Қабанбай батыр



жүктеу 24.27 Kb.

Дата13.01.2017
өлшемі24.27 Kb.

Қабанбай батыр

 

 

Қабанбай  Қожақұлұлы,  Қаракерей  Қабанбай,  Дарабоз  (1692–1770)  – 



қазақ  батыры,  жоңғарларға  қарсы  азаттық  соғыстың  даңқты  қаһарманда-

рының  бірі.  Шығыс  Қазақстан  облысының  Үржар  ауданында  туған.  Азан 

шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей ру-

ының  Байжігіт  тармағынан  шыққан.  Оның  атасы  Мәмбет  те, әкесі  Қожағұл 

да,  Қожағұлдың  ағасы  Күшік  те  өз  заманының  аты  шыққан  батырлары 

болған.  Қабанбайдың  жеті  жасында  әкесі  Қожақұл  батыр  жау қолынан  қаза 

тауып,  артынан  Есенаман,  Есенбай,  Ерасыл  атты үш ұл  қалған. Қожақұл  ба-

тырдың  көзі  жұмылған  соң  бас  иесінен  айрылған  Мәмбет  ауылдарына  жыл 

сайын  ойраттар  шабуыл  жасап,  тал  түсте  жылқыларын  айдап  әкете  беретін 

әдет  тапты.  Сондай  бір  кезекті  шапқыншылық  кезінде  қалмақтар  жылқы 

күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. 

Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде 

далаға  тастап  кетіпті.  Есенбай  жалғыз  інісі  Ерасылды  маңдайынан  шертпей, 

қатты  еркелететін.  Ағасы  Есенбайдың  кегін  алу  үшін  іргелес  Тоқта  тауын 

жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды 

қапысын  тауып  өлтірген.  Міне  сол  күннен  бастап  қазақ  жері  қашан  жаудан 

тазарғанша  қылышын  қынабына  салмаған.  Осыдан  кейін  Ерасыл  5–6 жыл 

Зайсандағы  Керей  ішіне  кетіп, әпкесі  Меруерт  пен  жездесі  Бердәулеттің 

қолында болған. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайра-

тып,  «Қабан  батыр»  атанған.  Оның  алғашқы  қатысқан  ауқымды  соғыста-

рының  бірі  —  1718 жылғы  Аягөз  шайқасы.  Осы  ұрыста  Найман  қолын 

басқарған  Қабанбай  асқан  ерлігімен  көзге  түскен.  1723 жылы  Түркістан 

қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл 

шайқасына, кейін Шыңғыстау,  Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абы-

лай  ханның бас  батырларының біріне  айналған.  1741 жылы  Шыңғыстаудағы 

Шаған  шайқасында  ақбоз  атпен  топ  жарып,  жауға  шапқаны  үшін  «дарабоз» 

атанған.  1751 жылы  Арқадан  екі  түмен  қолмен  Оңтүстік  Қазақстанға  Қабан-

бай — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалған. Ұлы жүз жа-

сағын  өзіне  қосып  алып,  Сыр  бойы,  Шымкент,  Сайрам,  Ташкент  қалаларын 

жоңғарлардан  тазартып,  Ташкентте  Төле  бидің билікке  келуіне  көмектескен. 

Шыршық  өңірінде  Жоңғарияға  айдалып  бара  жатқан  бірнеше  мың  қарақал-


пақты құтқарып қалған. 1752–1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлке-

лерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері 

алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан.  Осыдан 

кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде 2 бағытта ша-

буылға  шыққан.  Күнгейдегі әскер  тобын  басқарған Қабанбай  сарбаздарымен 

Қарақол  мен  Нарынды,  Үржар  мен Қатынсуды,  Алакөл  мен  Барлықты  азат 

етіп,  терістік  бағыттағы  Бөгенбай  әскеріне  қосылған.  Баспан-Базар,  Шорға, 

Маңырақ шайқастарында қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат 

етті. Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай 1756 жылы 

жоңғар  билеушісі  Әмірсананы  қуып  келген  қытай  әскерінің  бетін  қайтаруға 

ат  салысқан.  Шығыс  аймақтарға  ел  көшіру,  қоныс  бөлу  ісіне  араласқан. 

Жоңғар  үстемдігі  кезінде  қолдан  шығып  кеткен  Шонжы,  Нарынқол,  Кеген 

өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалған-

нан  кейін,  1758 жылы  қыркүйекте  Барлықтан  Үрімжі  қаласына  300 жылқы 

айдап  барып,  қазақ-қытай  саудасын  бастап  берген.  Әкесі  Әтеке  жырықтың 

кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып 

жатқанына  қарамастан  қол  бастап,  қарсы  шығып,  Қабанбай  жекпе-жекте 

Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған. 

Қабанбайдың  2 әйелінен  жеті  ұл  туған.  Қабанбайдың  Үмбетей,  Кішкентай, 

Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті 

Қабанбай»  деп  атаған.  Осының  Әлісі  жоңғардың  соңғы  ханы  Әмірсананың 

Мәней  деген  қызына  үйленіп,  одан  бес  перзент  көреді.  Оларды  шешесінің 

атымен  «Бес  Мәней»  дейді.  Батырдың  ұрпақтары  бұл  күнде  Шығыс 

Қазақстан,  Алматы  облыстарының  жерінде  мекендегенімен,  олардың  арғы 

аталары  оңтүстік  жақтан  ауып  келіп,  Есіл,  Нұра  бойын  қоныс  еткен.  Бұл 

өңірдің  1728–1762 жылдар  аралығында  батырдың  да  құтты  мекені  болғаны 

белгілі.  Қайтыс  болғаннан  кейін Қаракерей  Қабанбайдың  денесі  осы  ата  ме-

кеніне әкеп жерленген көрінеді. 

Алматы  облысындағы  бұрынғы  Андреев  ауылына,  Шығыс  Қазақстан 

облысы  Үржар  ауданы  Жарбұлақ  ауылына,  Алматы,  Семей,  Өскемен,  Тал-

дықорған  қалаларындағы  бір-бір  көшеге,  сондай-ақ,  Аягөз  қаласында  орна-

ласқан  танк  дивизиясына  Қабанбай  есімі  берілген.  Алматы  облысы  Алакөл 

ауданының  орталығы  Үшарал  қаласында  батырға  ескерткіш  орнатылған. 

1992–1993 жылдары  бұрынғы  Талдықорған  және  Семей  облыстарында 

Қабанбай  батырдың  300 жылдығы  аталып  өтіліп,  үлкен  ас  берілген.  Батыр 

туралы  жыр-дастандар,  зерттеу  еңбектері  аз  емес. Қабанбайдың  өмірі  мен 

ерлік  күресі  Бұхар,  Ақтамберді,  Үмбетей,  Дулат,  Тәтіқара,  т.  б.  халық  ақын-

дары  жырларына  арқау  болған. Қазақстан  Республикасы Ұлттық  ғылым  ака-

демиясының  көне  қолжазбалар  бөлімінде  Қабанбайға  арналған  жырлардың 

4 нұсқасы,  Қытай  қазақтарында  10-ға  тарта  нұсқасы  сақталған.  Бұл  жыр-

ларды  жинау  ісіне  Ш.  Уәлиханов,  С.  Торайғыров,  Қ.  Халидұлы,  Қытайда 

тұратын қазақ  ғалымдары  З.  Сәнік,  Б.  Садықан,  т.  б.  көп  еңбек  сіңірген.  Жа-

зушы Қ. Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жарыққа шығарды. Ұрпақта-

рының айтуы бойынша батырдың сүйегі Жоңғар қақпасының сол қапталына, 



Сарыбел  асуына  жерленген  деген  мәлімет  бар.  Бірақ  1998 жылы  Астанадан 

30 шақырым  жердегі  қазіргі  Қабанбай  батыр  ауылының  түбінен  зираты  та-



былып, кесенесі тұрғызылған. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал