Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
сүйдi деп сенi сүйедi. Осылай ойшыл халыққа қызмет етудің түпкі мәнін көрсетеді. 
Бiрақ жақсылық жасаудың да өз жөнi бар. Жақсылық түрi барлық адамға бiрдей 
болмайды. Олар адамның сана-сезіміне байланысты әр түрлi. Мысалы, бiр адамға 
қарын тойдырып тән құмарын қандыру үшiн бiр тiлiм нан керек болса, ал екiншiсiне 
жан құмарын қандыру үшiн рухани білім керек. Тән құмарымен жүрген адамдар 
көбінесе жан құмарымен жүрген адамды түсінбейді, сондықтан олар қарсы 
қаруласып, бөгет жасауға ұмтылады. Бұндай адамдар бүгінгі күндерде де бар, Абай 
кезінде де жеткілікті болған. Абайдың "етекбасты көп көрдім елден бірақ" дейтіні 
тегін емес. Бірақ адам баласы өзінің әрекетінде әдiлет (ғадәләт) пен рақымдылық 
(мархамат) тұрғысынан шықса ол қателiк жiбермейдi. Харекеттiң ең жоғарғысы – 
адамға рухани бiлiм беру арқылы Құдай жолына түсiрiп, оны Түп Иеге қайтару. Бұл 
туралы Құран мен хадистерде көп айтылады. 
Адамзатты сүю үшін оған қызмет ету керек екеніне басқадай да дәлел келтіруге 
болады. Бiреудi сүю үшін оған жақсылық жасап, онымен қарым-қатынасты нығайту 
керек. Қарапайым өмірде де біреуге сүйiспеншiлiкке жету үшiн әуелi оған жақсылық 
iстеуге ұмтылуымыз керек екенi белгiлi. Сонда ол да бiздi бағалап, өз кезегiнде 
сондай жақсылық жасап, өзара сыйластық, сүйiспеншiлiк қатынас орнайды. Осыдан 
адамзатты сүю үшiн адамдарға жақсылық жасап, оған қызмет қылу мiндетi туады. 
Сөйтiп, адамдарға қызмет қылу арқылы бүкiл адамзаттың сүйiспеншiлiгiне бөленуге 
болады. Ендеше адамзатты сүйiп, Түп Иеге қайту жолы – адамдарға қызмет қылу. 
Енді Абайдың үш сүюін фәни өмір тұрғысынан қарастырайық. Фәни өмірде әділет 
заңдылығы ең негізгі заңдылықтардың бірі. Әділетті сүю керек екенін Абай да, 
Шәкәрім де өз шығармаларында жиі айтады. Сондықтан, үшінші сүюді "Және Хақ 
жолы осы деп әділетті сүй" деп түсінуімізге де болады. Ал "Махаббатпен жаратқан 
адамзатты" деген өлеңнің бірінші жолы адамға байланысты емес болғандықтан, үш 
сүю қатарына жатпайды деуге болады. Сонымен үш сүю былай болып шығады: 1. 

Адамның Алланы сүюі; 2. Адамның адамзатты сүюі; 3. Адамның әділетті сүюі. 
Бірақ бақи әлем үшін бұндай жіктеу келмейді. Себебі бақи әлемде барлығы Алла 
тағаланың төңірегінде жиналып, бір мақсатта болғандыықтан, әділетсіздік деген 
болмайды ғой. Себебі онда бүкіл жаратылыс бір Жаратушының разылығы үшін 
толық әділеттілікпен болады. Ол әлемге "сен әділетті сүй" деген қағиданың қажеті 
жоқ. 
Кейбір абайтанушы ғалымдар үш сүюдің бақи әлем тұрғысынан алған тұжырымын 
құптайды. Осы арада айта кететін бір жағдай бар. Кезінде мен өзім академик Зәки 
Ахметовтен үш сүюдің осы тұсы туралы "Осы үш сүю туралы М.Әуезов қалай 
айтқан? " – деп сұрадым. Сонда академик: "М.Әуезов олай да айтқан, былай да 
айтқан, " – деп жауап берді. Әрине, атеистік заманда "Алла сені сүйеді" деп айтудың 
өзі оңай болмады ғой. Сондықтан, үш сүюдің түрліше қабылдануы бек мүмкін. 
Абай осы үш сүюдi діннің негізгі мәні ретінде көрсетеді. Ақын оларды имани гүл 
деп атап, оның шын ойласаң дiн де, тағат (Аллаға ғибадат қылу) та болатынын 
айтып, екi дүниеде (рухани мен материалдық дүниеде) бұл тасдиқ (шындық) – 
Хақтың (Құдайдың) досы деп бағалайды. Cөйтіп, Абай бабамыздың ілімі бойынша 
үш сүю иманның тірегі, яғни оларды жүректе бекітсең, ол діннің де, Құдайға 
құлшылықтың да іргетасына айналады. 
Алланы сүйген адам барлық мақсатқа жетедi. Ондай жоғары деңгейде адам баласы 
өзiнiң материалдық әлемдегi барлық мiндетiнен арылады. Оған Құдайға ғибадат 
қылу да, дiн жолын ұстану да жетiлу үшiн керексiз болып қалады. Ол өмiрдiң негiзгi 
мақсатына жеттi. Бұл барлық мақсатқа жеттi деген сөз. Бiрақ Абай отыз сегiзiншi 
сөзiнде «Бiрақ әулиелердiң де бәрi бiрдей тәркi дүние (дүниеден безген) емес едi» 
дейдi. Ондай адам өмiрдегi мiндетiн ендi басқаларға үлгi көрсету үшiн орындайды. 
Өмiрдiң бұл түпкi мақсатына жету өте күрделi, Абай сөзiмен айтқанда «Бұл жол – 
бек шетiн, бек нәзiк жол». Бұл – Құдайға құлшылық жолы. 
3. Абай іліміндегі имандылық 
Абай мұрасынан табатын тағы бір өте терең рухани мағына – ол адам өмiрiнiң түпкі 
мақсаты. Данышпан адам өмірінің түпкі мақсаты – «Түп Иеге қайту» дейді. Бұл 
мақсатқа жету үшiн Алла тағалаға деген махаббатқа ие болу керек. Яғни, иандылық 
керек. Сонда ғана Алла тағала Өзінің сүйіктісін Өзіне қайтарып алады. Сонда ғана 
мейiрiмдi Алла тағала қанағат табады. Ендеше адам баласы үшін ең үлкен қызмет – 
ол Алла тағаланың разышылығы үшiн адамзаттың бәрiн бауырым деп сүйiп, оған 
өмірдің түпкі мақсатына жетуге көмектесу. Рухани әлемге қайту тек қана рухани 
білім алып, оны өмірде қолдану барысында жан дүниесін тазарту арқылы ғана 
болмақ. Сөйтiп, Құдайға құлшылықтың ең үлкені – адамзатқа рухани білім беру 
арқылы, оған өмірдің жоғары мақсатына жетуге көмектесу. 
Сонымен бірге, өте маңызды бір жағдайды естен шығармау керек. Біз іс-әрекетімізді 
Алла тағаланың разышылығы үшін жасағанда ғана құлшылық болып табылады. 
Әйтпесе біздің барлық іс-әрекетіміз моральдық-этикалық, әрi кетсе гуманистiк 

деңгейде ғана қалып, қарапайым дүниелiк iске айналып, негiзгi мақсатқа жеткiзе 
алмайды. 
Абай ілімі бойынша адамның негізгі міндеті – Алла тағалаға құлшылық ету екені 
жөнінде көптеген дәлелдер келтiруге болады. 
Бiрiншi, Алла тағалаға қайту үшiн адамның барлық іс-әрекеті Оның разылығы үшін 
болу керек. Сонда адам Оның сүйiктiсiне айналады. Ал, Алла тағаланың сүйіктісі 
болуға Оған құлшылық ету арқылы ғана жетуге болады. 
Екiншi, Алла тағалаға құлшылықтың керектiгi отыз сегiзiншi қара сөзiнде Абай 
көрсеткен «Алла – бiр», яғни «Абсолют – бiр» деген тұжырымында жатыр. Алла бiр 
болса, Ол толық бүтiн. Ендеше болмыстың барлық көрiнiстерi, сонымен бiрге жан 
иелерi де сол толық бүтiннiң құрамына кiредi. Сөйтіп, барлық жан иелерi Оның 
құрамындағы бөлiктерi болып табылады. Ол бөлiктер өздері құрайтын тұтаспен бiр 
болулары керек, яғни олар толық бүтiннiң разылығы үшін өмір сүрулері керек. Бұл 
бүкiл әлемнiң жаратылу мәнi. Ендеше адам да сол толық бүтiннiң бiр бөлiгi бола 
отырып, Оның разылығы үшін құлшылық етуi керек. 
Сонымен бiрге, бүтiннiң бөлiгi бүтiннiң ниет-қалауымен өмiр сүреді. Ендеше 
барлық бөлiктердiң мақсаты да сол ортақ ниетпен үйлесуі керек. Өкiнiшке орай, 
фәни әлемде кейбір жан иелерi Түп Иеден бөлiнiп, бүтiннiң ниетінен шығып, өз 
қалауларымен өмiр сүргiлерi келедi. Фәни өмiрдегi адамдардың өмiр мақсаттарының 
сан қилы болатын себебінің бірі осы. 
Абай он жетiншi қара сөзiнде қайрат, ақыл, жүректiң арасында дау туып, олардың 
ғылымға қалай жүгiнгендерi туралы айтатыны бар. Ортақ мақсаттан ауытқыған 
кезде не болатынын көрсету үшін бiз де соның iзiмен, мысал ретiнде, бiр әңгiменi 
келтiрейiк. 
Адамның дене мүшелерiнiң барлығы, сайып келгенде, оның асқазанын тамақпен 
қамтамасыз ету үшiн қызмет жасайтыны белгiлi. Оның құлағы қай жерде тамақ 
барын естидi, аяғымен сол жерге барады, көзiмен жолды көредi, мұрнымен 
тамақтың иiсiн сезедi, қолымен аузына салады, тiсiмен ұнтақтап, өңешiмен 
асқазанға қарай жiбередi. Сөйтiп асқазан қанағат алып, тамақты қорытып, қуатты 
бүкiл денеге таратып, барлық мүшелердi қанағаттандырып, оларға күш-қуат бередi. 
Бiрде дене мүшелерi асқазанмен араздасып, оған қарсы шығыпты. «Бiз неге 
барлығымыз бiр асқазанға қызмет жасауымыз керек? Бiздiң өзiмiзге ғана қызмет 
жасағымыз келедi. Сондықтан бұдан былай қарай асқазанға қызметімізді 
тоқтатамыз», – деп дене мүшелерінің барлығы асқазанға қарсы ереуіл жасаған екен. 
Сөйтiп құлақ тамақтың қайда барын тыңдамай, өзiне ұнағанын тыңдап, көз оған 
апаратын жолды көрсетпей, басқа жаққа қарап, қол өзiне ғана ұнаған әрекет жасап, 
мұрын өзiне ұнаған иiстердi иiскеп кеткен екен. Осылай әрбiр мүше бостандық 
алып, ортақ мақсаттан бас тартып, өз беттерiмен қанағат iздей бастапты. Бiрақ, бiраз 
уақыт өткен соң, олардың барлығы әлсiреп, өздерiнен қуат кетiп бара жатқанын 
сезiнедi. 

Өз беттерiмен iстеген әрекеттерi оларды қанағаттандырмай, керiсiнше азапқа түсiре 
бастайды. Олар бұны анықтау үшiн қайтадан мәжiлiс құрып, барлық зардаптарының 
себебi өздерінің ортақ мақсаттарынан бас тартып, бөлініп кетулерінен екенін 
анықтайды. Сөйтiп, олар бұл істерінің бұрыс екенін түсініп, ендi дұрыс жолға түсіп, 
барлығы қайтадан бiр асқазанды қанағаттандырып, қызмет жасай бастаған екен 
дейдi. Сол кезден бастап дененің барлық мүшелерi қайтадан қанағат алып, өздерiнiң 
зардаптарынан құтылыпты. Сол сияқты, адамның асқазаны бүкіл денеге қуат 
бергендей, барлығына ортақ бір Түп Ие де бүкіл болмысқа қуатын береді. 
Сондықтан барлық бөліктер Оған қызмет етіп, Оның разылығы үшін құлшылық 
еткенде ғана олар нағыз қанағат алады. 
Үшiншi, бүкіл жаратылыс Алла тағаланың разылығы үшін, яғни Оған құлшылық ету 
үшін жаратылған. Себебі Абай сөзiмен айтқанда, Алла «бiр», ендеше, Ол – тұтас, 
яғни Алладан басқа ештеңе жоқ. Алладан басқа ештеңе жоқ болса, онда барлығы 
Оның көрінісі және Ол өзін өзі қанағаттандырады. Егер Ол басқаны қанағаттандыру 
үшiн жаратса, онда Алладан басқа тағы да бiреудiң болғаны. Бұл мүмкiн емес. 
Сонымен, Алла тағала өз разылығы үшiн жарататын болса, онда Оның 
жаратқандары – жан иелерiнiң барлығы да бiр Алла тағаланы риза етіп жүр. Бiрақ 
бұны бiрi бiлсе, ал, бiрi бiлмейдi. «Мен барлығын өзiм үшiн және өзiм жасап 
жүрмiн» дейтiндер бар. 
Төртiншi, құлшылық ету – адамның табиғи қасиетi. Оған былайша көз жеткiзуге 
болады. Жан иесi бiреудi сүймей өмiр сүре алмайды. «Махаббатсыз өмiр бос» дейдi 
Абай. Себебi, жан ләззатқа толы, ал ләззат тек махаббат арқылы келедi. Сондықтан, 
барлығымыз да ләззатты iздеп, ынталанып, махаббатты көксеймiз. Махаббатты 
тапқаннан кейiн, оған қамқорлық көрсетiп, қызмет жасауға ұмтыламыз. Сондықтан 
өмiрде адамның бiреуге құлшылық етуi (бiреуге қызмет етуi) оның бойына бiткен 
айырылмас қасиет. Қандай адам болса да бiреуге қызмет етедi: өзiнiң отбасына, 
жолдасына, қоғамына, отанына және тағы басқаларға. Тiптi, ешкiмi болмаса ит, 
мысық асырап, соларды жақсы көрiп, күтiп-бағып, қызмет етедi. Бiреуге қызмет 
етпейтiн адам болмайды. Осыдан бiреуге қызмет ету – адамның айырылмас табиғи 
қасиетi екенiн көремiз. Ал бiреудi қанағаттандыру адамның рухани болмысынан 
туады. 
Жан – кiшкене рух, яғни Жоғары Рухтың бөлшегi болып табылады. Сондықтан, 
рухани әлемде кiшкене рухтың мiндетi – Үлкен Рухты разыландыру, яғни Оған 
құлшылық жасау. Бұл фәни әлемде кiшкене рух өзiнiң бұл мiндетiн ұмытқандықтан, 
ол өзіне қызмет етіп, өзін разыландырады. Әркiм өзiне ұнаған iстердi жасап, өзiне 
ұнағанға қызмет етедi. Бiрақ одан толық қанағат жоқ. Бұл – адамдар зардабының 
басты себебi. Ал ол өзiнiң мәңгiлiк қасиетiн – құлшылық етудi себептердiң себебi 
Жоғары Рухқа арнап, негiзгi мiндетiн атқарса, сонда ғана ол барлық жан иелерiн 
қанағаттандырып, өзi де қанағат табады. 
Бесiншi, бiреудi жақсы көру үшiн әуелi онымен танысу керек, егер оның қадір-
қасиеттерi жақсы болса, ол адам ұнауы мүмкiн. Сол сияқты, Алла тағаланы сүю 

үшiн де әуелi Оның қадір-қасиеттерiн танып түсiну керек. Бiрақ адам баласы өзiнiң 
шектеулi ой-өрiс, сезiм мүшелерiмен Шексiздi тани ала ма? Абай бұл сұраққа отыз 
сегізінші қара сөзінде «Алла тағала шексіз, біздің ақылымыз шектеулі. Шексізді 
шектеулімен түсінуге болмайды» деп жауап бередi. Онда не iстеу керек? Оған бiр-ақ 
жол бар. Ол – өзiн рухани деңгейге көтеру. Бұл Құдайға құлшылық арқылы ғана 
болады. Құдайға құлшылық кезiнде бiз Оны риза ете алсақ, онда Оның өзi бiздiң 
жүрегiмiзге ашылады. Сөйтiп бiз Оны тани аламыз. Тану арқылы Оған 
сүйіспеншілікке жетеміз. Себебi Одан артық сұлу, күштi, даңқты, дәулеттi, жомарт, 
бiлiмдi, рақымды ешкiм жоқ. Сондықтан Оны тану үшiн құлшылыққа түскен адам 
ешуақытта да өкiнiште қалмайды. Керiсiнше, шексiз бақытқа кенеледi. 
Алтыншы, егер Алла тағаланың шапағаты түспесе адам баласы ешуақытта Оның 
сүйiспеншiлiгiне бөлене алмайды. Барлық жандар тәрiздi Алла тағаланың да қалауы 
бар. Сондықтан, кiмге шапағатын жаудыру Оның ырқында. Оның шапағатын алу 
үшiн Оның разылығы үшін іс-әрекет жасау керек. Бұл – Оған құлшылық ету керек 
деген сөз. 
Жетiншi, бiз Алла тағаланың алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды өтеу үшiн 
Оған құлшылық жасауымыз керек. Бұл туралы Абай өзiнiң жиырма жетiншi қара 
сөзiнде айтады. Ол адам баласын хайуаннан артық жаратқанына дәлел келтiрiп 
келедi де, әрi қарай былай дейдi: 
«Ол дәлел болса, адам баласын артық көрiп, қамын әуелден Алланың өзi ойлап 
жасағанына да дәлел емес пе? Ендi адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар 
екенi мағлұм болмай ма? » 
Мiне, Абай бабамыздың iлiмi арқылы келтiрiлген осы жетi дәлелдiң өзi де Құдайға 
құлшылық ету керектiгiне көз жеткiзу үшiн жеткiлiктi тәрiздi. Кейде «құлшылық» 
деген сөздiң кейбiреулерге ұнамсыз болып көрiнуi де мүмкiн. Сондықтан оның 
мағынасын осы арада түсiндiре кетейiк. Алла тағалаға деген құлшылық фәни 
әлемдегi құлшылық емес. Фәни әлемдегi құлшылық адамды басқадан төмендетiп, 
өзiн оған қызмет етудi бiлдiредi. Ал Алла тағалаға құлшылықтың мағынасы мүлде 
басқа. Жаратушы ең жоғарғы шексiз Жан болғандықтан, Оған құлшылық жасаған 
адам төмендемейдi, керiсiншi, рухани қасиет алғандықтан, ол шексiз жоғарылай 
бередi. «Құдайға құлшылық» деген сөз фәнилiк емес, рухани мағынасы бар. 
Сонымен, барлық жан иелерi Алла тағалаға құлшылық арқылы бiртiндеп тазарып, 
түбiнде Оған деген сүйiспеншiлiкке жетiп, Түп Иеге қайтады. Бiрақ әркiмнiң 
баратын жерi де, қайтатын уақыты да әр түрлi екенiн ұмытпауымыз керек. Бұл 
мәселелер тек рухани таза жолда жүрген адамдардың ғана әңгімесі болғандықтан, 
бұл жерде ол туралы сөз қозғамаймыз. Тек бір ғана ескертетініміз – Абайдың Түп 
Иеге қайту туралы қағидасы «Шын мәнiнде бiз Алланыкiмiз және Оған қайтамыз» 
деген Құран сөзiнен шығып, онымен толық үндесіп жатқаны. 
Абай көрсеткен Түп Иеге қайту мақсаты адам баласы үшiн ғана емес, бүкiл болмыс 
көрiнiстерiне ортақ болса керек. Әлемнiң барлық данышпан, әулиелерi де адамзат 

өмiрiнiң негiзгi мәнi және барлық дiни жолдардың негiзгi мақсаты осы деп бiлетiнi 
белгiлi. Қасиеттi Құранда да осылай айтылады. 
Бұл мақсатқа жету жолы өте ұзақ және түрлi белестерге бөлiнiп, әркiмнiң оған жету 
тағдыры санқилы болады. Себебi әркiмнiң жүрек көзінің шел басу деңгейі әртүрлі. 
Көп адамдар түпкi мақсатты толық түсiнбегендiктен сол фәнилiк, яғни уақытша 
мақсаттармен алданып, көп өмiрiн әуремен өткiзiп алады. Сондықтан Абай бұл 
өмірдің қысқа және өткінші екенін ескертіп, адамды тура жолға салу үшін былай 
дейді: 
Адамзат – бүгiн адам, ертең топырақ, 
Бүгiнгi өмiр жарқылдап алдар бiрақ. 
Ертең өзiң қайдасың, бiлемiсiң, 
Өлмек үшiн туғансың, ойла, шырақ. 
Сонымен, қорыта айтқанда, бүкiл болмыс Жаратушының қалауын орындауға, яғни 
жан иелерiн Түп иеге қайтаруға жаратылған. Адам өмiрiнiң мақсаты – осыны дұрыс 
түсiнiп, қолдана бiлу. Абай айтып отырған «Түп Иеге қайту» деген адам өмiрi 
мақсатының түп қазығы осындай. Ал Түп Иеге қайту жолы бiреу – ол Құдайға 
құлшылық. Сондықтан жан иелерiнiң мақсаты – Алла тағаланың қалауымен өмір 
сүру, яғни Оның разылығы үшін өмір сүру. Бiрақ бұл ақиқатты әркiм мойындай 
бермейдi, себебi олардың көкiрек көздерi шелмен жабылған. 
Абайдың «Мақсұтым – ...наданның көзiн қойып, көңiлiн ашпақ» дейтiнi осыдан 
болса керек. Мақсат көкiрек көздi басқан шелден арылып, әркiмнiң Абсолютпен 
қатынасын қалпына келтiрiп, сол қатынастағы өз орнын табу. Бұл арада 
данышпанның «Сен де бiр кiрпiш дүниеге, кетiгiн тап та, бар, қалан» деген әйгiлi 
үндеу сөзi ерекше мән алады. «Кетiгiн тап та, бар, қалан» деген сөз iс-әрекетсiз 
бейберекет жағдай емес, болмыс өмiрi үнемi қозғалыста және өзгерiсте 
болғандықтан, іс-әрекеттің барлығын Құдайға құлшылық жолында жасау деген 
ұғымды бiлдiредi. Сонымен бірге, бүгінгі күндердегі діни схоластикалық тұрғыдан, 
не болмаса саяси мүдде үшін пайдаланудан шыққан, негізгі қағидалары өзінің 
алғашқы мәнінен бұрмаланған діннен Абай ілімін айыра білу керек. Абайдың дінге 
көзқарасы – адамзатты орға құлататын бұндай бұрмалаушылықтан арылған, дінді 
өзінің шын мәнінде, терең түсінетін көзқарас. 
4. Абайдың дінге көзқарасы 
Кезінде М. Әуезов "Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні" деген. Ұлы 
жазушының Кеңес заманындағы бұл сырлы сөзінен не айтқысы келгенін сезіп, 
барлауға болады. Бұл сөздің сыры – Абай діні діннің түпкі мағынасын қабылдаған 
таза дін деп ұқсақ жөн болар. Бұған Абай өмірінің өзі де дәлел. Ол діннің сыртқы 
ғибадатын қатты ұстанбаса да ішкі ғибадатын үнемі өсіріп отырған. 

Абай "Алланың Өзі рас, сөзі де рас" деп бір Алланың барын және Оның бүкіл 
болмыс себебі екенін толық мойындаған. "Ғылым – Алланың бір сипаты, оған 
ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр, " – дейді Абай отыз сегізінші сөзінде. Дін 
Алла тағалаға қайтуға үйрететін рухани ғылым жүйесі. Осы тұрғыдан алатын 
болсақ, Абай ілімі бойынша дін Алла тағаланың Өзінен бастап бүкіл болмысты 
түгелдей қамтуға тиісті. Бүкіл жаратылысты Жаратушы біреу болғандықтан Ол 
туралы ғылым да, яғни дін де жалпыға ортақ, барлығын біріктіруші күш. 
Дін – Түп Иеге қайтуға арналған жол. Бұл рухани жолды фәни әлемдегі жолдармен 
салыстыратын болсақ, барлық жолдар тәрізді бұл жолда да баратын жерді, оған 
барудың мақсатын беретін білім керек. Ислам бойынша сопылық ілімде бұл білімді 
"шариғат" деп, ал рухани жолмен жүруді "тарихат" деп атайды. "Тарихат" ғибадат 
арқылы, яғни Құдайға құлшылық арқылы болады. Діннің басқа атауы "религия" 
латынның "reliqio" деген сөзінен шығып, "байланысты қалпына келтіру" деген 
ұғымды білдіретіні де осының айғағы. 
Абай ілімі бойынша дін адамзатқа ортақ түпкі мақсат беріп, болмыс заңдылықтарын 
толық қамтитын болғандықтан, ол қоғам өміріне үйлесімділік, адамға рахат пен 
бақыт әкелуге тиісті. Бірақ іс жүзінде барлығы керісінше, тіпті, кейде бұған кереғар 
болып келеді. Қазіргі заманда дін адамдарды бір-біріне жақындатқанның орнына, 
олардың арасына жік салып, халықтар мен мемлекеттер арасындағы көптеген 
қайшылықтардың, түрлі лаңкестік әрекеттердің, зорлық-зомбылықтардың себебіне 
айналып отыр. Қасиетті кітаптардың түпкі мағыналарының бұрмалануы сонша, 
тіпті, діннің не екенін, оның түпкі мақсатын көпшілік қауым жоғалтып алды. 
Қасиетті кітаптардағы сырлы сөздер өздерінің алғашқы мағыналарынан айырылып, 
тіпті кейде оған кері, қарсы мағынасын қабылдап, қарапайым адамдардың миына у 
болып жайылып, шатастырып жүр. Осының барлығы дінді түрлі саяси мүдделер 
үшін пайдалануға мүмкіндік тудырады. Сөйтіп, бүгінгі күндерде діннің жағдайы 
Шәкәрім атамыздың сөзімен айтқанда "Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне, дін десе 
тұра қашты есті азамат" кейпіне келіп отыр. 
Діннің осындай мүшкіл жағдайға келу себебі неде? Бұған Абай ілімінен жауап 
табуға болады. Ол үшін әуелі діннің не екенін түсініп алуымыз керек. Абайдың "Лай 
суға май бітпес қой өткенге" өлеңіндегі сөзімен айтқанда адамның жоғары мақсаты 
"Түп Иеге қайту" болса, дін сол мақсатты орындау үшін берілген. Діннің ішкі мәні 
және сыртқы мәнісі бар. Баршаға ортақ Түп Иеге қайту үшін ең әуелі Оған деген 
сенімді, яғни иманды өсіру керек екені белгілі. Бұл – діннің негізгі мақсаты, яғни 
түпкі мағынасы, ішкі мәні болып табылады. Дін жолындағы адамның рухани 
деңгейі оның Алла тағалаға деген осы сенімінің мөлшерімен анықталады. 
Адамның иманы неғұрлым берік болса, оның Алла тағалаға деген берілуі де 
солғұрлым жоғары болады. "Ислам" деген сөздің өзі де араб тілінен "берілу" деген 
мағынаны білдіретіні де осының айғағы. Түп Ие барлық адамзатқа ортақ 
болғандықтан, Оған деген иманды өсіру мақсаты, яғни діннің ішкі мәні де баршаға 
ортақ. Діннің ішкі мәнін, иманды өсірудің жолы – Алла тағалаға құлшылық, яғни 

ғибадат жолы. Ғибадат – діннің сыртқы мақсаты, сыртқы мәні, яғни мәнісі. Діннің 
ішкі мәнін, яғни түпкі мағынасын ескермей жасаған ғибадаттың пайдасы шамалы. 
Діндер арасындағы барлық қайшылықтардың себебі де осында жатыр. Сондықтан 
Абай діннің түпкі мағынасына көп көңіл бөледі. Ол отыз сегізінші қара сөзінде 
былай деп көрсетеді: 
"Сіздің батиныңыз (ішіңіздің) таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһир (сыртқы) 
ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат 
– 
батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік 
үшін бұйырған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпенен 
нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі де бар деген. Егер 
надандар ол ғибадаттың (табынудың) ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып 
жүріп иманы сөнер деген. Менің қаупім бар, олар хас (нағыз) осы ғибадат екен, 
Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп 
ойлайды". Ойшылдың осы сөздері діни қайшылықтардың себебін көрсетіп, ол 
қайшылықтарды дұрыс шешу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. Абай діннің 
түпкі мағынасы сыртқы ғибадатта емес, ішкі имандылықта екенін көрсетеді. 
Абай ғибадатты иманды сөндірмей, керісінше, оны нұрландыру үшін жасау керек 
екенін баса айтады. Ғибадат барысында адамның иманы нұрланып, оның Алла 
тағалаға деген сүйіспеншілік сезімі ұлғайып, Абайдың көрсеткен үш сүюіне жету, 
яғни имани гүлінің өсуіне мүмкіндік туады. Ғибадат түрлері көп. Сондықтан діннің 
сыртқы мәнісіне байланысты діндер ислам, христиан, буддалық тәрізді діни 
конфессияларға, немесе монистік, политеистік, персоналистік, имперсоналистік 
тәрізді көптеген ағымдарға бөлініп жатады. Осының өзінен діннің мақсаты, яғни 
ішкі мәні жалғыз-дара, бірақ сол мақсатқа жету жолдары көп екенін көреміз. 
Адам баласы құлшылық жолында өзіне берілген болмыс мүмкіншілігін толық 
қолдануы керек. Адам үш болмыстан – физикалық тәні, ақыл-есі және жаннан 
құралатыны белгілі. Адам өлген соң оның материалдық тәні шіріп топыраққа 
айналып, жерге қайтса, ал ақыл-есі ғарышқа тарап кетеді. Абай тәннің уақытша, ал 
жанның мәңгілікті екенін жазады. Сондықтан, Абай ілімі бойынша Хақ тағалаға тек 
қана мәңгілік өлмейтін жан ғана қайтуға тиісті. 
Діннің түпкі мақсатына жету үшін адамның үш болмысына сәйкес үш ғибадат 
түрлері беріледі. Олар мыналар: 1. Тәнге – діни рәсім. 2. Ақыл-еске – пікір. 3. Жанға 
– 
зікір. Пікір діни рәсімді де қамтиды, ал, зікір болса, ол қалған екеуін де қамтиды. 
Бұлар – ғибадаттың үш түрі. Ғибадаттың барлығына да алғашқы шарт – иман. Иман 
болмаса ғибадаттың мағынасы кетіп, мүлде басқа нәтиже беруі мүмкін. Барлық 
ғибадаттардың мақсаты бір. Ол мақсат – ғибадат барысында барлық ақыл-ойды бір 
Аллаға шоғырландыру. Бірақ ғибадат түрлерінің нәтижелері бірдей емес. Мысалы, 
оларды жолға шыққан жолаушылар жүрісімен салыстыруға болады. Онда жаяу 
жүріс – діни рәсім, автокөлік – пікір, ал ұшақ – зікір деуге болады. Ғибадат 
түрлеріне байланысты олардың орындалу әдісі, нәтижесі, адамның қадір-қасиеті, 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал