Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет22/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
үйлеспейдi.  Сондықтан  дәулетке  жету  имандылық  бар  жерде  ғана  мүмкiн.  Мұның 
өзi  материалдық  жетiлудiң  келесi  деңгейiне  тек  қана  имандылық  арқылы  жетуге 
болады  деген  сөз.  Сондықтан  имандылық  деңгейi  болмай  дәулетке  жетуге,  ал 
дәулетке  жетпей  келесi  сезiм  қанағаты  деңгейiне  көтерiлу  мүмкiн  емес.  Абай 
шығармалары мiне осы реттілікті ашады. 
Иманды адам ең әуелi өзiнiң табиғи мiндеттерiн, яғни ата-аналық, балалық сияқты 
жеке басының дұрыс орындайтын болады. Ол реттегіш тәртіптерге бағынғандықтан, 
қаражатты қалай табу керек екенін біледі. Сонымен бірге, тапқан қаражатын дұрыс 
пайдаланады. Бұл оны біртіндеп дәулетке жеткiзедi. 

Дәулетке  жету  деңгейiндегi  адамда  терең  рухани  бiлiм  жоқ.  Ол  тек  қана  өмір 
заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етiп, әділ өмір сүретiн адам. Бұндай адам туралы 
Абай өзiнiң жиырма бесiншi қара сөзiнде былай дейдi: 
"Балаларды  оқытқан  да  жақсы,  бiрақ  құлшылық  қыларлық  қана,  түркi  (тiлiн) 
танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшiн бұл жер дарулхарап (қауiптi) , мұнда 
әуелi мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кiсiнiң көңiлiнде ақыл, 
бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Асап-iшуге малдың тапшылығы да, 
ағайынның  араздығы  да  –  әртүрлi  пәлеге,  ұрлық,  зорлық,  қулық,  сұмдық  секiлдi 
нәрселерге үйiрлендiруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, 
бiлiм түгiл өнер керек екен. Соны үйренейiн не балама үйретейiн деп ойына жақсы 
түседi". 
Мiне,  Абайдың  бұл  данышпандық  сөзiнде  сөз  болып  отырған  адамның  болмысы 
берiлген. Бұл адамның әрi қарай жетiлуiнде маңызды орын алатын кезең. Абайдың 
айтуынша,  оқу-бiлiм,  өнер  үйрену  тәрiздi  өзiн  жетiлдiру  тек  қарын  тойғаннан  соң 
болмақ.  Әуелi  материалдық  дәулетке  жету  барлық  жан  иелерiнiң  мақсаты.  Яғни, 
адамның рухани жетiлуi үшiн әуелi өмір сүруге қолайлы жағдай болсын. Үйленiп үй 
болып,  бала-шағалы  болғаннан  кейiн  оларға  таршылық  көрсетпей,  тұрмыс-
тiршiлiгiне қажеттi тағаммен, киiм-кешекпен қамтамасыз ету керек. 
Ол үшiн адам қоғам өмірiне араласып, түрлі ұйымдар-қоғамдастықтарға кіріп, еңбек 
етiп, қаражат, мал табады. Мiне осы тәрiздi өмірлiк қажеттіліктерге қолы жеткеннен 
кейiн ғана адам өзiн әрi қарай жетiлдiруге көңiл бөле алады. Сөйтіп бақыт сезіміне 
бөлене алады. 
Осы  деңгейдегi  қарапайым  адамдарға  Абай  көбiнесе  еңбек  етудi,  мал  табудың 
жолын  үйренудi  ұсынған.  "Ақыл  дәулетке  бiтпейдi,  ақылға  дәулет  бiтедi,  –  дептi 
Абай Дәулетиярға. – Ақылды орнымен жұмсап, бақыт, дәулет табу – әрбiр адамның 
жiгер,  талап,  қайраттылығына,  еңбек,  өнерiне  байланысты".  Стамбек  дегенге  ол: 
"Кедейлiктен  еңбек  қылсаң  құтыласың,  жалғыздықтан  көппен  пiкiрiңдi  қоссаң 
құтыласың",  -  деген.  "Еңбек  етсең  ерінбей  –  тояды  қарның  тіленбей."  –  деген 
мәтелге айналған, ұлағатты сөзі де осы қатардан. 
Бұл  деңгейге  жете  алмай  жүргендерді  "Талай  сөз  бұдан  бұрын  көп  айтқанмын" 
өлеңінде  :  "Не  ғылым  жоқ,  немесе  еңбек  те  жоқ,  Ең  болмаса  кеттің  ғой  мал  баға 
алмай."  –  деп  мүсіркей  сөйлейді.  Сондықтан  қайтсең  де  мал  тап,  еңбек  ет.  Бірақ 
келесі деңгейге көтерілу үшін имандылықты өсіру керек екенін ұмытпа. Сондықтан 
малды  қулық,  сұмдықсыз  өзіңнің  адал  еңбегіңмен  табу  керек.  Әйтпесе  ондай 
еңбектің  пайдасынан  көрі  зияны  көп  болып  кетеді  дегендей,  ақын  былай  деп 
жазады: 
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас
Еңбек қылмас еріншек адам болмас. 

Есек көтін жусаң да мал тауып кел, 
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас. 
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, 
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас. 
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен, 
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. 
("Аш қарын жұбана ма май ас жемей", 1895 ж.) 
Ойшылдың  осы  ғибратты  сөздері  әсіресе  бүгінгі  жаңа  бой  көтеріп,  байып  келе 
жатқан  бизнесмен,  коммерсант  делінетін  жастар  үшін өте  маңызды.  Себебі  кейбір 
жас  бизнесмендер  арасында  қолына  жинаған  аздаған  қаражатын  нәпсінің  соңына 
салып,  өздерінің  еңбегін,  елдің  байлығын  босқа  рәсуә  қылып,  шашып  жүргендер 
бар.  Оларға  ұлы  ойшыл  "Сұм  нәпсің  үйір  болса,  тез  тиылмас."  –  деп  ескерту 
жасағандай  болады.  Одан  да  тапқан  байлығыңды  халық  үшін  пайдаланып,  өз 
болмысыңды түзетуге жұмсап, әрі қарай жетілуге ұмтыл дегендей болады. 
Сонымен бірге, мақсат жалғыз "құрсақ қамын ойлау" болса, дәулетке жеткен адам 
сонымен  қанағаттанып,  әрi  қарай  талпынбаса  өмірдiң  негiзгi  мақсатын  есiнен 
шығарып  алуы  мүмкiн.  Негiзгi  мақсатынан  айрылған  адам  көңiлiн  өмірдiң 
шырғалаңдарына аударып, одан шыға алмай шырмалып қалады. Сондықтан ойшыл 
бұл  деңгейдегi  адамдар  қолы  жеткен  азын-аулақ  мал-дәулетпен  тоқырап  қалмай, 
жетiле  түсуге,  көкiрек  көзiн  ашып,  келесi  деңгейге  көтерiлуге  жол  сiлтейдi.  Ол 
өзінiң үшiншi қара сөзiнде: 
"Қазақтың  бiрiнiң-бiрiне  қаскүнем  болмағының,  бiрiнiң  тiлеуiн  бiрi 
тiлеспейтұғынының,  рас  сөзі  аз  болатұғынының,  қызметке  таласқыш 
болатұғынының, өздерiнiң жалқау болатұғынының себебi не? " – деп адам мiнезiнiң 
көлеңке жақтарын тiзе келiп соның себебiн өзi әрi қарай былай деп түсiндiредi: 
"Мұның бәрi төрт аяқты малды көбейтемiннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егiн, 
сауда, өнер, ғылым – солар секiлдi нәрселерге салынса, бұлай болмас едi". 
Мiне,  данышпан  төменгi  деңгейдегi  бейбақтарға  "еңбек  ет,  мал  тап"  десе,  оған 
жеткендерге  "оны  енді  таста,  онан  да  жоғары  мақсат  бар,  соған  ұмтыл"  дегендей 
олардың алдына басқа мiндеттi көлденең тартады. Үйткенi мұқтаждықтан құтылып, 
белгiлi  мөлшерде  мал-дүние  жинаған  адам  өз  алдына  биiгiрек  мақсат  қоюға, 
бұрынғы шеңберден кеңiрек ойлауға мүмкiндiк алады. 
Имандылығы  әрi  қарай  дамығанда  тамағы  тойып,  "әртүрлi  пәлеге,  ұрлық,  зорлық, 
қулық,  сұмдық  секiлдi  нәрселерге"  бармайды.  Бұл  оның  нәзiк  болмысын,  ақыл-ес, 
ой-өрісiн  тазартады.  Егер  адамның  имандылығы  өспесе,  ол  сол  деңгейде  тұсалып 

қалады, тiптi төмен құлдырауы да мүмкiн. Бұларға Абай "Тамағы тоқтық, жұмысы 
жоқтық аздырар адам баласын" деп ескертедi. 
Сөйтiп  ізденгіш  адам  өмірден  қанағат  алып,  ләззаттанғысы  келедi.  Оның  санасы 
енді  тән  деңгейінен  көтеріліп  ақыл-ес  деңгейіне  жетеді.  Мұндай  адам  бiлiмге, 
өнерге,  түрлi  ойын-сауық,  қызықтарға  көңiл  бөле  бастайды.  Бұл  –оның  келесi 
деңгейге,  сезiм  қанағаты  деңгейiне  көтерiлуiнің,  өзінің  сана-сезімін  әрі  қарай 
дамытуының кепілі. 
3.3. Бақыт іздеу 
Имандылығы белгiлi бiр дәрежеге көтерiлiп, өсу, дамудың сезiм қанағаты деңгейiне 
жеткен  адамдар  ендi  өмірдi  тән  құмары  арқылы  ғана  емес,  одан  жоғары  өздерiнiң 
iшкi  сезiмдерi  арқылы  сезiнiп,  өмір  қызығын  басқа  жолдармен  де  ала  бастайды. 
Олар дәулетке жеткен соң ендi өмір қызығын көрiп-бiлуге, сол арқылы фәни өмірдiң 
қызығына батып, бақыт құшағына ұмтылады. Бiрақ бақытты сезiну дәрежесi әртүрлi 
болатыны  белгiлi.  Бұл  әркiмнiң  жетiлуiне  байланысты.  Мысалы,  нәжiспен 
қоректенiп,  шалшықтың  ортасында  жатқан  доңыз  да  өзiн  бақытты  сезiнуi  мүмкiн. 
Ал адам оны бақыт деп есептемейдi. Себебi доңыз бен адамның бақыт сезiмдерiнiң 
айырмашылығы үлкен. 
Абай  қырық  төртiншi  қара  сөзiнде  мен  боламын  деп  талаптанған  адамға  "әуелi 
көкiректi тазалау керек, онан соң ғибадат қыл" – дейдi. Сөйтiп адам жетiлу жолына 
түсуi  үшiн  әуелi  көкiрегiн  тазартуы  керек.  Сонда  оның  сезімдері  тазарып,  жоғары 
ләззатты  іздей  бастайды.  Көкiрек  көзi  рухани  бiлiм  арқылы  ашылады.  Сондықтан 
ойшыл  оныншы  қара  сөзiнде  былай  дейдi:  "Қош,  сүйтiп  жүрiп-ақ  мал  таптың, 
байыдың.  Сол  малды  сарып  қылып,  ғылым  табу  керек.  өзің  таба  алмасаң,  балаң 
тапсын,  ғылымсыз  ахирет  те  жоқ,  дүние  де  жоқ.  Ғылымсыз  оқыған  намаз,  тұтқан 
ораза, қылған хаж, ешбiр ғибадат орнына бармайды". 
Ойшылдың бұл арадағы ғылым деген сөзі қазіргі замандағы түсініктегі жоғары оқу 
орнын бітіру ғана емес, сонымен бірге рухани деңгейді көтеруді білдіретінін естен 
шығармау керек. Рухани деңгейге байланысты бақыт сезiмі әртүрлі деңгейде. Жан 
иесiнiң  рухани  дәрежесi  көтерілген  сайын,  оның  бақыт  сезiмi  де  көтеріле  береді. 
Сондықтан  "бақыт"  деген  түсiнiк  әркiмде  әртүрлi  және  қарапайым  өмірде  күрделi 
мәселе. Оның себебiн біраз түсiндiре кетейiк. 
Адамның  бақыты  –  сол  сәттегi  ләззаттану  шағы.  Ал,  ең  жоғарғы  ләззат  жанның 
Алла  тағаламен  байланысу  кезі.  Бiрақ  бұл  деңгейге  жету  әркiмнiң  қолынан  келе 
бермейдi. Себебi, фәни өмірде жан тазалығына жету өте қиын шаруа. Абай қырық 
үшiншi  сөзiнде  жазғанындай  "Адам  ұғлы  екi  нәрседен:  бiрi  -  тән,  бiрi  -  жан". 
Сондықтан, адам ләззатты тән арқылы, немесе жан арқылы алуы мүмкiн. Әрi қарай 
Абай  адам  ләззатты  тән  арқылы  қалай  алатынын  түсiндiредi.  Ойшыл  жанның 
сыртқы хабарды бес сезiм мүшелерiмен қабылдап, түрлi әсер алатынын айтады. Бұл 
– 
сыртқы сезім. 

Егер  алған  әсер  жақсы  болса  –  қуанып,  ләззаттанамыз,  ал  жаман  болса  –  ренжiп, 
қайғы  шегемiз.  Сонымен  бiрге,  сезiм дегенiмiз  сезiм  мүшелерiнiң  қабылдағандары 
ғана  емес,  одан  да  кең  деңгейде  түсiндiрiлетiн  құбылыс.  Сезiм  мүшелерi  арқылы 
өмір  көрiнiстерiн  бiздiң  тәнiмiз  сезiнедi.  Бұл  –  тұрпайы  физикалық  әлем.  Көзбен 
көрген,  құлақпен  естiген,  мұрынмен  иiскеген,  тiлмен  алынған  дәм  және  дененiң 
терiсiмен  алынған  хабарлар  ақыл-ес  арқылы  көңiлге  түсiп  суреттеледi.  Бұл  –  ішкi 
сезiм.  Осыдан  бiлетiнiмiз,  сезiмге  сыртқы  сезiмдерден  басқа  адамның  iшкi 
дүниесiнiң құбылыстары жатады. Сырттан алған хабарлар бiздiң ақылымызға келiп 
түскенде ми компьютер тәрiздi оны саралап қорыта бастайды. Сөйтiп оның жақсы 
екенi,  не  болмаса  жаман  екенi,  яғни  қабылдауға  болатыны,  немесе  болмайтыны 
анықталады. 
Ал егер өмірдiң осы құбылысын ақылдан жоғары тұрған есiмiз арқылы талқылайтын 
болсақ,  оның  мәнiне  тереңiрек  үңiлiп,  пайда  болу  себебiн,  келешекте  болатын 
салдарын да бiле аламыз. Сөйтiп, өзiмiздiң оған деген ойымызды, қалау-ниетiмiздi 
бiлдiремiз.  Бұл  кезде  қуаныш-қайғы,  сүйiспеншiлiк,  мейiрiмдiлiк,  рақымдылық, 
ашу-ыза,  қорқыныш,  өкiнiш,  қызғаныш,  алдау,  ар-ұят,  өркөкiректiк,  ренiш,  таң 
қалушылық тәрiздi басқадай да сезiмдерге бөленуiмiз мүмкiн. 
Жан  рухпен  хабарды  сезiм  мүшелерi  және  ақыл-ес  арқылы  алатын  болғандықтан, 
түскен  хабардың  рухани  деңгейі  солардың  тазалығына  байланысты  болады. 
Сондықтан  сезiмдердi  рухани  жолмен,  ең  болмаса  эстетикалық  тәрбие  көмегiмен 
жетiлдiрудiң маңызы бар. Егер сезiм мүшелерi таза болмаса, оның берген хабарлары 
да лас болып, жанның алатын ләззаты азаяды. Жанның өзi әуелден пәк, сондықтан 
ол  тазалық  арқылы  ләззаттанады.  Жанның  алатын  ләззатының  жоғарылығы  оған 
түскен хабарлардың тазалығына байланысты. 
Өкiнiшке  қарай,  күнделiктi  өмірде  адамдар  имандылықтың  төмендiгiнен  өздерінің 
назарын  қалай  қарай,  не  нәрсеге  бағыттауды  білмейді.  Мәселен,  сөз  бостандығын 
дұрыс пайдалана алмаудың нәтижесiнде теледидар, газет-журналдар тәрiздi ақпарат 
құралдарының бетiнде берiлiп жатқан кейбір сапасыз хабарларды алайық. Бұлардың 
рухани жетiлуге үлкен зиян келтiретiнi белгiлi. Ондай хабарға үйiр адамдар көкiрек 
көздерiн  шел  басқан,  жандары  ұйқыда  болғандықтан,  өздерiнiң  бақытсыздығын 
сезiнбейдi.  Iшкi  жан  дүниесi  әлi  тазармаған  адам  өмірдiң  ләззатын  толық  ала 
алмайды. 
Адам  жоғарғы  ләззатты,  нағыз  бақытты  жан  арқылы  алады.  Ал  таза  рухани  жан 
ләззатты Жоғары Рухпен тура байланыста, материалдық денеден тыс, тiкелей алады. 
Сондықтан,  шел  басқан  сыртқы  сезiм  мүшелерi  арқылы  жанды  қанағаттандыру 
мүмкiн  емес.  Сезiмдер  материалды  болғандықтан,  олар  рухани  ләззатты  қабылдай 
алмайды.  Жан  рухани  құмарын  қандыра  алмай  ашығып,  бүкiл  адам  болмысы 
сергелдеңге  түсiп,  жан  иесiн  тұйыққа  тiрейдi.  Осының  салдарынан  жан  өмірден 
түңiлiп,  бәрiнен  жалығады.  Бұл  туралы  Абай  жиырмасынша  сөзiнде  былай  деп 
жазады: 

"Тағдырдың жарлығын бiлесiздер – өзгерiлмейдi. Пендеде бiр iс бар жалығу деген. 
Ол – тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны адам өзi тапқан емес. Оған егер 
бiр  iлiксе,  адам  баласы  құтылмағы  қиын.  Қайраттанып,  сiлкiп  тастап  кетсең  де, 
ақырында тағы келiп жеңедi. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам 
баласының жалықпайтұғын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, 
мақтаннан да, кербездiктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңiл аз ба, көп пе, 
жалығады.  Оның  үшiн  бәрiнiң  ғайыбын  көредi,  баянсызын  бiледi,  көңiлi 
бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бiрқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры 
бiр қалыпты тұрмайды. Әрбiр мақұлыққа Құдай тағала бiрқалыпты тұрмақты берген 
жоқ". 
Ойшылдың  осы  сөздерiнен  көп  нәрсенi  ұғуға  болады.  Бұл  фәни  өмір  жалған, 
тұрақсыз. Жан қанағат ала алмағандықтан адам бәрiнен де жалығады. Бiрақ жалығу 
деген  ақылы  түгел,  ойлы  адамның  баласына  ғана  лайық.  Ақылсыз  адамдар 
жалығуды  бiлмей,  фәни  қызығын  алған  үстiне  ала  бергiсi  келедi.  Себебi  олардың 
жүрегi  әлi  ұйқыда,  жандары  тазармағандықтан,  өмірдiң  жоғары  деңгейiн  біліп, 
сезiнбейдi. Ондай адамдарды Абай "Партия жиып пара алған, пейiлi кедей байлар" 
деп бағалайды. 
Бұларды  Руми,  басқа  да  ой  алыптары  тәрізді  Абай  өздерiнiң  бақытсыз  екенiн 
сезбейтiн малмен салыстырады. Ол бұл туралы пiкiрiн толықтырып, әлгi қара сөзiн 
былай деп жалғастырады: 
"Бiрақ осы жалығу деген әрненi көрем деген, көп көрген, дәмiн, бағасын, бәрiнiң де 
баянсызын бiлiп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, 
дүниенiң әрбiр қызығының ақырының шолақтығын көрген-бiлгендер тiршiлiктен де 
жалықса  болады.  Бұлай  болғанда  ақымақтық,  қайғысыздық  та  бiр  ғанибет  (олжа) 
екен деп ойлаймын". 
Әрине, ойшылдың бұл сөздерiнен ақымақ болған жақсы екен деген ой тумаса керек. 
Ол бұл арада ақылды адамның қасиетiн ғана берiп отыр. Ақылды адам фәни өмірдiң 
өткiншi,  жалған  екенiн  түсiнiп,  жаны  қиналғандықтан  тiршiлiктен  де  бас  тартуы 
мүмкiн. Сөйтiп өмірден бақыт таба алмай, "байлар да жылайды". Мысалы, тұрмысы 
жетiлген  бай  саналатын  батыс  елдерiнде  рухани  тығырықтан  шыға  алмай 
маскүнемдiк,  анаша  тарту,  зинақорлыққа  ұрынып,  не  болмаса  өзiне-өзi  қол  салып 
бұл өмірден мезгiлсiз кетiп жатқан адамдар аз емес. 
Бұл  –  олардың  жандарының  ашығып  азаптануының  көрiнiсi.  Адамның  осындай 
жағдайын  Абай  бiрiншi  қара  сөзiнде:  "ендi  қалған  өмірiмiздi  қайтып,  не  қылып 
өткіземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын" деп бiлдiредi. 
Абайдың  он  бесiншi  қара  сөзiнен  естi  кiсi  мен  есер  кiсiнiң  әрекетiн  салыстыруға 
болады.  "Әуелi  -  пенде  адам  болып  жаратылған  соң,  дүниеде  ешбiр  нәрсенi 
қызықтамай  жүре  алмайды"  деп  өмірден  ләззат  iздеу  барлық  жан  иелерiне  тән 
қасиет екенiн тағы да атап көрсетедi. Адам өзiнiң мақсатына жеткен кезде бойында 
мастану  әсерi  пайда  болады.  Естi  адам  мұндай  кезде  ол  сияқты  жарамсыз  әсерге 

түгел берiлiп кетпей, өзiн ұстай бiлiп, өмірден тағлым алып, өз болмысын тазартып, 
жетiле  бередi.  Ал  есер  адам  болса  сезiмдерiн  басқара  алмайды,  әр  iстiң  керектi 
мөлшерiн де бiлмейдi, сондықтан ондай жағдайда "... ер-тоқымын тастап, бөркi түсiп 
қалып, етегi атының к...н жауып кетiп, екi көзi аспанда, жынды кiсiше шаба берудi 
бiледi  екен,  соны  көрдiм"  –  дейдi.  Ондайлар  сезiмдерiнiң  құлына  айналып, 
тойымсыз нәпсi ықпалымен төмен құлдырайды. Бойларына түрлi жаман қасиеттердi 
жинайды. 
Имандылығық  қатар  жетілмеген  жағдайда  сезiм  қанағатына  жеткен  адам  жан 
құмарын  ұмытып,  өзін-өзі  дене  деп  танығандықтан,  барлық  күш-қуатты  тән  мен 
нәзiк  болмыстарына  жұмсайды.  Бұлар  туралы  ақын  "Дененiң  барша  қуаты  өнерге 
салар  бар  күшiн"  –  дейдi.  Сөйтiп  олар  Алла  тағаладан  спортпен,  ғылыммен,  түрлi 
өнермен шұғылдану, байлық жинау немесе мансапқорлыққа салыну тәрiздi фәнилiк 
тiлектердi  сұрап,  ләззат  табады.  Әсемдiк,  сұлулыққа  ұмтылу  да  осыдан  шығады. 
Олар  атақ-даңқты  терiс  көрмейдi.  Мұндай  адамдар  қол  жеткен  жетiстiктерiн 
көрсетiп, мақтан етуге бейiм. Кейбiреулерi өзiмшiлдiк мiнездер байқатуы да мүмкiн. 
Қай  қайсы  да өздерiнiң беделi үшiн  әрекет  етедi.  Бұл  жағдай қоғамдағы  тартысты 
бәсеңдетпейдi, керiсiнше үдете түседi. 
Бүгінгі күндердегі модадан шықты деп үйіндегі жиһаздарын ауыстырып, не болмаса 
бір-бірімен  бәсекелесіп  той-домалақты  рабайсыз  молайтуы  осының  көрінісі. 
Фәнилік  өмірде  бәсекелесу  деген  әдет  бір  жағынан  көптеген  зардаптың  себебі 
болады.  Мысалы,  жуырда  екі  адамның  мынандай  әңгімесіне  куә  болдым.  Екі 
адамның  бірі  өзінің  қызына  төртінші  сынып  бітірген  кешіне  сегіз  мың  теңгенің 
көйлегін сатып әперіпті. 
Екінші  адамның  "Бұл  әжесінің  бір  айлық  зейнетақысы  ғой,  соншалықты  қымбат 
көйлекті  неге  әпердің?  "  –  деген  сұрағына  "Барлығы  да  қыздарына  сондай  көйлек 
әперіп  жатыр,  мен  қызымды  олардан  кем  киіндіргім  келмейді"  –  деп  жауап  берді. 
Банктен  ссуда  (несие)  алып,  қарызданып  қырық  жылдық  мерейтойын  үлкен 
мейрамханаларда  өткізіп,  тойлап  жатқандар  бар.  Міне  осындай  бәсекелік  бүкіл 
қоғамдық сананы жайлап, өріс алған жай бар. 
Осылай, көпшілік әрнеге құмартып өмірдiң ағынымен өмір сүре бередi, соған өздерi 
риза. Ал кейбiр ақылдылары бұл өмірдiң қызығына әбден тойып, жалығып, тұйыққа 
тiреледi. Абай ілімі бойынша сезiм қанағатының үш деңгейiн көрсетуге болады. 
Бiрiншiсi, өмір хикметiн көрсе де, оның мәнiн ұқпаған, өзiнiң өмірдегi орнына толық 
қанағат ететiн, басқаны керек қылмайтын, қайғы-мұңсыз ой-өрісі шектеулі адамдар. 
Олар азаппен өмірiн кешедi. Бірақ оны өздері білмейді. 
Екiншiсi,  бұл  өмірдiң  барлық  қызығын  көрiп  болған,  бiрақ  оның  барлығынан 
жалыққан,  ендi  тығырыққа  тiрелiп,  одан  жол  тауып  шыға  алмай  жүрген  ойлы 
адамдар.  Жанға  батқан  қайғы-қасiретке  шыдамай,  өзiне-өзi  қол  салушылар 
осылардың арасынан шығады. 

Үшіншісі,  өмірдің  қызығы  тек  қана  тән  құмары  емес,  одан  да  жоғары  мән  барын 
түсіне бастаған, имандылығы жетілген адамдар. Жетiлудiң бұл дәрежесiне адамдар 
өте сирек жете алады. Ондай адамдар тәнiн қанағаттандыруды қойып, ендi жанын 
қанағаттандыруға  ұмтылады.  Осылай  олар  рухани  тығырықтан  шығады.  Олар  бұл 
фәни өмірге деген құмарлығы азайып, оған байланбай, ендi рухани iзденiс жолына 
түседi. 
Абайдың өз өмірi осыны көрсетеді. Ол дәулеттi ортада өмірге келгендiктен өмірiн 
осы  сезiм  қанағаты  деңгейiнен  бастады.  Фәнилiк  барлық  қызық  жалықтырғаннан 
кейiн  ол  рухани  iзденiске  түседi.  Сөйтiп  жаңа  деңгейге  көтерiле  алды.  Әрi  қарай 
жетiлу  жолымен  ол  хакiм  деңгейiне  дейiн  жетті.  Абайдың  бiрiншi  қара  сөзi  мен 
көптеген өлеңдерi мiне осыны көрсетедi. 
Жан ләззатқа толы болғандықтан, адамның ләззатты iздеуi табиғи нәрсе. Бұл бүкiл 
болмыс  өмірiне  рахат  ләззат  берiп,  оның  тiршiлiгiн  жiгерлендiрушi  күш  болып 
табылады.  Жан  иелерiнiң  барлығы  да  iзденiсте.  Бiрақ  олардың  көпшiлiгi  рухани 
бiлiмнiң жоқтығынан ләззатты басқа жерден, ол жоқ жерден iздеп адасуда. Рухани 
бiлiм алып, имандылығы өскен сайын адам өзiнiң адасқанын бiле бастайды. Сөйтiп, 
ол рухани өмірге ұмтылады. 
Бұл  бүкiл  қоғамның  жетiлу  кепiлi.  Жанның  жетiлу  дәрежесi  оның  ояну  деңгейiне 
байланысты. Жан оянған сайын жетiлуге ұмтылыс та ұлғая бередi. Бұның өзi жетiлу 
үшiн жүректі тазарту керек екенiн бiлдiредi. Жүрек тазарған сайын жан тәндi билеп, 
адамның жан құмарлығы өсе береді. 
Рухани  бiлiмге  ие  болған  адам  болмыс  заңдылықтарын  игередi.  Ол  бұл  өмірдiң 
қайғы-қасiретке  толы  уақытша  екенiн,  адам  өмірiнiң  негiзгi  мақсаты  –  мәңгiлiктi 
жоғары ләззатқа ұмтылу екенiн түсiнгенде бұл фәни өмірге көзқарасы өзгередi. Ол 
ендi  бұл  өмірдi  өзiн  қанағаттандыру  үшiн  емес,  салауатты  өмір  салтымен  өзiн-өзі 
тану  арқылы  рухани  болмысын  тануға  тура  бағыттайды.  Рухани  бiлiм  молайған 
сайын  әлем  заңдылықтарын  түсiнiп,  көкiрек  көзi  ашылғаннан  кейiн  өмірiн  бiр 
жүйелi қалыпқа келтiреді. Ал, мұндай рухани бiлiмдi Абай керегiнше берген. 
Бұл  деңгейде  рухани  жолда  жүрген  адам  үрей-қорқыныштан  арылады  дедік.  Иә, 
фәни  әлемнiң  бiр  қасиетi  –  қорқыныш.  Бұл  жан  иелерiнiң  барлығына  тән. 
Хайуанаттар жанын қорғаса, ал адамдарда жұмысын, отбасын, ұлтын, жерiн, дiнiн, 
мемлекетiн  қорғау  болып  шеңберi  кеңи  бередi.  Осылардың  барлығы  үрей  мен 
қорқыныш тудырады. Имансыздар үшiн ең үлкен қорқыныш – алдында тұрған өлiм 
қорқынышы. Барлық жан иелерi жанталасып қорғануға мәжбүр. Қорғануға ұмтылу – 
адамзат қоғамындағы материалдық өркениеттің бір себебі. Қорғаныс – материалдық 
әлемде өмір сүретiн жан иелерiнiң төрт (ұйқы, тамақ табу, ұрпақ қалдыру, қорғану) 
әрекетiнiң бiрi. 
Құдай тағаланың салғанымен өмірдiң түрлi жылтырақтарының қызығын қуып, сезiм 
қанағатымен  жүрген  адамның  көзіне  "Қорқыттың  көрі"  елестемек.  Оның  мақсаты 
өзгерiп  отыратындықтан,  өмірi  түрлi  шырғалаңға  толы.  Бұл  үрей-қорқыныш, 

тынышсыздық  (психологиялық  стресс)  тудырып,  адам  одан  құтылуға  ұмтылады. 
Жетiлу  дәрежесi  белгiлi  бiр  деңгейге жеткенде  ол  құбылыстардың  барлығы Құдай 
тағаланың  шапағатымен  болатынын  түсiнедi,  сөйтiп  өмір  ләззатын  болмыс 
заңдылығымен  үйлесiмдi  салауатты  өмірден  алуға  ұмтылатын  болады.  Ол  барлық 
құбылыстың себебi болатынын, ал себептердiң себебi Алла тағала екенiн түсiнгенде 
Оған  берiлiп,  жаны  тыныштық  табады.  Барлық  үрей-қорқыныштан  арылып,  жан 
тыныштығын табуға амалы осы. 
Сонымен,  оянған  жүрек  адамның  сезiмдерiн  өсіруге  мүмкiндiк  бередi,  ал  олар 
рухани  қуатты  қабылдап,  жүректiң  тазаруын  күшейте  түседi.  Осылай  жүрек  пен 
сезiм бiр-бiрiн қолдап отырады, ал имансыз адамда керiсiнше, жүрек пен сезiмдер 
қайшылықты болып, бiр-бiрлерiн былғанышқа толтыра береді. 
Рухани бiлiм алып, өзiнiң рухани болмысын тани бастағанда адам жоғары ләззәтқа 
бөленіп, жетілудің келесі деңгейіне көтерілуге мүмкіндік туады. 
3.4. Адамның өзiнiң рухани болмысын тануы 
Адамның өзін-өзі тануының шыңы – өзінің рухани болмысын тануы. Өзін-өзі тану 
дегеніміз  өзін-өзі  білу  емес.  Абайдың  "Ақыл  мен  жан  –  мен  өзім,  тән  –  менікі" 
дегенін  біліп,  біз  өзімізді  бірден  жан  ретінде  тани  алмаймыз.  Өзін  білу  мен  тану, 


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал