Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет21/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
сезiну. Бұл деңгейде бiлiм iшкi сезiмдер, яғни ой-өріс, ақыл-ес арқылы қабылданып, 
еске сақталады. 
Бұлардың  еске  сақтау  қабiлетiн  бiлдiретiн  жады  –  қысқа  және  ұзақ  –  деп  екiге 
бөлiнедi.  Адамның  ұзақ  жады  нәзiк  болмыстың  сипаты  және  адамның  жетiлуiне 
байланысты  түрлi  дәрежеде.  Мысалы,  қарапайым  адам  Абайдың  берген  өмірдің 
түпкі мақсатын естiп, оған мойын ұсынуы мүмкiн. Бiрақ былай шыққаннан кейiн ол 
естiгенiн  ұмытып,  қайтадан  өз  қалпына  келiп,  фәнилiк  өмірмен  кетедi.  Осы 
айтылғандарды ұлы Абай жерiне жеткiзiп, былай дейдi: 
Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн, 
Жоқты-барды, ертегiнi термек үшiн. 
Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды, 
Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн. 
Бұл сөздi тасыр ұқпас, талапты ұғар, 
Көңiлiнiң көзi ашық, сергек үшiн. 
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, 
Сыртын танып iс бiтпес, сырын көрмей. 
Шу дегенде құлағың тосаңсиды. 
Өскен соң мұндай сөздi бұрын көрмей. 
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, 
Және айта бер дейдi жұрт тыным бермей. 
("Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн". 1888 ж.) 
Ақынның  осы  өлеңiнен  көп  нәрсенiң  мәнiн  түсiнемiз.  Бұл  өлеңде  сөздi  ұғарлық 
қасиет,  сонымен  бiрге,  ол  сөздi  қалай  тыңдау  керек  екендiгi,  сөз  ұқпаудың  және 
өзiнiң өлең жазуының себептерi көркем сөзбен жүрекке жеткiзе берiледi. 
Бiрақ ол бұл дәрежеге ұзақ уақыт бiртiндеп көтерiледi. Оның алғашқы шарты дұрыс 
адам болуға ұмтылу, ал ол үшiн әуелi имандылықты қабылдау қажет. 

3. Адам сатысы 
Екінші  саты  –  "адам"  сатысы,  немесе,  материалдық  жетілу  сатысы.  Адамдардың 
санасының жетілуіне байланысты бұл сатыны төрт деңгейге бөлуге болады. 
Бiрiншiсi,  имандылыққа  жетiп,  өмірдiң  реттегiш  тәртiптерiн  қабылдағандар.  Бұлар 
өмірден  сабақ  ала  біліп,  имандылыққа  жетiп,  реттегiш  тәртiптердiң  көмегiмен  өз 
өмірiн  белгiлi  бiр  жүйеге  салғандар.  Реттегіш  тәртіптерді  қабылдаудың  арқасында 
олар келесi деңгейге, материалдық дәулетке көтерiлуге мүмкiндiк алады. Бұл үшiн 
дәулетке  жету  деген  адамның  ынта-жігері  болуы  керек,  ал  дәулетке  жету  үшін 
имандылықтың арқасында қанағатқа жетуі керек. 
Екiншiсi,  материалдық  дәулетке  жету.  Бұл  деңгейдегi  адамда  қанағат  сезiмi  бар. 
Сондықтан  ондай  адам  материалдық  игiлiкке  жете  алады.  Бұл  деңгейдегi  пенде 
өзiнiң өмірлiк алғашқы мұқтаждарын қамтамасыз етiп, ендi сезiмдерiн тойындыруға 
ұмтылған адам. Келесі деңгейге көтерілу шарттары: ынта-жігері – өмірдің қызығын 
молырақ көру, ал мүмкiндiгi – материалдық байлықтың белгiлi бiр дәрежеге жетуi. 
Үшiншiсi,  сезiм  қанағатына  жету.  Бұл  деңгейде  адам  өмір  ләззатын  молырақ  алу 
үшiн  өзiнiң  ақыл-ес,  ой-өріс,  мiнез-құлқын  жетiлдiрумен  шұғылданады.  Өмірдiң 
қызығын  әбден  көрiп,  белгiлi  бiр  дәрежеге  жетiп,  барлығының  алданыш,  өткiншi 
екенiн сезгеннен кейiн, өмірдiң мақсаты, бүкiл болмыстың мәнi туралы мәселелерге 
көңіл бөлуге мүмкiндiк алады. Сөйтiп өзiнiң түпкi болмысын танып-бiлу деңгейiне 
көтерiледi.  Бұған  өзін-өзі  тануға  құштарланып  өмірдiң  жоғарғы  ләззатын  алуға 
ұмтылушылық пен фәни өмірдің жалықтыруы тірек болады. 
Төртiншiсi, өзін-өзі тануы, яғни өзiнiң жан екенiн түсiнiп-сезiнуi арқылы адамның 
рухани  бiлiм  жолына  түсуi.  Ол  рухани  бiлiм  алып  қана  қоймайды,  сонымен  бiрге 
алған  бiлiмiн  өмірде  қолдануға  ден  қояды.  Сөйтiп  ол  жан  мен  тән  қасиеттерiн 
айырып, өзiнiң  жан  екенiн  түсiнiп-сезiну  арқылы  жетiлудiң  келесi  сатысына өтедi. 
Бұған  мүмкiндiк  – өзiнiң  Жоғары  Рухтың бiр болымсыз  кiшкентай бөлшегi екенiн 
түсiнуi, ал ынта-жігері – Жоғары Рухқа құлшылық жасауда болады. 
3.1. Имандылық 
Жетілудің төменгі сатысынан, келесі, материалдық жетілу сатысына көтерілу үшін 
бейберекет  өмірден,  белгілі  бір  тәртіпке  бағынатын  ретті  өмірге  көшу  керек. 
Бейберекет өмірдің қайғы-қасіретінен жапа шеккен санасы төменгі адам белгілі бір 
жағдайларда  өзінің бақытсыздығының себебін  түсінеді.  Ол  енді өмірде  бұлжымас, 
барлығын реттейтін заңдылықтар барын түсіне бастайды. Ол өмірін дұрыстау үшін 
өзінің бұрынғы жарамсыз әдет, мінез-құлық, іс-әрекет, ой-өрістен  құтылып,  дұрыс 
жолға  түскісі  келеді.  Осылай  оған  болмыс  заңдылығына  деген  сенім,  яғни  иман 
орнай  бастайды.  Ол  өмірдің  реттегіш  тәртіптерін  қабылдап,  оны  мүлтіксіз 
орындауға  тырысады.  Бұл  оның  санасын  адамдық  деңгейге  көтереді,  ал  өзі  адам 
сатысына  өтуге  мүмкіндік  алады.  Өмірді  реттегіш  тәртіптердің  негізі  иманда, 
имандылықта  жатыр.  Абай  ілімі  бойынша  имандылық  –  адам  өмірін  болмыспен 

үйлестіретін ең қуатты және ең тиімді әдіс. Егер өмірдің түп мәніне үңілетін болсақ, 
адамдық  сипаттың  өзі  осы  имандылықтан  басталады.  Имандылық  деңгейіндегі 
адамның негізгі қасиеті - иман, яғни, сенім. Бұл сенім өмірдің зардабын көп көріп, 
қорқыныштан  пайда  болған.  Оның  мақсаты  –  бейнеттен  құтылу,  сондықтан, 
отбасының тыныштығына көп көңіл бөледі, ал санасы – ақыл деңгейінде. 
Иманның не екенiн Абай он үшiншi қара сөзiнде былай деп бередi: 
"Иман  деген  –  Алла  табарака  уа  тағаланың  шәриксиз  (көмекшiсiз,  серiксiз)  , 
ғайыпсыз  (мәңгiлiктi)  ,  бiрлiгiне,  барлығына  уа  әртүрлi  бiзге  пайғамбарымыз 
саллалаһу  ғалайһи  уәсәлләм  арқылы  жiберген  жарлығына,  бiлдiргенiне  мойын 
ұсынып,  инанмақ".  Сонымен  иман  дегенiмiз  Алла  тағаланың  мәңгiлiктi,  бiр,  бар 
екенiне сену және Оның пайғамбарымыз арқылы жiберген жарлығына мойынсыну. 
Ал имандылық дегенiмiз иманды iске асыру, яғни болмыстың бiр себебi барына, ол 
барлығына  ортақ  заңдылықтарға  бағынатынына  сенiп,  өмірдi  соған  лайықтау.  Бұл 
бүкiл  болмыс  өмірiнiң  үйлесiмдiлiк  тәртiбi  болғандықтан,  имандылықты 
қабылдауды материалдық жетiлу сатысының басы, яғни салауатты өмірдiң басталуы 
деуге  болады.  Материалдық  жетiлу  үшін  салауатты  өмір  керек.  Сондықтан, 
салауатты өмір мен материалдық жетілу мүмкіндіктері бір-бірімен үндесіп, астасып 
жатады. 
Абай  иманға  келудiң  маңызын  көрсетіп,  әрi  қарай  иманға  келудің  жолдары 
ақылымен  дәлел  тауып  және  кiтаптан  оқу  арқылы,  немесе  діни  адамдардан  естiп 
иманға келуге болатынын жазады. Тапқан иманға ие болып, оны әрі қарай ұлғайту, 
әрине, оңай іс емес. Иманды өсіру тәртібін Абай былай деп береді: 
"Ендi мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңiл, босанбас көңiл керек 
екен...  Иманға  қарсы  келерлiк  орында  ешбiр  пенде  Құдай  тағала  кеңшiлiгiмен 
кешедi-дағы  демесiн,  оның  үшiн  Құдай  тағаланың  ғафуына  (кешiру)  яки 
пайғамбарымыздың  шафағатына  (көмегi)  да  сыймайды,  мүмкiн  де  емес.  "Қылыш 
үстiнде  серт  жоқ"  деген,  "Құдай  тағаланың  кешпес  күнәсi  жоқ"  деген  жалған 
мақалды  қуат  көрген  мұндай  пенденiң  жүзi  құрсын".  Мiне,  ойшыл  иманның 
маңызын  осылай  көрсетiп,  оның  дұрыс  болу  жолын  көрсетеді.  Сонымен  бірге, 
иманды өсіру үшін жасаған ғибадаттың тазалығы керек. Бұл туралы Абай он екiншi 
қара сөзiнде былай дейді: 
"Лакин  (бiрақ)  ,  сондай  адамдар  толымды  ғибадатқа  ғылымы  жетпесе  де,  қылса 
екен. Бiрақ оның екi шарты бар, соны бiлсе екен. Әуелi – иманның иғтиқадын (ішкі 
мәнін) махкемлемек (бекітпек) керек, екiншi үйренiп жеткенше осы да болады ғой 
демей, үйрене берсе екен. Кiмде-кiм үйренiп жетпей жатып, үйренгенiн қойса, оны 
Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин (ал бiрақ) , кiмде кiм иманның 
неше  нәрсемен  кәмәләт  (кемелдік)  табатұғынын  бiлмей,  қанша  жерден 
бұзылатұғынын  бiлмей,  басына  шалма  орап,  бiрәдар  атын  көтерiп,  оразашыл, 
намазшыл  болып  жүргенi  көңiлге  қалың  бермей  тұрып,  жыртысын  салғанға 
ұқсайды. Күзетшiсiз, ескерусiз иман тұрмайды, ықыласыменен өзiн-өзi аңдып, шын 
дiни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды". Осы 

сөздерден адамның рухани жолда жетiлуi үшiн, бiрiншiден, иманды бекiту керек, ал 
екiншiден,  үнемi  үйренiп,  рухани  дами  беру  керек  екенiн  ұғамыз.  Бұл  рухани 
жетiлудiң,  яғни  жүректi  тазарту  жолының  шарты.  Иман  дәрежесi,  яғни  сенiм 
дәрежесi  адамның  рухани  деңгейiн  көрсетедi.  Адам  неғұрлым  даму  барысында 
жоғары  көтерiлсе,  оның  солғұрлым  иманы  жоғары  болады.  Оның  жаны  тазарған 
сайын иманы ұлғая түседi. Бұл өмір мақсатына толық жеткенше созылатын үздiксiз 
үрдiс.  Абай  ғибадатты  үлкен  ынта-жiгерменен  ықыласпенен  салғыртсыз  дұрыс 
жасау  керектігін  осылай  түсіндіреді.  Ол  ғибадатты  иманның  таза  болуын 
қадағалайтын күзетшiсi деп есептейдi. 
Әуелде  имандылықты  ұстау  өте  қиын  болады.  Жүректің  тазалығы  өз  дәрежесіне 
жетіп  үлгермегендіктен,  адам  фәни  өмірдiң  қызығына  алаңдай  бередi.  Сөйтiп  ол 
қайтадан төменгi сатыға құлауы мүмкiн. Ондай адамдар туралы Абай отыз төртiншi 
қара сөзiнде былай дейдi: 
"Және  Һәмманы  жаратқан  Құдай  бар,  ахиретте  сұрау  алады,  жамандыққа 
жазғырады,  жақсылыққа  жарылғайды,..  бегiрек  есепсiз  қинауы  да  бар,  бегiрек 
есепсiз  жетiстiруi  де  бар  деп  –  бәрiне  сендiк  дейдi.  Жоқ,  онысына  мен  сенбеймiн. 
Олар сендiм десе де, анық ақиқат көзi жетiп, ден қойып, ұйып сенбейдi. Ол екеуiне 
(бәрiнiң өлетұғынына және Құдайдың барлығына) анық сенген кiсiге уайым ойлап 
не керек? Осы екеуiне лайықты жақсылықты өздерi де iздеп таба бередi. Егер де осы 
екеуiне бұлдыр сенiп отырса, ендi неге сендiре аламыз? Оны қайтып түзете аламыз? 
Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой деймiз?.. Оның несi адам? " Адам 
деңгейіне  тек  қана  имандылық  арқылы  көтерілуге  болатынын  Абай  осылай 
білдіреді.  Ол  осы  сөздерімен  имандылықтың  адам  өміріндегі  маңызын  анық 
көрсетіп  отыр  емес  пе?  Себебі  имандылықтың,  яғни  сенімнің  үлкен  маңызы  бар. 
Сенім болғанда ғана адамның санасы барлық хайуанаттарға ортақ тәндік санадан аса 
алады. Алла тағалаға сену – адамның хайуанаттардан негізгі айырмашылығы емес 
пе.  Иманды  адамда  жақсылыққа  ұмтылу  өмір  тәртібі  болғандықтан,  ешқандай 
уайым  (фәнилiктi  айтады)  болмайды.  Имандылықты  сөз  жүзінде  қолдап,  ал  іс 
жүзінде  керісінше  әрекет  жасайтындарды  Абай  мұсылман  деп  те,  адам  деп  те 
атағысы  келмейдi.  Осыдан  данышпан  мұрасының  негiзгi  түйiнi  адамды  тек  қана 
өмірдiң жоғарғы мақсатына бағыттау екенiн көремiз. 
Қорыта келе айтарымыз: Абай мұрасы – имандылық айнасы. 
Имандылыққа  төрт  түрлi  адамдар  келедi.  Бiрiншiсi,  өмірдiң  қайғы-қасіретінен 
құтылу үшін келгендер. Бұлардың жүректерi өмірдiң зардабымен бiртiндеп тазарған. 
Сөйтіп, олар имандылыққа жетті. 
Өмір зардабы себептерін Абай ілімінен көре аламыз. Абай жеке адамдар ғана емес, 
бүкiл  адамзат  қоғамы  дұрыс  жетiлуі  үшiн  болмыс  заңдылықтарын  жақсы  түсiнiп, 
оларды  бұлжытпай  орындауы  керек  екенiн  бiлдiредi.  Адамзат  қоғамында  ол 
заңдылықтар  жүйеленiп,  көбiнесе  түрлi  реттегiш  принциптер,  тәртiптер  ретiнде 
қалыптасады.  Ол  тәртiптер  толық  орындалмай,  немесе  мүлдем  ұмытылған  кезде 
қоғам  өмірi  жетiлмек  тұра  тұрсын,  керiсiнше,  құлдырау  жолына  түседi.  Сол кезде 

материалдық  әлемнiң  ақ-қара,  суық-жылы,  жақсылық-жамандық,  бақыт-зардап 
тәрiздi,  тағы  сол  сияқты  екiұдайылық  қасиеттерi  адамға  үлкен  сынақ  әкеледi. 
Бұлардың  табиғи  құбылыс  екенi  туралы  Абай  жиырма  сегiзiншi  қара  сөзiнде 
көрсетеді. 
Адамның  жақсылық,  не  болмаса  жамандық  көруi  өзiнiң  болмыс  заңдылықтарын 
дұрыс ұғып, дұрыс орындауына, яғни имандылығына байланысты. Адамның әділет 
заңдылығы бойынша көретін көрешегіне Құдай араласпайды. Егер пенденiң жүрегi 
ояу,  имандылығы  жоғары  болып,  нәпсiсiнiң  құлы  болмай,  сезiмдерiн  белгiлi  бiр 
бағытта  тежеу  арқылы  өмір  тәртiптерiн  бұзбай,  дұрыс  іс-әрекет  жасайтын  болса, 
оның  тағдыры  да  солай  айқын,  бақытты  болады.  Ал  керiсiнше,  тойымсыз 
сезiмдерiнiң  ырқына  берiлiп,  тек  қана  өз  құлқынының  құлы  болып,  басқалардың 
керегiн аяққа басып, оларға қасiрет әкелетiн болса, соған байланысты ерте ме, кеш 
пе  азапты  тартады. Табиғаттың бұлжымас  әділет  заңы бойынша "Не  ексең  –  соны 
орасың" деген  осы.  Өмірдегi барлық  зардаптың  себебi,  мiне,  осында.  Бiрақ  бұл  да 
Жаратушының адамға деген бір мейiрiмдiлiгi. 
Ауыртпалық адамды ойға қалдырып, оның ой-өрісін тазартып, имандылыққа келудi 
жеңiлдетедi.  Бiрақ  бұл  имандылықа  келудің  ауыр  және  ұзақ  жолы.  Данышпан 
осылайша  Тәңiрi  өзiнiң  пенделерiн  бiртiндеп  үйретiп,  дұрыс  жолға  салып,  өмір 
мақсатына  жетуге  көмектеседi  деген  ой  тастайды.  Бұның  өзi  әл-Ғазалидiң  бұл 
өмірдегi  жақсылық  та,  жамандық  та  адамның  пайдасы  үшiн  деген  қағидасымен 
үндесiп жатыр. 
Имандылыққа келетiндердiң екiншiсi – дәулет iздегендер. Мысалы, бүгiнгi кәсiпкер 
бiр  үлкен  iстiң  алдында  өзiнiң  жолы  болуын  Құдай  тағаладан  бiр  рет  жалбарына 
сұрауы  мүмкiн.  Егер,  Құдай  тағаланың  ырқы  болса,  оның  мақсаты  орындалады. 
Бұдан үмiтi оянған кәсiпкер екiншi, үшiншi рет жалбарынады және оның нәтижесiн 
көредi. Сөйтiп, ол ешнәрсенiң себепсiз болмайтынына көзi жетiп, әр iсiнде де жолы 
болуын сұрап, Жаратушыға бетiн бұратын болады. Осылай ол имандылыққа жетедi. 
Ол Құдайға байлық үшiн жалбарынады. 
Үшiншiсi,  өмірдiң  сыр-құпияларын  тереңдеп  бiлгiсi  келетiн  бiлiмпаздар. 
Ғалымдардың кейбiреулерi табиғат заңдылықтарын зерттей келiп, бүкiл болмыстың 
жалпы заңдылықтары барына көзi жетiп, оның себебiн iздейдi. Бұл ізденіс барлық 
себептердiң бiр себебi барын түсініп, сенген адамды имандылыққа жеткiзедi. 
Төртiншiсi,  Абсолюттiк  Ақиқатты  iздегендер.  Бұлар  болмыстың  түпкі  мақсатына 
ұмтылып,  Алла  тағаланың  Өзін  іздеп  ең  жоғарғы  ләззатқа  ұмтылғандар.  Бұлар  – 
рухани жолға түскендердiң ең жоғарғылары. Үлкен талап, шын ниетiмен талпынған 
адамға өмірдiң түпкi мақсатына жетуге мүмкіндік бар. 
Жетілу жолындағы адам Құдайдың Өзіне сенiп, Оның сансыз көп қуаттарына сенiп, 
не  болмаса  олардың  кәрiнен  қорқады.  Имандылық  кімге  болса  да  адамгершiлiгін 
жоймай,  дұрыс  өмір  сүруіне  мүмкіндік  береді.  Санасы  жоғары  адамдардың  өмірі 
өздерінің ішкі дүниесімен басқарылып, олар ұят сезімін аяққа баспайды. Ал санасы 

төмен  болып  ұят  сезімдері  өздерін  басқара  алмайтындарға  дұрыс  өмір  сүру  үшін 
басқа тәртіптер керек. 
Оларға  жасаған  қателіктері үшін  соған  сәйкес  жазаларын беріп,  табиғаттың  әділет 
заңы  барын  сездіріп,  бойларына  сіңіру  керек.  Жазадан  қорқу  оларды  өздерінің 
адамгершiлiк  қасиеттерiн  сақтап,  табиғи  мiндеттерiн  орындауға  мәжбүр  етедi. 
"Ғылым-білімді  әуел  бастан  бала  өзі  ізденіп  таппайды.  Басында  зорлықпенен  яки 
алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала 
ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады". – 
деп  жазады  Абай  отыз  сегізінші  сөзінде.  Діннің  де  "Жақсылығың  үшін  –  жұмақ, 
жамандығың үшін – тозақ" деген қағидасы осы принципке негізделген болса керек. 
Реттегіш  тәртіптерге  имандылық  қана  емес,  басқа  да  жүйелер  жатады.  Халықтың 
ұлттық  әдет-ғұрыптары,  салт-дәстүрлері,  тіпті  бір  кездегі  "Коммунизм 
құрылысшысының  моральдық  кодексі"  де  реттегіш  тәртіп  бола  алды.  Мысалы, 
Кеңес дәуiрiнде үкiмет орнатқан темiрдей қатты тәртiптiң арқасында ұрлық-қарлық, 
жұмысқа  шықпай  қалу  сияқты  қоғамға  зиянды  әрекеттер  қатты  жазаланып 
отырғандықтан,  әркiм  өзiнiң  мiндетiн  дұрыс  орындауға  ұмтылды.  Соның 
нәтижесiнде  алғашқы  тәртiптiң  әлi  босаңсымай  тұрған  шағында  Кеңес  елі  жақсы 
жетiлiп, тiптi алдыңғы қатарлы капиталистiк елдермен үзеңгі қағыстырды емес пе? ! 
Манада  айтқан  халықтың  ұлттық  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлері  де  адамның 
адамгершілігін  жоғалтпауына  үлкен  ықпал  болып  табылады.  Халықтың  ұлттық 
дәстүрін  бұзу  қоғамға  қарсы  әрекет  деген  сөз.  Сондықтан  олар  қатты  жазалануы 
керек.  Бұрын  бейберекет,  қалай  болса  солай  өмір  сүрiп  жүрген  адамға  өзін  дұрыс 
жолға салу үшін өнеге керек. Сондықтан ол рухани жетілген, имандылығы жоғары 
кiсi  іздеп,  немесе  өзіне  жақсы  қоғам  іздеуі  керек.  Бұл  оның  дұрыс  жолға  түсуін 
жеңілдетеді. 
Сонда  ол  түзелейiн  деп  түзелмейдi,  жақсы  адамды  ренжiтуден,  қоршаған  ортаның 
тәртiбiн  бұзудан  қорыққандықтан,  не  болмаса  оны  сыйлағандықтан  түзеледi. 
Сондықтан  пенде  адам  болуы  үшiн  не  Құдайдан,  не  болмаса  Оның  қуаттарынан, 
қала берді бұзуға болмайтын әділет заңдылығынан қорқуы керек. Адам санасының 
төменгi  деңгейінде  басқа  қозғаушы  күш  жоқ.  Мұны  бүгiнгi  заман  өзгерiстерiнен 
көрiп  отырмыз.  Демократия  орнап,  жазалау  қаупi  төмендегеннен  кейiн  ұрлық-
қарлық,  зинақорлық,  пара  алушылық,  қызмет  бабын  пайдаланушылық, 
сыбайластық,  коррупция,  жұмыстан  қашушылық  тәрiздi  қоғамға  зиянды 
әділетсіздіктердің  бетке  шығуы  –  осының көрiнiстерi.  Бұлар –  Абайдың "Жұмысы 
жоқтық,  тамағы  тоқтық  –  аздырар  адам  баласын"–  деген  данышпандық  сөзінің 
дәлелі. 
Имандылыққа  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинаған  әдет-ғұрып,  салт-сана  болып 
қалыптасқан тәжірибелеріне қоса ұлттық психология, әдептік нормалары, халықтың 
түрлі  наным-танымдары  жататыны  белгілі.  Бұлар  да  түрлі  реттегіш  тәртіптерді 
құрайды.  Оларға,  айталық,  үлкен  кісінің  жолын  кесіп  өтпе,  анаңа  қатты  сөйлеме, 
нанды  аяққа  баспа,  ақты  төкпе,  гүлді  жұлма,  көкті  баспа,  малды  басқа  ұрма, 

қарлығаштың  ұясын  бұзба,  "жоқ"  деп  айтпа,  адамға  қарап  түкірме,  кешке  қарай 
көңіл  сұрама,  бейуақытта  жылама,  үйде  ысқырма,  пышақты  шалқасынан  қойма, 
біреуге  қару  кеземе,  таңдайыңды  қақпа,  бөрігіңді  теріс  қаратып  киме,  мойныңа 
белбеу  салма,  отпен  ойнама,  екі  езуіңді  керме,  пышақтың  жүзін  жалама,  адамды 
саусақпен  санама,  құстың  ұясын  бұзба,  тісіңді  шұқыма,  күлді  шашпа,  суға  дәрет 
сындырма,  шелектегі  суға  аузыңды  батырма,  шашты  аяқ  астына  тастама,  құдыққа 
түкірме, киімнің жағасын баспа тәрізді тәртіптер жатады. 
Мұхтар Шахановтың пайымдауына қарағанда қазақта мұндай сөздер 240-тан асады. 
Бұлардың кейбіреулерінің түпкі мәні бірден түсінікті бола бермеуі де мүмкін. Себебі 
бұл  заңдылықтар  адамның  психологиясымен,  дүниенің  көрінбейтін  нәзік 
сырларымен байланысты көрсетеді. Көкірек көзі ашық адамдар бұлардың барлығын 
түсіндіріп бере алады. Ал қарапайым адамдарға олардың кейбіреулерін түсінбесе де 
мүлтіксіз  орындағандары  абзал.  Сонда  ол  табиғаттың  көптеген  кесапаттарынан 
аулақ болады. 
Реттегіш  тәртіптердің  басты  қайнар  көзі  –  дін.  Адам  өмірiн  реттейтiн  тәртiптер 
исламиятта  молынан  берiлген.  Діни  салт  дәстүрден  басқа,  олардың  ең  қарапайым 
түрлерi: адамның мiндеттi түрде отбасылы болуы, сәби сүюi, еркек баласы болуы, 
үй салуы және тағы сол сияқтылар. Мiне осылар сияқты тағы да көптеген реттегiш 
тәртiптердi бұлжытпай ұстану бүкiл қоғам өмірiнiң жүйелi дамуының кепiлi болып 
табылады. 
Адам  өмірiн  реттейтiн  тәртiптер  руханиятқа  салынған  соқпақ  тәрiздi,  яғни 
имандылықтың  алғашқы  шарты.  Имандылығы  төмен  қоғамдарда  бұл  принциптер 
моральдық-этикалық өлшемдермен, қарабайыр түрлі кодекс жазбалармен реттеледi. 
Қасиеттi  жазбаларда  берiлген  реттегiш  тәртiптердiң  сыртқы  мәнiнен  басқа,  адам 
көзiнен  сырт  қалатын  iшкi  мәнi  де  болады.  Оны  толық  түсiну  көбiнесе  оңайға 
түспейдi.  Сондықтан  реттегiш  принциптер  көп  талқыға  салынбай  мүлтiксiз 
орындалғанда ғана толық нәтижесiн бередi. Адамның, тiптi бүкiл қоғамның жетiлуi 
осы реттегiш тәртiптердi орындау дәрежесiне тәуелді. 
Реттегiш  тәртiптер  адамның  сезiмдерiн  ауыздықтап,  нәпсiге  жол  бермеуiне, 
жарамсыз  iстерден  қорғап,  сабырлы  болуға  үйретедi.  Сөйтiп  адамның  iшкi 
дүниесiнiң  бiртiндеп  тазаруы  барысында  көкiрек  көзi  ашылып,  жанының  оянуына 
жағдай туады. 
Реттегiш тәртiптердi – адамның дамуына септесетін және оған бөгет болатын – деп 
екiге бөлуге болады. Көмектесетiн реттегiш тәртiптерге имандылықтың тiрегi болып 
табылатын төрт принцип жатады. Олар: iшкi және сыртқы тазалық; аскеттiк немесе 
тақуалық  (жоғары  мақсат  үшiн  өзiне  ыңғайлы  жағдайлардан  бас  тарту)  ; 
қайырымдылық  және  шыншылдық.  Бұлар  адамның  материалдық  және  рухани 
жетiлуiнiң барлық нормаларын қамтиды. Адамның да, қоғамның да жетiлу дәрежесi 
осы  төртеуiнiң  таза  ұсталуына  байланысты.  Себебi,  бұлар  адамның  iшкi  және 
сыртқы болмысын тәрбиелеуге арналған. 

Абай бұлар туралы "Алланың Өзі де рас, сөзi де рас" өлеңiнде, отыз сегiзiншi қара 
сөзiнде  анық  бiлдiредi.  Реттегіш  тәртіптерге  Абайдың  "Бiр  дәурен  кемдi  күнге  – 
бозбалалық",  "Жiгiттер  ойын  арзан,  күлкi  қымбат",  "Бiреудi  көркi  бар  деп  жақсы 
көрме", "Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар", "Ғылым таппай мақтанба", "Әуелде бiр 
суық мұз – ақыл зерек", "Интернатта оқып жүр" тәрізді шығармалары арналған. 
Жетiлуге бөгет болатын тәртiптер: арақ-шарап, нашақорлық тағы басқадай адамның 
жүйкесiн  қоздыратын  нәрселердi  қолдану;  зинақорлық;  харам  тамақ  iшу;  қарта 
сияқты  құмарлықты  қоздыратын  ойындар.  Бұлардың  адамның  сыртқы  және  iшкi 
жан дүниелерiн кiрлетiп, тоздырғаннан, адамды аздырғаннан басқа пайдасы жоқ. 
Абай  өз  шығармаларында  ретсiз  бейберекет  өмірдiң  зардабын  көрсете  отырып, 
әркiмдi  реттегiш  тәртiптердi  қатаң  ұстануға  шақырады.  Себебi  бұлар  имандылық 
тiрегi болып табылады. 
3.2. Байлық деңгейі 
Материалдық  даму  сатысының  екінші  деңгейі  –  дәулетке  жету.  Адам  имандылық 
жолына  түсiп,  соған  байланысты  рухани,  адамгершiлiк,  қоғамда  қабылданған 
моральдық-этикалық  тәртiптердi  дұрыс  орындап,  түрлi  реттегiш  тәртiптердi 
басшылыққа  алатын  болса,  ақыры  өмірi  де  бiр  арнаға  түсiп,  қызығы  көбейiп, 
қиындығы  азая  бермек.  Иманды  адамда  қанағат  сезiмi  пайда  болады.  "Қанағат  – 
қарын тойғызар" – дейді халық. Сөйтіп, қанағат өзiн дәулеттi сезiнуді жеңілдетеді. 
Бұл  –  дәулетке  жету  кепiлi.  Дәулеттi  сезiну  адамның  тәубешілік,  қанағат  сезiмiне 
байланысты.  Тәбесі,  қанағаты  бар  адам  қалтасында  қанша  ақша  болса  да  өзін 
бақытты  сезінеді.  Себебі,  ол  барлығы  мейірімді  Алла  тағаланың  рақымына 
байланысты екеніне толық сенеді. Ал егер қанағат сезiм жоқ болса, онда адам қанша 
байыса да оған үнемі бір нәрсе жетіспейді. Сөйтiп ол өзiн ешуақытта дәулеттi санай 
алмайды.  Имандылығы  жоқ,  қанағатсыз  адамдар  мал-дүниесi  қанша  көп  болса  да 
сараңдықтан  шыға  алмайды.  Бұл  –  тойымсыздық,  өзi  тойғанмен  көзi  тоймайды. 
Яғни  қанағаттың  антиподы  –  тойымсыздық.  Имансыздық  пен  имандылық  бiр-
бiрiмен  қалай  үйлеспейтiн  болса,  қанағат  пен  тойымсыздық  та  бiр-бiрiмен  солай 


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал