Абайдың «ҚЫС» ӨЛЕҢінің орыс тіліне аударылу сипаты



жүктеу 52.72 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі52.72 Kb.

 

АБАЙДЫҢ «ҚЫС» ӨЛЕҢІНІҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ СИПАТЫ 

Эльмира Карахожаева, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

1 курс магистранты

 

 

Табиғат  -  адам  баласының  еңбек  етіп,  ӛмір  сүретін  ортасы.  Табиғат 

кӛрінісі  дүниежүзі  әдебиетіндегі  ірі  классик  ақындардың  барлығының  да 

шығармаларынан  орын  алды.  Әр  дәуір,  әр  жағдайға  лайықты  табиғат 

кӛрінісін  әр  ақын  әртүрлі  жырлады.  Біреулер  табиғат  арқылы  ӛмір  сырын, 

біреулер адамның кӛңіл-күйін жеткізді. 

Абайдың  да  айрықша  жырлағанының  бірі  табиғат  болды.  Ол  табиғат 

аясында  ӛсіп,  оны  сүйе  білді.  Абайдың  «Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Күз», 

«Қыс»,  «Жаз»  деген  ӛлеңдерін  оқығанда,  табиғаттың  әртүрлі  құбылысы 

кӛзіңе  елестейді.  Жаратылыстың  жайдары  жазын,  түсі  суық  тұманды  күзін, 

не  болмаса  сақылдаған  аязы  мен  қарлы  боранын  ӛзің  кӛріп  тұрғандай 

боласың. 

Абайдың табиғатты суреттеген ӛлеңдерін кӛптеген аудармашылар орыс 

тіліне  аударған.  Атап  айтатын  болсақ,  Вс.Рождественский,  К.Досжан, 

М.Адибаев,  Ю.Кузнецов,  М.Сұлтанбеков  және  т.б.    Солардың    ішінде 

Абайдың  «Қыс»  ӛлеңінің  аудармалары  ерекше  назар  аударады.  Енді  сол 

аудармаларға талдау жасап кӛрелік.  

Абайдың «Қыс» ӛлеңі былай басталатыны бәріміздің есімізде: 

                         

                         Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

 

 



 Абай бұл жолдарда қыс мезгілінің ӛзіне тән ерекшеліктерін кейіптеу 

тәсілі арқылы ашып кӛрсетеді. Қыс табиғаттың суреті, кӛрінісі емес адам 

кейіпінде суреттеледі: ақ киімді; денелі; ақ сақалды; соқыр; мылқау; танымас 

тірі жанды, т.б. Бұл сӛздер беретін ұғымдар мен бейнелер ақынның ӛлеңінің 

басты мағыналық бірліктерін құрайды. Олардың біреуін қалдырып кеткен 

жағдайда немесе ӛзгерткен жағдайда ақынның ӛлеңінің мазмұны мен 

мағынасы да ӛзгереді. Ал түпнұсқаның мазмұны мен мағынасын ӛзгерту 

аудармашы үшін үлкен кемістік. 



  

«Қыс» ӛлеңінің орыс тіліндегі аудармаларына кӛңіл бӛлейік. 

 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 



Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

 

Осы жолдарды Ю.Кузнецов былай аударады: 



 

Великан в белой шубе, с седой бородой , 

Никого он не видит, слепой и немой. 

 

Аударманы оқыған оқырманның кӛз алдына ақ тонды, ақ сақалды алып адам 

бейнесі елестейді. Ол ешкімді кӛрмейді, соқыр және мылқау. Аудармашының 

жасап отырған образы анық, айқын, нақты. Оқыған адамның кӛз алдынан 

кетпейді. Осы тұрғыдан келгенде Абай ӛлеңінің осы екі жолының 

аудармасының ӛзінде аудармашының кӛп ізденгені, кӛркем шешім жасағаны 

байқалады. Бірақ аудармашы бұл жерде түпнұсқадағы қыстың бейнесін емес, 

алып адам бейнесін жасағандай әсер қалдырады.   

 

Ю.Кузнецов «ақ киімді» дегенді - ақ тон (в белой шубе), «денелі» сӛзін 



алып  (великан)  деп  аударған.  Аудармашы  «киім»,  «денелі»  деген  сӛздердің 

мағынасын дұрыс жеткізе адмаған. Ӛйткені ақ тон түпнұсқадағы «ақ киімді» 

ұғымын  жеткізе  алмайды.  Екіншіден,  аудармашы  түпнұсқадағы  заттың 

жалпы 


мағынасын 

беретін 


сӛзді 

жалқы 


есіммен 

алмастырған. 

Аудармашының  бұл  шешімі  түпнұсқаның  мағынасын  немесе  мағыналық 

бірлігін нақты жеткізіп тұр деп айта алмаймыз. 

 

«Соқыр,  мылқау  танымас  тірі  жанды»  деген  жолды  аудармашы 



«Никого  он  не  видит,  слепой  и  немой»  деп  тәржімалайды.  Бұл  жерде 

түпнұсқаның  мынадай  мағыналық-құрылымдық  бірліктеріне  кӛңіл  аудару 

дұрыс:  а)  соқыр;  ә)  мылқау;  б)  танымас.  Аудармашы  осы  үш  ұғымды  ӛз 

аудармасында  беруі  қажет  еді.  Бірақ  аудармашы  бұл  үш  ұғымды  толық 

жеткізе алмады. Аудармада жоғарыда кӛрсетілген үш ұғымның екеуі бар: а) 

соқыр; ә) мылқау. Ал үшінші ұғым (танымас) аудармашының назарынан тыс 

қалған.  Оның  орнына  аудармашы  ешкімді  көрмейді  деген  ұғымды  береді. 

Бұл, біріншіден, аудармашының ӛз тарапынан қосқан ұғымы, екіншіден, бұл 

«соқыр» (слепой) ұғымының баламасы. Сӛйтіп, аудармашы түпнұсқадағы үш 

ұғымның  біреуін  қалдырып  кетеді  де,  қалған  екеуінің  бірінен  (соқыр  - 

слепой)  ӛзара  мағыналас  екі  ұғым  (ешкімді  кӛрмейді;  соқыр  -  никого  не 

видит; слепой) жасайды. 

                                     

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,- 

 

деген жолды Ю.Кузнецов былай аударады: 



                                  

На суровом лице белый иней блестит. 

 

 



 

Осы жолды кері аударсақ, мынадай мағына шығады: 

                                 

Ызбарлы бетте ақ қырау жарқырайды. 

 

 



Бұл  аударма  түпнұсқаға  мүлдем  сәйкес  келмейді.  Абай  жансыз 

құбылысқа  жан  бітіріп  сипаттайды.  Аудармашы  сол  жансыз  құбылыстың 

жанды бейнесін бере алмаған. Түпнұсқадағы «Үсті-басы», «түсі суық» деген 


ұғымдарды  «На  суровом  лице»  деп  тәржімалаған.  Сӛйтіп,  түпнұсқадағы 

«үсті-басы  ақ  қырау»  және  «түсі  суық»  секілді  күрделі  екі  ұғымның  жүйесі 

аудармада  кӛрініс  таппаған.  Олай  айтатын  себебіміз,  асыл  нұсқадағы  «үсті-

басы» деген сӛзді мүлдем аудармаған. Сонымен қатар аудармашы «ақ қырау» 

сӛзін  «белый  иней»  деп  тәржімаласа,  «түсі  суық»  деген  сӛзді  «на  суровом 

лице»  деп  аударады.  Қазақ  және  орыс  нұсқасындағы  ӛлеңді  салыстырып 

оқыған  оқырман  үшін,  әрине,  орыс  тіліндегі  аударма  түпнұсқа  мағынасын 

мүлде  бере  алмайды.  Ал  орыс  оқырмандары  Абайдың  жансыз  нәрсеге  жан 

бітіріп,  қыстың  бейнесін  адам  кейіпінде  суреттеген  шеберлігін  аударма 

арқылы  сезінуі мүлде қиын.  



 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды,- 

 

деген жолды  Ю. Кузнецов былай аударыпты: 



 

Все скрипит и трещит под тяжелой стопой. 

 

 

Біз бұл жолды былайша кері аудардық: 



 

Ауыр табанның астында бәрі сықырлап, шықырлайды. 

 

 



Түпнұсқадағы  «басқан  жері»  сӛзі  тәржімаланбаған.  Ал  «сықырлап» 

сӛзін    «скрипеть»  деп  сӛзбе-сӛз  аударса  және  «келіп  қалды»  деген  сӛз 

аудармада кӛрініс таппаған. Аудармашы ӛз жанынан «все трещит» және «под 

тяжелой  стопой»  деген  сӛздерді  қосады.  Қалай  дегенмен  де  аудармашы  бір 

қарағанда  Абайдың  ойын    жеткізгісі  келгенімен  Абайдың  ойын  дӛп  басып 

айта  алмаған.  Осы  ӛлеңнің  орыс  тіліндегі  бір  ғана  емес  бірнеше  нұсқасы 

болсада  Абайдың  кӛркемдік  бейнесін  дәл  аударған  аудармашылар  жоқтың 

қасы.  


 

Осы жолдарды М.Сұлтанбеков ӛзінше аударған: 

                                

Белобородый, в белой одежде старик 

Глух и нем ко всему и ко всем без разбора. 

 

 



Осы жолды кері аударатын болсақ: 

 

Ақ сақалды, ақ киімді қария 

Барлық нәрсеге мылқау барлық нәрсеге талғамсыз,- 

 

деген мағына шығады. Бұл аудармада М. Сұлтанбеков тіпті «в белой одежде 



старик»  деп  аударма  жасаған  екен.  Тұпнұсқада  «старик»  қазақ  тілінде 

«қария»  деген  сӛз    мүлдем  жоқ.  «Ақ  киімді»  және  «ақ  сақалды»  сӛздерінің 

аудармасы бар, ал «денелі» сӛзінің аудармасы жоқ. Оның орнына аудармашы 

«старик»  (қария)  сӛзін  қосқан.  Ал  ӛлеңнің  екінші  жолында  біз  аударылған 

«мылқау» (глух) деген сӛзді ғана кездестіреміз. Асыл нұсқадағы «соқыр» сӛзі 


аударылмаған және танымас тірі жанды деген мағынаны аудармашы «и ко 

всем без разбора» деп берген. Жалпы аударманың сӛздік құрылымына келсек 

осылай  аударылған  екен.  Мағыналық  жағы  туралы  сӛз  етер  болсақ,  онда 

әңгіме  мүлде  бӛлек.  Олай  дейтін  себебім,  ең  бірінші  аударманы  оқып 

отырған  адамға  ешқандайда  қыстың,  табиғаттың  бейнесі  елестемейді, 

керісінше,  қария  бейнесі  кӛз  алдымызға  келеді.  Аудармашы  ӛлеңнің  келесі 

жолдарын былай аударады: 



 

Белый иней на нем и по виду суров, 

По скрипучему снегу ступает упорно. 

 

Кері аудармасы: 



Үстінде ақ қырау, түсі суық 

Сықырлаған қарды қайратттана басты,- 

 

мағынасы жағынан түпнұсқаға жақынырақ түскен. Бұл жолда да аудармашы 

түпнұсқадағы басқан жерікеліп қалды  деген ұғымдарды бере алмаған. Тек 

қана  «скрипучий»  (сықырлаған)  деген сӛздің  ғана  аудармасын  кӛре  аламыз. 

Ал  мағынасы  туралы  айтар  болсақ  оқырманға  қыстың  бейнесі  емес,  үстін 

қырау басқан қария елестейтіні сӛзсіз.  

 

Вс. Рождественскийдің аудармасына назар аударсақ: 



 

В белой шубе, плечист, весь от снега седой. 

 

 



Кері аудармасы: 

 

Ақ тонды, иықты, қардан ақ сақалды. 

 

 

Вс. Рождественский «ақ киімді» сӛзін -  «в белой шубе», «денелі» сӛзін 



-  «плечист»,  «ақ  сақалды»  сӛзін  «от  снега  седой»  деп  аударған  екен.  Біз 

аудармаға  назар  салсақ,  аудармашы  сӛздердің  аудармасын  береді  және 

ойынан  сӛздер  қосып  еркін  аудармаға  бой  алдырады.  Түпнұсқадағы  «ақ 

сақалды»  сӛзін  орыс  оқырманына  «весь  от  снега  седой»  деп  береді.  Осы 

жердегі весь от снега сӛзін аудармашы ӛз тарапынан қосады. Ӛлеңнің келесі 

жолына қарасақ: 

 

Слеп и нем, с серебристой большой бородой,- 

 

деген аударманы кӛреміз. 

 

 

Осы жолдың кері аудармасы: 



 

Соқыр, мылқау, үлкен күміс сақалды. 

 

 

Түпнұсқадағы  танымас  тірі  жанды  сӛздері  тәржімаланбаған.  Оның 



орнына  аудармашы  үлкен  күміс  деген  сӛздерді  ӛз  тарапынан  қосқан. 

Сонымен  қатар,  аударманың  бірінші  және  екінші  жолында  «сақал»  сӛзін 

кездестіреміз.  Яғни  аудармашы  бір  сӛзді  қайталап  екі  жолда  да  береді. 

Аудармаға  қарап,  түпнұсқа  ӛлеңнің  мағынасы  ашылмаған  деп  айтуымызға  

болады.    



Враг всему, что живет, с омраченным челом 

 

 

Осы жолдың кері аудармасы: 



 

Кіртиген қабақпен өмір сүреді, барлығына жау. 

 

 

Аудармаға  қарайтын  болсақ,  ӛлең  жолының  бірде-бір  сӛзі  дәл 



аударылмаған. Түпнұсқа ӛлеңнің мағынасы аудармада мүлде ашылмаған.  

 

Он, скрипучий, шагает в степях, снеговой,- 

 

деген тӛртінші жолдың кері аудармасы: 

 

                             Ол, сықырлап, қарлы далада жүр. 



 

 

Бұл  тармақта  да  аудармашы  ӛзі  қосқан  сӛздер  бар.  Аудармашы  «Ол» 



деп  белгілі  адамды  меңзеп  отыр.  Түпнұсқаға  зер  салатын  болсақ,  Абай 

ешқандайда  адам  бейнесін  бейнелемейді.  Соған  қарағанда,  аудармашы 

ӛлеңнің түпкі мәнін түсінбеген деп толық айтуымызға болады.   

 

Абайдың  «Қыс»  ӛлеңін  түпнұсқадан  оқитын  болсақ,  Абай  қыс 



мезгіліндегі табиғат бейнесіне жан бітіре сипаттайды. Қыс мезгілінің сондай 

бір  ерекшелігін,  қарлы  боранын,  аязын,  аппақ  қырауына  жан  бітіргендей 

болады. Оқыған адамға да ерекше ой салары, әсер етері сӛзсіз. Ал орыс тіліне 

аударылған  нұсқаларын  оқыған  оқырман  үшін  мұндай  әсер  алу  екіталай. 

Сонымен  қатар,  орыс  тілді  оқырмандар  бұл  ӛлеңнің  негізгі,  түпкі  ойын 

түсінбеуі  мүмкін.  Себебі,  аудармашылар  түпнұсқаны  ӛздері  толық 

түсінбеген. Олар сӛзбе-сӛз аударып, сол арқылы ӛлеңнің мағынасын берген. 

Бірақ  түпнұсқа  мен  аударманы  бір-бірімен  салыстырғанымызда,  олардың 

арасында ешқандай сәйкестік жоқтығы белгілі болады. 

 

Қазақ  оқырманы  алған  әсерді  ӛзге  тілдегі  оқырманда  алу  үшін 



аудармашы  Абайдың  деңгейінде  сӛйлеуі  тиіс.  Ӛкінішке  орай,  қазіргі  кезде 

ондай аудармашылар кем де кем. Абай ӛлеңдерін, алдында айтып кеткендей, 

кӛп аудармашылар аударған. Бірақ олардың аудармаларында Абайдың ӛзіне 

тән ақындық даралығы кӛрініс таппаған.  

 

ӘДЕБИЕТ 


1.

 

www.abai-inst.kz



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал