Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
болмыстың  шынайы  рухани  қажеттiлiктерiн  түгелдей  жоюға  кiрiстi.  Себебi, 
ақиқатқа  сәйкес  келмейтiн  сыңаржақты,  қыңыр  идеяны  тек  тоталитарлық  әдiспен 
ғана  жүйеге  асыруға  болатын  едi.  Сондықтан  Кеңес  үкiметi  азамат  соғысы  бiте 
салысымен,  елдiң  есiн  жидырмастан,  халықты  идеологиялық  сараптан  өткiзуге 
кiрiстi.  Тоталитарлық  жүйе  өзiнiң  қалыбына  келмейтiн  идеологиялық  ағымдар 
өкiлдерiн  түгелдей  құртуға  бет  алды.  Ол  үшін  революцияның  ішкі  жаулары  мен 
саботажға  қарсы  күрес  үшін  құрылған  бір  кездегі  ЧК  енді  ОГПУ  болып  жаңаша 
құрылды.  Сөйтіп,  ол  Кеңес  үкіметінің  саясатына  тура  келмейтін  идеялық 
ағымдармен күресетін қаһарлы ұйымға айналды. 
Өздерiнiң түпкi мақсаттарын Кеңес үкiметiнiң саясатымен үндестiрiп, адал қызмет 
етуге  кiрiскен  Алаштықтарға  «ұлтшылдар»  деген  таңба  басылып,  олар  саяси 
қуғынға  ұшырады.  Абайды  солардың  саяси  көсемi  ретiнде  танығандықтан,  оның 
мұрасына  үлкен  қатер  төндi.  Себебi  бүкiл  болмыс  заңдылығын  толық  қамтитын 
Абай мұрасы терең рухани мәнде болғандықтан, ол прагматикалық, дөрекi атеистiк 
идеяға  кереғар  едi.  Сондықтан  репрессия  құралы  ұлы  мұраға  тура  бағытталып, 
Абайға  «ұлтшылдардың  атасы»,  «бай  ақыны»  деген  жала  жауып,  оның  қалдырған 
рухани  мұрасын  Алаш  қайраткерлерiмен  қатар  жоюға  кiрiстi.  Қысқасы,  заман 
ағымы күрт өзгерiп, абайтану саласының тарихи барысы бөтен арнаға бұрылды. 
Сол  кезеңдегi  Абай  мұрасын  бағалау  деңгейі  қандайлығына  көз  жеткiзу  үшiн 
бiрнеше  мысалдар  келтiрейiк.  1928  жылы  2  шiлдеде  «Советская  степь»  газетінде 
жоғары  лауазым  иесi  болып  жүрген  философ  Iлияс  Қабыловтың  «Философия 
казахского  поэта  Абая  и  ее  критика»  дейтiн  мақаласы  жарияланды.  Абайдың 
дүниетанымын  сол  кездегі  философиялық  тұрғыдан  бұрмалауды  осы  жұмыстан 
көруге  болады.  Автор  Абайды  қазақ  еліндегі  ескi  патриархалдық-рулық  тәртiптің 
жоқшысы  және  жаңа  туындап  келе  жатқан  ұлттық  буржуазияның  жаршысы  етiп 
көрсетедi де, ойшылдың мұрасын бүгiнгi қоғам өмiрiне жарамсыз, тiптi зиянды деп 
бағалап, оның атына тiл тигiзiп, неше түрлi саяси жүгенсiз сөздермен балағаттайды. 
Ол мақаласын былай деп аяқтайды: «Қазақстан партия органдарының идеологиялық 
майдандағы  ең  маңызды  мiндетi  абаизмдi  кәдiмгi  буржуазиялық  қоқсық  ретiнде 
құрту болып табылады. Сондықтан қысқа мерзiмде Қазақстанның партиялық-кеңес 
ұйымдарының барлық мәдени күшiн Абай iлiмiне және оның жақтастарына қарсы 
ұйымдастыру керек». 
Абайдың  ойшылдығын  зерттеушiлер  ғана  емес,  оның  ақындығын  зерттеп  жүрген 
филолог-әдебиетшiлердiң көзқарасы да осы пікірден алыс кеткен жоқ. Оған белгiлi 
журналист,  бiлгiр  әдебиетшi,  белсендi  сыншы  атанған  Ғаббас  Тоғжановтың  1935 

жылы Алматы мен Қазанда латын әрпiмен басылып шыққан «Abaj» атты әдеби-сын 
кiтабi дәлел бола алады. 
Бiрақ  қазақ  мәдениетiнде  Абайдың  орнын  ештеңемен  толтыруға  болмайтын  едi. 
Бұны  сол  кездегi  идеологияны  басқарушылар  да,  зиялы  қауым  да  жақсы  түсiндi. 
Сондықтан  Абай  мұрасының  тағдыры  жөнiнде  ғылым,  мәдениет,  өнер  саласында 
жүрген  қайраткерлер  арасында  айтыс  басталды.  Мұның  бәрi,  белгiлi  дәрежеде, 
орталықтан  шыққан,  коммунистiк  партияның  пролетарлық  емес  мұраға  шабуыл 
бастаған  саясатының  ықпалымен  болды.  Әрбiр  қоғамдық  формацияда  өмiр  сүрген 
адамдар  сол  дәуiрдiң  идеологтары  (феодалдық  дәуiр  ақыны,  буржуазия  ақыны, 
пролетариат ақыны, т.с.с.) саналды. Жергiлiктi қоғамның даму барысы ескерiлмей, 
оған қатысты құбылыстарға орталықтағы бағалар көшiрiлiп жапсырылды. 
Сол  сияқты  идеологиялық  саясаттың  әсерiмен  Абай  философиясы  сыртқа  тебілді. 
Мәселен,  Абайдың  хакiмдiгi  ұмытылып,  оның  рухани  дүниесіне  терең  енуге 
мүмкiндiк болмады. Себебi данышпанның «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» дейтiн 
ойлары,  дүние  сырларын  түгел  қамтитын  хакiмдiк  тұжырымдары  коммунистiк 
идеологияға  кереғар  едi.  Сондықтан,  Абай  мұрасын  жаңа  ағымға  бейімдеп,  саясат 
мүддесінде  пайдалану  үшін  енді  оның  ақындығына  ғана  көңiл  бөлініп,  өзін 
ағартушы,  асса  ұлы  гуманист  ретінде  ғана  танып  насихаттайтын  болды.  Сөйтiп, 
келешекте Абай мұрасы тек осы деңгейде ғана зерттеліп бағаланды. Әрине, бұндай 
көзқарас ұзақ уақыт оның рухани биiк тұлғасын, шынайы ұлылығын көлегейлеген 
қара бұлт iспеттi едi. Осылай Абай ілімі коммунистік саясаттың құралына айналды. 
Үшiншi, тоқырау кезеңі өткен кезеңнiң салған сара жолымен отызыншы жылдардың 
аяғы,  қырқыншы  жылдардың  басынан  бастап  елiмiздiң  тәуелсiздiк  алуына  дейiн, 
яғни  1991  жылға  дейiн  созылды.  Ол  саяси  қыспақтың  әлсiреп,  не  болмаса 
күшейгенiне  байланысты  толқымалы  болды.  Абайды  «ұлы  ақын»  деп  бағалаған 
таным  өзгермей  сақталып,  ал  ойшылдығы  шет  қағылған  ахуал  қалыптасты.  Бұл 
Абай  ұлылығын  толық  тануға  мүмкіндік  бермейтін  тоқырау  кезеңі  еді.  М.Әуезов 
атындағы әдебиет және өнер институтында «Абайтану» деген бөлім ашылды. Кеңес 
дәуiрiнде,  1985  жылға  дейiн,  абайтану  саласында  жиырма  төрт  докторлық  және 
кандидаттық  диссертация  қорғалған  екен.  Бұлар,  негiзiнен,  Абайдың  ақындығын, 
сөз  өнерiн  зерттеген  филологиялық  бағыттағы  жұмыстар.  Әрине,  Абайдың 
ойшылдығына көңiл аударған К.Бейсенбиев, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, Н.Смирнова, 
М.Сильченко, Т.Тәжiбаев тәрiздi зерттеушiлердiң iрiлi-кiшiлi бiрсыпыра жұмыстары 
болды. Бiрақ оларға заманның тар арнасы ойшылдың рухани дүниесiн толық ашып, 
өзіндік бағасын беруге мүмкiндiк бермедi. 
Дегенмен,  осының  өзi,  бұл  тоқырау  кезеңі  үшiн,  ұлы  ақынды  мүлде  ұмыттырмау 
жолындағы  жеңiс  едi.  Сөйтiп,  Абайдың  хакiмдiк  тағылымы  шоғырланған 
қарасөздерiн  философтар  емес,  әдебиетшiлер  зерттеді.  Оның  өзiнде  елуiншi 
жылдардың  бас  кезiнде  ғана  филолог  ғалым  Ханғали  Сүйiншалиевтiң  «Абайдың 
қарасөздерi»  атты  монографиясында  көрiнiс  тапты.  Ол,  әрине,  негiзгi  назарды 

қарасөздердiң  идеясына  емес,  әдебиетшi  ретiнде  олардың  текстологиясына,  түр, 
стиль, тiл ерекшелiктерiне аударды. 
Бұл  кезеңде  Абай  мектебiнде  заманымыздың  заңғар  жазушысы,  әдебиетшi  ғалым, 
академик  Мұхтар  Әуезовтiң  орны  бөлек  болды.  Оның  «Абай  (Ибрагим) 
Құнанбайұлы» атты монография жазып, оны бiрнеше рет өңдеуден өткiзгенi, Абай 
өмiрiне сүйене отырып «Абай жолы» атты эпопеясын жазғаны көпшiлiкке белгiлi. 
Бiрақ  Абай  үшiн  күресу  жолында  ол  үнемi  қудалануда  болды.  М.Әуезов  Абайға 
шығыс  мәдениетiнiң  әсерiн,  суфизмнiң  әсерiн  көрсеткенi,  мұсылман  әлемiнде 
Абайдың  жаңашыл,  реформист  болуға  жақындағанын,  Абайдың  өзiн  орыс 
ақындарынан  кем  санамағанын  көрсеткенi  үшiн  сынға  алынды.  Абайдың  рухани 
дүниесiне  тереңдеп  енуге  саяси  жағдай  мүмкiндiк  бермегендiктен,  бұл  кезеңде 
ойшыл  мұрасы  тек  қана  жалпы  өркениеттiк  және  гуманистiк  деңгейде  бағаланып, 
оның  ағартушылық,  немесе  демократиялық  пікірлеріне  көңiл  аударатын 
шығармалар  басым  болды.  Абай  мектебiнде  осы  бағытта  Х.Әдiлгереев, 
Т.Әлiмқұлов,  К.Бейсембиев,  Е.Ермеков,  Ә.Қоңыратбаев  тәрiздi  бiрсыпыра 
зерттеушiлер еңбек еттi. 
Дегенмен  уақыт  өткен  сайын  саяси  қыспақ  әлсiреп,  Абай  мұрасының  деңгейi 
қоғамдағы қалыптасқан ой-пiкiрден әлдеқайда жоғары екенi көптеген ғалымдардың 
көкейіне қона бастады. Сондықтан Абайдың дүниетанымын басқа қырынан талдауға 
ұмтылған бiрсыпыра еңбектер де пайда болды. Бұлардың қатарында Ж.Әбдильдин, 
Қ.Әбiшев,  С.Ақатай,  М.Бурабаев,  Ғ.Барлыбаева,  Ә.Нысанбаев,  Қ.Нұрланова, 
М.Орынбеков, Ғ.Есім және басқа философ ғалымдарды атауға болады. 
Жалпы  алғанда,  бұл  кезеңде  Абай  дүниетанымына  тереңдеп  енуге  мүмкiндiк 
болмаса да, халқымыздың өнер-бiлiм жетiстiктерiне қол жеткiзген iрi-iрi тұлғалары 
әрдайым  Абай  өнерi  деңгейiмен  бағаланып  отырды.  Бұл  олардың  шығармашылық 
биiгiне  ылғи да  Абай биiгiнен қарап, жетiлу  жолдарын болжап отыруға  мүмкiндiк 
бердi. 
Төртiншi,  жаңа  кезең  елiмiздiң  егемендiк  алған  уақытынан,  яғни  1991  жылдан 
басталып, бүгiнгi күндерге дейiн созылып келедi. Бұл кезең – коммунистiк бiржақты 
саясат  жойылғаннан  кейiнгі,  Абайдың  хакiмдiк  мұрасына  жаңаша  көзқарас  кезеңі. 
Мұның  өзi  Абайдың  ойшылдық  әлемін  шын  мәнiндегi  рухани  тұрғыдан  зерттеу 
кезеңi ендi ғана басталды дегендi бiлдiредi. Абай мұрасы басқа жағынан қанша көп 
зерттелсе де, философия ғылымы үшiн әлi игерiлмеген тыңмен бiрдей. Бүгiнгi таңда 
оның  дүниетанымына  жаңа  көзқараспен  қарап,  ақиқат  мәнiн  танып,  насихаттау 
арқылы нәрлi рухани бұлағынан халықтың сусынын мейлінше қандыруға мүмкiндiк 
туды.  Ал  Абайға  жаңа  көзқарас  дегенiмiз  бұған  дейiн  аса  көңiл  бөлiнбей  келген 
оның хакiмдiгiн  тану,  яғни  ойшыл  мұрасының негiзгi құндылығы  оның  «Алланың 
өзi де рас, сөзi де рас» деген сөзiне негiзделетiнiн мойындау. Сонымен бiрге Абай 
дүниетанымы  бүгiнгi  қалыптасқан  дiндарлық  шеңберден  әлдеқайда  кең  жатқанын 
ескеру.  Оның  бiзге  қалдырған  дүниесi  дiни  көзқарас  қана  емес,  сонымен  бiрге, 
жалпы әлемдiк заңдылықтарды қамтитын руханилық деңгейде жатыр. Бұл бағытта 

академик  Ғ.Есiмнің  «Абай  дүниетанымын  тану  –  қазақ  философиясын  танудың 
кiлтi»  деген  ойды  дәлелдейтiн  бiрсыпыра  шығармаларының  маңызы  зор.  Бұлар 
Абайдың  хакiмдiгiн  тануға  бетбұрыс  жасап,  абайтану  саласын  жаңа  арнаға  салуға 
арналған еңбектер болып табылады. 
Сонымен, жаңа кезеңдегі Абайға көзқарастың басқы ерекшелігі – кемеңгер ақынның 
ойшылдығына  көңіл  бөлу.  Яғни  Абай  тұлғасына  енді  ұлы  ақынды  ғана  емес,  ұлы 
ойшылды да көруіміз керек. Өкінішке қарай бұл көзқарас ғалымдардың арасында да, 
көпшілік  арасында  да  әлі  толық  қалыптаса  қойған  жоқ.  Бұны  дәлелдеп  жатудың 
қажет  шамалы.  Яғни,  Абай  мұрасына  деген  жаңаша  көзқарас  ұлы  гуманист, 
ағартушы  деген  түсініктер  деңгейінде  ғана  қалып  қоймай,  оның  рухани  деңгейін 
ашып  көрсетугек  саяды.  Сонда  ғана  ұлы  мұраның  бүкіладамзаттық  құндылығын 
көріп, оны өз дәрежесінде қабылдап қолдана аламыз. Абай ілімін күнделікті өмірде 
қолдану жолдары кеңінен зерттелуі керек. Сонымен бірге, ойшыл мұрасының түпкі 
мәнін, кемел адам, хал ілімі, имани гүл, толық адам ілімі деген кейбір ғалымдарға 
әлі де болса бұлыңғыр болып жүрген танымдар жүйесін зерттеп ашуымыз керек. Ал 
бұлардың барлығы да философиялық танымдар, сондықтан, сөз жоқ, оларды зерттеу 
филологтардың  емес,  философтардың  ісі.  Демек,  енді  абайтану  тұғыры 
философтардың уысында болғаны мақұл. 
Абайтану  ғылымының  мақсаты  ойшылдың  ұлы  тұлғасын  өз  деңгейінде  таныта 
отырып,  оның  мұрасын  халық  игілігіне  жарату  болғандықтан,  біз  абайтану 
тарихының төмендегідей міндеттерін қарастырамыз. 
Абайтануға жаңа заман тудырған жаңаша көзқарастың мәнін ашу.Абайдың рухани 
жетілуін ашып, оған ата-тегінің, өскен ортасының, өзінің туа біткен жан дүниесінің 
әсерін  көрсету.Кеңес  Одағы  дәуіріндегі  саяси  ахуалға  байланысты  қалыптасқан 
Абайдың жетілуіне үлкен әсері болған Құнанбай және ұлы шәкірті Шәкәрім тәрізді 
тұлғаларға  деген  бұрыс  пікірлерді  қайта  қарап,  өзіндік  әділ  баға  беру.Абайдың 
рухани болмысын зерделеп, оның терең ойларының қайнар көзін іздеу. Абай ілімі 
бойынша дін, руханият түсініктеріне анықтама беріп, ойшылдың өзінің діндегі және 
руханияттағы  алатын  орнына  көз  жіберу.Абай  тұлғасының  адамзаттық  деңгейдегі 
алатын  орнын  анықтап,  оның  кемел  адам,  жәуанмәртлік,  толық  адам  тәрізді  бүкіл 
адамзатқа  ортақ  мәні  бар  ой  түйіндерінің  сырына  үңілу.  Абай  мұрасын  жеке 
адамның салауатты өмірі мен қоғам өмірінде қолдану жолдарын көрсету. 
1.2. Абай мұрасына жаңаша көзқарас 
Абай мұрасына жаңаша көзқарас дегенiмiз – ойшыл мұрасының бүкiл әлемнiң бiр 
жаратушы  себебi  мен  жаратылу  мақсаты  барына,  сонымен  бiрге  әлем  тiршiлiгiнiң 
ортақ  бiр  заңдылыққа  бағынатынына  негiзделетiнiн  мойындау.  Мәселе  осылай 
қойылғанда данышпан iлiмi бүкiл болмысты қамтитын жүйе екенi анықталмақ. Бұл 
жүйе  жаралыстың  iргетасы  болып  табылатын  үш  ұғымды  қамтиды.  Бiрiншi,  әлем 
өзiнен-өзi  немесе  кездейсоқ  пайда  болған  емес,  оның  пайда  болу  себебi,  яғни 
Жаратушысы  бар.  Осыдан  екiншi  және  үшiншi  ұғымдар  шығады.  Екiншi, 
Жаратушысы болса, әрбiр жаратудың мақсаты да болмақ, ендеше әлем де мақсатсыз 

жаратылмаған.  Яғни  бүкiл  әлем  тiршiлiгiнiң  белгiлi  бiр  мақсаты  бар.  Үшiншi, 
Жаратушы  бiр  болатын  болса,  онда  бүкiл  әлем  сол  Жаратушының  ырқымен  және 
берген заңдылықтарымен өмiр сүруi керек. Әлем тiршiлiгiнiң тәртiбi бiр көзден, бiр 
Жаратушыдан шығатын болғандықтан, бүкiл әлем өмiрiнiң заңдылықтары баршаға 
ортақ. 
Абай ілімін мойындау адамға болмыс құпияларын дұрыс түсiнуге мүмкiндiк бередi. 
Данышпан  өзiнiң  рухани  кемелденуiне  қасиеттi  Құранды  негiз  еткенi  белгiлi.  Ол 
Құран Кәрiмдi жақсы бiлiп, рухани нәрiн өзiнiң бойына толық қабылдай бiлген. Бұл 
– 
сопылық дәстүр. Сопылардың рухани жолдағы алғашқы қадамы исламның негiзгi 
қағидаларын өз бойларына сiңiрiп, оларды өмiр тәртiбi, күнделiктi тұрмыс көрiнiсi 
ретiнде  қабылдауға  үйренедi.  Ол  үшiн  алғашқы  сәтiнен  бастап  қасиеттi  Құранды 
жадына сақтап, оны толығымен зерттейдi. Сопылардың көпшiлiгi қасиеттi Құранды 
түгелдей  жатқа  бiлiп,  қари  деңгейiне  көтерiледi.  Бұл  рухани  жетiлуге  керектi 
алғашқы  шарт  қана.  «Шариғаттан»  өтiп  «Тарихатқа»  жеткенде  адам  алған  бiлiмiн 
бойына  сiңiрiп,  оны  өзiнiң  мiнезіне,  өзiндiк  қасиетiне  айналдырады.  Сопылық 
жолдағы  адам  әрi  қарай  үздiксiз  тәжiрибе,  жаттығулар  жасай  отырып  Хақпен 
байланыс  орнатады,  ол  байланысты  әрi  қарай  жетiлдiрсе,  тек  сонда  ғана  өмiрдiң 
негiзгi мақсаты Түп Иеге, Хақиқатқа жетедi. Сондықтан өмiрдiң негiзгi мақсатына 
жеткiзетiн деңгейдi сопылар "Хақиқат" деп атайды. Абайдың бұл жолды «бек шетiн, 
бек нәзiк» деп атауы тегiн емес. Бұл сөздiң үлкен мағынасы бар. 
Абай iлiмi бойынша: әлем өмiрiнiң мақсаты – өзiн Жаратушының ықпалымен өмiр 
сүру.  Кiм  болса  да  бiр  нәрсенi  жасаса,  өзiнiң  керегiне  жарату  үшiн  жасайтыны 
тәрiздi, Жаратушы да әлемдi жаратқанда, тек Өз ризалығы үшін жаратты. Себебi Ол 
мәңгi,  сондықтан  Оның  жаратылу  себебi жоқ,  керiсiнше,  әуел  бастан  Оның өзiнен 
басқа  ешкiм  де,  яғни  басқа  Жаратушы  да  жоқ.  Өз  тілегіменн,  ләззат  алу  үшiн, 
Жаратушы  рухани  болмысты  жаратты.  Бiрақ  кейбiр  жандар  өздерiне  берiлген 
аздаған  еркiндiктi  дұрыс  пайдалана  алмай,  өздерiнiң  мiндетiн  ұмытып, 
Жаратушының  тілегін  емес,  өздерін  қанағаттандырғысы  келдi.  Бұл  –  бiлместiк. 
Шексiз  мейiрiмдi  Жаратушы  ешкiмнiң  еркiне  қарсы  емес,  сондықтан  Ол  фәни 
болмысты  жаратты  да,  Жаратушыны  ұмытып,  өздерiн  ләззаттандырғысы  келген 
жандарды  әркiмнiң  қалауына  қарай  өз  несiбесiмен  бақи  әлемнен,  яғни  рухани 
өмiрден  фәни  әлемге,  яғни  материалдық  өмiрге  жiбердi.  Бұл  материалдық  әлем 
өздерiнiң  қылмысы  үшiн  жазасын  өтейтiн  абақты  тәрiздi.  Осыдан  фәни  өмiрдегi 
барлығымыз да Жаратушының ырқынан шыққан күнәһарлар екенiмiздi түсiнемiз. 
Жаратушы шексiз мейiрiмдi болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкiмдi де 
жiберген қателiктерi үшiн жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнiң 
заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты 
өмірдің әділет (қарымта) заңы бойынша әркiм өмiрдiң рақатын, не болмаса қасiретiн 
көредi. Абайдың айтуынша, бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркiм өзiнiң 
бақытын өзi жасайды. Бұл фәни өмiрге әркiм өздерiнiң қалауы бойынша ләззат алу 
үшiн  жiберiлдi.  Бiрақ  материалдық  әлем  –  рухани  әлем  емес.  Рухани  әлемде 
барлығы  мәңгiлiктi,  бiлiмге  және  ләззатқа  толы  болса,  материалдық  әлемде 

барлығы,  керiсiнше,  уақытша,  бiлместiкке  және  қайғы-қасiретке  толы.  Абай  ілімі 
бойынша,  бұл  өмiрдегi  қызықтың  барлығы  да  жалықтыратын,  уақытша  және 
шындығы жоқ  жалған.  Сондықтан  әркiм  тiршiлiк  барысында  осыны  түсiнуi  керек. 
Сонда  өмiрдiң  басты  мақсатын  орындауға  –  кейiн  қарай,  Алла  тағалаға  қайтуға 
мүмкiндiк  туады.  «Өзге  мақсат  ақылға  қона  ма  екен!  »  –  деуi  сондықтан 
данышпанның. 
Бұл мақсатқа жету үшiн әуелi бiлiм алу арқылы бiлместiктен арылу керек. Сонан соң 
Алла тағалаға таза құлшылық жасаумен жүрек көзiн ашып, Абай сөзiмен айтқанда 
"сен  де  сүй  Ол  Алланы  жаннан  тәттi".  Ол  үшiн  "адамзаттың  бәрiн  сүй  бауырым 
деп". Сонда ғана кiм болса да өзiнiң фәни әлемге келген мақсатына жете алады. 
Бұл фәни әлемде әркiмнiң ләззаттанып, өмiрдiң рақатын көруiне барлық жағдай бар. 
Ол  жағдайды  толық  пайдалану  үшiн,  әлем  заңдылықтарымен  үйлесiмдi  өмiр  сүру 
керек.  Бiрақ  адамдар  өздерiнiң  бiлместiгiнен  ол  заңдылықтарға  сенімін  жоғалтып, 
толық  орындамайды.  Сөйтiп,  қоршаған  ортаның  бейберекетiн  шығарып,  өздерiне 
керектi  өмiр  қажеттiлiктерiнен  айрылып  қалады.  Соның  салдарынан  өмір 
шырғалаңдарына  түсіп,  қайғы-қасірет  көріп,  түрлi  ауруларға  шалдығып 
денсаулықтарынан  айырылады,  тез  қартайып,  өмiрлерiн  қысқартады.  Бұл  жағдай 
өрiс  алып,  шектен  шығып  бара  жатқаны  сонша,  тіпті  кейiнгi  жылдары  кейбiр 
елдерде,  сонымен  бiрге  бiздiң  елде,  салауатты  өмiрге  ерекше  көңіл  бөлініп, 
бетбұрыс  жасалды.  Осылайша  дені  сау  адамның  денсаулығын  сақтау  ғылымы  – 
«Валеология» ғылымы пайда болды. Валеология дегеніміз – адам бақытының негізі 
болып  табылатын  салауатты  өмір  қағидалары  мен  денсаулық  сақтау  тәртіптерін 
дұрыс орындау. Ойшыл мұрасы салауатты өмір тәртібінің негізі бола алады. Мәселе 
тек соны көріп, өмiрде пайдалана білуде. Абай iлiмi денсаулықты сақтау үшiн, әуелi 
бiлместiктен  арылу  керек  десе,  «Валеология»  ғылымы  да  адамдарға  әлем 
заңдылықтарын  дұрыс  түсiндiрiп,  онымен  үйлесiмде  өмiр  сүрудiң  жолдарын 
көрсетуді  мақсат  етедi.  Адамның  денсаулығы  бүкiл  әлем  өмiрiмен  үйлесiмдi 
тiршiлiк болғанда ғана сақталады. Салауатты өмiр дегенiмiз, мiне, осы. Ондай өмір 
тәртібін Абай iлiмiнен таба аламыз. 
Данышпандардың қарапайым адамдардан айырмашылығы – олар әлемдiк болмысты 
тұтас қабылдап, оның жалпы заңдылықтарын тани бiлген. Абай да бұл әлемге сирек 
келетiн  әлем  ойының  алыбы.  Бұл  оның  шығармаларының  рухани  терең 
мазмұндылығынан, көркемдiгi мен айқын мақсаттылығынан жақсы сезiлiп тұрады. 
Мақсұтым – тiл ұстартып, өнер шашпақ, 
Наданның көзiн қойып, көңiлiн ашпақ. 
Үлгi алсын деймiн ойлы жас жiгiттер, 
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ. 
(«Бiреудiң кiсiсi өлсе, қаралы – ол», 1888ж.) 

Данышпандардың  өмiрiнiң  мән-мақсаты  осындай.  Абай  тәрiздi  ойшыл  адамдар 
бүкiл  адамзаттың  даму  нәтижесi,  бетке  шығар  құнарлы  қаймағы  болғандықтан 
ондай  рухани  жоғары  жетiлген  данышпандар  өмiрге  сирек  келедi  және  тарихта 
терең iз қалдырып, аты мен рухани мұралары ғасырлар бойы жасап, өзiнiң беретiн 
шипасын  жоғалтпайды.  Өмiрдiң  бұл  заңдылығын  Абайдың  өзi  былай  деп  жырлап 
кеткен: 
Өлдi деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? 
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.) 
Бұрынғы атеистiк тәрбиенiң ықпалында өскен кейбiр жандардың бiр Жаратушы бар 
дегенге күдiкпен қарайтыны табиғи нәрсе. Енді Абайдың «Алланың Өзi де рас, сөзi 
де рас» деген сөзiне әлi де болса сенбей жүргендерге ежелгi ел аузындағы ғибратты 
бiр әңгiменi мысалға келтiре кетейiк. 
Кезiнде  ислам  ғұламаларының  бiрi  болған  имам  Әбу  Ханифаның  бала  кезiнде 
әлемнiң  бiр  жаратушысы  барлығына  сенбейтiн,  әр  нәрсе  тек  қана  табиғаттан 
жаратылған деп есептейтiн, қайда барса да ғалымдармен кездесiп, айтысып жүретiн 
бiр дiнсiз адам Куфа қаласына да жетiптi. Терiс пiкiрлерiн айтып тарата бастаған бұл 
дiнсiздiң мәжiлiс құрмақшы болғанына күлген мұсылмандар: 
– 
Бiздiң  бiр  кiшкентай  ғалымымыз  бар.  Егер  сен  сонымен  айтысып  жеңе  алсаң, 
бiлiмдi ғалымдарымыз сенiмен сонда ғана кездеседi, – деп жауап бередi. 
Кездесуге  белгiленген  уақытта  мәжiлiс  үйi  жұртқа  толады.  Жарты  сағат  өткенде 
кiшкентай ғалым келмеген соң, дiнсiз адам: «Бiлем! Менен қорықты! » – дейдi. 
Дәл осы кезде кiщкентай ғалым Әбу Ханифа кiрiп келедi. 
– 
Не  үшiн  кеш  қалдың,  кiшкентай  тентек?  Қорыққаныңнан  кешiктiң  бе?  –  деп 
сұрайды дiнсiз адам. 
– 
Жоқ,  неден  қорқамын.  Үйiм  өзеннiң  ар  жағында.  Бер  жаққа  өтпекшi  болғанда 
көпiрдiң түсiп кеткенiн көрдiм. Өте алмайтыныма көзiм жеткен соң сол маңайдағы 
ағаштарға  «Дереу  бiр  қайық  болып  менi  арғы  жаққа  өткiзiңдер!  »  деп  әмiр  еттiм. 
Ағаштар қайық болып менi өткiздi. Сондықтан кешiктiм, кешiрiңiздер! – дейдi Әбу 
Ханифа. 
Бұл жауапқа қарқылдап күлген дiнсiз адам: 
– 
Ей,  ақылсыз  балам-ай!  Ағаш  өзiнен  өзi  қайық  бола  ма?  –  дегенде  Әбу  Ханифа 
шындыққа көшiп: 

– 
Анығында  ақылсыз  сен  өзiңсiң.  Бiр  қайықтың  өз-өзiнен  жасалғанына  сенiп, 
қабылдамайсың, сөйте тұра ұшы-қиырсыз, алды-арты жоқ әлемнiң өзiнен-өзi пайда 
болғанын қайтып қабылдап отырсың? – дейдi. 
Бұл тамаша тапқырлыққа таң қалған дiнсiз: 
– 
Менi байқатпай ұстадың ғой! Жә, олай болса, көрсетшi Алланы маған, көрсетсең 
сенейiн! – дейдi. 
Сонда кiшкентай ғалым бiр шыны сүт алдырып, дiнсiзден сұрады: 
– 
Осы май мен iрiмшiк қайдан шығады? 
– 
Әлбетте, сүттен! 
– 
Ендеше, мына шыныдағы май мен iрiмшiктi маған көрсетiп бершi! 
Дiнсiз әбден шарасыз қалып: 
– 
Әрине, бұл сүттiң iшiнде май мен iрiмшiк бар. Бiрақ, көзге көрiнбейдi, – дедi. 
– 
Мына жалғыз шынының iшiндегi сүттiң майы мен iрiмшiгi барын бiле тұра, оны 
көрсете алмайсың да, мына үлкен әлемдердi жаратқан Алланы көрсет маған, дейсiң! 
Бұл мүмкiн бе? Сүттiң iшiнде қалай май болса, Алла да бұл әлемде осылайша бар, 
бiрақ Оны көрсетуге болмайды, – дедi дiнсiздi жауабынан тапжылтпай ұстаған Әбу 
Ханифа. 
Бұл  дәлелдi  жауаптарға  бiр  Алланың  барлығына  әлi  де  сенбей,  бiлгiрсiнген  дiнсiз 
адам: 
– 
Соңғы сұрағыма жауап берсең, жеңiлгенiмдi мойындар едiм. «Алла бар» деп бой 
бермейсiң. Ол Алла дәл қазiр не iстеп жатыр? – деп сұрады. 
Бiраз ғана ойланып қалған кiшкентай ғалым: 
– 
Бағанадан берi отырған мiнбеден ендi түсiңiз, – дедi. 
Сұрақтың жауабын сонда берейiн деп дiнсiздi төмен түсiрiп, өзi мiнбеге шығып: 
– 
Дәл қазiр Алла сен сияқты бiр дiнсiздi мына мiнбеден төмен түсiрiп, мен сияқты 
кiшкене бiр құлын жоғары шығарды, – дедi. 
Бiлгiрсiнген дiнсiз аузын аша алмай қалды. Ол мәжiлiс үйiн лық толтырған қалың 
халайық алдында «Кәлима» айтып, дереу имандылық қабылдапты. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал