Абай шығармаларындағы араб сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылу жолдары



жүктеу 60.33 Kb.

Дата07.09.2017
өлшемі60.33 Kb.

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ СӨЗДЕРІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ 

АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Омаров Қанат

 

Аударма ісі мамандығының 2 курс магистранты,

 

 аль- Фараби атындағы КазҰУ, Алматы, Қазақстан

 

 

 



Аннотация

 

Бүл  мақалада  Абай  шығармаларындағы  араб  сөздерінің  орыс  және  ағылшын 



тілдеріне аударылу жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, араб сөздері реалия ретінде 

қолданылған.  Аудармадағы  бір  неше  жолдар  -  транскрипция,  транслитерация,  сөзбе  сөз 

аударма және баска тәсілдер ғылыми тұрғыдан қарастырылады.

 

Тұйін  сөздер:    аударма,  аудармашының  ролі,  тәсілдер,  жолдар,  араб  сөздері, 

тұпнүсқа, мағына.

 

Аннотация

 

Данная  статья  рассматривает  способы  перевода  арабских  слов  литературных 



произведений  Абая.  А  также,  в  некоторых  переводах  арабские  слова  использованы  как 

реалия.  В  переводах  переводчики  использовали  методы  перевода  как  транскрипция, 

транслитерация, дословный перевод с научной точки зрения.

 

Ключевые  слова:  перевод,  роль  переводчика,  методы,  способы,  арабские  слова, 

оригинал, смысл.

 

Summary

 

This article deals with the translation of Arabic words used in the literary works by Abai. 



Besides, there are some of the Arabic words applied as  a realia in the translation. Thus, there are 

some  methods  and  ways  of  translation  investigated  from  scientific  points  of  view  such  as 

transcription, transliteration, word for word, and etc.

 

Key words: translation, the role of translator, methods, ways, Arabic words, original text, 

meaning.

 

  



 

 

Белгілі бір кезеңдегі мәдени экономикалық және саясим әкімшілік қарым қатынастар 



нәтижесінде  өзара  көршілес  елдердің  тілдері  ауыс  күйіске  түсіп    жаңа  сөздермен, 

атаулармен  толып,  жаңғырып  отыруы  тіл  білімінде  заңды  құбылыс.  Жас  шағынан  араб, 

прасы,  көне  шағатай  тілдеріндегі  әдеби  шығырмаларды  көп  оқып  орыс  тілін  арнайы 

үйренген ақын өз туындылырында сол тілдердің сөздерін қолданған. Бүның ең басты себебі 

оның  қазақ  тілде  сөз  қорының  аз  болғандығынан  немесе  үғымды  дүрыс  жеткізіп  бере 

алмағандықтан емес, ал айтпақ болған сөзін анық жеткізу үшін колданған.

 

Қазақ әдебиетінде ақынның шығармашылығы бойынша ең ұздік гылыми жүмыстар 



жұргізілген  болып,  біз  де  өз  жүмысымыздың  аясында  араб  сөздерінің  аударма  жасалу 

жолдарын  зерртедік.  Акынның  кара  сөздерімен  өлеңдерінде  араб  сөздерін  талдап,  ең 

бастапқыда  оның  лексикалық  мағынасымен  тұжырымын  анықтап,  сосын  сол  сөздердің 

орыс және ағылшын тілдерінде қалай сипатталғанын әдеби талдау арқылы қарастырамыз.

 

Аудару дегеніміз бір тілдегі шығармашылық еңбекті бақа бір екінші тіл арқылы анық 



және  толық  жеткізу  болып  табылады.  Бұнда  аудармашынің  ролі  –  түпнұсқаны 

стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен 

оның мазмұнын бір тұтас нақты жеткізу.

 


Абайдың  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім»  өлеңі  аудармасы  менен 

садыстаырғанда біраз өзгерістерге үшыраған. Зерттеулеріміз бойынша аталған өлеңді орыс 

тіліне  жақсы  аударылған  деп  есептеуімізге  болады.  Өйткені,  ақынның  сезім  сыры  және 

көңіл күйі дүрыс жеткізілген.  

 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

 

Падасын көре тұра тексермедім,

 

Ержеткен соң түспеді уысыма,

 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 

Бұл махрум қалмағыма кім жазалы,

 

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? (1: 43 бет)

 

                                   ***

 

Я презрел познанье, юноша пустой,

 

Видел пользу в нем, но шел стезей другой.

 

Возмужал – наука из-под рук ушла,

 

Поздно к ней ты устремился, разум мой!

 

Кто повинен, что остался я ни с чем,

 

Смолоду учась, я был не такой! (2:38 бет)

 

                         ***

 

When I was young I didn’t give much thought to knowledge

 

I saw its use: but didn’t test it out

 

When I grew up I didn’t know how to latch onto it

 

I stretched out my hand to it late.  

 

Who should I blame that I was left with nothing?

 

If I’d striven in time would I be like this now? (6:21 бет)

 

                          ***

 

К наукам я холоден в юности был,

 

Их пользу я видел, но смысла не знал.

 

По зрелости лет потянулся я к ним.

 

Увы, ухватить я суть опоздал.

 

Кого тут винить, что остался ни с чем?

 

Учись в свое время, другим я бы стал (3:217 бет)

 

 



Аудармашының басты жетістігі ө өлеңнің мазмүнын ішкі эмоциялық байлығын орыс 

тілінде  белгілі  дәрежеде  дүрыс  бере  біліуінде.  Аудармашы  М.  Петровых  ақын  өлеңнің 

мазмұнын,  ақынның  көңіл  кұйін  жіті  таныған  (4:72).  Жалпы,  осы  аталған  шұмақтардың 

орыс  және  ағылшын  тіліндегі  аудармасына  назар  аударсақ.  Өйткені,  тілдік  қүрылысы 

мұлдем басқа, таным мен тұжырымы ерекше болған бұл тілде аударманың қалай бейнелеп 

берілгенін зерттеп қарау ғылыми жұмысымыздың ең бастапқы мақсаты.

 

Негізінде,  бұл  өлең  орыс  тіліне  екі  рет,  ал  ағылшын  тіліне  бір  рет  аударылған. 



Зерттеулерімізге сұйене отырып, біз Абайдың қолданған араб сөзі «махрұм (араб.)- бос, құр 

қалу»  орыс  тіліне  жай  «остался  я  ни  с  чем»  сөзі  мен  бейнелеп  берілген.  Ал,  ағылшын 

тіліндегі  аудармасы  жалпы  ортақ  сөз  «left  with  nothing»  бірлігі  мен  өлеңнің  мазмұнын 

жеткізіп берген.

 

Корытындылай келе, біз араб сөзінінің басқа тілде өз эквиваленті мен аударылғанын, 



оның  түпнұсқа  секілді  экпрессивті  (жанды)  әсердің  жеткізіп  берілмегенін  байқаймыз. 

Дегенмен, әр тілдің өз ерекшелігі болғандықтан, аудармашылар сол тілге ортақ құбылысты 

ұстанады.  Біз  орыс  және  ағылшын  аудармасында  дәл  сондай  құбылыстың  куәсі  болғалы 

түрмыз.   

 

Аудармашы  өлеңді  немесе  қара  сөзді  түпнұска  бойынша  аударма  жасағанда  оның 



қандай іс жасағы аударманың тек ғана мән мағынасымен білініп қоймастан, оның стилдіқ 

және когнитивті түрғыдан қарастыру деңгейі де байқалады.

 


Аударма  әдеби  тұрғыдан  бағалы  деп  табылу  үшін  ол  түпнұсқаның  мазмұны  мен 

пішінін  өзіне  сай  жарастық  пен  сақтау  қажет.  Абайдың  «Жасымда  ғылым  бар  деп 



ескермедім» өлеңінде ақын өзінің өмірін, жастықта аңғырттықпен өткізген жылдары үшін 

өкініш білдіріп, іздеп тапқаны мен іздемей жолғалтып алғанын ақылға салады. Бұл өлеңге 

оқырмандық  көз  қарастан  қарайтын  болсақ,  ол  бізге  ұгіт,  ақыл  нәсиет  мағынасында  көз 

алдымызда бейнеленеді. Біреуге бұл өлең өткенге өкіну болса ал біреуге болашақта мұндай 

өкініштің  болмауына  итермелеуші  ескертпе  секілді.  Әрине,  ақын  келесі  ұрпақтың  білім 

алуын, өмірін ьекке, арзан қызыққа арнамай ғылым жолын кууын ғибрат етеді. Бұл өлең 

шұмақтар  жайлы  М.  Әуезов  төмендегі  пікірді  атап  өтеді:  «Бұл  шығарма  енді  халықтық, 

адамгершілік, ағартушылық жөнінде үлкен қияға қарай жол тартқан жаңа ақынның бейнесін 

көрсете бастайды.» (4:110 бет)

 

Сонымен    қатар,  аудармада  түпнұсканың  ерекшеліктері  мен  мазмұны  және  пішіні 



арасындағы эмоционалдық бірліктері, поэтикалық даралығы көрсетіп берілген десек артық 

айтпаған боламыз. Аудармада жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің кей түстарда әсерлі 

бейнелеу  құралдарының  өз  дәрежесінде  тілдік  және  әдеби  стилистикалық  қүралдардың 

жеткілікті қолданылмағаны да бар. Аудармада аудармашы бір қатар тәсілдерді  қолдануға 

болады.  Бұл  өлеңде  де  мағыналық  өзгерістер  жай  тапқан.  Бірақ,  орыс  тіліндегі  мағына 

түпнұсқаның  мазмұнына  өте  жақын  аударма  жасалынғандықтан  оның  әлеуметтік  және 

эмоционалдық мазмұны ойдағыдай деңгейде көрініс тапқан.

 

Дегенмен түпнұсқадағы кей бір қыйыншылық туғызатын уәждерді айта кеткен жөн. 



Мысалы  үшін  әр  бір  тілдің  өз  қиғаштары  бар  болғаны  секілді,  қазақ  тілінің  де  өз 

эквивалентіне  тура  келмейтін  сөз  тіркестері  кездеседі.  Аудармада  жолығатын  сондай 

сәттерде мәтіндегі ерекше тіркестерді мейлінше аударма жасау аудармашыдан өте мықты 

тілдік және әдеби білімді талап етеді. Мысалы, түспеді уысымаҚолымды мезгілінен кеш 



сермедім,  Қолымды  дөп  сермесем.  Бұл  сөздік  тіркестерді  орыс  тіліне  дәл  мағынасымен 

аударылуы  мұмкін  емес.  Алайда,  аудармашы  сол  тілдегі  қарапайым  және  тіркестердің 

мазмұнына сай келетін сөздерді тауып қолдана алады. Сондай-ақ, егер қарапайым сөздер 

түпнұсқаның мазмұны мен пішімін өзгертіп жіберу мұмкіндігі жоғары болса, аудармашы 

сол тілдегі дүрыс келетін сөз тіркесін тауып, оның тура және ауыспалы мағынасын үйреніп 

жалпы мазмұнын беретін сөзді колдануға болады.

 

Абай негізінде өз сөзін, алуан ойы мен тұспалдарын араб және парсы тілдеріндегі 



сөздер  мен  бейнелеген.  Бұның  ең  басты  себебі  оның  арабшаны  жақсы  игергендігінде, 

сонымен  қатар,  оның  басым  көп  ақыл-несиеті  діни  көз-қарастан  айтылады.  Сондықтан 

болса керек, оның қара сөздерінде араб сөздері көп кезігеді. Мысалы; он екінші сөзі:

 



 

«Әуелі-иманның  иғтиқадын  махкемлемек  керек,  екінші  үйреніп  жеткенше  осы  да 

болады ғой демей, үйрене берсе керек.» (3:110 бет)

 

Ендіше,  осы  өлеңдегі  араб  сөзінің  аударылу  барысын  қарастырайық.  Абай 



шығармашылығында шамамен 578 басқа тілдерден енген сөздерді қолданған, соның ішінде 

402-сі араб сөзі кездеседі (6:179 бет). Ақынның отыз екінше қара сөзінде 10 араб сөзі бар, 

бір сөйлемінде 2 араб сөзін мысал етіп алуға болады:

 



 

Ихтиқат (араб.) – нану, сену. (6:192 бет)

 



 



Махкам (араб.) – мығым, берік тұту, мықьты ұстау, сенімды болу (6:196 бет)

 

Біз оның арабшадағы мағынасын когнитивті тұрғыдан қарастырар болсақ, ихтиқат – 



бұл сенімді, ал махкамлемек – берік тұтуды деген тұжырымды көрсетеді. Аудармашылар 

бұл сөздерді былайша аударған:

 



 



«Прежде всего он должен утвердиться в своей вере, во–вторых, пусть слишком не 

довольствуется тем, что знает а постоянно совершенствуется.» (3:291)

 

Орыс  тіліндегі    мазмұн  өте  орынды  берілген  болып,  араб  сөздері  де  аударма 



жасалынып кеткен. Ол орыс тіліндегі жай сөздермен сипаттап берілген сияқты. Ақынның 

қара сөзі ағылшын тілінде де орыс тілі секілді бейнеге иіе. Бұл аударманың орыс тілі аркылы 

жасалғаны мұлдем көрініп тұр.

 


 

«First of all, he must be certain in his faith; then, he must not be satisfied with what he 



knows, but continually improve his mind.» (7:102бет)   

 

Алайда,  келесі  мысал  жоқарыдағы  пікірімізге  қайшы  келеді.  Өйткені,  аудармашы 



араб сөздерді транслитерация және транскрипция жолдары арқылы аударма жасаған. Бұл 

сөздер шығармадағы реалия сөздер қатарына кіріп, оған аударма кезінде тұсініктеме беріп 

кетуді талап етеді. Мысалы; ақынның отыз екінші сөзі:

 



 

«Білім-ғылымды  көбейтуге  екі  қару  бар  адамның  ішінде:  бірі-мұлахаза  қылу, 

екінщісі-берік мұхафаза қылу.» (3:152 бет)

 



 

«Существуют два орудия, способствующие приумножению знаний. Одно из них  – 

мулахаза, и другое – мухафаза.» (3:334 бет)

 



 

«There are two tool that aid the acquisition of knowledge. One is mulakhaza [the subtle art 

of polemics] and the other, mukhafaza [firmness in the defence of ones’s views].» (7:140 

бет)


 

Түпнұсқаның  мазмұны  мен  пішіні  бойынша  аударматану  ғылымында  бірқанша 

тәсілдер  мен  жолдар  қарастырылады.  Негізінде,  адекватты  аударма  түпнұсқаның 

прагматикасын  сақтай  білуі  керек  дейді.  Сондықтан,  түпнұсқаның  әсерлеп  мөнерлеу 

құбылысы сақталынып қалынса, ол аударма жақсы аударма қатарына жатады.

 

Алайда,  тілдегі  аударма  жасауға  келмейтұғын  немесе  екінші  бір  тілде  дұрыс 



эквиваленті қалыптаспаған болса немесе аудармашы қалай ұсынуды білмесе онда аударма 

тәсілдерінен қолданады.

 



 



мұлахаза (араб.)- ойлау, пікірлесу (6:198 бет)

 



 

мұхафаза (араб.) – сақтау, қорғау, бұзбау (6:199 бет)

 

Ақынның отыз екінші сөзі орыс және ағылшын тілдеріне транкрипция жолы арқылы 



аудармаланған.  Орыс  тілінде  аудармашы  сілтеме  беріп  кеткен  болса,  ағылшын  тіліне 

аударган  аудармашы  бір  жола  тұсініктеме  беріп  кеткен.  Бұл  тәсіл  реалия  немесе  басқа 

мәдениетке таныс болмаған сөздерді аударма жасауда қолданылады.

 

Жалпы алғанда, тілдегі қыйыншылықтар салдарынан аударматану ғылымында сол 



қыйыншылықтарды  шешуші  аударма  жасау  жолдары  бар.  Аудармашылар  стилдік, 

мағыналық,  прагматикалық  және  когнитивті  тұрғыдан  қарастыра  отырып  тұрлы 

тәсілдерден колданса болады. Ең маңызді ғылыми тұжырым – түпнұсқаның мазмұны мен 

пішімін толық жеткізіп беруде. Бұл аудармашылар алдында тұрған өте кұрделі міндет бірі 

болып табылады.    

 

 



Әдебиеттер:

 

1.



 

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Т.1. Алматы. 

Ғылым. 1997.

 

2.



 

 Абай 


(Ибраһим)Құнанбаев. 

Избранное/Перевод 

с 

казахского. 



Москва. 

Художественнная литература. 1970.

 

3.

 



Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Қара сөз. Книга слов. Семей. Аманат. 2005.

 

4.



 

Әуезов М. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Монография// Әуезов М. Жиырма томдық 

шығармалар жинағы. – Т.ХХ. Алматы. Жазушы. 1985.

 

5.



 

Көпбасарова.  А.  Абай  шығармаларының  орыс  тіліне  аударылыуы.  Абай 

институтының хабаршысы. №3 (9) 2011.

 

6.



 

Рымғали Нұрғали, Таңатқан Рсаев. Абай пайдаланған басқа тілдер сөздігі. Абайтану 

таңдамалы еңбектер. Алматы: Қазақ университеті. 2016. VI том.

 

7.



 

Abai Kunanbaev. “Abai: Book of words”. Abai International Club. Amanat. Cemey. 2005. 



(London.: EL Bureau, 1995.)

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал