Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Енесінің емшегін тапқандайын. 
Ұядан ұшқан үйрек бізді алдайды, 
Далбырлап қанат қирап жатқандайын. 
Жайын аңдар үйірге қарамайды, 
Есептемей туатын мезгілді айын. 
Қысты жердің қояны күзді күні, 
Дей ме әдейі қардай боп ағарайын. 
Көгалдағы шегіртке жасыл болып, 
Көрдің бе қырдағысы қоңырқайын. 
Осылар өзін-өзі жаратты ма, 
Жауымнан түсіммен деп құтылайын. 
Осындай тағдыр сырын қуа берсең, 
Түпсіз терең, сондықтан тоқтатайын. 
Ғылымда мұны соқыр сезім дейді, 
Мұны айтқан ғылым соқыр, өлдә, оңбайын. 
Меңіреуден мақсұт, білім шығады деп 
Бүтін әлем айтса да, мен нанбайын. 
("Тауық неге шақырар сағат сайын") 

Шәкәрім  осылай  өзінің  ұстазы  Абайдың  ілімін  тұжырымдағандай,  табиғат 
көріністерінің барлығы да ұлы Жаратушыны мадақтау үшін, Оның разылығы үшін 
жаратылған  деген  ой  салады.  Ол  осылай  табиғат  бөліктері  мен  жанның,  оларды 
басқаратын  Жаратушының  өзара  қарым-қатынасын  көрсетіп,  табиғаттың  негізгі 
мақсаты мен түпкі сырын ашады. 
Сонымен,  адам  баласы  өзін-өзі  тануы  үшін  әуелі  ол  қоршаған  ортаны  танып,  өзін 
сол  ортаның  бір  бөлшегі  екенін  түсініп  алуы  керек.  Сонан  кейін,  бүкіл  әлемнің 
болмыс  сырын  қабылдап,  өмірін  сол  болмыспен  үйлестіруі  керек.  Ұлы 
ойшылдардың  бірі  Гермес  Трисмегист  "Төмендегілердің  барлығы  жоғарыдағымен 
ұқсас"  –  деген  екен.  Абай  да  Алла  тағаланың  жоғарыда  көрсетілген  сегіз  ұлығ 
сипаты жан иелерінде бар екенін айтты. Тірі табиғат – Алла тағаланың бір көрінісі. 
Сондықтан табиғат көрінісіндегі элементтер жан иелерінің барлығында да бар. Олар 
табиғаттың  мынандай  бөліктері:  бес  сезімдер;  бес  сезім  мүшелері;  бес  сезім 
объектілері; табиғаттың бес алғашқы элементтері (жер, су, ауа, от және эфир) және 
үш нәзік элементі (ақыл, ес және жалған эго). 
Табиғаттың бұл жиырма үш бөлігі жансыз материя. Әлемдегі барлық микрокосмның 
материалдық денелері осы бөліктерден құралады. Бұларды біріктіріп, өмір беретін 
бас  элемент  бар.  Ол  –  рухани  әлемнің  бөлігі  –  жан.  Жан  болса  –  өмір  бар,  жан 
кеткенде – өмір де тоқталып, материалдық элементтер кеңістікке тарап кетеді. 
Сонымен бірге, жан иелерінде тіршілікке қажетті табиғатты танып-білуге арналған 
бес  орган  және  қимыл  жасауға  арналған  бес  орган  бары  туралы  айтылды.  Жан 
иелері  денелерінің  порымына  байланысты  өздерінің  қызметін  дұрыс  атқару  үшін 
бұлар  әртүрлі  болғанымен,  жасайтын  қызметі  бірдей.  Мысалы,  Шәкәрім  "Көбелек 
жейтін шөп те бар" – дейді. Яғни, шөптің көбелекті көретін, ұстап алатын, тамақ жеу 
және  тағы басқадай  қызметтерді  атқаруға  керекті  көзі,  қолы,  жейтін  ауызы  тәрізді 
басқа да органдары бар деген сөз. 
Адамның  iшкi  дүниесiне,  яғни  нәзiк  болмысына  әуелi  оның  сезiмдерi  жатады. 
Қоршаған  ортамен  пенде  сезiмдерi  арқылы  байланысады.  Хайуанаттарды  олардың 
сезiмдерi басқарып, соларға толық тәуелдi болады. Адамдарда, керiсiнше, олардың 
қалау-ниеттерi сезiмдерiн басқаруға тиiстi. Бiрақ бұл барлық адамдарда бiрдей емес. 
Көпшiлiк  адамдар  бұл  деңгейге  жете  алмай,  өз  сезiмдерiнiң  ықпалынан  шыға 
алмағандықтан  өмірдi  жанталас  күреспен  өткізедi.  Сезiмдерiнiң  құлына 
айналғандарды  Абай  "Ғылым  да  жоқ,  ми  да  жоқ,  даладағы  аңдарсың"  –  деп 
бағалайды. 
7
. Iс-әрекет 
Салауатты өмірдің бір кепілі – дұрыс іс-әрекет екені белгілі. Іс-әрекет болмыстың 
бір  негізі,  яғни  болмыстың  бір  көрінісі.  Барлық  Барлық  жаралыс  іс-әрекетпен 
болады. Шәкәрім "Жаралыс басы – қозғалыс." – дейді. Қозғалыс болмаса – жаралыс 
та жоқ. Жаралыс – іс-әрекеттің нәтижесі. Бұл – болмыс ғұмыры. Абай "Ғұмыр өзі 
Хақиқат"  –  деп  болмыс  ғұмыры  Алла  тағаланың  бір  көрінісі  екенін  білдіреді. 

Болмыс тiршiлiгi дегенiмiз – ол әлемдегі жан иелерiнің бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, 
яғни  іс-әрекеті.  Ал,  бүкiл  болмыс  Хақиқат  көрiнiсi  болғандықтан,  iс-әрекет  те 
Хақиқаттың көрінісі. 
Әлемдегiнiң  барлығы  Алла  тағала,  әлемде  Алла  тағаладан  басқа  ештеңе  де  жоқ. 
Ғалам, оның өмірi мен ондағы болып жатқан түрлi iс-әрекеттер, тiптi әрбiр қозғалыс 
Алла тағаланың рухынан тарайды. Алла тағаланың рухы – Оның жаратушы қуаты. 
Алла тағаланың шапағаты ләззатты болғандықтан, Оның рухынан шығатын барлық 
iс-әрекет те тiрi жанға ләззат әкеледi. Дене қимылынан дені сау адам ләззат алады. 
Академик  Павлов  бұл  сезімді  "бұлшық  ет  қуанышы"  деп  атаған  екен.  Зер  салған 
адам жан иелерінің  барлығына ортақ  төрт процесстiң (тамақ  iшу,  ұйқы,  қорғаныс, 
жыныс  қатынасы)  барлығы  да  ләззат  беретiнiн байқайды.  Ләззат  алу  –  тiрi  жанды 
өмірге  ынталандыру  шарты  болғандықтан,  жан  иелерiне  қозғалыссыз,  iс-әрекетсiз 
өмір мәнi жоғалады. Іс-әрекет жан иелеріне өмірдің ләззатін силап, қуаныш әкеледі. 
Осылай адам болмыс хикметтерін сезіп-біліп көкірек көзін аша береді. 
Ал  қозғалыс  болмаса  өмір  тоқталады.  Түрмедегi  ең  ауыр  жаза  адамды  еркiн 
қозғалуға мүмкiндiк бермейтiн жеке бөлмеге (камераға) қамау. Ондай қамауға адам 
көп  шыдамайды.  Немесе  ауырып  қозғалыссыз  жатқан  адам  үшiн  қасiреттiң  ең 
ауыры оның ауруы емес, қозғала алмауы болса керек. Себебi қозғалыс болмаған соң 
адам  Алла  тағаланы  (Оның  қуатын)  қабылдай  алмай  жаны  да,  тәнi  де  күйзелiске 
ұшырайды. Керісінше, қозғалатын, әр істе де пысық адамдардың денi сау, өмірi де 
ұзақ болатыны осы себептен. 
Іс-әрекетке дене қимылы ғана емес, сөйлеген сөз де жатады. Рухани жолда жоғары 
деңгейлерге  жеткен  адамдар  Алла  тағаламен  өздерінің  рухы  арқылы  байланыс 
жасайды.  Олар  үшін  ойлаған  ой,  тіпті  одан  да  тереңде  жатқан  ішкі  дүниесінің 
жұмысы  да  іс-әрекетке  жатады.  Осылай  рухани,  психикалық  және  физикалық 
әлемдердің  өздеріне  лайық  іс-әрекеттері  бар.  Сөйтіп,  іс-әрекет  үш  түрге  бөлінеді. 
Олар бірі-бірімен тығыз байланыста. Әлемнің барлық деңгейлеріндегі өмірлер бір-
бірімен үйлесімділікпен тығыз байланысып жатыр. 
Адам  баласы  жер  бетіндегі  ең  саналы  да,  жетілген  жан  иесі  болғандықтан,  жер 
бетіндегі үйлесімділік адамзат өміріне көп байланысты. Адамға еркіндік пен ерекше 
ақыл-ес берілгендіктен, ол жасампаздық қуатқа ие. Басқа жан иелерінде ондай қуат 
жоқ. Абай жиырма жетінші қара сөзінде былай дейді: 
"Хайуанға  адамның  ақылын  берсе,  мұнша  шеберлік,  мұнша  дарқарлық,  бір-біріне 
ғылым үйретерлік шешендік салахият (қажеттілік) ол денеге лайықты келмейді. Қай 
өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберлікпен 
удесінен (икемді) шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып 
ақылды  және  ғажайыппен  жасалған  денеге  кіргізіп,  мұнша  салахият  иесі  қылғаны 
хикметпенен  өзге  хайуанға  сұлтан  қылғандығына  дәлел  емес  пе?  Ол  дәлел  болса, 
адам  баласын  артық  көріп,  қамын  әуелден  Алланың  Өзі  ойлап  жасағанына  дәлел 
емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай 

ма? – депті." Адамның хайуаннан артық және не себептен олай жаратылғанын Абай 
осылай айтады. Табиғи инстинктпен шектеліп, одан шыға алмайтын хайуандардан 
адамның ерекшеліктері зор. 
Адам – жер бетіндегі негізігі көркемдеуші қуат. Ал бүкіл ғарыш кеңістігін алатын 
болсақ, Жер бүкіл әлемдегі ең маңызды планета. Сондықтан, жердегі өзгеріс бүкіл 
әлем  өміріне  әсер  етеді.  Осылай  жер  бетіндегі  адам  өміріне,  оның  жасаған  іс-
әрекетіне  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі.  Яғни,  адамның  дұрыс  іс-әрекетінің  өз 
өмірі ғана емес, бүкіл материалдық әлем үшін үлкен маңызы бар. 
Абай да өзінің отыз сегізінші қара сөзінде осыны көрсеткісі келгендей, іс-әрекетті 
болмыстың  бір  көрінісі  ретінде  беріп,  оны  қалай  дұрыс  орындауды  білгенде  ғана 
жан иесі адам деңгейінде болатынын білдіріп былай дейді: 
"... өз адамдығын бұзбай ғана жәлiб мәнфағат дәфғы мұзарратларны (пайдалы және 
залалды  iстердi)  айырмақлық  секiлдi  ғылым-бiлiмдi  үйренсе,  бiлер  деп  үмiт 
қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала". 
Адамның өз адамдығын бұзбай дұрыс өмір сүру оңай емес. Ол үшін әуелі адам өзін-
өзі танып, басқадай болмыс көріністерімен дұрыс байланыс жасай білуі керек. Яғни, 
ол жақсы мен жаманды айыра білуі керек. Бұның өзі ол өзін болмыстың бір бөлігі 
екенін танып-біліп, өмірін сонымен үйлестіргенде ғана жүзеге асады.Адамның өмірі 
сонда ғана дұрыс бағыт алып, іс-әрекетінде қателіктер болмайды. 
Енді  дұрыс  іс-әрекеттің  не  екеніне  келейік.  Дұрыс  іс-әрекет  дегеніміз,  Абай  ілімі 
бойынша,  адамның  өз  өмірін  болмыс  заңдылықтарына  сәйкес  үйлесімді  өмір 
жолына  салу.  Салауатты  өмір  дегеніміз  де  осы.  Бұл  –  имандылық  жолы.  Болмыс 
заңдылығымен  үйлесімділік  адам  баласына  еркін  өмір  беріп,  бақыт  құшағына 
бөлейді. Бұндай өмір – адамның өзін-өзі тануының даңғыл жолы. 
Бірақ, өмірдің мүлтіксіз орындалатын негізгі заңдылықтарын білмегендіктен, дұрыс 
іс-әрекеттің  маңызын  толық  түсініп,  оны  іске  асыру  әркімнің  қолынан  келе 
бермейді. Сондықтан, оларға өмірдің толып жатқан шым-шытырық қайшылықтарын 
түсіну оңай емес. Осының барлығы өмірдегі қасіреттердің негізгі себебі. Салауатты 
дұрыс  өмір  сүру  дегеннің  не  екенін  білу  кімге  болса  да  өте  маңызды  мәселе. 
Салауатты өмірдің негізгі қағидаларын Абай өзінің шығармаларында толық берген. 
Ол өзінің жиырма сегізінші қара сөзін былай деп бастайды: 
"Ей, мұсылмандар! Бiреу бай болса, бiреу кедей болса, бiреу ауру, бiреу сау болса, 
бiреу  есер,  бiреу  естi  болса,  бiреудiң  көңілi  жақсылыққа  мейiлдi,  бiреудiң  көңілi 
жаманшылыққа  мейiлдi  –  бұлар  нелiктен  десе  бiреу,  сiздер  айтасыздар:  Құдай 
тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған iс деп." Абай "Ей, мұсылмандар! " 
деп сөзін Құдайға сенетін адамдарға арнайды. Ол осылай әуелі өмірдегі жақсы мен 
жаман  көріністерді  суреттейді.  Құдайға  сенуші  нағыз  мұсылмандар,  барлық 
себептердің  себебі  Құдай  тағала  болғандықтан,  әрине,  өмірдегі  барлық  құбылыс 

Алла  тағаланың  бұйрығынша  болған  іс  деп  мойындайды.  Бірақ  ойшыл  әрі  қарай 
мынандай күрделі мәселені алдымызға қояды: 
"Жә, олай болса, бiз Құдай тағаланы айыбы жоқ, мiнi жоқ, өзі әдiл деп иман келтiрiп 
едiк". Шынында да егер өмірдегі барлық әділетсіздіктер Құдай тағаладан шығатын 
болса, онда Оның айыбы мен міні жоқтығын қалай түсінеміз? ! Әрине, бұл – шешуі 
өте қиын, көпшіліктің басын қатыратын, сондықтан, қарапайым адамдар ғана емес, 
үлкен  ойшылдардың  өзін  де  қатты  ойландыратын  үлкен  мәселе  екені  аян.  Бұл 
күнделікті  өмірдегі  әділеттілік  ұғымының  аясына  симайды.  Абай  бұнымен  ғана 
шектелмей,  әрі  қарай  өмірдің  зорлық-зомбылықтарын  атап,  олардың  себебін 
сұрайды: 
"Енді Құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір Құдайдан тілеп, адал 
еңбек  қылып,  пайда  іздеген  кісінің  еңбегін  жандырмай,  қатын-баласын  жөндеп 
асырарлық  та  қылмай,  кедей  қылады  екен.  Ешкімге  залалсыз  бір  момынды  ауру 
қылып,  қор  қылады  екен.  Қайда  бір  ұры,  залымның  денін  сау  қылады  екен.  Әке-
шешесі  бір  екі  баланың  бірін  есті,  бірін  есер  қылады  екен.  Тамам  жұртқа  бұзық 
болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын 
деп,  бұзықты  тозаққа  саламын  деп  айта  тұра,  пендесінің  біреуін  жақсылыққа 
мейілдендіріп,  біреуін  жаманшылыққа  мейілдендіріп,  өзі  Құдайлық  құдыретімен 
біреуін  жақсылыққа,  біреуін  жаманшылыққа  бұрып  жіберіп  тұрады  екен.  Осының 
бәрі Құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур (кешіруші) рахимдығына (мейірімді) , 
әділдігіне  лайық  келе  ме?  "  Шынында  да  егер  Құдай  тағала  шексіз  кешіруші, 
мейірімді,  әділетті  болса,  онда  Оның  жаратқан  өмірдегі  "әділетсіздіктерін"  қалай 
түсінеміз? Абай болмыстың қиын сырлы заңдылықтарын көрсетіп, әркімнің алдына 
осындай шешуі қиын мәселені көлденең тартады. 
Қарапайым  өмірде  көкірегін  шел  басқан  имансыздар  өмірдің  бұндай 
философиясына көңіл бөлмейді. Өмірдің жалған жарқылдағының қызығымен жүріп, 
бұндай күрделі сұрақ туралы ойланбайды, ойласа да оның жауабын таба алмайды. 
Сондықтан  Абай  сөзін  көкірегі  ояна  бастаған  имандыларға,  яғни  Құдайға 
сенушілерге  қарап  айтады.  Олар  өздерінің  басына  түскен  зардаптың,  өмірінің 
бақытсыздығының  себебін  іздейді.  Осылай  ой-өрісінің  пікірімен  иманды  адам 
біртіндеп  Құдайдың  хикметін  сезе  береді.  Ал  Құдай  тағалаға  толық  сенімі  жоқтар 
барлық іс-әрекеттің себебі өзім деп ойлайды. Бірақ ол іс-әрекеті ойдағыдай болмаса, 
оған  өзін  кінәламай,  кінәліні  сырттан  іздейді.  Осымен  олар  барлық 
қиыншылықтардың  себебі  –  қоршаған  ортасы,  қатын-баласы,  не  болмаса  үкімет 
басшыларының  кінәларынан  деп  табады.  Сөйтіп,  олар  өздерінің  бақытсыздық 
себептерін сырттан іздейді. Бірақ өздерінің ішкі дүниесіне үңілмейді. Тіпті, Құдай 
тағаланың өзіне кінә тағады. 
Бұл  туралы  М.Әуезов  өзінің  әйгілі  "Қорғансыздың  күні"  әңгімесінде  сексендегі 
кемпірдің  бейнесімен  өте  жақсы  беретіні  бар.  Ол  өмірдің  көп  сергелдеңін  көріп, 
тұрмыстың қиындығы шынықтырған адам бола тұра, көкірек көзінің соқырлығынан 
басына  түскен  зардаптың себебін  таба алмай,  тек қана  Құдай  тағаланы  кінәлайды. 

Ол  ұлы  мен  немересі  өліп,  оның  үстіне  он  үш  жастағы  немересі  Ғазизаны 
нәпсіқұмар  болыс  Ақан  зорлап,  масқаралап  кеткенін  білгенде  қайғыға  шыдамай 
былай  деп  зар  еңірейді:  "Құдайдың  менің  өз  басымнан,  менің  ұрпағымнан  аяған 
қазасы  бар  ма?..  Құдай-ай,  тағы  неге  ұшыраттың?..  Құдай  тағы  төбемнен  ұрайын 
деген  екенсің  ғой!  "  Әрине  бұндай  ойлар  адамның  көңілін  ашып,  өмірін  жөнге 
салмайды.  Себебі  ондай  ойлар  барлық  жаманшылықтың  себебін  өздерінің  ішкі 
дүниесінен емес, сырттан іздеуден шығады. 
Ойшыл  ойын  әрі  қарай  былай  деп  өрбітеді:  "Жұрт  та,  мүлік  те  –  бәрі  Құдайдың 
өзінікі.  Бұл  қылғанын  не  дей  аламыз?  Өз  мүлкін  Өзі  не  қылса  қыла  береді.  Оны 
айыпты  болады  дей  алмаймыз  десең,  ол  сөзің  Құдай  тағаланың  айыбы,  міні  жоқ 
емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? " – деп адамның 
алдына тіпті ауыр сұрақ қояды. Ярине, бұл сұраққа ой-өрісін пайдаланып пікірмен 
дамыған адам болмаса, Құдайға соқыр сеніммен ғибадат жасайтындардың тосылып 
қалары  хақ.  Бұндай  ауыр  сұрақтар  соқыр  сеніммен  жүрген  адамдарды  тығырыққа 
тіреп,  тіпті  олардың  Құдай  тағаланың  айыбы,  міні  жоқтығына  шүбә  келтіріп, 
сенімдеріне нұқсан келтіруі де мүмкін. 
Абай  мәселені  одан  әрі  былай  деп  қоюландыра  түседі:  "Олай  болғанда  пенде  өз 
тырысқанымен  не  табады?  Бәрін  қылушы,  қылдырушы  өзі  екен.  Пенде  пендеге 
өкпелейтұғын  ешнәрсе  жоқ.  Кім  жақсылық,  кім  жамандық  қылса  дағы  Құдайдан 
келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе? ". Абай адамзат алдына үлкен мәселені 
осылай  қояды.  Егер  адамның  барлық  іс-әрекеті  тек  қана  Құдай  тағалаға  тәуелді 
болса, онда адам баласына өз еркімен әрекет жасау мүмкін болмайды ғой. 
Бұндай соқыр сенім адамды еркінен айырып, барлық ынта-жігерден ада қылады. Бұл 
адамды әрекетсіздікке әкеліп, талабынан айырар еді. Сөйтіп, адамзат өркендеу емес, 
керісінше,  құлдырау  жолына  түспек.  Сонымен  бірге,  барлығы  тек  қана  Құдайдан 
келген  жарлықты  қылып  жүрсе,  онда  өмірдің  зомбылықтарына  кім  кінәлі?  Құдай 
кінәлі дей аламыз ба? Олай болса Оның рахымдылығы, мейірімділігі қайда? 
Егер барлығы Құдай тағаланың жарлығы бойынша болып жатса жоғарыда айтылған 
Ақан  болыс  өзінің  жасаған  қылмысына  жауапты  емес  қой?  !  Олай  болатын  болса 
ешқандай  қылмыскерді  кінәлап,  оған  жаза  кесуге  болмас  еді.  Сондықтан,  Абай 
бұндай ойдың теріс екенін, олардың шешімін ақыл беретінін білдіреді. 
Өмірдің  қиын  сырлы  заңдылықтарын  иман  арқылы  тану  үшін  ғибадатты  тек  қана 
діни  рәсім  ретінде  тәнмен  жасап  қою  жеткіліксіз.  Ақылды  іске  кірістіріп  пікір 
деңгейіне  көтерілу  керек.  Ғибадаттың  мәні  мен  мәнісін  түсінбей,  құр  соқыр 
сеніммен  жасаған  діни  рәсімнің  пайдасы  шамалы  болады.  Бұл  туралы  ойшыл  әрі 
қарай былай дейді: 
"Құдай  тағала  әрбiр  ақылы  бар  кiсiге  иман  парыз,  әрбiр  иманы  бар  кiсiге  ғибадат 
(құлшылық ету) парыз деген екен. Және де әрбiр рас iс ақылдан қорықпаса керек. 
Жә,  біз  енді  ақылды  еркіне  жібермесек,  Құдай  тағаланың  ақылы  бар  кісіге  иман 
парыз дегені қайда қалады? "Мені таныған ақылменен таныр дегені қайда қалады? " 

Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, Оны ойлама дегенімізге ақылды 
пенде  бола  ма?  Ақыл  тоқтамаған  соң,  діннің  өзі  неден  тұрады?  Әуелі  иманды 
түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? " 
Иманды түзеткенде ғана адамға өмір сырлары ашылмақшы екен. Абай өмірдің осы 
күрделі сырларын өзі ашып береді. Ол үшін ойшыл әрі қарай тіршіліктің ірге тасы 
болып  табылатын  Алла  мен  адамның,  адам  мен  табиғаттың  арасындағы  қарым-
қатынасты  түсіндіреді.  Ол  қарым-қатынас  мынандай.  Алла  тағала  тек  әлемнің 
заңдылықтарын  ғана  береді.  Материалдық  әлем  сол  өзіне  берілген  мінсіз 
заңдылықтармен үйлесімді өмір сүріп жатыр. Ал әлем өміріне Алла тағаланың Өзі 
араласпайды. 
Материалдық  әлемді  мәшинаның  моторымен  салыстыруға  болады.  Мәшинаның 
моторын  адам  кілтпен  іске  бір  рет  қосып  жібергеннен  кейін,  мотор  әрі  қарай 
адамның  қатынасынсыз-ақ  өз  бетімен  жұмыс  істей  беретіні  тәрізді,  материалдық 
әлем  де  Алла  тағаланың  көмегінсіз  өз  бетімен  жұмыс  істей  береді.  Сондықтан, 
қарапайым  өмірде  әркімнің  жасаған  әрекетін  Алла  тағаланың  Өзі  емес,  әлем 
заңдылығы  басқарады.  Сөйтіп,  жан  иесі  өзінің  іс-әрекеті  арқылы  табиғатты  қалай 
пайдалануына  байланысты,  жақсы-жаман  нәтижелерін  әділет  заңы  бойынша  өзі 
көреді. Оған Алла тағала араласпайды. Бұл туралы Абай былай деп түсіндіреді: 
"Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, 
ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – 
Құдай, бар қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйпесе – жоқ". 
Ойшыл осылай Алла тағаланың хикметін сезу үшін ақылды пайдаланып, дұрыс іс-
әрекет  жасауға  үйретеді.  Ол  үшін  иман,  яғни  сенім  керек.  Иман  өзі  әркімге  жол 
табады.  Міне  осылай  данышпан  Абай  салауатты  өмірдің  негізгі  түйінін  шешіп 
береді. 
Көріп  отырмыз,  Абай  жиырма  сегiзiншi  қара  сөзiнде  өмірдің  адамға  көрсететін 
сергелдеңі  Алла  тағаладан  емес  дейді.  Құдай  әлемдi  жаратып,  оның  өмір  сүру 
заңдылықтарын  ғана  берді.  Материалдық  әлем  сол  заңдылықтармен  өмір  сүреді. 
Оған Алла тағала араласпайды. 
Енді  сол  заңдылықтардың  орындалу  сырына  келейік.  Бұл  "Өмірдің  барлық 
зардаптарына  кім  кінәлі?  "  деген  сұраққа  жауап  береді.  Жоғарыда  айтылғандай, 
Алла тағала жан иесіне өзінің қалауына байданысты осы фәни өмірде оның өмірдің 
барлық  қызығын  көруге  жағдай  жасады.  Өзінің  ниеті  бойынша  алған  сол  өмір 
жағдайымен ол тіршіліктің қуанышы мен қайғысын толық көреді. Бұл "не ексең – 
соны  орасың"  деген  әділет  қағидасын  білдіретін  заңдылықпен  орындалады  екен. 
Өмірдегі  іс-әрекетіне  байланысты  әркімге  өз  несібесін  беретін  әділет  заңы  осы. 
Барлық  іс-әрекет  адамның  өзінің  қалау-ниетіне  байланысты.  Адамның  әрбір  іс-
әрекетіне сәйкес оның нәтижесі, яғни оның салдары бар. Сондықтан әділетке Абай 
да Шәкәрім де өте жоғары орын береді. Абайдың әйгілі үш сүю тұжырымын тағы 
бір еске түсірейік: 

Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және Хақ жолы осы деп әділетті. 
("Алланың Өзі де рас, сөзі де рас", 1902 ж.) 
Абайдың бұл өлең жолдарын фәни өмірге қолданатын болсақ, "Және Хақ жолы осы 
деп әділетті" – деп үшінші сүюде әділет туралы айтып отыр деп түсінуге де болады. 
Ойшыл қара сөздерінде де осы ойды қайталап, өлеңдерінде де "әділет шапқат кімде 
бар, сол жарасар туғанға" тәрізді ойларды айтып, қайталап отырады. Себебі әділет 
заңдылығы бүкіл әлем өмірінің үйлесімділік кепілі. Бұл заңдылық "Не ексең, соны 
орасың"  деген  қарапайым  түсінікпен  беріледі.  Немесе  iс-әрекетiң,  мақсат-ниетiң 
қандай  болса,  соған  байланысты  соның  нәтижесiн  көресiң.  Бұл  заңдылық 
материалдық әлемді түгел қамтитындықтан, жан иелерінің діні, ұлты, нәсілі тәрізді 
сыртқы айырмашылықтарына байланысты  емес, барлығына  ортақ  екені  әркімге  де 
түсінікті болса керек. 
Мысалы,  әрбір  қозғалыстың  немесе  iс-әрекеттiң  себебi  және  соған  сәйкес  оның 
салдары  болатыны  белгiлi.  Жақсылықтың  да,  жамандықтың  да  өзіне  сәйкес 
қайтарылатын  есесi  бар.  Мұны  қазақ  тiлiнде  "қарымта"  деп  атайды.  Қазақ  тiлi 
сөздiгiнде  (Алматы,  1999  ж.  ҰҒА.  –  Б.  384)  бұл  туралы  былай  делiнедi:  "Қарым 
немесе  Қарымта.  Бiреудiң  жасаған  жақсылығы  немесе  қылған  қиянаты  үшiн 
қайтарылған есе: 1. Қарымтасын қайтарды (қайырды) – есесiн, қарымын қайтарды. 
2. Қарымташыл. Қарымта қайтарғыш." (Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгiнде де 
бар). 
Әділет заңдылығын табиғаттың себеп-салдар заңдылығы деп атауға да болады. Бұл 
заңдылық  материалдық  әлемнің  физикалық  көрнеу  және  көрінбейтін  көмескі 
түрлерінің  екеуіне  де  ортақ.  Физикалық  әлемде  әділет  заңдылығы  –  Ньютон 
заңдылығы деп аталады. Бұл заңдылық бойынша денеге әсер еткен күшке қарама-
қарсы сондай күш әсер етедi. Ол күштер бір-біріне тең және қарама-қарсы. Оларды 
бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды. 
Ал, көзге көрінбейтін көмескі әлемде әділет заңдылығы қоғам өміріндегі көріністер 
бойынша  және  адамдардың  ой-өрісi,  айтылған  сөзi,  мiнез-құлықтары  мен  iс-
әрекеттерi арқылы көрiнедi. Мысалы, бiреуге жаман қылық көрсетсең, сен де соған 
сәйкес  жауабын  аласың.  Егер  адамдармен  өзiңнiң  қарым-қатынасың  жақсы  болса, 
олардың саған да қарым-қатынасы жақсы болады. Осылай адам өзінің бақытын өзі 
құрайды. Себебі, өмірдегі барлық жаман-жақсы қатынастар тек қана адамның өзіне 
байланысты. 

Әрине, көмескі әлемде физикалық әлмедегідей әділет заңдылығы бірден көрінбейді. 
Себебі,  көмескі  әлемде  адамның  іс-әрекеті  мен  оның  нәтижесінің  арасында  уақыт 
бар.  Уақыт  іс-әрекеттің  себебі  мен  оның  салдарын  бөліп  тұрғандықтан,  олардың 
байланысын  әркім  бірден  көріп-біле  бермейді.  Кейде  білсе  де  –  сенбейді,  немесе 
Алла тағаланың кешірімділігімен жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. 
Адамдардың  осындай  надандықтарынан,  имансыздықтарынан  қоғамның 
бейберекеті  кетеді.  Бұндай  адамдарды  Абайдың  мұсылман  емес  дейтіні  бар.  Бұл 


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал