Абай Теміртау қалалық əлеуметтік-ақпараттық газет 6 ақпан жұма 2015 жыл №5 (07)



жүктеу 497.78 Kb.

бет4/5
Дата10.09.2017
өлшемі497.78 Kb.
1   2   3   4   5

5 КАНАЛ

06.30 «Таңертеңгілік 5-арнада»

06.30,20.50 Вести-Россия

07.00,19.35,21.35 Шарайна

07.35,08.40 Дәмдес болайық

07.50,14.35,18.00,22.40 Рекламный визит

08.00,13.00,20.00,22.00 Новости

08.30 Наши дети

08.35 «Азбука спорта»

13.40 Эколайф

14.00 Азия айнасы

14.45 Прямой эфир

16.00 Пятая передача

16.10 Телесериал

17.00 «Жастар»

17.30 «Ғажайып адам»

18.10 Ислам: сауалдар мен жауаптар

18.45 5-арнадағы ән-әуен

19.00 Ваш день

20.40 Моя Караганда

21.15 Комната смеха

21.25 Все о налогах

22.50 Док. фильм

23.45 Әуенді Қазақстан + ТV - ЧАТ



ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ

07.00,10.00,13.00,17.50,22.00 

Жаңалықтар-Новости

07.50,13.20 Әсем әуен

09.00 Док. сериал

11.05 Ас болсын!

11.40 «ДАТ»

12.00 Телесериал

12.35 Халық ертегілері

18.30 Ғибрат

19.00 Қуырмаш

19.30 Шеберхана

21.00 Телесериал

23.05 Кино

07.00 Концерт

08.00 Агробизнес

08.30 «Субботалық ТАҢ»

10.00 Дауа

10.35 Ас болсын!

11.25 Қазақстан дауысы

13.00 Поэзия әлемі

14.00 Жайдарман

14.15 Сырғалым

16.25 Кино

17.30,20.30,00.30,03.15 Жаңалықтар

17.50 Худ. Фильм

21.00 Ұлттық шоу

22.30 А.Иманбаеваның ән кеші

00.05 Кино

ХАБАР

07.05 Қалжың қоржыны

09.00 Бармысың, бауырым!

09.45 Продвопрос

10.00 Спорт без границ

12.10 Кино

14.00 Орталық хабар

14.50 Жұлдызды дода

16.20 Тур де Хабар

16.50 Концерт

18.00 Кино

19.40 Худ. Фильм

19.50 Бенефис шоу

21.00 Жеті күн

22.00 Худ. Фильм

00.20 Кино

02.00 Телесериал

         ЕУРАЗИЯ

06.00,03.50 Кино

07.30 «Қылмыстыұ іс №

08.00 Таңғы пошта

08.50,21.30 Жаңалықтар

09.00,21.00 Новости

09.10 «Смак»

09.45 «Крепкий брак» Худ. Фильм

11.35 «Фабрика грез»

12.00 Телесериал

13.35 Караоке такси

15.00 Кто хочет стать миллионером?

16.05 Премьера

20.00 «Лучший город»

21.45 Тілші түйіні

22.35 Кешкі кездесу

23.55 Худ. Фильм

    


5 КАНАЛ

10.05 Шарайна

10.50 P.S.

11.00 «Моя Караганда»

11.15 Азия айнасы

11.40 «Нольден бастап»

11.55 Ислам: сауалдар мен жауаптар

12.25 «Тұжырым»

13.00 Мусульмане

13.15, 18.20, 22.40 Рекламный визит

13.25 Субботник

14.00 «Будем здоровы»

14.15 «Кулинарная звезда»

15.00 Специальный корреспондент

16.15 «Субботний вечер»

18.10 Азбука спорта

18.15 «Мелочи жизний»

18.30 «Среда Эргономики»

18.30 5-арнадағы ән-әуен

19.00 Ваш день

19.30 В ритме нашего города

20.00 Апта репортажы

20.15,22.15 Кино

02.30 Бауыржан шоу

03.30 Док. фильм

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ

09.00 Әсем әуен

10.00,13.00 Жаңалықтар-Новости

11.05 Мультфильм

12.00 Док. фильм

14.00 «Қасымның әндері-ай» Концерт

15.25 Док. фильм

16.00 Худ. Фильм

17.30 Док. фильм

18.00 «Қуырмаш»

18.35 2050

19.00 «Эхо»

19.30 «Дат»

19.50 «Мәңгілік мұра»

20.00 Жайдарман Қарағанды 

21.00 Док. фильм

22.05 Телесериал

Қыс айы болғанымен тілсіз жау 

– өрт әрқашан ойламаған жерден бас-

талып, адамға да, тұрмысқа да зардап 

келтіретіні анық. Мұны өткен аптадағы 

Төтенше жағдайлар басқармасы 

деректерінен байқауға болады. 

Мәселен, қаңтардың соңғы күндерінің 

бірінде тападай тал түсте тұрғын үйдің 

қасында тұрған көлік ішінен түтін 

будақтады. Бұл оқиға қаламыздың 

Лисовенко көшесіндегі №13 тұрғын 

үйге таяу орналасқан жерде орын алды. 

Әп-сәтте Ваз-2106 көлігінің іші отқа 

оранып, үш шаршы метр жер жанып 

та үлгерді. Әйтеуір абырой болғанда, 

ішінде адам болмаған. Тексерістер бұл 

көліктің электр жабдықтарының ақауы 

болғанын, сөйтіп, соның салдарынан 

от тұтанғанын көрсетіп отыр. Егер 

әлгі ақауларды дер кезінде жөндеп, 

машинаны сөндіріп қойғанда ешбір 

материалдық шығын болмас еді ғой. 

Міне, біз ылғи айтып жүрген адами 

фактор – бейқамдық, салғырттық 

салдары осындай шығындарға әкеп 

соқтырады.

Ш.Уәлиханов көшесіндегі тағы бір 

көпқабатты үйдің бір бөлмелі пәтерінде 

кешкі алас-белес кезде өрт бастал-

ды. Әрине, өрт сөндіруші мамандар 

уақытында жеткеніне қарамастан, 

мұнда  темекіні төсекте тарту салдары-

нан от жанып, оның соңы бес шаршы 

метр алаңға жайылған өртке ұласқаны 

белгілі болып отыр. Сақтықты есте 

ұстамаудың салдары осындай. 

70 орамдағы №11 үйде орын алған 

өрт оқиғасы да электр жабдықтарының 

кемшілігінен болған. Ал ҚарГРЭС 

жылу станциясындағы аспалы кран ка-

бинасында төрт шаршы метрдің жануы 

да электр жабдықтарын пайдаланудағы 

ереже сақтамау салдарынан екені 

белгілі болды.

Біз мысалға келтірген осы 

фактілердің бәрі де сақтықтың 

жоқтығынан болған төтенше жағдайлар. 

Егер әрбір адам өзінің жұмыс орнында 

немесе үйінде өрттен сақтану шарала-

рын есте ұстап, тұрмыстық техниканың, 

көліктің, жұмыс машинасының барлық 

техникалық талаптарға сайлылығын 

қамтамасыз етсе, мұндай оқиғаларға 

жол берілмес еді. Сондықтан тағы да 

тілсіз жаудан сақтанудың басты шарты 

белгіленген ережені мұқият сақтау 

қажеттігін тұрғындар есіне саламыз.



 М. БОПЫШЕВ,

қалалық өрттен қорғану

  қызметінің инженері

101 хабарлайды



Қауіпсіздік 

ұмыт 

қалмасын

№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Қ

қ



10

Экономика

Өндіріс

«АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  қара 



металлургияның  алыбы,  мұндағы  өндіріс 

ырғағы  талапқа  сай  болу  үшін  қауіпсіздік 

техникасын  сақтаудың  маңызы  зор.  Өткен 

жылы  мұнда  апатты  жағдайлар  азайып, 

бұрнағыға қарағанда тәп-тәуір көрсеткішке 

қол  жетті.  Дегенмен,  жұмыс  барысында 

ұсақ-түйек жарақаттар алу қатарының өсуі 

мамандарды ойландырып отыр. Сондықтан 

қауіпсіздік  техникасы  саласынынң  маман-

дары  үстіміздегі  жылдың  алғашқы  айы-

нан  бастап  осы  іске  жіті  мән  беріп  отыр. 

Бұған тағы бір себеп, қаңтар айында екі рет 

апатты жағдайдың орын алуы. 9-11 қаңтар 

күндері болған шағын апатты жағдайларды 

айтпағанның  өзінде  21  қаңтар  күні  до-

мна  цехында  ыстық  кокстың  біршама 

алаңдарға  шашылу  жағдайы  орын  алды. 

Салдарынан адам зардап шекпегенімен, бұл 

жағдайда жұмыс процесіне бірқатар кедергі 

келтірілді. Сондықтан әрбір ауысым сайын 

техниканың сағат тіліндей тиянақты жұмыс 

істеуі  қажет.  Компанияның  өндірістік 

атқарушы директоры қауіпсіздік техникасы 

талапқа  сай  болуы  үшін  металлургтердің 

арнайы жұмыс киімінің де маңыздылығына 

үнемі мән беріп келеді. Қазіргі таңда арнайы 

аяқ киімдер тарапынан ешбір жетіспеушілік 

жоқ,  солай  бола  тұрса  да  кейбір  цехтарда  

«Испат»,  «Миттал»  деген  логотипті,  яғни 

бұрынғы  ескі  формаларды  киіп  жүрген 

жұмысшыларды  кездестіруге  болады.  Ал 

қаланың    алтыншы  шағын  ауданындағы 

орталық  базарда  металлургтердің  жаңа 

жұмыс  киімдері  еркін  саудаға  қойылған. 

Сонда  мұндай  коммерция  не  үшін  керек? 

Компания жұмысшы киімдерін сатумен ай-

налыспайтыны белгілі, бұл да тиісті орган-

Әрине,  әрбір  жылдың  өзіне  сай  қиын-

дықтары  мен  қатар  жағымды  жаңа-

лықтарының  да  болатыны  анық.  Комби-

нат  үшін  былтырғы  жылдың  да  бірқатар 

ауыртпалықтары  болғаны  анық.  Дегенмен, 

басшылықтың  нақты  жоспарлар  жасап, 

алдағыны  бағамдай  білуінің  нәтижесінде 

сыннан сүрінбей өтуге қол жетті. Бұл жөнінде 

«АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  атқарушы 

директоры  Иво  Хмелик  жұмыскерлер  ал-

дында сөйлеген сөзінде атап өтті.



Шығын азайса, 

өзіндік құн 

төмендейді

Қала ұстаушы кәсіпорын саналатын 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жыл өткен 

сайын комбинат цехтарын жаңалап, өнім са-

пасын арттырып, шығынды азайтып, өзіндік 

құнды кемітіп, сонымен қатар мамандардың 

Қалалық әкімдіктің кезекті ап-

парат мәжілісінде Өндіріс және 

кәсіпкерлік бөлімі өткен 2014 жылдың 

қорытындысын жасап, атқарылған істер 

мен алдағы жылдың міндеттері жайын-

да хабарлама берді. Деректер бойын-

ша мынадай ақпарат бар: бүгінгі таңда 

Теміртауда  – 1734 кәсіпорын, бар, 

олардың ішінде ірілерінің саны – 22, 

орташасы – 136, шағын кәсіпорындар 

– 1576.


Әрине, бірінші кезекте өндірістегі 

өнеркәсіптік өнімдердің көлемі жайында 

айтылатыны анық. Бұл ретте алдымен 

тілге тиек болатын үлкен өндіріс ошағы 

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ. Егер 

келтірілген деректерге назар аударсақ,  

өткен жылы «АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ-ында өндіріс көлемі  326,7 млрд. 

теңгені құраған. Ал қаладағы басқа ірі, 

орта және шағын кәсіпорындарда бұл 

цифр бар болғаны 83,4 млрд. теңге 

көлемінде болып отыр. Сонымен қатар 

2014 жылы  өнеркәсіпке инвестиция 

құю 67,5 млрд. теңге болса, оның 

ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 

үлесінде 52,7 млрд. теңге. 

Қала ұстаушы кәсіпорын саналатын 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ үлес 

салмағы  2013 жылы 75,7 пайыз болса, 

2014 жылы бұл көрсеткіш – 79,6 пайыз. 

Бұған дейін жазғанымыздай, 

қаламыз бойынша индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасы ая-

сында  Теміртауда бес инвестициялық 

жоба жасалып, олардың бірі 

республикалық, қалған төртеуі 

аймақтық  бағдарламаға енген. Бұл рет-

те комбинатта №2 конвертордағы газ  

тазалау қондырғысының іске қосылуы 

және ТЭЦ-2-дегі жоғарғы қысымды бу 

жүйесінің ауыстырылуы секілді басқа 

да бірқатар атқарылған жұмыстарды 

мысал ретінде атап айтуға болады. 

Қала әкімі мен «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ әріптестік бағдарламасын 

жүзеге асыру барысында он бір 

кәсіпорынмен ұзақ мерзімді келісімге 

қол жеткізді.  

Қаламыздың үнемі дамуы мен 

гүлденуіне комбинат өз мүмкіндігінше 

назар аударып, қолдау көрсетіп келеді. 

Егер биылғы жыл көптеген мерейлі, ай-

тулы мерекелермен толы екенін ескер-

сек, алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, 

Ассамблея мен Конституцияның 20 

жылдығы, Қазақстан Магниткасының 

55 жылдығы және құрыш қаланың 70 

жылдығы секілді күндердің өз мәнінде 

аталып өтуіне комбинат елеулі үлес 

қосары анық.

–  Рас,  өткен  2014  жылы  біздің  комби-

нат  үшін  оңайға  соқпағаны  мәлім,  әйтсе 

де,  біз  қиындықтарды  еңсердік,  бұл  біздің 

ұжымның  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығара  білген  ұйымшылдықтың  нәтижесі. 

Сондықтан  ұжымға  бас  директордың  және 

өз атымнан шексіз алғыс айтамын, өйткені 

өндірістік  жылды  табыспен  аяқтауға  қол 

жеткіздік, – деді атқарушы директор.

Ал  үстіміздегі  жаңа  2015  жылғы 

міндеттер  мен  межелер  қандай?  Өкінішке 

орай,  биылғы  жыл  өз  қиындықтарымен 

бас талды. Себебі, жұмыс нәтижесіне  өнім 

өткізу нарығындағы жағдай    кері  әсерін  ти-

гізу де.  Комбинат  негізінен    Қазақстан,  Ре-

сей, және таяу Шығыс бағыттарында жұмыс 

істейді.  Оған қоса әлемдік нарықтағы мұнай 

бағасының  құлдырауы  осы  аталған  ел-

дер  экономикасының  тежелуіне  өз  септігін 

тигізуде.    Салдарынан  жаңа  жобалардың 

жүзеге асырылуы тоқтап,  мемлекеттік тап-

сырыстар қысқарып, өндіріс көлемі азаюда. 

Осы қиындықтарды есепке ала отырып, ком-

бинат  басшылығы  үнемдеуді  мықтап  қолға 

алмақ.    Әрине,  бұндай  жағдай  бірінші  рет 

орын  алып  отырған  жоқ,  қандай  жағдайда 

да  үнемдеудің  арқасында  қиындықтарды 

жеңуге қол жетпек.  Сонымен, нақты қазіргі 

кезде не істеу керек, қандай нақты қадамдар 

жасау қажет? Ол үшін шығындарды азайту 

бірінші кезекте тұрған мәселе. Шығындарды 

азайтқанда, өнімнің өзіндік құны төмендейді. 

–  Былтыр  домнашылар  аянбай  тер 

төгіп, нәтижесінде өнімнің әр тоннасынан 11 

доллардан  үнемдеуге  қол  жеткізді.  Ал  кон-

вертор цехындағылар әр тоннасына 5 дол-

лардан үнемдеді. Ал қазіргі уақытта  өнімнің 

өзіндік құнын әр тоннасына елу доллардан  

қысқарту  керек.  Біз  мұны  міндетті  түрде 

жүзеге  асыруымыз  қажет,    егер  жағдай 

түзелсе  құба-құп,    ал  егер  олай  болмаған 

жағдайда  үш  мыңға  жуық  жұмыс  орнын 

қысқарту  қаупі  төнеді.    Мен  қысқартамыз 

деп тұрғаным жоқ, қайталап айтам, қысқарту 

қаупі бар, – деді Иво Хмелик жұмыскерлер 

алдында сөйлеген сөзінде. 

Әрине,  осылайша  жыл  басындағы 

қиындықтар туралы  айта отырып, компания 

басшылығы  алдағы  міндеттерді  нақтылап, 

олар  жөнінде  жұмыскерлермен  ой  бөлісті. 

Мұндай өзара ортақ әңгіме өз жемісін берері 

анық.  Алдағы  міндеттер  мен  мақсаттарды 

түсінген  жұмыскерлер  өздеріне  жүктелген 

істі мінсіз атқаруға кіріседі.

Қауіпсіздік

2015: Жұмыстың басты бағыттары

дар айналысатын іс.

Бұл  мәселе  комбинат  басшыларының 

назарына  ілікпей  қалған  жоқ,  жуыр-

да  мамандар  жаңадан  алынған  жылы 

киімдер мен аяқ киімдердің тек ғана тиісті 

жұмыскерлерге  берілуі  жөнінде  арнайы 

тапсырма берді.  Сонымен бірге қауіпсіздік 

техникасының  талапқа  сай  болуы  үшін 

жөндеу  жұмыстарының  да  маңызы 

зор.  Қазір  мұнда    жөндеу  қызметтерін 

еуропалық  стандарттарға  сай  етіп  қайта 

құру  жұмыстары  жүріп  жатқаны  белгілі. 

Сала  мамандары  жөндеудің  тиімділігін 

арттыру  үшін  шығындарды  оңтайландыру 

қажет  дегенді  үнемі  айтып  келеді.  Бұл 



Ауқымды 

істер 

атқарылды

біліктілігін жоғарылатып, қауіпсіздік техникасына баса назар 

аударып, өз жұмысын жан-жақты дамытып, бақылап, барынша 

көп көңіл бөліп келеді. Үстіміздегі жаңа 2015 жылды да осындай 

игі мақсат-мұраттармен қарсы алып, енді алдағы міндеттерді 

белгілеп, оларды еңсеру барысында нақты қадамдар жасауда.

ретте  былтырғы  жылдың  аса  жемісті 

болғаны  белгілі,  барлық  белгіленген  жөн-

деу  жұмыстарының  жоспары  99  пай-

ыз  орындалған.  Сонымен  бірге    осы  аса 

ауқымды  жұмыстарды  жүргізу  жөндеуге 

бөлінген  бюджет  аясында  толық  орын-

далды.  Жөндеу  бұл  табыстың,  шығынсыз 

жұмыстың,  еңбек  өнімділігінің  басты 

алғышарты  десек  болады.  Сондықтан 

мамандар  жөндеу  қызметін  жаңалау 

бағдарламасын  жүзеге  асыра  отырып, 

барлық 

технологиялық 



процестердің 

талапқа сай болуын қамтамасыз етіп келеді. 



Өз тілшімізден

Қ

қ

11



№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Еске алу


Жүрегi жомарт, 

жаны адал досым едi

Сонау  1956  жылдың  күзінде  ол  ком-

со молдық  жолдамамен  Магнито горс кі-

ге  оқуға  жіберіліп,  екі  жылдай  мамандық 

игеріп, подстанция электригі атанып, 1958 

жылы комбинатқа қайта оралған еді. 1962 

жылы  Қарағанды  политехникалық  инсти-

тутына оқуға түсіп, 1964 жылы оқып жүрген 

факультеті жабылуына байланысты Жәкең 

комбинаттың  жолдамасымен  Алматыға 

аттан ған  еді.  1968  жылдың  басында  Ал-

ма ты дағы  политехникалық  институтты 

бітіріп, комбинатқа келді, мамандығы – ин-

женер-механик. Содан ол жоғары білімді, 

дипломды  маман  ретінде  алғашқы  еңбек 

жолын    коксохим  өндірісінің  кокс  цехын-

да  шебер-механик  болудан  бастады.  1972 

жылы  жаңадан  ашылған  металлургиялық 

жабдықтарды  жөндеу,  монтаждау  цехы-

на  шебер-механик  болып  ауысты.    Таби-

ғатынан  еңбексүйгіш,    қиындықтан  қаш-

пай тын,  керісінше  ширығып,  шыңдала 

түсетін Жанас Арысов өз кәсібін ұршықша 

иіріп, еңбек өнімділігін арттырды. Айнала-

сындағыларға азаматтығымен, кеңпейіл ді-

лігі мен, көпшілдігімен танылды. Еңбекпен 

есейген  ол  учаске  бастығы,  екі  жылдан 

кейін  цех  бастығының  орынбасары  лауа-

зымдарын  мінсіз  атқарды.  Мол  тәжірибе 

жинап, майталман металлург атанды. 1982 

Еліміздің күрішті аймағы 

саналатын Қызылорда облысы, 

Арал ауданының «Бірлестік» 

деп аталатын колхозында 

дүниеге келген, тағдыры 

Теміртаумен тоғысып,  ком-

бинат ардагері атанған май-

талман металлург, адал дос, 

арда азамат, дара тұлға Жанас 

Арысұлының өмірден озғанына 

қырық күн толып отыр. 

жылы  №1  механика  жабдықтарын  жөндеу 

цехына  бастық  болып  тағайындалды,  ол 

осы  ұжымды  ширек  ғасыр  бойы  абырой-

мен  басқарды.  Оның  еңбек  кітапшасында 

бір  ғана  жазу  бар,    Жанас  Арысов  жарты 

ғасырдан  астам  уақыт  комбинатта  еңбек 

етті.  Кейін  құрметті  демалысқа  шығып, 

комбинат  ардагері  атанды.  Жәкең  өз 

ісіне  берілген,  еңбекқор,  білімді  инженер 

болды,  бұл  еңбегін  ел  Үкіметі  бағалап, 

бірқатар  орден-медальдармен  марапаттал-

ды. Комбинаттың елу жылдығына арналған 

салтанатта  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Жанас  Арысовтың  кеудесіне  «Парасат» 

орденін өз қолымен қадады. 

Менің  Жәкеңмен  танысқаныма  жарты 

ғасыр, яғни елу екі жыл болыпты. Сол сәттен 

бастап  екеуміз  қоян-қолтық  араласып, 

сыйласып  ғұмыр  кештік.  Өмір  ағымында 

үш  рет  пәтер  ауыстырдық,  сол  үшеуінде 

де  Алланың  қалауымен,  көңіліміздің 

ақтығымен  көрші  болып,  отбасылық  қуа-

ныш-қызықтарымызды  бірге  өткіздік, 

ара лас-құралас,  сыйлас  дос  болдық.  Жа-

нас  менің  жаныма  жақын  досым  еді,  ол 

жайында  өткен  шақта  әңгіме  айтудың  мен 

үшін  қиынның  қиыны  болып  тұр.  Көңілім 

Жанастың  арамыздан  кеткеніне  сенбейді, 

ойыма аламын да, жанарымды жаспен жу-

амын. 

Әрбір  адамның  есінде,  тағдырында 



терең  із  қалдырған  ерекше  тұлғалар  бола-

ды,  мен  үшін  сондай  жарқын  жандардың 

бірі де бірегейі қайран, Жәкең еді...

Ол  қаршадайынан  өмірдің  ыстық-суы -

ғының  дәмін  татып,  өз  еңбегімен  пара-

сат тың  биігіне  жетті,  бейнетінің  зей нетін 

көретін  қадірлі  қарттыққа  жасы  келген 

тұста кенеттен ғайып болды, өмірден озды. 

Тағдырдың жазуы ғой бұл. Көңіліміз сенбе-

се де, қимаса да, амалсыз мойынсұнуға тура 

келеді екен. Жанастың жайраңдап арамызда 

әлі де жүре бергенін біз де қалайтын едік, 

тілекші едік, әттең-ай, көңіліміз жеткенге 

өміріміз жетпейді.

Толды міне қырық күн өткеніңе,

Сенбей жүрміз жан досым, кеткеніңе.

Көзімізден бұршақтап жас ағады,

Бірақ бұған таппаймыз еш амалды.

Сен кеткелі ортамыз босап қалды,

Қала берер жанымыздың қимас мұңы.

Ортамызда жүруші едің күлімсіреп,

Енді достар өзіңді еске алады, – дейміз 

көкірегіміз қарс айырылып.

«Өмір  озар,  тон  тозар,  жақсының  ізі 

қалар» демекші, Жанас Арысұлының ада-

ми қасиеттерін, жарқын бейнесін ешқашан 

ұмытпаймыз.  Осындай  шарапатты  жанға 

мәңгілік  пейіштен  орын  болып,  жаны 

жәннатта,  тәні  рахатта  болғай  дейміз. 

Ендігі  ғұмырды  Алла  оның  соңында 

қалған ұрпақтарына берсін.

Ермек ТӨЛЕУБАЕВ,

комбинат ардагері

...Жайсыз  хабар  жанарымды  жасқа  малды.  Жан-

жүрегіммен егіліп, еңкілдеп жыладым. Қолымнан келер 

басқа қайраным болмады...

Содан  бері  қырық  күн  өтіпті,  күні  кеше  ғана  ақ 

көңілімен,  жарқын  жүзімен,  азаматтық  келбетімен  ор-

тамызды  толтырып  жүркен  Жанас  ағамның  шынымен 

«келместің  кемесіне  мініп»  кеткеніне  көңілім  сенбеген-

мен,  айналам,  мынау  түтіні  түзу  ұшқан  тіршілік  соны 

ұқтырғандай.

Жанас Арысов – тек мен үшін ғана емес, Теміртаудай 

тұғырлы мекен үшін де шын мәнінде арыстай азамат еді. 

Құрыш  қалаға,  Қазақстан  Магниткасына  сіңген  еңбегі 

өз  алдына  бір  төбе,  бойындағы  қарапайымдылығы, 

жақсымен жанасып, ортақ мүдде мен ұлт уызын ұйыту 

жолындағы  қам-қарекеті  оның  ішкі  жан-дүниесінің  ай-

насы іспетті еді. Қашан көрсем де жүзінен мейірім нұры 

төгіліп,  дария  көңілімен  хал-жағдай  сұрап,  қамқоршы 

болатын.  Үнемі  уақыт  тауып,  редакцияға  соғып,  емен-

жарқын  әңгімелесетін,  ара-тұра  менің  еркелей  айтқан 

кейбір  әзіл  әңгімелеріме  ақтарыла  күліп,    рахат  күй 

кешетін.  Содан  «Газет  шығару,  мақала  жазу  оңай 

емес,  редакциядағы  мына  үш  қарындасымның  еңбегі 

бағалануы керек» деп ризалығын білдіретін. Біздің ете-

не араласқанымыз сондай, бірде «Мен қалай металлург 

болдым?»  деген    тақырыппен  көлемді  мақала  жазып 

әкелгені бар. Онда өзінің өмірі мен еңбек жолын бастан-

аяқ баяндап, ауыл баласы үшін жаңа мамандық–метал-

лургияны  меңгерудің  қиындығы  мен  қызықтарын  баян-

дапты. Тілі жатық, тез оқылады, оқырманды  оқиға желісі 

«енді не болады екен?» деген сауалмен өзіне ерітіп ала-

ды. Расында, аға буынның  айтары бүгінгі өскелең ұрпақ 

үшін  ауадай  қажет,  олар  осындай  мысалдар  арқылы 

еңбекпен тапқан нанның тәттілігін түсінері даусыз. 

Комбинат ардагері Жанас Арысов Абай бабамыздың 

«Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» дегенін  

бойтұмарындай  көретін.  Бір  ғана  мысал  келтірейін, 

осыдан  үш  жыл  бұрын  қаламызда  үшем  өмірге  келді. 

Өзбекстаннан  көшіп  келген  жас  отбасынның  сол  ме-

зетте  тұрақты  тіркеуі  де  болмады,  сондықтан  мемле-

кет  тарапынан  көрсетілетін  көмектен  құр  қалды.  Ал 

мұндай оқиға еліміздің демографиялық ақуалы үшін аса 

маңызды екені мәлім, оның үстіне үшемдер әр айда, әр 

жылда туыла бермесі анық. Сол сәтте билік «Заң талап-

тарынан  аса  алмайтындарын»  көлденең  тартып,  қиын 

жағдайдан  оңай  құтылды.  Ал  қазақ  дегенде  жоғарыда 

айтқан  хәкімнің  сөзін  ісімен  дәлелдеген  тап  осы  Жа-

нас аға еді. Үйдегі Мағрифа жеңгей екеуі сол отбасына, 

олардың    нәрестелеріне  моральдық  және  материалдық 

қамқорлық  көрсетіп,  қанаттарының  астына  алып,    қаз 

тұрып кетулеріне көмектескеніне куәмін.

Қоңыр  күздің  бір  кешінде    «Жанас  аға  ауырып 

қалыпты»  деген  хабарды  естігенде,  ата-бабаларымыз 

«ауырып тұрдым, аунап тұрдым» деген ғой деп күні ертең 

сауығып кетеріне күмәнім болмаған. Іле-шала «сырқаты 

ауыр екен» дегенді естіп, ойыма келген мына шумақтарды 

қағаз бетіне түсірдім:

Тау көріп арқа сүйер Жанас ағам,

Қамқоршы бар қазаққа тамаша адам.

Үлгі ғып өмірі мен еңбек жолын,

Әрдайым мақтан тұтат бала-шағам.

Мейрімі жаныма әркез қанат берді,

Бейнеті ұсынды оған мадақ, төрді.

Теміртау тектілерді түлетеді,

Қашанда мойындайды ел талапты ерді.

Бұл хабар мені небір салды күйге,

Қоярға жер таппаймын жанды кейде.

Қамқор боп қарындасты еркелетер,

Ауырып Жанас ағам қалды дей ме?

Жан аға, соңыңыздан үнемі еріп,

Жүрейік. Сізбен ғұмыр сүре беріп.

«Жақсы сөз дертке дауа» деген бар ғой,

Тезірек сауығыңыз түрегеліп.

Бұл  менің  тілекші  қарындас  ретіндегі  шын  ниетім 

еді.  Әттең,  ажалға  айла,  амал  бар  ма,  «Айналайын» 

деген  бір  ауыз  сөзіне  жаным  семіріп,  өзін  сүйеніш  көріп 

жүргенімде суық хабар төбемнен жай түсіргендей болды. 

Алланың салғанына көнбеске не шара, көңіл түкпіріндегі 

ойларымызды  бүгін  еске  ала  отырып,  тебірене  жазып 

отырған  жайым  бар.  Осы  ретте  мені  «Жанас  Арысов 

өзін нағыз азамат,  білікті маман, майталман металлург 

тұрғысынан таныта білді, ол өзінің отбасының, сонымен 

қатар  өндірістің  өркендеуіне,  Отанның  гүлденуіне  мол 

үлес қосты. Бұл еңбегін мемлекетіміз жоғары бағалап, 

Қазақстан Магниткасының 50 жылдық торқалы тойында 

Елбасы Жана с Арысұлының кеудесіне «ІІІ дәрежелі Ба-

рыс» орденін тақты. Сонда қайран ағам: «Менің азды-

көпті еңбегімнің еленгені тек мен үшін ғана емес, отба-

сым, туған-туыстарым мен дос-жарандарым үшін де зор 

мақтаныш,  ол  үшін  алғыс  айтамын.  Еліміз  Тәуелсіздік 

алғаннан бергі жылдары дамудың даңғыл жолына түсіп, 

өңіміз  тұрмақ  түсімізде  көрмеген  жетістіктерге  жеттік, 

өзгелерге  үлгі  бола  білдік.  Қазақ  елінің  бағына  Алла 

Елбасыны  берді,  ұлт  тіреушісі  ретіндегі  еңбегіңіз  жана 

берсін!» деген еді. Ал біз, теміртаулықтар барымызды, 

нарымызды бағалай білдік пе?» деген сұрақ мазалайды. 

Қаламыздағы  ана  тілімізде  шығатын  жалғыз  қазақ 

газетінің бұл тұрғыда жүзі жарқын деуге толық негіз бар, 

сондықтан бүгін Жанас Арысовты сағынышпен еске ала 

отырып, көзінің тірісінде еңбегін елеп, өскелең ұрпаққа 

үлгі-өнеге  етіп  бірқатар  мақалалар  жазғанымызды 

айтуға болады. Сосын өз басым «Теміртаумен тоғысқан 

тағдырлар»  деген  жоба  жасап,  құрыш  қаламен  етене 

болып  кеткен  ардагерлерден  тұратын  жеті  отбасының 

өмірін,  көбіне  тасада  қалатын  жұбайларының  еңбек 

жолдарын  дәріптеп,  жұртшылыққа  жар  салдым.  Сол 

жетеудің  бірі  де  бірегейі  осы  Жанас  ағаның  отбасы 

болатын.  Сондықтан  Алланың  разылығы  үшін  Жанас 

Арысовтың  рухына  бағышталып  беріліп  жатқан  мына 

қырық күндік құдайы-аста шынайы сағыныш сезімі бой-

ымызды  билеп,  жүрекжарды  лебізімізді  білдіріп  еске 

аламыз.


  Аралдың  ауыл  баласы  Теміртаудың  тарланына, 

қазақтың дара данасына айналған күйі бақиға аттанды, 

Алла алдыңыздан жарылқасын дейміз.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал