Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров



жүктеу 63.27 Kb.

Дата13.01.2017
өлшемі63.27 Kb.

 

АБАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҰЛЫ ЖАҢАЛЫҒЫ



 

А.Қ. Омаров, философия ғыл. кандидаты, абайтанушы.

 

 



ҚР Мәдениет министрлігі Дін мәселелері жӛніндегі

 

ғылыми-зерттеу және талдау 



орталығы. Мекенжайы: Астана қ. Темірқазық кӛш. 60.    Е-mail:

 asan@



mail.ru  

 

      Осы  заманғы  «озық  технология»,  «ғылыми  жаңалық»,  «креатив», 



«инновациялық  даму»  және  «бренд»  сынды  тіркестер  мен  терминдер  тек 

тіршіліктің  материалдық-экономикалық  жағына  ғана  қатысты  сияқтанады. 

Бұл  жаңсақтық.  Жаны  бар  жасампаздық  басқа  (ішкі)  жақта.  Олар, 

ұлтымыздың рухани құндылықтары, мүлде ұмыт қалуда. Шын мәнінде қоғам 

дамуының  түпкі  тетіктері,  бүгінгі  тілмен  айтқанда,  креатив  пен 

инновациялық  қазынаның  «кӛкесі»  сол  жақта.  Тӛменде  солардың  бірі  де 

бірегейі – Абайдың мұрасын сӛз етпекпіз. 

      Абайдың  асыл  мұрасы  зерттеу  нысанына  айналғанына  ғасырдан  астам 

уақыт  ӛтті.  Кешегі  кеңестік  дәуірде  абайтану  ғылымының  гүлдеп,  ӛсіп-

ӛркендегені  ӛтірік  емес.  Оған  ғұлама  ғалым,  ұлы  суреткер  Мұхтар 



Омарханұлы  Әуезовтің  жанкештілік  қызметі  бірден  бір  себепкер  болды. 

Абайтану  ғылымы  ӛрлеген  1930-1961  жылдарды  «Әуезов  кезеңі»  десе  де 

болады. Мұхаң дүниеден ӛткен соң қарқын бәсеңсіді.  

      Шыны  сол,  тәуелсіздікке  дейінгі  ақын  һәм  ағартушы  Абай  ғана 

дәріптелді.  Моноидеология  ойшылдың  философиялық  мұрасын  зерттеуге 

есікті тарс жапты.     

       Қазіргі таңда абайтану ғылымы тірелген ең келелі мәселелер мынау: 

1.

 



Ойшыл  ақынның  философиялық  мұрасын  жаңаша  кӛзқараспен  терең 

зерттеу, зерделеу. 

2.

 

Жаңаша  кӛзқараспен  зерттеудің  нәтижелерін  халық  игілігіне  –  рухын 



сауықтыруға, рухани-мәдени дәстүрлерін жандандыруға пайдалану.  

3.

 



Хакім  Абай ашқан ғылымдық жаңалықтарды  Қазақстан халқына, онан 

соң дүние жүзіне таныту. 

       Жас ғалым-зерттеушілер осы аталған бағыттарға назар аударса құба-құп. 

       Енді  сӛз  басында  айтылғандай  Абай  жаңалықтары  –  рухани-

инновациялық қазынамыз деуіміздің мәнісін ашып, дәлелдер келтірейік.  

       Бірінші  дәлел.  Құран  Кәрімде:  «Әр  ұлтқа,  әрбір  қауымға  жолбасшылар 

жіберілді»  делінген.  Фәтір  сүресі,  24-аят,  Рағыд  сүресі,  7-аят.  Кӛбіне 

«жолбасшы»  дегенді  тек  пайғамбар,  нәби  деп  қана  ұғамыз.  Пайғамбар 

адамзатқа  ортақ,  жеке  бір  ұлтқа  жіберілмейді.  Сол  себептен  әр  ұлтқа, 

қауымға  жіберілген  тұлғалар  «жолбасшылар»  аталған.  Халықтарға  рухани 

білім-ғылымды жеткізуші, түсіндіруші жолбасшы болу – Платон, Конфуций, 

Ясауи, Толстой, Абай сынды сирек әулие хакімдердің сыбағасы. 

      Мәселен,  Қожа  Ахмет  Ясауи  ӛзінің  «Диуани  хикмет»  атты  мұрасында: 

«Менің хикметтерім, Оқып ұққанға бар мағынасы: Құран» – дейді. Бұл пікір 

Абайдың ғақлия шығармаларына да дӛп келеді.  


 

       Абайтанудың негізін қалаған ұлы  Мұхтар Омарханұлы Әуезов былайша 



тұжырады: «Абай ӛз халқының алдағы уақытта еркін гүлденіп, дами беруіне 

берік негіз қалады, оның болашағына тура жол салып берді». Ұлы суреткер 

ең  басты  шығармасы  –  «Абай  жолы»  деп  атауының  астарын  кейінгі  ұрпақ 

біздерге осылайша ұқтырады.  

      «Абай  –  қазақтың  жолбасшысы»  және  «Абай  –  қазақтың  екінші  аты». 

Ӛткен  ғасырлар  міне  осыны  паш  етті.  Абай  мұрасы  –  ұлттың  рухани-

инновациялық қазынасы деуіміздің тарихи-әлеуметтік тұрғыдағы дәлелі осы.  

       Енді  екінші,  бәлкім,  ең  басты  дәлелге  келейік.  Ол  –  Абайдың 

халықаралық  деңгейде  танылуын  күткен  теологиялық  жаңалықтары. 

Жеткізбек  ойымыз  оқырманға  түсінікті  болуы  үшін  алдымен  шағын  шолу 

жасалық. 

       Абай Құнанбайұлы

                                          

Ғылымды іздеп, 

                                          

Дүниені кӛздеп – 

                                              

Екі жаққа үңілдім [1] – 

 

дейді.  Бұл  сӛзі  Батыс  және  Шығыс  жағалауларын  түгел  шолып  ақиқатты 



іздеумен болдым деген мағынаны білдіреді. Абайдың ең соңғы тапқан ӛрісі – 

теология. 

      Теология (арабша – мағрифатулла) дегеніміз Тәңіріні  тану ғылымы. Алла 

тағаланың  тұлғалық  қасиеттері  (сипаттары,  есімдері  және  істері)  туралы 

толымды  уахи  (хабар)  Құран  Кәрімде  ғана.  Қараңыз  –  Алланың  тұлғалық 

сипаттары  192  аятта  баяндалған!  Ислам  теологиясының  биік  деңгейі  және 

ортағасырларда мұсылмандық сопылық ағымның пайда болу құбылысы осы 

жағдаймен ӛз түсінігін табады. 

       Мұсылман  теологиясы  ІХ-ХІІ  ғасырлар  аралығында  түрлі  діни 

ағымдардың  (кәлламшылар,  мүтәзилиттер  және  дәстүршілдер)  ӛзіндік 

кӛзқарастары мен таласты сӛздері  нәтижесінде дүниеге келді.   

       Озық  ойлы  ғалым    Әбу  Хасан  әл-Ашари  (873-935жж.)  100-ден  астам 

еңбектер жазып, тұңғыш теологиялық мектептің негізін қалады. Онан кейінгі 

теология саласындағы ірі тұлға Самарқант қаласының тұрғыны – Әбу Мансұр 



әл-Матуриди  (870-944  жж.).  Ол  Ашари  мектебінің  Алланы  ақылмен  танып-

білу  мүмкіндігі  туралы  ұстанымын  әрі  қарай  дамытты.    Матуриди  адамды 

«мұсылман» деп жариялау үшін оның «Алладан басқа Тәңірі жоқ, Мұхаммед 

оның елшісі» деп иман келтіруі жеткілікті деді. Оның иманигүлді бірінші, ал 

ғибадат  рәсімдерін  (мәселен,  намаз  оқу  және  т.б.)  екінші  орынға  қоюы  зор 

жаңалық  болды.  Ғұлама  сілтеген  жол-жобаны  сүннәнің  ханафи  мазхабын  

ұстанатын жамағат риза кӛңілмен, түсіністікпен қабыл алды.   

       Алғаш әл-Кинди деген оқымысты адам бастап, онан соң  әл-Фараби, Ибн 



Сина жетекшілігімен мұсылмандық фәлсафа қалыптасты. Ал, әл-Ғазали, Ибн 

Араби  сынды  ойшыл  ғұламалар  сопылық  ілімнің  негізін  қалады.  Осы  екі 

бағыт  бірін-бірі  толықтыра  отырып,  Матуриди  кӛзқарастарын  теориялық 

тұрғыдан дамыта жалғастырды. Теология шынайы ғылым саласына айналды. 


 

Орта  ғасырлық  теология  ілімінің  «ғылымдардың  патшасы»  деген  атақты 



иеленуі осының куәсі.  

      Сопылық  ілімнің  атасы  әл-Ғазалидің  «Ихйа  илм  ад-дин»  («Сенім  ілімін 

қайта тірілту») деген басты шығармасын орыс тіліне тәржімәлаған зерттеуші 

В.  Наумкин:  «Әл-Ғазали  мұсылмандық  танымның  бӛлік-бӛлек  үш  бағытын 

(дәстүрлі діни таным, фалсафа және сопылық ілім) бір жүйеге тоғыстырды» 

деп кӛрсетеді [2].  

      Әл-Фараби  бабамыз  мұсылмандық  танымға  кӛне  эллиндік  философия 

тұрғысынан  келіп,  түрлі  бағыттарды  синтездеді.  Мұндай  күрделі  істерді 

атқару барысында ғұламалар арасында келіспеушіліктердің тууы заңды.   

      Бұл хақында: «Әл-Фараби мен әл-Ғазали, – деп жазады татардың кӛрнекті 

ғалымы  Ш.  Маржани,  –  ғылымда,  адамдық  жолында,  ғаделетте,  шындық 

іздеуде  біріне-бірі  ұқсас,  бірін-бірі  толықтыратын  ғұламалар.  Екеуі  де, 

бағыттары басқа бола тұрса да, ұлы ұстаздар. Әл-Ғазалидің әл-Фарабиге тым 

қатаң сӛздер айтуы, оның жеке тұлғасына емес, фәлсафаға қатысты болды».   

      Қорыта  келгенде,  мұсылман  теологиясы  ІХ-ХІІ  ғасырлар  аралығында 

түрлі  діни  ағымдардың  (кәлламшылар,  мүтәзилиттер  һәм  дәстүршілдер)  ӛз 

ішінде  және  олар  мен  философия  арасында  ӛткен  таласты  кӛзқарастар  

нәтижесінде дүниеге келді.   

       Айтайын  дегенім  –  біздің  кемел  хакімдеріміз  Абай,  Шәкәрім 

ортағасырлық  мағрифатулла  ілімін  жалғастырды  және  жаңа  сапалық 

деңгейге  кӛтерді.  Олар  –  ұлы  теологтар.  Амал  не,  теологиялық  мұраларды 

тиянақты зерттеуге әлі күнге бет бұрған жоқпыз.  

       Рас,  Абай  жұмбағына  жету  оңай  шаруа  емес.  Мұны:    «Менің  сырым, 

жігіттер,  емес  оңай»  және  «Мен  бір  жұмбақ  адаммын,  оны  да  ойла»  деп 

данышпан ӛзі ескертеді.  

        Абай  әлемінің  қилы  сыры  мен  жұмбағы  неде?  Бұл  сұрақтың  туатынын 

кӛре  білгендей,  1895  жылғы  «Лай  суға  май  бітпес  қой  ӛткенге»  деген 

ӛлеңінде кемеңгер былай дейді: 

                                   Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі

                                   Ӛзіне құмар қылған Оның әмірі. 

      

Осыдан-ақ  ұлы  Абайдың  жұмбағы  Тәңіріні  танып-білудің  ӛрісі  – 



теология  ғылымында  екенін  аңдаймыз.  1895-1902  жылдар  арасында  «күні-

түні  ойында  бір-ақ  Тәңірі»  болғанын  ӛз  аузынан  естіп  отырмыз.  Ал,  1898 

жылдан бастап, Абай соңғы мұраты  – Алланы тану жолына шындап түседі, 

ұлы ақын философиясын алғаш зерттеген ғалым Ғ. Сағдидің сӛзінше «Аллаға 

жақындап, оны жар етеді» [3]. 

        Міне  енді  «Абай  ашқан  жаңалықтар  қайсы?»  деген  сұрағымызға  қайта 

оралайық.  Мұның  жауабын  іздеген  адам  теологиялық  трактат  –  «Ғақлиат-

тасдиқат»-қа  (қазіргіше  38-ші  қарасӛз)  үңілуге  тиісті.  Трактатта  хакім  Абай 

Алланың  адам  баласына  мәлім  барлық  сипаттары  мен  есімдерін  бір  жүйеге 

салады.  Ондағы  мақсат  –  Алла  тағаланың  болмысы  мен  адам  болмысы 

арасындағы  ұқсастық  пен  байланысты  тану.  Сол  арқылы  Алланың 


 

пенделеріне  салған  тӛте  жолын,  бүгінгі  тілмен  айтқанда,    қоғам  дамуының 



темірқазық бағыттарын  анықтау.   

      Қиын  сырлы  трактат  –  Абай  шығармашылығының  шыңы.  Оны  зерттеп, 

зерделеу  бізге  Абайдың  әлем  ойының  алыбы  екендігін  дәлелдеуге  толық 

мүмкіндік береді. Әзірге біз трактаттың түпкі нәтижесіне ғана тоқталмақпыз.  

      Жаратушы Құдіреттің шешуші, абайша «баршаға харекет беретұғын», үш 

қана  сипаты  бар.  Олар:  ҒЫЛЫМ,  РАХЫМ,  ӘДІЛЕТ.  Басқаша  айтқанда,  

Құдай тағала ғаламды Ғылым, Рахым, Әділет деген үш сипат (заң) арқылы 

басқарады (осы үш нәрсе Құранның да ӛзегі).  Абай ашқан ұлы жаңалық міне 

осы!  Күллі  он  сегіз  мың  ғалам,  оның  ішінде  адамзат  қоғамының  дамуы 

аталған  үш  заңға  бағынады.  Сондықтан  Абай  асыл  мақсат  –  ғылымды, 

рахымды,  әділетті  қоғам  құру  деп  тұжырады.  Ол  үшін  «әділ  адам» 

(«ғаделетті  адам»)  тәрбиелеуді  алдыға  қояды.  Айта  кеткен  жӛн,  халыққа 

кемел ғылым беру және рақым (мейірім) сезімін ояту жӛніменен «Әділетті 

қоғам орнату» идеясы барлық әлемдік діндерді кӛктей ӛтеді. 

      Ғарышта  қалықтаған  кӛгілдір  планета  –  Жер  мейірімді  Алла  тағала 

адамзатқа  махаббатпен  жасап  берген  ортақ  үйіміз!  Бірақ  ортақ  мекенімізді 

күллі  қашанда  алуан  түрлі  әлеуметтік  қайшылықтар  мен  катаклизмдер  дүр 

сілкіндіріп  келеді.  Олардың  алдын  алуға  бола  ма?  Қазақ  данышпаны  осы 

мәселені  алғаш  рет  ғылыми  негізде  ашықтап  берді.  Ол  бойынша  үш  ұлы 

сипатқа (Ғылым, Рахым, Әділет) сәйкес ӛмір сүру – жер жүзін мекендейтін 

жүздеген  мемлекеттер  мен  мыңдаған  ұлт-ұлыстардың  тыныштығы,  береке-

бірлігі мен ынтымағының кепілі!     

      Қорыта келгенде, 1898-1902 жылдар арасында дана Абай бар күш-қуатын 

сарқа  жұмсап  жазған  зор  еңбектің  нәтижелері  –  әлемдік  инновациялық 

жаңалықтар. Бұл қай қырынан да ғылыми негізде дәлелденетін ақиқат пайым. 

       Абай  ашқан  жаңалықтар  ескіру  түгілі,  керісінше  қазіргі  таңда  адамзат 

қауымдастығының  ең  зәру  мәселесіне  айналуда.  Сондықтан  да  оларды  

алдымен  халқымыздың  бойына  сіңіру,  онан  соң  әлемге  паш  ету,  оны  

руханилықтың,  идеологияның  «әлемдік  компасы»  қылуға  ат  салысу 

ғалымдар алдындағы қасиетті міндет. 

       Осы тұста «Бұл іске кедергілер қандай?» деген сұрақтың тууы заңды. 

       Сӛз  болған  трактатты  келешек  Абай  жинақтарында  қазіргіше  «38-ші 

қарасӛз» демей,  Абайдың ӛзі қойған «Ғақлиат-тасдиқат» деген тӛл атауымен 

бӛлектеп басу керек.  Біреу біледі, біреу білмейді, Абайдың кӛзі тірісінде екі 

қолжазба      кітабы  болды:  бірі  –  40  қарасӛзден    құралған  «Ғақлия»  кітабы 

(1891-1897  жылдар  аралығында  жазылды),  екіншісі  –  «Ғақлиат-тасдиқат» 

деген кітап (ол 1898-1902 жж. жазылды).   

      Кӛріп  отырмыз,  Абайдың  қос  кітабы  екі  түрлі  кезеңде  жазылған.  Сол 

сияқты  олар  тақырыбы,  мазмұны,  стилі  және  мақсат-міндеттері  жағынан  да 

бірі біріне кіріге алмайтын, мүлдем екі басқа шығармалар.  Мәселен, соңғы 

кітабында  автордың  жазу  стилін  мүлде  ӛзгертуі,  араб-парсыдан  кірме 

сӛздерді  молынан  пайдалануы  оның  жалғыз  қазаққа  емес,  бүкіл  адамзатқа 

арналғандығын білдіреді. 


 

       Сонымен,  тӛл  атауын  қайтару  –  «Ғақлиат-тасдиқат»  жалғыз  қазақ 



теологиясы емес,  Алла болмысын тану бағытындағы  әлемдік ой-сананың да 

аса үздік табысы екенін дәлелдеуге алғашқы қадам.  

      Екінші қадам, әрине, аталмыш трактаттың ӛзін тереңдеп талдап, зерттеуге 

тіреледі.  Оның  негізінде  диссертациялық  жұмыстар  және  теология  пәніне 

арналған оқулықтар жазуға мүмкіндіктер мол.  

      Тағы  бір  маңызды  мәселе,  Абайдың  38-ші  қарасӛзі  ғана  емес,  ӛзге 

ғақлиялары  да  «адасып»  жүр.  Яғни  Мүрсейіт  Бікеұлының  кӛшірме 

қолжазбаларында бір басқа да, қазіргі Абай жинақтарында бір басқа. Архивте 

сақталған қолжазбалар бойынша қарасӛздердің рет санын бастапқы қалпына 

келтіру міндетті түрде атқарылуға тиісті. Егер «Абай жолы» эпопеясындағы 

тараулардың  орны  ауысып  кетсе  ше?  Бұл  жағдайды  кӛзге  елестету  мүмкін 

бе?  Қарасӛздердің  қазіргі  рет  саны  да  дәл  сондай  қисынсыздық.  Олар  ӛз 

орындарына  қойылса  ғана  Абайдың  қарасӛздерді  жазудағы  мақсатын  және 

ойшылдық  эволюциясының  саты-сатысын  дұрыс  танып-білуге  мүмкіндік 

туады.  «Қарасӛздер»  деп  аталатын  Абайдың  прозалық  шығармалары  алғаш 

рет  1933  жылы  Қызылорда  қаласында  (Абайдың  тұңғыш  толық  жинағы 

басылып шыққанда) жарық кӛрді.   

        Тұңғыш толық жинақты шығарушылар Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен 



Ілияс  Жансүгіров  еріксіз  екі  шегініс  жасады:  бірі  –  Абайдың  жоғарыда 

аталған  екі  кітабы  біріктірілді,  бірі  –  қарасӛздердің  реттік  саны  ӛзгертілді. 

Неге?  Себебі  бұл  2  миллион  қазақ  алапат  ашаршылықтан  қырылған, 

моноидеология  орныққан  қылышынан  қан  тамған  қаһарлы  кез.  Бастарын 

бәйгеге  тіге  отырып,  Абай  мұрасын  құтқарып  қалған  қос  арысқа  алғыстан 

басқа айтарымыз жоқ.         

        

Қорытынды.  Абайтану  келешегі  зор,  ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан-

ұрпаққа  жалғаса  беретін  ғылым.    Онда  ақтаңдақтар  әзірге  кӛп.  Дәл  қазіргі 

таңда  Абайдың  «Ғақлиат-тасдиқат»  атты  даналық  трактатын  тереңдете 

зерттеу  мен  қарасӛздердің  рет  санын  бастапқы  қалпына  келтіру  кезек 

күттірмейтін проблемалар демекпіз.   

      Тәуелсіздігіміздің 

20  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  Абайдың 

инновациялық  мәңгі  жаңалығы  мен  абайтану  ғылымы  алдында  тұрған 

мәселелер туралы ортаға салғымыз келген кейбір ой-пікірлеріміз осылар.   

 

Әдебиеттер: 



 

1.

 



Абай Құнанбаев. Шығармалары. 1 томдық толық жинағы. – Алм., 1961.  

2.

 



 Әбу-Хамит  әл-Ғазали.  Воскрешение  наук  о  вере.  Орысшаға  аударған 

және түсініктемені жазған В. Наумкин. – М.: 1980. – С. 306. 

3.

 

Ғабдрахман  Сағди.  Абай.  –  «Ақжол»  газеті.  –  Ташкент:  1923  жыл. 



№355, 356, 359, 363, 372 сандарында. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал