Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Жоғала ма сол шын-ақ. 
Адам болмысы Шәкәрімді көп толғандырған. Сондықтан ол бұл мәселеге өзінің 
шығармашылығында бірнеше рет тоқталып, оған жауап іздейді. Мысалы, оның тағы 
мынандай өлең жолдары бар: 
"Келіп қайдан, барам қайда? 
Не қылғаным болар пайда? 
Қаламын ба мола боп сайда? 
Деген ой тырнаған көңіл! – 
деп өзін толғандырған көңілін білдіреді. 
Адамның кім екенін және оның болмыс өміріндегі орнын білу бүкіл әлем 
құпияларын шешумен тығыз байланысты. Себебі, бүкіл әлем макрокосм болса, адам 
оның бір кішкендай бөлігі болып табылатын микрокосм. Олардың құрылымы мен 
тіршілігі бір-бірімен ұқсас болғандықтан, адам құпиясы арқылы материалдық әлем 
сырларын білуге болады. Себебі, адамның өзін-өзі тануы бүкіл әлем 
заңдылықтарымен байланысқан "Мен қайдан келдім? ", "Өлген соң қайда барам? ", 
"Бұл өмірде қалай дұрыс өмір сүруім керек? " деген тәрізді өмірдің негізгі 
сұрақтарының шешіміне байланысты. Сол себептен, бұл сұрақтардың жауабы 
көптеген ғұламаларды толғандырған. 
Сонымен бірге, біріншіден, адамның өзін-өзі танып-білуі оған дұрыс тіршілік 
құрып, өмірдің жоғары мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Екіншіден, адамның 
өзін-өзі тануы қоғам өмiрi үшiн де үлкен маңызы бар. Мысалы, ғылымда бiр 
құбылысты зерттеп бiлу үшiн әуелi оған қатысы бар барлық бөлiктерді зерттейді. 

Сол сияқты қоғамның даму заңдылықтарын түсiнiп, өмірді дұрыс жолға салу үшiн 
әуелi қоғамның алғашқы бөлшегi болып табылатын адамның, әрi кетсе бүкiл жан 
иелерiнiң болмысын бiлу керек. Мұның өзi қоғамның алғашқы «кiрпiшi» болып 
табылатын адамның түп негiзiн барлап, оның кім екенін біліп, әлемдегі алатын 
орнын анықтап алмайынша қоғам өмірінің құбылыстарын дұрыс түсiну мүмкiн емес 
деген сөз. Бұған көпшілік арасында коммунистік жүйенің іске аспай қалған себебі 
жөнінде әлі де болса бір шешімнің болмай жүргені жақсы мысал бола алады. 
"Адам деген кім? " деген сұрақтың жауабы "Адам өмірі қай кезден басталады? " 
деген сұрақпен де байланысты. Бұл сұрақтардың жауабы түрлі ой-өрістердің, іс-
әрекеттердің, тіпті кейбір әдет-ғұрыптардың қалыптасуына да себеп болып отыр. 
Мысалы, кейбір пікірлер ана жатырындағы нәресте өмірі ана құрсағының ұрықтану 
кезінен басталады десе, кейбіреулері сонан кейін қырық күннен кейін, немесе, үш 
айдан кейін дейді. Тіпті, нәресте өмірі жарық дүниеге келгеннен кейін басталады 
дейтіндер де бар. 
Бұл мәселелер медицина мен діни ағымдар арасындағы толассыз жүріп жатқан 
пікірталастардың да себебі. Қазіргі замандағы өте үлкен мәселе болып 
табылатындардың бірі – аборт мәселесі. Бұл мәселе "Абортты жасауға бола ма? ", 
"Егер аборт жасауға болса, онда әлемдік заңдылықтарды бұзбау үшін оны ұрықтың 
өсуінің қай кезіне дейін жасауға болады? " деген сұрақтарды қамтиды. Бұл 
сұрақтардың дұрыс жауабын табу моральдық, этикалық, психологиялық және 
рухани тұрғыдан да үлкен маңызы бар екені дау тудырмаса керек. Осындай үлкен 
мәселені шешу жолы әуелі адамның түп негіздері неде жатыр, ол негіздердің 
сипаттары мен қасиеттері және олардың өзара байланысы туралы білуде жатса 
керек. 
Осы мәселелерді шешудің іргетасы болып табылатын негізгі түйіндердің шешімін 
Абай ілімінен табуға болады. Сондықтан, енді Абай іліміне көз жүгіртіп көрелік. 
Қарапайым өмірде "Адам деген кiм? " деген сұраққа түрлi жауап алуға болатыны 
белгiлi. Мысалы, кейбіреулер малын, байлығын жанындай жақсы көрсе, не етесің. 
Олар туралы Абай былай деп жазады: 
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, 
Ықтырмамен күзеуде отырар бай. 
(Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, 1888 ж.) 
Немесе өзiн мен еркекпiн, әйелмiн деп жынысына, қазақпын, орыспын деп ұлтын, 
дiнiн, тағы басқаларды атап, өзiн денесiне балауы мүмкiн. Ал белгiлi француз 
философы Рене Декарт: «Мен ойлаймын, яғни мен өмiр сүрiп жүрмiн», – деген. Бұл 
өзiн ақыл-ойына балау деген сөз. Ал кейбiр «Мен жанмын» дейтiндер бар. Халық та 
кейде адамды жан деп атайды. Мысалы, баласын жақсы көргенде анасы "жаным 
менiң! " (жақсы көретiн адамы мағынада) , кейде жиналған жиын туралы "көп жан 

жиналды", "түрлi жандар", тағы басқадай сөз тiркестерi айтылады. "Жан " деген сөз 
Абай шығармаларында жиі кездеседі. Бұл сөзді ол адам, психолгиялық құбылыс 
немесе рухани жанды білдіру үшін қолданады. Сонда осылардың қайсысы дұрыс 
түсінік? 
Бұл сұрақтың жауабын Абайдың жиырма жетiншi қара сөзінен табатын сияқтымыз. 
Ойшыл бұл сөзінде Сократ хакiм мен оның шәкiртi Аристодим арасындағы әңгiмені 
былай деп келтiредi: 
"– 
Ей, Аристодим! Қалайша сен бiр өзiңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп 
ойлайсың? – дедi. Адам денесi өзiң жүрген жердiң бiр битiмдей құмына ұқсас емес 
пе? Денеңде болған дымдар жердегi сулардың бiр тамшысындай емес пе? Жә, сен 
бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келдi де, 
сонан соң ие болдың". Әрi қарай ойшыл бұның барлығы бiр Құдайдың жаратуы 
екенiн айтады. Бұл сөздерден адамның кiм екенiн бiлемiз. Бiрiншiден, "Адамның 
денесi" деген сөз дене адам емес, ол адамдыкi дегендi бiлдiредi. Яғни, адам дене 
емес. Екiншiден, "Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? " деген сөз "сен ақыл да 
емессiң, себебi сен оған тек қана ие болдың" деп тұр. Сонымен, адам ақыл да емес. 
"Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келдi, сонан соң ие болдың" деген сөз 
адам жан да емес екен. Бұл арада "қайдан келсе де" деп Абай жанның қайдан 
келгенiн тән мен ақылдың келгенi туралы анықтамай, оның келуi жоғарғы себеп 
екенiн бiлдiредi. Сонымен, "адам" деген түсiнiк тәндi де, оның ақыл-есiн де, жанын 
да бiлдiрмейдi екен. 
Адам – жан, тән және ақыл-естiң бiрiккендегi тiрлiк көрiнiсi. Ал "жан иесi", "ақыл 
иесi" немесе "жан" деген сөздер адамның өзiн осылардың қайсысымен балайтынын 
көрсетедi. Жанның материалдық денедегi түрiн қазақ тiлiнде "жан иелерi" деп 
атайтыны бар. Адам өзін денемен балаған кезде "мен тәнмін", ал "жан менікі" деп 
түсініп, осылай дейді. 
Әл-Ғазали адам болмысын, оның қалай iс-әрекет жасайтынын "қаламмен жазу" 
тәрiздi қарапайым мысалмен түсiндiредi. Оның қысқаша мағынасы төмендегiдей. 
Жазу кезiндегi қағаз, сия, қалам, адамның қолы (денесi) физикалық тұрпайы 
материяға жатады. Ал жазу барысында iс-әрекет тудыратын адамның сезiмдерi, ой-
өрісi, қалауы, т.б. психикалық-энергетикалық жүйесi нәзiк болмысқа жатады. 
Олардың барлығына қуат берiп, басқаратын – адамның жаны. Адамның жаны Алла 
тағаладан қуат алып, Соның басқаруымен болады. Мiне, осылай әл-Ғазали жанның 
тәндi ой-өріс арқылы басқаратынын түсiндiрiп, жанның, тәннiң және ой-өрістің 
өзара байланысын қөрсетедi. 
Сонымен бірге, адамзат әлемдегі жан иелерінің бір бөлігі ғана екенін ескеруіміз 
керек. Шексіз көп жан иелерінің арасында материалдық әлемде адамның орны 
қандай? Әлемдегі өз орынын дұрыс анықтағанда ғана адамзат болмыстың өзіне 
берген рөлін дұрыс орындай алмақ. Сондықтан енді Абай ілімі бойыша әлемдегі 
жан иелерінің арасындағы адамзат орнын анықтап көрелік. 

5. Жан иелерінің арасында адамның алатын орны 
Абай ілімі бойынша жан иелері болмыс негіздерінің бірі дедік. Ойшыл өзінің отыз 
сегізінші сөзінде болмыс өмірі дегеніміз осы жан иелерінің тіршілігінің көрінісі 
екенін білдіреді. Материалдық әлем ғаламдар, түрлі планеталар құрап, олар бір-
бірімен үйлесімді байланысып жатады. Көптеген планеталардың арасында Жердің 
маңызы өте зор. 
Себебі ол жоғары және төменгі әлемдерді байланыстыратын кіндік тәрізді. Барлық 
жан иелерінің қозғалысы осы Жер арқылы өтеді. Ғарыштағы жетілудің мінсіз 
заңдылығы бойынша барлық жан иелері белгілі тәртіппен жетілу жолымен үздіксіз 
қозғалыста. Олар бір көріністен екінші көрініске көшіп, санасының өсуінің 
барысында ақыры өмірдің жоғарғы мақсатына жетеді. Жәлел-ад-дин Румидiң 
жазғанына қарағанда бұл жол минералдардан басталып, өсімдiктер, хайуанаттар, 
адамдар, перiштелер деңгейлерi болып жалғасады екен. Егер әрбiр деңгейде сана-
сезімнің сансыз көп дәрежелерiн ескеретiн болсақ, сонда бұл жолдың қандай алыс та 
ұзақ екенiн түсiне аламыз. 
Жәлел ад-дин Руми әрі қарай жан иелерiн былай деп үш топқа бөледi: 
"1. Таза ақыл-естен құралатын перiштелер. Олардың өмірi дұға оқып, бас июге, 
құлшылық пен Құдайды ойлауға бағышталған. Балыққа судың iшi оның ұйықтайтын 
төсегi, жастығы және барлық өмір болмысы болғаны тәрiздi, перiштелерге де ол 
тамағы, iшетiн iшiмдiгi болып табылады. Олар сезiмдердің ықпалынан толық 
шыққан, сондықтан олар сезiмдерiне бағынбайды. 2. Өздерiнiң инстинктерінің 
толық ықпалындағы, бірақ зұлымдықтан өздерiн аулақ ұстауға мүмкiндiк беретiн 
ақыл-есi жоқ жануарлар. Оларда адам баласы тәрізді өздерiнiң мiндетi туралы ой 
жоқ. 3. Ал бейшара адамға келетiн болсақ, ол ақыл-ес пен құмарлықтан жартылай 
перiште, жартылай жануар, жартылай жылан, жартылай балық болып жаратылған. 
Балық табиғаты оны теңiзге, ал жылан табиғаты жерге тартады, сөйтiп ол үздiксiз 
осы екеуiнiң арасындағы күреспен өмірiн өткізедi. Ақыл-есi құмарлықты жеңгенде 
ол перiштелiк деңгейге көтерiлiп, ал нәпсiқұмарлығы жеңгенде жануардан төмен 
құлдырап кетедi. 
Азаптан перiштелер өздерiнiң бiлiмдерiмен құтылады, ал жануарлар өздерiнiң 
бiлiмсiздiктерiмен құтылады. Ал адам осы екеуiнiң арасында күресу мен азапта." 
Ұлы Руми осы сөздерiмен адам жануарлар мен періштелердің арасындағы жан иесi 
екенiн көрсетеді. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой өзiнiң "Исповедь" деген 
шығармасында адам баласының өмірiн суда ағып бара жатқан жаңғақпен 
салыстырады. Жаңғақ ағын судың ықпалымен бiресе бiр жағаға, бiресе екiншi 
жағаға жақындап ағып келе жатады. Сол сияқты адам баласы да өмір ағысына 
берiлiп, бiрде рухани, ал бiрде материалдық жағаға жақындап, кейде оларға тiрелiп 
аялдайды да. 
Жетілу жолындағы барлық жан иелерi үнемі өзгерісте. Олар әуелi өмірге келеді, 
сонан соң өседi, жетiледi, артына ұрпақ қалдырады, ақыры қартаяды және өледі. 

Олардың орнын басқалар алады. Осылайша табиғат үздiксiз айналысқа түсiп, 
ауысып отырады. 
Абайдың және басқа да ғұламалардың ойлары бойынша, осы ұзақ жолда басқа жан 
иелерінің арасында адамның ерекше орны бар. Жер планетасы жан иелерінің 
жоғары не болмаса төменгі өмірге баруын шешетін орын болса, ал адам деңгейi жан 
иелерінің санасының жетілуінің шешушi сатысы. Себебi, жан иелері осы сатыда 
ғана екі ерекше қасиетке ие болады. Ол қасиеттердің біріншісі – адамға берілген 
ерекше ақыл-ес, екіншісі – оған берілген ерік. Бұл екі қасиет жер бетіндегі басқа жан 
иелерінде жоқ. Адамның басқа жан иелерінен айырмашылығы және олардан 
артықшылығы да, міне, осында жатыр. Адам баласы өзінің ойлай қабілетін дұрыс 
пайдалану арқылы тіршіліктің кереметтей хикметтерін сезіп-түйсініп, болмыс 
құпияларын тереңдеп сезе алады. Сөйтіп, ол басқа жан иелерінің несібесіне 
берілмеген жылдамдықпен жетілу жолымен көтерілуге мүмкіндік алады. 
Бірақ бұл артықшылықтар адам баласына тегін берілмейді. Оның да сұрауы бар. Ол 
сұрау әділет заңдылығымен анықталады. Егерде адам өзіне берілген артықшылықты 
дұрыс пайдаланбай, өзінің еркі бойынша ақыл-есін жарқын істерге арнамай, 
нәпсісіне арнап, болмыс заңдылықтарын бұзып, имандылық тәртіптерінен шығып 
кетсе, онда соған байланысты жазасын тартады. Бұл жаза болмыстың "Не ексең, 
соны орасың" деген ұғымды білдіретін әділет заңдылығы бойынша орындалады. 
Сондықтан, Абай әділет ұғымын өте жоғары қояды. Оның әйгілі "үш сүюін" осы 
әлем үшін қолданатын болсақ, онда "Және Хақ жолы осы деп әділетті сүй" делініп 
"әділетті сүю" үшінші сүю болып шығады. Сонымен адамның ақыл-есі оған 
берілген артықшылық. Егер оны дұрыс пайдалансаң – басқалар жете алмайтын 
шыңға көтерілесің. Ал егер дұрыс пайдаланбасаң – басқалардың көрмейтін 
қорлығын көресің. Ерік өзіңде. Ол саған табиғатыңнан берілген. Бұл – табиғат 
заңдылығы. Оны ешкім бұза алмайды. Осы ойларды Абай былай деп білдіреді: 
"Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды етi ауырмайтұғын қылып, жан иесi 
хайуандарды ақыл иесi адам баласы асырайтын қылып, әрi олардан махшарда сұрау 
бермейтұғын қылып, бұлардың hәммасынан пайда аларлық ақыл иесi қылып 
жаратқан. Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында әрi 
әдiлет, әрi махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар секiлдi тамақты өз 
басымен алғызбай, ыңғайлы екi қолды басқа қызмет еттiрiп, аузына қолы ас 
бергенде, не iшiп, не жегенiн бiлмей қалмасын деп, иiсiн алып ләззаттанғандай 
қылып, ауыз үстiне мұрынды қойып, оның үстiне тазалығын байқарлық екi көз 
берiп, ол көздерге нәзiктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ берiп, ол қабақтарды 
ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кiрпiк жасап, маңдай терi тура көзге 
ақпасын деп, қаға беруге қас берiп, оның жүзiне көрiк қылып, бiрiнiң қолынан 
келместей iстi көптесiп бiтiрмекке, бiреуiнiң ойын бiреуiне ұқтырарлық тiлiне сөз 
берiп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кiм өзiңе махаббат қылса, сен де оған 
махаббат қылмағың қарыз емес пе? Жер мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер 
гүлiн, құстар жүнiн, ара балын, балауызын, құрт жiбегiн – һәммасы адам баласының 

пайдасына жасалып, ешбiрiнде бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам 
баласына таусылмас азық". 
Абайдың бұл сөздерiнен өмiрдiң үлкен мәнiн көруге болады. Жан иесi хайуандар 
махшарда сұрау бермейдi (о дүниеде iстеген iстерi үшiн жауап бермейдi) , себебi 
олар өздерiнiң табиғи сезiмiмен (инстинктімен) әрекет жасайды. Сондықтан олар 
табиғат заңдылықтарын бұзбайды. Олардың жетiлуi табиғаттың эволюция 
заңдылығымен жүредi. Бiрақ оларда өмiрдiң мақсаты туралы ойлайтын мүмкiндiк 
жоқ. 
Адам мен хайуанның айырмашылығын Абай жетiншi қара сөзiнде былай деп 
анықтай түседi: 
"Дүниенiң көрiнген hәм көрiнбеген сырын түгел түгелдеп, ең болмаса денелеп 
бiлмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны бiлмеген соң, ол жан адам жаны болмай
хайуан жаны болады. Әзелде Құдай тағала адамның жанын хайуанның жанынан iрi 
қылып жаратқан, сол әсерiн көрсетiп жаратқаны". Әрi қарай данышпан адамның 
бала кезiнде барлығын сұрап, бiлуге құштар болатынын, бiрақ өскеннен кейiн оның 
барлығы ұмытылып, көңiлi суитынын айтады. Сонымен, жан адамды жас кезiнде 
билеп, оны бiлiмге құштарландырады. Ал, өсе келе ол нәпсісіне ие бола алмай 
жанын фәни өмiрдiң залалдарымен былғап алады. Бұл тәннiң ықпалын өсiрiп, 
жанды тәнге бас ұрғызады. Тән жанға бой бермей, адам тек қана тәннiң құмарына 
берiледi. Сөйтiп оның жаны рухани азықтан тапшылық көрген соң, адам азғындау 
жолына түседi. Түрлi күнәларға батуы мүмкiн. Ондай жағдайда махшарда ол 
адамнан сұрау алынып, өзінің сыбағасын алады. Сөйтіп, ол төменгі әлемдерде 
жазасын алып, күнәсінен арылады. 
Адам баласынан махшарда сұрау алатұғынында әрi әдiлет, әрi махаббат бар дейдi 
Абай. Осылай болғаны әділетті. Себебі, махшардағы жазаны әркім өзіне берілген 
ерік бойынша жасаған іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты алады. Ал махаббаттың 
болатыны – бұның барлығы әрбiр жан иесiне сабақ беріп, күнәсінен тазартып, фәни 
өмірдің зардабынан құтқару үшін берілген. Ислам дүниетанымына толық сәйкес 
келетiн Абайдың осы көзқарасы бойынша Алла тағала адамның еркiне шек 
қоймайды. Бiрақ, махшарда жақсы iстерi үшiн мадақтап, жаман iстерi үшiн оны 
жазалайды. Бұл қоғам өміріндегі қылмыс жасаған адамды абақтыға отырғызған 
тәрізді. Оны абақтыға жазалап, күнәсінен арылту үшін ғана емес, сонымен бірге, 
оған өзінің кінәсін түсініп, дұрыс жолға түсуі үшін де отырғызады. 
Мал мен адам өмірінің айырмашылығын Абай былай деп анықтай түседі: 
...Малда да бар жан мен тән, 
Ақыл, сезiм болмаса 
Тiршiлiктiң несi сән, 

Тереңге бет қоймаса? 
("Жүректе қайрат болмаса", 1898 ж.) 
"Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезiм болмаса" деген жолдағы ақыл мен сезiм 
адамға берiлетiн ерекше ақыл, сезiм (интеллект) деп түсiнемiз. Әйтпесе 
хайуанаттарда да өздерiне тән ақыл мен сезiм бары белгiлi. Бұл өлең жолдарымен 
Абай адам мен хайуанаттардың ақыл-сезiм айырмашылықтарын көрсетедi. 
Адамның басқа жан иелерінен артықшылығы туралы басқа ойшылдар да жазады. 
Мысалы, А. Данте былай деп жазады /19/: 
"Сонымен адамның негiзгi айырмашылығы (басқа жан иелерiнен) оның денесiнiң 
бар болғандығында емес, себебi адамның денесiндегi материалдық элементтер 
минералдарда да бар; оның жаны барында да емес, себебi жан өсiмдiктерде де бар; 
сезiну мүмкiндiгiнде де емес, себебi жануарлар да сезiнедi; оның интеллектiсiнiң бар 
екенiнде, бұл адамнан төменгiлерде де, жоғарыларда да жоқ қасиет... Адам өмір 
сүредi дегендi оның өзiнiң ақыл-есiнiң бар екенiн қөрсету деп түсiну керек." 
А.Дантенiң бұл тұжырымынан ұғатынымыз – жан иесi өзiнiң интеллектiсiн (ақыл-
есін, ойлау қабылетін) көрсетiп, соның көмегiмен өмір сүргенде ғана адам 
деңгейiнде болады. Ақыл-ес адам баласын өмірдiң түпкi мақсаты туралы ойлауға 
итермелейдi. Сөйтiп оның iздену арқылы жетiлу жолына түсуге мүмкiндiгi бар. 
Осылай Абай мен А. Данте адамның жануарлардан және басқа жан иелерiнен 
айырмашылығын қөрсетiп, оның өмір мақсаты сол ақыл-есiн дұрыс пайдалану 
арқылы өзiнiң рухани болмысын түсiне бiлуiнде екенiн бiлдiредi. Сонда ақылға 
рухани сәуле қонады. Бұл адамға ғана берiлетiн мүмкiндiк. А.Дантенiң ойы 
бойынша осы себептен философтар адамды "рухани жануар" деп атаған. Сондықтан 
адам баласы өзiнiң жетiлу дәрежесiнде, хайуанаттармен салыстырғанда, жоғары 
дәрежеде тұр. 
Руми мен түрiк ойшылы Жүнiс Әмiре және басқа да исламның iрi өкiлдерi адам 
басқа жан иелерiнен жоғары тұрғандықтан, адам деген түсiнiкке өздерiнiң 
iлiмдерiнде өте үлкен орын бередi. Сопылардың түсiнiгi бойынша адам – бүкiл 
болмыстың мақсаты және оның ең жоғары нәтижесi. Олар адамға Алланы тану үшiн 
барлық мүмкiншiлiк берiлген, сонымен бiрге, тек қана соның көрiнiсiнен Абсолют 
өзін танитын "микроскосм" деп есептейдi. Адам болмысы Алла тағаланың өзін 
көретiн айнасы тәрiздi. Адамның қасиеттері арқылы Алланың қасиеттерін талдап 
анықтауға болады. Бiздiң болмысымыз Алланың болмысы бар екендiгiнiң бiр дәлелi. 
Егер бiздiң өмірiмiзге Алла тағала қалай керек болса, бiз де Оның болмысына солай 
керекпiз. Сөйтiп толық кемелденген адам Алланың көрiнiсi болып табылады. Ондай 
адам жарық пен қараңғыны (рухани әлем мен материалдық әлемдi) жалғастыратын 
мойнақ ретiнде қабылданады. Адам толық кемелденген кезде Алла тағаланың 
қасиеттерiн бойына тұтастай сiңiрiп, ұқсас қасиеттерге ие болады. Сопылар iлiмi 
бойынша түбiнде толық кемелденген адам мен Алла тағала бiрiгiп, бiр болмыс 
болады. Бұл Түп Иеге қайтудың бiр көрiнiсi. Тiптi, әрбiр жан иесiнiң жетiлу 

деңгейлерi, көтерiлген сатысы Алла тағала көрiнiстерiнiң бiрi. Адам Алла тағала 
қасиеттерінің толық бiрiккен түйiнi тәрiздi. Сондықтан сопылар адам өмірiнiң 
мәнiне өте үлкен орын бередi. Бұл туралы Ибн Араби былай деп жазады /25/: 
"Адамның болмысында Алла мен әлемнiң порымы бiрiгедi. Құдайлық қасиеттер 
барлық аты және атрибуттары бойынша тек қана адамда ғана бар. Ол Алланың өзін 
көретiн айнасы, сол себептен де адам – болмыс мақсаты. Бiз Алланы түсiнуге 
мүмкiндiк беретiн атрибуттары болып табыламыз. Бiздiң өмірiмiз Оның өмірiнiң 
көрiнiсi ғана. Егер бiздiң өмірiмiзге Алла керек болса, бiздiң өмірiмiз де Оның 
болмысына керек." Мiне, ұлы ойшыл адам даңқын осылай дәрiптейдi. Бiрақ бұл 
даңқты дұрыс түсiнiп, оны iске асыру оңай емес. Өйткені адам баласы өзiне берiлген 
ерiктi дұрыс қолдана алмайды. 
Жер бетiндегi барлық жан иелерінің, олардың ішіндегі адамның басқалармен тығыз 
байланысын, Абай да өзiнiң отыз сегiзiншi қара сөзiнде былай суреттейдi: "Ғақлия 
дәлелiм Құдай Тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтiн келiсiммен жаратқан, онан басқа, 
бiрiнен бiрi пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда 
алатұғын жан иесi хайуандарды жаратып, жанды хайуандарды пайдаланатұғын 
ақылды инсанды (адамды) жаратыпты". 
Сонымен, адам баласы әлемдегі басқа жан иелерінің арасында ерекше орын алады. 
Себебі, оған басқаларда жоқ ерік пен ерекше ақыл-ес берілген. Сол ерік пен ақыл-
есін дұрыс пайдалану арқылы адам баласы жетілудің жоғары деңгейіне көтеріле 
алады екен. Бірақ, өзіне берілген ерікті дұрыс пайдалана алмаған жағдайда ол 
әлемдік әділет заңдылығы бойынша соған сәйкес жазасын алады. Өмірдің мақсатын 
дұрыс түсініп, дұрыс әрекет жасау үшін адам өзін-өзі дұрыс тани білуі керек. Жан 
иелері үш болмыстан – жан, ақыл-ес және тән – құралады екен. 
5.1. Адамның үш болмысы 
Адам өзін-өзі тану үшін ол өзінің үш болмысын білуі керек. Бұл үш болмысты үш 
түрлі ғылым түрі зерттейді. Оның біріншісі – рухани болмыс (жан, рух) , адам өзінің 
рухани болмысын дін жолы арқылы танып, біледі; екіншісі – адамның сезім 
мүшелері көріп-біле алмайтын нәзік болмыс (психикасы) , мінез-құлық, ой-өрісті 
зерттеу психология ғылымының үлесі; үшіншісі – адамның сезімдері көріп-біле 
алатын тұрпайы болмыс, яғни тәні, тәнді физиологиялық және заттардың 
құрылымын қарастыратын ғылымдардың барлығы зерттейді. Рухы арқылы жан 
осылардың өзіне қажетті бөліктерін алып адам қалпын құрайды. Жанның адам 
денесін қалай қалыптастыруын зерттеу "Мен қайдан келдім? " деген сұрақтың 
жауабын береді. Енді осы сұрақтың жауабын іздеп, адамның қалыптасуына көз 
жіберейік. Әуелі Шәкәрімнің адам баласының өмірі қайдан басталатынын білдіретін 
мына өлеңінен бастайық: 
Атаның шаһуатының көп қой мәні, 
Ананың құрсағында қан болғаны. 

Құс пен адам болар деп кім айта алар, 
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны. 
Басында оның киімі шаһуат еді, 
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні! 
Денесі неше миллион құбылса да, 
Оның жаны – баяғы ескі жаны. 
Сезімінің зорайып, азаймағы – 
Қандай түрде болғаннан оның тәні. 
Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді 
"Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны. 
Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды, 
Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны. 
("Тау басындағы ой", 64 жаста жазылған) 
Бұл өлең – Шәкәрім қажының рухани жетілу шыңын, биік философиялық ой-
өрісінің деңгейін білдіретін шығармалардың бірі. Осы қысқа өлеңде жан иелерінің 
өзін-өзі тану бағыты, оның өзінің кім екені, бұл әлемге қайдан және қалай келетіні 
өте қысқа тұжырымдармен тезис ретінде берілп отыр. 
Атаның шаһуатының (ұрықтың) мәні шынында да көз жетпейтін тереңде жатыр. 
Себебі, жан иелерінің келешек өміріндегі көретін бақыты мен қорлығы, адамшылық 
қасиеттері осы шаһуаттың қуат түріне, оның ана құрсағына түсу уақытына, 
жағдайына және басқа да көптеген себептерге байланысты. Қандай жан иесі болса 
да ұрықтан, не болмаса жұмыртқадан тарап, өмірге келеді. 
Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын салу керек, 
ал шеше одан әрі оны бала қалпына келтіріп қалыптастырады. Яғни, әке – 
жаратушы, ал шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды Шәкәрім мен Абай аспан, 


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал