Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет20/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
"Заман ақыр жастары", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Қор болды жаным", "Сабырсыз, 
арсыз, еріншек", "Сегіз аяқ" тәрізді өлеңдері мен 2...6, 11, 14, 21, 22, 29, 30, 33, 36, 
37, 42, 44-
қара  сөздерінен  жақсы  көре  аламыз.  Абайдың  санасы  төмен  осындай 
адамдарға  сонша  көп  шығармасын  арнаған  себебі,  олар өмірдің  қиыншылықтарын 
ең  көп  көретіндер.  Сондықтан,  ең  әуелі  соларға  көмектесу  керек.  Сонымен  бірге, 
көкірек көздері әлі ашылмағандықтан оларды дұрыс жолға салу да оңай емес. Өмір 
сырларын  оларға  бір  емес,  көп  рет  қайталап  айту  керек.  Ал  көкірек  көздері  ашық 
адамдарға көп айтудың қажеті жоқ. 
Керек сөзді олар бірден қағып алады. Санасы төменгі сатыда тұрғандарға олардың 
санасын көтеру үшін соншалықты көп сөз айта отырып, ал санасы жоғары жетілген 
адамдарға  арналған  өмірдің  түпкі  мақсаты  жөніндегі  өзінің  негізгі  қағидасын 
Абайдың бір-ақ жерде "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңінде ғана келтіретіні 
осының себебі болса керек. 
Ал  бұны  дұрыс  түсінгісі  келмей,  өздерінің  пендешіліктеріне  сылтау  іздеушілер 
"Өмірдің  түпкі  мақсаты  жөнінде  Абай  бір  жерде  ғана  айтқан!  Оны  неменеге 
қайталай береміз! ?" – дейтіндер бар. Бірақ соған қарамай, заман талабы бойынша 
көпшілік қауым пайдасы үшін бұндай қайталаудың зияны жоқ қой деген үмітпен біз 
өмірдің  түпкі  мақсатын бірнеше  жерде  қайталап  отырмыз.  Бұған  ғафу  етуді  сұрай 
отырып "қайталау – білім анасы" – деп тағы айтқымыз келеді. 
Көкіректе сәуле, көңілде сенім жоқ адамдарда iшкi, сыртқы тазалық та, әдептi мiнез 
де, шындық та болмайды. Олар тек қана өз қарабасының қамын ойлап, өз құлқынын 
ғана  ойлағандықтан  адамгершiлiк  талаптарын  да  жиi  аяққа  басады.  Аз  iстеп,  көп 
алуға  ұмтылып, жалқаулыққа,  мөлшерден артық ұйқы  мен  тамақ жеуге  салынады. 
Абай  өзiнiң  үшiншi  қара  сөзiнде  оларды  былайша  сипаттайды:  "Һамма  ғаламға 
белгiлi  данышпандар  әлдеқашан  байқаған:  әрбiр  жалқау  кiсi  қорқақ,  қайратсыз 
тартады;  әрбiр  қайратсыз,  қорқақ  мақтаншақ  келедi;  әрбiр  мақтаншақ  қорқақ, 
ақылсыз,  надан  келедi;  әрбiр  ақылсыз  надан  арсыз  келедi;  әрбiр  арсыз  жалқаудан 
сұрамсақ,  өзi  тойымсыз,  өнерсiз,  ешкiмге  достығы  жоқ  жандар  шығады".  Санасы 
төменгi сатыда тұрған адамдардың қасиеттерiн бұдан шебер суреттеудiң өзi мүмкiн 
болмас,  сiрә.  "Бойы  бұлғаң"  өлеңiнде  осы  тектес  адамдарды  көргеннен-ақ  "беттi 

бастым,  қатты  састым,  тұра  қаштым  жалма-жан"–  деп  ондайлардың  бет-бейнесін 
ашып береді. 
Абайдың  бұл  сатыдағы  адамдар  бейнесiн  жасаған  шығармаларын  оқып  отырып 
осының барлығы тек қазақ халқына ғана тән нәрсе екен, ақын өз халқын неге мұнша 
жерiне жеткiзе сынаған, деген ой тууы мүмкiн. Бұл, әрине, жаңсақ пiкiр. Ұлы Руми 
көрсеткендей,  даму  деңгейiнiң  төменгi  сатысында  тұрғандар  бүкiл  адамзат 
қауымына ортақ көрiнiс. 
Бұлар – бiр халықтың ғана көрiнiсi емес, бүкiл адамзат қауымының көрiнiсi. Фәни 
өмірдiң  заңдылығын  көрсететiн  құбылыстардың  бiрi.  Абай  мұрасы  жалпы  өмір 
заңдылықтарын  ашуға  бағытталған,  сондықтан  оны  белгiлi  бiр  халықтың,  не 
болмаса дiннiң тар шеңберiнде қарастыруға болмайды. Оны адамзат қауымы, керек 
десеңіз, бүкiл болмыс тұрғысында қарастыру керек. 
Фәни  өмірдi  дұрыс  түсiне  бiлген  Абай  тәрiздi  данышпандар  оның  заңдылықтарын 
толық  біліп,  жақсы-жаманын  анық  көреді.  Олар  өмірдің  алды-артын  көріп-біле 
білгендіктен,  көкірек  көзі  жабық  көпшілікке  рухани  ұстаз  ретінде  жұрттың  көзін 
ашып, алдарындағы кездесетін қауыптарға ұрынбау үшін оларға ескертулер береді. 
Бірақ  қараңғы  көпшілік  оларды  үнемі  тыңдай  бермейді.  Оладың  бұл  мінездеріне 
жандары ашыған рухани ұсаздар, әрине, бұған қапа болады. Сондықтан, Абай "Қор 
болды жаным", "Ішім өлген сыртым сау", "Сәулең болса кеудеңде" тәрізді өлеңдерін 
жазды. Көпшіліктің қылықтары мен қасиеттері туралы ойшылдың өзі отыз жетінші 
қара сөзінде былай дейді: 
"Сократқа  у  ішкізген,  Иоанна  Аркті  отқа  өртеген,  Ғайсаны  дарға  асқан, 
пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. 
Ебін тап та жөнге сал." Жөнге салу Абайға емес, ең әуелі көптің өзіне керек. 
Бірақ  көпті  жөнге  салу  қайдан  оңай  болсын!  Абайдың  өзі  бұл  туралы  бірнеше 
өлеңінде  келтіріп,  "Масғұт"  поэмасын  да  жазды.  Көпшіліктің  тезірек  надандық 
ұйқысынан  оянулары  үшiн  олар  өздерінің  көріп-білгендерін  жанға  батыра  ашық 
айтады.  Бұл  жан  ашыр  мейірімді  әкенің  әдеті.  Абай  біздің  жұрттың  рухани  әкесі 
болды.  Сондықтан,  кемшілікті  адамның  жанына  батырып  айтуға  хақылы  дейміз. 
Данышпанның  сөзінше  шын  сыннан  жүрекке  қайрат  бiтiп,  ол  ұйықтаған  ойды 
түртедi.  Осылай  ақынның  өз  жұртын  сынағаны  жек  көргендiктен  емес,  керiсiнше 
оған қамқорлық көрсетіп, дұрыс жол сiлтеу үшiн жасағаны ұғынықты болса керек. 
Ал өз халқын ақынның қандай жақсы көрiп, ол үшiн қандай қам жейтiнiн, "Қалың 
елiм, қазағым, қайран жұртым! " деген тебiренiсiнен-ақ жақсы бiлемiз. 
Жалпы  Абайдың  көпшілік  туралы  ойы  өткен  дәуірдегі  коммунистік  көзқарастан 
бөлек.  Абай  адамзат  тарихында  жеке  тұлғалардың  рөлін  "Единица  болмаса  не 
болады  өңкей  нөл?  "  –  деген  оймен  өте  жоғары  қояды.  Қайраты  мол  Абай  тәрізді 
данышпандар  адамзаттың  жол  сілтеушісі.  Бірақ  көпшілік  ұлы  адамдардың  өзін  де 
толық  қабылдай  бермейді.  Қайраты  әлсіз  тұлғалар  көпшілікке  қарсы  тұра  алмай, 
тобырдың ырқымен жүріп кетеді. "Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды – Әдеті надан 

адамның" – дейді Абай. Бұл туралы Абайдың өзі "Масғұт" поэмасында суреттейді. 
Поэмада халифаның уәзірі Масғұтқа түнде түсінде Қыдыр ата аян береді: 
– 
Ей, балам, пәлен күні жауын жауар, 
Сол жауынның суында кесапат бар: 
Жеті күн жынды болар суын ішкен, 
Жеті күн өткеннен соң және оңалар. 
Осыны естіген соң халифа мен уәзір өздеріне жетер суды алдын ала құйып алады. 
Ал көпшіліктің ақылы ауады. 
Болған соң уәде күн жауын жауды, 
Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. 
Күні-түні шуласып таласады, 
Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды. 
"Үйіңе  бар,  ұйықтаңдар!  "  –  деген  ханды  жынданған  көпшілік  "–  Хан  мен  уәзір 
ақылдан  айырылыпты,  Өлтірейік  екеуін,  жынды  екен",  –  деп  халық  "Өлтіргелі 
ордаға қайта жүрді". Өлімнен қорыққан халиф пен уәзір олар да жынды суды ішіп 
алады. 
Екеуі жынды судан ішіп салды, 
Құтырып көп алдына жетіп барды. 
Өңкей жынды, байқамай айтыппыз деп, 
Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды. 
Сонымен бет-бетімен тарқап кетті, 
Әйтеуір, тарқайтұғын уақыт жетті. 
Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін, 
Еріксіз есті екеуін есер етті. 
Көптің бәрі осындай мысал етсең, 
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең, 
Ғапіл болып көп нәрседен бос қаласың, 

Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең. 
Ақынның  осы  поэмасынан  көп  ғибрат  алуға  болады.  "Жауынның  суы"  дегенді 
күнделікті  фәни  өмірдің  адам  болмысын  былғауы  деп  ұғатын  болсақ,  онда  сол 
жынды  суды  ішіп  жынды  болған  адамдарды  қазіргі  бейберекет  өмірін  өткізіп 
жүрген бейшаралармен салыстыруға болады. 
Дені сау адам дұрыс жолға салайын деп оларға ақылын айтса, олар "Хан мен уәзір 
ақылдан айырылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен" деген қылық көрсетіп қарсы 
әрекет  жасайды.  Қайраты  жетпеген  адам  бұндайда  "Құтылар  хал  болмады  мына 
дудан, Біз де ішпесек болмайды жынды судан" деп өзінің әдетін бұзып, көпшілікке 
еріп еріксіз есер болуы керек. Осының қарапайым мысалы ретінде кеңестік дәуірде 
тамыр  жайған  маскүнемдікті  алуға  болады.  Ол  кезде  көпшілік  арасында  "Арақ 
ішпеген адам – не ауру, не болмаса ақымақ" деген қағида елді өзіне иіріп алды емес 
пе.  Соның  салдарынан  жаппай  маскүнемдік  салты  жайлап,  кейбір  елдер  одан  әлі 
шыға алмай жүр. Мұндайда көпшілік ырқына көнбеген бірен-сарандар, Шәкәрімнің 
тауға кеткені тәрізді, көпшіліктен мүлде бөлініп кетуі керек. 
Абай  iлiмi  салауатты  өмірдiң  негiзi  имандылықта  деп  түсiндiредi.  Алла  тағала 
жанды бiртiндеп тазартып, өзіне қайтару үшiн оған дене бередi. Жан өзiне берiлген 
дененi тиiмдi пайдаланып, өзiнiң қалау-ниет, құмарлықтарын тежей бiлiп, белгiлi бiр 
арнада  ұстап  отыруы  керек.  Бiрақ,  өкiнiшке  қарай,  фәни  өмірдiң  әсерiмен  тән 
жанның ықпалынан шығып, жанның өзiн басқарып кетедi. Сол кезде адам жетiлудiң 
орнына құлдырамақ. 
Жан әуелден бiлiмге толы болғандықтан қай қай адам да өмірiне керегiн бiлiп, тәнiн 
басқара  алады.  Бiрақ  оны  фәни  өмірдiң  шелi  қаптағандықтан,  яғни  кiрi 
басқандықтан, материалдық мұқтаждыққа бой алдырып бұл қасиетiнен айырылады. 
Жаны  ұйқыдағы  адам  өмірдiң  төменгi  деңгейiнен  шыға  алмай  қалады.  Сондықтан 
мақсат  –  көкiрекке  сәуле  түсiрiп,  ұйқыдағы  жанды  ояту.  Денсаулықтың  iрге  тасы 
болып табылатын салауатты өмірдiң негiзi, міне, осы. 
Адамның  жетiлу  жолындағы  жететiн  деңгейi  оның  санасының  ояну  дәрежесiне 
байланысты.  Адамның  сана-сезімі  неғұрлым  ояу  болса  –  оның  рухани  деңгейi 
солғұрлым жоғары болады. Ол үшiн рухани бiлiм алып рухани жолға түсу арқылы 
көкiректi тазарту керек. Сонда жүректiң көзi ашылып, жан оянады. 
Рухани  бiлiмi  суалып  имандылығынан  айырылған  төменгi  сатыдағы  адамдар 
салауатты  өмірдiң  қоғамдағы  қабылданған  моральдық-этикалық,  адамгершiлiк, 
кейде  тiптi  өзiнiң  денсаулығына  көмегi  бар  қарапайым  қағидаларын  да  бiле 
бермейдi.  Осының  барлығы  бұрынғы  атеистiк  Кеңес  Одағы  құрамына  енген 
мемлекеттерде,  оның  iшiнде  бiздiң  республиканың  бүгiнгi  жағдайында  жақсы 
көрiнедi.  Әуелден  қалыптасқан  ұлттық  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар  ұмытылып, 
олар  халықтың  тұрмысын  реттейтін  бұрынғы  қалпынан  қалып  барады.  Бұрынғы 
заманда  адамның  өмірі  бірбеткей  тыныш,  бірқалыпты  болды.  Оның  себебі  ұлттық 

салт-дәстүрлер  мен  бүкіл  халыққа ортақ  менталитет  әркімге  бірбеткей ой-өріс пен 
өмір салтын берді. 
Қандай өмірдің қиын соқпақтары болса да ұлттық салт-сана мен қалыптасқан әдет-
ғұрыптар  әркімге  мәселені  ушықтармай  дұрыс  шешуге  мүмкіндік  беріп  отырды. 
Себебі,  ұлттық  салт-дәстүр  мен  халық  менталитеті  заман  ағымы  мен  табиғат 
ерекшеліктерін,  халықтың  тіршілік  көріністеріне  байланысты  қалыптасады.  Халық 
дәстүрі табиғат заңдылығына үйлесімді болып келеді. Табиғаттан алынған тәжірибе 
халық  санасында  қорланып,  қорытылып  жалпы  елдің  мінез-құлқы,  әдеті  болып 
кетеді.  Сөйтіп  халқ  даналығына  айналады.  Қазақтың  көптеген  ұлттық  салт-
дәстүрлерін елдің беделге бөленген би, хандарымен бекітіп, мемлекеттің заңдарына 
да айналдырды. 
Бұған діннің қосатын үлесі де өте зор екені белгілі. Дін халықтың іс-әрекетін Алла 
тағала ризалығы үшін болуды, яғни имандылықпен үйлестіріп отырады. Бұл халық 
өмірін бір тәртіпке салып, адам өмірін бүкіл болмыс ағымына бағыттау үшін үлкен 
маңызы бар. Халық дәстүрлерінің көпшілігін мән-мәнісін бірден түсіну оңай емес. 
Бірақ,  мәселе  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлердің  сыр-сипатын  түсінуде  емес,  оларды 
дұрыс  орындауда.  Бұл  табиғат  заңдылықтарын  бұзбай,  өмірде  көп  қателіктер 
жібермеуге  мүмкіндік  береді.  Себебі,  қандай  болса  да  әдет-ғұрып  түрлері  табиғат 
талабына  сай  өмір  қажеттілігінен  туып,  оның  дұрыстығы  көптеген  жылдар  бойы 
өзінің дұрыстығымен үздіксіз дәлелденіп, дәстүрге айналады. Сондықтан, халықтың 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрпы  дегеніміз  –  өмір  заңдылығы!  Өмір  заңлығын  бұзуға 
болмайды. Кезінде ол заңдылықтарды бұзған адамдар қоғам сынына ұрынып, тіпті 
кейде  қатты  жазаланып  та  отырған.  Бұған  еліміздің  тарихында  да,  халық  ауыз 
әдебиетінде де мысалдар жеткілікті. 
Ал  қазіргі  замандағы  Еуропа  мәдениеті  араласып,  халықтың  салт-дәстүрлері 
ұмытылып,  қоғамдық  сана-сезімде  бейберекеттік  араласа  бастағанда  ел  салауатты 
өмір салтынан айырылып, өмірде көптеген келеңсіз көріністер пайда бола бастады. 
Бұл оларды салауатты өмірден бұрып, көптеген қиындықтар тудырды, аурулардың 
көбейiп,  адам  ғұмырының  қысқаруына  әкелiп  соғып  отыр.  Сондықтан,  ұлттық 
дәстүрлерді  қайта  жандандырып,  қалпына  келтірудің  маңызы  өте  зор.  Бұл 
көпшіліктің  санасын  көтеріп,  адамның  жоғары  сатыларға  көтерілуіне  мүмкіндңк 
береді. Салауатты өмір терең рухани білімге негізделген тіршілік жүйесі. Оған жету 
үшін әуелі білім алу керек. 
2.1. Ғылым-білімді үйрену 
Рухани бiлiм былғанған жүректi тазартып, басқан шелдi бiртiндеп сылиды. Осылай 
көкiрек  көзi  ашылғаннан  кейiн  ұйқыдағы  жан  оянып,  салауатты  өмір  сүруге 
мүмкiндiк  алады.  Бiлiм  алуға  Абай  өте  үлкен  көңiл  бөлген.  Ол  халықтың  рухани 
ұстазы ретінде білімнің маңызы мен оны меңгерудің сыр-сипатын анықтап береді. 
"Ұстаздық  қылған  жалықпас,  үйретуден  балаға"  –  деп  білімнің  маңызын  түсінген 
адамның қасиетін көрсетеді. 

Адамның бiр қызығы – бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедiм. 
Баламды медресеге бiл деп бердiм, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедiм. 
("Жасымда ғылым бар деп ескермедiм". 1882 ж.) 
Ойшыл  бұл  өлеңiнде  бiлiм  алудың  бағытын  көрсетедi.  Бiлiм  алудың  мақсаты  – 
қызмет қылып шен алудан әлде қайда жоғары болу керек. 
Бiлiм алу – Абай көрсеткен төменгi саты "жарым адамнан" көтерiлiп, келесi "адам" 
сатысына  көтерiлу  үшiн  керек  бiрiншi  қадам.  Бiрiншi  қадам  болмаса  екiншi 
қадамның  болмайтыны  тәрiздi,  бiлiм  болмаса  жетiлу  де  жоқ  Ендеше,  әуелі  осы 
маңызды  мәселеге  –  бiлiмнiң  не  екенiне,  оның  түрлерiне,  қабылдау  деңгейлерiне 
және алу жолдарына қысқаша тоқталайық. 
Бiлiмнiң  түрi  екеу  болады:  бiрiншiсi  –  материалдық;  екiншiсi  –  рухани. 
Материалдық  бiлiм  табиғатты  оның  жаратушысынан  бөлiп  қарастырады.  Бұған 
табиғатты  зерттейтiн  барлық  ғылымдар,  оның  iшiнде  қоғамдық  қатынастар 
жөнiндегi  көпшiлiк  бiлiмдер  жатады.  Ал  рухани  бiлiм  Жаратушыны,  жан  иелерiн, 
табиғатты және уақыт ықпалымен болатын олардың арасындағы қарым-қатынасты 
қамтиды.  Материалдық  бiлiм  рухани  бiлiмнiң  бiр  бөлiгi,  сондықтан  ол  да  рухани 
бiлiм аясында. Бұл туралы жоғарыда айтылды. Абай мұрасы болмыстың жаңағы үш 
бөлiгiн  толық  қамтитындықтан,  ол  рухани  бiлiмге  жатады.  Егер  табиғатты 
Жаратушымен  байланыстырып  қарастырсақ  –  ол  рухани  болады,  ал  бөлiп 
қарастырсақ – ол материалдық болады. 
Бiлiмдi  қабылдау  дәрежесi  адамның  тән,  нәзік  болмысы,  не  болмаса  рухани 
болмысымен  қабылдауына  байланысты  үш  деңгейден  тұрады.  Бiрiншiсi,  ақпарат-
хабарды  (информацияны)  қабылдау.  Бұл  –  тәнмен,  яғни  сыртқы  сезiмдермен  ғана 
қабылданған білім. Бұндай  білім  тез  ұмытылып,  адам табиғатына  терең өзгерістер 
жасай  алмайды,  пайдасы  мардымсыз  болады.  Бiлiмдi  осы  деңгейде  ғана 
қабылдайтын адамдар туралы "Көзiнен басқа ойы жоқ, адамның надан әуресi" дейдi 
ақын. Бұлар төменгi деңгейдегi "жарым адам" сатысындағылар. Олар рухани бiлiмдi 
қабылдауға  өресіз  болғандықтан,  тек  қана  материалдық  бiлiмге  ұмтылады.  Бұлар 
бiлiмдi таяз қабылдап қана қоймайды, сонымен бiрге, алған азғантай бiлiмiн өмірде 
қолдану жолын да бiлмейдi. Мұндай адамдар туралы Абай "Интернатта оқып жүр", 
"Ғылым  таппай  мақтанба",  "Сабырсыз,  арсыз,  ерiншек",  "Бөтен  елде  бар  болса", 
"Болыс болдым, мiнеки" тәрiздi көптеген өлеңдерiнде жазады. 
Екiншiсi,  алған  бiлiмдi  нәзік  болмыспен,  яғни,  ақыл-ес,  сана-сезiммен  түйсiнiп-
сезiнiп, көңiлге қондыру. Бұлар – "адам" сатысындағылар. Бұл дәрежедегiлер бiлiмдi 
ақыл-естері арқылы пікірлеп көңiлдеріне қондырып, өздерiнiң өзiндiк қасиет, табиғи 

нұсқаларына  айналдырғандар.  Бұлардың  алған  бiлiмдерi  ұмытылмай  ұзақ 
сақталады. Бiрақ олар алған бiлiмдерiн өмірде толық қолдана алмайды. 
Үшiншiсi, білімді жүрек көзімен, яғни, көкірегімен қабылдау. Бұндай адамдар алған 
бiлiмдi  өзiндiк  табиғатына  айналдырып  қана  қоймай,  сонымен  бiрге  сол  бiлiмге 
сәйкес өмір сүреді. Яғни, алған бiлiмiн өздерiнiң өмір көрiнiсiне айналдырып, оны 
толық  пайдаланады.  Бұлар  –  "толық  адам"  сатысындағы  рухани  адамдар.  Рухани 
адамдардың алған бiлiмдерi мен жасаған iс-әрекеттерi толық сәйкес келетiндiктен, 
бiлiмдерi  өздерінің  рухани  болмысына  айналып,  мәңгiлiктi  болады.  Абай  бұлар 
туралы  отыз  сегiзiншi  қара  сөзiнде  түсiнiк  бередi.  Сонымен,  Абай  ойы  бойынша, 
бiлiм  деген  нәрсе  тек  қана  ақпарат-хабар  (информация)  емес  екен.  Кейде  көп 
ақпарат-хабар бiлген адамды бiлiмдiлер қатарына жатқызамыз. Бұл жаңсақтық. Егер 
ол  бiлгенiн  түйсiнiп,  бойына  сiңiрiп,  өмірде  пайдалана  бiлмесе,  құр  бiлгеннiң 
пайдасы  шамалы.  Көп  жағдайда  ондай  бiлгендiк  адамды  белгiлi  бiр  арнадан 
шығармай, ырқын алып, қиялын шектеп, өркөкіректігін өсіріп, адамның өмірiне тек 
қана кеселiн тигiзедi. 
Бiлiмдi қабылдау деңгейлерiн араның балының не екенін білгісі келген үш адамның 
әрекетімен  салыстыруға  болады.  Бiрiншi  адам  бал  туралы  естiп,  бал  салынған 
ыдысты ұстап көрдi делік. Ол сонымен ғана қанағаттанды. Екiншi адам бал туралы 
естiп, ыдысын ұстап қана қойған жоқ, сонымен бiрге ыдысты ашып, балдың дәмiн 
татып,  оның  дәмін  бiлдi.  Ал  үшiншi  адам  балдың  дәмiн  татып  қана  қойған  жоқ, 
сонымен бірге тәттi балды тойғанынша жеп, одан ләззат алды делік. Сонда осы үш 
адамның  балды  бiліп,  оның  ләззәтін  білу  дәрежесi  үш  түрлi.  Бiлiм  алып,  оның 
ләззәтін  білу  де  білімді  қабылдау  дәрежесіне  байланысты  осындай  үш  деңгейде 
болады.  Ең  жоғарғы,  үшiншi  деңгейде  қабылданған  бiлiм  –  қарапайымдылық, 
басқаны  сыйлай  бiлу,  бiреуге  жамандық  жасамау,  шыдамдылық,  тазалық, 
шыншылдық, қайраттылық, ұстамдылық,  сабырлылық,  жақсы  мен  жаманды  айыра 
бiлушiлiк, имандылық, бiлуге құштарлық және үнемi бақытты сезiну тәрiздi рухани 
қасиеттермен көрiнедi. 
Бiлiм алу әдiстерiн де үш бөлiкке шоғырландыруға болады. Бiрiншiсi, тән арқылы, 
яғни сыртқы сезiмдермен білім алу. Бұл әдiстiң нәтижесi төмен. Себебi, жоғарыда 
айтылғандай,  фәни  әлемдегi  адамдарға  қателікке  ұрыну,  ұмытшақтық,  алдауға 
бейімділік  және  сезімдердің  шектеулігі  тәрізді  төрт  кемшiлiк  тән.  Сонымен  бiрге, 
бұл  әдiс  келешек  пен  өткен  шақты  қамти  алмайды,  яғни  уақытпен  шектелген. 
Сезімдер материалды болғандықтан, бұл әдiс рухани бiлiм алуға да жарамайды. 
Екiншiсi,  көрiп-бiлген  нәрселердi  логикамен  саралап  бiлiм  алу.  Бұл  әдiстiң  да 
кемшiлiгi бар – ол алғашқы ақпаратты сезiм арқылы қабылдайды. Ал сезiм шектеулi 
болғандықтан,  бұл  әдiстiң  шамасы  да  шектеулi  және  рухани  болмысты  қабылдай 
алмайды. 
Үшiншiсi,  білімді  басқа  бiреуден  есту  арқылы  қабылдау.  Егер  бiлiм  беретiн  адам 
рухани жоғары жетiлген болса, бұл әдіс ең сенiмдiсi және бұл әдіспен толық бiлiм 
алуға  болады.  Есту  арқылы  дедуктивтiк,  яғни  жоғарыдан  төмен  қарай,  немесе 

жалпыдан  жалқыға  қарай  бағытта  білім  алуға  болады.  Ал,  бастапқы  екеуiмен  тек 
қана индуктивтiк, яғни төменнен жоғарыға қарай, немесе жалқыдан жалпыға қарай 
бағытта  білім  алынады.  Қандай  да  бiлiм  болмасын,  әсiресе  рухани  бiлiм  алғанда, 
дедуктивтiк әдiс индуктивтiк әдiске қарағанда сенiмдi, әрi уақытты көп үнемдейдi. 
Бiлiмдi  жадқа  бекiтудiң  жолы  төртеу.  Абай  алған  бiлiмдi  ұмытпай  жадқа  бекiту 
жолы туралы отыз бiрiншi қара сөзiнде былай дейдi: 
"Естiген нәрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: әуелi – көкiрегi байлаулы берiк 
болмақ  керек;  екiншi  –  сол  нәрсенi  естiгенде  я  көргенде  ғибрәтлану  (үлгi,  өнеге, 
сабақ  алу)  керек,  көңiлденiп,  тұшынып,  ынтамен  ұғу  керек;  үшiншi  –  сол  нәрсенi 
iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек; төртiншi – ой кеселi 
нәрселерден  қашық  болу  керек.  Егер  бiр  кез  болып  қалса,  салынбау  керек.  Ой 
кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр 
нәрсеге  құмарлық  пайда  болу  секiлдi.  Бұл  төрт  нәрсе  –  күллi  ақыл  мен  ғылымды 
тоздыратұғын  нәрселер".  Бұл  сөздерден  ұғатынымыз,  егер  бiлiмдi  бойға  сiңiрiп, 
ұмытпайтындай  жасағымыз  келсе,  онда  төмендегiдей  төрт  шартты  орындау  керек. 
Бiрiншiден, осы бiлiмдi аламын деп берiк шешiм қабылдау керек; екiншiден, барлық 
ынта-жiгердi салу керек; үшiншiден, iштен сол нәрсенi бiрнеше рет ойға салу керек; 
төртiншiден,  уайымсыз  салғырттық,  ойыншы  күлкiшiлдiк,  қайғыға  салыну,  басқа 
құмарлыққа берiлу сияқты төрт кеселден аулақ болу керек. 
Тасыр  адам  рухани  бiлiмдi  дұрыс  қабылдай  алмай,  тез  ұмытады.  Ол  есi  жоғары 
жетiлмегендiктен,  рухани  бiлiмдi  есiнде  ұзақ  сақтап  тұра  алмай,  ұмытып  кетедi. 
Сондықтан оған алған бiлiмдi талаппен үнемi қайталау арқылы жадына тереңдетiп 
сiңiру керек. Сонда көңiлiнiң көзi ашылып, сергидi. "Пысықтау – бiлiм анасы" деген 
сөз  тегiн  айтылмаған.  Қайталау  қандай  да  болмасын  бiлiм  алудың  негiзгi  әдiсiнiң 
бiрi.  Сондықтан  қайталауды  Абай  да  бiлiмдi  еске  сақтаудың  бiр  әдiсi  ретiнде 
көрсеткен. 
Егер алған білімді бiр тәулiктiң iшiнде қайталамаса оның сексен пайызы ұмытылады 
екен. Сондықтан есте ұзақ қалдыру үшiн тәулiктiң iшiнде бiр қайталап, сонан кейiн 
үш рет жетi күн өткен сайын тағы да еске түсiру керек. Ал өзiн жан деп сезiнетiн 
рухани  дәрежесi  жоғары  адамды  алатын  болсақ,  ол  қандай  да  болмасын  бiлiмдi, 
әсiресе  рухани  бiлiмдi,  бiр  естiп  алса  ұзақ  уақыт  ұмытпайтындай  болып,  оны 
жадына берiк сақтайды. Себебi, ол бiлiмдi бiрден жүрек арқылы қабылдайды. 
Не  себептен  адамдардың  алатын  бiлiмдерi,  қабылдау  деңгейлерi,  ұмытпау 
дәрежелерi, білім алу әдiстерi әртүрлi болады? Бұған жауап ретiнде Абай: "Алланың 
хикметiн бiреуден бiреу анығырақ сезбекпен артылады" – дейдi. Алланың хикметiн 
сезу  жолында,  жоғарыда  айтылғандай,  жан  иелерi  әртүрлi  дәрежелерде  тұр.  Бұл 
дәрежелер олардың  өзін-өзі  тану  деңгейiн  көрсетедi.  Бiреулерi өздерiн  тән  ретінде 
таныса,  ал  екiншiлерi  өздерiн  нәзік  болмыстарымен  (психикасымен)  балайды,  ал 
жоғары  жетілгендер  өздерін  жанмен  балайды.  Бұлардың  өзі  көптеген  дәрежелерге 
бөлінеді.  Ең  төменгiсi –өзiн  сыртқы  сезiм  арқылы,  яғни  тәнi  арқылы сезiну.  Бұл – 
жануарлар мен жас балаға тән қасиет. 

Жас бала тамақ пен ұйқыдан басқаны керек қылмайды. Жануар да сондай, тек бұған 
күйлеген  кезде  жыныс  қажеттiлi  мен  қауiп  төнгенде  қорғану  инстинктi  қосылады. 
Бiлiмдi  қабылдап,  оны  еске  сақтау  дәрежесi  бұларда  тек  тән  деңгейiнде  ғана. 
Мысалы, жас бала қолын бiр рет отқа күйдiрсе, ақылымен түсiнбесе де, ол екiншi 
рет  отқа  қолын  салмайды.  Бұдан  жоғары  деңгей  –  өздерiн  нәзiк  болмыс  арқылы 


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал