Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/24
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
бастайды. Сөйтiп ол себептердiң себебi Алла тағалаға бас иедi. Бұл да жүректегi 
Жоғары Рухтың бiр мейiрiмдiлiгi. 
Жүректегi Рух адамның барлық әрекетiн басқарады. Оның рұқсатынсыз ешбiр жан 
иесi қабағын да қаға алмайды. Сонымен бiрге, Ол ешкiмнiң өзiне берiлген еркiне 
шек қоймайды. Сондықтан, әркiмнiң өзiнiң қалауынша әрекет етуге ырқы бар. 
Осылай бүкiл әлемнiң өмiрi бiр ортадан басқарылып, барлық жан иелерiнiң қарым-
қатынасы, қуаныш-қайғысы, болып жатқан өзгерiстердiң барлығы белгiлi бiр 
заңдылықпен мiнсiз орындалып жатады. Ал бұл заңдылықты бiлмеген адамдарға 
бүкiл әлем бейберекет, шырғалаңы көп, тек қана зардап орны болып көрiнедi. Ондай 
адамның өмiрi шынында да өзi түсiнгендей зардапты болады. Одан құтылу үшiн 
рухани бiлiм алу керек. 
Алла тағала адамға қандай алыс болса, екiншi жағынан, Ол жүректе болғандықтан 
сондай жақын. Абай Кiшi жан да, Жоғары Жан да жүректе орналасқанын айтады. 
Олар үнемi байланыста. Сондықтан, Алла тағала адамның барлық қалау-ниетiн, ой-
өрiсiн бiледi. Онан ештеңенi жасыруға болмайтын, Ол – негiзгi куәгер. 
Сонымен бiрге, Ол ештеңенi де ұмытпайды. Қоғам өмiрiнде кейбіреулер түрлi 
заңсыз әдiстермен кейде жасаған қылмысы үшін жаза алмай, құтылып кетуі 
мүмкiндiк, бiрақ Құдай алдында жазадан ол ешуақытта құтыла алмайды. Әлемдік 
әділет заңы бойынша уақыт келгенде түбiнде әркім өз сыбағасын алады. Бұл туралы 
Абай түсiндiрiп кеткен. Ол туралы әлi алда сөз болады. Алладан ешнәрсенi 
жасыруға болмайтын болғандықтан, иманды адамдар ешкiмге зияндық 
келтірмейтін, таза көңiлдi болуға ұмтылады. 
Осыны түсiнбегендер өзiнiң жүрегiнiң әмiрiне кейде құлақ аспай, өмiрдiң түрлi 
«жылтырағына» алданып, Құдайға қарсы (ұятына қарсы) көп әрекеттер жасайды. Ол 
соның нәтижесiнде әділет заңы бойынша оның зардабын тартып отырады. Бiрақ ол 
оның себебiн түсiнбейдi, сондықтан одан сабақ та ала алмайды. 
Ал ендi Алла тағала әрбiр жан иесiнiң жүрегiнде және ғаламның әрбiр бөлшегiнде 
болатын болса, онда Оның көп болып бөлiнгенi ме? Абай iлiмi бұл сұраққа, «әрине 

жоқ, бөлiнбейдi» деп жауап бередi. Себебi, Абай «Алла бiр» деп жазады ғой. 
Ендеше бұл қайшылықты қалай түсiнемiз? 
Алла тағаланың «бiр» екенiн күнмен салыстырып түсiнуге болады. Талтүсте күн 
адамның төбесi тұсында тұрады. Егер радиусы мыңдаған шақырым жердегi 
адамдардан: «Күн қайда? » – деп сұрайтын болсақ, әркiм өз тiлiнде: «Күн мiне», – 
деп төбесi тұсында тұрған күндi көрсетедi. Бiрақ күндi көрсеткен әркiм оны өз 
тiлiнде түрлiше атап, бiрнеше жерден көрсетсе де күн көп емес, күн бiреу. Бiрақ ол 
бөлiнгендей көрiнедi. Сол сияқты Алла тағала әркiмнiң жүрегiнде болып 
бөлiнгендей көрiнсе де, Ол бөлiнбейтiн тұтас. Күн бiреу болса да барлық жан 
иелерiне өзiнiң сәулесiн шашады, сол сияқты Алла тағала бiреу болса да, бүкiл 
әлемге шапағатын шашып, оған өмiр бередi. Ол уақыттың ықпалымен барлығын 
жаратады және уақыттың ықпалымен барлығын кезiнде жойып отырады. 
Әлемнiң барлық бөлшегiндегi Алла тағаланың тұтас «бiр» болуы – бүкiл әлемнiң 
тұтастығының кепiлi. Ол тұтас болса – әлем де тұтас. Алла тағаланың жасаған түрлi 
әлем бөлшектерiнiң бiр-бiрiне тартылу және итеру қасиеттерi бүкiл материалдық 
әлемнiң түрлi заңдылықтарын тудырады. Сөйтiп әлем бөлiктерi бiрiгiп, өзара 
байланысып, түрлi қарым-қатынаста болады. Осының арқасында бүкiл материалдық 
әлем адамның санасы түгел қамти алмайтын түрлi құпия заңдылықтарымен, 
кереметтей күрделi құрылысы тұтасып, бiр Иенiң басқаруымен мүлтiксiз өмiр сүрiп 
жатыр. 
Абайдың «Алла тағала ғаламның iшiнде» деген сөзiнiң маңызы осындай. 
5.1.3. Алла тағаланың сипаттары 
Исламның қасиетті кітабы Құранның көптеген сүрелерінде, басқа да қасиетті 
жазбаларда Алла тағаланың тұлғалық сипаттары берілетіні белгілі. Бұны дінтану 
ғылымында Алланың персоналдық (тұлғалық) аспектісі дейді. Алла тағаланың 
тұлғалық аспектісін тек қана зікір арқылы сезіп-тануға болады. Алла тағаланың 
қасиеттерін зікір арқылы қайталағанда олар адамға ашылады және оларды 
қайталаған адам сондай қасиеттерге ие бола бастайды. Әрбір сөздің, әсіресе рухани 
сөздің мағынасы, порымы, қасиеттері тәрізді өз сипаттары бар. Ол сөздерді көп 
қайталағанда бұлардың барлығы адамға ашылып, оның қасиетіне айналады. Бұны 
психология ғылымы да растайды. Сондықтан Алламен байланыс жасауды мақсат 
ететін сопылар жолында зікір негізгі әдіс болып табылады. 
Алла тағаланың тұлғалық сипаты болғандықтан, бұл әлем де көптеген жеке 
тұлғалардан құралады. Мысалы, өмiрде барлық сипаттары бiрдей ұқсас келетiн 
адамдарды табу қиын ғой. Олардың барлығы бiр-бiрiнен бөлек, мiнез-құлық, түр-
сипат, әдеттерiмен санқилы көріністер береді. Абай олар туралы «Өздерiң де 
ойлаңдар, неше түрлi жан барсың», - дейдi. 
Тiптi хайуанаттар дүниесi де түрлi тұлғалардан құралады. Әрбiр жануардың, 
малдың, аңның мiнез-құлқы, сезiп-бiлуi бөлек. Бұл бiр түр мен екiншi түрдiң 

арасында ғана емес, бiр түрдiң iшiнде, тiптi бiр топ хайуанаттың арасында да 
аңғарылады. Өсiмдiк әлемiнде де түрлi өсiмдiктердi байқауға болады. Бiр өсiмдiк 
пен екiншi өсiмдiктiң арасында бiр қарағанда ұқсастық болғанымен, зер салып 
қараған адам көптеген айырмашылықтар табады. Мысалы, бір қарағанда ұқсас 
тәрізді екi ағашты салыстыратын болсақ, олардың көптеген айырмашылықтарын 
көремiз, ал олардың iшкi әлемiнiң өзгерiсi өз алдына. 
Бұл әрбiр жан иесiнiң өзiндiк ерекше қасиеттерi барын көрсетедi. Олардың әр 
алуандығының негiзi жан қасиетiнде жатса керек. Абай «Ақыл мен жан – мен өзiм» 
деп әркiмнiң негiзгi болмысы жан екенiн ескертіп еді ғой. Жан таза рух 
болғандықтан, оның қасиеттерi өте көп. Бұл әрбiр жан иесiнiң өзiндiк қасиеттерiн 
тудырып, табиғаттың шексiз әр алуандығын жасайды. Ендеше Алла тағаланың да 
шексiз көп тұлғалық қасиеттері болу керек. 
Алла тағаланың өзiндiк көп қасиеттерiнің бар екенін басқаша дәлелдеуге де болады. 
Егер пенделерде ерекше сипаттар болатын болса, онда оларды жаратушының 
сипаттары олардан кем болуы мүмкін емес. Себебi Жаратушы өзiнiң жаратқан 
пенделерiнен кем болмайды ғой. Бұл туралы Абай былай дейдi: «Бiрақ пендесiнде 
ақыл – хүкiмшi, қайрат, қуат – қызмет қылушы едi. Соған қарап ойлайсың: Алла 
тағаланың сипатында да солай болмаққа тиiс». 
Абайдың айтуына қарағанда, барлық жан иелерi тәрiздi Аллаға да сүю, кешiру, 
мейiрiм, жақсылық жасау сияқты тағы басқа да ерекше қасиеттер тән. Ол да сезедi, 
бiледi, қалайды, қанағаттанады. Иә, Ол да ләззаттанады. Ләззат алу – Оның көп 
қасиеттерiнiң бiрi. Олай болса Алла тағала болмысты өз разылығы үшiн жаратады. 
Барлық болмысты Алла тағаланың өзi жаратқандықтан, Оған басқа ештеңенiң 
қажетi жоқ қой, сонымен бiрге, тiптi қажет болғанның өзiнде де басқа алатын жер 
жоқ емес пе? Сондықтан Алла тағала ештеңеге мұқтаж емес, Оған өзіне керектiнiң 
барлығы бар. Адамзат Жаратушының, яғни болмыстың бiр бөлiгi. Бұл – бүкiл 
адамзат, барлық болмыс Жаратушымен бiртұтас деген тұжырымға әкеледi. Сонымен 
бiрге жан иелерi және Жаратушы әрқайсысы жеке тұлғалар болғандықтан, олар бiр-
бiрiнен бөлек. Жан иелерiнiң мiндетi – өмірін бүкіл болмыс міндетімен сәйкес 
Жоғары Тұлғаның разылығына бағыттау. Бұл түсiнiк "адам Құдайға құлшылық етуi 
керек" деген Абай ойының теориялық негiзi тәрiздi. 
Абай Алла тағаланың сегiз ұлы сипаттарын былай деп атайды: "Алла тағаланың 
сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдiрет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкин". Ендi Абай 
ілімі арқылы Алла тағаланың осы сегiз сипатына жеке-жеке тоқталып, олардың 
құпиясына үңіліп көрелік. 
1. ХАЯТ (ӨМIР, ТIРЛIК). Абай былай дейдi: «Алланы бар дедiк, бiр дедiк, ғылым, 
құдiретiменен сипаттадық. Бұл бiрлiк, барлық ғылым, қабiлеттi, құдiреттi боларлық 
нәрселер ме? Әлбетте, ғылым құдiретi бар болады: хаяты (өмiр, тiрлiк) – мағлұм, 
бiрi – ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар.Ол еш нәрсеге әрекет 
бермейдi. Һәммаға әрекет беретiн өзi". Aбай сөздерi өте терең де, эзотерикалық 

(құпия) мағыналары әсiресе осы отыз сегiзiншi сөзiнен көрiнедi. Жоғарыдағы 
келтiрiлген сөзiнiң мәнiн түсiндiрiп көрелiк. 
Әлбетте, бiрлiк, барлық, ғылым, қабiлет – құдiреттiлiктiң нышандары. Олардың 
нәтижесi – өмiр және қаламақ. Өмiр деген ұғым барлықты, тiрлiктi, ғылымды 
(бiлiмдi) бiрiктiредi. өмiр дегенiмiз барлық болмыстың өзара байланыстағы 
қозғалысы. Ол байланыс болу үшiн ғылым (бiлiм) керек. Бiрақ ғылым, немесе бiлiм 
өзi ешнәрсеге әрекет бермейдi (инертный). Болмыс туралы бiлiм болса, онда ол 
бiлiмдi iске асыратын қалау пайда болады. Ал қалаудың iске асуы үшiн әрекеттің 
басы, яғни қозғалыс керек. Ол қозғалысты бiлiм жасай алмайды. Оны жасайтын 
Алланың өзi. 
Бұл туралы Абайдың шәкірті Шәкәрім былай дейді: 
Жаралыс басы – қозғалыс, 
Қозғауға керек қолғабыс. 
Жан де мейлің, бір Мән де, 
Сол Қуатпен бол таныс, 
Әлемді сол Мән жаратқан. 
(Жаралыс басы – қозғалыс) 
Сөйтiп, Алла тағаланың қалауының нәтижесiнде Оның қуатымен ғарыш қозғалысқа 
келiп, оның өмiрі басталады. Болмыстың әр бөлшегi де өздерiнiң қалауларына 
байланысты қозғалысқа келіп, өмір кешеді. Алла тағаланың қалауымен бүкiл 
болмыс осылай тiршiлiк жасайды. 
ҒЫЛЫМ. Абай ғылым деген сөздi рухани мағынасында алып, оны Алла тағаланың 
бір көрінісі ретінде қарайды. Сондықтан, бұл түсiнiкке бүкiл өмiр болмысы туралы 
бiлiмдi, зерттеу жұмыстарын, өнердi, iс-әрекетке бейiмдiлiктi, сонымен бiрге 
адамның имандылық қасиеттерiн де қосады. Алла тағаланың ғылымдық сипаты 
осындай кең аумақты қамтығанда ғана толық болуы мүмкiн. Себебi, Алла тағаланың 
өзi ғылымға толы, сондықтан Онан шығатын жоғарғы қуат (жандар) та ғылымға 
толы. 
Ғылымның өзi Алла тағала шапағатының бiрi болып табылады. Бұл арада ғылым 
деген сөз тек қана ақпарат бiлiм ғана емес, сонымен бірге, сезiнiп-түсiну арқылы 
жан иесiнiң оны өз қасиетiне айналдыру және сол қасиет бойынша әрекет жасау 
жатады. Ғылым қалауды тудырады. Сөйтiп ғылымдық сипатымен Алла тағала 
жаратады, түрлi әрекеттердің себебі болады. Қандай әрекет болса да ғылымның 
ықпалымен жүреді. Адамзат қоғамының қозғаушы күшi де ғылым болып табылады. 
Қоғамның жетiлу дәрежесi қоғамдағы ғылымның толықтығы мен рухани 

тазалығына байланысты. Ғылым түрлі саяси ықпалға түссе, оның қоғамға деген 
әсері бұрмаланып, адамзатты күйзеліске түсіреді. 
3. ҚҰДIРЕТ. Алла тағаланың ғаламдық көрiнiсiнiң өзi – Оның құдiреттiк қасиетiнiң 
бiр көрiнiсi. Себебi Ол құдiрет сипатымен бүкiл әлемдi жаратып отыр. 
Абайдың Алла тағаланың бүкiл ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай 
құдiретпен орналастырғанына адам баласының ақылы жетпейтiнiн ескертуi – 
осының дәлелi. 
Алла тағаланың құдiретiне ой жүгiртiп, Оның шексiздiгiн сезiну адамның Оған 
деген сенiмiн молайтып, иманын өсіріп, Жаратушының алдында бас идiредi. 
4. БАСАР (ТҮСIНУ, БIЛУ, ҚАБЫЛДАУ). Алла тағаланың бұл сипаты Оның 
әлемдiк көрiнiсiнiң жасампаздық және ғылым сипаттарымен үндеседi. Ол ғылымға 
толы болғандықтан, Оның түсiнiп, бiлiп қабылдауы табиғи нәрсе. Бүкiл әлемдегi 
қаншалықты кереметтей күрделi құбылыстардың болмысы Оның осы сипатына 
байланысты болмақ. Барлық болмысты Оның өзi жасайтын болғандықтан, олардың 
барлығын Оның өзiнен артық бiлетiн ешкiм жоқ. 
5. СӘМИҒ (ЕСТУШI, ТЫҢДАУШЫ). Абайдың сөзiне қарағанда, Алла тағаланың 
естуi жан иелерiнiң естуiндей емес. Оның денесi рухани болғандықтан, Ол – 
Абсолют. Яғни Оның мүшелерiнiң барлығы бiрдей барлық әрекеттердi жасай бередi. 
Барлығы Одан шығатын болғандықтан, Оның ғаламдық көрiнiсiндегi барлық тiрi 
жандардың естуi немесе басқа да қабiлеттерi Алла тағаланың қабiлеттерi болып 
табылады. 
Яғни, әлемде қанша еститiн құлақ болса, Оның еститiн құлағы да сонша деген сөз. 
Себебi, барлық жан иелерi Оның әлемдiк порымының мүшелерi. Жан иелерiнiң 
iстеген әрекетi Алла тағаланың ғарыштық порымының әрекетi болып табылады. 
Осыны сезiнiп-түсiнген адамдар табиғаттың әрбiр көрiнiсiнен Алланы көре алады. 
Себебi, барлығы – Алла тағала. Алла тағала – барлығы. Бұл туралы Ибн-Араби 
молынан жазады. 
6. ИРАДА (ТIЛЕК, МАҚСАТ, ҚАЛАУ). Алла тағаланың бұл сипатының маңызын 
Абай баса көрсетедi. Себебi Алла тағаланың барлық әрекетi осы сипатымен 
түсiндiрiлсе керек. Ол қалауы бойынша әрекет етедi. Оның қалауы болмаса әрекет 
те болмайды. Алла тағаланың қалауы бүкiл әрекеттердiң себебi болып табылады. 
Бiздiң әрбiр әрекетiмiз де Алла тағаланың қалауы бойынша болып отыр. Оның 
қалауынсыз ешқандай да өмiр болмақ емес, тiптi шөп басы да қимылдамайды. 
Қалау Алла тағаланың сипаты болғандықтан, бұл сипат бүкіл болмысқа да ортақ. 
Ендеше бүкіл болмыстың қалауы мен Алла тағаланың қалауы бірдей болуы керек. 
Болмыс өмірінің үйлесімділігі осыған байланысты. Өмірдің үйлесімді болып, қызық 
пен бақытқа толы болуы үшін өмір мақсатын Алла тағаланың қалауымен сәйкес 
болу керек екені осыдан шығады. Өкiнiшке қарай, жан иелерi бұл қағиданы ұмытып, 

өзімшіл мінез бен нәпсілерінің ырқына берілгендіктен көп өмірін қорлықпен өткізіп 
алады. Сөйтiп жан иелерi Алла тағаладан ажырап, адасу жолына түседi. 
Адамдардың түрлi дiндерге бөлiнуi, не болмаса ол дiндердiң өзгешелiктерiн 
өздерiнiң саяси мүдделерiне қолдануға ұмтылуы – бүгiнгi адамзат қоғамындағы 
көптеген зардаптардың себебі. 
7. КӘЛАМ (СӨЗ, ТIЛ). Сөз Алла тағаланың жаратушы құралы тәрiздi. Iнжiлде де 
жаратылыс болмай тұрып «әуелi сөз болды» делiнедi. Сөз арқылы барлық бiлiм 
берiледi. Ал өмiр бiлiм арқылы болады. Бiлiм жоқ жерде өмiр де жоқ. Сонымен 
бiрге, кәлам Алла тағаладан шығып тұрғандықтан, ол адамзаттың қолданатын сөзі 
ғана емес, Жаратушының барлық жарату қуат түрлерін қамтитын түсінік болса 
керек. Сондықтан, бұл тек дыбыс толқыны ғана емес, адамзатқа белгілі және белгісіз 
басқа да түрлі толқындар болуы мүмкiн. 
Алла Тағаланың сөйлеуi, көруi, естуi жан иелерiнен мүлде өзгеше. Оның сөзi 
дауыссыз, ал көретiн көзi, еститiн құлағы жан иелерiнiкiндей емес, өзiне ғана тән 
ғажайып сипатты. Абай бұл туралы: «Ол ғылымның қалайтын бiр сипаты кәләм, 
яғни сөйлеу. Сөз қарыпсыз, дауыссыз болушы ма едi? Алланың сөзi қарыпсыз, 
дауыссыз. Ендi олай болса, айтқандай қылып бiлдiретұғын басар, самиғ, яғни бiлу, 
көру, есту деген құдыреттерi бар. Алла тағаланың көрмегi, естiмегi, бiз секiлдi 
көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естiгендей бiлетұғын ғылымның бiр сипаты», 
– 
деп жазады. Абайдың «Алла тағаланың көрмегi ғылымның бiр сипаты» деген 
сөзiнен оның «ғылым» деген сөздi бүгiнгi күндегi материалдық ғылымды ғана емес, 
онан әлдеқайда кең мағынадағы рухани деңгейде қолданып, Алла тағаланың 
қасиеттерiмен байланыстыратыны осы жерде тағы да көрініп тұр. 
Абай бұл сөзiнде Алланың материалдық әлемнен тыс рухани қасиеттерiн бередi. 
Оны түсiну үшiн адамның алған бiлiмi немесе ақылы жеткiлiксiз. Алла тағаланы 
Оған қалтқысыз сенiп, қапысыз иланған адам ғана жүрек арқылы тани алады. 
Алланың денесi материалдық емес рухани болғандықтан, Оның мекенi де 
материалдық әлемде емес, рухани әлемде болуы керек. Абайдың "Лай суға май 
бiтпес, қой өткенмен" өлеңiнде Алла тағаланы «Ләмәкан» (мекенсiз) дегенi соны 
бiлдiредi. Рухани дене адамның қарапайым тәнiнен мүлде бөлек. Оны материалдық 
сезiммен танып-бiлуге болмайды. 
8. ТӘКИН (ТУДЫРУ, ЖАСАУ, БАР ҚЫЛУ). Бұл Алла тағаланың жаратушылық 
сипаты. Ол өзiнiң қалауына сәйкес ләззаттануы үшiн болмысты жарататыны 
жоғарыда айтылды. Болмыстың өзi Алла тағаланың көрiнiсi, себебi өзiнен басқа 
ешкiм де, ештеңе де жоқ. Сондықтан, Ол жаратқанда барлығын өзiнен шығарады. 
Осыдан Алла тағала жалғыз және бiр, барлық себептердiң себебi деген тұжырым 
шығады. Онсыз ешқандай да себеп жоқ. Оның болмысының себебi – Оның өзi. 
Ол барлығын жаратқан. Бiрақ қалай жарату Оның өзiнiң ықтиярында. Абай 
«Махаббатпен жаратқан адамзатты» деп Алла тағала адамзатты қалай жаратқанын 

айтады. Алла тағала өзiн қанағаттандыру үшiн ләззатты махаббатпен жаратады. Бұл 
да адамзат үшiн көрсеткен Алла тағаланың бiр мейiрiмi. 
Ықтиярсыздық Алла тағалаға тән емес. Алланың еркi шексiз. Оның хикметтерiнiң 
кереметтiгi туралы данышпан былай деп жазады: «Тағы бiр қасиетi – такуин, яғни 
бар қылу. Егер бар қылуы бiр өзiне сипат болса, Алла тағаланың сипаты өзiндей 
көне, әрi мәңгi, әрi рухани болады да, барлығын бар қылудан босанбаса, бiр сипаты 
бiр сипатынан үлкен, я кiшi болуға жарамайды. өйткенi ғылым, құдырет сипаттары 
секiлдi босанбай, әр уақыт жаратумен болса, онда ықтиярсыздық шығады. Ол 
ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты емес. Оның бар қылуы - құдыретiн бiлдiредi. 
Бұл ғылым, құдыретте өлшеу жоқ, ғылымында қателiк, құдыретiнде епсiздiк және 
нашарлық жоқ. Жақсылық жасаушыға қарап бiлесiз. Бұл көзге көрiлген, көңiлге 
сезiлген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдыретпенен 
орналастырғанына ешбiр адам баласының ақылы жетпейдi». 
Абайдың бұл сөзі Алла тағаланың абсолюттік тұрғысын тағы да сипаттаған тәрізді, 
Оның шексіздігін, құдыреттілігін дәріптейді. Алла тағала абсолют сипатта 
болғандықтан, Оның жаратқандары, Одан шыққандардың барлығы да шексіз, 
абсолют сипатында болуы керек. Бұл қазіргі ғылымда қолданып жүрген 
"макрокосм" мен "микрокосм" деген ұғымдарды түсінудің негізін береді. Бүкіл 
космос кеңістігі, оның өмірі макрокосм болса, ол көптеген микрокосмдардан 
құралады. Макрокосм тәрізді әрбір микрокосм жүйесі де өз-өзіне жеткілікті өмір 
қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген толық бүтін. Сондықтан олардың әрқайсысы 
жеке өмір сүруге мүмкіндігі бар. Бірақ бүкіл макрокосм заңдылығы барлығына 
ортақ. Бұл жеке адамның өмірі тәрізді. Оның өз бетімен өмір сүруіне табиғат барлық 
мүмкіншілікті берген, сонымен бірге ол қоғамда өмір сүргендіктен, оған қоғам өмірі 
де әсер етеді. Сондықтан, ол болмыс заңдылығын, жалпы адамзаттық 
құндылықтарды да ескеруі керек. Макрокосм мен микрокосмның байланысы міне 
осындай. Олар бір-бірімен тығыз байланыста. Сондықтан адам баласының өзін 
сақтағысы келсе, әуелі қоршаған табиғатты көзінің қарашығындай сақтауы керек 
екенін түсінгені жөн. Алланың бүкiл әлемге, яғни макрокосмға берген белгiлi 
уақыты болады. Сол уақыт таусылғанда «макрокосм» өз құрамындағы 
«микрокосмдармен» бiрге Абсолют жасаған мүлтiксiз жоспар бойынша жойылады. 
Зәредей толық бөлiктердiң, яғни тiрi жандардың, Толық Бүтiндi тануға мүмкiндiгi 
бар. Бiрақ жүрек көзiн фәни өмiрдiң шелi қаптағандықтан адам Оны тани алмайды. 
Соның салдарынан адамзат Жаратушыдан бөлiнiп, «толық қанды өмiр сүру үшiн" 
табиғат байлықтарын қарақан басының қажеттiлiгiн өтеуге жұмсайды. Бiрақ бұрыс 
жолға түсiретiн бұл әрекеттер алдамшы өмiр бастауы болып табылады. Толық 
Бүтiнмен бiрiкпейiнше адам өмiрiнiң бақытты болуы мүмкiн емес. Мысалы, қол 
денемен бiрiгiп тұрғанда ғана оның толық бөлiгi. Ал егер оны денеден бөлiп 
тастайтын болса, ол қол тәрiздi түрiн сақтағанымен, өзiнiң қолдық қасиетiн 
жоғалтады. Сол сияқты адам баласы Толық Бүтiннiң бөлiнбес бөлшегi болғанымен, 
ол өз орнын тауып Толық Бүтiннiң ықпалымен әрекет еткенде ғана оның өмiрi 
толық болады. Өмiр өзiнiң негiзгi мұратына бағытталмаса, оның құны жоғалады. 

Абайдың «Сен де бiр кiрпiш дүниеге, кетiгiн тап та, бар, қалан» деген сөзiнiң 
осындай терең мағынасы бар. 
Алланың сипаттарының барлығы өзара тең. Ол туралы Абай былай дейдi: «Бiрақ 
әуелде айтқанымыз; ғылым, құдiрет – бiздiң ұғуымыз үшiн ғана екi түрлi өлшем, 
болмаса, олар бiр-ақ ғылымды құдырет болуға тиiс. Олай болмаса сипаттар өз 
орталарында бiрi ерушi, бiрi ерiтушi болып, дәрежесi бiрдей болмайды ғой. Бұлай 
болса, Алланы тануға жараспайды. Бұлай болса сегiз сипат бiрiкпей, өз алдына 
бөлек-бөлек жеке сипат болып кетуi мүмкiн. Бұл болса келiспейдi. Егер де, 
сипаттардың әрбiрiн басқа-басқа десек, онда Ол көп нәрседен жиылып Құдай болған 
болады. Бұлай деу қате, бiр ғана құдырет пендеге тән қуат». 
Алланы сипаттағанда біз Оны өзіміздің тануымыз үшін ғана сипатқа бөлеміз. 
Әйтпесе, Ол – адам түсіне алмайтын Бірсипатты. Сонымен бірге, Оны толық 
сипаттау мүмкін емес, себебі ол шексіз сипатты. Аллада сипаттың біреуі кем деуге 
келмейді. Абайдың жоғарыда келтірілген сөзі "Алла ондай емес, Ол – мұндай" деген 
тәрізді діндарлардың шексіз пікірталастарына жауап болып табылады. Егер біз 
Алланы бір сипаттан кемітсек, онда Оның шексіздігіне сенбей, біздің Оған шек 
қоюымызбен бірдей. Бұл – имансыздық, Алла тағалаға қарсы әрекетпен бірдей. 
Алла тағаланың жарлығына қарсы әрекет жасайтындарды Абай мұсылман емес деп 
атайды. Сондықтан Алла тағала туралы дінаралық пікірталастар адам баласына 
ешқандай да жақсылық әкелмейді, қайта біздің білімсіздігімізді көрсетіп, Алла 
тағала алдында үлкен күнәға батырады. 
Абай Алла тағаланың мейiрiмдiлiк сипатын да көрсетедi. Мейiрiмдiлiк сипаты сегiз 
сипатының iшiнде көрсетiлмесе де оны Алла тағаланың Жарылқаушы, Мейiрiмдi, 
Кешiрушi, Сүюшi, Қорғаушы, Ара тұрушы, Ырыздық Берушi, Пайда Берушi
Басқарушы, Жақсылық Жасаушы деген есiмдерiн саралап бiлуге болатынын айтады 
ойшыл. Оған дәлел келтiредi. Сонымен Алла тағаламен рухани әлемде де, 
материалдық әлемде де ешкiм тең келмейдi. 
Алла тағала бүкiл болмысты өзiнiң қанағаттанып ләззаттануы үшiн жаратса, онда 
бүкiл болмыстың мiндетi – сонымен бiрге, бүкiл адамзаттың мiндетi – Оның 
разылығы үшін әрекет ету. Сонда ғана бұл болмыс, сонымен бiрге бүкiл адамзат, 
өзiнiң мiндетiн орындайды. Барлық қасиеттi кiтаптарда айтылатын адамның негiзгi 
мiндетi – Құдайға құлшылық Абай iлiмiмен осылай дәлелденедi. 
Үлкен машинаның әрбiр бөлшегiнiң өз орны, өз қызметi бары тәрiздi, әрбiр адамның 
да бұл өмiрде өз орны, өз мiндетi бар. Аллаға құлшылық жолында әркiм өзiнiң сол 
орнын тауып, бүкiл әлеммен бiр мақсатта қызмет етуiне шақырғандай болады хакiм 
Абай. Сонда ғана бүкiл әлемде ортақ бейбiт те бақытты өмiр орнамақ. 
Абай көрсеткен осы сегіз тұлғалық сипатын қабылдап, Оның хикметін сезгенде ғана 
Онымен байланыс орнайды. Ендеше Алланың сипаттарын түсiніп сезінбейінше 
Абайдың «үш сүюiндегi» Алла тағалаға деген сүйiспеншiлiкке жету мүмкiн емес. 
Абай көрсеткен Алланың осы қасиеттерiн сезiнгенде ғана Оны тану мүмкiндiгi 

туады. Оның керемет қасиеттерi болып табылатын ең жоғары құдiреттiлiгiн, 
даңқын, байлығын, бiлiмiн, әдемiлiгiн, сонымен бiрге Оның бүкiл болмысты 
алаламай, бiрдей көретiнiн түсiніп, Оның Өзін сүйе аламыз. Сонда адам баласында 
Аллаға толық мойынсыну құштарлығы туады. Бұны «толық адам», яғни Алла 
тағалаға жетудiң ең тура жолы деп көрсетедi данышпан. 
4. Адам болмысын білудің маңызы 
Адам. Адамның өзін-өзі тануы адам болмысының негізгі сұрақтарын қамтиды. Ұлы 
Абайдың өзіндей ұлы шәкірті Шәкәрім бұл сұрақтарды былай деп қояды: 
"Келдім қайдан? Қайтсе пайдам? 
Өлгеннен соң не болам? " 
"Мен" деген – жан, ақыл – айнам, 


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал