Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет23/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
екеуі екі басқа, арасы жер мен көктей алыс. Білу дегеніміз тек қана хабар, ақпарат 
дейтін  болсақ,  тану  дегеніміз  сол  ақпаратты  сезіну,  бойға  сіңіріп,  өзіндік  қасиетке 
айналдыру.  Өзінің  жан  екенін  тану  дегеніміз  –  өзінің  жан  екеніні  сезініп,  рухани 
қасиет алып, жанша әрекет ету деген сөз. 
Бұл оның материяның ықпалынан шығып, мүлде басқа қасиет, рухани қасиет алды 
деген сөз. Оның ой-өріс, сөйлеген сөзі, жасаған іс-әрекеті мүлде басқаша қасиетке 
ие  болады.  Ондай  адам  бұл  фәни  әлемнің  заңдылықтарынан  босанып,  тәні 
материалдық әлемде болса да, өзі рухани әлем заңдылығымен өмір сүреді. Өзін жан 
екенін тану дегеніміз, міне, осы. 
Өзін жан екенін тану деңгейіне тек қана тәжірибе (практика) арқылы жетуге болады. 
Өзін-өзі  танудың  екі  түрлі  жолы,  яғни  тәжірибесі  бар.  Біріншісі  –  адам  өзінің  ой-
өрісін  пайдаланып  әлемде  болып  жатқан  хикметтер  туралы,  болмысты  құрайтын 
элементтер  туралы  пікір  (фікір)  жасау.  Сөйтіп,  ол  жоғарыда  айтылған  әлемнің 
заңдылықтарын  біліп,  қандай  элементтерден  құралатынын,  оларды  бір-бірінен 
айырып,  жіктеп,  соңында  барлығы  жан  арқылы  басқарылатынын  сезіп  біледі.  Ол 
үшін жоғары дамыған ой-өріс, мықты интеллект керек. Абай ілімі бойынша білімге 
құштарлық  –  жан  құмары  болғандықтан,  білімге  ұмтылу  жаннан  шығады.  Жан 
әлемнің  барлық  элементтерін,  олардың  байланыстарын  білуге  ұмтылады.  Адам 
тіршілігі жанның өзінен шығатындықтан, ол тіршіліктің көзін іздеу – жанның өзін-
өзі  тануға  ұмтылуы  деген  сөз.  Жан  сезімдер  арқылы  түскен  барлық  хабарды 
(сигналды)  миға  ақылмен  саралатын,  сонан  соң  еске  беріп,  оған  қорытынды 
жасатады. 

Жан  осылай  біртіндеп  өзін-өзі  таниды.  Ол  өзін  таныған  соң,  оның  рухани  қасиеті 
нәзік және тұрпайы болмыстарға, яғни психикаға және тәнге беріледі. Жан осылай 
адамның  нәзік  болмысын  өзін  тануға  жұмсағанда  нәзік  болмыс  рухтың  қасиетін 
алып рухтанады. Осылай адамның бүкіл болмысы рухтанады. 
Шәкәрім  мен  Абайдың  да  рухани  жетілулері  пікір  әдісі  арқылы  болған  деп 
пайымдауға келеді. . 
Екіншісі – барлық ой-өрісті ішкі дүниеге, жанға, Құдайдың нұрына, не болмаса зікір 
арқылы Жоғары Жанға шоғырландыру (медитация). Пікір әдісінде адам өзінің бес 
сезімін толық пайдаланса, ал шоғырландыру әдісінде, керісінше, барлық сезімдерді 
тұншықтырып, олардан бас тартып, қозғалыстарын тоқтатады. 
Сонда өте нәзік рухани сезімдерге арналған психикалық энергияны сыртқы сезімдер 
пайдаланбағандықтан,  олар  бос  қалады.  Енді  ол  нәзік  энергияны  ішкі  сезімдері 
қабылдап,  ашыла  бастайды.  Сол  кезде  адам  нәзік  әлемдердің  өте  күшті  ықпалын 
сезіп,  нағыз  рухани  байлықты  сезінеді.  Ой-өріс  жанға  және  Жоғары  жанға  тура 
бағытталғандықтан, олар тезірек рухтанып, адамның өзін-өзі тануы жеңілдейді. 
Міне,  сол  үшін  осындай  сирек  жан  иелері барлық  сезімдерін  тоқтатумен  көптеген 
жылдар  шұғылданады.  Шығыс  елдерінде  жердің  астына  түсіп,  су  қараңғы,  жым-
жырт  жерде  оқшаулану  әдеті  бар.  Онда  сезімдерге  ештеңе  жоқ  жағдайға  келу 
тәжірибесі бар. Тек қана ой қалып, сол ғана жұмыс істейді. Түп Иемен бірігу үшін, 
сонан  кейін,  тіпті  оның  жұмысын  да  тоқтатады.  Бұл  әдіс фәни  өмірден  толық  қол 
үзіп, сезімдерді жүректегі Алла тағалаға толық шоғырландыруды керек ететіндіктен, 
қатаң аскетизммен (тақуалықпен) орындалады. Оқшау өмір сүру әркімнің қолынан 
келе бермейтін өте қиын, бірақ жеткізетін жетістігі өте биік және өте нәтижелі жол. 
Мысалы,  Ахмет  Яссауи  өзінің  рухани  жолында  осы  әдісті  пайдаланған.  Ол  алпыс 
үш жастан кейін жерден шұңқыр қазып, қалған өмірін сол "Қилуетте" өткізген. 
Рухтың қасиеті мәңгілікті болғандықтан, рухани дене де соның қасиетін алып ұзақ 
сақталады. Сондықтан ондай адамның өмірі ұзақ болып, ал өлсе – денесі ұзақ уақыт 
бүлінбей сақталады. Мысалы, Абайға арнап кесене салардың алдында оның сүйегі 
бұрынғы жатқан жерінен алып басқа жерге жерлеу үшін қазып алынған екен. Сонда 
рухани  жетілген  Абайдың  сүйектері  түсін  өзгертпей  сол  ақ  күйінде  қалыпты,  ал 
қасында жатқан Құдай жолына көп беріле қоймаған Оспанның сүйегі қарайған екен, 
деп жазады көргендер өздерінің естеліктерінде. Павлодар облысында туған әулиелік 
қасиеттері  бар  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлының  денесі  де  көптеген  жылдар  жер 
астында жатса да бүлінбепті деген сөз халық аузында бар. 
Салауатты  өмір  салтымен  адам  рухани  болмысын  тану  деңгейінің  жоғары 
дәрежесіне жеткенде барлық надандықтан арылады. 
Адамның өзін-өзі тану деңгейіне көтерілу жолын тағы бір шолып өтелік. Адамның 
имандылығы  дамып,  белгiлi  бiр  дәрежеге  жеткенде  оны  фәни  өмірдiң  қызығы 

жалықтыра бастайды. Сол кезде ол бұл өмірдiң қызығынан да жоғары ләззат барын 
сезеді. Ол iзденiс жасап, өзiнiң iшкi дүниесiне көңiл бөледi. Абай сөзiмен айтқанда 
"Адамның  хикмет  кеудесi"  екенiн  ұққанда  ол  көңiлiн  толық  iшкi  жандүниесiне 
аударып, iзденiске түседi. "Мен кiммiн? " деп адам өзін-өзі танығысы келеді. Сөйтiп 
имандылығы әрi қарай жетiлген кейбiр адамдар сезiм қанағатынан, келесi деңгейге – 
өзiнiң  рухани  болмысын  тану  деңгейiне  көтерiледi.  Ол  ендi  өзiн  денесiмен  емес, 
рухани  болмысымен  балай  бастайды.  Сөйтiп  оның  жалған  эгосы  нағыз  эгоға 
айналады.  Бұл  деңгейде  Абай  "Ақыл  мен  жан  –  "мен  өзiм",  тән  –  "менiкi",  "менi" 
мен "менiкiнiң" мағынасы екi", – деп жазады. 
Бұл  деңгейде  адамның  тiршiлiк  сипаты  уақытша  фәни  өмірден  мәңгiлiктi  бақи 
өмірге  ауысып,  толық  өзгередi.  Ол  рухани  бiлiм  алып  қана  қоймайды,  ендi  оны 
жетiлдiрiп,  өзiнiң  болмысын  сезiнеді.  Бұрынғыдай  көңiлiн  сыртқы  өмірге  бөлмей, 
ендi  көбiне  iшкi  дүниесiн  түсiнуге  шоғырландырады.  Өзін  Жоғары  Рухтың  бiр 
бөлшегi  ретiнде  сезiнiп,  қасиеттерi  жағынан  Абсолютпен  бiрдей  екенiн  сезiне 
бастайды. Бұл бiрлiк түсiнiгi оған қуат берiп, имандылығын арттырады. 
Бұл деңгей Абай көрсеткен Түп Иеге қайтуға мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл – рухани 
әлемге кіретін тек қана табалдырық қана тәрiздi. 
Рухани  болмысын  тану  деңгейіндегі  адам  құлшылық  жолына  әлі  түспегендіктен, 
оның  әлі  Түп  Иемен  қарым-қатынасы  болмайды.  Түсінікті  болу  үшін  жоғарыда 
келтірілген әкесінен адасқан ханзаданы еске түсірейік. Ханзада хан сарайына кіріп 
өзінің әкесін көргенде, әрине, өте қуанды. Бірақ, оның қуанышы мен алған ләззаты 
әкесімен құшақтасып, сөйлесіп, бір-бірімен қарым- қатынас жасай бастағанда оның 
қуанышы  мен  бақыт  сезімі  одан  да  ұлғайды  емес  пе.  Осылай  Түп  Иемен  әлі 
байланысқа  кірмеген  адам  мен  Онымен  байланысын  орнатқан  адамның  алатын 
ләззатін  салыстыруға  болады.  Әрине,  бұлардың  алатын  ләззаттарын  бұл  әлемнiң 
өлшемiмен салыстыруға келмейдi. 
Сонымен,  өзінің  рухани  болмысын  тануды  Құдаймен  бiрiгiп  қабысудың  алғашқы 
қадамы  деуге  болады.  Барлық  жан  иелерi  басқалармен  бiрiгуге  ұмтылады.  Себебi 
бiрiгу – ләззаттанудың тура жолы. Бiрiккен кезде қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк 
болады.  Бөлектенсе  –  ешқандай  да  қарым-қатынас  жоқ.  Өмірде  отбасы,  қоғам, 
халық,  ұлт,  адамзат  тәрізді  бірігудің  түрлі  деңгейлері  бар.  Бiрақ  бiрiгудiң  рухани 
және материалдық деңгейлерi болады. Бірігудің түрлі деңгейлерін түсінудің маңызы 
өте зор. Сондықтан, енді Абай ілімі бойынша бірігудің мәніне келейік. 
Рухани бiрiгу Абайдың "Алла тағала бiр" деген сөзiн талдағанда жоғарыда айтылды. 
Алла тағала Абсолют болғандықтан барлығы Соның құрамында, Одан басқа ештеңе 
де  жоқ.  Егер  Онымен  бiрге  емеспiн  дейтiн  болсақ,  бұл  Алла  тағаланың  бiрлiгiн 
жоққа  шығарумен  тең.  Мұны  сезiну,  мiне,  осы  деңгейде,  адам  өзiн  жан  екенiн 
сезiнген  деңгейде  мүмкiн  болады.  Бiрақ  бiрiгудiң  басқа  жоғары  деңгейлерi  бар. 
Мысалы,  кейбiр  жоғары  жетiлген  сопылар  Алла  тағаланы  "Ғашығым"  (Асығым)  , 
"Досым",  "Түп  Ием",  "Жаратушым"  және  тағы  басқадай  деп  атайды.  Бұлар  Алла 
тағаланы сезiнудiң және Онымен қарым-қатынастың әртүрлi деңгейлерi. Әр деңгей 

басқа  деңгеймен  салыстырғанда  алатын  ләззатымен  де,  қарым-қатынас  сипатымен 
де өзгеше. Бұл қарапайым адам түсiнiгiнен тысқары, құпия. 
Бұл  туралы  Абай:  "Тағрипқа  тілім  қысқа  аһ!  "  –  дейді.  Өзiнің  рухани  болмысын 
сезiнгендегi ләззаттан да жоғары рухани ләззаттың қандай үлкен екенiн сипаттауға 
фәни  өмірдiң  тiлi  жетпейдi.  Сондықтан,  енді  рухани  әлемнен  төмендеп,  өзiмiзге 
таныс фәни әлемге келейiк. 
Фәни  әлемде  де  бірігудің  негізгі  мақсаты  –  ләззат  алу.  Төменгі  әлем  жоғарыдағы 
әлеммен сәйкес болғандықтан, жан иелерi ләззаттанып, өмірдiң рахатын көру үшiн 
бұл әлемде де бiрiгедi. Бұл – материалдық бiрiгу. Рухани әлемде кiшкентай жандар 
рухани  құндылық  аясында  бiрiксе,  фәни  әлемде  олар  төменгi  материалдық  қуат 
арқылы, яғни материалдық құндылық арқылы бiрiгедi. Бұл екi бiрiгудiң бір-бірінен 
айырмашылығы үлкен: рухани бiрiгуде – шексiз ләззат бар, ал материалдық бiрiгу – 
басында  балдай  тәттi  болып  көрінгенмен,  ол  уақытша,  сондықтан,  арты  уға 
айналады. Бұл – материалдық әлемнiң заңдылығы. 
Материалдық бiрiгудiң зардабын Абай алтыншы қара сөзiнде былай деп түсiндiредi. 
"Қазақтың бiр мақалы: "өнер алды – бiрлiк, ырыс алды – тiрлiк" дейдi. Бiрлiк қандай 
елде  болады,  қайтсе  тату  болады  –  бiлмейдi.  Қазақ  ойлайды:  бiрлiк  ат  ортақ,  ас 
ортақ,  киiм  ортақ,  дәулет  ортақ  болса  екен  дейдi.  Олай  болғанда  байлықтан  не 
пайда,  кедейлiктен  не  залал?  Ағайын  құрымай  мал  iздеп  не  керек?  Жоқ,  бiрлiк  – 
ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емесӘ Бiрлiк малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. 
Ағайын алмай бiрлiк қылса керек, сонда әркiм несiбесiн Құдайдан тiлейдi, әйтпесе 
Құдайдан  тiлемейдi,  шаруа  iздемейдi.  Әуелi  бiрiне-бiрi  пәле  iздейдi.  Не  түсiн,  не 
ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қорғалатып, әйтеуiр бiрiн-
бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты? " Абайдың бұл 
сөздері өмірдегі бірліктің негізі неде екенін түсінуде үлкен маңызы бар. Ол бiрлiктiң 
негiзгi  мақсаты  рухани  құндылықта  болу  керек  екенін  түсіндіреді.  Бiрақ  фәни 
өмірдегi бiрлiк екi түрлi болатынын айтады. 
Бiрiншiсi  –  ортақ  киiм,  ортақ  дәулет,  яғни  мал-дүние  арқылы.  Мұндай  бiрлiктiң 
бақытынан  залалы  көп  болады.  Оған  себеп  –  өздерiн  тән  деп  бiлгендiктен, 
өзімшілдік  сезімдерімен  адамдар  бақытты  тән  арқылы  сезiнуге  ұмтылады. 
Тойымсыз,  арсыз  сезiмдер  адамды  өзiне  тиесiлi  несiбеден  артық  қамтуға  итередi. 
Олар  "Судың  да  сұрауы  бар"  деген  қағиданы  ұмытады.  Әркiм  қолынан  келгенше 
түрлi қулықтарға барып, басқаны алдап түсіруге ұмтылады. Осылай, Абай сөзiмен 
айтқанда, "Құдайдан тiлемей" өз күштерiмен табамыз деп имандылығын жоғалтады. 
Бiрiне-бiрi пәле iздеп, не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, пәле салып алдаудың 
амалын  iздейдi  деп,  ойшыл  осылай  мал  арқылы  жасаған  бiрлiк  адамға  бақыт 
әкелмейтінін,  сонымен  бiрге  адамға  бақыттан  гөрi  зардабы  мол  болатынын 
көрсетедi. Ол бiрлiктiң бұдан гөрi жоғары түрiне сiлтейдi. Ол – ақылға, яғни адамды 
сүйіспеншілікке  әкелетін  рухани  болмыс  арқылы  болатын  бiрлiк.  Сонда  әркiм 

несiбесiн Құдайдан тiлейдi дейдi. Осылай Абай бабамыз бiрлiктiң мақсаты Құдайға 
жақындату екенiн бiлдiредi. 
Жоғары  Жан  ықпалында  бiрiгуде  ешқандай  бөліс  жоқ,  барлығы  бір  ортаның 
мүддесінде болады. Сондықтан рухани бірлік барлық бiрлiктердің түп қазығы. Басқа 
бірліктер осы негiзгi бiрлiкке апаратын жол және оның салдары ғана. Фәни әлемде 
өмірдің  жоғары  мақсатына  жету  үшін  әркiм  өзiнiң  денесiн  дұрыс  қалыпта  сақтай 
білуі керек, ендеше мал бiрлiгi де керек. 
Адамдар Құдайға құлшылықты жақсарту үшiн бірігіп түрлi ұйымдар құрады. Әуелі, 
еркек  пен  әйел  бiрiгiп  отбасын  құрайды.  Бұл  арада  олардың  тәндерi  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  нәзiк  болмыстары  да  бiрiгiп  араласады,  сөйтiп  екi  жарты  бiр  бүтiн 
құрайды. Табиғат заңдылығы оларды бiрiктiрiп, бiр мақсатта әрекет еткiзедi. Сөйтiп 
жан  иелерi  қоғамның  алғашқы  ұйымын  –  отбасын  құрады.  Мұндай  бiрлiк  барлық 
жан  иелерiне  тән.  Мысалы,  мал  iшiнде  жылқының  үйiрi,  аңдардың  iшiнде 
қасқырдың үйiрi осының көрiнiсi деуге болады. Бiрақ адам мен хайуанаттар бiрлiгi 
арасындағы  айырмашылық  бар.  Хайуанаттарда  бiрлiктiң  негiзi  физикалық  тәннiң 
табиғи қажеттiлiгi болса, адамдарда бiрлiктiң негiзi олардың адамшылығында, яғни 
ақыл-ес,  ой-өріс, қалау-ниет  тәрiздi  нәзiк болмыстарының бiрлiгiнде.  Абай осылай 
адамның жетiлуi үшiн отбасының маңызын бiлдiредi. 
Адамдар  басқаларына  қарағанда  сана-сезiмдерi  жоғары  болғандықтан,  отбасының 
бiрлiгi  де  жоғары  болуы  керек.  Отбасы  адам  мақсатын  игеру  жолында  дамып, 
жетiлуiне  алғашқы  мүмкiндiктер  жасайды.  Сондықтан  отбасын  құру  фәни  әлемде 
адамның негiзгi табиғи мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. 
Материалдық  жетілу  сатысындағылар  тұрпайы  физикалық  тәннiң  ғана  емес, 
сонымен бiрге нәзiк болмыстардың да ықпалында. Сондықтан олардың бiрлiгi нәзiк 
болмыстарына да негiзделедi. Адамдар өздерiн ләззаттандыру үшiн өздерiнiң сөзiн, 
ой-өрісiн, мiнез-құлқын қолдайтын адамдармен бiрiгiп өзiндiк орта, партия құрайды. 
Сөйтiп,  нәзiк  болмыстары  араласып,  алмасуы  арқылы  адамдардың  өзiндiк 
қасиеттерiне  ұқсас  ұйымдар  пайда  болады.  Олар  өздерiнiң  бiрлiктерiн  сақтауға 
ұмтылып, сол үшiн күрес жүргiзуi де мүмкiн. Фәни өмірде адамдардың ой-өрісiнiң 
жетілуіне  байланысты  сезімдері  ру,  тайпа,  ұлт,  халық,  мемлекет,  бүкiл  адамзат 
тәрізді ұйымдар аумағын қамтып, кеңи бередi. 
Адамның  жандүниесi  тазарып,  бiлiмi  толысқан  сайын  өзiн  балау  шеңберi  кеңи 
бередi.  Ондай  тұлғалар  кемелдену  барысында  отбасы  мүддесi  шеңберiнен  асып 
шығып, ұлт, мемлекет, тiптi адамзат мүддесiн ойлайтын дәрежеге көтерiлуi мүмкiн. 
Халқының қамын ойлаған Абай өз қарабасы қамымен жүргендерге "Бiрiңдi, қазақ, 
бiрiң дос көрмесең, iстiң бәрi – бос" – дейдi. Осылай Абай адамды төменгi деңгейде 
тоқтап  қалмай,  iлгерi  жүруге,  биiкке  көтерiлуге  шақырады.  Ал  оған  жеткендердi 
адамзат көлемiнде бiрiгуге, ұлт не ру мүддесi деп алаламауға үндейдi. 

Бүкiл адамзат мүддесiн көздеп әрекет ететiндердi бiз шын гуманистер деп атаймыз. 
Оларға  "Адамзаттың  бәрiн  сүй  бауырым  деп"  –  дейдi  Абай.  Бұлар  –  адамдардың 
барлығы тең екенiн толық сезiнген кемелденудiң биiк деңгейiндегi адамдар. 
Бірақ,  нағыз  бірігу,  бірігудің  шыңы  –  рухани  әлемде  Түп  Иемен  бірігу  болып 
табылады.  Олар  –өздерiнiң  рухани  негізін  танығандар.  Бұл  бiрiгу  материалдық 
деңгеймен салыстыруға келмейтiн биiкте болғандықтан, алатын ләззаты да сондай 
жоғары  дәрежеде  болмақ.  Бұларда  толық  рухани  бiлiм  бар.  Өзін  толық  таныған 
адамдар  барлық  жан  иелерiн  алаламай,  барлығына  бiрдей  қарайды.  Мұндай 
адамдардың  санасы  ғарыштық  сана  деңгейiнде,  сондықтан  оларды  әдебиетте 
"ғарыштық  санаға  ие  адамдар",  немесе  кейде  "жоғарыадам"  (сверхчеловек)  деп 
атайды. 
Бұл деңгейге жеткен адамдарда шынында да қарапайым пенделерде жоқ қасиеттер 
болады.  Олардың  ақыл-есi,  сана-сезiмi,  яғни  нәзiк  денесi  ғарыштық  нәзiк  әлеммен 
байланыса  алатындықтан,  оларға  материалдық  әлемнiң  көптеген  эзотерикалық 
құпиялары  ашылады.  Олар  өткендi  және  алдағы  өмірдi  көрiп,  болжай  алады, 
материалдық нәзiк әлемдердегi жан иелерiмен байланысады, нәзiк денелерiн тәннен 
бөлiп  алып,  басқа  планеталарға  ұшып  бара  да  алады.  Мұндай  "жоғарыадамдарда" 
басқа  да  көптеген  құпия  қасиеттер  болуы  мүмкiн.  Мысалы,  ел  аузында  Ахмет 
Яссауи таң намазын Меккеге барып оқып келеді-мыс деген сөз тараған. Жоғарыда 
бiз  Абайдың  жетiлуi  туралы  айтқанда,  оның  да  ерекше  қасиеттерден  құралақан 
болмағанын көрсетiп, оған дәлелдер келтiрдiк. 
Өзін толық таныған адамдардың негiзгi қасиетi – бұл фәни өмірге байланбай, оның 
аяқ тұсайтын ықпалынан шыға бiлулерi. Ондай адамдар рух пен материяны айыра 
бiледi,  жан  тәннен  бөлек  екенiн  сезiнiп,  жанның  ықпалымен  өмір  сүредi.  Жан 
ләззатқа,  бiлiмге  толы  және  мәңгiлiктi,  сонымен  бiрге  ол  дененi  рухтандыратын 
болғандықтан, олардың өмірi фәни өмірдегiлерден мүлде бөлек ләззатты. Олардың 
өмірiн қарапайым адамдар түсiне де бермейдi. 
Бұл  деңгейге  көтерiлген  адамдарда,  жандары  денелерiн  толық  басқаратын 
болғандықтан, қарапайым пенделерде жоқ жоғары адамгершiлiк қасиеттер болады. 
Олар жұрттың құрметiне бөленген, бұрынғы кезде әмiршi-хандар сарайында емшi, 
ұстаз, немесе олардың ақылшы-көмекшiлерi болып, елдiң денсаулығын сақтау, бiлiм 
алу,  немесе  салауатты  өмір  кепiлi  болған.  Бұған  мысал  ретiнде  Әбсаттар  қажы 
Дербiсәлiнiң әйгілі жерлесiмiз әл-Фараби жөнiнде "Қазақ даласының жұлдыздары" 
атты кiтабында жазған бiр әңгiмесiн келтiре кетейiк /27/. 
"Әл-Фараби  өмірiнiң  соңғы  жылдарын  Шамның  Халаб  қаласында  өткіздi.  Осы 
жердiң әмiршiсi Сайф ад-Дауланың сарайында тұрған, кейбiр деректерге қарағанда 
оның дәрiгерi болғанға ұқсайды. Бiрақ онда да ұзақ тұрақтамаған. 
Ибн Халликан шежiресiнде Әбу Нәсiр әл-Фарабидiң Халабқа алғаш келген кездегi 
Сайф ад-Дуламен танысуы жайлы қызықты деректер келтiрiлген. Мысырдан қайтып 
оралған  бетiнде  әл-Фараби  Сайф  ад-Даула  өзiнiң  нөкерлерiмен  мәжiлiс  құрып 

отырған  үстiне  кiрiп  келгенде,  Сайф  ад-Даула  оған  "Отыр!  "  деп  әмiр  етедi.  Әл-
Фараби:  "Қай  жерге  отырайын,  сiз  отырған  жерге  ме,  жоқ  әлде  өзiм  тұрған  жерге 
ме?  " – дейдi.  Сонда  Сайф  ад-Даула:  "Өзіңе  қай жер  лайық деп  тапсаң,  сол жерге 
отыр"  –  дейдi.  Әл-Фараби  Сайф  ад-Дауланың  қасына  келiп,  оны  орнынан 
ығыстырыңқырап қасына жайғасады. Әмiршi өзi және бiрнеше нөкерi бiлетiн құпия 
сарай тiлiмен оларға: "Мен мына кiсiге бiрер сұрақ қоямын, егер ол лайықты жауап 
бере  алмаса,  жазалаңдар"–дейдi.  Сонда  әл-Фараби iле  шала  Сайф  ад-Дауланың  өзi 
жаңа ғана сөйлеген құпия тiлмен "О, әмiршiм, сәл сабыр ет. Әр iстiң артын баққан 
жөн болар! "–деген кезде ол қайран қалып: "Апырай, сiз бұл тiлдi қайдан бiлесiз? " – 
дейдi. Сонда әл-Фараби: "Ия, мен жетпiске жуық тiл бiлемiн" – деген екен. 
Бұдан  кейiн  әл-Фараби  Сайф  ад-Даула  мен  оның  сарайындағы  әншi,  ақын, 
ғалымдармен өнер жөнiнде сұхбаттасады. 
"Сайф  ад-Даула  сарайға  әуезшiлер  келсiн  деп  бұйырады.  Олар  аспаптарында 
ойнаған кезде әл-Фараби әуезшiлердi тоқтатып, ескерту, түзетулер жасап отырады. 
Сонда Сайф ад-Даула: "Сiз бұл өнердi де жақсы бiлетiн бе едiңiз? " – деп сұрайды. 
Ол:  "Иә" –  деп жауап бередi.  Сөйтедi де, белiндегi  сахтиан  кiсесiн  шығарып,  iшiн 
ашады,  одан  жiңiшке  аспапты  алып,  құлақ  күйiн  келтiрiп,  ойнауға  кiрiседi.  Жанға 
рахат  саз  шығып,  отырғандар  жадырай  бастайды.  Әл-Фараби  ендi  аспаптың  құлақ 
күйiн  басқаша  келтiрiп,  тағы  да  ойнауға  кiрiседi.  Аса  мұңды  саз  құйылып, 
отырғандар  егiлiп  жылай  бастайды.  Ақырында  ол  аспаптың  құлақ  күйiн  тағы  да 
басқаша  келтiредi  де,  ойнауға  кiрiседi,  сонда  баршасы,  тiптi  әмiрдiң  нөкерлерiне 
дейiн  мүлгiп,  ұйықтап  кетiптi.  Оларды  сол  ұйықтаған  қалпында  қалдырып,  ол 
сарайдан  шығып  кетедi".  Мiне  халқымыздың  ұлы  перзентi  әл-Фараби  өмірiнен 
келтiрiлген осы әңгiмеден рухани жетiлген адамдардың қадiр-қасиетi мен олардың 
қандай жоғары сыйға ие болғанын көре аламыз. 
Бұл  деңгейдегiлер  барлық  жан  иелерiнiң  негiзi  бiрдей,  барлығы  да  рухани  жан 
екенiн  сезiнгендiктен,  адамдарға  ғана  емес,  жан  иелерiнiң  барлығына  да  бiрдей 
көзбен  қарайды.  Олар  ешкiмдi  жынысқа,  ұлтқа,  дiнге  бөлiп  алаламайды,  ешкiмдi 
жақсы-жаман  пенде  деп  те  бөлмейдi,  ешкiмге  ренiш  те  сақтамайды.  Себебi  олар 
әркiмнiң қадiр-қасиетi, iс-әрекетi оларға берiлген дене түрлеріне байланысты екенiн 
жақсы  бiледi.  Сондықтан  олар  басқаға  деген  ашу,  ыза,  көре  алмаушылық, 
нәпсiқұмарлық тәрiздi фәнилік қасиеттерден арылған. 
Өзінiң  рухани  болмысын  тануда  сиқыр-тылсыммен,  мистикамен  айналысатындар 
жоғары  деңгейге  жеткенде  кереметтей  мистикалық  қасиеттерге  ие  бола  алады. 
Сондықтан фәни өмірдiң түрлi қиыншылық, зардап, қайғы-қасiреттерiне де төзiмдi 
келедi.  Бұған  тарихтан  көптеген  мысалдар  келтiруге  болады.  Орта  ғасырда  өмір 
сүрген  мистик  сопы  әл-Халладжды  "Ан-әл-Хақ"  (Мен  –  Хақпын)  дегенi  үшiн  оны 
дұрыс  түсiнбеген  дiни  фанатиктер  922  жылы  азаптап  өлтiредi.  Сонда  олардың 
бiлместiгi үшiн Құдайдан кешiрiм сұрап, өзi езуiн жимай күлiп өлген екен. 
Мысалға  әл-Фараби,  әл-Халладж,  Ахмет  Яссауи  тәрізді  ұлылардың  өмірін 
келтіргеніміз олар осы өзiнің рухани болмысын сезіну деңгейiнде болды деген емес. 

Бұл мысалдар өздерінің рухани болмысын таныған адамдардың дәрежесiн көрсету 
үшiн  ғана  келтiрiлiп  отыр.  Ал  олардың  өздері  одан  да  жоғары  рухани  жетiлу 
сатысында – "толық адам" сатысында болған. 
Абай  рухани  болмысын  танудың  биігіне  көтерілу  үшін  адамдарға  жан  мен  тәннiң 
бiр-бiрiнен бөлек екенiн, жанның мәңгiлiктi, ал тәннiң уақытша екенiн, өмірдiң әрбiр 
сәтi  құнды  және  оны  керi  қайтаруға  болмайтынын,  сондықтан  дұрыс  өткізу  керек 
екенiн  түсiндiредi.  Абайдың  жан  туралы  iлiмiн  дұрыс  түсiнiп,  қабылдаған  адам 
кемелденудiң  осы  жаңа  деңгейiне  көтерiледi.  Бұл  деңгейге  көтерiлетiн  адамдар 
сирек,  себебi  көпшiлiк  жұрт  өздерiнiң  материалдық  нәзiк  болмысын  сезiнуден  аса 
алмайды. 
Рухани  болмысын  сезіну  деңгейiнде  екi  үлкен  кедергi  кездеседi.  Бiрiншiсi,  рухани 
жетiлу  барысында  жоғары  деңгейге  жеткендер  кеудесiндегi  жанды  көрiп-сезiнедi. 
Жан  қасиетi  жағынан  Алла  тағаланың  нұрына  ұқсас  болғандықтан,  ондай  адам 
өзiнiң Алламен сәйкестiгiн сезiнедi. Сөйтiп, барлығы – рух, мен де – рух, сондықтан 
Алла  тағала  мен  екеумiздiң  арамызда  айырмашылық  жоқ  деген  түсiнiк  туып,  өзiн 
Жоғары  Рухпен  теңейдi.  Бұл,  әрине,  Жаратушыны  қабылдамаумен  бiрдей,  Оның 
Жоғары Рух екенiн мойындамау болып табылады. 
Екiншiсi,  бұл  деңгейде  қарапайым  пенделерде  жоқ  ерекше  құдiреттi  күштерге  ие 
болған кейбiр адамдарда астамшылық пайда болуы мүмкiн. Бұл ой Алла тағаланың 
мейiрiмдi  шапағатын  ұмытып,  "жеткен  жетiстiктердiң  себебi  мен  өзiм"  деген 
тұжырымнан  туады.  Адам  өзiн  жаратушы,  құдiреттi  сезiнедi.  Сөйтiп,  өзiне  ғана 
сенiп,  ол  Алла  тағаладан  алыстайды.  Рухани  жолдағы  бұл  кедергiлердiң  себебi  – 
адамның  имандылық  деңгейiнiң  керектi  қалыпта  жетiлмеуi.  Бұл  екi  кедергi  де 
адамның  әрi  қарай  жетiлуiне  үлкен  бақытсыздық  әкеледi.  Адам  рухани  жетiлуiн 
тоқтатады, не болмаса төмен құлдырауы мүмкiн. 


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал