Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет16/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
осындай жалғандығын ақын былай деп суреттейдi: 
Сағаттың шықылдағы емес ермек, 
Һәмишә өмiр өтпек – ол бiлдiрмек. 
Бiр минут бiр кiсiнiң өмiрiне ұқсас, 
Өттi, өлдi, тағдыр жоқ қайта келмек... 
...Күн жиылып ай болды, он екi ай – жыл, 
Жыл жиылып, қартайтып қылғаны – бұл. 
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, 
Жалғаны жоқ бiр Тәңiрiм, кеңшiлiк қыл. 
("Сағаттың шықылдағы емес ермек", 1896 ж.) 
Абай осылай сағаттың шықылдағының өзі өмірдiң аса маңызды мәнiн бiлдiретiнiн, 
оның үнемi (һәмишә) өмірдің өткiншiлiгiн еске салатынын айтады. Ал бiр минут 
өткен уақыттың өзi адамның өткен өмірi тәрiздi – ол қайтып келмеске кетті. Осылай 
данышпан бұл жалған (фәни) өмірдiң шын сипатын танып, одан безiп, ендi 
"Жалғаны жоқ бiр Тәңiрiм, кеңшiлiк қыл" деп нағыз мәңгiлiк (бақи) өмірден тiрек 
iздегендей болады. 
Материалдық өмірдiң тұрақсыз, жалғандығын данышпан өзiнiң В.А.Крыловтан 
аударған мына өлеңiнде былай деп суреттейдi: 
Мен көрдiм дүние деген иттiң к...тiн, 
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. 
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда, 
Көбiнiң сырты бүтiн, iшi түтiн. 
("Мен көрдiм ұзын қайың құлағанын". 1898 ж.) 
Бірақ сана-сезімі әлі толысып болмаған жандарға бұл өмірдің қызығы мол. Оларға 
өмірдің әрбір жарқылдаған көрінісі алданыш болып, үлкен ләззат әкеледі. Бірақ та, 

материалдық сезімдер шектеулі болғандықтан, адамның жалықпайтын қызығы 
болмайды. Абайдың өзі өмірдің барлық қызығын көріп, жасы ұлғайғанда жазған 
бірінші қара сөзiнде бұл туралы былай дейдi: 
"Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген iсiмiздiң 
баянсызын, байлаусызын көрдiк, бәрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал, ендi қалған 
өмірiмiздi қайтып, не қылып өткіземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын." Бұл 
сөздерден материалдық әлемнiң адамды қажытып, жалықтыратынын, ал ондағы 
тіршіліктің баянсызын, байлаусызын, тіпті қоршылық екенiн көремiз. Бұл жағдай 
ойлы адамды көп толғандырады. Сөйтіп, Абайдың өзі "Алла өзгермес, адамзат 
күнде өзгерер", не болмаса "Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді" деп, бұл туралы 
мынандай тұжырымға келеді: 
Өмір, дүние дегенiң, 
Ағып жатқан су екен. 
Жақсы-жаман көргенiң, 
Ойлай берсең, у екен. 
("Не іздейсің, көңілім, не іздейсің". 1892 ж.) 
Қасіретке толы. Абай бұл өмірдің қасіретін көріп, оның себептері туралы көп 
жазғаны белгілі. Фәни өмірдегi зардап жан иелерiне үш түрлi жолмен келедi. 
Олардың бiрiншiсi, адамның өзiнiң жiберген қателiктерiнен (себебi адамның 
кемшiлiктерi көп) ; екiншiсi, басқа жан иелерiнiң көрсеткен зардабы (адамдардың 
арасындағы болатын қайшылықтар) ; үшiншiсi, табиғат күштерiнiң зардабы (жер 
сiлкiнiсi, су тасқыны, күннiң ыстық-суығы, сол сияқты тағы басқа апаттар). 
Дүниедегi жан иелерiнiң қасiретiнiң барлық себептерi осылар. Табиғатты басқармақ 
болған жан иелерi осылайша оның ықпалына түседi. Себебi тән материалды 
болғандықтан, табиғат заңдылығының ықпалынан шыға алмайды. Өмір зардаптары 
адамды бiртiндеп тазартып, көкірек көзін ашуға мүмкіндік береді. Адам баласы 
осылай өмір мақсатына жетуге мүмкіндік алады. 
Надандыққа толы. Фәни өмірдің надандыққа толы екенi жөнiнде данышпанның 
өлеңдерi мен қара сөздерiнде жеткiлiктi айтылатыны белгiлi. Надандық білместіктен 
туады. 
Абай табиғаттың жаратылу мақсатын көрсетiп қана қоймайды, ол сонымен бiрге, 
оның қасиеттерiн де суреттеп, адамға жеткiзедi. Фәни өмірде дұрыс бағыт алу үшiн 
бұл әркiмге өте керек бiлiм. 
Сұм дүние тонап жатыр, iсiң бар ма? 
Баяғы күш, баяғы түсiң бар ма? 

Алды үмiт, арты өкiнiш алдамшы өмір, 
Желiгiн жерге тықпас кiсiң бар ма? ! 
Дәмi қайтпас, бұзылмас тәттi бар ма? 
Бiр бес күннiң орны жоқ аптығарға. 
Қай қызығы татиды қу өмірдiң 
Татуды араз, жақынды жат қыларға? 
Ет жүрексiз ернiңнiң айтпа сөзiн
Тiл үйренген нәпсiнiң қу мiнезiн. 
Тiлде сүйек, ерiнде жиек бар ма, 
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзiн. 
("Сұм дүние тонап жатыр, iсiң бар ма? ". 1898 ж.) 
Бұл терең философиялық мағынасы бар өлең. Көңіл бөлiп оқитын болсақ, бұл өлең 
жолдарынан табиғаттың қасиеттерiн, адамның онымен қарым-қатынасының қандай 
болуы керек екенiн және фәни әлемнің адам өмірiндегi орнын көруге болады. Фәни 
өмірде адам өзiн табиғаттың қожайыны санайды. Кеңес дәуiрiндегi атақты ботаник 
Мичурин берген "Табиғаттан бiз күте алмаймыз, бiз табиғаттан алуымыз керек" 
деген қағиданың жаңсақ екенiн өткен дәуiр көрсеттi. Абай мұрасы адамның 
табиғаттың қожайыны емес, тек қана оның бiр кiшкентай бөлiгi екенiн ескертедi. 
Табиғат Жаратушының қуаты, яғни Оның бiр көрiнiсi, сондықтан табиғатты жеңу 
мүмкiн емес. Себебi оның Жаратушы жасаған бүкiл ғарышпен байланысқан адамға 
бағынбайтын өз заңдылықтары бар. Адам тойымсыз сезiмдерiнiң ықпалымен ақыл-
есiн пайдаланып, табиғатты өз қалауынша өзгертемiн деп үмiттенедi. Бұл уақытша 
пайдасын беруi мүмкiн. Бiрақ оның арты өкiнiш болып, үлкен зардапқа әкеледi. 
Сөйтiп алдамшы өмір өзiнiң түрлi жылтырағымен жеке адамдарды қалай алдаса, өз 
құлқыны үшiн табиғат заңдылығын бұзған бүкiл адамзатты да солай алдап, 
зардабын шектiредi. Бұл өлеңнiң "Алды үмiт, арты өкiнiш алдамшы өмір, желiгiн 
жерге тықпас кiсiң бар ма? !" деген жолдарынан фәни өмірдегi желiккен 
желөкпелердi ғана емес, бүгiнгi бүкiл адамзат әрекетiн көре аламыз. Бұған Кеңес 
дәуiрiндегi "тың көтеру" ұранымен Қазақстанның бiр кездегi мыңғырып мал 
жайылған байтақ даласын шөл және шөлейтке айналдырып, ал Арал теңiзiн құртуға 
айналдырғанын еске алсақ та жеткілікті. 
Адамның сезімдері шектеулі болғандықтан, өмірде дәмi тiл үйiргенімен бұзылмас 
тәттi жоқ, сондықтан сол үшін бүкіл табиғатты бүлдіріп, қатты құмарланып 
берілудің орны жоқ. Оны рухани мақсатқа айырбастауға татымайды. 

Бұл жалған дүние адамды нәпсiнiң торына түсiрiп, надандық құрсауында ұстауға 
арналған. Себебi осындай өмірдi бұл фәни өмірдегілер әуелден қалап, өздерi ниет 
еткен. Бұның маңызын түсіну үшін әуелі надандықтың не екеніне келейік. Абай 
ілімі бойынша адамның үш болмысына сәйкес надандықтың да үш деңгейін көруге 
болады. 
Біріншісі, физикалық деңгейдегі надандық. Бұл надандық хат танымайтын 
сауатсыздықтан басталып, физикалық әлем заңдылықтарын білместікті түгел 
қамтиды. Ондай адамдардың санасы тән құмарлығынан аспайды. Сондықтан, 
отбасы, туған-туысқан, дос-жораның арасындағы моральдық-этикалық нормалар 
аяққа басылып, қоғам заңдылықтары дұрыс орындалмайды. Қоғамдағы барлық 
бейберекеттің себебі, міне, осы табиғаттың жалпы заңдылықтарын ескермей, тек 
қана өзінің қара басының қамын ғана ойлауға мәжбүр ететін надандықтың әсері. 
Абай "Келдік талай жерге енді" өлеңінде: "өзім жалғыз, надан көп" – дейді. 
Көпшілік қауымда сана-сезім тән деңгейінен жоғары көтерілмейді. Олар туралы 
Ақын "сегіз аяқ" өлеңінде "тіліңді алмас көп наданнан түңілдім" дейді. "Көп айтса 
көнді, Жұрт айтса болды – Әдеті надан адамның", немесе "Наданның сүйенгені көп 
пен дүрмек" деп олардың мінездерін көрсетеді. Абай сөзімен айтқанда, олардың 
"ақындары ақылсыз надан келіп", "айтушы мен тыңдаушы көбі надан". 
Екіншісі, жоғары әлемдер заңдылығын білмеуден шығатын, ақыл-ес деңгейіндегі 
надандық. Жоғары нәзік әлем мен физикалық әлемнің байланысын білмегендіктен 
өткен ата-бабалар мен келешек ұрпақтың арасындағы, табиғат пен адамзат 
арасындағы байланыс орындалмай, бұзылады. Соның салдарынан өткен және 
келешек ұрпақтардың арасында қайшылықтар туады. Адамзат қоғамында ұлт, нәсіл 
айырмашылықтарына байланысты түрлі күрестер өрістейді. 
Қоғам өмірі табиғат заңдылықтарымен үйлесімді болмағандықтан табиғаттың түрлі 
кесапаттары көбейеді. Ал болмыстың жалпы заңдылықтарын толық 
түсінбегендіктен, адамзат өз өмірін табиғатпен үйлестіргеннің орнына, оған қарсы 
күреске шығады. Бұндай үздіксіз күрес жер бетіндегі зардаптарды ұлғайта береді. 
Жер бетi экологиясының мүшкiл жағдайы да ең әуелі адамзаттың жан-дүниесінің 
экологиясының құлдырауынан екенi түсiнiктi болса керек. Сөйтiп фәни өмірдiң 
ықпалымен адамзат табиғатты бүлдiредi. Бұл адамзаттың өзiне ор қазумен бiрдей. 
Себебi, адамзаттың өзi табиғаттың бiр бөлшегi. Сондықтан, табиғат бүлiнсе 
адамзаттың өзi де бүлiнбек. Адамзат қоғамындағы СПИД, Құстар тұмауы тәрізді 
кейінгі кездерде шығып жатқан аурулар мен адамдардың моральдық-психикалық 
ауытқулары осылардың дәлелдерi. Табиғатты өзгертуге болмайды. Адам басқа жан 
иелерiнiң ең саналысы болғандықтан, өзi сана-сезiмiнiң арқасында табиғатты тек 
қана өз мұқтажы үшiн пайдалана алады. Мiне, Абай бабамыз осыны ескертедi. Ал 
бұл имандылық жолында ғана жүзеге асатын iс. 

Ақыл-есі болмыс заңдылықтарын терең түсінбегендіктен, ақыл-есі надандық 
құрсауындағылар өмір құбылыстарын дұрыс барлай алмайды. Абай оларды: 
"Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі" деп суреттейді. 
Үшіншісі, рухани надандық. Бұл деңгейде Алла тағаланың бір екені ұмытылып, дін 
саясат құралына айналады. Сөйтіп, діндер арасында қарсыластықтар туып, діннің 
түпкі мәні ұмытылады. Бұл діннің атымен Жаратушының Өзіне қарсы әрекет 
жасауға дейін апарады. Оған адамзат тарихындағы "Крест жорықтары" тәрізді діни 
соғыстар жақсы мысал бола алады. Немесе тағы бір мысал ретінде қазіргі Иракта 
болып жатқан жағдайды алуға болады. Жуырда КТК телеарнасы шейіттер мен 
суниттер арасындағы жанжалдың көрінісі ретінде Алла тағаланың сүйікті құлы 
Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнін тойлау барысында (сәуірдің 11 жұлдызы 
2006 жыл) мешітте болған оқиғаны хабарлады. 
Барлық мұсылмандардың мейрамы қасиетті "Мәуліт" күні Алла тағаланың үйінде 
ғибадат жасап, барлық тілек-ниеттерін бір Жаратушыға бағыштап отырған кезде 
үлкен жарылыс болып, қырық шақты адам қайтыс болып, көптеген адамдар жарақат 
алды. Мұсылманның қасиетті күнінде осындай білместік жасалған. 
Құдайға қарсы бұдан артық әрекет болар ма екен, сірә. Беліне жарылғыштар байлап 
алып осындай зобалаңға барған адам, әрине, бұл лаңкестік әрекетті Алла тағаланың 
разылығы үшін, өзінің жұмаққа баруы үшін жасадым деп ойлады. Әйтпесе, бұндай 
жанкештікке бару мүмкін емес қой. Өкінішке орай, кейінгі жылдары осындай 
ылаңкес әрекеттердің толастамай тұрғаны баршаға мәлім. Рухани надандаықтың 
зардабы, міне, осындай. Абай "Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, наданның 
көзін қойып, көңілін ашпақ, " – деп бұндай адамдардың көкірек көзі, жүрегі шелмен 
жабылғанын көрсетіп, оларға көмек жасамақ болады. Бірақ "бұл жұрттың сөз 
танымас бір парасы"– деп, оларды жөнге салудың оңай емес екенін көрсетеді. 
Осылай физикалық деңгейдегі надандықтың зардабы жеке адамдарға тисе, әлем 
заңдылықтарын білмеу надандығы бүкіл қоғамға зардабын тигізеді, ал рухаи 
надандық адамдарды Құдайға қарсы қояды. Надандықтың басы өзін Құдайдан 
бөлген кездегі жалған эгодан басталып, әрі қарай сана деңгейі ақыл-ес, одан тәнге 
дейін төмендейді. Надандықтан құтылудың тура жолы ол – өзін-өзі тану жолына 
түсіп, сана-сезімді қайтадан жоғары деңгейге көтеру болып табылады. 
6.1. Табиғаттың көрінетін және көрінбейтін сырлары 
Абай iлiмi бойынша табиғат адам сезiмдерi қабылдайтын тұрпайы және 
сезiмдерiнен тыс жатқан нәзiк алғашқы элементтерден құралады. Жан иелерiне 
материалдық әлемдегi барлық планета жүйелерi мен оларды мекендейтiн минерал, 
өсімдiктер, жануарлар, адамдар, сонымен бiрге жоғары әлемдегi рухтар жатады. 
Табиғаттың элементтері олардың денелерiн құрайды, сонымен бiрге олардан тыс та 
болады. Мысалы, көлдегi су балықтың денесiнде де бар, сонымен бiрге оның 
сыртында да бар. Материяның өзгергiш қасиетi болғандықтан, бүкiл әлем өзгерiп, 

жоғалып отырады. Бiрақ кезiнде қайтадан пайда болады. Исламдағы сопылар iлiмi 
бойынша түбiнде барлығы да Түп иеге қайтады, сонан кейiн әлемнiң пайда болуы 
сол қалыппен тағы да басталады. Яғни Проклдiң айтуынша "Барлығы Содан 
шығады және барлығы Соған қайтады" /10/. Осылай бүкiл әлем айналыста болады. 
Бұл туралы көне Қытай философиясы мен басқа да көне әдебиеттерде де молынан 
айтылады /11/. 
Ендi табиғаттың осы алғашқы элементтерiне жеке тоқталайық. 
Тұрпайы элементтер. Бүкiл әлемдегi жан иелерiнiң тұрпайы денелерi (тәндерi) 
тұрпайы элементтерден құралады. Тұрпайы элементтердің пайда болуы жөнінде 
Жәлел-ад-дин Руми /8/ әлемнiң жаратылу құпиясында жазады. Материя рухани 
энергиядан пайда болады. Әуелi рухани энергия қоюланып материалданады. Ойшыл 
жан иелерiнiң әрi қарайғы жетiлу жолын аристотельдiк жүйемен қарастырады. Ол 
жол: әуелi минералдар, сонан кейiн өсімдiктер, жануарлар, адам. Жан иелерiнде 
адам деңгейінен бастап рухани әлемге жету мүмкiндiгi пайда болады. Бұл туралы 
Омар Хайам да жазады /9/. 
Шәкерiм қажылыққа барған жолы бiлiм iздеу мақсатымен Түркия мен Сауд 
Арабияда болып, ондағы шығыс пен батыс ойшылдарының еңбектерiмен 
танысқаннан кейiнгi жазған қазақтың алғашқы философиялық еңбегiнiң бiрi – "Үш 
анық" атты еңбегiнде былай деп жазады /12/: "Ескi заманның бiлiмдiлерi әр нәрсенiң 
түпкi негiзi неден жаралғанын тексерiп, тамам нәрсенiң негiзi төрт нәрсе деп бiлген. 
Онысы – топырақ, су, от, ауа". Бұларды тiрi жан өзiнiң сезiмдерiмен көрiп-бiле 
алады. Ислам теологтары бұған бүгiнгi ғылымда "кеңiстiк" (пространство) деп 
аталатын философиялық категорияны қосады /8/. Ол "эфир" деп аталады. 
Көрiп-бiлуге болатын төрт элемент – топырақ (жер) , су, от, ауа – химиялық 
элементтер және олардың байланысынан пайда болғандар. Мысалы, топырақ деген 
ұғымға барлық химиялық элементтер кiредi, сондықтан топырақта су, от, ауа, эфир 
бар. Суда – от, ауа, эфир бар, ал отта – ауа, эфир бар, ал ауада тек қана эфир бар. Бұл 
тұрпайы элементтердiң алғашқы төртеуiн физикалық ғылымдар бiршама зерттеп, 
мағлұмат бердi. Сондықтан бiз әлi толық зерттелiп болмаған эфир туралы бiраз 
түсiнiк беремiз. 
Эфирдi адам өзiнiң сезiмдерiмен бiле алмаса да түрлi нәзiк құралдар арқылы 
қабылдай алады. Эфир жан иелерiнiң сыртқы және iшкi болмысымен әрекет 
жасайтын кеңiстiк. Адамның нәзiк болмысы сезiм, ақыл-есiнен бастап тұрпайы 
болмысы физикалық тәнi осы эфир кеңiстiгiнде әрекет жасайды. Мысалы, ғарыш 
кеңiстiгiнде ұшып жүрген ғарышкерлермен байланыс эфир арқылы болады. 
Ғарыштық кеңiстiкте "бос орын" (вакуум) жоқ, толған эфир. Барлық радио, әлектро-
магниттік байланыстар эфир арқылы болады. Кейде радиодан "Әуе толқынында – 
Қазақ радиосы" тәрізді сөздерді естиміз. Бірақ, "Эфирде – Қазақ радиосы " десе 
дұрыс болады. 

Эфирдiң сезiм объектiсi – дыбыс (толқын). Бұл арада "дыбыс" деген сөз дыбыс 
толқындарын ғана емес, электромагниттiк, ультра-дыбыстық толқындар түрiн 
бiлдiредi. Барлық жан иелерi эфирдің ішінде және олардың денесінде де эфир бар. 
Қазiргi ғылым эфирлiк дененi бiраз зерттеп, нәтижесiн өмірде қолдана бастады. 
Адамның эфирлiк денесiнiң мүсiнi оның тәнiнiң мүсiнi тәрiздi, тек қана одан 
мөлшермен 2-10 мм шығып тұрады. Экстрасенсорлық қасиетi бар адамдар оны көре 
де алады. Эфирлiк дене адамның сыртқы ғарыш әлемімен байланысын қамтамасыз 
етедi. Адамның сыртқы әлеммен энергия алмасуы (әсiресе күн энергиясымен) осы 
эфирлiк дене арқылы болады. Ол қарама-қарсы екi полюсi бар электромагниттiк 
толқындардан құралады. Эфир сырттан энергия түрлерiн тартып, физикалық денеге 
беру және оның керексiз қалдықтарын сыртқа шығару арқылы тазартып отыру 
жұмысын атқарады. 
Жоғарыда айтылған сыртқы бес сезiмдер (сезім мүшелері) мен iшкi бес сезiмдерден 
басқа табиғатта бес сезiм объектiлерi бар. Бұлар сезiмдердiң қабылдайтын 
объектiлерi болғандықтан, олардан тәуелсiз. Әрбір сезiмнің өз объектiсі бар: көзге – 
мүсiн-бейне (порым) , құлаққа – дыбыс, мұрынға иiс, тiлге – дәм, қолға (терiге) – 
заттың сыртқы бетiнiң қасиеттерi (температура, тегiстiгi және т.б.). Осылар арқылы 
адам ләззат алып, өзiнiң хауас сәлимiн өзгертiп, қалыптастыратын болғандықтан, 
жетілу жолында сезімдерді не нәрсеге бағыттау керек екендігін білудің маңызы өте 
зор. 
Нәзiк элементтер. Табиғаттың нәзік болмысы сезім мүшелермен қабылдауға 
болмайтын эзотерикалық ұғымға жатады. Табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, 
адамның да өзінің психикалық болмысын құрайтын – сезімдері, ақылы, есі, өзін 
сезінуі (эгосы) бар дедік. Соған сәйкес, материалдық әлемнің де сондай нәзік 
элементтері бар. Олар нәзік (немесе қатар) әлемдерді құрайды. 
Абай iлiмi бойынша бүкiл әлемдi Алла тағала жаратқан. Ол материалдық әлемдi 
рухани әлем арқылы басқарады. Материалдық әлем материалдық дене тәрiздi 
тұрпайы және нәзiк әлем болып екiге бөлiнедi. Төменгi материалдық әлемдi рухани 
әлем нәзік материалдық әлем арқылы басқарады. Сөйтiп бүкiл материалдық әлем, 
яғни макрокосм жалпыға ортақ заңдылықпен өмір сүрiп жатады. Макрокосмдағы 
әрбiр жан иелерi микрокосм құрағандықтан, ол жан иелеріндегі өзгерiстер де 
материалдық әлемге ортақ жалпы заңдылықтарға бағынады. 
Адамның нәзік болмысы қарапайым сезімдерден тыс жатқан нәзік қатар әлемдермен 
тығыз байланыста. Бірақ ол байланыстарды әркім сезе бермейді. Адамның жетілу 
барысында жоғары әлемдермен байланыс нығая береді. Нәзік әлемдермен 
байланысын нығайтқан Абай, Шәкәрім тәрізді данышпандар жоғары әлемдердің 
рухани күшімен адамзатқа көркем шығармалар бере алады. 
Адам тәрбиесiнің негізі де осы жоғары әлемдермен байланысты нығайту болып 
табылады. Сонда адам баласы рухани әлем мен төменгі материалдық әлдемді дұрыс 
байланыстырып, өмірінде қателіктер көп жібермейді. Сондықтан, адам тәрбиесімен 

шұғылданатын педагогика, психология салалары адамның нәзiк болмысына аса 
көңіл бөледi. Адамды өзгерту деген сөз ең әуелi оның психикасын өзгерту болып 
табылады. Ал ол үшiн адам психикасын құрайтын элементтердiң құрылысы мен 
қасиеттерiн бiлу керек екенi түсiнiктi. Өткен атеистiк дәуiрде адам болмысының 
психологиясын ғана зерттеуге мүмкiндiк болды. Оның өзінде адам психикасының 
түпкі мәніне тереңдемей, оның сыртқы көрінісін бақылап, суреттеумен ғана 
қанағаттанды. Соның салдарынан психология ғылымы рухани болмысқа көңіл 
бөлмей, тіпті жанның бар екенін жоққа шығаруға дейін барды. 
Психологтардың жанға көңіл бөлмейтіні жайында Шәкәрім де жазады. Еліміздегі 
психология ғылымы қазіргі кезде әлі де болса сол ескі парадигмадан арыла алмай 
отыр. Жан иелерінің адамдық қадiр-қасиетiнiң негiзгі себебі қазіргі психология 
ғылымы жеткен деңгейден әріде жатыр. Оны парапсихология ғылымы зерттейдi. 
Адам баласы бұл дүниеден қайтқанда оның аруағы нәзік әлемдерге өтеді. Адамның 
қалай өмір сүруіне байланысты оның аруағы нәзік әлемнің түрлі қабаттарына 
барады. Егер ол бұл әлемде өзінің нәпсісінің ықпалында болып, түрлі нашар 
қылықтарға үйренетін болса, ол нәзік әлемдердің төменгі сезім қабатынан шыға 
алмайды. Бұл қабат сезімнің түрлі сорақы түрлерінен құралады. Сондықтан, жан 
иесі бұл қабатта жер бетінде қалыптасқан түрлі жаман сезімдерін 
қанағаттандырады. Тәндері болмағандықтан кейде олар өздерін қанағаттандыра 
алмай, басқа адамның денесіне еніп, оны түрлі жаман қылықтарға ұрындырып, 
ләззат алады. Бұндай аруақтарды қазақ жын, пері, шәйтән сияқты есімдермен 
атайды. Ал ондай аруақ қонған адамды халық "жын соққан" деп атайды. 
Егер адам осы өмірде табиғат заңдылықтарын бұзбай, имандылық тәртіппен өткізсе, 
онда ол әлемнің жоғары қабаттарынан орын алады. Нәзік әлемдерде аруақ жоғары 
көтерілген сайын оның алатын ләззаты да өсе береді. Себебі, жұмақ планеталары 
сонда орналасқан. Жоғары қабаттар әлемдік ақыл-естен құралатын болғандықтан, 
онда көтерілген аруақ өзінің ақыл-есінің қалауынша ләззаттанатын өмір жасай 
алады. Бұл деңгейге ғалымдар, ойшылдар көтеріледі. Олардың ақыл-естері жақсы 
дамыған және нұрлы болады. Сондықтан, өздеріне қандай ләззат түрі керек болса да 
нәзік элементтерден құрастырып жасап алады. Жұмақта ләззаттың барлық түрі бар 
дейтіні сондықтан. 
Жұмақтағы уақыт жердегіден басқаша өтеді. Ондағы өмір өте ұзақ. Сондықтан, оны 
мәңгілікті деп атайды. Жұмақ әлемі нәзік болса да, бірақ олар да материалды 
болғандықтан, ондағы ләзаттың да шегі бар. Жұмақтағы аруақты демалыс алып 
курортқа кеткен адаммен салыстыруға болады. Курорттағы адам демалыс уақыты 
бітіп, ақшасы таусылғанда еліне қайта оралады ғой. Сол тәрізді, аруақ та жер 
бетіндегі жақсы істері үшін алған қоры таусылғанда жер бетіне қайта оралады. 
Сондықтан жер бетіндегі адамдардың барлығы бірдей рухани әлемнен келгендер 
емес. Олар өте аз. Көпшілігі жұмақтан келіп, қайта жұмаққа баруға ұмтылып 
жүргендер. 

Ал адам бұл өмірде қылмысты істермен шұғылданып, өмірін болмыс 
заңдылықтарына кереғар өткізетін болса, ондай жағдайда әлемдік әділет заңдылығы 
бойынша төменгі әлемдерге кетеді. Бұны халық "тозақ" деп атайды. Қазақ халқында 
"жердің жеті қабаты" деген ұғым бар. Тозақ дегеніміз осы. Олар да түрлі қабаттарға 
бөлініп, жан денесін тастаған соң өзінің жер бетінде жасаған жарамсыз істеріне 
байланысты сол әлемдердің тиісті қабатына кетеді. Ол қабаттардағы қасірет түрі 
адамның жер бетіндегі істеген қылмыстарына байланысты ұлғая береді. 
Бұл әлемдердегі азаптың ауырлығы соншалықты, тіпті ондағы әрбір сәт өте ұзақ 
тәрізді болып көрінеді. Сондықтан, тозақ мәңгілік деп аталады. Ондағы қасірет 
түрлерін бұл арада жазудың қажеті жоқ. Себебі, тозақ әлемінен ешқандай да жақсы 
көрініс табу мүмкін емес. Әрине, бұған сенетіндер де бар, сенбейтіндер де бар. Ол 
әркімнің өз ырқында. Бірақ Абай ілімі бойынша әділет заңдылығы жұмыс істейді. 
Және оны іске асыратын орындар да бар екенін мойындау керектігі ешкімге де 
артық болмаса керек. 
Әлемнің барлық тіршілік иелері жаннан қуат алып, Жоғары жанның басқаруымен 
өздерінің осы денелерін қолданып тіршілік құрып, табиғаттың сан-алуан 
көріністерін құрап жатыр. Жер бетіндегі тіршіліктің бұл көріністерінің терең сырын 
Шәкәрім "Тауық неге шақырар сағат сайын" өлеңінде жақсы көрсеткен. Ол 
тауықтың шақыруы, иттің үруі, бұлбұлдың сайрауы, бозторғайдың әні нені білдіреді 
деген сауалдың сырына үңіліп, өзі оған былай деп жауап береді: 
Айуанда да ақыл бар адамдайын, 
Десең, ойлан ондайдан сыр табайын. 
Көңіл көзін аш-тағы ақылға сал, 
Құр құлақпен тыңдама, қалқатайым. 
Олар деп тұр: "Ойға алып бір Құдайын, 
Зор құдіретін әлемге ұқтырайын". 
Құлшылық, намазы мен иманы сол, 
Күнде бір, айында бір, сағат сайын. 
Демейді: "Босқа ұлып, тек сайрайын". 
Деп тұр ол: "Зор Тәңірісін сипаттайын". 
Нәпсі көзін байлаған адамзаттан, 
Айуан артық сезеді өмір жайын. 

Суыр неге қазады таудың сайын, 
Жаз жиып, қыстық азық қылар дайын. 
Қыс болса, шала өлерін қайдан білді, 
Деді ме азық жастап бір ұйықтайын. 
Сондай өмір келерін сезіп тұрған, 
Жан сыры ғой, сендерге байқатайын. 
Жаңа туған жас қозы тамақ іздеп, 


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал