жəдігержан-ау, мына киік əншейінде ит-құс салып қуғанда
қ
олға түспейтін, желмен жарысқан жүйрік аң ғой. Енді "мені соғып
алатын кім бар" дегендей өз аяғынан кеп қораңа кіріп жатыр. Ау,
көктен тілеген ырзық жерден табылып жатса, о да Құдайдың
қ
арасқаны емес пе? Қашаннан бері тісіңе ет тимей, қызылсырап
жүргенде... Апырай, Құдай беріп қызыл ала қуырдаққа қарық болдық-
ау. Несін айтасың, бұйыртса сен же-мен же болатын болдық қой!
Сен оны тіпті тыңдаған жоқсың. Не деп тұрғанын да білген жоқсың.
Иттің тісінен айырып алған киікті не істеріңді білмей, қиналып
тұрғансың-ды.
– Қазинесі кең Құдай, пендесіне берейін десе ризығы шаш етектен
ғ
ой. Көктен тілегеніңді жерден беріп қораң ешкіге толып шыға
келгенін қайтерсің,– деді де, Сары Шая үйіне кетті. Есіктен кірер-
кірместе үйді басына көтеріп:
– Уа, қатын, қайдасың? Түр! Қазаныңа су құй! От жақ! Ет, ет деп сен-
ақ құлағымның құртын жеп болып едің. Еттің əкесін енді көресің. Майы
шылқылдаған қызыл қуырдаққа көкірегіңді аздырайын. Ау, қатын,
пышақ қайда?


Бұл күндері Сары Шаяның қолынан пышақ түспеді. Талай киікті
тыпырлатып қор-қор бауыздады. Талай құралайды жерге топ еткізіп
алып ұрып, көзін жаудыратып сойды. Қыза-қыза талай текенің де
терісін сыпырды. Бірақ бəрі көкей жасық. Арық. Текелердің басында
қ
арағайдай қақырайған мүйіз. Жаз шыққалы оты, суын ала алмаған
киіктердің баурында төрт тұяқ қыбырлағаны болмаса, тұла бойында
тері мен сүйектен басқа тіске ілігер түк жоқ. Көк жасық етті қуырса да,
асса да көне етіктің сірісіндей сағырдаң сіңір. Сары Шая ауызға
іліккеннің өңештен өткенін қалап, азуға салып əрі-бері шайнады да,
жұта алмағасын түкіріп тастады. Сосын табақты теуіп, тұрып кетті:
– Əй, бəсе... Өзім де бұл не қылған батпан құйрық деп едім-ау. Қара
тер боп күн-түн жүргенде бүйіріңді бір шығармайтын Құдай, қызыл
ала етті тектен-тек қайдан үйе салсын.
Ашу буған Сары Шая алау-далау боп сыртқа атып шықты. Киік
қ
уалап кеткен иттер ауылда жоқ екен, бұған үрмеді. Колхоз
конторының көлеңкесінде қауқылдасып тұрған бір топ кісіге келді.
Киік соғып қайтқан жастардың омырауы қан-қан. Өздері аң қызығына
есіріп алған. Сары Шаяны көріп қуанып кетті. Сары Шая да жымыңдап,
қ
ойнынан кішкентай қобдиша темірін шығара бастады. Жылтырақ
темірді желөкпе жігіттердің əр қайсысына бір тосып, ананы бір,
мынаны бір тыңдады да, ақырында өзі сөйлеп кетті. Өзі де дəл қазір
бір шаруаны тындырып келгенін айтты. Қораға кірген ақбөкеннің ай
мүйізді бір текесін алып ұрып, əп-сəтте бұтарлап сойып, ой, несін
айтасың, қатын-баланы қызыл қуырдаққа іші-сыртын бірдей ғып
сылқитып тойдырдым деді. Сөзімнің шиі шығып қалар-ау деген тұста
сұңқылдап сөйлеп отырып көзін жұмып-жұмып қояды. Жұрт тамсанып
қ
апты. Соны көрген Сары Шая енді екіленіп кетті:
– Ау, білікті кісілер баяғыда суға сенбе демеді ме. Ал, қане... судан не
опа таптың? Теңіз, əне, тартылды. Балық, əне, алты күн ау көзін қақпай
қ
ойды. Осы ауыл қазан қайнататын соқыр шабақ таппай, тарығып
отырғанда, садағаң кетейін, Құдай, үйір-үйір киікті үйіңе кіргізіп берді.
Қ
ызыл ала етке қарық боп жатсың. Терісі қандай. Қаласаң, қыста
жарғақ шалбар тігіп ки. Тіпті от басына бір қағып салар тулаққа да
жарап жатыр. Ал теке болған текенің арқасына сыймайтын қарағайдай
мүйізін айт! Ойбай, біз мүйіздің қасиетін қайдан білейік. Сүйтсе, үкімет
мүйізден дəрі жасайды екен ғой. Оны кім білген. Ал енді, ондай дəріні
ішкен еркек хе-хе... түнемелікке қарай астымен алысып шығады дейді.
Ə
й, сен неге күлесің? Күлкісі жоқ, айналайын. Сенбесең өзің ішші.
Айғыр боп азынап шыға келмегеніңді көрейін.
Жастар желігі қозып, көзі ұшқындап барады. Соны байқаған Сары
Шая келесі сөзін тіпті құтыртып, қайдағы жоқты соғып кетті.
– Үлкен қалаларды айтпағанда, сендер өзіміздің мына Арал,


Шалқарға киіктің мүйізін апарыңдаршы... Сəні мен салтанатын
жұрттан асырғысы келген ауқатты үйлердің бикештері алдыңнан
тосып тұратын көрінеді. Ойбай,
Құ
дай-ау! Көк теңізге көзіңді сатып көк тиын таба алмай, арам тер
болғанша, текенің мүйізін сатып ана қалтаңда будақ-будақ ақша, мына
қ
алтаңда будақ-будақ ақша, аяғыңды алшаң-алшаң басып жүрмейсің
бе?
Жігіттердің көзі жайнап кетті. Айтса да алты күннен бері тор, тұзақ
түк ілмей, көзі көкшиіп отырғанда өз аяғынан қораға кіріп жатқан
қ
ыруар киіктің мүйізін сатып шаш-етектен пайданың астына қалса
несі кетеді?
Бұлардың тілегіне қарай сол күні қыр жақтан кен іздеген геологтар
келді. Астарында гүжілдеген көк қасқа машина. Сары Шая түз кезген
жігіттерді шай үстінде қот-қоттап оп-оңай көндірді де, күндізгі
аптаптың беті қайтқасын алдын кештете аңға шықты. Жарығы
саулаған машиналар былай шыға бере-ақ ауыл іргесінде үйір-үйір боп
жайылып жүрген киіктерге кездесті. Көнін шаққа көтерген аш, арық
киіктерде қашатын қауқар жоқ. Жəне көзге түртсе көрінбейтін
қ
араңғыда жан-жағынан жарық саулап гүрілдеп келе жатқан мына
пəлелерді көргенде естері шығып кетті. Бас сауғалап қаша алмай,
ү
ргедек сорлылар аядай жерге топырлап тығыла түсті. Гүжілдеген
ауыр машиналар о жағынан да, бұл жағынан да тиісіп кетті.
Қ
ақтығысқан киіктің қалың тобын омыраумен қағып, домалатып
ұ
шырып түседі. Ал доңғалақ астына түскен киіктер қаңқасы күтірлеп
жатты. Сары Шаяның қот-қотына есіріп алған жігіттер бұнан кейін
тағы екі күн киік аулауға шықты. Тұла бойында бір шайнам ет жоғына
қ
арамай, басындағы мүйізіне бола қуып жүріп қырған-ды.
Бұл хабар жеткен бойда сен жүгіріп Сары Шаяға барып едің, Сары
Шая сөзіңді жыр демеді. Көк ала ақша көкейін тескен жастар болса-
болмаса да есіріп, ешкімді тыңдайтын сыңайлары жоқ. Бұл күндері екі
кісінің басы қосылса айтатындары: Сары Шая. Киіктің мүйізі. Қаланың
мода құмар қатындары. Көк ала ақша түнде түстеріне кіреді. Аң
қ
ызығына түскендердің алып-қашпа лақабы сенің кісілеріңе де əсерін
тигізе бастады. Алты күн ay көзін соқыр шабақ қақпай салы судан
шыққан кісілер қамыс қоста қабағы түсіп отырған-ды. Үйден алып
шыққан азығы таусылып, біреулер қатқан нанды қытыр-қытыр қажап
отыр еді, қара шал:
– Əй, Жəдігер,– деп дəл құлағының түбінен шаңқ етті.– Кісілерің, əне,
тышқанға айналды. Көресің бе, көз бар ма өзіңде?
– Көшеке... көргенде, қайт дейсің?
– Қайткені сол, ауыңды ал. Қос ескек, бір таяуды, қара қайығыңды


қ
оса ал. Мына теңізде балық түгіл бақа да жоқ.
– Ау, Көшеке...
– Көшеке... Көшеке деп көлгірсуін бұның. Бұрын Қара шал дедіңдер,
енді қартайған шағымда қатқан нанды қытырлатып қара тышқан
атанар жайым жоқ. Ана Сары Шаяға қос болам. Киік аулайым. Мүйіз
сатам.
Қ
озы Қарын балық планы орындалмай жатқанда өкіл шаптыратын
ə
деті. Қара шал кететін күні бұларға қаладан өкіл келді. Бұрын бұларға
тəшірейген шертік қара келетін. Ол осы ыстықта қара костюм киіп,
қ
ара галстук тағып жəне оны тоқпақтай ғып дəл тамағының астына
қ
ылғындыра байлап алып: "ал, бауырым, балық қайда, балық?"– деп
келмей жатып төс сүйегі қайқайып тұрып алушы еді. Бұл жолы басқа
ө
кіл... Басқа болғанда, анада Аралда қонақта бірге болатын бурыл бас.
Байпаң-байпаң басады. Бас сұқпай жатып барқырап амандасады.
Қ
амыс қоста басы салбырап түсіп кеткен үнсіз кісілердің бетінен
бірдеңе іздегендей жағалай қарап шығады. Сосын "апырау, ə?"– деп
таңданып тұрады да, қолында бұлғақтаған портфелді босаға жаққа
былқ еткізіп тастай сап, тағы да байпаң-байпаң басып, бұның жанына
отыра кетті.
– Ауылдарыңда киік қойдай өреді ғой. Черт знает что?!.
Бұл үндемеді. Бурыл бас өкіл біраз үндемей отырып:
– Құдайдың күні қайнап кетті. Аламат. Шөп жоқ. Су жоқ, черт знает
что...– деді.
Сенде үн жоқ. Бурыл бас терін сүртті. Омырауын желпіді.
– Сорлылар, шөп жоқ, су жоқ, қырылып қалады-ау. Апыр-ай, ə? Черт
знает что...– деп, бурыл бас алақ-жүлақ бұған қарады. Сен бұл жолы да
ү
ндемедің.
– Сендерге кеше келуім керек еді. Жолға шығарда ана шаруа, мына
шаруа, шайтан-жын толып кеткені. Шыға алмадым. Мына киіктер...
апыр-ай, ə?– деп, əлі де түсіңді бермей тұнжырап отырған саған
қ
арағанда көзі үрейлене ашылып аңырып қалды.
Бұрыл бас өкіл қамыс қостың іргесіне жайғасты. Сонан ол
балықшылармен талай таңды бірге атырып, талай күнді бірге
батырды. Балықшылармен бірге теңізге шықты. Соқыр шабақ ұстай
алмай сілесі құрып, үсті-басынан су сорғалап қайтқан кісілердің
арасында, қазан көтермеген көңілсіз қоста жуан портфелін басына
жастанып, үй төбесіне қарап үнсіз жатады да, кенет басын шұғыл
көтеріп алады.


– Шайтан-жын; черт знает что. Апыр-ай ə?– деп аңғалақ көзін əлде
бір үрейге толтырып, алақ-жұлақ қарап аңтарылып отырғаны.
* * *
Кісі жамандықты көре-көре ығыр болғанда жақсылық аңсайтын
ə
деті ғой. Сен балалар оқу бітірген күнді қайта-қайта есіңе түсіріп
тұрсың. Ұмытпаса, бурыл бас өкіл келетін күннің ертеңі ме еді? Сол
күні бұл ауылдың кісілері иығы жарқырап киінген еді-ау! Қызыл-ала
киінген кəрі-жас клубқа жиналған еді. Жиын ішінде бала жетелеген
қ
атындар, қойнына бөтелке тыққан бозбалалар да бар. Азан-қазан, у-ду
аз дегендей клубтың маңдайына ілген даңғаза радио даланы басына
көтеріп жатыр. Қуанышты күндерде де құпиясыз жүрмейтін қыздар
жиын арасынан екеу-екеу, үшеу-үшеуден жырылып шығып оңашалана
береді. Aт көпір жиын қызыл мата жапқан кішкентай столдың алдында
иін тіресіп тұр. Столдың аржағында мектеп директоры. Бір жағында
завуч ағай. Екінші жағында пионер вожатый апай.
Директордың қолында оқу жылының қорытындысы. Жұрт соның
аузына қарап арбалып қалған. Кімнің баласы қалай бітіргенін
есіттіргенде жым-жырт боп тұрған жұрт шу ете қалады. Ду қол соғады.
Құ
дды тай жарысын қызықтап, дуылдасып жатқан думандай.
Жазатайым баласына мақтау тиген ата-ананы ортаға алып:
"Қуанышыңды жу! Бұнда шабылмағанда, сорлы, су кешіп қызыл сирақ
боп тапқан бес-он тиыныңды соңыра басыңа қоясың ба?"– деп
қ
ауқылдасып жатқандары.
Сол күні шуылдақтар бұны да жүндеген түйедей қылған-ды.
Қ
ызыңды үйге иығыңа мінгізіп əкеле жатып, жолшыбай:
– Сен бүгін патшасың. Папасына ақ патша. Ақ патшам менің,– деп
жынды кісіше сөйлеп келе жатқансыңды. Иығында отырған ақ патша
ө
ткен-кеткеннің бəрінен қысылып: "Айтпа, үндеме",– деп аузыңды
басады. Көрші үйдің терезесінде тəмпіш танауы əйнекке жабысып
қ
алған тентек қара тілін шығарып еді, онсыз да əке иығында əзір
отырған ақ патша ұялып қап, қыңқ етті. Жерге дік етіп секіріп түсіп,
артына қарамай құлдырап жүгіре жөнелді.
– Айналайын... Ақ патшам менің!
Осылай жүрегің елжіреп тұрғанда, кенет кеуде толы қуанышқа бір
мұздай күдік жыланша ирелеңдеп кіріп бара жатты. Жаңа қызын
мақтағанның бəрі "Еңбек сүйгіш" деді-ау? "Ынталы" деді. "ЬІждағатты"
деді. Жарайды, десін. Солай болса, солай шығар. Бірақ... өмір жолына
түскен əр адам тірлікте ылғи өз теңінің алды боп озықтар мен озаттар
арасында жұлдызы жарқырап, ылғи жүлдені жеңіп алу үшін əлгі
қ
ызына таққан үш қасиет жете ме? Адам еңбек сүйгіш болса, ынталы
болса, ыждағатты болса, сонда қойны-қонышың əлгіндей сары ала


мақтау қағаз бола ма?
Бұл ойланып тұр. Басын шайқады. Əй қайдам. Қайдам. Дүние тек
соған тіреліп тұрса, əлгі құрғыр үшеудің үшеуі де бұның да өз бойынан
табылатын сияқты еді ғой.
Кіп-кішкентай қуаныштың да бұйырмағанын қараш. Көңілден
семіретін кісіні қашан да сол көңіл ғой жүдететін. Кіп-кішкентай
қ
уаныштың да осылай шырқы бұзылып, ғазиз бас тағы да көк соқта
толқынға түскен қайықтай былғақтады да қалды. Күн кешкіріп қамыс
қ
остың іші қара көлеңкелене бастады. Сен төсегіңді бурыл бас өкілдің
қ
асына тақастырып салдың. Бүгін тағы қазан көтермеген қоста ауыр
ү
нсіздік бар. Теңіз үстінің есірік желі күн батар алдында басылған-ды.
Тек іргеде ұлы теңіз ыңыранады. Өксік толқын əлі де болса солығын
баса алмай, жағаға жалп-жалп жығылып жатыр. Қараңғы қос ішінде əр
жерден қорыл шыға бастады. Бір кезде сені бүйіріңнен бурыл бас
ө
кілдің шынтағы ақырын түртті:
– Ояусың ба?
– Иə...
– Ояу екеніңді біліп едім. Бізден ұйқы қашқалы қай заман.
Ө
кіл басын көтерді. Темекі тұтатты. Құнығып бір-екі сора түсті де,
ащы түтінге шашалып əпі-шəпісі шықты. Сосын сенің қасыңа кеп
қ
атарласып отырды. Өрге қарай жүргендей ентігіп өкпесі сыр-сыр
етеді.
– Бала, осы сен үйде айналмадың ғой?
Аралда қонақта болғанда осы бурыл бас Қозы Қарынның аузынан
не шықса соны қостап, жынына тиіп болып еді. Соған қарап: "Сенің де
шамаң белгілі болды. Бастыққа бас шұлғығаннан басқа білерің жоқ
бишара бопсың ғой",– деп ойлаған-ды. Сүйтсе, бұның да өз қасіреті
ө
зіне жететін сияқты.
– Балалар көп пе?
– Жетеді. Жеңгең жұмыс істемеген кісі. Жас кезімізде қайдан білейік,
төбесі көрінген қара шұнақтарды қызық көріп, жеңгең екеуміз балапан
басып шығарған тауықтай қыза-қыза келгенде сол шіркіндердің екі
түсінен де егіздетіп жіберіппіз. Шүкір, ұл да, қыз да жетеді. Ұлды ұяға,
қ
ызды қияға қондырдық. Бірақ осы күнгі балалар баяғының енесін
сіргесімен қуалап жүріп еметін баспағы секілді... Е, Құдай əлі күнге
бізге ауыз ашады.
– Солай деңіз?


– Ойбай, сұрама. Шайтан-жын... черт знает что...
Екеуі біраз үнсіз отырды. Қатты ұйқтаған кісілер қамыс қосты
басына көтеріп дүр-дүр етеді. Əлдебіреу бастығырылды ма, бырқырап,
булығып жатты да оянып кетті. "Құдай біледі, осы шофер бала болар-
ау",– деп ойлады.
– Иə, Жəдігержан, баласы жоқтың қайғысы – біреу, баласы барда –
мың қайғы. Шайтан-жын, черт знает что.
Сүйдеді де, бурыл бас өкіл төсегіне қисайды. Жастыққа басы тие
бере күбірлеп: "Апыр-ай, ə?.. Черт знает что",– деді. Ұйықтай
алмасыңды білгесін, сен жадағайыңды иығыңа ілдің де, сыртқа
шықтың. Қос маңынан қырға таман ұзап бардың. Дала тас қараңғы.
Күндіз көз алдында қаңқиып тұратын Қаражар мен Бел-Аран қазір
көрінбеді. Күндізгі жынды жел сап бопты. Теңіз беті түн астында
түксиеді. Сол жақтан салқын леп білінді. Қосқа қайтқың келді. Бурыл
бас "апыр-ай, ə? Черт знает что..." деп өзінен басқа ешкім білмейтін
ішіндегі бір сұраққа үнемі жауап іздеп, ұйықтай алмай жатқанын
білдің.
* * *
Сол күннің ертеңіне бурыл бас өкілді қонаққа шақырып жібергің кеп
ү
йге келсең, Бəкизат сені шыдамсыздана тосып отыр екен:
– Келгенің жақсы болды. Сөйлесетін шаруа бар,– деді ол. Иініне іле
салған атылас халаттың түймелерін əлі салып үлгермеген екен. Екі
жағына айқара ашылып кеткен омырауының аржағынан албыраған
аппақ төсіне қарадың да жанарыңды ала алмай арбалып тұрып
калғансың-ды.– Естимісің? Шаруам бар деп тұрмын ғой.
Сен көзіңді тайдырып əкеттің:
– Айта бер!
Бəкизат халаттың өңірін қымтап жатып, сенің əлі де болса
қ
ыңыратқып көзіңді алып қашып тұрған түріңе қарап ақырын езу
тартты; сосын шаруасын айтты. Бұрын бұған бірге дем алайық деп
ешқашан тілінің ұшына алған емес-ті. Осы жолы жатты да жабысты:
– Алматыға барайық. Баяғыда бірге оқыған жолдастарға
кездесерміз.
– Түсінем. Бірақ, Бəтіш, уақытым жоқ, өзің барып қайт...
– Сен демалмайсың ба?
– Мені қайтесің. План орындалмай жатыр. Биыл балыққа бірдеңе


көрінді.
– Көрінсе – көрінсін. Онда сенің кінəң қанша? Теңіз тартылды. Су
ашыды. Балық құрыды. Вот и все...
– Бастықтар оған қарай ма. Суға сүңгісең де плаНды орындауға
тиіссің.
– Сол бастығың анада менімен билейтін... Аты қалай еді? Сендер
оны... Иə, есіме түсті. Əне бір кілмік көз... Қозы Қарын ба?
– Сол.
Бəкизат күлді:
– Жарайды, босана алмасаң, бармай-ақ қой.
– Бəтіш, айналайын... түсінгенің қандай жақсы болды. Тек ренжіме,
жарай ма?
– Ертең жүрсем қайтеді?
– Өзің біл.
– Сен ренжімейсің бе?
– Жо-жоқ...
– Онда жолға жиналайын.
– Əрине!.. Сөйт!..
Бұнда самолет аптасына бір-ақ рет келетін. Қалған уақытта
Тұщыбас қолтығының арғы бетінде бұрын балық заводы болған
поселкеден ұшатын. Балық заводының жабылғанына бес жыл. Онда да
кəсіпсіз қалған халық жыл сайын бес-он семьядан көшіп, үй саны күрт
азайып кеткеніне қарамастан Арал мен екі ортаға қатынайтын
самолет əзір оларға күнде келетін. Жəне ертеңгісін ұшатын-ды. Бұл
ауылдың қалаға жолы түскен кісілері асыққанда əрқашан арғы беттегі
балық заводына баратын. Ертеңгі самолетке үлгергісі кеп асыққан
Бəкизаттың аяғы жерге тимеді. Əр бөлмеге бір кіріп, сырлы есіктер
сарт-сұрт ашылып, жабылып жатыр. Қай бөлмеге бас сұқса да, қолына
жаңа сойған түлкінің терісіндей сары ала көйлек, кофта, юбка ұстап
шығады. Кебеже құрсақ шамадан қапелімде қампиып шыға келді.
Сол күні сен Бəкизатты салдырлақ машинаға отырғызып, арғы
беттегі балық заводына апарып сап қайтып келгенсің-ді. Көзің колхоз
конторының көлеңке бетінде отырған бір топ кісіге түсті. Ішінде Сары
Шая. Сен жақындап келе бергенде, құлағының шұқыршығына


шұбалтып жіп тағып алған Сары Шая кенет иығының басы бүлк етіп,
құ
была бетке қолын көлегейлеп қарай қалды. Көз ұшында бұрқ еткен
шаңды басқа жұрттан бұрын көріп:
– Бұл кім болды екен?– деді.
Жұрт назары шаңға ауды. Бұлар дегбірі қалмай шыдамсыздана
тосып тұрғанда, тұла бойы сары ала шаңға батқан бір машина кісі-қара
жиналған контор алдына гүжілдеп тұмсық тірей тоқтады. Кабинадан
сырмақ тақияның сыпыра жиегіне бастың тері мен шайыры сіңген
балпиған бұжыр сары біреу түсті. Тілінің астына толтыра салған
насыбайдан астыңғы көнтек ерін салбырап кеткен. Ұрты бұлт-бұлт
етеді. Табаны жерге тиер-тиместе ышқырлығын алдыңғы жағынан қос
қ
олдап көтеріп қойды да, сосын машинаның үстінде құрықтай мойнын
қ
айта-қайта келген жағына бұрып, көкжиекке көзі боталай қарап
ыңырсып тұрған қызыл нарға бұрылып еді.
Сары Шая қиқ етті:
– Қоралы кісіні көзіне ілмей, түйесіне тағзым еткен бұл қай
көргенсіз өзі?
Балпиған бұжыр сары əуелі үсті-басының шаңын қақты. Сосын
кедір-бұдыр қыр жолының шайқалағында басына тұрмай қайта-қайта
желкесіне түсіп кете берген сырмақ тақияны қозғап, төбесіне апарып
қ
ойды. Тақияны көтергенде байқап қалды. Жасында таз болған ба,
ə
лде теміреткі, əлде ұра шыққан ба, əйтеуір, бершімек-бершімек тас
төбесінен басқа жағы ала сиырдың бүйіріндей ақ таңдақ екен.
Балпақ сарының бұларға назар аудара қоймағаны басқадан бұрын
Сары Шаяға батты:
– Терісі түйеден де қалың, мынау не қылған неме?
Балпақ сары бұлармен бас-басына қолдасып жатпай, басқа бір
халықтың үрдісі бойынша қос қолын кеудесіне апарып, тақиялы басын
ə
деппен иіп амандық ымыратын жасады. Сары Шая балпық сарыға тісі
батпасын байқады. Тек сөйлеп қалған ауыз қарап тұра алмай, əлі де
болса келген жағына мойын созып ыңырсып тұрған қызыл шұнақ
нарға қарап:
– Пай, пай, мына жануардың қонысы келісіп тұр екен,– деді.
– Ал сапар оң болсын!– деді Сары Иван сөз тартып.
– Əлей болсын. Қоңырат қаласынан кеше шығып ем. Сондағы бір
көже тамыр қарақалпақ досымнан тұқымы асыл дегесін мына қылқи
мойынды алып едім. Артына қарап ыңырси береді, жануар.


– Бұлар бауыр басқан жерін ұмытпай, іші-бауыры адамнан бетер
аңырап тұрады ғой.
– Иə, бұлар жер, суын іздегіш. Абай бол, айрылып қалып жүрме!
– Қап, шығарда қара матамен көзін байлап тастамаған екенсің.
– Өзім де байқап келем, соным қате бопты. Сүтіне бола алып едім.
Жеңгелеріңнің басқа өнері болмаса да, құрсағы құтты. Бала-шаға,
шүкір, баршылық еді. Жазда күртілдетіп шайнатып қоятын əлгі...
немене деуші еді? Иə, көкөніс болмағасын, шөлдегенде балаларға
сусын болсын дегенім ғой. Шофер балам асығыс, бір шайланып түнгі
салқынмен жүріп кетем. Кəне, ағайын, қайсыңның үйіңдегі келін
шапшаң, шайы тез? Сені қой! – деді балпық Сары Шаяға қолын түңіле
сілтеп.– Сыңар құлақ екенсің, сығыр боларсың. Жəне сыңар құлақтың
ө
зін Құдай аржағынан күн көрінетін аламан тышқанның құлағындай
ақ жарғақ қып жаратқан екен. Сенен сөз шықса шығар, əй, бірақ шай
шықпас.
Балықшылар ду күлді. Бейқам тұрған Сары Шая қапелімде аузына
сөз түспей қызарақтап қап:
– Ау, ортамызда басқарма тұрғанда, басқамыз үйге жүр дей аламыз
ба?– деп əзілге жеңдіріп жатыр.
– Аруана, жарықтық, асыл мал ғой. Еңбегіңді ақтар. Игілігіңе тұтын.
– Əумин. Айтқандарың келсін.
– Ал, қонағым, ол жақтарыңдағы ел-жұрт қалай екен?
– Шүкір, аман. Тек Амудария тасып...
– А, не дейді?
– Айтары жоқ, қатты тасыды. Теңізге көп су құлады.
– Апырай, ə?! Ол, жарықтық жойқын ғой. Қатты тасыса... Апыр-ай, ə?
Черт знает что...
– Айтары жоқ. Аламат. Бұл заманның балалары қанша
ауыздықтаймыз деп алақанына түкірсе де, əй, не қыласың, тентек неме
əң
кі-тəңкісін шығарып жіберді.
– Апыр-ай, ə? Қарай ғой, ə? Халық... қалай аман ба?
– Суда қалған үйлер бар дейді. Мал басында да шығын бар көрінеді.
Құ
дай оңдап, əйтеуір, адам аман деді.


– Амудария ашулы ғой. Қайта балшевек балалар Қарақұмға бұрып
ə
кетіп, жынын біраз басты.
– Əй, сол... Қарақұмға бұрғаны халық бишараға қара қырсық болды
ғ
ой.
– Иə, үйтпегенде Арал бұлай болмас еді. Ал, қонағым, сонымен...
дария əлі тасып жатыр ма?
– Қазір бəсеңсіп қалды.
Сен ертеден бері əңгімеге араласпай, үнсіз тұрғансың-ды.
– О жақта балық талабы қалай?– дедің көңіліңде көптен жүрген бір
күдігіңді анықтағың кеп.
– Аламат. Өмірі болмаған балық. Қарақалпақтар қырып ұстап жатыр.
– Апыр-ай, ə? Басқарма жолдас, енді білдің бе, балығыңның қайда
кеткенін?
– Иə, қаталап жүрген сорлылар не қылса да оңтүстікке құйып жатқан
тұщы суды сезген болды-ау?
– Ал, басқарма... Кəне, не істейміз? Ауған балықтың соңынан қуып
барамыз ба?
Сен колхоздың катеріне ау-құралды тиеуге əмір бердің. Кейінге
қ
алдырмай, сол күні алдын кештете жүріп кететін болғасын
балықшылар жанталасып жол қамына кірісті.
Бұжыр сары шайланып алғасын теңіз бойының түнгі салқынын
бетке ұстап тартып кетті. Қонақты сен ауыл шетіне дейін апарып,
аржағын шофер балаға сілтеп жібергенсің-ді. Көк қасқа машина
маңдайындағы қос жарығын саулатып, қоңырлық жусанды даланы
сүзе жөнелді. Мына жүріспен жер қояр емес. Қапелімде ауыл
сыртындағы қара жалға жетті. Сол арада жол іздеп, əрі-бері ойқастап
алды да, гүжілдеп тартып кетті.
Сен жолаушының қарасы көзден үзілгенше қыбыр еткен жоқсың.
Жер апшысын қуырып, гүжілдеп тартып бара жатқан көк қасқа
машинаның үстінде аруананың сырық мойны сораяды. Қарсы алдынан
туған табақтай айға да селт етпеді. Емешесі үзілген іңкəрі артта. Сол
баяғы алыс, алыста, талай қырдың, талай сай-салалардың, асу-асу
белдердің арғы жағында қалған. Бұнан былайғы жерде тек түсіне
кіреді. Өмір бақи орындалмайтын арманға айналып, көзінен бір-бір
ұ
шатын да тұратын сол адыра қалғыр мекеніне жас толы көзі боталап,
иір мойны үзіле жаздап аңырап барады.


Қ
алайда осы бір тілсіз хайуанның көкірегін жарып шыққан зарлы үн
кеше қонысын тастап көтеріле көшкен жиырма бес үйді сенің де есіңе
салып, ет бауырың езіліп түр.
Мына аруананы да аяды. Иə, қатты аяды. Дүние тас-талқаны шығып,
ө
згеріп жатса да, осы жануарды өзгертер күш жоқтай еді-ау. Ендігі
жерге жер бетінде тек осы жануар араласқан тірлік қана өзгермей,
ө
зінің сол баяғы баяу, мешеу əрі момын, əрі аңқау күйінде қалардай
көруші еді. Əне, көрдің бе... дүркіреген дүлей заман бұл жануардың да
қ
ол-аяғын жерге тигізбей дедектетіп əкетіп барады. Соңыра замана
көшіне ілесер, ілеспес, ал əзірге о да гүжілдеген көк қасқа машинаның
арқасында кетіп барады. О, жануар! Ғасырлар бойы шығыстың жүгін
адам аяғы жетер жерге тасыған осы ойсылқара, енді, əнекей, өзі жүкке
айналып торт доңғалақтың арқасында кетіп барады!
* * *
Бұл жастықтан басын үрейлене көтеріп алғанда, жаңағы жылан
шаққандай шар еткен сəби дауыс үзілмей құлағында тұрған еді-ау!
Апалақтап көзін ашып алды. Алақ-жұлақ айналасына қарады. Теңіз
ү
стінің тастай қараңғы түні көзіне тіреліп, айналасынан ештеңе көре
алмады. Қорқып оянғандікі ме, құлақ шыңылдап, кеудеде жүрек дүрс-
дүрс соғады.
Жүрегінің аптығын баса алмай, біраз отырды. Жел жоқ. Қараңғы түн
құ
шағына енген теңіз қап-қара боп түнеріп, көк пен жер тұтасып
кеткендей. Мына түн, жаңа, тап жаңа ғана босқан балықтар жосып бара
жатқан тұңғиық қара иірім сияқтанып кетті. Ең аяғы, шошып оянғанда
бетін желпіп өткен теңіз үстінің бір үзік ескек желі де нағыз жел емес,
теңіз астының дəл бір тəн түршіктірер шекеңнен шыққандай суық
ағысы сияқтанып, əлі де болса жаны зəр түбіне кеткендей
қ
орқынышты түс пен қазір басынан кешіп отырған өңіндегі мына
көріністің екі арасын анықтап айыра алмай, қара иірімнің
қ
алтарысынан қапысын тауып су астының аузы-басы тіске толған
ə
лдебір жыртқышы шыға келетіндей, үркектеп айналасына қарады.
Бірақ босқын балықтар да, босқын балықтардың жолын тосқан əлгі
аузы-басы тіске толған жыртқыштар да көрінбеді. Тек оңы мен
солынан əлде бірдеңелер қараяды. Бұл не? Түсі ме? Өңі ме? Что за
чертовщина? Көзі жетпегесін еңкейіп қарап еді; ой, мынау... мынау
ө
зінің кісілері ғой. Е, е, енді есіне түсті. Бұл бағана каюта қапырық
болғасын жоғарыға шығып, палубада жатқан кісілерінің жанына қисая
кеткен екен-ау. Қараңғыға ептеп көзі үйренгесін оңы мен солына қарап
еді, күндізгі ыстықтан талықсып жығылған кісілер палубада қатып
ұ
йықтап жатыр екен. Бұның дəл қасында құдды тентек баладай аяқ-
қ
олы тыриып жатқан мына біреу, Құдай біледі, Көткеншек Көшен
болар-ау!


Жаңағы түстен кейін көзіне ұйқы оралмады. Ау-құралын тиеген
кішкентай тырқылдақ катер бағана күн барында жағадан ұзап, ұлы
теңізге шығып алған-ды. Сонан бері бір орынында табан серіппей
тұрып алған сияқты. Мотористер қалғып, дұрыс жүргізбей келе жатқан
жоқ па деген оймен төменге түсіп еді. Анау-мынау емес қоқан арбаның
доңғалағындай көк темір жан-тəнін сап гүрс-гүрс соғып жатыр екен.
Көк ала түтін ішінде үсті-басы май-май екі жігіт əлгі арсы-гүрсі ауыр
доңғалақтың бірі аржағында, бірі бер жағында түр. Үстеріне келген
бұған бұрылып қарады да, өз шаруаларымен бола берді.
Сен кідірмей, сыртқа қайта шықтың. Жел көтерілмей, дəл қазіргідей
шырадай тымық болып тұрса, Амударияға күн шыға жететініне
күмəнданған жоқ. Ойламайын десе де жаңағы шар еткен сəби даусы
құ
лағынан кетпей қойды. Бір ғажабы босқан балықтың арасында бұ да
жүр. Өзінің адам екені де, балық екені де белгісіз. Егер, адам болса,
мына ұланғайыр теңіздің бір басынан екінші басына қарай жосылып
бара жатқан босқын балық арасында лай суда малтығып келе жатқаны
түсініксіз. Қанша күннен бері тобын жазбай, қара құрттай қаптап келе
жатқан қисапсыз көп балық теңіз түбін лайлап жіберген. Сары лай су
бетіне дейін көтеріліп, тыныс алар ауа қалмай барады. Араларындағы
ə
лсіздері мен кəрі-құртаңдар көп дүрмекке ілесе алмай кейіндеп қала
бастады.
Босқын балықтың басында Көксерке мен Ақбалық; Ақбалықтың
аппақ денесі күмістен құйғандай; тек салыңқы қарынның бауыр
жағындағы қанаттары қып-қызыл, көздері қап-қара; лай су ішінде де
аппақ денесі қылау шалмай жарқ-жұрқ етті де отырды.
Бір кезде лай су жүзуге ауырлап еді; Көксерке балықтардың алдына
түсті; соңындағы қарақұрым балыққа мойын бұрып: "тығылыспай,
араларыңды алшақ-алшақ салып отырыңдар" деп, о, ғажап кəдімгі
адам тілімен айқайлап əмір бергені. Бұл аң-таң; балықтың тілін балық
түсінеді. Қала берді бақа түсінеді дейтіні қайда? Ал Көксеркенің
адамша сөйлегеніне жол болсын? Жəне ұзақ жолдан титықтаған кəрі
кісінің қажыңқы даусы; бірақ оның сөзін ешқайсысы тыңдамады;
қ
ыстан көтерем шыққан арық мал сияқты арық балықтар да тырысқақ;
Көксерке араларыңды алшақ сап жүз десе, онсыз да сіркесі су
көтермей, лай суда денесін əзір көтеріп келе жатқан аш, арық балықтар
қ
асарысып бұрынғыдан бетер тығылыса түсті; иыққа иық, бүйірге
бүйір түйісіп қап, аралары сығылыса бастады; үнемі су ішінде ағысқа
қ
арсы алқынып келе жатқан-ды; азабы мол, ауыр жолдың жарты
ортасына жетті ме, жоқ па, белгісіз, бір кезде бұлардың тобына оз
ү
йірінен адасып қалған бөтен, бөгде балықтар кездесе бастады; қиын
кезде қара тапқанына бұлар да адамша қуанып, қалаш құйрығымен су
шапаттап секіріп мəз болады.
Бір кезде теңіз тереңдеп, əлгі тыныс ауырлатқан сары лай сұйылды;


есесіне енді бас айналатын қара иірім басталды; Көксерке қасында
қ
атар жүзіп келе жатқан Ақбалықты тастай сала бере артына бұрылып:
"төмен қарамаңдар! Бір-біріңе жақындап, топтарыңды жазбай
жүзіңдер! Қалмаңдар!"– деді; теңіз əлгіден де көрі тереңдей түсті; су
шұғыл мүздап, ағыс күшейіп бара жатқан-ды; дəл осы кезде бұлар
қ
алай болғанын байқамай қалды; əуелде ағыс тартты ма деп қалған-
ды. Көксерке мен Ақбалықтың арасында келе жатқан Ақшабақ кенет
ана бауырынан бұлт беріп қара тұңғиыққа құлдырай жөнеліп еді,
аржағында осы сəтті тосып тұрған аузы-басы тіске толған репетсіз
ү
лкен жыртқыш тап беріпті; ақсиған найза тістер сарт-сұрт етті. Аппақ
Ақшабақ шыңғырып жіберді. Жыртқыштың тісінде кетіп бара жатқан
Ақшабақ па, əлде... жас сəби ме, сен сол арасын ажырата алмай қалдың.
Бірақ оның жан ұшыра шар еткен даусынан шошып оянғансың-ды.
"Апыр-ай, мына түсі құрғыр қандай жаман еді? Жігіттер жақсы
ниетпен үлкен сапарға аттанып шыққанда... Əй, бірақ... Тəйірі, түс
түлкінің боғы. Не болса соны көңілге алып керегі қанша",– деп, сен іле-
шала өзіңді жұбатқан болғансың-ды.
* * *
Шіркін, ол күндердің несін айтасың! Қай жылдан бері балық планы
орындалмай, ілгері басқан аяғы кері кетіп, аудан алдында абыройдан
айырылып, Қозы Қарын бастық қырына ала бастағанда, Амудария
бұлардың атағын аспанға бір шығарып еді-ау! Бірақ о да қас пен көздің
арасында өтті, кетті. Өткен күнде белгі жоқ. Араға күн түскесін-ақ
кісінің өңі де – түс, түсі де – түс! Тек кешегі кел шайқаған қызық
күндерді аңсағанда, қай пенде өзегі талып бара жатқанда саусақ сорып
жұбанатын аш құрсақ баладай жадына жармаспаған. Сен де, мінекей, ақ
қ
ар, көк мұзда балағыңнан жел ызғып тұрып сол күндерді есіңе алып
тұрсың!
Балпақ сарының айтқаны рас болды. Аяқ астынан Амудария
бірнеше күн ие бермей гүрілдеп-сарылдап Аралға лақ-лақ құйыпты.
Ағыл-тегіл лай су дария сағасындағы көлдерді толтырыпты да,
ауысқаны теңізге құйыпты. Бұлар келгенде теңіз суы едəуір жерге
дейін тұщып, сары лайланып жатыр екен.
Апыр-ай, бұл жарықтықтар да адам секілді ындыны кеуіп өліп бара
жатқанда тұщы су исін жер түбінен сезетіні-ау! Ел басына келген
ашаршылықта жүрек жалғар бір үзім нан үшін елін, жерін тастап
босқан аш халықтай, көрдің бе, таңдай жібітер бір тамшы тұщы суға
бола ту-ту терістіктен, шығыстан, батыстан оңтүстікке үйір-үйірімен
жөңкіліп ауған. Қашық жолдың қиындығына қарамаған. Жолдағы
тұңғиық қара иірімдер, түпсіз құрдымдар, ала қашатын ағыстар
қ
аперінен шығып, күн-түн сабылып өліп-талып оңтүстікке жеткен.
Сүйтіп, бір тамшы тұщы суға бола Амудария сағасындағы аядай жерде
ү
йме-жүйме боп жатқан қарақалпақ, өзбек балықшыларының үстіне


терістіктен қара тор жайған қазақтар да жеткен-ді. Бұлардың соңынан
"Райым" колхозының балықшыларын бастап таңқылдақ басқарма да
жетті. Қалған қазақтар да ау-құралын артынып-тартынып келіп
жатты. Ол күндері су беті қайықтан көрінбеді. Қырғын балықтың
қ
ызығына түскен үш ел – қазақ, қарақалпақ, өзбектің кəсіпқор кісілері
ұ
йқы, күлкісіз күн-күн, түн-түн балық аулап бергенде теңіз жағасы қан
сасып кетті. Ана жерде де, мына жерде де балық қабылдайтын пункт.
Олардан сəл əрегіректе сатырлаған ағаш бөшкелер. Ағаш бөшкелердің
қ
асында тау-тау үйілген түз. Түз маңы пышағы жалақтап балық сойып
жатқан қатындар. Осынау үш ел түгел жабылған абыр-сабырда үсті-
ү
стіне құйылып келіп жатқан балықты қолма-қол қабылдап, тұздап,
ə
уемен де, қара жермен де, сумен де үлкен қалаларға жөнелтіп жатыр,
жөнелтіп жатыр. Соның өзінде үлгере алмай, алды шіри бастаған-ды.
Несін айтасың, жұрт көңілді. Əсіресе сен мəзсің. Бір айлық жоспарды
бір жетіде орындап, аудандық газеттің бірінші бетінде суреті басылып
шықты. Тайдай тулаған балықтар арасында бұл үлкендеу бір балықты
қ
олына ұстап ыржиып күліп түр.
Сол күндері мойнына фотоаппарат іліп, мосы ағаш арқалап
жылтыңдаған біреулер толып кетіп еді. Шамасы, сірə, солардың бірі
бұны сыртынан аңдып жүріп, білдірмей түсіріп алған болды-ау. Сол
күні де бұның кісілері балықты қырып салған-ды. Сол күні сен қызуы
көтеріліп ауырып қалған бурыл бас өкілдің қасында болған едің де,
сыртқа күн қыза шыққансың-ды. Қабылдап үлгере алмаған балықтар
қ
ырман астықтай жағада тау боп үйіліп қапты. Қайықтар құйрық
тістесіп əлі де келіп жатыр, келіп жатыр, жағадағы жұрттың бəрі басын
ақ шыт орамалмен шарт байлап алған. Бəрі де екі білегін шынтағына
дейін сыбанып, балағын түрініп апты. Көйлегін сыпырып тастаған қай
біреулер, кеудеден жоғарғы жағын тыр жалаңаштап алған. Бəрі
жанталасып, бəрі сүрініп-қабынып жағаға тұмсық тірей-тірей тоқтап
жатқан қара қайықтармен қаз-қатар құрып тастаған таразылардың екі
арасында ерсілі-қарсылы тачка айдап, ырс-ырс зембіл көтеріп
безектеп жүр. "Біздің жігіттер қайда екен? Əне бір тачка дедектеткен...
Жо-қ, ол басқа"...
Кісілерін көре алмай, абыр-сабырдың бір шетінде алақ-жұлақтап
тұр. Бұнша кеп балық соңыра күн қызғасын қабыршағы түсіп, іші
кебеді. Ісінеді... Сосын шіріп, есіл балық ысырап болуы ықтимал.
Ыссыға қалғысы келмей, жанталасып жатқан кісілер бір кезде абыр-
сабыр, шаң-шұң болды да кетті. Балығын бұрын өткізгісі кеп
жанталасқан кісілердің қолындағы тачкалар бір-біріне бүйірін тарс-
тұрс соғып таразыға кимелеп ұмтылып жатыр.
– Менің кезегім.
– Ə, ортақ... қойың.


– Əй, айналайын, ортағыңды соңыра кек базарда айтарсың. Кезек
менікі!
– Ə, ортақ, мені жүдə қапа қылдың...
Енді бір кезде шаң-шұң болып қалған дауысқа жалт қарап еді,
осында келгелі балықтың қаны-жыны, шырышы жұққан сары ала
сауыс таразы басына жиналып қалған кісілер қабылдаушыны жағадан
алып жатыр екен.
– Əй, мынау не істеп кетті? Ісі өнбейтін жаман қатындай қағаз
шұқылап кеткені несі, əй?
– Қағазыңды қой, балықты қабылда.
– Бол! Бол!– деп ызалы біреулер ана жақта өжектесе, мына жақта:
– Ə, əке, тезірек алың!– деп майысады.
Ө
рттей ыстық күн тас төбеге кеп тұрып алды. Сен кісілеріңді іздеп,
келесі қабылдау пунктіне барып едің, бұл жер тіпті ығы-жығы екен. Ау
қ
арап қайтқан балықшылардың жуық арада аяқситын түрі жоқ.
Бұнда да қабылдаушыны жағадан алған кісілердің даусы алыстан
естіліп жатты:
– Енеңді с...-ай!.. Буаз қатындай маймаңдап аяғын баспай қойды ғой
мынау.
– Ақсақал, тіліңді тарт.
– Ал тартпадым... Ал кесші менікін?
Сен күліп жібердің. Көткеншек Көшен. Əне, анау Сары Иван... Əй,
мынау кім? Сары Шая ма, əй? Бұл ант соққан қайдан жүр? Кешелі-бүгін
о жақтан кеме келген жоқ еді ғой? Бұлардың балықты қырып ұстап
жатқан хабарын есітіп, кездейсоқ біреудің көлігімен теңіз басын
жағалап жетті-ау? 
"Райым" колхозының кісілері де осы арада екен. Бұлар да қан
сасыған қыруар байлықты тачкамен тасып зыр-зыр қағып жүр. Сен
бұнда айналмай, өзіңнің кісілеріңе қарай өте бергенсің-ді. Көзі кенет
бір келіншекке түсті де, тұра қалды. Түсі таныс. Шырамытады. Иə,
Сырдарияға барып жүргенде "Райым" балықшыларының арасынан
көретін. Өзі тығыншықтай тобылғы торы екен. Басын ақ шыт
орамалмен тастай ғып тартып апты. Басындағы шыт орамалдай,
ү
стіндегі шыт көйлектің бір етегін алдыңғы жағынан көтеріп
ышқырына қыстырып алған. Өзіне сұқтана қарап тұрған бөгде кісінің
назарын əлі байқаған жоқ.


Келіншек ауылдас жігіттердің осынау жан алып, жан беріп жатқан
абыр-сабырда да қатарласа қалса, жанары жалт ететін сұғанақ көзіне
онша селт етпей, тек ақ шыт орамал тартқан əдемі басын бауырына
алып жымиып қана қояды екен. Екеу ара қолдасып көтерген зембілдің
бір басын ауырсынып жүрген жоқ. Тек онсыз да өзіне ынтық
еркектердің қытығына одан əрі тие түскісі келе ме, қалай, күміс
теңгедей қабыршықтар саулап төгіліп жатқан кебіртең жерді
келіншектің қарулы аяғы дік-дік басып бара жатқан. Кенет келіншек
бойын бір лезде жиып алып, буған "сен де осындай ма едің?" дегендей
шытына қарады. Қанша дегенмен бөгде кісіден қысылды ма, өзінің əлгі
бір əдемі аяқ алысын əнтек бұзып алды. Зембілді еңкейіп жерге қоя
бере бір қолымен жалма-жан көйлегінің шалғайын тартқылап төмен
түсіріп жатты.
Бұрын Бəкизаттан басқа əйелге дəл бұлай қызығып қарамаушы еді;
осы жолғы қылығына өзі де таң қалды. Байқауынша, жеме-жемге
келгенде бұның батылдығы жетсе, тобылғы торы келіншек
тайынайын деп тұрған жоқ.
Бұл беті ду ете қап, көзін келіншектен тайдыра берді. Кетіп бара
жатып кісілердің тасасынан əлгі жаққа тағы бір көз тастап еді,
тобылғы торы келіншек басына байлаған орамал шетімен көзінің
алдында шүпірлеген терді сүртіп, қалайы кружкамен көлеңкеде тұрған
бөшкеден су ішкелі еңкейіп жатыр екен.
Жұмысты жапырып істеп жатқан кісілердің арасынан көзі Сары
Шаяға түсті. Осы ыссыда ақ тер-көк тері шығып зембіл көтеріп, тачка
айдап жанталасып жатқан кісілерге Сары Шая "ананы – үйт, мынаны –
бүйт" деп, біреуге "тездет" деп, біреуге, "бол! бол!" деп айқайға басып
жүр. Сені көргесін тіпті жанталасып, қабылдаушы жігітке жетіп барып:
– Біздің кісілерді жібер. Балық қызып барады,– деп
еді.
Қ
абылдаушы:
– Ары... ары тұр!– деп, оны кеудесінен итерді.
– Əй, қалқам, ары тұрың не? Мынау үкіметтің балығы екенін білесің
бе?
– Білем.
– Ал бұның қып-қызыл байлық екенін білесің бе?
– Білем... Білем, ақсақал.
– Жоқ, білмейсің. Білмегесін де маған ары тұр дейсің. Бұның қадірін


сен білмесең де, ана жақта білетін кісілер бар. Осы балықты, нанбасаң,
қ
азір қалаға апаршы. Жұрттың көзіне алыстан бір көрсетші. Сумка
ұ
стаған қатындар соңыңнан қалай жүгірер екен. "Екі есе, үш есе
бағасына сат" деп, жалынып, аузы-басын бояған ақ жеңгелерің өзі
соңыңнан ақ балтыры жарқылдап қуып бергенде, машинамен
қ
ашпасаң, басқа көлігіңді құтқармайды. Сен, қалқам, абайла, үкіметтің
қ
ып-қызыл байлығын осыдан күнге қалдырып шіріттің бар-ау...
– Əй, сен өзің не қылған кісісің? Ары тұр дегенді білесің бе?
– Е, білмесем – үйрет. Ал айтпады деме... мына балық шірісе ісім
сенімен болады. Қазақ ССР заң кодексінің статьясына ілігесің.
Іліктірем.
– Көрерміз.
– Көретіні жоқ, қылмысқа тарттырмасам, атым өшсін!
– Ой, сорлы. Онан да ана жаққа барып балық тасыспайсың ба!
Шынында да, балық көп, кісі аз, жігіттер үлгере алмай жатқан-ды.
Сары Шая үнсіз шегініп кетті де, балық салған зембілдің бір басын
ұ
стады. Екінші басын көтеретін серік іздеп жан-жағына қарағанда, көзі
Көткеншек Көшенге түскені.
– Əй, бер кел.
– Мен неге барам? Өзің кел.
– Кел, қолдас.
– Ал, қолдаспаймын. Сонда...
– Əй, көткеншек сорлы, сөзді қой. Кел, көтеріс!
– Ал көтеріспегенім. Сонда қайтесің?
Сары Шая "бұған не істесем?" дегендей ши қалпақтың астына қолын
сүңгітіп жіберіп шекесін қасып тұр. Кенет жымың етті. Өзі қанша
шақырса да, анадай жерде ит көрген текедей, бір орыннан табаны
аумай одырайып тұрған қырсық шалға енді бұл да айбатын шығарып:
– Өзім де саған көтергізбеймін,– деп еді, бұндайда қашанда
қ
асарысып кері жығылатын қара шал:
– Қалай көтергізбейсің?– деп шақ етті.
– Қалайы сол, көтергізбеймін дегесін көтергізбеймін.


– Ал мен көтерем.
– Жоқ, көтермейсің.
– Көтерем.
Көткеншек Көшен дедектеп жүгіріп барды. Көзі шатынап кеткен.
Шеке тамыры білеудей. Енді, ол:
– Жоқ, көтерем,– деп өзеленіп, зембілдің екінші басынан шап беріп
ұ
стады. Екеуі бір зембіл балықты көтеріп дедектеп ала жөнелді.
"Ой, қырттар-ай!" дедің. Осы қырттарды да адам деп былтыр осы
екеуіне қалай жұмыс тапсырғаныңа күліп тұрсың. Былтыр да дəл осы
биылғыдай балықшы ауылдың азаматтары жаз бойы жөндеп табыс
таппай, қатын-балалар тарыға бастаған-ды. Күн көріс аса қиындаған
бір кезде шай-сулық ақша болсын деген оймен əр үйден бір-бір қойдан
жинап, осы екі қыртқа алдағы базарға үлгеріңдер деп қалаға қой
айдатқан-ды. Екеуінің астына бір-бір жарамды түйе берді. Бас-аяғы
жетпістен астам қойды үш күндік жолда ыстыққа ұрындырмай, отын-
суын қандырып, əуенімен айдап жеткізіңдер деп тапсырды да, өзі
Шалқарға салдырлақ машинамен тартып кетті.
Қ
ой айдаған кісілер ертең базар деген күні алдын кештете қалаға
жетуге тиіс-ті. Бірақ олар уəделескен күні келген жоқ; күн шығар-
шықпаста базар басталып кетті. Сен дызалақтап жаның шығып
барады. Міне, күн көтерілді. Онан түс ауып, базар тарқауға қарады.
Қ
ой айдаған кісілер сол жоқтан жоқ... Сүйтсе, Сары Шая мен
Көткеншек Көшен алдарына салып берген бір қора қойды басқарма
бала айтқандай екі күн ыссыға ұрындырмай, отын-суын қандырып,
ə
уенімен айдап ертең базар деген үшінші күні уəделі уақытта Ұлы
Құ
мның шетіне аман-есен ілігіпті-ау. Басқарманың құм ішіне кіргесін
қ
ойдан айырылып қалмаңдар, абай болыңдар деген тапсырмасын дақа
қ
атты сақтапты. Құм ішінің əдетте қалың өсетін қызыл шағылына
кірген қойлар бет-бетіне бытырап бара жатыр екен. Көткеншек Көшен
мен Сары Шая астындағы жүрдек атанмен желіп жүріп, екеуі екі
жақтап қайырып, шашау шығармай, иіріп ұстапты. Құм арасының бой
алып өскен қызыл изені мен қара бұйра жусанын қуалап жүріп
жайылған қойлар екеуінің көз алдында жоны бұлтылдапты да
отырыпты. Бір шоқалақтан кейін бір шоқалақ асып, бір өрге
тырмысып, бір ылдиға құлап, бір көтеріліп, бір түсіп келе жатып, сонан
бір кезде алдарында дөңкиген биік ақ шағылдың басына шыққан екен.
Жазылы түйе үстінде қоқырайып отырған Көткеншек Көшен мен
Сары Шаяның ілгергі жағынан, көз ұшынан үлек мойын қызыл
водокачка сорайып тұра қалыпты. Жазылы түйе үстінде қоқырайып
отырған мына екеуге мойын созып "Əй, мынау сендер ме?" деп


таңдана қарағандай. "Иə, біз!.. Біз ғой" дегендей бұлар да дереу қопаң
етіп көтеріліп қойыпты. Шалқар шаһарының жер тістеген аласа
ү
йлерінен жалғыз бой асырып тұрған қызыл водокачкамен бұлар
осылай үнсіз тіл қатысып алғаннан кейін тіптен көңілденіп кеткен.
– Əй, ана қызыл мойынды көрдің бе?
– Е, көрмегенде ше!..
– Осы жарықтықтың жер түбінен көрінетіні-ақ жақсы.
– Өзі су тартады дейді ғой.
– Əй, қайдам... Мен білсем, дəу де болса, бұны өзіміз сияқты жер, суы
басқа жолаушыларға белгі үшін салған.
– Болса болар. Ана қараш, көш жерден "мен мұндалап" тұрғанын.
– Орыстар біледі ғой. Осы қызыл мойынды осы күнгі орыстар емес,
баяғы Мекелайдың орыстары салыпты деген не?
– Рас болар. Қай заманда да біздей емес, бұл орыс тас қалауға шебер
ғ
ой.
– Иə, шіркіндердің ерінбейтінін қайтерсің.
Екеуі дөңкиген екі ақшағыл құмның басында сирағы серейген екі
жазылы атан үстінде бірімен бірі алыстан айқайлап тіл қатысып
тұрған-ды. Айтар əңгімелері бітіп қап, көз ұшындағы қалаға қарап тым-
тырыс түр. Сары Шая ши қалпақтың астына қолын сұғып жіберіп, ақ
қ
ылшық шекесін қасып ойланып қалған сияқты. "Апыр-ай, ə,– деп
ойлады,– мына қойларды ғой ертең қаланың қу мүйіздері пышақ
ұ
шынан бөлісіп əкетеді. Бұлар аты-жөнін білмейтін əлдебіреудің
қ
орасына апарып байланады. Пышағы жалақтаған бір қу теріге үйген
етті қадақтап сатады. Онан ол ет бұлар білмейтін біреудің қазанына
түседі. Онан бірер қайнап, буы бұрқыраған табақ-табақ етті алдарына
алғасын-ақ сенің сонша жерден қоңын қисайтпай, отын-суын
қ
андырып мəпелеп бағып əкелген ақтылы ала қойың қаланың қай
қ
уының қарынында кететінін бір Құдай білсе білер, ал, бірақ сенің
білмейтінің ақиқат. Ендеше, бұлардың өзіне бұйырмайтын нəрсені
осынша өбектейтін несі бар? Онан да қасындағы серігін кішкене
қ
ылжақтап көңіл көтеріп алмай ма? Əй, осы итті жұрт неге
"Көткеншек" деп əлдеқандай қылады? Əне! Əнекей!.. Қара атанның екі
ө
ркеші арасында иегі астында ұйысқан қара сақалын көкке көтеріп
ə
уелете түсуін қараш! Ал, мына қойлар... Тəйірі, күні ертең қала
алаяқтарының қазанында қып-қызыл қуырдаққа айналатын момақан
мына жануарлар қайда кетер дейсің, құм ішінің шебіне əзір жайыла
тұрсын. Жаман қара шалмен кішкене тəжікелесіп көңіл көтеріп


алғасын, о, Құдай иек астындағы қалаға жостырып қуалап айдап
берсек... е, тəйірі, бір қозғалып кеткен тұяқ жер қоя ма? Басқарма бала
кешкі асын алдына ала бергенде біз де жетерміз-ау".
– Əй, Көшен?
– Уа, не?
– Осы халық сені неге Көткеншек дейді?
– Е, десе несі бар? Көткеншек болғасын дейді де.
– Сен, ендеше... менің де көткеншектігім бір басыма жететінін
білесің бе?
– Е, онда осы жұрт сені неге Көткеншек демейді?
– Дер, демес, ал өзің менімен көткеншектесесің бе?
– Е, несі бар... Кел!.. Көткеншектесіп көрейік!– деп Көшен шап етті.
Осыған дейін екеуі дөңкиген екі ақшағыл құмның басында бірін-бірі
алыстан қайрап айқайласып тұрған-ды. Əлгіден кейін екеуі де кенет
астарындағы түйенің басын асығыс бұрып, кендір қамшымен
остыртып тартып-тартып қалды да, құдды қазір бірінің-бірі қолында
ө
летіндей тап берді. Тайрақтатып желіп келді. Майса құмға май
табандары мамырлай кіріп, бас білгеннен бері талай бұйданы үзген
жырық танаулары шуылдап, екпіндеп желіп келген екі атан бірін-бірі
төспен қағатындай омыраулай тоқтады. Жазы үстінде қоқырайған
екеудің де көздері қып-қызыл, ежірейіп кеткен. Бірі бажбиған сап-
сары. Екіншісі шүңірек, тебен инедей қадала кетеді.
– Кəне, кел! Келе ғой! Тəуекелің жетсе, менімен көткеншектесіп көр.
– Келсең – кел! Тек қалай көткеншектесеміз?
– Қалай болса солай. Қайсысына да тұрам.
Сары Шая құм арасының көгін қуалап бытырай жайылып бара
жатқан қойларға көз тастады. Онан астындағы ұзын сирақ қара
атанның танауын шуылдатып кимелеп тұрған қиқар шалға қарап еді.
Мына түрі құдды кезегін күткен батыр сияқты шүңірек көзі шатынап
тұр екен. Теке сақал тікірейіп əуелеп кеткен. Жаңа бұган "келсең – кел"
дегенде көйлек жағасынан қиқарлана созған сіңір мойын ұзара түсіпті.
Е, Жасаған, күзгі қара суықта түбін жел қазып тастаған қара кеңірдек
жусаннан ауса не дейсің. Шынында да, мынаны жеңу қиын сияқты.
Қ
ара шал көткеншектесуге келгенде өзінің алдына адам салмайтын
көкбеттігіне сенді ме, уысындағы екі бүктеп қысып алған кендір


қ
амшыны шошаң еткізіп жоғары көтеріп алды.
– Əй, қырт, ана қойларды қайыр!– деп ақырып еді, Сары Шая
қ
айырмақ тұрсын, бұл кезде шет жағы ыдырап бытпылдақ құм
арасына шашырап бара жатқан қойлар жаққа тіпті назар салмады. Ол
тек көткеншектесетін сылтау табылғанға қуанып:
– Өзің қайыр!– деп өзеуреп, анадан бетер шаңқ-шаңқ етті.
Астындағы ілгері жүргісі кеп ұрынып тұрған ақ ауыз сары атанның
қ
ызыл түзгеннен істеген мұрындығын жұлқи тартып еді, мұрны
ауырған атан бақ етіп, артына қарай шегіншектеп қалды. Енді Көшен
ө
зінен де асқан көткеншек шыққанына бір жағынан таң қалса, екінші
жағынан соған ызаланып:
– Жоқ, сен... сен бар!– деп ерегіске белдесіп түсті де кетті. Бұл да үш
күннен бері алдарына сап айдаған бір қора қойдың шетке шыққанын
желіп жүріп қайырғанға үйреніп алған елпілдек əдетпен тақым
астында танауы шуылдап, ілгері жүргісі кеп тұрған алмас өркеш қара
атанды кендір бұйдасынан тартып-тартып қалғанда, мұрны қанады.
Қ
анмен бірге жан даусы қоса шыққан жануар бақ-бақ етіп, басы
кегежектеп кейін қарай бір емес, екі басты.
Қ
ойлар басын жерден көтеріп апты. Аналық саулықтар аузындағы
ү
зіп алған құм ішінің тамыры үнемі ылғалға тиіп жататын балауса
шөбін шайнамай, ауылдан шыққалы өздеріне бас-көз боп келе жатқан
түйелі екеуге "сендерге не пəле көрінді?" дегендей таңдана қарап
қ
апты. Екеуі қамшысы шошаңдап, біріне-бірі кіжіне-кіжіне, шаңқ ете-
ете ілгері басудың орнына келген жағына қарай көткеншектеп шегіне
берді, шегіне берді. Сүйтіп, ертең базар деген күні ақ пен қызыл
арасында, не тілектің үстінде тұрған мұсылман қауым басын сəждеге
қ
ойып тілек тілейтін қасиетті кезде көткеншектесуді бастап кеткен
бұл екеуі сонан ел жатқанша бір-бірімен өжектесіп, ілгері басудың
орнына кері басып, артына қарай шегіне-шегіне, ақырында Үлы
Құ
мның шетіне шығып кеткен-ді. Бірін-бірі сонда да жеңе алмай, ызаға
булыққан екеу сонан түн ортасына дейін, онан таң алдына дейін
көткеншектесе-көткеншектесе құм ішінде қалған қойлардан ұзай
берсін. Сонан күн шықсын. Сонан сиыр сəске болсын. Хан сəске боп
шілде айы шыжғырып күйіп берген-ді. Сары Шая мен Көткеншек
Көшен бірін-бірі сонда да жеңе алмай, көткеншектесе беріпті.
Бұл кезде ана жақта базар тарқауға қараған-ды. Басқармада зəре
жоқ. "Сірə, олар сау болмас" деген ой басынан кетпеді. Базарға келген
біреудің атын сұрап мініп, қой айдаған кісілерін іздеп шаба жөнелді.
Жаман атты басқа-көзге сабалап келеді. Бір кезде Ұлықұмның шетіне
ілікті. Тапырақтап шапқан ат сусылдақ құмға шашасына дейін кіріп
алқына бастады. Бұл үсті-үстіне тебініп, алақандай ала көз жан-жағына
алақтап қарап келе жатқан. Кенет кірпігін қағып қалды. Онсыз да май


ішкендей боп келе жатқан жүрек су етіп, құм ішінде қасқыр қуған қой
іздеріне үрейлене көз тікті. Екі-үш жерде құмға тамған қанды көрді.
Танау қағып ырсылдап қалған жаман тұғырды ызалана тартып-тартып
жіберді. Тұғыр ыңыранып тезек тастады. Алдындағы ақ шоқалаққа
шауып шығып еді, соның ар жағы қасқыр қырған қойлар қызыл ала қан
боп жатыр екен. Шамасы, күшігін ауыздандыруға шыққан көп қасқыр
бір қора қойға емін-еркін тиісіп, оң келгенін оң, сол келгенін сол
мойнынан бұрап лақтыра беріпті. "Құдай төбеден ұрған екен. Апыр-ай,
сорлылардың өздері аман болса жарар еді?" О л енді атын басқа-көзге
төпеп құм ішіндегі қасқыр қуған қойдың ізіне түсіп шауып келеді. Ат
ө
кпесін соғып ырсылдай бастады. Бірақ бұл кезде қызыл шағыл
құ
мның шетіне шығып қалған еді; ілгеріректегі нар шоқалақтың
аржағынан түйе бақ етті. Енді тіпті зəрең қалмады. Ат үстінен созылып,
ілгері жаққа құлақ тігіп еді; бұл жолы қырылдаған əлсіз дауыс шықты.
Қ
асқыр алқымдап жатқан сияқты. Сен қолыңда қамшыдан басқа қару
жоғын ұмытып, жаман тұғырды басқа, көзге сабалап нар шоқалақтың
басына шауып шығып едің, дəл иек астында əлгі екеу... О, қырт! Қырт!
Қ
ырттар!.. Қой айдатып жіберген екі қырт астында борша-боршасы
шыққан екі атанның бүйірін бүйіріне түйістіре қатар тұрып, біріне-бірі
кіжіңдеп, ілгері басудың орнына кейін қарай шегіншектей-
шегіншектей бере құмнан шығып кетіпті. Өздерінде не өң, не түс жоқ;
еріндері кезеріп, көздері шүңірейіп кетіпті. Тамағы қарлығып, ар
жағынан тек қырылдаған дыбыс əзер шығады. Соған қарамастан, əлі де
болса бірінің дегеніне бірі көнбей, өкіректеп өжектесіп тұр екен. Сен
екі етегің далақтап шауып келдің де, ат басын қатарласа бере кілт
тарттың. Олар сенің ызалы түріңді көруін көрді; бірақ бұл кезде бір-
біріне қаны қатып өшігіп алғандары сонша, біріне-бірі кіжіңдеп
ө
жектесе берді; екеуінің астында дəл өздері сияқты сілесі құрыған ақ
ауыз сары атан мен алмас өркеш қара атан аяғына əзер түр. Аяғын
ілгері басайын десе де, үстіндегі екеуі бақ еткізіп бұйдасын тартып
қ
алады. Сенің көзіңше де олар бір-біріне: "қойды сен қайыр!" "жоқ, сен
қ
айыр!" деп қыр-қыр етеді.
Ə
депкіде: "мыналарды елсіз жапан түзде жын ұрған шығар",– деп
қ
алған-ды. Бұндай жағдайда тіл қатар-қатпастың жөнін білмей, екеуіне
жалтақ-жалтақ қарады. Сары Шая соны сезді ме, басқармаға бұндағы
мəн-жайды айтайын деп еді, оған даусы шықпады. Сосын, құр
қ
амшысы шошаңдап:
– Мынаған кеше құмға кіргесін қойды қайыр, бытырап барады
дедім,– дей беріп еді, Көткеншек Көшен дереу қолындағы кендір
қ
амшыны Сары Шаяға қатулана сілтеп:
– Е, мен неге қайырам, сен... сен қайыр дедім,– деді өжектеп,– халық
сені емес, мені көткеншек атаған дедім.
Бұл лəм-мим деместен аттың басын бұрып, келген жағына


бүлкілдеп жөнеле берді. Өзінің əлгінде осы қырттар жазым боп қалды
ма деп, есі шыққанша далақтап шапқанына өкінді. "О, қырттар!
Қ
асиетсіздер! Бұл қасиетсіздердің өнбес істен енер тауып, айдалада
көткеншек таластырып болып тұрған сиқын қарашы!"
Қ
айтып келе жатып құм арасынан қасқыр талаған бес-алты қой
тапты. Аман қалған тағы біраз қой қалың шағыл арасына кіріп, бет-
бетіне шығынып кетіпті. Бұл кешке дейін бір-бірлеп ізіне түсіп жүріп,
бас-аяғы оншақты қойды əзер тауып қалаға жеткенде, іле-шала
соңынан Сары Шая мен Көткеншек Көшен де келген-ді. Сен олармен
тілдеспек тұрсын тіпті жүздерін көргің келмеді. Бірақ Сары Шая шай
ішіп, ес жиып алғасын, сол күні бір жанға тіл қатпай, темен қарап
тұнжырап алған інісінің үстіне кірді де, тақымдасып қатар отырып
алды.
– Жəдігержан-ау, не десең де еркің. Қаусаған жаман екі шалды
ө
лтірем десең де мейлің. Сенің қолыңды қағатын ешкім жоқ. Тек,
айналайын... Əуелі тыңдашы,– деп жалтақ-жалтақ қарап қойды да,
Жəдігер үндемегесін батылданып, бұрынғысынша сұңқылдап сөйлеп
кетті,– Оу, баяғылар жүз сиырды жүз шақырымға боқтамай айдап
апарған кісі тұп-тура жұмаққа барады демеп пе еді? Ал, енді мына
қ
ойлар... Қойлар ше, бұл құлағыңды с... дер тіпті сиырдан да жаман
екен ғой...
Сен онсыз да қара тырнағыңа дейін күйіп отырғансың-ды. Жөніне
тыныш отырмай, енді мына сұмырайдың сұңқылдағаны жынына тиді.
Ү
нсіз орныңнан тұрдың. Үй толы кісілердің еш қайсысына көз салған
жоқсың. Екі қыртты отырған орындарынан тырп еткізбей екі
қ
олыңмен кек желкеден бүріп ұстадың да, тіс жарып түк деместен
сүйрелеп
алып
шықтың.
Екеуінің
екі
жақтан
бажылдап
тыпырлағанына да қараған жоқсын. Тек сыртқа шыққасын:
– Бар! Жоғал! Қараларыңды батырыңдар!– деп ақырдың да, қатты
нұқып екеуін екі жаққа итеріп жібергенсің-ді.
Сары Шая мен Көткеншек Көшен оңаша қалғасын екеуі біріне-бірі:
– Бəрі сенен!
– Жоқ, сенен!– деп кіжіңдесіп жағаласа кетті. Даланы басына
көтеріп, шаң-шұңдасып, бірінің бетін бірі тырнап, жағасын жыртып
ұ
йқы-тұйқы. Жұрт жиналып қалды. Бірақ оларды ажыратқан жоқ.
Құ
дды ит пен мысықтың таласын қызықтап, бірің ел де, бірің қал деп
тұрғандай. Көткеншек Көшен мен Сары Шая қора ішінің шаңдағын
бұрқылдатып бірін-бірі домалатып, ұмар-жұмар алысып жатқан-ды.
Кенет Сары Шая жан дауысы шыға шар етті. Қызығына қарап тұрған
кісілер, "ə" дегенде не болғанын білмей қалды. Сүйтсе, астында жатқан
Көшен күш алып, үстіне мініп, мыжғылай бастаған Сары Шаяның оң


құ
лағы аузына дөп келе бергенде, дəл түбінен қыршып алыпты да,
жерге түкіріп тастапты.
Сары Шая қан саулаған құлағын алақанымен басып атып тұрды. Сол
арада біреу киіз күйдіріп басайын деп еді, Сары Шая көнбеді. Сап-сары
бажбық көз шаң арасында жатқан өзінің қан-қан құлағына қарап
ə
лдене ойлап кеткендей қыбыр етпей түр.
– Ойбай сорлы, дəрігерге жүгір!– деді біреу.
– Иə, құлағыңды ал да, тез больницаға жет! Қан ұйымай тұрғанда
қ
олы білетін хирург орнына тігіп береді,– деді екінші біреу.
– Жоқ! – деді Сары Шая.– Соңыра сотқа барғанда бұл дəлелге керек
болады. Мойын бұрғызбайтын факт! Ал, кəне... куə болыңдар! Акті
жазамыз,– деген екен, сол арадағы жұрт үн-түнсіз жөніне тарап кетіпті.
Сары Шая топырақ арасында жатқан қан-қан құлақты "бұл соңыра
сотқа барғанда керек болады" деп беторамалдың шетіне түйіп алған-
ды.
Сүйтіп, сен балықшылардың орталарынан жиып берген шай-
пұлдық жандығынан айрылып, қой да жоқ, шай да жоқ, ауылға тірі
масқара боп оралсаң, бұндағы жұрт қыран-топан. Кісі басы құралған
жерде айтатындары Сары Шая мен Көткеншек Көшен. Қалаға қой
айдатқан қалашылардың жолда бастарынан кешкен хикаясын əркім
ə
ртүрлі айтады. Тіпті осы ауылдың бір қуы домбыраға қосып жыр ғып
айтып жүр. Оның жырын тыңдасаң, Көткеншек Көшен мен Сары Шая
ə
лдеқандай біреу емес, əлгі бір қиссалардағыдай тоқсан үйлі тобырды
қ
олының күші, найзаның ұшымен асырап отырған Қара Қасқа атты
Қ
амбар батыр. Астарындағы ақ ауыз сары атан мен алмас өркеш қара
атан, аты түйе демесең, нағыз қас батырлар мінетін желмая. Тыңдаған
жұрт езулерін жия алмайды. Кешегі күні қатын, баланың шай-суын
айырсын деп өздерінің ортадан шығарған қойларын қалаға кірер
ауызда ақшағыл арасында қасқыр қырып кеткені ешқайсысының
қ
аперіне кіріп-шығып жатқан жоқ; қайта өздері соған мəз, əсіресе екі
батырдың айдалада жекпе-жекке шығып, бір күн, бір түн
көткеншектесіп кеткенде бірін-бірі ала алмай, сонан Құдайға
сыйынып, ата-баба аруақтан, əулие-əнбиелерден медет тілеп
жалбарынатын жерге келгенде күлкіден ішектері түйіліп, отырған-
отырған жерде жығылып жатқандары. Бұ да күлді. Əрі-берідесін
ренішін ұмытып та кеткен-ді.
Енді, міне, тағы да сол екеуі... Сары Шая – қу. Іш есебіне түгел.
Пайдасына жетік. Ал, ана сорлы өзіне не тиімді, не тиімсіз екенін де
біле бермейді. Тек көткеншектессе, кері сиіп ерегіскенде жеңсе,
мұратына жеткені...


* * *
Бұлар аулап жатқан балықтардың негізгі дені алабұға, шортан, тісті.
Аты балық демесе, тұқымы азған. Өздері жəне арық.
Теңіз ашығалы балықтар тереңге кетті. Тек ащы суға əзір төтеп
беріп шыдап жүрген жыртқыш балықтар. Олар да қазір жемін
оңайлықпен таба алмай, көк теңізде сабылып жүр. Таңдай жібітер су
іздеп, жаны қыдырып жосып кеткен осы теңіздің азын-аулақ балығын
қ
уа-қуа қазір арса-арсасы шыққан. Еті азайып, сүйегі өсе берген.
Ə
сіресе сүйектері арбиған баста үңірейген қомағай көз бен ауыз ғана.
Бұрын су астының жайылымы бай еді ғой. Қамыс дейсің бе, қопа
дейсің бе, ал қоға мен балаусадай балбыраған теңіз түбінің балдыры
қ
андай еді! Бар балық соған жайылатын. Дауыл боп теңіз түбіне дейін
шайқалып кеткенде əлгі қамыс пен қопа, қоға арасының ығы қай балық
ү
шін де құдды киізі бүтін ақ боз үйден кем болушы ма еді? Ұйысып
ө
скен cap балақ балдыр арасы тіпті былқ етпейтін. Балық əулеті
көктемде үйір-үйірімен кеп ұрығын соның арасына шашатын. Бірер
айдан кейін балдыр арасында бауырын көтерген балық əулетінің
болашақ ұрпақтары шүпірлеп толып кететін. Түк білмейтін аңқау бала
балықтар шапқылап кеп жыртқыш балықтың аузына өздері түсуші еді-
ау!
Бұл пақырлар үшін о да бір дəурен екен ғой! Əттеген-ай, сормаңдай
тісті мен шортан соның қадірін білмепті-ау. Қамыс арасында тығылып
тұрып осы теңіздің тіске жұмсақ əлдебір момыны жанынан өтіп бара
жатқанда тап беріп, бір жалмап жұтып қоятын баяғы заман бұларға
енді жоқ. Иə, су астының қазіргі тіске жұмсақ момындары дəл бір жер
ү
стінде желмен жарысқан түз тағыларындай. Қазір бұларға да күн
көру қиындады. Бұлар да күнделікті қорегін қызыл танау боп қуып
жүріп табады.
Шортан тұзды суға төзімді болса да, бірақ судан сыртқа шықса жаны
бірге шығатын пəлесі бар. Əне, тіс толы аузы ақсиған шортан үй
жанына үйіп тастаған отын ағаштай секейіп-секейіп жатыр. Күнге
қ
ызып ісінгені тіпті жаман. Құдды қарнын үрлеп-үрлеп аңқау біреуге
алдап сатқалы тұрған сығанның кəрі аты сияқты.
Кенет, əлде біреудің ашынған айқайынан селк етті. Еңсесін тіктеп
дауыс шыққан жаққа қараса:
– Апыр-ай, мынау өлгенде көрген балығым еді. Есіл еңбегім зая
кетті-ау! Қайдан шықса онан шықсын, сен иттің баласын...– деп, күнге
күйген шойын қара жігіт қабылдаушыға ұмтылып жатыр екен.
Жердегі қызыл өңеш айқай аз дегендей, күн шығар-шықпаста көк
жүзінде қаптап кеткен өгіз шағалалар да қан сасыған балықты біріне-
бірі қимай, қанаттары сатырлап қиғылық сап шаңқ-шаңқ етеді.


– Əй, жігіттер, қойыңдар!– дедің сен.
– Жоқ-ау, балық қызып бара жатса, бұл неме кісінің ызасына тиіп,
тұқшыңдап қағазға қарай ма... шот қаға ма.
– Жə, онан да жұмысқа кірісіңдер. Кəне, кімде бос тачка бар?
Көйлектің жеңін шынтағыңнан асыра сыбана бергенің сол еді;
көзіңнің қиығы бір шетте оқшау жатқан ақ балыққа түсті. Туғалы теңіз
кешіп жүрсе де, бұрын соң дəл осындай əдемі аппақ балық көрмеген-ді.
Мынау басқа балықтардан анағүрлым ірі. Көзі қап-қара. Қанаты қып-
қ
ызыл. Қабыршағы да күмістен құйғандай. Күнге шағылысып жылт-
жылт етеді. Өзі əлдеқашан өлген сияқты. Жаны шығарда алақандай
қ
ара көз ағып түсетіндей ыршып тоқтапты. "Ə" дегенде аппақ ақ
балықтың əдемілігіне таң қалған. Көзін ала алмай арбалып тұр. Дəл
осындай бір балықты білетін сияқты. Білгенде қандай! Анада түсінде
көретін Ақбалық, Иə, сол! Соның дəл өзі. Сондағы үріп ауызға салғандай
аппақ Ақшабақ, əне, жаны кеудесінен алдақашан шығып кеткен ана-
балықтан пана күткендей бауырына бетін басып тығыла түсіпті. Сен
түгіне түсінбей аң-таң боп тұрсың. Бұл не ғажап?! Сондағы түс пен
қ
азіргі мына өңінің екі арасын анықтап ажырата алмай ақылы дал.
Ə
лде?.. Əлгі бір түсінде көргені, ояна келсе, аумай-төкпей өңінде
келетін көріпкел сəуегей болғаны ма? Əй, қайдам. Бұл қазір
жақсылыққа көрінетін түстерді көруден де қалып барады. Иті қырын
жүгіріп тұрған қазіргідей кезде түс қайдан оңғарылсын. Түсінде көрген
жамандық ояна келгенде аумай-төкпей алдыңнан шығып жатады.
Көрмейсің бе, кеме үстінде түсіне кірген Ақбалық он бес күннен кейін
бұның өзі жайған торға түсіп қан-қан боп алдында жатады деп, бұл,
сірə, ойлады ма? О, бишара! Кəрі Аралдың сонау теріскейінде шөлден
қ
ырылуға қараған балықтарды бастап аман-есен кеп, енді тұщы суға
таңдайын жібіте бергенде тұзаққа түскенін көрмейсің бе? Тұзаққа өзі
түсті ме? Əлде, баласын құтқарам деп шыр-шырлап жүргенде қанды
қ
армаққа ілінді ме? Көріп тұрсың. Тірлік үшін бұл пақыр да біраз
тайталасыпты.
Су
ішінде
салдыр-күлдір
қ
иғылық
ұ
рғанда
бауыздаулықтан іліккен қыл тұзақ қылыштай тіле беріпті. Үлбіреген
аппақ тамақтан аққан қан əлі де тыйылмай, бауырындағы Ақшабақтың
аппақ тəніне тырс-тырс тамады. Бір түйір қан шекесіне тырс еткенде
Ақшабақ есін жиды. Кіп-кішкентай аузымен емізік сорған баладай үсті-
ү
стіне дем тартқанда сұлық қалды. Сен суға жібергің кеп ұмтыла
бергенсің-ді. Осы кезде ар жақтан Көткеншек Көшен де келіп қалған
екен. Енді бір аттаса Ақбалықтың баурында жатқан Ақшабақты
басатын түрін көргенде, сен жан ұшырып:
– Көше-ке... Тоқта!– деп ұмтыла бергенсің-ді.
Көшен жер қозғалса қозғалмайтын жігіттің осы арада неге безектеп
кеткенін білген жоқ; тек оның жолын кес-кестеп тоқтатпақ болғанына


қ
ырсығып жыны кеп кетті. Бұндайда ненің дұрыс, ненің бұрысын
қ
айдан ойласын.
– Ал, тоқтамаймын. Сонда қайтесің?
Қ
ара шал бұның ілгері созған қолын қағып жіберді де, аяқ астында
кіп-кішкентай аузымен шөп-шөп ауа қармап жанталасып жатқан əлгі
аппақ Ақшабақты резеңке етікпен былш басты.
– Ал, ал тоқтамадым.
Сен сол арада көзіңді жұмып, сұлық тұрып қалған едің-ау. Тоқ
ұ
рғандай тұла бойың түршігіп кетті. Көз қарауытты ма, əлде
оңтүстіктің өрттей ыстығында миы қайнап басы айналды ма, əйтеуір,
құ
лап қалатындай қорқып қолын созып қасында тұрған біреуден ұстай
алып еді. Бурыл бас өкіл екен.
– Жə-ді-гер,– деді ол,– күн өткен шығар? Черт знает что. Мүмкін,
дəрігер...
Басыңды шайқадың. Көзіңді ашуға қорқып тұрсың. Қос шеке
солқылдап əкетіп барады. Құлақ шыңылдады.
Бурыл бас өкіл мазасызданып:
– Апыр-ай, ə? Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?– деді.
– Жо-о... Жəй.
Содан артық тілге келмей бұрылып жүре берген-ді. Қосқа соғып жол
дорбасын алды. Жүргелі тұрған кемеге ілесіп сол күні ауылға тартып
отырды. Амударияда қалған кісілеріне сонан кейін соқпады. Бұл
мінген кеме ашық теңізге шыға бергенде дауылға ұшырады. Бір күн,
бір түн дауыл шайқаған кеме екі қапталын кезек сабалап қара жерге
ө
лдім-талдым дегенде əрең жетті. Бұл үйге аяғын сүйретіп,
тəлтіректеп келсе, Алматыда айға жуық дем алып қайтқан Бəкизаттың
да оралғанына бір-ақ күн болған екен. Бəкизат бұнан ол жақта балық
талаптарың қалай болды деп сұрамады. Бəкизаттан Алматы қалай
болды деп бұл сұрамады.
Тек бірдеңе деу керек болғасын:
– Күте алмадым... кешір,– деп еді, басқа ермек таппағандай осы
сапарда лактап қайтқан тырнақтарына қарап отырған Бəкизат бұған
салғырт жүзін салмақпен бұрды. Бетіне бей-жай ғана көз салып
отырды да, мырс етті. Түк деместен тұрып кетті.
Жалғыз қалғасын тұсындағы айнаға көзі түсіп еді, түрінен шошып
кетті. Жүдепті. Сақал-мұрт өскен. Бұрын да үстіне салақ қарайтын кісі


қ
азір тіпті ебіл-себіл. Бəкизат екеуі ана жолы Аралдағы таныс
дəрігердің үйінде қонақта болғанда да бұның түрі онша оңып тұрмаған
шығар-ау. Жанындағы үріп ауызға салғандай аппақ сұлу келіншектің
қ
асында құдай қосқан қосақтан гөрі ұсқынсыз кəрі əкеге ұқсаса ұқсаған
шығар. Онда жыл басы еді. Қазір жыл аяғы. Бір қиындықтан бір
қ
иындық асып түсіп бұрынғыны кейінгі қиындық пен қайғы-қасірет
ұ
мыттырып келеді.
* * *
Теңіз шайқады ма, онан да бұрын Амударияның лай балығының
қ
ызығына түсіп қатты шаршағандікі ме, сол күні сен үй ішімен
тілдесуге де шамаң келмей, кешкі асты ұйқы көзіңе тығылып отырып
ішкен едің де, дастархан жиналар-жиналмаста төсекке жығылғансың-
ды. Құрсын, қалжырап жүрген кісіде пəтуа болған ба... Ертеңіне
оянғанда төсектен ерте тұрып кеткен əйелдің жып-жылы орнын сипап
қ
алды. Осы түннің өкініші жынына тиді. Кешкі асты есіл-дертің
ертерек ішіп, үй іші күндегіден ертерек жатқанын тілеп, сонан қашан
күн батқанша дегбірің қалмады. Бұндайда уақыт өте ме. Оның үстіне,
күйдіргенде, бірінші күнгідей, келесі, екінші күні де Бəкизат жатар
кезде əдейі уақытты созып, ас-суды кешегіден де кеш берді. Онан
жоқтан өзгені сылтауратып, ана жақта оны-пұны үй шаруасын істеп
жүріп алды. Онан бір кезде кішкентай қызын қасына алып отырып
түннің бір уақытына дейін сабағын даярлатты. Сен мына жақта ызаң
ішіңе симай, ашу иектеп, төзіміңді тауысып дір-дір етіп жатырсың.
Астауынан жеріген жылқыдай əйеліңнің астанадан кейін неге бұлайша
некелі жар төсегіне жоламай, ана жақта ұзақ жүріп алған себебін
жүрегі құрғыр сезіп те жатыр. Онан сайын ызалы дене теріге симай
дір-дір...
Сонан тек түн ортасы ауған бір мезгілде Еңбек Озаты ұйықтаған
болар деді ме, есікті сықырсыз, ақырын ашты. Аяғын да ақырын басып,
қ
атар тұрған қос керуетке жақындады. Бəкизат сен жатқан төсекке
созылып бір қарады да, өз төсегіне бұрылды. Көрпе астына кіріп тып-
тыныш бола қалған-ды; кенет тым-тырыс үйден тұрпайы дауыс дүңк
етті: "Ал, демалыс қалай болды?" Бəкизат бұны күтпеген-ді. Дір етіп
тіксініп қалса да, бірақ мейлінше сыр бермеуге тырысып: "жаман
болған жоқ" деді. Сəл үнсіздіктен кейін əлгі дүңкілдек дауыс: "Алматы
қ
алай екен?"– деді. Бəкизат əлі де сыр бермеуге тырысып, жай ғана:
"жақсы ғой" деді. Бұл да, ол да əзір алым-берім тіл қатысқаннан
артыққа баспай, əлгіден кейін іштей аңдысып тым-тырыс бола қалса
да, бірақ бұның арты жақсылықпен тынбасын іші құрғыр сонда-ақ сезіп
еді-ау.
Аз ғана үнсіздіктен кейін əлгі дүңкілдек дауыс: "Əзім қалай екен?"
демесі бар ма. Бəкизат аржағына қарай аударылып түсті: "Ертең
сұрарсың. Түн ортасы ауды. Ұйықтайық!" Сүйдеді де, шынымен де


ұ
йқы тірелген көзін жұма бергені сол еді, бұл жолы діріл енген
дүңкілдек дауыстың үні қаттырақ шықты: "Əзім қалай екен?" Бəкизат
басын жастықтан көтеріп алды. Қараңғыда көрмесең де, бірақ көңілің
сезеді; Құдай біледі, қара көздің жанарына сəтте сайқал күлкі шауып
ұ
шқындап кетті. Дүңкілдекті қызғаныш өртеп, дір-дір етіп өзін əзер
ұ
стап жатқанын білсе де, қорқу орнына, сол арада қайта əлденеге аяқ
астынан көңілденіп: "Əзімнің несін сұрайсың, шалшық судан шабақ
аулап жүрген жоқ",– деді де, көрпесін тас қып қымтап, теріс қарап
жатып алды.
Ə
рине, мына атылған оқтай ащы тіл көкірегін тіліп түсті. Түк дей
алмай, тілің байланып үнсіз қалғансың-ды. Түнімен көз ілген жоқсың.
Төсектен өрт сөндіргендей түнеріп тұрдың. Дастархан басыңда да
көзіңді көтермей түнеріп отырдың. Күндіз де күні бойы қабағың қарс
жауып түнеріп жүрдің. Кешкі асқа отырмастан қызыл іңірден төсекке
барды да, кереует астына тығып қойған бір бөтелке арақты алды.
Шойын қара жұдырықпен бөтелкенің түбіне бір қойып тығынын
ытқытып жіберді де, ыдыс іздеп жатпастан кеңірдегі дүрсілдеп басына
бір-ақ көтерді.
Бəкизат оны көрген жоқ, бірақ осы кеш бұның бір сойқанды саларын
біліп, қызының бөлмесіне барып жатқалы бір жастық, бір көрпені
қ
олтығына қыса бергені сол-тұғын. Сен төсектен атып тұрдың. Жүрегі
су етсе де, Бəкизат сыр берген жоқ; өңінде бұның артын күткен
сабырлы ажар бар; сол сабырлы салқын қалпын бұзбай, назарын
тіктеп саған қарады; бірақ үндеген жоқ; анасының осы күйеу баласын
кемсітпек болғанда "нар қара" дейтіні, есіне түсті. Қалай тауып айтқан.
Апырай, десе дегендей. Кіммен қатарласса да, жұрттың бəрінен иығы
асып шыға келетін нар қара; сен де осындай бойлы-сойлы, ірі еркекті
ұ
натып, ішіңнен "супермужчина" деп мақтаныш сезіммен сүйсіне
атаушы едің; нар қара жауар бұлттай түнеріп алған; жалаң бас; жалаң
аяқ, түйе табан жап-жалпақ аяқтардың башайлары бақандай-бақандай;
ал бақандай башайлардың сыпыра үсті сол ана көк мүйіз тырнақтарға
дейін жүн басып қарауытып көрінеді; сырлы еденді салмағымен
сықырлата солқ-солқ басып есікке сенен бұрын жетті де, ішінен тас
бекітіп, кілтті қалтасына салып алды.
– Бұның не?
– Солай! Ешқайда бармайсың.
– Жібер.
Сен үндеген жоқсың. Құлап қалатындай қорқып, аяғыңда əзер
тұрсың.
– Жібер! Жібер деп тұрмын ғой саған!


– Жібермеймін. Академикпен айқұшақ қабысқанда жақсысың. Ал,
некелі байыңа зауқың жоқ. Солай ғой, ə?
– Өтінем, жібе...
– Жібермеймін. Ешқайда бармайсың. Енді мені де көр. Балықшының
академиктен айырмасы бар ма екен.
– Қайуан.
– А-а?
– Қайуансың!
Басың айналып, бойыңды əзер билеп тұрсың. Есің де кіресілі-
шығасылы. Бірақ əйелдің не дегенін білесің. Сонан кейін əйелдің бетіңе
түкіріп жібергенін де біліп тұрсың. Бірақ сонан кейін... Бəсе, соның
аржағында не боп, не қойғанын мүлде білген жоқсың-ды. Өзіне салса,
ө
мір осы арада кілт үзіліп кеткен сияқты. Тіпті теңіздің аржағында
балықшы қоста жатып қанша ойласа да, əйелдің аузынан соншалық
жиіркенішпен зығыры қайнап айтқан əлгі жалғыз ауыз сөз бен оның
дал-дұлын шығара жыртқан халаттан басқа бір нəрсе есіне түспеген-ді.
Керек десе, қасында қаны қайнап тепсініп тұрған əйелге назар
аударған жоқ, есесіне томырық, дөкір неменің алпамсадай ірі денесі
қ
андай да бір өрескел, ожар қимылға анық басатындай іштей
ызғарланып ауырлай түскендей; əйел соны байқаса да, онан қорыққан
жоқ; аяғындағы осы жолы астанадан киіп келген қылмық туфлидің
қ
азықтай тақасымен еденді тесетіндей кіжіне теуіп-теуіп қалды да:
– Жібер! Жібер!– деуін деді; кіп-кішкентай жұдырық сəтте түйіліп,
бүкіл дене дір-дір етіп, зығыры қайнап айтуын айтқанын біледі; бірақ
соның аржағында не боп, не қойғанын ойлауға шамасы келмейді; жо-қ,
шамасын келтірмеді; қапылыста құйын көтергендей ме, əлде
тұтқиылдан дауыл соққандай ма, не де болса, əйтеуір, бір сондай
ғ
аламат күш əйелді қаңбақ құрлы көрмей аяғын жерден үзіп əуелетіп
көтеріп алды да, анадай жердегі төсекке лақтырып жіберді; жастыққа
етбеттей жығылды; ендігі қарсылықтан пайда жоқ; құттай қарсылық
та мына нар қараның ашуына от қоярын білді де, үні бітіп тұншыға
жылады; қанша жатқаны белгісіз; оны білген жоқ; білгісі де келмеді;
масқара қылғанда, ардан безген неме қазір əй-шəйге қарамай, бас
салып зорласа қайтеді? Зəресі ұшқаны сонша, көзін тас жұмып алды;
ештеңе көрмейін, ойламайын десе де, тас қып жұмып алған көзінің
алдына жараған қара бурадай өлімін сала ұмтылған алпамса еркек
келе берді; түлкі алған бүркіттей бүгерлеп астына басып алатындай;
оған қарсы қайрат қылар өзінде күш те, қауқар да жоғын ойлағанда, сол
арада о да ұрғашы атаулының осындайда дəрменсіз сорлылығына
бағып, бауырындағы жастыққа бетін басты да, ернін қырқып тістелей
берді; үй ішінде не боп, не қойып жатқанын білген жоқ; осы жасқа


келгенше сыңар тамшы татпаған тақуа неме, əлгіде бір жартыны
басына бір-ақ көтергесін түк сезбей үй ішінде тəлтіректеп жүрді де,
ауыр денесі гүрс етіп құлап түсіпті. Сосын у ішкен иттей тақтай еденде
дөңбекшіп жатып: "ойбай-ай! Ойбай-ай, мені кімге айырбастады? Мен
кім, ол кім? Ол екіжүзді артист қой!"– деп сөзінің аржағын айта алмай,
сырлы еденнің мұздай тақтайына маңдайын ұра беріпті. Сүйтіп жатып,
кенет су түбіне шым батқандай төңіректен түк сезбей ессіз, түссіз
талықсып кетіпті. Нар қара сонан тек ертеңіне күндегі дағды бойынша
таң қылаң бере ояныпты. Кіресілі-шығасылы есін əрең жиыпты. Есін
жиғасын да бағана бір жартыны бір өзі басына бір-ақ көтерген соң
тамырынан үзілген теректей, тұрған жеріне гүрс етіп құлап түскенін
білмепті; ес-түссіз құлағасын жығылған жерде жан тапсырған кісідей
қ
ыбыр етпей жатып-жатып, бір кезде басын көтеріпті. Бұлдыраған көз
ə
йел үстінде астанадан киіп келген əдемі халатқа түсіп, қос өңірден
ұ
стап алып өші кеткендей дар-дар айырыпты. Сосын бағана есі дұрыс
кезде есікті ішінен тас қып кілттеп алған бөлмеде ылаң салып, тыр
жалаңаш əйелді шырылдатып арпаң-тарпаңдап қуып жүріп, үй ішін əп-
сəтте астаң-кестеңін шығарыпты да, тағы да дəл бағанағыдай гүрс ете
құ
лапты; ес-түссіз қалай талып түсті, солай су түбіне шым батқандай
қ
ап-қара тұңғиыққа тартылып жұтылыпты да кетіпті; сонан тек
ертеңіне, жазғы таң сыз берген елаң-алаңда ес жиып, түнде өзі шым
батқан əлгі бір қап-қара тылсымнан осы дүниеге құр сүлдері оралған-
ды; бірақ көзін аша алмады; шеке сүйегі сынып бара жатқан зілдей
басын жерден көтере алмай ыңырсып жатты; қанша жатқанын
білмеді; сонан бір кезде кірпігі асты-үстіне айқасып кеткен көзін
жыртып əрең ашты; көзін ашуын ашса да, бірақ жанары жуық арада
тірілмеді; солқылдап əкетіп бара жатқан басын қос шекеден қысып
алып, үй ішіне сүзіле қарап еді: көзінің алдын кіреуке кептеп тұрып
алған екен; жанарына үй ішінен кешегіні есіне салғандай ештеңе
ілікпеді; қолымен жан-жағын сипалап отырып байқағаны – неге екені
белгісіз – жерде жатыр. Жер болғанда да мұздай тақтай: басында
жастық, астында төсек жоқ; неге бұлай, түсінбеді; түсінгісі кеп, жерден
көтере алмай жатқан зілдей басына сəл-пəл салмақ салса да, қос шекесі
қ
азір жарылатындай солқылдап ала жөнеліп тұр; сосын басын қос
қ
олдап қысып, біраз ыңырсып жатты да, жаны саябыр тапқандай
болған бір кезде тағы да айналаға қарап еді; көзінің алдын
көлкештеген кіреуке əлгіден көрі аздап сейілген сияқты; үй-іші опыр-
топыр. Жастық бір жақта; көрпе бір жақта; қалада үй тонайтын ұрылар
көбейді дейтін, солар үй ішінің астаң-кестеңін шығарып кетпесе
қ
айтсін? Ендеше бұны да солар басына ұрып таяққа жығып кеткен
болды-ау?
– Əй, қанішер...
Мынау, шамасы, үй тонаушылар болар. Бірақ таныс біреудің даусы
секілді ме?


– Тұр, қанішер! Көр, не істегеніңді!
Иə, таныс дауыс. Осы бір шалғайыңа жармасып, шабалаңдаған
қ
аншық иттей шекеңнен шығатын шаңқылдаған əйел даусы құлағына
қ
анық-ты. Қашанғыдан бұрын осы шаңқыл бұның жүйкесін құртып
бітпеуші ме еді? Тоқ-та... Сол өзі кім еді? Басы құрғыр көтертпейді. Не
қ
ылса да, ұрыларға қарсыласқанда қолы қарулы біреу басына ұрған
болды-ау? Сүйегіне зақым келмесе не қылсын?
– Тұр, жауыз!..
Шаңқылдаған дауыс əлгіден де көрі зəрлі шықты; қолынан келсе,
орнынан тұрғызбай түтіп жегісі келетіндей. Көргісі кеп назарын
тіктеді; қарауын қарады; бірақ жанарынан жан кетіп қалған ба, қалай?
Құ
лағын шағып бара жатқан мына шаңқылдаған ащы дауыс болмаса,
жаны кетіп қалған жанар қарсы алдында тепсініп тұрып алған əйелдің
ажарын ажырата алмады; көзінің алдын көлкештеген бұлыңғыр
кіреукеден байқағаны – үстіне төніп шаңқ-шаңқ еткен мына пəленің
сырт жағында тұрған тағы біреу бар ма, қалай?
Шабалаңдаған дауыс қайта шаңқ етті:
– Əй, нар қара, тұр дегесін тұр!
Енді оны бұл да таныды; кім екенін білгесін, онан көзін тайдырып
ə
кетті; қас қылғандай, көк запыран лықсып кеңірдегіне келіп қалды;
кəрі қақсалдың алдында абыройын төккісі келмей, өңешін буып
булыға түсті; қызының қойнында жатса да, өмір бақи іші жылып
көрмеген залым; бұны үйде де, түзде де тақымдап мұқатып, мошқап
жер-жебіріне жетіп отырғаны; бұған тақпаған аты жоқ; тек солардың
ішінде бұрын "қанішер" деген ат жоқ болатын. Бəсе, қанішері не? Оны
қ
айдан тапқан? Кəрі қақсал бұның кісі өлтірмек тұрсын, тыпырлатып
сойып жатқан балық екеш балыққа да назар тіктеп қарай алмай,
бұрылып кететінін біле ме екен?
– Əй, жауыз!..
"Бұнысы не тағы? Ойыны ма, шыны ма?" "Жоқ, шын" дегендей
келесі де шабалаңдаған дауыс құлағының дəл түбінен шаңқ етті:
– Тұр дедім ғой саған! Əне, көр не істегеніңді!
"Не істегені несі? Сондай-ақ, бұл не істеп еді?"
– Тұрасың ба, жоқ па?
Шапалақ шарт етті; көзінің оты жарқ етсе де, бұл бірақ сүлесоқ
қ
алпы, кеудесіне түскен басы салбырап былқ-сылқ; соған ыза болды
ма, бұны ұрған əлгі еті қашқан қолдың тарамыс саусақтары енді шап


беріп көйлегінің омырауынан қысып ұстады да, сосын өңірін əпсəтте
уысына жиып алып кеңірдегін қыл өңештен қылғындырып тұрып дəл
иектің астынан бір нұқып, бауырына түскен басын кегжең еткізе кілт
жоғары көтерді.
– Көр! Көр, не істегеніңді, қара бет! Қанішер!
Жағадан сығымдап ұстап алған тап-тастай тарамыс қол босатар
емес; қайта буындырып өлтіргісі келгендей, бұрынғыдан бетер
алқымын сыға түсті; сен қарсыласқан жоқсың; құрықтай мойының
буын омыртқасы босап былқ-сылқ; кəрі қақсал тағы да дəл əлгіндей
иегі астынан мықтап бір нұқып қалып еді; тісі сарт етті; кеудеге түскен
бас кеңірдегі үзілетіндей кегжең етіп шалқалай бере қалт тоқтады.
Кірпігін қағып қалды; көзі осы жолы кəрі қақсалдың сыртында тұрған
ə
йелге түсті де, денесі тоқ ұрғандай дір етті. Мең-зең басын сілкіп қап
қ
айта қарады. Иə, қателеспепті. Бəкизат. Түрінен адам шошығандай;
шашы қобырап кеткен. Үсті-басы да ебіл-себіл; əсіресе, иінінде əзер
ілініп тұрған алба-жұлба халатқа көзі түскенде қыбырсыз қатты да
қ
алды. Иə, мынау астанадан киіп қайтқан халат. Жағасы мен жеңінің
аузына қара жібектен жіңішкелеп əдіп жүргізген. Біздің ел емес, кім де
болса оты, суы басқа, ұсынықты бір елдің шеберлерінің қолынан
шыққан халаттың өңірі дар-дар айырылыпты.
– Көрдің бе? Көрдің бе, жауыз? Қанішер.
Иə, көрді. Көріп тұр. Бəкизаттың аяғына жығылып кешірім сұрағалы
ілгері ұмтыла бергенде, кəрі қақсал қызына:
– Ойбай қаш, мынау өлтіреді,– деді...
Құ
рсын, итыржыңмен өткен өмір ғой! Сен жалт бұрылдың да,
тəлтіректей басып балықшыларыңа кеткенсің-ді. Бəкизат кешпес, осы
жолы айрылысар деп еді; жоқ, үйтпеді; не қылса да, араларындағы екі
жапырақ бала себеп болды ма, кім білсін...
* * *
Ə
лде ояу, əлде ұйықтап жатқанын білмейді. Құлағына əуелі алыс-
алыстан, талай қыр, талай асу-асудың ар жағынан сырт-сырт дыбыс
келді. Сол еміс-еміс, сырт-сырт бір қырдан кейін бір қыр, бір жалдан
кейін бір жал асып жақындап келеді, жақындап келеді. Жақындаған
сайын құлақ тігіп тыңдаудың орнына əлденеге жүрегі дүрсілдеп əкетіп
барады. Əзір бұған сыры белгісіз, зəресін алған сырт-сырт шыныменен
жақындап қалды ма, əлде кеудесін дүрсілдетіп алып бара жатқан
жүрек соғысы ма, оны да анық біліп жатқан жоқ. Бар білгені демі
алқымға тығылып қысыла бастаған-ды. Сүйткенше, қыр жақтан, аспан
мен жер арасынан алып Көк Өгіз көрінді. Теңіз өңірінің түз сепкен тері
тулақтай ала тағанақ жерін күтір-күтір басып желіп келеді...


Бұл көзін ашып алды. Ақшағылтақ ай сəулесі түскен бөлме іші
бозамық екен. Өңіндегі қиындық аз дегендей, түс екеш түсі
бұзылғанына қынжылып жатты да, қатар тұрған керуетке көз салып
еді. Керует бос. Үй жым-жырт. Тек көшенің арғы бетіндегі дырдудың
жуық арада аяқситын түрі жоқ. Қызып алған көңілді жиын күле ме, əн
айта ма, əзілдесе ме. Үйықтай алмағасын басын көрпемен бүркеп алды.
Олай-бұлай дөңбекшіді. Ана жолы Шалқарға қой сата барғанда темір
жол ауруханасында істейтін таныс дəрігердің кеңесі есіне түсті де,
жүзге дейін ішінен қайта-қайта санап, қиыр-шиыр боп жатып бір кезде
көзі ілініп кеткені сол екен, бұл тағы да дəл əлгіндей жаман түстен
шошып оянды. "Туһ, сайтан алғыр. Не боп кетті, өзі? Алғашқы түс
бұнан бұрын да талай көріп жүргесін бе, онша ойына ала қойған жоқ-
ты. Ал мынадан зəресі қалмады. Бұрын қыр жақтан қара жерді
қ
амырдай илеп дүрсілдеп желіп келетін алып Көк Өгіз бұл жолы бір
шалғайы салбырап теңізге тиіп тұрған қара бұлттың ар жағынан желіп
келе жатты. Екі көзі қанталап кеткен. Танауынан күс-күс дем шығады.
Дем алған сайын дауыл тұрғандай төменде теңіз толқып, топырақ
борап, əлгінде ғана тамылжып тұрған дүние дем арасында ұйқы-тұйқы
болды да кетті. Сол алай-дүлейде қара бұлттың аржағынан шыққан
Көк Өгіз бұрынғыдай қара жерді баспай, темір тұяқтар қаңылтырмен
қ
аптап тастаған аспанды дабыл қаққандай даңғырлатып желіп келе
жатты. Даңғыр-дұңғыр. Даңғыр-дұңғыр. Бұл жастықтан басын көтеріп
алғанда аспанның дəл өзінен шыққан əлгі дабыл құлағынан əлі де сөніп
болған жоқ-ты. Бір ғажабы, кеудесінде дүрс-дүрс соққан жүрекпен
бірге үй ішіндегі шыны атаулы шайқалып миын шағып зың-зың ете
ме?
Бұл алақан астында лүп-лүп соққан жүрегін қос қолдап қысып алды.
Айналасына абайлап көз тастады. Дүниеге жаңа келген кісідей көзі
түскен нəрсенің бəріне күдіктене қарап отырды да, бетін жастыққа
басып жата кетті. Құрсын, ұйқы ұйқы болмады. Ширыққан жүйкелер
ұ
йықтап бара жатса шиыршық атып, қол-аяғы селк етіп оянып кетеді.
Оянған бойда қайта-қайта түсіне кірген əлгі алып Көк Өгіз тағы да бір
жерден шыға келетіндей, төңірегіне алақ-жұлақ қарап отырғаны. Енді
жатқысы келмеді. Жатса тағы да түсіне жаңағы пəле кіретін болғасын
түрегеліп, төсектен аяғын салбыратып отыр.
Басы зілдей. Қалайда бұған бірдеңе көрінді. Көзі ұйқыға кеткенін
аңдып тұрғандай түсіне не Көк Өгіз кіреді, не бастықтар кіреді. Сол
немелердің бұған өңінде де бауыры бітіп тұратыны шамалы еді; а л
түсіне кіргенде тіпті ызбарланып, ит көрген текедей көздері ежірейіп
кетеді. Аузын аша алмай тұрған бұған біресе Тəшір Қара, біресе Қозы
Қ
арын тап-тап беріп: "балық... балық" деп безектейді. Бұл таңданып
алақанын жаяды. "Əке-көкелер-ау, теңіз тартылып, су ашып жатқанда
балық қайдан болады?" дегісі келеді.
Тамағы құрғап қалды. Тілі тіл сияқты емес. Жұрт құсап бұрын да


тақылдап тұрғаны шамалы еді, жаны қысылғанда тіпті тиесілі сезін
айтып деректесуге жарамай, таңдайына жабысып алғанын кермейсің
бе?
Түн ортасы ауды. Бəкизаттың келмесіне кезі жетті. Заты жуас
болғанмен, бұл өзі ашуланса адамды тыңдамайтын томырық еді. "Енді
келсе де кіргізбеймін",– деп, əлгінде ішінен бір байламға кеп бекіп
алған-ды. Сонан кейін көңілінен Бəкизатқа орын қалдырмай, ақи-тақи
айдап шыққан сияқты еді. Сүйтсе, жоқ... өзіне өңінде тыйым салса да,
түсінде дəрменсіз боп шықты. Бұл жолы қасындағы төсекте біреу
жатқан сияқтанды. Иə, жатыр. Кеудесіне дейін жамылған атлас көрпе
астынан əйел мүсінін аңғарды. Əйел болғанда мынау басқа емес,
түнімен дегбірі қалмай күткен өз əйелі. Жағасына жіңішкелеп шілтер
жүгірткен жібек іш көйлектің жұп-жұқа өңі жас əйелдің жүрек
тынысын жасыра алмай тұр. Ана үйде əн айтып, би билеп шаршап
кепті. Жəне кеш бойы астанадан келген қонақпен билегенін де білетін
сияқты. Соны біле тұра қызғанбайтынына таңданды. Есіл-дерті
мазасын алып тұрған күдікті анықтағысы кеп, əйелдің шашына қарай
береді. Қанша қараса да көзі əйелдің шашына түспей, жұп-жұмыр əдемі
иегінің астынан сырғанап ауып бара жатқан ақшағылтақ ай сəулесіне
ұ
сталып қала бергені. Алақандай ақшыл сəуледе кісі арбайтын əзəзіл
сиқыр бардай, иегі астында білінер-білінбес бұғақ пен аппақ тамағын
албыратып тұрып алды. Бұл онан сайын тақатын тауысып, əне бір
ү
йленген жылдардағыдай емешесі құрып барады. Қазір атып тұрып,
қ
асына жетіп барайын десе... қол-аяғын қозғалтпай темір кереуетке
таңып тастағандай. Неғұрлым тұрғысы кеп ұмтылған сайын,
солғұрлым дəрменнен айырылып, тұла бойындағы бір мүшесін қозғай
алмады. Сонсоң "Бə-ки-зат..." деп дыбыс берейін деп еді, оған даусы
шықпады. Бірақ өз даусы өзіне естілмесе де, қасындағы əйелдің
құ
лағына шалыныпты. Бұл дыбыс бергенде ол басын жастықтан
көтеріп алып: "Бəкизат ана үйден əлі келген жоқ қой"– деп еді, оның
бет-өңіне үңіле қарағанда өз көзіне өзі сенбеді. Бұл не? Не ғажап?
Ертеден бері емешесі үзіліп жатқан мына əйел Бəкизат болмай, басқа
біреу... Басқа болғанда да мынау бұның есігі алдында отыратын қызыл
орамалды қыз ғой? Иə, сол!
Бұл оянғасын да қыбыр етпеді. Жаңа ғана қолға ұстатқандай ап-
анық көріп жатқан Бəкизаттың, басын көтергенде, үш ұйықтаса
ойында жоқ əлдебір басқа кісіге айналғанына қайран. Бұл қалай? Сірə,
тегін болса жарар еді? Сонда... Тоқта, бұл... бұл ненің нышаны болуы
мүмкін?
"Таңға қанша қалды екен?" деп ойлады. Таң таяу болса конторға
барып, Сырдарияда болған соңғы бір айда жиналып қалған қағаздарды
қ
арағысы келді. Ана жолы ауыл іргесін үңірейтіп көтеріле көшіп
кеткен жиырма бес үйден кейін де көшеміз деп жатқандар аз болмас.
Адай шал да бағана тегіннен-тегін келіп жүрген жоқ. Конторға барып


айтам деген шаруасы – көшуден басқа не дейсің?
Ұ
йқыдан күдер үзді. Онсыз да көзі ілінсе келіспеген бірдеңелер
түсіне кіріп, зықы кетіп бітті. Əсіресе, жаңағы түс бұған мүлде
түсініксіз. Неге жорырын білмеді. Он үш жыл отасқан əйелін бұл түсі
түгіл, осы күні өңінде де түсіне алмай қойды. Жə, əйелі солай болсын,
ал бұның кабинет алдында өткен-кеткеннің бəрінен қысылып өз-
ө
зінен абыржып болатын ұялшақ қыздың түсінде дəл бұлайша
батылдана қалғаны қалай?
Апыр-ай, ə?.. Бұны қалай түсінуге болады? Бұны неге жорырын
білмей тым-тырыс үйде қыбыр етпей жатыр еді. Əлдене сықыр етті.
Бұл елең етті. "Қайталар ма екен" деп демін алмай, əрі-бері тосып еді.
Сықыр қайталанбады. Бірақ... бұл жатқан бөлменің есігі жартылай
ашық. Өзі ашық қалдырды ма, əлде біреу ашты ма? Айтса да, есіктің
аржағында біреу тұрғаннан сау ма?
Басын көтерді. Көзін есіктен айырған жоқ. Əлде қалай кірпік қақса
да қапы жіберіп алатындай, ұйқы қашқан жанарына шыр жолатпай
бағып қапты. Мынау, егер хатшы қыз болса, қара торы беті өз-өзінен
ө
ртеніп табалдырықтан аттау мұң боп тұрған шығар? Шиедей қызыл
ернін қанын шығара қырқып алмады дейсің бе? Бір басып, бір тоқтап
есікке əзер жеткен шығар-ау? Діріл енген қолын соза бергенде топсасы
майланбаған есік сықыр етті ме екен? Оқыс дыбыстан ол бишара дір
етіп, ілгері соза берген қолын дереу кейін тартып алып кеудесіне
қ
ысып тұра қалған болар? Өзі барып жəрдемдеспесе ұялшақ қыз қазір-
ақ жалт бұрылып тұра жөнелер-ау. Бұл "тоқта" деуге əзер қалды.
Жастыққа шалқалап жата кетті; өз өзінен мырс етті. Босағаны бағып
отыратын бишара қызды қарағаннан-қарап қиялдағаны қызық. Көзін
сəл жұмса да, осы бір ұйқы қашқан кезде көңіл алдауға жараған əдемі
елестен айрылып қалатындай. Сонда бұл не? Уақыт өткізу үшін ойлап
тапқан ермек пе? Əлде тентек ақын арман ететін əлгі бір "қатыны
жатып қасында, қыз ойлайтын қайран күн" бұның басынан өтіп
болмаған ба? Ол күн біреуден ерте, біреуден кеш өтер. Бұл бірақ ондай
кісіге ұқсаушы ма еді? Бəкизатпен қатар жатқанда қайсы бір түндері
бұның да көз ілмей шығатын кезі болатын. Сонда теңіз тірлігінің
қ
иындап бара жатқанын ойласа ойлаған шығар, бірақ əлгі тентек ақын
аңсайтын қайран күнді қиялдап көрген жоқ еді ғой?
Осы күнгі өз басындағы халді қанша ойласа да, түбіне жете алмады.
Қ
алайда қазіргі тірлігі бір түрлі. Өзге түгіл бұның өзіне түсініксіз. Тек,
бір таң қалатыны, бір сезім бұның бойында өмірін тауысып өліп бара
жатқан осы бір кезде басқа бір беймағлұм сезім жүрегіне ұрық сап
жатыр ма, қалай? Əлгі өмірін тауысқан сезім тамырын тегіс үзіп
болмай жатып та сыр-сипаты əзір белгісіз жаңа жас сезім тұла бойына
тамыр жіберіп балапан көк қылтия ма? Е, бəрекелде? Ендеше əлгі


тентек ақын дəмеленетін қайран күннен сенің де қашып құтыла
алмағаның белгілі болды.
Ертеңгісін басы ауырып тұрды. Шешесі екеуі алдарына жайған
дастарқан басында шүңкиіп отырып шай ішті.
* * *
Бұл ертеңіне қонақ келген үйден көңілі ауырлап шыққан еді; өзін
есік алдына дейін шығарып салған атақты жерлесімен қоштасар жерде
құ
рдасының қолын қысып жатып жүзін жылытып күлімсіреуін
күлімсіресе де, бірақ арғы жағы жібімей мұп-мұздай боп кетті. Былай
шыға бере мырс етті. Көлгірлік деген иттің өзгелер сияқты бұның
ө
зінің де қолынан келгеніне таң қалды.
Ө
зіне салғанда осы үйге аяқ басатын ойы жоқ еді. Анасы қоймады.
"Екеуің бір жылы туып едіңдер" деді. "Бірге өсіп едіңдер" деді. "Жас
кездеріңде егіз қозыдай жұптарың жазылмайтын еді. Осы араның төлі
болғанмен қазіргі мекен-жайы бөлек болғасын о да құдайы қонақ.
"Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал арнайы барып сəлем
береді" деген бұрынғы қазақ. Бар, шырағым, бар",– деп қоймағаны. Ал
барды. Ал сəлем берді. Дидарласты. Арбасты. Кəне, сонан не тапты?
Жүз көріскенмен ар жақтарында мұз боп қатып жатқан жүрек жібіді
ме?
Бұл барғанда Əзімнің үкі көз быдық ағасы есік алдында жатқан аяқ
киімдерді жиыстырып, күйбеңдеп жүр екен. Бұны күтпегесін бе, сірісі
қ
ажалған резеңке галошты қолына ұстай түрегелді де, дөп-дөңгелек
ү
кі көзі ұясынан шығып аңырып тұрып қалды. Сосын іле-шала есін
жиды. Бірақ сасқанда қолындағы галошты қайтерін білмей, қос қолдап
қ
ысқан күйі қалбалақтады да қалды:
– Ал деген... Бəрекелде, жақсы келдің деген. Əзімжан үйде. Кір... Кір
деген.
Қ
онақ жігіт шар айна алдында түр екен. Жаңа ғана қырынған күтімі
қ
атты бетін қияр суымен шайып, енді исі бұрқыраған шетел кремін
жағып алақанмен ысқылап жатқан үстіне бұл кірді. Қонақ жігіт бірден
бұрылған жоқ. Есіктен кіріп келе жатқан бұны шар айнадан көріп:
– Ə, құрдас... Кел! Кел!– деді де, асықпай ақырын бұрылды. Бұны дəл
баяғы жас кездегідей, бас сап құшақтай алатындай қос қолын созып
келе жатты. Тек қолдасар жерде алғашқы беттегі ықыласынан кілт
айнып, құрдасының қолын саусағының үш жағынан сəл қысты да,
босатты.
– Отыр,– деді орындықты иегімен нұсқап.


– Сапар оң болсын!
– Иə, əумин деген,– деді үкі көз ағасы.– Əзімжан деген... айналайын
деген, туған жерін ұмытпайды деген... ұмытпайды деген... Осы жолы
тіпті күтпеген жерден келді деген.
– Бір есептен, қазір келгені дұрыс болды. Кейінірек келсе, кім біледі,
көшіп жатқан халықтың орнын сипап қалар ма еді...
– Апыр-ай, Апыр-ай деген... Тек, əйтеуір, түбі қайыр болсын деген.
Ə
зім мына сөздің өзіне түк қатысы жоқ сияқты міз бақпады. Сен үй
ішіндегілерге байқатпай, терезеге тұтқан ақ жібек пердеге жалтақтап
қ
арай бердің. Əзім оны байқады ма, жоқ па, белгісіз көз қиығын саған
керенау тастап, миығынан мырс-мырс күлді:
– Жас кезіңде түйедей жүндеп жатса да үндемеуші едің. Байқаймын,
батырым, сенің де терің жұқара бастаған екен. Немене, өзің шаптығып
тұрсың ғой?
– Біздің орнымызда болсаң, терің жұқарған емес, тесілген болар еді.
– Рас, рас деген. Ел жағдайы қиындап кетті деген... Құрыды, құрыды
деген.
– Кел, отыр,– деді Əзім тор жақта тұрған бір орындықты көрсетіп.
Сен қозғала қоймағасын ол күліп кеп қолтығыңнан алды да, төр
жақтағы орындыққа апарып отырғызды. Сонан кейін де өзімсініп кете
беретін жас кездегі еркіндікке басып, сені ықтияр еркіңе қаратпай
баурына тартты.
– Ту, черт, құшаққа сыймайсың ғой,– деді күліп.
Сен тартыншақтап бойыңды алып қашып отырсың.
Қ
арамайын десең де көзі құрғыр ықтияр-еркіңнен тыс көше беттегі
терезелерге тұтқан ақ жібек пердеге түсе берді. Мүмкін, түнде көргені
Бəкизат емес, қайын енесі болар? Айтса да, сол қақсал жасы ұлғайған
сайын кəрілікті мойындағысы келмей, шашын жұдырықтай ғып
желкесіне түйіп алатын боп жүр ғой.
– Шешең қалай, қуатты ма?
– Шүкір...
– Қолынан талай дəм татып едім. Уақытым аз боп тұр. Дегенмен,
кіріп шығармын.
– Келеріңде алдын ала хабар бер, қамсыз қалмайық. Сыбағалы


малыңды жеп кет.
Ə
зім күтімі қатты бетіне сыңар əжім түсірмей, сылқ-сылқ күлді:
– Ай, құрдас-ай, үкімет қанша оқытса да қазақшылығың қалмайды.
Европалықтар қонағын бір стакан кофемен шығарып салатын
дəстүрден Құдай біледі, сен ғой бейхабарсың.
Сен құрдасыңа үнсіз бұрылып, ұзақ қарадың. Осы жігіт өзі білетін
ə
лдебіреуге ұқсай ма, қалай? Тоқта, сол өзі кім еді? Кім де болса, о да
жақтырмаған кісінің жер-жебіріне жеткісі келгенде көз қиығын дəл
осылай керги тастап, дəл осылайша сұлу бетіне сыңар əжім түсірмей
сылқ-сылқ күлмеуші ме еді? Иə, сондай біреуді білетін...
– Достым, əр елдің өз дəстүрі бар. Азияда отырып, əлдеқайдағы
Европаңды қайтейін.
– Сөз болғаныңа. Ата-бабаңның аты мен ала шапаны қазір қай
қ
азақтың кəдесіне жарап жатыр.
Енді сен күлдің:
– Шапанын білмеймін, ал атын өзің мініп келген секілді едің ғой...
Осал жерін дəл басып ұстасаң да, бірақ өңін билеп үйренген неме бұл
жолы да міз бақпады. Ол үндемегесін сен сөзді жалғап:
– Мақалаңды оқыдым,– деп едің,
Ə
зім есітсе де, бірақ есітпеген сыңай танытты. Тек оның аңғалақ көз
аясы ұшқысы кеп қанатын қомдай түсіп, тұғырына қайта отырған
ү
кідей бір-екі қомпалаңдады да басылды:
– Ойбай, ол мақала керемет болды деген. Керемет деген. Əзімжан
деген... айналайын деген... табиғаттың бермесін тартып əперем деп
жатса, құрсын, құрсын деген... бұл халық құрыған деген... құрыған
деген. Маңдайына ыссы май тамсын деген.
– Иə, жерлестеріңе мақалаң ұнамады.
– Саған ше?
– Мені қайтесің. Менің қай сөзім сенің миыңа кіріп еді. Онан да сен
бұндағы халықтың не дейтінін тыңда,– деп құрдасын сөзге жетелеп
көріп еді, ол бірақ осы жолы тағы да түк сезбей, түк есітпей кереңденіп
ала қойды. Бұнда келсе, Аралды ауызға алмайды. Ал, ана жақта
Аралдың жер бетіндегі жан алғыш жалғыз Əзірейілі осы. Бұлар
Амударияда жатқанда тағы бір мақаласы шықты: "Біз табиғаттың құлы
емеспіз, қожасымыз" депті. "Табиғатқа біз де қарсы емеспіз, тек біздер


табиғаттың
адам
баласына,
ала-бөле
совет
елінің
ө
скелең
шаруашылығына келтіретін пайдасына қарай бағалаймыз" депті. "Рас,
баяғыда ата-бабаларымыз табиғаттың сұлулығына тамсанған.
Ақындар сылдырап аққан суға, сыбдырлаған жапыраққа, айға, күнге,
жұлдызға қарап жыр арнап емешесі үзілген. Бірақ, ол дəурен өтті. Ол
кездің көңілшек шалдарымен күліп қоштастық. Қазір істің заманы.
Экономикалық прогреске қолма-қол септігін тигізіп, əл-ауқатымызды
ө
ркендететін шұғыл шараларды шұғыл қарастырып жатырмыз.
Ашығын айтсақ, санаулы құмыры қалған кəрі Аралдың біз үшін қазір
неғұрлым тез тартылып, теңіз астында жатқан пəленбай гектар
құ
нарлы жерді тезірек босатып алудан артығы жоқ",– депті.
Жұрт мақаланы жабыла оқыды. Бұ да оқыды. "Ынданы ашылған
адам əлемді апатқа ұшыратпай тынбас-ау" деп ойлады. Жалғыз Əзім
болса бір сəрі ғой. Қазір аспан астындағы ел болған ел, халық болған
халықтан қанша Əзімдер шығып, жұдырықтай жердің жан алғыш
жендетіне айналып жатыр. Егер, адам баласына ақыл кіріп, ашқарақ
ындынына тез арада тиым болмаса, көрерсің де білерсің, Аралдың кебі
көп ұзамай жер бетіндегі қалған көлдер мен теңіздердің де басына
келер-ау!
– Былтыр Алматыға барғанда ойламаған жерден сендердің бір
жиналыстарыңның үстінен шыққаным бар. Қызыл кеңірдек боп жатыр
екенсіңдер. Мені байқамаған шығарсың. Кейінгі жақтағы бір орынға
отыра кеткем.
– Көрдім. Жиналыс соңынан соғар деп отырсам, жып беріп тайып
кетіпсің.
– Мазалағым келмеді. Менсіз де айғайларың жетерлік көрінді. Бір
Аққұба жігіт үш рет сөз алып сөйледі.
– Иə, кер ауыз біреу. Соның алдында докторлық диссертациясын
құ
латып жіберіп едік. Саған, əрине, оның... сөзі ұнаған болар?
– Ұнағанда қандай. Өзіне құдай баспен бірге жүректі де берген екен.
Есіңде ме, сол айналайын, сөзінің соңын "келешекте адамның болу-
болмауы табиғаттың болу-болмауына тікелей байланысты",– деп еді-
ау.
– Табиғатты құртайын деп жатқан кім бар?..
– Құрт-құртпа оны өздерің білесіңдер. Қайсы бірде жазғандарыңды
оқып қалатынымыз бар. Сонда біріңнің аузыңа бірің түкіріп қойғандай,
қ
ит етсе, "табиғаттың қатесін түзетеміз" деуші едіңдер. Қазір оны
қ
ойдыңдар.
Енді
экономикалық
прогрестің
мүддесіне
қ
арай
пайдаланып жатырмыз дейтін сылтау таптыңдар.


– Бұл, сірə, мен ғой?
– Иə, сен.
– Есіңде болсын, табиғат көрмеге қоятын экспонат емес. Халық
шаруашылығының күнделікті мұқтажы мен мүддесіне...– дей бергенде,
сен күйіп кетіп:
– Қой, əрі!– деп қолыңды ызалана сілтедің,– халық қамын шын
ойласаңдар ұмытпас едіңдер ғой!
Қ
ай заманнан көкірегіңде қордаланып жүрген ыза мен күйінішті
алғаш рет сыртына шығарып ашынып сөйлегесін бе, сен өзіңнің
ə
ншейінде булығып, ішіңнен тынатын да жүретін тұйықтығыңнан
арылғансың. Əзімге тайсалмай тура қараған ала көздің жанарында
батыл жігер бар. Əсіресе, екіленіп қызып кетіп, киіп кетіп, омыраулап
сөйлегенде даусы да жасырақ кездегі анасының даусындай саңқ-саңқ
етіп:
– Иə, солай академик жолдас-с...– дедің де, тоқтадың.
"Мына жаман қайтеді, əй?" деді Əзім ішінен... Сөйтсе де, сыртындағы
салқын қандылықты сақтап, бөрі айбатын алдыра қойған жоқ.
– Сен-н, айналайын, ауылда жүріп...– дей түсті де, Əзім сөзі қынусыз
шыққаны ұнамады ма, аяқ астынан кілт тоқтады. Əлгінде орындықтың
арқалығына іле салған костюмының қалтасын қарап емен трубка
алды. Сосын сен көрмеген бір əсем коробка ішінде иісі бұрқыраған
гаваялық темекінің бір шұқымын саусақ ұшымен іліп алып, оны да
баппен асықпай əлгі емен трубкаға сап бармағымен үстінен ақырын
нығырлап басып-басып қойды. Сонан соң да өзінің осы дүние өртеніп
бара жатса да абыржып саспайтын əдеттегі іш пыстырарлық қимылын
бұрынғысынан да көрі баяулатып, əлгінде қалтасынан темекімен қоса
алған коробка ішінде ақсиған сіріңкелердің бірінен кейін бірін таңдап,
ақырында, əйтеуір, көңілі тоқтаған бір талшықты ұстады...
Осы жігіттің ана жолы да осыған ұқсас жынына тиген бір қылығы
есіне түсіп отыр. Ол былтыр жаз еді-ау. Аз ғана күнге соғып кетуге
келген құрдасына осы елдің хал-жайын сөйлескісі кеп үстіне кірген-ді.
Терезелерін тұмшалап қымтап тастаған үй қара көлеңке екен.
Табалдырықтан аттауын аттаса да, бұл бірақ қара көлеңке бөлмеде
көзі үйренгенше аяғын ілгері баспай, есік алдында тұрып қалған-ды.
Қ
ай жаққа жүрерін білмей тұрғанда, перде тұтқан есіктің ар жағынан
қ
аз дауыс қаңқ етті:
– Кім де болсаң бері кел!
Құ
рдасы қара көлеңке бөлменің тор жағында болыскей керуетте


аяғын аяғына сап жатыр екен. Сені о да көрді. Бірақ тырп етпей жата
берді. Сен керуетке тақап келе бердің де, амандасар жерде көз алдыңа
атам заманғы бір елес кеп тоқтап қалдың. Лəм деместен жалт бұрылып
жүре берген саған ол іле дауыстап:
– Əй, тоқта!– деп еді. Сен қайрылған жоқсың. Жын ұрғандай сыртқа
атып шықтың да, желге қарсы омыраулап жүріп кеттің. Сырт алай-
түлей. Сол баяғы Аралдың өрттей ыстық күні. Сол баяғы жынды жел.
Шаңдағы шыға бораған топырақ. Құйындай ұйытқыған сезім саған да
ештеңені байқатып та, ойлатып та келе жатқан жоқ. Есіңе қайдағы-
жайдағы түсіп, жаңа, ойда жоқта осы өлкенің бір жерінде сүйегі қурап
қ
алған жетінші атасы көзіне елестеп кеткені. Көшпелі елдің ер-
азаматы көп қыдыратын заман ғой. Жетінші атасы бір ауылдан
шығып, бір ауылға маңдай түзеп келе жатыпты. Шөл қинап келе
жатқан салт атты жолаушының алдынан терең сай кездесіпті. Сай
табанындағы салқын сабатта қырық шатыр. Қаңтарулы қырық ат.
Қ
ырық нөкер. Тұсарлықтан келетін көк майсаға тізерлеп шегеріп
тастаған қырық нар. Əр қайсысының жанында тең-тең жүк. Бұл өңірде
дəл бұндай сəн-салтанатпен хан тұқымы бекзадалар ғана жүреді. Соны
білген жетінші атасы ханға сəлем беріп қос қолын ұсынғанда,
шатырдың дəл төрінде жаңағы Əзім сияқты шалқасынан жатқан хан:
– Кісі бойындағы мүшенің бəрі бір ғой,– деп шуаш сасыған аяғын
ұ
сына қойыпты дейді... Қайдан есіне түсті? Неге түсті? Хан аяғын
ұ
сынғанда атасы байғұс не күйге түсті? Қорлықтан көзіне қан толып
кеткен сорлы тап сол арада шуаш сасыған аяқ хандікі ме, қаранікі ме,
оншасын ойлап жатпай қамшымен тартып-тартып жіберіпті дейді.
Айызын солай бір қандырар-қандырмаста қырық нөкер тарпа бас
салып сыртқа сүйреп алып шығып, етбетінен жығып сап дүре соғыпты
дейді.
Атасы пақыр намыс үшін отқа түсті. Ары, намысы үшін ажалынан
бұрын өлді. Ал сен?.. Бəсе, сен ше? Көкірек тола ашу баяғы Қыдырбай
атаңша сыртқа ақтарылып шықпай, ішіңде тұншыға беретіні не?
Академик болмақ түгіл, екі аяғы аспаннан салбырап түссе де
астамдығын көтере беретінің не? Түнде əйелін ақ жібек перде ұстаған
терезе алдына оңаша алып шығып емешесі үзіліп тұрғанын көрді. Осы
ү
йде бірге қонып шықпасына кім кепіл? Соның бəрін жаны, жүрегімен
сезе тұра еркек басымен қолынан түк келмей, сүмірейіп үйге қайтып
келген жігерсіздігі... Соған төзгені... Сонысы не?
Қ
аз дауыс саңқ етті:
– Сен, айналайын, ауылда жүріп от басы, ошақ бұтының күнбе күнгі
қ
амынан басқа дүниені ойлауды қойған екенсің. Əрине, бүгінгі күнге
де қызмет істеу керек. Бірақ...
Ə
зім тағы да кілт тоқтады. Бойын ызаға алдырып, өзін əзер ұстап


отырған ірі қара жігіттің қатты бұзылған кескінін байқады. Себебін де
іші сезетін сияқты. – ...бұл дүниеге бізден кейін де келетін ертеңгі
ұ
рпақтың қамын ұмытпауымыз керек. Ертеңгі ұрпақ сіз бен біз сияқты
теңізден шабақ ауламайды. Олар басқаша өмір сүреді. Атамекен, ата
кəсіп, ата-баба салты мен дəстүрі, есіңде болсын, ілгері талпынған
ұ
рпақты шалғайдан тартып, ойы мен өрісін өсірмейтін нағыз
кертартпа қылық.
– Ой, айналайын, тусаң, ту деген... Дұрыс, дұрыс де-ген...
– Сен жақсы жігітсің. Жаның, жүрегің жақсы. Білем халқыңа жаның
ашиды...
– Иə, рас деген. Қайтсын... Қайтсын деген...
– Институт бітіргесін астанада қалуың керек еді. Сен Бəкизатқа
ү
йлендің де...
– Жə, мені қайтесің...
– Қайтпегенде ше. Алыстағы ауылдың ортасына түсіп, ой өрісің
еспей қалды.
– Е, солай де?
– Қатты айтсам, кешір. Бірақ білесің ғой, дос жылатып...
– Айта бер!
Денедегі діріл дауысқа көшіп, демігіп бара жатқасын лажсыз
тоқтадың. Аз іркіліп, қайта сөйлеп кеттің:
– Халықтың бетке ұстаған аз ғана азаматы бар. Астанадағы
оқымыстылардың бірісің бе, бірегейісің бе, əйтеуір, атағың жер
жарады. Осы өңірдің халқы арамыздан шыққан азаматымыз деп
сыртыңнан күпілдескенде, бишаралардың басындағы бөркі желп-желп
етеді...
– Тағы не айтасың?– деді Əзім.– Байқауымша, маған артық кеткен
бірдеңең бар сияқты. Көпсініп тұрғаның болса, қайтып ала ғой.
– Саған берерім де, аларым да жоқ.
– Ендеше тіліңді тарт. Тайраңдап барасың.
– Үндемеуге де болар еді...
– Ең дұрысы – сол.


– Жоқ, айналайын, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Ойымдағы
бойымда кетпесін. Ыңғайы келгенде айтып қалайын. Бұл ел өзіңді арқа
тірер азаматы көретін. Ал сен... Сен... Сол халықтың тарыққанда
тартқылап емер аузындағы ағы мен басындағы бағына жармастың.
– Əй, сен деген... Қой, қой деген. Əзімжан соңыра халықты қарық
қ
ылады деген...
– Ақсақал, араласпаңыз!
– Аға, араласпа. Бұның арғы жағында айта алмай жүргені бар екен.
Жарайды, айтсын.
– Айтсам, туған жеріңе істеп отырған мына қиянатыңды елің де,
жерің де кешпейді. Құдай деген соқыр шал бар болса, табиғатта кие
бар деген рас болса, сен кəрі Аралдың киесіне ұшырарсың-ау.
Ə
зім ашулану орнына рахаттана қарқ-қарқ күлді. Иығында жатқан
бүршік-бүршік сүлгінің салбырап алдына түскен шетімен көзін сүртті.
– Жə, таусылып қайтесің. Менің Арал жөніндегі ойымды қазір
ұқ
пасаңдар да, соңыра көздерің жеткесін түсінесіңдер. Көрерсің,
соңыра басы өзің боп маған мəрмəрдан ескерткіш қоясыңдар.
Енді сен күлдің:
– Саған? Мəрмəрдан? Ой, шіркін, есек дəме-ай! Сонда саған
ескерткішті не үшін қояды? Əлгі халық аңызында келді жұтатын осы
заманның тажал Көк Өгізі деп қоя ма?
– Əй, слушай!.. Сен... Сен деген, абайла деген... Əзімжан үкімет адамы
деген. Жаңағы сөзіңе тиісті жерде жауап бересің деген...
Ү
стіңе төніп тұрған мына имек тұмсық қара кісіге түсетін бурадай
екен. Аузынан түкірік шашырап болып тұр. Несі бар, тағайындаса,
басқарма болады да шығады. Қос уыс колхоз түгіл бұның əкесіндей
жерлерде де осы жайсаңдай біреулер отырған жоқ па? Сары Шая айтса
айтқандай, халық айналайынның сыры белгілі: күңкілдейді-
күңкілдейді де көнеді. Көнгенді айтасың мықты бір орынға иығында
басы бар, маңдайында көзі бар, қанар қапқа толтырған еттей біреуді
ə
кеп креслоға қонжитып отырғызса, жетіп жатыр. Ал, мынаны
басқарма сайласа колхозшыларды клубқа жиып алып: "Сендер деген
құ
рыған... құрыған деген. Ана жақта бастықтар жан алып жатыр деген.
План... план деген... Маңдайыңа ыссы май тамсын деген..." деп, жұрт
алдында екі езуінен көбік шашырап, жараған бурадай шабынып тұрып
алғанда, көрерсің де білерсің, қай балықшы қайқаңдамас екен.
– Əй!.. Əй, сен деген... неге күлесің деген?..


Байқап тұрсың: жаңағы сөзің Əзімнің шымбайына қатты батты.
Орнынан созалаңдап түрегелді де, саған көз қырын да салмай, сыртын
беріп бұрылып кетті:
– Ойыңдағыны айтқан сияқтысың. Қалай, енді ризасың ба?
– Жоқ, əлі де саған айтарым бар.
Саған шүйдесін көрсетіп, сыртын беріп тұрған Əзімге қарап
"апырай, осындай біреуді қайда көріп едім?"– деп ойлағансың-ды.
Қ
айда көрді? Кім еді сол өзі? Кім де болса о да дəл мынау сияқты
орнынан созалаңдап тұратын. Кердең-кердең басатын. Кекірейіп
қ
арайтын. Сөзі де ауыздан шыққанша іш пыстырып болатын біреу еді
ғ
ой. Иə, сондай біреуді білетін.
– Ендеше құмардан шық. Валяй!– деді Əзім.
– Бар бəлені бастаған Бабаев болатын.
– Кім?
– Академик Бабаев. Сенің сүйікті ұстазың. 
– Ондай академикке өзім ұстаз болам деп жүрсем, сен де...
– Білгем жоқ, кешір. Қайсысың қайсысына ұстаз болсаң да, əйтеуір
екеуің де пышақтарың жалақтап Аралдың алқымына тақап
тұрасыңдар.
– Иə, сонсын... Сөзіңнің ыңғайына қарағанда бұл жолы да Құдай
жолы құрмалдықсыз бітпейтін шығар, сірə?
– Біз ауыл адамымыз. Ғылыми сөз аузымызға қайдан түссін.
– Бетің енді түзелді. Аралдың келешек тағдыры – халық емес,
ғ
алымдардың қолында. Ал, ғылымға, айналайын, өзіңнің аузыңа түсе
беретін əлгі ауыл арасының бата, жаназа... сондай тағы нелер бар еді?
Со жағына сен жүйрік едің ғой?
– Əркім білгенін айтады. Академик Бабаевтың Аралға қарсы
болғанда аржағындағы пиғылы белгілі. Осы өңірде тұратын бүкіл
халықтың қазіргі таңдағы тағдыры мен болашақ ұрпақтың...
ұ
рпақтардың тағдырын ол академик өз басының мүддесіне құрбандық
қ
ып отыр.
– Құрбандыққа шалып десең, дəл өз сөзің болады да шығады.
– Кекет...


– Жоқ, шыны сол. Сені бұрын Құдайдың көктен тастаған кітабын
ғ
ана оқиды деп ойлаушы едім, сөйтсе кейінгі кезде қолыңнан ғылыми
кітаптар да түспейді деп жүр ғой.
"Бұған кім айтты екен? Басқа кім дейсің, Бəкизат... Иə, сол айтқан
болды".
Ə
зім сенің қатты бұзылған түріңнен шошып:
– Жə, сабыр!.. Сабыр,– деп, сені орныңа отырғызғысы кеп еді, сен
қ
олын қағып жібердің.
– Ары итеріп, бері жығатын баяғы əдетіңді əлі тастамапсың. Мен
саған халық жөнінде сөйлесем деп келсем...
– Халық қамын мен ойламай жүр дейсің бе? Халықты ойлағасын да...
келешекте халыққа шаруашылықтың қай түрі тиімді – күріш пен мақта
ма, əлде балық па? Біздің айтысымыз осы.
– Бос сөз.
– Жоқ, айналайын, бұл үлкен проблема. Тұйық теңізде келешек жоқ.
Ал келешексіз теңіздің тағдырына бола, төрт ел, түсінесің бе, төрт ел
бірдей қарап отырған екі өзеннің суын халықтың аузынан жырып
алып, Аралға беріп қойып отыра алмаймыз. Сеніңше, халық не болса ол
болсын, тек теңіз аман болсын деуіміз керек пе? Жоқ, ол болмайды.
Ө
зің, айналайын, бар, орныңа отыршы.
– Ал отырдық.
– Иə, бəсе сөйтші. Қазір, халық жер бетіне симай барады.
Демографтардың болжамы бойынша, таяу жылдарда əлі де екі-үш есе
ө
седі. Сонша халықты бұрынғы ата-баба кəсібімен асырау мүмкін емес
екенін əркім айта бастады. Ертең сонша халықты асырау ғана емес,
жұмыс тауып беру үшін де балық шаруашылығынан гөрі мақта, күріш
шаруашылығы тиімді, демек, келешегі күшті деп, прогрессивтік
жолын ұсынып отырмыз.
– Сол тиімді шаруашылығың мына халықтың түбіне жетіп отырған
жоқ па? Кеше осы ауылдан жиырма бес үй көшкенде ішінде болған
жоқсың...
– Есіттім. Ол уақытша күйзеліс. Ал большевиктер...
– Қой əрі!– деп сен қолыңды ызалана сілтедің.– Егер халықтың
келешегін ойлап, келешек ұрпаққа жандарың ашыса, сендер, басқа-
басқа, табиғатқа мұқият қарар едіңдер ғой.
Ə
зім жанынан темекі алып жатып, саған көз қиығын тастады. Ана


жақта бұның жағасына жармасқан жаулар мына жаманның да аузына
түкіріп қойғаннан сау ма? Обай-ау, бұның да дəл соларша сөйлеуін
көрдің бе?
– Ата-бабамыздан қалған байлықтың басы – осы теңіз еді. Сені мен
біз өзімізден кейінгі ұрпаққа сол байлықтан не қалдырдық? Кешегі
біздің бала кезімізде "балығы тайдай тулаған" деп ақындар жырлаған
телегей теңіз орнында соңыра тұз бетіне шығып, шаңдақ бұрқырап,
топырақ борап жататын сахара шөл ме? Қылтиған көкті күйдіріп
жіберетін өрттей аптап аңызақ па? Соңыра бізден кейінгі ұрпақ құс
ұ
шса – канаты күйіп, аң жүгірсе – тұяғы күйетін өрттей ыстықта бір
тамшы су таппай кенезесі кеуіп бара жатқанда, сені мен бізге алғыс
айта ма? Жоқ! Жоқ, бауырым, тек қарғыс айтады! Лағынет айтады!
– Сен ақыр заманды төндіріп жібердің. Бүкіл Аралдың берген
балығын соңыра біз ақ мақтадан алған бір жылғы өніммен өтейміз.
Соңыра Тұран ойпаты сияқты Арал ойпаты деп аталатын теңіз
астынан босаған осынау жерден біздің ұрпақтарымыз ақ мақта өндіріп,
дүние жүзілік рекорд жасайды.
– Тоқта! Сонда оның қай жылдар болмақ? Сендер халықты неше
жылдан кейін қарық қылмақсыңдар?
– Дəл айту қиын. Ал, шамамен айтқанда... жиырма жылдың ар жағы.
Ол ақиқат.
– Апыр-ай, ə? Ақиқат дедің-ау, сен?
– Иə, ақиқаттығына ант беруге болады,– деді Əзім. Бірақ жанары
ойнақшып алып қашып тұрған көзін саған ұстатпады. Сен қарқ-қарқ
күлдің. Ара-арасында: "Қайран Қожа Насыр-ай" деп, күлкіңді тия алмай
жатқансың-ды.
– Ой, неге күлесің? Сен... Сен деген... сірə, сау болмассың деген...
Құ
рыған... құрыған деген.
Күлкіні кілт тыйдың. Əзім түкке түсінбесе де, бірақ бұның
аржағында өзіне тиетін бір қолайсыз нəрсе барын іші сезіп, түсі
бұзылып тұр.
– Қожа Насырдың əңгімесі бар еді ғой. Оны сен де білесің.
– Білмеймін. Білгім де келмейді.
– Жоқ, сен тыңда. Есіңде ме, еріккен хан Қожа Насырды шақырып
алып: "Есегіме хат таныта аласың ба?" дегенде, Қожекең ойланбастан:
"Əбден болады, хан ием",– деп келісе кетпеуші ме еді?
– Е, ол деген... қызық деген...


– Əне, ағаң білетін боп шықты. Оны сен де білесің.
– Ал білдік делік. Сонда аржағында тұспалдап тұрғаның не?
– Ештеңе де емес. Жарықтық, Қожекеңнің аңқаулығы ма, əлде
ə
улиелігі ме, кім білсін... Хан: "Егер, осыдан уəдеңде тұрмасаң басыңды
алам",– деп қаһар тіккенде, есіңде ғой, ол жарықтық қол қусырып: "Құп
тақсыр, болсын! Тек жиырма жыл пұрсат берсең есегіңе хат
танытайын".– деуші еді ғой. Соны есіткен жанашыр жақындары Қожа
Насырға ұрысып: "Ойбай-ау, есің дұрыс па? Есек хат танушы ма еді?
Уəдеңде тұрмағасын хан басынды алады ғой дегенде, жарықтық Қожа
Насыр түк саспастан: "Жиырма жылға дейін кім бар, кім жоқ. Жиырма
жылда я хан өледі, я есек өледі, я мен өлем",– демеп пе еді. Ал, енді
бұған қалай күлмессің? Күлмей көрші кəне?
– Иə, күлесің. Қожа Насыр қу деген... Кісіні күлдіреді деген.
– Жə, болды.– деді Əзім ағасына. Сыртын сыздатып алған.
– Тұспалыңды түсіндім. Ал, сау бол!– деді де, араларыңда түк
болмағандай сені қолтығыңнан алып есікке дейін шығарып салды.
Суық жел сыртқа шыққан бойда денені тітіретіп жіберді. Сен жалма-
жан өңіріңді қымтап жатып: "Апырай, ə? Осындай біреуді қайда
көрдім!" деп ойлағансың-ды. Кім де болса, өзі білетін менменсіген
біреудің кекірлігі... Жаңа құрдасына қараған сайын көзін əдеттегіден
көрі ұзағырақ ұстап қалғанда да осы сұрақ ойын мазалап болған-ды.
Қ
анша ойласа да есіне түсіре алмай қойған, бірақ əйтеуір өзі жақсы
білетін бір кісі сияқты құрдасы да жаңа бұған сыздана қараудан
жаңылмады. Астанаға кеп оқуға түскен күннен бастап өзіне
көлденеңнен қатал сақшы қойып, қол-аяғын қорғасын құйғандай
ауырлатып алды. Аяғын əрең басады. Аузын əрең ашады. Сөз де
аузынан зарықтырып əрең шығады. Қарсы келген кісі иіліп сəлем
бермесе, көзі түспей кекірейіп өтіп кетеді. Саған назар аударғанда да
ə
уелі қасы, қабағын керіп, аспай-саспай ақырын бұрылады. Осы
кекірлік пен керенау кербездіктің бұл бəрін біреуден аудармай қағып
алды. Сол кім еді өзі?
Құ
рдасының қолдан жасап алған осы бір жасанды мінезіне
таңданып келе жатып, бұл контордан өтіп кетіпті. Ауыл артта қапты.
Ө
ріске бармай, ауыл іргесінде жайылып жүрген жабулы түйенің
жанына кеп, ұйқыдан оянған адамдай айналасына алақ-жұлақтап
тұрған ұзын қара кісіге түйе екеш түйе де "есі дұрыс па?" дегендей
аузындағы үзіп алған шөбін шайнамай, мойнын бұрып, одырайып
қ
арап қалған екен.
Дереу ізінше кері қайтты. Конторға келді. Жаңағы ой ма, əлде түнде
шала ұйқы болғандікі ме, орынына кеп сүлдері құрып отыра бергенде,


күтпеген жерден, кенет... құрдасының жаңа кімді аудармай
қ
айталағаны есіне түсті де, столды салып қап:
– Ой, көк соққан-ай!– деп күліп жіберді.
Бес жыл оқыған Əзім астанада тұратын құрылысшы ағасының
ү
йінде жатқан-ды. Ағасы үй салатын үлкен треске бастық екен.
Алмаған ордені жоқ. Құрылысшыларға тиесілі құрметті атаққа да ие
бопты. Кейінгі жылдары астанада бой көтерген сəнді сарайларды сол
салды дейді. Əзімге еріп құрылысшы ағасының үйінде болғаны бар еді.
Е, е, сонда көрген екен-ау. Бұл барса, Əзімнің ағасы газет оқып отыр
екен. Бұл сəлем берді. Трес бастығы газеттен басын кідіріп көтерді.
Інісіне еріп келген ұзын сирақ қара балаға қолындағы газеттің бір
шетінен көзінің қиығын ғана тастаған еді. Сосын ол бұның тұла
бойындағы басқа мүшелерінен көрі бұтында тыртиған тар шалбардың
шолақ балағынан қызыл тобығы шығып тұрған тертедей сирағына
күлкі қашырған көздің қиығын керги тастаған еді-ау. О да сөйлегенде
қ
оңыр даусын қолдан созатын. О да аузынан шыққан əр сөзін арғы
жағынан зордың күшімен сығып шығарғандай ыңыранып еді-ау! Анда-
санда күле қалғанда да, атақты құрылысшы бетіне сыңар əжім
түсірмей, құдды оты-суы мол көл жағасында қонысы келіскен қоңыр
қ
аздың га-га-сына келетін бір керенеу үн көмейінен ырқ-ырқ шыққан.
"Ай, бауырым-ай, артиссің-ау. Тек сенің сондай екеніңді ешкім
білмейді ғой".
Сары Шая есіне түсті. Өтірікшінің аузынан шыққан шындық та
ө
тірік. Əйтпесе, сол бишара бірдеңе біледі. Əне, моншада айтқаны шын
болды да шықты. Жарайды, Сары Шая айтқан қисынның түбі шикі
болсын. Шынында, құлауға келген колхоздың басқармалығы кімге
қ
ажет. "Апыр-ай, ə?" деп бұл өзін қинаған сауалға қиналып, айналасына
алақтап қарады. Бұл жігіт ауылға бұрын да келетін. Бірақ келер
алдында хабар беретін. Оның соңыра шығатын күні, сағаты, пойызы,
вагоны, купесіне дейін білуге тиісті кісілердің қаперіне түгел жететін.
Ол келетін күні, əсіресе, бұлар қатты əбігерге түсіп, үлкен-кіші үй
төбесінен түспеуші еді. Көкте құс көрінсе де, көз ұшынан шаң бұрқ етсе
де, балалар шу етіп сыйлы жігіттің аға-жеңгесіне дереу хабар беріп
жатпаушы ма еді? Күткен қонақ аудан басшысын қасына ертіп көкпен
келсе, іле-шала теңіз басын жағалап жеңіл машина жететін. Бір рет...
Иə, ол тіпті керемет болды! Мініп келген ақ кемені балықшылар
ауылының бет алдындағы қолтыққа байлап қойып, бұндағы ағайын-
тумаларын аралап жатып алғанда, əсіресе, шалдар жағы айызы қанып:
"Құдіретіңнен айналайын-ай" – деп тамсанып еді-ау!
Сүйткен жігіт... Жоқ, бұл тегін емес! Орнынан ауырлау түрегелді.
Ызғыған мұздай кабинетті əрлі-берлі кезіп жүрді де, кенет аяқ басысы
ауырлап тас төбеде жіп бауы салбыраған шам астына келе бере


қ
алшиып тұра қалды.
Басы зілдей. Біреу келді. Біреу кетті. Бұл бірақ не істеп, не қойып
жатқанын білген жоқ. Тіпті алдына келген кісілердің əңгімесін тыңдап
отырып та, оқта-текте осы күнгі өз басындағы хал киіп кете береді.
Бəкизат қайда? Түнде қайда түнеді? Осыларды ойлаған сайын
көкірегіне бірінен соң бірі тікендей қадалып жатқан көп күдік, көп-көп
сауал мазасын алып мұздай кабинетте көз жанары адасып отырғаны.
Шамасы, сірə, үйге кірген лаң қайда барса да бұлаңдап қасында
жүретін көлеңке сияқты қашып құтыла алмайтын бір пəле.
* * *
Сол күні жұмыс алдақашан аяқталса да бұл ел жатқанша үйге
қ
айтпады. Бəкизат түнде шешесі екеуі таң атқанша ана үйде қонақпен
бірге болғанын Сары Шая бағана жүгіріп кеп шүйінші сұрағандай
айтып кетті. Сонан кейін де ол сөзді үдетіп:
– Мыналар үнсіз. Бүгін-ертең колхозшылар жиналысын шақыратын
түрі жоқ. Бір елдің аузы-басына қарап отырған басшысын орнынан
алып тастау оңай ма. Батырға да жан керек. Кім біледі, басқа біреудің
қ
олымен істеп үйреніп қалған қу жігіт жаманатты өзіне аударғысы
келмей отыр ма. Сөйтіп, ауданнан біреуді күтіп отырса да өзі білсін.
Ə
йтеуір, тегін емес,– деп, мұздай кабинеттің төрінде тұнжырап
отырған інісіне қарады. Сап-сары көздің жанарында "сен қалай
ойлайсың?" деген сұрақ бар. Бірақ, бұның үндей қоятын түрін
көрмегесін.– Əліптің артын бағайық,– деп, бұл үшін де жауапты өзі
берді де, шығып кетті. Оңаша қалғасын бұл енді не істерін білмей
отырғанда, есік ақырын ашылып, аржағынан хатшы қыз сығалады. Бұл
басын көтергенше ол жалма-жан есікті жаба қойды. Сырдариядан
келгелі осы қыз əр нəрсені сылтауратып жиі кіретін боп жүр. Соның
бəрінде де табалдырықтан аттай бере жаудыраған көзі жаутаңдап,
мұздай кабинеттің түп жағында еңсесі түсіп отырған ірі қара кісінің
қ
асы мен қабағына қарай береді. Сенің жаныңа батқан қиындықты
ө
зінің нəп-нəзік талдырмаш денесіне көтеріп алғысы кеп тұрған
тəуекелді көреді. Осы қыз түсіне тегін кірмеген сияқты. Дүниеде өзінің
де біреуге керек екенін сезіп, есігінің алдын баққан қаршадай қыздан
сүйеу іздеп, жүдеу жанын жылытпақ болған дəрменсіздігіне оқта-текте
таңданып қап отырған-ды.


Сырттан біреу кіргендей болды. "Бұл кім екен?" деп ойлады. Басын
көтермей сұлық отырған күйі жабық тұрған есіктің аржағындағы
дыбысқа құлақ тікті. Хатшы қыз емес. Мынау кім де болса тақтай
еденді тепсініп басқан біреу. Есікке жете бергенде əлденеге кілт
тоқтады. Сол арадан не ары, не бері баспай тұрып алды. Бұл кім? Бұл
кезде кеңсеге келетін кім болуы мүмкін?
Есік шапшаң ашылды. Ар жағынан... Бұл күтпеген кісі кіріп келе
жатты. Күтпеген кісіні кергенде сен не түрегелеріңді, не отыра
береріңді білмей аңтарылып қалғансың-ды. Қара етіктің қазық екшесін
тық-тық басып келе жатқан Бəкизат саған таяна бере кілт тоқтады.
– Жəдігер,– деді жүзін тіктеп. Орныңнан қалай атып тұрғаныңды
ө
зің де білген жоқсың. Қос қолыңмен қолын ұстай алдың. Сенің қолың
ба, əлде Бəкизаттың қолы ма, əйтеуір, саусағына саусағың тигенде
біреуінің қолы қалтырап кетті.
– Бəтіш, айналайын... Келгенің жақсы болды. Қайда кетерімді білмей
отыр едім.
Сен толқып тұрып, байқамай қолын қаттырақ қысып жібердің бе,
Бəкизат тыжырынып қалды да, уысыңнан тез тартып алды.
– Бəтіш, айналайын, өтінем. Тек кінəласпайықшы. Шыным сол,
шаршадым. Қалған уақытта біз де адам құсап өмір сүрейікші.
– Оны ертерек ойлауың керек еді.
– Əлі де кеш емес.
– Жоқ, кеш.
– Қа-лай?..
– Қалайы сол, əрі ойлап, бері ойлап, ақыры бір шешімге бел байлап
келіп тұрмын.
Шекең шыңылдап кетті. Бəкизаттың қатты бұзылған түрін көріп
тұр. Аузынан шыққан əр сөзін де анық есітті. Бірақ осының бəрі өңі
емес, кейінгі кезде жиі көретін боп жүрген көп жаман түстің бірі
сияқты. Мынау шынында да өңі емес, түсі екенін растағысы келгендей:
– Сенен кетем,– деді Бəкизат.
Қ
ос шекең əлгіден де көрі қатты шыңылдап, əлдене дегің келсе де,
дəл айтар жерде аузыңа сөз түспей, сілейіп қалғансың-ды. Сен оны
кейін білдің. Сосын қараптан-қарап көйлегің жағасы буындырып
қ
ысып бара жатты. Сен оны тіпті сезген жоқсың-ды.


– Есітіп тұрмысың. Сенен кетем.
Иə, естіп тұр. Əр сөзіне дейін анық естіп тұрса да, бірақ осы
сөздердің мəні де, мағынасы да санасына жөндеп жеткен жоқ. "Кеткені
қ
алай?" деді ішінен.
– Өзің кінəлісің,– деді Бəкизат.
Бұл сенің өмір бойы естіп келе жатқан сөзің болғасын əсер етпеді.
Жəне кіналасқысы келмеді. Не де болса, бар кінəні өзіне алып, мына
бетін ашып айбық адамданып алган əйел алдында басы салбырап
тұрған-ды.
– Əй, сенің осы ит мінезің-ай! Неге үндемейсің? Саған айтып тұрған
жоқпын ба?
– Шын... Шын айтып тұрсың ба?
– Иə, шын. Сенен кетем.
– Қайтем. Бақытты бол!
– Бұл не – кекесін бе?
– Шыным.
– Өзің кінəлісің.
– Иə, солай. Бірақ... Бірақ, əй құрысыншы, болар іс болғасын,
кінəласып керегі қанша.
– Жоқ, айт!
– Айтсам... безбеннің бір басы мен болғанда, оның екінші басы бар
емес пе еді?
Бəкизат түсінбеді. Сосын, таңданып иығын қиқаң еткізді.
– Безбен-н?
– Иə, кəдімгі безбен...
Бəкизат ызалана бастады:
– Причем тут... без-бен?!
– При том, дорогая... безбеннің бір басы төмен басуы үшін екінші
басы жоғары көтерілуі керек. Осындай бір заңды баяғыда да
мектепте...


Бəкизат түкке түсінбеді. Сондықтан миға кірмейтін түсініксіз
сөздерге ызасы келді:
– Сен дені дұрыс кісі болғанда, біз əлдеқашан...
– Иə, əлдеқашан астанадағы аруақты семьяның бірі боп отырар едік.
– Сол өтірік пе?
– Рас.
– Мамам байғұс сені қанша сүйреледі.
– Бірақ жетелеген төбет қораға кірмеді.
Бұл жолы Бəкизат түсінген сияқты. Саған ала көзбен ата қарады да,
түк деместен бұрылып жүре берді. Оның қайырылмай біржолата
кеткенін білдің де, орныңа барып отыра бергенің сол-ды. Жаңа,
Бəкизаттың соңынан қатты жабылған есік қайта ашылды. Ашуын ашса
да, бірақ кірер-кірмесін білмегендей Бəкизат есік алдында іркіліп
тұрып қалды.
Сен түрегелдің. Жаңағының арасында оның бұлайша неге түсі
қ
уарып жүдеп қалған түріне əрі үрейлене, əрі таңдана қарап тұрсың.
– Жəдігер... Біздің сөйлесетін шаруамыз бар екен...
– Иə? Тыңдап тұрмын.
– Ол... ол өзің білетін жағдай. Екеуміз шешетін нəрсе. Болса да, қыз
менің анамда қалады ғой. Кішкентайынан бауыр басқан немересі. Ал...
– Бала жайы ғой?
– Иə-ə...
– Оған қиналмай-ақ қой. Сенен де, менен де гөрі əжесінің бауырында
болса, ол балаға бөтен болмайды. Ал, ал сау бол!
– Ке-шір,– деді Бəкизат. Тұрған жерден табанын əзер жазды. Есікке
дейін су кешкендей сүлдерін қозғап малтығып барды. Есікті ашқасын
да сəл бөгеле түсті де, сосын ширақ басып шығып кетті.
Сен қыбыр еткен жоқсың. Аржағың құлазып, шофер жігіттің езуінен
түспейтін ащы темекіні аңсап тұрғаныңды өзің сезген жоқсың-ды.
Бəкизатқа ренжіген жоқсың, оны қайта аяғансың-ды. Осы жасқа
келгенде сары далада сағым қуған баладай, о да бір басына бақыт іздеп
барады. Бірақ оның да көкірегін тырнаған жаңағы зəрдей ащы қасірет
жүрек басына запыран жиып, улап тұрғанда алдағы өмірден не опа


табар дейсің...
* * *
Қ
ысқы күн кешке тақапты-ау. Оны енді байқады. Бүркеу аспаннан
бірер түйір қар қыламықтады. Бүгін epтеңгісін мұз үстіне шығып
кеткен жалғыз кісі тұрған жерінен əлі тапжылған жоқ. Қарны ашты.
Сырдариядан келгелі не ішіп, не қойып жүргенін өзі де білмейді. Түнде
де үй іші жатып қалғасын келді. Сыртқы есікті сықырсыз ашып, аяғын
ұ
шынан басып ілгері өтті. Сырт киімін шала-пұла шешіп, қызының
кішкентай керуетіне жата кеткен-ді. Төсегі жайсыз болды ма, басы
ауырып қапты. Жəне қызының кіп-кішкентай керуетінен тертедей
серейген сирағы жерге салбырап түсіп кеткен екен. Оянған бойда
тақтай еден қарып бара жатқан аяғын бауырына тартып алды. От
жақпаған мұздай үйдің ызғарын көрпе астында жатып та сезді. Мұздай
башайлар көрпе астына кіргесін де жуық арада жылына қоймағасын,
бауырына қысқан аяғын бір-біріне үйкеп ысқылап-ысқылап жіберді.
Содан кейін де қол-аяғын бауырына қысып бір уыс боп бұйығып
жатып, осы күнгі өзінің басындағы қиындықтарды ойлады. Өткен түн
сияқты бүгін тағы да кішкентай қызының бөлмесіне қонып шыққанын
есіне алды. Кеше кешкісін əйелінің "сенен кетем" дегені есіне түскенде,
башайларының ұшы мұп-мұздай боп қатып жатқан аяғын ұмытып
кетті.
Ұ
йқысы шайдай ашылды. Төсектен атып тұрды. Қараңғыда қолын
қ
айда созса да, қатты бірдеңенің қырына тие бергесін, терезенің
пердесін ашып жіберіп еді, қысқы таң қос қабат əйнектің аржағынан
сыз беріп келеді екен. Асығыс киіне бастады да, кенет қолы қапталына
сұлық түсіп отыра кетті. Əй, бұл қайда асықты? Бəсе, қай шаруасынан
қ
алып барады? Киімдерін қайтадан шешер-шешпесін білмей, екі ойлы
боп отырды да, өзі түнеп шыққан бөлмеге көз тастады. Бұрын əне
жерде құрттай стол болатын. Кішкентай қызы томпиып отырып сабақ
даярлайтын. Мына жерде қызының кішкентай шифонері тұратын. Ал,
дəл мына өзі жатып шыққан кішкентай керуеттің тұсында кіп-
кішкентай кілем ілулі тұрушы еді. Кəрі қақсал бəрін сыпырып əкеткен.
Кілем орнында сояудай-сояудай шегелер бадыраяды.
Бəкизат пен Əзім бүгін кешке жүреді деп есітті. Əзім асығыс
көрінеді. Бұл арадан он шақырымдай жерде үлкен ауыл бар еді. Бұрын
балық заводы болған-ды. Бүгін кешке соған барып қонып, ертең азанда
келетін самолетпен Аралға ұшамыз деп, аға-жеңгесін "бол да болдың"
астына алып асықтырып жатса керек. Ұшсын. Кетсін. Олардың жүзін
сен де көргің кеп өліп бара жатқан жоқсың. Тек анасын ойлағанда, іші
иттей ұлып қоя береді. Апырай, ұясы қалай бұзылды? Бəкизат "өзің
кінəлісің" деді. Қайын енесі де қит етсе: "адам болған адам бағын
жарыста сынаған",– деуші еді-ау. Ал, бұл... Жарысты жаратпайтын.
Баяғыда, осы теңіздің бақты, кезінде, бастықтар: "көрші колхозбен


жарысқа түс" – дегенде, бұл зəресі ұшып, ат-тонын ала қашатын.
Қ
ызыл танау боп жарыспай-ақ, əркім өзінің жағдайына қарай жұмыс
істеп те замана көшіне ілесуге болады ғой деп ойлайтын. Соны
есіткенде кəрі қақсал күйіп-пісіп: "Бұны қой! Бұл келе болмайды. Бұл
сабаз ат болса, өле-өлгенше құлағының түбінен қиқу есітпей кететін
топырыш торы болар еді. Сонда тұяқтының бəрі үстінен басып озып,
шаңына тұншықтырып жатар еді",– деп тегін түңілмеген болды-ау!
Бұның ат болмай, адам болып та келістіріп жүргені шамалы. Əні,
кешегі қатарының бəрі қарасын көрсетпей ұзап кетті. Алды – шырқап
астанадан шықты. Кемі – ауданда жүр. Əжəптəуір қызметке ілігіп, ел
көзінде елтең-селтең етеді. Тіпті ана жылы кішкентай кабинетте қара
шыбын қуалап кететін Жуан Жақайымға дейін есебін тауып
бірдеңеден кандидаттық қорғап, астанада аяғын алшаң-алшаң басады.
Атақты оқымыстылардың өзін қан қақсататын көрінеді. Иə, қатарының
бəрі басып озды. "Өзі кінəлі. Бəкизат айтса-айтпаса да, бұлардың
басындағы бақытсыздыққа тек бұл... бұның өзі кінəлі!".
Кішкентай бөлме құлазып кетті. Көшкен үйдің жұртына қонып
шыққандай көңілі құрғыр аңырап бара жатқасын, аяғын сүйретіп
сыртқа шықты. Түнде қар жауыпты. Биылдыққа түскен бірінші қар.
Бұндай күні аңшылар сияқты балықшылар да таңмен таласа тұратын
еді-ау! Ол кез болғанда, мына жұрт ақша қарда үйде жатар ма еді? Ас-
суын əлдеқашан ішер еді. Күз басынан көк құраққа байлаған кереге жал
аттарды қорадан шығарар еді. Шанаға жегер еді. Қазіргідей жағалау
жаңа ұстасып жатқан көкше мұздың қызғалдақ балығынан сыбағасын
алғанша жаны қалмай, асыққан кісілер дəл мынадай бозала таңда, дəл
мынадай алғаш жауған ақша қарда ау тиеген шананың төс темірі ұлпа
қ
арды сыр-сыр тіліп, жортып бара жатар еді-ау! Балықшы өмірінің о да
бір сəні екен гой!
Канторға кірер алдында ұйқыда жатқан ауылға тағы көз тастады.
Тек көшенің қарсы бетіндегі қонақ келген үйге қарамай, көзін алып
қ
аша берді. Ауылдың əрегірек жеріндегі үйдің қорасынан ит үрді. Сен
ішке кіргенде, хатшы қыздың да келгені сол болса керек. Үсті-басын
дұрыстап та үлгермепті. Сен кабинетіңе кірдің де, есікті жауып алдың.
Ештеңеге қолың бармады. Не істеріңді білмей, құлазыған кабинеттің
көлеңке үйірілген қабырғаларына қарап, ала көзің адасып отырсың.
Дүние қалай тез өзгерді. Əнебір жылдарда осы жаман кабинетке
кісі-қара құлқын сəріден толып кетпеуші ме еді? Жүзін жел қаққан
жылтыр қара кісілер алдын босатпайтын. Өздерінің теңіз үстіндегі
дарқандығына басып дабырлап бірі кіріп, бірі шығып жататын. Бірінің
анасы, бірінің мынасы жетіспей, жас басқарманы жағадан алып, ал
тентектері стол сабалап тұрып алатын. Солар қайда? Жер жұтты ма?
Қ
айда-а? Қайда-а?! Өзі де кенет "қайда" деп айқай салғысы кеп кетті.
Қ
ан шапшыған басын қос шекелігінен қыса қалды. Тым құрыса, əлде


бір папканы бауырына қысып, үстіне именшектеп кіретін ұялшақ қыз
қ
айда? Ол құрғырға не болды?
Кнопкаға қол созды. Дағдылы тұсынан таба алмай, сипалап қалды.
Мына бір түймедей нəрсені саусақ ұшы тиген бойда езіп жібергісі
келгендей, бармағымен нығырлап басып-басып қалып еді, ана жақта
шар-шар еткен қоңыраудан үргедек қыздың қайткенін қайдам, бұл
селк етті. Қате істегенін білді. Елеңдеп есікке қарағанша болмай,
аржақтан қыз да көрінді. Сен есік алдында жанары жаутаңдап тұрған
қ
ара торы қыздан қысылып:
– Айналайын... Қағаз... Қағаздар жоқ па?– дедің ақырын.
Қ
ыз басын иді. Іле-шала қайта келгенде қолына қарны қабақтай
сары папка ұстай кірді.
– Ке-шір... айналайын.
Қ
ыз үндемеді. Тек шығар жерде сəл іркілді. Сосын, қысылған бойын
қ
айда қоярға білмей, сасқалақтап қалған ірі қара кісіге таңдана қарады.
Бетін ары бұра бере, əлденеге сəл жымиғандай болды. Оңаша қалғасын
папканы ашты. Бұндағы қағаздың негізгі дені қоныс аудармақ болған
балықшылардың арызы екен. Өздері – он үй. Көбі өзімен бала күннен
бірге өскен қатар-құрбы жігіттер. Кешегі заманда əкесімен бірге
қ
анжығалас болып, кəрі теңізге қара қайықты қатар салған бірнеше
қ
артты да көріп отырған... Осы кезде есік ашылды. Бұл басын көтерген
жоқ. Қалың киімді біреулер кірді. Тақтай еденді дүңк-дүңк басып келді
де, үш аяқ алдына кеп тоқтады. Тізеден төменгі жағын көріп отыр.
Ү
шеуінің де аяғында қонышы қара саннан келетін балықшы етік.
Басын көтеріп қарамаса да, ортадағы кісінің шеткі екеуден əлдеқайда
ə
лдеменді, ірі екенін аяғындағы ұрты ақ жемденген жайын ауыз
етіктің репетіне қарап біліп отыр.
– Иə, жезде... ертелетіп жүрсіңдер ғой.
– Жəдігержан, сен де қолға түсе бермейсің. Тыным көрмей,
тыртақтап жүресің...
– Ал, отырыңдар! Сөйлесейік.
– Рахмет, шырағым. Уақытыңды алып қайтеміз, саған қағаз тастап
кетейік деп...
Ортадағы бөрене аяқ ілгері бір басты. Қасындағы екі серігі де
бөрене аяқтың істегенін істеп, бір-бір аттап столға мінбелеп тоқтады.
Ө
мір бойы ескек қажаған күректей-күректей қолдар бірінен соң бірі
ілгері созылып, жең арасынан бір-бір жапырақ қағаз тастады. Бұл
алдына жалп-жалп түскен үш жапырақ қағазға қол созбай, көзінің


астымен қарап отыр. Бұнда не жазылғанын біледі. Осы үш шал бұдан
бұрын да келген. Алғашқы келгенде: "бұл Арал баяғы ата-бабалар
заманында талай тартылып, талай тасыпты. Осы жолы да аңысын
аңдап көрелік. Кім біледі, Құдай оңдап су көтеріліп, кəрі Арал баяғы
қ
алпына қайтып келер",– деп үш шалды алдарқатып жіберген. Олар
соған мəз боп: "айтқаның келсін, шырағым. Жақсы сөз – жарым ырыс",–
деп, жоқтан жұбаныш тауып кетіп еді. Екінші рет келгендерінде де:
"сонау шалғайдан ұлы Сібір өзенін Аралға бұрғалы жатыр",– деп, аңқау
шалдарды алдарқатып, шығарып салған еді. Енді, міне... сол үшеуі тағы
келді. Салмақты тағы да саған салып, алдында үнсіз түр. Бұларға енді
не сылтау айтады?
– Жəдігержан, біздің сөзіміз осы қағазда айтылған. Аржағын өзің
ойларсың.
– Жарайды, жезде, ойланайық.
– Мақұл шырағым. Ойлан.
– Хабарын кешіктірмеспін...
– Жақсы, Жəдігержан.
Қ
арт балықшылар шыққан есік іле-шала қайта ашылып, ішке жып
беріп Сары Шая кірді. Аптығып кеткен. Жаңа есіктен емпелеңдеп кіріп
келе жатып, басынан бөркін жұлып алған-ды. Ақ құйқа бастың бөрік
астында пысынаған төбесінен бу бұрқырап қоя берді.
– Айналайын, Жəдігержан,– деп ол əлденеге көңілін тоқтата алмай
кемсең-кемсең еткені. "Бұған не боп қалды?"– деп ойлағанша, Сары
Шая сөйлеп кетті.– Бізге қарағанда саған менен жақын ешкім жоқ. Біле
білсең, мен, айналайын, саған əке орнына – əке, аға орнына – ағамын.
Ия, ия, қалқам... Жалғыз жанашырыңмын...
Қ
арғыс атқырдың түрі қандай нашар: анада қара шалдың аузында
кеткен құлақтың орны тып-типыл боп бүрісіп қапты. Тек екінші
жақтағы сыңар құлағы əлде бір дыбыс тосқандай, ілгері қарай ұмсына
түсіпті. Сорлының басы да бас емес, қасы да қас емес екен. Қас орнында
жидіген мес жүніндей сұйқылтым бірдеңе сарғаяды. Соның бəрін жаңа
көргендей, сен жақтырмай тыжырынып отырсың. Сары Шая енді
мүлəйімси жыламсырап:
– Сен ағаңның қай сөзіне құлақ асып едің. Айтпасам екен-ау...
Айттым ғой. Баяғы ата-бабаң: "Қатынға сенбе, суға сүйенбе,"–деп
қ
ақсап кетпеп пе еді? Қатын – жау! Сырттағы жау көзге көрініп келсе,
қ
атын... Ойбай-ау, бұл қатын қойныңда құшақтасып жатып құртады
ғ
ой. Құртты ғой. Құрыдым ғой, құрыдым ғой, ойбай! Ойбай!– деп
еңіреп жіберді.


Кəдімгідей дауыс салып, өз басын өзі сабалап еңіреп қоя бергенде,
аза бойың қаза болғаны. Əрине, ағаңның байбалам сала келгендегі
аржақ есебі белгілі: "айтқанына көне бермейтін томырық інісін
қ
азіргідей еркек намысы қорланып күйіп тұрғанда шабына шоқ тастап,
ширықтыра түспек. Ширыққан інісін ноқталы баспақтай жетелеп алып,
ө
зінің əдеттегі машығына басып, рушыл, жікшіл жол-жораның ізіне
салып бағады. Келесі сөзінде, шынында да, сүйтті:
– Бұрынғылар "боқ болсаң да, көп бол" демеп пе еді? Мыналар бізге
көптігін істеп отыр. Бізді көп бидай ішіндегі жалғыз арпадай
тұншықтырмақ. Басқамызды қойып, олар енді сенің қойныңдағы
қ
атыныңды тартып əкеткелі жатыр. Бұрынғы ата-баба жесір дауы, жер
дауы үшін жанын беретін. Қырғын салатын, қан төгетін. Ой-бай, інім-
ау, бұл тұрысың не тұрыс? Енеңді ұрайын-ау, еркек емессің бе? Ер
намысы қайда? Ал жарайды, ер намысын сен аяққа бассаң бас, бірақ ру
намысына жан пида деп айқайлап шықпайсың ба? Халқың, əне!..
Сыртта жиналып əзір тұр. Жаңа үй жағалап жүріп, өзіңе қарағанның
бəрін жиып əкелдім. Тек, баста! Басташы бізді!
Ə
деттегідей, ағасының бір сөзін тыңдап, бір сөзін тыңдамағасын ба,
көбіне оның жалпылдаған аузын көрді. Безеңдеген тілін көрді.Түбін
құ
рт жеген тісін көрді. Сөйлеген сайын жанары шоқтана түскен сап-
сары бажбық көзін көрді. Ал шанаш бетте сақал да, мұрт та жоқ. Тек əр
жер-əр жерде сілті жаққандай жидіңкі қылтанақтар тікірейеді. Сөйлеп
тұрып əлдекімге зəр төгіп, кіжініп-кіжініп қалып еді, шанаш беттегі
ə
лгі қылтанақтар тіріліп, айбат шеккен əлдебір мақұлықтың кісі
шағатын улы тіліндей мынаның да тілі зəр шашып безеңдей ме?
Мынау, шынында да, адам емес, у-зəрін тілінің ұшына жиып алып
тұрған шаян сияқтанып кетті. Баяғыда ұлы ақынның əлгі бір аза бойы
қ
аза болатын "беті – адам, көті – шаян" осы емес пе?
– Жо-ғал!
– А-а?
– Жоғал! Жоғал деп тұрмын саған!
– Ə, жоғал дедің бе? Хи-хи...
Кету орнына, Сары Шая жанында тұрған орындыққа жайғасып
отырып алды.
– Сүйдеп шын айттың ба, қалқам?
– Өй, Сар-ы шаян.
– Е, бəрекелді. Дегендей. Жаман ағаңды бұл халық "Сары Шая"
дейтін, сен "Сары Шаян" дедің бе? Хи-хи-хи... Жетістірдің, қалқам,– деді


Сары Шая. Зілсіз, зығырсыз, жайбарақат айтты. Есесіне сен теріңе
симай долданып тұрсың. Дүлей ашудан дір-дір етіп, жұдырығыңды
зəрлене түйіп алғансың-ды. Оны өзің сезбесең де, Сары Шая көріп, көз
қ
иығын жеңіңнен шығып тұрған шойындай қара жұдырыққа тастады.
– Қалқам-ау, мынау қара гүрзі ғой,– деп жұдырығыңды салмақтап
ұ
стап,– сен тек бұны жұмсайтын жерін білмей тұрсың,– деп, қиқ етіп
күліп жіберді.
Жұдырығыңды жеңіңе тартып алдың. Сол арада сен мына шанаш
бетіне мысқыл шаптырып, шықылықтап күліп тұрған туысыңның тұла
бойы толған жамандық екенін ғана ойлағансың-ды. Бұл ауылдағы
бүлік тек осыдан шығып, онсыз да берекеті кетіп отырған елді
аздырып, үй мен үйді, ру мен руды, туыс пен туысты қырық пышақ
қ
ып қырылыстырып біткенін ойлағанда, өзіңді ұстай алмай, Сары
Шаяға тап бердің.
– Əй, əй!.. Мына ит.. Қара бет, қайтеді? Ойбай, ойбай, ағасына қол
көтеріп...
Сен енді Сары Шаяның ит талаған мысықтай шаршар еткеніне де
қ
арамадың. Қашанғыдан қаныңды қайнатып біткен тұла бойыңдағы
дүлей ашу мен ызаны, қыжыл-кекті шойын қара жұдырыққа жиып
алдың да, басқа, көзге былш-былш ұра бастадың. Кенет Сары Шаяның
мұрны қанады. Жаңа ғана шар-шар етіп жатқан Сары Шая мұрнынан
сау еткен қанды көрді де, əлденеге алақанымен бетіне жағып-жағып
жіберді. Сүйтті де, үні өше қалды. Неге бүйткенін білген жоқсың. Оны
енді бұрышқа тығып қойып, қан-қан бетіне, ежірейген бажбық көзіне,
дыбыс шығармай тістеніп алған аузы-басына аямай соғып жатсың,
соғып жатсың...
Ү
стіңе біреу кіргендей болды. "Ағатайлаған" қыз дауысы құлағыңа
келді. "Ұят қой" деген сияқтанды. Қайта-қайта қолыңа жабыса бергесін
қ
ызды итеріп жібердің. Оны өзің білген жоқсың. Тек жаңа, тап жаңа бір
ол жағыңа, бір бұл жағыңа шығып шыр-шырлап жүрген қыз даусы
кенет тыйыла қалғанына таңданып, жалт қарап едің, хатшы қыз сырт
айналып, иығының басы селк-селк етіп жылап тұр екен. Сары Шаяны
итеріп жіберіп, сыртқа ата жөнелгенсің-ді. Шығар жерде қарсы келген
біреу кеудеңнен тіреп, тұра қалды.
– Жолдас-с, бұның қалай?– деді парторг сенің алау-далау үсті-
басыңа, өрт сөндіргендей қап-қара кескініңе сыздана қарап, басын
шайқап.– Калхоз мүшесін сабап... Қан жоса қып. Жолдас, бұл сұмдық!
Масқара! Коммуниске жат қылық...
– Əуелі... істің мəн-жайын біліп...
– Жо-жоқ, жолдас... білетін ештеңесі жоқ. Бұны біз... Ескертем, бұны


елеусіз қалдыруға болмайды. Бізде де бас екеу емес.
– Ну и... к чер...
Құ
дай оңдап, əйтеуір, өзіңді дер кезінде ұстап қалдың. Парторг
ашулы сөздің аржағын айтсын дегендей əдейі тосып тұрды да, бірақ
сенің дыбыс шығармай тістеніп алған түріңді көріп:
– Мына халық не? Бұларды неге жидың?– деді.
– Қайдағы халық?
– Білмейсің, ə?!
Түкке түсінген жоқсың. Бірақ жүрегі бір сұмдықты сезіп сыртқа
парторгтан бұрынырақ жүгіріп шықты. Сүйтсе... О, масқара! Масқара!
Ə
лгінде "Сары Шаяның "халқың жиылып тұр" деген сөзіне мəн берген
жоқ-ты. Енді қараса, шынында да, есік алды иін тірескен халық. Бəрі
бұның өзіне қараған жанашыр жақын-жуықтар. Көбі Жақайым руының
бас көтерер жігіттері. Бəрі түнеріп алған. Қайсы бір ұрда жық ожар
жігіттер төбелеске шыныменен бел байлап сайланып шыққандай,
білегін сыбанып алыпты. Бір-бір сырғауыл, сойылды сығымдап ұстап
апты.
– Сендерге не керек? Неге тұрсыңдар?– дедің ақырып.
Сары Иван мен Көткеншек Көшен ілгері шықты.
– Жəдігер қарағым... бүгінгідей басыңа іс түсіп тұрғанда, мына
халқың...
– О, қырттар! Қырт-тар! Кəне, қараларыңды батырыңдар!..
Жоғалыңдар! Жо-ғал!..
Дəл қазір есінде жоқ. Қанталаған көз түк көрмей кетті. Сол арада
біреудің қолындағы қамшыны жұлып алғаны ғана есінде.
– Жоғалыңдар! Қараларыңды батырыңдар!– деп ақырып, əркімге бір
тап беріпті. Ешкімнің беті-жүзіне қарамай, үлкенге де, кішіге де қамшы
сілтеп, оң келгенін оң, сол келгенін сол ұрыпты. Жұртта ес-түс
қ
алмаған. Əншейінде жер қозғалса қозғалмайтын жігіттің енді қазір
құ
дды жын ұрғандай ала көзі ақиып, бет-аузы қисайып кеткен. Жұртта
зəре қалған жоқ.
– Мына сорлыға бірдеңе болған шығар?
– Сау емес.
–Жазым ғып тастар... Ойбай, жүр! Жүр, кетейік!


– Қашыңдар!
– Иə, кетейік!– деп жұрт бықпырт тигендей, бет-бетіне безіп бара
жатты. Сары Иван мен Көткеншек Көшен де қашқан кісілердің
арасында саған қайта-қайта жалтақтап қарап, ықтап барады. Тек
шофер бала тұрған орнынан тапжылған жоқ. Қолында машинаны
бұрайтын темір. Жаман машинаның астынан жаңа ғана шыққаны
көрініп тұр. Беті-аузы, басындағы жыпырайған кепка мен үстіндегі
киімі май-май.
– Ой, күлді-күйелеш ит!
Бұған да тап берді. Қамшымен шолақ шалбардың балағынан сидиып
шығып тұрған сирағын дəл қызыл тобықтан остырта тартып-тартып
жіберіп еді. Шофер былқ етпеді. Сен қамшыны қайта көтеріп алсаң да,
бірақ қайтеріңді білмей, қолың ауада асылып тұрып қалды.
– Кет! Жоғал!
Шофердің көзінен жас мөлт етті. Қаһарлана көтерген қолың сылқ
етіп түсіп кетті. Қамшыны лақтырып жібердің де, парторг осы араға
ə
кеп байлаған торы төбелге қарғып міндің.
– Əй, жолдас, тоқта! Қайда барасың? Сөйлесуіміз керек.
Aт тізгінін қолыңа жиып алам дегенше, қасыңа қапталдасып келіп
қ
алған парторгке бұрылдың:
– Теңізге барып, мұзға балықшыларды шығаруға бола ма, жоқ па
көріп қайтам,– дедің де, атты тебініп жүріп кеттің.
– Мұз əлсіз ғой. Балықшыларды мұзға бүгін-ертең шығаруға
болмайды. Тек айналма, тез орал!– деді парторг соңыңнан дауыстап...
Сен жуық арада орала қоймасыңды білдің. Ауыл алдындағы қара
жардың құлауынан қиялай түсіп, торы атты жағаға тұсап қалдырған
едің де, аржағына жаяулап кеткен едің-ау. Түнде жауған көбік қар
ақырын алған аяқ астында сықыр-сықыр. Жапан түзге шыққасын да
Сары Шая есінен бір сəт шықпай, шарылдап аяғына оралып жатқандай.
Ширыққан жүйкең онан сайын шиыршық атып, сен енді ауыр етік
киген аяғыңды арпаң-тарпаңдап жеделдете басқансың-ды, ішің
ө
ртеніп барады. Тұла бойыңды кернеген ыза ашу былайғы кездегі
сылбыр ізіне жан бітіріп ақ қарды арбаңдап басқан ізіңді тағы да іздеп
таптың. Таптың да, міне, тағы да көзіңді ала алмай арбалып тұрсың.
Апырау, бүгін бұған не болды? Неге із ойын баурап алды? Сондай-ақ,
теңіздің арғы-бергі бетінде бұның талай ізі жосылып жатқан жоқ па?
Солардың біріне назар аудармай келіп, мына із көңілі мен көзін арбап,
бұған неге осынша мəн, мағына беріп əлек боп тұр? Бұнда не сыр бар?


Фəни жалғанға келген, кеткен жалғыз бұл ма екен? Бұнан бұрынғылар
да өзінен кейінгі ұрпақтан ілтифат, ықылас дəметіп, олар да артына із
қ
алдырмаушы ма еді. Сонда олар да соңыра тау кезіп, таспен тілдесіп
жүретін əне бір жүн бет əпенде жігіттер бір кез Бел-Аранға душар
келіп, назарына ілігер деген есек дəме ме? Солай ма? Сол ой бұның да
мазасын алып тұр ма? Əй, қайдам... Баяғыда дүние ауғандар мен
дүниеде дүбір салып жүргендердің арасы үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты,
дəуір мен дəуірді бір-біріне жалғастырып келе жатқан түптің түбіндегі
күре тамыр – осы із емес пе? Бəсе, солай ғой! Əлгі бет аузы жүн-жүн
ə
пенде балалар... Сол қарақтарым тау кезіп жүріп Бел-Аранның
бауырынан тұла бойын қына басқан əлдебір көк тасқа тіл бітіріп,
бұлардың да дəуірін сөйлететін болар-ау! Сонда жер бетіндегі мың,
миллион іздің ішінен бұлардың ізін де табар ма екен?
Жəдігер мырс етті. Ызалы ащы мысқыл бетіндегі бар-бар түктері
боз қырауланып алған сұп-сұр өңінен көпке дейін айықпады. "Омай!..
Омай шіркін,– деді өзін-өзі мысқылдап.– Өмірінде түк бітірмей, бір
тұтам өмірді пұшайманмен өткізген неменің дəмесін қарай көр!".
Жəдігер көзін ізден алған жоқ. Шар-шар еткен Сары Шаяның даусы
да бір алыстап, бір жақындап құлағын шағып тұрып алды. Төбелес
ү
стінде аңғармаған бір нəрсе есіне осы арада түсті. Шар-шар етіп
жатқан Сары Шая қанды көргенде үні неге кілт өшті. Ол неге сол арада
мұрнының қанын бетіне алақанымен үйкеп жағып-жағып жібере
салды да, Жəдігердің онсыз да кіжіне сілтеп жатқан шойын қара
жұдырығына өзі қарсы ұмтылып, аузын, мұрнын тосты? Көзін тосты.
Неге үйтті? Бəсе, онысы не? Өзіңдей кісіден қызыл ала қан боп таяқ
жегеніне қорланып, қолында өлгісі келген көкбеттік пе? Əлде, тоқта!..
Иə, иə... Ой, сұм-ай... Көз шықса, мұрын бұзылса, тіс сынса, соңыра сотқа
барғанда мойын бұрғызбайтын факті екен-ау! Соны көздеген екен-ау!
Бұл оның кісіні су түбіне батырмақ болғанда істейтін тəсілі екен ғой!
Апыр-ай, мына Сары Шая, шынында да, сары шаян боп шықты-ау.
Ө
лімге басын тіккенде өзін-өзі шағатын кəдімгі сары шаян. Көре қал,
ол енді бұның соңына шырақ алып түседі. Құдай біледі, ол ғой, қазір
қ
алтасын актіге толтырып алып, ауданға шапты. Сотқа, прокурорға...
Сосын, салып ұрып Қозы Қарынның өзіне баратын болар? Ал, барды:
қ
аралайтын қағаздарды алдына жайып салды. Сонда анау кəйтер екен?
Қ
олын қарнының үстіне тарақтап алып, Сары Шаяға кілмек көзі
күлімсірей қарап: "Маладес!.. Маладес!" дер ме екен?..
Көре қал, Сары Шая ауданнан ештеңе шығара алмаса, облысқа
шабады. Облыстан шықпаса, онан жоғарыға барады. Аяғы жеткен
жердің бəріне барып, бұның үстіне бəле-жəлені үйіп-төгеді-ау! Сосын,
елге қайтып келгесін кісі басы құралған жерде қиқ-қиқ күліп: "Інім
болса қайтейін. Тура биде туған жоқ. Жаман неме жетекке жүрмеді.
Онымен де қоймай, маған текешік қылам деді. Сосын қайтейін, шірік


немені су түбіне батырдым да жібердім. Менімен ойнамаңдар. Менімен
ойнасаң, бəріңді де осылай, су түбіне батырам",– деп жұртқа көрсеткен
қ
оқан-лоқысы-ау ол сұмырайдың?
Иə, бұл бүгін Сары Шая салған лаңнан кейін үйге сыймады. Ыза мен
намыс өртеп бара жатқасын тор атқа қарғып мініп, теңізге бет қойып
тартып кеткенде, ауыл үйдің сыпсыңы мен сықсыңынан ғана аулақ
болғысы келген жоқ-ты. Бəрінен бұрын ойраны шыққан от басында
жүйкесі құрып отырып қалған кəрі ананың жүзін көру аса қиын соққан-
ды. Атты жағада тұсап қалдырып, ал өзі балықшы ауылдың бет
алдында жаңа қатқан жас мұздың кісі көтеретін жеріне дейін барған
еді де, тоқтаған еді ғой. Сол арадан əлі тырп еткен жоқ; ықсыз, панасыз
ашық теңіз үстінде күні бойы екі аяғынан сарсылып тұра-тұра уақыт
ө
ткізе алмай азапқа түсті.
Сағаты үйде қапты. Уақыттың қай шама болғанын біле алмай, қайта-
қ
айта аспанға қарады. Қанша қараса да... Жасаған-ау, қысқы күннің
қ
ысқа болатыны қайда? Əдетте, теңізге шыққан балықшы мұз
астындағы бір-екі тартым ауды қарап шыққанша қысқы күн шыбыш
ешкі құйрығындай шолтаң ете қалмаушы ма еді? Ертеден бері бір
орында табанынан тозып тұра-тұра шыдамы таусылған бір кезде
қ
алжыраған көздің жанарын жиып көкке қарап еді, əлгінде еңкейіп
бесіндікке барып қалған күн əлі де сол орнында тапжылмай тұрып
апты. Күндізгі суық сұр бұлт қазір көк жүзін қалыңдап басып, тұтаса
бастапты. Қиыршық қатты қар қыламықтай түсті де, кенет сап боп
тиыла қалды. Жəдігер үйге қайтқысы келді. Ойраны шыққан от басын,
шынашақтай сырқат баласын, карт анасын ойлап мазасыздана
бастады. Анасы қайратты еді. Ана жылы соғыста қаза тапқан үш
баласы мен бір аяғын оққа жұлғызып кеп, көп кідірмей қайтыс болтан
шалын жерлегенде де белін қайғыға бере қоймаған-ды. Əсіресе,
балалардың алдында қабағына қайғы жолатпай, бұрынғысындай
жарқылдап жүрсе де, екі жыл шалын қатты іздеді. Əсіресе, алғашқы
жылы балаларына білдірмей, қараша іңгеннің ботасын қараған боп
күнде-күнде ауыл сыртындағы қорымға баратын. Көп моланың шет
жағында шөккен нардай жоны күдірейіп жатқан жас бейіттің құбыла
бетіне жантая қисаятын. Сосын мынау əлдеқашан тəні топырақ боп
кеткен өлік емес, құдды көк теңізде балық аулап титығы құрып кеп,
енді көз іліндіріп алайын деп жамылғы астында бүркеніп жатқан
кешегі қара шалына үй ішінің əдеттегі тірлігін сыр ғып айтқандай,
томпайған топырақты алақанымен сипап отырып əңгіме шертетін.
Сонда ол: "шалым-ау, жатсың ба?" дейтін. Қажыңқы даусын сонан
кейін де көтермей, шалының көзі тірісінде келін-бала үйде жоқта,
оңашада, от басында екеуара шай ішіп отырғандағы жайбарақат
ə
уенмен əңгімені сонан ары соза түсер еді; сонда ол: "күйеудегі
қ
ыздарың аман. Шүкір, ел қатарлы біреуден кем, біреуден артық өмір
сүріп жатыр. Ал жалғыз бала... Есіңде ме, ылғи да бір жаққа жолға
шығып кеткенде, сол шіркінді сен бір сəт ойыңнан шығармай; "е,


Құ
дай, жалғыздың жанына жамандық бере көрме" деп сыртынан
тілегін тілеп жүретін жаман қараң ... о да, шүкір, аман. Теңіздің арғы
бетінде қостанып балық аулап жүр. Басқа өзгеріс жоқ. Айтпақшы,
ұ
мытып барам екен. Қараша інген суалады-ау деймін. Ботасын
баурына жолатпай қойды..." деп дүние салғанына бір жыл болған
шалына от басының күнделік жаңалығын айтып, іштегі шерін
тарқатып қайтатын.
Ал кеше шалының көзі тіріде бұлардың арасында да əртүрлі жағдай
болатын. Əдетте, шүйкедей қара кемпірден балалар ғана емес, көзі
тіріде əкесі де айтқанын істеп, ығын алып отыратын. Үй ішінде əлде
бір шаруаның шеті шыға қалса, əкесі марқұм «анаңмен ақылдас" деп, от
басының билігінен өзі сыртқары қала беретін. Қой аузынан шөп
алмайтын сол жуас əке бір жолы... Тоқта... Сол өзі қалай болып еді?
Ертеңгі шай үстінде əкесі мен шешесі тілге кеп қалды. Бұл оған мəн
бере қойған жоқ. Үйткені, болмашы бірдеңеден басталған кикілжіңнің
аяғы ушығады екен, дастархан жиналып сыртқа шыққасын тіріде
ұ
мытылмастай ыңғайсыз оқиғаға айналады екен деп, бұл өз басы, сірə
да, ойлаған емес-ті. Сыртқа шыққасын əкесінің іштегі реніші үдеп, ақыр
аяғында ызаға, ашуға айналды.
Ал шалының ашуы анасының кəперіне кіріп шыққан жоқ. Қараша
іңгеннің былтыр жазда күзеп алған балақ жүнін қолына ұстай шыққан-
ды. Күншуаққа төсеген тері тулаққа отырды да, дорбадағы жүнді
саусағы жыпылдап түтіп отыра берді. Əкесінің жынына тиген де сол
болды. Кемпіріне жетіп барып, қаһарын төгіп, қалш-қалш етіп тұрған
сияқты еді; Жəдігер оның қолындағы қамшыны көтеріп алғанын
байқамай қалды. Есін енді жиям дегенше қамшы сартылдап ала
жөнелді. Жəдігер атылып барды да, əкенің қолынан қамшыны жұлып
алды. Ажырая қараған əкеге бұ да дір-дір етіп, қос қолымен кеудесінен
тіреп тұрғанын кейін білді. Онда да жетіп келген анасы ақырып:
– Ой, қара бет! Тарт қолыңды шалымнан,– деп жағынан тартып
жібергенде, бұ да есін жиған-ды. Сүйтсе, анасы қамшы ұшырып
түсірген қақыра жаулыққа да қарамай, атып тұрып əке мен бала
арасына кимелеп тұра қалған екен.
– Өзі... өзі неге... Сені...– деді бұл міңгірлеп.
– Ой, күшік! Тісі шықса, ала күшік атасын талайтын. Сен ақымақ
маған шалымнан жақын болмақсың ба? Тұтақ?!..
– Апа-ау...
– Тəйт арман. Тыңдамаймын. Бүгін атасын жағадан алған бала, ертең
анасын шашынан сүйремесіне кім кепіл. Кет! Жоғал, көзіме көрінбе!
Сонан қашан əкесі көз жұмғанша, бұл оның бетіне қарай алмай,


ұ
яттан беті күйіп жүрген-ді. Ертедегі қазақтың білмегені бір басына
жететін шығар-ау. Бірақ сол аруағыңнан айналайындардың ата-ананы,
ə
рілесе исі үлкенді силап, өзінен кейінгі ұрпақты инабаттылық пен
имандылыққа тəрбиелеген сол қасиетін, əттең дүние-ай,мына
имансыздар ұмытып барады-ау.
* * *
Жəдігердің үйге қайтқысы кеп тұр. От басына түскен қиындық
қ
анша ауыр болса да, анасын жалғыз қалдырмай, қасында бірге
болғысы келді. Алды-артында не ық, не пана жоқ аңыраған ашық теңіз
ү
стінде күні ұзын екі аяқтан сарсылып тұра-тұра жілігі де жеміріліп
барады. Ертеден бері иттей талап жатқан мына ашқарақ ойлардан да
зықы кетіп болды. Жалғыз кісіге жер бетіндегі пəленің бəрі үйір ме?
Күні бойы қай-қайдағы ой қамап, құдды ит бауырынан өрген күшіктей
қ
ыңсылап, ұлып, бұл сорлының жанын шығарып, жабылып талап
жатыр, талап жатыр. Өздері неткен ызалы! Бұрын да бұндай ой да,
уайым да бір басына жететін. Бүгін тіпті өріп кетті. Тұла бойында тіс
тимеген сау тамтық қалмады. Бір удай ащы тырнақ бұның ауырып
тұрған жерін тағы да қанын ағыза осып алады. Көкірегі құрғыр ана
жақта астаң-кестеңі шыққан үйді сезіп тұр. Топырлап кіріп-шығып
жатқан түсі суық кісілерді де көретін сияқты. Құдай біледі, қарт ана
ө
зінің пеш түбіндегі дағдылы орнында ауру немересін бауырына
қ
ысып тырп етпей, тістеніп алған болар-ау! Мына астаң-кестеңмен
тіпті ісі жоқ. Топырлап кіріп-шығып жатқан түсі суық кісілерді де
көзіне ілмей, қақыра жаулық қайқайып тіп-тік боп алмады дейсің бе?
Тек бауырындағы немеренің үйге келген лаңнан есі шығып кеткен.
Бүгін азаннан бері үй ішіндегі дүние-мүлікті əлдебіреулер құшақтап,
екеу-екеуден қолдасып көтеріп əкетіп жатқан абыр-сабырға ақыл-есі
кеміс сорлы бала... балапаны үрейлене қарап, өкіріп жылап жіберуге
бата алмай дір-дір етіп отыр ма, кім білсін? Əрине, олар шүйкедей
кемпір мен шынашақтай баланы қайтсін. Дабырлап, даурыға сөйлейді.
Дүрсілдеп кіреді. Көп бөлмелі үйдің əр есігін сарт-сұрт ашып, іштегі
жиһазды жау тигендей сыртқа алып шығып, машинаға тиеп астаң-
кестең қып жатқанда кəрі қақсал оларға ана жақтан əмір беріп сөйлеп
келе жатады. Үлкен бөлменің бір қабырғасын тұтас алып жатқан
кілемді нұсқап: "бұны да алыңдар! Бұл Еңбек Озатына бес жылдық
жоспарды үш жылда орындағаны үшін сыйға берген жүлде емес, өзіміз
алған дүние",– деді-ау? Иə, сүйдеді. Кəрі қақсалдың басқаша деуі мүмкін
емес.
Апырай, анасы пақыр бұл қорлыққа қалай шыдады екен? Əрине,
ө
ркөкірек ана ұрынарға қара таппай тепсініп жүрген көк айыл
қ
ақсалды қайтсін. Көзіне де ілмеген шығар. Бір сөзін жүрегіне
дарытпай, өзінің өрлігі мен ірілігіне басып тас түйін боп бекіп алмады
дейсің бе? Өзі білетін анасы болса, ақиқат сүйтті. Сосын, салғыласқан


қ
атын ұрыстан бойын аулақ ұстайтын айналайын ақ анасы сыртына
шығарып айтпаса да, ішінен: "осы үйдегінің түгін қалдырмай түгел ал!
Сыпырып əкет!"– деді ғой. Сосын тағы да ішінен: "боқ дүниенің
ə
уселесі белгілі еді ғой. Біз түгіл, айналайын ата-бабаның тістесіп
жиған дүние – мүлкі бір ұрпаққа бұйырмай, кезенген жаудың жетегі
мен қанжығасында кетпеп пе еді?" деді ғой. Онан кеше, балшевек
балалардың заманында қатын-баланы аз ғана малдың ағымен алдап,
қ
оңымен күнелтіп, үстінен жонып жеп отырған елдің тышқақ лағына
дейін сыпырып əкетпеді ме? Сол жылы қырда қыс қатты болып еді ғой.
Малынан айрылған халық қара суық ұрған қара шыбындай қырылмап
па еді? Ту-ту, баяғы ақтабан шұбырынды басына қайта туған бишара
халық қыстың көзі қырауда мына жағы Ресейге, ана жағы Қытайға
боспады ма? Ызғырық боранда аштан, суықтан қырылған қатын-бала,
кəрі-жас қақпағымен қырылып жатқанда, сол жарықтықтардың керек
десе, сүйегі де көмусіз қалмап па еді? Сонда осы адыра қалғыр боқ
дүние аш халыққа жүрек жалғар не ас болуға, не көмусіз қалған
қ
арақтарыма кебін болуға жарап па еді? О, дариға!.. Заманында
бұлғақтаған қазақтың талай боздағының түндігі ашусыз қалған ақ
ордаларда сол адыра қалғыр боқ дүние – қалы кілем, құндыз ішік, түлкі
ішік, қасқыр ішік, жиһаз-мүлік жинауымен қалмап па еді? Ұзататын
қ
ыздың жасауы, жаңа түскен жас келіншектің өзімен келген дүние-
мүлік босқан елдің жұртында көзден біp-6ip ұшып қалып бара
жатқанда... ой, дүние-ай, күңіренген сорлылар: "алтын, күміс тас екен,
арпа, бидай ас екен" деп, өзінен кейінгі ұрпаққа зарын қалдырып
кетпеп пе еді?
Тек жарықтық теңіз ғой бұлардың жанын сақтап қалған. Өзен
жағалағандардың өзегі талған жоқ. Ал атты кісі араға үш қонып
баратын мына тұрған Шалқар, Ырғыз қара шыбындай қырылды ғой.
Жəдігержанның əкесінің Шалқарда тұратын жалғыз інісі үй іші толған
бала еді; содан тек біреу қалды емес пе? Жақсы жігіт еді. Бишара он
балаға ас тауып бере алмай жаны қысылғанда үйдегі бетке ұстаған
жалғыз кілемді көшеге алып шығып бір үзім нанға өткізе алмапты.
Тарыққанда асыл дүние талшық болуға жарамағанда, аруағыңнан
айналайын қайнысы əлгі қырмызы қызыл кілемді аяғымен тепкілеп-
тепкілеп, табанына басып тұрып пышақпен паршалап турап-турап
тастап еді. Бұл сол боқ дүние ғой. Кімнен қалмаған адыраға бола
арымды төгем. Осы үйде кəдеге жараған тағы қандай жылтырақ бар.
Түгін қалдырмай, түгел ал! Бəрін əкет! Үстімде мына қара шаңырақ
қ
алқиып тұрса, қара бала аман болса, қара қазан үш мезгіл қайнаса,
ендігі қалған тірлікке сол жетеді. Соған қанағат!..
Жəдігер көзінен мөлт-мөлт аққан жасты сүртпеді.
* * *
Жəдігер қырауытқан кірпік астынан ақ қарда шұбалып жатқан ізден


көзін алмай, сүлесоқ қарап тұрды да, кенет мырс етті. Адам шіркін өмір
бойы жоқтан жұбаныш іздеп, өзін-өзі алдаумен келеді. Бұ да бүгіндікке
соңындағы мына ізден мағына, мəн таппақ боп əлек. Шынында, бұнда
не мағына болуы мүмкін? Итыржыңмен өткен өмір сияқты мына із де
мықтағанда бүгін, не ертең жауған бір қар, бір үрлеген боранмен
көміледі де қалады. Өзінің де осы ізден артықшылығы шамалы.
Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара
жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген əлгі
із сияқты сен де зым-зия жоқсың.
Жə, сонда адам өмірінің мəні неде? Егер жарық дүниеге шыр етіп
келген əр пенде өз тірлігінің ақыры бір жауған қар, бір бораған
топырақпен көміліп қалатын із сияқты кемді күн көңіл алдар бірдеңе
болса... Тоқта!.. Сонда, бəтір-ау, адам байқұсқа жарық көрудің қажеті
қ
анша? Ана сорлы жатырында ақ жұмыртқа, сары уызды тоғыз ай,
тоғыз күн шайқап, толғақ азабын шегіп, тек ата-ана ғана емес, ағайын-
тума, ауыл-аймақ жарық дүниеге тағы бір адам келді деп ел-жұрт боп
қ
уануда қажет бар ма еді?
Жə, дүниеге адам келді екен. Жұрт қуанды екен. Ал ертең?...
Соңырағы күн?.. Тірлікте татар дəм соңыра таусылғанда ше? Кеше
туғаныңа қуанған халық ертең өлгеніңе аңырап, қара жамылып жатса...
Кеше адам туған ана əлгінде ғана жанын көзіне келтірген толғақтың
азабы есінен тарс шығып, ақ жаулықты алшысынан сап, аяқты алшаң-
алшаң басып жұрт алдына шыққанда ғой, сол күні жер бетіне онан
асқан бақытты жан бар ма еді? Енді сол ана соңырағы күні кеше
дүниеге əкелген азаматты ысырат сапарына жөнелтіп, басына қара
жамылып, аңырап бетін алып салғанда, мына жарық жалғанда онан
асқан бақытсыз жан бола ма?
Тоқта! Тоқта, сонда жарық күннің арты қараңғы түн болса, бүгін
туған кісі ертең өлу үшін дүниеге келсе, бүгінгі қуаныш ертең қара
жамылар қайғының басы болса, осы адам кемді күнгі алдамшы
жалғанға неге өлімін салады? Бүгін қолы жеткен болмашы бірдеңеге
мəз боп бөркін аспанға атқан адам ертең əлдебір шаруасы ойлаған
жерден шықпаса, құдды суы тартылған көлдей көңілі пəс бола
қ
алатыны не? Неге сүйтеді? Не-ге?.. Жə, басқаны қайтесің... Сен өзің ше?
Кеше балықшыларды ойға, қырға сүйрегенде, сенің де аржақ ойың
белгілі еді ғой. Құдай құрамаған байлық пен барлыққа өліміңді сатып,
Тəңірінің бермесін тартып алам дедің. Сүйтіп, Амударияның лай
балығына қарық болдың. Сүйтіп, сенің Сырдариядағы қамау судың
балығына қолың жетті. Іші-сыртың майланды. Ал, кəне, ойланшы.
Соның бəрі кемді күн көңіл делбеу, өзіңді өзің алдарқату емес пе? Əне
бір сахара шөлде қаны кеуіп, есінен танып құлаған кісінің өлі мен тірі
арасында талықсып жатқанда түсінде мейірі қанып су ішкеніндей ғана
алдамшы жұбаныш емес пе еді? Тіпті сол көзің тірідегі кемді-күнгі
байлық пен барлықта, əрілесе басыңа қонған бақыт шіркін де əлгі бір


тау басына айналған бұлттай, бір соққан дауыл, бір үрлеген желден
қ
алмайтын түбі бос еді ғой. Соның бəрі мықтағанда байсыраған дозақы
қ
атынның еркек исі аңқыған мəкіру төсекте бір аунап тұрған
лəззатынан несі артық? Сен, міне, маңдайыңа жазған бір тұтам
ө
міріңнің ақырғы қадамын аяғыңмен басып тұрсың. Басқаны қойғанда,
арпалыспен өткен кешегі күндерден сенің жадыңда не қалды?
Уысыңда ұстап қалған не бар?
Жəдігер күрсінді. Еркіне жіберсе, осы қазір еңіреп қоя беретін
болғасын дыбысын шығармай тістеніп алған. Опасыз өмірдің өкініш
пен күйігі көкірегін өртеп, у мен дерт іші бауырын жалап бара
жатқанда, кəне, айтшы кім, қай пенде итше ұлымап еді?
Жəдігер тұла бойы тітіреп баратқанын байқады. Ол не? Сүйек-
сүйегінен өтіп бара жатқан бүгінгі күннің суығы ма? Əлде өз басына
таялған тықырды сезгені ме? Бірақ оны өзі білген жоқ еді.
* * *
Күн шұғыл кешкірді. Жəдігер бүгін ертеңгісін кеп тоқтаған жерден
ə
лі тапжылған жоқ. Арты Бел-Аран. Оның аржағы – далиған Арал
даласы. Алды өкірген теңіз. Теңіз бен даланың екі арасындағы жаңа
қ
атқан жас мұздың кісі көтеретін жеріне етігінің тұмсығын тірей
тоқтаған еді. Соның аржағы əлі қатпаған. Əншейінде шексіз көрінетін
далиған дүниенің бұл қазір, таусылған жеріне кеп тұрғандай. Ақырғы
ізі, міне, аяқ астына кеп жығылған. Осынау дүниеде не алға, не артқа
басар жер қалмай, жолы таусылып тұрғандай.
Кəне,
қ
айда
барады?
Кімге
барады?
Мына
арқыраған,
сарқырағанның аржағында адам аяқ басар ұлтарақтай жер бар ма?
Оның аржағында, сірə, аспан, жер-су, ел-жұрт жоқтай. Баяғыда
балықшы ауылдың қариялары осынау дүниеде өздерінің қолынан
келмеген арманның небір асқағын əлдеқашан игілігіне айналдырып
алған өнерлі ел-жұрт болар-ау деген ой басына кіріп-шықпай, екі көзді
тарс жұмып алып жүрген кез бопты. Сонда олар құдіретті дегеннің
бəрін көкте – Құдайға, қасиетті дегеннің бəрін жерде – Пайғамбарға
теліпті. Сонда осы ауылдың қарияларына су пайғамбары Сүлеймен
көңілі қаласа, көк теңізді қара жерше басып жүре беретіндей көрінетін.
Егер, Сүлейменнің сол киесі басына қонса, бұ да қазір көз алдында
ө
кіріп жатқан мына кəрі теңіздің бір қиясын бетке ұстар еді де, əлгі
сиқырлы аспанның ұшымен көк толқындардың шекесін тық-тық
шертіп, көз көрмеске асып кетер еді; оған бірақ қолында киелі аса,
қ
асында су пайғамбары Сүлеймен тұрған жоқ. Рас, балықшы ауылда
Сүлеймен деген аппақ сақалы беліне түскен шал бар. Асасын қос
қ
олдап қысып, күншуақта күрк-күрк жөтеліп отырғаны. Өмір бойы су
кешсе де, басына су пайғамбары Сүлейменнің киесі қонбаған. Тірлікте
тындырғаны – əр айдың аяғында пошташы баладан алатын бес-он


тиын пенсия. Баяғыда əкесімен бірге теңіз кешіп, тор сүйретіпті дейді.
Кім білсін, рас шығар. Ал, қазір... сəлем берсең, қолындағы асасын дір-
дір еткен тізесінің арасына қыса салады. Сəлем берген кісінің қолынан
тас қып ұстап алады да, түк есітпейтін керең құлағын аузыңа тақап: "А-
а? Қаттырақ айт!"– деп, басыңды əлекке салады.
Адам байғұс Құдайдан өліп-өшіп өмір тілегенде, тірліктің ақырында
пендесін жарылқаған сиқы жаңағы болса, онда ол бар болғырдың да
берекеті шамалы болды.
Күрсінді. Өріп кеткен ой аш күшіктей жапан түзде жалғыз тұрған
кісіге жан-жақтан ауыз сап, əлі де болса талап жатыр, талап жатыр.
Жел көтеріліпті. Аралдың құбылмалы ауа райының аяқ астынан
бұзылатын əдеті. Айнала төңірек қапелімде түксиіп, көк жүзін суық
қ
ара бұлт басып келе жатқанын Жəдігер жаңа байқады. Қар жауа
бастапты.
Бетінің ұшы тызылдап ашып бара жатқасын алақанымен уқалап
жіберді. "Бұл кезде кететіндер кетіп болған шығар,"– деп ойлады. Жаңа
қ
атқан мұздың көбесін жағалап, теңізбен кетсе, қарасы көрінер еді.
Көзге түспегеніне қарағанда, сірə, қыр жолымен кетті ме екен? Сүйткен
шығар, сірə.
* * *
Жəдігер ілгері жағына қайта-қайта көз тастап, желге қарсы
омыраулап келеді. Күн шұғыл суытты. Аңыраған ашық теңіз үсті ұйқы-
тұйқы. Жаға бір көрініп, бір жоғалып қарасы көзден үзіліп кетіп
тұрған-ды. Кенет ілгері жақтан, Қара-Жардың құлауынан əлдене қылаң
етті. Бұл не? Жағада жайылған мал ма? Əлде адам ба? Анықтап
қ
арайын десе де, қарсы алдынан сабалап ұра бастаған қар мен жел көз
аштырмай бара жатқасын Жəдігер бетін бұрып қырындап жүрді.
Жаңағы қарайған шоқалақ тасасына түсіп кетті ме, жасаураған көздің
жанарын тіктеп қайта-қайта қараса да, əлгіден кейін көрінбей қойды.
Күн жарықта жағада қалған атына жеткісі кеп еді. Оған қарсыдан
соққан жел мен қалыңдап түскен қар жүрісін мандытпады. "Ə" дегенде
Жəдігер түбіне дейін шайқалып кеткен теңіз суы тез көтеріліп, ісініп
келе жатқанын байқаған-ды. Мұз астындағы ағыс күшейгенін де сезе
қ
ойған жоқ-ты. Тек əлсіз мұз аяқ астында сықырлап бүлк-бүлк еткенде,
шошып кетті. Қырдан соққан қатты жел мен су астының ағысы əдетте
қ
азіргідей жаңа қатқан жас мұзды шыдатпай қуып əкете беруші еді.
Жəдігердің көңіліне қобалжу енді. "Жағаға қанша қалды екен?" деп
ойлады. Қар борай бастады. Ашық теңіз үсті ұйтқып, ақ түтек боран
анық нышан бере бастады, Ызғырық жел уілдеп қойны-қонышына
кірді. Тітіркеніп қап, мойнын жағасына тығып ала қойды.


Көктен қиыршақ қар түсті. Қарсы алдынан қадалып соққан желден
көзі жасаурады. Шып-шып ұрған қардан бұл енді бетін алып қашып, бір
оңға, бір солға бұрыла бастады. Сабалаған қар мен азынаған желге
қ
арсы омыраулай бергесін, су кешкендей малтығып, тынысы
ауырлады.
Көңілге болмаса жел əлгіндегіден де күшейіп, Арал өңірінің əдеттегі
қ
аптай соғатын қара дауылына айналғандай. Жағаның алыс-жақынын
байқағысы кеп, көзін ілгері тастап еді. Қар мен жел басқа, көзге ұрып,
ə
лгі-əлгі ме, енді тіпті ес жиғызбай сабалай жөнелгенде, тағы да
лажсыз жалт беріп, бұрылып кетті. Желден алып қашқан бетін тері
қ
олғап киген қолымен көлегейлеп, жүзін оң жағына бұра берген-ді.
Көзі сабалаған қар арасынан əлдебір кіп-кішкентай нəрсеге түскені.
Ə
депкіде аңғара алмады; тек қайта қарағанда бағанағы шөже торғайды
көрді. Күндіз қасына ұшып келген кіп-кішкентай пақыр бағанағыдан
да əлсіреген. Жел жұлмалаған арқа жүні үрпі-гүрпі. Қар мен желге бұ
да қайрат қып ұшуын ұшса да, бірақ ауада тұра алмай, құрық бойындай
жерге барады да, жалп етіп жығылады. Сонан қанатын жия алмай
алқынып жатады. Кім білсін, əлсізді арасына сиғызбайтын бұлардың
да арасынан темір тұмсық тентек біреу шықты ма?
Қ
арға баурын басып жатқан торғайға қатарласа бере қолын созып
еді, торғай қозғалмады; Жəдігер торғайды ақырын ұстады да, қойнына
тықты. Жылы жерге кіргесін құс қанатын жайып сілкінді де,
тынышталды.
Жаға көрінбей кетті. Жел қатайған сайын Жəдігер де жас мұз жарық
аша ма деп қорқа бастады. Қарсы алдынан қадалып тұрған жел мен
қ
иыршақ қатты қар көз аштырмай қойды. Жəдігер жалтақтап бетін
алып қашып бір оң, бір сол жағына бұрылады. Сабалап қатты жауып
кеткен қар енді бұның самайы мен шықшытына шып-шып ұра
бастады. Көзі жасаурап, қасы, кірпігіне мұз қатты. Тынысы ауырлап
алқына бастағанда, кенет алдынан əлде бірдеңеге қарама-қарсы
кездесіп, кимелей тоқтады. Үріккен жылқы осқырынған сияқты еді.
Жəдігер кар мен желге қолын көлегейлеп жалт қарап еді, ат шана
алдын кес-кестеп тұр екен. Ақ түтек арасынан алау-далау боп шыққан
кісіден үріккен ат əлі де танауы пырылдап, осқырына береді. Шанадан
қ
асқыр ішікті біреу түсті. Түсе сала аржағында кілем төселген жеңіл
шанада отырған ақ шарқатты əйелге қол созды.
–Көрдің бе, біз бұны ана жақта іздеп əлек боп жүрсек, ал мына
жайсаң бұнда жүр,– деді ол күліп. Сосын шанаға бұрылып, қасқыр
ішікке оранып алған əйелге қолын созып еді, Бəкизат шанадан түсуін
түссе де, бірақ қас пен көздің арасында көктен жауып, жерден борап
кеткен мына ақ түтек дүниеге үрейлене қарап, аяғын ілгері баспай
қ
ойды. Сосын Əзім оны қолтығынан алмақ боп ұмтыла бергенде, өз
денесін өзі билей алмай тəлтіректеп кетті.


– Əзім, кетейік! Кетейікші.
– Неге?
– Өтінем.
– Ау! Баланы тапсырам деп іздеген өзің емес пе?..
– Кешір. Кетейікші. Күн бұзылып кетті!
– Қорқасың ба? Че-пуха. Аралдың өзіміз білетін қары, бораны. Мен
қ
айта, осыны ұнатам,– деді Əзім күліп. Жолға шығар алдында қызып
алғаны көрініп тұр.– Ал, құрдас,– деп ол бұған бұрылып, тəлтіректей
басып қасына келді,– Біз кетіп барамыз.
Жəдігер құдды жағаға шығып қалған балықтай демі жетпей бара
жатқасын ауаны аузымен қармай берді.
– Сені мен біз,– деді Əзім тілі күрмеліп,– Қанша дегенмен... жана
заманның адамымыз. Өз басым сезімнің жетегіне еріп, қызғаныш
деген пəлеге құл болуға қарсымын.
Жəдігерге бірдеңе көрінді. Бұның да айтар сөзі аржағына келіп тұрса
да, демі жетпей алқынып бара жатқасын тағы да аузымен ауа қармап
бір-екі жұтты.
– Кешірім сұрамаймын. Маған артық кеткен дəнеңең жоқ. Бар
болғаны сенен өзімнің бергенімді қайтып алдым. Ал, сау бол!
Ə
зім қатты жел астында құйрық-жалы суылдап, тықыршып,
қ
озғалақтап тұрған атқа бұрыла берді. Бір аттады ма, жоқ па, құлақ
түбінен атылған мылтықтай бір ащы дыбыс тарс-с етті. Əзім кілт
тоқтады. Бəкизат құлағын баса қалды. Келесі сəтте жан ұшырып Əзімге
қ
арай ыршып түсті.
"Ə" дегенде Жəдігер түкке түсінбеген-ді. Көзі Əзім мен Бəкизаттың
аржағындағы атқа түскенде ғана жүрегі су етті. Бауырының дəл
астынан қақ айрылған мұзда аттың алдыңғы аяғы кетіп барады екен.
"Ə" дегенде аяғын жия алмай қалған ат тырп етуге қорқып, қалшылдап
тұрды да, кенет жалт бергелі қос аяқтап қарғып еді. Соңындағы
шананы өзімен бірге ала күмбір-самбыр теңізге құлап түсті.
– Ойбай, құрыдық!
Ащы дауыстан Жəдігердің төбе шашы шымыр етті. Қара дауыл қақ
айырған мұз он бойына қақырап, күтірлеп сынып жатыр. Қапелімде
ырсиып жарық ашылып, екі араға су түсіп, ар жақ, бер жақ болды да
кетті.


– Енді қайттік?– деді Əзім. Есі шығып кеткен. Мастығы да сəтте
тарқап кетіпті. Кенеттен киліккен мына тосын оқиға – ыққан мұз,
азынаған дауыл, сабалап жауған қар, өкірген теңіз – əлде өңі, əлде түсі
екенін біле алмай, алақ-жұлақ етеді.
– Бұл... бұл қалай болды, а? Қалай болды?!
– Дүние бірде олай, бірде бұлай...
– А-а?
– Жай...
– Апырай... Апырай, бұлай болады деп... кім... кім ойлаған.
– Ойла-ойлама, болар іс болды.
– Неге?
– Болары болды деймін. Енді... өлместің амалын ойла.
– Қалай?
– Ішігің қайда? Соны киіп алғаннан басқа амал қалған жоқ.
Есі шығып кеткен Əзім ештеңені сезіп тұрған жоқ. Жəдігердің
айтқаны да санасына жеткен жоқ-ты. Бір орнында дəйек тұтып тұра
алмай, безектеп жүгіріп кетті. Қар мен қара дауыл астында ес-түссіз
сілейіп тұрған Бəкизатқа барды. Онда да тұрақтамай, іле-шала
Жəдігерге қайтып келді. Ық жағын ала тоқтады.
– Құрдас...Жаңа қайту керек деп едің?
– Қайту керек дедім.
– Бір амал бар деген сияқты едің ғой?
– Ішігіңді киіп ал деген шығармын. О да өлмеудің амалы.
– Апырай... Оны қайда тастадым екен?
Кенет Жəдігердің көзі атқа түсіп еді, ат қара жерге тартпай, ығып
бара жатқан бұлардың соңынан салыпты. Жал-жал толқын арасында
жанталасып, пыр-пырлап жүзіп келеді екен. Қайнаған қап-қара теңізге
бастан асқан толқындарға бір батып, бір шығып, құрықтай мойнын
ілгері соза береді. Пыр-пырлап келе берді де, су сорғалаған басын
мұзға сүйеді. Ұясынан шыққан көзі бұған "бірдеңе істесеңші" деп
жалбарынатын сияқты. Жəдігер аттың сағақ бауына жармасып еді,
оның ойын түсінген жануар да құрықтай мойнын құдды союға


сүйрегендей ілгері созып, мұзға қарғып шыққалы əрі-бері ұмтылды.
Жəдігер қолына тиген қос тізгінді əрі-бері тартып еді, əлсіреген аттың
мұзда жатқан мойны бауыздаулығына дейін созылып, көзі аларып
ыңырана берді.
– Қайтесің,– деді Əзім.
Жəдігердің қолынан сағақ бау шығып кетті. Осы кезде кейінгі
жақтан үйдей сең еңкілдеп келіп қалған еді. Қатты жел қуған сең
толқынмен бір көтеріліп, бір түсіп аудандап келді де, ат соңындағы
шанаға лап берді. Келесі толқын көтеріп алған сең ауыр салмақпен
ілгері қарай ысырылып, атты бүгерлеп астына бір-ақ басты. Жан
ұ
шырған жануар ақтық рет құлындай шыңғырды да, көзі аларып, қара
құ
рдым түбіне батып бара жатты.
Жəдігер сырт айналып кетті. Қара дауыл қуған сең жаңағының
арасында жағадан алыстап кеткен-ді. Ауыл жақ қап-қара. Қара-Жар да,
Бел-Аран да көзден бір-бір ұшқан тастай. Қиыршық қар бара-бара
жапалақтай бастады. Аядай жерде ұйлыққан үшеудің алды-арты –
ұ
йытқыған ақ түтек.
Жəдігер ыққа қарап мойнын ішіне тығып тұрған-ды. Кенет есіне ізі
түсті. Еңкейіп, аяғының астына қарады. Бірақ қойны-қонышына қар
тыққылап, алды-артынан ұйтқып тұрған ақ түтек көзін аштырмай,
сабалап ала жөнелді. Сонда ғана өз ісінің оғаштығы есіне түскен
Жəдігер қарлы қара дауылға бетін бұрып, қарсы қарап тұра қалды да,
жынды адамдай қарқ-қарқ күлді.
О, есалаң! Есалаң! Осынау көктен жауып, жерден борап, улап-шулап
жатқан дүниеде əлдеқандай із түгіл, дəл қазір аспан қайда, жер қайда?
Батыс қайда, шығыс қайда? Дүние дүние боп жаралғалы сайқал
қ
атындай, ылғи опасыздық пен баянсыздықтың мекені боп келген
мына сұм жалғанда есі бар адам дəл осындай алағай-бұлағайда əлдебір
ізді іздеп, сонан мəн-мағына таппақ боп əлек бола ма?
О, есалаң! Есалаң!

жүктеу 2.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет