Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
не болмаса күн мен жер, олардың арасындағы байланыс туралы жазылған 
өлеңдерінен алуға болады. 
Күн мен жердің арасындағы махаббаттан бүкіл жер бетіндегі жан иелері туып, 
өмірге келеді. Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен ана құрсағына түседі. Шәкәрім 
айтпақшы, басында оның киімі шаһуат еді. Ананың құрсағына түскен соң жан 
ананың ұрығына оранып қызыл қан қалпын алады. Әрі қарай жан өзінің рухына 

байланысты, ақын сөзімен айтқанда, неше миллион құбылып, өзіне дене 
қалыптастырады. Рухтың қасиеттері жан иесінің өткен өмірінің нәтижесіне 
байланысты. 
Бірақ, денесі өзгерсе де, оның жаны – баяғы ескі жаны болып, өзгермейді. 
Медицинаның дәлелдеуіне қарағанда ана құрсағыгда оның денесі өсу барысында 
әртүрлі болып өзгереді екен. Құрсақтағы баланың денесі балықтың қалпынан 
бастап, жер бауырлаушылар, құстар және басқа да түрлі хайуанаттардың қалпын 
алып, ақыры адам түрін алады. Бұл – материалдық ғылымға түсініксіз құбылыс 
болып көрінгенмен, рухани тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты. 
Өмірдегі көрген тәжірибенің барлығы жан иесінің генасында жазылып, ол келесі 
өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін біз инстинкт 
деп атап жүрміз. Әрбір дене түрінде өзіне лайық инстинкт бар. Соның арқасында 
барлық жан иелері өзіне тиесілі өмір түрін алып, қалтқысыз өмір сүреді. Шәкәрім 
сөзімен айтқанда, сезімінің зорайып, азаймағы – қандай түрде болғаннан оның тәні. 
Сонымен бірге, ол қандай тән алса да өзін "өзім", яғни, жан деп айтқаны. Мысалы, 
жылан жорғаалайды, құс ұшады, аң жүгіреді деген тәрізді. Олардың барлығының 
негізі – жан. Ең соңында адам қалпын алады. 
Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы рух өзіне 
дене қалыптастыру барысында өткен өмірдегі денелерін тағы да есіне түсіріп, 
бірінен кейін бірін қалыптастырып өтеді. Құрсақтағы бала денесінің түрлі 
жануарладың порымдарын алатыны осыдан болса керек. Бірақ, табиғаттың сырлы 
заңдылығы бойынша, ол бұл жарық әлемге келгенде өзінің өткен өмірлерін ұмытып, 
олардың ең негізгі қорытындыларын ғана қалдырады. Мысалы, жаңа туған баланы 
ешкім де емшек емуге үйретпесе де, өзі еме береді. Өткен өмірдің адамның есінде 
сақталмауы тағдырдың бейірімділігінің бір көрінісі. Егер адам өткен өмірінде 
жауласқанын білсе, ол бұл өмірде онымен бірге тіршілік құра алмас еді. Ол өзінің 
өткен өмірінде жау болғанын ұмытып, бұл өмірде оған дос болып келіп, өзінің 
қарызын өтеуі мүмкін. 
Анаға берілген шаһуаттың құндылығы әкенің қасиеттері, кім екеніне байланысты. 
Егер әкенің шыққан тегі, өмір сүру әдісі, жан дүниесі жақсы болса, әрине, 
шаһуаттың құндылығы да соған сәйкес жоғары болады. Барлық өмір көріністері 
біздің хромосомымызда, әрбір Жасаушаларымызда (клеткаларымызда) жазылып, 
сақталып отырады. Егер ата-тегімізде жаман қасиеттер мен аурулар болса, ол 
ұрпаққа беріліп, түзету өте қиынға соғады. Жерге отырғызған ұрықтың келешек тегі 
ағаштың түрі мен қасиетін беретіні сияқты, әкенің берген шаһуаты да келешек 
ұрпақтың қадір-қасиетін анықтайды. Ал баланың анасы тоғыз ай бойы құрсағында 
баланың тәнін ғана қалыптастырып қоймайды, ол оның әкесі берген шаһуаттың 
жақсы-жаман қасиеттерін де өсіреді. Бұл – ең әуелі ананың өзінің қадір-қасиетіне, 
сонан кейін оның сол кездегі көңіл күйі, ойлаған ойлары мен сезімдері, өмір сүру 
қалпына байланысты. 

Яғни, өсімдік ұрығы үшін жердің құнарлығы қандай маңызыды болса, ана 
құрсағының қасиеттері де шаһуаттың жетілуі үшін сондай маңызы бар. Ананың 
өзінің қасиеттері мен оның бала көтеру кезіндегі қалай тамақ ішу, ұйықтау, өзінің 
көңіл күйін басқара білу қасиеттеріне байланысты келешек нәресте қалыптасадя. 
Материалдық әлемде, мектептен белгілі, химиялық гальванизация деген процесс 
бар. Адамның қалыптасуын, оның келешек өмірінің қандай болатынын осы 
процеспен салыстырып отырып түсінуге болады. Бұны француз философы 
Айванхов О.М (1900-1986 жж.) – рухани гальванизация деп атайды. Егер кім болса 
да жақсы бала көргісі келіп, ұрпағының және өзінің өмірі қайғы-қасіретсіз дұрыс 
болсын десе, осы заңдылықты білуі керек. 
Ыдысқа металл тұзы ерітінісі құйып, екі электрод салынады. Оның бірі – оң полюс –
анод, ал екіншісі – теріс полюс – катод. Тоқ жіберілгенде ерітіндідегі металл теріс 
полюске тартылып оны жабады, ал оң полюстегі металл еріп, ерітіндінің құрамын 
бір қалыпта ұстап отырады. Егер ыдыстағы ерітінді алтын, не болмаса қорғасын, 
мыстікі болса, онда теріс полюсті алтын, не болмаса қорғасын, мыс жабады. 
Табиғатта гальванизация процесінің көріністері өте көп. Мысалы, ғарыш 
кеңістігінде біздің жер теріс полюс болып өзіне әлемдегі өзіне керекті заттарды 
тартады. Ал әлем кеңістігіндегі жұлдыздар, оның ішінде күн де, оң полюс болып 
табылады. Уақыттың әр сәтінде жерге әсер жасайтын планеталардың әсері әртүрлі 
болғандықтан, сол кездегі туған жан иелерінің тағдыры да әртүрлі болады. Оларға 
сол сәттегі планеталардың өзара байланысы әсер етіп, сол байланыс адамның алдағы 
өмірін басқарып отырады. Астрология ғылымы, міне, осы заңдылықты білу арқылы 
адамның келешек өмірін болжай алады. Ғарыштағы ерітінді – эфир, ал батарея 
Құдайдың әлемдік көрінісі болып, осылай ғарыш кеңістігіне қуат беріліп, барлық 
планеталар арсында үздіксіз өзара байланыс болып жатады. 
Теріс полюске – жер, әйел жыныстылар, ал оң полюске – күн, еркек жыныстылар 
жатады. Сондықтан, ана құрсағындағы ұрық өзіне керекті заттарды тартып бала 
денесін құраса, жер құрсағындағы өсімдіік ұрықтары да өздеріне жерден, күннен, 
ғарыштан өздеріне керекті заттарды тартып, өз денелерін құрайды. Ұрық қасиеті 
қандай болса, ол өзіне сондай қасиетті заттрады тартады. Ұрық маскүнем, күнәһар 
адамдікі, не болмаса рухани жетілген, иманды адам болуы мүмкін. Ұрық та, соған 
байланысты, өзіне соған сәйкес заттарды тартып, болмысын құрайды. Сондықтан, 
туған бала маскүнем, хайуан болып, не болмаса адамгершілігі үлкен адам, әулие 
болып шығуы мүмкін. Ерітінді – ананың қаны. 
Қан бүкіл денені аралайтын болғандықтан, онда адамның қандай тамақ ішкені, не 
ойлап, не сезгені – барлығының әсері бар. Анод, оң полюс бастағы ми зат (ойлар) 
бөледі де, ол заттар қан арқылы шаһуатқа жетіп, оның нәзік және тұрпайы 
болмыстарын қалыптастырады. Егер анасының басында "қорғасындай" ауыр, 
қайғылы ойлар болса, онда шаһуат та сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған 
бала пессимист, ауру, зардапты, ақлы төмен болып қалыптасуы мүмкін. Егер ана 

гальванопластика заңдылығымен таныс болып, келешек баласының көкірек көзі 
ашық болсын десе, ол басына "алтын" анодын орналастыруы керек. 
Яғни, ана жаман ойларға жол бермей, тек қана жақсылық ойлап, көңіл күйін жоғары 
ұстап, рухани музыка тыңдап балаға (катодқа) "алтын" жіберіп отыруы керек. Сонда 
шаһуат қымбат металлмен қапталып, дені сау, ақылды, сұлу, барлық 
қиыншылықтарға төзімді, қымбат бала туады. Бұндай баланың келешегі зор, ата-
анасына қуаныш, еліне тірек болады. Міне, осының барлығы аяғы ауыр әйелдердің 
өздерін дұрыс ұстап, өте қатаң бақылауда болуының зор маңызын көрсетеді. 
Адамзат ұрпағының келешегі әйелдерге көп байланысты, сондықтан олардың 
табиғаттың осы заңдылығын мұқият білгендері жөн. 
Бала дүниеге келген соң да гальванопластика процесі тоқаталмай, оның өмірінің 
соңына дейін жалғаса береді. Бала енді өз болмыстарын қалыптастыратын заттарды 
өзін қоршаған ортадан, табиғаттан алады. Сондықтан баланың қоршаған ортасы 
оның келешектегі өмірін анықтайды. Ал, шаһуаттың өзіне жасалған жағдайларды 
барынша ұтымды пайдалануы оның өзінің рухани қасиеттеріне, яғни, жанның туа 
біткен қасиеттеріне байланысты болады. Жан қасиеттері – оның өткен өмірлерінің 
нәтижесі. Бұл – барлық өмірдің квинтэссенциясы, яғни, мәні. Адамның басқа жан 
иелерінен айырмашылығы да осы мәнде жатыр. 
Сонымен, рухани гальванопластика заңдылығы бойынша, адам болмысының 
құндылығы ең әуелі шаһуаттың қасиетіне, яғни әке тұқымына; сонан кейін, ол 
шаһуаттың құрсақтағы дұрыс өсу жағдайына, яғни ана қасиеттеріне; туғаннан 
кейінгі өскен ортасына; және өзінің жан талабына байланысты болады. 
Абай өмірін қарастырғанда, осы айтылғандардың растығына оның өмірі дәлел бола 
алатынына көзімізді жеткіздік. 
5.1.1. Адамның рухани болмысы 
а) Жан. 
Абай ілімі бойынша бүкіл болмыстың қайнар көзі Алла тағала. Ендеше жан әуелде 
Алла тағаламен бір және бірге болған. Жанның бұндай қалпын әл-Халладж, Раббия 
тәрізді сопылардың ірі өкілдері білдіріп кеткен. Әл-Халладж "ан-әл Хақ" (мен 
Құдаймын) десе, рухани жолдың шыңына жеткен сопылардың әйел өкілі Раббия 
әулие "Алладан басқа ештеңе жоқ" деген. Бұл сөздер жанның Құдаймен біріккен 
кезіндегі жағдайды сезінгенде айтылған сөздер. 
Жан деген не? Енді осы сұраққа келейік. Жан Алла тағаланың бір бөлігі. Алла 
тағала ең жоғарғы өзгермейтін мәңгілікті Сана. Сондықтан, Алла тағала бүкіл 
болмысты жаратушы және Одан артық кемелділік жоқ. Жан Оның бір бөлігі 
болғандықтан, жанда да Алла тағаланың қасиетіндей қасиеттер бар. Ең әуелі 
жанның да, Алла тағаланікі тәрізді санасы бар. Жан Құдаймен бірге болғанда оның 
санасы да Құдай санасымен бірігіп, Құдай санасын алады. Бұл сананың ең жоғары 

шыңы. Жан дене алып, материчмен қапталған сайын оның санасы да 
материалданып, төмендей береді. Абай көрсеткен өмірдің жоғары мақсатына жету 
үшін – сананың төмендеуін тоқтатып, оны қайта көтеріп, өзінің алғашқы санасына – 
Құдай санасына – жеткізу керек. 
Жанның қасиеті сапа жағынан Алла тағаламен ұқсас екені туралы Абай отыз 
сегiзiншi қара сөзiнде былай дейдi: 
"Бұл сегiзi (сипаттары) Алла тағаланың кемелiнен болмаса да, пендесiнiң әрбiрiнде 
олардың өз халiнше бар қылып жаратыпты". Сонымен, жоғарда көрсетілген сегіз 
қасиет – өмір, ғылым, құдірет, түсініп-білу, есту, тілек (қалау, ниет) , сөз, бар қылу – 
сананың көрінісі, сана болмаса бұлар да жоқ. Сана болса ғылым (білім) бар, ал 
ғылым барлығының қайнар көзі. Адамда да жан барлық адамдық қасиеттердің көзі. 
Адамды адам ететін оның негізгі болмысы – жан екенін Шәкәрім былай деп 
білдіреді: 
Еркіндік, талап, шын сүю, 
Жирену, мақсат, ой түю. 
Қуаныш, қайғы, күлкі, ашу, 
Денесі сау боп жан күю... 
Жансыздан бұлар шығарма? 
("Жансыз жан қалай жүрмек? ") 
Жансыздан бұлар шықпайды және бұл өлең жолдары тән құмары мен жан құмарын 
айыруға мүмкіндік береді. Жан кеткен соң дене барлық сана-сезімнен айрылып, өлі 
материяға айналады. Сондықтан, адамның сұлулығы, оның негізгі құндылығы тәнде 
емес, жан сұлулығында жатыр. Бұндай ұғым – махаббатты түсінудің қайнар көзі. 
Сондықтан, нағыз адам болу үшін осы рух арқылы білінетін жан қасиеттеріне көңіл 
бөлу керек. 
Болмысқа қуат беріп, оның өмірін басқаратыгн Алла тағала болса, ал әрбір жан 
иелеріне қуат беріп, олардың өмірін басқаратын – денедегі жан. Фәни әлемдегі 
барлық жан иелерінде жан бар. Бірақ бұл әлемде жүректі фәни өмірдің шелі 
басқандықтан жанның қасиеттері толық байқалмайды. Сондықтан, адам өзінің 
алғашқы рухани санасын жоғалтып, өзін енді материалдық денелер арқылы сезіне 
бастайды. Сөйтіп, оның санасы әуелі психикаға, одан кейін тәнге дейін төмендеп 
кетуі мүмкін. Сана тән деңгейіне дейін жеткенде адам өзін тәндегі сезімдер арқылы 
таниды. Мұндай сана "сана-сезім" деп аталады. Ендігі міндет – жүректі тазарту 
арқылы адамның рухани санасын қайтадан қалпына келтіру. Адамның рухани 
жетілуі дегеніміз, міне, осы. Рухани санаға жету, тіпті, бүкіл болмыс өмірінің 
жоғары мақсаты. 

Абай жан мен тәннің айырмашылығы мен олардың өзара байланыстары туралы 
жазады. Ол жетiншi сөзiнде "тән жанға қонақ үй бола алмайды"– деп тәнге дұрыс 
жағдай жасалмаса адам өмір сүре алмайтынын, жиырма жетiншi қара сөзiнде 
"Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келдi де, сонан соң ие болдың", қырық 
үшiншi қара сөзiнде "Адам ұғылы екi нәрседен: бiрi – тән, бiрi – жан" деп адам 
болмысының рухани және материалдық негіздерден құралатынын көрсетеді. 
Адам қапыл дүниенi дер менiкi, 
Менiкi деп жүргеннiң бәрi Оныкi. 
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, 
Сонда, ойла, болады не сенiкi? 
("Көк тұман – алдыңдағы келер заман", 1897 ж.) 
Ойшылдың бұл өлең жолдарынан өмiрдiң соңында жанның адам тәнiн тастап 
кететiнi айтылатынын көремiз. Абайдың бұл өлеңінде тән деген ұғымға нәзiк 
болмыс та кiредi, олай болса бұл арада "жан" деген сөздiң мәнi таза рухани жан 
дегендi бiлдiрiп тұр. Жан иелерiнiң тәндерiнiң қалыптасуы ана құрсағына жанның 
енуiнен басталады. Жанның ықпалымен оның ой-өріс, ақыл-ес тәрізді нәзiк және тән 
тәрізді тұрпайы болмыстары қалыптасады. Осының барлығы жанның ықпалымен 
болатынын, әрине, материалдық әдiспен дәлелдеу мүмкiн емес. Себебі, олар 
адамның сезімдерінен сырт жатқан метафизикалық мәні бар эзотерикалық ұғымдар. 
Абай бiлдiрген адамның үш болмысы (рухани, нәзiк және тұрпайы) туралы ислам 
классиктерiнiң еңбектерiнде көп айтылады. Жан таза рух болғандықтан, оны 
адамның сезiм мүшелерiмен қабылдау және материалдық әдiстермен зерттеу мүмкiн 
емес. Себебi, оның қасиеттерi материяның қасиеттерiнен мүлде бөлек, тiптi 
керiсiнше, оған қарама-қарсы. Жан туралы бiлiм материялдық әлемнен тыс және 
құпия мағыналы болып келедi. Жанның сипаттарын сөзбен беруге болмайды. 
Себебі, сөз фәни өмірге арналған дыбыс толқындары ғана. Сондықтан, материалдық 
әлемнің құралын рухани әлемге пайдалануға келмейді. Біз жанның қасиеттерін 
материалдық әлемнің сипаттарымен салыстыру арқылы ғана біле аламыз. 
Адам өмірінің барлық сыр-сипаты жанға байланысты. Сондықтан, жан сырларын 
толық түсіну мүмкiн емес. Оның мағынасы рухани эзотерикалық түсiнiк алып 
тереңдей бередi. Жанның терең мағынасын ақылмен түсiну мүмкiн еместiгiн 
исламның ұлы теологы Әбу Хамид әл-Ғазали де айтқан. Бұл туралы Абай да былай 
дейді: "Жан қуаты деген қуат – бек көп нәрсе, бәрiн мұнда жазарға уақыт 
сиғызбайды". Бүкіл адамзат ой-өрістері бірігіп зерттеп, суреттесе де жан қуатының 
шегіне жете алмайды. Себебі, оның қуат көзі Алла тағалада, сондықтан, шексіз. 
Абайдың шәкірті Шәкәрім де "Хақты білмек ойласаң сен, Алдыменен жанды біл." – 
деп жанды білу арқылы оның қайнар көзін білуге болатынын көрсетеді. 

Жүректегi жанды көре алмасақ та, оның бар екенiн әркiм өзiн сезiну арқылы бiле 
алады. Мысалы, жан сананы бүкіл денеге тарататын болғандықтан, денеміздің бiр 
жерiне иненi пiсiп алсақ, оны бірден-ақ сеземіз. Бұл жанның барын көрсетедi. 
Бұлыңғыр күндерi бiз Күндi көре алмауымыз мүмкiн. Бiрақ берген жарығы және 
жылуы арқылы оның бар екенiн бiлемiз. Сол сияқты дененi сезiну арқылы жанның 
бар екенiн мойындаймыз. Бiрақ бiз бiр дененi, өз денемiздi ғана сезiнемiз. Ал 
жүректегi Жоғары Жан болса, Ол барлық денелердi сезiнедi. Егер өз денемізді 
дұрыс күтпей, не болмаса басқа адамдардың денесін қорлап, оған зардап шектiретiн 
болсақ, оны Алла тағала да сезiнедi. Бұндай түсінік жан иелеріне құрметпен қарап, 
сүйіспеншілікке жетуге мүмкіндік беретін гуманизмнің негізі болып табылады. Жан 
иелерiне қорлық көрсету – Алла тағалаға қарсы әрекет деген сөз. 
Жан материялық атомнан да кiшкене рухани атом. Оны ешқандай құралмен көруге 
болмайды. Аса iрi пiл де, көзге көрiнбейтiн кiшкене микроорганизмдер де сол жан 
болған соң өмiр сүредi. Абай жан жүректе орналасқан дейдi. Сонымен бірге, жүрек 
адамның тәнi мен нәзiк болмысының орталығы. Сондықтан, жан адамды жүрек 
арқылы басқарады. Фәни тіршіліктің әсерімен жан былғанған кезде, адамдар жақсы 
мен жаманды айыра алмай, өмірдің сергелдеңіне түседі. 
Адамның көрген барлық қорлығын әуелі жүрек қабылдайтындықтан, қазіргі 
замандағы жүрек ауруының көбеюінің негізгі себебі, міне, осында жатыр. Жан 
былғанса әуелi жүрек, соның ықпалымен адамның психикасы (нәзiк болмысы) , 
сонан кейiн оның тәнi ауруға шалдығады. Сондықтан, салауатты өмiр 
заңдылығымен ауырмай-сырқамай, дұрыс өмір сүруi үшiн әуелі адам өзін-өзі тану 
арқылы рухани өмiрiн бiр қалыпқа келтіруі керек. 
Жан жүректе орналасқандықтан, Абай жүректiң адам өмiрiндегi орнын жоғары 
бағалап, оған көптеген анықтамалар бередi. Мысалы: ыстық жүрек, сорлы жүрек, 
ауру жүрек, жылы жүрек, ынталы жүрек, мұз жүрек, асау жүрек, ет жүрек, жас 
жүрек, ызалы жүрек, шошыған жүрек, шын жүрек, сұм жүрек, ақ жүрек, қапаланған 
жүрек, айнымас жүрек, жаралы болған жүрек, сөнiп қалған жүрек және тағы 
басқадай. 
Жан қандай күрделi болса да Абай жанның негiзгi қасиеттерi жөнiнде мағлұмат 
берген. Жан сапа жағынан Жоғары Жанға ұқсас. Сондықтан оның да Жоғары 
Жандыкiндей негiзгi үш қасиетi бар. Оның бiрiншiсi – мәңгiлiк, екiншiсi – бiлiмге 
толы, үшiншiсi – ләззатты. Адамның санасы осы үш қасиет арқылы білінеді. 
Сондықтан, адамзат өркениеті осы қасиеттердің ықпалына тығыз байланысты. 
Осылардың әрқайсысына жеке тоқталайық. 
Жан мәңгі. Мәңгiлiк – жанның бiрiншi негiзгi қасиетi. Жанның мәңгілікті екені 
туралы Абай "Көк тұман – алдыңдағы келер заман" өлеңiнде былай дейдi: 
Ақыл мен жан – мен өзiм, тән – менiкi, 
"Менi" мен "менiкiнiң" мағынасы – екi. 

"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, 
"Менiкi" өлсе өлсiн, оған бекi. 
Бұл өлең жолдары тән мен жанның өзіндік қасиеттерiн көрсетедi. Мен – ақыл мен 
жан, ал тән "менiкi", яғни, мен "тән" емеспiн. "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел 
бастан, яғни "мен жанмын", сондықтан мәңгiлiктiмiн. Ал "менiкi", яғни тән өлсе 
өлсiн, оған бекi, яғни тәннiң өлгенiне көп қайғырма. Осылайша данышпан адам 
болмысын анықтап және олардың әрқайсысының қасиеттерiн көрсетеді. "Менікі" 
өлсе өлсін, оған бекі", яғни тәннің өлгеніне бекіп, көп қайғырма. Адам өлсе қайғыру 
керек. Ендеше не нәрсеге қайғыру керек? Әрине, "Мен" өлсе қайғыру керек. "Мен" 
мәңгілікті болса, онда ол қандай жағдайда өлуі мүмкін? Әрине, егер адам өзінің жан 
екенін ұмытып, өзін тек қана тәнмен балап, фәни өмірдің қызығымен кетсе, нағыз 
өлім сонда болмақ. Ол көзі бақырайып ашық жүргенімен, рухани тұрғыдан алғанда, 
өлікпен тең. 
Абайдың "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан" деген жанның мәңгiлiк екенiн 
айтқан данышпандық сөзiне көңiл аударатын болсақ, жанның ешуақытта 
өлмейтiнiн, ендеше ешуақытта тумайтынын сезiнемiз. Өлмейтiн мәңгiлiктi нәрсе, 
тумайды да. Өлім жоқ болса, оған қарсы процесс өлім де жоқ. Егер ол туатын болса, 
онда ол мәңгiлiктi емес, яғни өлуi де керек. Бұл табиғат заңдылығы. Ендеше, туатын 
және өлетiн – жан емес, ол – тән. Бiрақ жанның мәңгiлiктi қасиетiн бiлмейтіндер 
және өмірін тән құмарымен өткізетіндер өлудi басқаша түсiнедi. Бұл туралы Абай 
былай дейдi: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бiрақ қайтып келiп, ойнап-күлмес. 
"Менi" мен "менiкiнiң" айрылғанын 
"Өлдi" деп ат қойыпты өңкей бiлмес. 
("Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", 1895 ж.) 
Бұл өлеңде Абай тәнді – "табиғат" деп, ал жанды – "адам" деп атап отыр. Ақын сөзі 
бойынша, сонда жан мен тәннің айрылғанын өлді деп атау білместік болады. 
Жанның сапасы Жоғары Жанмен ұқсас, өзгермейтін мәңгілікті. Ал дене табиғат 
болғандықтан үнемi өзгерiп отыратын уақытша. Дененiң өзгергіш екенiн медицина 
ғылымы да құптайды. 
Әр сәт сайын мыңдаған клеткалар өлiп, олардың орнына жаңалары туып, адам 
денесi өзгерiп, жеті-сегіз жылда тән толық өзгеріп, адам жаңа дене алады екен. Бала 
туғаннан кейiн есейiп, жасөспiрiм, бозбала, жiгiт, еркек, жасамыс адам, кәрi адам 
болып өзгеретiнi белгiлi. Қандай жан иесi болса да, осындай жалпы алты үздiксiз 
өзгерiстен өтедi. Дене анадан туады, өседi, артына ұрпақ қалдырады, бiраз уақыт 

әрекет етiп өмiр сүредi, бiртiндеп кәртейедi, ақырында жоғалады. Бiрақ жан 
ешқандай өзгерiске түспейдi. Сондықтан ол өлмейдi, өлмегендiктен тумайды. Оның 
бүгiнгiсi, өткенi және келешегi де жоқ. Ол мәңгiлiктi, әрқашан да болады, 
кәртеймейдi. Сондықтан кәрi адамдар өздерiн бала кезiндей жас сезiнуi мүмкiн. 
Қазақ халқының "Адам қартайғанымен көңiлi жас" дейтiнi сондықтан. 
Өзгеріске түспейтiн болғандықтан, жан өзiнен ештеңенi бөлмейдi, яғни оның баласы 
жоқ. Ал тән өзгергіш болғандықтан, ол өзінен көптеген бөліктерді бөледі. Бала 
деген ерлi-зайыпты адамдар арасындағы тән жақындығы нәтижесiнде өмiрге келген 
перзент, олардың махаббаты берген өмiрлерiнiң жалғасы, солардың тәндерінің 
бөлігі. Баланың әке мен шешесіне ұқсас болатыны да сондықтан. Абай Алла тағала 
"Махаббатпен жаратқан адамзатты" дейдi. Алла тағаладан шығатын махаббаттың 
шапағаты арқылы жан әке арқылы ана құрсағына барып түсiп, әрi қарай өзiне тиесiлi 
дене алып, бала болып дүниеге келедi. Бала – тәндегi бөлек жан. Өмiрге келген соң 
ата-анасының баласы ретiнде өмiр сүредi. 
Сонымен бiрге, жан мәңгілікті болса, онда оны ешқандай әдiспен жою мүмкiн емес. 
Оны ешқандай құралмен бөлiкке бөлуге болмайды. Ол отқа жанбайды, суға 
батпайды, кеппейдi, ерiмейдi. Әлемдегi планеталардың атмосфералық жағдайлары 
әртүрлi екендiгi ғалымдар арасында дау тудырмайды. Ендеше бiр атмосфералық 
жағдайға бейiмделген жан иесiнiң денесi онан өзгеше жағдайы бар басқа 
атмосферада өмiр сүруге қолайсыз болатынын да мойындауымыз керек. Бұл әрбiр 
жан иесiнiң өзi бейiмделген планетада ғана өмiр сүруi керек деген тұжырымға 
әкеледi 
Ойшылдың жиырма жетiншi қара сөзiндегi "Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? 
Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келдi де, сонан соң ие болдың" деген сөзi 
жаны болған соң ғана адамның санасы болып, ақылды өмiр сүре алатынын бiлдiредi. 
Жан денеде болғанда адам өмiр сүредi, ал ол денеден кеткенде өмiр сүру 
доғарылады. Дене бiраз уақыт өткен соң бiртiндеп ыдырап, материяның басқа түрiне 
айналып кетедi. Жан Алла тағаланың жоғары, ал материалдық дене төменгi қуатына 
жатады. Жоғары қуат төменгi қуатты басқарады. Абайдың "тәндi жан басқаруы 
керек" дейтiн ойы жан болмаса тiрлiк те, өмiр де жоқ деген тұжырымға әкеледi. Жан 
бүкiл денеге қуат бередi және бүкiл дененiң жұмысын басқарады. 
Сонымен, "мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, яғни жан мәңгі, ол өлмейді. Өзінің 
рухани болмысын танитын адам ешуақытта өлмейді, сондықтан, онда өлім 
қорқынышы да жоқ. Өлімнен қорықпағаннан кейін ол өмірдегі барлық 
қорқыныштан ада. " Өзінің рухани болмысын таныған және танымаған адамдардың 
о дүниеге өтерде екі бөлек күйде болатынын Шәкәрім де "Үш анық" шығармасында 
жазатыны бар. Көпшілік адамдардың өзін-өзі тануы, яғни олардың сана-сезімдері 
өздерінің тәндерінің деңгейінде болып, өздерін тәнмін деп сезінгендіктен, олар үшін 
тән мен жанның айырылуы өте қорқынышты. Олар тән мен жанның айырылғанын 
"өлім" деп санап, одан қатты қорқады. "Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, 
сонда, ойла, болады не сенікі? " деп оларға Абай ой тастайды. Адам өмірін ұзартуға 

бүкіл дүние жүзінде үлкен көңіл бөлініп, өте көп қаражат жұмсалады. Осының 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал