Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет18/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
қателіктерден  ондайлардың  өмірi  зардапты  болса  да  олар  өмірден  жөндi  сабақ 
алмайды. Әйтпесе жоғарыда айтылған Ақан болыс сондай зомбылыққа барар ма еді? 
Ол өзінің жасаған ісі үшін ешқандай жаза алмаймын деп сенеді. 
Шынында да бұл өмірде  ешқандай  қорғаны,  қуаты  жоқ  әлсіз  кемпір оған  не  істей 
алады? Осындай сана-сезім көптеген қылмыстардың себебі болып табылады. Фәни 
өмірде пара беріп, не болмаса туыс-таныстық, мансаптың күшімен жазадан құтылып 
кетуге болады. Бірақ, оның жасаған іс-әрекеті жан иелерінің рухында және жоғары 
әлемдерде жазылып қалады. Ол жазуды жою мүмкін емес. 
Іс-әрекеттің  салдары  әділет  заңдылығы  бойынша  өз  қарымтасын  алғанша 
жойылмайды. Келешекте ол әсер міндетті түрде өз көрінісін беруі керек. Ол көрініс 
сол сәтте, не болмаса көп күндер, тіпті көптеген жылдардан кейін де болуы мүмкін. 
Сондықтан, өмірдегі әрбір қасіреттің өз себебі бар. Себепсіз ештеңе де жоқ, себепсіз 
ештеңе де болмақ емес. Тек қана болған істің себебін бірден түсіну өте қиын. Оны 
кейбір  аса  жетілген  адамдар  ғана  көріп-білуі  мүмкін.  Осыны  түсінбейтін  көпшілік 
адамдар күнделікті өмірдің қызығына түсіп, оның келешек әсерін ойламағандықтан, 
өздеріне зиян келтіретін әрекеттерге ұрынып, көп күнәлар жасап алады. Ол күнәлар 
басқа  күнәларды  тудырып,  бүкіл  қоғамға  әсер  етіп,  адам  баласы  тағдырдың 
шырғалаңынан шыға алмай, өмірдің тұңғиығына құлдырап бата береді. 
Бұл – қоғам өміріндегі бейберекеттіктің негізгі себебі. Әділет заңдылығына сенген 
адам өзін-өзі қадағалап, дұрыс әрекет жасауға ұмтылады. Бұндай адамдар Шәкәрім 
мен  Абай  тұжырымдары  бойынша  ұяты  бар  адамдар.  Оларды  ұят  басқарып,  әрбір 
істерін  ұят  қадағалап  отырады.  Ал  оған  сенбеген  адам  нәпсісінің  ырқымен 
болмыстың  қандай  заңдылықтарын  болса  да  бұза  береді.  Бұндай  адамдардан 
құралған қоғамда тәртіптің болуы мүмкін емес. Себебі, адамның өзінің ішкі дүниесі, 
ұяты қадағаламағаннан кейін оны сыртқы күшпен қадағалап дұрыс жолда ұстау әсте 
қиын.  Олардың  жандары  кірленіп  ауруға  шалдыққан.  Жан  ауруын  материалдық 
әдіспен жазу мүмкін емес. Оны жазу үшін әділет заңдылығы тәрізді тек қана рухани 
әдістер керек. 
Жандары ауруға шалдыққан адамдардың көбеюі салдарынан қоғамдағы қылмысты 
істер,  қызмет  бабын  өз  пайдасына  шешушілік,  бюрократия,  өз  міндетін  дұрыс 
орындамаушылық тәрізді келеңсіз көріністер молая береді. Олармен қарсы күресте 
полицияны көбейтіп, сот, прократура тәрізді қоғам өмірін қадағалайтын органдарды 
өрбіткеннің пайдасы шамалы. Себебі, олардың өздерінің жандары ауру. Адам өзін-
өзі  қадағалайтын  ішкі  қуатынан  айырылған  кезде  оны  сырттан  қадағалап  жөнге 

келтірудің  мүмкін  емес  екенін  өткен  атеистік  тоталитарлық  жүйенің  өмірі  жақсы 
көрсетті.  Ол  кезде  дәрігерлер,  тәртіп  сақтау  органдары  мен  түрмелердің 
көбейгенімен, ауру адамдардың, қылмысты істердің саны одан азайған жоқ еді ғой! 
Ал керісінше, әділет заңдылығын дұрыс түсініп, бүкіл халық болып оны күнделікті 
өмір  көрінісіне  айналдырғанда,  мүлде  басқа  нәтиже  алынады.  Оған  мысал  ретінде 
бүгінгі күндердегі Сингапур елінің тарихын алуға болады. Сингапур осыдан 40-50 
жылдай бұрын ғана артта қалған елдердің қатарында болған. Бүгінгі күндері оның 
даму  қарқыны  мен  деңгейінің  жоғарылығы  сонша,  тіпті,  оны  Америка,  Жапон 
елдерімен ғана салыстыруға болады. Сингапур бұндай дәрежеге, әрине, ең бірінші 
алдыңғы  қатарлы  елдердің  ғылыми-техникалық  жетістіктерін  кезінде  дұрыс 
қабылдап, өз қажеттеріне пайдалана білуімен жетті. 
Бірақ  бұдан  да  маңыздысы  –  ол  қоғамдағы  әділеттіктің  көрінісі  болып  табылатын 
табиғаттың себеп-салдар заңдылығын дұрыс түсініп, оны қоғам өмірінде мүлтіксіз 
орындауға ұмтылып отыруында болды. Қоғамдық ақпарат құралдарының хабарына 
қарағанда  Сингапур  елінде  зорлық-зомбылық,  парақорлық,  өз  ісіне  салқын  қарау 
тәрізді  арты  қылмысқа  ұрындыратын  әрекеттер  кездеспейді  екен.  Себебі,  ондай 
әрекеттер  қатты  жазаланады.  Сондықтан,  ондай  әрекеттерден  әркім  аулақ  болуға 
ұмтылады.  Бұл  Сингапур  еліне  тыныштықта,  үлкен  қарқынмен,  бірқалыпты 
өркендеу жолына түсуге зор мүмкіндік әкелді. 
Енді  әділет  заңдылығының  қалай  іске  асатынына  қысқаша  тоқталайық.  Жалпы 
қарымта  заңдылығының  орындалуы  өте  күрделі.  Оның  бәрін  бұл  арада  жазуға 
симайды.  Тек  қана  сондай  заңдылық  барына  сену  керек.  Сенген  адамның  жолы 
болғаны. Әділет заңдылығы туралы Абай ілімінен міне осындай қорытынды табуға 
болады. 
Жан өзiнiң қалауын тән арқылы орындайды. Ол тәнді, яғни оның әрекетін, адамның 
ой-өрісi  –  нәзiк  болмысы  (хауас  сәлимi)  –  арқылы  басқарады.  Барлық  іс-әрекеттің 
себептері мен оның салдары осы нәзік болмыста сақталып, ол пiсiп жетiлгенде ғана 
орындалады. Оның қалауы, физикалық денесiмен iстеген әрекеттерiнiң нәтижелерi 
нәзiк  денелерде  жазыла  бередi.  Ештеңе  де  жоғалмайды,  артық  ештеңе  де 
жазылмайды.  Бiрақ  кезiнде  оның  барлығы  орындалады.  Бұл  адамның  тағдырын 
құрайды. "Сен асыққан екен деп, Алла әмiрiн өзгертпес" деген мысқылымен Абай 
Алла  тағаланың  адам  тағдырына  тiкелей  араласпайтынын,  ал  тағдыр  себеп-салдар 
заңдылығы  бойынша  құралатынын  көрсетедi.  Сонымен  бiрге,  бұл  заңдылықтың 
себебі де  Алла  тағала  болғандықтан, оны  Алла  тағаланың  өзі орындайды  деуге  де 
болады. Бұны Абай былай деп бiлдiредi: 
Тағдыр етсе Алласы, 
Шарасы жоқ пәндәсi... 
...Тағдыр етсе Алла, 

Не көрмейдi пәндә, - 
("Қор болды жаным", 1888 ж.) 
деп ақын адамның барлық өмірi Алла тағаланың жасаған тағдырына (жазмышына) 
байланысты екенiн бiлдiредi. Бiрақ сол жазмыш заңдылығын бiлген адам өз өмірiнiң 
қожасы болмақ. Бұл әр адамның өз бақытын өзi жасайтынын көрсетедi. 
Себеп-салдар  заңының  адамға  бiрден  әсер  етпейтiн  себебi  –  ол  уақыт  ықпалымен 
нәзiк  денелер  арқылы  орындалады.  Қандай  да  болмасын  iс-әрекет  әуелi  қалау-
ниеттен  туады.  Сонан  кейiн  ойға  салынып  жоспар  құрылады.  Сонан  кейін  барып 
iске асады. Үй салғанда жоспардың іске асуына уақыттың керегі тәрізді, тағдырдың 
орындалуына да уақыт керек. 
Нәзiк және тұрпайы болмысымыздың байланысын түсiндiру үшiн қарапайым мысал 
келтiрейiк. Адам дүкенге барып кiтап сатып алды делiк. Ол оны неге iстедi? Себебi 
оның сол кiтапты сатып алу туралы бiр кездерде ниет-қалауы болған. 
Ниет  жоспар  тудырады.  Ал  оның  сезiм  мүшелерi,  ақыл-есi,  алдын  ала  жасалған 
жоспар бойынша адамның сол қалауын орындауға мұрсат бердi. Осыдан қалаудың 
маңызды  орны  анықталады.  Бұл  туралы  Абай  отыз  сегiзiншi  сөзiнде  ескертедi. 
Адамның iс-әрекетi, тағдыры өзiнiң қалауына байланысты, яғни адамның жүрегiнiң 
тазалығына тәуелдi. Көкiрегi тазару барысында оның кеудесiне сәуле түсіп, қалауы 
да  өзгередi.  Бұның  өзi  адамның  кемелденуi  ең  алдымен  адамның  өз  қалауына 
байланысты екенiн көрсетедi. Адам қалауы болып, өзi талпынып ұмтылмаса, қандай 
iсте  де  оған  көмектесу  өте  қиын.  Ондай  адамдарға  айтылған  сөздiң  пайдасы  да 
шамалы болады. "Сөз ұғарлық адам жоқ" деп Абайдың налитыны да осыдан. 
Қарымта (себеп-салдар) заңдылығының орындалуын жемiстiң пiсуiмен салыстыруға 
болады. Өткендегі жасаған іс-әрекеттің кейбiр салдары пiсiп жетiлiп, оның жемiсiн 
бұрын  көріп,  дәмiн  татқанбыз.  Ендi  ол  қайталанбайды.  Кейбiрi  бүгiнгi  таңға  пiсiп 
жетiлдi. Оның жемiсiн бүгiнгi күндерi жеп жүрмiз. Тiптi бүгiнгi өзiмiздiң денемiз де 
– 
сол жемiстiң көрiнiсi. Бұрын қалай өмір сүрiп, ненi қаласақ соған байланысты дене 
алдық.  Сондықтан,  бүгінгі  жасап  жүрген  iс-әрекетiмiз  сол  өткен  өмірiмiздегi 
әрекетiмiздiң салдары. Ал іс-әрекетіміздің кейбiр салдары әлi пiсiп жетiлген жоқ. Ол 
келешекте жетiледi. Оның жемiсiн алдағы уақытта көремiз. Тіпті, кейбiр салдар әлi 
ұрық  ретiнде  ғана.  Олардың  жемiсiн  көптеген  жылдардан  кейiн  ғана  көруiмiз 
мүмкiн. 
Табиғаттағы  өзгерiстер  нәтижесiнде  бiр  себептiң  салдарынан  екiншi  себеп  пайда 
болып,  оның  салдары  келесi  себептi  тудырып,  бiрiмен-бiрi  жалғаса  бередi.  Адам 
баласы  осы  әділет  заңдылығы  сияқты  табиғаттың  өзгермейтiн  заңдылықтарын, 
байланыстарын  бiлiп,  дұрыс  әрекет  еткенде  ғана  оны  өз  мүддесiне  лайықты 
пайдалануына болады. Табиғатқа күш, зорлық жүрмейдi. Адал еңбек, иманды өмір 
болмай,  тек  өз  құрсағының  қамымен,  ұрлық,  қулық  жасап,  арамдықты  ғана 
ойлайтын адамдар ол дүниеде де, бұл дүниеде де жақсылық көре алмақ емес. Себебi 

не  ексең,  соны  орасың.  Әлем  өмірiнiң  үлкен  тiрегiнiң  бiрi  болып  табылатын 
әдiлеттiлiк  заңдылығы  осыған  негiзделедi.  Әдiлеттiлiкке  негiзделген  себеп-салдар 
заңдылығын Абай былай бiлдiредi: 
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, 
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, 
Мың күн сынбас, бiр күнi сынар шөлмек. 
("Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек", 1896 ж.) 
Шөлмектiң мың күн сынбау себебi – әлi уақытының келмеуi. Уақыты келгенде ол 
мiндеттi  түрде  сынады.  Бұл  кездейсоқ  емес,  бәрiнiң  де  себебi  бар.  Оның  себебi  – 
өткен өмірдегi арамдық. Арамдықтан жамандық мiндеттi түрде туындайды. 
Табиғат заңы бойынша қараулықпен тапқан мал адамға пайда әкелмейдi. Бұл туралы 
ақын былай дейдi: 
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, 
Қардың суы секiлдi тез суалар. 
("Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей", 1895 ж.) 
Адамның  сана-сезімі  өмір  сүретiн  ортаға,  өз  қабілеттеріне,  ұлттың,  мемлекеттiң 
саяси-әлеуметтiк  жағдайына  тiкелей  байланысты.  Бұл  отбасылық,  рулық,  ұлттық, 
мемлекеттiк, әрi кетсе бүкiл адамзаттық тағдырлар тудырады. Бiр сөзбен айтқанда 
адамзат  тағдыры  мен  оның  өмір  сүру  жағдайлары  адамдардың  iс-әрекетiнен 
туындайды. 
Табиғаттың  заңдылықтарын  түсiнбей,  өз  нәпсiсiнiң  ықпалымен  ешқандай 
жауапкершiлiксiз  бейберекет  өмір  сүретiндерге  табиғат  заңдылығының  қалай  әсер 
ететiнi туралы Абай былай дейдi: 
Мен боламын демеңдер, 
Аяқты алшаң басқанға. 
Екi көзiң аларып, 
Құр қарайсың аспанға. 
Бiр ғылымнан басқаның, 
Бәрi кесел асқанға. 

ұйткен адам жолығар, 
Кешiкпей-ақ тосқанға. 
("Мен боламын демеңдер", кейін табылған өлеңдерден) 
Бұл дүниеде себеп-салдар заңынан құтылудың қиын екенiн ақын былайша бiлдiредi: 
Ойынға ойсыз надан бәрi құмар, 
Дүние iстеп өз жұмысын жатқан шығар. 
Елемесең, елетер, бiр танытар, 
Қайда айдаса, барасың, - кiм тартынар? 
("Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", 1902 ж.) 
Сонымен,  Абай  келешек  өмірiң  өзiңнiң  өткен  және  қазiргi  өмірiңе  байланысты 
дейдi. Егер адамның iстеген жақсылықтары көп болса, жоғары әлемге барып, онда 
ұзақ уақыт ләззатты өмір кешедi. Адамның мақсаты келешекте өкінбейтіндей болып 
өмір сүру. Бірақ бұл әркімнің қолынан келе бермейді. 
Малға сат, пайдаға сат қылығыңды, 
Ылайла ылай оймен тұнығыңды, - 
Сонда өмірден алдамшы бола алмассың, 
Ол бiлдiрмей ұрламақ қызығыңды. 
("Көк тұман – алдыңдағы келер заман", 1897 ж.) 
Абай осы бiр шумақ өлеңiнде адамды рухани тазалыққа үндейдi, қылығыңды малға, 
пайдаға сатпа, ой, ниет-мақсатың таза болсын, әйтпесе келеңсiз тiршiлiк дүниедегi 
қызығыңды ұрлай бередi деп пендені адамгершiлiк, гуманизм жолына сiлтейдi. 
Сонымен, салауатты дұрыс өмір сүру үшін дұрыс іс-әрекет жасай білу керек. Егер 
болмыс заңдылығынан шығып нәпсіқұмарлыққа ұрынсаң, соған байланысты қорлық 
өмір  көресің.  Ал  имандылық  жолымен  жүрсең  өзіңді  де,  қоршаған  ортаңды  да 
жоғары  мақсатқа  бағыттайсың.  Қайсысын  таңдасаң  да  ерік  өзіңде.  Тек  қана 
болмыстың бұзылмайтын әділет заңдылығын әрдәйім есте ұстау керек. Сонда ғана 
әрбір адам өз өмірін өзі жасай алады. 
ІҮ бөлім. АБАЙ ІЛІМІН ҚОЛДАНУ 
1. Адам санасының деңгейлері 

Жоғарыда  бүкiл  болмыстың,  оның  iшiнде  адам  өмірiнiң  мақсаты  рухани  тазарып, 
сананы  өсіру  екені  айтылды.  Енді  сол  мақсатқа  жету  жолдарына  келейік.  Бұл  – 
"Қайда барам? " деген сұрақтың жауабын іздеу. Егерде уақыт ықпалымен бұл мақсат 
бұрмаланып, не болмаса мүлде ұмытыла бастаса, қоғамда үйлесiмдiлiк заңдылығы 
бұзылып,  адамзат  өмірiнде  көптеген  шырғалаңдар  пайда  болады.  Бүгiнгi  күндерде 
осының  көрiнiсi  көбейдi.  Оның  бiрi  өмірдiң  бiржақты,  тек  қана  материалдық 
өркениет  арнасына  бағытталу  салдарынан  жер  бетiнiң  экологиясы,  соның  iшiнде 
адамның  өзiнiң  денсаулығы  төмендеп,  өмірi  күрт  қысқара  бастады.  Бұл  әсiресе 
бұрынғы  Кеңес  Одағы  құрамында  болған  елдердiң  өмірiне  тән  жағдай.  Мысалы, 
Ресейде 1991-2001 жылдар арасындағы 10 жылда адамның орташа өмір сүру мерзiмi 
73,  6  жастан  64,  0  жасқа  (бiр  жылда  бiр  жасқа)  қысқарған,  ал  мектептi  бiтiргенде 
балалардың  6-8  пайызы  ғана  денi  сау  ретiнде  саналып,  денсаулығының 
нашарлығынан  әскер  қатарына  жарамайтындардың  саны  өсiп  кеткен.  Бұндай 
келеңсіз көріністер, әрине, бiздiң елде де жоқ емес. 
Адам  мен  болмыс  өмірінің  үйлесiмдiлiгiнің  бұзылуы  адамзат  өмірiне  қауып 
төндіруіне байланысты кейінгі жылдары салауатты өмір салттары ғылымы, яғни в а 
л е о л о г и я пайда болды. Абай iлiмi рухани негіздегі толық білім болғандықтан 
одан  валеология  ғылымының  да  негізін  табуға  болады.  Бұл  ғылым  саласы  жаңа 
қалыптаса  бастады.  Валеология  ғылымының  қалыптасуының  алғашқы 
қадамдарында  ескi  материалдық  көзқарас  кедергі  болып,  көптеген  мәселердiң  түп 
негізін  дұрыс  түсінуге  жол  бермей  отыр.  Абай  iлiмiн  пайдалану  валеологияның 
дұрыс жүйесiн табуға, бұл кедергілерден құтылуға мүмкiндiк береді. 
Валеология – денi сау адамдардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту 
жөнiндегi iлiм. Қайталап айтқанда, валеология міндеті – адамның дұрыс өмір салты, 
яғни салауатты өмір салты деген сөз. Салауатты өмір сүру үшін адам әуелі өзін-өзі 
танып,  сонан  кейін  дұрыс  өмір  сүру  жолына  түсуі  керек.  Абай  ілімі  бойынша 
адамның  өзін-өзі  тануы  жоғарыда  сөз  болды.  Енді  сол  білімді  жүзеге  асырудың 
жолын іздеуіміз керек. Бұл жолдың бағыты адамның денсаулығын сақтау ғылымы, 
яғни валеология бағытымен сәйкес. Себебі, адамның өмірi бүкiл космос тiршiлiгiмен 
үйлесiмдi болғанда ғана оның денсаулығы мінсіз болмақ. Яғни, бұл Абайдың "Сен 
де бiр кiрпiш дүниеге, кетiгiн тап та, бар, қалан" деген қағидасын өз мәнiнде дұрыс 
түсініп,  толық  орындағанда  ғана  жүзеге  асады.  Ол  үшін  әркім  өзінің  болмысын, 
бүкіл әлемдегі алатын орны мен міндетін, ол міндетті жүзеге асыру жолын, сонымен 
бірге,  ең  бастысы  –  Түпкі  Иені  тани  білуі  керек.  Сонда  ғана  адам  өмірдің  негізгі 
мақсатына  жете  алады.  Сонымен  бірге,  мінсіз  өмір  берген  оның  денсаулығы  да 
мінсіз болады. Осылай жоғары мақсатқа жету мен мінсіз денсаулық, салауатты өмір 
жолдары бір-бірімен үйлесіп, біртұтас болып жатқанын көреміз. Ол жол – болмыс 
заңдылықтарын бұзбай үйлесімді өмір сүру, яғни, имандылық жолы. 
Денсаулық  дегеніміз  адамның  тән  саулығы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның 
психикасының,  яғни  нәзік  болмысының  саулығы.  Ал  одан  жоғары  рухани  саулық 
тұр. Рухани саулық дегеніміз – жанның кірден адалығы, яғни, жан тазалығы. Осылай 
денсаулық – тән саулығы, психика саулығы және жан саулығы болып үш деңгейге 

бөлінеді.  Міне,  адам  өзінің  осы  үш  болмысын  да  тазартқанда  мінсіз  денсаулыққа 
жетеді. 
Бүгiнгi  күндерi  адамзат  өмірi  бұл  үйлесiмдiлiкке  сәйкес  келмейтiн  болғандықтан, 
шын  мәнiнде,  қоғамда  жоғары  дәрежедегi  денi  сау  адам  сирек  кездеседі.  Осылай 
болмыс өмірiне сәйкес келетiн денсаулықтан бүгiнгi күндердегi адамдар айырылып 
отыр.  Ендігі  міндет  денсаулықтың  сол  жоғары  деңгейіне  жету,  ең  болмаса  соған 
жақындату.  Денi  сау  адамдардың  денсаулығын  қалыптастыру  дегенiмiз  осы.  Бұл 
мәселе,  әрине,  бүкiл  қоғам,  әрi  кетсе  адамзат  деңгейiнде  шешiлуi  керек  екенi 
түсiнiктi.  Абай  iлiмi  бұл  мәселенi  шешудiң  негiзiн  береді.  Оған  Абайдың  берген 
адам өмірiнiң мақсаты және болмыс негiздерi туралы iлiмiн қарастырғанда көзiмiз 
жеттi.  Денсаулықты  қалыптастырудың  негiзгi  шарты  адам  өмірi  мен  бүкiл  әлем 
өмірiнiң, яғни макрокосм мен микрокосмның өмірiн үйлесiмге келтiруде жатыр. 
Денсаулықты  қалыптастырғаннан  басқа  валеологияның  келесi  екі  мақсаттары  – 
денсаулықты  сақтау  және  оны  нығайту.  Денсаулықты  сақтау  белгiлi  бiр  реттегiш 
тәртiптердi  қабылдау  арқылы  орындалса,  ал  денсаулықты  нығайту  –  адам  сана-
сезімін  өсіріп,  өзін-өзі  жетiлдіргенде  орындалады.  Салауатты  өмірде  ғана 
денсаулықты сақтауға және оны нығайтуға болады. Ал салауатты өмірдiң дәрежесi 
әуелi материалдық сатыдан басталып, әрі қарай рухани сатыға дейін көтерiле береді. 
Рухани сатыда денсаулықтың ең жоғарғы кемеліне жетуге болады. Сонда салауатты 
өмір  салты  адамның  ойы  мен  сөзiн  оның  iс-әрекетiмен  оңтайландырып,  болмыс 
сипатымен  үйлескенде  қалыптасады.  Болмыспен  үйлесiмдiлiк  өмір  әркімнің  сана-
сезімінің  жетiлу  деңгейіне  байланысты  әртүрлi  болады.  Абай  iлiмi  бойынша  ендi 
осыған көз жеткiземiз. 
Ол  үшін  адам  болмысына  тағы  бір  рет  көз  жіберейік.  Абай  ілімі  бойынша  адам 
дегеніміз жан, ақыл-ес (психика) және тәннiң бiрлiгi болды. Бұл үшеуiнiң қасиеттерi 
бiрдей  емес,  әртүрлi.  Сондықтан  олардың  тiлейтiн  құмарлықтары  да  әртүрлi.  Ол 
құмарлықтар  бiр-бiрiмен  үнемi  талас  пен  күресте.  Сонда  олардың  қайсысы  билеу 
керек? Адамның өмiр мақсаты, мiнез-құлық, iс-әрекетi барлығы мiне осы сұрақтың 
шешiмiне  байланысты.  Бұл  сұраққа  данышпан  жетiншi  қара  сөзiнде  анық  жауап 
бередi. Ол әуелi жан құмары мен тән құмары туралы түсiндiрiп келедi де, әрi қарай 
былай дейдi: 
"Тәннен жан артық едi, тәндi жанға бас ұрғызса керек едi. Жоқ, бiз олай қылмадық, 
ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бiздi жас 
кезiмiзде  билеп  жүр  екен.  Ержеткен  соң,  күш  енген  соң,  оған  билетпедiк.  Жанды 
тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңiлмен қарамадық, көзбен жақсы қарамадық, көңiл 
айтып тұрса, сенбедiк." 
Адам  өзiн  тәнмен  баласа,  онда  ол  барлық  хайуанаттар  тәрiздi  тек  қана  тәннiң 
ықпалымен, соның мақсаты үшiн ғана өмiр сүредi. Бұл таза материалдық көзқарас. 
Маркстiк-лениндiк  дүниетаным  мiне  осының  бiр  көрiнiсi.  Бұл  көзқарас  бойынша 
"сананы болмыс қалыптастырады". Яғни бүкiл болмыс өмiрi материалдық әлемнiң 
ықпалында. Болмыстың бiр бөлiгi адам да сол заңдылықпен өмiр сүргендiктен, оның 

өмiрi  уақытша,  рухани  бiлiм  жоқ  және  қасiретке  толы.  Бұны  өткен  кеңес  дәуiрi 
жақсы дәлелдедi. Бұл тән деңгейіндегі өмір. 
Ал егер адам өзiн ақыл-есiмен баласа, онда ол өмiрiн бiлiм алуға, өзiнiң ақыл-есiн 
қанағаттандыруға  ұмтылады.  Бұл  жоғары  интеллектуалды  өмiр.  Ғылым,  мәдениет, 
өнерге  жан-тәнiмен  берiлген  адамдар  осымен  шұғылданады.  Зиялы  қауым  деп 
осыларды атаймыз. 
Адам өзiн жанмен баласа, онда оның өмiрi тек қана жан құмарын қанағаттандыруға 
арналады. Жан құмары қандай азықпен қанағаттанады? Абай айтуынша, ол рухани 
азықпен  қанағаттанады.  Жан  құмарымен  жүргендер  өмiрдiң  түпкi  мақсатына жету 
жолының  турасына  шыққандар.  Бұлардың  өмiрi  мәңгiлiктi,  бiлiмге  және  ләззатқа 
толы.  Бұлар  "Сананы  болмыс  емес,  керiсiнше,  болмысты  сана  қалыптастырады" 
дейдi. Себебi, олар бүкiл әлем өмiрi рухтың басқаруымен болатынын жақсы бiледi. 
Бiрақ  бұндай  рухани  адамдар  өте  сирек  кездеседi.  Бұлар  рухани  жолдағы  Абай 
іліміндегі "толық" адамдар. 
Абай  шығармаларын  жүйелеу  арқылы  осындай  сана-сезімнің  түрлі  дәрежелерін 
көруге болады. Адам санасының түрлі дәрежелерін исламның басқа ғұламалары да 
көрсетіп  кеткен.  Енді  соларды  қысқаша  шолып  шығайық.  Абай  ілімінің  мінсіздігі 
дау тудырмайды. Сондықтан, бұл шолуды Абай ілімінің дұрыстығын дәлелдеу үшін 
емес,  оның  шығармашылығын  біздің  өзіміздің  дұрыс  түсінгенімізге  көз  жеткізу 
үшін ғана жасаймыз. 
Руми  саналарының  жетілу  дәрежелеріне  байланысты  адамдарды  былай  деп  үш 
бөлiкке бөледi: "Ақыл-есiнiң жоғарылығынан перiштелер тәрiздi нұрға айналғандар. 
Бұлар – үмiт пен қорқу сезiмiнен құтылған әулиелер мен пайғамбарлар. Кейбiреулер 
ақыл-естерiн  түгелдей  құмарлықтары  жеңiп,  олар  малға  айналды.  Ал  кейбiреулер 
қарсылықтар  мен  күрестiң  ықпалында  қалды.  Бұлар  қуаныш  пен  қайғының,  ауру 
мен зардаптардың құрсауында. Бұндай өмір олардың өздерiне ұнамайды, сондықтан 
олар  үнемi  өмірiн  жақсартуға  ұмтылады.  Оларды  Құдайға  сенетiндер  деп  атайды. 
Әулиелер  олар  түзеледi,  өз  мекендерiне  жетiп  Түп  иеге  қайтады  деп  сенедi.  Ал 
шайтандар олар ең төменгi деңгейге құлайды деп тосады". Руми осылай адамдардың 
кемелдену дәрежесiне байланысты оларды үшке бөледi: 
1. Мал дәрежесiндегi ең төменгi сатыдағылар. 
2. Үнемi жанталас күреспен пендешiлiк өмірiн өткізетiн ортаңғы сатыдағылар. 
3. Ақыл-есiнiң жоғарылығынан нұрға айналған ең жоғары сатыдағылар. 
Сопылардың  iрi  өкiлдерiнiң  бiрi  Айн  әл-Кудата  әл-Хамадани  (1048-1138  жж.) 
классификациясы да Румидiкiмен сәйкес келедi: "Адамзаттың бiрiншi тобы адамдық 
түрi  болғанымен  адамдық  қасиеттерi  жоқ  пенделерден  тұрады...  Олар  тек 
надандықтың  құрсауында.  Екiншi  топтағыларда  адам  түрi  мен  нұсқасы  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  олардың  адамдық  негiзi  де  бар...  Үшiншi  топтағылар  дiннiң  түпкi 

мәнiне жеткендер. Бұлар нағыз Жоғары Жаратушыны қорғаушылар". Мiне Абайдың 
отыз сегiзiншi қара сөзiнде берген адамның жетiлу деңгейлерiн "жарым адам" (мал) , 
"
адам", "толық адам" деген жүйесi сопы ғұламалары ойларымен толық үндесетiнiн 
көремiз. 
Адамның  жетiлуiнiң  төменгi  дәрежесi  туралы  Руми  былай  дейдi/8/:  "Есек  тәрiздi 
құмарлықтарына  толық  берiлген...  Олар  толығымен  фәнилiк  iстерге  берiлiп  алдау-
арбаумен шұғылданады, алтын жiппен тiгiлген киiм киедi, теңiздерден асыл тастар 
алады,  геометрия  ғылымының  ең  күрделi  тұстарын  бiледi,  астрономия,  медицина 
және  философияны  жақсы  игерген.  Олар  тек  қана  осы  әлеммен  байланысты 
болғандықтан,  оларға  жетiншi  аспанға  жол  жабық.  Олардың  барлық  бiлгендерi 
түйелер мен бұқалар тұратын қораға ғана пайдасы бар. Бұл ғылымдар бiрнеше күн 
өмірi  бар  малдар  мен  солардың  өмірi  үшiн  ғана  бағалы.  Ал  Құдай  ғылымын  тек 
жүрек адамдары ғана бiледi. Сөйтiп Құдай ғылыммен қаруланған сымбатты малды 
жаратқан.  Бұл  топты  "мал  тәрiздiлер"  деп  те  атауға  болады.  Малдарда  ұйқыдан 
басқа жүректерiнде басқа қалау жоқ... Бiрақ бұлардың малдардан айырмашылығы – 
өздерiнiң  қасиеттерi  мен  табиғатын  өзгертуге  мүмкiндiктерiнiң  барлығында".  Таза 


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал