Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі



жүктеу 25.78 Kb.

Дата23.05.2017
өлшемі25.78 Kb.

 

Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі 

(Ресурстік мектеп) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

(



Магниттік мектеп оқушыларына арналған сабақ) 

 

 



 

 

 



 

                                                                                  Орындаған: Смайлова А.С.  

                                                                    Мектеп психологі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Шарбақты-2015 



 

 

 

 

Тақырыбы: «Мамандық таңдаудың сыры неде?» 

 Өткізілген күні: 21.10.2015ж. 

 

Мақсаты: 

• Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс 

таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру. 

 

• Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, 



еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. 

 

Әдісі: танымдық-ақпараттық сабақ 

 

Көрнекілігі: Презентациялық слайд. Видеороликтер: «Болашақ мамандықтар: Мен кім болғым 



келеді?» «Ералаш» киножурналы: « Президент болам» 

Барысы: 

 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

А) «Менің есімімнің тарихы» ойыны. Әр оқушы өз есімі туралы айтып, таңдаған мамандығына,  

болашақ өміріне қатыстыра әңгімелейді.  

Б) Оқушылар бір-бірдерін дұрыс танымайтын болғандықтан, топтық бірлікке шақыру 

мақсатында «Сағат бойынша достар табу» ойынын өткізу.  



2. Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы тақырыпта әңгімелесіп көрейік. Ол үшін оқушылар 

алдарында жатқан ақ қағазға өз ойларын сурет түрінде кесте түрінде салады. 

Психолог сөзі: 

Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 

25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады 

екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің 

болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, 

адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Болашақтың 

мамандықтары дегеніміз не? 

3. Болашақ мамандықтар қандай болады екен, келесі видеороликтерге назар аударамыз. 

«Болашақ мамандықтар: Мен кім болғым келеді?» 

4. Мамандық таңдау факторлары.  

 Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына 

байланысты. Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады: 

«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік). 

«Қызығушылық» - қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген 

құмарлық. 

«Бейімділік» - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік. 

«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы). 

«Қабілет» - адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық 

мүмкіндігі. 

«Маған керек» - (қажеттілік, сұраныс) 

5. «Мамандық» сөзіне анықтама беру. 

Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. 

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты

жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. 

Презентациялық слайд көрсету арқылы түсіндіру. 

 

 

 


6. Мамандар кеңесі:   

Құрметті жас дос!. 

Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың! Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және 

маңызды іс, сондықтан да мамандық таңдарда төмендегі сұрақтарға ойланып жауап беріп көр. 

 

1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін 



керек? 

2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек? 

3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма? 

 

4. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін 



қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың? 

5. Сен таңдаған мамандық қаншалықты сұранысқа ие? 

6. Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа 

сенімдісің бе? 

7. Таңдаған мамандығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма? 

8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз? 

 

8. Енді әзіл-шыны аралас бір видеоролик көрейік. Балалар «Ералаш» киножурналынан кейін өз 



ойларын қорытындылайды.  

 

7. Сабақты қорытындылау. 

 

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның 



болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен 

жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп 

қиындықтарға кездеседі. 

 

Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – 



мамандық таңдау» деп М. Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі 

адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кешімізге келген сіздерге рахметімді 

айта отырып, бұл кездесу болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін 

мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп 

ойлаймын. 

 

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп



айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал