Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
аңғаруға болады. 
Ғылым жан басқару керек дегендi айтады. Ғылым – Алла тағаланың қасиетi дедiк. 
Ендеше ұқтырып тұрған жүректегi Алла тағала сипаты. "Қалпыңды таза сақта" 
деген сөз жандық қалпыңды танып, нағыз эгоңды таны, яғни өзіңді танып, 
"Жүрегіңді таза сақта" дегендi бiлдiредi. "Халб" – араб сөзі, "жүрек" деген 
мағынаны біліреді. Құдай тағала жандық қалпыңа әрдайым қарайды. Жоғары Жан 
материалдық тәнге емес, рухани жанға қарайды. Өзін жан деп түсiнiп, тәнiн толық 
басқаратын адамды "табанының топырағы көзге сүртерлiк қасиеттi адам – сол" деп 
әулиелiк қасиеті бар адамды көрсетедi. 
Ендеше, өмірдiң негiзгi мақсатына жетiп, бақытты болу үшiн спортпен шұғылданып 
өзiнiң тәнiн күшейту, немесе түрлi өнер саласымен шұғылданып сезiмдерiн 
тәрбиелеу, материалдық ғылыммен шұғылданып ақыл-есiн өсiру тәрiздi әрекеттер 
жасау жеткiлiксiз. Бұлардың барлығы да рухты емес, материяны – адамның нәзiк 
және физикалық денесiн жетiлдiруге арналған. Бұлардың барлығы тән қамы, 
сондықтан негiзгi мақсатқа тек қана осылар жеткiзе алмайды. Бұлар арбадағы 
адамның баратын жерiне жетуi үшiн пайдаланатын құрал-сайман, ат-арбасы тәрiздi, 
жанға негiзгi мақсатқа жету үшiн берiлген құрал. Әрине, бұдан дене қамын ұмытып, 
оны мүлде тәрiк қыл деген ой тумауы керек. 
Баратын жерге жылдам, азапсыз жету үшiн құрал-сайман, ат-арбаның сақадай сай 
болуы қалай керек болса, өмір мақсатына жету үшiн де адамның денесi соған сай 
болуы керек. Сонымен бірге, осының барлығы Жаратушының разылығы үшін 
(ханзаданың әкесі ханды риза етуі үшін) жасалуы керек. "Бақытқа жету үшін тәнді, 
жанды және ұжданды (Алланың ризалығын) бірдей ұста" дегенді, міне, осылай 
түсінуге болады. Абай тән құмарының маңызы туралы жетiншi қара сөзiнде былай 
дейдi: 

"Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады: Бiреуi – iшсем, жесем, 
ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннiң құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй 
бола алмайды, Һәм өзi өспейдi, қуат таппайды". Абай осы сөзiмен дененi жетiлдiру 
керек, бiрақ ол – жан құмарын дұрыс қанағаттандыру үшiн ғана екенiн бiлдiредi. 
Адамды жетiлдiруде, бала тәрбиесiнде, оның психологиясын дұрыс қалыптастыруда 
Абайдың берген бұл бiлiмi шешушi орын алады. Ол адам жаны, нәзiк және 
физикалық болмыстарының өзара байланыстарын "Жүректе қайрат болмаса" 
өлеңiнде былай деп бередi: 
Жүректе қайрат болмаса, 
Ұйықтаған ойды кiм түртпек? 
Ақылға сәуле қонбаса, 
Хайуанша жүрiп күнелтпек. 
Аспаса ақыл қайраттан, 
Тереңге бармас, үстiрттер. 
Қартыңның ойы шар тартқан 
Әдетi жеңiп күңгiрттер. 
Тән сүйгенiн бермесе, 
Жан шыдамас жаны ашып. 
Бере берсең бер десе, 
Үмiт етер таласып. 
("Жүректе қайрат болмаса", 1898 ж.) 
Жан оянғанда өзiнiң рухани сәулесiн бүкiл денеге таратады, сөйтiп дене рухтанады. 
Ең әуелi сезiмдер, ақыл сәулеленiп, тәндi дұрыс басқара бастайды. Сәулеленген 
сезiмдер күш алып, ынта, қалау-ниет тудырады. Бұл жүректi оятып, оған қайрат 
бередi. Үлкен қайрат оянған жүректе ғана болмақ. Жүректегi қайрат ұйықтаған ойды 
түртiп оятып, адамның ойын шарықтатады. Бiрақ ақылға сәуле қонбаса, яғни ақыл 
рухтанбаса адам хайуанша жүрiп күнелтпек. Себебi жаннан қол үзiп қалған ақыл 
рухани бағыттан айрылып қалады. Ал күш алған сезiмдердi рухани ақыл 
басқармаса, адам өмірi тереңге бармай үстiрт тартып, фәни өмірдiң ықпалында 
қалады. 

Жан мейiрiмдiлiгiмен тәнге жаны ашиды. Бiрақ фәни өмірде тәндi, яғни сезiмдердi 
бiр арнада ұстамай, бер дегенiн бере берсең, ол үмiтi ұлғайып, келешекте жанмен 
таласып кетедi. Жан мен тәннiң таласы үздiксiз екенiн естен шығармау керек. 
Осылай данышпан жан мен дененiң қарым-қатынасы қандай болу керек екенiн 
көрсетедi. Бұл, әсіресе, педагогикада баланы жас кезінен бастап көрінген нәрсені 
беріп, еркелетпей, бір арнада ұстап отырудың маңызын көрсетеді. 
Ал ұйқыдағы жандарды Руми мал тәрiздiлер деп те атауға болады дейдi, себебi 
олардың жүректерiнде ұйқы мен тамақтан басқа құмарлық жоқ. Бiрақ олардың 
малдардан айырмашылығы бар. Олардың өз қасиеттерi мен табиғатын өзгертуге 
мүмкiндiктерi бар, яғни ояна алады. Әзiрше жан ұйқыда, ол ақыл-еске әсер ете 
алмайды. Сөйтiп, ақыл-ес сезiмдердi басқара алмай, керiсiнше, күштi сезiмдер ақыл-
естi басқарып кетедi. Сондықтан, арбаны дұрыс жолға салу үшiн ұйқыдағы адамның 
оянуы керектiгi тәрiздi, жан да тәндi дұрыс басқаруы үшiн ұйқыдан оянуы керек. 
5.2. Аруақ 
Аруақ. Абай көрсеткен "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан" деген түсінік 
халқымыздың салт-сана, әдет-ғұрпында берiк орын алған. Мысалы, адам қайтыс 
болғаннан кейiн оны о дүниеге шығарып салу рәсiмi халықта мұқият орындалады. 
Себебi, тәңіризмнен қалған діни ұғым бойынша жан адам өлгеннен соң жоғалып 
кетпей, о дүниеге өтеді. Аруақ дегеніміз – о дүниеге өткен жан. О дүниеде оның 
аруағы артында қалған туған-туыстарымен байланысын үзбейдi және ондағы өмірi 
артында қалғандардың оған деген ықыласына байланысты болады. Сондықтан, 
өткен туыстардың аруағына арналып мезгілі келгенде қатым түсіріліп отырады. 
Қазақ тілінде "ата-бабалардың аруағы", "пәленшенің аруағы", "түгеншенің аруағы" 
деген сөз тіркестері бар. Аруақ түсінігін тәңіризм ғана емес, сонымен бірге, ислам да 
жоққа шығармайды. Бірақ, ислам адам өмірін бір Алла тағалаға бағыттауға 
арналғандықтан аруақ ұғымына көп көңіл аудармай, тіпті кейбір жағдайларда 
аруаққа табынуға тиым да салынады. 
Осы өмірдегі жеткен рухани деңгейіне байланысты жан о дүниеде түрлі деңгейлерге 
көтеріледі. Қазақта "Аспанның жеті қабаты" деген түсінік бар. Жеті қабат дегеніміз 
осы өзіміз өмір сүріп жүрген тұрпайы әлемнен бөлек, бірақ қатар өмір сүретін 
әлемнің жеті қабаты. Олардың өздерін жеті әлем деп есептеуге болады. 
Жан өзінің осы әлемдегі өмір сүруінің нәтижесіне байланысты сол әлемдерде өзіне 
тиісті орын алады. Егер адам бұл әлемде қара басының қамынан аса алмай, нәпсінің 
ықпалымен ғана өмір сүрсе, ол соған байланысты тәнін тастағаннан кейін төменгі 
қабаттарға барады. Бұл қабат нәпсіқұмарлықтан туатын төмегі сезімдер қабаты. Бұл 
қабаттағы аруақтарды әр халық өз тілдерінде түрліше атайды. Мысалы, аруақтың 
палтергейс, гном, домовой, сура, асура және тағы сол сияқты басқа атаулары бар. 
Нәпсіқұмарлығымен өмірін кешіп, өзіне әлі дұрыс қадір-қасиет алып үлгірмеген 
жандар о дүниеде де сол өмірін жалғастырғысы келеді. Сондықтан олар нәпсілерін 
қандыру үшін адамдардың денесіне барып қонып, соларды дұрыс жолдан тайдырып, 

өздеріне ләззат алады. Не болмаса түрлі ойын-сауықтар құрып адамдардың өміріне 
араласады. Бұлардың қазақ тілінде "жын", "албасты", "шәйтән", "пері" және тағы 
сондай атаулары бар. 
Ал, осы өмірде өздерін жетілу жолына салып, жоғары деңгейге жеткен адамдардың 
рухы жоғары әлемдерге көтеріліп, олар өздерін есіне алып, жәрдем күткен 
ұрпақтарын жебеп, қиын жағдайдарда көмек беріп отырады. 
Аруақ туралы ұғым барлық халықтарда бар деуге болады. Ол спиритуалистерде, 
шаман, тәңiр, будда, зороастризм т.б. iлiмдерде қайталанады. Аруақ мәселесi 
мұсылман елдерiнде исмаилшылар мен сопыларда кеңiнен зерттеледi. 
Қазақтың алғашқы ағартушысы Ш.Уәлиханов аруақ туралы былай деп жазады /14/: 
"Адам табиғаттың аясында ғана дүниеге келiп – туып, соның ғажап, тосын 
қаhарынан өледi. Өлген сәттен бастап жаратылыс пен табиғаттың үстемдiгi кiлт 
үзiлiп, оның өзi аруаққа – онгонға, барлық құдыреттi күштерден (жер бетiндегi 
физикалық күштерден – автордың ескертпесi) тәуелсiз кейiпке айналады. Өлген 
адамның о дүниедегi хал-ахуалы жерлегендегi, жерлегеннен кейiнгi ырым-
жоралардың салт-санасына тән, бұзылмай орындалуына байланысты едi. Егер 
өлгеннен кейiнгi ырым-жоралар дұрыс орындалса, онда өлген адамның рухы 
жайбарақат рақат күйге түсiп, өз үрiм-бұтақтары мен туған-туысқандарына 
шапағатын тигiзiп, жебеп жүредi, ал олай болмаған жағдайда жауығып, аруағы 
қарғап-сiлейдi". Осылай Ш.Уәлиханов та бiздiң халықтың о дүние (нәзiк әлемдер) 
туралы ежелден берi түсiнiгi болғанын көрсетеді. 
Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі өте күрделі құбылыс. Рухани жан тәннен 
айырылғаннан кейiн (өлгеннен кейiн) жалаңаш қалмайды. Жан өзiнiң тұрпайы және 
нәзiк болмыстарын бiртiндеп тастайды. Нақтырақ айтсақ, адамның жатқан қабiрiнде 
тек қана тән қалады, жан нәзiк болмысымен одан түгелдей бөлiнiп кетедi. 
Нәзік материалдық болмыс бірнеше қабаттан құралатын болғандықтан, жан оларды 
бiртiндеп өз уақыттарында тастайды. Яғни жан иесi әлi бiрнеше рет "өледi". Сол 
кездерде артында қалған туыстары құрбандық беру арқылы есiне алып отырады. Бұл 
нәзік материалдық әлемнің заңдылығы. Сондықтан қазақтар да, орыстар да, 
тибеттiктер де ұлтына, дiнiне қарамастан дүниеден өткеннен адамның қайтқан 
күнiнде, жетiсiнде, қырқында, жылында жиналып бата оқып, iзгi тiлегiн бiлдiредi. 
Бұны халқымыз "жерлеу", "жетiсiн беру", "қырқын беру", "жылын беру" деп атайды. 
Бұл кезде жанның нәзiк денелерi өзiне арналған нәзiк тағамдармен (айтылған жақсы 
ниетпен) қоректенедi. Бұны қалай түсiнуге болады? Адам қайтқаннан кейiн оны 
есiне алып айтылған сөздер, ойлаған ойлар, сағыныш сезiмдерi нәзiк әлемдерде 
жүрген қайтыс болған адамға қорек болады. Себебi оның нәзiк болмыстары сезiм, 
ой, қалаулардан құралады ғой. Бұның өзi Ш.Уәлиханов ескерткендей, нәзiк әлемдегi 
қайтқан адамға жақсы болу үшiн оның батасын дұрыс берiп, қатымды iзгi ниетпен 
өткізіп, барлық рәсiмдердi дұрыс жасау керек екенiн көрсетедi. 

Ал егер адам өткеннен кейін оған берілген қатымның мақсаты оның артында қалған 
туған-туысқандарының мәртебесін өсіріп, өздерін көрсету, ел аузында атағын 
шығару үшін жасалатын болса, ондай қатымның пайдасынан гөрі зияны көп болады. 
Сондықтан, қатым бергеннің мәні мен мағынасы өте үлкен. Бұның барлығы бізге 
тәңіризмнен сіңген әдет-ғұрыптар. 
Жанға өзінің тәнін тастау қандай қиын болса, нәзік болмыстарын тастау да сондай 
қиындық тудырады. Бұл материалдық әлемнің заңдылығы. Оның себебі, жан осы 
материалдық әлемнің қызығын көргісі келіп, соған байланысты өзіне керекті 
тұрпайы және нәзік болмыстарын құрастырды ғой. Сондықтан, ол өзіне берілген 
рухани (рух) , нәзік (ақыл-ес және тағы басқалары) , тұрпайы (тән) болмыстарына 
байланып, өзі таза жан болса да, жалған эгоның әсерімен өзінің болмыстарын "өзім" 
деп қабылдайды. Сөйтіп, жан өзінің "денелеріне" мықтап байланып, солардың 
құмары үшін әрекет етеді. 
Бұл әрбір ананың өзінің баласын "менің балам" деп қабылдағаны тәрізді. Фәни 
әлемде ана өзін тән ретінде қабылдағандықтан, өзінің денесінен шыққан баланы 
өзінен бөлмейді. Оның туған баласын "менікі" деген сезімі өте күшті. Бұл сезім ол 
өзін қалай жақсы көрсе, баласын да сондай жақсы көріп, оған өсіп-жетілудің барлық 
жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Табиғаттың осы заңдылығының арқасында 
барлық жаңа туған жан иелері осы өмірге келе салысымен-ақ аналық шексіз 
қамқорлыққа ие болады. Бұл да Алла тағаланың жан иелеріне деген хикметінің бір 
көрінісі. 
Фәни өмірге келген соң жан материалдық әлемнің жанның көзі жабатын және төмен 
тартатын қасиеттері бойынша құлдырай бастайды. Нәпсінің ықпалымен тән қамы 
жан иелері осылай ақылды дұрыс пайдалана алмай, зұлымдық пен айлаға ұрынады. 
Жанның тәнге қатты байлануының себебі, таза ақылдың (нұрлы ақылдың) шелмен 
жабылып, жанның былғанып білімге толы алғашқы қасиетінен айырылуынан. 
Олардың маталғандары соншама мықты, мысалы, олардың айырылғанын Абай 
сөзімен айтқанда "Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес". Нұрлы ақылды жан тек қана 
тән қамы үшін жұмсағандықтан, ондай жан фәни өмірдің тұңғиығына тереңдеп бата 
береді. Шәкәрім тұжырымы бойынша ондай жан айуан деңгейіне дейін, тіпті одан 
да әрі, минералға дейін түсіп кетуі мүмкін. Сонан кейін жанның жетілу жолымен 
көтерілуі қайта басталады. Әрине, бұл өте ұзақ жол. 
Көптеген халықтардың, сонымен бiрге, ескi түркiлiк ұғым бойынша, рух нәзiк 
әлемдегi өмірi аяқталған соң, өзiнiң өткен өмірiнiң нәтижесiне байланысты жерде 
қайтадан тән алады. Жанның жер бетiнде қайтадан тән алатындығына көне түркi 
халықтарының сенiмдi болғаны жөнiнде археолог академик А.П.Окладников 
жазады. Оның тұжырымына өзiнiң толық қосылатынын бiлдiрiп зерттеушi Мурад 
Аджи былай деп жазады /15/: "Түркi халықтарында көптеген зерттеушiлер көңілiн 
аударған көне заманнан келе жатқан әдет болған. Жаудың батырлық және басқа да 
жақсы адамгершiлiк қасиеттерiн қөрсеткен адамы тұтқынға түскенде оны 

қарапайым әдiспен өлтiрмей, "Сен қайтадан туғанда бiздiң жерге келiп ту" деген 
өтiнiшпен, түрлi жан қинайтын әдiспен өлтiредi екен. 
Сөйтiп бұны қарапайым өлiм емес, батырды құрбандыққа шалуға айналдырған. 
Көне ұғым бойынша егер құрбандық дұрыс орындалатын болса, онда батырдың 
жаны жау емес, оған соңғы құрмет көрсеткендердi сақтаушыға және қорғаушыға 
айналады. Оған балабал – үлкен тас ескерткiш орнатқан." Адам өлердiң алдында 
ненi есiне алып, қандай жағдайда бұл өмірден өтсе, келесi өмірiнде сондай дене 
алады деген көне сенiмдi еске алатын болсақ, ескi түркi халықтарының да сондай 
сенiмi болғанын қөремiз. 
Ендi қайтадан дене алу жөнiндегi ислам ойшылдарының кейбiр айтқандарына 
тоқталайық. 
Джалел әд-дин Руми былай деп жазады /16/: "Әуелi сен балшық болдың. Сонан соң 
минерал болып, онан өтіп сен өсімдiк болдың. Өсiмдiктен хайуан болдың, ал 
хайуаннан кейiн адам болдың. Бұл кезеңдерде жан өзiнiң қайда бара жатқанын 
бiлмесе де ол осы ұзақ сапарда болуға мәжбүр болды. Және әлi жүздеген түрлi 
әлемдерден өтуге тура келедi." Осындай ойды исламиятты зерттеушi Идрис Шах та 
өзiнiң кiтабында жазады. 
Хазрад Инайят Хан қайтадан дене алу, жанның мәңгiлiктi екенiн, алда басқа өмір 
барын түсiндiрiп келедi де әрi қарай былай деп жалғастырады /22/: "Жоғарыдан 
келген жанның есiмi, порымы, не болмаса оның белгiлi бiр басқадай ерекшелiгi жоқ, 
сондықтан жан үшiн оны қалай атаудың айырмашылығы жоқ. Оның есiмi 
болмағандықтан, ол өзiне кигiзген костюмнiң есiмiн алуға дайын, мiне өмір 
заңдылығы осындай... Бөлектеу және тұтасты бөлiп қарау төменгi әлемдерге 
жатады, жоғары әлемдерде олай емес. Сондықтан сопылар қайтадан дене алу 
идеясына қарсы емес." Ол әрi қарай келесi өмірдiң бар екенiне сенбегендер барлық 
iлiмдердiң мәнi болып табылатын бiлiмнен айрылатынын жазады. Қайтадан дене алу 
заңдылығына сенетiн адамдардың өмірi оған сенбейтiндерге қарағанда жеңiл 
болатынын ескертедi. 
Идрис Шах сопылық ақын Омар Хайамның қайта дене алу жөнiнде айтқаны туралы 
былай деп жазады /23/: "Бiр күнi Хайам өзiнiң шәкiрттерiмен Нишапурдағы ескi 
медресенiң жанынан өтіп бара жатты. Медресе қақпасына жөндеу жұмыстарын 
жасау үшiн кiрпiштер артылған бiрнеше есек кiрдi. Бiр есек қақпаға кiрмей тұрып 
алады. Бұны қөрген Хайам есекке жақындап келiп күлiп былай дедi: "О, кетiп, 
қайтадан келген жан. Сенiң есiмiң басқа есiмдердiң арасында жоғалды. Сенiң 
тырнақтарың қазiр тұяқ болды, ал сақалың құйрыққа айналды және басқа жақтан 
салбырап тұр". Есек осы сөздерден кейiн қақпаға еркiмен кiрдi. Шәкiрттерiнiң 
таңданған сұрағына Хайам былай деп жауап бердi: "Есектiң рухы бұрын осы 
медресенiң ұстазының денесiнде болды. Ол есек нұсқасымен медресеге кiргiсi 
келмеп едi, бiрақ оны басқа оқытушы танығаннан кейiн ол қақпаға кiруге көндi." 
Рухани жоғары жетiлген жандардың адамның бұрынғы өмірiн көре бiлетiнiн 
бүгiндерi көптеген мысалмен дәлелдеуге болады. 

Қайта дене алуға исламға дейiнгi араб халқы да сенгенiн Ф.Н. Панова мен 
Ю.Б.Вахтин де жазады /17/. Сонымен бiрге бұған үндi халықтарының, Америка 
үндiстерiнiң, көне Египет халқының сенгенiн ескеретiн болсақ, келесi өмірдiң бар 
екендiгi бiр халық, не болмаса бiр мәдениеттiң ойлап шығарғаны емес, бүкiл 
адамзатқа ортақ табиғи заңдылық екенiн байқаймыз. 
Жан бір денеден екінші денеге көтеріліп рухын өсіру барысында адам деңгейіне 
көтеріледі. Бұл туралы Шәкәрімнің мынандай өлең жолдары бар: 
Сол жаннан талай жан өскен, 
Жанына қарай тән өскен, 
Өсімдік жаны нашар боп, 
Олардан жәндік және өскен, 
Жәндіктен адам жаралған. 
("Қасыңа қылыш қайратқан") 
Табиғаттың қайта дене алу заңдылығы жан иелерінің санасының эволюциялық 
жетілуін, сөйтіп, біртіндеп жүректі тазарту жолын көрсетеді. Бұл заңдылық – өмір 
мақсатына жеткізетін негізгі тәртіптердің бірі. Адамзат қауымы болмыстың әділет 
заңы мен қайта дене алуды әуелден біліп, оны әрқашан да есте ұстап, өмір 
мақсатының адастырмас шамшырағына айналдырып отырған. Соған қарамастан, 
соңғы заманда материализм күшейіп, болмыстың рухани сәулесі бұлыңғырлана 
бастаған кезде, адамзат арасында әлемнің бұл негізгі заңдылығын жоққа шығарып, 
оған сенбеушілер пайда болды. Айта берсе оның себептері көп. Сенбесе – сенбей-ақ 
қойсын. Одан әлем заңдылығы күшін жоймайды. 
Егер бұл заңдылыққа сенсе, адам өмір сырларын түсініп, көңілі тыныш табады. Ал 
сенбесе – көп нәрселер түсіініксіз болып, ойланатын адам бұл өмірде кемшілікті 
болып, ал ойланбайтын адам "Бұл өмір біреу ғана екен, сондықтан "ішіп-жеп" 
қалайық" деген қағидаға ұрынып, көптеген адамгершілік қасиетке қарсы келетін 
істер істеп, теріс жолға түседі. Бұл – бүгінгі заманның бүлінуінің негізгі 
себептерінің бірі. Оларға Абай сөзімен "Сен асыққан екен деп, Алла әмірін 
өзгертпес" деп, өмір заңдылықтарын бұзбағаның дұрыс, сонда ғана мақсатыңа 
жетесің дейміз. . 
Егер адамның өзін-өзі тануын қорытындылайтын болсақ, мынандай тұжырымдарға 
келуге болады. Адам дегеніміз бүкіл болмыстың барлық қасиетін бойына сіңірген 
микрокосм, яғни болмыстың бір саналы бөлігі. Адам рухани және материалдық 
болмыстардан құралады. Рухани болмысты – жан және жанның денесі рух құрайды. 
Бұлар жанның рухани әлемдегі болмысы. Ал, материалдық болмыс нәзік және 
тұрпайы болып екіге бөлінеді. Жан материалдық әлемге келгенде рухы арқылы әуелі 

нәзік болмыс алады. Нәзік болмысқа психикалық элементтер, яғни сезім, ақыл, ес, 
өзін сезінуі (жалған эго) жатады. 
Жан тәнді тастағаннан кейін нәзік болмысымен о дүниеде нәзік материалдық 
әлемдерде болады. Оны аруақ деп атайды. Ал жерге келгенде жан тұрпайы болмыс 
(тән) алып жер бетіндегі тіршіліктің бірі болады. Бірақ жер бетіндегі жан иелерінің 
арасындағы ең жетілгені адам болып табылады. Себебі, адамға басқа жан иелерінен 
бөлек ерекше ақыл-ес пен ерік берілген. 
Сөйтіп, жан тек қана адам деңгейінде ғана өзіне берілген ерекше ақыл-ес пен ерікті 
дұрыс пайдалану арқылы Абай көрсеткен Алла тағалаға қайту мүмкіндігін алады. 
Жан рухани әлемге көтерiлу үшiн материалдық әлемдер әсерiнен толық арылып, 
адамның "жалған эгосы" жойылып, "нағыз эгоға" айналуы керек. 
Адам өзiнiң жан екенiн толық сезiнген кезде ғана материалдық әлем ықпалынан 
арылып, рухани әлемге өте алады. Толық бiлiм, рахат пен ләззаттың шыңы сол 
мәңгiлiк рухани әлемде. Абай ілімі бойынша, бұған жету үшiн таза ниет, үлкен 
ынта-жiгер мен талап керек. 
6. Табиғат 
Жоғарыда айтқанымыздай, Абсолюттiк ақиқаттың тағы бiр негiзi – табиғат. Болмыс 
негіздерін дұрыс түсініп, салауатты өмір сүру үшін табиғаттың не екенін білуіміз 
керек. 
Табиғатты кең мағынасында түсінетін болсақ, оған қоршаған орта ғана емес, 
сонымен бiрге, бүкiл материалдық әлем жатады. Ал жан иелерiнiң материалдық тәнi 
болғандықтан олар да, оның iшiнде адам да материалдық әлемнiң бiр бөлiгi. Әрбір 
тіршілік иесін жан басқарса, ал бүкiл әлемдi Абсолюттiң өзі басқарады, сондықтан 
әлемнің де рухани болмысы бар, яғни оның да тiршiлiгi бар. Табиғат тіршілігін 
Шәкәрім "Табиғат неше түрлі жан жаратты" деген өлеңінде былай деп береді. 
Табиғат неше түрлі жан жаратты, 
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты. 
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ, 
Есепсіз қанша мыңмен сан жаратты. 
Бұл сөзге біреу мәңгүр, біреу нанды, 
Ақылмен білген адам әбден қанды. 
Жел мен су, тас, топырақ, шөп пен ағаш... 
Ғаламда не бар болса, бәрі жанды. 

Осылай Шәкәрім көп нәрсенің басын ашып береді. Табиғаттың өзі ғана емес, тіпті 
ғаламда не бар болса, бәрі жанды. Табиғаттың барлық көріністері жел мен су, тас, 
топырақ, шөп пен ағаштың да жаны бар. Сондықтан, табиғатқа жанды нәрсе ретінде 
қарауымыз керек. 
Табиғат дегенiмiз не? Оның жан иелерiнiң өмiрiнде қандай рөлi бар? Қандай да 
болсын жұмысты орындау үшiн құрал керек екенi белгiлi. Бізге де өмір мақсатына 
жету үшін сондай құрал керек. Табиғат дегенiмiз, міне, сол құрал. Ал табиғаттың 
түпкі мағынасына келетін болсақ, ол жан иелерін эволюция жолымен жетілдіруге 
арналған. Жан бұл дүниеге өзінің алғашқы күнәсі үшін, яғни Алла тағаладан бөлек 
тіршілік құрғысы келгенде, ол осы фәни әлемге жіберілді. 
Жан осы қателігін түсініп, сол қателіктен арылып, кейін қайтуы керек. Абай ілімі 
бойынша табиғаттың түпкі міндеті осындай. Яғни, табиғат қылмыс жасаған адамды 
отырғызатын абақтыға ұқсас. Абақты адамды жасаған қылмысы үшін жазасын 
тартқызуға және келешекте ол қылмысты жасамайтындай етіп түзетуге арналады 
емес пе? Материалдық әлем де сол сияқты жан иесін түзетіп, қайтадан рухани 
әлемге қайтаруға арналған. Макрокосм болып табылатын материалдық әлем мен 
микрокосм болып табылатын адамзат қоғамының үндестігі, міне, осындай. Бұндай 
тұжырымды қасиетті кітаптар да, әулие адамдар де жоққа шығармайды. 
Жан иелері материалдық әлемге келген соң нәзік және тұрпайы материалдық 
болмыстарын алады. Материалдық әлем тiршiлiгi дегенiмiз – жандардың өздерiнiң 
қалауы бойынша тән алып, бiр-бiрiмен өзара байланысы. Болмыс тiршiлiгi – түрлi 
жан иелерiнiң бiр-бiрiмен қарым-қатынастарының көрiнiсi. Себебi материалдық 
әлемде әрбiр жан иесi өзiнiң өткендегi қалауы мен iс-әрекетiне байланысты 
материалдық дене алып, бұл өмiрде түрлi жағдайларға түсiп, тіршіліктің қуанышы 
мен қайғысын көрiп өмiр сүреді. 
Рухани әлем мен материалдық әлемнің сипаттары мен қасиеттері әртүрлі, тіпті 
қарама-қарсы деуге болады. Рухани әлем жан тәрізді мәңгiлiктi, ләззатқа және 
бiлiмге толы болса, ал материя және материалдық әлем көріністері, керiсiнше, 
уақытша, қасiрет пен надандыққа толы. Енді материалдық әлемнің осы қасиеттеріне 
жеке тоқталайық. 
Материалдық әлем көріністері уақытша. Абай өмірдің бұл материалдық әлемде 
уақытша екенiн былай деп суреттейдi: 
Өлейiн деп өлмейдi өлерлiк жан, 
Әсте өлмесiн бiлгендей қылық қылған. 
Ажал келiп бас салса, жанды ұрласа, 
Өмiр қайда, сен қайда, соны да ойлан. 

("Нұрлы аспанға тырысып өскенсiң сен", 1899 ж.) 
Абай осылай өлмейтiндей болып, өмiрдi "сапырып" жүргендерге ажал келiп бас 
салып, жанды ұрлағандағы сәттi ойлауға шақырады. Ал бұл өмiрдiң бiр сәтiн де 
ешқандай байлықпен кейiн қайтара алмайсың. Барлық көрген қызығың, қуанышың 
сонымен бiрге келмеске кеттi. Бүгін бар, ал ертең жоқ болуы мүмкін. Өмірдiң 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал